МҰНАЙ САҚТАНДЫРУ КОМПАНИЯСЫ САҚТАНДЫРУ КОМПАНИЯСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДА


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .
3
КІРІСПЕ . . .:
3:
КІРІСПЕ . . .: 1. кәсіпорындардың экономикалық НЕГІЗДЕРІНІҢ теориялық АСПЕКТІЛЕРІ . . .
3: 5
КІРІСПЕ . . .: 1. 1Нарық экономикасына көшудегі ең басты мәселелері . . .
3: 5
КІРІСПЕ . . .:

1. 2 Кәсіпорындардың экономикалық тиімділігігінің көрсеткіштері және

оған әсер ететін факторлар . . .

1. 3Кәсіпорындағы жоспарлаудың рөлі мен орны . . .

3: 9
КІРІСПЕ . . .: 12
КІРІСПЕ . . .:
3:
КІРІСПЕ . . .: 2. «МҰНАЙ САҚТАНДЫРУ КОМПАНИЯСЫ» САҚТАНДЫРУ КОМПАНИЯСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДА . . .
3: 17
КІРІСПЕ . . .:

2. 1 «Мұнай сақтандыру компаниясы» АҚ-ң жалпы сипаттамасы . . .

2. 2«Мұнай сақтандыру компаниясы» АҚ-ң сақтандыру қызметіндегі сервисті ұйымдастыру формалары . . .

2. 3«Мұнай сақтандыру компаниясы» АҚ-ң қаржылық-экономикалық көрсеткіштеріне талдау . . .

3:

17

20

КІРІСПЕ . . .: 25
КІРІСПЕ . . .: 3. «МҰНАЙ САҚТАНДЫРУ КОМПАНИЯСЫ» АҚ-Ң ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ . . .
3: 31
КІРІСПЕ . . .: 3. 1 Компанияның бәсеке қабілеттілігін жоғарылату жолдары . . .
3: 31
КІРІСПЕ . . .: 3. 2 Қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар . . .
3: 35
КІРІСПЕ . . .:
3:
КІРІСПЕ . . .: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
3: 39
КІРІСПЕ . . .: ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
3: 41
КІРІСПЕ . . .:
3:

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан атты республика халқына Жолдауында “Қазақстан-2030” стратегиясының 10 жылдығы - Қазақстан экономика мен өз мемлекеттілігінің берік іргетасын құра отырып, дамудың жаңа кезеңіне сенімді қадам басуда деп атап өтті.

Бұл жолдаудағы аса маңызды басымдықтардың бірі - отандық және шетелдік инвестициялар деңгейі жоғары дамыған, нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу. Осы мақсаттарға жету үшін нарықта әрекет етуші экономикалық субъектілер өз қызметтерін жаңа менеджмент, маркетинг қағидаларына сүйене отырып ұйымдастырулары керек.

Тікелей зерттеуіміздің объектісі болып отырған сақтандыру қызмет нарығына келетін болсақ, бұл саланың ел экономикасына ықпалы өте зор. Сақтандыру компаниялары шаруашылық субъектілеріне, тұрғындарға сақтандыру қызметін көрсете отырып өз бизнесін ғана дамытып қоймай, сонымен қатар бүкіл мемлекеттің сақтандыру секторының дамуына ықпал етеді. Сондықтан олар көрсететін қызметтерін жетілдіріп, клиенттер қажеттіліктерін неғұрлым жоғары деңгейде қанағаттандыруға ұмтылады.

Жоғары сапалы сервис өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жоғарлатып, сұранысты өсіреді, сақтандыру компанияларының коммерциялық жетістікке жетуіне мүмкіндік беріп, олардың беделін өсіреді. Жұмыс жақсы ұйымдастырылса сервистік қызмет көрсету сақтандыру компаниясы табысының жеке бабы бола алады. Сондықтан мықты сервистік қызметті ұйымдастыру, оның тиімді жұмыс істеуі әлемдік нарықта сәтті әрекет ететін кез-келген компанияның басты мақсаты болып табылады.

Сервис дегеніміз өнімді өткізу және қолданумен байланысты қызметтер кешені. Сервистік қызмет тауар өндірушінің тұтынушының тауарды пайдалануы барысында оның жұмысқа қабілеттілігін қолдауға байланысты жауапкершілікті өз мойнына алуымен түсіндіріледі.

Сервистік қызмет саласында саясаты сатып алушыны өз өніміне тартып, минималды уақыт шегінде минималды шығынмен жоғары сапалы қызмет көрсетуге негізделген компаниялардың нарықтағы позициясы мықты болып табылады.

Сақтандыру компаниясындағы сервис - клиенттер үшін материалдардың қол жетімділігі, кепілдік және жедел қызмет, қызметтің сапасы және сенімділігі, қызметтің бағасы.

Сақтандыру сервисін сақтандыру компаниясының нақты клиенттердің қажеттіліктерін, олардың мінез-құлықтарын ескере отырып неғұрлым тиімді банктік өнімді нарыққа ұсыну бойынша қызметтер кешені деп анықтауға болады.

Бүгінгі таңда тұтынушылар тарапынан да сервистік қызметке деген талаптар жылдан-жылға жоғарылап отыр. Мысалы сақтандыру компаниялары қызметінде клиентке жедел қызмет көрсету, келісім-шарт жасаудың минималды уақыт алуы, қажет құжаттардың минималды тізімі және т. б. с. с.

Курстық жұмысының мақсаты:

Мамандық бойынша теориялық және тәжірибелік білімді жүйелеп, кеңейтіп бекіту, зерттеу әдістемелерін меңгеру, талдау жүргізе білуді жетілдіру, материалды жалпылап қорытындылай алуды меңгеру.

Осы мақсатқа жету жолында төмендегідей міндеттер қойылды:

1. Курстық жұмысының тақырыбына байланысты әдебиеттер қарастырылып талдау, жүйелендіру;

2. Зерттеу жүргізу объектісін таңдау, объектіге қатысты статистикалық, есептік және маркетингтік материалдар жинау, өңдеу;

3. Өңдеу нәтижелері бойынша қорытынды жасап, ұсыныстар беру.

«Сақтандыру компаниясындағы сервисті ұйымдастыру» тақырыбындағы курстық жұмысын жазуда зерттеу объектісі ретінде «Мұнай сақтандыру компаниясы» АҚ-ң қызметі алынды.

Тақырыптың мәнін ашу мақсатында сақтандыру компаниясының қызметі жан-жақты талданып, зерттеліп, бағаланды. Соның нәтижесінде сақтандыру компаниясының сервистік қызметін жетілдіру бойынша мынадай ұсыныстар жасалды:

- Компанияның нарық талаптарына сай болуын, тұрақты және жоғары қарқынмен дамуын қамтамасыз ету сақтандыру компаниясындағы барлық функционалды бөлімдер жұмысын ортақ мақсатқа бағыттауды, үйлестіруді қажет етеді.

- Нарықта сақтандыру компаниясы өз позициясын ұстап тұруы үшін нарықтағы өзгерістерді, компания қызметіне әсер ететін микроорта және макроорта факторларын үнемі зерттеп, талдап, бағалап отыру алдағы бағыт-бағдарға жол көрсететін құрал болып табылады.

- Сақтандыру компаниясы өз қызметінің экономикалық тиімділігін, жекелеген операцияларының, меншікті капиталының рентабелділігін жоғарылату үшін компаниядағы баға саясатына басты назар аударуы керек.

- Соңғы уақыттағы нарықтың талабы - «сақтандыру компаниясының ең бірінші бағдары - Клиент» деген қағида, сондықтан сервис ең жоғары деңгейге жеткізілуі керек, ол үшін персоналдың біліктілігі мен клиентпен қарым-қатынастағы мәдениетін үнемі дамытып, бақылап отыру, қызмет көрсетудің клиент талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ететін жоғары технологияларды қолдану, сақтандыру компаниясының ішкі ортасын неғұрлым тартымды ету қажет.

- Осылардың барлығын қамтитын сақтандыру компаниясының даму стратегиясын, соның ішінде маркетингтік стратегияны дайындау, ол нақты клиент үшін жаңа қызмет түрлерін енгізуді, жүргізілетін операцияларды дамытуды, ол үшін қандай іс-шаралар жүргізу керектігін, оның уақытын және банк бөлімшелерінің өзара әрекетінің тәртібін қарастыруы керек.

Курстық жұмысының құрылымына келетін болсақ, кіріспе, 3 тарау, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. кәсіпорындардың экономикалық НЕГІЗДЕРІНІҢ теориялық АСПЕКТІЛЕРІ

  1. Нарық экономикасына көшудегі ең басты мәселелер

Елбасының 2012 жылдың ақпанындағы Жолдауында көрсетілгендей: Біз мүлдем жаңа экономикалық жүйенің, демократиялық құқықтық мемлекеттің іргетасын қалыптастырып, осы заманғы қоғамдық институттарды нығайттық, өмір сапасы мен ұстындарын елеулі түрде өзгерттік. Біз ішкі тұрақтылыққа қол жеткіздік, дамудың әлеуметтік базасының сенімділігін қамтамасыз етіп, өңірдегі үздік экономиканы құрдық. Қазақстан өңірде геосаяси тұрақтылық пен халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі маңызды міндеттерді атқаратын халықаралық қоғамдастықтың толыққанды және жауапты мүшесі ретінде орнықты [3] .

Дегенмен оған жету үшін талай қиындықтарды бастан кешіруге тура келді. Ауқымды реформалар жүргізілді. Егемендіктің алғашқы жылдарында ең қиын жағдайлар экономика саласында болды, ең ауқымды реформалар да осы салада жүргізілді.

Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев қоғамдағы реформалардың алғашқы басталар шағында алдымен экономикаға көңіл бөлу керек екендігін айтты. Егемендік алғаннан кейінгі іс-қимылдың ең басты бағыты, шешуші басымдылығы осы экономика саласы деп атап көрсетті. Бұл дұрыс пікір еді. Өйткені жеке басты ғана емес, әр елді, әр халықты тұрмыс билейді. Ал тұрмыстың негізі экономикада, оның тиімділігі немесе тиімсіздігінде. Сондықтан қоғам алдына қоятын мақсаттың, оның орындалуы ел экономикасының мүмкіндігіне байланысты. Саясат та экономиканың шоғырланған келбеті.

Егемендік алардың қарсаңында, Қазақстанда өндірістің өңдеуші салалары өте мардымсыз дамыды. Жер астынан алынған, жер үстіндегі байлық та басқа республикаларда, әсіресе, Ресейде өңделіп жатты. Сол кездері Қазақстан экономикасына керек құрал-жабдықтардың 3/4 бөлігі Одақтың басқа өңірлерінен келетін еді. Біз осындай Одақ экономикасына деген шексіз тәуелділіктің, оның бұйымдарына деген үлкен мұқтаждықтың шеңберінде болдық .

Сонымен, республикааралық экономикалық байланыстар үзілді, басқа жерлерден келетін жабдықтар тоқтады, өз еліңде жасалған бұйымдар да бұрынғыдай басқа республикалардан көлемді сұраныс таппады. Соның салдарынан республикадағы экономикалық кеңістік күрт шектеліп, азайды. Мысалы, 1992-1993 жылдары Қазақстан халық шаруашылығының көптеген салаларында кәсіпорындардың жартысына жуығы, ал жеңіл өнеркәсіп пен кейбір өңдеуші салаларда 60-тан 80% дейіні жартылай жұмыс істеп немесе толық тоқтап тұрды. Елде жұмыссыздық барынша өсіп, экономика дағдарысқа кірді [2] .

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары экономикада орын алған қатты күйзелістің себебі мен сипаты осылар болды. Қазақстандағы жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) жылдағы көлемі 40 пайызға жуық азайды. Осындай құлдыраудың 80% себебі елдің экономикалық байланыстарының үзілуінен болды. Тек бізде ғана емес, басқа республикалардыңФ мамандары да осындай тұжырымға тоқтады.

Кешікпей нарыққа көшудің ауқымды реформалары басталды. Нарық экономикасына көшудің ең басты мәселесі мемлекеттік мүлікті ыдыратып, меншікті жекешелендіру болды. Қай елде болса да бұл өте жауапты науқан, көптеген елдерде осы саладағы реформаларға жылдар емес, ондаған жылдар кеткенін әлем тарихынан білеміз. Үш-төрт кезеңмен жіктелген меншікті жекешелендіру науқаны бізде, Қазақстанда, 8-9 жылдың ішінде орындалды. 2000-2002 жылдар мемлекеттік мүліктің 60%-на жуығы жекешелендірілді, 2006 жылы елдің жекеменшік секторында кәсіпорындардың 74, 4%, елдегі жұмыскерлердің 60%-нан артығы жұмыс істеп, олар республикадағы жалпы өнімнің 83%-ын шығарып отырды. Кейін бұл көрсеткіштер тағы да өсті. Ал қазір Қазақстан экономикасының қай саласын алсақ та олардың негізін қалайтындар жекешеленген кәсіпорындар мен ұжымдар [5] .

Қазақстандағы жедел реформалар негізінде нарық экономикасы қалыптасты, олардың тиісті тетіктері жасалды, институттық орындары мен байланыстары құрылды. Даму үрдісінде тұрақтылық орнай бастады. Әлем экономикасында қалыптасқан өркениетті үлгі негізінде шетелдермен сауда-саттық қатынастары орнап, олар жылдан-жылға кеңейе бастады. Нәтижесінде Еуропа Одағы, басқа елдер Қазақстан нарық экономикасының елі деп танып, мойындады.

2002-2003 жылдардағы әлемдегі, әсіресе, Оңтүстік Азия елдеріндегі, Ресей Федерациясындағы қаржы саласындағы күйзелістер Қазақстанға да теріс әсерін тигізді. Дегенмен, 2004 жылы кейбір көріністері белгі беріп, 2005 жылдан бастап Қазақстан экономикасы үзбей тұрақты даму жолына шықты. Содан бері әр жылда республиканың ЖІӨ 10% шамасында өсіп, даму қарқыны жағынан ТМД елдерінің алдына шықты. Нәтижесінде, ЖІӨ-нің екі есе өсуіне жоспарлағанымыздай 10 жылда емес, 8 жылда қол жеткізуімізге мүмкіндігіміз толық бар [4] .

Тұрақты даму жолы экономика саласында бұрынғыдан да ауқымды шаралар белгілеп, оларды іске асыруға жол ашты. Қазақстанның табиғи байлығын, өндіргіш күштерін, шетелдіктермен қатынастардан туған мүмкіндіктерді пайдалана отырып, жаңа экономиканы түбегейлі және жан-жақты жасақтау осы тұрақты даму жолына шығудан басталды.

Соңғы жыл мәліметтері тұрақты даму мысалы бола алады. 2010 жылы Қазақстанда жалпы ішкі өнімнің көлемі Орталық Азия мен Кавказдағы жеті мемлекеттің ЖІӨ-дерінің жиынтық көлемінен асып түскен. Жан басына шаққандағы ЖІӨ 5 есеге жуық - 1994 жылғы 700 доллардан 2010 жылғы 3400 долларға дейін өсті. 2011 жылы ЖІӨ-нің жылдық өсімі болжамды мәннен 2, 1 пайыздық пунктке арта түсіп, 2010 жылғы деңгейге қарағанда 10, 6%-ды құрады. Бұл ретте халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ 2011 жылдың қорытындылары бойынша 5083 АҚШ долларын құрады.

Өнеркәсіптік өндіріс көлемінің өсімі 2011 жылы 2010 жылмен салыстырғанда 7%-ды құрады, өңдеуші өнеркәсіпте - 7, 3%, тау-кен өндіруде - 7%. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі көлемінің өсімі 2011 жылы өткен жылмен салыстырғанда 7%-ды құрады. Көлік қызметтері 5%-ға, байланыс қызметтері 20, 4%-ға ұлғайды. Негізгі капиталға инвестициялардың көлемі 10, 6%-ға ұлғайды. Құрылыс жұмыстарының көлемі 20, 1%-ға ұлғайды.

Сыртқы сауда айналымы 2011 жылы 37%-ға, оның ішінде экспорттың көлемі 37, 3%-ға, импорт 36, 4%-ға өсті.

Жұмыссыздардың саны 2, 4%-ға азайды. Жұмыссыздық деңгейі
2010 жылғы 8, 1%-ға қарағанда 7, 8%-ды құрады. Халықтың нақты ақшалай кірістері бағалау бойынша 10%-дан астам өсті.

Қаржы секторы экономиканың ең серпінді дамып келе жатқан салаларының бірі болып табылды. Алдын ала деректер бойынша экономикаға кредиттердің көлемі 2011 жылы 2010 жылмен салыстырғанда 82, 7%-ға - 4736 млрд. теңгеге дейін ұлғайды. Банк жүйесіндегі депозиттердің көлемі 2011 жылы 88, 4%-ға ұлғайып, 2012 жылғы 1 қаңтарда 3115 млрд. теңгені құрады.

Ұлттық Банк пен Үкімет қабылдап жатқан шараларға қарамастан,
2011 жылы инфляция деңгейі жеткілікті түрде жоғары деңгейде сақталды - 8, 6%. Инфляция өсімінің түйінді факторларының ішінде банк жүйесінің жоғары өтімділігі, кірістердің және халықтың тұтынуының өсуі, мемлекеттік бюджет шығыстарының едәуір қарқынды өсуі, инфляция импорты байқалып отыр.

Ұлттық қордың активтері 14 млрд. АҚШ долларына дейін өсті. Алтын-валюта резервтерінің көлемі олардың есебінен 33 млрд. АҚШ долларынан асты [4] .

Соңғы 10 жылда ең төменгі жалақы 25 есеге жуық өсті; зейнетақылардың орташа айлық мөлшері 4, 6 есе ұлғайды; жеке тұлғалардың банктердегі депозиттері мен бір тұрғынға шаққандағы салым көлемі іс жүзінде 36 есе өсті. 2010 жылы бюджет саласы қызметкерлерінің: мұғалімдердің, дәрігерлердің, мәдениет, әлеуметтік қамсыздандыру қызметкерлерінің, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер жалақысының мөлшері орташа есеппен 30 пайызға ұлғайтылды. Қазіргі кезде Қазақстандағы жалақы ТМД елдерінде Ресейден кейін ең жоғарылардың бірі екенін атап өту қажет [6] .

Қолымыз жеткен жетістіктер әрбір қазақстандықты қуантады. Алайда дүниежүзiлiк экономиканың ғаламдануы аясында Қазақстан экономикасы бiрқатар проблемаларға тап болып отыр. Негiзгi проблемаларға мыналарды жатқызуға болады: бiр жақты шикiзат бағыттылығы, әлемдiк экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi, ел iшiндегi салааралық және өңiраралық экономикалық ықпалдасудың босаңдығы, iшкi рынокта тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну сұранысының мардымсыздығы (шағын экономика), өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның дамымауы, кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалушылығы, ғылым мен өндiрiстiң арасында ықпалды байланыстың болмауы; ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға (бұдан әрi - ЗТКЖ) қаржының аз бөлiнуi, менеджменттiң экономиканы Ғаламдану процестерiне және сервистiк-технологиялық өтуге бейiмдеу мiндеттерiне сәйкес келмеуi.

Осы кедергілерді жеңу үшін ашық экономиканы дамыту және оны жаңарта отырып жетілдіру қажет. Осы жөніндегі Қазақстанның басым міндеттерінің біріншісі - ел экономикасында қазір орын алып отырған сыңаржақтықтан шығарып, тек қана табиғи ресурстарды игере беру емес, өңдеуші салаларды, жаңа технология, техникамен жарақталған, өнімді өте терең өңдейтін өндіріс салаларын дамыту. Екіншісі - тек қана нарық экономикасы емес, оның әлемнің озық елдеріндегі ең тиімді үлгілерін енгізу, қазіргіден де жаңа, білім мен ғылым, инновациялық технологиялар негізінде жұмыс істейтін экономиканы жасақтау. Яғни жаңа экономика құру. Жаңа экономика дегеніміз білім мен ғылым негізінде дамыған экономика, яғни тек өнім, тауар шығаратын экономика емес, білімге білім қосып, ол ғылыми жаңалыққа айналып, ғылым жаңалығы жаңа технология туғызып, соның негізінде дамитын экономика. Сондықтан да ол бұрынғымен салыстырғанда дамудың ең тиімді жолы. Әлем тәжірибесіне сүйенсек, қазіргі таңда дамыған елдерде жаңа технология, жаңа білім негізінде ұлттық ішкі өнімнің 75-80%-ы жасалынады. АҚШ-та, Жапонияда, Германияда, Канадада, Швеция, Финляндия, Норвегия елдерінде осы сипаттағы жаңа экономика жан-жақты дамып келеді. Осы жолға Азия елдері де түсу қамында.

Мемлекет басшысының соңғы екі Жолдауы осы олқылықтардың орнын толтыруға, яғни өңдеуші өнеркәсіп салаларында бәсекеге түсуге қабілетті және экспортқа негізделген тауарларды шығаруға бағытталды. Президент ұлт алдына орасан үлкен мақсат қойып отыр: біз әлемнің бәсекелестікке қабілетті ең мықты деген 50 елінің қатарына кіруіміз керек. Бұл нақты және шынайы мақсат. Қазір біз бәсекелестік қабілет жағынан Ресейден кейін тұрмыз. Әлемнің бәсекелестікке қабілеті алғашқы 50 елінің қатарына қосылу үшін - бәсекелестік қабілет бойынша жоспар қажет. Елбасы Жарлығымен Қазақстан экономикасын алдағы уақытта одан әрі жаңарту мен әртараптандыру мақсатында келешекке есептелген бірнеше бағдарламалар қабылданып, іс-шаралар жүзеге асырылуда.

Қабылданған бағдарламалардың бастысы ретінде Қазақстан Республикасының Индустриялық- инновациялық дамуының 2008-2015 жылдарға арналған стратегиясын атап айтуға болады.

Бұл Стратегия Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Елдегi жағдай туралы және 2007 жылға арналған iшкi және сыртқы саясаттың негiзгi бағыттары туралы" Қазақстан халқына Жолдауында және Қазақстан кәсiпкерлерiнiң оныншы форумында берген тапсырмаларына сәйкес әзiрлендi. Тұтас алғанда Стратегияны iске асыру үш кезеңде: бiрiншi - 2008-2010 жж., екiншi - 2011-2010 жж., үшiншi - 2011-2015 жж. жүзеге асырылады.

  1. Кәсіпорындардың экономикалық тиімділік көрсеткіштері және оған әсер ететін факторлар

Кәсіпорын тиімділігі - белгілі бір уақытта өндіріс ресурстарының барлығын пайдаланғандағы соңғы нәтижелердің кешенді немесе жалпы көрінісі.

Кәсіпорын тиімділігі шығындардың ең төмен деңгейін сақтай отырып, еңбек өнімділігін жоғарылатуды, өндірістік қуаттарды, шикізат пен материал ресурстарын толық пайдалануды және ең жоғары нәтижелерге жетуді сипаттайды [10] .

Экономикалық тиімділікті бағалау үшін өндіріс нәтижелері шығындармен салыстырылады:

Тиімділік ═ Нәтиже / Ресурстар (Шығындар)

Өндіріс нәтижелері деп өндірістің пайдалы соңғы нәтижесін түсінеміз. Ол келесі түрлерде болады:

1) натуралды және құндық сипаттағы өнім көлемімен өлшенетін өндірістік үрдістің материалды нәтижесі;

2) кәсіпорын қызметінің халықшаруашылықтық нәтижесі. Ол тек шығарылған өнім санын ғана емес, сонымен қатар оның тұтынушылық құнын да өз құрамына кіріктіреді.

Белгілі бір уақыт кезеңіндегі кәсіпорынның өндірістік - шаруашылықтық қызметінің соңғы нәтижесі болып таза өнім саналады, яғни жаңадан құрылған құн. Ал коммерциялық қызметінің қаржылық нәтижесі болып пайда саналады.

Өндіріс тиімділігін өлшеу экономикалық тиімділік критерийлерін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл экономикалық тиімділік кәсіпорыннан жалпы халық шаруашылығына дейінгі барлық сатыларда біркелкі болу керек.

Өнім динамикасы мен ресурстар динамикасы (шығындарының) арақатынасы экономикалық өсу сипатын анықтайды. Өндірістің экономикалық өсуіне экстенсивтік немесе интенсивтік тәсілмен қол жеткізуге болады. Өнімнің өсу қарқынының ресурстардың немесе шығындардың өсу қарқынынан артық болуы экономикалық өсудің басым интенсивті екендігін дәлелдейді [11] .

Өндірістің экономикалық тиімділігінің жеткілікті жоғары қарқынды және бірыңғай өсуін қамтамасыз ету мүмкіншілігі тек дамудың интенсивті түріне өтуге жағдай жасайды. Бұдан шығатын қорытынды, өндірісті жан-жақты интенсивтендіру - оның тиімділігін арттырудың шешуші себебі. Сөз ең алдымен, әрбір материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының бірлігінің қайтарымын арттыру үшін негізгі өндірістік қорларды тиімді пайдалану туралы болып отыр.

Өндіріс тиімділігі көрсеткіштердің бір-бірімен байланысқан жүйесінде нақты сандық мағынаға ие. Бұл көрсеткіштер өндірістік үрдістің негізгі элементтерін пайдалану тиімділігін сипаттайды. Өндірістің экономикалық тиімділігінің көрсеткіштер жүйесі келесі қағидаларға сәйкес келуі керек:

-өндіріс тиімділігінің нақты көрсеткіштерінің жүйесі мен критерийлері арасындағы байланысты қамтамасыз ету;

- өндірісте қолданылатын ресурстардың барлық түрлерін пайдалану тиімділігінің деңгейін анықтау;

- басқарудың әртүрлі деңгейлеріндегі өндіріс тиімділігін өлшеуді қамтамасыз ету;

- өндіріс тиімділігін жоғарылатуға бағытталған өндірісішілік резервтердің мобилизациясын ынталандыру. [8]

Аталған қағидаларды ескере отырып өндіріс тиімділігінің көрсеткіштерінің келесі жүйесі анықталды:

1 Кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштері

Бір еңбеккерге шаққандағы орташа жылдық шығарым ═ Өнімді өткізуден түскен түсім / Еңбеккерлердің орташа тізімдік саны

Бір жұмысшыға шаққандағы орташа жылдық шығарым ═ Өнімді өткізуден түскен түсім / Жұмысшылардың орташа тізімдік саны

Бір жұмысшыға шаққандағы орташа күндік шығарым ═ Өнімді өткізуден түскен түсім / Барлық жұмысшылардың еңбек еткен күн саны

Бір жұмысшының орташа сағаттық шығарымы ═ Өнімді өткізуден түскен түсім / Барлық жұмысшылардың еңбек еткен адам-сағат саны

Қор қайтарымдылығы ═ Өнімді өткізуден түскен түсім / Негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құны

Қор сыйымдылығы ═ Негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құны / Өнімді өткізуден түскен түсім

Материал қайтарымдылығы ═ Өнімді өткізуден түскен түсім / Шығындалған материалдар ресурстарының орташа құны

Материал сыйымдылығы ═ Шығындалған материалдар ресурстарының орташа құны / Өнімді өткізуден түскен түсім

Базистік деңгеймен салыстырғанда бір жұмысшының орташа жылдық өнім өндіруінің өзгеруіне нақты мына себептер ықпалын тигізеді:

*бір жұмысшының орташа жұмыс күнінің саны;

*жұмыс күнінің орташа ұзақтығы;

*бір жұмысшының орташа сағаттық өнім өндіруі.

Орташа жылдық және орташа күндік өнім өндіру бойынша жоспардың орындалу пайызындағы алшақтық, жұмыс уақытының толық күндік жоғалуын немесе есеп беру кезеңіндегі бір жұмысшының істеген жұмыс күні санының өскенін бейнелейді. Орташа күндік және орташа сағаттық өнім өндіру бойынша жоспардың орындалу пайызындағы алшақтық ауысым ішінде жоғалту болуымен немесе керісінше, күні бойғы жұмыс уақытының ұзақтығы артқанымен байланысты болуы мүмкін. [9]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы сақтандыру нарығы
Сервистік қызмет туралы
Жеке басты сақтандыру
Қазақстан Республикасының өмірді сақтандыру компаниялары
Материалдық ресурстарды басқару
Сақтандыру жауапкершілігінің деңгейі
Сақтандыруды ұйымдастырудың түрлері
Сақтандырудың экономикалық мәні мен ролі
Сақтандыру нарығы
Евразия Сақтандыру компаниясының стратегиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz