Тренинг арқылы тұлға дамуын зерттеудің психологиялық маңызы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ - ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тренинг арқылы тұлға дамуын зерттеудің психологиялық маңызы
Алматы - 2011
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1. Тренинг арқылы тұлға дамуын зерттеудің теориялық негіздері
1. Тұлғаның психологиялық даму ерекшеліктері
1.2 Тұлға дамуында психотренингтерді ұйымдастырудың маңызы
1.3 Тұлғаның даралық қасиеттерінің мазмұны
2 Тренинг барысында тұлға дамуын қалыптастырудың әдіс-тәсілдері
1. Тұлғаны жан-жақты зерттеуде тренинг топтарын ұйымдастырудың
алғышарттары
2. Тұлға дамуын анықтау іс-шаралары.
2.3 Психокоррекциялық жұмыстар жүйесін ұйымдастыру
Қорытынды
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Кіріспе
Соңғы жылдары қоғамдық және әлеуметтік өмірдегі болып жатқан елеулі
өзгерістер Республикамыздың білім беру жүйесінің алдына көптеген жаңа
міндеттер жүктеп отыр. Әсіресе білім беру жүйесінде ұлттық және жалпы
азаматтық рухани құндылықтар негізінде жастардың тұлғалық мәдениетін
қалыптастыру, тұлғалық жан-жақты дамуына қолайлы жағдайлар жасау өзекті
мәселелердің біріне айналып отыр.
Бүгінгі таңда жас ұрпақтың білім алуы мен дамуына ерекше ден қойылып,
көңіл бөлінуде. Психологиялық-педагогикалық зерттеулерде жеке тұлғаның
психикалық дамуын арттыру елеулі мәселелердің біріне айналып отыр. Алайда,
ол мектепте жеке тұлғаның дамуын оқу қызметіндегі бірінші кезектегі міндет
деп танығанда,оның психикалық дамуын қалыптастыруға ерекше мән бергенде
жүзеге асады.
Мектеп қабырғасында оқу қызметтің негізгі және жекеше түрі болып
табылады. Оны атқару барысында оқушылардың бойында жаңа психикалық
құбылыстардың дамуына негіз қалайтын және ең алдымен заттардың пайда болу
және даму заңдылықтарын ашуға бағытталған теориялық ойлау негізі және
зейіні дамиды, жеке тұлға белсенділігі арта түседі. Жеке тұлғаны рухани
дамыту - өзінің өмірдегі орнын, атқаратын міндетін, қазіргі және болашақ
ұрпақ алдындағы жауапкершілігін, дүниенің күрделі құрылымын түсіну және
өзін-өзі үздіксіз бірқалыпты жетілдіру. Жеке тұлға дамуы - өз
мүмкіндіктерін үздіксіз кеңітіп, қажеттіліктерін арттырып отырумен
байланысты. Осы даму деңгейі нақты адамға тән болған қарым-қатынастар
аймағымен өлшенеді.
Даму дәрежесі мардымсыз тұлғаның адамаралық қатынастары да өте жай,
ал даму деңгейі жоғары болған адам өзінің рухани мәртебелігімен, қоғамдық
мәнді құндылықтармен ерекшеленеді. Мұның барлығына психиканы дамыту
арқылы қол жеткізуге болады. Баланың өзiн-өзi ұйымдастыруы алдымен
үлкендердiң әсiресе мұғалiмнiң жасаған және бағыттаған ұйымдастыруының
нәтижесi. Баланың жеке тұлғасын дамыту ісінде тәрбие институттары ішінде
мектепке ең күрделі міндеттер артылады. Алайда, ол мектепте жеке тұлғаның
дамуын оқу қызметіндегі бірінші кезектегі міндет деп танығанда ғана іске
асады. Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде мектепте бала тұлғасының
мотивациялық құрылымында түбегейлі өзгерістер болатыны анықталды. Олар
балалардың танымдық мүдделерінің жедел қалыптасуы негізінде оқу қызметі
мотивтерінің қайта құрылуынан басталады. Олар мектеп жасының аяғына таман
жинақталып қалыптасады да, баланың әр түрлі оқу материалына көзқарасы
арқылы айқындалып, қызығуын қанағаттандыратын көздерді өз бетімен іздеуге
жетелейді. Яғни, оқу-танымдық мотивтер оқуда ғана емес, оқушы тіршілігінің
бүкіл жүйесінде жетекші орын алады. Өйткені, осы мүдделер ортақ ұжымдық
қызмет барысында пайда болады, оларды бала толық қоғамдық формасы - топтық
құндылық бағдары ретінде ұғынады.
Жеке адамның дамуы – бұл ең алдымен оның рухани өсу, жетілу үрдісі,
іс-әрекетте өзін қоршаған өмір шындығын бейнелеуі, қоғамдық орта мен табиғи
құбылыстарға, адамға қарым-қатынасы таным-білім жүйесінде болатын сапалық
өзгерістер.
Жеке тұлғаны қалыптастырудың маңыздылығы жөнінде көптеген ғалымдар,
педагог-психологтар пайымдады. Атап айтсақ: С.М.Жақыпов, И.С.Кон,
Р.В.Овчарова, А.Г.Асмолов, Л.И.Божович, А.А.Бодалев, А.И.Леонтьев, Л.Первин
т.б. зерттеулері арналған].
Мектеп оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыру мәселелері білім мен
тәрбие тұжырымдамасында да негізгі орын алады. Жеке тұлғаның қалыптасуы
үздіксіз үрдіс. Әрбір балаға жеке тұлға ретінде қарап, онын өзіне тән
санасы, есі, өзіндік әрекет жасай алатын қабілеті бар екенін ескере келіп,
балалар мен жастардың білімге, ғылымға ықыласын арттыру, олардың ақыл-ой
қабілетін, жеке бас қасиеттерін дамытып, оны қоғам талабына сай іске
асыруға көмектесу - мектеп алдындағы өзекті мәселелердің бірі екендігін
есепке ала отырып, диплом жұмысының тақырыбын Тренинг арқылы тұлға дамуын
зерттеудің психологиялық маңызы деп алдық.
Зерттеу мақсаты – тренинг арқылы тұлға дамуын зерттеудің тиімді
жолдарын саралау.
Зерттеу обьектісі – тұлға дамуын қалыптастыру үдерісі.
Зерттеу пәні – тренинг арқылы тұлға дамуын зерттеудің тәсілдері.
Зерттеу болжамы – тұлғаның даму деңгейін зерттеу арқылы білім, білік,
дағдының қалыптасуына, психикалық әрекетті реттеуге, жеке тұлғалық
қасиеттерінің айқындалуына қол жеткізуге, аталмыш мәселенің бала өмірінде
ерекше орын алатындығын дәлелдеуге болады, себебі қазіргі заман талабы
даралық қасиеттері толысқан тұлға қалыптастыру болып табылады.
Зерттеу міндеттері:
1. Тұлға дамуын зерттеу мәселесі бойынша психологиялық-педагогикалық
ғылыми еңбектерге талдау жасау.
2. Оқыту үдерісінде тұлғаның даралық қасиеттерін дамытудың
психологиялық маңыздылығын көрсету.
3. Тренинг арқылы тұлға дамуын анықтаудың іс-шараларын жан-жақты
дәйектеу.
4. Диагностикалық жұмыстар жүргізе отырып, түзету жаттығуларын ұсыну.
Зерттеу әдістері – бақылау, әңгімелесу, эксперимент, тест, ойын-
жаттығулар және танымдық тапсырмалар жүйесі.
Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негізі – зерттеу негізіне
философиялық таным туралы негізгі қағидалар мен ой-пікірлер, тұлғаның
даралық қасиеттерін қалыптастыру теориясы, А.А.Леонтьев, Р.Берн,
А.Мессердің ғылыми зерттеулері алынды.
Зерттеудің теориялық мәнділігі – тұлғаның даралық қасиеттерін
тренинг арқылы зерттеу мәселесіне теориялық және әдістемелік талдау
жасалды, оның даму деңгейлері анықталып, даралық қасиеттерді белсендіруге
бағытталған жұмыс тәсілдері жобаланды.
Зерттеудің практикалық мәнділігі – зерттеу негізіне алынған
әдістемелік жұмыстардың жүйесін тұлғалық қасиеттерді дамытуға бағытталған
іс-шаралар ретінде қолдануға болады.
Зерттеудің тірек орны: Алматы қаласы, № 128 орта мектебі.
Зерттеудің кезеңдері:
1. Философиялық, педагогикалық және психологиялық әдебиеттерге талдау
жасалып, ғылыми аппарат түзілді.
2. Тәжірибелік жұмыс мазмұны құрылып, зерттеу мәселесінің міндеті
жүзеге асырылды. Диагностикалаудың тиімді әдіс-тәсілдері іріктелді.
3. Зерттеу нәтижелері талданып, қорытынды жасалды.
Диплом жұмысының құрылымы кіріспе, екі тарау, қорытынды,
пайдаланылған әдебиеттер және қосымшалардан тұрады.
2. Тренинг арқылы тұлға дамуын зерттеудің теориялық негіздері

Тұлға – өзінің тұрақтылығына қарамастан, үздіксіз дамып отыратын
психикалық құрылым. Даму жеке тұлғаның ең маңызды атрибуты
болғандықтан, оны өмір сүруінің негізгі нысаны деп санайды. Бұл
фәниден бақиға дейінгі - шығармашылық үрдіс. Жеке тұлға өзінің
жасын да және басқа шектеулерді де сезінбеуге қабілетті [1]. Жеке тұлға
уақыт ағысындағы үрдіс ретінде өседі, дамиды және осыған қарамастан
өзі үшін сол қалпында қала отырып, үнемі өзгеретін дене түрінде
эволюцияланады. Өзінің МЕН қозғалысында ол өзгермейді, уақытпен
туындайтын күйреуге төзімді келеді және осыған қарамастан, өзгереді,
бейімделеді, өзін жаңадан жасайды.
Тұлға онтогенезі, осылайша, тұлғаның пайда болуы мен
организмнің физикалық өзгеруі барысында оның бірізді түрленуі мен
көптеген әлеуметтік және өзге де өзара әрекеттерді қамтитын бүкіл
өміріндегі жеке адам психикасының даралық бағдарлы дамуын білдіреді.
Адамның онтогенездік дамуы мен өмірлік жолында осы дамудың барлық
деңгейін қамтитын адам организмі мен тұлғасының үдемелі даралануы
жүзеге асады.
Тұлға онтогенезімен айналысатын психологтардың барлығы дерлік ие
мен-жүйесімен, не жүйе-мен, не болмаса жай ғана мен аталымымен
белгіленетін ядроның пайда болатынын мойындайды. Әдетте осы жағдайды
тұлғаның тууы деп атайды.
Л.С. Выготскийдің теориялық пікірін жалғастыра отырып, Л.И. Божович
адамның тұлғасын салыстырмалы тұрақты психологиялық жүйе, тек
өзінің даму логикасы бар, жоғары интеграциялық деңгейдегі жүйе деп
қарастырды. Осындай дамудың негізгі сипаты - өзін тікелей әсер ететін
жағдайлардан тәуелсіз (тіптен оларға қарсы қойып та), өзінің саналы түрде
қойылған мақсаттарын басшылыққа ала отырып ұстай алуы болып табылады.
Адамның реактивті емес, керісінше белсенді мінезі оның өз-өзінің және
қалыптасқан жағдайдың қожасы екенін білдіреді.
Тұлғаның жетілуіне тән осындай мінез-құлықтың мотивациялық
механизмі, адамның алдына қойған мақсаттарының, осындай мақсаттарға
тікелей түрткі болатын күшті хабарлайтын, оның жоғарғы сезімдерімен
байланысы болып табылады. Осындай сезімдердің әлсіздігі немесе жоқтығы
адамды ерікті түрде өзін-өзі көндіруге мәжбүрлейді. Тұлға
онтогенезіндегі эмоционалдық дамудың маңыздылығы, үнемі іштей
кикілжіңге ұшырап отыратын адам ынжықтығымен, мінез-құлқының
тұрақсыздығымен, саналы түрде қойған мақсаттарына жетуге
қабілетсіздігімен ерекшеленетінін, яғни психологиялық тұрғыда жетілген
тұлғаны сипаттайтын негіз қалаушы бітістердің жоқтығымен түсіндіріледі.
Тұлға жайлы гуманистік теориялардың жақтастарын ең алдымен
адамның өзінің өміріндегі шынайы оқиғаларды қалайша қабылдайтыны,
түсінетіні және түсіндіретіні қызықтырады. Олар тұлғаның түсіндірмесін
іздегеннен гөрі, оның феноменологиясын сипаттағанды қалайды, сондықтан
осындай теорияларды кейде феноменологиялық деп атайды [2]. Тұлғаның және
оның өміріндегі оқиғалардың сипаттамасы негізінен өткен немесе болашақтың
емес, осы шақтағы өмірдің тәжірибесіне шоғырланған, олар өмірдің
мәні, құндылықтар, өмірлік мақсаттар және т.б. терминдермен
түсіндіріледі.
Э.Фромм тұлға теориясын адамның табиғаты жайлы ұғымнан шығарады.
Жануарлар табиғаты бұл – физикалық тұрғыда тіршілік етудің мақсаттарына
қызмет ететін биохимиялық және физиологиялық негіздер мен механизмдер.
Адамның табиғаты, бұл – адамдардың тарихи эволюциясының өнімі болып
табылатын адамның қасиеттері мен әрекеттері. Фромм тұлғалық өлшемдердің
көбісін табиғаттың бір бөлігі болып табылатын, әрі одан жырақ тұрған
адамның базалық екі жақтылығынан шығарады. Адам табиғатының екі
жақтылығы оның бойында екі түрлі қажеттіліктермен көрініс береді.
Шығармашылық (креативтік) Мен ұғымы Адлердің тұлға теориясындағы
маңызды үлесі болып табылады. Менді бейсаналылықтың туындысы Ол-дың
агенті деп есептеген Фрейдке қарама-қарсы Адлер Меннің біріншілігін
көрсетеді. Адлердің Мен-і - тұлғаның бірегей өмір салтын жүзеге
асыруда көмектесетін, тәжірибені іздестіретін, ағзаның тәжірибесін
интерпретациялаушы және ойластырушы, жоғары персонализацияланған
субъективті жүйе. Мен жайлы түсінік тұлғаға қатысты соңғы еңбектерде
негізгі рөлді ойнады. А.Адлердің осындай жаңа бетбұрысқа қосқан үлесі –
Менді мінез-құлықтың маңызды себебі ретінде қарастыруы - зор болып
саналады.
Юнг бойынша тұлға өте күрделі құрылым. Оның күрделілігі оның
көптеген компоненттерді қамтуында ғана емес, олардың арасындағы
қатынастардың біраз шатасуында, ешбір теоретик тұлғаның құрылымын
осыншама күрделі сипаттаған емес. Тұлға (жан, психика, психологиялық
тұлға) дифференциалданған, бірақ өзара байланысқан бірнеше жүйеден
тұрады. Олардың ішіндегі едәуір маңыздылары: Эго, дара бейсаналылық
және оның кешендері, ұжымдық бейсаналылық және оның архетиптері,
персона, анима және анимус, көлеңке. Осындай өзара байланысқан
жүйелерден басқа бағдарлар да бар, олар – интроверсия және экстраверсия
және қызметтер – ойлау, сезім, түйсік және интуиция. Ең соңында
тұлғаның өзіндік орталығы да бар.
Эго тұлғаның орталық бөлімі болып табылады. Бұл қабылдаудың
саналы бейнелерін, естеліктерді, ойлар мен сезімдерді қамтитын сана
орталығы. Эго бұл пара-парлық пен үздіксіздік сезімі. Эгоның арқасында
біз өзіміздің тұтастығымызды, тұрақтылығымызды сезінеміз және өзімізді
адам ретінде қабылдаймыз. Эго сана-сезімнің негізі болып табылады. Оның
негізінде адамдар өздерінің саналы іс-әрекеттерінің нәтижелерін көруге
қабілетті болады.
Даму тұжырымдамасы Юнгтың тұлға теориясының маңызды үзбесі болып
табылады. Юнгтың ойынша адамдар үнемі жетіліп отырады. Тұлғаның дамуы
бұл динамикалық үрдіс, бүкіл өмір бойындағы эволюция. Сонымен бірге
ақырғы мақсат өзін-өзі жетілдіру ретінде белгіленеді. Юнгтың тұлға
жайлы түсініктері осындай. Қазіргі заманда олар күрделі тексеруге
жеткілікті мүмкіндіктері жоқ ғылыми болжамдар дәрежесіне ие.
Қатынасу қажеттілігі бұл адамның тұлғааралық қатынастарды
қалыптастырудағы негізгі қажеттілік. Сондай-ақ үйірсектікке деген
қажеттілік деп те аталады. Адамның алғашқы табиғатпен бірлігінің ажырауы
оның бастауы болып табылады. Адам жануарлардағы инстинктивті
байланыстардың орнына, өнімді махаббатқа негізделгендері едәуір
қанағаттанарлық болатын, басқа қатынастарды қалыптастыруға мәжбүр. Өнімді
махаббат әрқашан өзара қамқорлықты, жауапкершілікті, сыйластық пен
түсіністікті болжайды.
Адамның қажеттіліктері жайлы мәселенің, оларды қанағаттандырудың
жағдайлары мен тәсілдеріне әкелетіні сөзсіз. Фромм, сол
қажеттіліктердің айрықша көріністері мен адамның ішкі әлеуетін жүзеге
асырудың тәсілдері адамдар өмірінің әлеуметтік жағдайымен себептеледі,
деп есептейді. Адамның тұлғасы нақты қоғам ұсынатын мүмкіндіктерге
бейімделеді [3, 4]. Мәселен, капиталистік қоғамда адам байып қана пара-
пар болу сезіміне ие бола алады. Сондай-ақ, ол бақуатты компанияның
тәуелді де, сенімге ие қызметкеріне айналып тамырлану сезімін дамыта
алады. Адамның қоғамға икемделуі әдетте ішкі қажеттіліктер мен сыртқы
талаптардың арасындағы келісімді білдіріп, қоғамның талаптарына сай
келетін әлеуметтік сипатқа (мінезге) ие болады.
Әлеуметтік мінез бұл – адамдарды бір-бірінен ерекшелендіретін
жеке-дара мінезге қарағанда нақ сол мәдениет өкілінің көбісіне тән
мінез құрылымының өзегі. Қарапайымдап айтқанда, бұл қоғамға тән мінез.
Әлеуметтік мінезді, даралық мінез іспеттес, қуатты нақты арнаға
бағыттайтын болатын айрықша тәсіл ретінде анықтауға болады. Әлеуметтік
мінез, бұл, бір уақытта қоғамның қызмет етуінің негізгі элементі, әрі
қоғамның экономикалық құрылымы мен ондағы басым идеялардың арасындағы
жалғастырушы бөлік. Әлеуметтік мінез теориясы мінез-құлықтың
негізіндегі, бірақ оған пара-пар келмейтін ұмтылыстардың жүйесін
білдіретін Фрейдтің мінездің динамикалық тұжырымдамасына негізделеді.
Бұл тұжырымдама мінез-құлықтық емес, мотивациялық, өйткені, біз мінез-
құлық ерекшеліктерінің бейсаналық мотивациясын зерттей отырып, мінез-
құлықтың бір ғана бітісінің мінездің көп және мүлдем әртекті
бітістеріне сәйкес келетінін анықтаймыз.
Мінездің жинақтаушы түрі қоршаған әлемнен жаңа бір нәрсені алуға
болатынына аса сене қоймайтынымен ерекшелінеді. Ол өзін қорғаныс болар
қабырғамен қоршап алғандай. Оның қауіпсіздігі жинақтау мен сақтауға
негізделген, ал жұмсау қорқыныш ретінде көрінеді. Бұл мінездің
жағымды қыры ұқыптылық, сақтық, шыдамдылық, салқындылық, жүйелілікте
көрінеді.
Роджерс өзінің теориясын жасауда әрбір адамның тұлғалық өзіндік
жетілуге деген ұмтылысы мен қабілетіне ие екенін ұстанады. Ол санасы бар
ағза бола тұрып, өзі үшін өмірдің мәнін, оның мақсаттары мен
құндылықтарын анықтайды, жоғары эксперт және сот болып табылады.
Роджерстің теориясында адамның өзін сипаттап дербес дамуының
жетістіктерін белгілейтін ұғымдарды, идеяларды, мақсаттар мен
құндылықтарды қамтитын Мен ұғымы орталық ұғымға айналды.
Жеке-дара өмірлік тәжірибенің нәтижесінде қалыптасатын Мен
бейнесі өз кезегінде сол адамның әлемді, басқа адамдарды, оның өз
мінез-құлқына беретін бағаны қабылдауына ықпал етеді. Мен –
тұжырымдамасы жағымды, екіұшты, жағымсыз болуы мүмкін. Әрі ол ақиқатты
бұрыс бейнелеуі де мүмкін [5]. Адамның Мен – тұжырымдамасымен
үйлеспейтін нәрсе шынайы болса да оның санасынан ығыстырылуы мүмкін.
Адамның өміріне қанағаттануының дәрежесі, бақытының өлшемі, оның
тәжірибесінің шынайы – Мен және идеалды - Менінің өзара қалай
үйлесетініне байланысты.
Тұлғаның гуманистік теориялары бойынша адамның негізгі
қажеттілігі өзіндік кемелдену болып табылады. А.Маслоу бірінші болып
шығармашылық барлық адамдарда дүниеге келген мезетінен бастап
кездесетін, адамның едәуір лайықты сипаттамасы деп көрсетті.
Шығармашылық – адамның өзін-өзі танытуының барлық формаларына
бағыттайтын әмбебап қызметі. Өзіндік кемелденудің басым рөлінің
мойындалуы, көзқарастарындағы айырмашылықтарына қарамастан, тұлға
психологиясын зерттеудегі осы теориялық бағыттың барлық өкілдерін
жақындастырады. Өзіндік кемелденген тұлғаның психологиялық
сипаттамаларына төмендегідей жағдайлар жатады:
1) ақиқатты белсенді қабылдау және онда жақсы бағдарлану қабілеті;
2) өзін және басқа адамдарды бар қалпында мойындау;
3) сананың адамның өзіне ғана тән сезімдер мен күйзелістерге
шоғырлануымен тек ішкі әлемге бағдарлануға қарама-қарсы, сырттағы
құбылыстарға назар аудару;
4) барлығымен болмаса да айналасындағы адамдармен едәуір жағымды
жеке – дара өзара қатынастарды қалыптастыру;
5) өмірді объективті бағалау;
Өз теориясының негізгі мәселесі - өзіндік кемелдену не деген сұраққа
Маслоу: Өзіндік кемелденетін адамдар түгелі дерлік қандай да бір іспен
шұғылданады... Олар сол іске сенеді, олар үшін сол іс – аса құнды – ол
өмірлік ісі болып табылады - дейді. Мұндай адамдар жоғары
құндылықтарды жүзеге асыруға ұмтылады, әдетте сол құндылықтар (оның
ішінде – жақсылық, шынайылық, әділдік, мінсіздік және т.б.) ондай
адамдар үшін өмірдегі маңызды қажеттіліктер болып саналады. Өзіндік
кемелденетін адамдар кездескен қиындықтарды жеңе отырып, әрқашанда да
алға ұмтылысты таңдайды [6].
Өзіндік кемелдену, сонымен қатар, өз күшіне сену, өзіндік,
тәуелсіз пікірінің болуын да болжамдайды. Бұл үнемі даму мен өз
мүмкіндіктерін жүзеге асыру процесі. Бұл өзі туралы жалған
түсініктерден арылу болып табылады. Өз ұстанымдары, әсіресе өмірдің
мәнін ұғынуы (жоғарғы мақсаттар, құндылықтарға ұмтылу) бойынша, барлық
шетелдік тұжырымдамалардың ішінен гуманистік психология біздің
психологтардың көзқарастарына ең жақыны деуге болады [7].
Тұлғаны зерттеудегі кеңестік кезеңдегі ең белгілілері,
Л.С.Выготский мектебі өкілдерінің теориялық еңбектері болып табылады.
Атап айтқанда, тұлға проблемасын шешуге елеулі үлес қосқандар
А.Н.Леонтьев, Л.И.Божович.
Л.И.Божовичтің теориясын, жоғарыда келтірілген жүйеге сәйкес,
тұлғаның ерте балалық шақтан жастық шаққа дейінгі кезеңін қамтитын және
де тұлғаны сипаттауда, оның ішкі қасиеттері мен ерекшеліктерін есептейтін
ұғымдарды пайдаланатын психодинамикалық, экспериментті тұрғыға
жатқызуға болады.
Л.С.Выготский енгізген жетекші іс-әрекет пен дамудың әлеуметтік
жағдайы ұғымдарына сүйене отырып, Л.И.Божович, іс-әрекеттің өзара
қатынасында және баланың әр жас кезеңдеріндегі тұлғааралық қарым-
қатынасының күрделі динамикасында, ішкі ұстаным деп аталған әлемге деген
нақты көзқарастың қалыптасатынын көрсетті. Дәл осы ұстаным, тұлғаның
жетекші іс-әрекет мотивтерінің жиынтығы ретінде түсінілетін дамуының
алғы шарты, негізгі сипаттамаларының бірі.
А.Н.Леонтьев, орталық орынды іс-әрекет ұғымы иеленетін, тұлғаның
құрылымы мен дамуының өз тұжырымдамасын ұсынды. Келтірілген жүйеге
сәйкес, А.Н.Леонтьевтің теориясын психодинамикалық, экспериментті,
құрылымды – динамикалық деп бағалауға болады, ол адамның бүкіл өмірін
қамтиды және тұлғаны психологиялық (мотивтер) және мінез-құлықтық (іс-
әрекет) терминдерінде сипаттайды.
Тұлғаның дамуы дегеніміз – жалпы алғанда биологиялық процестердің
(жетілу) мен ең оның бастысы оқу болып табылатын әлеуметтік өзара
әрекеттесулердің нәтижесіндегі тұлғаның даралық қасиеттерінің
мазмұны мен құрылымын қамтитын қайта қалыптасу болып табылады. Оқу
барысында адам тәжірибе жинақтай отырып, мәдениетті игеріп танымдық,
эмоционалдық, ерік-жігер, мотивациялық және даралық жоғары деңгейге
көтеріліп, өзінің психикалық қабілеттерін жаттықтырады. Осындай
өзгерістердің бағдары, өз кезегінде елеулі өзгерістерге ұшырайтын адамның
әлеуметтік және заттық ортадағы қатынасына байланысты болады.
Психологияны адамды дене және рухани жағынан өзгерістерге ұшырататын
процестер қызықтырады.
Тұлға филогенезі - адамның тарихи эволюция процесінде психиканың
дамуы мен түрлі тарихи кезеңдер мен түрлі қоғамдағы жеке тұлғаның
пайда болуы және дара тұлғалардың саралануынан байқалатын адамдардың
қоғамдық өмірінің өзгерістері деп түсіну қажет.
Тұлға филогенезі туралы сұрақтың басқа санаттағы жауаптары туралы
келесі пікір бойынша қорытынды жасауға болады: ...Өркениет біздің
үйімізді жақсарта отырып, онда тұратын адамдарды жақсартпады. Ол
сарайларды жасады, алайда бекзадалар мен королдерді жасау оңайға түспеді.
Осындай дүниетаным тұрақты адамның психологиясы барлық тарихи дәуірде
бірдей екені туралы көзқарастар жиі кездеседі. Біздің заманымыздың өзінде
кейбір әлеуметтанушылар адам әлеуметтік жүйенің ең кертартпа, иілуге
келмейтін элементі деп біледі.
Тұлға филогенезінің кейбір жақтарының нақты тәжірибелік маңызы
бар және сондықтан да олар ғылымның, экономиканың, саясат пен өнердің
қызығушылығын тудырады. Мұндай қызығушылық қоғамдағы даралық
өзгерістерді қадағалап отыру мен жаңа психологиялық типтегі адамның
пайда болу сәтін жіберіп алмауды білдіреді [8].
Тұлға филогенезінің екі жағы бар: қоғамның тұлғалық дамуы мен
адамның даралық дамуы. Адамның даралық дамуы үшін жеке тұлғаның өмірі
мен өсуінің әлеуметтік ортасы болып табылатын қоғамның ерекше –
тұлғалық - даму саласымен байланысты белгілі әлеуметтік жағдайлар керек.
Өз кезегінде қоғам адамнан өзінің құндылықтары мен құрылымдарын
қолдауды талап етеді. Осындай өзара әрекет барысында мазмұны мәдениет
матрицасымен: нақты ережелермен және мінез-құлық үлгілерімен және жалпы:
экономикалық, саяси, эстетикалық, діни және тағы басқа құндылықтармен
берілетін әлеуметтену үрдісі орын алады. Мәдениет нормалары мен
құндылықтары жеке тұлғаның құрылымына енеді және тұлғалық қалыптасуда
белгілі рөл атқара бастайды.
Тұлғаның рухани-адамгершіліктік қалыптасуының мәселесі, уақыттың
рухани жағдайының қалыптасуында, бірыңғай мағынаның болмауымен, рухани
азғындау мен рухани вакуумның орын алуымен, түрлі мәдениеттердің,
әлеуметтік және экономикалық жүйелердің жаһандануымен, жиынтықталуымен
сипатталады. Сондай-ақ, тұлғаның рухани - адамгершілік тұрғыда
қалыптасуы, жас тәуелсіз Қазақстан Республикасының дамуында ерекше
маңызға ие болуда [9]. Жаңа әлеуметтік мәдени ақиқаттар, нарықтық
экономика тұлғаны көтермелеп, экономикалық және әлеуметтік саяси іс-
әрекетке адами сипатты табыс ететін рухани қайнарларға, адами нормалар
мен реттегіштерді ұстануда құндылықтар жүйелерін қайта ойластыру
қажеттілігін тудырады.

Тренинг – іс-әрекеттің бір немесе бірнеше түрлерін тиімді орындау
мақсатында, оқытудың көмегімен жеке тұлғаның білімдері мен нұсқауларын
өзгерту немесе дамыту бойынша жоспарланған және жүйеленген іс-шаралар
жиынтығы. Тренинг әдетте нақты іс-әрекетті орындауда қажетті мінез-құлық
дағдыларын, іскерліктерін ұйымдастырып, игеруді болжайды. Тренинг нысанасы
ретінде әдетте адам емес, іс-әрекеттің қандай да бір нақты түрі алынады.
Тренинг мақсаты – адамды нақты міндеттерді шешуге қажетті
білімдермен, іскерліліктермен және дағдылармен қамтамасыз етуге
бағытталады. Тренинг өз мақсатымен қатар, міндеттерінен, құрылымдық мазмұны
мен нәтижелерді бағалау әдістерінен тұрады.
Белсенді оқыту негізіне бағытталған жеке оқыту стильдері, белсенді
тыңдау дағдылары, сұрақ қою және кері байланыс орнату сияқты принциптер
тренингте әдеттегі оқыту үрдісіндегіндей қолданылады. Дұрыс жоспарланған
және тиімді ұйымдастырылған оқыту бағдарламасы жеке адамға да, тұтас ұйымға
да өз пайдасын тигізе алады. Қатысушылар тренингтен өзіне біршама пайдалы
ақпарат ала алады. Нәтижесінде адам өз қызметінен сыртқы және ішкі
қанағаттануға ие болады. Ішкі қанағаттану адамның бойында өз ісін дұрыс
орындауы және де іскерліктер деңгейін кеңейту барысында жүзеге асады. Ал,
сыртқы қанағаттанудың көзі өз міндеттерін сапалы орындау және қызметінің
өсуі, беделінің өсуі сияқты қосымша жетістіктер болып табылады.
Тренинг жетекшісінің стиліне, бағытына және жүргізілетін оқытудың
алғышарттарына байланысты түрлі нұсқаларын болжайды.
Жетекші термині,
топта біреудің басты болуын және оның басқаларға ықпал ету билігін жүргізе
алатынын білдіреді [10]. Тренинг топтарының жетекшісі өзіндік этикалық
мәселелерге сүйене отырып, әрекет етуі қажет. Жұмыс принципін таңдауды
жетекші жүзеге асырады және топта болып жатқанның барлығына жауапкершілік
тек соның мойнына жүктеледі. Мұндай жауапкершілікті ала отырып, тек
интуицияға ғана сенуге болмайды. Топпен жұмыс тәжірибесінде әдептілік
аспектілері жетекшінің даярлық сипатымен және жұмыс тәжірибесімен
анықталады. Жетекшіге қойылатын талаптар екі бағытқа жіктеледі:
1. Оқыту және дайындық;
2. Топішілік этика.
Маманданған жетекшілерді даярлау әдетте төрт кезеңнен тұрады:
1. Теориялық және практикалық даярлық алу;
2. Топпен жұмыс жүргізуде бақылау тәжірибесінен өту;
3. Кәсіби топ жетекшілерінің жұмысын бақылау;
4. Топ мүшесі болудың жеке тәжірибесін жинау.
Психокоррекциялық топтармен жұмыс жүргізуге дайындық қана емес,
сонымен қатар оларда орындалатын жұмыс әрекеттері де өзіндік этикалық
аспектілерге сүйенеді. Неғұрлым ортақ этикалық мәселелерге мыналар жатады:
- Қатысушылардың сапалы келісімі;
- Таңдау дербестігі;
- Психикалық және дене жарақаттарынан қорғаныста болу.
Ең маңыздысы, топ қатысушыларының алуға мүмкіндігі бар тәжірибенің
мәні мен маңызын түсіне білуі. Бұл дегеніміз, тренинг топтарының жетекшісі
топпен жұмыстың мақсаттары, әдістері, құндылығы, ұзақтылығы және
принциптері жайлы неғұрлым көп ақпарат ұсынуға міндетті екенін білдіреді.
Екіншіден, топпен сабақ жүргізу ұзақтығында таңдау дербестігін сақтауды
қарастырады. Топтың әрбір мүшесі кез-келген уақытта топта не болып
жатқанына қарамастан, қатысудан бас тартуға хақысы бар. Үшінші басты
этикалық талап – бұл психикалық және дене жарақаттарын болдырмау мақсатында
сақтанудың шараларын қолдану болып табылады.
Сонымен, жетекшінің жауапкершілігі тек топішілік қарым-қатынаспен
ғана шектеліп қоймайды. Жетекші, топ мүшелерінің топқа қатысуы олардың
сырттағы өміріне қаншалықты ықпал еткенін тексеріп отыруы қажет. Сонымен
қатар жетекші, топпен жұмыс аяқталғанның өзінде де, бұрынғы топ
қатысушыларына кеңес алу қажеттілігі туындағанда көмек беруге даяр болуы
қажет [11]. Топ мүшесінің топпен жүргізілетін жұмыстарға қатысуды тоқтату
себептері қандай болмаса да, жетекші сол қатысушыға топ мүшесі ретінде
енуі қаншалықты ықпал еткенін тексеріп отыру үшін назарынан шығармауы
қажет.
Қазіргі таңда тренинг топтарының жетекшісіне қажетті дағдылар
төмендегідей сипатталады:
Біріншіден, ең маңыздысы – білімге құмарлық, дамуға ынталану,
өзгерістер енгізуге ұмтылу.
Екіншіден, жетекшінің өзін-өзі ұстай білу әдебі, әлемдік көзқарастар
деңгейіне көтерілу, ішкі сенімділік, адамдарға өзіндік шешім қабылдауына
және қорытынды жасауына көмек бере білу.
Үшіншіден, уақытты сезіне білу, іскерліктің өзіне тән
қажеттіліктеріне бірыңғай икемделе білу қабілеті.
Тренинг топтарының дамуына 30 жылдары әлеуметтік психологияның
көрнекті өкілі ретінде танымал болған Курт Левиннің зерттеулері бастау
болды. К. Левинге социолог Геогр Зиммельдің теориялары түрткі болған еді.
Өз еңбектерінде Зиммель (1950ж) қоғамды – индивидтерді бір тұтас ұжымға
біріктіретін өзара қызметтік қарым-қатынас жүйесі ретінде қарастырды. Оның
тұжырымдауынша, барлық адамдар қоғам мүшесі болып табылатындықтан топтарға
бірігеді және де топ жетекшілері мен мүшелері әрдайым бір-біріне ықпал етіп
отырады. Левин Зиммельдің бұл динамикалық тұжырымдарының айқындылығын
психологиялық зерттеулерді лабораториялық жағдайдан, шынайы әлеуметтік
ортаға өзгерте бастаған кезінде мойындайды. Оның ойынша, жеке тұлға өзінің
қате пікірлерін тек топ құрамында болғанда ғана тиімді өзгерте алады. Және
де адам өзін басқалардың көзімен көре алса, өзінің қате пікірлерін анықтап,
түзетіп, жаңа мінез-құлық формаларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Алғашқы тренинг тобы кездейсоқ пайда болған. 1946 жылы Леланд Бредферд,
Рональд Липитт және Курт Левиннің жетекшілігімен өткен семинарда бірнеше
социологтар қатысады (Топаралық қарым-қатынас мәселелеріне арналған). Бұл
семинар қоғамдық мекемелердің жетекшілерін іскерлерге әділ салық салу заңын
қолдануда көмек көрсету мақсатында жүргізіледі.
Оны жүргізуге атсалысқан мамандар бір сабақ өткеннен кейін өз
көзқарастарымен бөлісу үшін жиналады. Бұл кездесуге семинарға қатысқан
бірнеше адамдар да рұқсат алады. Нәтижесінде мамандар мен қатысушылардың
пікірлері әрдайым сәйкес келе бермейтіндігі анықталады. Мұндай кездесулер
қызықты әрі барлығына пайдалы бола бастағандықтан, өз жалғасын тапты да,
бірте-бірте оқытудың тиімді әдісіне айналды. Бұл оқыту тобының мүшелерінің
кері байланысты қолдану арқылы өз пікірлерін талдай алатын алғашқы
жағдайлардың бірі болып табылады.
Топтық заңдылықты зерттеудегі жаңа әдістің сәттілігі Бетел қаласында
(Мэн штаты) Ұлттық Тренинг Зертханасының (ҰТЗ) құрылуына себепкер болды.
Бетел қаласында басты дағдылар тренинг топтарының алғашқылары құрылған еді.
Бұл топтың екі мақсаты болды: шағын топтардағы өзгерістерін жүзеге асыру
бағдарламасын жасау және осы топтардағы тұлғааралық қатынастарды зерттеу.
Әр уақыт кезеңінде тренинг топтары әр түрлі міндеттерді шешуге
қолданылады. Мысалға: тұлғааралық мінез-құлық жайлы топ мүшелерінің білім
алуы, топтық динамика теорияларының сұрақтарын анықтау, шынайы мекемелерде
қатысушылардың кездескен мәселелерін талқылау, жетекшіліктің дағдыларын
дамытуда және осы дағдыларды шынайы жағдайларда қолдануда көмек көрсету.
Мінез- құлықтың тұлғааралық аспектілеріне бағытталған тренинг топтары көп
тарады.
Лабораториялық тренинг термині тәжірибе негізіндегі оқыту
әдістеріне жатады, ал тренинг топтарында қолданылатын әдіс – осылардың бірі
болып табылады. Жеке тұлға теориясы мен клиникалық психологияның дамуы
жеке тұлғаның жан-жақты дамуына бағытталған тренинг топтарының пайда
болуына ықпал етті. Мұндай топтарды кейде сензетивтіліктоптар деп
атайды.(sensitivity – сезімталдық,сезгіштік). Бұл термин ұлттық тренинг
зертханасы тренинг зертханасының психологтарының клиникасында топтарға
қатысты 1954 жылы қолданыла бастады.
Тренинг топтарында көптеген терапевтік топтарға қарағанда,өзара
әрекет мазмұны өзара әрекет процесін түсіну құралы болып табылады. Топтық
процесс пен даму заңдылығын зерттеу тұлғааралық қатынастар мен табиғи
жағдайдағы топ мүшелерінің мінез-құлық стильдері жайлы ақпарат береді [12].
Тұлғааралық дағдылар мен әлеуметтік-психологиялық жете білушіліктің дамуы
индивидтердің өз-өзін қабылдауға түрткі болатын топтық процестерді түсінуді
болжайды.
Шейн мен Беннистің айтуынша (1965 ж) лабораториялық тренинг мақсаты
топтан топқа ауысқанда өзгеріске ұшырауы мүмкін, бірақ әдетте олар келесі
басты бағыттарға сәйкес келеді:
1. Психологиялық қорғаныс шекаралары мен жекелік деңгейдегі
жалғандықты жою есебінде өзіндік танымның дамуы;
2. Топтық қызмет етуін қиындататын немесе жеңілдететін шарттарды
түсіне білу (топ көлемі және оның құрамы)
3. Тұлғааралық өзара әрекет деңгейінде орындалатын іс-әрекеттердің
ерекшеліктерін танып білу;
4. Жеке, топтық және ұйымдастырушылық мәселелерін анықтау мен шешу
іскерлігін дамыту.
Тәжірібиде топтың оқыту мақсаты оның бағытымен анықталады. Мақсатты
таңдау мәнді дәрежеде топ мүшелерінің өздеріне байланысты. Топ мүддесі –
жеке қатысушылар,олардың арасындағы өзара қарым-қатынасқа, жеке
тұлғалардың, тұтас топтың ұйымдастыру қызметтеріне, топтар арасындағы
қарым-қатынас, сонымен қатар оп мүшелері өкілетті мекемелердің мәселелеріне
де байланысты болуы мүмкін. Топ қатысушыларының жеке мүдделеріне
бағытталған болса, мақсаты ретінде өзіндік сананың дамуы, тәртіптерді
өзгерту, әлеуметтік жетілу деңгейін арттыру болып табылады.
Тренинг тобы тәжірибеде негізінде барлық оқыту үрдісінің негізі болып
табылады, ал кей жағдайларда – оқытудың бірден-бір құралы бола алады. Оқыту
бірлестігі әрқайсысында он-он бес адамнан тұратын екі немесе үш тренинг
топтарынан құралады. Тренер немесе фасилитатор(facilitator – жеңілдету,
көмек көрсету) деп аталатын тренинг тобының жетекшісі алғашқы сабақты
келесі сөздермен бастай алады:
Бұл топтағы әрбір кездесу бірнеше сағаттарға созылады. Топ қандай да
бір зертхана ретінде қызмет атқарады, онда сіздер жекелік мінез-құлықтарға
және топтар мен ұжымдардың қызмет етуіне ықпал ететін процестердің мәнін
жақсы түсіне аласыздар. Оқыту біздің өз мінез-құлқымыз, сезімдеріміз және
реакцияларымыздың негізінде жүзеге асад. Біз топтың ұйымдасуы мен құрылымы
жайлы нақты түсінік алмастан, сабақтарды бастаймыз және қандай да бір күн
тізбесі немесе іс-шаралар туралы келіспейміз. Топтың даму жолында ол туралы
нені тани білетініміз тек өзімізге байланысты болады [13]. Ал менің бұл
жердегі міндетім қандай да бір нақты ұйымдастыру тәсілдерін ұсыну
емес,сіздердің өз тәжірибелеріңіздің негізінде үйрене білуге көмек көрсету
болып табылады. Мен жұмыс істеу мазмұны мен әдістерін анықтаймын. Енді
менің ойымша, біз сіздердің талғамдарыңызға сәйкес неғұрлым тиімді болатын
жолды таңдай аламыз .
Осыдан кейінгі топ алдындағы міндет – шектеулі уақыт аралығында
әлеуметтік құрылымды жасап шығару және оның дамуына ықпал ету. Топтың нақты
құрылымы мен күн тізбегінің болмауы алдын-ала ойластырылған, өйткені топ
мүшелері тек өздеріне ғана сенуі және өз мүмкіндіктерін жетілдіруі қажет.
Тренинг топтары топтық процестер жайлы білім алуға бағытталған,ал
сензитивтілік даму топтары – тұлғааралық қатынастар мен жеке тұлғаларды
зерттеуге бағытталған.
Тренинг зертханасындағы басты назар мәселені шешудің жаңа,
әдеттегіден ерекше жолын табу,яғни қалай үйренуді оқыту процесіне
бағытталған. Уоррен Беннис лабораториялық тренингті тұтастай бейнелейтін
тренинг топтарының төрт мақсатын ұсынды.
Біріншіден, оның мақсаты жеке мүшелерінің жағдайды сезіне білу
қабілетін арттыру болып табылады. Топта жұмыс атқару шынайы өмір
мәселелерін шешерде таңдау мүмкіндіктерін терең сезіну ықпал етеді.
Екіншіден, тренинг топтары зерттеу рухын жандандырады.
Үшіншіден, тренинг топтарында өзара тұлғааралық әрекеттерде ашықтық
пен шыншылдық қажеттілігі ескеріледі.
Қалай үйренуді оқыту процесіне келесі циклдік кезеңдер тән:
- өзін-өзі айқындау
- кері байланыс
- зерттеу
Өзін-өзі айқындау.Топ мүшелерінің топта болып жатқанды қабылдауы,
олардың әрекетінен байқалады. Мұны өзін-өзі айқындау деп атайды.Бұл
әрекетті жүзеге асыру тәсілдерінің бірі ретінде тренинг топтарында Джогари
терезелері үлгісі қолданылады. Бұл үлгіге сәйкес адамның өзі жайлы
түсінігі төрт аймақтан тұрады:
1) алаң аймағы
2) фасад аймағы (жасырын аймақ)
3) соқыр дақ аймағы
4) белгісіз аймақ.
Алаң аймағы жеке тұлғаның өзі және қоршаған орта таныған жалпы
түсініктерге сәйкес келеді. Ал өзі жайлы тек өзіне мәлім, бірақ басқалардың
білмейтіні фасад аймағында орын алады, бұл жасырын аймақта оның
құпиялары, әртүрлі қорқыныштары, мазалаулары т.б. орын алуы мүмкін. Соқыр
дақ аймағында жеке тұлға жайлы басқаларға мәлім, бірақ өзі әлі білмейтін
мәліметтер жинақталады. Ал жеке тұлғаның не өзіне, не басқаларға да таныс
емес мәліметтер белгісіз аймақта орналасады. Мысалға, бұл әлі ашыла
қоймаған қабілеттер, даму мүмкіндіктері болуы мүмкін. Джогари
терезелерінің көрсетуінше, ашық қарым-қатынасқа бағытталған жағдай топ пен
жеке тұлғаның ахуалын арттырады,мәселелерді шешуге ықпал етеді.
Топта өзін-өзі аша білу дәрежесі – топтағы өзара сенім деңгейіне
байланысты. Топ дамуының алғашқы кезеңдерінде, психологиялық қауіпсіздік
атмосферасы орнағанша,топ мүшелеріне өзіндік Мен бейнесін қорғауға,
қақтығыстар мен сенімдердің айқын көрінуінен басқалардан қолдау іздеу,
басқаларға кеңес беру, олар үшін шешім қабылдаудан аулақ болу сияқты
қасиеттер тән болады [16]. Джибб топта өзара қолдау мен сенім ахуалын
орнатудың екі тәсілін ұсынады:
1) Бағалау тұжырымдамаларын таза бейнелікке алмастыру;
2) Өзара бақылаудан мәселелерді бірігіп шешуге қайта бағыттау.
Кері байланыс. Қалай үйренуді оқыту процесінің екінші элементі –
бұл кері байланыс. Кері байланыс – топ мүшелерінің бір-бірінің мінез-
құлқына өзінің реакциясын жариялауы, олардың өз мінез-құлқын өзгертуге
бағыттауы.
Тренинг топтарында кері байланыс орнату топтағы болып жатқан
әрекеттің мазмұнын қатысушылардың дұрыс түсіне білуіне мүмкіндік жасайды.
Кері байланыс өз мінез-құлқына басқалардың жауап беруін қажетсінетін
адамдармен жақсы қабылданады.
Үшінші басты элементі зерттеу болып табылады, яғни мінез-құлықтың
жаңа тәсілдері мен бағдарламаларын қолдану. Кері байланыс өз-өзімен үйрете
алмайды.Оқыту егер әрбір топ мүшесі өз мінез-құлқының орынды және тиімді
екендігі жайлы нақты, түзетуші кері байланыс алуға мүмкіндігі болса ғана
жүзеге асады. Оқытудың соңғы кезеңі – терілген дағдыларды топтан тыс
орталарда қолдану болып табылады.

Әрқандай іс-әрекетке байланысты адам қандай да қызметті орындауды
қажет және сол істің тиімді нәтижесін қамтамасыз етуге жәрдем беретін
сапаларға ие болуы тиіс. Мұндай дара психологиялық ерекшеліктері міндетті
түрде, бір жағынан, өзіндік психикалық табиғатына ие болудан, екіншіден -
әркім өз алдына, қайталанбас көрінісінен жеке адам деп аталады. Адам
болғанның барлығы тік жүру, сөйлеу мүмкіндіктеріне ие, бірақ бұлардың бірі
де шын қабілет тобына кірмейді, себебі, бірінші – психологиялық құбылыс
емес, екінші – баршада бірдей көрінетін әрекет. Қабілеттердің табысты іс-
әрекетпен байланыстылығын баса айтумен, тиімді нәтижеге негіз боларлық дара-
өзгермелі адам қасиеттерінің шеңберін тарылта қарастыру керек.
Қабілетсіздерге қарағанда, қабілетті адам іс-әрекетті тезірек меңгереді,
қажетті, мол нәтижеге оңай жетеді [17]. Қабілет өз ішіне әртүрлі
психофизикалық қызметтер мен психикалық процестерді ғана емес, сонымен
бірге жеке тұлғаның барша даму деңгейін қамтыған, әрі оларға тәуелді
күрделі бірігім. Адамның сыртқы білім, ептілік, дағды әрекеттерінде
көрінгенімен, қабілет табиғаты іс-әрекеттен бөлек. Мысалы, тұлға техникалық
және білім жағынан күшті бола тұрып, қызметке келгенде болымсыз, ал
кейбіреулері арнайы оқып, үйренбей-ақ күрделі қызметтерді атқарып, тиімді
нәтиже беруге шебер.
Нақты көрінетін білім, ептілік және дағдылар қатарында қабілет
адамның жүзеге асуы мүмкін қасиеттерінің бірі ретінде бағаланғаны жөн, яғни
қабілет жерге тастаған дәнмен бірдей: қолайлы жағдай болса өнеді, кері
жағдайда көрінбей-ақ жойылады. Осыдан, қабілет – білім, ептілік және
дағдыларды игерудің мүмкіндік көзі, ал оны іске асу, аспауы көп жәйттерге
тәуелді. Мысалы, балада керемет математикалық қабілет болуы ықтимал, бірақ
ол сол баланың ғұлама-математик боларының кепілі емес. Арнайы шарттар
(бағдарлы оқу, шығармашыл педагог, отбасы мүмкіндіктері т.б.) орындалмаса,
қабілет жатып, өшеді. Қоғам қолдамауынан қаншама даналардың болмай жатып,
құрдымға кеткенін кім санапты? Ал мектепте үштік бағаға ептеп ілесіп
жүрген Альберт Эйнштейн әлемге әйгілі ғалым-физик болыпты [18].
Білім, ептілік және дағдылардың игерілуімен олардың қабілетпен
тікелей байланысы көріне бастайды, яғни іс-әрекетті игеру барысында қатыса
отырып, қабілет одан әрі дамиды, іс-әрекетке жаңа мазмұн мен сипат береді.
Математиканы оқымаған адамның математикалық қабілеті ешқашан да жарыққа
шықпайды: оны тек сандарды танып, олармен есеп құрап, мәселе шешу
барысында ғана қалыптастыру мүмкін.
Сонымен, қабілет білім, ептілік және дағдылардың өздеріне көрінбей,
танып үйренуге орай нақты әрекетті игеру динамикасында (тез-шабан, оңай-
қиын) байқалады. Іс-әрекеттің нәтижесі, орындалу деңгейі мен
тәсілдерінің тиімділігі қабілетке тәуелді.
Қорытындылай келе, қабілет түсінігінің бүгінгі ғылым қабылдап
отырған үш негізгі көрсеткішін (Б.М.Теплов) атайық:
1. Қабілет – бір адамды екіншісінен ажырататын дара психологиялық
ерекшелік. Баршаға бірдей тән қасиеттері қабілет бола алмайды.
2. Қабілет - барша тұлғаға тән болған ортақ сапа емес, кей адамға
ғана дарыған қандай да бір не бірнеше іс-әрекетті табысты орындауға
жарайтын өзара ептілік.
3. Қабілет – нақты адамда топталған білім, ептілік және дағдылардан
оқшау, қажет әрекетті игеру желісінде ғана көрінеді.
Қабілет пен іс-әрекет арасындағы қатынасты сөз ете отырып, егер адам
іс-әрекетке байланысты талаптарды орындай алмаса, оның қабілетінің
жетімсіздігін атап өткен жөн. Мұндай тұлға қажетті білім қорын жинақтап,
ептіліктер мен дағдыларды қалыптастыруы үшін талай күш салып, ұзақ уақыт
жаттығуы тиіс, ал тәрбиеші-педагогтар оны оқытып, үйрету үшін үлкен
шеберлік пайдалануы лазым. Әйгілі режиссер В.Немирович-Данченко Кім болса
сол режисер бола ала ма? деген сұраққа Әлбетте, әркімде болады, бірақ
біреуге ол үшін 3 жыл оқып, тәрбиеленуі қажет, ал екіншіге – 30 жыл,
үшіншіге – 300 жыл да аз - деп жауап беріпті. Сонымен бірге, адам қабілеті
уақыт өтумен пайда болып, немесе қандай да қызметке орай қалыптасуы мүмкін.
Көрінген іс-әрекет жеке адам қабілетін дамыта алмайды. Адам
тіршілігінің жалпы құрылысына назар аудара отырып, қабілет дамуына
ықпалсыз, керісінше, көрінген қабілет нышандарын тежеп, олардың жойылуына
себепші іс-әрекеттер барын байқау қиын емес. Мысалы, егер ән-күй не
шығармашылық қабілеті бар адам ауыр, қарапайым дене жұмыстарымен
шұғылдануына тура келсе, әрине, кейінгі іс ондағы табиғи қаланған
қабілеттердің дамуына оң әсер етуі екіталай.
Жеке тұлғаға байланысты дамытушы іс-әрекет жайында әңгіме
қозғалғанда, алдымен маңызды болуынан төңірегіне адамның барша
мүмкіндіктерін жинақтай алатын іс-әрекет ескерілуі қажет. Сондықтан, нақты
әрекеттің дамытушылық қасиетін тану үшін, оны жеке адаммен байланыстыра
сипаттау керек. Бұл жағынан бүкіл адам өмірімен қабысқан кәсіби қызметтің
өзі де иесі үшін аса мәнді де маңызды болмауы мүмкін. Өндірістік
тапсырыстар мен қызметтік міндеттер адамның шығармашылық мүмкіндіктері мен
тұрмыстық бай тәжірибесінен толық және жан-жақты ашып бере алмайды [19].
Іс-әрекет адам қабілетін ұдайы дамыта бермейді, оның себебі – қабілет
пен іс-әрекет арасында белгілі сәйкестіктің болмауы. Бұл сәйкессіздіктің
мәні: әрқандай қабілет өзінде қалаған іс-әрекет мүмкіндіктерін қамтуынан
қай бір жағынан нақты орындалып жатқан іске қарғанда ауқымды да кең
мағыналы. Екінші жағынан, нақты іс-әрекет өзіне қатысты қабілеттен кеңірек
болып, басқа да қабілеттерді қажетсінуі мүмкін. Қалыпты адам өзінің дене
және ақыл қабілеттерінің он пайызын ғана пайдаланады. Қолданған және
онда пайдаланбай қалған мүмкіндіктер айырмашылығы – адамның кім болып
танылғанымен әлі де кім болатынының көрсеткіші (Коупленд П.).
Адам қабілеттерінің табиғаты осы күнге дейін ғалымдар арасында қызған
ой-пікір таласын тудырады [20]. Солардың ішінде өз басымдылығын
танытқан, тарихы Платоннан бермен қарай жалғасып келе жатқан қабілеттердің
биологиялық негізді екендігі және олардың нәсілдікке тәуелділігін
дәріптейтін көзқарас. Бұл бойынша, оқу мен тәрбие қабілеттердің пайда болу
қарқынын өзгертуі ғана мүмкін, олардың көрініс беруі бырыңғай емес. Мысалы,
Моцарттың музыкалық дарыны 3 жаста белгілі болған, Гайдн – 4, Дина
Нүрпейісованың күйшілік өнері 8 жасында байқалған. Сурет және сәулет
өнері қабілеттері кейіндеу білінеді: Рафаэл – 8 жаста, Ван-Дейк – 10 жаста,
Дюрер – 15 жаста өнермен айналыса бастаған.
Қабілеттердің нәсілдікке тәуелділігі туралы ғылыми зерттеулер әр
адамның қабілетін оның миының көлемі және салмағымен байланыстыра
түсіндіреді. Белгілі болғандай, ересек адамның ми салмағы орташа 1400 г.
Ұлы тұлғалардың, мысалы, И.С.Тургеневтің миы – 2012., Д.Байрон – 1800.,
аталған көрсеткіштен біршама жоғары болған. Мұндай дәлелдер біршама
баршылық. Бірақ қабілет пен ми байланысына орай басқаша, кері дәлелдерді де
келтіруге болады: Ю.Либихтың миі – 1362 г., А.Франстың – 1017 г. Ал ең
ғажайыбы, өте ауыр ми 3000 г. артық ақыл-есі кем адамда байқалған. Солайда
болса, кең қауым арасында миы көп - ақылды деген ұғым көбірек жайылған,
осыдан маңдайы биік, жазық маңдай адамды сыртынан данаға баламалап, одан
келелі ой-пікір күтеміз, ал екі елі, тар маңдайлы адамның қабілетін
күнілгері жоққа шығарып, одан ешбір негізсіз үмітімізді үземіз.
Қабілетіне байланысты нәсілдік идея Франц Галльдың Френология
(phrenos – ақыл, logos – білім) деп аталған психологиялық тағылымында
дәріптеледі. Френологтар адамның психикалық ерекшеліктерін оның бас
сүйегінің сыртқы формасымен ұштастыруға талпынды. Мұндағы тұжырым мәні: бас
миының қабығы белгілі қабілеттерге мекен болған (локализация) бірқанша
орталықтардан құралады. Осыдан, мидың тиісті бөлігінің ауқым-көлемінен онда
мекен алған қабілеттің даму деңгейі анықталатын көрінеді. Арнаулы
зерттеулер негізінде әрқайсысы белгілі дара қабілетке сай келетін бас
сүйегінің 27 учаскесі анықталып, картаға түсірілген. Осы картадан музыка,
поэзия, сурет өнеріне сай қабілет ісіктерін, менмендік, сараңдық,
батырлық қабілет дөңестерін т.б. айыруға болады. Дегенмен, кейінгі
дәуірде әдейі медициналық ашып көрумен тексергенде, бас сүйегі ми қабығының
формасын тіпті де қайталамайтын болып шықты. Сондықтан адамның ақыл және
адамгершілік қабілеттерін бас сүйегінің дөңестігі не сайларымен анықтау
ғылым тұрғысынан ерсі әрі негізсіз.
Өмір бақылаулары мен арнайы зерттеулер қабілеттің табиғи берілетінін
қалтқысыз дәлелдеп отыр. Қабілеттердің тума берілмейтінін мойындаумен
бірге психология белгілі іс-әрекетті табысты орындаудың шарты болатын ми
құрылымының тума ерекшеліктеріне шек келтірмейді. Қабілеттер дамуының
табиғи негізі болған мидың құрылымы, сезім мүшелері мен қозғалыстардың
анатомиялық-физиологиялық нәсілдік ерекшеліктері нышан деп аталады [21].
Шын мәнінде, адамдар арасындағы табиғи айырмашылықтар оларды қалыптасқан
дайын қабілеттерде емес, дәл осы нышандар көрінісінде. Нышандар қабілет
дамуының бастауы болғандықтан, адамның барынша жетіліп, кемелдену жолы осы
екі құбылыстың өзара ұштасып, байланысқа келуінен болады. Нышанның
арқасында дамығанымен, қабілет сол нышанның өзіндік қызметінен
туындамайды, ол нышаннан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz