ЖАНҰЯ МӘСЕЛЕСІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3-4

І ТАРАУ ЖАНҰЯ ТӘРБИЕСІНДЕ ТҰЛҒААРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ
МӘСЕЛЕЛЕРІ

1.1 Жанұя мәселесінің психологиялық –педагогикалық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5-7
1.2 Жанұядағы тұлғааралық қарым-қатынастың
қалыптасу ерекшеліктері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ..8-10
1.3 Жанұя қарым-қатынасындағы негізгі бағыттары ... ... ... ... ... ..11-14

ІІ ТАРАУ ЖАНҰЯ ТӘРБИЕСІНДЕ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫН ТӘЖІРИБЕЛІК
СЫНАҚТАН ӨТКІЗУ

2.1 Жанұяда қарым-қатынастың қалыптасуын
анықтау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15-17
2.2 Жанұяда қарым-қатынасты түзету жаттығулар
ын жүйелеу және қолдану
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... .17-27
2.3 Жанұяда қарым-қатынас нәтижесін
жинақтау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28-30

ІІІ.ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31-32

IV.ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... .33-34

V.
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .35-36

КІРІСПЕ
Жанұя баланың ең жақын әлеуметтендіру ортасы. Осы ортада баланың өмірдің
мақсаты, оның құндылықтары, не біліп, өзін қалай ұстау керектігі туралы
алғашқы мағлұматтар меңгеріледі және онда басқалармен қарым-қатынас
орнатуға дағдыланады. Сөйтіп, өзінің кім және қандай екенін,
басқалардың кім және қандай екенін тәжірбиеде сынап байқап көреді.
Балар отбасында әртүрлі жағдаяттар мен төтенше ахуалдарда өзін ұстаудың
нормаларын, мінез-құлқын реттеудің өлшемдерін меңгереді. Жанұя
психологиясын зерттеушілер А.Г.Харчев, А.Н.Антонов, З.И.Файнбург,
Д.Горборинко оның функцияларын ата-ананың үгіт-насихаты, түсіндіруі,
олардың үлгі-өнегесі, үйдегі ахуал, отбасының психологиялық тынысы арқылы
балалардың әдеті, мінез-құлқы, жақсы-жаманды бағалау уәзіндері (критерий)
қалыптасуымен бірге қандай қылықтары үшін сөгіс алып, не үшін
жазаланатынын, әділдік пен адалдық үғымдарын меңгереді деген тұжырымдар
жасады.
Қазақстан Республикасының Конститутциясында балаларына қамқорлық
жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы деп,
отбасының міндеті нақты көрсетілген.
Қазақстан-2030 бағдарламасында балаларымызды алыс болашақта қандай
сапада көруіміз керектігі айтылған. Сонымен бірге, отбасы туралы заң жоғары
және орта білім тұжырымдамасында әрбір отбасына өзінің ұрпағын тәрбиелеп,
қатарға қосу міндеті жүктелген.
Қазіргі заманда отбасының құрылымы өзгеріп, оның мүшелер саны азайып,
бала саны да кеми түсті. Қоғамдағы әлеуметтік, мәдени экономикалық
жаңғырулар, әр түрлі сипаттағы әлемдік деңгейдегі ақпарат алмасу, отбасы
мүшелерінің арасындағы қарым-қатынас сипатына да өз әсерін тигізіп отыр.
Қазіргі аналардың көпшілігі жұмыс жасайтын болғандықтан бала уақытының
көбін пассивті тәрбиешілермен өткізеді. Бала тәрбиесі қалалық отбасына тән
болып отырған келесі ерекшеліктерімен шартталған: балалардың көбісі күннен
күнге ұлғайып отырған айырылысулардың нәтижесінде әкесіз немесе анасыз
өседі; теледидар, жеке бөлме т.с.с. өркениеттің жетістіктері балалар мен
олардың ата-аналарының арасындағы қарым-қатынас процесін қиындатады.
Зерттеу мақсаты: жанұяда тұлғааралық қарым-қатынасты қабылдаудың
психологиялық аспектілерін теориядлық жағынан негіздеп және қарым-қатынаста
орын алатын қақтығыс жағдайлардың теріс әсерін төмендету жолдарын анықтау.
Зерттеу обьектісі: жанұяға психологиялық қызмет көрсету.
Зерттеу пәні: жанұяға тұлғааралық қарым-қатынасты қабылдаудың
психологиялық аспектілерінің ерекшелігін зерттеу.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер де, отбасындағы тұлғааралық қарым-
қатынастың демократиялық стилі үлкендер жағынан дұрыс бағытта қолданылса,
қарым-қатынастың әлеуметтік-моральдық деңгейінің ерекше түрі - құрбы-
құрдастық және достық қатынас маңызды роль атқаратындығын ескеріліп, оған
қолдау көрсетілсе, онда отбасында тұлғааралық қатынасты дұрыс қабылдау орын
алады.
Зерттеу міндеттері
1. жанұяда тұлғааралық қарым-қатынасты қабылдаудың психологиялық
ерекшеліктер жанұяда тұлғааралық қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттеу
әдістемелерін жинақтау.
3. жанұяда тұлғааралық қарым-қатынасты қабылдаудың ерекшеліктерін
айқындау экспериментін жүргізу.
4. жанұяда тұлғааралық қарым-қатынасты қабылдаудың психологиялық
көрсеткіштерін коррекциялау жаттығуларын пайдалану.
5. жанұяда тұлғааралық қарым-қатынасты қабылдаудың психологиялық
аспектілері бойынша жүргізілген зерттеулерді қорытындылау, психологиялық
ұсыныстар жасау.
Зерттеу әдістері: 1. Теориялық, әдістемелік әдебиеттерді және құжаттарды
талдау әдісі. 2. Айқындау және қайта құру эксперименті. 3.
Психодиагностикалық әдістемелер: Отбасылық қобалжуды анықтау сұрақна
масы. “Ата-ана мен бала өзара қатынасы”, “Рене Жиль” әдістемесі,
“Қажеттілік базасы” әдістемесі, Отбасында эмоционалды қатынасты анықтау,
ПЭА (түсіністік, эмоционалдылық және беделдік) сауалнамасы.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері - жанұяда тұлғааралық
қарым-қатынас қалыптасуына берілген теориялар, пікірлер мен тұжырымдар
(А.Г. Харчев, Б.Г. Ананьев, В.В. Драгунова, И.С. Кон, Э.Берн және т.б.),
психиканың онтогенезде дамуы мен тұлғааралық қатынас қалыптасуы жайлы
Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, С.Л. Рубинштейн, З.Г. Ананьев, Д.Б. Эльконин
т.б. ғалымдардың еңбектерінде қалыптасқан психикалық даму теориялары,
жеткіншек жасының ерекшеліктерін зерттеген В.В Драгунова, И.С. Кон, В.В.
Столин қағидалары, Э.Берннің трансактілік талдауы, С.М.Жақыповтың,
Қ.Б.Жарықбаевтың бірлескен диалогты танымдық іс-әрекет тұжырымдары,
жеткіншектердің психикалық даму мәселелеріне қатысты Қазақстандық
зерттеулердің теориялық негізі мен мәнділігін (С.М. Жақыпов, Қ.Б.Жарықбаев,
В.К.Шабельников, Ж.Ы.Намазбаева) құрайды.

І бөлім. ЖАНҰЯ ПСИХОЛОГИЯСЫНДА ТҰЛҒААРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ
ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

1.1. ЖАНҰЯ МӘСЕЛЕСІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Жанұя - адамның эмоциясы, уайымы, көзқарасы мен қатынасынымен
байланысты емес, ол - ерекше феномен. Жанұя феноменінің бір жолы оның
құрылымын, тарихи уақыт талабына сай өзгеруін және бір отбасының өмірлік
циклын логикалық түсіндірілуі. С.И.Голод (1998) пікірінше отбасы
феноменінде құрылымдық өріс ерлі-зайыптылар және ата – ана мен бала
қатынасы деп қарастырады. Жанұя –неке негізінде немесе қан жағынан туыстас
шағын топ, олар өзара көмек көрсету, жауапкершілік алу және тұрмыстық
жалпылылықта байланысады (Эйдемиллер, Э.Г.Юстицкий В.В., 1990). Жанұя
балаға ықпал етеді, оны қоғамдық өмірге жетелейді. Отбасының тәрбие
институтты ретінде маңызы онда бала өз өмірінің маңызды бөліктерін
өткізеді және де тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ету ұзақтығы жағынан
басқа тәрбие институттарына бой бермейді деп көрсетті Шужебева А.И өз
зерттеу жұмысында [2,21].
Терең тұлға аралық қатынастарды реттеу механизмдеріне арналған
жұмыстарды талдауда шетелдік ғалым Э.Фромм және ресейлік ғалым М.И Лисина
ол өзіміздің қазақстандық ірі ғалымдардың бірі С.М.Жақыповтардың қойылған
мәселені толығымен шешуге мүмкіндік берді. Біріншіден, отбасы жағдайында
бірлескен іс-әрекетті орындау барысында жеткіншектердің құндылықты-
мағынылық құрылымдардың қалыптасу жағдайларын нақтылауға мүмкіндік
берілді.
Екіншіден, жеткіншектердің тұлғалық дамуында ауытқулардың пайда
болуының отбасы ішіндегі алғышарттарын анықтауға мүмкіндік береді.
Зерттеудің методологиялық бағытына қарай жеткіншектерге отбасы ішілік
құндылықтарды беру процесі, отбасы мүшелнрі арасындағы бірлескен әрекет
пен эмоцияның өзара байланыстардың үйлесімділік механизмдерін қолдануға
негізделеді [4,10].
А.Б.Харчев берген отбасы ұғымына түсініктеме неғұрлым жалпылама болып
табылады: Отбасы денелік өмір мен әлеуметтік ағза өмірінің арасында
байланыстырушы звено болып табылады.
Қазіргі таңда отбасы қызметінің ортақ топтамасы немесе жіктемесі жетік
түрде толық жасалмаған. Мысалға, Г.М.Свердлов және В.Л.Ресенцев (1958)
отбасының маңызды қызметтеріне ұрпақ жалғастыру, тәрбиелеу, шаруашылық
және өзара көмек көрсету қызметтерін айтады.
Э.К.Васильева (1981) өз зерттеулерінде отбасы қызметінің үш тобын
қарастырады:шаруашылық-экономикалық , генеративті тәрбиелік, мәдени,
репродукциялық. С.Д.Лаптеноктың пікірінше, (1967) отбасының маңызды
қызметтеріне шаруашылық –тұрмыстық, халықтың көбеюі, өз мүшелерінің
демалысын ұйымдастыру, тәрбиелік жатады.
70-шы жылдары басты назар отбасындағы қарым-қатынас пен оның тұлға
қалыптасу процесінде алатын орны туралы Б.П.Парыгин, А.Г.Харчев. Ол әйел
адамның кәсіби іс-әрекетімен отбасы жағдайындағы міндеттерін үйлестіре
білу сипаты және де отбасы өміріне қалай ықпал етеді деген тақырыптарда
С.Голод, З.Янкова т.б. зерттеді.
З.И.Файнбург отбасындағы эмоциялық жағдайлар, олардың отбасы ішілік
қатынастың тұрақтылығына ықпалы,отбасының тұрақтылық жағдайы туралы
Ю.Г.Юркеевич отбасы мүшелері арасында қысымның бөлу себептерін және
А.М.Уматинов және т.б. зерттеді.
70-шы жылдардың аяғына қарай отбасы мен неке психологиясында неке
жұптарындағы әлеуметтік-перцептивті үрдістерді зерттеп, анықтаған
Ю.Е.Алешина, қалалық отбасыларда некелік рольдерді бөліп беруді,
З.И.Янкова және т.б. қарастырды. Жанұя ішіндегі қарым-қатынастың даму
заңдылықтарын саналы түрде түсіну талпыныстары жасалды,зерттегендер
мысалға А.А.Бодалев, Н.Н.Обозов және т.б.
Соның қарым-қатынасындағы маңызды обьект бала. Бала қай жас ерекшелік
кезеңінде болмасын, ол әрдайым отбасының яғни ата-ананың қамқорлығын қажет
етеді.Сол кезеңнің бірі яғни бала өміріндегі толқымалы кезең жеткіншектік
кезең.Жеткіншектік кезеңді қазіргі зерттеулер оның әртүрлі аспектілерін
қамтиды: тұлға дамуының негізгі көздері мен механизмдері туралы зерттеген
ғалымдар Фельдштейн Д.Л,Кондратьев және т.б. тұлғалық жаңа құрылымдардың
ерекшеліктері туралы шетелдік ғалымдардан Кон И.С. Дубровина зерттеді,ол
жас ерекшелік дағдарысының құрылымын зерттегендер Гаврилова Г.П.,
Драгунова Т.В. және т.б, ал танымдық эмоциялық –еріктік және мінез-
құлықтың ерекшеліктерін Кучинский,жеткіншектегі өзіндік сананың құрылымы
мен қызметі туралы Баруалкина В.В.тұлғаның анамальды даму механизмдері
туралы Дозорцева Е.Г сияқты ғалымдар зерттеді. [7,5]
Жеткіншектерді зерттеуге психология ғылымындағы базалық теориялар мен
концепциялар негізге алынады. Психиканың онтогенезде дамуы мен тұлғаның
қалыптасуы жайлы Л.С Выготский мен А.Н. Леонтьевтің ғылыми мектебінде
қалыптасқан психикалық даму теориялары жеткіншек жасының ерекшеліктерін
зерттеген негізгі жұмыстар және жеткіншектердегі тұлғаның дамудағы өзіндік
сана сезімдерді зерттеген концепциялары Э.Берннің транактілік талдауы,
С.М. Жақыповтың бірлескен диалогты танымдық іс-әрекет концепциясы
зерттеудің методологиялық-теориялық негізін құрады.
Жеткіншектердің агрессиялық мінез-құлқын зерттеген жұмыстар зерттеудің
теориялық мәнділігін негіздеді. Оларға Н.Д.Левитов, Л.И.Божович және т.б.
Жеткіншектердің психикалық даму мәселелеріне қатысты Қазақстандық
жұмыстар зерттеудің теориялық негізі мен мәнділігін құрады. Жеткіншектер
жайлы қазақстандық мына ғалымдар зерттеді:С.М.Жақыпов, Қ.Б.Жарықбаев т.б.
[8,5]
Ал басқа да қазақстандық ғалымдардың зерттеулеріне үңілсек, Елубаева
С.Б. қазіргі қазақ жеткіншектердің өзіндік бағалаулары мен этностық
сәйкестік пен өзіндік бағалауларының психологиялық ерекшеліктері
зерттелінген. Бұл зерттеу нәтижесінде қазіргі замандағы жеткіншектердің
өзіндік бағалау құрылымын ересек алдыңғы толқын жеткіншектердің өзіндік
бағалауымен салыстырғанда этностық сәйкестіктің компоненттері мәнді түрде
азаяатыны анықталды,өзіндік бағалаудың жалпы құрылымында түсінуі өзін
білу және ұйымдасқандық сияқты сапалар бірінші орынға шықты.
Күнсләмова Т.К. өз зерттеу жұмысында жеткіншектердегі агрессиялық
мінез-құлықты өзіндік сана сезімдерді құрайтын негізгі компоненттері
өзіндік бағалау және өзіндік реттелу мен өзара байланыста қарастырған.
Педагогикалық-психологиялық көп қолданылатын психокорекциялық жұмыстарға
негізделген топтық оқыту әдісі,яғни психологиялық-педагогикалық тренингтер
арқылы жеткіншектердегі агрессиялық мінез-құлықты азайту мен оның өзіндік
бағалау мен өзара байланыс ерекшеліктері жан-жақты зерттелген. Зерттеу
жұмысында белгілі ғалым Э.Берннің трасактілік талдау концепциясы арқылы
жеткіншектердегі эго күйлердің белсендірудің негізінде олардағы
агрессиялық мінез-құлықты өзгертудің психологиялық ерекшеліктері
қарастырылады.Жұмыста экспериментік топтың сыналушылары полигон балалары
деп аталатын әлеуметтік статусы бар жеткіншектер болды,яғни радиациялық
былғанған аймақтардағы балалардың агрессиялық мінез-құлық ерекшеліктері
теориялық-эксперименттік зерттеу барысында зерттеледі. Зерттеуде
жеткіншектердің өзіндік бағалау, өзіндік реттелу эго күйдің
белсендендірілуі мен агрессиялықтың өзара байланысын психологиялық-
педагогикалық тренинг арқылы зерттеу және агрессиялықты азайту үшін
психокорекциялық жұмыстардың мүмкін жолдарын көрсетті [10,3].
Айдарбеков Қ.А. (Развитие диалогической структуры самосознания у
подростков во внутрисемейных взаймодествиях) зерттеу жұмысында жеткіншек
жастағы тұлғалық жекелік-вариациялық даму механизмдерін анықтауға
бағытталған. Осы мақсатта жеткіншектің өмірлік әрекетін неғұрлым
байланыстырып отыратын жаңа тұлғалық құрылымдардың кезекті психологиялық
талдауы жүргізілген. Осы байланыстағы негізгі мәнділік жеткіншек жастағы
тұлғалық жаңа құрылымдардың психологиялық мазмұнының іздестіру мен үлгісін
жасау болып табылады,ал жеткіншектерді жаңа әлеуметтік қатынастарының жаңа
деңгейге өтуін қамтамасыз етеді.
1.2. АТА-АНА МЕН ЖЕТКІНШЕУ АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ ҚАЛЫПТАСУ
ЕРЕКШЕЛІГІ
Жанұя әлеуметтенудің алғашқы сатысы, мұнда пікірлер, көзқарастар,
құндылықтар мен мінез-құлықарды меңгере бастайды. Дәстүрлі отбасылар сияқты
кеңейтілген отбасылар да әлеуметтік жүйе болып табылады, онда әрбір отбасы
мүшесі басқа мүшелеріне тікелкй және жанама түрде ықпал ете алады. Отбасы
жағымды ата-аналар бірлестігін, бір-бірін қолдаушы ата-аналар күшін құрай
алатын болса, балалар неғүрлым жақсы тұрады.
Жанұя сонымен қатар дамушы әлеуметтік жүйе болып табылады. Қоғамдық және
мәдени ортаға енетіндіктен, барлық болып жатқан жағдайлар отбасының қызмет
атқаруына ықпал етіп отырады. Отбасына әсер ететін әлеуметтік өзгерістерге,
жалғызбасты ересектердің көпшілігі, неғұрлым кеш некеге тұру; туылудың
азаюы; әйел адамдардың жұмысқа араласуы; толымсыз отбасылар және аралас
отбасылар және де кедейлік жағдайда өмір сүріп жатқан отбасылар баршылық.
[23,17]
Жанұя -нақты өмірлік құндылықтарды, түсініктерді, қоғаммен өзара
қатынаста бағыттар бірлігін білдіретін адамдар бірлестігі, мәдени
бірлестік. Дәл осы қызметтердің сипаты бірлестігі,мәдени бірлестік. Дәл осы
қызметтердің сипаты некенің мазмұны, формалары және тұрақтылық
критерийлерін болжайды. Отбасы психологиялық ерекшеліктерден тұратын шағын
топ ретінде әлеуметік психологияның зерттеу нысаны болып табылады.
Жанұя әлеуметтенудің алғашқы сатысы, мұнда пікірлер, көзқарастар,
құндылықтар мен мінез-құлықарды меңгере бастайды. Дәстүрлі отбасылар сияқты
кеңейтілген отбасылар да әлеуметтік жүйе болып табылады, онда әрбір отбасы
мүшесі басқа мүшелеріне тікелкй және жанама түрде ықпал ете алады. Отбасы
жағымды ата-аналар бірлестігін, бір-бірін қолдаушы ата-аналар күшін құрай
алатын болса, балалар неғүрлым жақсы тұрады.
Жанұя сонымен қатар дамушы әлеуметтік жүйе болып табылады. Қоғамдық және
мәдени ортаға енетіндіктен, барлық болып жатқан жағдайлар отбасының қызмет
атқаруына ықпал етіп отырады. Отбасына әсер ететін әлеуметтік өзгерістерге,
жалғызбасты ересектердің көпшілігі, неғұрлым кеш некеге тұру; туылудың
азаюы; әйел адамдардың жұмысқа араласуы; толымсыз отбасылар және аралас
отбасылар және де кедейлік жағдайда өмір сүріп жатқан отбасылар баршылық.
[23,17]
Жанұя -нақты өмірлік құндылықтарды, түсініктерді, қоғаммен өзара
қатынаста бағыттар бірлігін білдіретін адамдар бірлестігі, мәдени
бірлестік. Дәл осы қызметтердің сипаты бірлестігі,мәдени бірлестік. Дәл осы
қызметтердің сипаты некенің мазмұны, формалары және тұрақтылық
критерийлерін болжайды. Отбасы психологиялық ерекшеліктерден тұратын шағын
топ ретінде әлеуметік психологияның зерттеу нысаны болып табылады.
Шындықтың бейнелннуінің әлеуметтік психологиялық заңдылықтары адам мінез-
құлқына ғылыми негізделген түрде етудің жаңа мүмкіндіктеріне қоғам алдында
аша алады. Отбасын әлеуметтік-психологиялық зерттеу тұлғаның әлеуметтену
процесінің негізінде жатқан дәне де отбасылық бірлестіктің мүшелеріне күшті
әсер ететін заңдылықтарды білуге мүмкіндік береді [24,63].
Отбасындағы ең басты іс-әрекет ол ата-ана мен бала арасындағы қарым-
қатынас.
Қарым-қатынас – адамзат өмірінің аса маңызды және негізгі сферасы болып,
соның нәтижесіде тұлға аралық байланыс орнығып, өзара мәміле қалыптасып
дамиды. Қарым-қатынас дегеніміз өзара пікір алмасу, сезім әлемінде бірлесіп
ләззат алу, қайғы, қуанышта ортақтас болу сенімді кең ауқымды эмоция
спектрлерін қамтиды. Қарым-қатынас барысында екі не бірнеше психологиялық
жүйе, рухани әлем және ой-пікір, сана-сезім, мінез-құлық, қылық-жорықтар
арасында келісім, не өзара түсіністік тұрғысында, не болмаса қақтығыс,
талас-тартыс, қарама-қайшылық тұрғысындағы мәміле үрдіс іске асады.
Жанұя қарым-қатынасында, олардың ішінен келісім, өзара түсінстік,
бірінің екіншісіне бойсынуы, бірінің екіншісін құптауы сенімді қарым-
қатынасының қазіргі кездегі басты ерекшелігі әр тұлғаның мейлі балалары,
мейлі ересектері болсын,иағлұмат байлығы (информационное богатство)болып,
өзара қарым-қатынас осы мағлұмат алмасу кезінде өте тығыз орнығыуы ықтимал.
Өзара мағлұмат алмасу отбасы мүшелерінің рухани кемелденуіне алып келсе,
мұндай отбасының болашағы бар. Отбасы мүшелеріне қарым-қатынас арқылы
біріктіретін, өзара туысқандық байланыстарын нығайта түсетін аса маңызды
сфера мақсаты. Отбасын материалдық қамсыздандыру мақсатындағы бірлесіп
еңбек ету,нәтижесіне ортақтасу, бөлісу. Мұндай қарым-қатынас алдымен,
отбасы иелері әке мен шеше ортасында түсіністікпен орнаса, соның өзі
балаларға өнеге болатыны өмірден белгілі. Бұдан басқа әке мен ұл анасы мен
қызы, бір туғандардың бірлесіп, бір мақсатта еңбектенуі өзара түсіністікті
нығайтатын ас маңызды қарым-қатынас екені педагог, психолог ғалымдар
тарапынан дәлелденген.
Қарым-қатынас барысындағы біреудің екінші бір адамға әсерін, не болмаса
өзара қарым-қатынас нәтижесіндегі сипатта болғанымен, ішкі тетіктері
(механизмдері)адамның психикалық ахуалына, сезімі, ой-санасына, қылық
жорығы, жүріс-тұрысына тікелей, жанама, сөз арқылы әсер ету болып саналады
[25,9].
Жоғарыда айтылып кеткендей отбасындағы, бала мен ата-ана арасындағы
қарым-қатынас түрін қарастырамыз. Яғни жас ерекшелік жағынан жеткіншек пен
ата-ана арасындағы қарым-қатынас.
Жеткіншек жас кезеңі адам тұлғасының қалыптасыуында маңызды кезең болып
табылады. Дәстүрлі түрде бұл кезең тәрбиелік қатынасқа қиындықтар тудырытын
кезең болып табылады. Ғылыми білімдер жүйесінде жеткіншектерді зерттеумен
байланысты мәселелер кешеніне көп көңіл бөлінеді, мәселелер әртүрлі
деңгейде және мазмұнда болады. Осы жас кезеңдегі даму көздері, жағдайлары
және механизмдерін танып білу тұтастай дамудағы онтогенетикалық
заңдылықтарды ашуға негіз бола алады. Қазіргі кездегі зерттеулер
жеткіншектік жастың ерекшеліктері мен қасиеттері жайлы үлкен материалдар
жинақталды, ол өз кезегінде осы маңызды психикалық кезеңнің ерекшеліктерін
қазіргі қоғамның жағдайларында зерттеуге қажетті базаның пайда болуына
ықпал етті. Мәдениеттің нақты-әлеуметтік шарттарына, дәстүрлеріне сәйкес
бұл өтпелі кезең әртүрлі мазмұнда әрі, әртүрлі ұзақтықта орындалуы мүмкін.
Қазіргі таңдағы қоғам жағдайларына сәйкес бұл кезең шамамен 10-11 жастан 14-
15 жасқа дейінгі аралықты қамтиды. Жалпы, балалардың мектептегі орта буында
оқуымен сәйкес келеді.
Жеткіншектік жас кезеңнің психологиясы тақырыбы әрдайым өзекті болып
табылады. Бірақ жеткіншектердің әрбір ұрпағы осы кезеңді басынан өткізеді
және де қоғам дамуының тарихи жағдайларына сәйкес өз мәселелерін өз бетінше
орындауға тырысады. [26,3]
Жеткіншектік кезеңді М. Мұқанов баланың дамуындағы ерекше орны бар
өтпелі, бетбұрыс, қиын, сыналатын кезең деген атауларында
бейнеленген деп көрсетті. Бұл атауларда осы жастарда болатын,өмірдің бір
дәуірінен екіншісіне өтумен байланысты даму процестерінің күрделілігі мен
маңыздылығы айтылған.
Біз жеткіншектің мен деген қасиетін жете түсіну үшін оның үлкендермен
қарым-қатынастарына, әсіресе екі ортада кездесетін қайшылықтарына
тоқталсақ. Қайшылық жеткіншекшектің есейіп қалуы мен үлкендердің оған бала
деп қарауының келіспеушілігінен болған. Ал қайшылықтың нәтижесінде сол
жағдайдан қалай құтылуды білмеуді дағдарыс дейміз. Дағдарыстың жеткіншек
жасындағы бұл түрі бөбектердің дағдарыс кезеңінен әлдеқайда басым болады.
Дағдарыс дегеннің мағынасы қиын жағдайда тап болған кезді одан қалай шығуын
білмеуді білдіреді.
А.Г.Ковалев дағдарыс кезі жеткіншектің жасына орай келмейді, онымен
үлкендер арасындағы қатынастың бұзылуынан пайда болды дейді. Осылай деу
дағдарыс кезі жеткіншекте тіпті кездеспей, ол сергелдеңге ұшырамауы мүмкін.
Демек, жеткіншектің үлкендермен қатынасы жақсы болып келсе, онда дағдарыс
кезі кездеспейді. Осы пікірге түгелдей қосылу қиын: біріншіден, дағдарысқа
үшырайтын үлкендер емес, жеткіншектің өзі. Екіншіден дағдарыс үлкендердің
оған қатынасына риза болмаудан кездессе де, мұның өзі тек 11-16 жас
арасында болып отыр. Егер А.Г.Ковалевтың айтқаны дұрыс болса, дағдарысқа
ұшырау 7-10 немесе 16-18 жастарда да кездесуі ықтимал болар еді.
Жеткіншек үлкендерден өзінің есейгенімен,өзбетілігімен санасуын әр сала
бойынша талап етеді. Қыздар киім киюде, не өзін күтуде, ұл бала тиісті
міндеттерді өз еркімен,орындағысы келеді. Осыған әуелгі кезде туған-
туысқандары қарсы шығады. Бұлардың қарсы шығатын себебі, баласына сенім
білдіргісі келмегенен емес,оны бала деп бәлендей істі не тапсырманы
бүлдіріп алады ғой деуінен.
1.3.ЖАНҰЯДА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫНДАҒЫ
НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

ХХІ ғасырдың соңғы тоқсанында түрлі психикалық бұзылыстардың “отбасылық
диагностикасы” мен “отбасылық емдеу” туралы оқу пайда болды. Ресейдегі
әлемде алғаш отбасы терапиясын нағыз негізін салушы И.В.Маляревский болып
есептеледі, ол 1882 жылы Санкт-Петербургте психикалық ауру балалар мен
жасөспірімдер үшін дәрігерлік –тәрбиелік мекеменің қалаған, оның
қызметкерлері психикалық аурулардың отбасындағы өзара қатынасты анықтау мен
есі ауысқандардың сол немесе басқа көріністердің қалыптасуында
дисгормониялық тәрбмелеудің роліне көп көңіл бөлген. Ауру балалардың
туысқандары мен қазіргі отбасы терапиясының бейнесі болып таблатын
“отбасылық тәрбиелеу” өткізіледі.
2-ші әлемдік соғыс аяқталғаннан кейін 20 ғасырдың 40 жылдарынан бастап,
отбасылық терапияға деген қажеттілік өсті. Қазіргі уақытта отбасы терапияда
бірнеше бағыттарды бөледі: психодинамикалық, жүйелік және бағдарламалық,
сонымен қатарэклетикалық. “Кішкентай Ганс” оқиғасынан Фрейд талдауынан
туындаған психодинамикалық бағыт тарихи бірінші болды. Сол кезде
психодинамикалық ыңғайдың негізгі белгілерін әсіресе отбасы мүшелерінің
тарихи өткенін олардың ұғынбаған (жете түсінбеген) тілектерін,
психологиялық мәселелері мен өзара проекцияларын талдап қисынға келді.
Психотерапияның тапсырмалары (міндеттері) – инсайтқа жету, яғни өткен
өмірдегі шешілмеген мәселелердің қазіргі уақытта отбасындағы өзара
қатынасқа қалай әсер ететіндігін, мұндай бұзылған қарым-қатынастың
контекстен невротикалық белгілер мен оның кейбір мүшелерінің өмірге
бейімделуінің конструктивті емес тәсілдері қалай пайда болғандығын саналы
меңгеру. Қазіргі уақытта психотерапевтің жағынан да, отбасы мүшелері
жағынан да, көптеген күш салуды талап ететін мұндай ыңғай жоғары тиімді
болғанымен экономика аз мақсатқа бағытталған болып есептеледі.
Қазіргі уақытта отбасылық психотерапевтің жартысынан көбі жүйелік
отбасылық теропия ағымында жұмыс жұмыс істейді, төрттен бірі
психодинамикалық бағытты ұсынады. Эклетикалық бағыттың өкілдері
психотерапевтік жұмыста емдік механизмдер бойынша түрлі әдістерді: гипноз,
аутогенді жаттықтыру, медитация, қылықты модификациялау бойынша үй
тапсырмасы, өзара қатынастың талдауы мен қорытылуы, топтық дискуссия және
т.б. біріктіреді.
Шетелдік отбасы терапиясының мектептері мен бағыттары жайында.
Пало Аято мектебінің өкілі Джей Хейли “мәселені шешуші терапия” әдісінің
авторы болды. Оның көптеген әдістемелері Милтон Эриксоннан алынған.
Хейлидің пікірінше, отбасындағы қатынас отбасының басқа мүшелерін басқару
таласының нәтижесімен анықталады. Белгі – қоршағандардың қылығын басқару
тәсілдерінің бірі. Джей Хейлидің көзқарасынша, психотерапияның міндеті
адамдардың басқа әсер теу тәсілін ұсынудан тұрады. Отбасы терапиясы емдік
тиімділігі, егер терапиялық сессияда отбасының барлық мүшелері жиналса,
айталықтай артады. Отбасы терапияға Хейлидің үлесі отбасы түрлі дерективтер
(тапсырмалар) беруі болды. Тапсырмаларды орындау теңдікті қамтамасыз ететін
әрбір отбасы мүшесі өз пікірін айтуға немесе бір нәрсе істеуге құқылы
болды. Психотерапевт шанс уақытында да, үйге де тапсырма береді. Ол
тапсырмалардың мақсаты:
- отбасы мүшелерінің қылығын өзгерту;
- психотерапевтің отбасы мүшелерімен қатынасты орнықтыру үшін
қосымша ынталандыруды табу; тапсырмаларды орындауда отбасы
мүшелерінің реакцияларын жаттап алу;
- отбасы мүшелерінің сүйемелдеуін жүзеге асыру, яғни, тапсырманы
орындау уақытысында психотерапевт көзге көрінбейтіндей қатысады.
Пало Алто мектебінде басқа ірі фигура Мюрри Бауэн болды. Оны АҚШ-тағы
отбасы терапиясының негізін қалаушылардың бірі деп есептейді. Ххғасырдың 60
жылдарында отбасы психотерапиясының әдісін жасап шығарған:
Қатынастарды айқындау және анықтау.
“Үшбұрышқа кіргізілмеу” (бауэн психотерапевтерге қақтығыстарға
эмоционалды берілмей, өз зейіннің қатынас процесіне шоғырлануды ұсынған);
ерлі-зайыптыларды тиңмді эмоционалды үйрету. “Мен-қалпы” сабағы.
Отбасылық психоаналитикалық терапия: Психоаналитикалық отбасы
терапиясының мақсаты психотерапия қатысушыларының жеке тұлғаларының өткен
бейсаналы қатынастар базасында емес, қазіргі шындыққа негізделіп бүтіндік
толыққанды тұлғалар сияқты әрекеттесу жағдайында болатындай етіп өзгеруі
болып табылады. Психоаналитикалық бағытталған терапевтер басқа мектептерге
қарағанда аз дерективтенген.
Бұл терапевтикалық бағытта келесі техникалар қолданылады: конфронтация,
кларификация, интерпретация және тәжірибелі өңдеу, коммуникативті
қабілеттерді жақсарту техникалары, “бос асссоциациялар” техникасы.
Психоаналитиктер бос талқылауды кенеттен сұрақтар мен тоқтатып, бақылау мен
тыңдауды таңдайды.
Отбасылық жүйелік терапия: Бұл бағыттың ірі өкілдері - Мара Сельвини
Палаццай, Клу Маданес; Сальвадор Минухин және т.б. қазіргі уақытта
жүйелілік бағыт ең кең танылған перспективті, экономикалық орынды және
отбасы терапиясының терапевтикалық тиімді бағыттарының бірі болып
есептелінеді. бҰл бағыттың дамуынша айтарлықтай әсер көрсеткен Илья
Пригожиннің жалпы жүйенің теориясы жағдайы боладын.
Жеке отбасы теропиясында отбасы құралған байланыстарды сақтау мен
эволюциясына талпынатын бүтіндік жүйе ретінді қарастырылады. Отбасы пайда
болуы (тіршілігі) бойында дамудың заңдылығы дағдарыстан өтеді (некеге тұру,
ата-аналық отбасынан бөлу, жүктілік, баланың туылуы, баланың мектепке
дейінгі мектеп мекемесіне түсуі, олардың мектепті бітіруі және өзінің өмір
жолын таңдауы, ата-аналардан ажырау, ата-анасының зейтеақыға кетуі т.б.).
әсірісе осы тіршіліктің бөлігінде отбасы бұрынғы тәсілдер мен жаңа
мәселелерді шешуге қабілетсіз болғандықтан өздерінің бейімделуші
реакцияларын күрделендіру қажеттілігінің алдында тұрады.
Жеке отбасының негізгі қадамдары келесідей:
- психотерапевті отбасымен біріктіру;
- психотерапевтикалық сұранысты тұжырымдап айту;
- отбасылық қатынастарды реконструкциялау;
- психотерапияның аяқталуы мен бөлінуі.
Мара Сельвини Паллацоли түрлі жыныстағы терапевтер бригадасы отбасымен
жұмыс істейтін, ал қалғандары олардың жұмыстарын бақылайтын бір жақты
мөлдір айнаның артында жұмыс істейтін принципті ұстанған. Психотерапияның
бірлігі бір үйде тұратын отбасы мүшелерінің барлық сессияға қатысуы болып
табылады. Кезсесулердің жиілігі айына бір рет, бар болғаны он ақ сессияға
дейін. Оның әдісі қысқа және кенет болатын, ал кенет шешуші қозғалыспен
отбасында өзгерістің туғызуы тырысатын. Пародоксальді тапсырма өте мұқият
өңделіп, отбасындағы регидті ережелер мен аңыздарға қарсы тұратын оң барлық
мүшелерін әрекеттер сериясына тартатын.
Бағдарламалық отбасы терапиясы: Отбасы терапиясының бұл әдісі мәселені
шешуге бағытталғандықтан “мәселені шешуші” “қысқа” деп аталады. Бұл
бағыттың ең танымды тұрғалары – Джей Хейли, Гари Уитер, Клу Маданес. Өз
жұмыстарында психотерапевтер отбасы мүшелерінің тұлғалық ерекшеліктерін
шоғырлатпайды. Берілген ыңғай белгінің бөліктеріне үлкен көңіл бөлумен, ал
отбасыға қызығушылықпен сипатталады. Бұл бағыт әйгілігін 1970 жылы ие
болды. Бұл әдістің идеяларын көптеген өкілдері Милтон Эриксонның жұмыс
тәжірибесінен алып пайдаланған. Оның тәжірибесіне екі ыңғай тән: әсер
етудің жанама әдістерін қолдану және клиент ұсынғанның барлығын қабылдау.
Бағдарламалық ыңғайдың мәні отбасындағы өзгеріс, бұзылыстың себебін
түсінуден маңыздырақ болғандықтан мәселені шешуүшін бағдарламаларды өңдеу
болып табылады. Бағдарламалық терапевтер мәселенің тұрақтылығын қамтамасыз
ететін факторларды зерттейді. Көптеген бағдарламалық психотерапевтердің
пікірінше қалыпты жұмыс істейтін отбасы – бұл белгілерден қашатын және
өзгермелі жағдайлардың талабына сәйкес жұмыс істей алатын отбасы.
Жанұя қылықтық психотерапия: Отбасы қылықтық психотерапия өзінің негізгі
принципі ретінде қылықты салдармен біріктіруде көрінеді, осыдан қылықтың
паттерні жағымды салдар туынданғанға дейінгі барлық жағдайдағы өзгерістерге
қарсы тұрады. Бұл бағыттың өкілдерін қылықтардың жүйелілігінің талдауы
қызықтырады. Некедегі қанағаттанушылық бір-бірне тұғызған қанағаттанудың
көмегімен емес, өзара фрустрациялардың жоқтығымен айтарлықтай көп мөлшерде
шартталу жағдайы негізге алынады.
Жиі қолданылатын техникалардың бірі ата-аналардың қылықтық тренингі
болып табылады. Психотерапияның процесі терапевт клиенттің мәселесінің мәні
мен оны шешу жолдары көзқарасын өзгертуден басталады. Қылықтың
психотерапевтер емдеуге бүкіл отбасын емес тек баланы және ата-ананың бірін
шақыратын кейбіреулердің бірі. Ата-аналар қылықтар тренингі балаларды
тәрбиелеу, эмоционалдық қылықтың әсер ету, тану және модификациялау
сұрақтарында олардың іскерлігін жоғарылату мақсаты бар.
Жұмыстың ең танымал техникалары келесілері:
- қалыптастыру – жүйелні нығайту арқылы тілекті кішкентай
порцияларға бөлу арқылы оған жету;
- жетондық жүйе - сәтті қылықтары үшін балаларды марапаттау есебінде
ақша немесе ұпайды қолдану;
- шарттық жүйе ата-аналардың қылығының өзгеруі баланың қылығының
синхронды өзгеруі келісуді өзіне қосады;
- мараппатауға өзгерістер мен айырбастау;
- бөлу шектеу түрінде жазалау;
отбасы қылық терапиясы бұл өзінің қарапайымдылығы мен тиімділігі
болғандықтан ең әйгілі әдістердің бірі.
Басқа бағыттар: Отбасылық коммуникативті терапия Пало Алто бағытынан
бөлініп шықты. Оның жүргізуші өкілдері П. Вацианик,Д.Джексон және басқалары
болып табылады.
Жанұя коммуникативті терапия мақсаты коммуникация тәсілдерінің өзгеруі
немесе интеракцияның жұмыс істейтін үлгілерін өзгеру мақсатымен саналы
әрекеттер болып табылады.
Алғашында бұл бағыттың өкілдері, мысалы, Вирджиния Сатир, жәй
отбасындағы коммуникацияны жақсартуды мақсат етіп қойды, содан соң бұл идея
блегіні қолдайтын коммуникацияның тәсілдерін өзгертуге дейін кішірейді.
Отбасы коммуникация негізгі техникалар тобы келесілері болып табылады,
отбасы мүшелерін анық коммуникацияның ережелеріне үйрету; отбасында
коммуникацияны талдау және интерпретациялау; әртүрлі тәсілдер мен
ережелердің көмегімен отбасындағы коммуникацияны манипулыциялау. Бұл
психотерапияның түрлі жоғары тиімділіктегі әдіс ретінде дәлелдене алады.
Тәжірибеге негізделген отбасы психотерапия бағытының өкілдерінің бірі ең
танымалдары Карл Уйткейер және Огаст Напри. Бұл әдіс “тәжірибе” мен “сапалы
мәнге” негізделген.
Ерлі-зайыпты психотерапия: Ерлі зайыпты психотерапия отбасылық жұпқа
бағытталған психотерапияның формасын атайды. Ол отбасылық жұпқа отбасылық
қатығыстар мен дағдарысты жағдайларды бастан кешіруге, өзара қақтығыста
үндестікке жетуге, қажеттіліктерді өзара қанағаттандыруды қамтамасыз етуге
көмектеседі.
І ЖАНҰЯ ПСИХОЛОГИЯСЫНДА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫН
ЭКСПЕРИМЕНТАЛЬДІ СЫНАҚТАН ӨТКІЗУ

2.1. ЖАНҰЯДА ТҰЛҒААРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫН АНЫҚТАУ
Тәжірибелік бөлімде эксперименталді алаң етіліп, Оңтүстік Қазақстан
Облысының Қазақтың Психологтар Қауымдастығы ассоциациясында , 15 отбасы
(бақылау тобы) мен 16 отбасы (тәжірибе тобы) балалары алынды Алдымен ата-
аналар мен жеткіншек жасындағы балалармен әңгіме әдісін қолдана отырып,
ара қатынасын байқауға сауалнама жүргізілді. Жеткіншектер мен ата
–аналарға Отбасылық қобалжуды анықтау сауалнамасы қолданылды.
Әдістеменің авторы Э.Г.Эйдемеллер және В.Юстицкис (2000) Әдістеменің
мақсаты: Индивидтің жалпы қобалжуын зерттеу, оның отбасына деген көз-
қарасы және отбасының оны қалай қабылдайтынын анықтау. Отбасылық қобалжу
дегенде отбасының бір мүшесі үшін, қалған мүш есі бейсанада қобалжиды.

Кесте -1
Нәтиже көрсеткіштері Бақылау тобы Эксперимент тобы
Ата-ана Ата-ана
бала бала
Суб шкала В 8- 46% 7 -50% 5-30% 6-40 %
Суб шкала Т 5- 36% 5 -30% 6-40% 5-35 %
Суб шкала Н 2-18% 3- 20% 5-30% 4- 25 %

Отбасылық қобалжуды анықтау сауалнамасының нәтиже көрсеткішін 1-суреттен
көруге болады.

Отбасылық социограмма телімелі тесті
Мақсаты : Жағдайды қазір осы жерде бірер минутта анықтауға болатын
жедел диагностика. Субьекті отбасы коммуникациясына қалай түседі,
тұлғааралық қатынастағы хал-ақуалы, оны тура және жанама түрінде
анықтауға, мүмкіндік береді.Бұл әдіс түрі, суретті телімелі әдіске жатады
Эдістеменің өтілуі: Зерттелушіге жауап беру іс-қағазы берілді, онда шеңбер
сызылған диаметрі 110 мм тұрады. Нұсқауды түсіндіру. Қағазда бірнеше
шеңбер сызылған. Сол шеңберге алдымен өзіңді Мен және отбасы мүшелерін
дөңгелекпен белгілеңіз. Әр дөңгелекке аттарын жазып қойыңыз. Отбасы
мүшелері бір-бірімен кеңеспей жеке дара толтыруды өтіну.
Бірінші белгі бойынша бағалау: отбасы мүшелерін қатар қойып шынайы
өмірмен салыстыру. Отбасы мүшелерінің бірімен қақтығыста жүрсе ол шеңберге
кірмей қалады немесе бір жануарға теңей салады.
Екінші белгі бойынша дөңгелектің көлеміне назар саламыз, егер үлкен
шеңбер жаққа салынса ол адамның өзіндік бағалауы жоғары, ал дәл ортасына
өзін немесе жақын адамын салса дарашыл тұлға бағытында. Ал төмен жағына
салынса, өзіндік бағалауы төмен. Үшінші белгіде дөңгелектердің орналасу
тәртібіне көңіл бөлеміз. Кім –кіммен жақын, маңызды орында деген сұрақтарға
жауап аламыз. Шеңбердің ішінде орналасуы басқамен салыстыр ғанда үлкен
шеңберде болса, зерттелуші көз-қарасында ол маңызды адам қатарына
жатады. Төртінші белгіде бір бірінің үстіне салып, жаза берсе, отбасында
дұрыс қатынастың болмауы туралы немесе өзара шекара жоқтығынан хабар
береді. Отбасындағы өзара қатынас мұқият назар салып талдауды қажет етеді.
Кесте-2
Нәтиже көрсеткіштері Бақылау тобы Эксперимент тобы
Ата-ана Ата-ана
бала бала
өзіндік бағалауы жоғары 5- 35% 4 -28% 6-42% 4-26 %
өзіндік бағалауы төмен 2- 12% 5 -32% 4-24% 5-30 %
Отбасында маңызды орын 5-35% 3- 20% 2 -16% 2-18 %
алады
Отбасында бірге қатынас 3-18% 3-20% 3%-18 4-26%
жоқ

Сурет-2

4. Жанұяда эмоционалды қатынасты анықтау Әдістеме авторы –Е.Бене және
Д.Антони Е.Бене, (1999). Әдістеме отбасындағы баланың эмоционалды қатынасы
мен көз-қарасын анықтауға арналады. Тест арқылы отбасы мүшелеріне деген
баланың сезімін, қатынаста өзін қалай қабылдауын сандық және сапалық
жағынан бағалауға мүмкіндік алады. Баланың қандай психологиялық қорғану
типін қолданып жүргенін анықтауға болады.
Әдістеменің екі түрі бар:1) 4- 6 (8) жас кіші балалары үшін.2) 6- (8)
10 жас және жеткіншек тер үшін.Кішкентай балалар үшін қатынас келесі
мазмұнды береді:-баладағы жақсы сезім өзгеден алынатын жағымды сезім
ретінде. .
- балада жағымсыз сезімнің пайда болуы, өзгеден шығатын күйзелісті
қайталау түрінде.
-өзгеге тәуелді.
Үлкен балаларға арналған варианты,қарым- қатынасты зерттеуге арналады:
-Екі түрлі жағымды қатынастан тұрады : әлсіз және күшті ; әлсіз сезім
достықты мақұлдау және қабылдаумен байланысады , ал күшті сезім жыныстық
күйзелістен,ол жекелік жыныстық байланыс және айла –амалдан тұрады;
-Екі түрлі жағымсыз қатынас; әлсіз және күшті:әлсіздігі достықты
қабылдамау мен мақұлда маудан тұрады; күштілігі кектену мен қастасудан
тұрады.
Ол 20 фигурадан тұрады.барлық жастағы адамдардың түрін,мөлшерін,
көлемін бейнелейді, себебі отбасы мүшелерін арнайы жасауға көмектеседі.
Әдістеменің әрбір сұрағы бөлек жеке жолаққа жазылған. Балаға осы сөздер
кімге арналады соны байқап сол фигурамен бірге жәшікке салыңыз деп өтінеді.
Әдістеме міндеті –баланы келесі субьектіні көру эмоционалды реттелу арқылы
жүргізіледі. Бала ыңғайлы дене күйінде отбасы мүшелерін көрсететін
фигураларға жақын жерде орналасады.Бала фигураларды таңдайды,ал зерттеуші
одан отбасы мүшелерінің қайсысын көретін сұрайды.Ол
фигураларға қатынас жасағанда отбасы мүшелерімен жасағандай қарастырады.

2.2. ЖАНҰЯДА ТҰЛҒААРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫ ТҮЗЕТУ ЖАТТЫҒУЛАРЫН ЖҮЙЕЛЕУ
ЖӘНЕ ҚОЛДАНУ

Анықтау эксперментінің нәтиже көрсеткішін негізге ала отырып,
коррекциялық жұмыс жүргізуді мақсат еттік. Арнайы ұйымдастырылған топтарға
қатысу, тұлғааралық қатынастар мәселелерін шешуге
көмектеседі.Психокоррекциялық топтарда сыналушы көзқарастары мен мінез –
құлқына ықпал етуші факторлар анықталады, топ қатысушысы ұқсас проблемасы
немесе тәжірибесі бар топ мүшелерінен кері байланыс пен қолдау алуына
мүмкіндік беріледі.
К. Рудестамның айтуынша,топтық психотерапияның бір ерекшелігі топтық
құрылымда пайда болатын және өңделетін реакциялар топтан тыс жерлерде
тұлғааралық қақтығыстарды шешуде көмектеседі. Достық және бақлаушы жағдайда
жаңа дағдылар меңгеруге, жаңа мінез – құлық типтерімен эксперимент жасауға
болады. Психологпен қатар теңқұқылы серіктестердің қатысуы қолайлы жағдай
орнатады. Өзіне сенімсіз топ мүшелері өздерін алаңсыз бірқалыпты, қолдауды
сезінеді.
Бұл тарауда біз бірнеше тренингтердің техникалары мен жаттығуларын
келтіреміз, оларды ортақ атаумен Коммуникативті қабілеттер мен мәселені
шешу дағдылары тренингі жаттығулар мен техникалар К. Фогельдің Команда
құру және Топтағы бірлік пен білімділік атты еңбектерінен алынған.
Қазіргі таңда топта әрекет ете білу қабілеті бұл сенімділік, көмек
көрсетуге даярлық, сезімталдық, көз қарасының кеңдігі, шыдамдылығы және
өзін -өзі сыйлау сыйлау сияқты қасиеттермен бірдей қатарда тұр. Бұл
қасиеттер басқалармен қарым – қатынас өзара сыйластық, коммуникация және
қызметтестік негізінде құрауға ұмтылыстардың барлығына қажет. Қазіргі өмір
бәсекелестікке бағыттала дамиды.
Экономика саласында бәсекелестік прогресстің түрткісі және бизнестің
өмір сүру кепілі болып табылады. Мектептерде оқушыларды бір –бірімен
жарыстырып жеңуші мен жеңілушілердің болуын болжайтын арнайы конкурстар мен
сайыстар ұйымдастырады. Кейде хобби мен еліктеулер жарысу мен
бәсекелестікті білдіреді. Өкінішке орай, бәсекелестік кейде жеке өмірге де
еніп кетеді. Ерлі –зайыптылар кім ақшаны көп тауып жатыр, кімнің жарысары
жетістікті деген сияқты мәселелерде өзара бәсекелеседі. Балалардың мінез
–құлқына ықпал ету үшін ата –аналар көбінесе бауырларды бір –бірімен
салыстырады. Соның барысында барлығы әдетте жеңушілер жеңілушілерге
қарағанда неғұрлым аз екендігін түсінеді. Әрқашанда жеңіліске ұшырау қаупі
бар екені есте тұрады және оны түсіну өзіне сенімсіздік пен әртүрлі
қорқыныштар ұялатады. Нәтижесінде, жеңушілер де жеңілушілерде аса ашуланшақ
болып, басқа адамдармен қарым –қатынасы нашарлайды. Бәсекелестік біздің
анағұрлым тұйық болуымызға ықпал етеді, ертелі ме кеш пе өз күшіне ішкі
сенімділікті бұзады.
Қызметтестік адамдарға бірге тіршілік етуге көмектеседі. Өз
серіктестерін жақсы жақтан көру және олармен қатынасты бағалай білу табиғи
нәрсе. Адамдар жетістікті бөліскен кезде, бір –біріне қолдау көрсетуге
бейім болады. Қызметтестік атмосферасында басқаларға достық қатынас көрсету
оңайырақ түседі.
Қызметтестік қақтығыс мүлдем жоқ дегенді білдірмейді. Нағыз
қызметтестіктің арқасында әркім өз үлесін қосады, әркім өз пікіріне ие
болады.Жағымды қатынастар негізінде шартты түрде құрылымдық қақтығыс деп
аталатын қақтығыс туындайды. Әртүрлі қызығушылықтар мен әртүрлі көзқарастар
туралы сөз болғанда барлық қиындықтарды шешу жеңіл болады, егер олар жеңіс
пен жеңіліс сұрақтарымен байланысатын болса.
Менің отбасым –қазір және ертең
Тренинг мақсаты: өзінің отбасылық тәжірибесін түсіну және қабылдау;
жыныстық –рольдік иденфикация, қарама –қарсы жыныс өкілімен қатынас орнату
іскерлігі, отбасындағы қарым –қатынас, отбасының болашағы жайлы түсінік
қалыптастыру.
Қойылған мақсатына сәйкес тренинг 3 кезеңнен тұрады.
1.Өзінің отбасылық тәжірибесін түсіну және қабылдау. Өзінің отбасылық
тәжірибесін түсіну мен қабылдау өмірін одан әрі дұрыс құруға қажет. Өзінің
барлық уайымдауларын анықтай біліп, ата –аналарға деген қарама –қарсы
сезімдерін айыра білу өте маңызды.
Тренинг барысында қатысушылар келесілерді орындауы қажет:
- отбасындағы өз бағытын анықтай отырып, өзіндік бақылау дағдыларын
жетілдру;
- өзіндік сананы арттыру;
- отбасының жүйелік табиғатын түсіну;
- дисфункционалды отбасындағы қатынастар динамикасы туралы түсінік алу;
- өз отбасыларындағы қатынас динамикасы жайлы түсініктерін жетілдіру;
- өз отбасындағы бұрын ескермеген қарым –қатынас ерекшеліктерін түсіну;
- өзіндегі және отбасындағы мүмкіндіктерін өзгерту.
Отбасы мүсініжаттығуы
Жаттығуды орындау үшін әртүрлі өмірлік жағдайларды ойнау үшін қажет
болатын жиһаздар жиналған бөлме қажет.
Әр қатысушы кезекпен мүсіншігіе айналады. Ол өз отбасының бейнесін
жанды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отбасы мәселесінің психологиялық негіздері
«Бала мазасыздығына ата-анамен бала қарым-қатынасының әсері»
Бастауыш сынып оқушыларының ата - аналарына психологиялық кеңес беру
Қыз бала - келешек отбасының анасы
Жанұяның әлеуметтік - философиялық сипаты
Оқушылардың тұлғалық қасиеттерінің ерекшеліктері
Отбасында тұлғааралық қарым - қатынастың қалыптасуын анықтау
Әлеуметтендіру арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру жолдары
Ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынастың теориялық негіздері
Отбасы дағдарыс жағдайы
Пәндер