Франсуа Вольтер философиясы
Пән: Философия
Тақырыбы: Франсуа Вольтер (1694-1778 жж)
Жоспары:
I. Кіріспе.
II. Негізгі бөлім. А) Француз материалистерінің көзқарастары б) Франсуа Вольтер философиясы
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
ХҮІІІ ғасырдағы француз ағартушыларының ішінде философ-материалистерді ерекше атауға болады. Өз кезіндегі жаратылыстанудың жетістіктерін ескере отырып, олар алдыңғы қатарлы материалистік көзқарастарды дамытты. Материалист-философтар табиғаттағы жалпыға бірдей өзара әрекетті және қозғалысты материяның табиғи қасиеті ретінде мойындады. Дүниені тану мәселелерінде олар Локктың материалистік сенсуализмі көзқарасында болды, бірақ оған бірізділік сипат берді: Локктың "ішкі тәжірибе" туралы ілімін алып тастап, олар тануды сыртқы дүниенің адам санасындағы бейнесі деп дұрыс түсіндіреді.
Француз материалистері материалистік таным теориясын дамытуда бір қадам ілгері жасады, бірақ олардың ұсынған тұжырымы метафизикалық сипатта болды. Олар негізгі ұғымдарды метафизикалық тұрғыдан түсіндірді.
Материалистер-философтардың табиғатқа көзқарастары дүниені жаратқан құдайдың жоқтығы туралы қорытынды жасауға мүмкіншілік берді. Француз материалистері дінге және католиктік шіркеуге қарсы белсенді күресті. Бірақ олар діннің таптық тамырларын және мәнін түсінбеді, олар негізінен адамдардың надандығынан туындайды, осы зұлымдықты жою ағарту ісін және ғылыми білімді тарату арқылы жоюға болады деп есептеді. "ХҮІІІ ғасырдағы ұлы ойшылдары" және олардан бұрынғылар да қоғам дамуында идеалистік көзқарасты ұстанды ХҮІІІ ғ.барлық ағартушылар сияқты олардың айтуынша, "дүниені көзқарас билейді" деген болатынды, демек, көзқарасты өзгерту өзінен кейін дүниені өзгертеді, дүние ағарту ісін тарату және заңдылықты жақсарту арқылы өзгерді, әлеуметтік революция жолымен емес.
Франциядағы ұлы буржуазиялық революцияны идеялогиялық жағынан сол дәуірдің атақты ойшылдары, ағартушылары әзірледі.
ХҮІІІ ғасырдың ортасында Францияда орын ала бастаған капиталистік даму үрдісі елде ертеден қалыптасқан феодалдық қатынастармен қайшылыққа кездесті.
Француз қоғамы бұл кезеңде үш топқа бөлінді:
Бірінші және екінші топтағылар діниелері және дворяндар - бүкіл жерді биледі және өздерінің құқықтары мен жеңілдіктерін пайдаланып, бұқара халықты, шаруаларды, қолөнершілерді аяусыз қанады, олар үшінші топты құрады, үшінші топ өз құрамы жағынан әртүрлі болды, шаруалардан басқа купецтер, фабриканттар, банкирлер кірді.
Бұқара халықтың феодализмге қарсы қозғалысы 1789 жылғы төңкеріспен аяқталған болса, бұл қозғалысты буржуазия тағы басқарды.
Фрнацуз буржуазиясының идеялогиясы өзінің анық көрінісін ағартушы-философтардың еңбектерінде тапты. Олар барлық феодалдық құрылысқа қарсы күресті.
Француз ағартушыларының өзінің философиялық және саяси көзқарастары жөнінен ерекше көрнекіліктері Вольтер, Руссо, материалист-философтар Гельвеций және Дидро болды. Барлық ағартушылар феодалдық өкіметтің деспатизмі мен зұлымдығына, діни фонатизмге қарсы шықты. Француз ағартушыларының көзқарастары төңкерісті идеялогиялық жағынан дайындауда ерекше роль атқарды.
Франсуа Вольтер философиясы
Франсуа Мариаруэ Вольтер (1694-1778) - француз жазушысы, философы, тарихшысы, француз ағартушыларының көсемдерінің бірі. Өзінің шығармаларына феодалдық қатынастарды, деспотияны, дінді қатты сынайды.
Жоғарыдан реформа жасау арқылы қоғамда өзгерістерге жетпекші болды. Әлеуметтік жамандық білмеушіліктен деп есептеген. Оның пайымдауынша, теңдік, еркіндік жаратылыстан берілген құқықтар. Барлық азаматтар заң алдында тең. Бірақ мүліктік теңсіздікті адамдардың жаратылысынан солай деп түсінді. Кез келген еркіндіктің бастауы - ұят пен сөз еркіндігі. Католиктік шіркеу мен католицизмге Вольтер қарсы болғанымен, жалпы дінге қарсы болған жоқ. Көпшілік халықты қолда ұстау үшін дін өте қажет деп есептеді. Қоғамды демократиялық негізде қайта құру мәселесі оны алаңдатқан жоқ. Ол үшін маңызды мәселелер: жаратылыс құқы, еркіндік, тендік. Еркіндік ол үшін бірінше кезекте жеке адамның, индивид еркіндігі, ал жалпы қоғам еркіндігіне мән бермеді. Жеке адам еркіндігінің негізі - сөз еркіндігі, онымен бірге баспасөз еркіндігі. Католиктік шыдамсыздыққа қарсы ар-ұят еркіндігін ерекше қарсы қойған. В. пікірінше, нағыз еркіндік адамдар бір-бірінен тәуелсіз болған жағдайда болады. Яғни, автономды субъектілерге айналу шарт болады. Сонда тәуелділік басқа сипат алады, заңға тәуелді болмақ.
Фернейдегі Вольтер үйі
В. басқалардай еркіндік пен теңдікті бір-біріне қарсы қоймайды, қайта еркіндік теңдікпен толықтырылып, күшейтіледі. Адамдардың теңдігі саяси-заңды мағынада: барлық адамдар заң алдында тәуелді әрі барлығы бірдей заңмен қорғалады. Мүліктік теңсіздік олардың жаратылысынан деп түсінді. Әрі мүлікке иелік адамның қоғамдағы жағдайын анықтайды. Мысалы, қоғамдық мәселелерді шешуде тек мүлік иелері ғана дауыс беруге құқылы. Осы тұрғыдан сословиелік артықшылықтарды және шіркеулі соттарды жоюды ұсынды. Аристократияны бюрократиямен ауыстыруды ұсынды. Ал реформаларды жүргізуді кемеңгер мемлекеттік билікке жүктеді. Абсолюттік монархияны, кемеңгер монарх билігін қолдады. Ол тек білімді, ақылды ғана емес, сонымен қатар қайырымды болуы керек дейді ол. Мемлекет - алғашында республика түрінде пайда болған отбасылар бірлестігі. Оның пайда болуы табиғи дамудың нәтижесі. Республика адамдардың табиғи жағдайына келеді. Билік мұнда көпшілік еркімен бағытталады. Ал оны бір адам немесе заңдар негізінде адамдар тобы іске асырады. Мемлекетті басқару түрлеріне емес, институттар арқылы іске асатын принциптерге мән берді. Мұндай әлеуметтік-саяси, құқықтық принциптерге еркіндік, меншік, заңдылық, қайырымдылық жатады.
Вольтер негізінен француз ағартушыларының бастаушысы болып есептеледі. Себебі оның саяси және әлеуметтік ойлары Дидро, Руссо, Мабли ойларына қарағанда әлдеқайда тұрақты болды. ХҮІІІ ғасырдың орта шенінде Вольтер елуден асып, көптеген көркем, философиялық, ғылыми мазмұндағы шығармалардың авторы ретінде есімі күллі Европаға танымал болған кезінде ағартушылық қозғалыс кең құлаш жайды. Вольтер осы француздың төңкерісшіл ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz