Станса жолдарының парктерінің мамандандыруы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

1. Станса жұмысын ұйымдастырудағы жалпы мәліметтер.

1. 1 Стансаның техникалық сиппатамасы.

1. 1. 2 Стансаның пайдалану сиппатамасы.

1. 2 Станса жолдарының парктерінің мамандандыруы.

1. 3 Станса бойынша пойыздар мен локомотивтердің қозғалу маршруты.

1. 4. 1 Станса жұмысын жедел жоспарлау және басқару.

1. 4. 2 Станса жұмысын диспетчерлік басқару.

1. 4. 3 Пойыздардың келуі туралы ақпарат.

1. 4. 4 Біріктірілген ауысым және кешенді бригада.

1. 4. 5 Ақпараттық орталық және СТО жұмысын ұйымдастыру.

2. Пойызды өңдеу технологиясы.

2. 1 Локомотив ауыстыру мен өңдеуге түспейтін пойыздарды өңдеу графигі.

2. 2 Локомотив ауысымында өңдеуге түспейтін өтпелі пойыздар.

2. 3 ТГНЛ жоқ кезінде өңдеуге түскен пойыздар графигі.

2. 4 Жөнелту кезінде паркінде өзінде құрастырылған пойызды өңдеу графигі.

3. Маневрлік жұмыстың орындалуына технологиялық уақыт нормаларының есептелуі.

3. 1 Жалпы мағлұмат.

4. Станса жұмысының негізгі көрсеткіштерінің есептелуі .

4. 1 Станса жұмысының тәуліктік жоспар графигі құрастыру.

4. 2 Өңдеуге түспейтін өтпелі вагондардың бос тұру уақыты.

4. 3 Өңдеуге түсетін өтпелі вагондардың бос тұру уақытын есептеу.

4. 3. 1 Өңдеуге түсетін өтпелі вагондардың бос уақытын есептеу.

4. 3. 2 Өңдеуге түсетін өтпелі вагондардың жинақталып бос тұруы.

4. 3. 3 Жөнелту және құрастыру операцияларындағы вагондардың бос тұруы.

4. 4 Жергілікті вагонның бос тұруы.

4. 5 Операция коэффиценті .

4. 6 Бір жүк операциясындағы тұрған жергілікті вагон бос тұруы.

4. 7 Жұмыс парк вагондардың шамасы.

4. 7. 1 Өңдеуге түсетін өтпелі вагондар шамасы.

4. 7. 2 Өңдеуге түсетін өтпелі вагондар шамасы.

4. 7. 3 Жергілікті вагондар саны.

4. 8 Маневр локомотивінің қолдану нәтижесі, дәрежесі әр локомотив үшін жеке анықталады.

4. 9 Қабылдау жөнелту жолдарының дәрежесі.

4. 10 Стансаның вагон айналымы

5. Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

5. 1 Басты және қабылдап жөнелту жолдарындағы маневрлер

5. 2 Дөңес операторының техникалық қауіпсіздігі және еңбек қорғау

Қорытынды.

Пайдаланған әдебиеттер.

КІРІСПЕ

Курстық жобаның мақсаты: Станса жұмысының нормативтік станса жұмысының тәуліктік жоспар графигін құрастыруды үйрену және оның көрсеткіштерін есептеу.

Қазақстандағы темір жолдың эконмикасы. «Айшылық алыс жерлерден» жылдам жеткізілген үшбу хат пен хабар-ошар, алуан түрлі сипаттағы қондырғылар мен жабдықтар ғаламдық шаруашылық байланыстарға қуатты серпін берді. Құрлықтарға құрық тастаған «Жібек жолы» ғылым мен техниканың өркендеуіне орай экономика төрінен ығысып, теңіз тасымалына орын босатты. Осы орайда әлем тарихындағы ұлы өзгерістерге осы теңіз жолы арқылы қол жеткенін атап өткеніміз жөн. Ал, қазіргі өркениет өзегінде жер бетін шырмауықтай шырмаған темір жолдың тұрғаны бесенеден белгілі.

Тамыз айының алғашқы аптасында көлікшілер өздерінің кәсіби мерекесін толағай табыстармен атап өткелі отыр. Еуропа жұртында «жаңа дегеніміз көненің бүгінгі түрі» деген нақыл бар. Расында да, мыңдаған жылдық «Жібек жолы» бүгінде жаңа мазмұн, соны сипат алған. Қазақ жерін көктей өтетін шойын жол сонау Балтық теңізіне тұмсық тіреп отыр. Дерек пен дәйекке сүйенсек, алғашқы рельстер өлкемізде 1894 жылдың 25 қазанында төселсе керек. Бұл күні қазіргі Ресейдің Саратов облысының Энгельс қаласындағы Покров Слободасы-Орал тар табанды темір жол телімінің құрылысы аяқталған. Осы жолдың 130 шақырымы Қазақстан арқылы өткен. Төрт жылдан соң Урбах-Астрахан тар табанды темір жолы іске қосылған, мұның да 77 шақырымы қазақ даласында төселген.

Өңірдің дамуы үшін 1891-1896 жылдары салынған Транс сібір магистралінің, дәлірек айтқанда, оның «қазақстандық» 190 шақырымының маңызы зор болған. 1901-1906 жылдары Қазақстан жерінің 1660 шақырымдық аумағын алған, Орта Азия мен Ресей орталығын қосатын Орынбор-Ташкент темір жолы салынған. 1914-1917 жылдары болашақ Түрксібтің бір бөлігі Жетісу жолының Арыс-Пішпек телімі салынған. 1915 жылы Қазақстан арқылы 166 шақырымдық бөлігі өтетін Челябинск-Троицк-Қостанай магистралі іске қосылған. 1915-1917 жылдары соғылған Алтай темір жолының 122 шақырымы Қазақстан жерімен өткен. Мұнымен қатар 1918 жылға дейін 117 шақырымдық Екібастұз-Ермак тар табанды темір жолы жұмыс істеп тұрған. 1918 жылға таман Қазақстан аумағындағы шойын жолдың жалпы ұзындығы 2, 6 мың шақырымға жеткен.

Еліміз теміржол көлігінің тәуелсіздік жылдарындағы тарихын шартты түрде үш кезеңге бөлуге болады. 1992-1996 жылдарға тұспа-тұс келетін бірінші кезеңде сала жаңа саяси және экономикалық жағдайларға бейімделді. 1997-2001 жылдарды қамтитын екінші кезеңде отандық тұңғыш теміржол кәсіпорны - «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны құрылды. Ал, 2001 жылдан осы уақытқа дейінгі үшінші кезеңде саланы қайта құру қарекеті бел алды. Соның арқасында еліміздің теміржол көлігі қазіргі заманға сай жоғары тиімді салаға айналдырылды. Сөйтіп, 2004 жылы Қазақстан темір жолы өзінің айрықша межесіне - 100 жылдық мерейтойына абыроймен жетті. Шойын жол тарихының маңызды кезеңдері салтанатпен аталып өткен бұл жылы темір жол құрылымын жаңғырту, әлеуметтік салаға дем беру жұмыстары тәмамдалып, теміржолшылардың еңбек жағдайлары жақсартылды.

Мерейтойлы жылдың жазында Астанада құрастырылған «Отан» пойызы елімізді аралаған сапарға шықты. Сапар барысында теміржолшыларға және олардың жанұяларына әлеуметтік жәрдем көрсетіліп, шалғай стансаларда тұратын теміржолшыларға медициналық көмек берілді, мектеп табалдырығын аттайтын бүлдіршіндерге оқу құралдары табыс етілді. Стансалардың барлығында мәдени-сауықтық, спорттық шаралар өткізіліп отырды. Темір жолдың ғасырлық мерейтойын мерекелеу Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен салтанатты жиналыста шарықтау шегіне жетті. Елбасы сөзінде егемен ел экономикасының қалыптасуындағы, мемлекет тәуелсіздігін, елдің аумақтық тұтастығын сақтаудағы темір жол рөліне лайықты баға берілді. Сол жылы теміржолшылар Ақтау портынан Құлсары стансасына дейін көлемі үлкен, биіктігі төрт қабатты үймен бірдей жүктерді тасымалдап, әлемдік рекордты жаңғыртты. Мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғаларының қатысуымен Алтынсарин-Хромтау жаңа темір жолы ашылды. Бұл темір жол желісін іске қосу арқылы жылына 160 миллион долларлық көлемдегі үнемділікке қол жеткізілді. Соның арқасында елдің ішкі жолдарымен жүк тасымалдау қашықтығы екі мың шақырымға дейін қысқарды. Сөйтіп, экономиканың жылдан-жылға ұласып отырған серпінді дамуына негіз қаланды.


1. СТАНСАНЫҢ ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУЫНЫҢ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕРІ

1. 1 Стансаның техникалық сипаттамасы.

«В» стансаның барлық парктері параллель орналасқан телімдік станса болып табылады. Ол А-В-Д бағытындағы қосжолды телімде орналасқан. Стансаға жанасқан аралықтар келесідей пойыздар қозғалысын реттейтін құралдар мен жабдықталған: Б-В аралығы ЖАБ, В-Г аралығы АБ - мен жабдықталған.

Жұп және тақ қабылдап-жөнелту парктерінде өтпелі пойыздарды өңдеусіз өткізуге арналған екі жол бар. Өңдеу паркі 2 тартым жолы бар сұрыптау паркімен біріктірілген.

Станса парктері бағыттама және электрленген орталыкпен жабдықталған. Бағыттамалар мен сигналдарды басқару үшін станса электрленген орталық қосының иеленеді. Құрамдар мен вагондарды жазу үшін стансаның кіру алқымында телетайп қосынын орналастырады.

Стансаның технологиялық орталығы сұрыптау паркінен өңдеу паркінің ортасындағы тақ алқымында орналасады және тауар кеңсесімен тығыз байланыста болады.

Жұмыс орындары ЭЕМ барысындағы автоматтандырылған жұмыс орындарымен жабдықталған.

Стансада орналасады: локомотив депосы, вагон жөндеу депосы, техникалық қарау және вагон жөндеу пункті.

Жүк ауласы кірме жол №1 тартым жолынан жанасқан, зауыттың кірме жолы №2 тартым жолына жанасқан. Отын қоймасы локомотив шаруашылығының аумағында орналасады. Жолаушыларға қызмет көрсету үшін стансада 2 биік жолаушы платформасы бар, жолаушы ғимараты орналасады.

Стансаның техникалық сипаттамасы.

Стансаға А-Д бағытынан оңдеуге түспейтін 28 өтпелі пойыз келеді және өз бағыттарына сәйкес жөнеледі.

Станса 10 пойызды таратуға қабылдайды. 18 өтпелі пойызды, 4 телімдік және 2 құрама пойызды құрастырады.

Стансаның жүк жұмысы құрайды:

түсіру -49 вагон;

тиеу-54 вагон;

Зауытқа тиелу үшін 10 бос вагон керек. Отын қоймасында түсірілген 7 бос вагон зауытқа тиелу үшін беріледі. Ал 5 бос вагон Д стансасына бос күйінде жөнеледі.

1. 2 Станса жолдары мен парктерінің мамандандырылуы.

Станса жолдары мен парктерін мамандандыру, станса жолдарын тиісті пайдалануға, пойыздың қайшылықтарын азайтуға, маневр жұмысын азайтуға мүмкіндік береді.

Басты жолдар қозғалыс бағыты бойынша мамандырылады, қабылдау - жөнелту паркінің жасалатын жұмыс сипатына қарай.

Сұрыптау жолдары вагон санынан және пойыздарды құрастыру жоспары бойынша бағыттардан тәуелді.

Сұрыптау паркінде бейнеленеді:

- егер келетін вагондар саны 200 асса, 2 жолды бөледі;

- жергілікті вагондарға арналған жолдар;

- құрама пойыздарға арналған жолдар;

- ақаулы вагондарды жөндеуге арналған жолдар;

- габаритсіз және разрядті жүктерге арналған жолдар.

Станса жолдары мен парктерінің мамандандырылуы.

  1. Кесте
Парктер мен жолдар атауы

Жол

Мамандандырылуы

В/а

шамасы

Парктер мен жолдар атауы: Басты жолдар паркі
Жол№: I
Мамандандырылуы: Тақ жолаушы пойыздарын қабылдау және жөнелту
В/ашамасы: ___
Парктер мен жолдар атауы: II
Жол№: Жұп жолаушы пойыздарын қабылдап жөнелту
Мамандандырылуы: ___
Парктер мен жолдар атауы: 3
Жол№: Қос бағыттағы жолаушы пойыздарын қабылдап жөнелту
Мамандандырылуы: ___
Парктер мен жолдар атауы: Тақ парк
Жол№: 5, 7
Мамандандырылуы: Өңдеуге түспейтін тақ өтпелі пойыздарды қабылдап жөнелту
В/ашамасы: ___
Парктер мен жолдар атауы: Жүріс жолы
Жол№: 9
Мамандандырылуы: Пойыз локомотивтерін депоға және кері өткізу үшін арналған
В/ашамасы: ___
Парктер мен жолдар атауы: Жұп парк
Жол№: 4, 6
Мамандандырылуы: Өңдеуге түспейтін жұп өтпелі пойыздарды қабылдап жөнелту
В/ашамасы: ___
Парктер мен жолдар атауы: Өңдеу парк
Жол№: 10, 11
Мамандандырылуы: Өзінде құрастырылған пойыздарды жөнелту және құрастыруға пойызды қабылдау
В/ашамасы: ___
Парктер мен жолдар атауы:

Сұрыптау

жолдары

Жол№: 1
Мамандандырылуы: А стансасына бағытталған вагондарды жинақтау үшін
В/ашамасы: 110
Парктер мен жолдар атауы: 2
Жол№: Б стансасына бағытталған вагондарды жинақтау үшін
Мамандандырылуы: 105
Парктер мен жолдар атауы: 3
Жол№: Б-В теліміндегі аралық стансаларға
Мамандандырылуы: 60
Парктер мен жолдар атауы: 4
Жол№: Д стансасына бағытталған вагондарды жинақтау үшін
Мамандандырылуы: 97
Парктер мен жолдар атауы: 5
Жол№: Г стансасына бағытталған вагондарды жинақтау үшін
Мамандандырылуы: 109
Парктер мен жолдар атауы: 6
Жол№: В-Г теліміндегі аралық стансаларға
Мамандандырылуы: 60
Парктер мен жолдар атауы: 7
Жол№: Жергілікті вагондар үшін
Мамандандырылуы: 59
Парктер мен жолдар атауы: 8
Жол№: Ақаулы вагондарды жөндеуге арналған
Мамандандырылуы: ___
Парктер мен жолдар атауы:
Жол№:

M1

M2

Мамандандырылуы: Пойыздарды таратып құрастырушы және вагондарды беру және әкету
В/ашамасы: ___

1. 3 Станса бойынша пойыздар мен локомотивтердің қозғалу маршруты.

  1. Кесте
Қозғалыс түрі
Қайдан?
Қайда?
Бағыттамалары
Қозғалыс түрі: 1. Өңдеуге түспейтін жұп пойызды қабылдау
Қайдан?:

Б-В

Аралығы

Қайда?:

4, 6

ЖҚЖЖ

Бағыттамалары: 2, 300, 100, 102, 108 , 132
Қозғалыс түрі: 2. Өңдеуге түспейтін жұп өтпелі пойыздан локомотивті ажырату
Қайдан?:

4, 6

ЖҚЖЖ

Қайда?: ЛШ
Бағыттамалары: 111, 109, 107, 209 , 207, 313, 307, 311, 333, 400, 403
Қозғалыс түрі: 3. Өңдеуге түспейтін жұп өтпелі пойызға локомотивті беру.
Қайдан?: ЛШ
Қайда?:

4, 6

ЖҚЖЖ

Бағыттамалары: 313, 207, 209 , 107, 109, 111
Қозғалыс түрі: 4. Өңдейге түспейтін жұп өтпелі пойыздың жөнелуі
Қайдан?:

4, 6

ЖҚЖЖ

Қайда?:

В-Г

аралығы

Бағыттамалары: 111, 109, 107, 105, 103, 101, 201, 301, 5 , 3
Қозғалыс түрі: 5. Өңдеуге түспейтін тақ өтпелі пойызды қабылдау
Қайдан?:

В-Г

Аралығы

Қайда?:

5, 7

ТҚЖЖ

Бағыттамалары: 1, 7, 5 , 301, 201, 108, 113, 13, 121, 123, 125
Қозғалыс түрі: 6. Өңдеуге түспейтін тақ өтпелі пойыздан локомотивті ажырату
Қайдан?:

5, 7

ТҚЖЖ

Қайда?: ЛШ
Бағыттамалары: 126, 124 , 118, 114, 116, 130, 119, 109, 107, 400, 209 , 207, 313, 307, 311, 333
Қозғалыс түрі: 7. Өңдеуге түспейтін тақ өтпелі пойызға локомотив беру
Қайдан?: ЛШ
Қайда?:

5, 7

ТҚЖЖ

Бағыттамалары: 401, 405, 303, 305, 309, 203, 205, 103, 105, 115, 117, 119, 130, 116, 114, 118, 124 , 126, 128
Қозғалыс түрі: 8. Өңдеуге түспейтін тақ өтпелі пойыздың жөнелуі
Қайдан?:

5, 7

ТҚЖЖ

Қайда?:

В-Б

аралығы

Бағыттамалары: 128, 126, 124 , 122 , 6, 8 , 4
Қозғалыс түрі: 9. Өңдеуге түсетін жұп өтпелі пойызды қабылдау
Қайдан?:

Б-В

Аралығы

Қайда?:

10-11

ӨП

Бағыттамалары: 2, 300, 200, 202, 204, 206, 110 , 208
Қозғалыс түрі: 10. Өңдеуге түсетін жұп өтпелі пойыздан локомотивті ажырату
Қайдан?:

10-11

ӨП

Қайда?: ЛШ
Бағыттамалары: 207, 213, 211 , 209 , 207, 313, 307, 311, 333, 400, 403
Қозғалыс түрі: 11. Таратылатын пойызды тақ тартым жолына апару
Қайдан?:

10-11

ӨП

Қайда?: М1
Бағыттамалары: 217, 213, 211, 307, 315, 335, 500
Қозғалыс түрі: 12. Таратылатын пойызды жұп тартым жолына апару
Қайдан?:

10-11

ӨП

Қайда?: М2
Бағыттамалары: 208, 110 , 108, 112, 116, 130, 119, 109, 107, 209 , 202, 313, 307, 311, 333, 400
Қозғалыс түрі: 13. Өңдеуге түсетін тақ өтпелі пойызды қабылдау
Қайдан?:

В-Г

Аралығы

Қайда?:

10-11

ӨП

Бағыттамалары: 1, 5 , 7, 9, 301, 201, 203, 205, 207, 209 , 211 , 213, 217
Қозғалыс түрі: 14. Өңдеуге түсетін тақ өтпелі пойыздан локомотивті ажырату
Қайдан?:

10-11

ӨП

Қайда?: ЛШ
Бағыттамалары: 217, 213, 211 , 209 , 207, 313, 307, 311, 333, 400, 403
Қозғалыс түрі: 15. М1 арқылы сұрыптау паркінен өтпелі пойызға құрамды қайта қою
Қайдан?:

1, 7

СП

Қайда?:

10-11

ӨП

Бағыттамалары: 331, 319, 215, 317, 215, 335, 500, 600, 315, 317, 211 , 213, 215, 207
Қозғалыс түрі: 16. М2 арқылы сұрыптау паркінен өтпелі пойызға құрамды қайта қою
Қайдан?:

1, 7

СП

Қайда?:

10-11

ӨП

Бағыттамалары: 320, 308, 306, 304, 302, 304, 202, 204, 206, 110 , 208
Қозғалыс түрі: 17. Стансаның өзінде құрастырылған пойызға локомотив беру
Қайдан?: ЛШ
Қайда?:

10-11

ӨП

Бағыттамалары: 401, 405, 303, 305, 309, 203, 205, 207, 209, 213, 211 , 207
Қозғалыс түрі: 18. Өзінде құрастырылған жұп пойызды құрастыру
Қайдан?:

10-11

ӨП

Қайда?:

В-Г

аралығы

Бағыттамалары: 217, 213, 211, 209 , 207, 205, 203, 201, 301, 9, 3
Қозғалыс түрі: 19. Өзінде құрастырылған тақ пойызға локомотив беру
Қайдан?: ЛШ
Қайда?:

10-11

ӨП

Бағыттамалары: 401, 405, 303, 305, 309, 203, 205, 207, 209 , 213, 211 , 207
Қозғалыс түрі: 20. Өзінде құрастырылған тақ пойызды жөнелту
Қайдан?:

10-11

ӨП

Қайда?:

Б-В

аралығы

Бағыттамалары: 208, 110 , 206, 204, 202, 200, 300, 2, 4
Қозғалыс түрі: 21. ЖА-ға вагондарды беру және әкету
Қайдан?:

7

СП

Қайда?: ЖА
Бағыттамалары: 331, 319, 215, 317, 315, 335, 500, 600, 601, 22, 320, 308, 306, 304, 302, 322
Қозғалыс түрі: 22. Зауытқа вагондарды беру және әкету
Қайдан?:

7

СП

Қайда?: Зауыт
Бағыттамалары: 331, 319, 215, 317, 315, 335, 500, 600, 601, 22, 320, 308, 306, 304, 302, 302, 322
Қозғалыс түрі: 23. Отын қоймасына вагондарды беру
Қайдан?:

7

СП

Қайда?: ОҚ
Бағыттамалары: 331, 319, 215, 317, 315, 313, 307, 311, 333, 400, 403
Қозғалыс түрі: 24. Отын қоймасынан вагондарды әкету
Қайдан?:

Отын

қоймасы

Қайда?:

7

СП

Бағыттамалары: 401, 303, 305, 307, 315, 317, 215, 319, 311
Қозғалыс түрі: 25. Тақ жолаушы пойыздарын қабылдау
Қайдан?:

В-Г

Аралығы

Қайда?:

3

Басты парк

Бағыттамалары: 1, 5 , 7, 11, 17, 19
Қозғалыс түрі: 26. Тақ жолаушы пойызынан локомотивті әкету
Қайдан?:

3

Басты парк

Қайда?: ЛШ
Бағыттамалары: 18, 12, 10, 120, 118, 114, 116, 130, 119, 109, 107, 209 , 207, 313, 307, 311, 339, 400, 409
Қозғалыс түрі: 27. Тақ жолаушы пойызына локомотивті беру
Қайдан?: ЛШ
Қайда?:

3

Басты парк

Бағыттамалары: 403, 405, 303, 305, 309, 203, 205, 103, 105, 107, 109, 119, 130, 116, 114, 118, 120, 10
Қозғалыс түрі: 28. Тақ жолаушы пойызын жөнелту
Қайдан?:

3

Басты парк

Қайда?:

В-Б

аралығы

Бағыттамалары: 18, 12, 16, 20, 8 , 4

1. 4 Станса жұмысын жедел жоспарлау және басқару.

Телімдік стансадағы маневрлік жұмысты жедел жоспарлайтын және басқаратын маневрлік дисперчері.

Станса ішінде пойыздарды уақытылы, әрі қауіпсіз қабылдайтын және өткізетін, локомотивтерді депоға жөндететін, сонымен қатар маневрлік қозғалысты басқаратын станса кезекшісі.

ДСП-ның бұйрығы барлық қызметтегі жұмысшылар үшін міндетті болып табылады. Маневрлік жұмысты пойыз құрастырушының басқаруымен маневр бригадасы орындайды. Маневр бригадасының құрамына кіреді: пойыз құрастырушы және оның көмекшісі, маневр локомотивінің машинисті және көмекшісі, сонымен қатар белгі беруші, бағыттама қосынының кезекшісі, вагондар қозғалысы жылдамдығын реттеушілер. Ал жекеленген стансаларда бір пойыз құрастырушы.

Ауысым құрамына келесідей қызметтің жұмыскерлері кіреді: қозғалыс, жүк сигнализация және байланыс, локомотив және вагон шаруашылығы.

ДСЦ жұмыс үрдісі кезінде қамтамасыз етеді: 4-6 сағаттық кезең бойынша локомотив дисперчерімен және ДНЦ-мен бірге отырып пойыздарды жөнелту жоспарын құрастырады.

- пойыздарды құрастыру, тарату, өңдеу, өткізу, жөнелту, қабылдау бойынша ауысымдық жоспарды орындау;

- вагондар мен пойыздарды өңдеу бойынша технологиялық нормаларды орындау;

- өтпелі пойыздарды жылдам өңдеу;

-жергілікті вагондарды беру, әкету бойынша жүк пунктерін уақытылы өңдеу, жүк операцияларын орындау;

- маневр аудандарының арасында жұмысты тиімді тарату;

- маневрлік жұмысты орындау кезінде техника қауіпсіздігі және қозғалыс қауіпсіздігі талаптарын станса жұмыскерлерінің орындауын талап ету;

- бекітілген графикке сай вагондарды ағымды жөндеу жолдарын өңдеу;

- ауысым аяқталар кезде ДСЦ келесі түсетін ауысымға қалыпты жұмыс істеу үшін жағдай жасау керек; Соның ішінде:

- пойыздарды үздіксіз қабылдау үшін жолдардың бостығын қамтамасыз

ету;

- кезекті құрамды тарату үшін сұрыптау жолдарын дайындау;

- қозғалыс графигіне және жедел жоспарға сай ауысымның басында жүк

аудандарына вагондарды беру немесе құрамды дайындау.

Стансаның тәуліктік жоспарын - жол бөлімшесі өңдейді. Жоспарланған тәулік басталардан бұрын 3 сағатқа дейін стансаға жіберіледі. Тәуліктік жоспар келесідей берілгендерден тұрады:

- әрбір бағыттан стансаға қабылданатын пойыздардың жалпы саны;

- әрбір бағытқа жөнелетін пойыздардың жалпы саны;

- жылжымалы құрам түрін және жүріс бағытын көрсете отырып бос

вагондарды жөнелту бойынша тапсырма;

- маңызды жүктерді ескере отырып, тиеу-түсіру мөлшерін көрсету;

- жөнелтілген маршруттарды тиеуге тапсырма;

- тиеуге келіп түсетін бос вагондар саны.

Станса үшін жол бөлімшесімен ауысымдық тапсырмада пайдалану және жүк жұмыстарының көрсеткіштері белгіленеді.

Ауысымға берілетін станса жоспарын ДС немесе оның оырнбасары барлық көрсеткіштер бойынша тәуліктік жоспар жағдайына, ауысымға берілген жол бөлімшесінің тапсырмаға пойыздарды құрастыру жоспарына және қозғалыс графигіне жүк және пойыз туралы ақпаратқа, тиеуге берілген бос вагондарының санына, пойыздарды өңдеудегі технологиялық нормаларға, сонымен қатар арнайы алынған тапсырмаға сай құрастырады.

Ауысымдық тапсырма, жоспар ауысым босшылығына жазбаша үлгіде беріледі және кезекшілікке түскен жұмыскерлерге хабарланады.

1. 4. 2 Станса жұмысын диспетчерлік басқару.

ДСЦ стансаның технологиялық орталығының (СТО) операторының құжатпен сәйкестендіріп, тексерілген натурлы қағазын алып, өңдеуге түсетін пойыздарды ретімен қояды және натурлы қағазға өзгерістерді енгізіп, оны қайтадан сұрыптау қағазын жасау үшін СТО операторына тапсырады.

Жүк қабылдап-тапсырушыдан алынған мәліметті енгізеді. ДСЦ пойыз құрастырушыға кірме жолдардан вагондарды әкетуге тапсырма береді.

1. 4. 3 Пойыздардың келуі туралы ақпарат.

Телімдік станса нақты және алдын-ала ақпарат алуы тиіс. Алдын-ала ақпарат стансаға жол бөлімшесінен ауысымға беретін тапсырмамен бірге жіберіледі. Онда 12 сағат ішінде стансаға келетін әр бағыттағы пойыздар саны беріледі, сонымен қатар түйеуге келіп тусетін бос вагондар саны беріледі. Әрбір 4-6 сағат сайын жол бөлімшесінен стансаға түзету енгізілген ақпараттар жіберіліп отырады. Онда әрбір пойыз туралы мәлімет болады: пойыз номері, пойыз индексі, тиеу уақыты, жалпы саны, салмағы.

Темір жолда автоматтандырылған жүйе әрекет ету кезінде стансаның технологиялық орталығына натурлық қағаз үрдісінде барлық санаттардағы пойыздар мен құрамдардың келуі жөніндегі нақты ақпарат түседі.

1. 4. 4 Біріктірілген ауысым және кешенді бригада.

Өндірістік тапсырманы табысты орындау үшін, қозғалыс үшін вагон және локомотив шаруашылығы, СОБ және байлныс қызметі жұмыскерлерінің пойыздар мен вагондарды өңдеуде шұғыл кірісуі негіз болып табылады.

Пойыздарды қабылдап жөнелту және маневрлік жұмысты орындау үшін телімдік стансаларда келесідей кешенді бригадаларды құрайды: станса жұмыскерлері, коммерциялық қарау пункті (КҚП), техникалық қарау пункті жұмыскерлері, маневрлік локомотив бригадалары.

  1. Ақпараттық орталық және сто жұмысын ұйымдастыру.

СТО-да келесідей негізгі міндеттерді орындау жүктеледі;

  • жөнелтілетін немесе келген пойыздарға жүк құжаттарын уақытылы және сапалы дайындау;
  • сұрыптау қағазы мен натурлы қағазды құрастыру;
  • тиеу-түсіру пунктерінде, сұрыптау жолдарында орналасқан вагондарды үздіксіз есепке алып отыру;
  • құрастырылатын пойыздардың ұзындығын және белгіленген салмақ мөлшерін, пойыздардың құрастыру жоспарын бақылап отыру;
  • жүк құжаттарының сақтанымдылығын қамтамасыз ету;
  • стансадан вагондардың уақытында жөнелуін бақылап отыру және есепке алу;

Ақпараттық пунктегі оператор инфоримоктор міндеті келесідей:

  • пойыз, вагон және жүктердің келуі жөнінде кешенді ақпаратты қабылдап өңдеу;
  • жүк операцияларына берілген вагондар туралы ақпаратты тапсыру;
  • жөнелетін пойызға ақпаратты тапсыру.

СТО штатының саны стансаға келетін және жөнелетін пойыздар санына байланысты анықталады.

СТО жұмыскерлері келесідей материалдар мен жұмыс істейді: пойыздарды құрастыру жоспары; пойыздар қозғалысы графигі; темір жол сызбасы; темір жол стансасының альфавиттік тізімі; жылжымалы құрамның ұзындығы және тара салмағын анықтауға арналған кестелер.

Натурлы қағазды құрастыру бойынша нұсқаулықтар жүк тасымалдау ережелері пойыздарды өңдеудің технологиялық графигі, жоспарлау бойынша нұсқаулық.

Келген құрамға құжаттарды толтыру

Стансаға келген пойыздың натурлы қағазын СТО операторы бағыттарға сай белгілейді.

Алдын ала ақпаратсыз келген пойыздарға сұрыптау қағаздары пойыз келгеннен соң жасалады.

Тасымалдау құжаттарын машинист қабылдау бункеріне түсіреді немесе пойызды қабылдаушы СТО жұмыскеріне тапсырады. Тасымалдау құжаты бар алған соң СТО жұмыскері ДУ-81 үлгісіндегі бақылау бланкісін бүтіндігін тексереді.

Өзінде құрастырылған пойызға құжаттарды өңдеу

Вагондардың жинақталуына қарай СТО операторы пойыздың салмағы мен ұзындығын өлшеп ДСЦ хабарлап отырады. Құрастырылған құрамдағы вагондардын орын ауыстыруын ДСЦ міндетті түрде СТО операторына хабарлап отырады.

Құрамды жөнелтуге дайындау кезінде СТО операторы сұрыптау паркіндегі тұрған вагондарды натурлы қағазбен тексереді. Нақты мәліметті алу барысында телетайп операторы СТО операторына құрам санын жібереді.

  1. ПОЙЫЗДЫ ӨҢДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ


2. 1 Локомотив ауыстыру мен өңдеуге түспейтін пойыздарды өңдеу графигі

2. 1 кесте

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Пойыздарды локомативтер және маневрлік құрамдардың маршруты
Пойыздарды өңдеудің технологиялық кестелері
“Алматы-1 сұрыптау стансасы жұмысының технологиясын талдау және жіктеу”
Теміржол көлігі
Станса және кірме телімдерінің техникалық пайдалану мінездемесі
Станция мен тартым ауданының техникалық – экономикалық сипаттамасы
Станциялардың түрлері. Аралық станция
Темір жол
Дәрістер жинағы туралы
Жолаушылар пойызын құрастыру жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz