Терминологиялық сөз тіркестері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   

«Экономика мәтіндерін аударуда кездесетін лексико-грамматикалық мәселелер»

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

І Экономикалық мәтіннің негізі . . .

1. 1 Термин . . . 4

1. 2 Терминологиялық сөз тіркестері . . . 6

ІІ Экономикалық мәтіндерді аудару мәселелерін талдау . . .

2. 1 Шет тілінің салыстырмалы терминдері және олардың компоненттерінің грамматикалық формалары . . . 10

2. 2 Экономикалық терминдердің лексикалық құрамдарының айырмашылықтары . . . 12

2. 3 Шет тілі терминдерінің компоненттерінің айырмашылықтары . . . 14

ІІІ Тәжірибелік жұмыстар . . . 15

Қорытынды . . . 19

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 21

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі. Экономика облысындағы аудармаларды зерттеу - маңызды және өзекті тапсырма, көптеген мәселелерді шешуде көмек құралы ретінде болатын және ғылымның соңғы жетістіктері айналасында мамандар мен әр елдердің ғалымдары арасында ақпарат алмасуды жылдамдату, бара-барлық аударманың нәтижелеріне бағытталған.

Курстық жұмыстың мақсаты - ағылшын экономикалық мәтіндедің терминологиясын аударудағы басты қиындықтарды көрсету.

Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді орындау қажет:

- аударманың лексикалық мәнін ашу;

- аудармадағы грамматикалық мәселелерді зерттеу;

Зерттеу жұмысының нәтижелерін ағылшын тіліндегі экономикалық сөздерді қазақ және орыс тіліне аудару жұмыстарында, шет тілін үйрету барысында, практикалық сабақтарда қолдануға болады. Ұсынылған тың көзқарастар мен пікірлерді жасалған тұжырымдар мен анықтамаларды қазіргі ағылшын және қазіргі қазақ тілінің теориялық курстарында, аударма теориясы, сонымен қатар ағылшын-қазақ тіліндегі экономикалық сөздер сөздігі ретінде пайдалануға болады.

Зерттеу жұмысын жазу барысында Л. С. Бархударов, А. А. Реформатский, С. В. Гринев, В. И. Кодухов, Д. Э. Розенталь, А. А. Гируцкий тұжырымдамалары қолданылды.

Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, тәжірибелік жұмыстан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.


І Экономикалық мәтін негізі
1. 1 Термин

Экономика саласы туралы Альфред Маршаллдың айтуы бойынша: «Адамдардың әртүрлі тауар және қызмет шығаруға альтернативті түрде қолдана алатын және болашақта, қазіргі уақытта пайдаланатын шектеулі ресурстарды таңдауының жүзеге асуын зерттейтін ғылым саласы».

Кез келген экономикалық мәтінді аудару барысында баса назар аударар нәрсе - терминдер. Әр ғылым негізінің ережесі ретінде экономиканың әртүрлі салалары да өзіндік терминдерге бай. Ең алғаш «термин» ұғымын экономика ғылымына ұсынған А. Маршалл, өзінің 1890 жылы шығарылған «Экономикс принціптері» атты кітабында. Экономикалық терминдер, мысалы:

Capital - капитал (өндірістің негізгі төрт факторының бірі, оның көмегімен басқа тауар және қызмет өндіру үшін )

Capitalism - капитализм (экономикалық жүйе)

Inputs - шығын (тауар және қызмет өндіруге жұмсалатын ақша)

Wealth - байлық (дәл қазіргі сәттегі ақша қоры несеме таза жинақ немесе қолда бар активтер)

Macroeconomics - макроэкономика (экономиканың екі үлкен саласының бірі)

Elasticily - иілгіштік (бірінші кезеңнің басқа біреусіне ауысу дәрежесі және ол біріншімен байланысты болады)

Market - рынок (сатып алушының сұранысы мен өндірушінің ұсынысы арақатынасын басқаратын жүйе)

Labor - еңбек (өндіріс жұмысын дөңгелетіп кету үшін жұмсалған физикалық және ақыл күші)

Жоғарыда көрсетілген мысалдар экономика саласына тек жалпылама түрде ғана қарағанда пайдаланылады. Келесі кезектегі терминдер белгілі бір бірнеше экономика буынына байланысты, олар:

1. Микроэкономика

Complements - толықтырушылар (бірінің бағасы түскен жағдайда, екіншісінің де бағасы құлдырайтын тауарлар немесе қызметтер тобы)

Demands - сұраныс (сатып алушының тауарға немесе қызметке ие болу мүмкіндігі және қалауы)

Shortage - тапшылық, жетіспеушілік (ұсыныстан сұраныс санының асып кетуі)

Supply - ұсыныс (Сатушылардың нарықта тауарды сатуға шығаруға мүмкіндігі және қалауы)

Surplus - қайта өндіру (сұраныстан ұсыныстың саны асып кетуі, тауардың немесе қызмет көрсетулердің бағасы өте жоғары болған кезде ұсыныстың азаюы)

Regulation - қадағалау (экономикалық әрекеттерді қадағалайтын және өзгертетін басқарушы заң және ереже)

2. Макроэкономика

Flow - ағыс (уақыт кеңістігінде тоқтамайтын процесс, оны физикалық немесе ақшалай бірліктермен бағалауға болады)

Savings - жинақ (салық төлеуге, тауар мен қызмет көрсетулер алуға қолданылмайтын, халықтың кіріс бөлігі)

Stock - қор (қазіргі сәтте бар тауардың немесе қызмет көрсетулердің саны)

3. Менеджмент

Data - мәліметтер (бір бірімен байланысты емес, мысалы есімдер, дата, сандар)

4. Маркетинг

Advertising - жарнама (БАҚ құралдары арқылы немесе әлеуметтік желілер, афишалар көмегі арқылы тауар немесе қызмет көрсетулер сатылымын көтеру)

Терминге ғалымдардың берген тұжырымдамаларын жалғастырсақ В. И. Кодухов мәлімдемесі бойынша термин - «тіл білімінің әртүрлі облысында ғылым мен техникаға түсінік беруге арналған сөздер немесе атаулар». Басқа да ғалымдардың ойларын қарастыратын болсақ, А. А. Гируцкий терминді «қатаң белгілі мағына беретін сөз, көбіне тек бір ғана мағына береді» деп жазып, сөзін ары қарай Ежелгі Рим мифологиясында «Термин» деп қасиетті болып саналатын тастарды, діңгектерді, шекаралық белгілерді қорғайтын құдай деп атағандығы туралы жалғастырған.

Ғылыми деректерге сүйене келе, «термин» арнайы профессионалды қолдануға арналған бірлік.

Лингвистикалық ғылыми әдебиетте терминнің қандай қасиеттерге ие болу керектігі көрсетілген. Ол стилистикалық нейтралды, экспрессияның болмауы, жүйелілік, моносемантикалық болуға бағытталуы керек. Бірақ та оның синонимдік, омонимдік, моносемантикалық болуына байланысты ғалымдардың арасында дискуссия туындайды. А. А. Реформатский, Е. М. Галкина-Федорук, Л. О. Казанчян терминнің бір ғана бағынада болуын үгіттейді, себебі түсінікті әрі нақты кезінде ол контексттен бөлек жағдайда да түсінікті және оңай бола алады.

Ал терминнің полисемантикалық болуына келісетін ғалымдар С. В. Гринев, Д. С. Лоте және т. б. оның лексиконның бір бөлігі және соған байланысты оның функционалды міндеттеріне бағынатындай болуы тиістігі жайында айтады.

Ғалымдардың ойларын екіге бөлетін бұл екі жайт бір-бірімен талас туғыды.

1. 2 Терминологиялық сөз тіркестері

Алдыңғы бөлімшеде «терминнің» не екеніне түсінік беріп өттік. Оның қандай болу керектігін, міндеттері жайлы айтып өттік. Ендігі кезекте қарастыратынымыз терминологиялық сөз тіркестері. Яғни, термин тек бір сөзден ғана емес, сонымен қатар сөз тіркестері де бола алады. Оларды біз «терминологиялық сөз тіркестері» деп атаймыз. Терминге сөз тіркестерінің де кіретіндігі жайлы Л. С. Бархударов, С. В. Гринев, В. И. Кодухов, Д. Э. Розенталь айтып өткен.

В. А. Судовцевтың берген анықтамасы бойынша: «терминологиялық сөз тіркестері дегеніміз - семантиқалық тұтастықты білдіретін және қосымшалармен несеме олардың көмегінсіз жасалынған екі несеме одан да көп сөз топтары».

Көпкомпонентті терминологиялық сөз тіркестерін әртүрлі атайды. Мысалы, «жалғанбалы термин», «көпнегізді термин», «көпсөзді термин», «көпмүшелі термин», «бірсөзді емес термин», «поливербалды термин», «күрделі структуралы субстантивті сөз тіркестері», «термин фразема», «көпкомпонентті субстантивті сөз тіркестері».

Мысалы:

«National income» - ұлттық табыс

«Net exports» - таза экспорт

«Subjective product» - субъективті өнім

«Economies of scale» - масштаб эффекті

«Long-run» - ұзақ мерзімді кезең

«Normal profit» - қалыпты табыс

«Pure economic profit» - таза экономикалық табыс

«Short-run» - қысқа мерзімді кезең

«Shutdown rule» - өндірісті тоқтату туралы ереже

«Contestable market» - бәсекеге қабілетті нарық

«Closed monopoly» - жабық монополия

«Limit pricing» - қалыпты баға орнауы

«Total profit» - жалпы табыс

«Rate of return» - табыс нормасы

«Normal price» - қалыпты баға

«Price elasticity» - баға иілгіштігі

«Tying contracts» - жүктемесі бар келісім-шарт

«Census income» - кестелі табыс

«Proverty-level» - кедейлік деңгейі

«Differential rent» - дифференциалды рента

«Roundabout production» - көп сатылы өндіріс

«Rate of return on capital» - капиталдағы табыс нормасы

«Budget deficit» - бюджет тапшылығы

«Actual deficit» - нағыз тапшылық

Басқа ғалымдардың ойынша, мысалы Л. Б. Ткачевтың талдауы бойынша терминологиялық сөз тіркестері дегеніміз: «көпкомпонентті, бөлек рәсімделген, семантикалық біртұтасты білдіретін және екі, үш немесе одан да көп элеметтердің жиынтығынан тұратын сөз тіркестері» деген түсінік береді.

Терминологиялық сөз тіркестерін «ыдырайтын терминологиялық сөз тіркестері» және «ыдырамайтын терминологиялық сөз тіркестері» деген екі үлкен тобына бөліп қарастырады. Егер, бірінші аталған түріне анықтама бере болсақ, өз ішінде «ыдырайтын терминологиялық сөз тіркестері» екіге бөлінеді. Олар:

  • Еркін терминологиялық сөз тіркестері;
  • Еркін емес терминологиялық сөз тіркестері.

Еркін терминологиялық сөз тіркестері дегеніміз - әрбір компоненті жеке термин болатын тіркестер.

«Short-run equilibrium» - қысқа мерзімді тепе-теңдік

«Сapital account» - капитал есебінің жүруі

«Net tax multiplier» - таза салық мультипликаторы

Ал, еркін емес терминологиялық тіркестерде керісінше. Оның компоненттері жеке алып қарастырғанда термин бола алмайды.

«External debt» - cыртқы қарыз

«Internal debt» - ішкі қарыз

«Closed monopoly» - жабық монополия

«Law of scarcity» - сиректік заңы

С. В. Гриневтің мәліметтері бойынша терминологиялық сөз тіркестері әртүрлі термосистемалардың 95% пайызын құрайды. Біраз зерттеу жүргізетін болсақ «A Dictionary of Economics» 2003 ж., тек «а» әріпіндегі 126 терминнің ішінен: 52 - екі компонентті, 13 - үш компонентті, 5 - төрт компонентті, 1 - алты компонентті терминологиялық сөз тіркестері табылған. Қалғандары жай трминдер. Көріп отырғанымыздай кішкене ғана талдаудың өзі екі компонентті терминологиялық сөз тіркестерінің қаншалықты көптігін байқатты. Ф. М. Ордакованың сөзінше: « . . . олар қазіргі ғылым саларында, техника, экономика облыстарында кең ауқымды орын».

ІІ Экономикалық мәтіндерді аудару мәселелерін талдау

2. 1 Шет тілінің салыстырмалы терминдері және олардың компоненттерінің грамматикалық формалары

Л. С. Бархударов, В. Н. Комиссаров, Я. И. Рецкер, А. В. Федоров, А. Д. Швейцер және т. б. ғалымдардың терминдерді аудару тәжірибесіндегі ең тиімді тәсілдер - лексикалық эквивалентін табу, транскрипция, транслитерация, калькалауды, сипаттау (описательный) арқылы аудару жолдары.

Газет-журналдарда кездесетін экономикалық мәтіндердің 3-5% термин сөздер, терминологиялық сөз тіркестері алады. Аудару барысында кездесетін біршама грамматикалық айырмашылықтар болады. Берілген айырмашылықты зат есімдермен туындаған ағылшын терминдерін аударғанда байқаймыз.

Екі зат есімнен тұратын (N+N) немесе зат есім мен затты топтардан тұратын терминдердің ішкі формаларын салыстырғанда келесі айырмашылықтар байқалады:

1. Анықтаушы зат есімнің септік формасы өзгереді (атау септігінің формасы ілік септігіне ауысады), сонымен қатар қазақ тіліне аударғанда тартымды формаға айналады:

risk figure - показатель риска - тәуекел көрсеткiшi;

capital market - рынок капитала - капитал нарығы;

tax rate - ставка налога - салық ставкасы;

purchase price - цена приобретения - сатып алу құны.

2. Анықтаушы зат есімнің септік формасы өзгереді және орыс тіліне аударғанда көмекші сөз қосылады:

income tax - налог на прибыль - кiрiске салынатын салық;

sales tax - налог с продаж - сатылған тауарға салынатын салық;

market position - положение на рынке - нарықтағы жағдай;

3. Сандардың (жіктік - көптік) бір уақытта септік формалары өзгерісімен өзгеруі:

order inflow - поступление заказов - тапсырыстардың түсуi;

share issue - эмиссия акций - акциялар эмиссиясы;

share turnover - оборот акций - акциялар айналымы ;

share subscription - подписка на акции - акцияларға жазылу;

profit and loss account - отчет о прибылях и убытках - кiрiс пен шығындар есебi.

Екі зат есімнен тұратын of (N of N) көмекші сөзімен байланысқан терминдер орыс тілінде «зат есім + ілік септігінде зат есім» және қазақ тілінде «зат есім + көмектес құрылымындағы зат есім» құрылымымен аударылады.

principles of consolidation - принципы консолидации - консолидация принциптерi;

Board of Directors - Совет директоров - директорлар кеңесi.

Терминдер құрамындағы екі зат есімді біріктіретін басқа көмекші сөздер негізінен орыс және қазақ тіліндегі сәйкесінше көмекші сөздермен беріледі:

dividend per share - дивиденд на акцию - акцияға дивиденд және т. с. с.

«Зат есім + жанама септіктегі зат есім» морфологиялық - синтаксистік құрылымы орыс тілдегі терминдерді құруда тиімді болады, осы құрылыммен қатар Adj+N құрылымы ағылшын терминдерінің мәнін N+N құрылыммен береді.

Кей жағдайларда бір лексикалық құрамды, бірақ әртүрлі морфологиялық - синтаксистік құрылымы бар терминдер де болады. Жалпы, грамматикалық деңгейде терминдер құрылымының айырмашылығы аударма баламалығына қол жеткізуге кедергі келтірмейді, себебі шет тілі мен қазақ және орыс тілдеріндегі ерекше категориялық мәндерді білдіруге мүмкіндік береді. Бұл фактіні тіл өзінің когнитивтік функциясында тілдің грамматикалық жүйесіне барынша аз тәуелді екенін растайды. Талдау нәтижелерін баламалығы жоқ терминологияны калькалағанда грамматикалық трансформацияны қолдану үшін негіз ретінде назарға алу керек.

2. 2 Экономикалық терминдердің лексикалық құрамдарының айырмашылықтары

Ағылшын тіліндегі құрама терминдерді қазақ және орыс тіліндегі эквиваленттерімен салыстырғанда ұялы немесе анықтаушы компоненттердің лексикалық мәнінің айырмашылығы байқалады.

Әртүрлі номинация дәстүрлері салдарынан шет тіліндегі құрама терминологиялық бірліктерді қалыптастыру үшін әртүрлі негізгі терминдер негіз бола алады.

Мысалы:

accounting convention (сөзбе-сөз аудармасы: правило бухгалтерского учета) - метод бухгалтерского учета - бухгалтерлiк есеп әдiсi;

utilization of losses (сөзбе-сөз аудармасы: использование убытков) - погашение убытков - шығындардың өтелуi.

Кең таралған үдеріс ағылшын тіліндегі терминдерде қазақ және орыс тілдеріне қарағанда аса мол семантикалы компоненттерді қолдану болып табылады. Ағылшын тілі кең семантикалы есімдерді терминдер түзу үшін негіз ретін молынан қолданады. Мысалы, item компонентінің мәнін аудару кезінде лексикалық айырмашылықтар болады:

non-distributable items терминін (бөлінбеген баптар) нераспределяемая прибыль - бөлiнбейтiн кiрiс деп аудару керек.

Ағылшын тіліндегі терминологиялық сөз тіркестерінің ядролық емес компоненттерінің лексикалық мәнінің айырмашылығы да шет тіліндегі ұғымдар номинациясының әртүрлі дәстүрлерімен түсіндіріледі. Мысалы:

book value (сөзбе-сөз аудармасы: книжная стоимость - бухгалтерлік кітап бойынша құн) - балансовая стоимость - тепе-теңдiк құн;

cash in hand (сөзбе-сөз аудармасы: қолдағы ақша қаражаттары ) - денежные средства в кассе - кассадағы ақша;

parent company (сөзбе-сөз аудармасы: ата-ана компаниясы) - материнская компания - аналық компания;

equity exposure (сөзбе-сөз аудармасы: капитал құны өзгерісінің тәуекелі) - фондовый риск - қор тәуекелі.

Берілген аударма сәйкессіздігінің себебі шет тілі терминдерінің құрамында әртүрлі тіл бірліктерін қолдану дәстүрлері болып табылады. Анығырақ келесі мысалдан көрсетейік: егер ағылшын тілінде әрқайсысы бухгалтерлік балансты құрастыруда қолданылатын: short-term liabilities (қысқа мерзімді міндеттемелер) және current liabilities (сөзбе-сөз аудармасы: ағымдағы міндеттемелер) термин-синонимдер болатын болса, қазақ және орыс тілінде екі термин де қатал регламенттелген балан құрылымына сәйкес қысқа мерзімді міндеттемелер деп аударылады.

Компоненттердің лексикалық мәнін салыстырғанда берілген тарауда келтірілген шет тілі терминдерінен ортақ себеп шығады: шет тілі мен қазақ және орыс тілдеріндегі бірліктердің термин элементтері мәндердің мамандану, жалпылану қатынастарымен, басқа метонимиялық қатынастармен байланысты болады.

Кейбір жағдайларда шет тілі салыстырмалы терминдерінің ішкі формасы негізінде келесі семантикалық қатынастар ажыратылады:

equity investment (басқа компаниялардың акционерлік капиталына инвестициялар) - портфельные инвестиции (компанияның бағалы қағаздар портфелік құрайтын инвестициялар) : екі терминде басқа компаниялар акциясына инвестициялар құюды білдіреді - басқа компаниялар акцияларына қаржы құю;

equity exposure (капитал құны өзгерісінің тәуекелі) - фондовый р иск (қор нарығы бағасының өзгеру тәуекелі) : екі терминде акция құнының өзегріс тәуекелін білдіреді- акциялар бағасының өзгеру тәуекелі.

Бұл айырмашылықтар шет тілі мен қазақ және орыс тілдеріндегі ұқсас түсініктердің терминдеріне кедергі келтірмейді.

2. 3 Шет тілі терминдерінің компоненттерінің айырмашылықтары

Қаржылық есептің ағылшын, қазақ және орыс тілдеріндегі формалдық - семантикалық деңгейде салыстырмалы талдауы олардың морфологиялық - синтаксистік құрылымы да, лексикалық құрамы да ажыратылатынын көрсетеді. Онымен қоса, кейбір жағдайларда шет тілі терминдері әртүрлі көптеген компоненттермен сипатталады. Айырмашылықтарды олардың себептеріне байланысты келесі түрін қарастыруға болады:

-шет тілі, қазақ және орыс тілдеріндегі терминдердің лексикалық - грамматикалық құрылымындағы әрбір термин элементтің семантикасын аударғанда ұқсас компонентпен беру мүмкінсіздігі салдарынан туындайтын айырмашылықтар.

Бұл түрдегі айырмашылық бір сөзді терминдерді аударғанда пайда болады. Мысал ретінде келесі эквиваленттер жұбын келтірейік:

maintenance - техническое обслуживание - техникалық қызмет көрсету;

proceeds - денежные поступления - қаржылық түсiмдер;

research - научные исследования - ғылыми зерттеулер;

security - ценная бумага - бағалы қағаз.

Кейбір жағдайларда қазақ және орыс тіліндегі терминнің лексикалық - грамматикалық құрылымы екі сөзден құралған ағылшын терминінің күрделі сипатын білдіреді:

leaseback - возвратный лизинг - керi лизинг;

- эллипс нәтижесінде:

Rentals - 1. затраты на аренду; 2. арендная плата (rental expenses, rental payments ) - жалдау төлем ақысы;

nominee - номинальный акционер (от nominee shareholder ) - номиналды акционер

ІІІ Тәжірибелік жұмыстар

Экономиканың бизнес саласынан алынған терминдерге, терминологиялық сөз тіркестерінің ағылшын-орыс-қазақ аудармалары

Берілген мысалдар Эдвин Дж. Долан, Борис Домненко ECONOMICS: Англо-руский словарь-справочник оқулығыны негізінде жасалынған.

Annuity - аннуитет - аннуитет (зейнетақы қоры мен сақтандыру компанияларымен жасалынған келісім-шарт)

Appliciation bonds - облигации с возрастающей стоимостью - өспелі бағадағы облигациялар (өздері өтелертін бағадан төмен сатылатын жинақталған облигациялар)

Asked price - цена продавца - сатушы бағасы (нарықта тіркелмеген бағалы қағаздарды дилер сатуға ұсынған баға)

Barter - бартер - бартер (бір тауарды немесе қызмет көрсетуді басқа бір тауарға несеме қызмет көрсетуге ақшаының көмегінсіз айырбастау)

Basis point - базисный пунт - базалық нүкте (табыс нормасындағы өзгеріс)

Bid price - цена покупателя - (нарықта тіркелмеген бағалы қағаздарды дилер сатып алуға ұсынған баға)

Bill auction - аукцион векселей - вексель аукционы (әр апта сайын қазына меемесімен өткізілетін қысқамерзімді қазына вексельдерін жаппай сату)

Bill rate - ставка по векселю - вексель бойынша мөлшерлеме (ставка), (қазыналық вексель инвесторымен алынатын жылдық табыс нормасы)

Blue sky law - закон синих небес» - «көк аспан» заңы (бағалы қағаздар рыногындағы алаяқтармен қарсы күресуге арналған АҚШ-тың кез келген штатытында жүзеге асатын заң)

Book entry form - форма книжной записи - кітапшадағы жазба формасы (қандай да бір жазбаша сертификаттар шығарылымынсыз басқарманың нарықтық бағалы қағаздарды басқару формасы)

Claim - требование - талап (банкротқа ұшығаран адамға төленетін сақтандыру компанияларымен іске асатын төлем)

Сommercial bank - коммерческий банк - коммерциалық банк (пайызбен қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелер беретін, чектер қабылдайтын, басқа да қызметтер ұйымдастыратын қаржылық институт)

Commercial paper - коммерческая бумага - коммециялық қағаздар (қысқа мерзімді бағалы қағаздар)

Coupon equivalent yield - купонный эквиваленттый доход - купонды эквивалентті табыс (қысқа мерзімді қазына векселінде нақтырақ есептелінген жылдық табыс нормасы)

Credit union - кредитный союз - несиелік бірлестік (кішкентай қаржылық институт)

Dealer - дилер - дилер (нарықта тіркелмеген бағалы қағаздар иесі болатын делдал. Нарықта белгілі бір бағалы қағаздар түрін белгіленген бағамен алуға және сатуға ұсыныс жасайды. Дилер акцияларды өз ақшасына сатып алады)

Debentures - долговые обязательства - қарыздық міндеттемелер (өз компаниялары шығаратын физикалық автивтермен қамтамасыз етілетін корпорация облигациялары)

Determination of present value of securities - определение теущей стоимости ценной бумаги - бағалы қағаздың қазіргі бағасына анықтама (қазіргі сәтте бағалы қағаз үшін қанша төлеу керек екенін білу үшін анықтау)

Direct financing - прямое финансирование - тура қаржыландыру (қаржы құралдарының оларды пайдаланатын өкілге оны жинақтайтын өкілден жіберілуі)

Diversification - диверсификация - диверсификация (қатердің алдын алу үшін бағалы қағаздарды кең көлемде иемдену. Бірінің курсы түскенде, екіншісінің курсы көтерілуімен білінбей қалу үшін)

Efficient - market hypothesis (EMH) - гипотеза эффективности рынка - нарықтың тиімділі жайлы гипотеза (гипотеза)

Finance companies - финансовые компании - қаржылық компаниялар (өз инвесторларының ақшалай құралдарын несие ұсынуға қолданатын қаржылық институттар)

Financial intermediaries - финансовые посредники - қаржылық институттар (жинақталған ақша құралдарын қарызға алушыларға ұсынатын қаржылы-несие институттары)

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Атаулы терминологиялық сөз тіркестері
Мұнай-газ терминдерінің ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылуындағы ерекшеліктері
«Қазақ тіліндегі терминдік атаулар мен ұғымдарды білдіретін лингвостатистикалық сөздер мен сөз тіркестері»
Мұнай-газ терминдерінің ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылуындағы ерекшеліктерін анықтау
Қазақ тіліндегі тіркесімдік терминдер, олардың құрылымы
Сөздіктің түрлері және олармен жұмыс
Медициналық терминдердің қалыптасуы мен дамуы
Сөздік құрам, лексика – белгілі бір тілдегі барлық сөздердің жиынтығы
Қазіргі ағылшын тілі терминологиялық жүйесін толықтырудағы неологизимдердің рөлі
Фармацевтикалық терминдер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz