Джорджано Бруно философиясы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы : Джорджано Бруно философиясы

Жоспар

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім
  3. Джорджано Бруно философиясы
  4. Қорытынды
  5. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Джордано Филиппо Бруно (1548, Италия, Нола - 17 ақпан, 1600, Рим) - италиялық философ, ақын, астроном, пантеизм өкілі. Дінге қарсы көзқарасы үшін шіркеу басшылары оны қуғынға ұшыратты. Сондықтан ол Италиядан кетіп, Францияда, Англияда, Германияда тұрды.

Италияға қайтып оралғаннан кейін (1592), инквизиция оны діннен безген деп айып тағып, сегіз жыл түрмеде ұстады, кейін тірідей отқа жағып өлтірді. Бруно философияның мақсаты табиғаттан тыс тұрған құдай бар деп білу емес, “заттардың өз құдіреті” болып табылатын табиғатты тану деп тұжырымдайды.

Ол ғаламның шексіз екендігі жайында идея ұсынды (“Ғалам және ғалам дүниелері, шексіздік туралы”, 1584) .

Дүниенің физ. біртектілігін (барлық дене жер, су, от, ауа және эфирден тұрады деген 5 элемент жөнінде ілімі) мақұлдайды.

Бруноның алуан түрлі заттар пайда болатын біртұтас шексіз қарапайым субстанция жайындағы түсінігі қарама-қарсылықтың ішкі біртектілігі мен үйлесуі жөніндегі идеяға байланысты (“Себеп, бастама және біртұтастық туралы”, 1584) .

Болмыстың негізгі өлшемі - монада. Монаданың әрекет етуі кезінде дене мен рух, объект пен субъект қосыла бірігеді. Ең жоғары субстанция - “монадалардың монадасы” немесе құдай: ол біртұтас болғандықтан әрбір жекеден көрініс береді. Бруноның бұл идеялары жаңа заманғы философияның дамуына зор әсерін тигізді. Ғарышнамада Бруно өз дәуірі үшін озат, ал кейін ашылған астрон. жаңалықтар бойынша дәлелденген болжамдар айтты. Олар: Күн жүйесіндегі сол кезде белгісіз планеталардың бар екені, Күн мен жұлдыздардың өз осімен айналатындығы туралы, ғаламда Күн тәріздес сансыз көп денелер бар екені жайлы, т. б. Жер мен аспанның арасында қарама-қарсылық бар деп білетін ортағасырлық пікірді бекерге шығарып, басқа дүниелерде де тіршілік болуы мүмкін деген пікірлері. Бруно поэзиялық шығармаларында классицизмге қарсы бағыт ұстанды. Клерикалшылдыққа қарсы жазған сатиралық “Нұх кемесі” атты поэмасында және филос. сонаталары мен комедияларында бұрынғы ескі ережеден бас тартып, еркін формаларға көшті.

Қайта өрлеу дәуірінің философиясы 15 - 18 ғасырлар аралықтарын қамтиды бұл дәуір фиодализмнің құлдырау буржуазиялық қатынастардың қалыптасу кезеңі қайта өрлеу термині, мағынасы антикалық құндылықтарды идеалдарды қалпына келтіру деген ұғым білдіреді. 15 - ғасырда басталған бұл дәуірге философиясы қалыптасуына Шығыс пен Батысты сауда жолымен байланыстырып келген Жібек жолы Шыңғыс хан басқыншылары Орта Азия, Таяу Шығыс, Шығыс Еуропа елдерін жаулап алған соң өз маңызын жойып, Батыстың Шығысқа жол іздестіру мұқтаждығы жаңа жағрапиялық жаңалықтар, су жолдарының дамуы себепкер болды. Сол іздестіру нәтежесінде Америка ашылды, оңтүстік Африка арқылы Үндістанға, Қытай су жолы айқындалып, ірі теңіз саяхатшылары қайтадан Батыс пен Шығыс арасындағы сауда жолын жандандырды. Соған сәйкес енді сауда жолдары өшкен Орта Азия мен Таяу Шығысқа қарағанда орнына Португалия, Испания, кейін Нидерланды мен Англия дамыған ірі елдерге айналды. Шығыс пен Батыс байланысы мәдениеттің, ғылымның дамуына жеткізді. Жан - жақты білімді адамдар дүниеге келді. Осы дәуірде олар орта ғасырлық діни ұғымдар мен схоластикаға негізделген идеология шеңберін бүзып, ертедегі грек, Рим мәдениетіне бет бұрды. Соған сәйкес ғылым өкілдері инквизиция жасаған сұмдық азаптарға қарамастан, табандылық пен ерлік көрсетіп, жаңлықтар ашты. Мәселен, протестантизм дінінің бастаушысы Кальвин испандылық дәрігер Серветті адам денесінде қан айналымы болатынын ашқаны үшін тірідей екі сағат шыжғыпып өлтіртті. Сондай - ақ, инквизиция Джордано Бруноны (1548 - 1600) Рим алаңында тірідей өртеп өлтірді. Ол: “Не табиғаттың өзі - Құдай, не Құдай - заттардың өз ішінен ашылған құдіретті күш”, деді. Олай болса, Джордано Бруно табиғаттан тыс, одан жоғары тұрған Құдай жоқ. Жаратушының өзі - сол табиғат деп, Құдайды аспаннан жерге түсірді. Бұл өте қауіпті тұжырым болатын - ды. Өлер алдында Джордано былай деп өсиет қалдырды:“Мейлі, мені өртеп өлтірсін, бірақ менің өлімім адам баласынжарқын болашаққа апаратын жолдарға тосқауыл ьолаалмайды”. Николай Коперник (1473- 1543) өлім табытына жатар алдында: “Бәрібір жер айналып тұр” деген екен. Ол кезінде ғылымда Жер Күнді айналып қозғалатын дәлелдеп, гелиоцентрлік жаңалық ашты. Пантеистік, натурфилософиялық бағыттың негізін Николай Кузанский (1401- 14665) салды. Ол философияның негізгі мәселесін идеалистік түрғыдан шешті. Дүниенің бәрін, адамды да Құдай жаратты, деді, бірақ пантеистік пікірді дамыта отырып, сайып келгенде, ол Жаратушының рөлін жоққа шығарды. өйткені, пантеизм Құдайды табиғатпен алмастырды. Ол кеңістіктің шнгі бар, дүниенің жаратылған уақыты бар деген схоластикалық діни пікірге күмән келтірді, дүниенің шексіздігін уағыздады. Таным алдымен сезімнен басталады, одан соң оны ойлаумен толықтырады. Бұл екі процесс ұдайы бірлікте, сана (интеллект) бәрінен жоғары тұрады деп есептеледі. ХV ғасырдың аяғында өндірістің, сауданың, әскери саланың жедел қарқынымен өсуі - техниканың, табиғаттану ғылымдарының, математиканың, механиканың дамуына себепші болды. Қолөнер өндірісінен машина өндірісіне өту басталды. Капиталистік өндірістік қатынастардың одан әрі дамуы ХV ғ. аяғы мен XVI ғ. басында ұлы географиялық жаңалықтардың ашылуына алып келді. Мұның бәрі сайып келгенде ақыл-ойдың схоластикалық ойлаудан азат болып, дүниетанудың жаратылыстану ғылыми тәсілдеріне көшуін талап етті. Бұл бағытты Қайта өрлеу дәуірінің аса ірі ойшылдары Н. Кузанский (1401-1464), Н. Коперник (1473-1543), Дж. Бруно (1548-1600), Г. Галилей (1564-1642) және т. б. жақтады. Бұл дәуірде жаңа мәдениет - гуманизм пайда болды. Жалпы алғанда Қайта өрлеу философиясы негізгі үш бағытта дамыды: 1) Біріншісі (Н. Кузанский, П. Мирандолла, Леонардо да Винчи, т. б. ) адамның еркін, бостандығын өздерінің философиялық ілімдерінің негізгі өзегі етіп қабылдап, рухани өмірде, мәдениетте гуманизм (адам сүйгіштік) деген бағытты дүниеге әкелді. 2) Екіншісі (Т. Компанелла, Т. Мор), қоғамдық құрылысты сынап, утопиялық социалистік идеяға бой ұрады. 3) Үшіншісі (Н. Коперник, Д. Бруно, Г. Галилей), табиғаттану ғылымдарының жетістіктеріне сүйене отырып, христиан дінінің әлемнің пайда болуы және оның құрылысы туралы іліміне сәйкес келмейтін, табиғат құбылыстарын өз заңдылықтарына сүйеніп түсіндіруге болатын көзқарастың дамуына үлкен әсер еткен революциялық жаңалықтар ашты.

Әлемдегі процестерді өз заңдылықтарына сүйеніп, түсіндіруге бағытталған Н. Коперниктің (1473 -1543 ж. ж. ) негізгі еңбегі - «Аспан денелерінің айналуы туралы» әлемнің күн орталық жаратылысы қағидасының негізінде Джордано Бруноның (1548 - 1600 ж. ж. ) философиялық көзқарастары қалыптасты. Негізгі еңбектері: «Себептілік, бастама және біртұтастық туралы», «Әлемнің және заттардың шексіздігі туралы», т. б. Бруноның пікірінше, табиғаттан тыс ешқандай күш жоқ. Ол кеңістікте де, уақытта да шексіз, ал қозғалыс оның өмір сүру тәілі. Табиғат өз заңдылығымен өмір сүреді. Әлем мен құдай бір. Әлем - универсум (әмбебап бастама), жалғыз ғана мәнділік. Сондықтан ол мәңгі және өзгермейді. Ал әлемге кіретін денелер сансыз көп, олар үздіксіз қарапайым және өзгерісте болады. Барлық заттар өшпейтін, мәңгі, қозғалыста бөлшектерден тұрады. Оларды Бруно - монада деп атады. Монаданың материалдық денелерге ғана емес, психикаға да қатысы бар. Ал психикалық құбылыс барлық заттарға тән болғандықтан әлемде жансыз денелер жоқ. Осыдан келіп Бруно әлемде шексіз және сансыз көп тіршілік түрлері болуы әбден ықтимал деген тұжырым жасайды. Бруноның көзқарасынан жүйеленген түрде қолданылған Демокрит пен Гераклиттің ілімдерінің ықпалын байқаймыз. Жалпы алғанда, қайта өрлеу философиясы антика философиясындағы гуманистік дәстүрді, ортағасырлық шығыс мәдениетінің алдыңғы қатарлы ойларын өз заманының талап- тілегінің қажетіне жаратып, жаңа заман ғылыми көзқарасының қалыптасуына зор ықпал етті. Өндірістік тәсіл мен құралдардың жедел қарқынмен дамуына байланысты, қалыптаса бастаған қоғамның жаңа талап, сұраныстарын қамтамасыз етуге ескі схоластикалық ілім мен діни көзқарастар кедергі болды. Жаңа заманға жаңа ғылыми жаңалықтар, жаңаша дүниетанымдық көзқарастар керек еді. Осы себептен ғылымның пайдалы деп табылған жаңа салалары тез дами бастады. Гидростатика, механика, геометрия, т. б. ғылымдар саласында қол жеткен табиғаттану, философия ғылымдарына үлкен әсер етіп, философияда механистік көзқарасты және метафизикалық ойлау тәсілін қалыптастырды. Тіпті қоғамдық өмірді де, адам табиғатын механика тұрғысынан қарастыру әдетке айналды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қайта өрлеу дәуірінің сипатты белгілері мен оның философиядағы көрінісі
Қайта Өркендеу Дәуіріндегі өнер және ғылым
Табиғат философиясы
Қайта өрлеу дәуірінің философиясы жайлы
Қайта өрлеу мен Реформация дәуіріндегі саяси- құқықтық ілімдер мен гелиоцентризмнің мемлекет пен қоғамды басқарудағы рөлі
Орта ғасыр және қайта өрлеу дәуірінің философиясы. Ағартушылық философиясы және Француз материализмі
Қайта өрлеу дәуірінің негізгі сипаттары
Философия ғылымы
Ортағасыр христиан философиясы
Қайта өрлеу дәуірінің ерекшелігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz