Спортшыларды жарыстарға жалпы психологиялық дайындаудың негіздері
Дене тәрбиесі арқылы тұлғаны қалыптастырудың
психологиялық негіздері
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В010800- мамандығы – Дене шынықтыру және спорт
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І ТАРАУ. Спортшы жастардың психологиялық даму ерекшеліктерінің теориялық
аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.1. Спортшылардың жеке басы спорттық іс-әрекеттің субъектісі
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 7
1.2. Спортшыларды жарыстарға жалпы психологиялық дайындаудың
негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
1.3. Спорттағы практикалық психология: спорттағы диагностикалық
психологиялық негіздері, психологиялық түзету, психосауықтыру,
психотренингтер
механизмдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... 29
ІІ ТАРАУ. Спортшы жастардың кәсіптілігін арттырудағы психологиялық
қызметтің эксперименталды зерттеліну
жайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 39
2.1. Психодиагностикалық шараларды жүргізу
технологиялары ... ... ... ... ... . ... 39
2.2. Спортшы жастардың психологиялық ерекшеліктерін айқындайтын әдістемелер
кешені ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... . 43
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... .53
Пайдаланылаған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...54
Қосымшалар

... ... ... ... ... ... ... .57
КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектілігі. Қазақстан Республикасы егемендікке ие болып, өз
тәуелсіздігін жариялағаннан бастап оның мемлекеттік саясатында халық
денсаулығы басты назарда болып келеді. Қазіргі таңдағы ерекше бір қуантатын
мәселе: жастардың бойына білім мен озық тәрбиені берумен қатар, салауатты
өмір салтын бойларына сіңіру болып табылады. Жүсіп Баласағұн:
Болса тәртіп, бала өседі сомдалып
Қатаң ұста, бос жүрмесін сандалып,-
дейді. Сонда баланың денесі сымбатты шынықан болатын болса, ол әрі тәртіпті
де, өнегелі ел азаматы болады деген сөз.
Қазақстан Республикасы бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жаңару
мен саяси демократияланудырудың жаңа кезеңіне қадам басып келеді. Міне,
осы қиын да, жауапты міндетті атқару үшін, бәсекеге қабілетті елдер
санатына ену үшін, елдің әрбір азаматы (ол жас, не кәрі болсын) дені сау,
салауатты өмір салтын ұстанатын болса ғана, нұр үстіне нұр жауар еді.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан-2030 стратегиялық даму
бағдарламасында Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымыздың дене
тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануға, есірткі, темекі мен
ішімдікті тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға
бағытталған делінген.
Қазақстан Республикасының Дене шынықтыру және спорт туралы заңында
да (1999ж. 2 желтоқсан) және кейінгі осы заңға өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы құжатында да (4.07.2003ж.) дене шынықтыру мен спорт жөнінде
құнды да, ел болашағына қажетті міндеттерді атап көрсеткен.
Сондықтан, спортшылар, спорт саласындағы психология ғылымының орны;
қазіргі таңдағы спортшыларға көрсетілген психологиялық қызметтің
ерекшеліктері; олардың рухын, ерік-жігерлерін жеке басының психологиялық
ерекшеліктерін қалыптастырып-тәрбиелеу; спортшылардың жеке психологиялық
портретіне т.б. мәселелерге арналаған зерттеулер жоқтың қасы, әрі қазіргі
салауатты өмір салтын жарнамалау тұсында өзекті де, өткір маңызды мәселе
болып табылады. Осы өзектілік аталған проблеманы психологиялық тұрғыдан
зерттеуге алып келді.
Аталған ғылыми проблемаға, яғни спортшылардың жеке басының
психологиялық ерекшеліктері жайлы К.К.Платонов, Л.Д.Столяренко,
В.П.Некрасов, Л.Т.Ямпольскийлер зерттеулері үлкен көмекші құрал бола алады.
Қазіргі таңда спорттық дамуына байланысты бұл мәселені зерттеулер аясы
кеңейді. Спорттағы дене және психологиялық жүктемелер жаңа жетілген
әдістер, шаралар мен тәсілдердің кеңінен енуін қажет етеді.
Спорттағы жарыстық жаттығулар мен олардың түрлерін жинақтаумен
Т.Т.Джамгаров айналысты. Спортшылардың зейінінің дамуын зерттеуді Е.П.Ильин
жүзеге асырады. Спортшылардың техникалық дайындығын жүзеге асыруды
психикалық процестердің ерекшеліктерін А.Ц.Пуни зерттеп шұғылданды.
Спорттағы психодиагностикалық әдістер жайлы проблеманы В.Л.Мерищук,
Ю.М.Блудова, В.А.Плахтиенко, Л.К.Серовтар зерттеді. Спортшының жеке
тұлғасының бағыттылығы жөнінде Ю.Ю.Полайма, спортшылардың адамгершілік
қасиеттерін А.И.Волков зерттеді.
Спорттық жетістіктерге өзіндік баға берудің әсері жөнінде анықтаған
Дж. Тейлор болды.
Мақсатқа жетуге байланыс талпыныс деңгейін Ф.Хоппе анықтады. Ю.А.Ханин
мен А.Стамбуловтар жаттықтырушы мен оның тәрбиеленушілері арасындағы өзара
қарым-қатынас, байланыстардың дамуын зерттеді. Ал психикалық сенімділікті
зерттеген В.Э.Мильман еді.
Зерттеу негізін келесі болжам құрайды, жеке адамның спорттық жетілуі,
спорттық іс-әрекеттің психологиялық қамтамасыздандырылуы келесі төмендегі
психологиялық талаптарды орындағанда тиімді болады:
1. Бүкіл танымдық және т.б. психикалық процестердің (түйсік, қабылдау, ес,
қиял, ойлау) белсенділігі жоғары болғанда:
2. Зейіннің қажетті қасиеттерінің белсенділігі (қарқындылығы, тұрақтылығы
т.б.)
3. Қабілеттің еріктік қасиеттерін ынталандыруының дамуы;
4. Спортқа деген терең қызығушылық пен тұрақты мотивтердің қалыптасуы;
5. Жоғары моральдық, интеллектуалды және эстетикалық сезімдерді тәрбиелеу;
6. Спортшының тиімді іс-әрекетіне ықпал ететін жеке-дара ерекшеліктеріне
тән жеке спорттық іс-әрекетті құру.
Зерттеудің мақсаты – спортшылардың психологиялық даму мүмкіндіктерін
анықтай отырып, оларға көрсетілетін психологиялық қызмет түрлерінің
ерекшеліктерін анықтау.
Дипломдық зерттеу жұмысының міндеттері:
1) Спортшыларға көрсетілетін психологиялық қызмет ерекшеліктерінің
теориялық-әдіснамалық негізін құрайтын әдебиеттерді (шетелдік, Ресейлік,
Отандық, ұлттық) зерттеп, терең талдау;
2) Спортшылардың психологиялық ерекшеліктерін анықтайтын ғылыми-зерттеу
әдістемелерін іріктеп сұрыптау, оны қазақ тобына лайықтап жүргізу;
3) Спортшыларға көрсетілетін психологиялық қызмет (психодиагностика,
психологиялық түзету (психокоррекция), психосауықтыру (аутогенді жаттығу,
психотренингтер ) т.б.) түрлерін жүргізу;
4) Спортшылардың жеке басының психологиялық ерекшеліктерін анықтауға
арналған әдістемелердің нәтижелерін статистикалық есептеу көмегімен
математикалық өңдеу жұмыстарын жүргізу.
Зерттеу пәні: спортшыларға көрсетілетін психологиялық қызметтің
ерекшеліктері.
Зерттеу жұмысының объектісі спортшылар психологиясы.
Зерттеу әдістері:
1. Спортшылардың психологиялық ерекшеліктерін, жай-күйлерін анықтауға
арналған әңгімелесу, сұхбаттасу түрлері;
2. Спортшылардың жеке басының тұлғалық ерекшеліктерін зерттеу әдістемелері;
3. Спортшыларға көрсетілетін психологиялық қызметтің кешенді бағдарламасын
құру;
4. Спортшылардың еріктік қасиеттерін, өзіндік Менінің және эмоциялық
аумақтарының даму ерекшеліктерін бақылау.
Дипломдық зерттеу жұмысының әдіснамалық негізі ретінде
Л.С.Выготскийдің мәдени-тарихи даму тұжырымдамасы; И.М.Сеченовтің ерікті іс-
әрекеттердің жүзеге асуының психологиялық заңдылықтары туралы теориялық
қағидалы пікірлері;
А.Н.Леонтьевтің іс-әрекеттің дамуы туралы тұжырымдамасы;
С.Л.Рубинштейннің сана мен іс-әрекеттің тығыз бірлігі туралы теориясы;
Н.А.Бернштейннің адамның қозғалыс белсенділігінің заңдылықтары мен
механизмдері туралы теориялық құнды ой-пікірлері; В.Некрасовтың
спортшыларға көрсетілетін психологиялық қызметтің түрлі әдістері жайлы
еңбектері алынды.
Дипломдық зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: Егерде спортшыларға
жүйелі, әрі ғылыми тұрғыда психологиялық қызмет шаралары жүргізілетін
болса, онда жоғары дәрежелі жетістіктерге қол жеткізуге болады. Зерттеу
болжамы анықталған соң, келесі зерттеу міндеттері туындайды.
Диплом жұмысының теориялық құндылығы қазіргі таңдағы салауатты өмір
салтын ұстануға орай, бұл сынды еңбектер, теориялық білімді жетілдіруде
маңызды рөл атқаратындығынан анықталады.
Болашақ қоғамның іргетасын қалаушы әрбір азаматтың дені сау, ары таза,
еркі мықты, ұлттық сана-сезімі күшті болып қалыптасуы үшін осы сынды
еңбектердің тәрбиелік мәні зор болмақ.
Зерттеу жұмысының практикалық мәні. Қазіргі инновациялық оқыту
технологиясының қарыштап өмірге енуі жағдайында салауаттылық пен
денсаулықты бұқараға кең тарату мақсатында бұл еңбек үлкен тәжірибелік
маңыздылыққа ие болып отыр.
Мектеп психологтары, ата-аналар, спорт жетекшілері, жаттықтырушылар
үшін бұл зерттеу жұмысы үлкен басшылық ету құралы қызметін атқара отырып,
әрі қарай зерттеуді қажет ететін үлкен өзекті ғылыми проблемаға айналып
отыр.
Дипломдық зерттеу жұмысының базасы: Шымкент қаласы, Оңтүстік Қазақстан
облысының ұлттық және су спорты түрлерінен
олимпиада резервін дайындайтын балалар мен жасөспірімдердің кешенді
мамандандырылған спорт мектебі.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен,
қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымша тіркелген материалдардан
тұрады. Жұмыстың жалпы көлемі - 67 бет, қолданған әдебиеттер тізімі-75.
І-тарау. СПОРТШЫ ЖАСТАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
АСПЕКТІЛЕРІ
1.1. Спортшылардың жеке басы спорттық іс-әрекеттің
субъектісі ретінде
Жеке адам - ұғымы өте көп қырлы, кең ұғым. Жиі жағдайда адамның жеке
басын оның әлеуметтік қалыптасқан қасиеттерінің жиынтығы негізінде
қарастырады.
Спорттағы жеке адам ол кім?
Спортшының жеке басына қатысты психологиялық міндеттерді шешуде
адамның жалпы, тұтас психологиялық негізінің білімінсіз мүмкін болмайды.
Жеке адам – адамның жеке іс-әрекеті және әлеуметтік-тарихи дамудың өнімі.
Ол сана мен әлеуметтік қасиеттер жүйесіне ие, қоғамда белгілі бір функция
атқарады. Спортта, өзге іс-әрекет түрлеріндегі сияқты даралық үлкен маңызға
ие. Табысты нәтижеге жету тек қана спортшының жеке басының даралық
ерекшеліктерін дұрыс есепке алып ескергенде ғана мүмкіндік болады.
Спортшының жеке-дара ерекшеліктерін білу арқылы ғана, оның
мүмкіндіктерін толық дамытып, әрі тиімді қолдануға болады.
Жеке адам өз қасиеттерінің белгілі бір жүйелілігі, бірлігі және
тұрақтылығымен сипатталады.
А.Н.Леонтьев индивидті қасиеттерге дене конституциясын, жүйке
жүйесінің типін, темперамент, биологиялық қажеттіліктердің динамикалық
күшін, аффективтілік пен табиғи нышандарын қатыстырды [30;15]
Ал, Б.Г.Ананьев индивидтік қасиеттерді екі үлкен топқа бөлді: жеке-
дара – типтік қасиеттер және жас ерекшелік – жыныстық қасиеттер
Спортшының жеке басы шынайы спорттық іс-әрекетте қалыптасады, әрі
эмоция, сезімдер, шығармашылық пен интеллект белсенді байқалады.
Спортшының іс-әрекетіндегі психикалық белсенділік танымдық және
қозғалыстық деп анықталады. Олар өз кезегінде детерминацияның биологиялық
және әлеуметтік факторлармен шарттасады.
Биологиялық факторларға: қозғалысты қажетсіну, өмір мен денсаулықты
сақтау жатады.
Әлеуметтік факторларға: іс-әрекеттің мазмұнды ерекшеліктері, әрекетті
өзге адамдардың бағалауы, өз іс-әрекетінен адамның қанағаттану сезіміне ие
болуы.
Спортшының жеке өз басының психикалық процестері мен күйі, қасиеттерін
саналы түрде бақылап, әрі реттеуі өте маңызды болады.
Ерекше зейін қоюды спортшының интеллектуалды іс-әрекеті қажет етеді.
Өте ертеде адамдар күш, жылдамдық, ептілікті сынау барысында өзара
жарыс бастаған. Жарыстық ойындар мен жаттығулардың пайда болуы не нәрсеге
байланысты? Оның дамуының қайнар көзі қайсы?
Спорттық іс-әрекеттің пәні нақты индивид үшін ең мүмкін болатын жоғары
шамадағы спорт нәтижесі болады. Осы спорт нәтижесінің қоғамдық құндылығы
неде?
Біздер қазіргі таңда спорттың өте қарқынды өсуінің куәгері, әрі соның
мүшелері болып отырмыз. Спорт тек қана біздің күнделікті өмірге еніп қана
қоймай, әрі саясат, экономика, дәстүр, ұлттық наным-сенімімізбен де тікелей
байланысты болып отыр.
Спорттың пайда болуы жөнінде шындыққа жақын көзқарасты В.А.Демин
(1974) айтқан. Ол Ф.Энгельстің, Л.Маргон, Р.Блохтың еңбектерін талдап,
ерекше бір болжамды ұсынды [12,94]
Спорттық жарыстар В.А.Демин пікірінше, гректердің даулы сұрақтарды
бейбіт шешуде қолданған тәсілі ретінде пайда болды.
Іс-әрекетті шешу кезінде дене және психикалық белсенділік мотивация,
реттеу және перцепция процестерін жүзеге асыруға бағытталған. Шартты түрде
бұл құбылысты спортшы іс-әрекетінің функционалды – реттегіш компоненті деп
анықтауға болады.
Спортшының ақыл-ой (интеллектуалды) іс-әрекеті ерекше көңіл бөлуді
қажет етеді. Мысалы, спорттағы тактикалық шеберлік тактикалық ойлаудың даму
деңгейінен тығыз байланысты.
Тактикалық іс-әрекет перцептивті, психомоторлық мүмкіндіктерді және
белгілі бір білім мен шеберлікті қажет ететін кешенді іс-әрекет жүйесін
білдіреді. Интеллектуалды, яғни ақыл-ой қабілеттері негізін қалаушы рөл
атқарады. Дұрыс және тиімді тактикалық іс-әрекеттердің жүзеге асуы – бұл
ойлау жұмысының нәтижесі, онда сананың басшылығы тарапынан танымдық,
эмоционалды – еріктік қабілеттердің байқалуы есебінен дене, техникалық күш-
қуаттың белсендену процесі ыңғайлы болады.
Ойлау процестері ішкі сөйлеудің жүзеге асуына негізделе отырып, іс-
әрекетті барлық бағытта психологиялық қамту үшін өзіне ықпал етудің
механизмдерін анықтайды. Ол психологиялық қамтуды құрайтындар: мотивация,
реттеу, әрекетті орындау.
Олардың көмегімен моторлы іс-әрекеттерді орындау жағдайында оқиғаларды
болжау және көрнекі бейнелерді тікелей қабылдау процесі жүзеге асатын
болады.
Интеллектуалды белсенділік іс-әрекеттің өзгеру жағдайларына бейімделу
механизмдерінің өзектенуінің маңызды шарасы болып табылады. Олардың
көмегімен ситуацияны бағалау процестері, дұрыс қарсы әрекетті таңдау,
спортшы күш-жігерін реттеу және мінезбен іс-әрекеттің өзгерісі жайлы шешім
қабылдау жүзеге асатын болады.
Сондықтан да, спортшының психологиялық функцияларының қатарына іс-
әрекеттің функционалды-реттегіш компоненті ретіндегі интеллектуалды
белсенділік функциясын жатыстыруға болады.
Іс-әректтің белсенділік функциясы спортшының нақты іс-әрекет
ситуациясында дене күші, тактико-техникалық шеберліктерін байқату
мүмкіндіктерін сипаттайды. Интеллектуалды және қимылдық белсенділік шынайы
іс-әрекет жағдайларында өзара тығыз байланысты болады. Спортшының іс-
әрекетін психологиялық қамтамасыз ету қимылдық іс-әрекеттің тиімділігінің
функциясы ретіндегі сол кезеңдегі оның психикалық процестеріне байланысты
болады. Ол процестер: ойлау, ес, зейін, түйсік пен қабылдау, қиял.
Қимылдық тәжірибе, яғни шеберлік пен дағдығы және жеке адамның
қасиеттеріне, яғни спорттық мінезге өте байланысты болады. Әсіресе ағзаның
функционалды күйі ерекше маңызға ие.
Қимылдық белсенділіктің байқалуы – бұл әрекет. Ерікті қимылдарды
басқару психологиялық заңдылықтар негізінде жүзеге асады. И.М.Сеченов
(1935) заңдылықтарының үш түрін анықтады:
1) бүкіл қол, аяқ, бас, кеуденің барлық қарапайым қозғалыстарын адамға
жаттығып үйренген соң, оның еркіне бағынатын болады;
2) неғұрлым қимыл жақсы жатталса, соғұрлым ол ерікке оңай бағынады немесе
керісінше;
3) ерік билігі тек қозғалыстың басы мен аяғына қатысты, әрі оның күшеюіне
немесе әлсіреуіне де қатысты, қозғалыстың өзі әрі қарай еріктің қатысынсыз
жүзеге асатын болады.
Психологияда келесі қозғалыстар түрлерін ажыратады: дене тұрқының
қозғалысы, локомация, ым-ишара, қимыл, семантикалық қозғалыстар, сөйлеу,
жұмысшы қимылдар. Спорттық тәжірибе үшін ең маңыздысы жұмысшы қимылдар.
Олар ерікті және негізгі іс-әрекет мақсатына жетуге бағытталған іс-
әрекеттерді орындаумен байланысты болады. Келесі қимылдар қасиеттері
(жылдамдық, нақтылық, күш, қарқын мен ритм, координация, икемділік пен
ептілік), әрі іс-әрекет жағдайларына қимылдардың бейімделу деңгейі спорттық
нәтиже үшін үлкен маңызды болады.
Адамның қимыл-тірек аппарат құрылымының психофизиологиялық аспектілері
үлкен маңызға ие екендігін де атап кеткен жөн. Мысалы, Н.А.Бернштейн (1990)
анықтаған адамның қозғалыс белсенділігің заңдылықтары мен механизмдері іс-
қимылды жалғыз эффекторлы импульстар көмегімен басқару мүмкін еместігін
білдіреді.
Ағза периферияларынан келіп түсетін сигналдардың күрделі қайта өңделуі
өте маңызды. Осы арада сенсорлы мүшелерден келетін сигналдар бірігеді,
талданады және өткен тәжірибе негізінде қимылдық міндеттерге орай
жалпыланады. Бұл механизм жағдайларына бейімделуін қамтамасыз етеді.
Психикалық белсенділік таным процестерінің жүзеге асуымен тікелей
байланысты.
Спорттық іс-әрекет спортшының келесі бағыттарда байқалатын танымдық
белсенділігінсіз жүзеге аса қоймайды. Ол келесі бағыттар:
1) адамның өзін-өзі спортта тануы;
2) спорттық іс-әрекет пен спорт заңдарының ерекшеліктерін тану;
3) спорттық тәжірибенеің сезімдік тұстарын тану.
Іс-әрекет міндеттерін шешу негізіндегі дене және психикалық
белсенділіктің байқалуы, мотивация, реттеу және перцепция процестерін
жүзеге асыруға бағытталған. Шартты түрде бұл құбылысты спортшының іс-
әрекетінің функционалды – реттегіш компоненті деп анықтауға болады. Іс-
әрекеттің психологиялық қамтамасыздандырылуының мәні дегеніміз бұл ағзаның
адекватты, яғни дұрыс, тиімді бейімделуін жаттықтыру немесе жарыстық
сипаттағы іс-әрекеттерді орындау жағдайларына сәйкестендіріледі.
Объективті шындықты қабылдау, оның объектілеріне мән беру және өз іс-
әрекетін түзету – мұның барлығы қажет етілген мінез-құлық пен спортшы күйін-
жайын қалыптастырудың басты шаралары болып табылады.
Іс-әрекеттегі психикалық белсенділік танымдық және іс-қимылдық болып
анықталады, олар өз кезегінде детерминацияның биологиялық және әлеуметтік
факторлармен шарттасады. Дене белсенділігінің биологиялық факторларына
келесілер жатады: қимылды, өмірді сақтауға, денсаулықты сақтауға
қажеттілік.
Әлеуметтік факторларға – іс-әрекеттің мазмұнды ерекшеліктері, өзге
адамдардың іс-қимылды бағалауы, өз іс-қимылдарына қанағаттану сезімі.
Іс-әрекеттің функционалды – реттегіштік бөлігі ретіндегі
белсенділіктің танымдық және іс-қимылдық өнімділігі спортшының икемделгіш
қабілеттеріне тәуелді болады. Бұл факт атлет әрекет ететін ситуацияны
қабылдау процестерінде айқын байқалады. Көрсетілген тәуелділіктің үлгісі
болып эмоционалды күйдің реттелу процестері, іс-әрекеттің сыртқы
жағдайларының динамикалық, құбылыстарына реакция білдіру, жарыс кезіндегі
мінез-құлық коррекциясы табылады. Егер де спортшы өзінің жеке күйін-қалпын
басқара алмаса, онда оның іс-қимылдары ретсіз, дұрыс болмауы мүмкін. Әрине,
бұл ол орындайтын іс-қимылдардың ұйымдаспаушылығына әкеліп соғады.
Ерікті іс-қимылдарды басқару психологиялық заңдылықтар негізінде
жүзеге асады. И.М.Сеченов (1935ж)
1) қол, аяқ, бас, дененің барлық қарапайым қимылдары комбинацияланған іс-
әрекеттер сияқты, адам арқылы оның еркіне жатталып болған соң бағынады;
2) неғұрлым іс-қимыл мықты жатталса, соғұрлым оның еркіне оңай бағынады;
3) ерік билігі іс-қимыл басы және аяғына қатысты әрі оның күшеюі немесе
әлсіреуіне байланысты болады. Ал іс-қимылдың өзі еріктің ешбір
қатынасынсыз, яғни көп рет жасалынғанның қайталануы болып табылады.
Психологияда келесі іс-қимылдар түрлерін ерекшелеп бөледі: дене тұрқы,
локомоция қимылы, ым-ишарат, семантикалық қимылдар, сөйлеу, жұмыс
қимылдары.
Спорттық тәжірибеде жұмыс қимылдары маңызды болады. Ол іс-әрекеттің
негізгі мақсатына бағытталған ерікті және соған байланысты қимылдар болады.
[41,251]
Жылдамдық, күші, нақтылық, қарқыны мен ритм, икемділігі мен ептілігі
сияқты іс-қимылдар қасиеттері, әрі іс-әрекет жағдайларына икемделу деңгейі
спорттық нәтиже үшін үлкен маңызды болады.
Танымдық белсенділік функциясы кәсіптік бейімделу процестерімен тығыз
байланысты. Берілген жағдайда іс-қимылды қажетсіну спортшының спортпен
кәсіби айналысуға ұмтылуын анықтай қоймайды. Ол дене жаттығуларын жүйелі
орындауға қызығудың қалыптасу шарты ретінде ғана болады.
Спортшының кәсіби мәнді, маңызды мотивациясының қалыптасуы ең алдымен
спорттық іс-әрекеттің әлеуметтік факторларына байланысты. Мұнда іс-
әрекеттің мазмұнды ерекшеліктері, спорттық теріс, дұрыс сипаттамалары.
Спорттағы жеке тұлға дегеніміз кім? Кез келген өзге ғылымның жеке
саласы өзінің түпкілікті шешімдеріне сүйенгені сияқты, спортшының жеке
басына қатысты психологиялық міндеттерді шешуде адамның жалпы жеке басының
психологиялық негізі жөнінде білімсіз мүмкін болмайды.
Жеке адам – тарихи-әлеуметтік дамудың және жеке адам іс-әрекетінің
жемісі. Оның санасы бар және қоғамда белгілі бір функцияларды орындайтын
әлеуметтік қасиеттер жүйесіне ие. Спортта басқа іс-әрекет түрлері сияқты
даралық үлкен орын алады. Табысқа жету тек қана спортшы өзінің жеке-дара
ерекшеліктерін дұрыс есептегенде ғана және осы негізде арнайы технико-
тактикалық стильді қалыптастырғанда ғана мүмкін болады. Спортшының жеке-
дара ерекшеліктерін біле отырып, оның мүмкіндіктерін толық дамытып, әрі
тиімді қолдануға болады.
Жеке адам өз қасиеттерінің белгілі бір жүйелілігімен, бірлігі және
тұрақтылығымен сипатталады.
К.К.Платонов жеке адамды жалпы талдай келіп, оның ерекшеліктерімен
барлық сипаттарын 4 топқа бөлді:
1) Әлеуметтік-шартталған ерекшеліктер (бағыттылық, моральдық қасиеттер); 2)
биологиялық шартталған қасиеттер (темперамент, нышандар, инстинктер,
қарапайым қажеттіліктер);
3) тәжірибе (бар білім, дағды, шеберлік пен әдеттердің көлемі мен қасиеті);
4) түрлі психикалық процестердің жеке-дара ерекшеліктері эмоция мен
мотивтер спортшыны белгілі-бір мінез сипаттарын байқатуға итермелейді, ал
ерік (ерік күш арқылы) осы мінез сипаты көмегімен іс-әрекеттің жүзеге асуын
қамтамасыз етеді.[50, 130]
Стресс жағдайларында спортшының табысқа жету немесе сәтсіздіктен
қорғанып қашуына бағдары-тұрқы байқалады. Табысқа жетуге бағдары басым
адамдар жиі жағдайда спорттық додада өте өзін қатерге тігеді. Ал,
сәтсіздіктен қашуға бағдары басым адам өте сақ болады, әрі өз мақсаттары
ретінде күші жететін нәрсені алға қояды.
Спорт, жалпы алғанда жекелеген қасиеттерді тәрбиелеуде жақсы шара
ретінде болады.
Спортшының жеке басы қалай қалыптасады? Оның қалыптасуының аспектілері
1-ші суретте берілген.
Дене тәрбиесінің шаралары мен әдістері жеке адамның адамгершілік,
еріктік, эстетикалық және интеллектуалды даму міндеттерінің шешілуіне қол
жеткізеді.
Бірақ, бұл мүмкіндіктерді белгілі бір бағытталған іс-әрекет түрімен
жүзеге асырмаса, тек мүмкіндік түрінде қалып қалады. Қазіргі таңдағы
ғылымдардың даму тұсында дене тәрбиесі мен спорттағы тәрбиенің жалпы
бағыты деген ұғым бар.
Сурет 1
Спортшының жеке басы
Өзіндік сана - сезім Жаттықтырушының Қоғамдық сана-сезім
іс-әрекеті
адамгершілік сезімдер қарым-қатынас бағалау-түрткі әрекеті
этикалық сезімдер эмоционалды реакциялар бірлескен жаттықтыру
өзін-өзі тану мінез-құлық актілері жарыс іс-әрекеті
өзін-өзі бақылау оқыту әдістемесі ұжымдыдағы қарым-қатынас
өзін-өзі тексеру оқыту шаралары жауапкершілік
өзін-өзі бағалау тәрбие әдістемесі мінез-құлық шаралары
өзін-өзі тәрбиелеу тәрбие шаралары қарым-қатынасқа
түскіштік
өзара көмек
іс-әрекет бағасы
қоғамның қатынасы
қоғамның әлеуметтік
құрылымы
Ерікті тәрбиелеу. Еріктің адамның барлық іс-әрекет байқауларының ішкі
қайнар көзі және оның белсенділігінің реттеушісі екендігі баршаға мәлім.
Дене тәрбиесі процесінде ерікті тәрбиелеуге қатысты негізгі міндетте
мыналар болып табылады:
- дене, спорт іс-әрекеттері талаптарына орай еріктік қасиеттерді
қамтамасыз ететін мотивациялық, интеллектуалды және адамгершілік
негіздерді қалыптастыру;
- әрбір іс-әрекет түрінде қажетті еріктік қасиеттерді жан-жақты дамыту
(мақсатқа ұмтылғыштық, құлшынбалық, шешімге келгіштік, ерлік, өзін-өзі
меңгеру, табандылық, тұрақтылық) осы негізде тек қана дене тәрбиесі
жағдайында емес, өмірлік тәжірибенің түрліше жағдайларында байқалатын
мінездің негізгі қасиеттерін қалыптастыру.
1.2. Спортшыларды жарыстарға жалпы психологиялық дайындаудың негіздері
Спорттық іс-әрекеттің мотивациясы
Спорттық іс-әрекетті психологиялық қамтамасыз етуде адамды спортпен
айналыстыруға итермелейтін негізгі түрткі мотивация негізгі орын алады.
Спорттық ойын ұғымымен жалпы ұқсастығы көп екендігі мәлім. Ойын мотивтері
ойынның өзінде болады. Ойынға адамды итермелейтін нәрсе сыртқы ойын
жағдайлары емес, ал сол ойынға қатысты пайда болатын қанағаттану сезімі
болады. Спортқа да адам сол спорт әрекеті әрі ондағы жететін табысты
анықтайтын қажеттіліктер сипаттайды.
Адамды спортпен айналысуға итермелейтін мотивтер өз құрылымына ие.
І. Спорттық іс-әрекеттің тікелей мотивтері.
1) дене бұлшық ет белсенділігі байқалуынан қанағаттану сезіміне қажеттілік;
2) өзінің әдемілік, күші, шыдамдылық, жылдамдық, икемділік, шапшаңдық т.б.
қасиеттерінен эстетикалық ләззат алу қажеттілігі;
3) өзін қиын және экстремалды жағдайларда байқатуға ұмтылыс;
4) рекордтық нәтижелерге жетуге ұмтылыс, өзінің спорттық шеберлігін
дәлелдеу және жеңіске жету;
ІІ. Спорттық іс-әрекеттің жанама мотивтері
1) күшті, дені сау болуға ұмтылу;
2) спорттық іс-әрекет арқылы өзін практикалық өмірге даярлауға ұмтылыс;
3) борыш сезімі
4) спорт сабақтарында спорттық іс-әрекеттің әлеуметтік маңыздылығын
сезінуге қажеттілік.
Спорттық іс-әрекет мотивтері өзінің байқалуында динамикалылығымен
айрықшаланады.
Шындығында, спортпен ұзақ уақыт спортшының айналысуы барысында оның
бойында мотивтердің заңды түрдегі ауысуы байқалады. А.Ц.Пуни спорттық іс-
әрекеттердің мотивтері жайлы ғылыми-практикалық зерттеудің негізінде спорт
сабақтарына итермелейтін мотивтердің даму динамикасын анықтады [59,15]
Спортпен айналысудың бастапқы кезеңі. Бұл кезеңде спорттық іс-әрекетке
енуге алғашқы қадамдар жасалады. Бұл іс-әрекетке бағыттаушы мотивтер:
а) дене жаттығуларына қызығушылықтың диффуздылығымен сипатталады,
жасөспірімдер бір емес, бірнеше спорт түрлерімен айналысатын болады;
б) мотивтер жанама тікелей әсер ету сипатында болады (спорт сабақтары
ұнайды, басты итермелеуші күш – дене тәрбиесін сүю);
в) берілген спорт түріне ыңғайлы, орта жағдайларына байланысты мәселелер
(жергілікті жерде сол спорт түрінің кең танымал, таралуы, айналадағы
адамдардың қызығушылығы);
г) өзіне жиі жағдайда борыш сезімін қосып алады (дене тәрбиесі сабақтарын,
секцияларды міндетті түрде қалдырмай отырып қатысу).
Таңдаған спорт түріне мамандану кезеңі.
Бұл кезеңдегі мотивтер мыналар болып келеді:
а) белгілі бір спорт түріне қызығушылықтың дамуы;
б) белгілі спорт түріне анықталған қабілеттерді дамытуға ұмтылу;
в) табысқа жетуге ұмтылу;
г) арнайы білімді алуды кеңейту, яғни жаттыққандықтың жоғары деңгейіне ие
болу (яғни, жеке рекордтарды игеруге ұмтылудан байқалады – үшінші, бірінші,
екінші разрядтарды орындау және т.б.).
Әрі, спорттық іс-әрекет қажеттілік болады (дене жүктемелеріне шыдау
арқылы оларды бастан кешіру дағдыға айналады).
Спорттық шеберлік кезеңі
Мұнда негізгі мотивтер келесі ұмтылыстарда байқалады;
а) өз спорт шеберлігін жоғары деңгейде ұстауға және одан да жоғары
табыстарға жетуге ұмтылу мотивтері;
б) өз спорттық жетістіктерімен Отанға қызмет ету;
в) берілген спорт түрін дамытуға үлес қосу, өз тәжіибесін жас спортшыларға
беруге қажеттілігінің пайда болуы.
Спорттық іс-әрекеттің мотивтері айқын байқалатын әлеуметтік
бағыттылығы және педагогикалық ұмтылыстары сипатымен сипатталады.
Жаттығулар мен жарыстарды психологиялық қамтамасыздандыру
Спорттық іс-әрекеттің негізгі өзара тығыз байланысты жағын құрайтын
ол: жаттығулар мен жарыстар. Сондықтан да, спорттық іс-әрекетті
қамтамасыздандыру термині жаттығулар мен жарыстарды жүзеге асыруға
байланысты психологиялық негіздерге байланысты болады.
Спорттық іс-әрекет өзге іс-әрекет түрлері сияқты, психологиялық
жағынан қамтамасыздануды қажет етеді. Оның мәні мынады: яғни қозғалысты
реттейтін жүйке психикалық механизмдерді, бастан кешулер мен мінез-құлықтың
дамуы мен жетіліп қалыптасуын жүзеге асыру болып табылады. Осылайша,
спорттық іс-әрекетті психологиялық қамтамасыз ету дегеніміз – бұл ағзаның
психикалық функциясын және спортшының мінез-құлқын реттейтін жүйені
жетілдіру және ыңғайландыруға арналған арнайы дамуды және жаттығулар мен
жарыстар міндеттерін көздей отырып, шешуге бағытталған іс-шаралар кешені.
Cпорттық жаттығулар мен жарыстарды психологиялық қамтамасыз ететін
схеманы қарастырайық. Ол схема 4 блоктан тұрады (қараңыз схемалар 2а, 2б,
2в,2г).
Жаттығулар мен жарыстарды психологиялық қамтамасыздандырудың іс-
шаралар кешені шартты түрде 4 құрылымдық бөлімге бөлінеді:
психодиагностика, психолого-педагогикалық және психогигиеналық нұсқаулар,
психологиялық дайындық, спортшының жағдайы мен мінез-құлқын басқару.
Жаттығулар мен жарыстарды психологиялық қамтамасыз ету тиімділігі осы
құрылымды бөліктерді біртұтас деп, яғни келесі ұғымдар бірлігі деп қаруға
мүмкіндік береді.
Психологиялық қамтамасыздандыру = 1)+2)+3)+4).
Психодиагностика мақсат етіп спортшының жеке басын, оның спорттық іс-
әрекеттегі мүмкіндіктерін зерттеуді қояды. Бұл алдағы уақытта психолого-
педагогикалық және психодиагностикалық нұсқаулар құрастыру үшін, әрі
спортшыға тиімді деген әсерлер, ықпалдар жүйесін жоспарлау үшін
жүргізіледі. [6, 175]
Психолого-педагогикалық және психогигиеналық нұсқаулар оқушылар үшін
сол немесе өзге спорт түрімен айналысуға қатынасын және белгілі бір жаттығу
сабағы мен циклға, жарыстар немесе жалпы нақты бір жарыс түріне, спорт
режиміне қатынасын білдіреді.
Психологиялық дайындық жаттықтырушы мен спортшының психологиялық
дайындау түрлеріне бөлінеді. Спортшыны психологиялық даярлауда өзара тығыз
байланысты төрт бөлімді ерекше атайды: ұзақ мерзімді жүктемелі жаттықтыру
процесіне психологиялық дайындық; жарыстарға жалпы психологиялық даярлық;
жарыстарға соңғы қорытынды даярлық кезеңіндегі психикалық күйлерді түзету
(коррекция); нақты бір жарыс түріне арнайы дайындық.
Спортшының күйі мен мінез-құлқын басқару
Спортшының психикалық күйіне жедел арада ықпал ету қажет болған
жағдайдағы психологиялық даярлықтардың кемістігі кезінде қажет болады.
Сызба 2а – Спорттық жаттықтыру мен жарысты психологиялық қамтамасыздандыру.
(В.М.Мельников бойынша)
Психикалық
процестер
үшін
Өзекті
психикалық
күйлер,
қалыптар үшін
Өзара
қарым-қатын
астар үшін
Үстемдік етуші
психикалық күй
қалыптар үшін
Жеке адам
қасиеттерінің
ПСИХОДИАГНОСТИКА
Іс-әрекет шарттарын Жаттықтыру
зерттеу барысын процесіндегі Жарыстардағы
іріктеу процесіндегі
Сызба 2б.
Жаттықтырушы
Белгілі бір спорт
түрінің сабақтары
үшін
Жаттықтыру
процесіне
Жарыстарға
Спорттық
режимге
Сызба
2в.
Жаттықтырушы
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚ
Спортшы
Ұзақ уақыттық жаттықтыру Жарысқа дайындықтың соңғы
процесіне кезеңіндегі психикалық
күйлерді түзету (коррекция)
Жарыстарға жалпы Жарыстарға деген арнайы
психологиялық даярлық психологиялық даярлық
Сызба 2г.
Жарыс алдында
Жат Жаттықтырудағы жаттығуларды
тық орындау барысында
тыр
у
саб
ағы
алд
ынд
а
Өз мүмкіндіктері мен қарсыласының
күшін алдағы жарыстар жағдайларын
1 Өз күшіне айқын, нық сенімділік ескере отырып қатыстырып,
байланыс-тыруға негізделген.
Спортшының мақсатқа
2 Табанды және аяғына дейін жарыстың ұмтыл-ғыштығын, мақсатқа жетуде
мақсатқа, жеңіске жетуге ұмтылу жарыстық күресті аяғына дейін
жеткізуге дайын болуынан
көрінеді.
Эмоционалды қозу жарыстық
іс-әрекет жағдайларына,
3 Эмоционалды қозудың ыңғайлы деңгейі спортшылардың жеке-дара
психологиялық ерекшеліктеріне,
жарыс көлемі мен рангісіне сәйкес
келуі тиіс.
Қолайсыз жағдайларға селт
4 Жоғары дәрежедегі селт етпеушілік етпеушіліктен немесе олардың
әсеріне белсенді қарсы тұрудан
көрінеді
Жарыстық жағдайлардың кез-келген
нұсқасында спортшы маңызды, мәнді
шешімдер қабылдай алуы тиіс, өз
іс-әрекетін басқарып,
5 Ерікті түрде өз іс-әрекет, сезім, серіктес-қарсыластарымен
мінез-құлқын басқару қабілеті әрекеттерін келісе отырып, өз
эмоция, сезімдерін басқара алуы
тиіс. Әрі өз мінез-құлқын
моральды-этикалық нормаларға сай
құра білуден көрінеді.
Спорттық іс-әрекетті психологиялық қамтамасыз етудің барлық процесін
дайындық және жарыс іс-әрекеттерін басқару деп түсінуге болады. Әсіресе
қиындығы жағынан спортшының жарыстық іс-әрекетін басқару ерекшеленеді. Бұл
ең алдымен жарыстарда қандай да бір араласу әрі қажетті, әрі пайдалы
болатындықтан.
Кейде спортшы мықты спорттық мінезге ие бола тұрып, әрі жарыстарға
жақсы психологиялық тұрғыдан дайындалып тұрып, оның қалпы мен мінез-құлқын
басқаруды мүлдем қажет етпей тұрғанның өзінде белгілі бір жарыс
жағдайларында абыржып немесе дұрыс шешім таба алмай қалуы мүмкін.
Жарыс алды және жарыстық сияқты спортшылардың күй-қалыптарын басқару
шаралары секунділеу деп аталады. Қазіргі таңдағы тәжірибеде секунділеу
әдісі түрлі спорт түрлерінде рұқсат етіледі.
Секунділеу сеансын өткізу көбінесе аса жоғары дәрежедегі эмоционалды
қозудың нәтижесінде болады. Сондықтан да, секунділеудің басты міндеті
психикалық күйзелісті төмендету болып табылады. Секунділеу процесі бірнеше
кезеңдерден тұрады.
Бірінші кезең.
Мұнда арнаулы міндет шешіледі. Онда жалпы психикалық белсенділік пен
сергектік деңгейінің төмендетілуі қарастырылады. Ол үшін релаксация сеансын
өткізген міндетті, реті келес жеке бөлмеде (жарыс жағдайында бұл мүмкіндік
қиынға соғады, сондықтан бұл шараны массаж бөлмеде, зал бұрышында, яғни
негізгі жарыс орнынан алысырақ орында) жүргізеді. Жарыс жағдайының қолайсыз
ықпалын сөздік әсер ету арқылы (мыс. оларды тынышталдырып, демалдыру үшін)
жасауға тырысады немесе секунділеу процесіне арнайы массаж жасауды (бет
қыртысын сипау, бірте-бірте қол, аяқ, иықты еркінсіту) қолданады. Әрі алдын-
ала дайындалған бейне таспа жазулары (тау бұлағының шуы, психологтың сөздік
әсері) жиі қолданылады.
Екінші кезең.
Релаксация кезеңінен кейін, егер де уақыт бар болатын болса,
спортшыға дербес түрде сюжеттік елестету сеансын өткізу ұсынылады. Ол өзі
келесі нұсқаны таңдауы керек. Ол нұсқа келесі нәрселерге қол жеткізеді:
1) айналадағылардан едәуір шамада қол үзетіндей болу;
2) елестетін жағдай, заттар, олардың орны, түсі т.б-н нақты, дәл қайта
жаңғырту;
3) сол кезеңде спортшы бастан кешетін жағымды сезімді қайта жаңғырту;
Үшінші кезең
Соңында спортшыға келесі сендіру жолдары жасалады:
1) ол өзіне сенімді болуы тиіс, толық күш жұмсауы керек, дайындық кезінде
не белгіленсе, соны толық жүзеге асыруы қажет;
2) оған стартқа әрі стартқа өзін қалай ұстау керектігі ескертіледі. Ол
мінез-құлық: нық сенімді көзқарас, нақты сенімді қозғалысстар т.б.
3) оған міндетті түрде өз рухын көтеруі керек (ол мүлтіксіз тек жеңіске,
табысқа, күреске ұмтылуы тиіс);
4) оған спорт түріне тиісті қажетті болатын іс-әрекет мазмұны түсіндіріліп,
ескертіледі. Секунділеу сеансы ерікті бастауда жүргізіледі.
Спортшыларды жарыстарға психологиялық жағынан даярлауды жоспарлау негізі
Спортшыларды жарыстарға психологиялық тұрғыдан даярлау проблемасын
практикалық тұрғыдан шешу барысындағы ең басты мәселе оны жоспарлау болып
табылады.
Нақты жоспарды жаттықтырушы өзі және келесі ерекшеліктер кешенін
ескеруі тиіс: спорт түрі, жасы және спортшылардың спорттық шеберлігі және
олардың жеке-дара ерекшеліктері.
Спортшыларды жарысқа психологиялық даярлаудың жалпы жоспары бірқатар
талаптардан тұрады:
1) жоспар кімдерге арналғандығын білу үшін, спортшылардың жасын білу қажет;
2) олардың спорт шеберлігінің деңгейін ескеру қажет;
3) психологиялық дайындықтың мақсат-міндеттерін білу маңызды және жоспарға
соларға сәйкес нақты іс-шараларды қосу керек;
4) жоспарға қосылған оқыту мен тәрбиелеудің шаралары жалпы (жалпы
психологиялық дайындық шаралары) және арнайы (арнайы психологиялық дайындық
шаралары) болып бөлініп, әрі ситуативті басқару үшін (секунділеу шаралары)
арналуы тиіс;
5) іс-шаралар кешенін дайындықтың жылдық циклы бойынша жоспарлау керек;
6) психодиагностика шараларын (іріктеу, жеке бастың даму динамикасын
анықтау шаралары), психогигиена шараларын (спортшының психикалық күйін
бақылау шаралары, қалыпқа келтіру шаралары), жалпы психикалық даму шаралары
(ес, интеллект, ерік қасиеттерін дамыту шаралары), арнайы психикалық даму
шараларын (белгіленген спорт түрінде аса маңызды қабілеттер мен қасиеттерді
дамытуға көмектесетін шаралар) анықтау аса маңызды:
7) жоспарға гетеротренинг шаралары мен әдістерін қосу маңызды;
8) кешенге спортшыны экстремалды жарыстық сипаттағы ситуацияларға
эмоционалды тұрақтылықты қалыптастыратын әдістер мен шараларды енгізу
қажет;
9) жоспарды құруда оны шартты түрде блоктарға бөлу маңызды, ол блоктар
белгілі бір дамудың аяқталуын білдіріп, қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Психологиялық дайындық мақсаты мен міндеттерін дене, техникалық және
тактикалық дайындықтың мақсат, міндеттеріне сәйкес келуі керек. Нақты
мақсат пен міндеттерін құрастырып алып (спорттық топтың барлық мүшелері
үшін жалпы), оқыту мен тәрбие шараларын анықтар алдында жаттықтырушы
спортшылардың дайындық деңгейін зерттеуі тиіс, яғни диагностикалауды
жүргізуі тиіс. Содан соң, топты үш топқа (жоғары, орта және төменгі
дайындық деңгейіндегі спортшылар) деп (шартты) бөлуі керек. Психологиялық
дайындықтың жалпы жоспары жоғары немесе орташа бағасы бар спортшылар тобына
бағытталуы тиіс.
Спортшыларды жарыстарға психологиялық тұрғыдан даярлаудың үлгі-жоспары
(А.Ц.Пуни)
1 бөлім. Жалпы психологиялық дайындық
Мақсаты:
1. Психодиагностика;
2. Жарыс жағдайында жоғары спорт нәтижелеріне жетуге ұмтылысты
дамыту;
3. Спортшыға қажетті жеке адамға тән қасиеттерді жетілдіру;
4. Жарыс жағдайларына бейімделу қабілеттерін қалыптастыру.
Кесте №3
№ Дайындық мазмұны Міндеттері Шараларды қолдануОрындалу
шешімі мерзімі
1 Дайындық Диагностика Зерттеушілік
деңгейі-нің жалпы а)моральды-этика-лықіс-шаралар кешені
диагнос-тикасы қасиеттер;
б) ерік қасиеттері;
в)
моральды-этика-лық
қасиеттер;
г) аффект
жағдай-ында
мінез-құлық-ты
ерікті басқару
қабілеттері
2 Моральды-этикалық а) идеялы а) әңгімелесу
тәрбие бағыт-тылықты өткізу;
тәрбиелеу б) жарыстық
б) жарыс жағдай-ындажағдайларда жат
мінез-құлық-ты тығуға ұқсату
ерікті басқару
қабілеті
3 Еріктік даярлық Әрбір спортшыда Кең көлемді
еріктік қасиеттерді интенсивті
дамытудағы нақты жаттығуларды
ескермеушіліктерді орындау және
жеңу аутотренинг
4 Жарыстық сипатта-ғы а) экстремалды Е.Гогунов
экстремалды жағдайларда өзін тезәдістемесі
сит-уацияларды меңгеру шебер-лігін;бойынша
жеңуге дайындық б) ситуацияны нық интеллектуалды
шешу және тиімді міндеттерді
шешім қабылдау теориялық және
қабілеттерін дамыту практикалық шешу
5 Интеллектуалды а) Қисындылық,
қасиеттер талдау-біріктір-гіштВекслер және
диагнос-тикасы ік шеберліктер-ін Ландольт
б) бақылампаздық-ты шең-берлері
жетілдіру тестісі
6 Интеллектуалды а) Жарыстық
қасиеттерді талдау-біріктір-гіштси-туациялард ы
жетіл-діру ік шеберіктерін талдау,
б) бақылампаздық-ты орын-далатын
жетілдіру әрекет-терді
қисынды
түсіндіру, дене
жаттығуларын
спортшының өзінің
және өзге-лердің
орын-дауын
талдау, әрі
бағалау
7 Жарыстық а) Спортшының
жаттығу-ларды бақылау-бағдар-лану дайындық кезеңін
орындауға икемделу іс-әрекетінің анықтау
шеберлігі-нің тәсілдерінің білімі
диагностикасы мен шеберлігінің
деңгейін;
б) жаттығуды
орындауға
идеомо-торлы
тәсілдердің білімі
мен шебер-лігінің
деңгейін;
в) жаттығуды
орын-дауға дайындық
сәтінің білімі мен
шеберліктері
деңгейін;
8 Қолайсыз ішкі а) сыртқы Спилберг шкаласы
күй-лерді өзіндік эмоцио-налды бойын-ша
реттеу диагностикасыкүйзелістерді мазасыздану
өзіндік бақылауды деңгейінің
жетілдіру баға-сы,
б) өзіндік реттеу стресс-симптом-т
шеберлігінің ест сауалнамасы.
диаг-ностикасы
Сонымен, бұл орында спортшыларды жарысқа даярлаудың жалпы
психологиялық негізі қарастырылады. Осы дайындық мәселелерін сауатты, әрі
ғылыми-әдістемелік тұрғыдан өте орынды, әрі шебер қолдана білу қаже

психотренингтер механизмдері
Спорттық психодиагностика – ағымдағы қолданбалы міндеттерді шешуге
бағытталған және спортшылардың психикалық ерекшеліктерін өлшеу және бақылау
мақсаты болып табылатын спорт психологиясының бөлімі болып табылады.
Психодиагностиканы практикалық тұрғыдан қолдану спорттық дайындыққа
уақыт пен шығынды қысқартуға мүмкіндік береді, оның тиімділігін
жоғарылатуға және спортшыларды бақылаусыз қысқартуды төмендетуге, спорттық
нәтижелердің тұрақтылығы мен деңгейін көтеруге мүмкіндік береді.
Психодиагностикалық өлшеулер теориясы
Тестілеу – жеке-дара айырмашылықты өлшеудің ерекше әдісі. Тест әдісі
ХІХ ғасырдың соңынды пайда болды. Әуел бастан-ақ ол психикалық процестер
мен жеке адам ерекшеліктерін объективті өлшеулер көмегімен өлшеудегі
экспериментальді көзқарастың түрлі түрі ретінде есептелді. Эксперимент бұл
жағдайда сынаушы және өлшеу сипатына ие болады, яғни әрі ол қасиеттің
деңгейін анықтауға бағытталған.
Тестілуді тәжірибе жүзінде қолданбас бұрын оның келесі психометрия
талаптарына сай келуін міндетті түрде ескеру керек. Ол талаптар:
сенімділік, валидтылық, стандартизация, прогностикалық құндылық,
практикалық құндылығы. Тек осы жағдайда ғана спортшылардың психикалық
ерекшеліктерін бейнелейтін адекватты сандық бағалар алынды.
Сенімділік.
Психодиагностикалық өлшеулер нәтижелерінде мәнді немесе түкке
тұрмайтын қателер кездесуі мүмкін.
Психодиагностика процесінде басқа кез-келген өлшеулердегі сияқты үш
негізгі қателер класы пайда болады:
1) қателіктер - өлшеу процедурасының өте дөрекі түрдегі түрлі салдарынан
болады. Олар оңай анықталып, әрі нормадан ауытқитын мәнділіктерді ескермеу
арқылы жайылуы мүмкін;
2) жүйелі түрдегі қайталайтын қателіктер үнемі немесе заңды түрде өлшеуден
өлшеуге дейін сол күйінде қалуы мүмкін; осы ерекшеліктер негізінде олар
ертерек, яғни алдын-ала айтылуы мүмкін, бұл топқа мәліметтерді жинақтаудың
түрліше әдістерін қолдануда пайда болатын әдістер жатады;
3) кезектес түрде тұрақты сипаттамаларды өлшеу барысында кездейсоқ қателер
кездесіп, түрлі сандық бағалар алынуы мүмкін (өлшенетін сипаттама уақыт
бойынша өзгермей, ал барлық ауытқулар өлшеулердің дәлдігінің дәлдігі болмай
шарттасады.
Өлшеулердің сенімділігінің бағасы тәжірибесінде 3 негізгі әдіс
қолданылады.
1. Қайталап өлшеу.
Сенімділікті өлшеудің негізгі тәсілдерінің бірі – сыналушылар тобын
бір және сол әдіспен және белгілі бір уақыт аралығы және бірдей жағдайлар
барысында қайта тестілеу болып табылады. Қайта тестілеу әдісін қолдану
барысында уақытқа байланысты тестілеу нәтижелері тұрақтылық дәрежесі
бағасына ие болады.
2. Параллельді өлшеу.
Бұл жағдайда қайталап өлшеу параллельді немесе эквивалентті тестілер
көмегімен, яғни бірдей қателіктермен сол және бір психика қасиетін өлшейтін
тестілер көмегімен анықталады (бағалар спортшылардың зерттелетін психика
қасиетінің байқалу дәрежесіне тәуелді болады).
Параллельді тестер арасындағы корреляцияның жоғары мәндері осы
тестілердің сенімділігіне және олардың мазмұнының эквиваленттілігіне
көрсетіледі.
3. Бөлу.
Бұл әдіс параллельді тестілеу әдісінің дамуы сияқты болады. Бұл әдіс
жекелеген тест формаларының параллельдігіне ғана емес, әрі бір тест
ішіндегі жекелеген тестілерге де негізделеді. Бұл әдісті қолдану барысында
тест жекелеген тапсырмаларға немесе тапсырмалар тобына бөлінеді.
Нәтижесінде, тестінің ішкі келісім коэффицентіне қол жеткізуге болады.
Тестің келісімділігі - өлшеу нәтижелерін біржақты белгілеуге арналған
міндетті түрдегі жағдай: гомогенді емес (келісілмеген) тест жағдайында бір
және сол сынаушылар үшін бір және сол бағалар түрліше түсіндіруді қажет
ететін болады.
4. Валидтылық.
Тестінің валидтылығы сол психикалық қасиетті қаншалықты көлемде
(қасиет, қабілет, сипаттама және т.б.) өлшейтіндігін көрсетеді. Валидтылығы
жоқ тестілер практикалық тұрғыдан қолдануға жарамайды.
Қазіргі таңдағы психодиагностикада валидтылықтың 4 түрін ерекшелеп
бөледі.
1. Мазмұнды валидтылық
Тест мамандар пікірлеріне қатысты валидты болып табылады. Мазмұнды
валидтылықты анықтау үшін, экспертті әдістер қолданылады. Экспертизаның
объектісі тест мазмұны болып табылады.
2. Мүмкін болатын валидтылық
Бұл валидтылық түрі сыналушылар көзқарасы тұрғысынан өлшеу заты
туралы әсерді білдіре отырып, үлкен маңызға ие, себебі ол ең алдымен
сыналушының зерттеп сынауға қарым-қатынасын анықтайды.
3. Эмпирикалық валидтылық
Тест қатал анықталған адам мінез-құлқының формасы мен психикалық
ерекшеліктерінің индикаторы (немесе болжаушысы) қызметін атқаруы мүмкін.
Тестінің эмпирикалық валидтылығын өлшеу үшін сыртқы критерийлі тест
нәтижесінің корреляция коэффициенті анықталады.
Ең негізгі мәселе критерийді таңдау болып табылады. Шартты түрде 3 топ
критерийлерін бөледі:
1) Экспертті критерий спортшының психика қасиеттерін тәуелсіз өлшейді
және оған баға береді. Эксперт рөлін жаттықтырушылар орындайды. Бірақ,
арнайы зерттеулер көрсеткендей, жаттықтырушылардың эксперттік бағалары
төменгі валидтылық пен сенімделікке ие болады. Осыған орай, валидтылықтың
экспертті критерийлері өте сирек, яғни сыртқы критерий ретінде кәдімгі
қарапайым сандық өлшеу әдістерін қолдану қиын немес қолдану мүмкін
болмағанда ғана қолданылады.
2) Эксперименталды критерий өз критерий ретінде сыналушыларды өзге
тест арқылы бір мезгілде және тәуелсіз тестілеудегі нәтижелер валидтылығын
шығаруда қолданылады.
3) Өмірлік - өлшенетін қасиетке байланысты психологиялық теориялар
негізіндегі шынайы мінез-құлықтың сипаттамасы критерийі болып табылады.
Мысалы, психомоторлы қабілеттер тестісі үшін спорттық іс-әрекеттің
табыстылық көрсеткіштері қолданылады.
4. Тұжырымдамалы валидтылық
Ол валидталынатын тест негізінде қойылған теориялық тұжырымдамалардың
дұрыстығын тексеру жолымен анықталады. Тұжырымдамалы валидтылықтың тесте
болуын 3 кезең арқылы, яғни 3 кезеңнен өтетінін айту керек:
1) валидталынатын тестің орындалуын түсіндіретін теориялық
тұжырымдама анықталады;
2) валидталынатын тестпен өзара байланысты бір немесе бірнеше
болжамдарды теориялық тұжырымнан шығарады;
3) алға тартылған болжамдардан эмпирикалық тексеру жүргізіледі. [6,
167]
Психодиагностика жеке адамның қасиеттері мен жеке-дара байқалу
ерекшеліктерін зерттеуге бағыттала отырып, бірқатар әдістер мен тәсілдер
кешенімен белгілі. Олардың негізгі мақсаты – спортшыларды іріктеу мен спорт
командасын жинақтауға, табысты болжауға, спортшылардың психикалық күйін
бағалауға байланысты міндеттерді ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz