Жеткіншек жаста мазасызданудың қалыпты жағдайда және ауытқуда көрініс беруі



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті

Психология және дефектология кафедрасы

Жеткіншек жаста мазасызданудың қалыпты жағдайда және ауытқуда көрініс
беруі

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСЫНА

Шымкент – 2009
МАЗМҰНЫ

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4

1 - бөлім. МАЗАСЫЗДАНУ МӘСЕЛЕСІНІҢ ТЕОРЕТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
1.1 Шетелдік және отандық психологиядағы мазасыздану
мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2 Мазасыздану ― жеткіншектің эмоционалды аумағының бұзылысы
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
1.3 Мазасызданудың дамудағы ауытқулар кезінде көрініс беруінің
себептері мен
механизмдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .18
1.4 Психикалық дамуы кешеуілдеген жеткіншектердің эмоционалды
аумағының
мінездемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 18
1.2 Сөйлеуінің қарқыны, ырғағы және жатықтығында бұзылысы бар
жеткіншектердің эмоционалды аумағының
мінездемесі ... ... ... ... ... ... 23
1.4 Жеткіншек жастағы мазасызданудың алдын алу мен түзетудің
әдістемелік
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 26

2 - бөлім. ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫ КЕШЕУІЛДЕГЕН, ТҰТЫҒАТЫН ЖӘНЕ ҚАЛЫПТЫ
ДАМЫҒАН ЖЕТКІНШЕКТЕРДІҢ МАЗАСЫЗДАНУЫНЫҢ КӨРІНІС БЕРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
2.1 Зерттеудің әдістері мен әдістемелері.
Зерттелінушілер құрамының
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
2.2 Зерттеу нәтижелерін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32
2.3 Тұтығатын балаларға арналған психологиялық-педагогикалық
ұсыныстар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..42

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .
ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...

Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі:
Қазіргі таңдағы халық бастан кешіп отырған дағдарысты жеңудің
ең маңызды шарттарының бірі ― біздің қоғамымыздың интеллектуалды
ресурстарын белсендіру қажеттілігі болып отыр. Жекелеген жағдайда, ол
адамның өзін-өзі және өзге адамдарды, қоршаған адамдармен қарым-
қатынасын түсіне алу қабілеті, тұлғааралық қарым-қатынастарды болжай
алу қабілеті ретінде қабылданатын қоғамдық интеллекттің даму
мәселесін болжайды.
Заманауи ғылыми білім тұлғаның мазасыздану мәселесіне асқан
қызығушылық танытуда. Бұл қызығушылық ғылыми зерттеулерде көрініс
беруде, онда бұл мәселе психологиялық және өзге де көптеген
аспектілерде талданып, негізгі мәселе болып отыр.
Жеке тұлғаның қалыптасуымен тығыз байланыста болатын жеке
тұлғаның эмоционалды-еріктік аумағының қалыптасуы ― психикалық дамуды
анықтайтын ұзақ және қиын үрдіс. Ол қоршаған адамдар, әсіресе бала
тәрбиесімен айналысатын ересектер тарапынан болатын ықпалдың әсерімен
жүзеге асады. Баланың эмоционалды аумағының ерекшеліктерін біле
алмайынша, олардың әрекеттеріне тиісінше жауап қайтару, сәйкесінше
жазалау мен мадақтау таңдау, тәрбиені мақсатқа сай басқару қиын.
Мазасыздану ― біздің заманымыздың өте кең тараған психологиялық
феномені. Ол көбіне невроздар мен функционалды психоздардың симптомы
болып табылады және де басқа аурулардың синдромологиясына енеді
немесе жеке тұлғаның эмоционалды аумағының бұзылуының негізгі
түрткісі болып табылады. Мазасызданудың әлеуметтік шарттандырылған
фактор ретіндегі мәні Американдық психологтар мен психопатологтар
ассоциациясы өткізетін жыл сайынғы симпозиумдардың ең алғашқыларында
атап өтілді.
Ол зерттеу тақырыбын таңдау мен оны жүргізуге негіз болып
отыр.
Зерттеу мақсаты: жеткіншек жастағы эмоционалды мазасыздануды
қалыпты жағдайда және ауытқуда зерттеу.
Зерттеу пәні: жеткіншек жаста мазасызданудың көрініс беруі.
Зерттеу объектісі: жеткіншек жаста мазасызданудың қалыпты жағдайда
және ауытқуда көрініс беру ерекшеліктері.
Зерттеудің негізгі болжамы: жеткіншектердің қалыпты жағдайдағы
және ауытқудағы мазасыздануының сандық және сапалық ерекшеліктері
бар деп болжанды.
Жеке болжамдар:
1) Психикалық дамуы кешеуілдеген балаларда мазасыздану деңгейі
қалыпты жағдайдағы балаларға қарағанда төмен.
2) Сөйлеуінің қарқыны, ырғағы және жатықтығы бұзылған балаларда
мазасыздану деңгейі қалыпты жағдайдағы балаларға
қарағанда жоғары.
Зерттеудің мақсаты мен болжамдарына сүйене отырып, келесідей
міндеттер айқындалды:
1)Мәселеге байланысты әдебиеттерді талдау;
2)Зерттеудің жалпы концепциясын таңдау;
3)Болжамды тексеру мақсатында эмпирикалық зерттеу жүргізу;
4)Зерттелінушілердің 3 тобында мазасызданудың көрініс беру
деңгейіне салыстыра талдау жасау.
Зерттеудің әдістемелік негізіне К.Гуард концепциясы ( эмоциялардың
дифференциациясы теориясы); психоаналитикалық теориялар ( З.Фрейд,
К.Хорни ); Ч.Д.Спилбергер теориясы; ресейлік психологтар концепциясы
(Захаров, И.В.Дубровина, В.Р.Кисловская, Л.И.Божович, К.С.Лебединская,
В.В.Суворов, А.М.Прихожан, Н.Д.Левитов, Давыдов) алынды.
Біз келесідей зерттеу әдістерін таңдадық: салыстырмалы,
ұйымдастырушылық, стандартталған.
Зерттеудің әдістері ретінде:
1) Филлипстің мектепішілік мазасыздануды зерттеу тесті;
2) Өзін-өзі бағалауды зерттеу тесті (Ч.Д.Спилбергер, Ю.Л.Холлен).
Таңдау құрамына 54 адам кірді (11-16 жас аралығындағы
жеткіншектер). 11 жеткіншек – сөйлеуінің бұзылысы бар (сөйлеуінің
қарқыны, ырғағы және жатықтығы бұзылған балалар), 18 бала – дамуы
қалыпты жағдайда, 18 баланың психикалық дамуы кешеуілдеген.
Зерттеу жүргізу базасы: Жетісай қосалқы мектеп интернаты,
мемлекеттік мекеме № 1 Саңырау балаларға арналған мектеп интернаты,
мемлекеттік мекеме № 16 Мырзакент орта мектебі.
Тәжірибелік маңыздылығы: қалыпты жағдайда және ауытқумен дамыған
балалардың мазасыздану жағдайының салыстырмалы талдау жасау
жоспарында.
Жұмыс құрылымы: жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен, психологиялық-
педагогикалық нұсқаулардан, әдебиеттер тізімінен, қорытынды, қосымшалар,
9 кесте және 3 гистограммадан тұрады.

1 - бөлім.
МАЗАСЫЗДАНУ МӘСЕЛЕСІНІҢ ТЕОРЕТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.

1.1 Шетелдік және отандық психологиядағы мазасыздану мәселесі.
Эмоция мен сезімдер шынайы болмыстың әсерлену түріндегі
бейнеленуі болып табылады. К.Изардтың эмоциялардың дифференциациясы
теориясында ұсынылған жіктеуі бойынша, эмоциялардың іргелі және
туынды түрлері болады. Іргелілерге:
- қызығу-тынышсыздану;
- қуаныш;
- қайғыру-азап шегу;
- таң қалу;
- ашу-ыза;
- жиіркенушілік;
- жек көру;
- қорқыныш;
- ұят;
- кінә жатады.
Қалғандары туынды эмоциялар. Іргелі эмоциялардың қосындысынан
құрамына қорқыныш, ашу, кінә, қызығу-тынышсыздану енетін мазасыздану
секілді кешенді эмоционалды күй пайда болады. Сонымен, мазасыздану
дегеніміз не? Түрлі авторлар бұл эмоционалды күйге түрлі анықтама
береді. Тәжірибелік психолог сөздігінде, мазасыздану – индивидтің қайғы-
қасіретке жауап реакциясының төмен табалдырығымен сипатталатын
қайғыдан әсерленуге бейімділігі: жеке реакциялардың ең негізгі
параметрлерінің бірі- деп көрсетілген.
В.В.Суворова 28 Күйзеліс психофизиологиясы кітабында
мазасыздануды ішкі тыныштық пен байсалдылықтың жоғалуымен байланысты
сипатталатын психикалық күй ретінде анықтайды және қорқынышпен
салыстырғанда жеке тәжірибе контекстінде мәнді болатын шынайы
субъективті факторларға тәуелділігін анықтайды. Ол мазасыздануды
физиологиялық аспекті үстем болатын теріс эмоциялар кешеніне
жатқызады.
А.М.Прихожан 22 мазасыздануды ұзақ уақыт аралығында сақталып
тұратын тұрақты жеке құрылым ретінде анықтайды. А.М.Прихожан
мазасызданудың оятушы күші бар және орын басушылық және қорғаушылық
қызметінің көрініс беруі басым болатын, іс-әрекетті жүзеге асырудың
тұрақты формалары бар деп атап өтеді. Кез келген өзге де кешенді
психологиялық құрылым сияқты мазасыздану да эмоционалды аспектісі
үстем болғанда құрамына когнетивті, эмоционалды және операциялық
аспектілер енетін күрделі құрылым ретінде сипатталады.
Мазасыздану жаңа туған кездің өзінде де пайда болуы мүмкін
немесе нақты айтсақ, оның құрамдас бөліктерінің бірі – қорқыныш
екенін атап өту керек.
Тәжірибелік психолог сөздігінде Қорқыныш – индивидтің биологиялық
немесе әлеуметтік тіршілік етуіне қауіп төнетін жағдайда пайда
болатын және шынайы немесе елестетілген қауіп көзіне бағытталған
эмоция деп жазылған 26.
Жалпы алғанда, мазасыздану – жеке тұлғаның әлсіздігінің,
бейімсіздігінің субъективті көрініс беруі. Мазасыздану эмоционалды
жайсыздықты бастан кешу, алда болатын қауіпті сезіну ретінде адамның
маңызды қажеттіліктерінің қанағаттанбауының көрініс беруі, жағдайға
қатысты үрейді бастан кешуінің, мазасыздықта гипертрофирленген денеде
берік үстем болуының өзектілігі болып табылады.
Демек, мазасыздану – жеке тұлға сипаты, қорқынышқа дайындығы. Бұл
қорқынышқа тиесінше жауап реакция қамтамасыз ететін, мүмкін болатын
қауіп-қатер жағдайында сенсорлық және моторлық кернеуге мақсатты
түрде дайындықпен жоғары назар аудару күйі.
Қорқыныш – мазасызданудың ең негізгі құрамдас бөліктерінің бірі
болғандықтан, оның өзіндік ерекшеліктері бар. Қорқыныш алда болатын
қауіп-қатердің алдын алушы қызмет атқарады, қауіп-қатер көзіне
назарды тұрақтатуға мүмкіндік береді, қауіп-қатерді болдырмаудың
жолдарын іздеуге түрткі болады. Аффект күші жағдайына жеткенде, ол
іс-әрекет стереотиптерін таңуы мүмкін яғни – қашу, мелшиіп қатып
қалу, қорғаныс агрессиясы. Егер қауіп-қатер көзі анықталмаса немесе
танылмаса, пайда болатын күй үрей деп аталады. Үрей – анықталмаған
қауіп-қатер жағдайында пайда болатын және жағдайдың ушығуын күтуде
көрініс беретін эмоционалды күй.
Л.И.Божович 5 үрейді өткен тәжірибеде орын алған, қарқынды,
сезінілген ауру немесе аурудың болатынын сезіну деп анықтаған.
Л.И.Божовичпен салыстырғанда Н.Д.Левитов 18 келесідей анықтама
береді: Үрей – мүмкін болатын жағымсыз жағдайлар, күтпеген жағдайлар,
үйреншікті жағдай мен әрекеттердің өзгеруі, жағымдының, қажеттінің
кешеуілдеуінен пайда болатын, ерекше күйзеліс (қорқу, толқу,
тынышсыздану т.б.) пен жауап реакцияларда көрініс беретін психикалық
күй.
Психодинамикалық бағыт мазасыздануды келесідей түрде қарастырады.
З.Фрейд 30 бойынша: Қорқыныш – аффект күйі, яғни белгілі рахаттану-
рахаттанбау қатарындағы сезімдердің тиесілі кернеу және оларды
қабылдауды бәсеңдету иннервациясымен бірігуі, сонымен қатар, белгілі
маңызды оқиғаның көрініс беруі болуы мүмкін. З.Фрейд бойынша,
қорқыныш либидодан пайда болады және өзін-өзі қорғау қызметін
атқарады, жаңа, әдетте сыртқы қауіп-қатердің белгісі болып табылады.
З.Фрейд үрейдің 3 түрін бөліп көрсетті: шынайы, невротикалық,
моральді. Оның ойынша, үрей қарқынды импульстерден келетін жақында
болатын қауіп-қатер туралы Эгоға ескертетін белгі рөлін ойнайды.
Жауап ретінде, Эго қорғаныс механизмдерінің қатарын қолданады, оның
ішінде: ығыстыру, проекция, ауыстыру, рационализация т.б. Қорғаныс
механизмдері бейсаналы әрекет етеді және индивидтің шынайы болмысты
қабылдауын бұрмалайды.
Осы бағыттың өкілдерінің бірі К.Хорни, жеке тұлғаның дамуында
шешуші фактор бала мен ересек арасындағы қарым-қатынас болып
табылады деп сендіреді. К.Хорни жеке тұлғаның әлеуметтік теориясында
балалық шаққа тән 2 қажеттілікті бөліп көрсетеді: рахат алу
қажеттілігі (З.Фрейдпен бұл мәселеде келіседі) және басты қажеттілік
болып есептелінетін қауіпсіздікке қажеттілік, оның негізгі түрткісі
тұтастық, қоршаған әлем мен ондағы қауіп-қатерден қорғаныста болу
және өзгелерге қажет болу. Бұл мәселеде бала түгелімен ата-анаға
тәуелді. Жеке тұлға дамып-қалыптасуының 2 жолы болуы мүмкін: егер
ата-ана осы қажеттілікті қамтамасыз етсе, нәтижесінде сау тұлға
пайда болады, екінші жолы – егер қорғаныш болмаса, онда тұлға
қалыптасуында ауытқу пайда болады. Дегенмен, ата-ана тарапынан мұндай
нашар қатынас болуының негізгі нәтижесі – балада өшпенділікке
бағдарының дамуы болып табылады. Бала бір жағынан, ата-анасына
тәуелді, екінші жағынан – оларға қатысты өкпелеушілік, ызалану
сезімдерін сезінеді. Ол әрине, қорғаныс механизмдеріне алып барады.
Нәтижесінде ата-аналы отбасында қауіпсіздікті сезінбеген баланың іс-
әрекеті қауіпсіздік, қорқыныш, махаббат пен кінә сезімдерімен
бағытталады, ол ата-анаға деген өшпенділік сезімін басып жаншу
мақсатындағы психологиялық қорғаныс рөлін атқарады, мұның бәрі үрей
тудырады.
Базальді үрей дегеніміз не? Ол К.Хорнидің ойынша ең негізгі
сезімдердің бірі – қауіпсіздіктің жоқтығынан туындайтын қарқынды және
бойлап енетін сезім (Л.Хьелл, Д.Зиглер, 31).
К.Хорни бойынша, базальді үрейді жеңу үшін бала қорғаныс
стратегияларын қолдануға тура келеді, оларды К.Хорни невротикалық
қажеттіліктер деп атады. Ондай стратегияның 10 түрін атап өтті. Бұл
стратегияларды 3 негізгі санатқа бөліп қарастырды: адамдарға
бағытталған, адамдардан бағытталған және адамдарға қарсы бағытталған.
Басқаша айтсақ, әр санат үрейді төмендетуге бағытталған.
Ч.Д.Спилбергер бойынша, үрей – күй, ал мазасыздану – жеке тұлғаның
қасиеті деп ажыратылады. Ч.Д.Спилбергер концепциясына психоанализ әсер
етеді, ол әлеуметтік фактор рөлін бағаламай, балалық шақта
мазасызданудың тууына ата-ананың әсерін басым етіп көрсетеді.
Мазасыздану деңгейі әр түрлі адамдарда бірдей тәжірибелік
жағдаяттардың түрлі бағалануын жеке тәжірибенің, балалық шақтың және
ата-ананың балаға деген қатынасының әсерімен түсіндіреді.
Үрей күйін зерттеуде тура осындай пікірді функционалды бағыт
көрсетеді. В.М.Астапов 1 үрейдің жүре пайда болатын және жеке
тұлғалық қасиет ретіндегі жалпы теориясын дамыту үшін үрейдің
қызметтерін талдап және бөліп қарастыру қажет.
Функционалды бағыт үрей күйін тек адам күйін сипаттайтын
реакциялар қатары ретінде ғана емес, сонымен қатар іс-әрекет жасау
күшіне әсер ететін субъективті фактор ретінде қарастыруға мүмкіндік
береді.
Психологиялық қызметтер туралы сұрақ көбіне үрейдің генетикалық
тамырлары, үрейдің пайда болу шарттары мен жағдайлары, іс-әрекетке
үрейдің тигізетін әсері т.б. дәстүрлі мәселелерді қозғауға
мәжбүрлейді. Демек, үрейдің қызметтік сипаттамасы көптеген бағыттардың
осы күйдің интерпретациясын жасауынан көрінеді. В.М. Астаповтың
пікірінше, үрей күйі қандай да бір қауіп-қатердің алдын алады,
төнген қауіп пен жағымсыз жағдайларды болжайды, индивидке ол туралы
алдын ала хабарлайды. З. Фрейд алда болатын қауіптің сипатында нақты
қауіптен пайда болатын қорқынышты және елестетілген қауіпке жауап
реакция ретінде үрейді бөліп қарастырады. Сондықтан, кейде үрейді
инерализирленген, белгісіз, жөнсіз қорқыныш ретінде немесе қауіп-
қатердің өзінен емес, сол қауіп-қатер болатын жағдайда одан қашып
құтылуға мүмкіндік жоқтықтан туатын күй ретінде анықтайды. Үрей
әрекеті көбіне шынайы жағдай шектерінен шығып кетеді, субъектіні
болашаққа да, өткенге де алып барады. Яғни, субъектке жағдайды
өзіндік көзқараспен көруге итермелейтін ерекше, адекватты емес
тенденция бар екендігін байқауға болады. Бұл жағдайда іздеу мен
табу қызметтерінің жүзеге асу формалары жағдай үстіндегі
белсенділік түрінде көрінуі мүмкін. Субъект өз еркімен оған
ұсынылған тапсырманың шегінен шығып кетеді, жаңа мақсаттар қою және
оларды жүзеге асыру үрдісін өзі ұйымдастырып, көбіне іске асырылатын
әрекеттің жетекші мақсаттары мен түрткілеріне қарсыласады. Қауіп-
қатерді табуға басты назар аудару іс-әрекет сипатына әсер етуі
мүмкін. В.М.Астаповтың пікірінше, үрейдің белсенді-ізденістік бағыты
қоршаған ортаның стресстік элементтеріне зейінді тұрақтатумен
сипатталады, ал динамикалық тұрғыда ұзақтығымен және тұрақтылығымен
сипатталады: ол үрейдің әрекетке әсерін жоятын тәртіпсіз мінез-
құлыққа негіз болуы мүмкін. Үрей жүзеге асыратын қауіп-қатер көзін
табуға ұмтылудың, байқауымызша, патологиялық бұзылыстарға қатысы бар,
ол патологиялық бұзылыстар кезінде үнемі қауіп-қатерді іздеу және
оны өзге адамдар бойынан табу (жалған шығын), өз денесінен табу
(ипохондрия), және өз әрекеттерінің нәтижелерінен табу ( психастения)
және т.б. көрініс береді. Қауіп төндіретін объектті іздеу әрекетінде
белсенділік пайда болады, үрейді бәсеңдету жолы – қауіп-қатер көзін
алдын ала анықтау.
К.Гольдштейннің ойынша, сау индивидтің еркіндігі – оның таңдау
жасай алатындығында, яғни, жаңа қоршаған ортада қиындықтарды жеңуге
мүмкіндік табуында.
В.М.Астапов сонымен қатар, үрейдің тағы бір қызметін атап өтті,
пайда болған жағдайда бағалау қызметі және де жағдайға қандай мән
берілгендігі маңызды болып табылады.
Н.И.Наенко осы өзгешелікке көңіл аударады: үрей күйінің
психофизиологиялық ерекшелігі сыртқы әсерлерге тәуелді емес, іс-әрекет
мақсатының жеке мәні мен адам тап болған жағдайды өзінің
бағалауында. Қауіпті жағдайға мінез-құлық реакциясының дәстүрлі 3
түрі бар: қашу, мелшиіп қатып қалу, агрессия. Бұлардың әрқайсысы
субъекттің мінез-құлық бағдарын өзінше көрсетеді: қашу – қауіпті
объектімен бетпе-бет жүздесу мүмкіндігін жою, агрессия – қауіп-қатер
көзін жою, мелшиіп қатып қалу – қандай да бір белсенділікті толық
жоғалту. Үрейдің теріс сипатта көрініс табуы индивид жағдайды
қауіпті деп бағалағанда және ол жағдайдың шешімін табудың дайын
және жеткілікті сенімді әдістері болмағанда пайда болады.
Функционалды бағыт негізінде бұл күйді тұлғаның құндылықтары
деңгейінде аффективті, сандық, мінез-құлықтық реакцияларды қамтитын
күрделі үрдістің нәтижесі ретінде анықтауға болады.
Мазасызданудың оның көздерінде, құрамында, көрініс беру түрлерінде,
орнын басу мен қорғаныста анықталатын ерекшелігі бар. Әр жас
кезеңінде тұрақты құрылым ретінде мазасыздану немесе үрейдің басым
болуына жол беретіндей шынайы қауіп-қатер болмаса да, көптеген
балалардың мазасыздануын тудыратын белгілі бір салалар, болмыс
объектілері бар.
Бұл мазасызданудың жастық шыңдары көбіне мәнді болатын
социогенді қажеттіліктердің нәтижесі болып табылады.
В.Р.Кисловская проективті тесттер көмегімен мазасызданудың жастық
динамикасын зерттеп, мектеп жасына дейінгі балаларда бала-бақша
тәрбиеленушілерімен қатынаста мазасызданудың жоғарғы деңгейі бар
екендігін, ал ата-анамаен қатынаста тек аз мөлшерде болатындығын
байқайды. Бастауыш сынып оқушылары өз сыныптастарымен қатынаста аз
мазасызданып, ересектермен қатынаста мазөасыздану жоғарылайды.
Жеткіншектер өз ата-аналарыман және құрдастарымен қатынаста көп
мазасызданады, ал мұғалімдер және өзге таныс емес ересектермен
қатынаста мазасыздану төмен деңгейде көрініс береді. Жоғарғы сынып
оқушылары қарым-қатынастың барлық деңгейінде және түрлерінде жоғары
мазасыздануды бастан кешеді, әсіресе олардың мазасыздануы ата-ана
және олар қандай да бір деңгейде тәуелді болып тұрған ересектермен
қатынаста жоғары деңгейде мазасыздануды бастан кешеді.
И.В.Дубровина 9 лангитюдті зерттеулер жүргізу нәтижесінде 9-
сыныпта балалардың мазасыздануы 7-8 сыныптағылармен салыстырғанда
едәуір төмендейді, бірақ 10-сыныпта өзін-өзі бағалау мазасыздануымен
байланысты қайта көтеріледі. 8-10 сыныптарда өзін-өзі бағалау
мазасыздануының көтерілуі ол сыныптардың бітіруші сынып болуымен
түсіндіріледі.
Жасөспірімдерде мазасыздану деңгейінде, оларды туғызатын
факторларда жеткіншектермен салыстырғанда жыныстық және индивидуалды
айырмашылықтары бар ( оқу үлгерімі, құрдастар арасындағы беделі, өзін-
өзі бағалау өзгешеліктері). Бұл В.С.Мерлиннің интегралды
индивидуалдылық туралы теориясын растайды.
Мазасыздану теориясы және үрей мен мазасыздану ұғымдарының
анықтамасын қарастыру келесідей қорытынды жасауға мүмкіндік береді:
бұл күйлер қоғам өмірінің тарихи кезеңдерімен байланысын табады, ол
қорқыныш құрамында, үрейдің жастық шыңдарының сипатында, үрейді бастан
кешу дылығында, соңғы онжылдықта біздің елімізде балалар мен
жеткіншектер арасында мазасыздану деңгейінің едәуір жоғарылауында
көрініс табады.
Барлық теорияларды мазасыздануды бейсаналық импульстерге сүйеніп,
динамикалық көзқарас тұрғысынан қарастыратын шетелдік (З.Фрейд,
К.Хорни, К.Изард, Ч.Д.Спилбергер) және мазасыздануды оның атқаратын
қызметтері тұрғысынан қарастыратын отандық теориялар деп бөлуге
болады (В.В.Суворова, В.М.Астапов, И.В.Дубровина, Л.И.Божович,
И.В.Имемадзе, Н.Д.Левитов, В.Р.Кисловская т.б.). Бұлар мазасыздануды 2
түрге бөледі: реактивті және жекелік. Бұл Ч.Д.Спилбергердің үрей –
күй, мазасыздану – жеке тұлға қасиеті деп ажыратқан теориясына сәйкес
келеді. Функционалды бағытта мазасыздану жеке тұлғаның іс-әрекетін
ұйымдастыратын субъективті фактор ретінде қарастырылады. Сонымен
қатар, мазасыздану – іргелі эмоциялардың бірлескен кешені туралы
К.Изард теориясы.
Үрей күйінің экспериментальді, эмпирикалық және теоретикалық
зерттеулерінің көптігіне қарамастан, қазіргі заманғы әдебиеттерде бұл
ұғымның концептуалды өңделуі И.ВИмемадзе 13 пікірі бойынша осы
күнге дейін толық аяқталмай отыр.

1.2 Мазасыздану ― жеткіншектің эмоционалды аумағының бұзылысы
ретінде.

МЕКТЕП БАЛА ІШКІ
ТАРТЫС
(эмоционалды
аумақ)

Психиканы
зақымдайтын жағдай

агрессия аутизм
үй үй
көше жанұя

қорқыныш

мазасыздану

Жеткіншек жас кезеңі болып 11-ден 16 жасқа дейінгі аралық
есептелінеді. Бұл кезең жеткіншек ағзасының оң өзгерістері және
сапалық дағдылардың қалыптасуымен ғана емес, сонымен қатар, дамудың
бұл кезеңінде маңызды рөл ойнайтын ерекше күйлердің пайда болуымен
сипатталады. Пубертаттық кезең психофизиологиялық дамудың өтуімен және
баланың әлеуметтік белсенділігінің қайта құрылуымен ерекшеленеді.
Елеулі өзгерістер баланың іс-әрекетінің барлық саласында жүреді, бұл
жас кезеңін балалықтан ересектікке өтетін өтпелі кезеңге
айналдырады.
Жеткіншектік кезең дағдарыстарға, қиындықтарға, уайымдарға толы
болып келеді. Бұл кезеңде мінез-құлықтың тұрақты түрлері, мінез
бітістері, эмоционалды жауап реакцияларының әдістері пайда болып,
бекітіледі; бұл жетістіктер, білім мен біліктілікті арттыру, өзіндік
Менін қалыптастыру, жаңа әлеуметтік позицияларға қол жеткізу
кезеңі. Сонымен қатар, балалық көзқарасты жоғалтып, психологиялық
қолайсыздық пен мазасыздану сезімінің пайда болу кезеңі.
Жеткіншек жас кезеңін көбіне дамудағы диспропорция кезеңі деп
атайды. Бұл кезеңде баланың өзіне, өзінің денесінің өзгешеліктеріне
көп назар аударыла бастайды; қоршаған адамдар пікіріне жауап
реакциялары күшейеді, өзін-өзі бағалау деңгейі мен қапаланғыштық
сезімдері күшейе түседі. Ең алдымен, балалық кезеңмен салыстырғанда
өз денесіне көп көңіл бөлушілік тек физикалық тұрғыда дамудың
себептерінен ғана емес, сонымен қатар, жаңа әлеуметтік рөлге ие
болуымен байланысты. Қоршаған адамдар жеткіншек денесінің
жетілгендігінің арқасында енді ол дамудағы белгілі мәселелерді шешу
қолынан келеді деп күтеді.
Жеткіншектерде дамудың қалыпты өтуіне байланысты да мазасыздануы
болады, ол ең алдымен дамудың диспропорциясымен, әркелкілігімен
байланысты, яғни тез дамып қалыптасу немесе дамудың кешеуілдеуімен
байланысты.
Денесіндегі өзгерістерді ұғыну – жыныстық даму кезеңінің маңызды
мәселелерінің бірі болып табылады. Жеткіншектер өз денесінің
өзгерістеріне деген өзгелердің реакциясын ескеріп, өзі туралы
пікірлер қатарына қосады (қолдау, таңырқау және жиіркену, кекесін, жек
көру). Ол жеткіншектің өзін-өзі бағалауын төмендетіп, өзіне
сенімсіздік пен қарым-қатынаста ұялшақтықтың пайда болуына, өзінің
қоғамдық маңыздылық сезімін жоғалтуына алып келеді. Сонымен қатар,
жыныстық жетілу баланың өзіндік ерекшелігі, мақтанышы мен өзіне
көңілі толу сезімдерінің қалыптасуымен тығыз байланысты.
Х.Ремшмидт 25 Жеткіншектік және жасөспірімдік кезең атты
еңбегінде атап өткендей, қалыпты өзгерістер диапазоны белгісіз
болғандықтан, баланың өзін өзге құрдастарымен салыстыру пайда болады,
мазасызданудың, үлкен жанжалдар, депрессивті күй, тіпті созылмалы
невроздардың пайда болуына алып баруы мүмкін.
Бұған ағзаның мынадай функциологиялық өзгерістерін жатқызуға
болады: ерте жыныстық жетілу, дамудың кешеуілдеуі, сонымен қатар
жеткіншектің мазасыздануын туғызатын себептерге безеулер, салмақтың
аздығы немесе көптігі, бойдың өсуінің кешеуілдеуі сияқтыларды
жатқызуға болады.
Келесі себеп ретінде жеткіншектің жыныстық дамуын айтуға болады.
Бұл үрдісте маңызды рөлді орталық жүйке жйесі атқарады, яғни
жүйкелік және психикалық феномендердің интеграциялану орны.
Осылайша, жыныстық қажеттіліктер мен қызығушылықтар дамиды, олар
әлеуметтік-психологиялық және әлеуметтік-мәдени факторлардың әсерінен
(жыныстық тәрбие, жеке психикалық жетілгендік, ересектер үлгісі) мінез-
құлықта түрлі көрініс табады: психоаффективті, яғни махаббаттың
қозғалтқыш күші және белгілі адамға қатынасы, немесе
психофункциологиялық түрде, яғни белгілі бір серіктің қатысынсыз
жыныстық қанағаттанудң болуы. Бірақ, мұнда жыныстық бұзылыстар орын
алуы мүмкін: белгілі бір себептерден дамудың болмауы, кейде жыныстық
қызығушылық және оған сәйкес бастан кешулердің болмауы. Егер қажетті
әлеуметтік-психологиялық (әлеуметтік-мәдени) факторлар жоқ болса,
немесе балаларда жазалау мен шек қою жағдайлары көп болса, жыныстық
қажеттіліктер дамымай қалуы немесе жоқ болып кетуі мүмкін. Бұл
қалыпты даму, психикалық бастан кешулер және мінез-құлық аралығында
тартыс пайда болуына алып баруы мүмкін. Ол өзін-өзі бағалаудың
төмендігі мен өзіне сенімсіздік туғызуы мүмкін.
Мазасызданудың көрініс беруі 2 түрде болуы мүмкін: қорқыныш – ашу
және қорқыныш – уайым, олар түрліше көрініс береді, бірақ екеуі де
тұлғаны бірдей деңгейде бейімсіздендіреді.
Есею кезеңінде мектеп пен отбасының маңыздылығына көңіл аудару
қажет. Себебі, жеткіншектік кезең ересек болып көрінуге ұмтылу және
ересек бола алмау арасындағы шиеленістер кезеңі. Бұл ешкімге тәуелді
болғысы келмеу мен ересектер сөзін тыңдау қажеттілігі арасындағы
шиеленістер.
Жеткіншек кезеңінің қиындықтары тез әсерленгіштік, ипохондриялық
реакциялармен, аффективті мінез-құлық, біреудің өкпелетуіне күшті жауап
реакциясының болуы, ересектерге қатысты сыншылдықтың жоғарылауына
байланысты болады.
Егер бұл ерекшеліктерді есепке алмаса, жеткіншектердің мінез-құлқы
мен дамуында тұрақты бұзылыстар пайда болуы мүмкін. Мұнда ата-ана
мен бала арасындағы қатынас өте маңызды. Жеткіншек жас кезеңі –
өтпелі кезең, балалықтан ересектікке өту кезеңі болғандықтан, баланың
эмоционалды және когнетивті аумағының қалыптасуына теріс әсер ететін
көптеген дау-жанжалдар пайда болады.
Бала үшін құрдастарының рөлі арта түседі, ол үлгі алатын объект
ретіндегі ата-анамен арада түсініспеушілік пайда болуына алып
барады. Ата-аналар тарапынан шектеулер тоқтатулар көбейе түседі,
отбасыдағы өзгерістермен байланысты дау-жанжалдар саны артады.
Экономикалық жағдайлар мазасыздануға себеп болуы мүмкін: себебі,
жеткіншек өзін әрдайым тәуелді, бағынышты етіп сезінеді.Мектепте
оқудың ұзаққа созылуына байланысты жастар қаржылық жағынан ата-анаға
ұзақ уақыт тәуелді болады. Мектептегі оқу үлгермеушілігі дау-дамайға
себеп болуы мүмкін. Ата-аналар мен балалар арасындағы қиын қарым-
қатынас тек жас ерекшелігі себебінен туындаған жанжал емес,
экономикалық жағдайдың дамуы мен технологиялардың алға ілгерілеу
себебінен ата-аналар да балалар сияты өзін сенімсіз және мазасыз
сезінеді, бұл олардың өзіндік мінез бітісін қалыптастырып, шешім
қабылдаудағы әлсіздік пен мазасыздануын тудырады. Әлеуметтенеудің
маңызды инстанциясы тек отбасы мен үй емес – мектеп болып табылады.
Жастық дамудың негізгі кезеңі ретінде жасөспірімдіктің пайда болуы
жалпы бұқаралық білім беру жүйесінің қалыптасуымен тығыз байланысты.
Мектептегі жанжалдар көбіне оқу үлгерімі, бейімделу, бедел және
бөлектену мәселелерінен туындайды. Оқу үлгеріміне қатысты қойылатын
талаптармен байланысты мұғалімдермен де, құрдастарымен де арада
жанжал пайда болады. Мұғалімге қатысты қарсылық, білім алу мен оқуда
жетістікке жетуден бас тарту пайда болуы мүмкін. Мұндай мінез-құлық
қабілетті балаларда да, сыншыл көзқарастағы балаларда да кездесуі
мүмкін. Құрбы-құрдастарымен арадағы қатынаста бақталастық себебінен
жанжал тууы мүмкін. Бұл оқушылардың әлеуметтік-психологиялық
бейімделуі және сыныпты бірыңғай қоғам ретінде сақтап қалуға әсер
етеді. Бөлектену мен беделділік себебінен туындайтын жанжалдар мектеп
ережелері балалардың еркіндігіне шектеу қоятындықтан пайда болады.
Мазасыздану – жеке тұлғаның әлсіздігінің, бейімсіздігінің
субъективті көрініс беруі. Кіші және үлкен жастағы жеткіншектердің
өзіндік ерекшеліктері бар, олар елеулі емес, бірақ бұл кезеңді
сипаттаушы қасиеттер психикалық дамудың деңгейі мен сипатындағы
ерекшеліктер туралы айтуға болады, бір жағына – ерте жеткіншектік –
балалық кезеңнің бір түрі, оның өз ерекшеліктері бар, екінші жағынан
- жеткіншек өсіп келе жатқан адам, ересек өмірдің табалдырығында
тұрған адам.
Психикалық дамуының жетілгендігі, мүмкіндіктерінің көбеюі,
жеткіншектің өзіне-өзі жауап беру қажеттілігін туғызады, ол
ересектердің оның құқықтарын, мүмкіндіктерін мойындауын, қоғамдық
маңызды әрекеттерге араласуын талап етеді. Дегенмен, ересектер
жеткіншектің енді кішкентай бала емес екендігін сезініп, оған жоғары
талаптар қояды, бірақ, жеткіншектің өзімен-өзі болып, өз өміріне өзі
жауап беру құқығына көбіне шек қояды. Осыдан келіп дау-жанжалды
жағдайлар, қапалану мен қарсылықтың түрлі формалары туады.
Жеткіншек кезеңінің негізгі жаңалығы – оларда өзіндік санасының
пайда болуы, яғни қарым-қатынас шектерінің кеңеюінің, жеткіншектің
қоғаммен, ересектермен, құрдастарымен қатынасының күрделенуінің
нәтижесінде пайда болады.
Мазасыздану күйі жеткіншектік кезеңнің дағдарысының нәтижесі, ол
түрліше өтуі мүмкін және ол жеткіншек өмірінің барлық саласына
әсер етіп, оның тұлғасын өзгеріске ұшыратады. Бұл дағдарыстар мінез-
құлықтық, тұлғалық бұзылыстардың және біз тоқталып өтетін
мазасызданудың пайда болуына себеп болуы мүмкін.
Ересектердің жеткіншектің өзіндік бағалау деңгейін кемсітуін олар
өте тез көңіліне алады. Ересектердің жастық дамудың кезеңдерін
білмеу себебінен, жеткіншек тұлғасының дамуы қалыпты өтпейді, яғни
жеткіншек кезңінің дағдарысы көптеген қиыншылықтармен күрделенеді.
Ұқсастық дағдарысы жеткіншектің толыққанды дамымағандық сезімімен,
дипрессивті күймен және жыныстық әрекеттермен сипатталады.
Х.Ремшмидттің ойынша, ұқсастық дағдарысын балалық статусын жоғалтуына,
биологиялық мүмкіндіктері әлеуметтік мүмкіндіктермен сәйкес келмеуіне,
өз құзырлық статусына сенімсіздігіне, есейіп келе жатқан баланың
ағзасындағы биологиялық өзгерістерге жауап реакция ретінде
қарастыруға болады.
Сенімсіздік пен қорқыныш балада тіпті дене және жанының
бірлігін жоғалтып алудан қорқыныш сезімін тудыратындай деңгейге
жетуі мүмкін, сондықтан жеткіншектер көбіне мінез-құлықтық ритуалдар
ойлап табады (Х.Ремшмидт).
Д.И.Фельдштейн 29 жеткіншектердің толығымен жаңа психикалық
күйін дифференциалды талдап қарастырды, ол өсіп келе жатқан адамның
өзн қоршаған өмірде тұлға ретінде бекітіп, қарым-қатынаста өз
мүмкіндіктерін жүзеге асыру қажеттілігімен анықталады. Мұның барлығы
психикалық тұрғыды түрлі шарттарды анықтап, толық сипаттауға
мүмкіндік береді, яғни жеткіншек даму дағдарысының 3 кезеңі болады.
Д.И.Фельдштейн бірінші кезеңді локальді – еркелік деп атады. Ол 10-
11 жасар жеткіншектің ұмтылысы ересектер тарапынан оның маңыздылығы
мен мәнділігін белгілі тапсырмалар орындау арқылы мойындату
қажеттілігінде көрініс береді, сондықтан локальді деп аталады, ал
еркелік деу себебі, жеткіншек әрекеттерінде ситуативті-шарттандырылған
эмоциялар басым болады. Өзімен-өзі болуға мұндай эмоционалды
байытылған ұмтылыс әр балада әр түрлі деңгейде көрініс береді, ол
мотивациялық құрылымдарда көрінісін табады. 10-11 жасар жеткіншектер
олардың есейгендігін өзгелердің мойындауына қол жеткізуге тырысады.
Арнайы ұйымдастырылған жағдайлардағы балалардың мінез-құлқы мен
қатынасын бағалау нәтижелері көрсеткендей жеткіншектердің өзімен-өзі
болуға ұмтылысының жоғарылауы тек ересектер олардың белгілі
құқықтарын түсінуіне қол жеткізу тілегіне байланысты емес, сонымен
қатар, олардың әлеуметтік-құпталған істерді, нақты тапсырмалардың
маңыздылығын түсіну мен орындауға негізделеді.
Д.И.Фельдштейн екінші кезеңді құқықтық-мәнді деп атады. 12-13
жасар жеткіншек белгілі істер жасау мен шешім қабылдауға қатысуымен
қанағаттанбайды, жеткіншекте қоғамдық мойындау қажеттілігі пайда
болады, отбасындағы, қоғамдағы құқықтары мен міндеттерін игеру жүреді,
мен қалаймын деңгейінде емес, мен жасай аламын, мен жасау
керекпін деңгейіндегі ересектікке ұмтылы қалыптасады.
Бекітілген-нақты деп аталатын үшінші деңгейінде, 14-15 жасар
жеткіншекте ересектік өмірде тіршілік етуге дайындық қалыптасады, ол
өз мүмкіндіктерін қолдануға, өзін көрсетуге ұмтылыс туғызады, өзін-өзі
анықтау мен өз мүмкіндіктерін жүзеге асыру қажеттілігін күшейтеді.
Демек, жеткіншектік кезеңді оның негізгі көрсеткіші – психикалық
күйінің өзгеруі негізінде зерттеу тек кіші және ересек жеткіншекді
қарастыруға ғана емес, сонымен қатар, олардың деңгейлеп дамуының
күрделі динамикасын ашуға мүмкіндік береді.
Жеткіншектің мінездемесіндегі маңызды құбылыс – оның жаңа
әлеуметтік позициясы – өз менін саналы түрде түсінуі. Бұл өзін-өзі
бағалауда және құрдастарымен, ересектермен қарым-қатынаста жүзеге
асады. Өз тұлғасына көп көңіл бөлушілік, өзінің жекелік қасиеттерін
түсіну мен бағалау қажеттілігі бірнеше шетелдік псхологтармен
біржақты түсіндірілді, олар бұл шынайылықтың шегінен шыққандық көбіне
эгоизм, эгоцентризм, аутизммен қатар жүреді деп түсіндірді. Дегенмен,
жеткіншектің өзін-өзі қадағалау, өзін-өзі бағалау, өзін-өзі жетілдіру
қажеттіліктері жай үстіртін қызығушылық емес және мақсатсыз өз ішкі
дүниесіне үңілу ретінде көрініс бермейді, ол өз жетістіктері мен
кемшіліктерін талдау, өз мақсаты мен іс-әрекетінде ненің дұрыс, ненің
бұрыс екендігін түсінуге ұмтылу, неге қол жеткізіп, неден бас тарту
керектігін ұғыну сияқты моральді қажеттіліктерден туады. Яғни, өзіне
деген қызығушылық тұлға қасиеттері ашыла түсетін өмір мен
әрекеттер қажеттілігінен туады. Жеткіншек жаста көрініс беретін
жалғыз қалғысы келу қажеттілігі туралы айтсақ, ол жалғыздыққа
ұмтылыс емес, ол ойлану мен өз ойларын тұрақтандыру үшін жағымды
жағдайлар жасау қажеттілігінен туындайды. Бұл кезеңде құрдастарымен
қатынасы қиындайды.
Жеткіншек достық қарым-қатынасты қажет етеді, себебі тек достықта
шынайы теңдік болуы мүмкін. Бірақ, бақталастықтың кесірінен дау-
жанжалдар тууы мүмкін. Көбіне жеткіншектер олардың беделі мен өзін-
өзі бағалауына нұқсан келтіретін адамдарға қатысты агрессивтілік
танытады, яғни, психикалық қорғаныс механизмі іске қосылады да, ол
агрессияда көрініс береді. Негізінде мұндай жеткіншектердің өзін-өзі
бағалауы төмен, мазасыздануы жоғары, олар өзіне сенімсіз, шүбәланғыш
келеді.
Жеткіншектер оларға деген ересектердің қатынасына сезімтал
келеді, ересектердің берген бағасы олардың өзін-өзі бағалауына үлкен
әсер етеді. Бұл әсер оң да, теріс те болуы мүмкін.
Мектептегі дау-жанжалдар кейін түзету қажет болатын мінез-құлық
бұзылуларын туғызуы мүмкін, мысалы, мектеп фобиясы оның астарында
мектептен қорқу,сабақтан қашу жағдайында кемсіту мен кекесіннің
болуынан қорқу жатыр. Ал отбасы мен үй оң фактор ретінде
қабылданады , жеткіншек дезадаптациясына себеп болады. Бұған бірнеше
себептер бар: күрделенген психикалық жағдайлар (үйдегі қолайсыздықтар,
ұрыс-керістің орын алуы, дау-жанжалдар т.б.), ата-анасының білімі мен
экономикалық жағдайы. Жеткіншек дезадаптациясына мектептен кету де
себеп болуы мүмкін. Мұндай жеткіншектерде әлеуметтік мінез-құлық пен
жеке тұлғалық бұзылулар орын алуы мүмкін. Оған себеп ретінде тұлға
қалыптасуының бұзылыстары, көңіл-күйдің төмендігіне бейімділік, өзін-өзі
бағалауының төмендігі нәтижесінде өзіне сенімсіздік пен жоғары
деңгейдегі мазасыздану болуы мүмкін.
Ш.Бюллер жасөспірімдік кезеңде 2 фазаны бөлектеп көрсетті: оң
және теріс. Жеткіншектік шақ теріс фазаға жатады, оның сипаттаушы
белгілері: мазасыздану, ашушаңдық, агрессивтілік, мақсатсыз жанжалдар
және физикалық және психикалық мүмкіндіктерге сай келмейтін өзімен
өзі болуға ұмтылыс. Ш.Бюллер пікірінше, бұл фаза қыздарда 11-13
жаста, ер балаларда 14-16 жаста басталады.

1.3 Мазасызданудың дамудағы ауытқулар кезінде көрініс беруінің
себептері мен механизмдері.

Алдыңғы параграфта біз қалыпты дамыған жеткіншектердің
мазасыздануының көрініс беру себептері мен механизмдерін қарастырдық.
Көптеген авторлар атап көрсеткендей, жеткіншек жас кезеңі –
қалыпты бұзылулар кезеңі, дегенмен бұл кезең жүйке-психикалық
ауруларға шалдығумен қиындатылса, эмоционалды мазасызданудың көрініс
беруі қалыпты дамыған жеткіншектермен салыстырғанда өзгеше сипатта
болады.
Дамудағы ауытқулар мәселесі өте күрделі болып табылады, ол тек
психологияны жанап өтпейді, сонымен қатар оның әлеуметтік,
педагогикалық, философиялық және медициналық аспектілері бар.
Дамуында ауытқуы бар балаларды біз психиканың эмоционалды жағын
зерттеу контекстінде қарастырамыз.
Негізгі ұғымдарды анықтап талдайық: психикалық дамудың
кешеуілдеуі, сөйлеудің қарқыны, ырғағы және жатықтығының бұзылуы,
олардың қалай сипатталатынын анықтап, осы күйді бастан кешетін
жеткіншектердің эмоционалды аумағын қарастырайық.

1.4 Психикалық дамуы кешеуілдеген жеткіншектердің эмоционалды
аумағының мінездемесі.

Балалар дамуының ерекше аномалиясы ретінде психикалық дамудың
кешеуілдеуін кешенді зерттеу кеңес дефектологиясында 60-жылдары етек
жайды (Т.А.Власова, В.М.Астапов, Н.С.Певзнер, В.М.Лубовский т.б.).
Психикалық дамуы кешеуілдеген балалардың психикалық дамуының
ерекшеліктері мәселесінің теоретикалық аспектісін жасау қажеттілігі
дамудың өзге аномалияларымен салыстырғанда, сонымен қатар біздің
ойымызша қалыпты дамыған балалармен салыстыру психологиялық және
педагогикалық тәжірибенің қажеттілігімен шарттандырылған.
Психикалық дамуы кешеуілдеген балалар туралы клиникалық
ақпараттар мен олармен жүргізілетін коррекциялық жұмыстарды
ұйымдастыруға жалпы нұсқаулар Т.А.Власова мен Н.С.Певзнердің
Дамуында ауытқуы бар балалар туралы кітабында мұғалімдерге көмек
ретінде берілген.
Соңғы жылдардағы психикалық дамуыдың кешеуілдеуін қарқынды және
жоспарлы зерттеу құнды ғылыми ақпараттар алуға жол ашты, бұл
зерттеулер нәтижелері бастауыш, орта, жоғары сынып оқушылары
арасындағы үлгерімі төмен оқушылар құрамы әр түрлі екенін көрсетті.
Олардың үлгермеушілігінің пайда болу себептері түрлі, сонымен қатар
психикалық дамудың теріс тенденцияларының орнын басу мүмкіндігі де
түрлі. 6-8 жастағы балаларды зерттегенде профилактика мен коррекция
жүргізу үшін бұл мүмкіндіктерді ескеру қажет.
Психикалық дамуы кешеуілдеген балалар бірнеше белгілермен
сипатталады да, олар бұл күйді педагогикалық қолдан жіберіп алушылық
пен олигофрениядан ажыратуға мүмкіндік береді: оларда жекелеген
анализаторлардың бұзылулары жоқ, олардың ақыл-ойы дамымаған емес,
дегенмен жалпы бұқаралық мектепте үлгерімі нашар, оның себебі –
полиморфты клиникалық симптоматика – мінез-құлықтың күрделі
формаларының, тез шаршау, әлсіреу және жұмысқа қабілеттіліктің
төмендеуінің кесірінен мақсатқа бағытталған іс-әрекетердің
есеймегендігі. Бұл симптомдардың патологиялық негізі болып кеңес
ғалымдарының, клиницисттердің және психологтардың зерттеулері
көрсеткендей орталық жүйке жүйесі бастан кешкен органикалық ауру
табылады (Т.А.Власова, Н.С.Певзнер, К.С.Лебединская, В.М.Лубовский т.б.).
Бала ауырған орталық жүйке жүйесінің органикалық ауруы және одан
қалған белгілер (орталық жүйке жүйесінің резидуалды органикалық
жетіспеушілігі) мидың қандай да бір жүйелерінің қызметтерінің
бұзылуларына патологиялық негіз болып табылады, әсіресе, маңдай
бөлімдерінің.
Бұл ойды бірінші болып Н.С.Певзнер айтты. Кеңестік мамандардың
одан кейінгі зерттеулерінде бұл ой дәлелденді. Ми қабатының
қызметінің нашарлауы психикалық дамудың парциальді бұзылуларына,
танымдық әрекеттердің қалыптасуының бұзылуына алып келеді. Ми
қызметінің парциальді бұзылуларында психикалық дамудың мүмкіндіктері,
ойлаудың абстракциялау мен жалпылау қызметтері олигофреник балалармен
салыстырғанда көбірек маңызды болуы мүмкін. Бірақ бізді психикалық
дамуы кешеуілдеген балалардың эмоционалды-еріктік аумағы, оның
психикалық дамуы кешеуілдеген балаларда көрініс беруі көбірек
қызықтырады. Танымдық қабілеттіліктің дамуындағы қиындықтармен қатар
энцефалопатиялық синдромдар – гиперактивтілік, импульсивтілік, сонымен
қатар үрей, агрессия т.б. көрініс беруі мүмкін, ол да орталық жүйке
жүйесінің органикалық жетіспеушілігі туралы хабар береді. М.С.Певзнер
жүргізген зерттеулер психикалық дамуы кешеуілдеген балалардың негізгі
көрсеткіш симптомдары эмоционалды-еріктік аумағының дамымағандығы,
инфантилизм екенін көрсетті. Бұл симптомдардың өзге симптомдармен
қатынасы дамудың кешеуілдеуінің өзге клиникалық нұсқаларын бөліп
көрсетуге негіз болады.
Дамудың кешеуілдеуінің бірінші формасы тек эмоционалды-еріктік
аумағының дамымағандығымен және сонымен қатар сөйлеу қызметі мен
танымдық қабілетінің жеткілікті деңгейде дамығандығымен сипатталады.
Екінші формасында танымдық қабілетінің дамымағандығы қатар жүреді.
Үшінші формасында психофизикалық инфантилизм танымдық қабілеттің
дамымағандығымен қоса, нейродинамикалық бұзылыстармен күрделенеді.
Төртінші формасы эмоционалды-еріктік аумағы және де танымдық
қабілетінің, сонымен қатар, сөйлеу қызметінің дамымағандығымен
сипатталады, бұл жіктеуді У.В.Ульянова ұсынды. Өзге авторлардың
ойынша, психикалық дамудың кешеуілдеуінің анықтаушы симптомы болып
тек эмоционалды-еріктік аумағы табылады, және тек интеллект
бөлшектері сақталған жағдайда. Т.Е.Сухарева, Т.А.Власова, Н.С.Певзнер,
Е.С.Иванов және т.б. авторлардың пікірінше, церебральді астения,
аффектке жақындық, психологиялық бұзылулар тек жұмысқа қабілеттілікті
төмендетіп қоймай психикалық дамудың кешеуілдеуі кезінде танымдық
қабілеттіліктің бұзылуын тереңдетіп, психикалық дамудың кешеуілдеуінің
пайда болуына негізгі себеп рөлін ойнауы мүмкін.
Сонымен, психикалық дамудың қатты кешеуілдеуінің органикалық
табиғаты бар. Көптеген авторлар бұл патологияның пайда болуының
негізгі себептерін атап өтті, оған жататындар: жүктілік патологиясы,
тума пайда болатын аурулар, сырқаттар, шала туылу, асфиксия, ерте
постнатальді аурулар. Көптеген авторлардың ойынша (К.С.Лебединская,
И.Ф.Марковская, Т.И.Самодумская т.б.) психикалық дамуы кешеуілдеген
балаларда ең алдымен интеллектуалды функциялар бұзылысқа ұшырайды,
эмоционалды аумағының қауіптілігі, сонымен қатар, денесінің
есеймегендігі баланың жағдайын одан бетер қиындатады.
Психикалық дамуы кешеуілдеген балалардың клиникалық ерекшеліктері
туралы белгілі ғылыми ақпараттарды пайдаланып бұл күйдің бірнеше
түрін бөліп көрсетеді. Психикалық инфантилизм (эмоционалды жетілмеген
балалар), астеникалық күйлер (ұзаққа созылатын) жеңіл түрлері болып
табылады. Осы түрде психикалық дамуы кешеуілдеген балаларда алғашқы
бұзылулар (немесе ерте кезеңде постнатальді дамудың төмендеуі) ең
алдымен жалпы қалыптасу қарқынының, эмоционалды-еріктік реакциясының
бұзылуы, осы негізде жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі, тез шаршау,
зейін мен естің аритмиясы, сыншылдықтың жоқтығы пайда болуы мүмкін.
Бұл психиканың ерекшеліктері балалардың оқуына теріс әсерін тигізбей
қоймайды. Бұл балалар жалпы бұқаралық білім беретін мектепте
оқытылады, бірақ педагогтың жеке көмегінің арқасында.
Ми қабатының жеке қызметтерінің жетіспеушілігімен байланысты
танымдық қабілеттіліктің алғашқы бұзылуларымен сипатталатын
психикалық дамудың кешеуілдеуі (бұл балаларда интеллектуалды,
эмоционалды-еріктік аумағы және де нейрофизиологиялық және көбіне
соматикалық дамуында ахау пайда болуына негіз бар) ең күрделі түрі
болып табылады. Бұл балалар психикалық дамуы кешеуілдеген балаларға
арналған арнайы мектептерде білім алады.
Отандық дефектологтар педагогикалық тұрғыда қараусыз қалған
балаларды психикалық дамуы кешеуілдеген балалар санатына жатқызбайды,
дегенмен ұзақ мерзімді ақпарат жетіспеушілігі, сензитивті кезеңде
психикалық түрткілердің жоқтығы баланың даму мүмкіндіктерінің
төмендеуіне алып баруы мүмкін. Мұндай балалар да жалпы білім
беретін мектептерде білім алады. Г.Е.Сухарева 10 психикалық
тұрақсыздық ұғымын бөліп қарастырады, бұл ұғымның астарында ерік
күшінің жоқтығы, еріктің әлсіздігі, сенгіштік жатыр, яғни мінез-құлқы
тұрақсыз жеткіншектер. Ол психикалық дамуы кешеуілдеген балаларды
аффективті-еріктік аумағының жеткіліксіз есейгендігімен сипаттайды.
Тұрақсыз тұлғалардың даму динамикасын талдай келе Г.Е.Сухарева
олардың әлеуметтік бейімделуі олардың өздеріне емес қоршаған ортаның
әсеріне тәуелді деген ойын айтты. Бір жағынан, олар – көнгіш және
импуьсивті, екінші жағынан – еріктік әрекетінің жоғарғы формаларының
есеймегендігі, қиындықтарды жеңуге бағытталған әлеуметтік-құпталған
тұрақты өмірлік стереотиптерді қалыптастыруға қабілеттіліктің жоқтығы,
қарсы тұруға бейімсіздік, өзіне шек қоюдың қалыптаспауы, қоршаған
ортаның теріс әсерін тез қабылдау. Бұл қасиеттер сыншылдықтың төмен
деңгейі, есеймегендік, жағдайды тиесілі деңгейде бағалауға
қабілеттіліктің жоқтығын сипаттайды, ал нәтижесінде психикалық дамуы
кешеуілдеген балаларда мазасыздану болмайды.
Г.Е.Сухарева психикалық тұрақсыздық ұғымын жеткіншектердің
мінез-құлық бұзылыстарына қатысты қолданады, ол бұл ұғымның астарында
жоғары көнгіштіктің кесірінен өз мінез-құлық бағдарын қалыптастыру
мүмкіндігінің жоқтығы, өз әрекеттерін рахат алу эмоциясымен басқаруға
бейімділік, ерік күшін пайдалануға қабілетсіздік, еңбек әрекеттерін
жүйелі орындауға қабілетсіздікті түсінеді және де аталған
ерекшеліктермен байланысты – тұлғаның жыныстық есеймегендігі, мұның
барлығы моральді-адамгершілік ұстанымдардың әлсіздігі және
тұрақсыздығында көрініс береді. Г.Е.Сухареваның психикалық тұрақсыздық
түрі бойынша аффективті аумағы бұзылысқа ұшыраған жеткіншектермен
жүргізген зерттеулері келесідей нәтижелер берді: мұндай жеткіншектер
моральді тұрғыда есеймегендікпен, парыз және жауапкершілік
сезімдерінің жоқтығымен, өз талап-тілектеріне шек қоюға
қабілетсіздікпен, мектеп тәртібіне қарсылықпен және қоршаған
адамдардың жағымсыз мінез-құлық түрлеріне көп еліктеушілікпен
сипатталады.
Қорытындылай келе келесідей нәтижелер шығаруға болады. Психикалық
дамуы кешеуілдеген жеткіншектер қызығушылықтың тежелуі бойынша
психикалық тұрақсыздықпен, мінез-құлық бұзылуларымен сипатталады.
Бұзылулардың мұндай түрлері бар жеткіншектерді эмоционалды-еріктік
есеймегендігінің белгілері, парыз бен жауапкершілік сезімінің, ерік
күштерінің, интеллектуалды қызығушылықтың жетіспеушілігі, ара қашықтық
сезімінің жоқтығы, түзетілген мінез-құлық пен инфантильдік сипаттайды.
Үстіртін эмоционалдылық дау-дамайды жағдайларға алып барады,
оларды шешу үшін балаға өзін-өзі қадағалау мен өзін-өзі талдау
жеткіліксіз болады. Қарым-қатынастағы қамсыздық теріс әрекеттердің
нәтижесінде көрініс береді, сонымен қатар, балада жағдайдың қиындығы
мен күрделілігін бағалау жеткіліксіз болады. Жеткіншектер оңай уәде
беріп, оны оңай ұмытып кетеді. Олардың оқудағы сәтсіздіктеріне
қатысты уайымдары жоқ. Ал оқуға қызығушылықтың әлсіздігінен аула
ойындарына, қимыл және дене жаттығуларына қажеттілік туады. Ер
балалар ашуланшақтыққа, қыз балалар көз жасына бой алдырғыш келеді.
Қыз балалар да, ер балалар да өтірік айтуға бейім болады, себебі
ол өзін-өзі бекітудің есеймеген түрінің әдістеріне жатады.
Жеткіншектердің бұл тобына тиесілі инфантильділік көбіне церебро-
органикалық жетіспеушілік, қимылының тежелгендігі, қыңырлығы, жақсы
көңіл-күйдің эйфориялық көрінісі, анық вегетативті құрамымен бірге
жүретін аффективті шабуылдар, көбіне бастың ауруымен жалғасатын
еңбекке қабілеттіліктің төмендеуі, қатты шаршап-шалдыққыштықпен
сипатталады.
Сонымен қатар, мұндай жеткіншектердің өзін-өзі бағалау деңгейі
жоғары, мазасыздану деңгейі төмен, қызығушылықтар деңгейі қалыпты
емес, жетістіктеріне реакциясы әлсін, сәттіліктерді үлкейтіп
қабылдайды.
Демек, бұл топ жеткіншектері оқуға мотивациясы жоқтығымен
сипатталады, ал ересектердің беделін мойындамау біржақты есейгендікпен
және сонымен байланысты ересек жасқа тиесілі өмір сүру жағдайына
қызығушылықпен қатар тұрады.

.2 Сөйлеуінің қарқыны, ырғағы және жатықтығында бұзылысы бар
жеткіншектердің эмоционалды аумағының мінездемесі.

Қазіргі таңда көптеген зерттеулердің арқасында сөйлеудегі
бұзылулар мен тұтығудың пайда болу көздерінің табиғатына белгілі
көзқарастар қалыптасты. Дегенмен, тәжірибелік жұмыстар санының
көптігіне, белгілі теоретикалық тұжырымдар мен түрлі болжамдардың
барлығына қарамастан, осы күнге дейін бұл ахаудың пайда болу
себептері мен орталық механизмдерін түсіндіретін толық мәліметтер
мен нақты болжамдар жоқ.
Сөйлеудің бұзылулары мәселесімен А.Р.Лурия, Н.И.Жинкин айналысқан,
олардың ойынша тұтығу кезінде сөйлеу жүйесінің өзін-өзі реттеу
қызметі бұзылады. Бұл ойды кейінірек В.М.Васильев, Шкловский,
А.Г.Воронин, Ю.Б.Некрасова т.б. растады.
Л.З.Арутюнян 3 пікірі бойынша, Тұтығу – сөйлеудің жатықтығы
бұзылып, қалтырауында көрініс беретін, клиникалық және этиопатологиялық
қатынаста түрлі болып келетін аурулардың симптомы.
Кейде тұтығатын адамдардың сөйлеуінде спазматикалық баяулық
болмайтын жағдайлар кездеседі, ол жағдайлар адам жеке қалғанда, қарым-
қатынастан тыс кездерде болады. Сөйлеудің қалтырауы әдетте белгілі
бір эмоционалды күйлер – жекелік және ситуативті үрей барысында
пайда болады. Ол есту каналындағы кері байланыстың бұзылуымен
түсіндіріледі. Тұтығу барысындағы сөйлеудің қалтырауының пайда болуы
табиғи сөйлеу циклінің ішкі синхрондығының бұзылуынан болады, ол
кері байланыстың сигналдарын беру мен өңдеудің қажуынан пайда болуы
мүмкін.
Тұтығудың бастапқы кезеңін қарастырайық, яғни, сөйлеудегі
қалтыраудың алғаш пайда болуы мен бекітілуін қарастырайық.
Л.З.Арутюнян Тұтығу – балалар сырқаты деп өз пікірін айтқан.
М.Е.Вингейттің ойынша, 84 %-дан көп жағдайларда тұтығу 6 жасқа
дейінгі балаларда бастау алады. Бұл ойды Г.А.Волкова растайды, оның
ойынша, балалардың тұтығуы жекелік және мінез-құлықтық бұзылулармен
тығыз байланыста дамиды, және де баланың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеткіншектердің психологиялық даму ерекшеліктері
Аффект сипаты, оның негіздері
Мектеп-интернаттағы оқушылардың мазасыздану ерекшеліктерін анықтау
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ МАЗАСЫЗДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ТЕОРИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
Қорқыныш сезімінің психологиялық ерекшеліктері
Интернат оқушыларының тұлғалық мазасыздану ерекшеліктерін қарастыру
Жасөспірімдік шақ психологиясы
Жеткіншек жастағы мазасызданудың психологиялық ерекшеліктері
Девиантты мінез - құлықты жасөспірімдердің психологиялық ерекшеліктері
Жеткіншектердің қабілетін дамыту жолдары, психологиялық ерекшеліктері
Пәндер