Негізгі қорлардың амортизациясы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 97 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

НОРМОТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

АНЫҚТАМАЛАР

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

КІРІСПЕ

1. Бөлім. КӘСІПОРЫНДА НЕГІЗГІ ӨНДІРІСТІК ҚОРЛАРДЫ

ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Негізгі өндірістік құралдардың экономикалық мәні мен жіктелуі

1. 2 Негізгі қорлар қозғалысы, жағдайы және бар болу көрсеткіштері

1. 3 Негізгі қорларды бақылау

1. 4 Негізгі қорлардың тозуы және амортизациясы

2 . Негізгі өндірістік қорларды тиімді пайдалануды талдау

2. 1 Кәсіпорын қызметінің технико-экономикалық көрсеткіштерін талдау

2. 2 «AVTOMAN» ЖШС негізгі қорлар динамикасын және құрылымы

2. 3 Негізгі қорларды тиімді пайдалануды талдау

2. 4 Негізгі қорларды тиімді пайдалануды оңтайландыру

3 . Негізгі қорларды тиімді пайдалануды оңтайландыру

жолдары мен резервтері.

3. 1 Негізгі қорларды тиімді пайдалануды көтеру резервтері

3. 2 Кәсіпорынның негізгі қорларын тиімді пайдалану жолдарын жоғарылату

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ҚОСЫМШАЛАР

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

Дипломдық жұмыста келесі нормотивтік стандарттарға сілтемелер жасалған :

ҚР Конститутциясы

ГОСТ Р 1. 0-92 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарттау жүйесі. Негізгі ережелер. ГОСТ Р 1. 2-92 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарттау жүйесі. Мемлекеттік стандарттарды әзірлеу тәртібі.

ГОСТ Р 1. 3-92 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарттау жүйесі. Техникалық шарттарды мақұлдау, бекіту және тіркеу тәртібі.

ГОСТ Р 1. 4-92 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жүйесі. Кәсіпорындар стандарттары. Жалпы ережелер.

ГОСТ Р 1. 5-92 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жүйесі. Стандарттарды құруға, баяндауға, ресімдеуге және мазмұнына қойылатын жалпы талаптар.

«Қазақстан дамуының жаңа белесіндегі «Қазақстан-2050» Стратегиясы»: ҚР Президентінің Жолдауы, 2012 жыл [Элeктрoндық рeсурс] : http://www. akorda. kz

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Халқына жыл сайынғы Жолдауы. 18. 03. 16// Егемен Қазақстан

Қазақстан Республикасының заңы “Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы ”Егемен Қазақстан. 1998 ж.

Шаруашылық серіктестіктер туралы: Заң және оның түсініктемелері. Фемида. 1996 ж. №4.

Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығы № 2255 2 мамыр 1995 жыл “Шаруашылық серіктестіктер туралы”. ҚР экономика және кәсіпкерлік. 1997 ж. №26.

АНЫҚТАМАЛАР

Дипломдық жұмыста сәйкес анықтамаларымен келесі терминдер қолданылды :

Негізгі құралдар - ұзақ уақыт бойы материалдық өндіріс саласында сонымен қатар өндірістік емес салада да, еңбек құралы ретінде қызмет еткен ( бір жылдан астам ) және бірлік құны айталықтай мәнге йе материалдық активтер.

Негізгі қорлар - бұл өзінің құнын бөлектеп жоғалатын және ұзақ кезең бойы натуралды қалпын өзгертпей сақтайтын материалды заттай құндылықтар.

Ағымдық құн - бұл белгіленген уақытқа негізгі қорлардың пайдаланып жүрген нарықтық бағасының құны.

Баланстық құн - бұл негізгі қорлардың активі есепте және есептемеде көрсетілетін жиналған амортизация сомасын шегеріп тастағандағы бастапқы және ағымды құн. .

Жойылу құны - негізгі қорлар жойылған кезде туатын запас бөлшектерінің, ломның, қалдықтардың болжамды бағасы.

«Амортизация» - термині тікелей мағынада негізгі қорлардың өлімі жоқтығын, олардың тозуды толтыру, қалыптасу мүмкіндіктерін білдіреді.

Амортизация нормасы - объект құнының тиімді қолдану мерзімі аралығында белгіленген мерзімділікпен өндіріс шығындарына қосылатын үлесі (пайызбен) .

БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

Дипломдық жұмыста келесі белгілер мен қысқартулар пайдаланылды:

ҚР - Қазақстан Республикасы

ЖШС - Жауапкершілігі шектеулі серіктетігі

ШҚО - Шығыс Қазақстан облысы

КІРІСПЕ

Нарықтық қатынастарға өтумен байланысты әр бір қоғам даму жолдарын таңдау алдында тұрады. Нарықтық экономикада шынайы экономикалық процестердің қиындығы, олардың қайшылығы және біртекті еместігі қоғамның прогрессивті тенденциялардың дамуына жауап беретін экономикалық саясаттың бағыттарын таңдау үшін айтарлықтай қиындықтар туғызады.

Қазіргі экономика - бұл бір-біріне қайшы келетін топтар қатынасы: нарықтық қатынастар жүйесі және барлық экономиканың саналы реттелуі.

Бұл мәселелерді шешу үшін кәсіпорынды тек қана техникалық потенциалмен қамтамасыз етіп қоймай сонымен қатар оларды пайдаланудың тиімділігін көтеру қажет.

Өнім өндірісі және қызмет көрсету процессінде келесі экономикалық ресурстардың түрлерін пайдаланылады: табиғи ресурстар (жер, сулы және тоғайлы, жер қойнауы) ; еңбек ресурстары (адамдар және олардың қызмет көрсету және тауарларды шығару мүмкіндігі) ; өндіріс қорлары (өндірістік ғимараттар, құрылыстар, станоктар, тасымал құралдары, материалдар, шикізат, энергия, запас бөлшектер және т. б. ), адамдардың кәсіпкерлік қабілеттілігі.

Өндірістің заттанған құралдары кәсіпорын капиталы деп аталады. Капитал өндіріс құралы ретінде өнімді шығаруға қатысатын, бірақ өндіріс процесінде олардың функциясы бойынша ажыратылатын еңбек құралдары және еңбек заттары болып бөлінеді.

Еңбек құралдары негізгі өндірістік қорлардың заттай мағынасын құрайды, яғни негізгі капиталды, ал еңбек заттары айналым капиталын құрайды.

Негізгі қорлар өндіріс сферасында функциянирленеді және республиканың ұлттық байлығының басты бөлігін құрайды. Олар республиканың, кәсіпорынның техникалық потенциалын анықтайды, олардың құрамының сапалығынан және жағдайынан өндіріс темпінің өсуі байланысты.

Нарықтық жағдайда кәсіпорын меншік формасына байланыссыз өзінің меншілігінің, амортизациясының, пайдасының, кредиттерінің есебінен құрал-жабдықтарды алады, цехтер салады. Өндіріс тиімді болу үшін, ал негізгі өндірістік қорларды құруға және сатып алуға жұмсалған қаражаттар бекерге жоғалтылмауы үшін негізгі қорлар толық және тиімді пайдалануы қажет. Кәсіпорын негізгі қорларын қалай пайдалануына қарай олардың пайдасы байланысты болады, демек кәсіпорынның ары қарай дамуы да осыған байланысты.

Осыдан дипломдық жұмыс тақырыбы «Кәсіпорынның негізгі қорларын тиімді пайдалануды оңтайландыру » таңдалады. Пайдалану анализі және негізгі қорлар есебінің мәселесіне келессі экономист ғалымдардың Е. Е. Савицкая, Л. А. Виногоров, Г. В. Снитко және т. б. жұмыстары арналған, олардың еңбектері осы жұмыста тақырыпты ашу үшін пайдаланған. Осы ғалымдармен негізгі қорлардың есебі және анализі облысында теориялық және методологиялық сұрақтарға айтарлықтай еңбектер енгізген.

Дипломдық жұмыстың бірінші бөлімінде « Кәсіпорында негізгі өндірістік қорларды пайдаланудың теориялық негіздері » таңдалған тақырыптың теориялық негіздері беріледі, яғни негізгі қорлар нені көрсетеді, кәсіпорынның техникалық потенциалы қалай, негізгі қорлардың классификациясы, құрамы және құрылымы зерттеледі. Қазіргі жағдайға негізгі қорлардың мағынасы және мақсаттары келтірілген. Негізгі қорлардың амортизациясы оның жәй-жәй қалпына келу процесі ретінде зерттеледі. Кәсіпорынның негізгі қорларының әр түрлі бағалануы қарастырылады.

Дипломдық жұмыстың екінші бөлімі анализ жасауда және дипломдық жұмысты жазуда база ретінде пайдаланылатын «AVTOMAN» ЖШС негізгі қорларын талдауға арналған. Талданып отырған кәсіпорын қызметін толықтай көрсету үшін екінші бөлімнің бірінші бөлігінде оның экономикалық жағдайын сипаттайтын барлық технико-экономикалық көрсеткіштеріне талдау жүргізіледі. Кәсіпорынның 2 жылдық мәліметтерін пайдаланып олардың абсолютті өзгеруін, көрсеткіштердің өсу темпін, оларды тиімді пайдалануды және т. б. анықтауға болады. Кәсіпорынның дамуына байланысты болатын оның техникалық потенциалын тереңірек зерттеу үшін, олардың пайдалануындағы әлсіз жақтарын шығару үшін, негізгі қорлардың барына және қозғалысына, техникалық жағдайына талдау жүргізіледі. Негізгі қорлардың тиімді пайдалану көрсеткіштерінің анализі, олардың ішінде бізде негізгі қорлардың қорқайтарым және қор сыйымдылық көрсеткіштері бар. Олардың өзгеру себептері, оларды өзгертетін факторлар зерттеледі.

Дипломдық жұмыстың үшінші бөлімінде кәсіпорынның негізгі қорларын тиімді пайдаланудың негізгі жолдары және бағыттары келтірілген. Оларды пайдаланудың анализін және есебін жүргізуді жетілдіру. Кәсіпорынның негізгі қорларының активті бөлігін құрайтын және оларды тиімді пайдалануды арттыру кәсіпорынның экономикалық жағдайын жақсартуға және оның дамуына алып келетін анализденетін кәсіпорын үшін құрылыс техникасын дамыту перспективалары және тенденциялары қарастырылады.

Дипломдық жұмыстың методологиялық негізгі болып кәсіпорында негізгі қорлардың есебі және анализі сұрақтарын қамтитын нормативтік, заңдылық, арнаулы, кезеңдік әдебиеттер табылады.

Кәсіпорынның негізгі қорларын пайдалануды оңтайландыру қарастырылған . Әлемдік нарықтың өнім өндіру саласының жағдайы экономикадағы алатын орны көрсетілген.

Қазақстан Республикасы мен Шығыс Қазақстан облысы бойынша өнеркәсіптік кәсіпорындардағы негізгі қорларды пайдалану көрсеткіштеріне жан - жақты талдау жүргізіліп, оның ішінде өнеркәсіптің алатын орны, жағдайы және оны ұйымдастырудың қажеттілігі анықталған,

Жол жөндеу нарығын дамыту қажеттілігі ескеріп кәсіпорынның бизнес жоспары әзірленіп экономикалық тиімділігі анықталған.

Зерттеу объектісі: «AVTOMAN» жол жөндеу кәсіпорыны

Зерттеу заты: өнеркәсіп саласындағы кәсіпорын іс-әрекеті

Зерттеу мақсаты мен мәселелері: Өнеркәсіптік өнім сферасының теориялық негіздерін зерттеу, дамыған елдердегі қызмет көрсету саласының экономикадағы алатын рөлін анықтау, ҚР және ШҚО да жол жөндеудің кәзіргі жағдайына және өнеркәсіп саласындағы жалпы қызмет көлеміндегі үлесіне талдау жүргізу және кәсіпорынды оңтайландыру жолдарын қарастыру, кәсіпкерлік іс - әрекетте өнеркәсіптік қызметті ұйымдастырудың экономикалық тиімділігін жоғарлату үшін бизнес жоспар әзірлеу

Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі ретінде экономика классиктері еңбектері, сондай-ақ, экономиканы мемлекеттік реттеу мәселесін шешу сұрақтары бойынша шетел және отандық ғалымдардың еңбектері қолданылды. Дипломдық жұмысты орындау барысында жүйелі, логикалық, экономикалы-статистикалық әдістер, салыстыру және детерминантты талдау әлістері қолданылды.

Дипломдық жұмыстың ақпараттық негіздері: мемлекеттік қызметті жүргізу және дамытуға қатысты дайындалған оқу-құралдары, бұқаралық ақпараттық құралдары, ИНТЕРНЕТ жүйесі, Қазақстан Республикасының заңдары мен Ұлттық бағдарламалары, статистика Агенттігінің мәліметтері және ШҚО-ның статистика мен әкімшілік сайттарынан алынған деректер қолданылды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы - диплом жұмысында Қазақстанның қазіргі қоғамдық жағдайлардағы дамуының ғылыми негіздемесі жасалынып, оны әрі қарай жетілдірудің нақты жолдары көрсетілген.

1. КӘСІПОРЫНДА НЕГІЗГІ ӨНДІРІСТІК ҚОРЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Негізгі өндірістік құралдардың экономикалық мәні мен жіктелуі .

Негізгі өндірістік қорлар елдің экономикалық әлеуетінің маңызды сипаттамаларының бірі болып табылады . Сол себепті олардың өндіріске тинізер ықпалын, олардың барынша тиімді пайдалануды зерттеу үлкен қызығушылық тудырады .

Қайсыбір еңбек құралын негізгі қорға жатқызу мәселесін шешуде екі критерий пайдаланылады :

- Қызмет ету мерзімі

- еңбек құралдарының бірлік құны .

Негізгі құралдар дегеніміз - ұзақ уақыт бойы материалдық өндіріс саласында сонымен қатар өндірістік емес салада да, еңбек құралы ретінде қызмет еткен ( бір жылдан астам ) және бірлік құны айталықтай мәнге йе материалдық активтер .

Негізгі құралдарға мыналар жатады : жылжымайтын мүлік ( жер телімдері, ғимараттар, құрылымдар, көпжылдық көшеттер және басқа да, жермен тығыз байланысқан және оларды оның міндетіне залал келтірусіз болмайтын нысандар ) , көлік құралдары, құрал жабдықтар, аулау құралы, өндірістік және шаруашылық құрал - саймандар, ересек жұмыс және мал басы арнайы саймандар және өзге негізгі құралдар .

Мақсатына қарай материалдық активтер есепте негізгі құрал, тауарлық материалдық қор немесе қаржылық инвестициялар түрінде көрсетіледі .

Негізгі капиталға пайдалы қызмет мерзімі бар бір жылдан асатын мүлік жатқызылады .

Негізгі қорларға тән қасиеттері оған кейбір еңбек заттарын да жатқызуға болады деп тұжырымдауға мүмкіндік береді ( сонымен қатар, көп еңбек құралдарын айналым қорына да жатқызуға болатыны белгілі) . Негізгі қорларға кейбір қосалқы материалдар, мысалы атомэлектр станцияларындағы, кемедегі атомдық отын, химиялық өндірістегі катализаторлар кіруі мүмкін егер олар еңбек құралдарының басым бөлігі секілді өз құнын өнімге беретініне қарамай олар еңбек құралдары болып табылмайды

Жердің табиғи байлығының пайдалы қазбалардың және т. с. с басқа да құндылықтардың экономикалық табиғаты ерекше қызығушылық тудыруда . Өз бетінше табиғи байлықтардың құны жоқ, демек ол өндірістік қорға кірмейді . Бірақ оларға жұмсалған шығын оның құнын құрайды да осылай оны өндірістік қорға жатқызады . Мысалы жер жеке алғанда өндірістік қорға жатпайды . Бірақ оған салынған қаржы, каналдар, суарушы құрлымдар тұрғызуда, қойнау бетін тегістеу, шаруашылық құрлыстар салу және т. б өндірістік негізгі қорларды құрайды .

Жердің экономикалық болмысын және құнын бағалауды бекіту оқшауланған телімдерді кәсіпорын баланысына тұрғызуға мүмкіндік береді, ал бұл жағдай жерді тиімді пайдалануға әкеледі .

Кәсіпорынның негізгі белгісі - оның меншігінде, шаруа жүргізуінде немесе оперативті басқаруында жекешеленген мүлкінің бар болуы. Ол кәсіпорынның функционирленуінің материалды-техникалық мүмкіндігін, оның экономикалық сенімділігін және дербестігін қамтамасыз етеді. Белгілі бір мүліксіз ірі, кіші кәсіпорындар немесе жеке кәсіпкерлер өзінің қызметін жүзеге асыра алмайды.

Негізгі қорлар - бұл өзінің құнын бөлектеп жоғалатын және ұзақ кезең бойы натуралды қалпын өзгертпей сақтайтын материалды заттай құндылықтар.

Негізгі қорлардың кеңейтілген қайта өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты олар өндірістік және өндірістік емес негізгі қорлар болып бөлінеді.

Өндірістің әр бір процесі өндіріс қорларының қатысуымен жүзеге асырылады, олар келесідей болып бөлінеді:

1. Еңбекке заттары (материалдар, шикізаттар, сатып алынатын жартылай фабрикаттар) ;

2. Еңбек құралдары (станоктар, машиналар және т. б. ) .

Еңбек құралдарын басқару нәтижесінде адам еңбек затына тікелей әсер етеді және өндіріс процесінде еңбек өнімін шығарады.

Еңбек процесінде ресурстарға және оларды тұтыну қатынасынан көпшілігінде шығарылатын өнім көлемі, олардың сапалылығы, жұмысшының оның жанұясының пайдасы және өмір сүру деңгейі, ал ақырғысында ел халқының терең экономикалық дағдарысын анықтайтын бірден-бір себеп болып адам өмірінде бағаның көтерілуі ресурстардың тиімсіз пайдалануы табылады.

Ресурстар болып жоғарыда айтылғандай мемлекет оның әкімшілік орталықтары, кәсіпорындар, қоғамдық ұйымдар, мекемелер, жанұя, жай адам иемденетін өндіріс құралдары, барлық мүмкін байлық қорлары, құндылықтар табылады. Ресурстар материалдық, адамдық, қаржылық және табиғи болып бөлінеді. Осы жұмыста олардың ішінен біріншісі қарастырылған.

Негізгі қорлар - бұл еңбек құралдарына заттай айналған өндірістік қорлардың бөлігі, ұзақ кезең бойы өзінің натуралды формасын сақтайды, өнімге өз құнын бөлектен ауыстырады және тек қана бірнеше өндірістік циклдарды жүргізгеннен кейін өтеледі.

Ресурстарды негізгі және айналымға бөлудің негізіне өндірісте жүргізетін, және өз құнын шығарылатын өнімге, қызметке ауыстырудың әр түрлі сипатына әр мәнді принцип қойылған. Негізгі қорлар өзінің әлеуметтік мәніне қарай меншік объектісі болып табылады және тұтынушылық құн, пайдалы заттар, сонымен қатар еңбекте тұрып қалған құн секілді натуралды түрде көрінеді.

Құрылыс кәсіпорындарының негізгі қорлары олардың материалды-техникалық базасының негізін құрайды, олардың өсімі және жетілуі өнімнің сапасын көтеруінің және бәсеке қабілеттілігінің негізгі шарты болып табылады.

Негізгі қорларды көптеген өндірістік циклдер ішінде пайдаланады, олар жәй-жәй тозады, қасиетін және қалпын сақтап өзінің құнын жаңа шыққан өнімге ауыстырады.

Негізгі қорларға қарағанда айналым қорлары бір өндірістік процеске қатысады және өзінің құнын шыққан өнімге толықтай ауыстырады (мысалға, құн өзінің құнын жаңа пайда болған өнім-нанға толықтай ауы стырады) .

Материалды активтер сатып алыну мақсатына байланысты негізгі қорлар есебінде, құрамында, тауарлы-материалдық қорларда немесе қаржылық инвестицияларда көрінеді, ал қайта сату мақсатымен сатып алынған болса - тауарлы материалдық қор құрамында; ұзақ уақыт бойы қаржы салу мақсатымен сатып алынған болса қаржылық инвестиция болып көрінеді.

Негізгі қорлар өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты төмендегілерге бөлінеді:

өндірістік - бұл өндіріс процесіне тікелей қатысатын немесе оған жағдай жасайтын негізгі қорлар. Оның құрамына өндірістік ғимараттар және құрылыстар, машиналар және құрал-жабдықтар, өлшейтін және бақылайтын құралдар және жабдықтар, лабораториялық құралдар, көлік құралдары, өндірістік және шаруашылық инвентарь, инструменттер, көпжылдық отырғызулар. Негізгі өндірістік қорларды пайдалануды сипаттайтын экономикалық жалпылығын көрсеткіш болып қорқайтарым табылады, ол натуралды немесе ақша өлшеміндегі негізгі қорлардың бірлігіне өнім өндірісін сипаттайды;

өндірістік емес - тұтынуға белгіленген негізгі қорлар. Олар өндіріс процесіне қатыспайды, кәсіпорын жұмысшыларының мәдени-тұрмыстық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін арналған.

Тәнділігі бойынша негізгі қорлар келесідей бөлінеді:

меншікті - ол субъектке тиесілі және оның балансында болатын негізгі қорлар;

арендаға алынған - ол басқа бір субъекттен аренда шартымен белгіленген бір мерзімге алынған негізгі қорлар. Ағымды аренда кезеңде оны аренда берушінің балансында болады, ал арендаға алушы шотында 001 «Жалға берілген негізгі қорлар» көрсетіледі. Арендаға берілген негізгі қорлар қатарына ұзақ мерзімге жалға берілген негізгі қорлар жатады, егер арендаға алушы келісім шартта белгіленген сатып алу құнын аренда уақыты біткеннен кейін немесе бітпей тұрып өткізсе, онда ол аренда алушының меншігіне өтеді. Оларды сәйкесінше 121, 122, 123, 124, 125 субшоттарда «Ұзақ мерзімді жалға берілетін негізгі қорлар» есептейді.

қозғалыстағы - өндірісте және шаруашылық қызметте пайдаланылатын негізгі қорлар;

тоқтап тұрған - уақытша пайдаланылмайтын негізгі қорлар;

запастағылар - қозғалыстағы негізгі қорларды жөндеуде, аварияда немесе жойылып кеткенде ауыстыруға арналып қойылған негізгі қорлар.

Заттай құрамына байланысты негізгі қорлар:

мүлікті - заттай құрамы бар объектілер (ғимараттар, құрылыстар, машиналар, құрал-жабдықтар) ;

мүліксіз - жерге, тоғайлық және сулы жерлерге (құрылыстардан басқа) капитал салымдары, яғни заттай формасы жоқ шығындар (жер учаскілерін жоспарлау, жалға алынған негізгі қорларға капиталдық шығындар және т. б. ) .

Өндірілген өнім және көрсетілген қызмет қай экономика саласына және қызмет түріне жатса, соған қатысқан негізгі қорлар сол экономика саласына және қызмет түріне жатады.

Негізгі қорлар жасайтын функциясына және мақсатты белгілеуіне байланысты келесі түрлерге бөлінеді:

1. Жер - субъекттің меншік құқығымен сатып алынған жер көлемі және құны. Жерге деген меншік құқығы «Жер учаскесіне меншік құқық актісі» мен бекітілуі тиіс. Инвентарлы болып жер учаскісіне меншік құқығы актісі берілген әрбір жер саналады.

2. Ғимараттар - еңбекке жағдай жасау, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, баспанап және материалды құндылықтарды сақтауға арналған архитектурлы-құрылыстық объектілер. Инвентарлы объект болып әрбір бөлек тұрған ғимарат саналады.

Схема 1. Кәсіпорынның негізгі қоры.

3. Құрылыстар - еңбек затын өзгертпейтін функцияларды орындау жолымен өндіріс процесін жүзеге асыру үшін арналған инженерлі-құрылыстық объектілер (шахталар, мұнай және газ скважиналары, платиналар, эстакадалар, мосттар) .

Инвентарлы болып әрбір бөлек тұрған құрылыс саналады.

4. Таратқыш құрылғылар - электро, жылу және механикалық энергияны тасымалдауға арналған құрылғылар (электроөткізу линиялары, жылу желісі, құбырлар) .

5. Машиналар және құрал-жабдықтар. Инвентарлы объектісі болып әрбір машина саналады, егер ол басқа бір объектінің бөлігі болмаса, өзінің құрамына кіретіндер құралдар, керек-жарақтар, қоршаулар, фундамент негізгі қорлардың бұл тобы 5-ке бөлінеді:

5. 1 Күш машиналары және құрал-жабдықтар - жылу және электроэнергияны шығаратын машиналар, генераторлар; әр түрлі энергияны механикалық энергияға айналдырылатын машина-двигательдері (тракторлар және өзі жүретін шассилер, бу двигательдері, турбиналар, іштен жану двигательдері) .

5. 2 Күш машиналары және құрал-жабдықтар - еңбек өнімін шығару процесінде еңбек затына механикалық, теориялық және химиялық әсер етуге арналған машиналар, аппараттар және құрал-жабдықтар (токарлы станоктар, насостар, электромоторлары, экскаваторлар, грейдерлер) .

5. 3Өлшегіш және реттеуіш құралдар, жабдықтар және лабораториялық құралдар - бұл өндірістік процессті реттеу және өлшеу үшін арналған құрал-жабдықтар (дизаторлар, амперметрлер, микроскоптар, суөлшегіштер, монометрлер) .

5. 4 Есептеуіш техника - бұл процестерді автоматтандыруға және жылдамдатуға арналған машиналар, құрал-жабдықтар (компьютерлер және т. б. есептеуіш құралдар) .

5. 5 Басқа да машиналар және құрал-жабдықтар - машиналар, аппараттар және басқа да құрал-жабдықтар (телефон станцияларының, радиобуындарының құралдары) .

6. Көлік құралдары - адамдарды және жүктерді тасуға арналған жүру құралдары (автомобиль, теміржол, су транспорттарының қозғалу составы) . Инвентарлы объектісі болып барлық оған қатысты құрал және жабдықтармен бірге бөлек объектілер табылады.

7. Аспаптар (құралдар) - бұл механикаландырылған және механикаландырылмаған қол еңбек құралдары немесе металдарды, ағаштарды және т. б. өңдеуге арналған машинаға бекітілген жабдықтар (кесетін, соғатын, езетін, жұқартатын еңбек құралдары - электро дрельдер, электро вибраторлар және т. б. ) . Инвентарлы объектісі болып тек қана басқа инвентарлық объектінің құрамына кірмейтін құралдар жатады.

8. Өндірістік жабдықтар және құралдар - өндірістік операцияларды жасауға немесе жеңілдетуге арналған құралдар - жұмысстолы, шкафтар, және т. б.

9. Шаруашылық инветарь - конторлық және шаруашылық инвентарь (cтолдар, шкафтар және клемдер) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Негізгі қорлардың мәні және оларды пайдалану әдісі
Өндіріс қорларының тусыныгы мен құрылымы
Кәсіпорынның негізгі қорлары
Өнімді жүзеге асырғаннан кеткен шығынға факторлық талдау жасау
Негізгі қорлар және оларды пайдалану
Негізгі құралдарды жөндеу
Негізгі капиталдың мәні және оларды пайдалану әдісі
Негізгі қорлардың пайдаланылу тиімділігін талдау және бағалау
Негізгі капиталдың мәні
Жалпы және әкімшілік шығыстардың номенклатуралық баптары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz