Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің педагогикалық негіздері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

І. ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮРДІСІНДЕ ОҚУШЫЛАРҒА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің педагогикалық негіздері
1.2. Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің қазіргі жағдайы
1.3. Оқушыларға сыныпта және сыныптан тыс жұмыста экологиялық тәрбие беру үлгісі

ІІ. ОҚУШЫЛАРҒА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ БЕРУДЕГІ ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫСЫ
2.1. Оқу үрдісінде сабақта экологиялық білім мен тәрбие беру әдістері
2.2. Сыныптан тыс жұмыста оқушыларға экологиялық білім және тәрбие беру
2.3 Тәжірибелік - эксперимент жұмысының нәтижесі

ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі: Қазақстан мектебінің алдына қойып отырған мақсаты - оқу мен тәрбие жұмысын дамыту, еліміздің әлеуметтік - экономикалық жағдайын жақсарту бағытында оқушыларға жүйелі, нақты білім беру.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясы мен инновациялық әдіс - тәсілдерді енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді [1]. Бұл міндеттерді шешу мұғалімнің ізденісіне байланысты. Осы күні Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл процесс білім берудің жаңа парадигмасын туғызды.
Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл - ауқатының артуын қамтамасыз ету мақсатымен, Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан - 2030 жолдауында адамдардың денсаулығын жақсарту, ауруларды болдырмау және салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін экологиялық проблемаларды шешу қажеттігі атап айтылған. Онда: Экологиялық нашар ахуал бүгінде адам өлімінің 20 % - ға артуына себеп болып отыр, ал кейбір аймақтарда жағдай мұнан да қиын, отандастарымыздың үштен бірі сапасыз ауыз суды пайдаланады. Жеткілікті және дұрыс тамақтанбау да теріс демографиялық салдарға әкеліп соғады - деді [2].
Экологиялық дағдарыстың неғұрлым қауіпті көріністері - аймақтық техногендік шөлейттену, топырақтың тозуы, су ресурстарының тартылуы, атмосфераның ластануы, озон қабатының жұқаруы, қышқыл жауынның пайда болуы, ормандардың селдіреуі, тіршілікке қатер төндіретін дүлей табиғи құбылыстар мен өнеркәсіп апаттардың белең алып және улы қалдықтардың қолданылуы қоршаған ортаға зиянын тигізуде. Қазіргі кезде табиғат пен адам арасындағы қарым - қатынасты дұрыс жолға қойып табиғат байлықтарын көздің қарашығындай сақтап, оны тиімді пайдалану керек. Табиғаттың осындай күйге ұшырап, еліміздің көптеген жерлерінің апат аймағына айналуының бір себебі - экологиялық білім мен тәрбиенің төменгі дәрежеде болуынан.
Сондықтан жас ұрпаққа экологиялық білім мен тәрбие беру бүгінгі күн тәртібіндегі бірден - бір қажетті кезек күттірмес екендігі 1991 жылғы Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері тұжырымдамасында, Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылға арналған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасында (2003ж.) және Ата заңымызға негізделіп жасалған ҚР Білім туралы заңдарда көрсетілген. [7,8,9,10].
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Конституциясының 6-шы бабы жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекеттің меншігі екендігін, олардың мемлекет қорғауында болатындығын мәлімдейді, ал Конституцияның 38-шы бабы Қазақстан Республикасының азаматтарына табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарын ұқыпты қарауға міндеттейді. Қоршаған ортаны қорғау туралы заңы 1997 жылдың 15-ші шілдесінде қабылданды. 19 тарау, 89 баптан тұратын заңның 15 - тарауында мынадай қағидалар көрсетілген:
1. Экологиялық білім мен тәрбие берудің жалпыға бірдейлігі және үздіксіз жүргізілуі;
2. Оқу орындарының білім беру бағдарына және меншік нысанасына қарамастан, оларға экологиялық пәндерді міндетті түрде оқытудың көзделуі;
3. Лауазымды адамдар мен мамандардың қажетті экологиялық даярлығы болуға және олар қоршаған ортаны қорғау туралы заңдар негіздерін білуге міндеттілігі;
4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми зерттеулер мемлекет тарапынан қолдау табатындығы айтылған. 73-бабы Экологиялық тәрбие мен білім берудің жалпыға бірдей және үздіксіз жүргізілуі деп аталады. 74-бап оқу орындарында Экологиялық білім берудің мәселесіне, 75-бап Қоршаған ортаны қорғау саласында зерттеулердің мәселелеріне арналған. Осылармен қатар 1995 жылдың Республикамыздың қабылданған Конституциясында - табиғат байлықтарын қорғау, көбейту және тиімді пайдалану керек екендігі көрсетілген (6,38 баптар) [11].
Экологиялық мәселелердің кешенді ғылым аралық сипаты оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру мақсатында барлық оқу пәндерін экологияландыруды талап етеді.Заңдарды орындау бағытында соңғы жылдары Экологиялық білім бағдарламасының (1999), ҚР жалпы орта білім беру жүйесінде үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру тұжырымдамасын (2001) т.б. экологиялық тұрғыдағы маңызды құжаттар жарық көрді [12,13].
Экологиялық білім мен тәрбие беру мәселелері жалпы білім берудің элементі ретінде оқушыларға айналадағы орта мен табиғатқа жауапкершілік қарым-қатынасты қалыптастырумен және қоғам арасындағы өзара байланысты ғылыми негізде меңгерумен сабақтас қаралады. Күннен - күнге шиеленісіп келе жатқан экологиялық дағдарыстың қауіптілігі баршаға белгілі. Экологиялық білім берудің өмір талабынан туындайтын негізгі - жеке экологиялық тәрбие беру істерімен ғана шектеліп қоймай, табиғатты үздіксіз қорғау іс-әрекеттерін бір тізбекке біріктіру. Мұндай тәрбие жұмыстарының бір бөлігі экологиялық оқу - ағарту қажетті білім, тұжырым, түсінік, сенімді қалыптастыруға бағытталады.
Экологиялық мәселелердің кешенді ғылым аралық сипаты оқушыларға экологиялық тәрбие беру мақсатында барлық оқу пәндерін экологияландыруды талап етеді. Әрбір пән өтілетін сабақ мазмұнына сай экологиялық мәліметтерді өз тұрғысынан түсіндіруі тиіс.
Қазіргі кезде пәнаралық байланыс оқыту принципі және оның әдістемелік шарты ретінде дидактиканың кешенді проблемасы болып табылады, ол көп аспектілі жолдарды пайдалану арқылы шешімін табады. Пәнаралық байланыс оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің жалпы мақсаты мен міндеттеріне сәйкес әрбір оқу пәнінің мазмұны мен құрылымына байланысты, оқытудың әдісі, форма мен құралдары, оқушыларға тәрбие беру тәсілдерінде көрініс береді. Сонымен қатар, пәнаралық байланыс проблемасын педагогикалық, психологиялық әдістемелік жағынан ғалымдар В.В.Давыдов, С.Л.Рубенштейн, Р.Г.Лемберг, Ө.Мұсабеков, М.Ә.Құдайқұлов, И. Н.Нұғыманов, А.Д.Болтаев және т.б. зерттеген .
Қазіргі мектептерде, тәжірибелік - педагогикалық жұмыстар көрсеткендей, әсіресе жалпы орта білім беретін мектептердің оқу жоспарлары мен бағдарламаларында оқу-тәрбие үрдістерінде әр түрлі оқу технологиялары туралы материалдар пайдаланылады. Мәселен, экологиялық білім берудің педагогикалық мүмкіндіктері мен мазмұндары әлі де болса толық айқындалмайды, проблеманың теория жүзінде жеткілікті зерттелмеуі, ізденіс тақырыбының көкейкестілігін дәлелдейді. Сонымен оқу-тәрбие үрдісінде оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің ролі арта түсуде. Жалпы орта мектептердің оқу-тәрбие үрдісінде бүгінгі өмір талабына сай оқушыларға педагогикалық, ақпараттық, модульдік,инновациялық технологиялар арқылы экологиялық білім берудің ғылыми тұрғыда негіздеудің қамтамасыз етілмеуі, бұл мәселенің педагогика теориясы мен практикасында зерттелмеуі арасында қарама-қайшылықтар байқалады. Осы қайшылықтардың шешімін табуға ықпал ететін инновациялық оқыту технологиясын іздестіру, зерттеу жұмысымыздың проблемасын белгілейді. Бұл проблема әлі де болса педагогика ғылымында шешімін тапқан жоқ.
Жас жеткіншектерге саналы білім мен тәлім-тәрбие беру Республикамыздың атақты педагог ғалымдарының Н.Д.Хмель, Г.А.Уманов, Қ.Б.Жарықбаев, И.Н.Нұғыманов, С.Қ.Қалиев, Ж.Б.Қоянбаев, Қ.Б.Бөлеев және т.б. ғалымдардың еңбектерінде зерттелді.
Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру саласында ізденіп зерттеулер жүргізген ғалым - педагогтар И.Д.Зверьев, А.Н.Захлебный, Н.С.Сарыбеков, И.Г.Суравегина, Н.А.Гладков, П.В. Иванов, Б.Г. Иоганзен, И.С.Матрусов, Н.А.Рыков, А.П.Сидельковский, В.Н. Скалон, Е.С.Сластенина, А.С.Бейсенова, Н.Е.Ильинская және т.б. ғалымдарының еңбектерінде кеңінен қарастырылды. Қоршаған ортаны, табиғатты және оның байлықтарын қорғау, табиғатпен адамдардың қарым - қатынасы мәселелері жөнінде бір қатар ғалым - экологтар В.Бранн, К.А.Благосклонов, А.Д.Бондаренко, А.Р.Банников, В.П.Горощенко, А.А.Гаев, Я.И.Гептнер, Н.И.Деленковский, А.А.Горелов, Ю.В.Новиков, З.Новрузов, И.Н.Родзевич, Н.Б.Здорик, Я.И.Габеев және т.б. өз еңбектерінде атап көрсеткен.
Ғылыми - техникалық прогрестің өркендеуі, адамдардың табиғатқа жасаған бір жақты қарым-қатынасымен табиғат заңдылықтарымен санаспауы салдарынан, табиғаттың экологиялық тепе-теңдігінің бұзылуы, экологиялық дағдарыстың болу себептері, қазіргі кездегі еліміздің экологиялық жағдайын түзеу кезек күттірмейтін мәселе екендігі жөнінде Т.Төлендиев, Қ.Құрманов, Е.Қонақбаев, С.Қаженбаев, Б.Шайкенов, С.Ысқақов, Е.Мамбетқазиев, В.Дежкин, Ю.Жданов, В.М.Песков және т.б. еңбектерімен шығармаларында өз пікірлерін білдірген.
Сол сияқты экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесін зерттеуде Республикамыздың танымал ғалымдарының - А.С.Бейсенова, А.Б.Бигалиев, М.Н.Сарыбеков, А.Г.Сармузина, Г.К.Длимбетова, Э.А.Тұрдықұлов, Ж.Ж.Жатқанбаев, К.А.Сарманова, Н.Т.Торманов, Ж.Б.Шілдебаев және т.б. қосқан еңбектері зор.
Мен осы дипломдық жұмысымды орындау барысында оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру саласында ізденіс зерттеулер жүргізген ғалым-педагогтар И.Д. Зверев, М.Н.Сарыбеков, Н.Е.Ильинская тағы басқалардың ой-пікірлерін басшылыққа алдым[7].

Зерттеу объектісі: Жалпы орта білім беретін мектептің оқу-тәрбие үрдісі.
Зерттеу пәні: Оқу-тәрбие үрдісінде оқушылардың алған экологиялық білімі мен тәрбиесі. Орта мектептердегі 9-шы сынып оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие беру
Зерттеудің мақсаты: Оқу-тәрбие үрдісінде мектеп оқушыларына экологиялық білім берудің теориялық тұрғыдан мүмкіндігі және педагогикалық эксперименттік жұмыста тиімділігін сынақтан өткізу арқылы әдістемесін жасап, практикаға ендіру. Бұл мақсатты орындау үшін мынадай міндеттер қойылып, оларды шешуге ұмтылыс жасалды.
Зерттеу міндеттері:
oo экололгиялық білім мен тәрбие берудің деңгейін анықтау;
oo сабақта және сабақтан тыс уақытта экологиялық білім мен тәрбие беру жолдарын анықтау
oo Мектеп оқушыларына педагогикалық, ақпараттық,инновациялық оқыту технологиялары арқылы экологиялық білім берудің теориялық негізін айқындау;
oo Педагогикалық, ақпараттық, модульдік, инновациялық оқыту технологиялары арқылы экологиялық білім берудің түрлерін жетілдіру;
oo Педагогикалық эксперимент арқылы оқу үрдісінде оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің тиімділігін дәлелдеу.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Жалпы орта білім беретін мектептерде оқу үрдісінде оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің жолдарын пайдаланса тиімді болады.
Сонымен қатар 9-шы сынып оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие беру тиімді және нәтижелі болуы мүмкін, егерде:
oo орта мектепте оқушылардың табиғатты қорғауға байланысты гумандық қасиеттерін қалыптастырудың теориялық негізі дәлелденсе;
oo сабақ және сабақтан тыс жұмыстардың бірлігі мазмұндық, ұйымдастыру және әдістемелік жағынан қамтамасыз етілсе;
oo экологиялық тәрбие мазмұны туған өлке және қазақ этнопедагогика материалдарымен толықтырылса,
Жалпы білім беретін мектептерде экологиялық білім беру үшін әрбір оқушының жеке даму ерекшеліктері мен қабілеттері ескерілсе;
Әрбір оқушының пәнге деген қызығушылығы артса;
Мектепте жүргізілетін жұмыстардың тиімді жақтары көрсетілсе.
Зерттеудің практикалық мәнділігі:
- Компьютерлік және ақпараттық технологиясы арқылы оқушыларға үздіксіз, жан-жақты экологиялық білім береді;
oo Жоғарғы сынып оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие беруде туған өлке және қазақ этнопедагогика материалдары ендірілген қосымша бағдарламалар жасау;
oo жоғарғы мектептерде биология пәні негізінде экологиялық білім мен тәрбие берудің ғылыми-практикалық ұсыныстары.
Зерттеу кезеңдері:
oo Бірінші кезең (2013 жылы). Дипломдық жұмысының тақырыбы алынып, осы тақырып бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық, оқу әдістемелік әдебиеттерге талдау жасалынып, теориялық негіздері анықталды.
oo Екінші кезең (2013 жылы). 9-шы сынып оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие берудегі тәжірибелік жұмыстар жүргізіліп, аяқталды.
Зерттеу жұмысының негізгі базасы:
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс Алматы қаласы №48 орта мектепте өткізілді.
Зерттеудің құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, 2 тарудан,4кестеден және 4 суреттен,қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.

І. ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮРДІСІНДЕ ОҚУШЫЛАРҒА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің педагогикалық негіздері

Адамның даму тарихы, ғылыми прогрестің қоршаған орта мен табиғат арасындағы қатынасты байланыстыруда және дүниежүзілік табиғат байланысының кілт өзгеруіне әкеп соқты. Адам, қоғам табиғат заңдылығымен санаспауы нәтижесінде пайда болған экологиялық қайшылықтардың дамып, әлемдік дәрежеге жеткен, ең негізгі мәселенің бірі болды. Табиғат пен қоғамның дамуы бір-бірімен байланысты.
Қазіргі кезде балалардың санасына қоғамдық байлығы мен даму негізіндегі сезімдерін тәрбиелеп, оларға экологиялық білім беру мұғалімдердің міндеті.
Экология - грекше oikos - үй, мекен - жай және logos - ғылым деген мағынаны береді. Экология - тірі ағзалар мен қоршаған ортаның бір - бірімен байланысын зерттейді. Бұл ғылымды негізін ұсынған неміс ғалымы Эрнест Геккель [22].
Экологиялық тәлім-тәрбие мен білім беру мәселесін қарастыруда, ғалымдардың табиғат пәніндегі ой-пікірлері өзгеше. Ж.Ж.Руссо, И.Г.Песталоции, Ф. Дистерверг баланың табиғатпен байланысы негізінде ой санасын қалыптастыру, білім мен тәрбие беру заңдылықтарын негіздеді. Оқушының санасын дамытушы "табиғат сезіміне" үйрету жайында айта келіп, оның эстетикалық мінез-құлқының дамуындағы маңызын ашты. Ж.Ж.Руссо(1981) оқушылардың жан-дүние тәрбиесін табиғатпен өткізуін ұсынады. Ғалымның ойынша, табиғатқа деген жақсы көзқарасқа үйрету, баланың ой-санасын іштей дамыту арқылы табиғатты танып, қабылдау сезімдерінің әсерімен жүзеге асады деп тұжырымдайды [23,24].
Педагогика ғылымының негізін қалаушы ғалымы Я.А.Коменскийдің(1955) тұжырымдарына назар аударсақ, ол дұрыс тәрбие берудің жан-жақты көзқарасымен табиғаттың байланысуы керек деген ой айтады. Сол себептен табиғаттың бір бөлшегі - адам деп қарап, адам мен табиғат тәрбиесінің арасындағы заңдылықтарын дәлелдеуге әрекеттенді [25].
И.Г.Песталлоции(1981) табиғатпен тәрбиенің байланысы жөнінде баланың ақыл-ойы және күш - жігері ең өзекті мәселесі деп есептеді.
А.Н.Герцен (1954) жас баланың психологиясын қалыптастырудағы табиғаттың негізін тұжырымдай отырып, Біз адам дүниесін табиғат дүниесінен тас қабырға арқылы бөліп тастауға әдеттендік, бұл әділетсіздік - деген ой айтқан болатын [26].
Ал орыс педагогы К.Д.Ушинский(1948) табиғатты психологиялық тәрбие құралы деп білуде, адам мен табиғат арасындағы негіздерін қарастырып: Табиғат даусын ата-аналар да, тәрбиешілер, заң шығарушылар да аяғына дейін тыңдауы тиіс. Табиғатпенен ерегісу жақсы емес адамға тек оның бұл заңдылықтарын білу және олардың күшін пайдалану ғана қалады. К.Д.Ушинский сонымен қатар ой ұрығы "ұлы тәрбиеші"- деп атады. Ол баланың табиғатпен жақын өсуін кең көлемде жүргізілуін айтып Педагогикада табиғаттың тәрбиелік құралы болар-болмас дәрежеде бағаланғаны таңқаларлық нәрсе - деп қапа болады [27].
В.А.Сухомлинскийдің (1975) психологиялық, эстетикалық тәрбие негізінде пайдалану туралы тұжырымдары мол. Ол интелектуалдық қажырлы еңбекке жігерлендіріп тәрбиелеудегі табиғаттың ролін аша түсу міндетін қояды. Мұндай өмір үшін табиғатпен байланыс жасаудың мүмкіндігі ұшан - теңіз - деп көрсетті. Ғалым табиғаттың бала жанына жақындығын және табиғат сырына балалардың құштарлығын байқаған. Балаларды табиғат негізінде тәрбиелеу оның ғылыми жұмысының негізі болған. Ол: Табиғаттың әдемілігі адам жанының тазалығын тәрбиелеуде үлкен орын алады - деп көрсеткен. В.А.Сухомлинскийдің еңбектерінде қоғамды өз еңбегімен өркендетуге ат салысқан баланың табиғатқа деген көзқарасы қалыптасқаны және бұл көзқарасын табиғатқа деген сүйіспеншілігін дамытуды, тәрбиенің ең негізгі мәселелерінің бірі деп білді. Сондықтан да ол, осы мәселеге байланысты: Туған жер табиғаты - бұл жәй кішкентай адамның өсетін жерге қадамдарын жасайтын орта ғана емес, он мыңдаған өте жіңішке тамырлары қуат алып, шырын бұтақтары мен жапырақтарына тарататын құдіретті адам - ағаштың өркен жаятын ортасы дейді [28,29].
Ал, Г.Афанасьев, В.В.Журавльев, А.Г.Спаркин, Г.С.Смирнова, А.Қасабеков, Ж.Алтаев т.б. атақты философтар оқушыларға экологиялық білім беруде қоғам - адам - табиғат арасындағы мінез - құлықтың сана көлем-пішіндерін жіктеу тұрғысынан қарастырды [30].
Н.В.Скалон, Б.Г.Ионгазен т.б. педагог ғалымдар оқушыларға табиғатты қорғау үшін адамгершілік, эстетикалық, патриоттық шарттарын ұсынды [25,29].
Шығыстың екінші ұстазы атанған, ғұлама ғалым Әл - Фарабидің Қазақстан топырағында дүниеге келіп, артына ұлан ғайыр мұра қалдырғанын бүгінгі ұрпақ мақтан тұтады. Соның ішінде адам, білім, тәрбие, ізгілік сияқты қасиеттерге қоғамды табиғат құбылыстарын танып - білуге баулу керек деп тұжырымдайды. Табиғатты аялау, ізгілікке баулу бала тәрбиесі де ұлттық тамырдан нәр алып, бүгінгі таным - түсініктермен баюы, жаңғыруы заңды құбылыс. Педагогикада табиғат арқылы экологиялық білім қалыптастыруды философиялық ой - тұжырымдармен байланысты түсіндіреді. Ғалым философияны меңгерудегі адамның алғышарттары тазалығы, әдет - ғұрпы, дүниетанымы деп көрсетеді. Олай болса, педагогикалық тұжырымның дамуының философиялық бастауы Әл - Фараби мұралары деп білеміз [3].
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев 18-ші қара сөзіндегі табиғатқа деген философиялық тұрғыдан, сонымен қатар табиғатқа байланысты көзқарастарын да танытады. Ол табиғаттың байлығын адам баласының таусылмас азығы екенін көрсете келіп, Кім өзіне махаббат қылса, сен оған махаббат қылмағың парыз - деп жасөспірімді табиғат - ананы аялап сүйіп, құрметтеуге үндейді. Баланың дүниетанымы бесіктен басталады дей келіп, оның ой-санасының бастысы, білуге құштарлық деп санайды. Өсе келе үйрету құралдары арқылы жақсы іс - әрекетке, ішкі сезімдерінің қалыптасуына, адамгершілікке тәрбиелеу болса, ал баланың мінез - құлқын қалыптастырудың ең маңыздысы ұстаздарының, достарының үлгі - өнегелері қажет деп түйіндейді [17].
Еліміз мақтаныш тұтатын ұлы ғалымы Ш.Уәлиханов елінің әдет - ғұрпын, салт - дәстүрін зерттей келіп, өз ұрпағын табиғатпен айналысуға жетелейтін педагогикасын жоғары бағалайды. Табиғат ғажап, табиғаттан құпия тіршілікте не бар? - дей отырып, халқы киеліге аса көңіл аударған. Олар айналадағы және күнделікті тұрмысқа қажетті саймандарды киелі деп құрметтеген. Осы киелілерді қастерлеп, ырым жасау қазақ баласына құт-береке, байлық әкеледі.
Қазіргі таңда жасөспірімдерді табиғатты қорғау үйретуші құрал Шоқан Уәлихановтың осы тақырып жөніндегі бай мұрасы болып табылады. Уәлихановтың табиғат пен халықтың қатынасындағы зерттеулері қазақ халқының арасындағы жағымсыз сезімдердің Табиғатты шексіз қадірлеуінен туған - деген ой айтады [19].
Қазақтың ұлы ағартушысы Ы. Алтынсарин жастарды ата-ананың тәлім-тәрбиесін, ақыл-кеңесіне көңіл түюге шақырып Ақыл-кеңесті алмасаң анау тұрған қисық ағашқа ұқсап өсесің - деп өзінің тәрбиеге деген көзқарасын айтады. Сонымен қатар ақын ағарту және қоршаған орта мәселелерін сараптап арнаған шығармаларында дүниеге өзіндік көзқарасын көрсетеді.
Ағартушының өміріндегі ерекше орын алатын мәселелері мәдениеттілік пен әдет - ғұрыптың көзқарастары және маңызы. Мысалы: аққан судың сылдырауы, шалғынды көкорайдың көркі т.б. табиғат қозғалыстары Жаз, Өзен деген өлеңдерінде суреттеледі. Бұл өлеңдер жастарды табиғатты қастерлеуге тәрбиелейді [18].
Экологиялық білім мен тәрбиенің тамыры отбасы мен бала - бақшадан нәр алып, дамуы керек. Ата - бабаларымыз экологиялық тәрбиені ұлттық дәстүрде наным, сенім, ырымдар арқылы үздіксіз беріп отырған. Мысалы, Көк шыбықты сындырма, көктей соласың, Аққуды атпа, киесі ұрады, Көзіңді қалдыр - бұлақ көзін ашып жүр, өзіңді қалдыр - бақша өсіріп жаса нұр деген ата - баба өсиетінде не деген көрегенділік, ақылдылық бар десеңізші! Ата-бабаларымыз қазақ жол жүріп келе жатып, аға алмай жатқан бұлақ көрсе көзін ашқан екен. Қазіргі таңда жас жеткіншектерге ата - бабалардың нақыл сөздерін жеткізіп, оны ұғындыру және осыған байланысты экологиялық білім беру бұл мұғалімнің міндеті болып табылады.
Қай заманда болсын қазақ халқы дәстүрінде табиғатқа тағылықпен қарау деген болмаған. Аң - құстардан бастап өсімдіктерге дейін жанашырлықпен қарап, табиғат тұнығын обал деп санады. Табиғат байлығын жеке меншік емес, қоғамдікі, халықтікі, болашақ ұрпақтікі деп санады.
Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибелермен және әдебитеттермен танысу жалпы білім беретін мектептердің барлық түрлері мен мектептен тыс мекемелердің іс - қимыл білігінің нәтижесіндегі жетістіктің кепілі болатындығы туралы пікірдің қалыптасуы - бұл бағыттағы оңды нәтижелерге тек жоғары сынып оқушыларымен жүйелі түрде жүргізілген экологиялық - туристік - өлкетану қызметі арқылы ғана қол жеткізуге болады.
Мектептер қызметі мен мектептен тыс мекемелердің өзара байланысы қажеттілігін осы бағыттағы әдебиеттерге жасаған талдауларында көптеген көрнекті оқымыстылар, алдыңғы қатарлы, озық ойлы, халық ағарту ісінің ұйымдастырушылары В.А.Сухомлинский, Н.К.Крупская, А.В.Луначарский, С.Т.Шацскийлер дәлелдеп берді [12,13].
Мектеп оқушыларының бойында шығармашылық қабілеттер мен қызығушылықтарды дамытуда, мектептен тыс мекемелер негізгі нысана болады. Мектеп оқушыларының шығармашылық қызметтерінің ұжымдық түрлері, әсіресе табиғат пен қоршаған ортаның өсімдіктер мен жануарлар дүниесі арасында тығыз байланыста бола алады Мектеп оқушыларының экологиялық білімділігі мен тәрбиелілігі олардың экологиялық санасына байланысты, яғни олардың барлық қызметі мен мінез - құлықтарын, бұрынғы ой - пікірлері мен көзқарастарына өзгеріс енгізудің қалыпқа келтіруші құралы деп түсінуге болады. Мектеп оқушыларының экологиялық білім мен тәрбиесінің педагогикалық үрдісі психологиялық, педагогикалық қайшылықтарды шешу мен ғылыми болжамдарды салыстыру әдістері, осы негізде қоршаған орта мен туған өлкенің, табиғи ортаны сауықтыру мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.
Атақты шетелдік педагогтардың табиғатқа деген көзқарастарына сүйенер болсақ, табиғатқа деген сенімді көзқарас қалыптаса қойған жоқ. Қуатты тәрбие күштеріне сүйене отырып, олар адам мен табиғат бірлігінің тиімді жолдарын іздестірді, ал егер осы бағытта тапқан жаңалықтары болса, оны тәрбие мақсатына пайдаланып отырды.
Б.Т.Лихачев жеке адамның экологиялық мәдениетін қалыптастыру қажеттілігі мәселесін қарастыра келіп, мектеп жасынан бастап бұл Я.А.Коменскийдің өсиет етіп кеткен тәрбиенің табиғатпен байланыстылығын адам тәрбиесінің жетекші құралы деп түсіндірді.
Жеке адамның экологиялық мәдениетін қалыптастырудың экологиялық білімі мен тәрбие үрдісіндегі негіз ретінде мектеп оқушыларының қоршаған ортамен байланысы, бірлігі алынған. Қазір балаларға санасы мен көзқарасына әсер ететіндей тұтас экологиялық білім мен тәрбие жүйесін бере отырып, табиғаттағы, космос кеңістігіндегі және қоғамдағы барлық құбылыстарға адамның қатысы бар екендігін ұғындыру қажет.
А.А.Остапец-Свешников өзінің көптеген зерттеулерінде экологиялық білімге, әсіресе, сынып сабақ жүйесінде жоғары мән берілетіндігін, бірақ бұл білімдердің күнделікті өмірде қолданыла бермейтіндігіне тоқталып өтті.
Н.С.Дежникова экологиялық білім мен тәрбиені балалардың рухани дамуына әсер ететін, олардың экологиялық көзқарастарын біртұтас жүйе ретінде қарастырады. Оның ойынша, экологиялық тәрбиенің деңгейі оқушылардың қоршаған ортаға құнды деген көзқарастары туралы қалыптасқан білім жүйелерімен анықталады. Сондай - ақ жоғары сынып оқушылары И.Мучириннің Адам- табиғаттың бір бөлшегі, ол табиғата биологиялық жағынан ғана емес, рухани жағынан да тәуелді, табиғаттағы барлық байлықты дұрыс жолмен ғана пайдалануға болады, табиғаттан адам үйлесімдік пен тұтастықты, сұлулықты үйренуі керек деген қағидасын тиісті дәрежеде түсіндірулері қажет [14].
Экологиялық білім мен тәрбие балалардың рухани жетілуіне үлкен әсер етеді. Осы білімді меңгеру барысында балалардың қоршаған орта, оның қалыптасуы мен маңыздылығы туралы түсінігі қалыптасады.
Экологиялық білім беруді енгізуде адамдардың қоршаған орта мен қарым-қатынас жасауды қалыптастыруда мектепте оқылатын әр пәннің тәрбие жұмыстарының қоғамдық мүмкіншіліктерінің бәрін ТМД елдері бойынша П.В. Иванов Оқушылардың табиғат қорғау жұмыстарын ұйымдастыру арқылы өз туған өлкесінің табиғатын оқып үйренуді, И.Д.Зверев Экологиялық білім берудің теориялық негізін, табиғат қорғаудан білім беруде пәнаралық байланысты, Л.П.Салеева Төменгі сынып оқушыларының табиғатқа жанашырлық қатынасын қалыптастыруды, Б.Г.Иоганзен Оқушылардың табиғатқа жауапкершілікпен қарауға дағдылану әдістерін, Я.И.Габев Табиғат қорғау туралы білімнің теориялық негізі туралы зерттеген. Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беруге байланысты экологиядан А.С.Бейсенова (1991), А.Г.Сармузина (1996), К.Сарманова(1996), А.Б.Бигалиев, Ж.Шілдебаев(2000), физикадан М.К.Хакимова(1987), Э.А.Тұрдықұлов(1982), М.И.Уралов(1988), А.Д.Болтаев(1994), Ғ.К.Длимбетова, географиядан И.Н.Родзевич(1986), С.В.Васильев(1987), Т.В.Кучер(1990), Ұ.Ә.Есназарова(1996), Р.Төлегенова(1997), қазақ - тілі мен әдебиетінен Ө.Т.Танабаев(1992), биологиядан Ш.Қарамергенов(1980), И.Г.Суравегина(1986), Т.В.Машарова(1992), С.Орынбеков(1996), табиғатанудан Л.П.Салеева(1978), М.Н.Сарыбеков(1984), Е.А.Гринева(1985), Д.І.Жангельдина, химиядан В.М.Назаренко(1985), математикадан Қ.Н.Сарыбекова(1999) және сыныптан тыс жұмыстар негізінде экологиялық тәрбие беруден Қ.Ж.Бұзаубақова(1997) т.б. жазды [31].

Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру мәселелерін зерттеген ғалымдар

Авторлар
Сабақтар

Сурет 1. Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру мәселелерін зерттеген ғалымдар.

Ғалымдардың басым бөлігі экологиялық білім беру жайлы жеке адамның іс-әрекетінде байланысатын, табиғатқа деген моральдық жауапкершілік деңгейінің қалыптасуы экологиялық сезімі болатынын көрсетеді.
Е.М.Кудрявцева(1980) экологиялық тәрбиенің психологиялық табиғатын қарастырып, оны іске асырудың қажеттілігіне ерекше назар бөлді. Ол табиғатты қорғауға адам бойындағы сенімге мән беріп, оның негізгі компонентіне баса назар аударды. Олар бірнеше компоненттерге бөлінеді.
1. Интеллектік (ойлылық) компоненті: сенім негізіндегі экологиялық білімді дүниетанымдық сипаттағы интеллектік іскерлікті себепті ойлау тәсілдерін меңгеруі.
2. Жеке даралық компоненті: қатынас пен бағалаудың себебі табиғат қорғау әрекетіне мақсат қою және себептің дәлелі, моральдық бағыттылығы, табиғатты қорғау қажеттілігін ұғыну.
3. Ішкі дайындығы: субъектінің өзіндегі бар біліміне сәйкес ниеттенуге байланыстылығын ұстанған жолының әрекетке дайындығы [15].
Осы компоненттердің әр қайсысының өзіндік мәнін ұғыну, олардың органикалық бірлікте болуын қамтамасыз ету, табиғатқа жауапкершілік қалыптастыруда оқушының қасиетін ескере отырып жүргізуге негіз болды.
Экологиялық білім мен табиғат қорғауға тәрбиелеудің мақсаты мен міндеттері А.Н.Захлебныйдың еңбектерінде байқалады.
А.Н.Захлебный(1981) жалпы білім беретін мектептегі екі әлеуметтік мақсатқа жетуге бағыттауды ұйғарды. Олар мыналар:
1. Оқушылардың мінез-құлқында және әр түрлі іс-әрекетінде қоршаған ортаға жауапкершілік нормаларын сақтауға тәрбиелеу.
2. Қоршаған ортаны көркейтіп қорғауда оқушылардың ұқыптылықпен пайдалану дағдысына үйретуді ұсынады [31].
Ғалым - педагогтар мен ғалым - әдіскерлер экологиялық білім мен тәрбие берудің мәнін ашқанда табиғатқа саналы қарым - қатынас жасап, оны қорғайтын, табиғат ресурстарын тиімді пайдаланатын, туған жерін сүйетін жастарды адамгершілікке тәрбиелеуді талап етеді.
Психологиялық-педагогикалық әдебиеттермен таныса және талдай отырып, экологиялық білім берудің мақсаты - жастарды айналадағы табиғи ортаға жауапкершілікпен қарау керек екендігін анықтадық.
Зерттеушілер қазіргі педагогикалық теорияда экологиялық білім мен тәрбие берудің ғылыми негізін, мақсаттары мен міндеттерін, принциптерін толық анықтауға ұмтылады.
Қазіргі заман талабы тұрғысынан алып қарастырар болсақ, бүгінгі мектеп оқушыларының жаңалық атаулыға жаны құмар, интеллектуалдық деңгейі әлдеқайда жоғары екеніне көз жеткіздік. Ендеше оқушыларға ақпараттық, компьютерлік, модульдік және инновациялық оқыту технологиялары негізінде экологиялық білім беру идеясын олардың қолдап шығатынына сенімдіміз. Оқушылардың қолдауына ие бола отырып, оның қажеттілігіне сене отырып, біз енді нақты қай технология негізінде жүргізуді, оның тиімділігі қандай болады, қиыншылық неде деген мәселелер төңірегінде ойлануды жөн көрдік.
Педагогикалық қызметте енгізілген жаңалықтың қандай жағымды жақтары бар, ол қандай табысқа жеткізу мүмкін, кемшіліктері жоқпа, оның салдары қандай болуы мүмкін деген сияқты сұрақтар туындайды. Білім беру үрдісінде педагогикалық инновация басқаша түрде қарастырылады. Олар:
1.Дәстүрлі алты күндік жұмыс аптасы сақталатындай жүйе енгізу.
2.Сабақ берудің әдісі мен әдістемелері өзара сабақтаса отырып, сабақ
пен сабақтан тыс жұмыстардың мазмұнын байыта түсу.
3.Білім берудің халықаралық стандарттарына сай ізденісін арттыру.

Білім беру үрдісіндегі оқущыларға білім беруді төмендегідей суреттен көруге болады:

Білім беру үрдісі

Жаңалықтар нәтижесі
Ішкі факторлар
арқылы

Жаңалықтар
арқылы
Сыртқы факторлар
арқылы

2-сурет Оқушыларға білім берудің үрдісі

Педагогикалық технология кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып табылады. ЮНЕСКО-ның анықтамасы бойынша, педагогикалық технология - бүкіл оқыту үрдісі мен білімді техникалық адам ресурсын олардың бір-біріне өзара әсерін, білім берудегі формасын оңайландыру міндеттерін ескере отырып меңгеруді жүзеге асырудың жүйелі әдісі. М.В.Кларин(1989) Педагогикалық технология - бұл педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолдарындағы қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдардың жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті, деп анықтайды [31].
Көптеген педагог ғалымдардың еңбектерінде оқу үрдісін технологияландыру бағдарламалап оқыту тәрбиесінде іске асатын білім технологиясы, дамытып оқыту конспектіндегі педагогикалық технология, жаңа ақпараттық технологияның мәні, мазмұны, оларды оқу үрдісіне енгізу т.с. мәселелері ашып қарастырылған (Б.С.Гершунский, В.М. Монахов, Н.Ф.Талызина, В.В.Давыдов, Т.И.Ильина, Г.И.Щукина, Ж.А.Қараев, Е.И.Машбиц т.б.) .
Педагогикалық технология дегеніміз - мақсаттар қою, оқу жоспары мен оқу бағдараламасын үнемі жақсартып отырудың, педагогикалық жүйелердің тиімділігі.
Оқыту технологиясы мектепте оқу үрдісіне қажетті әдіс-тәсілдер, амалдар, дидактикалық талап секілді психолого-педагогикалық іс-әрекеттердің жүйелі кешені ретінде пайдаланады. Ол оқушылардың тәртібіне, оқуға, ынтасына, оқу іс-әрекетіне игі мұғалімдердің интеллектуалдық, шығармашылық қызметі болып табылатын педагогикалық іс-тәжірбиесінің нәтижелілігіне, жинақтылығына ұтымды әсер ететіндей оқу-тәрбие процесінің басты күре тамырының ролін атқарады.
Педагогикалық технология оқу үрдісімен, мұғалім мен оқушының іс-әрекетімен тығыз байланысты. Қазіргі кезде әдебиеттерден қазіргі заманғы білім берудің даму бағыты мен тенденцияларын қамтитын 50-ден астам педагогикалық технология қолданып жүргені мәлім. Атап айтқанда: иллюстрациялы түсініктемелі оқыту технологиясы, білім беруді ізгілендіру, проблемалы оқыту технологиясы, тірек сигналдар арқылы оқыту технологиясы, түсіндіре басқарып озат оқыту технологиясы, модульдік оқыту технологиясы, деңгейлеп саралап оқыту технологиясы, компьютерлік және ақпараттық технологиясы, жобалап оқыту технологиясы және т.б. Осы технологиялардың жіктелуін 3-кестеде көре аламыз.
Педагогикалық технологиялардың мынадай міндеттері бар:
1. Педагогикалық қызметінің өзекті мәселелерін білу.
2. Оқу бағдарламасының түрлендірілген нұсқауларын құрастыру.
3. Оқу модулін құрастыру.
4. Оқушыларға арналған тапсырмалар құрастыру.
5. Оқушылардың жаңа материалдарды меңгеруі бойынша деңгейленген жаттығулар жүйесін жасау.
Осы педагогикалық міндеттерді орындау үшін төмендегідей әдістер қолданылады:
Проблемалық-іскерлік ойын;
Рефлексивті-рольдік ойын;
Педагогикалық шеберханалар;
Лекция;
Семинар;
Практикалық сабақтар;
Педагогикалық идеялар;
Сынақ мерзімін өткізу.

1- кесте
Қазіргі кездегі оқыту технологияларының жіктелуі

Оқыту технологиялары
Философиялық негізі
Психолого-педагогикалық негіздері
Оқушының іс-әрекеті
1. Иллюстрациялы түсініктемелі оқыту технологиясы.
2.Лекция - семинар сынақ жүйесі.
3.Ірі блокпен оқыту технологиясы (П.Э.Эрдниев).
4.Перспективті дамыта оқыту технологиясы (С.Н.Лысенкова).
Д.Ж.Локк
Бала тақтайдай таза жанмен туылады.
Рефлекторлық теория И.М.Сеченов, И.П.Павлов,
Я.А.Коменский педагогикасы
ХVIIғ. қағидалары:
оқытудағы ғылымилық, көрнекілік, табиғат-тәнділік, кезектілік, белсенділік.
Оқушы үлкендердің қалай ойлап, қалай орындайтындығына еліктеп солай орындауға тырысады, қайталайды.
Оқушы әрекетін жандандыру және қарқындату негізіндегі оқыту технологиялары
1. Проблемалық оқыту технологиясы.
2. Ойын арқылы оқыту технологиясы.

7. Оқу материалын сызбалар мен арнайы таңбалар негізінде қарқынды оқыту технологиясы.

Ассоциациясы іс-әрекет (қабылдау, есте сақтау қолдану қорыту жүйелеу және іс-әрекет).

Оқу-тәрбие үрдісінде экология сабақтарында инновациялық оқыту технологияларын қолдануда оқушылардың бойында төмендегідей қабілеттер қалыптасады:
:: ізденушілік;
:: зерттеушілік;
:: шығармашылық;
:: қызығушылық;
:: біліктілігін арттыру.
Осы экология сабақтарында инновациялық оқыту технологияларды қолдану мұғалімнің шеберлігіне байланысты болса, ал оқушылар өзі ізденіп, ғылыми негіздерін өз бетінше игереді. Экология сабақтарында модульдік оқыту, компьютерлік және ақпараттық, деңгейлеп саралап оқыту технологияларын ың ерекшеліктерін 4- кестеден көре аламыз.

2-кесте
Экология сабақтарындағы инновациялық оқыту технологияларыдың ерекшеліктері

Оқыту технологиясы
Инновациялық оқыту технологиясының ерекшеліктері
Педагогикалық оқыту технологиясы
oo Мақсаттар қою, оқу жоспары мен оқу бағдараламасын үнемі жақсартып отырудың, педагогикалық жүйелердің тиімділігі.
Оқыту технологиясы мектепте оқу үрдісіне қажетті әдіс-тәсілдер, амалдар, дидактикалық талап секілді психолого-педагогикалық іс-әрекеттердің жүйелі кешені ретінде пайдаланады.
Модульдік оқыту технологиясы
Өз бетінше орындалатын жұмыстар арқылы оқушылардың экологиялық танымдық қабілеттерін арттыру.
Дарынды балалармен тұрақты және жүйелі жұмыс істеу мүмкіндігін тудыру.
Оқушылардың өзін-өзі өзектілендіру, өзін-өзі бекіту, ойын танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін дамыту.

Компьютерлік және ақпараттық технология
- Оқыту - бұл оқушының компьютермен
қатынасы;
- Оқушының жеке қасиетіне қарай компьютерге
бейімдеу;
- Ақпаратпен жұмыс істей білуді қалыптастыру;
- Жоғары сынып оқушыларына үздіксіз,
жан-жақты экологиялық білім беру.

Қорыта келгенде, қазіргі мектептердегі экологиялық білім мен тәрбиенің төмен дәрежеде жүргізілетіндігі, оны күшейту үшін зерттеу жұмыстарын, жобалау - зерттеу, қоғамдық пайдалы қызметті экономикалық даму деңгейімен байланыстыру керек. Мектептегі экологиялық білім авторлық бағдарлы - тұжырымдамаларға толы, соған қосымша білім беру мекемелерінің жүйесіндегі инновациялық оқыту технологиясы арқылы экологиялық білім мен тәрбие беру жоғары сынып оқушыларының кейбір ерекшеліктерін ескертетін бағдарламалар және оқу-әдістемелік құралдармен қамтылу керек.

1.2. Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің қазіргі жағдайы

Қазіргі уақытта экологиялық тәрбие беру жер бетінің әрбір тұрғынын қамтуға тиісті бүкіл халықтың мәселеге айналып отыр. Қоршаған ортаны қорғау мен оның байлығын тиімді пайдаланудың Қазақстан Республикасының Конституциясынан орын алуға, арнаулы өкіметтік қаулы қабылдануы, экологиялық тәрбие беру қажеттілігінің күннен-күнге арта түсуі - бұл істі жүзеге асыруды бала бақшадан бастап жоғары оқу орындарына дейінгі тәрбие орындарында оқу-тәрбие жұмыстарының әр түрлі формалары мен әдістерін пайдалануды міндеттеп отыр. Мұның мәні - оқушыларды табиғатқа ұқыпты қарауға үйретіп, оның байлықтарын үнемді пайдаланудың маңызды мәселе екенін ұғындыру табиғатқа дұрыс қарым-қатынас жасау жөніндегі қажетті біліммен икемділік, дағдыларымен қаруландыру. Біздің елімізде әрбір азамат табиғатты аялауға, оның байланыстарын қорғауға міндетті деген талаптар барлық уақытта бірдей дәйектілікпен жүзеге асырылып отырымағаны мәлім.
Еліміздің болашағы бүгінгі мектеп оқушылары десек, оларға тыңғылықты тәрбие, тиянақты білім беруді неғұрлым нақтылап, соған негізделіп оқыту бүгінгі заман талабы. Сондай нақтылаудың бір жолы сабақ барысында оқушыларға экологиялық білім беру.
Мектептерде факультатив сабақтар арқылы экологиялық білім беру және инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану болашақтың азаматын даярлаудағы оқыту процесін барынша ізгілендіру. Яғни оқу құралдары оқушының өз бетімен танымдық іс-әрекет жүргізе алатындай және қазіргі өзгермелі жағдайға бейімдеп қолданылатындай болу керек.
Экологиялық білім берудің мақсаты - жеке адамның бойында қазаққа тән ізгілік пен әдет - ғұрыптарын дарыта отырып, адам - қоғам - табиғат арасындағы толық үйлесімділікті қалыптастыру және дамыту болып табылады.
Экологиялық білім беру әрқашанда жеке адамның тәрбиесін экологиялық мәдениетін дамытудан бастап, көпшілікке экологиялық білім беру деңгейіне көтерілді. Сондықтан, экологиялық білім беру өте күрделі процесс. Оны дайын күйінде ұсынуға болмайды. Ол үшін оқушылардың санасына, ой - өрісіне, дүниеге деген көзқарасына қоршаған табиғи ортаның өзі мен қоғам үшін қажеттілігін сезіндіре отырып беру керек.
1968 жылы Парижде ЮНЕСКО-ның биокеңестік қорын қорғау және оны тиімділікпен пайдалануға байланысты Үкіметаралық конференция болып, онда "Адам және биосфера" деп аталатын бағдарлама қабылданды. Бұл бағдарламада алғаш рет экологиялық білімнің жалпы мазмұны көрініс тапты. 1971 жылы желтоқсан айында Швейцарияда табиғат қорғауда жұртшылықты ағартуға байланысты 1-Еуропалық жұмыс конференциясы өтіп, онда ең алдымен "Қоршаған ортаны қорғау" және "Табиғатты қорғау" түсінігі егіз ұғым ретінде танылды.
ЮНЕСКО - ның ЮНЕП - пен ("БҰҰ-ның қоршаған орта туралы бағдарламасы") 1977 жылы Тбилисиде бірлесе өткізген қоршаған орта жөнінде білім беруге байланысты бірінші Үкіметаралық конференциясы өтуі экологиялық білім беру жүйесін одан әрі жетілудің елеулі кезеңі болды.
Экологиялық білім беру жүйесіндегі Халықаралық өзара байланыс Найроби (1982), Беч (1983), Москва (1987), Рио-де-Жанейро (1993), Орхус (1999), Кейптаун (2003) және басқа да конференцияларда одан әрі жалғасын тапты [34].
Осы жоғарыда аталған халықаралық ғылыми конференцияларда халыққа экологиялық білімді үздіксіз беру арқылы жүзеге асатыны баса айтылады. Олар:
:: -биосфера тұрақтылығын сақтау үшін ағарту жұмыстарын
:: ұйымдастыру арқылы;
:: -адам баласының туылғанынан бастап, өмір бойы экологиялық білім
:: беру;
:: -халық арасында экологиялық пікір-талас өткізу.
Жоғарыда аталған өзекті бағдарламаны жүзеге асыруда Елбасының Қазақстан - 2030 бағдарламасымен Қазақстан Республикасында көпшілікке үздіксіз экологиялық білім берудің ұлттық стратегиясы және Білім мен Ғылым министрлігі бекіткен Экологиялық білім бағдарламасы құжаттарының міндеттері бойынша экологияны жеке пән ретінде мектептерге енгізу көзделген. Аталған мемлекеттік құжаттарды жүзеге асыру бүгінгі күннің ең өзекті мәселелердің бірі болып есептелінеді.
Аталған құжаттарға сәйкес үкіметтің қауылысы (3.03.1998ж. №137,8б.) экологиялық білім берудегі негізгі құжат болып табылады. Бұл құжаттың көкейкестілігі Қазақстанның көпсатылы оқу жүйелерінде экологиялық білім берудің ұлттық жүйесінің жаңа мәдени тұрғысынан қарастырылады. Осыған орай, 1987 жылы проф. А.С.Бейсенованың Оқушыларға экологиялық білім беруді жақсарту туралы тұжырымдамасы және Қазақстан Республикасында эколог мамандарды даярлау туралы еңбектері шықты. 1988 жылы ҚР Білім министрлігінің қаулысымен Ландшафтар экологиясы және табиғат қорғау лабораториясы ашылды [35,36].
Аталған зертханада үздіксіз экологиялық білім берудің шетелдік, ТМД және отандық іс - тәжірибелері сарапталынды. Әсіресе, Ресей мемлекеті оқу жүйелерінде көпшілікке экологиялық білім берудің үздіксіз жүйесі жақсы жолға қойылғанын аңғартты. Онда жалпы және кәсіби білім беретін оқу жүйелеріне арналған экологиялық оқу жоспарлары мен бағдарламалары, оқулықтар және оқу құралдарының кешендері жарық көрген. Экологиялық білім берудің тұжырымдамасы жасалған. Осы жағдайлардың бәрі Қазақстанда экологиялық білім берудің ғылыми - теориялық негіздерін жасауға бағыт берді.
Зерттеу қорытындылары бойынша экологиялық білім берудің ғылыми-теориялық негіздері, педагогикалық принциптері және экологиялық білім тұжырымдамасы мен мемлекеттік стандартының алғашқы жобалары жасалды. Үздіксіз экологиялық білім беруде ғылыми-теориялық тұрғыдан негіздеу жұмыстары аяқталды. Үздіксіз экологиялық білім берудің алғашқы І-ХІ сыныптарға арналған оқу бағдарламалары жасалынды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты бойынша экологиялық білім беру Биология пәндерінің мазмұнында және вариативтік сағаттарға негізделген. Шын мәнінде дүниежүзілік және отандық тәжірбиелер көрсетіп отырғандай, көпшілікке экологиялық білім беру экология курсын жеке пән ретінде оқыту ғана бұл проблеманы шеше алады [37, 38].
Экологияны пән ретінде оқыту ғылыми-теориялық педагогика психологиялық оқу - әдіснамалық тұрғыдан да негізделіп, нормативті - құжаттарға сүйенеді. Егеменді Қазақстан Республикасы Конституциясы мен экологиялық зандарында үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру туралы мемлекет деңгейінде бірнеше құжаттар қабылданды. Қазақстанда экология пәнінің авторлық бағдарламалары, оқу-әдістемелік нұсқаулар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экология есептерін компьютерлік модельдеу
Студенттерді табиғат қорғауға даярлау туралы
Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық негіздері
Экология сабағында жергілікті материалдарды пайдаланудың әдістемелік жүйесі
Оқушыларға экологиялық тәрбие беру
Инновациялық оқыту технологиясы арқылы жоғарғы сынып оқушыларына экологиялық білім беру
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие
Химия курсын дәстүрлі оқыту технологиясы
ЭТНОЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қазіргі кезеңдегі дәстүрлі емес оқыту технологиясы арқылы экологиялық білім берудің ғылыми - теориялық негіздері
Пәндер