ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТТІҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУІНІҢ НЕГІЗДЕРІ



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТТІҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУІНІҢ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ..3

1.1 Жергілікті бюджеттік жүйенің құрылымы мен принциптері ... ... ... ... ...3

1.2 Жергілікті бюджеттің ұйымдастырушылық – құқықтық негіздері ... ... ... 22

2 ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҚР ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТІНІҢ
БАСҚАРЫЛУЫ МЕН ҚАЛЫПТАСУЫН ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ..29

2.1 Жергілікті бюджеттің қалыптасуы мен басқарылуының ерекшеліктері (ШҚО
Бесқарағай ауданы бойынша) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29

2.2 Аймақтардың әлеуметтік – экономикалық даму жағдайындағы жергілікті
бюджеттің орны (ШҚО Бесқарағай ауданы бойынша) ... ... ... ... ... ... ... ... 39

3 АЙМАҚТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ЖЕРГІЛІКТІ
БЮДЖЕТТІҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ
БАҒЫТТАРЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1 ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТТІҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУІНІҢ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Жергілікті бюджеттік жүйенің құрылымы мен принциптері

Құндылық бөлудің айырықша аумағы ретінде жергілікті бюджет арнайы
қоғамдық міндет атқарады, яғни ол жалпы мемлекеттік мүдделерді
қаражаттандыруға қызмет етеді. Бюджет қаражаттары арқылы өндірістің дамуы
мен ұлғайтуының шығыстары, ғылыми – техникалық пен қоғамдық өндірістің
салалық және аумақтық құрылымын жетілдіру қаражаттандырылады, ұжымдық
шығындар (білім беру, дансаулық сақтау, әлеуметтік сала) қамтамасыз
етіледі.
Құндылық бөлудің айырықша аумағы ретінде бюджет келесі арнайы
белгілермен сипатталады:
1. Бөлулік қарым – қатынастың айырықша экономикалық формасы, яғни
мемлекет тарапында жалпы ішкі өнімнің бөлігін жинау және оны қоғамдық
мүддені қамтамасыз етуге пайдалануға арналған;
2. Ұлттық экономика салалары, аумақ, экономика секторлары қоғамдық іс -
әрекет салалары арасында құндылықты қайта бөлуге арналған;
3. Құндылық бөлудің ерекше бір кезеңін атқарады, яғни жалпы қаржылық
қарым – қатынас тауарлық – ақша қарым – қатынаспен тығыз байланысты
болса, бұл арада құндылық бөлу тауарлы формадағы ішкі өнім
қозғалысымен тікелей байланысты емес және одан белгілі мөлшерде бөлек
атқарылады;
4. Бюджеттік бөлу пропорциялары мен формалары әрбір тарихи кезеңде
мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық дамуының сұраныстары мен
міндеттемелері бойынша анықталады;
5. Бюджеттік бөлу аумағы қаржы жүйесінің басқа да тізбектерімен өзара
тығыз байланыста, бірақ олардың арасында бюджеттік бөлу бастапқы
жағдайда, себебі ол экономиканың құндылық құрылымы мен экономикалық
және әлеуметтік дамудың негізгі бағыттарын ақша қаражаттарымен
қамтамасыз етуге әсер етеді.
Жоғарыда айтылғандай, мемлекеттік, оның ішінде жергілікті бюджет
басқа да бір экономикалық категория сияқты өндірістік қарым – қатынасқа
негізделеді және өзіне сай материалдық – құндылық түрі бар, яғни бюджеттік
қарым – қатынас материалдық түрде орталықтандырылған ақша қаражаттар қоры –
бюджеттік қорда болады. Бұның нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты
экономикалық процестер мемлекеттің жинап және пайдаланып жатқан ақша
қаражаттары көлемі арқылы көрінеді. Бюджеттік қор – ол мемлекет тарапына,
оның жалпымемлекеттік функцияларын орындауға арналған, құндылық бөлу
сатыларын өткен, объективтік экономикалық формадағы қоғамдық өнім мен
ұлттық табыс қозғалысының белгілі бір бөлігін құрайды. Бюджеттік қорды
қалыптастыру мен пайдалану – құндылықты бөлу мен қайта бөлуге байланысты
сол құндылықтың қозғалыс процесін көрсетеді.
Бюджеттік іс - әрекет жүргізу мемлекеттің орталықтандырылған ақша
қаражаттары қорын қалыптастыру мен пайдалануына байланысты және ерекше
экономикалық, ұйымдастырушылық формаларды қолдану негізінде жүргізіледі.
Экономикалық формалар түсінігі ретінде жалпы ішкі өнімді құндылық бөлу
процесінің бір жақтарын объективтік түрде көрсететін бюджеттің кіріс және
шығыс категориялары айтылады. Бұл категорияларөз алды арнайы қолданылады,
яғни кіріс – мемлекетті бюджеттік ресурстармен (қажетті ақша
қаражаттарымен) қамтамасыз етуге арналған, ал шығыс – жалпымемлекеттік
функциялар орындауды қаражаттандыруға бюджеттік ресурстарды бөлуге
арналған.
Бюджет іс - әрекеттерінің ұйымдастырушылық формалары ретінде
кірістің түсінуінің нақты түрлері, олардың көлемін анықтайтын әдістер,
бюджет тапшылығы мен оның шығыстарының көлемін есептейтін тәсілдер
пайдаланады. Негізінде, бұл мемлекеттің арнайы заңнамалық актілер қабылдау
арқылы реттейтін бюджеттік қарым – қатынастың белгілі формалары. [1]
Жергілікті қаржы - ақша нысанындағы қоғамдық өнімнің бір бөлігін
жергілікті басқару органдары өздеріне артылған функцияларға сәйкес жасау,
бөлу, пайдалану процесіндегі қаржы қатынастарының жүйесі. Жергілікті қаржы
мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды құрамды бөлігі болып табылады. Ол
жергілікті бюджеттерді, арнаулы бюджеттен тыс қорларды және басқарудың
жергілікті органдарының қарамағындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің
қаржысын кіріктіреді.
Нарықтық қатынастардың қалыптасуы жағдайында жергілікті органдар
қызметінің аясы кеңейе түсуде, олар әлеуметтік, экономикалық, экологиялық,
демографиялық сипаттағы проблемаларды шешуде едәуір дербестікке ие бола
бастады.
Басқарудың жергілікті органдарына мемлекеттің әлеуметтік
бағдарламаларын жүзеге асыру жөнінде маңызды міндеттер жүктелінген. Халыққа
қызмет көрсету жөніндегі шараларды қаржыландыру негізінен жергілікті қаржы
ресурстары есебінен жүзеге асырылады. Әлеуметтік - тұрмыстық
инфрақұрылымның салалары халыққа қызметтер көрсетуді бюджет қаражаттарынан
қалыптасатын қорлар есебінен көрсетеді. Бұл, тиісінше, жергілікті қаржының
рөлі мен маңызын арттырып отыр. Оның қызметінің тиімділігі бірқатар
жағдайларға - жергілікті қаржының бүкіл теориялық аспектілерін анық етіп
шешіп алуға, елдің бюджет құрылысының жалпымемлекеттік құрылысқа нақты
сәйкестігіне байланысты болып келеді.
Жергілікті қаржының әлеуметтік-экономикалық мәні жалпымемлекеттік
қаржыға ұқсас.
Жергілікті қаржының рөлі, оның құрылымы мен бағыты бүтіндей билік
пен басқарудың жергілікті органдарына жүктелінген функциялардың сипатымен,
сондай-ақ мемлекеттің әкімшілік-аумақтық құрылысымен және оның саяси-
экономикалық бағыттылығымен анықталады.
Жалпы жергілікті қаржының жай-күйі әрқашанда, біріншіден, елдің
жалпы экономикалық жағдайына, екіншіден, тиісті аумақтардың экономикалық
әлуетіне, үшіншіден, билік пен басқарудың жергілікті органдарының құқығы
мен міндеттерін белгілі бір дәрежеде реттеп отыратын мемлекеттік заңдардың
деңгейіне, төртіншіден, биліктің жергілікті органдары құзырының дәрежесіне
байланысты болады.
Өркениетті батыс елдерінде жергілікті қаржы мемлекеттің қаржы
ресурстарын қалыптастыру мен пайдалану процесінде едәуір рөл атқарады. Оның
үстіне жергілікті бюджеттердің айтарлықтай дербестігі болады және батыс
елдерінде олар мемлекеттік бюджеттің жалпы жүйесіне кірмейді.
Қазақстан Республикасының экономикасы дамуының кәзіргі кезеңінде
реформа ауыртпалығының салмағы шаруашылық жүргізудің аймақтық деңгейіне
ауысып отыр, осыған орай басқарудың жергілікті органдарына үлкен өкілеттік
беріліп, олардың жауапкершілігі арта түсуде. Білім беру мен денсаулық
сақтау саласындағы бағдарламаларға, қамсыздандыру жөніндегі іс-шараларды
және атаулы әлеуметтік көмекке жұмсалынатын шығындардың ең көбі оларды
қаржыландырудың жаңа тәртібіне сәйкес жергілікті бюджеттерге жүктеліп отыр.
Сонымен бірге бюджеттерде соңғы кездерде бюджеттік бөлініс және әлеуметтік
жеңілдіктердің орнына қаржылай жәрдемақы сияқты жаңа ұғымдар өзінің
көрінісін тапқан. 
"Бюджеттік бөлініс" салықтар мен алымдардың әр түрлі деңгейдегі
бюджеттерге түсуін нақты шектеумен ерекшеленеді. Атап айтқанда
корпорациялық табыс салығы түгелдей республикалық бюджетке, ал акциздер,
жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы мен әлеуметтік салық жергілікті
бюджетке қалдырылды. Бұл өкімдердің жергілікті қазынаны толтыруға,
әлеуметтік мәселелерді шешуге деген ынтасын арттыруға септігін тигізері
сөзсіз. Сонымен қатар қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем, табиғатты
қорғау туралы заңдарды бұзғаны үшін алынатын айыппұлдар республикалық және
жергілікті бюджеттер арасында тепе-тең бөлінетін болды. 
Нарықтық экономикаға өту және тиісті экономикалық реформаларды
жүргізу кезінде жергілікті әкімшілік органдары өздерінің құзыры мен
дербестігін арттыруға объективті түрде ұмтылады. Бұл эволюция ең алдымен
республикалық билік өкілеттігінің бір бөлігі жергілікті мемлекеттік
деңгейге өтуі тиістілігінде көрінеді. Аймақтар Қазақстан Республикасының
аумақтық субъектілері болып табылатындықтан биліктің жергілікті органдары
өз аймағының халқының толып жатқан экономикалық, әлеуметтік және мәдени
мұқтаждары мен тілектеріне жауапты өздерінше іздестіруі тиіс.
1994 жылға дейін Қазақстанда 3045 жергілікті бюджетер болған еді,
1994 жылдың басынан жүргізілген бюджет жүйесін орталықтандыруға байланысты
2500 жергілікті бюджеттер - селолық, поселкелік, ауылдық бюджеттер жойылды.
Осының нәтижесінде бюджет жүйесіне түсетін қаражаттарды орталықтандырудың
дәрежесі едәуір бәсеңсіді.
Аймақтардың шаруашылық қызметінің ұлғаюы республикалық және
жергілікті бюджеттердің өзара қатынастарының проблемасына, жергілікті
бюджеттердің мемлекеттік қаржыландырудағы және оны жүзеге асыру
нысандарындағы қажеттіліктерін дұрыс ұйымдастыруға жаңа көзқарасты талап
етеді.
Осыған байланысты түрлі деңгейлердегі бюджеттер арасындағы
бюджеттік құқықтарды айқын шектеу және орталық пен аймақтардың бюджеттік
мүдделерін теңестіру туралы мәселе айрықша мәнділікке ие болып отыр.
Қазақстан Республикасындағы бюджеттер арасындағы қатынастардың
жүйесі қалыптасу мен даму стадиясында тұр, оның оңтайлы механизмі
іздестірілуде.
Қазақстанда басқаруды орталықсыздандыру мемлекеттік басқару мен
бекітіліп берілген міндеттерді жүзеге асыру үшін жергілікті бюджет
дербестігі арасында шығыстар бойынша жауаптылықты неғұрлым байыпты бөлуді
қажет етеді.
Жергілікті қаржыда билік пен басқарудың жергілікті органдарының
сан қырлы қызметінің қаржы базасы болып табылатын жергілікті бюджеттерге
маңызды рөл беріледі.
Жергілікті бюджет - бұл ұлттық табысты аумақтық тұрғыда қайта
бөлуге мүмкіндік жасайтын және билік пен басқарудың жергілікті органдарының
қаржы базасын жасауды қамтамасыз ететін экономикалық қатынастардың
жиынтығы.
Жергілікті бюджеттерді қалыптастыру мен пайдалану өндіріс пен
айырбасқа қатысушылар арасындағы, атап айтқанда: кәсіпорындар мен мемлекет
арасындағы, меншіктің барлық нысандарындағы макроэкономиканың өндірістік
және өндірістік емес салаларының кәсіпорындары, ұйымдары мен мекемелері
арасындағы, бюджет жүйесінің буындары арасындағы, мемлекет пен халық
арасындағы қоғамдық өнім құнының қозғалысын білдіреді.
Жергілікті бюджеттердің экономикалық мәні олардың мынадай
арналымында көрінеді: 
1. билік пен басқарудың жергілікті органдарының ақша қорларын
қалыптастыру;
2. Бұл қорларды жергілікті деңгейдегі инфрақұрылым салалары мен халықтың
арасында қайта бөлу.
Жергілікті бюджеттер билік пен басқарудың жергілікті органдарының
сан қырлы қызметінің негізгі қаржы базасы бола отырып, олардың экономикалық
дербестігін нығайтады, шаруашылық қызметін жандандырады, ведомствоға
қарасты аумақтарда оларға инфрақұрылымды дамытуға, аумақтың экономикалық
әлуетін кеңейтуге, қаржы ресурстарының резервтерін ашып пайдалануға
мүмкіндік жасайды.
Сөйтіп, жергілікті бюджеттер жергілікті деңгейдегі экономикалық
және әлеуметтік міндеттерді жүзеге асыруда елеулі рөл атқарады. Бұл
тұтынудың қоғамдық қорларын бөлген кезде көрінеді. Жергілікті бюджет арқылы
мемлекеттік бюджет қаражаттарының басым бөлігі әлеуметтік инфрақұрылымға
жұмсалады.
Дүниежүзілік және отандық тарих жергілікті шаруашылықты
дамытудағы, әкімшілік-аумақтық бөліністерді абаттандыру мен олардың
санитарлық жағдайын жақсартудағы, сондай-ақ әлеуметтік сфера мекемелерін
ұстаудағы жергілікті (муниципалды) қаржының маңызын дәлелдеп отыр. Осылай
әлдеқашан болған және бұл тенденциялар жиырмасыншы ғасырдың 80-90 жылдары
күшейді.
Дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде биліктің жергілікті
органдарының бюджеттері мемлекеттің бүкіл қаржы ресурстарының 30-дан 60%
қайта бөледі (Англия, АҚШ, Жапония, Германия және т.б.) және аймақтың
өндіргіш күштерін, бүкіл әлеуметтік сферасын дамытуда, нарықтық
инфрақұрылым құрып, кеңейтуде маңызды рөл атқарады:
1. олар арқылы өндірістік ортаны қаржыландыруға жұмсалатын шығындардың
үлкен бөлігі өтеді (жергілікті өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын, су
шаруашылығын, көлікті және басқаларын қаржыландыруға жұмсалады);
2. жергілікті бюджет арқылы өндірістік емес ортаның дамуы
қаржыландырылады, сөйтіп, қоғамдық өндіріске жанама ықпал жасалады;
3. тұтынудың қоғамдық (әлеуметтік) қорларын бөле отырып, жергілікті
бюджеттер жұмыс күшін ұдайы молайтып отыруға мүмкіндік туғызады.
Қазақстан Республикасының жергілікті бюджетінің құрамы облыстық
бюджеттерді, қалалардың (аудандық маңызы бар қалаларды қоспағанда) және
аудандардың (қалалардағы аудандарды қоспағанда) бюджеттерін қамтиды.
Кәзіргі кезде Қазақстандағы жергілікті бюджеттер кірістері мен шығыстары
бойынша мемлекеттік бюджеттің қаражаттары көлемінің 50% аралығын құрайды.
Олар мемлекеттік бюджеттің құрамды бөлігі болып есептелмейді, республикалық
бюджетпен бірге қоғамның мемлекеттік бюджетінің жиынтығын құрайды.
Қаржы қатынастарын ұйымдастырудың бюджет түрінде екі тенденция
қатар өмір сүреді:
1) дағдарыстан шығу жене тұрақтандыру мақсатымен экономиканы басқаруда
орталықтандырылған негіздерді дамытудың анағұрлым ортақ процесінің қамтып
көрсетілуі ретінде қаржы ресурстары қозғалысын басқарудың нысандары мен
әдістерінің жүйесін орталықтандыру;
2) қаржы қорларын қалыптастыру мен пайдалануда билікпен басқарудың
жергілікті органдарының функцияларын күшейте отырып қаржыны
орталықсыздандыру.
Екінші тенденция жергілікті органдардың жергілікті жағдайларға
жуықтығымен дәлелденеді.
Қаржы қатынастарының әкімшілігін жүргізудің қағидаты қаржының
бақылау функциясын жүзеге асыру мүмкіндігі болып табылады: неғұрлым аз
дәрежеде белгілі бір қаржы қатынасы немқұрайды бақылауға берілсе, соғұрлым
оны орталықсыздандырылған реттеуге жатқызған дұрыс.
Дүниежүзілік қаржы теориясы мен практикасы жергілікті бюджеттер
бюджет жүйесінің дербес бөлігі ретінде жұмыс істейтіндігін айқындайды.
Бюджеттің дербестігі деп аймақтық басқару органы бектіліп берілген кіріс
базасының негізінде бюджеттің көлемін, баптар бойынша кірістер мен
шығыстардың нақтылы құрылымы мен мөлшерін өзі анықтайтын қағида ұғынылады.
Оның атқарылуы басқарудың аймақтық органдарының бұл саласындағы құқықты
анықтайтын республикалық заңнаманың негізінде жүзеге асырылады.
Басқа жағынан аймақтар белгілі бір матасушылықта болатын бірыңғай
шаруашылық кешеннің бір бөлігі болып саналады және одан тыс өмір сүре
алмайды. Аймақтық ұдайы өндірістің мазмұны мен сипаты бүкіл қоғамдық ұдайы
өндіріс дамуының негізгі заңдылықтарымен анықталады.
Сондықтан басқарудағы централизмнің қажеттігін орынды, өндірістің
нақтылы жай-күйімен шарттасылған шектерде қажет етеді. Аймақтардың
экономикалық дербестігі абсолюттік бола алмайды. Ол әрдайым салыстырмалы
және аймақ неғұрлым кіші болса, бұл дербестіктің көріну шегі де аз болады,
яғни шешімдер қабылдауда орталыққа тәуелсіз еркін болады. Оның үстіне
аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуының кәзіргі деңгейі, бюджеттік
өзара қатынастардың қалыптасқан сипаты, нарықтық экономикаға көшу кезеңінің
күрделілігі республика жергілікті бюджеттерінің көпшілігінің нақтылы
дербестігі туралы айтуға мүмкіндік бермейді. Сондықтан әлеуметтік
инфрақұрылымды халықты әлеуметтік игіліктердің кепілдікті минимумымен
қамтамасыз ететін мөлшерлерде қаржыландыру үшін қаражаттардың
жеткіліктілігі қағидаты жүзеге асырылуы тиіс. Әрбір әкімшілік-шаруашылық
бірлігі дербестігінің бір оңтайлы деңгейі болуы тиіс, бұл деңгейдің
критерийі осы аймақтық экономикалық мүдделерінің ең жоғары мүмкіндікте іске
асыруда болып келеді.
Аймақтардың экономикалық дербестігінің маңызды шарттарының бірі
оларда аймақтық ресурстарды жаңғырту табиғатты қорғау жөніндегі шараларды
қаржыландыруға қажет қаражаттардың кепілдікті көздерін жасау болып
табылады.
Аймақтың экономикасын басқарудағы орталықтандырылған және
жергілікті негіздердің оңтайлы үйлесуін анықтаудың ортақ қағидаты былайша
тұжырымдалады: экономикалық дамудың стратегиясын анықтаудағы централизм,
оны іске асырудағы дербестік.
Оперативтік-шаруашылық дербестігі жергілікті буында шығыстардың
50% кем емесін жабатын кірістердің оқшауланылған, бектіліп берілген жүйесін
жасауды, бюджетке ұзақ мерзімге кірістердің қатаң бекітіліп берілуін қажет
етеді.
Дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде ұлттық табысты бюджет
арқылы қайта бөлу "фискалдық федерализм" теориясы негізінде жүзеге
асырылады.
Теорияның мәні мынада. Бүкіл мемлекеттік шаруашылық жалпы
(экономиканың мемлекеттік секторына кіретін барлық кәсіпорындар, мекемелер
және әкімшілік құрылымдар) көпдеңгейлі жүйе болып келеді, онда басқарудың
функцияларын деңгейлер арасында бөлу және олардың сатылас бойынша занды
бағынышы болады. Осыған байланысты назар аударылатын мәселелер мыналар:
1) мемлекеттік секторды басқару деңгейлерінің оңтайлы саны;
2) басқару деңгейлерінің арасында өкілеттіктерді оңтайлы бөлу;
3) әлеуметтік шығыстарды неғұрлым тиімді қаржыландыру деңгейі;
4) биліктің жергілікті органдарын басқаруға және қаржыландыруға
орталық үкіметтің араласу дәрежесі;
5) билік пен басқарудың жергілікті органдарының шығыстарын
қаржыландырудағы меншікті қаражаттардың үлесі;
6) мемлекеттік экономиканың барлық деңгейлерінде қаражаттарды
жұмсауға бақылау жасаудың нысаны.
Фискалдық федерализм саясаты басқарудың жергілікті органдарының
орталыққа қаржылық тәуелділігін азайтуға бағытталған. Бұл жергілікті
бюджеттердің ғана емес, сонымен бірге жалпы мемлекеттік бюджеттің де
тапшылығын төмендетудің жолы, жергілікті әлеуметтік проблемаларды шешудегі
нақты дербестікке апаратын жол. Бұған аймақтардың салықтық автономиясын
дамыту, жалпымемлекеттік салықтарға үстемелер өндіріп алу немесе меншікті
салықтарды (экологиялық, мүлік салықтары, мұраға салынатын салық, тұтынуға
салынатын салық) белгілеу жөніндегі оларға құқық беру есебінен жетеді. Бұл
орайда жергілікті органдарды қаражаттарды тиімді пайдалануға
ынталандырылмайтын, оларды қаржылық дербестігінен айыратын орталық
бюджеттен жүргізілетін трансферттік қаржыландыру қысқарады.
Басқа елдердегі аумақтық басқаруды дамытудың тәжірибесі басқаруды
орталықсыздандырудың, ведомстволық бағыныштағы аумақтарды дамытудың
әлеуметтік және экономикалық проблемаларын шешуде биліктің жергілікті
органдарына кең құқықтар берудің қажеттігін қолдайды. Унитарлық мемлекеттің
жағдайына Қазақстанға сәйкес фискалдық федерализм ұғымның мәні сақталған
кезде "фискалдық регионализмге" ауыстырылуы мүмкін.
"Бюджеттік реттеу" аумақтық деңгейге өздеріне жүктелген
функцияларды толық орындауы үшін меншікті кіріс көздері жетіспеген кезде
жалпымемлекеттік салықтар мен кірістерден түсетін түсімдердің бір бөлігін
беру жолымен жүргізіледі. Қазақстанда салықтарды жалпымемлекеттік және
жергілікті салықтарға бөлудің күші жойылуына байланысты "бекітілген" және
"реттеуші" кірістер мен салықтар терминдері пайдаланылмайды дей тұрсақта
субвенциялар, бюджеттік алынымдар, есеп айырысу бойынша берілетін
қаражаттар мен басқа трансферттер нысанындағы бюджеттік реттеу процесі
сияқты іс жүзінде кірістерді бекітіп беру сақталынған.
Қазақстан Республикасында жергілікті бюджеттер коммуналдық заңи
тұлғаларға бекітілген; мүлікпен және әкімшілік-аумақтық бөліністің
меншігіндегі өзге де мүлікпен бірге әкімшілік-аумақтық, экономикалық және
қаржылық негізін құрайды; түсімдер мен бюджет тапшылығын қаржыландыру
(профицитін пайдалану) есебінен қалыптасатын, Конституциямен, заңдармен
және Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерімен
жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы органдар
белгілейтін жергілікті бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға арналған
тиісті мәслихаттың шешімімен бекітілген әкімшілік-аумақтық бөліністердің
ақша қорлары болып табылады.
Нарықтық қатынастар, басқарудың жергілікті органдарын реформалау
жергілікті бюджеттердің кіріс көздерінің қалыптасуына әсер етіп отыр.
Жалпы жеке аумақтар мен аймақтар бюджеттеріне қаражаттардың түсу
көлемі мен құрылымына елдегі экономикалық ситуация: қаржы-бюджет саясаты,
өндіріс дамуының аймақтық деңгейі, оның құрылымы, инфляция қарқыны, бағаның
өсуі және т.с.с. сан алуан факторлар әсер етеді. [2]
Жергілікті бюджет жүйесі мынадай принциптерге негізделеді:
• бірыңғайлық принципі - бюджет жүйесін ұйымдастырудың және оның жұмыс
істеуінің бірыңғай принциптерін қолдану, бірыңғай бюджет сыныптамасын
және бюджет процесінің бірыңғай рәсімдерін пайдалануды білдіреді. Ең
толық түрде бұл принцип Кеңес Одағының бюджеттік жүйесінде болды.
Қазіргі кезеңде жергілікті билік органдарының дербестікке ие болғанына
және оларға қаржылық ресурстармен билік жүргізу жөнінде бірсыпыра
құқық берілгеніне байланысты бірыңғайлық принцип босаңсытылып қалды.
Республика аумағында әрекет жасайтын мемлекеттік кірістер мен
мемлекеттік шығыстардың жалпы бірыңғай жүйесі бар екені осы принцип
арқылы дәлелденеді. Бұл принцип бюджеттік жоспарлау әдістемесі мен
ұйымдастыру бірлестігіне және жоспарлау мен әлеуметтік – экономикалық
болжамдау өзара байланысына кепіл береді. Осы принциптің негізінде
заңнамалық, өкілдік органдар жағынан бюджет қаражаттарының
қозғалысына тиімді бақылау жүргізіледі. Бюджет жүйесінің бірыңғайлық
принципі бірыңғай құқықтық база, бірыңғай бюджеттік жіктеу арқылы
бюджеттерді сапқа тізу, бюджеттік процесті іске асыруда бірыңғай
шаралар пайдалану, статистикалық және қаржылық ақпаратқа қажетті
бюджеттік құжаттар формаларының бірлестігі, бірыңғай ақша жүйесі,
бірыңғай әлеуметтік – экономикалық және салықтық саясатпен қамтамасыз
етіледі. Бұл принципті қолданған бюджетті құрастыру мен бекітуде
көбінесе артықшылығы бар бюджеттік баптардың болмауына әсерін
тигізеді;
• толымдылық принципі - бюджетте көзделген барлық түсімдер мен
шығыстардың көрсетілуі, бюджет қаражаты бойынша талап құқықтарының
басқаға берілуі сияқты, бюджет қаражатын пайдалана отырып, өзара
талаптарды есепке жатқызуға жол бермеуді білдіреді. Үкіметте бюджетте
қарастырылғаннан басқа ешқандай да кірістер мен шығыстар болуы тиісті
емес. Сонымен қатар, бюджет қаражаттарын пайдалануда есепке жатқызудың
өзара талаптары мен талаптар құқығына жол беру жіберілмейді. Бюджеттің
толымдылық принципімен бюджет – брутто мен бюджет – нетто түсініктері
байланысты. Бюджет – брутто мемлекеттің кірістер мен шығыстар бойынша
барлық қаржы операцияларын көрсетеді. Ал бюджет – нетто тек қана
бюджет баптарының қалдықтарын көрсетеді, яғни әр бап бойынша кіріс
түсіруге жұмсалған шығындарды алғаннан кейінгі түсімдерді көрсетеді;
• реалистік принципі - бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджет
көрсеткіштерінің әлеуметтік-экономикалық дамудың және бюджеттік
параметрлердің, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары
болжамдарының бекітілген (түзетілген) параметрлеріне, бағыттарына
сәйкес келуін білдіреді. Сондықтан бюджет көрсеткіштерінің шынайшылығы
экономика ахуалы және өндіріс көлемін объективтік бағалау мен
әлеуметтік – экономикалық даму жоспарының макроэкономикалық
көрсеткіштеріне негізделеді. Реалистік принципі бюджет атқару жөнінде
есеп беруді бұрмалауын болдырмау мен жоюға қажет. Ол мемлекеттің қаржы
операцияларын әділетті көрсету мен бекітілген сомалар бюджеттік
белгілеулерге пайдалануын қарастырады. Реалистік даму болжамдар мен
бағдарламалар көрсеткіштері және бюджеттік резервтер барлығымен
қуаттандырылған негіздегі барлық кіріс көздері мен шығыс бағыттары
есептемелерімен дәлелденіп анықталады;
• транспаренттілік принципі - мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын өзге
де құпия болып табылатын мәліметтерді, сондай-ақ қоғам мен бұқаралық
ақпарат құралдары үшін бюджет процесінің міндетті ашықтығын
қоспағанда, Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасы саласындағы
нормативтік құқықтық актілерді, бекітілген (нақтыланған, түзетілген)
бюджетті және олардың атқарылуы туралы есептерді, стратегиялық
жоспарлар мен олардың іске асырылуы туралы есептерді міндетті түрде
жариялауды білдіреді. Бұл қоғам мүшелерінің әрбіреуіне мемлекеттің
болашақ кірістері мен шығыстары, әсіресе қаражат шығындарының негізгі
бағыттарымен, оның ішінде әлеуметтік салаға арналған қаражаттар
көлемімен танысуға мүмкіншілік береді. Транспаренттілік принципінің
түсінігіне толығырақ сипаттаманы былай беруге болады – ол бюджеттік
заңнамалар аумағындағы нормативтік – құқықтық актілер, бюджеттер мен
оларды атқару жөніндегі есептер және фискалдық саясат жөнінде басқа да
ақпараттарды міндетті түрде жариялау, бюджет процесінің ашықтығы мен
мемлекеттік қаржы бақылау жүргізу;
• дәйектілік принципі - мемлекеттік органдардың бюджеттік қатынастар
саласында бұрын қабылданған шешімдерді сақтауы;
• нәтижелілік принципі - мемлекеттік органдардың стратегиялық
жоспарларында көзделген тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол
жеткізуге бағдарланған бюджеттерді әзірлеу және атқару;
• дербестік принципі - бюджет процесін дербес жүзеге асыру құқығы,
жергілікті бюджеттердің атқарылуы барысында қосымша алынған кірістерді
және жергілікті бюджеттер қаражатының қалдықтарын жоғары тұрған
бюджетке алып қоюға жол берілмеуі, төменгі бюджеттерге оларды тиісті
өтеусіз, қосымша шығыстар жүктеуге жол берілмеуін білдіреді. Бұл
принцип биліктің өкілетті және атқарушы органдарының аймақтар
деңгейінде қаржы ресурстарды пайдалану және жұмсау жөніндегі
құқықтарын бірсыпыра кеңітеді, себебі жергілікті бюджеттерді атқарған
процесте қосымша алынған кірістерді жоғары деңгейдегі бюджетке
қайтарып алуы мен жергілікті бюджеттер қосымша ресурстармен қамтылмаса
оларға қосымша шығындар салуы жіберілмейді. Бюджеттердің дербестігін
бюджет жүйесінің барлық буындарының түсімдер көздері заңмен бекітілу
мен бюджет құралдарын әрбір деңгейдегі билік органдарының заңмен
анықталған өкілеттіктері негізінде пайдалану құқықтары қамтиды. Барлық
деңгейдегі бюджеттердің теңгерулігі бюджеттік – қаржы саясатының
қажетті талабы болуы мүмкін. Мысалы, бюджеттерді қарастыру мен
бекіткенде олардың тапшылықтарының шекті мөлшері тағайындалуы мүмкін;
• сабақтастық принципі - өткен кезеңде бекітілген әлеуметтік-
экономикалық даму және бюджеттік параметрлер, базалық шығыстар
болжамдарына, бюджеттік мониторинг қорытындыларына, нәтижелерді
бағалауға жергілікті бюджеттерді жоспарлау;
• негізділік принципі - бюджет жобасына қандай да болсын түсімдерді
немесе шығыстарды енгізу қажеттігін және олардың көлемдерінің
негізділігін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер және басқа да
құжаттар негізінде бюджетті жоспарлау;
• уақтылылық принципі - жергілікті бюджетке түсімдерді есептеу және
оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіндегі Үкімет шотына
аудару, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына сәйкес
мемлекеттік мекемелердің міндеттемелер қабылдауы, төлемдер бойынша
қаржыландырудың жеке жоспарларына сәйкес төлемдер жасау және тиісті
нормативтік құқықтық актілерде белгіленген тәртіпті сақтай отырып,
мерзімінде бюджет қаражатын алушылар шоттарына аудару;
• кассаның бірыңғайлық принципі - бюджетке барлық түсімдерді бірыңғай
қазынашылық шотқа есептеу және бірыңғай қазынашылық шоттан барлық
көзделген шығыстарды ұлттық валютамен жүзеге асыру;
• тиімділік принципі - бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдаланып,
ең үздік тікелей нәтижеге қол жеткізу қажеттілігін негізге ала отырып,
бюджеттерді әзірлеу және атқару немесе бюджет қаражатының аз көлемін
пайдаланып, тікелей нәтижеге қол жеткізу;
• жауапкершілік принципі - тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол
жеткізуге және бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен мемлекеттік
мекемелер басшыларының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес
келмейтін шешімдер қабылдағаны үшін жауапкершілігін қамтамасыз етуге
бағытталған қажетті әкімшілік және басқару шешімдерінің қабылдануы;
• бюджет қаражатының атаулылық және нысаналы сипаты принципі - бюджеттік
бағдарламалар әкімшілерінің Қазақстан Республикасының заңнамасын
сақтай отырып, бюджет қаражатын мемлекеттік органдардың стратегиялық
жоспарларымен көзделген нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге
бағыттауы және пайдалануы.
Бюджет құрылымы:
• кірістер: салықтық түсімдер; салықтық емес түсімдер; негізгі капиталды
сатудан түсетін түсімдер; трансферттер түсімі;
• шығындар;
• таза бюджеттік кредиттеу: бюджеттік кредиттер; бюджеттік кредиттерді
өтеу;
• қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо: қаржы активтерін сатып
алу; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер;
• бюджет тапшылығы (профициті);
• бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану):
қарыздар түсімі; қарыздарды өтеу; бюджет қаражатының пайдаланылатын
қалдықтары. [3]
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес жалпы
жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдер мыналарды кіріктіреді:
1) салықтардың, алымдардың және бюджетке төленетін басқа міндетті
төлемдердің түсімдері;
2) салықтық емес түсімдер (коммуналдық меншіктен түсетін түсімдер,
облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың,
ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттерінен
қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарлар (жұмыстар,
көрсетілетін қызметтер) өткізуінен түсетін түсімдер; жергілікті
бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын
мемлекеттік сатып алулар өткізуден түсетін ақша түсімдер; осы
мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар,
өндіріп алулар; жергілікті бюджеттерге түсетін салықтық емес басқа
түсімдер);
3) жергілікті бюджеттрге түсетін түсімдер (жергілікті бюджеттерден
қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітіліп берілген
мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін түсімдер);
4) жергілікті бюджеттерге түсетін трансферттердің түсімдері.
Жергілікті бюджеттерден берілген кредиттерді өтеуден, коммуналдық
меншіктегі мемлекеттің қаржы активтерін сатудан, жергілікті атқарушы
органның қарыздарынан түсетін түсімдер жергілікті бюджеттреге есептеледі.
[2]

1 кесте. Қазақстан Республикасының жергілікті бюджеттері кірістеріндегі
салықтар мен трансферттердің құрылымы
Өлшем бірлігі:
млн.теңге
Түсімдердің 2008 жыл 2009 жыл 2010 жыл 2010-ның 2010-ның
атауы 2009 жылға 2008жылға
арақатынасыарақатынасы
, % , %
І. КІРІСТЕР 1 830 2 119 2 407 113,60 131,54
138,40 178,30 437,00
Салықтық 748 102,40777 674,30850 526,00109,37 113,69
түсімдер
Салықтық емес 13 231,70 22 390,50 33 440,80 149,35 252,73
түсімдер
Негізгі 48 363,90 31 349,40 36 916,80 117,76 76,33
капиталды
сатудан түскен
түсімдер
Трансферттер 1 020 1 287 1 486 115,44 145,68
түсімдері 440,30 764,00 553,30
* Дерек көзі: www.minfin.kz

1 кестеден көріп отырғанымыздай, 2010 жылғы жергілікті бюджеттің
жалпы кірісі 2008 жылмен салыстырғанда 31,5% - ға өскен. Соның ішінде,
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер азайса, салықтық емес түсімдер
екі есеге көбейген.

*Дерек көзі: 1 кесте Қазақстан Республикасының жергілікті бюджеттері
кірістеріндегі салықтар мен трансферттердің құрылымы
Сәйкесінше, салықтық түсімдердің де өсімі байқалады, 2010 жылды
2009 жылмен салыстырғанда 9% - ға өскен болса, 2010 жыл мен 2008 жылды
салыстырсақ, екі жылда 13% - ға көбейген. Жалпы жергілікті бюджет
кірістеріндегі трансферттік түсімдердің үлес салмағы соңғы үш жылда да
басымдылыққа ие. Мәселен, 2010 және 2009 жылдарды салыстырсақ, трансферттер
15 % артқан; 2010 және 2008 жылдары салыстыратын болсақ, екі жыл ішінде
45%-ға көбейген. Бірқатар субвенциялық облыстардың бюджеттеріндегі
әлеуметтік – экономикалық қажеттіліктерді қаржыландырудың қолайлы деңгейіне
жету үшін меншікті салықтық түсімдердің жетіспейтіндігінен бұл түсім көзі
осындай мөлшергі тең болды. Бұл мұндай облыстардың салық базасының
нашарлығымен байланысты. Бұл жағдайда республикалық бюджет арқылы бюджеттік
алынымдар мен субвенциялар тетігінің көмегімен түсімдерді қайта бөлу
проблемасы көкейтесті болып табылады, яғни бұл тетік объективті негізделген
жетілдіруді қажет етеді.

*Дерек көзі: 1 кесте Қазақстан Республикасының жергілікті бюджеттері
кірістеріндегі салықтар мен трансферттердің құрылымы

Жергілікті бюджеттердің проблемасы сондай – ақ олардың меншігін
құрайтын шаруашылық салалары (тұрғын үй шаруашылығы, мәдениет және
шығармашылық мекемелері, коммуналдық инфроқұрылым – су құбыры, көлік,
тазалау службасы және басқалары) бюджеттерді қалыптастыруға кіріс бермек
түгіл өздері залалды болып келеді және жергілікті бюджеттер қаражаттарының
едәуір бөлігін жеп қоятындығында болып отыр. Меншікті республикалық және
коммуналдық етіп бөлген кезде биліктің жергілікті органдарының басқаруына
залалды кәсіпорындар немесе шамалы кіріс әкелетіндері берілді.
Жергілікті бюджеттердің шығыстары да республикалық бюджеттің
шығыстары сияқты негізінен мына бағыттар бойынша жүзеге асырылады: жалпы
сипаттағы мемлекеттік қызметтер көрсету; қорғаныс, қоғамдық тәртіп және
қауіпсіздік; білім беру, денсаулық сақтау; әлеуметтік көмек және әлеуметтік
қамсыздандыру; тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы; мәдениет, спорт, туризм
және ақпараттық кеңістік; ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған
ортаны қорғау; өнеркәсіп және құрылыс; көлік және байланыс; экономикалық
қызметті реттеу (кәсіпкерлік қызметті қолдау); басқа да бағыттар: аудандар
(облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне берілетін ресми трансферттер,
республикалық бюджетке берілетін ресми трансферттер, жергілікті атқарушы
органдардың борышына қызмет көрсету. Аудан (облыстық маңызы бар қала)
бюджетінің шығыстарында денсаулық сақтау, сәулет, қала құрылысы және
құрылыс қызметі, экономикалық қызметті реттеу бағыттары бойынша жүзеге
асыру көзделінбейді.
Жергілікті бюджеттерден кадрларды қайта даярлауды және мемлекеттік
мекемелер қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды қоса алғанда, қызмет
түрлерін орындайтын мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз етуге,
бюджеттік инвестициялық жобаларға (бағдарламаларға), жергілікті басқару
органдарының заңдарында көзделген өзге де функцияларына жұмсалатын шығындар
да қаржыландырылады.
Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын жергілікті атқарушы
органдарды ұстауға арналған шығындар Үкімет бекітетін штат санының жалпы
лимиті және заттай нормалар негізінде жоспарланады.
Республикалық маңызы бар қала, Астана бюджеттерінің құрамында
қаладағы ауданның, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің құрамында
қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның),
ауылдық (селолық) округтің бюджеттік бағдарламалары мынадай бағыттары
бойынша көзделеді: қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің,
ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімі аппаратының жұмыс
істеуі; шаруашылықтар бойынша статистикалық есепке алуды жүзеге асыру;
азаматтық хал актілерін тіркеу жөніндегі қызметті қамтамасыз ету; мектепке
дейінгі тәрбие беру мекемелерін материалдық техникалық қамтамасыз ету;
ерекше жағдайларда сырқаты ауыр адамдарды дәрігерлік көмек көрсететін ең
жақын денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыру, мұқтаж азаматтарға
үйінде әлеуметтік көмек көрсету; елді мекендердің санитариясын қамтамасыз
ету; жерлеу орындарын күтіп – ұстау және туысы жоқ адамдарды жерлеу; елді
мекендерді абаттандыру және көгалдандыру; мәдениет мекемелерін материалдық
– техникалық қамтамасыз ету және басқа да бағдарламалар.
Жергілікті бюджеттердің шығыстарында әлеуметтік инфроқұрылымдарды
– білім беруді, денсаулық сақтауды, халықты әлеуметтік қорғауды
қаржыландыру, экономикалық салалардан – көлікке және байланысқа жұмсалған
шығыстар басым болып отыр. [4]
Қорғанысқа жұмсалатын шығыстардың функциялық тобы азаматтық
қорғаныс (төтенше уақиғалар кезінде) пен әскери комисариаттардың шығындарын
қаржыландыруды білдіреді.
Трансферттерде – жоғарғы бюджетке (бұл жерде республикалық
бюджетке) беру үшін жергілікті бюджеттерден қаражаттарды алуға жұмсалынған
шығыстардың үлес салмағы айтарлықтай жоғары.
Бюджеттік алынымдар дамудың анағұрлым жоғары экономикалық
дәрежесіне байланысты немесе табиғи жағдайы бойынша орта есеппен елдегіден
жоғары салық базасы және тиісінше, салық түсімдерінің жоғары деңгейі бар
облыстарда болады. Субвенциялар да , сондай – ақ алынымдар да әкімшілік –
аумақтық бөліністердің әлеуметтік – экономикалық даму деңгейін теңестіру
үшін пайдаланылады.
Жеке функциялық топтар бойынша мемлекеттік бюджет шығыстарындағы
жергілікті бюджеттер шығыстарының үлесінде әлеуметтік – тұрмыстық
инфрақұрылымды қаржыландыру бағыттары бойынша ол басым орын алады.
Жергілікті деңгейдегі қаражат түсімдері мен жұмсалымының құрамы
мен құрылымы әкімшілік – аумақтық бөліністердің әлеуметтік – экономикалық
даму дәрежесін анықтайтын мынадай факторларға байланысты: өндірістік
объектілердің болуы, табиғи ресурстар, әлеуметтік және тұрмыстық
инфроқұрылым объектілері, бөлініс мәртебесі, халықтың жиілігі, табиғат –
климат жағдайлары және т.с.с.
Бюджеттерді қалыптастыру жергілікті өкілетті органдар әзірлейтін
жергілікті бюджеттік бағдарламалар негізінде жүзеге асырылады. Жергілікті
бюджеттік бағдарламаларды қаржылық негіздеу және іске асыру – жергілікті
бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне – жергілікті атқарушы органдар мен
оларға бағынышты мемлекеттік мекемелерге жүктелген.
Жергілікті атқарушы органдардың заңи және жеке тұлғалардың, сондай
– ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінен (республикалық бюджеттен кредит алу
жолымен) үкіметпен келісілген өңірлік инвестициялық бағдарламаларды
қаржыландыру үшін қарыз қаражаттарын алуға құқығы бар. Қарыз алу жергілікті
атқарушы органдардың бағалы қағаздарын шығару немесе қарыз алу нысанында
жүзеге асырылады; олардың тәртібін Үкімет анықтайды.
Бюджеттік бағдарламаларға кіріктірілетін мемлекеттік мекемелер
шығыстарын қаржыландырудың жеке жоспарларын (сметаларын) жергілікті
атқарушы органдардың қаржылық рұқсаттарына сәйкес осы мекемелердің
басшылары атқарады.
Бюджеттік шешімдер қабылдауды оңтайландыру қаржыландырудың жеке
жоспарларын нөлдік негізде жасау және бюджеттерді жоспарлау, бағдарламалау
(БЖБ) жүйесін пайдалану әдісі арқылы мүмкін.
Бюджеттерді нөлдік негізде жасау әдісі мынада, жыл сайын жаңа
қаржыландырудың жеке жоспары жасалынады, ал бюджеттік мекеме өзінің
бағдарламасын толық негіздеуі және басымдықтарды анықтауы міндетті.
БЖБ әдісі ұйымдық шаралар мен әр түрлі мекемелер арасында
ресурстарды бөлудің қандай ұштастырылуы нәтижеліктің ең жақсы
көрсеткіштеріне жетуге ең жоғары дәрежеде жәрдемдесетінін анықтау үшін
бюджеттік бағдарламалардың өлшеуге еретін нәтижелерін қаржыландыру үшін
пайдаланылады. Бұл әдісте шығыстардың нормалары пайдаланылуы мүмкін.
Сөйтіп, жергілікті буындағы бюджет рәсімі тиімділік өлшеміне негізделуі
мүмкін.
Жергілікті буындағы үдеріс бұл – бюджетті жоспарлау, қарау,
бекіту, атқару, нақтылау, түзету, атқарылуы, бюджет есебі мен есептемесін
жүргізу, мемлекеттік қаржылық бақылау, сондай – ақ байланысқан гранттарды
жоспарлау мен пайдалану жөніндегі Қазақстан Республикасы бюджет
заңнамасымен реттелген қызмет.
Жергілікті бюджеттерді жоспарлау жоспарланып отырған кезеңге
арналған жергілікті бюджет түсімдерінің көлемі және стратегиялық
міндеттерді, басымдықты ескере отырып, әрі мемлекеттің әлеуметтік –
экономикалық даму міндеттеріне сәйкес олардың пайдаланылу бағыттарын
айқындау жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу үдерісі болып табылады.
Жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу тәртібін Үкімет
айқындайды.
Жергілікті атқарушы органның алдағы үш жылдық кезеңге арналған
орта мерзімді фискалдық саясатын жергілікті атқарушы органдар ағымдағы
жылдың 1 қазанына дейін бекітеді және ол міндетті түрде жариялануға жатады.
Бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган бюджеттік
комисссия қабылдаған шешімдер негізінде алдағы қаржы жылына арналған бюджет
жобасының түпкілікті нұсқасын жасап, оны бюджеттік комиссияның қарауына
енгізеді. Бюджет жобасының түпкілікті нұсқасын қарау және айқындау
жоспарланып отырған қаржы жылының алдындағы жылдың 15 қыркүйегінен
кешіктірілмей аяқталады.
Шешім жобасының мәтінінде:
1) алдағы қаржы жылына арналған бюджет кірістерінің, шығындарының,
операциялық сальдосының, таза бюджеттік кредит беруінің, қаржы
активтерімен жүргізілетін операциялар бойынша сальдосының,
тапшылығының (профицитінің), тапшылығын қаржыландырудың (профицитті
пайдаланудың) көлемдері;
2) облыстық бюджеттен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне
берілетін бюджет субвенцияларының көлемдері және аудандар (облыстық
маңызы бар қалалар) бюджеттерінен облыстық бюджетке алынымдар
көлемдері;
3) жергілікті атқарушы органның резерві мөлшері;
4) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті
атқарушы органының тиісті қаржы жылының аяғындағы жағдай бойынша борыш
лимиті;
5) басқа қағидалар болуы тиіс.
Алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджеттің, республикалық
маңызы бар қаланың, Aстана бюджетінің жобасын жергілікті атқарушы орган
жоспарланып отырған жыл алдындағы жылдың 15 – қазанынан кешіктірмей тиісті
мәслихатқа енгізеді. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің жобасын
жергілікті атқарушы орган 1 қарашадан кешіктірмей тиісті мәслихатқа
енгізеді.
Алдағы қаржы жылына арналған жергілікті бюджет Президент тиісті
қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға қло қойғаннан кейін
екі апта мерзімнен кешіктірмей бекітіледі.
Жергілікті бюджет жобасы тиісті мәслихаттың тұрақты
комиссияларында қаралады.
Өкілді органдар бюджет жобасын қараған кезде мынадай қағидаттарды:
негізділік қағидатын, бюджеттің теңдестірімділігін сақтау қағидатын
ұстанады.
Тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетті бекіту
мәслихаттың шешімімен қабылдау арқылы жүзеге асырылады. Бюджетке
түсімдердің түсуін, бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын қамтамасыз
ету, сондай – ақ бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану)
жөніндегі іс – шарлар кешенін орындау бюджеттің атқарылуы болып табылады.
Жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджеттің атқарылуын қамтамасыз
етеді. Бюджетті атқару жөніндегі орталық атқару уәкілетті орган Салық
кодексіне сәйкес жергілікті бюджеттердің атқарылуы бойынша рәсімдерді
жүзеге асырады. [2]

1.2 Жергілікті бюджеттің ұйымдастырушылық – құқықтық негіздері

Жергілікті бюджеттер жүйесі мемлекеттік құрылымдық пен тиісті
әкімшілік – аумақтық бөлімге негізделеді. Жергілікті бюджеттер
республиканың бюджеттік жүйесінің екінші деңгейі және облыс, республика
маңындағы қала, Астана, аудан, облыс маңындағы қала бюджеттерін құрайды.
Бұлардың барлығы тиісті әкімшілік – аумақтық бірлік бойынша биліктің
жергілікті органдары өз функцияларын орындауды қаржылық қамтамасыз етуге
арналған ақша қаражаттарының орталықтандырылған қоры болып табылады.
Жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығындарының құрылымы
Бюджеттік кодекс ережелерімен анықталған. Жергілікті бюджет ерекшеліктері
әрбір мемлекеттің басқару деңгейі бойынша өздерінің өкілеттіктерін іске
асыру мақсатта тұрақты кірістік қайнар көздерді бекіту мен билік
құрылымдардың өкілеттіктерін шектеу және бюджетаралық қатынастарды
жетілдіруге сәйкес бюджеттер деңгейлері арасында шығындарды бөлумен
шарттасады. Шығындық өкілеттікті бөлудің жүйелігін қамтамасыз ету мақсатта
басқару деңгейлері бойынша мемлекеттік органдардың белгілі функциялар
орындау құзыреттері анықталып оларға шығындық өкілеттік бекітіледі.
Жегілікті бюджеттерді құру, қарау, бекіту және атқару Бюджеттік
кодекс ережелері мен басқа да нормативтік актілермен реттеледі. Осы
актілерге сәйкес бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган
Республика Үкіметінің тапсырмасы бойынша тамыз айының 15 жұлдызына дейін
облыстар, Астана мен Алматы қалаларының әкімдеріне сол жергілікті бюджет
кірістеріне жалпы мемлекеттік салықтар мен алымдардан бөлінетін түсімдердің
жобаланған мөлшерлерін хабар етеді.
Сонымен бірге, жалпы мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыру мен
жергілікті атқарушы органдар қажетті болған оқиғада пайдалануға арналған
несиелердің мүмкіндік сомалары және де жергілікті өкілдік пен атқарушы
органдардың басқару аппараттарын ұстауға арналған шығындардың лимитіне
республикалық бюджет құралдарынан бөлінетін шамаланған сомалар жеткізіледі.

Содан соң, осы көрсеткіштер және өздерінің болжамдық мәліметтері,
яғни аумақтар бойынша жасалған олардың даму болжамдары мен бағдарламалары
негізінде , жергілікті атқарушы органдар келесі қаржылық жылға өз
бюджеттерінің болжамдық көлемдерін дербес анықтайды. Осы маңда облыс және
аудан арасындағы салықтар мен кірістерді бөлуді облыс өкілдікті органның
келесі қаржы жылдың облыс бюджеті жөніндегі шешіміне сәйкес сол облыстың
өкілдік органы белгілейді.
Тиісті жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығыстарының
теңестілігі үшін жауапкершілік толығымен жергілікті өкілдік және атқарушы
органдарға жүктеледі, сондай – ақ төменгі бюджеттерді құру, бекіту және
атқару процесіне мемлекеттік орталық және жергілікті атқарушы органдардың
араласуы жіберілмейді. Жергілікті атқарушы бюджеттердің барлық параметрлері
бірыңғай бюджеттік жіктелуге сәйкес анықталады.
Облыстар, Астана мен Алматы қалаларының келесі қаржы жылдың
бюджеттерінің жобасы тиісті маслихаттар талқылауға ағымдағы жылдың қазан
айының 15 жұлдызына дейін енгізілуі қажет. Бұл бюджеттер Республикалық
бюджет жөніндегі Заң өз күшіне енгеннен кейін екі апта ішінде бекітілуі
тиіс. Ал аудан мен облыстық маңызы бар қала атқарушы органдары ағымдағы
жылдың қараша айының 1 жұлдызына дейін тиісті маслихатта талқылауға өз
бюджеттерін енгізілуі қажет және ол облыс бюджеті қабылданғаннан кейін екі
апта ішінде бекітілуі тиіс. Егерде белгіленген уақытта жергілікті бюджет
жобасы бекітілмесе, онда жергілікті атқарушы орган келесі жылдың 1
тоқсанына жергілікті қаржы жоспарын қабылдау жөнінде шешім шығаруға құқығы
бар.
Облыстар, Астана мен Алматы қалаларының әкімдері аудан мен
облыстық маңызы бар қала бюджеттері бекітілгеннен кейін бір апталық
мерзімде бюджеттік жоспарлау және атқару орталық органдарына облыстар,
Астана мен Алматы қалаларының жиынтық бюджеттерін, тиісті жылға жергілікті
бюджеттерден қаржыландырылатын жкргілікті инвестициялық жобалар мен
бағдарламаларды, облыстар, Астана мен Алматы қалаларының жергілікті
атқарушы органдарының қарыздарын өтейтін шығындар көлемін ұсынады.
Бюджеттік процесс маңында заңнамалар арқылы реттелетін мемлекеттік
органдардың бюджеттер болжамын құрастыру, қарастыру мен бекіту, бюджеттерді
атқаруын ұйымдастыру мен оның бақылауын қамтамасыз ету жөніндегі іс -
әрекеттері қарастырылады. Бюджеттік процестің мазмұны елдің мемлекеттік
және бюджеттік құрылымдары арқылы анықталады. Қазақстан Республикасында
бюджеттік процесс өз алды мемлекеттік биліктің орталық және жергілікті
органдарының, бюджеттік процестің қатысушыларының бюджеттер болжамын жасау
мен қарастыру, оларды бекіту мен атқару және бақылау жөніндегі әрекеттерін
тізбектелген және реттелген түрде іске асыруды көрсетеді.
Егеменді мемлекеттің бюджеттік процесі әрекеттегі бюджеттік
заңнамаларға сәйкес ұйымдастырылады. Қазақстанда ол Бюджеттік кодексі және
басқа да бюджеттік процеске қатысты заңнамалы – нормативтік актілермен
реттеледі. Республикада бюджеттік процесті ұйымдастыру келесі принциптерге
негізделеді:
• Тұтастық – оның маңында бірыңғай құқықтық база, бюджеттік жіктелу,
бюджеттік пен статистикалық ақпаратқа қажетті бюджеттік құжаттар
формаларының бірлігі және ақша жүйесінің бірлігі;
• Дербестік – оның маңында бюджеттік процеске әрбір қатысушы өз әрекетін
өз еркі ұйымдастырады және сол әрекет кірістердің өздік қайнар көздері
барлығымен және оларды пайдалану бағыттарын анықтайтын құқықпен
қамтамасыз етуіне;
• Теңгерушілік – оның маңында барлық бюджеттердің кірістері мен
шығыстары арасындағы арақатынастарды дұрыс тағайындалуына.
Жоғарыда айтылған принциптердің талаптарын сақтау бюджет
тұрақтылығы мен аймақтар және іс - әрекет салалары араларындағы ақша
құралдарын бөлудің қажетті пропорцияларын қамтамасыз етуге тиісті. Бұл
арада тағы бір маңызды шартты сақтау қажет – ол мемлекеттің барлық қаржы
саясатының бас негізі болатын бюджет шығыстарының оның кірістеріне
сәйкестігі мен қаржы резервтерін құру.
Бюджеттік кодекс бойынша бюджет қалыптасу негізі болып Қазақстан
Республикасының әлеуметтік – экономикалық орта мерзімді даму жоспары мен
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Халқына арнаған жылсайынғы
Жолдауының есебімен құрастырылған аумақтардың даму бағдарламалары табылады.
Бюджеттік кодексте көрсетілген басқа бір маңызды жағдай - ол бюджеттік
процесті ұйымдастыруын қоса отырып, қаржы ресурстарын басқарудағы
мемлекеттік биліктің функцияларын регламенттеуі. Бұл функциялары келесілер
арқылы көрінеді:
1. Мемлекеттің экономикалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономиканы мемлекеттік реттеу жайлы мәлімет
Шаруашылық және мәдени саладағы мемлекеттік бюджеттің рөлі
Бюджетаралық қатынас: жағдайы мен дамуы
Мемлекеттік бюджеттің мәні және мазмұны
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы
Мемлекеттің бюджеттік құрылысы
Қазақстан Республикасындағы бюджет саясаты және оның қызметтері
Мемлекеттің қаржысы
Шаруашылық қызметінің аудиті
Сыртқы экономикалық қызмет боцынша шығыстар
Пәндер