Түркіменстан мемлекетінің картасы



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1. Түрікменстанның қазіргі даму алғышарттары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1 Географиялық орнының ерекшеліктері, әкімшілік бөлінуі
(облыс, аудан)
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Мемлекеттің даму тарихы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 12
1.3 Табиғат жағдайлары мен табиғат ресурстары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
1.4 Қорғалатын аумақтары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .23
1.5 Халқы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31

2. Түрікменстан республикасының даму
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... 35
2.1 Әлеуметтік-экономикалық дамуы ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... 35
2.2 Түркіменстандағы туризмнің даму бағыттары
... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..51

3. Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы байланыстардың
дамуы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .46
3.1 Елдің геосаяси жағдайы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 46
3.2 ТМД елдерімен экономикалық байланыстары
... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..51
3.3 Түрікменстан мен Қазақстан арасындағы байланыстың дамуы
... ... ... ... ... 57

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .63

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..64

КІРІСПЕ

Диплом жұмысының өзекті мәселелері. Бүгінгі таңда Түркіменстан —
экономикасы жақсы қарқынмеи дамып келе жатқан ел. Тәуелсіздік алған алғашқы
жылдардан-ақ өзге даму жолына түскен Түркіменстан өз бетімен әлемдік
экономикалық кеңістікке шығудың мүмкіндіктерін қарастырған ТМД елдері
ішіндегі ерекше мемлекет. Шекаралық жағдайы және экономикасының басты
салалары мұнай мен газ өнеркәсібінде тоғысын табатын Қазақстан мен арадағы
қатынас, экономикалық байланыстар актуалды тақырыпқа өзек болып тұр.
ІЖӨ-нің жан басына шаққандағы жылдық өсімі мұнда 20 пайыз. Мемлекеттің
қатаң бақылауының астында дамып келе жатқан елде ұрлық-қарлық жоқ. Рыноктық
катынастар да дамып келеді. Мемлекеттік бюджет кірісінің қомақты бөлігін
мұнай мен газды сыртқа шығарудан басқа мақта иіру кәсіпорындарының
тізбесінен басқа салық та құрайды. Жоғары технологияға негізделген ондай
кәсіпорындар саны қазір 63-ке жеткен. Жыл сайын бұл елде 158 млн. шаршы
метр мақта-мата бұйымдары мен 82 мың тонна жіп иіріледі. Осы өнімдерін
Түркіменстан әлемнің жоғары дамыған 30-дан артық еліне шығарып тұрады.
Жалпы, бұл ел әлемнің 80-нен артық елімен белсенді сауда-экономикалық
байланыстар жасайды. Соның ішінде біздің елімізбен байланыс жоғарғы
қарқынмен дамып келеді. Былтырғы жылдың өзінде төрт рет жоғары деңгейдегі
кездесулер болды. Каспий бойы газ құбырын салудан басқа екі елдің аумағына
темір жөне тас жолдар салу туралы келісімдерге қол жеткізілді.
Түркіменстанға тиесілі Каспий кайраңын бірлесе игеру туралы да жоғары
деңгейде пікірлер айтылды.
Қазақстан мен Түркіменстан арасындағы құрлықтағы шекараның ұзындығы
426 шақырым. Ол 2001 жылдын, 5 шілдесінде ратификацияланған екі жақты
келісім-шартпен толығымен шегенделген. 2006 жылы екі елдің арасындағы тауар
айналымы 153 млн. 299 мың АҚШ доллары көлеміне жетті. Бұл 2005 жылмен
салыстырғанда 2,2 есе артық. Соның ішінде экспорт 20 млн. 689 мың доллар,
ал импорт 132 млн. 610 мын долларды құрады.
Түркіменстан жағы бізден негізінен өсімдік өнімдерін, темекі, ұн және
химия өнеркәсібі өнімдерін импорттайды, ал біз минералды және химиялық
өнімдер аламыз Түркіменстан бізден бұрын негізінен астық пен ұн ғана алса,
кейінгі жылдары өзін-өзі астықпен толық қамтамасыз ету бағдарына иек артып,
оны бізден алуды азайтқан.
Ғылыми жаңашылдығы. Түркіменстан -өзінің ерекше жолымен өсіп келе
жатқан жұмбақ ел. Тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан-ақ ол өзге жұрттан
басқа даму жолына түсетінін жария еткен болатын. 1991 жылдың 12 қазанында
өз тәуелсіздігін жариялап және осы сәттен бастап ерекше мәртебелі ел
болуды мақсат тұтып, әрекеттер жасаған. 1995 жылдың 12 желтоқсанында
әлемнің 185 елінің қолдауымен ол БҰҰ-ның бейтарап ел деп таныған шешіміне
қол жеткізді. Ғылыми ізденіс барысында Түркіменстанның өзіндік дамуының
негізгі жолдарын айқындау және екі ел арасындағы тиімді байланыс бағыттары
көрсетілді.
Практикалық маңыздылығы
Тәуелсіздігін алғаннан кейінгі кезеңде Түрікменстан өз бетімен әлемдік
экономикалық кеңістікке шығудың мүмкіндіктерін іздестіруде. Елдің
экономикалық тәуелсіздігіне қол жеткізу мақсатында арнайы мемлекеттік
бағдарлама қабылданды, елдің дамуының негізгі бағыттары анықталды:
- экономикада құрылымдық өзгерістер жүргізу;
- әлеуметтік саладағы бағдарламаларды жүзеге асыру;
- азық-түлік және халыққа қажетті тауарларды өндіру көлемін арттыру;
- нарықтық қатынастар мен кәсіпкерлікті одан әрі дамыту;
- ел экономикасына шетел инвестицияларын кеңінен тарту. Осындай іс-
шараларды жүзеге асыру барысындағы олардың тәжірибесімен танысу.
Дипломдық жұмысының мақсаты – Түрікменстанның өркендеп, даму үстіндегі
экономикасының басты саласы мұнай және газ өнеркәсібінің дамуына талдау
жасап, бұл өндірістің қоршаған ортаға әсеріне баға беру және өзара тиімді
байланыстың өзекті көздерін айқындау..
Диплом жұмысының міндеттері. Түрікменстанның тарихи қалыптасуы мен
қазіргі дамуына талдау жасау;
- Қазіргі таңдағы экономикалық және достастық қарым-қатынастары
анықталды;
- Каспий мәселелері қаралды.
Зерттелу объектісі. Түркімения мен Қазақстан арасындағы өзара тиімді
байланыс жолдары және әлеуметтік-экономикалық дамудағы Түркімения
тәжірибесін үйрену.
Диплом жұмысының теориялық және әдістемелік негіздері. Ғылыми
зерттеулерге қойылатын теориялық талаптарға сай ғылыми деректер
топтамаларына және осы бағыттағы арнайы мерзімдік басылымдарды, жарияланған
материалдар мен ресми құжаттарға, келісім-шарттарға арқа сүйей отырып
зерттеудің теориялық тұжырымдарын жасау. Әдістемелік негіздері ғылыми
дәйектілік, обьективті дәлдік және диплом жұмысының тақырыптары мен
талаптары.

1 Түрікменстанның қазіргі даму алғышарттары

1.1 Географиялық орнының ерекшеліктері, әкімшілік бөлінуі, (облыс,
аудан)

Жерінің ауданы- 491,2 мың км2
Халқы – 5620 мың адам (2007 ж.)
Астанасы-Ашхабат (500 мың адам)
Мемлекттік құрылымы- республика
Мемлекеттік басшысы- президент
Заң шығарушы органы- парламент
Мемлекеттік тілі- түрікмен тілі
Ұлттық валютасы- түрікмен манаты

Сурет 1. Түркменстан мемлекетінің саяси картасы

Географиялық орны.
Түрікменстан Республикасы Әмудария мен Каспий теңізі аралығында,
солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай созыла орналасқан. Солтүстігінде
Қазақстан және Өзбекстан, шығысында Өзбекстан және Ауғанстанмен,
оңтүстігінде Ауғанстан және Иран мемлекеттерімен шектеседі. Батысын Каспий
теңізінің сулары шайып жатыр. Маңызды мұнай кен орындары шоғырланған,
бірнеше мемлекеттердің геосаяси, экономикалық мүдделері тоғысатын Каспий
алабымен көршілес орналасуы елддің геосаяси жағдайын анықтауда басты орын
алады. Бұл орайда Түрікменстанның Каспий мұнайын Иран мен Парсы шығанағы
жағалауына тасымалдаудағы айырықша аралық орны да елдің аймақтық
саясаттағы орнына ықпал етеді.
Түркіменстан – жер көлемі 488,1 мың шаршы шақырымды алып жатқан,
батыстан шығысқа 1100, солтүстіктен оңтүстікке 650 шақырымға созылып жатқан
мемлекет. Жерінің 80 пайызы қарақұм шөлінің еншісінде. Халқының саны 6
млн. адамға жуық. Елінің астанасы – Ашхабат қаласы Копет-Даг тауының
етегіне орналасқан, тұрғыны 600 мыңдай адам [2,11б.].

Әкімшілік бөлінуі:

Түркіменстан 5 әкімшілік-экономикалық аумаққа бөлінген. Олар уелаят
(уәлаят) деп аталады. Ахал, Балқан, Дашоғұз, Лебап, Мары уалаяттарын және
Ашғабат қаласын президент тағайындаған хакимдер басқарады. Уеллаяттардың
құрамына 46 этрап (атырап) және 528 генгеши (кеңес) енеді.

Тарихы: Түркіменстан 1991 ж. қазанның 12 өз тәуелсіздігін жариялап
және осы сәттен бастап ерекше мәртебелі ел болуды мақсат тұтып, әрекеттер
жасаған. 1995 ж. желтоқсанның 12 әлемнің 185 елінің қолдауымен ол БҰҰ-ның
бейтарап ел деп таныған шешіміне қол жеткізді.

Саясат жағдайы: Түркіменстанда ең үлкен лауазым иесі, әрі атқарушы
биліктің басшысы — елдің президенті.

Ал Халық маслахаты елдегі халық билігінің ең жоғарғы өкілді органы
болып табылады. Оның құрамы 2 мың адамнан артық. Осы органның да төрағасы
президент.
Елдегі заң шығарушы орган Меджилис деп аталады. Оның құрамында 5 жыл
мерзімге сайланатын 50 депутат бар.
Түркіменстанда азаматтық қоғамның да атрибуттары бар. Кәсіподақ,
ақсақалдар кеңесі, Мақтымқұлы атындағы жастар одағы, Горбансолтан әже
атындағы әйелдер одағы, дін жөніндегі кеңес және т.б. мемлекеттік бюджеттің
есебінен жұмыс істейді.
Елде бір-ақ саяси партия тіркелген. Демократиялық партия деп аталатын
оның құрамында 100 мыңнан артық мүше бар.
Аумағының қалыптасуы.
Ежелгі қоныстар Түрікменстан жерінде б.з.д. 1 мың жылдықта пайда
болған. Мургаб өзені бойындағы шұраттарда осы кезеңде ежелгі қалалар мен
алғашқы мемлекеттер (Маргиана, Парфия, Мидия) пайда болған. Географиялық
орнының ерекшелігіне байланысты ежелден-ақ түрікмен жері арқылы Шығыс пен
Батысты жалғастыратын көне керуен жолдары өткен. Үндістан мен Қытайды
Жерорта теңізі бойы елдерімен байланыстыратын құрлықтағы маңызды сауда
жолдарының өтуі мұнда көптеген елдердің сауда және әскери мүдделерінің
тоғысуына себепші болды.
10 ғасырда Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан Мерв қаласы ірі сауда
орталығына айналып, 11-12 ғасырларда елдің астанасы қызметін атқарды.
Аймақтағы басқа елдер сияқты, түрікмен жері де монғол шапқыншылығына
ұшырады, соның салдарынан гүлденген қалалары қирап, отырықшы мәдениет
күйреді. Осыдан кейінгі кезеңде бұл аумақ Әмір Темір мен оның ұрпақтарының,
ал 16-17 ғасырлар Бұхара және Хиуа хандықтарының қол астында болды.
Түрікмен ұлтының түбегейлі қалыптасуы осы тарихи кезеңге сәйкес келеді
[3,23б.].
19 ғасырдың соңында Түрікменстан аумағы біртіндеп Ресей империясының
құрамына өтті. Қазан революциясынан соң Орта Азияның басқа аумақтарымен
бірге 1918 жылы құрылған Түркістан Автономиялық республикасы құрамына енді.
1924 жылы КСРО құрамындағы Түрікмен
КСР-і болып қайта құрылды.
1991 жылғы 27 қазанда тәуелсіздігін жариялады. Мемлекеттік құрылысы
жөнінен республика болып саналатын Түрікменстан әкімшілік жағынан 5
уәлаяттан (облыс)тұрады.
Ресейде, Ресей Федерациясының Президент әкімшілігінің ұйғаруымен 17
тамыз 1995 жылы №1495 қаулысы бойынша Бұрыңғы СССР республикаларының және
астана атауларының жазылуы бойынша Түрікмения астанасы Ашхабад болып
қалды.
Түрікменстан 5 әкімшілік-экономикалық аумаққа бөлінген. Олар веллаят
(уәллаят) деп аталады. Ахал, Балкан, Дашховуз, Лебан, Мары валлаяттарын
және Ашғабат қаласын президент тағайындаған хакимдар басқарады.
Веллаяттардың құрамына 46 этрап (атырап) және 528 генгеши (кеңес) енеді.
Ашхабат
Түрікменстан Аядават
Ел, мемлекет: Түрікменстан
Координаттары: 370 5700 с.е. 580 23 00 ш.б.
Қаланған жылы: 1818 ж.
Бұрыңғы аты: Полторацк
Халқы: 5620 мың адам (2007)
Конфессиалдық (діни) құрамы: сунниттер, христиандар, бахайлар
Ашхабат (түрікм. Аядават) бұрын Асхабат және Полторацк-Түркімения астанасы
жеке әкімшілік аумақ (бірлік). Елдегі түрікмендерден кейінгі көп халық
өзбектер, орыстар, қазақтар, азербайжандар, армяндар, ирандар, түріктер
және т.б. халықтардың өкілі тұрады. Қазақтың саны бұрын 120 мың болса,
қазір олардың Қазақстанға көшіп келуіне байланысты 60 мыңға жуық қазақтар
қалған.
Қала атауы парсы тілінен аударғанда Махаббат қаласы (эшг - махаббат,
обод - шоғыр, шоғырлану) дегенді білдіреді.

Кесте 1. Түркіменстанның әкімшілік бөлінісі

Орысша Түрікмендік Халқы Халық Халық Аудан Орталы-ғы
атауы аталуы (2006) тығыздығы тығыздығы саны
мың км2 км2 (этрап)
тұрғын
Ашхабат Аsgabat 733,0 95,4 8,3 8
Ахал Ahal 794,6 138,5 3,5 6 Рухабад
велаяты welayaty
Балкан Balkan 481,3 73,6 16,3 8 Балканабат
велаяты welayaty
Дашогуз Dasoguz 1203,1 93,8 12,5 13 Дашогуз
велаяты welayaty
Лебап Lebar 1169,1 86,8 14,9 11 Түркменабат
велаяты welayaty
Марый Mary 1291,8 Мары
велаяты welayaty

1917 жылы қазіргі Түрікменстан территориясы Каспий маңы облысы
(астанасы-Асхабат) және Бұхар әмірі құрамына кірген. 1919 жылы орталығы
Ташкентте орналасқан Түркістан Советтік Федеративтік республикасы құрылды.
Осыған Түркменияның көптеген бөлігі енді. Түркменияның өзі жеке әкімшілік
бөлігі енді. Түркменияның өзі жеке әкімшілік аймақ (бірлік) ретінде 1921ж.
Түрікмен облысы болып бөлінді. 1924 ж. Бұхар НСР ликвидациясынан кейін
оның батыс аудандары Түркімен облысынан Түркімен ССР-на бірікті.
Түрікмен ССР алғашқы Керкі, Ленин (кейін Чарджуй), Мерв, Полтарацк
(кейін ашхабат) және Ташауыз деген аумақтарға бөлінген. 1939 ж. Блыстық
бөліну енгізілді:
- Ашхабат облысы
- Красноводск облысы
-Марый облысы
-Ташауыз облысы
1943 жылы Керкі облысы қалыптасып, 1947 жылға дейін өмір сүрді. Осы
жылы Красноводск облысы жойылды.
1952 жылы Красноводск облысы қалпына келтірілді, бірақ 1955 ж. Қайта
жойылды.
1959 ж. Ашхабат облысы жойылды.
1963 жылы Марый, Ташауыз және Чарджоу облыстары жойылды, бірақ 1970
дылы қайта қалыптасады.
1973 жылы Ашхабат және Красноводск облыстары қалпына келтірілді.
1988 жылы Ашхабад және Красноводск облыстары қайтадан жойылды.
1991 жылы бұрыңғы Красноводск облысы орнында Небит-Даг орталығымен
Балқан облысы құрылады.

Түркіменстан тәуелсіздік жылдарында
1992 жылы бұрынғы Ашхабад облысының орнында Ахал велаяты құрылды.
Астанасы алғашқыда Ашхабад болды, кейін Энев, сосын Рухабад жобасының
іске асуымен Рухабад болды. Балкан және Марый облыстары Балкан және Марый
валаяты болып өзгертілді. Ташауыз облысы Дашогуз велояты болды. Чарджоу
–Лебап болды. Ашхабат қаласы жеке әкімшілік аумақ болып табылады және ешбір
велаят құрамына кірмейді.
Ахал велаяты
Ел, мемлекет - Түркімения
Дәрежесі – велаят
Құрамы - 8 этрап
Әкімшілік орталығы - Энев
Басқарушысы - хакім
Мемлекеттік тілі - түрікмен
Халқы - 794,6 мың
Тығыздығы- 8,3 адам км2
Ауданы – 95,4 мың км2
Сағаттық белдеуі –UTC +5
Ахал велаяты – Түрікменстанның оңтүстігіндегі әкімшілік аймақ. Ол
бұрыңғы Ашхабад облысы аумағында 1992 жылы құрылған. Алғашқыда әкімшілік
орталығы Ашхабад қаласы болса, кейін Ашхабад бөлек әкімшілік аймаққа
бөлініп, ал велаят орталығы-Энев болды.
8 этрап пен 1 қалаға бөлінеді:
1. Безмейин қаласы
2. Ашхабад этрабы
3. Бабадайхан этрабы
4. Бехерден этрабы
5. Гевер
6. Гокдепин этрабы
7. Какин этрабы
8. Серах этрабы
9. Геджен этрабы
Балкан велаяты
Мемлекет – Түркіменстан
Статусы – велаят
Құрамында -6 этрап, 4 қала
Әкімшілік орталығы – балканабад
Хаким –Тагиев Т.
Ресми тілі – түркмен
Халқы (2002 ж) – 481,3 мың
Тығыздығы – 3,5 адам км2
Аумағы -138,5 мың км2
Балкан валяты
Түркіменстанның батысдағы әкімшілік бірлік. 1992 жылы Балкан облысының
аумағында құрылған.
6 этрап және 4 қалаға бөлінген:
1. Балканабад қаласы
2. Кумдаг қаласы
3. Түрменбасшы қаласы (Красноводск)
4. Хазар қаласы
5. Эсенкул этрапы
6. Каррыкалы этрапы
7. Газанджы этрапы
8. Гызыларбат этрапы
9. Гызылтерек этрапы
10. Түркменбасы этрапы
Дашогуз велаяты
Дашогуз велаяты – Түрменстанның солтүстігіндегі әкімшілік бірлік. 1992
жылы Ташауыз облысының аумағында құрылған. 8 этрап және 1 қалаға бөлінген:
1. Дашогуз қаласы
2. Акдепі этрапы
3. Болдумсаз этрапы
4. Губадаг этрапы
5. Дашогуз этрапы
6. Йыланин этрапы
7. Куняургенч этрапы
8. Спармұрат Түркіменбашы этрапы
9. Тагтин этрапы
Лебап велаяты
Лебап велаяты – Түркіменстанның шығысындағы әкімшілік бірлік. 1992
жылы бұрыңғы Чарджоу облысының аумағында құрылған. 13 этрап және 3 қалаға
бөлінген:
1. Говурадк қаласы
2. Сейди қаласы
3. Түркменабад қаласы
4. Бойныузын этрапы
5. Гарабекевул этрапы
6. Дарганати этрапы
7. Керкий этрапы
8. Сакар этрапы
9. Сапармұрат-Ниязов этрапы
10. Саят этрапы
11. Түркіменабад этрапы
12. Фарап этрапы
13. Халач этрапы
14. Ходжамбаз этрапы
15. Чаршангин этрапы
Марый велаяты
Марый велаяты – Түркіменстанның оңтүстік-шығысындағы әкімшілік бірлік.
1992 жылы бұрыңғы Марый облысының аумағында құрылған. 11 этрап және 1
қалаға бөлінген:
1. Байрамали қаласы
2. Байрамали этрапы
3. Векилбазар этрапы
4. қарақұм этрапы
5. Серхетабад этрапы
6. Елетен этрапы
7. Марый этрапы
8. Мургап этрапы
9. Ниязов этрапы
10. Сакарчагин этрапы
11. Тагтабазар этрапы
12. Түркіменкалий этрапы

2. Мемлекеттің даму тарихы
Қазіргі Түрікмен жерін адам баласы төменгі палеолит дәуірінде мекендей
бастаған. СССР-дегі ең бір көне неолит диқаншылық мәдениеттерінің бірі
(б.з.б. 6-мың жылдықта) джейтун мәдениеті Түрікмен жерінде болған. Копетдаг
тау баурайындағы жазықтықтан Джейтун, Чолпан-Тепе, Бами, Чагыллы, Монджуклы
т.б. ежелгі қоныстардың қалдықтары табылған. Ол дәуірдегі рулық қоғамда
Түрікмен халқы егін егу, мал өсіру, аң аулаумен шұғылданған. Энеолит
дәуірінде Түрікменстанда анау мәдениеті болды. Ондағы елді қоныс қалдықтары
Копетдагтың солтүстік тармақтары мен Теджен өзені сағасынан табылған. Бұл
тұста Түрікменстанда диқаншылық пен мал шаруашылығы кең өріс алды,
бұрынғыдай тек арпа, бидай ғана емес, жүзім, қара бидай, сұлы т.б. дақылдар
өсіретін болды. Қала типтес қоныстар салына бастады [1].
Біздің заманымыздан бұрын 2-мың жылдықтың аяғы мен 1-мың жылдықтың
басында Түрікменстанда алғашқы қауымдық қоғам ыдырап, топтық қоғам
орнауына, мемлекет пайда болуына байланысты, суармалы егіс, қолөнері мен
сауда дамытылып, қалалар салына бастады.
Түрікмен халқының тарихи ерте кездегі Орта Азияны мекендеуші халықтар
тарихымен тығыз байланысты. Біздің заманымыздан бұрын 1- мың жылдықтың орта
шенінде Түрікмен жерінде экономикасы жақсы өркендеген облыстар Маргиана мен
Парфия болды. Каспий теңізінің оңтүстік жағалауында Гиркания облысы болды
да, солтүстік жағындағы далалы аймақтарды Массагет және дах көшпелі
тайпалары мекендеді. Біздің заманымыздан бұрын 7-6 ғасырда Маргиана
Бактрияның, ал Парфия мен Гиркания, Мидия мемлекетінің құрамына кірді.
Біздің заманымыздан бұрын 6-4 ғасырда бұл облыстар Ахемен әулеті
мемлекетінің қол астында болды. Біздің заманымыздан бұрын 4 ғасырдың
аяғында Түрікмен жерін Александр Македонский жаулап алды, б.з.б. 3 ғасырдың
орта кезінде тау бөктеріндегі аймақта Парфия патшалығы пайда болды. Парфия
патшасының резиденциясы (тұрағы) Ниса қаласы болды. Біздің заманымыздан
бұрын 224 жылы Сасани әулетінен шыққан парсы патшалары Парфия патшалығын
талқандап, оңтүстік Түрікменстанның жерін басып алды. Біздің заманымыздың 1
ғасырының орта шенінде Арал маңында хунну тайпасы пайда болғаннан кейін
ұзақ жылдар ішінде жергілікті тайпалар соларға сіңсіп кетті.

Сурет 2. Түркіменстан мемлекетінің картасы

Солтүстік Түрікмен территориясында халықтардың шығу тарихында алан
тайпасы маңызды орын алды. 5 ғасырдың ортасында Түрікменстанның көптеген
жерін эфталит тайпасы жаулап алды [2].
Диқаншылықпен шұғылданатын аймақтарда феодал қатынастар 6 ғасырға дейін
пайда болды да, көп ұзамай-ақ ол далалық аудандардағы көшпелі тайпалар
арасында да таралды.
Түрікменстанның оңтүстік және шығыс аймақтарында мақта, астық
дақылдары, овощ-жеміс, жүзім өсірілетін болды. Мерв, Ниса, Абивердте жібек
шаруашылығы өріс ала бастады. Ерте феодалдық дәуірдің өзінде-ақ Мерв
халықтар сауда орталығына айналды.
6 ғасырдың орта кезінде эфталиттер мемлекетін Түрік қағандығы жаулап
алды. Түрікмен жеріндегі жергілікті көшпелі халықтар түркі тілдес
тайпаларға бағынышты болды. Қағандық ыдырағаннан кейін түрік тайпалары
Каспий бойындағы далалық аймақта және Дахистанда өз алдына дербес ел болды
да, оны жергілікті ақсүйектер басқарды.
7 ғасырдың орта шенінде Түрікмен жеріне арабтар басып кіріп, 716 жыл
Араб халифаты оның оңтүстік бөлігін – Каспий теңізінен бастап Амудария
жағалауына дейін басып алды. Түрікменстанның жергілікті халқының басым
көпшілігін зорлықпен ислам дініне кіргізді. Араб басқыншылығы феодалдық
қатынастардың дамуын тежеді. Басқыншыларға қарсы Түрікмен халқы бірнеше рет
бас көтерді (655 жылы Мервтегі көтеріліс, 8 ғасыр 70-80 жылдарындағы
Муканна көтерілісі т.б.).
Түрікмен халқы Араб халифатының құрамына кіре отырып, Алдыңғы Азия
халықтарымен экономикалық және мәдени байланыста болды. 9-10 ғасырда
Түрікмен феодал Тахири әулеті (821-73) мен Самани әулеті (900-99)
мемлекеттерінің құрамына кірді. Бұл, кезеңде жер иеленудің феодалдық түрі
одан әрі өрістей түсті, Үргеніш, Ниса, Абиверд, Серахс, Дахистан т.б. ірі
сауда-қолөнер орталықтары пайда болды.
9-11 ғасырда Сырдарияның төменгі және орта ағысын бойлай және Каспий
теңізінің солтүстігі мен шығыс аймақтарында түркі тілдес оғыз тайпасы келіп
қоныстанды, олардың бірсыпырасы 8 ғасырда ислам дінін қабылдаған. 1040 жылы
салжұқ әулетінен шыққан көсемдерінің басшылығымен оғыздар Түрікмен жерін
басып алды. Сөйтіп оғыздар түрікмен халқының қалыптасу негізіне қосалқы
болды. Олар жергілікті тұрғындармен араласып түрікмен атанып кетті.
Түрікменстанның Салжұқ мемлекетінің құрамына кіруі елдің экономикалық
жағдайын жақсартып, феодалдық қатынастың одан әрі өркендеуіне себепкер
болды. Феодалдық қатынастың дамуы арқасында ірі феодал-әмірлер пайда болды.
Бұлар Салжұқ әулетіне қарсы шыға бастады. 1158 жылы көшпелі оғыздар мен
Хорасан бұқарасының көтеріліске шығуы 1157 жылы Салжұқ мемлекетінің
құлауымен тынды [3,88б.].
12 ғасырдың аяғы мен 13 ғасырдың басында Түрікмен территориясы Хорезм
шаһтарының қол астында болды, ал 1219-21 жылы оны Шыңғысханның монғол-татар
шапқыншылары басып алып, елді үлкен күйзеліске ұшыратты, олар қалаларды
ойрандап, халқының біразын қырып-жойып жіберді де, біразын құлдыққа алып
кетті. Түрікмен тайпаларының негізгі көпшілігі Каспийдің шығыс жағалауында,
Балқаш маңындағы далалы аймақтарға және Узбой аңғарына барып паналады.
Түрікмен жерін Алтын Орда, Шағатай ұлыстары және Хулагу мемлекеті бөлісіп
алды. Түрікмендер Алтын Орда хандарына т.б. монғол билеп-төстеушілеріне
қарсы талай рет көтеріліс жасады.
13-14 ғасырда түрікмен халқы одан әрі қалыптасты. Оның негізін
қалағандар Солтүстік Т-ны, Үсірт және Маңқыстау түбегін қоныстанған
түрікмен тайпалары (салыр, языр, алил) болды. Хулагу мемлекеті құлаған соң
(14 ғасырдың ортасы) және Алтын орда әлсірегеннен кейін (14 ғасырдың 60
жылдары), Түрікмен жерінде жартылай тәуелсіз бірнеше феодалдық иеліктер
пайда болды. Бұларды 14 ғасырдың 70-80 жылдары Темір өз мемлекетіне қосып
алды. 16 ғасырда Темір мемлекеті құлады. 16-17 ғасырда Түрікмен жерінің
біразы Хиуа және Бұхара хандықтарының, қалған бөлегі Иран қол астында
болды.
16 ғасырда Амудария суының Сарықамыс ойпатына құйылуы тоқтап қалады.
Осының салдарынан ол маңда егін шықпай, жергілікті тұрғындар оңтүстікке
қоныс аударды да, астық егуге жарамды Ахал, Атек, Мерв, Атрек және Гюрген
аймақтарын иеленді. Тайпалардың жиі қоныстанбай бытырап жүруі салдарынан
түрікмендер өз алдына мемлекет құра алмады. 16 ғасырдың 50 жылдарында
Оңтүстік-Батыс Түрікмен тұрғындары Аба Сердардың басшылығымен Иран
әкімшілігіне қарсы көтеріліске шығып, Хиуа әскерінің көмегімен шаһ
әскерлерін 3 рет талқандады.
16 ғасырда түрікмен-орыс байланысы дами бастады. Орыс-түрікмен сауда
орталығы Астрахань және Маңқыстау түбегіндегі жеке пункттер болды. 17
ғасырдың аяғы мен 18 ғасырдың басында түрікмендердің біразы Ресей жеріне
көшті де, кейіннен олар Солтүстік Кавказға барып қоныстанды (Ставрополь
түрікмендері).
18 ғасырдың бас кезінде қазіргі түрікмендер Түрікменстанның барлық
аймақтарына, Үстірт пен Маңқыстауға қоныс тепті. Іргелі тайпалары-Теке,
Жаумұт, Ерсары, Гоклен, Салыр, Сарық, Чаудор болды. 18-19 ғасырда феодалдық
патриархалдық құрылыс үстемдік етті. Онда құл еңбегі пайдаланылды,
қалаларда құл сататын арнаулы базар болды.
18 ғасырдың аяғы мен 19 ғасырдың басында Шығыс Европа мен Орта Азия
арасындағы сауда жолдарының бәрі Түрікменстан жерін басып өтетін болды.
Түрікмендер Ресеймен сауда жасауға ықыласты болды да, өз жерінен өтетін
керуен жолының қауіпсіздігін сақтауға тырысты. 19 ғасырдың басында
түрікменнің біраз тайпалары-Абдал, Чаудор, Игдир, Бурунчук, Бозашы-ресми
түрде Ресей азаматтығына өтті. (9.5. 1802). Бірінші орыс-иран соғысына
байланысты 1805 жылы. Ресей түрікмен тайпаларымен (Жаумұт, Теке,
Гоклендермен) Иранға қарсы соғыс одағын құру туралы ұсыныс жасады.
Түрікмендер бұл соғысқа қатынасуға әзір екендігін айтып, 1812-13 жылы.
Солтүстік Хорасанда, одан кейін Астрабадта Иран үстемдігіне қарсы көтеріліс
жасады. 19 ғасырдың 20 жылдарында Ресей түрікмендермен саяси және
экономикалық байланысты нығайтуға тырысты.
Дамып келе жатқан орыс капитализміне сауда базарын кеңейту, жаңа
шикізат орындарын басып алу қажет болды. Ресей өнеркәсібіне мақта қажеттігі
күшейді. Орыс-ағылшын бәсекелестігі патша үкіметін Орта Азияға қызықтыра
түсті, 1869 жыл. Каспий теңізінің шығыс жағалауына орыс әскері келіп,
Красноводск қаласын салды. Түрікменстанның Ресейға қосылуы (1869-85) барлық
жерде бірдей ерікті түрде бола қойған жоқ. Батыс Түрікмен Ресейға өз
еркімен қосылды, ал Ахал (Ахал-Теке) алқабының тұрғындары генерал М.Д.
Скобелевтің әскерлеріне табандылықпен қарсы тұрып, өздерінің басты қамалы
Геок-Тепені 3 апта бойы қорғады, ақыры оны орыс әскері талқандады
(12.1.1881). 18 январьда патша әскері Асхабад (қазіргі Ашхабад) аулын басып
алды. 1885 жыл Атрек, Теджен, Мерв және Пендин алқабы Ресейға өз еркімен
қосылды[3,88б.].. Түрікменстанның Ресейға қосылуының прогрессивтік маңызы
болды: түрікмендер өзара кескелескен соғыстан, көршілес феодал
мемлекеттердің тонауынан құтылды; құл сатуға және аламындыққа (барымтаға)
тыйым салынды. Сонымен қатар, патша үкіметінің отарлау саясаты феодал
қатынастар мен патрихалдық ру салтының сақталуына себепкер болды. Түрікмен
еңбекшілері феодал-байлар мен орыс отарлаушы әкімдерінің екі жақты езгісіне
ұшырады. Екінші жағынан, орыс және түрікмен халықтары өзара жақындаса
түсті.
19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында Түрікмен орыс және кейбір
шетел капиталының өрісіне айналды. Челекен аралында британ товар бірлестігі
Нобель мұнай кен орындарын пайдаланды. Жартылай қолөнерлік кәсіп орындары:
мақта тазалайтын, май айыратын, сабын жасайтын заводтар, диірмендер пайда
болды. Каспий сыртындағы темір жол бойында орыс поселкелері салынды.
өнеркәсіптің дами бастауының нәтижесінде алғашқы ұлттық пролетариат
кадрлары шықты, әрі жергілікті ұлттық буржуазия да қалыптаса бастады. Патша
үкіметі Түрікменстанды орыс өнеркәсібінің шикізат базасына айналдыруға
тырысты. Әсіресе мақта өсіру шаруашылығына баса назар аударылды.
1903-1904 жылы жер ауып келген социал-демократтар Асхабад пен Қызыл-
Арватта алғашқы маркстік топтар мен үйірмелер ұйымдастырды. 1905 жыл
Чарджоу, Мерв, Красноводскіде сондай ұйымдар ашылды. 1905-07 революция
кезінде орыс және түрікмен жұмысшылары мен Каспий сыртындағы т.ж.
батальонының солдаттары Октябрь саяси ереуіліне және ноябрьдегі т.ж.
жұмысшылары көтерілісіне белсене қатысты. 1906 жыл Ашхабад сондай ұйымы
Солдат, Қызыл-Арват ұйымы Молот деген атпен жасырын газеттер шығарды.
1905 жылы Кушка қамалында болған солдаттар көтерілісін жер ауып келген
путиловшы, большевик Н.Ф. Симонов басқарды. 1906 жыл июньде Ашхабадта 4
мыңға жуық солдат қатынасқан, Орта Азиядағы ең ірі көтеріліс болды. 1906-
1907 жыл революция жеңіліске ұшырағаннан кейін Ресейның шет аймақтарында
ұлттық және әлеуметтік езгі күшейді. Бірінші дүние жүзілік соғыс (1914-
1918) басталғаннан кейін, Түрікмен еңбекшілерінің жағдайы шұғыл нашарлап
кетті. Бұл тап күресінің қайта өрістеуіне әкеп соқтырды. Түрікмендер 1916
жылғы Орта Азия көтерілісіне белсене қатынасты. Февраль революциясы
жеңісінен кейін, 1917 жыл мартта көптеген қалаларда (Ашхабад, Мерв,
Красноводск, Чарджоу т.б.) жұмысшы депутаттары Советі мен солдат
комитеттері құрылды. Реакция жылдарында таратылып кеткен сондай ұйымдар
қайта ұйымдасып, олардың ішінен большевиктік топтар құрыла бастады
[5,14б.].
Петроградта Октябрь революциясы жеңгеннен кейін Ташкенттегі қарулы
көтеріліс те (14. 11. 1917) жеңіп шықты, оған түрікмендер де ат салысты.
1917 жыл 13-16 декабрьде Ашхабадта Закаспий облысы Советінің 4-съезі болды.
Съезд 15 декабрьде барлық өкімет билігі Советтердің қолына көшкендігін
жариялап, 7 адамнан Халкомсов сайлады, олардың 5-і большевиктер болды. 1917-
1918 жыл Закаспий облысында түгелдей Совет өкіметі орнады. Советтер
құрамына түрікмен халқының өкілдері де сайланды. Ауылдарда да Советтер
құрыла бастады. Контрреволюциялық мұсылман комитеті тағы басқа ұйымдар
таратылды. Қызыл гвардия отрядтары құрылып, түрікмендер арасынан Овезберді
Кулиев, Қаракөз Ишан т.б. тұңғыш совет активтері шықты. Ташкентте болған
Түркістан өлкесі Советтерінің 5 съезі 1918 жыл 30 апрельде РСФСР-дің
құрамында Түркістан АССР-і құрылғанын жариялап, республика ОАК-і мен
Халкомсовын сайлады. Түрікменстан территориясының негізгі бөлігі (Закаспий
облысы., 1921 жыл августан Түрікмен облысы) Түркістан өлкесінің құрамына
кірді де, кейбір аудандары Хиуа хандығы мен Бұхар әмірлігінің қол астында
қалды. Ағылшын имперализмінің қолдауымен 1918 жыл 11-12 июльде Ашхабадта
эсер-меньшевиктік ақ гвардияшылар бүлік шығарып, оның аяғы Совет өкіметін
уақытша құлатуға әкеп соқтырды. Контрреволюциялық бүлікшілер 1918 жыл 22
июльде Түркістан АССР-інің еңбек халкомы П.Г.Полторацкийді, ал 23 июльге
қараған түні Ашхабадтың 9 комиссарын атты [3].
1921-1922 жыл Түрікменстанда бірінші жер-су реформасы жүргізіліп, 7,8
мың жерсіз шаруаларға 37,5 мың десятина егістік жер берілді. 1924 жылы
Түрікмен облысы еңбекшілері мал шаруашылығын қалпына келтіруде, экономика
мен мәдениетті дамытуда едәуір табысқа жетті. Мұнай өнеркәсібі мен теміржол
жұмыстары жолға қойылды. 1924 жыл Орта Азия Советтік Республикаларының
ұлттық мемлекеттік жағынан межеленіп бөлінуі жүргізілді.
1925-1927 жыл екінші рет жер-су реформасы жүргізіліп, жер пайдаланудағы
феодал қатынастың қалдығы түгел жойылды.
1926 жыл республикада ауыл шаруашылығын коллективтендіру басталды. 1929
жылдың аяғында диқан шаруашылықтарының 14,8%-і кооперацияға тартылды. 1930-
1935 жылдары жаппай коллективтендіру жылы болды. 1937 жыл шаруалардың 95,4%-
і колхоздастырылса, 1940 жыл ол 99,4%-ке жетіп, егістік жердің 99,99%-і
колхоздар қарамағында болды.
Түрікменстанда 1946-1960 жыл социализм құруды аяқтап, дамыған
соцалистік қоғам негізінде коммунизмнің материалдық-техникалық базасын
жасауға кірісті. Түрікменстан 6-9 бесжылдықтар (1956-1975) кезінде халық
шаруашылығын дамытуда және жаңа қоғамның материалдық техникалық базасын
жасауда айтарлықтай табысқа жетті. Ондағы өнеркәсібтің негізгі салалары-
мұнай, газ өндіру, машина жасау т.б. жедел қарқынмен дамытылды.
60-70 жылдары республика ауыл шаруашылығын дамытуда зор табысқа ие
болды. Дүние жүзіндегі аса ірі су құрылыстарының бірі-В.И. Ленин атындағы.
Қарақұм каналының алғашқы 3 кезеңінің аяқталуы 13 жыл ішінде (1960-1973)
егіс көлемін 62% ұлғайтуға мүмкіндік берді. Еңбекшілердің материалдық әл-
ауқаты жақсарды.

1.3 Табиғат жағдайлары мен табиғат ресурстары
Ел аумағының 80%-дан астамын Тұран ойпатының шөлді алаптары алып жатыр,
мұнда Жер шарындағы аса ірі құмды шөлдердің бірі – Қарақұм шөлі орналасқан.
Шөлдерде жер бедері 100-200 м биіктіктен аспайды. Шөлдердің бетін шөл
өсімдіктерімен бекіген және сусымалы құмдар алып жатыр, Әмудария атырауы
мен Каспий теңізі жағалауында сазды шөлдер, тақырлар орналасқан.
Аласа таулар (Копетдаг, Бадхыз және т.б.) елдің оңтүстігінде
шоғырланған. Олар шығу тегі жағынан Альпі қатпарлығында қалыптасқан жас
таулар болып табылады. Сол себепті таулы аудандарда сейсмикалық жағдай
тұрақсыз, 1948 жылы Копетдагта болған жер сілкінудің күші эпицентрінде 10
балға жетті. Осы жер сілкінуі барысында ел астанасы Ашғабат түгелге дерлік
қирады, мұндағы қалпына келтіру жұмыстарына Кеңес Одағының құрамындағы
республикалар түгелге жуық қатысты.
Республиканың минералды ресурстары аумақтың геологиялық құрылысымен
тығыз байланысты. Тұран плитасы мен Каспий теңізінің қайраңында табиғи газ
(Ачак, Шатлык кен орындары) мен мұнайдың аса мол қоры шоғырланған. Табиғи
газдың барланған қоры жөнінен дүние жүзінде алғашқы бестікке енеді.
Қарақұмда күкірттің ірі кен орындары (күкіртті төбешіктер) табылған.
Каспий теңізі жағалауындағы Қара-Бұғазкөл шығанағында калий, магний,
натрий, бром, йод және глаубер тұздарының мол қоры шоғырланған [6,57б.].
Климаты шұғыл континентті. Түрікменстанды нағыз күн шұғылалы ел деуге
болады, мұнда бұлтсыз ашық күндер саны 290-ға жетеді. Жауын-шашынның жылдық
мөлшері 100 мм-ге дейін, ал таулы аудандарда 350 мм-ге дейін артады. Елдің
оңтүстік-батысы субтропиктік белдеуде жатқан ең жылы аудан болып
есептеледі, мұнда ауаның жылдық орташа температурасы +170с-қа тең. Жазы
ыстық әрі құрғақ. Жазда Әмудария аңғарын бойлай, тропиктік құрғақ, ыстық
желдер (ауған желі) соғады. Аңызақ желдер ауаны құрғатып, төсеніш бетті
қатты (+600-700с-қа дейін) қыздырады.
Климаты. Орташа жылдық температура - +16,30С
Желдің орташа жылдамдығы – 1,6 мс
Ауаның орташа жылдық ылғалдылығы -56%

Кесте 2. Ашхабадтың климаты (0С)

Ай Қаңтар Ақпан Наурыз
Туу Өлім Табиғи Өмір сүру
коэф-ті коэф.-тіөсім ұзақтығы,
жасы
Түрікменстан 4,8 21 6 1,5 66 1,9
Қазақстан 15,07 18 10 0,8 66 7,8
Тәжікстан 6,9 21 5 1,6 68 1,9
Қырғызстан 5,1 22 7 1,5 67 1,8
Өзбекстан 25,1 23 6 1,7 69 88

Халықтың ұлттық құрамы күрделі: елде 100-ден астам ұлттар мен
ұлыстардың өкілдері тұрады. Түрікмендер ел халқының 14 бөлігін , яғни 42%-
ын құрайды. Басқа ұлттар арасында тиатарлар 36% өзбектердің (9,2%),
орыстардың (10%), қазақтардың (3%) үлесі біршама ғана. Оны төмендегі
кестеден көре аламыз. 3- сурет.
Ел халқы аумақ бойынша біркелкі қоныстанбаған, орташа тығыздық
1 км2-ге 9,8 адамнан келеді. Шұраттардағы халық тығыздығы 1 км2-ге 200
адамға дейін жетеді. Түрікмен жерінің 80%-ға жуық бөлігінде (Қарақұм) халық
мүлдем тұрмайды. Түрікменстанда Орта Азияның басқа республикаларына
қарағанда қала халқының үлес салмағы жоғары, қалаларда ел халқының 44%-ы
тұрады. Ірі қалалары-Ашхабат (540,6 мың адам), Чарджоу (189,2 мың адам)
және Ташауыз (141,8 мың адам).

Сурет 3. Халықтың құрамы

Негізгі тұрғындары - түрікмендер (1,4 миллион немесе республика
халқының 64%-ке ); олардан басқа орыстар (313,1 мың), өзбектер (179,5 мың),
қазақтар (70 мыңға жуық), татарлар (36,5 мың), украиндер (35,4 мың),
армяндар (23,1 мың), азербайжандар (16,8 мың), белусдар (12,4 мың) т.б.
халықтар тұрады. 1913-75 жыл арасында түрікмен халқы 2,5 есеге жуық өсті.
Халықтың табиғи өсімі жөнінен (1 мың адамға 27,1, 1974 жыл) Түрікмен
одақтас республикалар арасында (СССР-дегі орташа көрсеткіш 9,3 адам) 3-
орында (Тәжікстан және Өзбекстан кейін). Халықтың орташа тығыздығы 1 км2
жерге 5,3 адамнан (1976) келеді. Республика территориясы бойынша халық
біркелкі орналаспаған; Мургаб, Амудария өзендерінің орта және төменгі ағысы
бойы мен тау бөктерлеріндегі тығыздық 1 км2 жерге 100-200 адамнан келеді.
1929-73 жыл арасында халық шаруашылығында жұмысшылар мен қызметкерлер саны
9 есе өсіп, 1974 жылы 553 мың адамға жетті; олардың ішінде өнеркәсіпте 99
мың адам, құрылыста 92 мың, ауыл шаруашылығында 34 мың, транспорт және
байланыс саласында 78 мың, халық ағарту және мәдени мекемелерінде 78 мың,
денсаулық сақтау, дене шынықтыру және әлеуметтік қамсыздандыру орындарында
41 мың, сауда, қоғамдық тамақтандыру т.б. салаларда 58 мың адам жұмыс
істеді. Жұмысшылар мен қызметкерлердің жалпы саны ішіндегі әйелдер 40%
(1924 жылы 13% болатын). Республика тұрғындарының 49%-і (1223 мың адам)
қалада, 51%-і (1283 мың) ауылдық жерде тұрады (1975). Маңызды қалалары
(мың, 1976)-Ашхабад (297), Чарджоу (110), Ташауыз (81), Мары (70),
Красноводск (54), Байрам-Али және Теджен Совет өкіметі жылдары Небит-Даг,
Безмеин, Челекен сияқты өнеркәсіп орталықтары қалыптасқан.
Түркімен халқының жалпы саны қазір 20 млн-нан артық деген де дерек
бар. Бірақ өз арасында біз тәуелсіздік алған жылдардан бастап геометриялық
прогресспен өсе бастадық деген әзіл бар көрінеді. Түркімендер Ауғанстан,
Иран, Ирак, Түркия, Сирия секілді елдерге де жайылған[3,88б.].

2 Түрікменстан Республикасының даму бағыттары

2.1 Әлеуметтік-экономикалық дамуы
Шаруашылығы.
Қазіргі Түрікменстан индустриялы-аграрлы республика. 1913 жылмен
салыстырғанда 2005 жылы өнеркәсіп өнімі 70 есе, 1940 жылмен салыстырғанда
10,4 есе өсті. Жалпы қоғамдық өнім мөлшерінің 48%-і өнеркәсіп, 22,6%-і ауыл
шаруашылығы, 17%-і құрылыс, 4,6%-і транспорт пен байланыс мекемелерінің
үлесіне тиеді. СССР халық шаруашылығы комплексінде Түркіменстан мұнай, газ,
химия, машина жасау, шыны өндірісі, кілем тоқу жөнінен басты аудандардың
бірі болып есептелінеді. Ауыл шаруашылығы мақта (әсіресе ұзын талшықты),
қаракөл елтірісі, жібек шикізатын өндіруге мамандалған. СССР халық
шаруашылығында Түрікменстанның үлесі (%-пен): мұнай 3,2, газ 17,9, мақта
талшығы 13,1, өсімдік майы 1,8, жібек шикізаты 8, жүн 3. Түрікменстан
экономикасы еліміздің барлық одақтас республикаларымен тығыз байланыста
дамуда; әсіресе Орта Азия республикаларымен қарым-қатынасы күшті.
Түрікменстан басқа республикаларға мұнай және мұнай өнімдерін, газ, мақта,
табиғи жібек, қаракөл елтірісін, кілем, натрий сульфаты, күкірт, йод, бром,
бентонит, электр кабелі, бұльдозер, мұнай насостары, цемент, тыңайтқыш т.б.
өнімдер беріп, олардан өзі қара металдар, машина және жабдықтар, астық,
ағаш, минералдық тыңайтқыштар т.б. республикада өндірілмейтін бұйымдар
алады. Сонымен бірге Түрікменстан халық шаруашылығы өнімдері 40-қа жуық
шетелге шығарылады[3,88б.].
Тәуелсіздігін алғаннан кейінгі кезеңде Түрікменстан өз бетімен әлемдік
экономикалық кеңістікке шығудың мүмкіндіктерін іздестіруде. Елдің
экономикалық тәуелсіздігіне қол жеткізу мақсатында арнайы мемлекеттік
бағдарлама қабылданды, елдің дамуының негізгі бағыттары анықталды:
экономикада құрылымдық өзгерістер жүргізу;
әлеуметтік саладағы бағдарламаларды жүзеге асыру;
азық-түлік және халыққа қажетті тауарларды өндіру көлемін арттыру;
нарықтық қатынастар мен кәсіпкерлікті одан әрі дамыту;
ел экономикасына шетел инвестицияларын кеңінен тарту.
Соған қарамастан, өтпелі кезеңде көптеген кәсіпорындар жабылып, табиғи
газ өндіру көлемі қысқарды. Ауыл шаруашылығының көрсеткіштері де төмендеді.
Қазіргі кезде Түрікменстанда ЖІӨ-нің жалпы көлемі 7 млрд АҚШ долларын
құрайды, жан басына шаққандағы мөлшері 640 доллар шамасында. ЖІӨ-нің
салалық құрылымында өнеркәсіптің үлесі (47%) жоғары, ауыл шаруашылығына-
21%, қызмет көрсету саласына 32% тиесілі.
Өнеркәсібі.
Экономиканың барлық саласында мемлекет үстемдік етіп отыр.
Мемлекеттік бюджет кірісінің қомақты бөлігін мұнай мен газды сыртқа
шығарудан басқа мақта иіру кәсіпорындарының тізбесінен түсетін салық та
құрайды.
Мұнда Менделеев кестесіндегі элементтердің бәрі де бар. Жерінің 80 %
мұнай мен газ бар. Осы уақытқа дейін олардан 144 кен орны табылған. Бірақ
соның әзірге 40-қа жуығы ғана игерілуде.
Газдың болжамды қоры 21-23 трлн м³, ал мұнайдікі 12 млрд тоннаға жуық
делінеді.
Жоғары технологияға негізделген ондай кәсіпорындар саны қазір 63-ке
жеткен. Жыл сайын бұл елде 158 млн м² мақта-мата бұйымдары мен 82 мың тонна
жіп иіріледі. Осы өнімдерін Түркіменстан әлемнің жоғары дамыған 30-дан
артық еліне шығарып тұрады.
Жалпы, бұл ел әлемнің 80-нен артық елімен белсенді сауда-экономикалық
байланыстар жасайды.
Мұнда электр қуаты, газ, су, тұз тегін. Қоғамдық көлікпен жүрудің
бағасы 50 манат. Ал бір доллардың ресми бағамы 5200 манат, базардағы нарқы
23500 манат .
Ел өнеркәсібінің маманданған саласы-мұнай-газ кешені. Дүниежүзілік
маңызы бар табиғи газ кен орындары Чарджоу облысының солтүстігінде (Ачак
кен орны), Мары қаласы маңында және Каспий теңізі жағалауында орналасқан.
Соңғы жылдары газ өндірісі қысқарып кетті. Мысалы, 1991 жылы республикада
84 млрд м3 табиғи газ өндірілсе, қазіргі кезде оның мөлшері 35 млрд м3
шамасында ғана. Соған қарамастан, ел экономикасында маңызды рөл атқаратын
және негізгі экспорттық өнім болып табылатын табиғи газ өндірісінің даму
болашағы зор. Табиғи газды шетелдерге, ең алдымен, Еуропа елдеріне
тасымалдау мүмкіндігіне зор мән берілуде. Қазіргі кезде Ресей арқылы
жүргізілген жалғыз газ құбыры бар. Болашақта табиғи газды Иран мен Түркия
жері арқылы Еуропаға, сондай-ақ Ауғанстан арқылы Пәкістан мен Үндістанға
тасымалдауға мүмкіндік беретін халықаралық газ құбырларын салу
жоспарлануда.
Мұнай елдің батыс бөлігінде өндіріледі. Елде, негізінен, жергілікті
шикізатпен жұмыс істейтін екі мұнай өңдеу зауыты (Чарджоу және Түрікменбашы
қалаларында) бар. Химия өнеркәсібінде жергілікті шикізатқа негізделген
мұнай-газ және кен химиясы салалары басым дамыған. Чарджоу қаласында күкірт
қышқылын, минералды тыңайтқыштар шығаратын кәсіпорындар жұмыс істейді.
Болашақта жергілікті күкірт қорын кеңінен игеру жоспарлануда. Елдің
батысына шоғырланған кен орындарында өндірілген әр түрлі тұздар Небит-Даг,
Челекен, Бекдаш қалаларындағы кәсіпорындарда өңделеді.
Түрікменстан өнеркәсібінің жетекші салалары: мұнай, газ, химия, жеңіл
(негізінен ауыл шаруашылық шикізаттарын өңдейтін салалар), тамақ (май,
шарап), энергетика, құрылыс материалдарын өндіру, машина жасау. Мұнай
өндірісі жөнінен Түркіменстан одақтас республикалар ішінде (Ресей,
Азербайжан және Қазақстан кейін) 4-орында. Өнім мөлшері 1913 жылмен
салыстырғанда 1975 жылы 121 есе өсіп, 15577 мың тоннаға жетті. Мұнай
негізінен теңіз маңы ойпатынан, Челекен өңірінен және теңіз түбінен
өндіріледі. Вышка-Красноводск, Челекен-Красноводск мұнай құбырлары
салынған.
Газ өндіруден республика (РСФСР және УССР-інен кейін) 3-орын алады.
2007 жылы Түрікменстанда 51776 миллион м3 газ өндірілді. Ірі орталықтары –
Ачак, Наип, Шатлык, Май. Магистральды Батыс. Түрікменстан-Бекдаш-Маңғышлақ
газ құбыры салынған (1975).
Электроэнергетика саласы тез қарқынмен дамуда. Совет өкіметі жылдарында
Гиндукуш СЭС-і (Мургаб өңірінде). Красноводск, Чарджоу ЖЭО, Небит-Даг
газтурбиналы және Безмеин мемлекеттік аймақтық электр станциялары салынды.
Республикадағы ең ірі (газбен жұмыс істейді, қуаттылығы 1370 мың квт) Мары
мемлекеттік аймақтық электро станциясы (алғашқы екі энергоблогы 1973жылы
іске қосылды) салынуда (1976). Электр өндіру 1940 жылмен салыстырғанда 2005
жылы 54 есе өсіп, 455 млрд кВт-сағатқа жеткізілді[3,88б.].

Кесте 4. Мұнай (газ конденсатымен бірге) өндіру (1991-2006 жж)

Елдер Барлығы, млн т. Жан басына шаққанда
1991 ж. 1995 ж. 1998 ж.2000 ж.2006 ж.1991 ж 2006 ж.
Түрікменстан 5,4 5,2 11,2 4,6 58,8 84,0 58,6
Қазақстан 26,6 20,5 25,9 35,3 59,4 1567 3960
Әзірбайжан 11,7 9,2 11,4 14,1 15,5 1620 1856
Беларусь 2,1 1,9 1,8 1,8 1,8 184 183
Ресей 462 307 303 324 459 3110 3187
Украина 4,9 4,1 3,9 3,7 4,2 94,7 88

Мұнай өңдеу және мұнай химиясы өндірісінде бензин, мотор және дизель
жанар майы, мұнайбитум, электр коксы, сульфанол, кір жуатын ұнтақ шығару
дамыған. Орталықтары-Красноводск, Челекен, Нефтезаводск. Химия
өнеркәсібінен йод, бром, натрий сульфаты, бишофит, эпсомит, глаубер тұзы,
суперфосфат, күкірт қышқылы, фторлы алюминий, тұрмыстық химия (Чарджоу,
Гаурдак, Карлюк) өндірістері басым дамыған.
Машина жасау және металл өңдеу кәісіпорындары тамақ өнеркәсібіне
жабдықтар, мұнай айдайтын насостар, химия өндірісіне қажетті қуатты
желдеткіштер, т.ж. цистерналарына мұнай өнімдерін құятын автоматтар,
тұрмыстық газ плиталарын шығарады. Ірі орталықтары: Ашхабад (Ашнефтемаш
заводы), Мары. Құрылыс материалдары өнеркәсібінен цемент-шифер, шыны, темір-
бетон конструкцияларының комбинаттары, ірі панелді үй құрылысы, керамзит,
құбыр, кірпіш заводтары бар. Басты орталықтары: Ашхабад, Безмеин, Мары,
Теджен, Чарджоу, Байрам-Али. Мақта-мата (23,1 миллион метр, 2005), жібек
(5,9 миллион метр), былғары-аяқ киім (2389 мың пар) кәсіпорындары (Ашхабад,
Мары, Чарджоу), май, шарап, нан, кондитер, сыра, тұз т.б. өнеркәсіптер
дамуда. Орталықтары-Ашхабад, Безмейн, Геок-Тепе, Қарабекауыл.

Кесте 5. Өнеркәсіп өнімдерінін өндіру

Елдер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ТМД шеңберіндегі көпжақты халықаралық құжаттар
Түркменстандағы жаңалану, жалпы тенденциялар мен даму үрдісінің болашағы
Мемлекет басшыларының Каспий жағалауы мемлекеттерінің ортақ келісімге келуі негізінен тез арада Каспийдің құқықтық мәртебесі туралы
Азияның көлдеріне физикалық – географиялық сипаттама
Орта Азияны экономикалық бағындырудың тәсілдері
Түрікменстан
Түрікменстан мемлекеті
ТМД елдерімен қарым-қатынасы
Қытайдың Орталық Азиямен ынтымақтастығының болашағы
Балабақшадағы дене тәрбиесі пәнінің құжаттарын анықтау
Пәндер