Жауапкершілікті сақтандырудың мақсаты залал келтірушінің экономикалық мүддесін сақтандыру арқылы қорғау



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 79 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1.САҚТАНДЫРУДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК - ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.1 Сақтандырудың экономикалық категория ретіндегі ролі және әлеуметтік
- экономикалық
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..6
1.2 Сақтандырудың түрлері және олардың
жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
1.3 Сақтандыру нарығының реформаларын заңмен қамтамасыз ету ... ...21
1.4 Дүниежүзілік каржы нарығындағы сақтандыру қызметінің даму
тенденциясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31

2. ҚР ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДЕГІ САҚТАНДЫРУ ІСІНІҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІН
ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .35
2.1 Қазақстан Республикасындағы ЕДБ-гі сақтандыру ісінің даму
тенденциялары ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...35
2.2 БТА-Полис АҚ каржылық қызметін
бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..48

3. ҚР ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДЕГІ САҚТАНДЫРУ ІСІН
ЖЕТІЛДІРУ
ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...52
3.1 Қазакстан Республикасындағы ЕДБ-гі сақтандыру қызметінің мәселелері
және даму перспективалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 52
3.2 Қаржы нарығындағы ЕДБ-дің сақтандыру қызметінің жаңа
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..63
3.3 БТА-Полис АҚ ағымдық қызметін одан әрі дамытуды
жоспарлау ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..68

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...75
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 78

КІРІСПЕ

Қазір бүкіл әлем жұртшылығы экономикалық дағдарыстың қиындықтарын
бастан өткеруде. Жаһандық дағдарыс дауылы алпауыт мемлекеттерді де
шайқалтты. Дағдарыс салқыны бізді де айналып өткен жоқ. Дағдарыс бізге
сырттан келді. Оның көздері елдің ішінде емес, әлемдік экономиканың
сәйкессіздігінде жатыр.
Дағдарысты болдырмау және бәрін алдын ала көздеу мүмкін емес еді. Оны
еңсеруге әлемнің жетекші экономикалары қазірдің өзінде 10 триллионнан астам
АҚШ долларын, яғни бүкіл әлемдік ІЖӨ-нің іс жүзінде 15 пайызын жұмсады.
Бірақ та ахуал жақсы жаққа қарай әлі өзгеретін емес. Дағдарыс өз ауқымына
дәйектілікпен Америка континентін, Еуропа мен Азияны тартты. Бүкіл жағдайға
қарағанда, ол ұзаққа созылады. Талдамашылар айтқанындай, әлемдік экономика
өз құлдырауында әлі шыңырау түбіне жеткен жоқ.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2009 жылғы 6
наурыздағы Қазақстан халқына Дағдарыстан жаңару мен дамуға атты
Жолдауында: Біздің бүгінгі міндетіміз – қазіргі бар бағдарламалардың аясын
кеңейту. Осы мақсатқа қосымша 8,6 миллиард теңге бөлуді тапсырамын. Сонда
біз 96 мыңға жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етеміз. Осымен бір мезгілде
біз Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорынан жұмыссыздығы бойынша
жәрдемақы төлеудің барынша ұзақ мерзімін 4-тен 6 айға дейін ұлғайтуға
тиіспіз. Әлемдік дағдарыс жағдайында біздің жұмыспен қамту стратегиямыз
кадрларды қайта үйрету және қайта даярлау жөніндегі толық ауқымды жұмысқа
бағытталған деп айта кетті.[1]
Бүгінгі күнге дейін еліміздің айтарлықтай резерві қалыптастырылып,
Ұлттық қор қаражатын қоса есептегенде ол шамамен 40 млрд. АҚШ долларына
жетті. Осындай елеулі жинақтаулардың болуы еліміздің қаржы жүйесінің
тұрақтылығын қамтамасыз етуде өзекті рөл атқарды. Еліміздегі әлеуметтік
ахуал да тұрақты қалпында. 2000 жылдан бастап, мемлекеттік бюджеттің білім
беруге, денсаулық сақтауға және әлеуметтік қамсыздандыруға арналған
шығындары 5 еседен астам ұлғайды. Біздің 5 миллионнан астам азаматтарымыз
мемлекеттік әлеуметтік қорғаумен қамтылып отыр. Бұл көрсеткіш осыдан бес
жыл бұрынғыға қарағанда екі есеге артық деп айта кетті.[2]
Қазақстандағы сақтандыру ісі бұрынғы мемлекеттік сақтандыру жүйесі
негізінде қалыптасты. Бұған дейін Қазақстан Республикасында тұрғындармен,
кәсіпорындармен және ұйымдармен сақтандыру операцияларын жүргізудің
монопольдық құқығына мемлекеттік сақтандыру ұйымдары ғана ие болып келді.
Нарықты экономика жағдайында мемлекеттік сақтандыру ұйымдарымен
экономикалық және ұйымдық түрғыдан байланысты емес, дербес сақтандыру
ұйымдары құрылып, дами бастады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы "Сақтандыру туралы" заң
күші бар жарльтғьтмен сақтандыру шараларын жүргізудегі монополия жойылды
және казіргі уакытта республиканың сақтандыру нарығында барлық сақтандыру
ұйымдары бірдей құқықтың дәрежеге ие болды. Отандық сақтандыру ісі өзінің
даму жолында түрлі кедергілерді артқа тастап,бәсекелестік ортаны
қалыптастыру жолында дамыды. Қазіргі таңда республикада адал бәсеке нарығы
қалыптасты деп айтуға болады. Бұрындары тек шетелдерде қолданылып келген
сақтандырудың жаңа түрлері енгізіліп, жауапкершілік артуда.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2006 жылдың 1 наурызындағы халыққа жолдауында ел
экономикасындағы өрлеудің тұрлаулы әрі серпінді сипатын ұстап тұру үшін
мемлекет қазынагерлік, ақша-несие, салық, сақтандыру саясатының, өндірістің
негізгі факторларын тиімді қайта бөлуді мемлекеттік реттеу тетіктерін
пайдаланып, жоғары сапалы өнім мен қызметке деген сұранысты көтермелеп
отыруға міндетті деп атап өтті.[4]
Сақтандыру мемлекет тарапынан көзделген шаралардың сипаты мен көлеміне
қарамастан халық пен ұйымдардың түрлі мүдделерін қосымша корғауға мүмкіндік
бере отырып, әлеуметтік - экономикалык тұрақтылықты қамтамасыз
етеді.Сақтандыру компанияларының резервтері экономикалық дамуды
қаржыландыратын инвестициялардың сенімді көзі болып табылады, сақтандыруды
дамытудың негізі мақсаты - мемлекеттердің, азаматтарды және шаруашылық
субъектілерінің мүддесін қорғаудың нақты құралы бола алатын толык қанды
орнықты жұмыс істейтін ұлттық сақтандыру нарығын қалыптастыру.
Сақтандыру экономиканың маңызды әрі аз зерттелген саласы болып
табылады. Қазақстанда өзінің даму кезеңінде болуына қарамастан, ерте кезде
пайда болған. Содан бері жазатайым жағдайлардан сақтандыру жүйесі арқылы
қорғап, адамзаттың әртүрлі қажеттіліктерін канағаттандыра отырып даму
жолында.
Сақтандыруда адамдар арасында материалды игіліктерді өндіру, бөлу,
айырбастау, тұтыну саласындағы экономикалық қатынастар орнайды. Ол барлық
шаруашылық субъектілеріне және қоғам мүшелеріне залалдардан кепілдік
береді.
Қайта өндіру процесі табиғат, табиғи және қоғамдық сипаттағы қарым
-қатынастарды білдіреді. Қоғам мен табиғат арасында түрлі қайшылықтар
орнайды. Қоғамдық өндіріс саласында түрлі тәуекел каупі орын алады . Міне,
осының барлығы әлемдегі сақтандыру қатынастарының пайда болуы мен дамуына
негіз болды. Кәсіпкерліктің дамуы тиісінше тәуекелдердің өсе түсуіне
әкеледі, олар іскерліктегі әріптестердің сеніміз болып шығуы, нарықтағы
бағалар құндылықтар кенет өзгеріп кетуіне шарт бойынша әріптестердің
банкротқа ұшырауына байланысты болуы мүмкін шығындар болады. Өз кезегінде
бұл сақтандырудың дамуына қосымша түрткі болды. Уақыт ағымында мұндай
қажеттілік азаймайды, керісінше азаматтар мүліктік жағдайы жаксаруының және
кәсіпкерлік дамуының салдарынан сақтандыруға деген кажеттілік одан әрі өсе
түседі.
Нарықты экономикасы дамыған елдерде сақтандыру экономиканың
стратегияалық маңызы бар салаларына жатады.
Қазіргі кезде сақтандыру ісін ұйымдастыру бір жағынан нарықтык
экономиканың әрекет етіуінің жалпы экономикалық заңдылықтарына сүйенсе,
екінші жағынан оған Қазақстан Республикасының өтіуінің өзіндік
ерекшелігімен сипатталады. Өз кезегінде сақтандырудың өзі реттеу объектісі
болып табылады.
Нарықтық қатынастарға өту Қазақстан Республикасының сақтандыру жүйесіне
бірқатар құрылымдық өзгерістер алып келді. Қазіргі кезде өз жұмыстарын
жаңашыл қалыптастыратын сақтандырудың қазіргі жағдайы сақтандыруды одан әрі
дамыту мен модернизациялаудың әлемдік тэжірибелерге негізделуін қажет
етеді. Бұл ең алдымен құқықтык және ақпараттық базаның жетілмегендігіне,
әдістемелік жұмыстардың жүргізілмеуіне байланысты.
Осы орайда сақтандыруды ұйымдастырудың әдістемелік негізін
қалыптастырудың ұлттық сақтандыру ісінің даму ерекшіліктері мен
тенденцияларын айқындаудың өзектілігі зор. Осындай мәселелердің
маңыздылығы, сақтандыру саласының аз зерттелуі сақтандыруды дипломдық
жұмысымның тақырыбы ретінде алуыма себеп болды.
Дипломдық жұмыстың бірінші "Сақтандырудың әлеуметтік - экономикалық
мәні және оның теориялық негіздері" бөлімінде сақтандырудың экономикалық
категория ретіндегі қызметтері, кайта өндіру процесінің үздіксіздігін
қамтамасыз етудегі ролі, сақтандыру қатынастарының жіктелуі карастырылған.
Екінші "Қазақстан Республикасындағы сақтандыру ісінің қазіргі жағдайы және
оның экономикалық көрсеткіштерін талдау" бөлімінде ҚР сақтандыру ісінің
даму тенденцияларына, сонымен қатар "БТА-полис" акционерлік сақтандыру
компаниясының қаржылык қызметіне талдау жасалынған.
Үшінші "Қазақстан Республикасындағы сақтандыру ісін жетілдіру жолдары"
бөлімінде сақтандыру ісін дамытудың негізгі бағыттары, Қазақстанның
сақтандыру нарығындағы сақтандыру ісі аркылы қорғаудың тиімді жолдары
ұсынылған.
Қорытындыда сақтандыру ісінің қазіргі жағдайы корытындыланып, зерттеу
нәтижесі бойынша ұсыныстар жасалған.

1.САҚТАНДЫРУДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК - ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ
ЖӘНЕ ОНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. Сақтандырудың экономикалық категория ретіндегі ролі және
әлеуметтік - экономикалық мәні
Сақтандыру қоғамның экономикалық қатынастарының сферасын бейнелейтін
көне категориялардың бірі. Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырау кезеңінде
пайда болып, ол біртіндеп коғамдық өңдірістің қажетті серіктесіне айналды.
Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп - бұл өндіріс пен адам өмірінің
қауіп - катерлі сипаты. Сондықтан өндіріс процестерін жалғастыру,
азаматтардың жеке санатының өмір тіршілігі мен жақсы тұрмыс халін қолдап
отыру мақсатында қоғамның, жеке өндірушілердің, олардың топтарының
натуралдык - заттай босалқы қорларын да немесе резервтерін де сондай - ак
ақша ресурстарын да қамтитын қажетті қаражаттары болуы тиіс. Мұндай ақша
қаражаттары әдетте резерв және сақтық қорлары түрінде қалыптасады.
Қазіргі жағдайда сақтандыру - бұл өмірдің әр түрлі салаларында барынша
жиі болатын жағдайлардың теріс эсерінен заңды түлғалар мен азаматтардың
мүдделерін қорғау әдістерінің бірі. Адамдар жиі өрттерден, су тасқыны, сел
және осылар сияқты т.б. жағдайлар нәтижесінде өздерінің қозғалмайтын және
қозғалатын мүліктерінен айырылу мүмкіндігінен сақтануды қалайды.
Кәсіпкерліктің дамуы тиісінше тәуекелдердің өсе тусуіне әкеледі, олар
іскерліктегі әріптестердің сенімсіз болып шығуы, нарықтағы бағалар
(құндылықтар) кенет өзгеріп кетуіне шарт бойынша әріптестердің банкротқа
ұшырауына байланысты болуы мүмкін шығындар болады. Өз кезегінеде бұл
сақтандырудың дамуына қосымша түрткі болды. Уақыт ағымында мүндай
қажеттілік азааймайды, керісінше азаматтар мүліктік жағдайы жақсаруының
және кәсіпкерлік дамуының салдарынан сақтандырудағы кажеттілік одан әрі
өсетүседі.[8]
Сақтандыру кезіндегі сақтық резервтер мен қорларды қалыптастырудың екі
негізгі әдісі қолданылады, олар бюджеттік және сақтық әдіс. Қаржыларды
қалыптастырудың бюджеттік әдісі - бюджеттердің қаражаттарын, яғни бүкіл
қоғамның қаражаттарын пайдалануды болжайды.
Сақтық әдіс корларды шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың
жарналары есебінен жасауды алдын - ала қарастырады.
Сақтық қорлар - қоғамның ұлттық шаруашылығындағы сан алуан, алдын-ала
болжалануы мүмкін емес жайттардан сақтандыруға арналған. Қоғамның резерв
қорлар жүйесінің қажетті құрамды бөлігі.
Мүлікті мүдделерді қорғауды, материалдық зияннан сақтандыруды және оның
орнын толтыруды жүзеге асыратын сақтық қор материалдық немесе акша қорлары
нысанында жасалады. Сақтық қорларда қоғам мүшелерінің ұжымдық және жеке
мүдделері қорғалады, олардың тіршілік әрекетінің сан қырлы экономикалық
және әлеуметтік аспектілері көрінеді.
Сақтық қорлардың басқа қорлардан ерекшелігі: олар алдын - ала тұтыну
қорларына да, жинақтау қорларына да жатпайды. Ол - табыс ретінде
тұтынылмайтын және корлануға міндетті қызмет етпейтін табыстың бірден -бір
бөлігі. [9]
Сақтандырудың жарналары есебінен жасалатын сақтық корлар белгілі бір
уақытта тікелей арналымында - сақтық төлемдерді төлеу үшін (сақтык
жағдайдың болу немесе ықтималдық сипатына қарай оның пайда болмау мезетіне
дейін) пайдаланылмауы мүмкін. Мұндай жағдайларда сақтық корлардың
қаражаттары қосымша табыс алу үшін коммерциялық айналымға жіберілуі мүмкін.
Өз кезегінде, бұл табыстардың бір бөлігін тапсырыскерлерді тарту үшін
сақтық қызметтер көрсетудің бағасын төмендетуге бағыттаған орынды. Сақтық
ұйымдардың осыған үқсас операциясы сақтандыру нарығында пайдалырақ
шарттарды қолайсыз түрлі жағдайлардың салдарлары кезіндегі ысырыптармен
залардардан кашқысы келетін тапсырыскерлерді тарту жөніндегі бәсекенің
пайда болуына жәрдемдеседі.
Экономиканың нарықтағы қатынастарға көшуі, кәсіпкерлік қызметтің дамуы,
тауар мен айырбас шеңберінің, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы
өзара келісім-шарт міндеттемелерінің кеңеюі сақтандыру арқылы болатын
кепілдіктердің берік жүйесін талап етеді. Тек сақтандыру негізінді ғана
материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну процесінде
пайда болатын қоғамдық және жеке мүдделерді қорғау мүмкін болады.
Сақтандыру мемлекет тарапынан көзделген шаралардың сипаты мен көлеміне
қарамастан, халық пен ұйымдардың түрлі мүдделерін қосымша қорғауға мүмкін
береді. Қазіргі кезде табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды
жою жөніндегі шығыстардың негізгі ауыртпалығы мүмкіндігі объективті түрде
шектеулі болып табылатын мемлекеттік бюджетке түседі. Сақтандыру осы
қолайсыздықты жою тиіс. Сақтандыру механизмін қазіргі жағдайда пайдалану
елдегі кәсіпкерлік қызметті жедел дамытуды, Қазақстан экономикасының
негізгі саласының ерекшеліктерін, оның климаты мен географиялық орналасуын,
экологиясының деңгейін ескере отырып, өндіріс технологиясын жетілдіруді
қамтамасыз етеді. [11]
Сақтық жүйе республиканың экономикасының сенімді әрі орнықты, халықты
әлеуметтік қорғауды арттыру үшін қосымша негіз жасауға, азамматтар мен
шаруашылық субъектілерінің мүмкін сақтандыруға ықпал етуге тиіс.
Сақтандыру мәселелері медицинаны қоса алғандағы әлеуметтік қамтамасыз
ету мәселелеріне тікелей қатысты. Қазіргі замаңғы сақтандыру индустриясын
құру мемлекетке міндеттер қатарын шешуге мүмкіндік береді:
1) табиғи - техногендік сипаттағы карастырылмаған шығындарды толтыруға
мемлекеттік бюджетке ауыртпалықты азайтудың;
2) нарықтың экономика қағидаларына сай сақтандыру жәрдемімен әлеуметтік
камтамасыз етудің жекелеген мәселелерін шешуге жинақталған
зейнетақыны төлеу, еңбекке қабілеттілікті жоғалтуға, асыраушысының қайтыс
болуына, жұмыссыздыққа жәрдем ақыларды төлеуге, денсаулық
сақтауға қатысты шығындардың орын толтыруға;
3) халық пен ұйымдардың қаражаттарын ұзақ мерзімді негізде ұлттық
экономикаға шоғырландыруға;
Мемлекет бұдан бұрын жеткілікті қуатты әлеуметтік кепілдіктер жүйесін
қамтамасыз етуге қабілетсіз болып шықты. Кепілдіктерді қамтамасыз ету
міндеті қазір сақтандырудың иығында болып тұр. Осымен бірге бірқатар
мамандықтардың кауіптілігінің дәрежесіне өсе түсті. Құқық органдары
ұйымдасқан (кәсіби) қылмыспен бетпе - бет келді, техногендік аппаттар саны
артты. Нарық жағдайында (жаңа еңбек қатынастарында) адамның өмір сүруі үшін
өмір мен денсаулыққа келтірілген зардаптарды қалпына келтіруде қандай да
болсын бір мүмкіншілігі болуы өте маңызды. Жоғары қауіптілік көздерімен
келтірілген зардаптардың орын толтыру, соның ішінде автомобиль көлігі және
т.б. мәселе де өзекті. Мұның барлығы Қазақстан Республикасында нарықтық
қайта қалыптасу кезеңде сақтандыру саласында ең маңызды өзгерістер
басталуына негіз қалаған заңдардың, өзге нормативті, құқықтық актілердің
қабылдауына әкелді. Бірінші кезекте өзін тиімсыз қылып көрсеткен
сақтандырудың толығынан мемлекет жүйесінен бас тартылады. Бәсекеге
негізделген сақтандыруға жол беріледі. Сақтандыру кәсіпкерлік түрлерінің
біріне айналды және ол кәсіпкерлік ең жоғарғы ұйымдастырылған түрлерінің
бірі. Сақтандыру мен әлеуметтік міндеттерді орындалудың маңыздылығын есепке
ала отырып, мемлекет сақтандыру дамуы бақылаусыз өз бетімен жібере алмауда.
Сондықтан сақтандырудың дамуы қазіргі замаңғы құқықтық салалрдың бірінің
сақтандыру кұқығының дамуымен бірге болды.
Сақтандырудың мәні осылайша, шығынды уақытша және аймақтық бірігуінен
қүралады.Шығынды таратудың сақтандыруға қажетті шарттары болып: шаруашылық
звенолары мен азаматтардың жащяларының мүліктерінің оңашалығы, сақтандыруға
қатысушы шаруашылық санының айтарлықтай болуы; қауіптілік көздерінің
әртүрлілігі мен өзғеше табиғаттары.
Сақтандырудың экономикалық категориядағы арнайылығы келесі белгілермен
сипатталады:
1) кездейсоқтықтың белгілері;
а) жазатайым жағдайлар, яғни нақты тәуекелдің болуы;
б)қоғамдық өндіріске түскен материалдық немесе басқада шығынды өтеу
қажеттілігі;
2) жеке тұлғаның, кәсіпорынның, қоғамдық қауіпсіздік талаптарын
объективті түрде қанағаттандыру;
3) сактандыруда оған қатьтсушы сақтандырушылар арасында
болған шығынды өтеу таралымы іске асады;
4) шығынды қайта тарату, аймақтық бірліктер арасында; Сақтандырудың
экономикалық категория ретіндегі бұл формалары мен әдістер жүйесі
мақсаттық ақша қаражатттарын қалыптастыру мен оларды әртүрлі күтпеген,
қолайсыз болмыстарда шығынды өтеуде қолданылатын, сонымен бірге азаматтарға
олардың өміріндегі оқиғалар болғанда көмек көрсету үшін қажет. [7]
Сақтандыру экономикалық категория ретінде қаржыға тән қызметтері
атқарады. Сактандырудың қызметі мен экономикалық категория
ретінде мазмұны бір - бірімен тығыз байланысты. Сақтандырудың келесі
қызметтерін атап көрсетуге болады.
Бөлу қызметі: Сақтандырудың бұл қызметінің өзгешілігі қайта бөлу
ретінде көрінуі. Ол алдын алу қызметіне, мысалы, алдын алу шараларын
қаржыландыру жолымен сақтық жағдайдың болу мүмкіндігін жоюға бүгіледі. Жеке
басты сақтандыруда бөлу қызметі сақтандырудың тиісті түрлерінің жинақтық
қызметіне бүгіледі.
Бақылау қызметі тараптардың сақтық төлемдерін жүмылдыруды сақтық қорды
мақсатты пайдалануды қамтамасыз етуге байланысты болатын нақты қатынастарда
көрінеді.
Соңғы уақытта бірқатар зерттеушілер сақтандырудың экономикалық
категориясын сипаттау үшін тәуекелдік қызметті қарауды ұсынады, өйткені
сақтық тәуекел сақтандырудың негізгі арналымымен - қолайсыз оқиғалардан
болған зиянның орнын толтырумен байланысты.
Сақтық келісім шарттарын жасауға және сақтық операциялардың
нәтижелігіне жетуге ынталы тараптардың өзара іс қимылы сақтандыру нарығында
жүргізіледі.
Сақтандыру нарығы ақша қатынастарының сферасы онда сату сатып алудың
объектісі ерекше тауар - сақтық қызмет болып табылады және оған деген
үсыным мен сұраным қалыптасады. Нарықтық экономикаға көшуге байланысты
Қазақстан Республикасындағы сақтық қызметтің монополиясы өзгерді,
сақтандыру кеңістігі әдеуір кеңейді, сақтық қызметтердің кең спектерін
ұсынатын мемлекеттік немесе акционерлік сақтандыру компаниялары пайда
болды. [9]
Елімізде сақтандыруды дамытудың негізі мақсаты - мемлекеттердің,
азаматтарды және шаруашылық субъектілерінің мүддесін қорғаудың нақты құралы
бола алатын толық қанды орнықты жүмыс істейтін ұлттық сақтандыру нарығын
қалыптастыру.
Қазіргі замаңғы ұлттық сақтандыру жүйесін құру сақтық қызмет нарығы
сапалы жаңа деңгейге көтеру жөнінде шаралар әзірлеуде және кезеңімен іске
асыруды талап етеді. Бұл қағида Қазақстан Республикасында сақтандырудың
дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының
шеңберінде жүргізіледі. Онда мынандай міндеттері шешуді көзделді:
- сақтандыруды колдану аясын кеңейту және міндетті
сақтандыру түрлерін нақтылау;
- сақтандыру нарығының қазіргі замаңғы инфрақұрылымын қалыптастыру және
оның қатысушыларының - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру
брокері, сақтық агент, сақтанушы, сақтандырушы, пайда алушы, актерий,
уәкілетті аудиторлық ұйым, өзара сақтандыру қоғамы, сақтандырумен
байланысты кәсіпкерлік жұмысты жүзеге асыратын өзге де заңды және жеке
тұлғалардың қызметін ұйымдастыру үшін жағдай жасау;
- халықаралық стандартты ескере отырып, сақтық қадағалаудың жүйесін
ұйымдастыру;
Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының каржылық орталығымен төлеу
қабілеті бойынша талаптарды күшейту;
Осы замаңғы сақтандыру технологиясын енгізуге жәрдемдесу;
Сақтандыру саласында кадрлар даярдау, қайта даярлау және біліктігін
арттыру жүйесін ұйымдастыру.
Осы тұрғыдан алғанда, үлттық сақтандыру жүйесін дұрыс ұйымдастыруда
және сақтандырудың әлеуметтік маңызды түрлерін жедел дамытуда мол резерв
жасалған.
Қазіргі замаңғы сақтандыру индустриясын құру мемлекетке: мемлекеттік
бюджеттің табиғи техногендік сипаттағы көлденең шығыстарды өтеу
белгісіндегі салмақты азайтуға; нарықтық экономикадағы қағидаттарында
сақтандыру ақылы, халықтың, жеке ұйымдастырудың жинақ ақшасын ұзақ мерзімді
негізде ұлттық экономикаға тарту мүмкін береді.
Азаматтардың ақшасымен операцияларды жүзеге асыратын банктер мен
жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметі сияқты сақтандыру ұйымдарының
қызметі де белгілі бір мөлшерде халықтың сақтандыру институтына деген
сенімінің деңгейіне байланысты.
Сақтандыру экономикалық қатынастардың жүйесі ретінде сақтандьтру
жауапкершілігінің әртүрлі объектілері мен субъектелерін, қызметті
ұйымдастырудың әртүрлі формаларын қамтиды. Экономикалық қатынастардың
әртүрлілігін ретке келтіру және бірыңғай өзара байланысты жүйе құру үшін
сақтандыру жіктеу қажет.
Сақтандыру жүйесі республиканың экономикасының тұрақты және сенімді
түрде дамуына септігін тиғізуі керек, халықтың әлеуметтік қорғауын көтеру
үшін, азаматтардың мүліктерін және шаруашылық субъектілерді сақтандыруға
толықтыруын негізді орнату керек.
Сақтандырудың дамуы, өз кезегінде заң қорларының жетілуіне байланысты
болады, мемлекеттің ақша- несиелік саясаты мен салыктық-бюджеттік
тиімділігіне, сақтандыру қызметін қадағалау сапасы мен сақтандыру ұйымының
қызметінің сенімділігіне байланысты болады.
Кез келген салада кәсіпкерлік қызмет өмір мен мүліктің жоғалу
тәуекеліне ықпалды, олардың уақыты мен масштабын анықтау мүмкін емес,
Кездейсоқтық емес, кәсіпкерлік табысының шығу тегі капиталды салудың
тәуекеліне берілген төлемі болып табылады. Экономикалық қатынастардың
жүйесі саймандар катарын өңдеді, олар тәуекелді тиімді басқаруға жол
береді, кәсіпкер үшін қауіпсіз орынды таңдай отырып.
Сақтандыру қаржы рыногінің элементтерінің бірі болып табылып
экономикалық категориялар арасынан ерекше орынға ие болады. Сақтандырудың
айырмашылықты ерекшелігі болып қаржы қаражаттары мағыналарының шоғырлануы
болып табылады. Дүниеде сақтандыру капиталы банктен түсіп ғана қоймай, одан
озып кетед: АҚШ, Финляндия, Швейцария, Жапония және басқа да мемлекеттер
қатарында сақтандыру қорлары бұл мемлекеттердің вальдық ұлттық өнімінен 3-4
мәрте алып түседі. Сақтандыру компаниялары АҚШ долларымен 4 триллион сомасы
көлемінде экономикаға салынған қаражаттан жалпы көлемдерін басқарып
отырады. Көріп отырғанымыздай, онда сақтандыру өзінің спецификасы мен
орындалатын функциясының күшімен қоғамда экономиканың
стратегиялық секторы болып табылады. Қазақстан Республикасында сақтандыру
резервтері ішкі вальдық өкілінің 0,2% құрайды, жүз сақтандыру қаржыларын
инвестициондық процесске әрекеттенуіне жол бермейді.
Сақтандыру әлеуметтік қолсыздандыру мәселелерін сәтті шешуге жол
береді, мемлекеттің әлеуметтік жүйесінің қажетті элементі болып табылады.
Дамыған елдерде халықты әлеуметтік қорғау жүйесі өзіне мемлекеттік
әлеуметтік қамсыздануды, нормативтікті, жеке сақтандыруды, мемлекеттік емес
зейнеткерлік қамсыздандыруды өзіне қосады. Қазақстанда бұл жүйені
нақтырап және реттеу кажет.
Осыдан басқа сақтандыру аса қажетті қызметті орындайды -бюджеттік шығын
бөлігінің жүгін төмендету, өйткені табиғи және техногенді болмыстар
кезінде шығындар тығылып қалады.
Өтпелі экономика жағдайындағы сақтандыру институтының ерекше маңызды
факторлар қатарымен анықталады.
Біріншіден, сақтандыру халық пен ұйымның әр түрлі қызығушылығын
қорғауға жол береді, мемлекет жағы қарастырылған шара көлемі мен мінезге
қарамастан. Табиғи және техногенді болмыстардың әрекетін жою шығыны
мемлекеттік бюджетке тиелген, олардың мүмкіндіктері шектелген.[11]
Екіншіден, қазіргі жағдайда сақтандыру механизмін қолдану еліміздегі
кәсіпкерлік қызметтінің жедел дамуын, Қазақстан экономикасының негізгі
салалық ерешеліктерін қоса алғанда қолданылатын технологияның
өндірісінің кейінгі жетіле түсуін, оның климаты мен географиялық орналасуын
және экономиканың деңгейінің дамуын қамтамасыз етеді.
Осылайша, қазіргі сақтандыру индустриясын құру мемлекетке:
1) күтілмеген табиғи- техногенді жағдайларды өтеу бөлігіндегі
мемлекеттік бюджеттің жүгін азайтуға;
2) сақтандыру арқылы жеке әлеуметтік қамту мәселелерін шешуге;
3) халық пен ұйымның жинағын ұзақ мерзімді негізде
ұлттық экономикаға тарту.
Сақтандыру экономикалық қатынастардың жүйесі ретінде сақтандыру
жауапкершілігінің әртүрлі объектілері мен субъектелерін, қызметті
ұйымдастырудың әртүрлі формаларын қамтиды. Экономикалық қатынастардың
әртүрлілігін ретке келтіру және бірыңғай өзара байланысты жүйе кұру үшін
сақтандыру жіктеу қажет.

1.2 Сақтандырудың түрлері және олардың жіктелуі
Сақтандыру көп қырлы ол әр түрлі категориядағы сақтаушылар мен
сақтандыру объектілері қамтиды.
Сақтандыру шарттары сақтандыру жауапкершілігінің көлемімен ерекшеледі:
ол заң күшімен міндетті және ерікті түрде жүрзілуі мүмкін. Сақтандыру
катынастарын ретке келтіру сақтандыруды жіктеуді қажет етеді.
Жіктеу дегеніміз өзара байланысты звенолардың бағынышты жүйеге
жинақталуы. Қазіргі Қазақстан Республикасының Сақтандьтру қызметі туралы
Заңының 6 бабына сәйкес сақтандыру салаларға кластарға түрлерге жіктеледі.
Сақтандырудың жіктелуі мынандай екі белгіге байланысты: сақтандыру
объектілеріндегі өзгешелік және сақтандыру жауапкершілігіндегі өзгешелік.
Осыған байланысты сақтандыру объектілер және қауіп қатердің түрлері бойынша
жіктеледі.[1]
Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметі өмірді сақтандыру саласы және
Жалпы сақтандыру саласы бойьшша жүзеге асырылады (сурет 1).
Аталған сақтандыру саласының біріншісі заңмен қорғалатын игіліктердің
арасындағы ең жоғарғы құндылық болыа табылатын азаматтар өміріне қатысы
болып келеді. Өмірді сактандыру саласы бірқатар болмай қоймайтын
объективтік сипаты бар өмірлік жағдайларға сақтандырылған (пайда алушы)
тұлғаға ақша төлеуін қарастырады.
Бұл тұлғаның қартайған шағында мүліктік мүдделерін кешенді қамтамасыз
етуге, адамды жерлеуге шығындарды өтеуге мүмкіншіліктер береді. Осы
себептен өмірді сақтандыру өмірді азаматтық құқықтық тәсілдермен қорғаудың
бір жолы болып келетінін айтуға болады.
Ерікті нысанда сақтандыру өмірді сақтандыру санасына өз кезегінде
кластарды енгізеді. Ерікті өмірді сақтандыруға екі класс қарастырылған,
олар: 1) өмірді сақтандыру; 2) аннуитетті сақтандыру.
Өмірді сақтандыру - сақтандыру мерзімі біткенге дейін немесе сақтандыру
шартында белгіленген жасқа дейін өмір сүрген жағдайда сақтандыру төлемін
жүзеге асыруды көздейтін жеке сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып
табылады.
Аннуитеттік сақтандыру - сақтандырылушы белгілі бір жасқа жеткен, еңбек
ету қабілетін (жасына байланысты, мүгедектігіне байланысты, науқастығына
байланысты) жоғалтқан, асыраушысы қайтыс болған, жұмыссыз қалған
жағдайларда немесе сақтандырылушының жеке табыстарының келуіне немесе одан
айырылуына әкеліп соққан өзге де жағдайларда сақтандыру төлемдерін жүзеге
асыру көзделетін жеке сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Жалпы сақтандыру белгілі бір сақтандыру жағдайларының келіп түсуінде
заңды және жеке түлғалардың аймақтық бұзылған құқықтары мен
қызығушылықтарының орын төлеуді қамтамасыз етуде дәстүрлі жолда болып
келеді. Қазіргі кезде жалпы сақтандыруды кластарға бөлу кеқейтілген тізімді
қамтиды, оған шолу жасасак қазіргі кезеңде азаматтық - құқықтық қатынастар
субъектілерінің құқықтарын қамтамасыз етуде сақтандырудың мәні бұрыңғыға
қарағанда салыстарымсыз жоғары болып келеді деген пікірде орнығуымыз
мүмкін.
Жалпы сақтандыру саласы ерікті сақтандыру нысанында мынандай
сыныптарды қамтиды:
1) жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру;
2) медициналық сақтандыру;
3) автомобиль көлігін сақтандыру;
4) темір жол көлігін сақтандыру;
5) әуе көлігін сақтандыру;
6) су көлігін сақтандыру;
7) жүктерді сақтандыру;
8) көлік пен жүктерді сақтандыру қоспағанда, мүлікті сақтандыру;
9) кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру;
10) автомобиль көлігі иелерінің азаматтық - құқықтық жауапкершілігін
сақтандыру;
11) темір жол көлігі иелерінің азаматтық - құқықтық жауапкершілігін
сақтандыру;
12) әуе көлігі иелерінің азаматтық - құқықтық
жауапкершілігін сақтандыру;
13) су көлігі иелерінің азаматтық - құқықтық
жауапкершілігін сақтандыру;
14) тасымалдаушының азаматтық - құқықтык
жауапкершілігін сақтандыру;
15) шарт бойынша азаматтық - құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
16) зиян келтіргені үшін азаматтык - құқықтық
жауапкершілігін сақтандыру.
Ерікті сақтандыру нысанындағы әрбір кластың мазмұны және оны жүргізу
жағдайлары бойынша қосымша кластар өкілетті мемлекеттік органның
нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді. Сонымен, сақтандырудағы әрбір
класқа байланысты заңнама заңды нормативтік актілері бойынша арнайы
реттеуді қарастыруы қажет.
Осыған байланысты, сақтандырушылар үшін сақтандырудың әрбір класы
бойынша жалпы жағдайлар көбіне міндетті болып анықталатынын айтуға болады.
бұның өз сыры бар, міндетті реттеу сақтандырушылардың қызметін пайдаланатын
субъектілерінің мүдделерін ескеруіне мүмкіндік береді.[8]
Заңда берілген анықтамаға сәйкес, сақтандыру түрі, сақтандыру ұйымы
әзірлейтін және ұсынатын сақтандыру өнімі болып табылады. Өнім деген
түсінікті қолдану интеллектуалдық меншік категорияларын ойға шакырады.
Мұндай шарттарда коммерциялық құпиялы болып келетін мәліметтердің болуы
мүмкін. Бірақ Өнім деген түсінікті біз басқа да позицияда бағалай аламыз.
Сақтандыру түрі сақтандырушының да сақтанушының да (пайда алушының)
ескеруді қамтамасыз ететін заңның міндетті нормаларьтна қайшы келмейтін
және онда сақтандырудың барлық керекті жағдайлары ескерілген шарт болып
келеді.[7].
Жазатайьтм жағдайдан және аурудан сақтандыру, сақтандырылған тұлға
жазалайтын жағдайдың немесе аурудың салдарын қайтыс болған, еңбек ету
(жалпы немесе ішінара) жоғалтқан немесе оның денсаулығына өзге де зиян
келтірілген жағдайларда оның қосымша шығындарын шектеулі сомада не ішінара
немесе толық өтеуді қарастыратын жеке сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып
табылады. Төленетін өтемдердің негіздері мен көлемі азаматтық деликтік
құқықтық нормалармен айқындалатын адамның өмірі мен денсаулығына келтіретін
зиянның түрлерімен байланысты.

Қазақстан Республикасындағы сақтандыруды салалары және сыныптары
бойынша жіктеу

Сурет 1
Ескерту: ҚР сақтандыру қызметі туралы заңы, 2000ж. 18.12.00

Медициналық сақтандыру, сақтандырылатындардың медициналық мекемесін
медициналық сақтандыру бағдарламасына енгізілген медициналық қызмет
көрсетулерді сүраған жолданымдарынан туындаған шығындарын ішінара жүзеге
асыру көзделетін жеке сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Міндетті медициналык сақтандыру жүйесі (бұл қатынастардың азаматтық -
құқықтық реттеу сұрақтары ескерілмеген) уақыт санын көтере алмай мүліктік
айла - амалға жол салынды. Басқа жақтан, Қазақстанда кейбір ұйымдармен іс
жүзінде медициналық сақтандыру бойынша шарттың сақтандыру қызметтері
көрсетілетін болды. осымен байланысты қатынастарда қатысушылар тең жағдайда
болып келеді. Және қымбат медициналық қызметтерде стационарлық емдеуде,
протездеуде және тағы басқа қажеттік пайда болған жағдайда бұл сақтандыру
сөзсіз өте пайдалы болды. Осының барысында қалыптасқан қажеттілік тиісті
сақтандыру нормалары қалыптасуының қажеттілігін әкелді.
Жалпы сақтандыруға көлікті сақтандыруды жатқызады, ол көлік қүралын
иеленуге, пайдалануға оған билік етуге юайланысты адамдардың мүліктік
мүдделеріне оның зақымдануы немесе жойылуы, соның ішінде айдап немесе үрлап
әкетілуі салдарынан келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі
мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру
түрлерінің жиынтығы болып табылады. Тасымалдау шартымен тығыз байланыста
болатын көлікті сақтандыру мен қатар, жоғарыда айтылғандай сақтандырудың
жеке класында болып келетін жүктерді сақтандыру тұрады. Жүктерді
сақтандыру, жүктерді иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты
адамдардың мүліктік мүдделеріне оның зақымдануы немесе жойылуы, соның
ішінде жүктердің тасымалдау әдісіне қарамастан жоғалып кетуі салдарынан
келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтандыру
төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып
табылады.
Міндеттілік дәрежесіне қарай сақтандыру ерікті және міндетті болады.
Соңғы жылдары міндетті сақтандыру кеңінен қолданылады. Мысалы, эскери
қызметкерлердің, ішкі істер органдарының қызметкерлерінің өмірі мен
денсаулығын, мүлігін мІндетті сақтандыру жүргізілген. Міндетті сақтандыру
азаматтық - құқықтық жауапкершілікті сақтандыру саласында дамыған, яғни
автомобиль көлігі иелерінің азаматтық - құқықтық жауапкершілігі,
нотариустардың және кейбір өзге субъектілержің азаматтық - құқықтық
жауапкершілігі міндетті сақтандыруға жатады.[14]
Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы
Қазақстан Республикасы заңының 52 бабына сәйкес, банктердегі салымдарды
(депозиттерді) ұжымдық Қазақстан Республикасы жүзеге асады.
Міндетті сақтандырудың түрлері, тәртібі мен талаптары заң актілерімен
белгіленуі өз өмірін немесе денсаулығын сақтандыру міндетін азаматқа заң
актілерімен де шартпен сақтандыру жағдайларында міндетті сақтандыру
сақтандыру қатынастарында сақтанушының (сақтандырылған тұлғадан бөлек
қатысуын) міндетті қатысуын талап етеді. Жиі — жиі шартта сақтанушы болып
онымен азамат еңбек - қызметтік қатынаста тұратын мемлекеттік орган
қатысады. Мұндай жағдайларда сақтандыру сақтанушы каражаттарының есебінен
жүргізіледі. Міндетті сақтандыру кезінде сақтанушы сақтандырудың осы түрін
реттейтін заң актілерінде жазылған талаптар бойынша сақтандырушымен шарт
жасауға міндетті. Міндеттілік негізінен сақтандыру объектілеріне,
сақтандыру жағдайларының тізіміне бір немесе басқа жағдайларда тиесілі
сақтандыру төлемінің көлеміне, қатысты болып келеді. Сақтандыру
төлемдерінің мөлшері өз кезегінде сақтанушының сақтандыру сыйақыларын төлеу
міндетіне әсер етеді.
Заң актілеріне сәйкес пайдасына міндетті сақтандыру жүзеге асырылуы
тиіс болған адам, егер оған оның сақтандырылғандығы белгілі болса, осы
міндет жүктелген түлғадан өзінің сақтандырылуын сот тәртібінде талап етуге
құқылы.
Егер сақтанушы міндетті сақтандыру шартын жасамаса немесе оны заңда
көзделмеген салыстырғанда нашарлау жағдайларда жасаса, ол сақтандыру
жағдайы (оқиғасы) орын алған кезде сақтандырылғандардың алдында өзі жауапты
болады. Сақтанушы жауапкершілігінің көлемі осындай жағдайда тиісті
сақтандыру жүзеге асырылған кезде сақтандырылғанға тиесілі болатын
сақтандыру төлеміне сәйкес болып келеді.[8]
Міндетті сақтандыру шартын жасаудан сақтандырушы ұйымының да жалтаруға
құқығы болмайды.
Сонымен міндетті сақтандыруға тән белгілер:
1. Міндетті сақтандыру шарттары заңмен бекітіледі. Сақтандырушы заң
бойынша сақтандырылуға тиісті объектілерді сақтандыруға ал
сақтанушы сақтандыру төлемдерін төлеуге міндетті.
Заңды нормативті актте мыналар қарастырылған:
- сақтандыруға жататын объектілер тізімі;
- сақтандыру жауапкершілігінің көлемі;
- сақтандыру сомасын қамтамасыз ету деңгейі;
- тарифтік ставкаларды белгілеу тәртібі;
- сақтандыру төлемдерінің төлену тәртібі;
- сақтандырушы мен сақтанушының негізгі құқықтары мен міндеттері.
2. Заңда көрсетілген объектілердің барлығының жаппай сақтандырылуы. Бұл
принцип әсіресе мүлікті сақтандыруда қатты сақталады.
3. Сақтандыру сомасымен қамтамасыз ету нормаланған. Мысалы автокөлік
иелерінің азаматтық құқықтық жауапкершілігінің жабуға арналған сома 400
айлық есептік көрсеткішпен шектелген.
Ерікті сақтандырудың міндетті сақтандырудан айырмашылығы, ол толығымен
тараптардың еркін білдіруіне негізделеді. Ерікті сақтандырудың түрлері,
шарттары мен тәртібі тараптардың келісімі бойынша белгіленеді.
Ерікті сақтандыруға тән белгілер:
1. Ерікті сақтандыру заңды және ерікті түрде
жүргізіледі. Заң сақтандырудың жалпы шарттарын және ерікті
сақтандыру объектілерін белгілейді.
2. Сақтандыруға қатысу сақтандырушыларға байланысты. Бұл принцип
сақтандыру келісім шартының сақтанушының талабына сай жасалатынына
кепілдік береді.
3. Ерікті сақтандыру ішінара қамту арқылы жүргізіледі, яғни барлығы
жаппай сақтандырылуы міндетті емес.
4. Ерікті сақтандыру сақтандыру мерзімімен шектелген.
5. Сақтандыру сомасымен қамтамасыз ету сақтанушы
талабына байланысты болады.
Сақтандыру объектілеріндегі өзгешелікке байланысты сақтандыру жеке және
мүліктік болып бөлінеді. Азаматтық өмірін, денсаулығын, еңбекке
қабілеттілігін және басына байланысты өзге де мүдделерін сақтандыру жеке
сақтандыруға жатады, мысалы, олардың белгілі жасқа келгеніні сақтандыру.
Жеке сақтандыру шарты бойынша сақтанушының өзі, сондай-ақ шартта аталған
басқа (пайда алушы адам сақтандырылған болуы мүмкін).
Мүліктік және кәсіпкерлік тәуекелдер мен азаматтық - құқықтық
жауапкершілікті қоса алғанда, оларға байланысты мүдделерді сақтандыру
мүліктік сақтандыруға жатады.
Мүліктік сақтандыру кезінде мүліктің жоғалуы (жойылуы), жетіспеуі
немесе бұлінуі және заңда көзделген өзге де мүліктік қүқыктар
сақтандырылады. Сақтанушының немесе пайда алушының мүліктерді сақтандыру
мүддесі болмаған жағдайда жасалған мүліктік сақтандыру шарты жарамсыз
болады. Мүлікті сақтандырудың объектілері — сақтанушының мүліктік
мүдделері, яғни құрылыс, үй мүліктері, малдар, көлік құралдары,
субъектелері - сақтанушы, сақтандырушы, пайда алушы.
Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру кезінде сақтанушы ретінде іс - қимыл
жасайтын кәсіпкердің шарттары бойынша әріптестерінің өз міндеттемелерін
бұзуынан болуы мумкін залалдардың тәуекелі немесе кәсіпкерден тэуелсіз
жағдайлардан осы қызмет шарттарының өзгеруінен болған залалдар тәуекелі,
соның ішІнде күтілген кірісті алмай қалу тәуекелі сақтандырылады. Мүлікті
сақтандырудан айырмашылығы сақтандырудың бұл класында тек сол сақтанушының
кәсіпкерлік тәуекелі және тек соның пайдасына ғана сақтандырылуы мүмкін.
Сақтанушы болып табылмайтын тұлғалардың кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру
шарты немесе өзге тұлғаның (пайда алушының) пайдасына жасалған шарт
жарамсыз болады. [15]
Кәсіпкерлік екі мағынада пайдаланылады.
а) белгілі бір істің түрі;
б) сол іспен шүғылданатын нақтылы қоғамдық ұйым.
Нарық жағдайында тәуекел кәсіпкерліктің шешуші элементі. Тәуекелдің
ерекшеліктері кәсіпкерлік істе белгісіздік, күтпегендік, сенбеушілік,
болжамдылық жетістікке жетуге кедергі болуы мүмкін. Нарық жағдайында
кәсіпкерлік қызметпен байланысты тәуекелдің түрлері де көбеюде. Нарықты
экономика жағдайында кәсіпкерлер үшін коммерциялық тәуекелділікті
сақтандырудың маңызы зор. Коммерциялық тәуекелділікті сақтандыруда
сақтандыру объектісі сақтанушының коммерциялық қызметі болып табылады.
Коммерциялық сақтандыруда сақтандыру тарифтер көптеген факторларға
байланысты. Олар коммерциялық қызметтің түрі, сақтандыру мерзімі, нарык
қатынастарының тұрақтылық деңгейі. Сақтандырудың бұл түрі
шаруашылықтың барлық салаларын қалпына келтіру мен дамытудағы перспективалы
сақтандыру болып табылады.
Жауапкершілікті сақтандыру - сақтандыру қызметінің жеке саласы болып
табылады. Жауапкершілікті сақтандыру объектісіне - сақтанушының қандай да
бір әрекетін немесе әрекетсіздігінен зиян келтірілуі мүмкін үшінші жақ
алдындағы жауапкершілігі жатады. Субъектілері - сақтанушы, сақтандырушы,
пайда алушы. Жауапкершілікті сақтандырудың мақсаты залал келтірушінің
экономикалық мүддесін сақтандыру арқылы қорғау. Азаматтық - құқықтық
жауапкершілікті сақтандыру кезінде басқа түлғалардың өміріне, денсаулығына
немесе мүлкіне зиян келтірудің салдарынан туындайтын жауапкершіліктің болу
тәуекелі (қаупі) сақтандырылады. Азаматтық - құқықтық шарттардан және басқа
да негіздерден пайда болуы мүмкін, жауапкершілік сақтандырылуы мүмкін.
Жауапкершілікті сақтандыру ерікті және міндетті түрде жүргізіледі.
Жауапкершілікті сақтандырудың оны басқа салалардан бөліп тұратын өзіндік
ерекшеліктері бар:
1) азаматтық жауапкершілікті сақтандыру түрлерінде сақтандыру
окиғасының болуын анықтау сақтандырудың қатысушыларының құқықтары мен
міндеттерін белгілейтін азаматтық - құқықтық нормалары мен тікелей
байланысты.
2) жауапкершілікті сақтандыру сақтанушының үшінші тұлғаға келтірген
зиянының орнын, келісім шартта көрсетілген сақтандыру сомасы көлемінде
жабуды қамтамасыз етеді, яғни жауапкершілікті сақтандыру келісім шарты
үшінщі тұлғаның пайдасына жасалады.
3) жауапкершілікті сақтандыру сақтанушының үшінші тұлғаға алдындағы
жауапкершілігін сақтандыру болып табылады.
Қазақстан Республикасының азаматтық - құқықтық жауапкершілікті
сақтандыру міндетті сақтандыру түріне жатады және де ол 1997 ж. Көлік
құралдары туралы заңға сәйкес енгізілді. Сақтандыру шарттары Қазақстан
Республикасы үкіметінің 1996ж. 31 желтоқсанындағы №1319 шешімімен
бекітілген. Автокөлік қүралының иесі лицензиясы бар кез - келген сақтандыру
ұйымда сақтандырылады. Міндетті сақтандыру келісімі 1 жылга жасалады.
Ережеде сақтанушылардың белгілі бір категорияларына жеңілдіктер
карастырылған. Әлеуметтік қамсыздандыру органдары арқылы көлік құралын
тегін алған тұлғаларға, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен оған
теңестірілген тұлғалар I және II топ мүгедектері жылдық төлемнің 50%
төлейді. Міндетті сақтандыру жеңіл, жүк тасымалдаушы автомобиль,
микроавтобус, троллейбус, трамвай иелеріне қатысты.
Міндетті сақтандыруда сақтандыру сомасының мөлшері шектелген, сондықтан
автокөлік құралының иесі өз жауапкершілігін қосымша ерікті түрде
сақтандыруына болады.[13]
Қазақстан Республикасының нотариат туралы заңына сәйкес жеке
нотариустардың азаматтық - құқықтык жауапкершілігін сақтандыру міндетті
түріне жатады. Жеке нотариустар жауапкершілігі мынадай іс - әрекеттер
нәтижесінде пайда болады:
1) келісімдерді куэландыру;
2) мұрагерлік мүлікті қорғауға шара қолдану;
3) мұрагерлік кұқы бар куэлігін беру;
4) құжаттар мен құнды қағаздарды сақтауға қабылдау.
Жеке нотариус өзінің азаматтық - құқықтық жауапкершілігін жыл сайын
лицензиясы бар кез - келген сақтандыру компаниясында сақтандыра алады.
Кәсіпкерлік жауапкершілікті сақтандыру - кәсіби кызметі барысында
үшінші тұлғаға зиян келтіруі мүмкін, әр түрлі категориядағы тұлғалардың
мүліктік мүддесін сақтандыру түрлерін қамтиды. Кәсіби жауапкершілікті
сақтандырудағы тәуекелдер екі топқа бөлінеді:
1) үшінші тұлғаның денсаулығына залал келтіру және дене жарақатымен
байланысты тәуекелдер. Мұндай жағдайлар дәрігерлер, хирургтар, дантистер,
формацевтер тэжірибесінде жиі кездеседі.
2) материалды шығын келтірумен байланысты тәуекелдер. Кәсіби қызметке
талап және оның жүрзілуі арнаулы заңды және нормативті актілерге сәйкес
белгіленеді. Сақтандыру жеке кәсіби қызметпен айналысатын түлғаға қатысты
жүргізіледі. Жеке тэжірибеленуші маманның (сақтанушының) клиентке
келтірілген материалдық зияны мен оның көлемі соттың шешімі бойынша
аныкталған жағдайда ғана сақтандыру оқиғасы болады деп есептеледі.
Экологиялық сақтандыру қазіргі кездегі актуальды мәселелердің бірі.
Экологиялық сақтандыруда сақтандыру сомасы екі жақтың келісімі бойынша
немесе табиғатты қоршаған ортаны ластау жауапкершілігінің лимиті бойынша
анықталады. Біздің елемізде 1991 жылы Табиғатты қоршаған ортаны қорғау
туралы заңына сәйкес ерікті экологиялык сақтандыру енгізілді. Бірақ бұл
заңның талаптары экологиялық сақтандыруды толық қолданьгла қойған жоқ.
Бұрыңғы заманмен салыстырғанда қазіргі заңнама сақтандыру нысандарының
тізімін көбейтті. Енді сақтандыру нысаны сақтандыру төлемін жүргізудің
негізінен де анықталады. Осыған байланысты сақтандыру тағы екі нысанға
бөлінеді, олар
а) жинақтаушы;
б) жинақтаушы емес.[16]
Сақтандыру төлем төленуін сақтандыру шартында белгіленген кезең
аяқталғанда, немесе сақтандыру жағдайы туындағанда. Төлем төленуінін
карастыратын (осылардың қайсысы бірінші болатынына қарап) сақтандыру
жинақтаушы болады. Яғни, жинақтаушы сақтандыру бойынша сақтандыру жағдайы
болмауы да мүмкін. Аннуитет шарты жинақтаушы сақтандыру шартына жатады.
Аннуитет шарты сақтандырушының шартта белгіленген мерзім ішінде пайда
алушының пайдасына мерзімді төлемдер түрінде сақтандыру төлемдерін жүзеге
асыруға міндетті ететін сақтандыру шарты.
Жинақтаушы емес сақтандыруда сақтандырудың төлемін жүргізудің негізі
болып сақтандыру жағдайы есептеледі. Көрсетілген сақтандыру нысандарының
тағы бір ерекшелігі сақтандыру жүргізіліп жатқан объектілерінін өзгешілігі.
Жинақтаушы сақтандыру шарттары тек қана жеке сақтандыру бойынша жасалуы
мүмкін. Ескертуге жататын нәрсе - сақтандырудьщ нысандары бойынша бөлінуі
сияқты (толық болып келмейді). Бұл сақтандыру қызметін лицензиялау үшін
қажет болса, яғни мазмұнын сақтандырудың көрсетілген нысандарынан
ерекшеленетін сақтандыру қызметі пайда болса, онда заңнамада сақтандырудың
нысандары бойынша өзге де жіктелуі қарастырылуы мүмкін.
Сақтандырылғандар тарапынан тұлғалардың көптілігі топтың сақтандыру
шартын жасауға әкеп соғады. Сақтандырушы тарапы жағынан түлғалардың
көптілігі ортақ сақтандыру құрады. Егер сақтандырушының өзі сақтанушы
алдындағы өз міндеттерінің бәрін немесе оның бір бөлігін орындамауына
байланысты тәуекелді сақтандыратын болса, қайта сақтандыру шарты орын
алады.
Қайта сақтандыру - сақтандыру шарты бойынша сақтандыру ұйымы кабылдап,
кейіннен өздерінің арасында жасалған қайта сақтандыру шартына сәйкес қайта
сақтандыру ұйымына сақтандыру тәуекелдерінің бәрін немесе бір бөлігін
беруге байланысты қызмет және соган байланысты туындайтын қатынастар. Қайта
сақтандырудың өзі де бөлінеді. Заңмен бара - бар және бара - бар емес қайта
сақтандыру түсініктері енгізілген. Бара - бар қайта сақтандыру - бұл тиісті
сақтандыру шартында көзделген жағдайлар туындаған кезде қайта сақтандыру
ұйымы қайта сақтандыру шарты бойынша цеденттен қабылданған сақтандыру
міндеттемелерінінің үлесіне бара — бар мөлшерде сақтандыру төлемін
жүзеге асыруға өзі міндеттеме кабылдайтын қайта сақтандыру. Бара-бар емес
қайта сақтандыру бүдан бөлек, сақтандыру шартына сәйкес көзделген жағдайлар
туындаған кезде қайта сақтандыру шарты бойынша цеденттің өзі ұстап қалатын
сомасынан артығы мөлшерінде жүзеге асыруға өзіне міндеттеме қабылдайтын
қайта сақтандыру. Өзі ұстап қалатын сома деп - қайта сақтандыру шартымен
сәйкес өз есебінен цедент жауапкершілікті атқаратын сақтандыру сомасын
атайды.[16]
Шекаралық сақтандыру (қайта сақтандыру) белгілері. Қазақстан
Республикасында немесе оның сақтандыру сыйлық ақысы төленетін сақтандыру
(қайта сақтандыру) шекаралық болып табылады. Шекаралық сақтандыруды
жүргізудің талаптары мен тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен
немесе Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттармен белгіленеді.
Сонымен қатар заңда өзара сактандырудың мүмкіндігі қарастырылған. Азаматтар
мен заңды тұлғалар кажетті қаражатты өзара сақтандыру қоғамдарына біріктіру
жолымен өзара негізде өз мүлкін және мүлікті мүдделерін (кәсіпкерлік
тәуекелдер, азаматтық - құқықтық жауапкершілікті) сақтандыра алады. Өзара
сақтандырудың ерекшелігіне егер қоғамның қүрылтай құжаттарында мұндай
жағдайларда сақтандыру шарттарын жасау көзделмесе, қоғам өзінің мүшелерінің
мүлкін және мүліктік мүдделерін өзара сақтандыруды мүшелік кезінде тікелей
жүзеге асыратыны жатады.
Сақтандыру салаларын сақтандырудың нақты түрлеріне бөлудің тәжірибелік
мәні бар. Дэл осы деңгейде сақтанушылар мен сақтандырушылар арасындағы
сақтандыру қатынасы пайда болады, сақтандыру шарттары, сақтандыру
жауапкершілігінің көлемі және сақтандыру тарифтері белгіленеді.
Халықаралық тәжірибеде сақтандыру түрі тариф деп те аталады. Себебі кез
- келген сақтандыру түрінің шарты сақтандыру тарифінде көрініс
табады. Сонымен, сақтандыру түрі дегенеміз - сақтандыру
жауапкершілігінің бір көлемінде сәйкес тарифтік ставка бойынша
сақтандырудың нақты нақты объектісін сақтандыру.[1]
Сақтандыру түрлерінің саны шексіз және ол потенциалды сақтанушылардың
мүддесіне байланысты.
Мысал ретінде бізге кеңінен таралған сақтандырудың түрлерін
қарастырайық.
Заңды және жеке тұлғалардың мүліктерін сақтандыруда бұл күрылысты,
жануарларды, үй мүліктерін, көлік қүралдарын, шикізатты, материалдарды,
ауылшаруашылық өнімдерін, жүктерді сақтандыру. Жауапкершілікті сақтандыру
бойынша автокөлік иелерінің азаматтық - құкықтық жауапкершілігін
сақтандыру, жүмыс берушілердің азаматтық - құқықтық жауапкершілігін
сақтандыру, кәсіби жауапкершілікті сақтандыру. Кәсіпкерлік тәуекелді
сақтандырудың түрлері өндіріс процесіндегі немесе қызмет көрсетудегі нақтьт
тәуекелдердің түрлеріне байланысты болады, мысалы жаңа техниканы иемдену,
валюта бағамының ауытқуы, өндірістің тоқтап қалуы т.б. Өмірді сақтандыру
түрлері - өмірді ұзақ мерзімге сақтандыру, балаларды сақтандыру, қосымша
зейнетақы сақтандыру.
Сонымен сақтанушы пайдаланатьтн сақтандырудың әртүрлі жиынын сақтандыру
нарығының ассортиментін құрайды.

1.3 Сақтандыру нарығының реформаларын заңмен қамтамасыз ету
Мемлекет сақтандырудың коғам өмірінде басты роль атқаратын сала екенін
біліп, оны қараусыз қалдырмайды. Сондықтан да мемлекет оны реттеу
мақсатында нормативті-құқықтық актілер шығарады. Ерекше сақтық қатынастар,
сақтық қызметін рыногының, азаматтар мен заңды тұлғаларды сақтандыру
тұрғысындағы қорғау, сақтандыру кызметі туралы Қазақстан Республикасының
заңымен, сақтандыру мәселелері жөніндегі Үкімет қаулыларымен және Ұлттық
Банктің сақтандыруды кадағалау департаментінің нормативтік актілерімен
реттеліп отырады. Осыған дейін біршама уақыт бұрын сақтандыру қатынастарын
кешенді реттейтін заң актісі болып Қазақстан Республикасы Президентінің
1995 жылдың 3 қазанынан Сақтандыру туралы заң күші бар жарлығы саналды.
2000 жылдың 18 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Сақтандыру қызметі
туралы жаңа заңы қабылданды. Қазір заңгерлер тарапынан жоғары деп
бағаланады. Онда сақтандыру ісін ұйымдастырудың қазіргі замаңғы талаптарға
сәйкес келтіруді қамтамасыз ететін шаралар қарастылған. Сақтандыру
жағдайларының түрі заң актілерімен (сақтандыру міндеті болып келген кезде)
және шарттарымен (сақтандыру ерікті болып келген кезде) анықталады.
Сақтандырудың шарттық қатынастарының ерекшелігі: сақтандыру шығаратын
ережелерде көрсетілген жағдайларға сақтанушы қосылу керек. Өз кезегінде
сақтанушы заңның барлық талаптарының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық сақтандыру туралы
ҚР-ғы сақтандыру классификациясы
Экологиялық заңдарды бұзушылық бойынша казус
Азаматтық сот істерін жүргізу барысындағы қылмыспен келтірілген зиянды өтеу туралы істерді қарау
Сақтандыру туралы ақпарат
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗАҢДАРДЫ БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Сақтандырудың әлеуметтік - экономикалык мәні және сақтандыру нарығындағы жауапкершілік
Экологиялық құқық бұзушылықтар салдарынан азаматтық жауапкершілікке тарту
Табиғат пайдалану төлемдері
Соттың тұтынушының құқықтарын қорғауы
Пәндер