Джордж Берклидің өмірбаяны


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Джордж Беркли(1685 - 1753 ж. ж. )

Орындаған: Бейсембаев Ә.

Тобы: ТЖ-703

Тексерген: Абдикакимов М.

Семей қаласы 2019 жыл

Жоспар:

  1. Джордж Берклидің өмірбаяны.
  2. Философиясы.
  3. Пайдаланылған әдебиеттер.

1. Өмірбаяны.

Джордж Беркли (12. 3. 1685, Ирландия, Килкенни қаласы - 14. 1. 1753, Оксфорд қаласы) - ағылшын философы. Субъективті идеализмнің өкілі ретінде белгілі. Беркли философиясының өзегі, «болу» - яғни «қабылдануда болу». Ол сыртқы дүниедегі заттардың объективті өмір сүруін жоққа шығарады. Дүние менің санам, менің елесім, менің еркім. Осыдан оның субъективті идеализмі. 1734 жылдан епископтық Материя ұғымын іштей қарама-қайшы және таным үшін пайдасыз ұғым ретінде сынады. “Идеялар енжар, оларды затсыз субстанциялар, жан меңгереді, кез келген зат түйсіктердің жиынтығы” деген тұжырым жасады. Локктың алғашқылық және екіншілік сапарлар теориясын сынға алып, заттар мен құбылыстардың сапаларын субъективті деп бағалады. Ғылымның дүниетанымдық мәнін мойындамай, ғылымның міндеті “бәрін бір ғана пәндік себептермен түсіндіруге үйрену” деп есептеді. Беркли зерденің рөлін, оның таным процесіндегі алатын орнын бейнелей отырып, оны жоғарыда тұрған бір күшке, ғаламдық принципке бағындыруға тырысты.

Картинки по запросу джордж беркли казакша

Картинки по запросу джордж беркли казакша

2. Философиясы .

Европа философиясының эмпирикалық-сенсуалистік бағытын XVIII ғасырда ағылшын философы Джордж Беркли (1685-1753) жалғастырды, бірақ бұл Ф. Бэкон, Гоббс пен Локктың ілімдеріндегіден бөлек түбегейлі түрде ерекше ыңғайларға негізделген жалғасу болды. Локктың бастапқы және кейінгі қасиеттерге бөлуіне қарсылық білдіре келе, Беркли олардың екеуі де бізге тең дәрежеде сезіну ретінде берілген деп санады. Сонымен бірге, сезініп қабылдаулардың комбинациялары, Берклидің айтуынша, бізді қоршаушы заттар болып табылады. Ойшыл «Тіршілік ету, бар болу - сезіну, қабылдану» деген принципті ұсынды. Ол: «Біз өзіміздің идеяларымыз бен сезінулерімізді қабылдамасақ, онда нені сезінеміз? Белгілі бір идеялар немесе сезінулер не олардың комбинациялары қабылданбастан бар бола алады деген тұжырым мағынасыз емес пе», - деп жазды. Қысқасы, Беркли Локктың біздің сезінулеріміздің көзі ретінде санадан тыс өмір сүретін сыртқы әлемді мойындауын жоққа шығарды. Ол сезінулерді адаммен қабылданатын жалғыз шындық деп есептеді. Философияның міндеттерінің бірі, Берклидің пікірінше, материализм мен атеизмді сынау болып табылады. Ол материяның болуы мүмкін деген ойдың өзін қабылдауға қарсы шықты. Таным процесінде Беркли басты рөлді «тікелей сезімге» береді. Ол - сезімдік тәжірибенің нәтижесі, ал сезімдік тәжірибенің өзі санамыздағы құдіреттің белгісі - «еске алудың» жиынтығы. Сөйтіп, «тікелей сезім» арқылы қалыптасқан ұғымдар объективтік шындықтың субъеқтивтік- кескіні емес, түйсіктердің «еске алу» жиынтығы. Демек, біздің танып-біліп жүргеніміз нақтьі денелердің өзі емес, түйсіктердің жиынтығы ғана екен. «Біз тіршілік етуін жоққа шығаратын жалғыз нәрсе - философтардың материя немесе денелік субстанция деп атайтыны. Бұл жоққа шығарудан адамдар ешбір зиян шекпейді, өйткені мен олар ешқашан да оған деген қажеттілікті сезінген емес деп тұжырымдауға құқылымын. Атеистер, қолында олардың арамзалығына тірек болатын бос сөздің әдемі қабықшасынан айырылып, ал философтар, бәлкім, бос сөз сөйлеу үшін қомақты сылтаудан айырылғанын түсінер», - деп ерекше тоқталды ойшыл. Осылайша, Беркли созылымдылық, кеңістік және т. б. дерексіз идеясы секілді, жалпы материя туралы дерексіз идеяның болуы мүмкін емес деп тұжырымдады. Ол адамның ақылы жалпы дерексіз идеяны құра алмайды, тек жалпы зат идеясын құра алатындығын дәлелдеуге тырысты. Беркли субъективті идеализм принциптерін ұстанғанмен, өз позициясын қорғауға тырысып, ол оны объективті-идеалистік позицияларға ауысуымен қуаттау шешімін қабылдады. Атап айтқанда, философ мынадай ойларды түйіндеді: егер тіпті барлық қабылдаушы, сезінуші субъектілер жоғалып кетсе де (ал Берклидің айтуынша, тіршілік ету - субъектілермен қабылдану), ешбір зат жоғалып кетпейді. Олардың барлығы Құдайдың ойында «идеялардың» сомасын ретінде тіршілік етуін жалғастырады, яғни онымен қабылданады. Берклидің замандасы ағылшын философы Давид Юм (1711-1776) оның көзқарастарының ықпалында болды, бірақ олардан скептицизм және агностицизм бағытына ауысты. Егер Берклидің көзқарасы бойынша, сыртқы әлем менің сезінуім болса, Юм сыртқы әлемнің тіршілік етуі туралы мәселе шешілмес мәселе деп сенді. Оның пікірінше, шындық - себептері белгісіз және тануға жатпайтын әсерлердің ағымы. Сонымен бірге, біздің қабылдап-сезінулеріміз сыртқы әлемнің тіршілік етуіне, оның сол сияқты тіршілік етпеуіне де аз дәлелдер береді. Сезінулер не олардың комбинациялары қабылданбастан бар бола алады деген тұжырым мағынасыз емес пе», - деп жазды. Қысқасы, Беркли Локктың біздің сезінулеріміздің көзі ретінде санадан тыс өмір сүретін сыртқы әлемді мойындауын жоққа шығарды. Ол сезінулерді адаммен қабылданатын жалғыз шындық деп есептеді. Джордж Беркли (1685-1753) - ағылшындық субъективист философ, ерекше тәсілмен жазған ойшыл. Негізгі еңбектерін ол 28 жасына дейін жазып бітіргенін де атап өткен жөн. Беркли Локктың сезімдік білім алғашқы және екінші сапаға ие, бірінші немесе алғашқы сапалар заттардың бойында реалды түрде бар, ал екінші сапалар - түс, иіс, дөм субьектіге ғана тән деген көзқарасын сынады. Оның ойынша, біз дүниені сезім мүшелері арқылы ғана қабылдаймыз сондықтан сапалардың объективтілігін, біздің санамыздан тыс тұратынын біле алмаймыз. Беркли заттар біздің сезім мүшелерімізге әсер етеді, бірақ біз заттардың нағыз мәнін көре алмаймыз, ал сапа-қасиеттердің өзі салыстырмалы ғана дейді. Мысалы, адамның бір қолы салқын, екіншісі - жылы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаңа дәуір философиясы
Философиялық ілімдер
Декартта жеке модустардың сипаты болса, Спиноза ілімінде бүкіл субстанцияның қасиеті
Жаңа Дәуір философиясының қалыптасуы мен мазмұны
Жаңа дәуір философиясының ойшылдары және олардың ілімдері
Орта ғасырдағы теологиялық философия
Табиғатты зерттеудегі объективтілік
Пантеизм. Натурафилософия
Экзистенциализм философиясы
Герменевтика философиясының негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz