Мұнай және газ өнеркәсібі



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   
Каспий маңының геоэкологиялық жағдайы

География мамандығы

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 Каспий теңізі және оның маңының физикалық -географиялық
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1. Каспий атауының шығу
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... 5
2. Рельефі мен геологиялық
құрылысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
..6
3. Климаты мен ішкі
сулары ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ..7
4. Өсімдік, топырақ
жамылғысы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ..9
5. Жануарлар дүниесі және
биоресурстары ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10

2 Каспий теңізі және оның маңының экологиялық
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2.1 Мұнай-газ
өнеркәсібі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 16
2.2 Балық
шаруашылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 25
2.3 Маңғыстау мұнай –газ кешенінің аймақтық жануарлар дүниесіне
әсері ... .34

3 Каспий теңізі және оның маңының экологиялық жағдайын жақсартудың
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..38
1. Каспий теңізінің қазіргі экологиялық
ахуалы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..38
2. Мұнай ластанған топырақтың мәселелері және оларды
тазарту
жодары ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .45
3. Каспий теңізі –қазақстан секторының өндірістік
әлеуеті ... ... ... ... ... ... ... ...49
4. Теңіз ортасын қорғау, сақтау және қалпына
келтіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...53

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..58
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..60

КІРІСПЕ

Диплом жұмысының өзекті мәселелері. Каспий теңізі – тек Қазақстан
аумағындағы ғана емес, дүние жүзі бойынша көлемі ең үлкен көл. Теңіздің
жануарлар дүниесі мен минералды қорлары халық шаруашылығы үшін өте маңызды.
Атап айтсақ, Каспийдің әлемге әйгілі бекіресі мен ең басты байлығы – мұнай
Қазақстанмен қоса, жағалауында орналасқан басқа төрт мемлекетті қамтамасыз
етіп отыр. Алайда мұнайды өнеркәсіпте ұқыпсыз пайдалану әсерінен Каспийдің
био ресурстары мен суы, жағалауындағы табиғи кешендер ластанып, зардап
шегуілде. Бұл бір проблема болса, Каспий балықтарын шектен тыс аулап
отырған – балық шаруашылығының ысырапшыл әрекеті екінші бір проблеманы
туғызып отыр. Бұл жағдай осы сарынмен жалғаса берсе, тиісті шаралар
жүргізілмесе Каспийдің жағдайы мүшкіл болмақ. Көкейкесті мәселе ретінде
осыны талдау талабы қойылып отыр
Жұмыстың ғылыми жаңашылдығы. Каспий теңізі мен оның биоресурстарын,
минералды ресурстарын тиімді пайдалану және теңіздің қазіргі экологиялық
ахуалын жақсарту бойынша экологиялық-экономикалық тұрғыдан кешенді зерттеу
барысында:
• Теңіздің физикалық-географиялық, экологиялық және қазіргі кездегі
жағдайы анықталды;
• Теңіз суы мен биоресурстарының негізінен мұнай өнімдерімен ластанғаны
және балықтарының, балық шаруашылығының пайдалануынан ысырап болуы
анықталды;
• Каспий теңізіне халық шаруашылығының теріс әсерін жою немесе
төмендету мақсатында жүргізілген іш шаралар айқындалды.
Сондықтан да жоғарыда аталған ахуалдың алдын-алу үшін Каспий теңізінің
экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасы тарапынан
бірнеше бағдарламалар ұсынылып, оларды жүзеге асыру барысында көптеген іс-
шаралар жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар Халықаралық Каспий экологиялық
жүйесін қалпына келтіру мен сақтау мақсатында бірлесе жұмыс істеуде.
Жұмыстың практикалық маңыздылығы. Зерттеу барысында жасалған
тұжырымдамалар, алынған мәліметтер теңіздің суы мен биологиялық ресурстарын
пайдаланатын мекемелер үшін қажетті материал. Зерттеудің практикалық
құндылығы қазіргі замандық антропогендік үрдістер әсерінен қалыптасқан
ландшафттардың зерттелуі
Диплом жұмысының мақсаты. Каспий теңізімен маңындағы аймақтың
экологиялық жағдайына баға беру, өнеркәсіп орындарымен ластанған теңіз
табиғаты мен оның құрамдас бөліктерін қалпына келтіру және оның тиімді
жолдарын қарастыру.
Диплом жұмысының міндеттері.
– Каспий теңізінің физикалық-географиялық жағдайларын зерттей
отырып, мұнай және балық кәсіпшілігінің ерекшеліктерін анықтау;
– Мұнай – Каспий теңізінің басты байлығы ғана емес, негізгі ластаушы
көзі ретінде де қарастыру;
– Теңіздің ихтиофаунасының азаю және жойылу себептерін анықтау;
– Каспий теңізінің экологиялық ақуалын жақсартудың тиімді жолдарын
айқындау.
Зерттелу объектісі. Каспий маңының ландшафттық-экологиялық жағдайы.
Диплом жұмысының теориялық және әдістемелік негіздері. Ғылыми
зерттеулерге қойылатын теориялық талаптарға сай ғылыми деректер
топтамаларына және осы бағыттағы арнайы мерзімдік басылымдарды, жарияланған
материалдар мен ресми құжаттарға, келісім-шарттарға арқа сүйей отырып
зерттеудің теориялық тұжырымдарын жасау. Әдістемелік негіздері ғылыми
дәйектілік, обьективті дәлдік және диплом жұмысының тақырыптары мен
талаптары.
Жұмыстың практикалық базасы. Каспий маңының туралы жинақталған ғылыми -
теориялық еңбектердегі тұжырымдар мен өңірлік шаруашылық салалары.
Жұмыстың құрылымы мен қысқаша сипаттамасы. Жұмыс кіріспеден, үш
тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан
тұрады.
Бірінші тарауда – Каспий теңізі және оның маңының физикалық-
географиялық сипаттамасы. Мұнда Каспий атауының шығу тарихы, рельефі мен
геологиялық құрлысы, климаты мен ішкі сулары, өсімдік-топырақ жамылғысы,
жануарлар дүниесі және биоресурстары қамтылған.
Екінші тарауда – Каспий теңізі және оның маңының экологиялық
мәселелері. Мұнда мұнай-газ өнеркәсібі, балық шаруашылығы, Маңғыстау мұнай
– газ кешенінің аймақтық жануарлар дүниесіне әсері жайлы қамтылған.
Үшінші тарауда – Каспий теңізі және оның маңының экологиялық жағдайын
жақсартудың жолдары. Бұл Каспий теңізінің қазіргі экологиялық ахуалы,
мұнай мен ластанған топырақтардың өзекті мәселелері және оларды тазарту
жолдары, Каспий теңізі – Қазақстан секторының өндірістік әлеуеті, Теңіз
ортасын қорғау, сақтау және қалпына келтіру қарастырыоып қамтылған.
Жұмыс компьютерде терілген 62 беттен, 6 кестелерден, 2 суреттен тұрады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 46.

I . Каспий теңізі және оның маңының физикалық –географиялық
сипаттамасы

1.1 Каспий атауының шығу тарихы

Каспий теңізі дүние жүзіндегі ең үлкен көл, көлеміне қарай теңіз
аталып кеткен. Каспий теңізі жайлы антика ғылымдарының еңбектерінде Геродот
(б.з.д. V-ғ.), Аристотель, Клавдий Птолемей т.б. Каспий физикалық-
географиялық жағдайын зерттеу I Петрден және есімдермен байланысты Ф.И.
Сайманов, А.А. Бекович – Черкаский, А. Кожий. Каспий теңізінің 70-тен астам
атауы болған: Гиркан Хвалын, Хазар, Абескун, Сарай, Дербент және т.б.
Қазіргі атауын теңіз б.з.д. I ғ-да өмір сүрген каспий тайпасының құрметіне
алды [1,28б.].
Каспий теңізі — түркі тілдес елдеріне ортақ орналасқан дүние жүзіндегі
ең үлкен тұзды көл. Жалпы көлемі 400 мың м-ге жуық, айдыны өте үлкен
болғандықтан, теңіз деп аталады. Каспий теңізі 13 мың жыл бұрын Қара теңіз
бен Жерорта теңізі арқылы дүние жүзілік мұхитпен жалғасқан. Ол кездегі
теңіз суының деңгейі қазіргіден 75 м жоғары болған. Каспий теңізі жағалауын
қоныстанған ежелгі сақ тайпаларының бірі. Каспий атауы алғаш Геродоттың
Тарих аталатын шығармасында кездеседі. Негізгі кәсібі – мал шаруашылығы
болған. Кейін (б.з.б. I ғасырға дейін) Каспий мидия, салбан, ғұн, түркі
т.б. тайпалармен араласып кеткен. Каспийдің атынан Каспий теңізінің Кавказ
(Қапқас) тауының және ежелгі Әзербайжанның Каспиана облысының атауы шыққан.
Ежелгі дәуір атауларының (Геродот, Страбон, Клавдий, Птолемей) деректері
бойынша, Каспий б.з.б. 1-мыңжылдық соңына дейін қазіргі Каспий теңізінің
оңтүстік-батыс және батыс жағалауын қоныстанған. Жылқы, түйе, ешкі, сиыр
өсірген, жүзім еккен, балық аулаған, қол өнерімен және саудамен айналысқан.
Геродот Каспийдің парсы патшасы Ксеркстің гректерге қарсы жорығына
қатысқанын жазады. Каспилер мал терісінен жасалған киім киіп, садақ пен
қисық қылышпен қаруланған [2,35б.].
Қазіргі заманғы кейбір зерттеушілер ежелгі түркі тайпасы “қасог” пен
қазіргі “қазақ” халқы этнонимінің пайда болу тарихын Каспий атауымен
байланыстырды (қас – сақ). 1865 ж. Жарық көрген “Ресей империясының
географиялық-статистикалық жинағында” қасог тайпасын қайсақтармен
(қазақтармен) бір деп жазады. Страбон жазбасында қасогтар скифтер (сақтар)
қатарында аталған. 748 ж. Константин Багрянародный “Захиянның арғы жағында
Панагия бар, Панагиядан әрі Қазахия. Қазахияның сырты Кавказ тауы, одан әрі
аландар мекені” деп жазды. Заратуштраның өсиеттерінің жинағы “Авеста”
б.з.б. III-ғасырда “авеста тілі” деп аталатын каспи тілінде алғаш рет хатқа
түскен [3,11б.].
Ертедегі араб ғалымдары Каспий теңізін – Гиркан, Абескун, Журджан,
Дайлем, Колзум, Хазар деп атаған.
Орыстар Хвалын (Х-ХПІ ғ.) Мазандаран, Табаристан, Орыс, Астрахан,
Ширван, Албан және т.б. көптеген аттары болған.
XX ғасырдың алғашқы жартысында теңіз суы тартылып, деңгейі төмендей
бастады. Мұндай құбылыс 1929, 1933, 1941 жылдары байқалған.
1977 жылы Каспий суының көлемі 424 мың текше метрден 360 мың текше
метрге дейін азайған.
1978 жылдан бастап теңіздің деңгейі қайта көтеріле бастады.
1991 жылдан бастап теңіз деңгейі 2,06 метрге көтеріліп, жағалауындағы
көптеген жер су астында қалды [2,91б.].

1.2 Рельефі мен геологиялық құрылысы

Каспий теңізі түбінің рельефі мен гидрографиялық ерекшеліктеріне қарай
Солтүстік, Орталық және Оңтүстік Каспийге бөлінеді.
Солтүстік Каспий бөлігі неғұрлым тайыздау (тереңдігі 4 – 8 м) бөлігі,
түбінің рельефі белесті, аккумуляциялық жазық қайырлар мен арал тізбегінен
тұрады. Орталық бөлігінен Маңғыстау шоңғалы арқылы бөлінген. Орталық
Каспийде теңіздің ең шұңғыл (ең терең жері 788 м) шельфті және құрлық
беткейі айқын байқалады. Оңтүстік Каспий түбінің рельефі абиссальды жазық
әрі шұңғыл шельфті болып келеді. Каспий теңізінің солтүстігі, Шығыс Еуропа
платформасының кіретін маңы синеклизациясының оңтүстік шетін қамтиды.
Орталық бөлігі теңіз түбіне шөккен эпигерциндік Тұран платформасы мен Үлкен
Кавказ геосинклиналының шеткі иіні болып табылады. Оңтүстік Каспийдің түбі
ең байырғы теңіз шұңқыры. Каспий теңізі жоғарғы миоценде Қара теңізден
бөлініп, жоғары плиоценде қайта қосылған. Ал антропогенде мұз дәуірінің
бірнеше рет қайталануына байланысты Каспий теңізінің трансгрессиялары
регрессиялары ұдайы алмасып отырған.
Физикалық-географиялық белгілері, гидрографиялық режимінің
ерекшеліктері бойынша Каспий теңізі солтүстік ортаңғы және оңтүстік
бөліктерге бөлінеді. Астрахан облысы солтүстік бөлігіне жақын жерде
орналасқан.
Солтүстік Каспий түбінің жер бедері дельтамен, авендельтамен
тайызсулы, аздап толқынды аккумулятивті жазықтардан және бірқатар
аралдардан тұрады. Аласа жайпақ жағалар батпақтанған, 3-4 метрге дейін
биіктіктегі қамыстың қалың тоғайларымен жабылған. Алаптың бұл бөлігінің
тереңдігі 4 метрден сирек асады. Кеме жүзу мен балық косягын кіргізу үшін
мұнда каналдар салынуда ( Волга-Каспий каналы және Киров және т.б.).
Ойпатты тегіс жағалау басым. Жағалауында теңіз суының бұрынғы жоғары тұрған
кезеңін дәлелдейтін теңіз террасалары көп.
Каспий теңізінің қалыптасуы ұзақ геологиялық мерзімде өтті. Осы уақыт
ішінде теңіз суы бірде жағалауы басты (трансгрессия), бірде су кейін қайтып
отырды (регрессия). Плейстоцен кезеңінде (70 млн жыл бұрын) теңіздің Понто-
каспий алабы оңтүстігінде орналасқан Тетис атты үлкен теңізден бөлініп
қалды. Понтий кезеңінде (10 млн жыл бұрын) құрамында қазіргі аумақты алып
жатқан Қара және Каспий теңіздері бар Сармат теңізі бірнеше бөлікке
бөлінді. Нәтижесінде оқшау тұйық алапты қамтыған қазіргі Каспий теңізінің
нобайы пайда болды. Бұл кезде теңіздің аумағы қазіргіден кіші болған.
Орта плиоценнің кейбір кезеңдерінде теңіздің аумағы одан да кіші
болған. Ол тек Дербент қазаншұңқырымен ғана шектелген. Каспийдің шарасы
тереңдігі және түпкі бедері жөнінен 3 бөлікке бөлінеді. Құрлықтық
қайраңында орналасқан солтүстік бөлігі тайыз 10-20м. Орта тұсындағы ойпаңда
тереңдігі 788 м . Оңтүстік бөлігі терең ойпаң – 1025м [3,43б.].

3. Климаты мен ішкі сулары
Каспий теңіз үстінен қысқы азия максимумы мен жазғы азор максимумының
тармақтары басып өтуіне байланысты ауа райы антициклонды болып, қысы суық,
жазы құрғақ, жауын-шашыны аз, континенттік климат қалыптасқан.
Ауа райы жылы болатын жыл маусымдарында Каспийдің орташа көп жылдық
температурасы 24°С–26°С. Абсолюттік минимумы (44°С жағалауында байқалады).
Теңіздің орталық бөлігінде, солтүстік батысында және батысында секундына 24
метрге жететін жылдамдықпен күшті жел тұрады. Теңіз айдынына жылына орта
есеппен 200 мм, ал батыс жағалауында 1700 миллиметрге дейін жауын-шашын
түседі. Буланудың жылдық мөлшері теңіздің барлық бөлігінде тым жоғары (100
миллиметрге дейін), ал шығыс бөлігінде 1400 миллиметрге дейін жетеді.
Каспий теңізінде негізінен өзен ағындары мен желге байланысты судың
циклондық араласуы басым. Жел теңіз толқындарын жиі туғызады, олардың
биіктігі Апшерон шоңғалында 11 метрге жетеді. Жаз айларында судың беткі
қабаты 24°С – 26°С, оңтүстігінде 29°С, Красноводск шығанағында 32°С дейін
жылынады. Қыс айларында судың орташа температурасы солтүстікте – 05°С,
орталық бөлікте 3°С – 7°С, оңтүстікте 8°С – 10°С градус болады. Солтүстік
бөлігі қарашадан наурызға дейін қатып жатады, мұзының қалыңдығы 2 метрге
дейін жетеді. Каспий теңізінің кейбір таяз шығанақтары қысы қатты жылдары
ғана қатады теңіз суының орташа тұздылығы 12,7 промиль (Қарабұғаз көлінде
тым жоғары 280-305 промильге дейін), шығыс жағалауында 13,2 промиль,
солтүстігінде Волга өзенінің құюына байланысты теңіз суының тұздылығы
өзгеріп отырады.
Теңіз суының конвекциялық қозғалысының салдарынан қыс айларында
солтүстік Каспийдің суы вертикалды бағытта тұтастай араласады, ал орталық
және оңтүстік бөліктерінде конвенциялды қозғалыс 200-300 метрден артпайды.
Каспий теңізінің деңгейі солтүстік бөлігінде 2 – 2,5 м-ге көтеріліп, 2
метрге төмендейді. Каспий теңізінің ең жоғары деңгейі біздің ғасырымыздың
басында және XIX ғасырдың басында байқалады, ал ең төмен деңгейі VII – XI
ғасырда болған, ол қазіргі деңгейінен 2 – 4 метр төмен болды деген болжам
бар. Каспий теңізінің су балансының кірісі: жауын – шашыны 66,8 текше
километр, өзен ағындары 266,4 текше километр, жер асты мен қосылатын су 5
текше километр; шығысы: булануы 357,3 текше километр, Қарабұғаз көлге
құйылатын су 4 текше километр, шаруашылыққа жұмсалатыны 1 текше километр.
Каспий теңізінің деңгейі артық шығын есебінен (1966 – 1967 жылдар
аралығында) 7 сантиметрге төмендеуде. 2000 жылдары қазіргі деңгейден 2 метр
төмендеуі мүмкін. Теңіз деңгейін көтеру үшін Вичегда, Печора өзендерінің
алабын Волгаға қосу, Қарабұғаз көлге құйылатын суды реттеу жобалары
жасалуда [4].
Каспийдің гидрологиялық режимінде жел маңызды рөл ойнайды. Желдің
орташа жылдамдығы бүкіл жыл ішінде 3-7мсек-ды құрайды. Күшті дауыл желдері
қазан мен сәуірде байқалады: моряна және бриз. Жел дрейфті және ағынды
ағыстардан туындайды. Толқын жылдамдығы бірнеше сантиметрден 1мсек-на
дейін тербеледі және 24-28мсек жел жылдамдығымен 1 метрден асады. Толқын
биіктігі дауылды ауа-райында көбіне 2 метр, Каспийдің солтүстік бөлігі
ұсақ сулы және қыста бетін мұз жапқандықтан 4 метрге сирек жетеді.
Желтоқсан соңында бүкіл аумақты мұз басып, оның қалыңдығы кейбір
жерлерде 40-70 см-ге жетеді. Дауылды желдер 12 метрге дейінгі биіктіктегі
сіңді мұз шоғырын қалыптастырып, мұздарды бұзады. Наурыз- сәуір аяғында
Солтүстік Каспий түгелімен мұздан тазарады. Жазда су орташа 24-26°С-қа
дейін жылиды, ал саяз суда - 35°С-қа дейін. Каспий теңізінің сулары белгілі
минерализациялаумен сипатталады. Солтүстік Каспийде орташа тұздылық 6-дан
11%-ге дейін және Волганың құятын жерінде 3 %-ке дейін азаяды. Каспий суы
алаптың тұйықтылығына және үлкен өзен ағынының әсеріне негізделген, кальций
ионына, сульфаттарға бай болып келеді.
Каспий теңізінің кескіні үнемі өзгеріп отырады. Теңіз 49 метр
абсолюттік биіктікке көтерілген және –50 метрге дейін түскен. Судың ең
жоғары деңгейінде Каспийдің Қара теңізбен байланысты Хумо-Маныч прогибі
арқылы орнатылды. Каспий теңізі денгейінің тұрақсыз екеніне көптеген
археологиялық қазбалар куә болып отыр. Мысалы, Апшерон шығанағы табанынан
дамба салу кезінде 1,5 м тереңде б.э.д. I ғ-да жерленген тас мазарлардан
скиф жауынгерлері табылды.
ХХ ғ-дың 30-шы жылдарында теңіз қайта басталды. 1977 жылы соңғы 300
жылдағы ең төмен деңгейі тіркелді. Ол –29,03 метр. 1978 жылдан Каспий
теңізі көтеріле бастады, қазір оның деңгейі –27 метрге жетіп, одан ары
көтерілуде.
Каспийдің деңгейі қазіргі кездегімен салыстырғанда климат жағдайларына
байланысты тағы 4-5 метрге жоғарылауы мүмкін . Теңіз суы ондаған километр
құрлыққа түпкірлей қозғалуда [1,10б.].

Ішкі сулары. Каспий теңізінде 130-дай өзен құяды. Ағын су көлемінің 80
%-ін Еділ, 5 %-ке жуығын Жайық өзендері берсе, Терек, Сулак, Самур өзендері
5 %-тен астам, Кура өзені 6 %-тін береді. Иран жағалауындағы өзен мен
Кавказдың кіші өзендері 4 %-ке жуығын береді. Жалпы жер беті суының теңізге
келіп құятын ең көп және ең аз жылдық айырмасы жүз жыл ішінде 260 км3-ді
құрайды. Теңіз суы бетіне шаққанда өзен ағынының мұндай өзгеруі Каспий
теңізі денгейін 67 см-ге өзгертеді. Басқаша айтқанда Каспий теңізі
деңгейінің жыларалық өзгеруі құбылысында өзен ағыны ғана жарты метрді
құрайды.
Теңізге келіп түсетін атмосфералық. жауын-шашын мөлшері тым аз. Ол
теңіз деңгейін 1 см-ге ғана көтереді. Каспий теңізінде Қарабұғазкөл
шығанағының маңызы зор. Әсіресе, оның суының деңгейі мен тұздылығын
сақтауға ықпал етеді. Теңізден келген әрбір км3 су шығанаққа 13 – 15 млн т
әр түрлі минералды тұздар алып келеді. Қарабұғазкөл теңіздің буландырғышы
рөлін атқарады. Каспий теңізінің тұздылығы Еділ мен Жайық өзендері сағасына
жақын маңда 0,1 – 0,3%о-ке, оңтүстік-шығыста 13%о-ге дейін көтеріледі.
Теңізде желдің, өзен суының және жағалау сызығының әсерінен циклондық
айналма ағыс пайда болады. Каспий теңізі деңгейі маусымдық бір жылдан
екінші жылға және ғасырлық мерзімде ауытқып тұрады [3,65б.].

1.4 Өсімдік, топырақ жамылғысы
Облыстағы флораның түрлік құрамы онша бай емес. Волга-Ақтөбе алқабы
мен Волга атырауының территориясында зерттеу нәтижесінде 82 тұқымдасқа
жататын өсімдіктердің 500-ге жуық түрі анықталды. Олардың ішінде көп
тарағаны жусан, шылаң, ақтаспа қияқ, сүттіген тұқымдастары болып табылады.
Каспий маңы шөлдері – жартылай бұтақты жусан, гүлі аз немесе қара
жусан, құм жусаны. Жусан тұқымдасының 10 түрі осы аймақта өседі. Шөл
өсімдіктері эволюциясы нәтижесінде оларға ылғалдың жеткіліксіздігі мен
топырақтың тұздануына әкеп соғатын бірқатар ерекшеліктерді өзіне сіңірді.
Көптеген түрлерде жапырақтары өзгеріске ұшырады – жапырақ бетінің көлемі
біршама кішірейе түсті. Кейбіреулерінде қашулардың нығаюы жүрді. Ережеге
сай, шөл өсімдіктерінің жерасты бөлігі даму қуаты бойынша жер бетіндегіден
19-20 есе асып түседі – мұнда өсімдіктердің солерос, түйінді сарысазан, көп
бұталы тамарикс, Гмелина кермегі – яғни тұзсүйгіш өсімдік түрлері өседі,
қосмасақты эфедра, тонконог, боз, шебер семлитрянкасы, сұр терескен, алып
қияқ, типчак, шөл бидайығы – бұл облыстағы шөлді флораның негізгі өкілдері.
Шөлдің өсімдіктер жамылғысы топырақтың ауыспалылығы мен ерекше
қозғалмалылығымен ерекшеленеді. Жалпы айтқанда шөл фаунасы 160-200 түр деп
есептелінеді, ал бастылары күрделігүлділер, маралылар және дәнді
тұқымдастары болып табылады.
Төменгі Волга аңғарының өсімдіктері құрамы ылғалдылықпен тікелей
байланысты. Алқап пен атыраудағы ылғалдылықтың шұғыл ауысуы ормандардың
таралуына кедергі жасайды. Олар тек тар алқаппен өзен арнасы мен ағысты
жағалай өседі, негізгі кеңістіктер, шалғындардан бос емес. Мұнда қара
терек, ақшаған, шегіршін мен тал тараған. Шалғындарда шағын ылғалдылықпен
жербеті вейни, қышқылтым қымыздық, көкбасшөп, қалқымалы жусан, орыс
подмареннигі, мүйізді лядвенец. Біршама ылғалды шалғындар қушық жапырақты
қонақот, маренатәрізді подмаренник (алқапта) және теңіз түйнекқамысты
дәрілік жалбызтікен және басқа да түрлер өседі. Ылғалданған және аса
ылғалданған мекен ету орындары сүйрік қияқпен, жалпақ жапырақты сужелекпен,
оңтүстік қамысымен, шетенді повоймен, жағалық қияқпен (атырауда) жабылған.
Теңіз маңы аймағында биік қамыс өсінділері басым болып келеді. Атыраудың
суаты бөлігінде спиральды валлиснерия, мүйізжапырақшалар, егеушөп, шатырлы
сусактың суасты формасы өседі. Бұл өзінше суасты шалғындары – көптеген
жартылай өтпелі балықтардың өсуі мен дамуы үшін тамаша жер.
Каспий теңізі өсімдіктер дүниесі түрлік құрамы бойынша атыраудың
суасты бөлігінің флорасынан өзгеше болып келеді. Жоғары өсімдіктерден 5 түр
ғана дамыған. Олар зостердің теңіз шөбі қырлы шылаң, теңіз наядасы,
спиральды рупия және теңіз рупиясы. Мұнда сонымен қатар жасыл, көк-жасыл
және диатом балдырлар (олардың саны 700 - ден асады) көп тараған. Олардан
басқа Каспий теңізде алтынтүсті, пирофитті, эвгленді, қоңыр, қызыл
балдырлар өседі. Каспий теңізінің балдыр түрлерінің көпшілігі
фитофланктонға жатады. Бұл балдырлар – балық ресурстарының негізі.
Сонымен қатар Астрахан облысында 100-ден аса түр саналатын дәрілік
өсімдіктер өседі. Ресейдің оңтүстік аймақтарында өсетін дәрілік
өсімдіктердің ерекшеліктерін атап айту керек. Оңтүстікке жақындаған сайын
әсер ететін дәрілік заттардың мөлшері жоғары болады, олар негізінен адам
ағзасына күшті әсер етеді. Асрахан облысының үш дәрілік өсімдігі улы болып
табылады. Аз мөлшерде улы заттар емдік әсерін тигізеді, осы заттар
құрамында бар түрлер бірмезгілде дәрілік болып табылады. Ондай түрлерге: ақ
акция, жапырақсыз сортаңды анабазис, қара меңдуана, кәдімгі сасық меңдуана
кәдімгі кирзакон, мамыр інжер гүлі (ландыш) және басқа да өсімдіктер
жатады.
Дәрілік өсімдіктер тобына жататын өсімдіктердің дайындамасы мүмкін
емес және болмайды да. Ондай түрлерге – тасшөп (тимьян), мамыр інжір гүлі,
жаңғақмұрынды лотос, батпақ айры жатады. Және де улы емес особтер бар:
дәрілік алтей, жалаңаш мия, өрлеуіш бидайық, дәрілік бақбақ, құм салаубасы,
қожақат, қушықжапырақты жиде, қаңғыма памелия ( порез-шөп, қаздың аяқтары –
халықтық атау ).
Мәдени өсімдіктер де Астрахан өлкесінде біршама көп таралған, ХІІІ-
ғасырдың өзінде Астрахан қарбызды еге бастады, бұл жерден ол Ресейдің бүкіл
оңтүстігіне таралды. ХХ – ғасырдың ортасында суармалы көкөніс пен бау-бақша
өсірудің ғылыми–зерттеу институты құрылды, қызанақ облыстағы – ең көп
тараған шаруашылық. Қайта өңдеуші зауыттарда жоғары сапалы қызанақ шырыны,
ащы соус, қызанақ сықпасы мен езбесі, кетчуп және басқа өнімдер алынады.
Астрахан қызанағы Ресейдің бүкіл еуропалық бөлігінде лайық мәртебе мен
пайдаланылады. Елде алғаш рет жүзімдіктер Астраханда пайда болды, жүзімнен
мейіз, шырын, шарап ала бастады. Соңғы жылдары Астрахан облысының
территориясында күрішті өсіру үлкен маңызға ие болды. Сонымен қатар мұнда
жемісті өсімдіктер: алма ағашты, беке, бүлдірген, т.б. өседі [1,23б.].

1.5 Жануарлар дүниесі мен биоресурстары
Каспий теңізі өсімдік, жануарлар дүниесіне онша бай емес. Мұнда
өсімдіктердің 500, балық пен жануарлардың 854 түрі кездеседі. Өсімдіктері
негізінен көк жасыл және диатомды балдыр түрлері болып келеді. Каспий
теңізінде бекіре тұқымдас балықтар, майшабақ және моллюскалар тіршілік
етеді. Мұнда Арктика теңіздерінен (Каспий итбалығы), Жерорта теңізі
алабынан қоныс аударған жануарлар мен балықтардың 15 түрі мекендейді.
Каспий теңізінен бекіре тұқымдас балық ауланады. Сонымен қатар майшабақ,
табан балық, көксерке, сазан, итбалық ауланады. Каспий теңізі сонымен қатар
мұнай өндірілетін ірі аудандардың бірі болып табылады. Натрий сульфаты,
мирабилит және эпсомит тұздары өндіріледі.
Каспийдің солтүстік бөлігінің өсімдіктер мен жануарлар дүниесі аса
алуан түрлі болып келеді. Бұл жерден тұщысу мен қоса тұзды суқоймаларын
мекендеушілерді кездестіруге болады. Каспийлік қайраңды зонасында көмірсулы
пайдалы қазбалар бар деген болжам бар. Алайда оларды барлаумен зерттеу бұл
аймақтың экологиялық ахуалын қиындатуы мүмкін.
Каспий қайраңынан мұнай мен газды өндіру үшін біршама қауіпсіз жолмен
жабдықтарды жетілдіру жүріп жатыр.
Аудан аумағындағы жануарлар әлемі едәуір алуан түрлі. Оған климат пен
территорияның өзіндік орналасуы әсер етіп отырады.
Ең алдымен осы шарттар қарапайымдылар үшін маңызы бар. Су
атырауларында олардың 150-ден астам түрлері таралған. Мұнда бадяга мекен
етеді – ол губка класына жататын жануар. Ол ертеден халық медицинасында
жарақат болғанда, радикулит, радиатизмді емдеуге қолданылады.
Каспий теңізі алабында ішекқуыстылардың 5 түрі: гидра американдық
блакфордия, қаратеңіздік меризия, балтықтық бутенвиллия, полиподиум және
гидраның бір түрі: краспедакуста тіршілік етеді. Жерде сауытты құрттар
мекен етеді. Жер және жауын аудан топырағында құрттарының 10-нан астам түрі
кездеседі. Атыраудың (дельта) тұщысулы суларында ұлулар мен сүліктер
кездеседі.
Атырауда тағыда моллюскалардың 80-нен астам түрлері мекен етеді.
Екіжармалы класқа олардан тіссіздер, перловицалар, шаровкалар, дрейсендер
және басқалар жатады. Олардың денесі екі жармадан тұратын бақалшақта
орналасқан. Барлық моллюскалар қорық іздеуде фильтрлеп, суды тазалайды. Бір
моллюска 1 тәулікте шамамен 150-200 л тазалайды. Арқасын жауып тұратын
тұтас құбырлы бақалшағы бар бауырымен жорғалайтын моллюскалар облыс
территориясында тоғаншалармен, қақпақшалармен, өзен тірі туатындарымен,
физалармен, орауыштармен, шылпылдақтармен ерекшеленеді.
Солтүстік Каспий территориясында 260-ға жуық шаян тәрізділер тіршілік
етеді. Көп тараған өкілдері: дафниялар, ескекаяқты шаяндар, мизидалар,
гаммаридалар, т.б. Қашықпалды шаян – Волга атырауындағы оң аяқты шаяндардың
жалғыз өкілі.
Өрмекші тәрізділер топырақтың беті мен атмосфераның төменгі бөліктерін
өздері мекен етіп алған. Оларды орманда, далада, шөлде, егінжайларда,
тұрғын үйлерде кездестіруге болады. Аудан аумағында үлкен сальпугтар, ала
шаяндар, өрмекшілер және кенелерді кездестіруге болады. Қарақұрт –
Ресейдегі орманның ең бір қауіптісі, оның уы жыланның уынан 15 есе улы
болады. Шаққандардың 6 %-ті өліп кетеді. Оңтүстік орыс тарантулы – Астрахан
облысында танымал өрмекші. Бұл да улы өрмекші бірақ та адам өміріне қауіпті
емес. Мұнда қарақұрт пен тарантулдан басқа улы өрмекшінің 6 түрі: қара
өрмекші эрезус, крестовик, аргиопа және т.б. мекен етеді. Олар адам өміріне
қауіпті емес. Көбінесе өрмекші – бокоход кездеседі. Олар гүлден гүлге оңай
секіреді. Олар өрмек тоқымайды, жемтігін ойланбай аулайды. Олардың
кейбіреулері өсімдік сусынымен немесе нектарымен қоректенеді. Астрахань
облысының рельефі мен климаты насекомдардың мекен етуіне өте қолайлы. Мұнда
1500-ден астам насеком түрлері мекен етеді. Облыста жер қоңыздарының мүйіз
тұмсық қоңыз, пимелла иісті красотел, шілтерлі ызылдауық, алтын және
мәрмәрлі қолашалар. Сулылардан ірі және көп – үлкен және қара
сусүйгіштерді, тағы жиекті жүзгіштерді көрсету керек. Үлкен сусүйгішті бұл
аймақта көбінесе мамыр қоңызымен шатастырады.
Ауыл шаруашылығына ең қауіпті Америкадан келген – колорада қоңызы
болып отыр, олар картофельдің жапырақтарын жеп зиян келтіруде.
Астрахань аймағында қандала отрядынан ескіш, ранатра, гладыш және тағы
басқа суда жүзетін түрлері кездеседі. Ең белгілі өкілі – су өлшеуіштер.
Қабыршақ қанаттылар отряды – көбелектер. Астрахань облысында
көбелектердің 140 түрі бар. Көп тарағандары: жалынды червонецтер, көгілдір
икар, аргиат, таңқұрайшы, әдемі көгілдір және күмістей көгілдір – ұсақ
немесе ұсақ денелі көбелектер. Ірі көбелектерден көп тарағандары: шалғын
ақбасы, ошаған, бұрышқанатша, бұзаубас, махаон 1000 подалирий және тағы
басқалары.
Бұл аймақ сонымен қатар шегірткелерге бай. Олардың үлкендері – эшна,
немесе жәй иінағаш, және анакс – шолғыншы.
Сүйекті балықтар класы – су жануарларының көп тараған түрі. Егер тек
Волгада тіршілік етенін балықтарды ғана емес, Каспий теңіздегілерді де
қарастырсақ, барлығы 76 түр мен 47 түріші балықтары бар. Астрахань аймағы
бұрыннан Русьте “қызыл балық” деп аталған бекірелерімен белгілі. Мұнда
бекіре тұқымдастарының 5 түрі – орыс бекіресі, шоқыр, ақсерке, пілмай және
стерлядь тіршілік етеді. Алғашқы төрт түр – өтпелі, ал стерлядь – тұщысулы
балық. Тағы ақсерке гибриді және стерлядь – бестер өсіріледі. Майшабақ
тәрізділерден Каспий пузанкасы, кәдімгі шабақ және қараарқа мен волга
майшабағы мекендейді. Облыс аумағында Арқан балықтардан ақбалық, шортандар
отрядынан – жалғыз өкілі – шортан кездеседі.
Волганың төменгі жағында тұқы балықтарына ақтабан, сазан, вобла,
қызылперка, алтын және күміс караси, ақмарқа, густера, тасбас, ақамур, ақ
және ала жуанмаңдайшалар жатады. Алабұғалардан өзен алабұғасы, таутан, және
де көксерке мен берш кездеседі. Колюшкатәрізділер отрядының жалғыз өкілі –
оңтүстік колюшкасы – Волга өзенінің төменгі жақтарындағы терең емес
тұщысулы суқоймаларында түгелдей кездеседі.
Қосмекенділер судағы және жер бетіндегі омыртқалы жануарлар арасындағы
аралық дәрежені алады. Астрахань облысында құйрықсыздар отрядының ғана
өкілдері – көл бақасы, жасыл бақа және кәдімгі сарымсақшы мекендейді.
Тасбақалар отрядынан тек бір түр – батпақ тасбақасы кездеседі. Ал
кесірткелерден ұшқыр кесіртке, түрлі түсті және ұшқыр аусылдар, құлақты
дөнгелекбас, дөнгелекбастікқұйрықшық, тақыр жұмырбасы және қыңсылдауық
геккон көп тараған. Осы өзіндік жануарлар үшін жымыңдамайтын көзқарас,
екіге бөлінген тіл, улылық тән. Астрахань облысындағы жыландар тобы 10
түрден тұрады. Мұнда кәдімгі және су жыланы, сарыжылан, төртжақты және
бедерлі полоздар, медянка, кесіртке жылан, құм айдаһаршық, дала сұржыланы
және қалқантұмсық Паласса Волганың төменгі жағында көп тараған жылан
түрлері кәдімгі және су жыланы болып табылады.
Астрахань облысы аумағынан құстардың 260-қа жуық түрін кездестіруге
болады. Біреулерін (отырықшы) жыл бойы, басқа біреулерін (көшпелі және ұшып
келетін) – миграция кезінде кездестіруге болады.
– Торғай отрядына үй және дала торғайлары.
– Синица отрядына – үлкен және лазеревка, құрқылтай; тоқылдақтарға –
шетен, қара және әнші тоқылдақ.
– Қарлығаштарға – жағалық, қалалық және ауылдық түрлері,
үлкенқұйрық, жаурауық, сұр және қаратұмсықты сорокопут, ементұмсық,
дала бозторғайы, сұр қара, ала қарға сауысқан және т.б.жатады.
– Құрылтай – торғайдан кішкентай, ал сарыбас королек – Астрахань
облысындағы құстардың ең кішкентайы. Лилектер отрядынан сұр құтан,
ақ-кішкентай және үлкен, сары, египеттік құтандар, және де колпица,
каравайка, үлкен және кіші выпилер, бақылдауық мекендейді.
– Қаз тәрізділерден облыста сұр қаз, аққулар – кликун мен шипуч,
кряква, сұр үйрек, огарь, шүрегей-шартылдауық және тағы басқалар.
– Шағала тұқымдасынан кәдімгі күміс түстес және көл шағалалары, және
де крачкалар – шағалаға ұқсайтын тұмсығында қармағы жоқ және айыр
тұмсықты кішкентай құстар мекендейді.
– Жапалақ тәрізділерден Волганың төмен жақтарында сұр қомағай,
батпақ жапалағы, үй байғызы, филин құлақты жапалақ кездеседі.
Облыс аумағынан сонымен бірге әдемі құстарды көруге болады: дала
бүркіті, қаршыға-тұйғын, қамыс, дала, егінжай және дала лунейлері; қара
кезқұйрық; қыстаушы; балобон; кәдімгі ителгі; скоп және т.б.
Сүтқоректілер түрлерінің жалпы саны 70-тен аспайды. Кеміргіштерден
Астрахань облысында кішкентай және сары сарышұнақтар, айдарлы құмтышқандар,
түкаяқты және емуран қосаяқтары, егінжай және үй тышқандары, кішкентай
тышқандары, сұр егеуқұйрық, кәдімгі және су полекалары, андатра, құндыз,
кәдімгі көртышқан, сұр қалтауыз және басқа түрлері кездеседі. Жыртқыштар
отрядынан қасқыр, түлкі-қарсақ, еноттәрізді ит, дала күзені, ақкіз,
аққұлақ, борсық, калимат және басқалар тіршілік етеді. Соңғы жылдары
Волганың төмен жақтарында жыртқыштарды тағы бір түрі – американ қаракүзені
көріне бастады. Ол терісі бағалы аң фермаларда өсірілген. Олардың көбісі аң
фермасынан қашып кетті. Аймақта жұп тұяқтылардан қабан, киік, бұлан мекен
етеді, тағы бір жұптұяқтылардың өкілі – асыл тұқымды бұғы жаңадан
қоныстанды. Астрахань аймағындағы – қой шаруашылығы дамыған аудан, кейбір
аудандардың табиғат жағдайы “шөл кемелері” – түйелерді өсіруге қолайлы. Бұл
жерде қалмық тұқымды қосөркешті түйелер өсіріледі. Жарғақаяқтылар отряды
бір ғана түрді каспий тюленін (нерпу) жатқызады. Ол баласын мұзда туатын
теңіз сүтқоректісі [5,58б.].

Сонымен бірге, бұл аймақта құлақты кірпілер сирегірек кәдімгі кірпі,
кішкентай және аққұрсақты ақтістер мекендейді. Бұл жануарлар көбінесе
зиянды насекомдарды қорек ететіндіктен адам үшін пайдалы болып келеді.
Каспий итбалығы (Phoca caspia) – кәдімгі итбалықтар түрінің бір түрі.
Тұрақты 120 – 148 см, салмағы 50 – 60 кг, кейінде 90 кг-ға дейін.
Ересектерінің түсі сарғылт сұр, сарғылт қоңыр дақты. Жас күшігінің тұрақты
70 см, салмағы 4 кг, түгі қалың, жұмсақ, түсі 2 – 3 апта ақ болады. Каспий
итбалығы Каспий теңізінде ғана таралған, тіршілігінің көп уақытын суда
өткізеді, тек ақпан-қараша айларында ғана, мұз қатқанша арал, мойнақ
жиектеріндегі қайырға шығады. Каспий итбалығы маусымдық өрістеуге
байланысты жазда Каспий теңізінің суы терең оңтүстігіне не батыста Терек
өзені сағасынан, шығыста Манғыстау түбегіне дейін жиналады. Тамыз айының
аяғынан теңіздің шығыс шиегін басып солтүстік беткейіне беттейді. Қараша
айында ұрғашылары үйірленіп мұзға шығып, сәуір айына дейін күшіктейді. 4 –
5 апта сүтімен қоректендіреді. Каспий итбалығы көбіне кәсіптік маңызы кем
балықтарды, шаян тәрізділерді қорек етеді. Еті, майы, терісі пайдаланылады
[31,117б.].
Каспий итбалығы (Phoca caspia) – ескекаяқтылар отряды, итбалық
тұқымдасына жатады. Оны қазақ тілінде түлен деп те атайды. Дене тұрқы 125 –
160 см, салмағы 65 – 80 кг. Суда тіршілік етуіне байланысты дене
құрылымында сол ортаға бейімделуі басым. Мойны денесімен тұтасып біткен,
сондықтан басы айқындалып бөлініп көрінбейді; құлақ қалқаны болмайды,
аяқтары ескек тәрізді, башайларының арасында қалың тері жарғақтары болады.
Қара түсті арқасында теңбіл дақтары айқын көрінеді, бауыры ақшыл болады.
Каспий итбалығы тек Каспий теңізінде ғана болады. Еділ мен Жайық
өзендерінің төменгі ағыстарында сирек те болса, кездесіп қалады. Әсіресе
Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі аралдарда қыс айларда көбірек
ұшырасады. Тіршілігінің көбі суда өтеді. Тек түлейтін, шағылысатын және
балалайтын кезде ғана теңіздегі аралдарға немесе мұз үстіне шығады.
Шағылысуы ақпанның ортасынан наурызға дейін созылады. Бір жылдан кейін 1
кейде 2 күшік (ақүрпек) табады. Ақүрпегін аналығы майлы сүтімен 3 – 4
тәуліктей қоректендіреді. 2 – 3 айда әбден семірген ақүрпегін “май итбалық”
деп атайды. Негізінен балықтар, шаянтәрізділер және моллюскілермен
қоректенеді. Каспий итбалығының терісі мен майы өте бағалы болғандықтан
кәсіптік маңызы бар аң. Ересек күзге қарай бойына 40 –70 кг-дай май
жинайды. Ол медицинада және парфюмерияда кеңінен қолданылады. Каспий
теңізіне шамамен 400 – 450 мыңдай Каспий итбалығы мекендейді.
Каспий миногасы ( Caspiomyzon wagneri) – миногатәрізділер отрядының
миногалар тұқымдасының жалғыз түрі. Каспий теңізі су алабының Әзербайжан
және солтүстік Каспий жағалауында тараған. Теңізден Еділ, Жайық, Кура,
Терек өзендеріне және олардың салаларына өрлейді. Су электрстанциялары
салынғанша Еділ мен Калинин қалаларына, Камамен Чусовойға, Окамен Мәскеу
өзендеріне, Терекпен Баксананың сағаларына, Курамен Мцета қалаларына дейін
өрлеген.
Каспий миногасының ұзындығы 20 – 55 см, салмағы 30 – 300 г-дай болады.
Денесі жалаңаш пішіні жыланбалық тектес. Қаңқасында сүйекті тіні болмайды,
хордасы өмір бойы сақталады. 2 арқа кейде бір және құйрық қанаты болады.
Қапшық тәрізді желбезектері басының екі бүйірінен тесіктерімен ашылады.
Танау тесігі біреу, ол басының үстінде орналасқан, танау тесігінің
арқасында төбе көзі (үшінші көзі) бар. Аузы соруға бейімделген, түтік
тәрізді, оның жиегі тері шашақтармен көмкерілген және көптеген тіс деп
аталатын мүйізді өскіндері болады. Жақтары болмайды. Көбейю мен дәрнәсілдік
уақыты өзенде (18 – 20°С-та 8 – 9 тәулікте) өтеді. Жұмыртқадан шыққан
дернәсілі құрқа ұқсас. Түрдің түрлену мерзімі, қолдан өсіру тәжірибесі
бойынша, 4 жылдан кем емес. Түрлену аяқталғаннан кейін Каспий миногасы
теңізге қайтады, теңізде екі жылдай болып, уылдырық шашу үшін өзендерге
өрлейді. Уылдырығын (38 мыңға дейін) мамыр – маусым айларында өзен суының
(16 – 20°С-қа жеткенде) түбіндегі ұяларына шашады.
Каспий миногасының еті өте дәмді және майлы (31°С–34°С) болғандықтан
көп ауланған. Жылдан жылға санының азаюына байланысты, қорғауға алынып,
Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген (1996).
Каспий албырты ( Salmo trutta caspius) – албырттар тұқымдасының бір
түр тармағы. Негізінен Каспий теңізінің оңтүстік-батыс аймағын мекендейді.
Кавказ жотасынан ағатын өзендерге өрлейді. XX ғасырдың басында аз да болса
Еділ мен Жайық өзендеріне өрлейтін. 1980 жылдан бері бұл өзенде ауланғаны
туралы дерек жоқ. Каспий албырттарының ішіндегі ең ірісінің ұзындығы 100
см, жыныстық жағынан жетілгендерінің салмағы 2 – 7 кг. Қара теңіз албыртына
ұқсас, айырмашылығы құйрықтары жіңішке келеді. Каспий албыртының Каспий
теңізінің Қазақстан бөлігінде мекендейтіндердің тіршілігі зерттелмеген.
Әдетте бұл өткінші балық. Алғашқы жылдарын өзенде, кейін теңізге шығып, 3 –
5 жасында жыныстық жағынан жетіледі. Уылдырығын (45 мыңға дейін) өзеннің
түбіндегі малтатасты жерлерге, қазан – қаңтар айларында (судың
температурасы 3 – 13°С -қа жеткенде) шашады, ұрығы 26 – 90 тәулік
аралығында жетіледі. Теңізге шықпай, тек өзенде тіршілік ететін аталықтар
да болады. Каспий албырлары 10 жылдай тіршілік етеді. Басқа албырттар
сияқты Каспий албырттарының көлемінің өсуі, салмағының артуы теңіздегі
тіршілік жағдайына байланысты.
Шабақтары жәндіктердің дәрнәсілдерімен, бүйірімен жүзушілермен
қоректенсе, ересектері балықтармен (килька, атерина, майшабақ),
мизидалармен, креветкалармен қоректенеді. Каспий албырттарының саны қай
кездеде көп болған емес. Каспийдің оңтүстік-батыс бөлігінінен басқа жерде
сирек кездеседі. Оның жылдан жылға азаюына байланысты, қорғауға алынып,
Қазақтанның Қызыл кітабына енгізілген (1996) [3,55б.].
2. Каспий теңізі және оның экологиялық мәселелері

2. 1 Мұнай және газ өнеркәсібі
Қазақстан мұнайы тарихының жарқын беттері Атыраудың көмірсутегі
аймақтарында жазылған. Бұл өлкенің тұрғындары өте ертеден-ақ мұнайдың
жиналған жерлерін, оның кейбір қасиеттерін білген және оны емдік мақсатта
пайдаланған. Олар мұнайды тайыз шұңқырлардан, сортаң жерлердің бетінен
жинап алып, малдардың жарақаттарына жағып, тері ауруларын емдеген.
Осындай қасиеттері бар, жердің бетіне шығып жатқан сұйық зат заманының
білімді адамдарының зарынан тыс қалмағандығы белгілі, ол туралы дала өңірін
зерттеген түрлі зерттеушілердің еңбектерінде кездеседі. XVIII ғасырда Орал
Ембі ауданының мұнай-газ қысым көптеген көрнекті ғалымдар, геологтар,
топографтар мен саяхатшылар зерттеген.
1890 жылы Грумм-Гржимаило басқарған экспедиция Қарашүңғыл массивінің
толық геологиялық сипаттамасын жасады. 1892 жылы Орал-Ембі ауданындағы
мұнай және басқа да пайдалы қазбаларды, негізінен, көмір кенін зерттеу
мақсатында Геологиялық Комитеттің геолог Никитиннің басшылығымен шығарған
арнайы экспедициясы осы өңірдің табиғи байлықтары туралы біршама нақтырақ
мәліметтер береді. Бұл экспедиция алғаш рет Доссор, Ескене, Қарашүңгіл
аудандарында бұрғылау жұмыстарын жүргізді. Қарашүңгіл теңіз көлінің
қазандығынан табылған мұнай өзінің химиялық құрамы мен үлес салмағы (0,82
гсм3) бойынша Баку мұнайымен (0,87 гсм3) салыстырғанда жеңіл де сапалы
болып шықты.1899 жылы бұл мұнайлы жерлер Ембі-Каспий серіктестігін құрған
Леман, Доппельмаер мен Грумм-Гржимайлоға сатылады. Олар Қарашүңғіл
кенішінде терендігі 38 метрден 275 метрге дейін жететін 21 ұңғы бұрғылаған.
Тереңдігі 40 метр болатын №7 ұңғыдан тәулігіне 20-25 тонна, жылына 5 мың
тоннамұнай атқылайтын алғашқы бұрқақ ашылды.
Осы кезең Ембі мұнайын өндіру тарихының алғашқы беттері болып
есептеледі.
1911 жылы осында атақты Нобель компаниясы Доссор мұнай кенішін, 1914
жылдары Мақат кенішін ашты. 1914 жылы осы 2 кеніште 200 мың тонна мұнай
өндірілді. Көлік қатынасы болмағандықтан, алғашқы мұнайшылар өнімдерін
арнайы қаптарға салып, түйелерге тиеп, Хиуа арқылы Каспий жағалауымен Ракош
портына дейін жеткізген. Кейінірек өнім екі мұнай құбырлары арқылы Ракошке
жеткізіліп, сонда шағын екі заводта өңделіп, теңіз арқылы тасылатын болды.
Жергілікті халық өнімі жарық беруде қолданылатын болғандықтан, оларды
керосин заводтары деп атап кеткен. Теңіз баржасына завод өнімдері теңіз
түбінен жүргізілген 16 километрлік мұнай құбырлары арқылы жіберілген. [16].
1920 жылдың ортасынан бастап кең көлемді геологиялық зерттеулер
жүргізіле бастады. Каспий маңын зерттеуде атақты ғалым, академик И.М.Губкин
үлкен үлес қосты.
Каспий шұңқырының оңтүстік бөлігінде 20-жылдардың аяғына қарай 300-ден
аса күмбез анықталды, геологиялық, сейсмикалық карталар жасалды,
бұрғылаудың соқпалы әдісінен айналмалы әдісіне көше бастады. Түрлі
техникалық және ұйымдастыру проблемалары маман жұмысшылар мен инженерлерді
талап етті, сондықтан жергілікті қазақ жастары арасынан мамандар
дайындалып, кешегі мал шаруашылығымен айналысқан көшпенді халық өкілдері
енді мұнайшы бола бастады, Балғымбаевтар, Шердабаевтар, Өтебаевтар,
Досмұхамедовтер сияқты мұнайшылар отбасылары осы кездері қалыптасты.
Олардың үшінші, төртінші ұрпақтары мұнай өндіруде, геологиялық барлау
салаларында немесе шетелдік компанияларда жаңа технологияларды меңгеріп,
еңбек етіп жатыр.
20-жылдары мұнай қоры шағын, бірақ тарихи мәні зор Бек бике,
Оңтүстікке Мақат, Байшұнас кеніштері ашылғанын айта кеткен жөн. Негізгі кен
орындары Ембімұнай тресінде геологиялық барлау кеңсесі құрылғаннан кейін
ашыла бастады, бұл кеңсе кейін Қазмұнайбарлау мекемесі болып қайта
құрылды. Шикізат қорын кеңейту мақсатында жасалған шаралар өзінің жемісін
бере бастады: 1936 жылы Байшұнаста, Құлсарыда, Оңтүстік Ескенеде ірі мұнай
кеніштері ашылды. Дайын мұнай қорларының көлемі 21 млн. тоннадан 1937 жылы
30,6 млн тоннаға, ал өндірілген мұнай көлемі соғыс алдындағы жылдары 700-
750 мың тоннаға жетті.
Ембі мұнай өндірісі кең байтақ даланы игеруде маңызды роль атқарды.
Соғыс жылдары Қошқар, Комсомольск, Жолдыбай, Тентексор кеніштері іске
қосылды, Комсомольск - Мақат, Қошқар - Сағыз мұнай құбырлары жүргізілді,
Құлсары маңындағы Қамыскөлде электростанция, Қазақстан өндірісінің
жетекшісі Гурьев мұнай өңдеу заводы салынды. Осы завод қосылғаннан кейін
облыс өнеркәсіп орталығы мәртебесіне ие болды (1-сурет).

Сурет 1. Теміржол көлігінің дамуы

Соғыстан кейінгі жылдары Каспий маңы байлығын игеруде Қазақстан Ғылым
Академиясының президенті Қаныш Сәтпаев үлкен үлес қосты. Оның басшылығымен
Жайық- Волга өзендері аралығында терең жатқан көздерді, Каспий маңының
боратты аймақтарын зерттеу басталды. Маңғышлақ территориясында, Каспий
жағалауларында бұрғылау жұмыстары басталды.
60-жылдардың басында Гурьев облысы төңірегінде жалпы геологиялық қоры
100 млн. тонна болатын 16 мұнай кеніші ашылып игерілді. 1960 жылы Ембі
мұнайы тарихында сол кездергі кеніштердің ішіндегі ең ірісі Прорва мұнай
кен орны ашылдыуке [20,123б.].
1961 жылы Жетібай және Өзен кеніштерінің ашылуы еліміздің мұнай-газ
өндіретін тағы бір өңірі – Маңғышлаққа жаңа тыныс берді. 1968 жылы Жайық-
Волга аралығындағы Мартыщи кеніші іске қосылды. Жаңа кеніштер негізінде
алдыңғы қатарлы техникамен жабдықталған Жайықмұнай ірі мүнай-газ өндіру
басқармасы құрылды.
70-80-жылдары ашылған кеніштер Қазақстанның көмірсутегі саласының
негізін құрады. 80-жылдардың ортасынан бүгінгі күнге дейін облыста 84 кеніш
ашылды, олардың ішінде екі тұз үсті және Теңіз кеніші бар. Алғашқы алынған
мұнай қорының көлеміне қарағанда, ол ТМД елдерінде Тюмень кенішінен кейін
екінші орын алады. Кеніштің географиялық-экономикалық жағдайының
қолайлылығы, магистральды мұнай құбырларының, электролиниялардың, темір
жолдардың, ірі өндіріс орындарының жақын орналасуы Теңіз кенішін алғашқы
кезектегі халық шаруашылығы обьектілері қатарына қояды.
1991 жылы көптеген қиындықтарға қарамастан, 3 млн тонна мұнай
өндірілді. Әлемге әйгілі Шеврон Оверсиз компани компаниясы мен
қазақстандық Теңізмұнайгаз ӨБ базасында құрылған Теңізшевройл
қазақстандық-америкалық бірлестік кенішті игеруге 30 млрд доллар қаржы
жұмсауды қарастырып отыр. Келісім-шарт бойынша мұнда өндірілетін өнім
көлемін 35 млн. тоннаға, ал 40 жыл (шарт мерзімі) ішінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлемдік мұнай әлемдік үлесі өндірісіндегі үлесі
Мұнай-газ, химия өнеркәсібі.Қазақстан мұнайын игерудегі экспорттау бағыттары.Қазақстандағы мұнай-газ ісімен айналысатын шетел компанияларының қызметтері
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН АЙМАҒЫНЫҢ ЛАНДШАФТ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
Дүние жүзінің отын - энергетика кешеніне сипаттама
Қазақстан Республикасының мұнайгаз өнеркәсібі
Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы мұнай өнеркәсібі
Газ өнеркәсібінде энергияны үнемдеу жайлы
Елтану курсынан дәрістер
Химия өнеркәсібінің даму кезеңдері
Машина жасау өнеркәсібі
Пәндер