Экзистенциализм - рухани қайшылықтар философиясы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Пән: Философия
Тақырыбы: Экзистенциялизм
Жоспары:

I. Кіріспе.
II. Негізгі бөлім.
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі





Экзистенциализм - рухани қайшылықтар философиясы

Экзистенциализм адамтану, адам тіршілігінің мәні мәселесіндегі ғылыми әдістердің нәтижесіздігін кесімді түрде жариялады. Осылайша адамның иррационалистік болмысының бірегейлігіне аса мән беретін қазіргі заманғы ең ықпалды бағытқа айналды. Экзистенциализмді біржақты түсіну дұрыс болмас еді. Өйткені ол аса күрделі, ішкі қайшылықты, бүгінгі қоғамның рухани қайшылықтарының көрінісі болып табылатын ағым.
Бірінші және Екінші Дүниежүзілік соғыстар арасында адам өміріне, тірі тіршілікке деген құрметтің тапталуы бүкіл ғылымның, рационализмнің абыройын төмендетті. Бұл трагедия ойланатын адамдардың санасында өшпес із қалдырып, қайғылы замандағы адам тіршілігін, оның қайшылықтарға толы ой тебіренісін, адам өмірінің мән-мағынасын анықтау сияқты сұрақтарға көңіл бөлуге жетеледі. Дат философы С. Кьеркегордың, неміс философы Ф.Ницшенің, француз ойшылы Б.Паскальдың, орыс жазушысы Ф.Достоевскийдің, Мартин Хайдеггердің, Карл Ясперстің, Жан-Поль Сартрдың, Альбер Камюдің, Н.Бердяев пен Л.Шестовтың, Виктор Франклдың, Хосе Ортега-и-Гассеттің ойлары, еңбектері экзистенциализм бағытының теоретикалық қайнар көзіне айналды.
Экзистенция ұғымы (лат. exsistehtia - өмір сүру) ерекше рөл атқарады, оның барлық философиялық қағидаларының бастапқы негізін құрады. Экзистенциализмнің бастапқы негізі материяның, заттар дүниесінің өмір сүруі емес, жеке адамның өмір сүруі, оның көңіл-күйі, сезімі, ішкі талпынысы, яғни психикалық сезім құбылыстарының жиынтығы арқылы көрінетін субъекттің өмір сүруі. Демек, болмыстың ең жалпы формаларын зерттеу емес, сыртқы дүниенің немесе танымның мәнін ашу емес, адам өмірінің мәнін, экзистенциясының мәнін ашу. Адам өз болмысының мәнін түсіну арқылы ғана өзінен тыс сыртқы дүниеде не бар екені жайында пікір айта алады. Адамның нағыз тіршілігі, яғни экзистенциясы оның тәндік болмысына тең емес. Адамның нағыз тіршілігі, экзистенциясы ғылыми таным объективтілігінен сырғып, ұстатпайды.
Субъективтіліктің алғашқылығы бұл жерде гносеологиялық тұрғыдан ғана емес, онтологиялық тұрғыдан да көрініп тұр.
Экзистенциалистер адамның табиғатын ғылыми тұрғыдан танып-білуді жоққа шығарады, өйткені адам табиғатының ішкі сырын, оның өмір сүруінің мәнін ашу олардың философиясының мақсатына қайшы келеді. Заттарды ғылыми тұрғыдан танып-білу емес (олай ету өмірдің шындығын ашып көрсете алмайды, ғылым оның шын мәні жайындағы сұраққа жауап бере алмайды), адамның шын және жалған өмір сүруін бір-бірінен ажырата отырып жалған өмірге адамның күнделікті тіршілігін, ал шын өмірге оның әлеуметтік қатынастарға тәуелсіз, адамның ішкі табиғатынан туатын ерікті іс-әрекеттерін жатқыза отырып, экзистенциалистер: адам өзінің табиғаты бойынша бостандықтан ерікті түрде бас тартады, сөйтіп күнделікті тіршілігімен айналысуға бейім тұрады деп дәлелдейді. Адам үшін еріксіздік жағдайында өмір сүру әлдеқайда қолайлы да жеңіл, бостандыққа талпынудан гөрі тағайындалған тәртіпке бойсұну ыңғайлы деп қорытады экзистенциалистер.
Экзистенциализм бойынша, адамның міндеті дүниені өзгерту емес, керісінше, өзінің дүниеге деген қатынасын, көзқарасын өзгертуде. Қазіргі заманғы экзистенциализмді адам психологиясынсыз, дағдарыс сезімінсіз түсіну мүмкін емес. Үрей-қорқыныш - экзистенциализм философиясының басты ұғымы. Болашаққа сенімсіздік, ертеңгі күннен, тұрақсыздықтан үрейлену, өмір алдындағы қорқыныш - экзистенциализм философиясының әлеуметтік және психологиялық түп-тамырлары. Экзистенциалистер бұл дағдарыстан шығудың жолын қоғамдық қатынастарды өзгертуден іздемей, адамдардың қарым-қатынасының шеңберін тарылтудан іздейді. Ал діни экзистенциалистер бұл жолды құдайға жалбырынудан іздеуді ұсынады.
Экзистенциализмнің жеке өкілдерінің әлеуметтік-саяси көзқарастары да бірдей емес. Мәселен, Сартр мен Камю Францияны неміс фашистері басып алған кезде жауға қарсылық қозғалысына қатысты, ал 60-жылдардың аяғынан бастап солшыл радикализмді және экстремизмді жақтады. Ясперс пен Марсельдің саяси бағыты либералдық сипатта болса, Хайдеггер фашистік нәсілшілдік саясат жетегімен өзінің еврей ұлтты қарт ұстазы Гуссерльдің қудалануына, моральдық азап шегуіне және дүниеден өтуіне себепкер болды.
ХХ ғасырдағы Еуропалық өркениеттің дағдарысы адамзаттың ақыл-ойы мен адамгершілік құндылықтарға сенбеушілікті тудырды. Бұл салада анықталған ең бірінші жаңалық - ғылым мен техника дамыған сайын адам болмысының тұрақсыздығы мен нәзіктігінің өсе түсетіндігі. Күрделенумен қатар қатігезденіп жатқан дүниеде тұрақтану үшін адам ең алдымен өзінің ішкі өмірін талдап, соның негізінде өзінің мүмкіндіктері мен қабілеттерін бағамдауы қажет. Өз тіршілігіне қас дүниеге адам өзінің рухы арқылы ғана қарсы тұра алады. Олай болса, адамға ең керекті нәрсе - зат, материя, я болмаса идея, таным емес. Оған керегі - адам философиясы. Адам - ол: субъект. Ерікті, өз-өзіне жеткілікті, жауапкершілікті болмыс.
Тіршілік философиясының негізінде экзистенция және эссенция ұғымдары жатыр. Мысалы, жануарлар дүниеге өзінің мән-мағынасымен бірге келеді. Ал адам - алдымен дүниеге өзі келеді. Сан түрлі жағдайларды бастан кешіп барып қана өз өмірінің мән-мағынасына ие болады. Яғни адамның өмір сүруі - оның мән-мағыналыққа жетуінен алда жүреді. Мысалы, жаңа туылған бота, күшік, марғаулар өз аяғына тұрған бойда анасының мәліметінсіз-ақ өз тіршілігін бастайды. Ал дүниеге жаңа келген сәби анасыз өмір сүре алмайды. Оны көп жылдар бойы тәрбиелеп өсіру қажет, содан кейін ғана ол өз өмірі жайлы сұрақтардың мән-мағынасын ашуға тырысады.
Экзистенциализмде шекаралық ахуал деген ұғымға көп көңіл бөлінеді. Ол - өмір мен өлімнің арасында қалу, үрей мен алаңдау. Тек өз өміріне қауіп төнген жағдайда ғана, жан дүниесі терең сілкініске ұшырағанда, өмірде болу сезімінің негізінде адам тез жетіліп, өз өмірінің қайталанбайтын ерекше мәнін ашады.
Экзистенциализм - адамның бостандығына, еріктілігіне ерекше көңіл бөледі. Еріктілік - қажеттілікті тану, я болмаса табиғи дарынды іске асыру емес. Ол - өмір сүрумен тең. Адам дегеніміз - өзін-өзінен жасайтын пенде. Ол - өзінің өзіңдік жоспары. Бұл дүниеде адамды еш нәрсе билей алмайды. Адамның себебі тек өзіңде ғана, ол өзіне Gausa sui. Ал бостандық, еріктілік дегеніміз - таңдау. Адам ерікті пенде ретінде ойына не келсе, соны істей алады. Бірақ сонымен қатар ол өз істеріне жауапты да өзі береді. Сондықтан Ж-П. Сартр: Еріктілік дегеніміз - адамға артылған адамгершіліктің ауыр жүгі, - деген болатын. Адам ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Альбер Камю шығармасындағы өмірдің мәні
Өмірдің мәні адам өмірінің барлық аспектілерін біріктіреді, материалдық жағынан рухани әлемге және адам рухының алып батылдығына дейін
Философия, оның пәні. Философия тарихы
Экзистенциализм және өмір философиясы
Танымның сезімдік формасы
Қазақ әдебиетіне жаңаша бояу енгізген бағыт пен Әбіш Кекілбаев шығармашылығында сіңісе отырып әкелген әсерін зерттеу, зерделеу және оқыту мәселесімен таныстыру
Хіх-ХХ ғасырлардағы батыстық философиялық бағыттардың негізгі проблемалары
Жаңа ғасыр философиясы
Экзистенциализм философиясы
Фейербах және антропологиялык материализм
Пәндер