Кәсіпорын пайдасын жоспарлау әдістері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

1 КӘСІПОРЫННЫҢ РЕНТАБЕЛЬДІЛІГІ МЕН ТАБЫСТЫЛЫҒЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 4
1.1 Кәсіпорын табыстылығының көрсеткіштері және оларды талдаудың міндеттері
4
1.2 Экономикалық рентабельділік көрсеткіштері 9

2 ҚАЗАҚМЫС АҚ-НЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУДА РЕНТАБЕЛЬДІЛІГІНІҢ РӨЛІ
12
2.1. Қазақмыс АҚ-ның жалпы сипаттамасы 12
2.2. Қазақмыс АҚ-ның рентабельділігін және іскерлік белсенділігін
талдау 21

3 РЕНТАБЕЛЬДІЛІКТІ ЖӘНЕ ТАБЫСТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ
ЖАҒДАЙЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ РЕТІНДЕ 26
3.1 Кәсіпорынның рентабельділігі мен іскерлік белсенділігін арттыру
қаржылық тұрақтылықтың маңызды факторлары 26
3.2 Кәсіпорынның табыстылығын арттыру 28

ҚОРЫТЫНДЫ 30

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 31

А ҚОСЫМШАСЫ ІСКЕРЛІК БЕЛСЕНДІЛІК КӨРСЕТКІШТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЕСЕПТЕУ ТӘРТІБІ
32
Ә ҚОСЫМШАСЫ БІРІКТІРІЛГЕН БУХГАЛТЕРЛІК БАЛАНС. 33
Б ҚОСЫМШАСЫ. АҚШАЛАЙ ҚАРАЖАТТЫҢ ҚОЗҒАЛЫСЫ ТУРАЛЫ БІРІКТІРІЛГЕН ЕСЕП 34
В ҚОСЫМШАСЫ. ПАЙДАЛАР МЕН ШЫҒЫСТАР ТУРАЛЫ БІРІКТІРІЛГЕН ЕСЕП 36
Г ҚОСЫМШАСЫ. КАПИТАЛДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР ТУРАЛЫ БІРІКТІРІЛГЕН ЕСЕП 37

Кіріспе

Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың
шаруашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып,
олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне
мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы нарықта білікті
серікті таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің
тиімділігі көбінесе осыған байланысты болады. Кәсіпорындар бұрынғыдай
жоғарғы жақтың жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді қазіргі кезде өз қалауы
бойынша алады. Осы қатынастарда зиян шекпеу мақсатында шаруашылық субъектің
тұрақтылығын алдынала білген жөн, оның сенімділігін сипаттайтын көрсеткіші
болып меншікті капитал қаралады.
Олардың өздеріне іскер серіктерді қаншалықты дәл және қатесіз
тандауымен нарықтық қатынастар негізінде мүмкіндігінше тез және дұрыс
бағдар тауып, оны ұстануына қарай жұмыстарының тиімділігі әр түрлі болады.
Басқаша сөзбен айтқанда, шаруашылықты жүргізуші субъектілердің қызметінің
жетістіктері басқару деңгейіне, қабылданған шешімдердің объективтілігі,
нақтылығы, шұғылдығы мен ғылыми негізделуіне тікелей тәуелді. Үйлесімді
шешімдердің қабылдануы, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын тиімді
пайдаланып, еліміздің экономикалық өсуіне бағытталатыны белгілі.
Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйінің
орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша
қаражатын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен
өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің
қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді.
Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми негізделген
үшін оның меншікті қаражылық тұрақтылығына баға беру қажет. Тек терең және
ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап, кәсіпорынның
қаржылық сенімділігін нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік
белсеңділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін,
басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады.
Отандық талдау әдебиеттерінде рентабельділікті талдау мәселесі аз
зерттелген, сондықтан оның прогрессивті әдістері әзірше бізде ойдағыдай
қолданыс таба алмай отыр. Ал бұл кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі мен
экономикалық дамуына, ең ақырында еліміздің экономикалық өсуіне кері әсерін
тигізу мүмкін. Курстық жұмыстың өзектілігі осыменен байланыстырылады.
Бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаты – кәсіпорынның қаржылық жағдайын
талдау негізінде оның рентабельділігінің атқаратын қызметі мен рөліне баға
беру және жетілдіру ұсыныстарын әзірлеу болып табылады.
Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді анықтадым:
- кәсіпорын табыстылығының көрсеткіштері және оларды талдаудың
міндеттерін қарастыру;
- экономикалық рентабельділік көрсеткіштерін топтастыру;
-кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау негізінде рентабельділік және
іскерлік белсенділікке баға беру;
- рентабельділік пен табыстылықты кәсіпорынның қаржылық жағдайын
жетілдірудің негізі ретінде қарастыру.
Талдау объектісі ретінде Қазақмыс акционерлік қоғамы қарастырылды.
Жұмыстың теориялық базасы болып К.Ш. Дүйсенбаевтің, Э.Т. Төлегеновтың,
Ж.Г. Жұмағалиеваның, В.В.Ковалевтің, А.Д. Шереметтің, Г.В.Савицкаяның
еңбектері болып табылады.
Жұмыс барысында ҚР-ның заң актілері және жылдық Қазақмыс кәсіпорнының
балансы, қаржылық есебі пайдаланылды.

1 Кәсіпорынның рентабельділігі мен табыстылығының теориялық негіздері

1.1 КӘСІПОРЫН ТАБЫСТЫЛЫҒЫНЫҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТАЛДАУДЫҢ
МІНДЕТТЕРІ

Табыс — төтенше таралған, кең түрде қабылданатын, сонымен ңатар түрліше
маңызды қолданылатын көп мағыналы ұғым. Сөздің кең мағынасында ақшалай
құнына ие болуды кез келген ақша қаражатының түсімі немесе материалдық
құндылықты алуды көрсетеді. [1,102-б.]

1-сурет. Кәсіпорынның табыстарын қалыптастыру

Кәсіпорынның табысы олардың активтерінің артуы немесе капитал
меншігінің көбеюіне әкелетін міндеттемелердің кемуі. Табыс үғымы
жалпы мемлекетте (ұлттық табыс), кәсіпорындарда (жалпы табыс, таза
табыс), ал жеке тұлғаларда (халықтың ақшалай табысы, жеке табыс) болып
қолданылады. Кәсіпорынның табыстарын қалыптастыру жолдары 1-суретте
көрсетілген.
Кәсіпорынның жалпы табысына ақшалай түсім тауарларды сату және қызмет
көрсетуден түсетін ақшалай түсім, атқарылған қызметтен, мүліктік
бағалылықты сатудан, несие берілгендегі алынатын тиісті проценттер және
басқа да ақшалай және материалдық түсімдер жатады.
Жиі ңолданылатын таза табыс үғымы жалпы табыс және материалдық
ресурстардың шығындары арасындағы айырмашылығы болып саналады.
Экономикалық теорияда табыс деп тқрақты және нарықтық субъектілердің
қарамағына занды түрде тікелей түсетін ақша сомаларын айтады. Табыс алудың
шарты -бұл қоғамның пайдалы қызметі. Бұл сұраныстың қажетіне жататын
тауарларды шығару. Мына төмендегі табыстардың түрлерін айыруға болады:
- Жалпы табыс (ЖТ) – бұл тауарлардың белгілі мөлшерін
сатудан түскен ақшалай сомасы. Ол тауар бағасын тауар
мөлшеріне көбейтуге тең.
- Орта табыс (ОТ) - жалпы табысты (ЖТ) өнім өлшемінің
мөлшеріне бөлу (К)мөлшеріне бөлу (К)
(1)
- Шекті табыс (ІПТ) — бұл өнім өлшемін сатуды көбейту
арқасында жалпы табыстың үстелуі
(2)
Шекті табыс шығарған әрбір қосымша өнім өлшемінің өтемділігін бағалауға
мүмкіндік береді. Және де өзіндік құнмен ұштаса отырып, кәсіпорынды ұлғайту
мүмкіндігінде құндық бағдарлар қызмет етеді. [2,87-б.]
Кәсіпорын өз өнімін шығара отырып, ол үшін ақшалай түсім алып отырады.
Бірақ та бұл пайда табуды білдірмейді. Қаржылық нәтижелерді шығару үшін
түсімді өнімді өндіру мен оны әрі қарай сатуға кеткен шығындармен, яғни
өнімнің өзіндік құнымен сәйкестендіріліп қою кажет. Кәсіпорын пайда табады:

- егер түсім өзіндік кұннан жоғары болса;
- егер түсім өзіндік құнға тең болса, тек өнім өндіру мен оны әрі
карай сатуға кеткен шығындарды өтесе;
- ал, егер шығындар түсімнен жоғары болса, кәсіпорын шығынға
ұшырайды, яғни қиын қаржылық жағдайға, банкротка әкелетін
жағымсыз қаржылық нәтижелерді көрсетеді.
Пайда - дегеніміз кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметінің қорытынды
қаржьлық нәтижесі, жалпылай түрде, өнім бағасы мен өнімнің өзіндік құны
арасындағы өзгешілікті көрсетсе, кәсіпорын тұрғысынан өнімді өткізуден
түскен түсім мен өнімді өткізудің өзіндік құны арасындағы өзгешелікті
көрсетті.
Экономикалык категория ретіндегі пайда кәсіпкерлік қызметі процесіндегі
материалды өндіріс аясында кұрылған таза табысты көрсетеді. Кәсіпорын
деңгейіндегі таза табысты пайда формасында болады. Кәсіпкерлік қызметтің
басты нәтижесі ретіндегі пайда кәсіпорынның, жұмыскерлерінің және толықтай
мемлекеттің қажеттілігін қамтамасыз етеді.
Пайда нарықтық қатынастардың маңызды категориясы ретінде бірқатар
маңызды функцияларды атқарады:
Кәсіпорын қызметінің тиімділік көрсеткіші болып пайда табылады, осыдан
тиімді қызметтің пайдалылық факторларын көруге болады.
Пайда ынталандырушы қызмет атқарады, ол меншікті капиталдың өсуінің
басты кезі болып табылады. Нарықтық қатынастар жағдайындағы капитал иелері
мен менеджлерлер, пайда көлеміне бағыттала отырып, кәсіпорынның болашақ
дамуына жүргізілетін дивиденттік және инвестициялық саясаты жөніндегі
шешімдер қабылдай алады. Нарықтық экономикадағы пайда - шығарылатын өнім
мен өндірістік қорлардың жаңару көзі мен козғаушы күші болып табылады. ¥жым
мүшелері үшін пайда әлеуметтік игіліктің көзі болып табылады. Дивиденттерге
төленетін төлемдер, салықтар, сонымен қатар, басқада төлемдерден кейінгі
кәсіпорындарда қалдық ретінде калатын пайданың есебінен материалды
сыйақылау жүргізіледі, жұмыскерлерге әлеуметтік женілдіктер және т.с.с.
беріледі. [3,121-б.]
Пайда түрлі деңгейлі бюждеттік кірістердің құрылуының кезі. Ол бюджетке
салық түрінде, сонымен қатар, экономикалық санкция түрінде түсуі мүмкін
және бюджеттен шығатын нақты түрлі максаттарға қолданылады. Осындай
сипаттағы кәсіпорын пайдасы - оның әлеуметтік жэне экономикалык дамуының
негізгі факторы. Сондықтан да кәсіпорынға пайда әкелетін механизмді анықтау
аса маңызды.
Жалпы пайда - сатылған өнімінң толык өндірістік өзіндік құны және
тауарларды (қызметтер мен жүмыстар) сатудан түскен түсімдері арасындағы
айырмашылыгы ретінде анықталады.
Таза пайда (бөлінбеген пайда) - кәсіпорынның иелігінде болатын төтенше
шығыстар мен кірістердің сальдосы есебімен анықталады.
Еңбек ұжымы еңбекақының жоғарылауына, пайданың өсуіне, қазіргі
бәсекелік жағдайда өндірістің кеңеюіне, кәсіпорын жұмыскерлерінің өмірлік
деңгейлерінің, жағдайларының жақсаруына әрқашан қызығушылықтарын танытады.
Осыдан пайда мен жалпы табыстың массасы Кәсіпорының өндірістік-шаруашылык
қызметінің нәтижесінде алынатын тиімділік көлемі ретінде сипатталады.
Нарықтық катынастар жағдайындағы кәсіпорын максималды пайда табуға,
тауралар сату мен қызметтер көрсету нарығында өзінің позициясын ұстап
түруға тырысуы керек, сонымен қатар, бәсеке жагдайында өндірістік тұрақты
дамуды камтамасыз етуі керек.
Әлемдік тәжірибе көрсетуі бойынша нарықтық қатынастар жағдайында пайда
табудың үш негізгі көзі бар:жөн: мемлекетгік антимонополиялық саясаты мен
басқа кәсіпорындар жағынан өсуші бәсеке.
Екінші пайда табу көзі өндірістік және кәсіпкерлік қызметпен
байланысты, оның барлық Кәсіпорындарға қатысы бар. Оны пайдалану тиімділігі
тұрақты өзгеруші конъюнктура кезіндегі өндірісті дамытуға бағытталуы мен
нарық конъюнктурасын білуге тәуелді болады. Бұл жерде барлығы жүргізілген
маркетингке сәйкесті жасалынады. Берілген жағдайда, пайда көлемі ,
біріншіден, кәсіпорынның өнімді шығару бойынша бағыт таңдауының дұрыстығына
(тұрақты және жоғары сұранысқа ие өнімді тандау); екіншіден, көрсетілетін
қызмет пен сатылатын тауарлар бәсекеге қабілетті жағдай жасау (баға,
жеткізу мерзімі, сатып алушыларға қызмет керсету, сатудан кейінгі қызметтер
және т.б) үшіншіден, өндіріс көлемінен қаншалықты өндіріс көлемі жоғары
болса, соншалықты пайда жоғары); ал төртіншіден, өндіріс шығындарын
төмендету құрылымынан тәуелді.
Үшінші пайда табу көзі кәсіпорынның инновациялық қызметінен шығады, оны
қолдану әрқашан шығарылатын өнім жаңартылып отырылуын, бәсеке қабілеттілігі
қамтамасыздандырылуын, пайда массасын жоғарылату мен сату көлемінің өсуін
болжамдайды. [4,158-б.]
Кәсіпорын шаруашылық қызметінің қорытынды қаржылық нәтижесі болып
баланстық пайда табылады. Баланстық пайда бұл кәсіпорын пайдаларының
(шыгындарының) соммасы. Қорытынды қаржылык нәтижесі ретіндегі баланстық
пайда балансты бағалау мен кәсіпорынның барлық шаруашылық операцияларының
бухгалтерлік есебі негізінде айкындалады. Баланстық пайда терминін
қолдану, жылдық және кварталдық корытындылар бойынша құралған кәсіпорын
жұмысы балансында көрсетілген қорытынды қаржылық нәтижелерімен байланысты.
Баланстық пайда нақты 3 элементті қосады: көрсетілген қызметтерден,
орындалган жұмыстардан, өнімді өткізуден түскен пайда (шығын); негізгі
құралдарды өткізуден, тағыда басқадай шығыстарынан, кәсіпорынның басқадай
мүлігін өткізуден түскен пайда (шығын); орындалған операциялардан тыс
қаржылық нэтижелер.
Ұйымның табысы деп активтердің келіп түсуі нәтижесіндегі экономикалық
пайданың жоғарылауы (ақша қаражаттары, басқада мүліктер) немесе салымшы
катысушыларынан басқа, ұйымның капиталының өсуіне экелетін міндеттерді
жабу.
Бірінші, кәсіпорынньщ монопольды жағдайы есебінде құрылады. Осы пайда
табу көзін ұстану әрқашан тауарлардын тұрақты жаңаруын талап етеді. Бұл
кезде келесі қарсы әрекет етуші күштерді ескерген

2-сурет. Пайда көлеміне әсер ететін факторларының жіктелуі

Сыртқы факторларға жататындар: табиғи жағдайлар, мемлекеттік бағаны
реттеу, тарифтер, пайыздық мөлшерлемелер, салық мөлшерлемесі мен
жеңілдіктер, айыппұлдық санкциялар мен т.б. Бұл факторлар Кәсіпорын
қызметінен тәуелді емес, бірақ пайда көлеміне маңызды ықпал етеді.
Ішкі фактрлар өндірістік және өндірістен тыс деп екіге бөлінеді.
Өндірістік факторлар еңбек заттары мен құралдарын, еңбек және қаржылық
ресурстарды. пайдалану мен іске асыру арқылы сипаталынады, өз кезегінде
экстенсивті және интенсивті болып бөлінеді. Экстенсивті факторлар - пайда
табу процесіне сандық өзгерулер аркылы әрекет етеді: еңбек заттары мен
құралдарының көлемі, қаржылық ресурстар, жабдықтар жұмыс уақыты, персонал
саны, жұмыс уакыты коры мен оның сапасы т.б. Интенсивті факторлар - пайда
табу процесіне сапалық өзгерулер арқылы әрекет етеді: жабдықтардың
өнімділігін жоғарылату мен оның сапасы, материалдардың профессивті түрлерін
пайдалану мен технологияларды жүзеге асыру, айналым құралдарының
айналымдылығын жылдамдату, персонал еңбегінің өнімділігі мен біліктілігін
жоғарылату, өнімнің материалдық сыйымдылығы мен еңбек сыйымдьлығын
төмендету, ұйым еңбегін жүзеге асыру, қаржылық ресурстарды тиімді пайдалану
және т.б.
Өндірістен тыс факторларға қаруландыру - өткізу жән табиғатты қорғау
қызметі, еңбектің әлеуметтік жағдайы мен т.б.
Кәсіпорын пайдасын жоспарлау әдістері. Пайда тек кәсіпорын үшін ғана
емес, сонымен қатар, мемлекет экономикасы үшін де экономикалық және
әлеуметтік дамуыныі негізгі факторы болып табылады. Сол үшін пайданы
экономикалы негізде жоспарлау кәсіпорын үшін өте маңызды. Пайданы түрлер
бойынша жоспарлауға болады:
Тауарлар мен өнімдерді сатудан;
Тауарлык емес сипаттағы түрлі қызметтер мен өнімдерді өткізуден;
Негізгі құралдарды өткізуден;
Басқа мүлік пен мүліктік құқықтарды өткізуден;
Орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер және т.б. үшін төлемдер;
өткізуден тыс операциялардан.
Пайданы жоспарлаудың негізгі әдістері болып табылатындар:
- тікелей есептеу әдісі;
- талдамалық әдіс;
- аралас есеп айырысу әдісі.
Тікелей есептеу әдісі қазіргі жағдайда шаруашылық жүргізудің
кәсіпорындарда аса кең тараған түрі. Ол аса үлкен емес ассортиментте
шығарылатын өнімдер үшін қолданылады. Оның мәні пайда өнімдерді өткізуден
(ҚҚС пен акциздерді есептегендеп бағаларға сәйкесті) және толықтай оның
өзіндік құлынан арасынан түскен түсімнен есептеледі. [5,182-б.]
Жоспарлы пайданың есебі мына формула арқылы есептеледі:
(3)
мұндағы К - табиғи көрсетілімдегі жоспарлы кезеңде шығарылған өнім
көлемі;
Б - өнім бірлігіне шаққандағы баға (ҚҚС пен акциздерді есептегендегі);
Ө - өнім бірлігінің толық өзіндік құны.
Тауарлық шығарылым бойынша пайда жоспарлы кезеңде тауарлық шығарылымның
өзіндік құны анықталатын өнімдерді өндіру мен өткізуге кеткен шығындар
сметасы негізінде жоспарланады:
(4)
мұндағы Бтп - әрекет етуші бағадағы өткізілген жоспарлы кезендегі
тауарлық шығарылымның құны (ҚҚС-ті. акциздерді, саудалық және
т.б.жеңілдіктерді есепке алмағанда);
Өтп - жоспарлы кезеңдегі тауарлық өнімнің толық өзіндік құны (өнімді
өндіру мен өткізуге кеткен шығындар сметасынан есептеледі).
Тауарлык шығарылымның есебіндегі жоспарлы көлемді пайданы өнімді өткізу
көлемінен жоспарланатын пайдадан айыра білу керек. Өнімді өткізуден түскен
пайданы жалпы түрде келесі формуламен есептелінеді:
(5)
мұндагы Төө - эрекет етуші бағада өнімді өткізуден түскен жоспарлы
түсім (ҚҚС-ті, акциздерді, саудалык және т.б.жеңілдіктерді есепке
алмағанда);
Өөө - келер кезеңде өнімдерді өткізудің толық өзіндік кұны.
Жоспарлы кезенде өнімді өткізу көлемінен түскен пайда жоспарлы кезеңнің
басындағы өткізілмеген өнімнің пайда қалдыктар соммасына жоспарлы кезендегі
тауарлық өнімді шығару көлемінің пайдасын қосып, жоспарлы кезеңнің
соңындағы өткізілмеген өнімнің пайда қалдықтарын алғанға тең. Оны келесі
формула арқылы есептеуге болады:
(6)
Пайданы жоспарлаудың талдамалық әдісі тікелей есептеу әдісіне қосымша
ол жоспарлы пайдаға әсер ететін әр түрлі факторларды айқындауға
көмектесетін косымша ретінде және үлкен көлемді ассортиментте шығарылатын
өнімге қолданады. Бұл әдісте пайда жылда шығарылатын өнімнің әрбір түріне
емес, өнімнің толықтай барлығына есептелінеді. Салыстырмалы өнім бойынша
пайда бөлек анықталады.
Аралас есеп айырысу әдісі. Бұл әдісте бірінші және екінші әдістің
элементтері қолданылады. Жоспарлы жыл бағасындағы тауарлық өнімнің құны
және есепті жылдағы кұны тікелей есептеу әдісімен анықталса, баға,
ассортименттің өзгеруі, сапаны жоғарылату, өзіндік кұнның езгеруі және т.б.
сол сияқты факторлардың жоспарлы пайдаға әсері талдамалық әдістің көмегімен
анықталады.

1.2 Экономикалық рентабельділік көрсеткіштері

Кәсіпорын шаруашылық қызметінің тиімділгімен қызмет атқаруға
экономикалык бағытталуы тікелей оның рентабельділігімен байланысты.
Рентабельділік - бұл кәсіпорынның табыстылык деңгейінің қатынастық
көрсеткіші, ол қызметтердің түрлі бағыттарының (өндірістік, коммерциялық,
инвестициялық және т.б.) табыстылығын, толықтай алғанда Кәсіпорын жұмысының
тиімділігін сипаттайды. [6,72-б.]
Рентабелділіктің пайдадан айырмашылығы шаруашылық етудің нақты
нәтижелерінен көрінеді, яғни тұтынылған ресурстардың тиімділік катынасын
көрсетеді. Пайданың абсолютті соммасының көрсеткіші кәсіпорынның жақсы
немесе нашар жұмыс аткарды ма, яғни орындалған жұмыстардың көлемі белгісіз
болып қалады. Пайданың орындалған жұмыстар көлеміне қатынасы тек есепті
кезендегі нәтижелерді салыстыра отырып, есепті жылдағы Кәсіпорынның
өндірістік - шаруашылық қызметін бағалауға, рентабелділік деңгейін
сипаттайды сонымен катар баска салалар кәсіпорынның ішінен талдау жасалынып
жатқан кәсіпорын орынын анықтайды. Рентабельділік көрсеткішін кәсіпорын
қызметін бағалау және инвестициялық саясаттағы және баға белгілеудегі құрал
ретінде пайдаланады.
Толықтай, рентабельділік - бұл ресурстарды пайдалану дәрежесі мен
шығындар деңгейін сипаттайтын өндіріс тиімділігінің қатынастык көрсеткіші.
Кәсіпорынның рентабельділігін бағалау келесі көрсеткіштер арқылы
жүргізіледі:
1. Өнімнің рентабельділігі (Рө) - бұл рентабельділік көрсеткіштері
тиімсіз бұйымдарды өндірістен алып тастау мен өнімнің жаңа түрлерін шығару
мен енгізу, әр түрлі бұйымдардың пайдалыгына бақылау кезінде, ішкі
шаруашылық талдаулык есеп айырысулар кезінде рациоеналды түрде қолданылады.
Өнімнің рентабельділігі келесі формула бойынша есептеледі:
(7)
мұндағы Пө - өнімді, қызметті, жұмысты сатудан түскен пайда, тг.
Өө - өткізілген өнімнің толықтай өзіндік құны, тг.
2.Рентабельділік көрсеткішінің келесі түрі - сату рентабельділігі
келесі формуламен есептеледі:
(8)
Т - өнімді, қызметті, жұмысты сатудан түскен түсім. Берілген
коэффициент өткізілген өнімнің бірлігіне канша пайдадан келетіні
көрсетеді. Көрсеткіш өсімі болып өндіріс өнімінің тұрақты шығындары
кезіндегі өнімге бағаның өсуі немесе тұрақты баға кезінде өндірістегі
шығынды төмендету табылады.
Өнімнің рентабельділігі мен сату рентабельділігі көрсеткіштері өзара
байланысты және барлық өнімдерге және әр түрлерінің өндіруге кеткен ағымды
шығындардың өзгеруін сипаттайды.
3. Капитал рентабельділігі көрсеткіштері:
А) меншік капиталының рентабельділігі (Рмк)
(9)
Пт - таза пайда;
Км — меншік капиталдың орташа көлемі.
Бұл көрсеткіш кәсіпорынның меншік капиталы бірлігіне қанша пайда
келетінін, меншік капиталдың пайдалану тиімділігін сипаттайды.
Меншік капитал рентабельділігі көрсеткішінің езгеруі мысалы, биржадағы
кәсіпорын акцияларының бағасы төмендеуінен немесе өсуінен болуы мүмкін.
Б) Инвестициялык капитал рентабельділігі - Ри
(10)
мұндағы Кик - инвестициялық капиталдың орташа көлемі.
Көрсеткіш ұзақ мерзімге салынған капиталды пайдалану тиімділігін
сипаттайды.
В) Кәсіпорынның барлық капиталының рентабельділігі – Рнк
Рнк = Пк Б орт * 100 % (11)
мұндағы Пк - кәсіпорын пайдасы
Б орт - барлық кезеңдегі баланстық орташасы
Берілген коэффициент кәсіпорынның барлық капиталын пайдалану
тиімділігін көрсетеді, яғни кәсіпорын мүлігін пайдалану тиімділігінің
жоғарылауы туралы коэффициенттінің мәнінің өсуін куәландырады.
4. Айналым активтерінің рентабельділігі - Р айн
(12)
мұндағы АА орт - айналым активтивтерінің орташа көлемі.
Капитал мен активтердің орташа көлемі бухгалтерлік баланстың
берілгендері бойынша анықталады. [8,141-б.]
5. Негізгі құралдардың және басқа да айналымды емес активтердің рені
абельділігі
(13)
мұндағы А айн емес орт - негізгі құралдардың жэне басқа да аГжалымды
емес активтердің кезеңге көлемінің орташасы
Қазіргі жагдайда рентабельділік өсімінің маңызды факторы болып
кәсіпорынның ресурсты қорландыру (жинау) жөніндегі жұмыстары табылады, олар
өзіндік құнның төмендеуі мен пайданың өсуіне әкеледі. Қазіргі кезеңде
ресурстарды үнемдеу өте тиімді әрі арзанға түседі.
Өндірістің рентабельділігінің және пайдалығының өсуіне басты жағдай
болып өзіндік құнның төмендеуі табылуы керек.
Қорытындылай келе рентабельділік көрсеткіштеріне талдау жасай келе,
келесі сәттерге аса назар аудару қажет:
Рентабельділік ұйымның стратегиясынан тікелей тәуелді, белгілі бір
деңгейдегі пайданы талап ететін, кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелділік
деңгейі. Тәуекел қаншылық жоғары болса, кәсіпкерлік ұйым соғұрлым жоғары
пайда табады.
Рентабельділік көрсеткіші алымы мен бөлімін бағалау есепті кезеңдегі
кәсіпорын қызметінің шынайы нәтижесінен көрінетін пайда мен бірнеше жылдар
қатарынан құрылатын активтер құны есебінен айкындалады.
Уакытша аспектілердің ықпалы келесідей түрде байқалады, басқа ұзақ
мерзімді инвестициялар және жаңа технологияларға көшу есебінен ағымды
кезенде ликвидтілік көрсеткіштері төмен болуы мүмкін, мұны жағымсыз сәт
ретінде қарастыруға болмайды.
2 Қазақмыс АҚ-ның қаржылық жағдайын талдауда рентабельділігінің рөлі

2.1. ҚАЗАҚМЫС АҚ-НЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

Қазақмыс ПЛС (бұдан əрі –Қазақмыс Тобы немесе Топ) мыс, алтын,
мырыш, күміс өндіру, электр энергетикасы мен мұнай өндіру салаларында аса
қомақты қатысу үлестері жеткілікті алда келе жатқан табиғи ресурстарды
өндіру жəне қайта өңдеу бойынша халықаралық топ болып табылады. Қазақмыс
Тобының акциялары Ұлыбритания мен Қазақстанның қор биржаларында айналымға
қабілетті Қазақмыс Тобы Қазақстандағы əлемдегі алда келе жатқан он мыс
өндірушілердің бірі болып табылады.
Топтың қатарына 20 кеніш, 10 тау-кен фабрикалары жəне екі мыс балқытушы
өндірістік кешендері қосылады. Мысты өндіру руда өндіруден бастап мыс
катанкасын жəне катодты мыс түріндегі дайын өнім шығарумен аяқталатын
толығымен интеграцияланған іс болып табылады. 2008 жылы ол меншікті
рудасынан барлығын қоса алғанда 343 мың тонна катодты мыс өндірді. Бұл
өндіріс ішкі қажетіне электр энергиясын жеткізумен жəне ауқымды теміржол
инфрақұрылымымен қамтылған. Соған қоса, Қазақмысқа алдын ала мыстан жəне
мыс қорытпаларынан алынған жартылай өңделген өнімдердің алуан-түрлі
ассортиментін шығаратын, мыс өнімдерін өндіру жөніндегі тағы МКМ
германиялық өңдеуші компания тиесілі. [20]
Қазақмыс Тобы басқа да металлдардың ауқымды көлемін, оның ішінде мырыш,
күміс жəне алтын өндіреді. 2008 жылы Қазақмыс 48 мың тонна металлдық мырыш
пен 137 мың тонна мырыш концентратын өндіріп шығарды. Ол əлемде күміс
өндіруден ең ірі деген төртінші өндіруші болып табылады (2008 жылы 17
млн.унция күміс өндірді). Kazakhmys Gold бөлімшесі, кен игеру жəне кен
орындарын барлау жөнінде жаңадан ірі жобаларға жетекшілік жасап отыр. 2008
жылы Топ 179 мың унция алтын игерді, оған тиесілі есептелінген əрі болжанып
отырған 2.3 млн.унция ресурстары бар.
Қазақстандағы ең ірі теңгерімді қуаттылығы 4000 МВт болатын Екібастұз
көмір электр станциясы Топтың меншігіне қосылатын Kazakhmys Power
бөлімшесінің иелігінде. Оған қоса, бұл бөлімше аталған электр станциясының
отынға деген сұранысының 20 пайызын қамтамасыз етуші Майкөбе-Вест көмір
кенішіне ие.
2008 жылы осы кеніш 3.6 млн.тоннадан астам көмір өндіріп шығарды.
Kazakhmys Petroleum бөлімшесі аумағы 602 шаршы шақырым болатын Каспий
маңы ойпатындағы шығыс шекарасында орын тепкен Шығыс Ақжар барлау блогын
иелігіне сатып алды. Бұл Топ Лондон Қор биржасында айналымға қабілетті FTSE-
100 компаниялар тізіміне қосылып отыр.
Топтың акциялары сондай-ақ Қазақстан Қор биржасында (KASE) саудаланады.
2007 жылы ол EBITDA 2.3 млрд. доллар көрсеткішімен 5.3 млрд. доллар
шамасында пайда тапты. Топта 65,000 адам жұмыс істейді, яғни басым
көпшілігі қазақстандық азаматтар. Топтың стратегиялық мақсаты - Орталық
Азияда ауқымды табиғи ресурстарды игеру мүмкіндіктерін диверсификациялау
жəне кеңейте түсуде белсене қатысу. Ал енді мыс өндірісіне шолу жасайық.
Мыс өндірумен Kazakhmys Copper айналысады, 1-кестеден мәліметтерді толық
көруге болады.

1-кесте. Kazakhmys Copper өндірісі

Өндірілген өнімдер
2008 ж 2007 ж
12айда 12айда
Руда өндіру мың т. 35 675 33 968
Мыстың орташа құрамы % 1,26 1,22
Мырыштың орташа құрамы % 3,10 3,87
Концентраттағы мыс мың т. 399,8 389,9
меншікті концентрат мың т. 370,9 347,9
сатып алынатын концентрат мың т. 28,9 42,0
Катодты мыс өндірісі:
меншікті концентраттан мың т. 340,1 340,9
сатып алынатын концентраттан мың т. 37,8 39,0
толлингілік концентраттан мың т. 0,2 1,3
Жиыны: катодты мыс мың т. 378,1 381,2
Мыс катанкасы мың т. 48,3 35,7
Ескерту - Қазақмыс корпорациясының жылдық есебі 2008 ж.

3-сурет. 2007-2008 жылдар соңында Kazakhmys Copper өндірісінің даму
көрсеткіштері

3- суретке сәйкес алдыңғы жылмен салыстырғанда, 2008 жылы руда өндіру 5
пайызға артып, 35 675 мың тоннаны құрады. Өндіріске құрал-жабдықтар
жұмысының жақсаруы жəне аймақтардың көпшілігіндегі салыстырмалы түрдегі
өндіріс тұрақтылығы, сонымен қатар, 2008 жылдың басында бірнеше
салыстырмалы шағын кеніштердің іске қосылуы жағымды əсер етті. Руда
өндірудің өсімі концентраттағы мыс өндірісінің 7 пайызға, яғни, 370,9 мың
тоннаға дейін жоғарылауында байқалды. 340,1 мың тонна көлеміндегі катодты
мыс өндірісі 2007 жылғы деңгейге сəйкес келіп отыр, дегенмен, қосымша 3,5
мың тонна көлеміндегі концентраттағы мыс (3,3 мың тонна катодты мысқа
барабар) шикізатты концентратты сынамалы түрінде өткізу аясында катодты
мысқа қайта өңдеусіз сатылып іске асырылды, ол жайлы біздің аралық есепте
хабарланған болатын. Осылайша, мыс өндірісінің жиынтық көлемі 343,4 мың
тоннаны құрап, ол 2007 жылғы деңгейден жəне 2008 жылдың болжамдалған
деңгейінен асып түсті.
Соңғы тоқсандағы орын алған өндірістің өсіміне қарамастан, шикізат
қорының азаюына байланысты, сатып алынған концентраттан өнім өндіру алдыңғы
жылғыға қарағанда біршама төменірек болды.
2009 жылдың 1 тоқсаны ішінде қайта өңделінетін жинақталған меншікті
шикізат түріндегі аяқталмаған жұмыстар сəл көбейді.
Нарықтағы ағымды жағдайды ескере отырып, 2009 жылы меншікті шикізаттан
катодты мыс өндіруді 10- 15 пайызға қысқартуға апаруы ықтимал өндірістік
қызметті жалпы қайта қарау жұмысы өткізілді. Белоусов, Солтүстік Нұрқазған
жəне Коунрад сияқты жоғарышығынды үш кеніштегі кен өндіру жұмыстары уақытша
доғарылды. 2008 жылы бұл кеніштерде тек 1,3 пайыз рудадағы мыс өндірілген.
2009 жылы руда өндіру дискрециялық капиталдық шығындардың қысқаруына
жəне басқа кеніштер жұмысының ықтималды тоқтатылуына қарай азаятын болады.
Топ, сонымен қатар, қайта өңдеу жəне қорыту өндірістеріне қайта қарау
жасады. Бірнеше аймақта көлік шығындарын мейлінше азайта түсу мақсатымен,
шикізаттарды тасымалдауға түзетулер жасалды. Руда өндірудің азайтылуына
байланысты, сондай-ақ өнімділікті арттыру мақсатында, қайта өңдеуші
қуаттылықтардың да, қорытумен айналысатын қуаттылықтардың да жұмысы уақытша
қысқартылуы мүмкін. Мырыш зауытының жұмысы өндірілген металлын саудалаудан
гөрі мырыш концентратын саудалау пайдалы болуына байланысты, уақытша
тоқтатылуы мүмкін. 2009 жылға тоқтатылуын талап ететін кейбір мыс қорытушы
объектілерде жоспарлы жөндеу жұмыстары белгіленген болатын. [22]
Техникалық қызмет көрсету мерзімдерін руданы өндіру деңгейіне сəйкес,
оны қайта өңдеу көлемдеріне келтіру үшін ертерек кезеңге көшірілуі əбден
мүмкін. Мыс катанкасы тапсырыстардың көлеміне сəйкес өндіріледі, сондықтан
да оның өндірісі 2008 жылдың ішінде қытайлық нарық тарапынан жоғары
сұраныстың барын көрсетіп отыр.
Катанка өндірісі салыстырмалы түрде төмен рентабельді саналады əрі
қазіргі экономикалық жағдайларда деңгейі азайтылуы немесе тоқтатыла тұруы
мүмкін. Өндірістің қысқаруына қарай, кейбір жұмыскерлерге басқа
объектілерге ауысу не болмаса жұмыс сағаттарын немесе төлемақыны азайту
ұсынылатын болады. Соған қарамастан, Қазақстандағы ең ірі деген жұмыс
беруші ретінде, Топ, өндірістік қуаттылықтардың уақытша тоқтатылуы
нəтижесінде штаттың елеулі қысқаруын болдырмауға күш салу қажеттігін ұғынып
отыр. Біздің əлеуметтік міндеттемелерімізге қоса, мұндай тұрғыдан əрекет
ету нарықтағы жағдай жақсарған кезде өндірістік объектілерді дереу іске
қосуға мүмкіншілік береді [20]
2- кестедге сәйке, қосарлы өнімнің өндірісіне қысқаша шоу жасайық,

2-кесте. Kazakhmys Copper қосарлы өнімнің өндірісі

Өндірілген өнімдер 2008 ж 2007 ж
12 айда 12 айда
Концентраттағы мырыш мың т 137,3 132,8
Металлдық мырыш мың т 47,5 45,2
Меншікті шикізаттан өндірілген күміс мың унция 16710 18 985
Толлингілік шикізаттан өндірілген кумісмың унция 5,7 10,0
Меншікті шикізаттан өндірілген алтын мың унция 123,5 113,4
Толлингілік шикізаттан өндірілген алтынмың унция 4,5 23,5
Ескерту - Қазақмыс корпорациясының жылдық есебі 2008 ж.

Концентраттағы мырыш пен металлдық мырыштың жылдық өндірісіне Шығыс
аймақта мырыш құрамды руданы өндіру өсімі жағымды əсер етті. 2008 жылдың 3
тоқсанымен салыстырғанда, 2008 жылдың 4 тоқсанындағы концентраттағы мыс
өндірісі Артемьев кенішіндегі руда құрамының азаюына жəне толлингілік
шарттар бойынша концентратты тəуелсіз өндірушілерден өнімді қабылдап алу
мерзімдеріне байланысты қысқарған.
Жоғарыда айтылғандай, дəл қазіргі уақытта мырыш зауытының
рентабельділігіне талдау жасалынуда, жəне де толлингке деген жергілікті
бағамдарға əрі нарықтағы жағдайларға қарай, 2009 жылдың бірінші
жартыжылдығында бұл зауыттағы өндірістік операциялар уақытша тоқтатылуы
мүмкін. Зауыттың тоқтатылуы концентратты саудалау көлеміне əсер етеді,
өйткені Орталық Азияда жəне Қытайда мырыш концентратына деген жоғары
сұраныс белең алып тұр.
Күмістің жылдық өндірісінің елеулі төмендеуі, өткен жылғымен
салыстырғанда, 2009 жылдың 1 тоқсанында аяқталатын толық аяқталмаған
жұмыстардың жоғары деңгейіне байланысты, 2008 жылдың 3 тоқсанында
жинақталып қалған аяқталмаған жұмыстарды қайта өңдеуден ұпайы толды.
2008 жылы алтынның жалпы өндірісі сол 2008 жылдың 1 тоқсанында ашылған
Ақбастау кенішінде Кен өндіру жұмыстарының басталуының жəне Орлов
кенішіндегі алтынқұрамды руда өндірісінің жоғарылауы арқасында артып отыр.
Тұрақты емес негізде өндірілетін толлинг 2008 жылы едəуір азайды, себебі
тиісті өндірістік қуаттылықтар меншікті шикізат үшін пайдаланылды. 2008
жылдың 4 тоқсанында алтын өндірісіне бұрыннан жинақталған шикізатты қайта
өңдеу жағымды əсерін тигізді.
Осы уақытқа дейін 2009 жылдың ішінде қайта өңделетін қоры жинақталған
алтынқұрамды руданың салыстырмалы түрдегі ауқымды көлемі сақталуда.
Ары қарай аймақтар бойынша өнім өндірісіне шолу жасаймыз. Алдыменен
Жезққазған кешенін қарастырамыз, 3-кестеге әйкес.

3-кесте. Жезқазған кешені

2008 ж 12 айда 2007 ж 12 айда
Руда өндіру мың т 24 124 24 355
Мыстың орташа құрамдылығы % 0,84 0,82
Мыс концентраты мың т 493,9 491,1
Концентраттағы мыс мың т 176,2 178,6
Катодты мыс өндірісі:
меншікті концентраттан мың т 179,6 183,7
сатылып алынатын концентраттан мың т 1,1 3,8
Катодты мыстың жиыны мың т 180,7 187,5
Мыс катанкасы мың т 48,3 35,7
Ескерту - Қазақмыс корпорациясының жылдық есебі 2008 ж.

3 - кестеде көрсетілгендей Жезқазған кешеніндегі мыс рудасын өндіру
жұмысы 2008 жылдың 4 тоқсанында 2008 жылдың 3 тоқсанындағымен
салыстырғанда, 7 пайызға артты. Бұл өсім, 2007 жылдың 4 тоқсанында су
басқан Оңтүстік кеніштегі өндірудің артуы есебінен болды. Жөндеу
кезеңдерінің аяқталуына қарай, Оңтүстік кеніш өндіруді бірте-бірте арттырып
келеді, алайда, оның өндіру деңгейі толық өндірістік қуаттылығынан
төменірек болып қалып отыр. Мыс рудасының жалпы жылдық өндірілуі 2007
жылғыға қарағанда, біршама төмен болды. Бұл төмендеу құрамы жоғарырақ руда
өндіретін кеніштерде, əсіресе, Жомарт кеніші мен жаңа (Солтүстік кеніштер
тобының бөлігі болып табылатын) Тасқура кенішінде кен өндірудің артқанына
байланысты металл көлеміне əсер ете қоймады, 4-суретке сәйкес.
.

4-сурет. 2007-2008 жылдар соңында Жезқазған кешені өндірісінің даму
көрсеткіштері
2008 жылдың 4 тоқсанында мыстың орташа құрамдылығы 2008 жылдың 3
тоқсанындағымен салыстырғанда Анненский кенішіндегі руданың төмен
құрамдылығы мен рудадағы металл құрамы салыстырмалы түрде төмен болатын
Оңтүстік кеніштегі өндірістің артуы есебінен төмендеді. [21]
Жезқазған кешенінде концентраттағы мыс өндірісінің əр тоқсандық
жоғарылауы өндіріліп шығарылған рудадағы металл құрамының артуын көрсетіп
отыр. 2008 жылдың 4 тоқсанында меншікті концентраттан катодты мыс өндіру
шығарылған рудадағы металл құрамының өсуіне қарамастан, алдыңғы
тоқсандағыға сəйкес келді. Катодты мыс өндірісіне концентраты қайта өңдеуге
кеткен мерзімдегі айырмашылықтар əсерін тигізді, өйткені 2008 жылдың 4
тоқсанында өндіріліп шығарылған концентраттың белгілі бір бөлігі 2009 жылы
қайта өңделетін болады
2008 жылы катодты мыстың жалпы өндірісі алдыңғы жылдағыға сəйкес келіп,
өндіріліп шығарылған металлдың жəне концентраттағы мыстың жалпы ауқымын
көрсетті. Мыс катанкасы тапсырыстар бойынша шығарылады, негізінен қытай
нарығына шығады. 2008 жылдың 3 тоқсанымен салыстырғанда, 4 тоқсанда 2009
жылдың 1 тоқсанында техникалық қызмет көрсетуге жоспарлы жабылау қарсаңында
барлық тапсырыстардың орындалуын аяқтау мақсатымен, мыс катанкасы
өндірісінде жоғарылау болды. Осыдан бұрын айтылғандай, катанка өндірісі
нашар рентабельділік көрсетеді, жəне баға түзудің қазіргі жағдайында қайта
қарауға жатқызылады. [33]
Ары қарай Балқаш кешені өндірісінің даму көрсеткіштеріне көшеміз.

4-кесте. Балқаш кешені

2008 ж 2007 ж
12 айда 12 айда
Руда өндіру мың т 2 998 2 127
Мыстың орташа қурамдылығы % 1,03 1,05
Мыс концентраты' мың т 267,3 187,9
Концентраттағы мыс мың т 38,8 32,5
Катодты мыс өндірісі:
меншікті концентраттан мың т 160,5 157,2
сатылып алынатын концентраттан мың т 36,7 35,2
Толлингілік концентраттан мың т 0,2 1,3
Катодты мыс Жиыны мың т 197,4 193,7
Ескерту - Қазақмыс корпорациясының жылдық есебі 2008 ж.

4-кестеде көрініп тұрғандай-ақ алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 2008
жылғы 4 тоқсанда Балқаш кешеніндегі руда өндіру, мысқа деген бағаның
төмендеуінен Коунрад кенішінің тоқтатылуына байланысты кеміді. Коунрад
кенішінде Kazakhmys Copper барлық кеніштермен салыстырғанда руданың
құрамдылығы ең аз. Сонымен қатар, онда руда өндірудің көлемі шағын болғанда
да белсенді түрде аршу жұмыстары өткізіліп жатты. 2008 жылдың бастапқы
тоғыз айы ішіндегі Коунрад кенішіндегі кен өндіру жəне Шатыркөл кенішіндегі
құрал-жабдықтардың жұмысы жақсаруы 2007 жылғымен салыстырғанда, 2008 жылдың
ішінде аймақта руда өндіруді 41 пайызға арттыруға септігін тигізді. Мыстың
орташа құрамы, Коунрадтағы 0,29 пайыз құрамдылықтағы мыс өндірісінің
тоқтауына байланысты 2008 жылдың 3 тоқсанында 1.05 пайыздан 1,21 пайызға
дейін жоғарылады. Сондай-ақ мыстың орташа құрамы 2007 жылдың 4 тоқсанындағы
1,07 пайыздан 2008 жылдың 4 тоқсанындағы 1,21 пайызға дейін жоғарылауына
Шатыркөл кенішіндегі өндірістің артуы жəне жоғарырақ құрамдылығы жағымды
əсерін тигізді.

5-сурет. 2007-2008 жылдар соңында Балқаш кешені өндірісінің даму
көрсеткіштері

2008 жылдың 4 тоқсанында концентраттағы мыс өндірісі алдыңғы
тоқсанындағы қол жеткен деңгейден 26 пайызға төмендеп кетті. Бұл төмендеу,
Коунрад кенішінің жабылғандығынан өндірілген руда мен өндірілген металл
көлемінің қысқаруымен жəне тасымалдауға кететін шығындарды азайту
мақсатымен шығыс аймақтағы Ақбастау кенішінен жеткізілімдер көлемінің
азаюына байланысты болды.
Концентраттағы мыс өндірісі, өндіріліп шығарылған металл көлемінің
жалпы артуымен байланысты, 2007 жылдың 4 тоқсанындағы 8,7 мың тоннадан 2008
жылғы 4 тоқсандағы 9,8 мың тоннаға жетіп 13 пайызға дейін жоғарылады. 2008
жылдың қарашасынан бастап, Нұрқазған (Қарағанды аймағы) кенішінен шыққан
руда ендігі жерде Балқаш кешенінде қайта өңделмейтін болады, керісінше, ол
іске қосылған Нұрқазған кен-байыту фабрикасында қайта өңделу үшін
жолданады. Соның есебінен тасымалдауға кететін шығындар едəуір қысқарады.
[23]
2008 жылы болған концентраттағы мыс өндірісінің артуы рудадағы металл
құрамының көбеюін, сонымен қатар, жыл ішінде басқа аймақтардағы кеніштерде
руданың қайта өңделуін ішінара көрсетеді.
Балқаш мыс балқыту зауытында Жезқазғаннан басқа барлық аймақтардан
келетін концентрат өңделіп отырады. 2008 жылдың 4 тоқсанындағы меншікті
концентраттан катодты мыс өндірілуінің төмендеуі, осы барлық үш аймақтар
бойынша концентраттағы мыс өндірісіндегі өзгерістерді байқатады. (5-сурет)
Катодты мыстың жылдық өндірісі, барлық үш аймақ бойынша өндірілген
металлдың артқанын көрсете отырып, алдыңғы жылдағымен салыстырғанда,
біршама жоғарылады, яки концентратты өңдеу мерзіміндегі айырмашылықтардың
орнын толтырды. меншікті концентрат ауқымының ұлғаюымен, мыс балқыту
зауытындағы шикізаттың минималды деңгейін қолдап тұру үшін бұрындары
қолданған сатып алынатын концентратқа деген қажеттілік болмай қалды.
Төртінші тоқсанда сатып алынатын концентраттың артықшылығы туындап, ол
сатылып алынатын концентраттан катодты мыс өндірісінің артуына əкелді.

5- кесте Қарағанды аймағы

2008 ж 12 2007 ж 12
айда айда
Руда өндіру мың т 3 673 3 346
Мыстың орташа құрамдылығы % 2,13 2,21
Мыс концентраты мың т 252,9 231,6
Концентраттағы мыс мың т 38,4 33,3
Ескерту - Қазақмыс корпорациясының жылдық есебі 2008 ж.

2008 жылдың 4 тоқсанында Қарағанды аймағындағы руда өндіру, 2008 жылдың
3 тоқсанымен салыстырғанда төмендеп кетті. (5-кесте) Екі кеніш, яғни Батыс
Нұрқазған жəне Құсмұрын, қазіргі уақытта екеуі де ашық карьердегі
өндірістік операцияларын аяқтап, жерасты қазба жұмыстарына көшуге дайындық
үстінде. Алайда, қазіргі уақытта, Құсмұрын жəне Ақбастау кеніштеріндегі
өндірісті одан əрі дамыту жоспарын əзірлеу жүргізілуде. Жоғарыда
жарияланғандай, өндірістік қызметті қайта қарастыру аясында, Солтүстік
Нұрқазған кенішінде руда өндіру тоқтатылды. 2007 жылдың 4 тоқсанымен жəне
2007 жылдың 12 айымен салыстырғанда, өндірудің артуы, 2008 жылдың басында
іске қосылып, пайдалануға берілген Ақбастау жəне Абыз кеніштерінде өндіру
жұмыстарының басталуымен байланысты. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның пайдасының теориялық негіздері
Кәсіпорын қызметінің нәтижелері
Кәсіпорын шығындары мен пайданы арттыру
Кәсіпкерліктің бизнес - жоспары
Өнімнің өзіндік құнын төмендету, пайда, рентабельділікті арттыру әдістері
Кәсіпорынның пайда түсінігі және оны жоспарлау
Кәсіпкерлік қызметтің негіздері
Халықаралық қаржылық менеджменттің мазмұны
Менеджмент қызметі
Өнімнің өзіндік құнын төмендету
Пәндер