Коммерциялық банктің тартылған ресурстары


« Мектепте қаржы сауаттылығы пәні бойынша коммерциялық банктердің сырттан тартылған ресурстарының көлемін арттыру жолдарын » үйрету тақырыбына жазылған
АННОТАЦИЯ
Бірінші бөлімде Мектепте қаржы сауаттылығы пәні бойынша мектеп оқушыларға «коммерциялық банктердің сырттан тартылған ресурстарын қалыптастыру ерекшеліктерін» түсіндіру қарастырылды.
Екінші бөлімде мектепте қаржы сауаттылығы пәні бойынша мектеп оқушыларға «Нұр Банк» АҚ-ның сырттан тартылған ресурстрарының көлемін талдатуды үйрету қарастырылды.
Үшінші бөлімде мектеп оқушыларына коммерциялық банктердің сырттан тартылған ресурстрарының тиімділігін арттыру бағыттарын үйрету қарастырылады.
Диплом кіріспеден, үш бөлімнен, кестеден, суреттен 82 беттен тұрады.
Кіріспе
Дипломдық жұмыстың өзектілігі - сырттан тартып алынған ресурстар активті операциялардың «ғимараты» турған фундаменті ретінде қызмет етеді және оның тұрақтылығын банктердің барлық құрылымы тәуелді. Сондықтан тартылған ресурстар қалыптастыру мақсаты әлемдегі кез-келген мемлекеттерддегі коммерциялық банктер үшін өзінің актуалдылығын жоғалтпау және тапсырылмаған критерилерге жауап беру (құндылық, жеңілдік, тұрақтылық және т. б) . Екінші деңгейлі банк жүйесін алдын-ала функциялауда коммерциялық банктердің ресурстарның қайнар көздері болып тартып алынған қаражаттар табылады. Егер де олар банк ресурстарының жалпы көлеміне 80-90%-ін құрса. Қазіргі экономикалық жекешелендіру жағдайда банкке қажетті тартып алынған ресурстарды қалыптастыруда оның қызметінің негізгі проблемасы болып табылады.
Коммерциялық банктер бір жағынан, шаруашылық субьектілердің уақытша бос ақшалай қаражаттарын тартатын болса, екінші жағынан, бұл қаражаттар есебінен кәсіпорындар мен ұйымдардың әртүрлі қажеттерін қанағаттандыратын арнайы мекеме. Коммерциялық банктер банктің пассивтік операциялық негізінде оның қызметінің жүзеге асырылуы үшін қажетті банк ресурстары жинақталады.
Банк ресурстары - бұл банктің пассивті операциялары негізінде қалыптасқан және барлық активтік операциялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастыруға бағытталған банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығы.
Нарықтық қатынастарға өту барысында банктік ресурстарының құрылымында біршама өзгерістер болуда. Меншікті қаражаттар қатарына, біріншіден, коммерциялық банктің акционерлік капиталы, резервтік қоры, сол сияқты қосымша қорлар кіреді. Тартылған қаражаттардың жаңа түріне: Ұлттық Банктен және басқа да несиелік мекемелерден алатын несиелер, басқа банктердің, корреспонденттік шоттағы, депозиттік шоттардағы қаражаттары, облигацияларды сатудан түскен қаражаттар, лизингтік операцияларды жүзеге асырғаны үшін алынған тауарлы - материалды құндылықтар жатады.
Банктер ақша ресурстарын тартуда әр-түрлі әдістерді қолданады және олардың негізгісі болып мыналар табылады:
- Салымдарға, депозиттерге клиенттердің қаражаттарын тарту (заңды және жеке тұлғалардан) ;
- Жеке қарыз міндеттемелерін шығару;
- Есептік, ағымды және бюджеттік шоттарды ашу және енгізу, олардың иеленушілердің мекен - жайына түсетін сомаларды аудару.
Коммерциялық банктердің барлық тартып алған қаражаттарын 70%-ке дейін депозиттік операциялар бөлігіне кіреді.
Тартып алынған қаражаттарды және өздерінің қаражаттарын қалыптастыруы бойынша, банктердің саясаттын анықтай отырып, коммерциялық банктер соңғы рационалды құрылымға қол жеткізуі керек. Депозиттік ресурстар банктердің активті операцияларын соммасы және уақыт бойынша сәйкес келуі керек. Банктердің ликвидивтілігін жоғарылату үшін, салымдардың көлемін және санын өсіру мақсатында депозиттік операцияларының түрлерін кеңейту керек.
Ақша нарығында коммерциялық банктердің арасындағы бәсекелестік күрес қосымша ақша ресурстарын тартуда банктердің депозит түрлерін, пайыздық ставкаларды қолдануды, қызмет және жеңілдік түрлерін, салымшылар арқылы көрсетілген қызмет және жеңілдіктерді және жаңа ресурстарды тарту, әдістерін мәжбүр етеді. Банктер өзінің ресурстарын жоғарылату үшін қаражаттарды тарту альтернативті әдісі болып өздері шығаратын жеке қарыз міндеттемелер табылады. Оларға жататындар: банктердің сертификаттары, облигациялары. Бұл жұмыстың теориялық және тәжірибелік негізі болып мыналар табылады:
Қазіргі проблемалар бойынша экономистердің зерттеу құжаттары (біздің мемлекетте және шетелде), Қазақстанның коммерциялық банктері және Батыс мемлекеттердің банктерінің жұмысын талдау процесінде алынған құжаттарын талдау процесінде алынған құжаттар, мерзімдік басылымдардан алынған мәліметтер және статистикалық құжаттар.
Дипломдық жұмыстың мақсаттары мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың мақсаты нарықтық экономика жағдайында банк ресурстарын қалыптасу мүмкіншіліктерін қарастыру, ал атқаратын міндеттерім:
- Коммерциялық банктердің қаржы ресурстарының құрылымының экономикалық мәні мен маңызы;
- Коммерциялық банктердің сырттан тартылған ресурстарының құрылу көздері;
- Сырттан тартылған депозиттік және депозиттік емес операцияларды ұйымдастыру.
Диплом жұмысының зерттеу объектісі. «Нұр Банк» АҚ болып табылады.
Диплом жұмысының құрылымы . Диплом жұмысы кіріспе, негізгі үш бөлім және қорытындыдан тұрады. Бірінші бөлімде инвестициялық портфелінің теориялық негізін қарастырамын. Ал, екінші бөлімде «Kaspi bank» АҚ - ның 2010 - 2011 жылдардағы қаржы қызметіне талдау жүргіземін. Банк балансының актив және пассив бөлімдерінің құрамы мен құрылымына, банктің қаржы нәтижелерін қарастырамын. Сондай-ақ банктің инвестициялық қызметіне қажетті коэффициенттер есептеймін. Үшінші бөлімге келер болсақ, банктің инвестициялық портфелін жетілдіру жолдарын қарастырамын.
Дипломдық жұмыстың нормативтік-ақпараттық базасы . Диплом жұмысының негізгі ақпараттық базасын, экономикалық оқулықтар, оқу құралдары, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері, Бағалы қағаздар портфелін басқару заңы, « Нұр Банк » АҚ мәліметтері қолданылды.
Дипломдық жұмысым - бет, кесте, сызба, диаграмма және қосымшалардан тұрады.
1 Мектепте қаржы сауаттылығы пәні бойынша мектеп оқушыларға «коммерциялық банктердің сырттан тартылған ресурстарын қалыптастыру ерекшеліктерін» түсіндіру
1. 1 Мектеп оқушыларына «коммерциялық банктердің сырттан тартылған ресурстарының экономикалық мәні мен маңызын» түсіндіру
Несиелік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына тікелей қызмет көрсететін және коммерциялық негізінде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын дербес банктік мекемелер торабынан тұрады. Бұлар коммерциялық, кооперативтік және жеке банктер, банктік заңдылықтарда коммерциялық банктер деген жалпы атпен біріктіріледі.
«Коммерциялық банк» термині банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде, банктердің сауда, тауар айырбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет көрсетуі барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған. Бірақ өнеркәсіптің және басқа салалардың дамуымен банктер экономиканың өзге де сфераларына қызмет көрсете бастағандықтан да банктің «коммерциялық» деген атауы бастапқы мағынасын біртіндеп жоғалтты. Ол банктің «іскер» деген сипатын білдіреді, оның шаруашылық агенттердің барлық жұмыс түрлеріне қызмет көрсетуі олардың қызметтерінің саласына байланыссыз болады.
Мемлекеттің несие жүйесінде коммерциялық банктердің алатын орны өте зор. Олар қарыз капиталы нарығының әр түрлі саласында жан-жақты іс-әрекет етеді. Коммерциялық банктер несие ресурстарының негізгі бөлігін шоғырландырып, өз клиенттеріне несие беру, депозит қабылдау, есептесу, бағалы қағаздарды, шетел валютасын сатып алу-сату мен оларды сақтау және басқа да көптеген қаржылық қызмет көрсетеді.
Коммерциялық банктер - нарықтық экономикада несие жүйесінің негізгі буыны. Олардың міндеті ақша айналымы мен капитал айналымының үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету, өнеркәсіп мекемелерін, мемлекет пен халықты несиелеу, халық шаруашылығына қор жинау үшін жағдай жасау болып табылады.
Қазіргі коммерциялық банктер қаржы делдалы ретінде ақша капиталын салааралық және аймақаралық қайта бөлуді қамтамасыз етіп, маңызды халық шаруашылық қызмет атқарады. Капиталды салалар мен жүйелерге бөлу және қайта бөлудің банктік механизмі өндірістің объективтік қажеттілігіне байланысты шаруашылықты дамытуға және экономиканың құрылымын өзгертуге мүмкіндік туғызады.
Қазіргі коммерциялық банктер несие жүйесінің басқа буындары сияқты клиенттерге көрсететін қызметтерін үнемі дамытуда және көптеген жаңа түрлерін меңгеруде. Бүгінде кейбір мемлекеттердің коммерциялық банктері клиенттерге 300-ге жуық қызмет түрлерін көрсетуге мүмкіндігі бар несие мекемесі. /29/
Өнеркәсібі дамыған мемлекеттерде коммерциялық банктер бір-бірінен көптеген өзгешеліктеріне байланысты ажыратылады:
Біріншіден, жарғылық капиталды иелену және оны қалыптастыру жөнінен; Банктер акционерлік қоғам немесе шетел капиталының, шетел банктерінің қатысуымен жауапкершілігі шектеулі қоғамдар болып құрылуы мүмкін.
Екіншіден, жүргізетін операциялары жөнінен. Коммерциялық банктер әмбебап және маманданған болып бөлінеді.
Үшіншіден, іс-әрекеті тарайтын жер көлемі жөнінен - банктер федералдық (одақтық), республикалық және аймақтық болып бөлінеді.
Төртіншіден, экономиканың әр түрлі салаларына қызмет көрсету жөнінен - салалық және салааралық болып бөлінеді.
Дүниежүзілік тәжірибе дәлелдегендей қазіргі коммерциялық банктер өз қызметінде осы аталған өзгешеліктердің аралас варианттарын қолдануда.
"Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызметтер туралы" Заңға сәйкес банктер мынадай операцияларды орындай алады;
- ақылы негізде депозиттерді тарату;
- клиенттер мен банк-корреспонденттердің шоттарын жүргізу және оларға кассалық қызмет көрсету;
- қайтарымдылық, мерзімдік және төлемділік шарттарымен заңды және жеке тұлғаларға қысқа мерзімдік несиелер беру;
- инвестицияланатын қаражаттар иелерінің немесе иемденушілердің тапсырмалары бойынша капиталдық жұмсалымдарды қаржыландыру;
- заңда көрсетілген тәртіппен өз бағалы қағаздарын шығару (чектерді, вексельдерді, аккредитивтерді, депозиттік сертификаттарды, акцияларды және басқа да қаржылық міндеттемелерді) ;
- төлем құжаттарын сатып алу, сату және сақтандыру, олармен басқа да операцияларды жүргізу;
- ақшалай нысанда орындауды қарастыратын үшінші тұлғалар үшін кепілдеме және өзгеде міндеттемелерді беру;
- тауар тасымалын талап ету құқын, сатып алу және қызмет көрсету, осындай талаптардың орындалуын және бұл талаптардың инкассациялық тәуекелін өз мойнына алу;
- банктік операциялар бойынша брокерлік қызметтерді көрсету, клиенттердің тәуекелі бойынша олардың агенттері ретінде әрекет ету;
- клиенттер үшін құжаттар мен бағалылықтарды сақтандыру бойынша қызметтер;
- коммерциялық мәмілелерді қаржыландыру, сондай-ақ сату құқынсыз (форфейтинг) ;
- клиенттердің тапсырмалары бойынша сенімдік операцияларды (қаражаттарды қарау және орналастыру, бағалы қағаздарды басқару) ;
- банктік қызметпен байланысты кеңес беру қызметін көрсету;
- лизингтік операцияларды жүзеге асыру.
Ұлттық банкінің арнайы лицензиялары бар болса, банктер басқа да банктік қызметтерді жүзеге асыра алады. Соның ішінде шетел валюталарымен операцияларды жүргізу; халықтын ақшалай салымдарын қарау, ақшаларды аударуға байланысты қызметтерді көрсету (инкассация) .
Осы операцияларды топтай отырып, олармен атқарылатын негізгі қызметтерді былай кұруға болады:/30/
- уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау (депозиттік операциялар) ;
- экономиканы және халықты несиелендіру (активтік операциялар) ;
- қолма-қолсыз есеп айырысуларды ұйымдастыру және жүргізу;
- инвестициялық қызметті;
- клиенттерге басқа да қаржылық қызметтерді көрсету.
Ұйымдық тұрғыдан коммерциялық банктердін басым көпшілігі акциорнерлік қоғам формасында құрылған. Қоғамның жарғысы бойынша жоғары баскару органы акционерлердің жылдык жиналысы. Кезектегі және кезексіз жиналыс өткізілуі мүмкін. Кезексіз жиналыс банктің құрылтайшыларынын, кеңесінің талаптары бойынша өткізіледі. Жылдық жиналыста ірі акционерлерден түратын топтар кұрылып. олар банктін жұмысын кадағалайды. Жылдық жиналыста банктің есебі бекітіліп, оның директорлар кеңесі сайланады. Директорлар кеңесі жыл бойы банктің жұмысын күнделікті басқарады. Ол бірнеше кеңесші комитеттерден құрылып, нақты іс-әрекеттер бойынша қорытынды және ұсыныстар береді.
Уақытша бос ақша қаражатын шоғырландырып, оны капиталға айналдыру - банктердің ежелден атқаратын қызметтерінің бірі. Заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос ақшасын банке тарту, бір жағынан, олардың иесіне процент түрінде табыс түсірсе, ал екінші жағынан банктің несие операцияларын жүргізуіне негіз қалайды. Шоғырланған жинак ақша әр түрлі экономикалық және әлеуметтік қажеттіктерге жұмсалуы мүмкін. Тек банктің делдалдық етуімен ақша қаражаты жинакталып, кейің ол капиталға айналады.
Коммерциялык банктердің атқаратын келесі кызметі - несие беруде делдал болу. Бос ақша қаражат иесі мен қарыз алушының арасында тікелей несие қатынастарының туындауына кедергі болатын жәйттер: ұсынатын капитал көлемінің қарызға қажетті көлемге сай келмеуі, капиталдың айналыстан босау мерзімінің қарыздарға қажет мерзімге сай келмеуі. Сондай-ақ қарыздардың төлем қабілетсіздік қаупі капитал иесі мен оны қарызға алушының арасында тікелей несиелік байланыс болуын қиындатады. Капитал иесі қарыздардың қаржылық жағдайы туралы хабардар болмауы да мүмкін. Коммерциялық банктер карыз беруші мен қарыз алушының арасындағы қаржылық делдал ретінде осы кедергілерді жояды. Банктік несие экономиканың әр түрлі секторларына беріліп, өндірістің кеңеюін қамтамасыз етеді.
Ұйымдасқан және жұмысы қалыптасқан есеп айырысу жүйесінсіз тұрақты экономика болуы мүмкін емес. Сондықтан есеп және төлем жұмыстарын жүргізуде банктердін ролі зор. Кәсіпорындар арасындағы есеп айырысудың негізгі бөлігі қолма-қол ақшасыз жүреді, Банктер делдал ретінде клиенттердің тапсырысы бойынша шотқа ақша қабылдап, ақшаның түсуін және берілуін есептейді.
Коммерциялық банктердің ерекше қызметі төлем құралдарын шығару арқылы айналымдағы ақшаны көбейту немесе артығын жою, яғни ақша массасын көбейту немесе азайту. Төлем құралдарын шығару олардың депозиттік және несиелік қызметтеріне тікелей байланысты. Депозит екі түрлі жолмен: клиенттің банкке ақша салуы арқылы немссе қарыздарға банктің несие беруі арқылы жүргізіледі. Бұл операциялар айналымдағы ақша массасының көлеміне әр түрлі әсер етеді.
Коммерциялық банктердің депозиттерді (сонымен бірге ақша массасын) ұлғайту немесе кеміту мүмкіндігін орталық банктер міндетті резервтер жүйесі арқылы несие динамикасын басқаруда кеңінен пайдаланады. Банктердің резервтерін қысқартып, қорытындысында орталық банк депозиттердің қысқару реакциясын тудырса, ал резервтерді ұлғайту депозиттердің өсуін ынталандырады. Бірақ экономикаға айналымдағы шамадан тыс ақша емес, оның үйлесімді шамасы қажет. Сондықтан коммерциялық банктер орталық банк бекіткен шама шектеуімен (міндетті резервтср шегінде) әрекет етеді. /29/
Коммерциялық банктер акция және облигация түріндегі бағалы қағаздарды шығарып және орналастырып эмиссиялық-кұрылтайшылық қызмет атқарады. Банктердің жинақтарды өндірістік мақсатқа жұмсайтын мүмкіндігі бар. Сөйтіп бағалы қағаздар нарығы несие жүйесін толықтырып, әрі онымен тығыз байланыста жұмыс істейді. Ұзак мерзімді инвестиция тарту мақсатында кәсіпорындар акция және облигациялар шығарады. Бұл жағдайда кәсіпорындардың тапсырысы бойынша банктер бағалы қағаздардың көлемін, шығару жағдайы мен эмиссия мерзімін анықтауды, олардың типін таңдауды, сондай-ақ оларды орналастыру және екінші рет айналысқа түсіру міндетін өзіне алады. Шығарылған бағалы қағаздарды сатып алуға кепілдік береді. Ол үшін бағалы қағаздарды өз есебінен сатып алуды-сатуды ұйымдастырады немесе сатып алушыларға қарыз береді.
Сол сияқты банктер мемлекеттік облигацияларды белсенді түрде сатып алады және оларға жазылу операцияларын жүргізеді. Мемлекеттік облигацияларды қайта сатуда делдал ретінде екінші нарық ұйымдастырады. Бұл нарықтағы операцияларды сату курсы мен сатып алу курсының айырмасынан түсетін аса көп пайданы өзінс алып, оларды аса ірі банктер тобы монополды түрде жүргізеді.
Коммерциялық банктер бір жағынан, шаруашылық субъектілердің уақытша бос ақшалай қаражаттарын тартатын болса, екінші жағынан, бұл қаражаттар ессбінен кәсіпорындар мен ұйымдардың әр түрлі қажеттерін қанағаттандыратын арнайы мекеме. Коммерциялык банктің пассивтік операциялық негізінде оның қызметінің жүзеге асырылуы үшін қажетті банк ресурстары жинақталады.
«Банк ресурстары» термині «несиелік ресурсына» қарағанда кең ұғымды білдіреді. Банк ресурстары тек несиелеуге ғана емес, сол сияқты басқа да активтік немесе комиссиондық операцияларды қаржыландыру үшін пайдаланылады.
Жоспарлы экономиканы әкімшіл және әміршіл басқару жүйесі жағдайында банк ісінің ұйымдастырылуында мемлекеттік монополия көрінісі байқалды. Барлық кәсіпорындар, ұйымдар және мекемелер заңды түрде мемлекеттік банк мекемелерінде өздерінің ресурстарын міндетті түрде сақтауға тиіс болды. Банкке кәсіпорындар мен мекемелердің ресурстары іс жүзінде ақысыз тартылды. Тек кооперативтік кәсіпорындарға ғана жартылай мөлшерде төленді. Осындай жағдайларда жалпы мемлекеттік қарыз қоры деген экономикалық түсінік қалыптасты. Жалпы мемлекеттік қарыз қор халық шаруашылығын несиелеу үшін банк жүйесі арқылы мемлекеттің ықпалымен жинақталған қаражаттар жиынтығын білдіреді. Демек, олар банк ресуртары болып саналады. Несиелік қорды орталықтан бөлу сипаты банк ресурстарының құрылымдарына тікелей әсер етті. Сол кезеңдер де банк ресурстары меншікті және тартылған қаражаттарға бөлінген. Мұндағы меншікті қаражаттарға:
- жарғылық,
- резервтік,
- негізгі құралдар,
- мортизациялық,
- банк ісін дамыту қорлар,
ал тартылған қаражаттарға:
- мемлекеттік бюджет қаражаты,
- кәсіпорындардың, ұйымдардың есеп айырысу және ағымдық шоттардағы қаражаттары
- халықтың ақшалай жинақтары жатты.
Осындай жағдайларда банк ресурстары нарығы қалыптасып, мемлекеттің қарыз қоры осы нарықтың бір бөлігін құрады.
Бүгінгі таңдағы банк ресурстары нарығының құрылуында көптеген ерекшеліктер бар деуге болады. Коммерциялық банктердің қызметінің тұрақтылығы үшін, ең, бастысы, олардың баланстары өтімді болу керек, ал оның қамтамасыз етілуі, банктік ресурстар мен несиелік жұмсалымдар арасындағы көлемі және мерзімі бойынша тепе-теңдіктің сақталуын талап етеді.
Банк ресурстары нарығының пайда болуымен қатар бағалы қағаздар нарығы қалыптасады. Сөйтіп банктер жаңа қызмет түрлері ретіңде бағалы қағаздармен, факторинг, лизинг және басқа операциялармен тікелей жұмыс жасай бастады. Бұл, яғни банктің ресурстың құрамына тек қана ақшалай қаражаттар емес, сол сияқты тауарлы-материалдық құндылықтар және бағалы қағаздар кіреді дегенді білдіреді. Ұлттық (орталық) банкіміз «банктердің банкі» болып табылатындықтан, коммерциялық банктердің ресурстарының бір бөлігі сол банктен алған ресурстардан да құралады.
Демек, коммерциялық банктер ерекше бір кәсіпорын ретінде делдалдық қызметке байланысты, банктік ресурстар нарығында ақшалай ресурстарды сатып ала отырып, оны қажет ететін кәсіпорынға, ұйымға және халыққа сатып отырады. /30/
Банк ресурстары - бұл банктің пассивтік операциялары негізінде қалыптасқан және барлық активтік операциялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастыруға бағытталатын банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығы.
Нарықтық қатынастарға өту барысында банктік ресурстарының құрылымында біршама өзгерістер болуда. Меншікті қаражаттар қатарына, біріншіден, коммерциялық банктің акционерлік капиталы, резервтік қоры, сол сияқты қосымша қорлары кіреді. Тартылған қаражаттардың жаңа түріне: Ұлттық банктен және басқа да несиелік мекемелерден алатын несиелер, басқа банктердің, корреспонденттік шоттағы, депозиттік шоттардағы қаражаттары, облигацияларды сатудан түскен қаражаттар, лизингтік операцияларды жүзеге асырғаны үшін алынған тауарлы-материалды құндылықтар жатады.
Коммерциялық банктердің ресурстарының құрылымы олардың мамандануына, әмбебаптығы мен қызметінің ерекшеліктеріне қарай ерекшеленеді.
Банк ресурстарының құрылымына мыналар жатады:
1. Банктің меншікті капиталы.
2. Банктің заемдық және тартылған қаражаттары.
Банк ресурстарының құрамындағы меншікті капитал үлесі тартылған қаражаттарға қарағанда өте төмен болғандыңтан барлық қаражаттарға деген қажеттілігінің 10%-ға жуық бөлігі өтелсе, ал қалған бөлігі тартылған қаражаттардың үлесіне тиеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz