Кәсіпорынның стратегиялық жоспарын әзірлеу



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе

I-Бөлім.Маркетингті жоспарлаудың мәні мен мазмұны
1.1.Жоспарлаудың мәні,методологиялық негіздері және
көрсеткіштері
1.2.Маркетинг жүйесіндегі стратегиялық жоспарлау

II-Бөлім.Кәсіпорынның жұмысын жоспарлау
2.1.ҚантААҚ жалпы сипаттама
2.2.ҚантААҚ-ның маркетингтік мүмкіндіктерді
талдау
III-Бөлім.Кәсіпорынның стратегиялық жоспарын әзірлеу
3.1. Фирма өсу жолының стратегиялары

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қазақстан экономикасында маркетингті қолданудың ерекшеліктері мен
серпіні және экономикалық субьектілердің қоршаған орта факторларының
қағидаларын пайдалану барысына ықпал ету сипаты көбіне өтпелі кезең
жағдайына орай анықталады.Қазақстанда маркетинг ғылым бағыты, шаруа-шылық
қызмет аумағы және өндірістік-өткізу қызметін ретінде республика-ның
нарықтық қатынастарға өтуінен бастап қалыптасты.
Нарықтық қатынастар экономикалық дамуды жетілдірудің үлкен по-
тенциалын өзінде жасырады.Бұл нарықта шаруашылық етуші субьектілерді жеке
кәсіпкерлік қызметіне шексіз бостандық беруіне байланысты.Жоғары тиімді
жұмысқа барлық өсуші өлшемдерде табыстарды немесе пайданы алуға нақты
мүмкіндіктер себепші болады.Ең үлкен пайданы алуға ұмтылу кәсіп-керлерді
нарықты зерттеуге және сұраныс бар салаларға өз ақшаларын және еңбектерін
салуға мәжбүрлейді.
Қазіргі жағдайда көптеген ірі және орта кәсіпорындарда, сондай-ақ
банктерде маркетинг қызметі,ал олардың кейбіреуінде департаменттер іс-
әрекет етеді.Бұлардағы маркетинг бөлімдерін ұйымдастырудың нақты сызба-лары
мен түрлері әр түрлі болуы мүмкін,бірақ олар:нарықты маркетингтік
зерттеу,сұраныс жағдайын,тауарлық өткізу,баға және коммуникация ұйым-
дастыру сияқты жалпы міндеттерге негізделеді.
Еліміздегі көптеген компаниялар маркетингті жоспарлаумен шұғыл-
данбайды.Шағын фирмалардың менеджерлері тек ірі корпорациялар ғана
маркетингті жоспарлаумен айналысады деп есептейді.Қазақстандық компа-
ниялардың кейбір мамандары нарық өте жылдам өзгереді,сондықтан оны
жоспарлау қажет емес деген көзқараста.Мұндай тұжырым қате,жоспарлауды
қолданатын компаниялардың жеткен жетістіктеріне көз жүгіртсек,жоспарлау
қажет екендігі айқын аңғарылады.Нарықтағы қарқынды өзгерістер шын мә-нінде
жоспарлау барысын қиындатады,алайда фирма басшылығына өзгеріс-терді
болжауға,оларға әрі қарай қимыл-әрекет жасауға тек мұқият жоспарлау ғана
көмегін тигізеді.
Америкалық төрт жүз жетекші компанияны зерттеу мәліметтері жос-
парлауды жүйелі жүргізетін компаниялардың сату көлемдері мен пайдасы жоғары
қарқынмен өсіп тұратынын көрсеткен.
Көптеген фирмаларға өздерінің ресми қабылдаған жоспарлау мен бақы-лау
жүйелерін жетілдіру қажет екені айдан анық.Әртүрлі шешімдерді үздіксіз
қабылдау жоспарлауды алмастыра алмайды.Фирма үшін жоспарлау көп жағ-дайда
өткізу және табыс көрсеткіштерін жақсартатын жоғары сатылы жұмыс болып
саналады.
Берілген жұмыстың тақырыбы кәсіпорындағы маркетингті жоспарлау болып
табылады.Нарықтық экономика заманында әрбір кәсіпорын өз жұмы-сының
тиімділігін арттыру үшін әртүрлі жоспарлар жасайды.Өйткені жос-парлау-
басқарудың маңызды бір функциясының элементі болып табылады. Сондықтан да
курстық жұмыстың тақырыбы маркетингті жоспарлаудың теориялық негіздері мен
ҚантААҚ-ның жұмысын тиімді жоспарлаудың маңызы зор.Ол үшін курстық
жұмыстың бірінші бөлімінде барлық осы жос-парлаудың тиімділігі және де оның
қажеттілігі толық ашылып көрсетілген.
Жалпы курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады:
1.Теориялық:бұл бөлімде маркетингті жоспарлаудың мәні мен мазмұны тура-лы
түсініктемелер берілген.
2.Зерттеліп отырған ҚантААҚ-ның жалпы қызмет жағдайына талдау жүр-
гізілген.
3.Кәсіпорынның қызметінің тиімділігін арттыруда стратегиялық жоспарын
әзірлеу.
Курстық жұмыстың осы бөлімдерден кейін қорытынды жүргізіліп,қолданыл-ған
әдебиеттер тізімі беріледі.

I-Бөлім.Маркетингті жоспарлаудың мәні мен мазмұны
1.1.Жоспарлаудың мәні,методологиялық негіздері және көрсеткіштері

Жалпы жоспарлауды нарықтық қарым-қатынастардың дамуы шарты негізінде
қолдана бастады.Жоспарлау-өндірістің пропорциялық қарым-қатынасына және
аяқталған ішкі экономикалық заңға,жолдауға,бөлу мен тұтынуға бағытталған
саналық адам қызметін көрсетеді.Сондықтан, жоспарлау халық шаруашылығын
басқарудың басты бөлімшелерінің бірі болып келеді.Оның мақсаттары
экономиканың даму ортасында өзгерушілік пен анықталмағандықтың кері әсерін
жоюға негізделген.
Яғни,жоспарлау-алдағы қызметтерді қамтамасыз етуге анық бағытталған
ақпаратты ой үрдісінде өңдеу.Жоспарлау-бұл ең бірінші, қоғамдық өндірістің
нәтижесі мен дамуын ғылыми алдын алу,оның заңдылығын құру,ғылыми-техникалық
үрдістің,обьективті тәуелділіктің және экономикамен байланысты себептік
салдарлықтың әлеуметтік тенденциясы.
Нарықтық экономикада өнеркәсіптің тиімді еңбек етуі кәсіпорын жұмысын
дұрыс жоспарлауға байланысты болып келеді. Кәсіпорынның негізгі
жоспарларына кәсіпорынның даму жоспары,өндірістік бағдарлама, кәсіпорынның
әлеуметтік - экономикалық даму жоспары жатады.
Қазіргі уақытта кәсіпорынның даму жоспарын жасау барысында, жоспарлау
методологиясын әрі қарай жетілдіруге көп назар аударылады.
Жоспарлау методологиясына жоспарларды жасаудың барысында, жоспарлау
методологиясын дамытудың негізгі бағыттары:
- жоспарларды дамыған ғылыми-техникалық және есептік-экономикалық
негіздеуді ұлғайту;
- қажетті нормалар мен нормативтерді қолдану;
- өндірісті техникалық - экономикалық негіздеу;
- баланстық есептеулер жүргізу;
- өндірістің тиімділігін арттыру көрсеткіштерінің жүйесін жақсарту;
- материал сыйымдылығын, қор сыйымдылығын азайту;
- еңбек өнімділігін арттыру;
- жоғарғы сапалы өнім шығаруды ұлғайту;
- жоспарлардың ыңғайлылығын, ықшамдылығын қамтамасыз ету және т.б.
Кәсіпорынның даму жоспарын прогрессивті техникалық - экономикалық
нормалар мен нормативтерді қолдану арқылы негіздейді. Норма дегеніміз
қандай да бір өнімді шығаруға кететін қажетті шикізат, материал,
отын энергияның ең көп кеткен шығыны, ол абсолюттік шама болып есептеледі.
Жоспарлар мынадай көрсеткіштерді қолдану арқылы жасалынады:
- сандық;
- сапалық;
- көлемдік ;
- үлестік.
Сандық көрсеткіштерге - жалпы өнім мен тауар өнімнің көлемі, сатудың
көлемі, жұмысшылардың саны, жалақының қоры, пайда көлемі, әртүрлі
өндірістік шығындардың мөлшері жатады.
Сапалық көрсеткіштерге - өндірістің экономикалық тиімділігі, еңбек
өнімділігінің өсуі, өзіндік құнды азайту, өндірістің тұрақтылығы, қор
сыйымдылығы, өнімнің сапасы жатады.
Сандық және сапалық көрсеткіштер бір-бірімен тығыз байланысты болады.
Көлемдік көрсеткіштерге - өндірістің жалпы көлемі, жеке процестер мен
факторлардың көлемі жатады.
Үлестік көрсеткіштерге - бір-бірімен байланысты бірнеше
көрсеткіштердің арақатынасы жатады, мысалы: бір өнімді шығаруға кеткен
металл шығыны.
Өнеркәсіптің жоспарлық көрсеткіштерін есептеу үшін табиғи, еңбек және
құндық өлшемдер қолданылады.
Табиғи өлшемдер - өндірістің көлемін, материалды ресурстарды
жоспарлағанда қолданылады. Олар сапалық жэне сандық көрсеткіштерді қамтиды.
Еңбек өлшемдері - еңбек өнімділігін есептегенде, жалақының мөлшерін,
өнім нормасын есептегенде қолданылады. Әдетте норма - сағатпен белгіленеді.
Құн өлшемдері - көрсеткіштердің құнын көрсетеді. Құн өлшемі арқылы
өнімді сату көлемі, тауар және жалпы өнім жоспарланады.
Маркетингті жоспарлау
Маркетингтік жоспар жалпы корполративтік жоспардың маңызды бір
бөлімі.Оған кәсіпорынның әр функционалдық бағыттарының
(өндіріс,қаражат,өткізу,кадр,маркет инг) жоспарлары кіреді.
Маркетингтік жоспар кәсіпорынның маркетингтік қызметін жоспарлау мен
жүргізу құралы.Оның көмегімен үздіксіз кәсіпорынның мүмкіндіктерін нарықтың
талаптарына сәйкес келтіруге бағытталған талдау,басқару және тексеру үрдісі
қамтамасыз етіледі.
Маркетинг жоспарының кезеңдері:
1.ағымды жағдай мен маркетингтік мүмкіндіктерді талдау;
2.мақсаттарды анықтау;
3.стратегиялық шешімдерді қабылдау;
4.маркетингтік шаралардың жоспарын әзірлеу;
5.шығындардың жалпы көлемі мен құрамын есептеу,
6.тексеру және жоспарға түзету;
Маркетинг жоспарларын ұтымды етіп жасап,оны зор табыспен жүзеге асыру
үшін нысанды амалдар (процедуралар),ұйымдастыру жүйесі,сауатты
әдістеме,жазбаша жоспардың болуы қажет.

1.2 Маркетинг жүйесіндегі стратегиялық жоспарлау

Көптеген фирмалар ресми қабылданған жоспарсыз жұмыс атқаруда. Жаңадан
құрылған фирмалардың басшылары жұмыспен сонша көп айналысатындығынан
олардың - жоспармен айналысуға уақыты жоқ. Кемелденген фирмаларда, көптеген
басқарушылардың айтуынша, олар осы уақытқа дейін формалъды, жоспарлаусыз да
жұмыстарын орындап келе жатқандықтан, оның онша маңызы болмағаны ғой деп
санайды. Олар жоспарды жазбаша дайындауға уақытын алғызғысы да келмейді.
Олардың айтуынша, нарықтағы жағдай соншама тез өзгеретіндіктен,
жоспарлаудан онша пайда болмай, ол ақыр аяғында шаң болып сатыда жатады.
Міне, сондықтан және де басқа бірқатар себептерден көптеген фирмалар
өздерінде формальды жоспарлаумен айналыспайды.
Дегенмен, формалъды жоспарлау бірталай пайдалардан дәмелендіреді. Ол
пайдаларды Мелвиил Бранч мынадай ретімен атап өтеді:
1.Жоспарлау басшыларды тұрақты түрде келешекті ойлауға итермелейді.
2.Ол фирманы алдын ала жасалған әрекеттеріне тура үйлестіруге
мүмкіншілік береді.
3.Ол келешекте бақылауға болатын жұмыс көрсеткіштерін белгілеуге
мүмкіншілік береді.
4.Ол фирманың өз міндеттерін және саяси нұсқауларын дәл анықтауға мәжбүр
етеді.
5.Фирманың төтенше езгерістерге дайыңдығын жоғарылатады.
6.Ол барлық лауазымды адамдардың міндеттерінің өзара байланысын көрнекті
көрсетеді.
Стратегиялық жоспарлау фирма шегіндегі басқа жоспарлар үшін плацдарм
болатын болғандықтан оны ең алдымен қараймыз. Стратегиялық жоспарлауға
былай деп анықтама береміз:
Стратегиялық жоспарлау - бұл маркетингілік өрісте фирма мақсаты мен
потенциальды мумкіншіліктерін стратегиялық қатынаста болдыру және
жалғастыруға керекті басқару процесі. Ол фирманың дәл тұжырымдалған
бағдарламалық мәлімдемесіме, көмекші мақсаттар мен міндеттер
мазмұндамаларына, дұрыс шаруашьшық портфеліне және өсу стратегиясына
сенеді.
Стратегиялық жоспарлау үш негізгі шарттарды сақтауды талап етеді:
Бірінші шарт-компанияның қызметі инвестициялық қоржынды басқару
принципінде құрылады.оның мәні-компанияның әрбір қызмет бағытын орындау
үшін ресурстардың тиісті түрде бөлінуінде.
Екінші шарты-әрбір қызмет түрінің келешегін бағалау.Осы мақсатпен
нарықтық өсу көрсеткіштері және компанияның нақты нарықтағы позициясы
зерттеледі.тек ағымдық сату немесе пайда көлеміне бейімделген компаниялар
олардың шектеулі екндігіне көздері жетті.Мысалы,1970 жылдары Ford Motor
компаниясы үшін үлкен машиналарды өндіру тиімді болды.алайда нарықтық
зерттеулер тұтынушылардың сұранысы шағын литражды автомобильдер жағына
ауғанын көрсетті.Сондықтан компания инвестицияларды өндірісі сол кезде
залалды болған шағын автомобильдерге жұмсады.
Үшінші шарты-стратегияны әзірлеу.Әр бизнес үшін ұзақ мерзімді
мақсаттарға жету жоспары жасалады.Сондықтан,әрбір компания іс-
әрекетін,мақсаттарын,мүмкіндіктерін ,ресурстарын зерттей отырып,өз
стратегиясын әзірлейді.Егер компания саясаты шығындарды төмендетуге
бағытталса,оның бәсекелесінің саясаты жаңа өнімге өндіруге бағытталуы
мүмкін.
Стратегиялық жоспарлаудың кезендері 1 суретте келтірілген, ал оларды
суреттеу төменде беріледі:

1 сурет. Стратегиялық жоспарлаудың кезеңдері
Ақпарат көзі:1,426 бет
Көптеген ірі компаниялардың ұйымдық құрылымы төрт деңгейден тұрады.Олар-
корпоративтік,бөлімше,бизнез-бірлік және өндірістік желі
деңгейлері.Компанияның бас кеңесі іс-әрекетін келешекте пайда берсе,штаб-
пәтер оның бөлімшелерін дамыту,бизнестің жаңа бағыттарын ашу немесе
келешегі жоқтарын жабу туралы шешім қабылдайды.Компанияның әрбір бөлімшесі
іс-әрект бағыттары бойынша ресурстар бөлінген жоспарын әзірлейді.Бизнес-
бірліктің стратегиялық жоспары оны ұзақ мерзімді рентабельділікке,ал
өндірістік желінің жоспары мақсаттарына жетуге бағыттайды.
Көптеген компанияларда маркетингтік жоспар стратегиялық және
тактикалық екі деңгейде әзірленеді.Стратегиялық жоспар компанияның даму
келешегін анықтайды, тактикалық-ағымдық міндеттерді шешуге
бейімделген.Стратегиялық жоспар тек бір ғана өнім желісіне немесе нарық
секторына байланысты жасалып қоймайды,ол кәсіпорынның барлық іс-әрекетін
қамтитын бірыңғай жоспардан тұрады.
Қазіргі кезде қазақстандық кәсіпорындар негізінен стратегиялық
жоспарлауда қарағанда, жедел жоспарлауды көбірек пайдаланады. Стратегиялық
жоспарлау нарықтағы бәсекелестік күрестегі басты фактор болып табылады.
Стратегиялық жоспарлаумен айналысатын фирмалардың жетістіктері жоғары
болатындығы зерттеулер нәтижесінде анықталған. Стратегиялық жоспарлаудың
мәні болашақта технологиялық, экономикалық және әлеуметтік-мәдени
өзгерістерге байланысты өсіп отырады.

II-Бөлім.Кәсіпорынның жұмысын жоспарлау
2.1.ҚантААҚ жалпы сипаттама

ҚантААҚ Жамбыл Облысының Тараз қаласының Шығыс өңірінде орналасқан.
Қант өндірісі жалпы тамақ индустриясында ең алғы саласы болып
табылады.ҚантААҚ шаруашылық объектісі ретінде қалыптасқан. Кәсіпорынның
1993 жылы 17 желтоқсанда тіркелінді. Куәлік N 10508. жарғы облыстық әділет
басқармасымен бекіттілді. ҚантААҚ заңды тұлға және өндірістік қызметін
Қазақстан Республикасының қызмет етуші заңы және жарғысы негізінде жұмысын
жүргізуде. ҚантААҚ өз алдына балансы, банктік есел шоты және өзінің аты
көрсетілген мөрі бар. ҚантААҚ-ның қызметінің мақсаты болып өндірістік
қызметтен табыс алу. ҚантААҚ-ның негізгі өндірісіне - ком, патока, әк
шығару өнімдері жатады. Қосымша өндірісіне - жылу, электро энергияларын, су
қамтамасыз ету және су коймаларын, химиялық тазартылған су, қысылған ауа,
қаптарды шығару және жөндеу, теміржолдық көлікке кызмет көрсету, жөндеу -
механикалык шеберхананың қызметі, электроцехтың қызметі, КИПиА цехының
қызметі, жөндеу - құрылыс учаскісі жатады.
ҚантААҚ өзінің тарихын Жамбыл қант комбинаты болып бастады. Оның
құрылысы 1932 жылы каңтарда басталды,ал 1937 жылы ақпанда іске
қосылды.Уақыт ағысымен кәсіпорынның аты да, басқаруы да өзгеріп отырды.
1932 жылдың қаңтарынан ССРО құрылыс жөніндегі халық комиссариатының
қант зауыттарының құрылысы мен монтажы жөніндегі бүкіл одақтың трестінің
Әулие-Ата қант зауытының құрылыс конторасы.
1935 жылдың қаңтарынан ҚазССР Оңтүстік Қазақстан Облысының Алматы қант
қызылша трестінің Әулие - Ата зауыты.
1938 жылдың қаңтарынан ҚазССР Оңтүстік Қазақстан Облысының
Жамбыл қант қызылша зауыты.
1939 жылдың қаңтарынан – Жамбыл қант комбинаты.
1993 жылдың қазанынан ҚантААҚ. Қант орталығы ЖШС-тің мерзімі 5
жылға созылған сенімділік басқармасының қол астында. Бизнес -
жоспары өнеркәсіптің өзінде жасалынады,кәсіпорынды шикізатпен
фирманың президенті қамтамасыз етеді (шетелдік қант - сырец). Одан
басқа күзде зауыт жеке тұлғалармен, шаруа қожалықтармен келісім шартқа
тұрып олардың өткізген қант қызылшасын өңдейді. Қызылшаның өңдеген ақысына
өңделген заттың 35 % кәсіпорында қалады.
ҚантААҚ шығарылатын өніміндерінің негізгі номенклатурасы: кұмшекер,
кант рафинады және т.б. ассортименттер.
ҚантААҚ-ның келесі құрылымдық бірліктерден тұрады: қант қызылша
зауыты, рафинад зауыты, ТЭЦ, механикалық цехі, шикізат бөлі-мі.Олардың
бәрі кәсіпорын территориясында орналасқан және қызметтерін Қазақстан
Республикасы заңына сәйкес атқарады.
АӨК қант өнеркәсібі республикада ең ірі Тараз шақпақ қант шығаратын
комбинаты негізінде дамыған. Бұл комбинат жергілікті шикізаттарды
пайдаланып, республиканың барлық шақпақ қаңтын өңдіреді. Қант өндірісінің
қалдығын пайдалану негізі де осы АӨК республикада шығарылатын этил
спиртінің 23 жуығы өндіріледі.
Қант өнеркәсібі көп көлемді шикізат өндеп аз көлемді ілеспелі өнім
береді.Сондықтан қант кәсіпорындарын шикізат көздеріне және осы саланың
қалдықтарын тұтынушыларға жақын орналастыру жөн.
Кез келген әлеуметтік - экономикалық жүйе біршама дербес бірақ өзара
байланыс екі бөліктен тұрады:олар басқару және басқарылатын бөліктер.
Басқару - ұйымдасқан жүйеге нысаналы түрде ықпал жасау оның
белгіленген құрылымын сақтау, қызметтің тәртібі мен мақсатын қолдау.
Түрлері: заттарды басқару - технологиялық процестерді басқаруға саяды,
адамдарды басқару - өндірісті (өндірістік ұжымдарды) басқаруға саянды.
Органдар (ақпараттың болуы), кадрлар (басқарушылар, мамандар орындаушылар),
басқару техникасы (ақпарат жинау, тарату, өңдеу құралдары) жүйесі
басқарудың материалдық негізі болып табылады.
Кәсіпорынды басқару - басшының не басқару органдарының адамдарды
бірлескен еңбек үшін келістіретін және біріктіретін нысаналы, реттеушілік
ықпал жасауы. Ол басқару принциптерін және меншік иесінің өз мүлкін
шаруашылыққа пайдалану құқықтарын ұштастыру негізінде кәсіпорынның
жарғысына сәйкес жүзеге асырылады. Жалпы алғанда кәсіпорынды басқару
басқарушылық шешімдердің принциптерін, функцияларын, әдістерін, теориясын,
ұйымдық құрылымды, техникалық құралдар мен технологияны автоматтандырылған
басқару жүйелерін қамтиды.
Басқару әдістері - басқару қызметінің тәсілдері, олардың көмегімен
еңбек ұжымының, жекелеген орындаушылардың жұмысы басқару объектісінің
алдында тұрған мақсаттарға жетуге бағытталады. Олар экономикалық заңдар
талаптарын тәжірибеде іске асыру кұралы болып табылады, оларды зерделеу
және пайдалану әрбір басқарушылық шешімді тәжірибелік негіздеу, басқарудың
нақты мақсатына қол жеткізу үшін қажет. Олардың көмегімен басқару
қызметкерлеріне, олар арқылы және солардың қатысуымен өндіріске немесе
қызметтің басқа да саласына ықпал етеді. Жекелеген жұмыстарды немесе
ережелерді орындау тәсілдерін, басқарушылық шешімдерді әзірлеу мен
оңтайландыру әдістерін қамтитын басқару процесінің әдістерінен өзгеше түрде
басқару әдістері басқару объектісіне ықпал ету тәсілдерінің жиынтығымен
сипатталады. Басқару әдістері жүйесінде өзара байланысты және өзара
тәуелді, жиынтығында баскару объектісінің алдында тұрған кешенді
міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін әдістердің мынадай топтары
қабылданған: экономикалық әдістер, әкімшілік (ұйымдастыру - өкім беру)
әдістер және әлеуметтік–психо-логиялық әдістер. Бұлардың әрқайсысында
басқару объектісіне ықпал жасаудың белгілі бір сипаты бар және олардың
жиынтығы кешенді жүйені құрайды.
ҚантААҚ-ның басқару құрылымы келесідей формада белгіленген:
Атқарушы директор – кәсіпорынының барлық өндірістік – шаруа-шылық
қызметіне басшылық етеді. Директорға: техникалық директор, президент
кеңесшісі, бас бухгалтер, заң бөлімінің басшысы, бас бухгалтер, заң
бөлімінің басшысы, экономика бөлімінің басшысы, бас агроном, маркетинг және
коммерция бөлімінің басшысы, кадрлар бөлімінің басшысы бағынады.
Техникалық директор - негізгі өндірісті және көмекші цехтардың
жұмыстарын қадағалайды. Оған құмшекер және шақпақ қант зауыттарының бас
инженерлері, ТЭЦ жэне ТВК, КИПиА басшылары, электорцехтар, теміржол цехы,
жөндеу - құрылыс учаскісі және механизациялау цехы бағынады.
Бас бухгалтер - шаруашылық жұмысының қаржы және бухгалтерлік есеп
мәселелерін жүргізетін директордың көмекшісі қызметін атқарады. Бас
бухгалтер шикізаттың, материалдардың, дайын өнім және оның сатылуын
бақылайды. Бас бухгалтерге еңбек ақыны есептеумен айналысатын есептік бөлім
және орталық бухгалтерия бағынады.
Заң бөлімінің бастығы - заң бөлімін басқарады, кәсіпорынның заңды
-құқықтық мәселелерімен, келісім шарттарды, бұйрықтар, еңбек және
өндірістік тәртібін қадағалайды.
Экономика бөлімінің бастығы – ҚантААҚ-ның экономикалық жұмысын
басқарады. Бұл бөлім өнімді өндеу бағасы бойынша көптеген қызмет түрлерінің
статистикалық және өндірістік есепті құраумен айналысады.
Бас агроном - шикізат бөлімі және шикізат лабораториясын қадағалайды.
Қант қызылшасын қабылдау және дайындау жөніндегі директордың орынбасары. Ол
қызылша өндірушілермен келісім шартқа тұрады.
Маркетинг және коммерция бөлімінің бастығы - өткізу және жабдықтау
бөлімдерінің жұмыстарын қадағалайды. Жабдықтау бөлімі қосымша
материалдармен, техникамен, құралдармен қамтамасыз етуді қадағалайды.
Өткізу бөлімі - дайын өнімді өткізуді ұйымдастырады.
Кадрлар бөлімінің басшысы - кадрлар бөлімінің жұмысын басқарады. Бұл
бөлім жұмысшылардың жеке құрылымының есебін жүргізеді. Кадр бөліміне
жұмысшылардың жұмыс уақытысының есебін жүргізетін өткізу бюросы бағынады.
Кәсіпорынның негізгі мақсаты-жоғары сапалы өнімдерді ұсына
отырып,отандық нарықты жаулап алу,рухани және материалдық мінез-құлқын
қанағаттандыру мақсатында адамдарға қуаныш әкелу болып табылады.Біздің
бизнесіміздің дамуына бағытталған негізгі көзқарастарды
анықтадық.Яғни,кәсіпорын өндірушілері әлемдік стандартқа сай құмшекер және
қант өнімдерін өндіруде,келесідей қызметтерді жоспарлауда:
-тұтынушылардың күтілімін арттыру;
-нарықта бірінші болу,нарық мүмкіндіктерін құру және жаулавп алу;
-тұтынушыларға өнімнің қауіпсіздігіне кепілдік беру;
-қоршаған ортаға бизхнестің негативті ықпалын үнемі төмендеуін алдын
алу;
-заңдардағы барлық бизнес элементтеріне,табиғатты қорғау қызметіне
және еңбектің қауіпсіздік шарттарына сәйкес келуі;
жоғары класстағы мамандарды қызықтыру,масштабын кеңейту және сақталуын
қамтамасыз ету;
-бизнестің жоғалуын алдын алу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
Төмендегі кестеде ҚантААҚ-ның техника-экономикалық көрсеткіштері
келтірілген.

1 Кесте.ҚантААҚ-ның техника-экономикалық көрсеткіштері.
№ Көрсеткіштер өлшем 2002 2003 2004 Ауытқу
бірлігі (+;-)
1. Нақтылы бағада мың.тг 725640 672791 1212097 486457
тауарлы өнім:
2. Салыстырмалы мың тг. 8790268 7207996 10260324 1470056
бағадағы тауарлы
өнім
3. ІПығарылған өнім тонна 140814,7 111565,8 144633,0 3818,3
көлемі,барлығы
Қант тонна 6726,2 8062,9 7692,6 966,4
а қызылшасынан
тонна 4671 4602,4 7692,6 3021,6
Шақпақ кұмшекер
тонна 940,2 1400,5 - -
Үгітілмелі шақпақ
қанты
тонна 1115,0 2060,0 - -
Шамбон шақпақ
қанты
б Шетел тонна 134088,5 103502,9 136940,4 2851,9
шикізатынан
тонна 130198,5 100585,5 125646,1 4552,4
Шақпақ құмшекер
тонна 2566 1841,4 2748,7 182,7
Үгітілмелі шақпақ
қант
тонна 1324 904,8 3115,0 1791
Шамбон шақпақ
қанты
тонна - - 5430,6 -
1 кг-дық буылған
шақпақ қант ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның маркетингтік стратегиясы
Өндірісті Басқару фуңцялары
Кәсіпорынның қаржылық жоспарлар жүйесі
Маркетингті жоспарлаудың мәні мен мазмұны
Маркетингті стратегиялық жоспарлау
Қаржылық жоспарды құрастыру
Қаржылық жоспарлау және болжау
Қр-да инвестициялық саясаттың мәні мен мағынасы
Маркетингтің дамуының алғы шарттары. Сада кәсіпорында маркетингті жоспарлау
Қазіргі жағдайда қаржыны басқару: оның мазмұны және қызмет атқару механизмі
Пәндер