Өмір философиясының негізін салушы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Өмір философиясы

Жоспар:
I.КіріспеII.Негізгі бөлім
Өмір философиясының негізін салушы.
Өкілдері
III.ҚорытындыПайдаланған әдебиеттер тізімі.

Өмір философиясы

ХХ ғасырдағы иррационализмнің бастамасы болған өмір философиясы. Бұл концепцияның түрлі нұсқалары көп, соның ішінде екеуін ғана атап өтелік. Бірінші бағыт өмірді табиғат заңдарына жақындастырып, қоғам заңдарынан аулақ ұстайды. Оны жануарларға жақын қояды. Осыдан келіп күшке табыну, анайы-дөрекі түйсіктерге үлкен мән беру, идея мен ұғымдардың орнына ырықсыз сезімді қою орын алады. Әсіресе, ақиқат пен жақсылық орнына жалғандық пен жауыздықты қарсы қойғаны соншалық, фашистік идеологияға алып келді. Мұндай бағытты Ницще және тағы басқалар қолданған.

Егер позитивизм ағымы XX ғ. ғылым саласында болып жатқан күрделі процестерді зерттеп, танымның жаңа жолдарын ашуға барлық күштерін салса, өмір философиясы, керісінше, өмірді ақтау мен түсінуге шақырып, ақыл-ой, логика, дүниетаным, экономикалық, саяси т.с.с. зерттеулер адамның жан дүниесін, өмір сезімін кедейлетеді деген пікірге келеді. Расында да, XX ғ. қарай адам ақыл-ойдың негізінде дүниені өзгертіп, жер бетіне бақытты өмір әкеледі деген Жаңа дәуірдегі ағартушылардың романтикалық көзқарастары өткір сынға алына бастады. Оның бастамасын біз сол XIX ғ. өзінде-ақ өмір сүрген А.Шопенгауер мен С.Кьеркогердің шығармаларынан байқағанбыз. Бұл ойшылдардың философияға еккен ойлары XX г. әр түрлі өмір философиясының ағымдарын тудырып, өте жемісті болып шықты.

Бұл ағымның негізгі ұғымы ретінде өмір философиядағы бұрынғы болмыс категориясына қарсы қойыла бастады. Болмыс жоқ, тек қана қалыптасу ғана бар, - деді Ф.Ницше. Ал қалыптасу дегеніміз өмір, - деп әрі қарай өз ойын қорытты.

Өмір философиясының шеңберінде өмір ұғымына әртүрлі ғалымдар әртүрлі мазмұн-мағына береді. Биологиялық-табиғи көзқарас ұстаған ғалымдар өмірді инстинктер, өмір сүруге деген құштарлық, ерікке т.с.с. теңейді. Тарихтық көзкарасқа негізделген бағыт өмірді нақтылы-тарихи мәдениетті бойына сіңірген тұлғаның ішкі жан тебіреністерімен ұштастырады. Пантеистік тұрғыдан өмір өне бойы өзінің жаңа формаларын тудырып отыратын ғарыштағы күш ретінде түсініледі.

Өмiр философиясының алғашқы өкiлдерi Вильгельм Дильтей (1893-1911 жж.) мен Геогр Зиммель (1858-1918 жж.) өмiрдi ерiк пен іңкәрлік, сезім мен тебiренiс деректерi деп анықтайды. Өмiр хаосты тәртiпке келтiредi. Өмiрдiң организмдiк және одан да биiк формалары бар. Өмiр организмдiк деңгейде өлiммен шектелсе, организмдiктен биiк формалары мәдениетті құрайды. Осы тұрғыдан алғанда, шындық -- өмiрден алған тәжiрибенiң өзi. Өмiрлiк тәжiрибе -- зердеге тең емес, ол ақыл ойға сыймайды. Өмiр -- ағым, өзгерiс, шығармашылық, онда жалпылық деген жоқ. Өмiрдi тек қайталанбайтын жекелiк арқылы ғана суреттеуге болады. Оны В.Дилътей герменевтика деген ұғыммен бередi.

Философия тарихында өмір философиясының екінші түріне аса көп мән берілген болатын. Ол Дильтей мен Шпенглер сияқты ойшылдардың есімімен байланысты. Мұнда өмір адамның іштен туа біткен әбігерленуімен, тікелей сезінуімен байланысады. Егер өмір философиясының басқа нұсқаларында жалпы адамзат туралы сөз болатын болса, ал мына түрінде тек қана жеке адам, оның ойы, өмірі туралы айтылады. Сондықтан осы бағыттан герменевтика келіп шығады. Кейіннен Дильтейді түсіндірме психологиясы жарық көріп, Шпенглердің тарихи морфологиясы пайда болады. Бергсон нұсқасында өмір философиясы өмірлік екпінмен, ұмтылыспен, қарқынмен байланысады. Үстіміздегі ғасырдың ортасында өмір философиясының негіздерін оның орнына келген экзистенциализм, персонализм және философиялық антропология ағымдары жалғастырады.

Өмір философиясы - Батыс философиясының белгілі, өкілдері өте көп бағыттарының бірі сөп бағыттарының бірі. Өмір философиясы өмірді дүниенің бір бөлігі ретінде ғана қарастырумен шектелмей, оны дүниенің бір бөлігі қақ ортасына қояды, өмір ұғымына сүйене отырып, дүние мен өмірді толық түсінуге талпыныс жасайды. Өмір филосолософияның міндетін тек осылай түсіндіреді, себе мәселесін зерттейтін ғылым болса, адам үшін өмірден жоқ деп есептейді.

Негізін салушы

Өмір философиясының негізін салушы - дат философы С.Кьеркегор (1813 -1855). Дүниенің бастауы ретінде сананы емес, уайым-қайғыға толы экзистенциалдық ішкі сезімдерді қарастыруды ұсынды. Оның ойынша, адамның шын болмысын пайымдау арқылы емес, адамның бойындағы үрей, қорқыныш сезімдеріне үңілу арқылы ашуға болады, ақиқат дегеніміз - субъективтілік. Философия таңданудан немесе танымға деген құштарлықтан емес, күйзелістен басталады деген Къеркегор өмір сүрген адам азап шегу мен уайым-қайғыдан қашып құтыла алмайды, тіпті олар өмір сүруге қажетті нәрселер деп тұжырымдады. Къеркегордың жетістігі - философиялық тұлғаға мән беруге ұмтылуында, ақыл-ойды тым әсірелеуді сынап, философияның міндеті - жеке адамның өмірін, сезімдерін зерттеу деп анықтауында.

Өмір философиясының келесі бір танымал өкілі - Артур Шопенгауэр (1788 -1860) адам мен қоғам өмірінің қараңғы, көзге көріне бермейтін жақтарын, ащы шындығын жайып салды. Оның пікірінше, адам өмірі қайғы мен азапқа, күншілдік пен бақталастыққа, күнә мен әділетсіздікке, қатыгездік пен бақытсыздыққа толы. Адамның толық бақытты сәттері аз, жоқ десе де болады, себебі бақыт оның болашағы мен өткен өмірінде, ал болашақ үмітсіз, өткен өмір қайтып келмейді. Қазіргі шақ жел айдаған бұлтпен тең. Адам уақыттың уысында, ол біздің қуаныш пен рахатқа толы күндерімізді жоқ қылып отырады. Бейшаралық өмір кешу адамның маңдайына жазылған, себебі оны билейтін дүниежүзілік ырық. Шопенгауэрдің ойынша, азап пен қайғы шегу адамға пайдалы, себебі адам төрт Құбыласы тең болып, рахат пен бақытқа бөленіп өмір кешсе, жақсы нәрсеніц қадірін білмейді, бағалай да алмайды. Ол өмірді тек қара түске бояп көрсетеді: ізгіліктен зұлымдық көп, қоғам бір-бірімен арпалысқан, бірін-бірі андыған адамдарға толы, адам бақытсыз болуға жаратылған және бақытсыз. Осының бәрі - адам эгоизмінен, оның адам адамға қасқыр принципін ұстанғанынан.
Сондықтан бұл өмір түсінген көрмен бірдей мәнсіз, оны өліммен алмастырған жөн. Шопенгауэрдің түсінігінше, өлімнен қорқатын ештеңе жоқ, себебі ол азапты өмірдің ақыры. Өмір қайғысына ұшыраған адам өзін осындай өмірден құтқарушы өліммен жұбатуы керек, ал өлім алдында өмірдің азаптарынан құтылғанына ғаны дұрыс. Өлім мен азапты өмір тұтас нәрсе екені ақиқат. Дүние ырық мағынасыз болса, оның туындысы адам өмірі одан екі есе мағынасыз, ал өлім адамды осы мағынасыздықтан құтқарады. Яғни, өлім өмірінің мақсаты.

Шопенгауэр өмірді осылайша қасірет пен азапқа толы мәнсіз ретінде түсіндірсе, өмір философиясының келесі өкілі Фридрих Ницше (1844-1900) оның пессимистік мазмұнына оптимистік реңк беріп, дастарының бойында өмірге деген құштарлық пен іңкәрлік оятты.

Фридрих Уилһелм Ницше (нем. Friedrich Wilhelm Nietzsche, 1844 қазаннаң 15 -- 1900 тамыздың 25) -- 19 ғ. неміс пәлсапашысы және филологы.Бонн және Лейпциг университеттерінде оқыған. Ницше болмыс пен мәдениеттің екі бастамасын - "дионистік ("өміршеңдік пен трагедиялық"), ләззатқа жүгенсіз елеуреу" және "апполондықты" (пайымдау, логик. топшылау мен бір жақты интеллектуалдық) салыстыра зерттеді.

Ницше ғасырлар бойы қалыптасып келген салт-сана мен дәстүрлерге, әсіресе, философияда зердеге қарсы шықты. Ол зердені қатты сынға ала отырып, оның негізгі қағидаларын іске алғысыз етеді. Философтың айтуынша, дүниені тануда негізгі рөл атқаратын зерде немесе сана емес, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Терминдер қазіргі кезеңдегі діндегі эволюция
Философия пәнінен лекциялық тезистер
ХІХ-ХХ – ғасырдағы Бастыс философиясы
Хіх-ХХ ғасырлардағы батыстық философиялық бағыттардың негізгі проблемалары
Философия, оның пәні, қызметтері және зерттеу объектісі
Ерте Үнді философиясы
Орта ғасырдағы теологиялық философия
Ежелгі Шығыс және Антикалық философия
Ғылымның филоосфиялық мәселелері
Шығыс философиясы
Пәндер