Биоотын заңдары туралы



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 88 бет
Таңдаулыға:   
БЖ 050717 2014

Бет

БЖ 050717 2014

Бет

БЖ 050717 2014

Бет

Аңдатпа

Дипломдық жобада Астана қаласындағы ЖЭО-н биотынға

алмастырудың техника-экономикалық негіздемесі қарастырылған. Жоба
БЖ 050717 2014
Бет

негізінде облыс және қала тұрғындары толықтай дерлік энергиямен
қамтамасыз етіледі. Ол үшін ЖЭО-ын биотынға алмастыру көзделуде.
Стансаға су жылытқыш қазандығын (АОВА-180) ауыстырып биотын жағу
қарастырылған.
Өміртіршілік қауіпсіздігі бөлімінде қазандық цехындағы
жарықтандыру есептелініп, ЖЭО-дағы жалпы микроклимат мәселесі
қарастырылады.
Ал экономика бөлімінде тиімді бизнес-жоспар құрылып, инвестиция
көлемін анықтаймыз.

Аннотация

В дипломном проекте рассмотрено технико - экономическое
обоснование перевод ТЭЦ в городе Астана на биотопливо. На основе проекта
легло полное энергообеспечение жителей города и области. С этой целью
планируется перевод ТЭЦ на биотопливо. Рассмотрено обмена водогреиный
котел (АОВА-180) при сжигание биотопливо
В разделе безопасности жизнедеятельности проведен расчет освещения
котельного цеха, а также рассмотрено тема воздействия микроклимат на
окружающую среду.
В экономическом разделе сделан наиболее выгодной бизнес план, а
также рассчитано объем требуемых инвесиций.

Annotation

In the thesis project examined techno - economic feasibility translation CHP
in Astana on biofuels. The project is based on the total energy supply of the
inhabitants of the city and region. To this end, planned to transfer to biofuel CHP.
Considered exchange boiler (AOVA-180) from biofuels
In the safety of life calculated the lighting of the boiler shop, and discussed
the impact of climate on the topic of the environment.
In the economic section made the most profitable business plan, and
calculated the amount of required invesitsy.

Мазмұны

Кіріспе
Астанаэнергосервис тарихы

Астана қаласының ЖЭО-ң есебі.

БЖ 050717 2014
Бет

1. Биоотын анықтамасы
1.1. Биоотын нарығы
1.2. Биоотын заңдары туралы
1.3. Биологиялық отын қорын дамыту
2. Жылу электрорталығының негізгі қондырғылар түрін таңдау
2.1. Берілген мәліметтер
2.2. Жылу жүктемелерінің есебі
2.3. ЖЭО жылуландыру қондырғысының есебі
2.4. Бу турбина мен бу қазан қондырғыларын таңдау
2.5. Жылу жүктемелерін маусым режимына есептеу
3. ЖЭО-ның жылу схемасын құрастырып есептеу
3.1. ЖЭО-ның жылу схемасы
3.2. Жылу схемасының есебі
4. ЖЭО-ның негізгі жабдықтарының сипаттамасы
5. Су жылытқыш қазандарының биоотын шығысының есебі
6. Биоотын тағайындайтын және тасымалдау схемалары мен
жабдықтары.
7. Жылу схемасының қосалқы жабдықтарын таңдау
8. Негізгі бу және сумен қамтамасыз ететін құбырларын таңдау
9. ЖЭО-ны техникалық сумен қамтамасыз етудiң схемасы
10. Үріп сорғыш машиналарын және түтін-газ шығаратын
мұржаны таңдау
11. Күлді ұстап және шлак пен күлді тасымалдайтын жабдықтарды таңдау,
олардың жұмыс схемасын салу
12. Су дайындау жүйесінің схемасын таңдау
13. Жобаның экономикалық бөлімі
14. Жобаның өмір тіршілігі қауіпсіздігі бөлімі
Қолданған оқулықтар тізбесі

Тарихы

1997 жылы елорданың астанасын көшіру барлық республикамыз үшін

Бет
БЖ 050717 2014

екіталай кезеңнің бірі болып табылды. Бұл уақыт үшін осындай маңызды

шешім әкімшілік өзгерістерге, мемлекеттің аумақтық тұтастығын
нығайтуына ғана емес, сонымен қатар жаңа астананың инфр ақұрылымын
дамуына мүмкіндік берді. Астанадағы болған жаһандық қайта құрылыс
қаланың өмірлік маңызды ресурстармен қамтамасыз ететін көптеген
кәсіпорындардың дамуына үлкен әсерін тигізді. Уақыт үрдістеріне сай
жұмыс ретін түбегейлі өзгерту, қарқынды даму жоспарларын әзірлеу,
сонымен қатар жаңа астана мәртебесі мен деңгейіне тиісті бірыңғай
энергетикалық құрылымын құруына объективті алғышарттары пайда болды.

Осығай орай, Астана қаласының әкімдігі тиімді корпоративтік басқаруы үшін
жекеленген кәсіпорындарды холдингке біріктірген Астанаэнергосервис
Акционерлік қоғамы - энергетикалық компаниясын құру бастамасымен
шықты. Бүгінгі күнгі жағдай тандалған шешімнің дұрыстығын дәлелдейді.

Астанаэнергосервис АҚ 1999 жылдың 7 қаңтарында Астана қаласының
Әділет басқармасымен тіркеліп, бүгінде бас қаламызды жылу - , электрмен
сенімді және үздіксіз жабдықтауға, Астана қаласының энергия жүйесін
сенімді және кәсіпорындардың техникалық жарақтандыруын қамтамасыз
етуге бағытталған қызметі өндірістік -экономикалық көрсеткішінің тұрақты
өсуі бар динамикалық дамушы холдингі болып табылады.

Жарғыға сәйкес, компанияның негізгі қызмет түрі Астана қаласының келесі
энергетикалық кешен кәсіпорындарын басқару болып табылады:

- Астана-Энергия АҚ - жылу және электр энегиясын өндіру;

- Астана-Теплотранзит АҚ - жылу энергиясын тасымалдау және тарату;

- Астана - Аймақтық Электржелілік Компания АҚ - электр энергиясын
тасымалдау және тарату;

- Астанастройэнерго ЖШС - энергетикалық жабдықтарды жөндеу
жұмыстары;

- Астана-БЕО - коммуналдық төлемдерді бірыңғай есептеу орталығы;

- Астаниниская ЭнергоСбытовая Компания ЖШС - электр энергиясымен
қамтамасыз ету.

Холдинг құрамындағы акционерлік қоғамдар табиғи монополиялар
субъектісі болып табылады, қызметтері 1998 жылғы 9 шілдедегі №272 -I
табиғи монополиялар туралы Қазақстан Республикасы Заңымен реттеледі.

БЖ 050717 2014

Бет

Энергетикалық кешен кәсіпорындары өз қызметтерін электр және жылу
энергияларын өндіру, тасымалдау және тарату, электр жабдықтарын
жинақтау және жөндеу, Астана қаласы тұрғындарын электр энергиямен
қамтамасыз ету мемлекеттік лицензияларына сәйкес іске асырады.

Бірнеше онжылдық бойы кәсіпорындардың жұмыскерлері қаланы жылу -,
электр қуатымен жабдықтау, қызмет көрсету сапасын арттыруы үшін қызмет
атқарады. Қазіргі таңда Елордамыздың астанасы миллиондаған электр
шамдарымен жарықтандырылғандығы - қаланың көптеген энергетиктер
ұрпақтарының зор еңбегі болып табылады.

Компанияның ойластырылған кадрлық саясаты, дәстүрлі әдістер мен
көпжылдық тәжірибені қолдануы арқасында ұжым алдында Қазақстанның
астана тұтынушыларын сенімді және сапалы энергиялық жабдықтау
бойынша алға қойылған мақсаттарын толық жүзеге асыруға мүмкіндік
береді.

Миссия

Астана қаласын, оның тұрғындарын, кәсіпорындар мен ұйымдарын тұрақты
және тұтыну қалыптарына сәйкес, қол жетімді жылу және электр
энергиясымен қамтамасыз ету.

Ұстанымдары

басқару тиімділігі, әділдік, барлық қолданыстағы тәуекелдікті
теңгерімділікпен және корпоративтік саясатта энергетикалық кешен
кәсіпорындарының ішкі қызығушылығына қарама -қайшы келмеуді
қамтамасыз ету.

Міндеттері

*

*

*
*

компания топтарының өндірістік, инвестициялық және жөндеу
бағдарламаларын іске асыру;
тиімділікті ұлғайту және өндіріс жабдықтарынның жұмысы тәртібін
тиімділігі;
кәсіби менеджментті басқару;
қоршаған ортаға зиянды шығаруды азайту.

Астанаэнергосервис АҚ құрылымдық бөлімшелері

БЖ 050717 2014

Бет

*

БЖ 050717 2014

Бет

Қорытынды

Берілген дипломдық жобада Астана қаласында ЖЭО-н биоотынға
алмастырудың техникалық- экономикалық негіздемесі қарастырылған.

Астана
қаласында
электр
және
жылуэнергиясын
арттырып,

экологиялық тиімділігін арттыру үшін биоотын жағу қажеті туды.

Бұл
жұмыс
негізгі
үш
бөлімнен
тұрады.
Олар
жылулық

бөлімнен,өміртіршілік қауіпсіздігі бөлімі және экономикалық бөлімнен.
Жылулық бөлімде берілген шамаға сәйкес жылулық есептеулер жүргіздім
және соларға сәйкес бу шығыры ( 1 х ПТ-80100-13013) төрт бу қазаны (4 х
БКЗ-420-140) екі су жылытқыш қазандығы (1хКВГМ-180 (210 МВт))
(1xАОВА-180(210МВт)) және қосалқы жабдықтар таңдалды.
Өміртіршілік қауіпсіздігі бөлімінде микроклимат жағдайын және
табиғи және жасанды жарықтандыруды анықтадым.

Экономикалық бөлімде сол жобаға қажетті
техника-экономикалық

есептеулер жүргіздім. Бұл есептеудің мақсаты жобаны іске асыру барысында
қанша мөлшерде ақшалай қаражат қажет екендігі және ол қаражатты қайдан,
сонымен қатар ол қаражаттың қанша уақытта ақталатындығы, яғни алған
қарыз несие қаражаттың төлену уақытын есептедім.

БЖ 050717 2014

Бет

Кіріспе
Энергетика өндірусіз басқа өндіріс салалары жұмыс атқара алмайды.
Сондықтан энергетика дамуына Қазақстанда көп көніл бөлінеді.
Қазіргі кезде Қазақстан өндірісінің дамуының негізгі бағыттары
энергетика саласы өркендеуі міндетті деген талап қояды.
Жылу электр станцияларына (ЖЭС) көмір орнына биоотын жағар
болсақ, тек знергетика саласын дамытып қана қоймай, экологиялық тиімділік
те артырар еді деген оймен жобаны қарастырып отырмын

Осы дипломдық жобада Астана қаласының

ЖЭО-н биоотынға

алмастырудың технико-экономикалық негіздерін көрсету қарастырылады..
Жобада сонымен қатар өміртіршілік қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны
қорғау мәселелері шешілген және экономикалық тарауы талдаудан өткен.
Осы дипломдық жобада биоотынды қазандыққа тиімді жағу жүзеге
асырған жағдайда, жылумен қамтамасыздандырудың сенімділігін жоғарлату
және экономикалық, экологиялық тиімділігін арттыру мүмкіндігі туады.

БЖ 050717 2014

Бет

1. Биоотын анықтамасы

Биоотын - биологиялық қалдықтарды қайта өңдеу арқылы биологиялық
шикізаттан алынған отын. Тағы да басқа целлюлозадан және органикалық
әртүрлі типті қалдықтардан алынып бағытталған әр түрлі дәрежедегі
өңделген жобалар кездеседі, бірақ бұл технолгоиялар әлі бастапқы кезеңдегі
өңдеуде немесе коммерциялылықтануда. Био отындар сұйық түрде (іштен
жану қозғалтқыштарына арналған, мысалы, этанол, метанол, биоотын), қатты
отын (ағаш, шымтезек, отынды гранулалар, жаңқа, сабан, қауыз) және газ
тәрізді отындар (биогаз, сутегі).

Қатты отындар
Шымтезек . Жоғары ылғалдылық пен ауа жетіспеушілік жағдайларда
өсімдіктердің қалдықтарының толық ыдырамауы нәтижесінде түзілген
топырақ субстратының бір ерекше түрі торфта өсетін өсімдіктер үшін
экологиялық жағдайлар өзіндік ерекше ылғалды климатты аймақтарда,
буланудан жауын шашын көп түсетін жерде, әсіресе рельеф пен грунт
ерекшеліктерінің әсері тигеннен балшықтану үрдісі жүреді. Балшықтану
себебі болатын ылғалдылық артықшылығы арнайы балшық өсімдіктерінің
пайда болуына және топырақ үрдісінің ерекше бағыты - шымтезек түзілуіне
әкеледі. Шымтезек - жартылай ыдыраған өсімдік қалдықтары қоспасын
(ыдырау деңгейіне байланысты мөлшері әртүрлі болуы мүмкін) және
аморфты масса - гумификация мен күл сияқты жемісі болып табылады.
Шартты түрде шымтезектің құрамында 50%-дан көп емес минералды заттар
бар делінеді. Шымтезектің түзілуінде өсу жамылғысы балшықта болатын кез
келген өсімдік қатысады (өлең, қамыс бұталар), бірақ қалыпты және сондық
шымтезек түзуші - сфагналық мүк. Сфагналық шымтезекті батпақтар
балшықты жерлерде кеңінен таралған және өсімдіктерге экологияға қатысты
өзіндік субстрат ретінде табылады. Сфагналық шымтезекті батпақта
экологиялық факторлар ырғақтары әртүрлілігімен ерекшеленеді. Олардың
басты ерекшеліктеріне жергілікті жердің ауа райы ерекшелігі ғана емес,
басты түрде сфагнум ерекшелігімен байланысты ылғалдылықтың көптігі
жатады. Тірі жасушалармен бірге сфагнумда өлі гиалинді жасушалары бар,
олар үлкен капилярлылығы бар болғандықтан үлкен ылғалдылықтың
сыйымдылығымен ерекшеленеді. Сфагнумның әртүрлі түрлері құрғақ
күйінде салмақ бірлігіне 13-20 су бөліктерін сіңіруге қабілетті (сонымен
қатар ауадағы бу тәрізді ылғалды). Сфагнум бастары әсіресе ылғалға
сыйымды олар өз салмағынан 50 есе көп ылғал сіңіре алады. Тірі сфагналық
жамылғы сияқты су сақтау қабілеті өлі қалдықтарда да өте жоғары. Әдетте
сфагнумның ең беті кеуіп кетеді, ал судың капилярлы көтерілуі өте баяу
(минералды топырақтан гөрі 3-15 есе баяу). Шымтезек гидрофильді
коллоидтарды сақтайтындықтан суды жақсы сақтайды. Сонымен қатар,
торфяникте жанама топырақішілік ағыны нашар. Осының барлығы үнемі

БЖ 050717 2014
Бет

болатын асқан ылғалдылыққа жағдай жасайды, нәтижесінде ауаның
жетіспеушілігі байқалады, ол тыныс алу мен өсімдік тамырының сіңіру
қабілетін, микроағзалар белсенділігін нашарлатады. Аэробты бактериялар ең
беткі қабатта жинақталған; төменгі қабаттарда анаэробты микроағзалар
аздаған мөлшерін табуға болады. Торфяникте нитрифицильді бактерия деген
аса маңызды тобы мүлдем кездеспейді.Осы ерекшеліктердің барлығы
органикалық қалдықтардың ыдырауын мүлдем тоқтатады, ол аяғына шейін
жүріп толық емес ыдырау жемісінің жиналуына ықпал етеді. Олардың ішінде
басты орынды гуминді қышқыл алады. Ол торфты қара түске бояп және
балшықты суға қатысты қоңыр, таттанған болып келеді (бұрынғы Ленинград
маңайындағы арықтар мен бұлақтар жанындағы балшықты массивтерга
қара бұлақ атауы таралғаны тек емес). Олар шымтезектік субстраттар
жоғары қышқылдылығын шарттайды (рН 4,0-4,5). Шымтезектің ыдырау
нәтижесінде кейбір өсімдіктерге және микроағзаларға токсинді күкіртсутегі,
метан - ол бұрыннан балшық газы және т.б. бөлінеді. Өсімдік
қалдықтарының баяу ыдырауы биологиялық айналымға өсімдіктердің
қоректену элементтерінің қайтуы дегенді білдіреді. Бұл мағынада
шымтезекті балшықтар - баланстанбаған жүйе, ол органикалық массаның
жиналатын бөлігінің көбін қор ретінде сақтайды. Қоректену элементтерінің
маңызды бөлігі (азот қосындысы) шымтезекте өсімдіктерге жетпейтін
формада болады, сондықтан өсімдіктер әсіресе, жер асты суларымен
байланыспаған жоғарғы балшықтарда минералды заттардың жетіспеушілігін
сезеді. Жоғарғы балшықтарда шымтезектің күлділігі - небәрі 2-4, кейбір
балшықтар атмосфералық газ және тұнбадан түсетін минералды қорекпен
қанағаттанады. Өсімдіктер әлемінде шымтезектер жылу ырғағына үлкен
ықпалын тигізеді. Шымтезектің аз жылу өткізгіштігі (сфагналық балшықта -
сфагналық жамылғының жылуды изоляциялау әрекеті) тамыр тіршілік ету
аймағында температураның төмен болуына әкеледі (минералды топырақтан
гөрі 2-4 ºС). Осы себептен шымтезек биіктігі күндізгі уақыттарды қатты
қызуы мүмкін (30-40 ºС дейін). Өсімдіктердің шымтезекте өмір сүру факторы
- торфенді субстратта үнемі көтеріліп отыруы. Сфагналық мүктердің жыл
сайынғы сызықтық өсуі бірнеше миллиметр немесе сантиметрге жетеді.
Мысалы, ТМД елдерінің еуропалық бөлігі (орманды зона) ол жылына 1 мм
құрайды. Бұл көлем азғантай болғанымен шымтезек өсуі уақыттың ұзақ
аралығында көлемінің ұлғаятыны сезіледі. Австрия мен Германия
шымтезектерінде ғасырдың басында Рим императорлары бейнеленген
тиындар (2000 жыл бұрынғы) 1,5 м тереңдіктен табылған. Өсімдіктер үшін
шымтезектің үнемі өсіп отыруы біріншіден, тамыр жүйесінің тереңдей түсуі,
оларды шымтезектің жоғарғы қабатынан азды-көпті аэрация арқылы
алыстату деген сөз.
Мың жылдықтар бойы осы факторлардың бірлестігі батпақты жерде өмір
сүретін өсімдіктердің қатаң таралуына әсер етеді. Батпақты дала флорасы бай
емес және әртүрлі географиялық аймақтарда тұрақты болып келеді.
Сфагналық шымтезекті батпақта кездесетін өсімдіктер - ол сфагналық

БЖ 050717 2014
Бет

мүктер, мәңгі жасыл ксероморфты бұталы-психрофиттер қызамықтар және
көкбұта тәрізді типті, жаздық жасыл жапырақ түсіретін бұташалар (талдар,
тапал қайың), ксерофильді шөптер (басты түрде қияқшөптер). Ағаштардан
кездесетіндер қарағай (батпақты ерекше формалары), даур балқарағай,
қайың. Осы өсімдіктердің барлығы батпақ флорасында қалыптаспай мигрант
ретінде - басқа өсімдік фармацияларынан келгендер. Шынымен де, олардың
көбі орманда, тундрада, биік таулы аймақтарда таралған.
Сфагналық батпақ өсімдіктерінің сырт пішіні, анатомиялық құрылысы және
физиологиясы шымтезектің субстрат ретінде экологиялық ерекшелігінің
анық көшірмесін көрсетеді. Ылғалдылықтың артықшылығына байланысты
және анаэробты жағдай шымтезек қалыңдығында батпақта өсетін
өсімдіктердің тамыр жүйесі ең беткі қабаттарда таралған, кейде тірі
сфагналық қабықта таралады. Қарағайда тамырларының жіңішке ұшы
жоғары қарай (теріс геотропизм), ауа қорына қарай өседі. Көптеген түрлерде
тамырлары мен ұзын тамыршалары жақсы жетілген желдету системасы
(жер үсті бөліктерімен ұштасқан ауа қуысы) бар. Шымтезектің тұрақты өсуі
көптеген өсімдіктерде тамырларының көмілуіне сәйкес жоғары
қалыптастыру қабілетін оятып, бұташаларының сабағында жанама
тамырлары пайда болады. Ал тамыр сабақты астық тұқымдастарында жаңа
тамырсабағы ескілерінен жоғары қалыптасады, шықшөптерде қыстайтын
бүршігі мен жапырақ розеткасы жоғары орналасады. Шықшөптің сабағында
орналасқан өлі розеткалар арасы арқылы шымтезектің өсу қарқынын
анықтауға болады. Қарағай жаңа тамырлар түзуге қабілетсіз болғандықтан
жиі көміліп қалады. Сфагналық батпақтарда минералды қоректену
нашарлығы осы шарттарда өсетін жәндік қоректі өсімдіктердің пайда
болуымен байланысты (ТМД елдері мен Батыс Еуропа - шықшөп түрлері,
Солтүстік Америка батпақтарында - шолпан шыбынжұты). Олар топырақсыз
аулау аппараттары арқылы өздеріне азот және т.б. элементтердің қорымен
қамтамасыз етеді. Көптеген батпақ бұташалары (тапал қайың, көкжидек,
мүкжидек, саз қазанағы т.б.) микотрофты, яғни топырақ саңырауқұлақ -
микориза түзушілерімен селбесу арқасында қосымша минералды заттар
қорымен қамтылған. Жалпы батпақ флорасы жақсы байқалған
олиготрофтармен белгілі (өсімдіктер ұлпаларында тұз мөлшері аз және кедей
субстратта да сәтті жетіле алады). Қышқылдылыққа қатысты шымтезекті
батпақ өсімдіктері - анық байқалатын ацидофилдер. Тәжірибе бойынша,
сфагнум ізбесті тұздардың аз ерітіндісімен суарсаңда нашарлауды сезінеді.
Әдебиеттерде батпақ өсімдіктері кейде оксилофиттер деп аталады, бұл
терминмен ацидофилділіктің ерекше түрін көрсете: анаэробиз және жоғары
қышқылдылық пен қатты ылғалдануға шыдамдылығы болуы керек.
Батпақта өмір сүретіндердің су ырғағы туралы мәселе өте күрделі. Ылғадың
көп болуы кезінде оларда ксероморфты ерекшеліктері анық жапырақ
құрылысы көзге түседі, мысалы: түктену, балауызды (воскті) жабын
(көкжидек, аққайран), қатты кутинденген қалың эпидермис (қызамық,
мүкжидек), жапырақтың эрикоидты құрылысы (көкбұта, сужидек), жіңішке

БЖ 050717 2014
Бет

жапырақ (қияқшөп, ұлпабас). Осы ерекшеліктерді бұрын шымтезектің
физиологиялық құрғақтығымен түсіндірген (шынымен, ылғалдылықтың
физикалық көптігі топырақ ортасының төмен температурасы, анаэробатық,
токсинді заттар көптігі, осы ерекшеліктер жалпы өсімдіктерге ылғалдың
жетіспеушілігін көрсетеді).
Қазіргі кезде физиологиялық құрғақшылықтың басты рөлі батпақ
өсімдіктерінің ксероморфты пішінінің қалыптасуында күмәнді болып отыр.
Әрине, ол батпақ өсімдіктері тіршілігінде белгілі орын алып отыр, бірақ
басқа да ықпалдарды алып тастауға болмайды. Сонымен, физиологиялық
құрғақтық өсімдіктер өмірінде сфагналық шымтезекті батбақта басты рөлді
физикалық құрғақтық кезеңдері де алады, тамыр жүйесі орналасқан
сфагнумның ең беткі қабаты кепкен кезде; шымтезекте ылғалдылық көп
болғанымен көпшілігі оның колоидты - байланысқан түрде болатындығын
ұмытпау керек.Ол өсімдік тамырларына жетпейді (солу коэффиценті құмда
1,3%, торфта 49%). Ксероморфты құрылым қалыптасуда басты рөлді
(жапырақ бетінің жетілмеуі немесе редукциясы сияқты қасиеттері) азотқа
субстраттың кедейлігі алады. Басқаша айтқанда, батпақты өсімдіктердің
ксероморфозы - ол көпшілігінде пейноморфоз. Кейбір батпақ өсімдіктерінің
құнарлылық жағдайында өсіру тәжірибесі көрсеткендей, азотты тыңайтқыш
енгізгенде, ксероморфоз кішірейеді екен.
Батпақ флорасының күрделі тарихына байланысты құрылудың кейбір басқа
жағдайда тіршілік еткен ата-тегінен қалған ерекшеліктерін сақтау мүмкіндігі
бар: осылайша, кейбір мәңгі жасыл батпақ бұташалары бұрынғы геологиялық
эпохасы флорасының жылу сүйгіш алыс ұрпақтары болып табылады.

Ағаш -- адамдар бұрыннан қолданатын көне отын. Қазіргі таңда әлемде
ағаш өңдеуге немесе биомассаға энергетикалық ормандар қолданады, олар
тез өсетін түрлерін алады (теректер, эвкалипт және т.б.). Көп елдерде отын
ретінде табиғи балансты ағаштар қолданады, ал олар өз кезегінде орманның
жойылуына әкеліп соғады. Ол ағаштар сапа жағынан пиломатериал
өндірісіне сәйкес келмейді.
Отынды гранулалар - ағаш қалдықтардан жасалған пресстелген бұйымдар
(үгінді (опилок), жаңқалар,қабық, жіңішке өлшемелі және кондицияланбаған
ағаштар, орман дайындау кезіндегі кескін қалдықтар), сабан, ауыл
шаруашылық қалдықтар (күнбағыс дәнінің қауызы, жаңғақ қабығы, көң, құс
қиы) және басқа да биомассалар. Ағашты отынды гранулалар деп пеллеттер
деп атайды, олар диаметрі 8-23 мм және ұзындығы 10-30 мм цилиндрлік
немесе сфералық формада болады. Негізінен қазіргі таңда брикеттер мен
отынды гранул өндіру тек өте үлкен көлемде шыққанда ғана экономикалық
тиімді болып тұр.

БЖ 050717 2014

Бет

Энергетикалық орман -

биологиялық шығарынды түрдегі энерго-

тасымалдағыштар (басты түрі көң және т.с.с.) үйдің пешінде және жылу
электростанциясының қазандығында арзан электр бере отырып брикеттеледі,
кептіреді және жағылады.
Отынды гранулалар - биологиялық түрдегі қалдықтар. Олар өңделмеген
немесе минималды дәрежедегі жағуға дайындайтын: үгінділер, жаңқа, қабық,
қауыз (лузга), қауыз (шелуха), сабан (солома) және т. б.
Ағаш жаңқасы -- бір өлшемді жұқа ағашты ұсақтау арқылы немесе
орманды алдын ала дайындайтын ағаш шабатын орындардағы қалдықтарды
немесе мобильді ағаш жонатын машинада немесе стационарлы ағаш
жонатын машинаның көмегімен алынған ағаштан қайта өңделген қалдықтар.
Еуропада жаңқаны негізі қуаты 1-ден біршама ондаған мегаватт болатын
үлкен жылуэлектрстанцияларында жағады. Қатты отындарға отынды торф
пен қатты үй қалдықтары және тағы басқа да жатады.

Сұйық отындар
Биоэтанолдың әлемдік өндіру 2005 жылы 36,3 млрд литр, оның 45%
Бразилия және 44,7% АҚШ елдерінде ғана өндірді. Биоэтанолды Бразилияда
үлкен көлемде қант таяқшаларынан, ал АҚШ-та жүгеріден жасады. Этанол
бензинге қарағанда аз энерго сақтау көзі болып табылады; Е85 (85% этанол
мен 15% бензин қоспасы; Е әрпі ағылшынның Ethanol) жұмыс істеген
машинаның жүрісі стандартты машина жүрісінің көлемдік отынның бірлігіне
шамамен 75% құрайды. Қарапайым машиналар Е85-пен жұмыс істемейді,
бірақ іштен жану қозғалтқыштары Е10-мен жақсы істейді (кейбір көздер тіпті
Е15-пенде жұмыс істеуге болады деген). Ал тек таза этанолда тек Flex-Fuel
машиналар (жұмсақотынды машина) ғана жұмыс істей алады. Бұл
машиналар қарапайым бензинде де жұмыс істей алады, бірақ кішкене эатнол
қоспасы сонда да керек немесе сол және басқа да өздігінен құрылған
қоспалармен де жұмыс істей алады. Бразилия отын ретінде биоэтанол мен
қант таяқшаларын өндіру мен қолдануда көш бастап тұр. Бразилия жанармай
станцияларында Е20 (немесе Е25) қарапайым бензин түрінде, немесе acool,
этанол азеотропын (96% С2Н-5ОН және 4% су; қарапайым дистилдеу
жолымен арқылы жоғары концентратты этанолды алу мүмкін емес) ұсынады.
Этанол бензиннен арзан болғанын қолданып кейбір жанармай станциялары
Е20-ны азеотроппен араластырады. Ол кезде оның концентрациясы 40%
дейін жетеді. Қарапайым машинаны Flex-Fuel машинасына айналдыруға
болады, бірақ экономикалық жағынан тиімсіздеу. Қозғалтқышта этанолды
жаққанда одан альдегидтер (флрмальдегид және ацетальдегид) пайда болады.

БЖ 050717 2014

Бет

Ал бұлар өз кезегінде ароматты көмірсутекерге қарағанда тірі организмдерге
екі есе көп зиянды заттар шығарады.
Биометанол
Биометанол - теңіз фитопланктондарын биотехнологиялық конверсиялау
және культивациялау арқылы өңдегенде био отын саласында тағы бір
келешегі бар отынды қарастырамыз. 80 жылдарың басында Еуропа
қалаларында жағалаудағы шөлді аудандарды қолдана отырып өндірістік
жүйеге бағытталған жобасын ұсынды. Бұл жобаның толық шықпауына
мұнайдың бағасының төмендеуі болды. Биомассының алғашқы өнімін теңіз
жағалуында жасалатын жасанды су сақтайтын көлемнің ішінде
фитопланктондарды культивациялау арқылы жүргізеді. Екінші процес болып
биомассадағы метанның ашуы және келесі метанол алуда метанды
гидрооксидте арқылы алу. Микроскопты су өсімдіктерінің негізгі пайдасы
келесідегідей: - Фитопланктонның жоғары өнімділігі (жылына 100 тга); -
Өнімді өндіргенде тұщы су және құнарлы топырақ керек етпейді; - Бұл
процес ауыл шаруашылық өнімдермен бәсекелеспейді; - Энергоқайтару
процесі метан алуда 14 саты кезінде және метанол алу кезінде 7 саты
кезеңінде болады.; Бұл био жүйе энергия алу көзқарасы бойынша күн
энергиясын түрлендіруге қарағанда экономикалық жағынан тиімді болып
табылады.
Биобутанол
Бутанол - С4Н10О - бутилденген спирт. Өткір иісті түссіз сұйықтық.
Өнеркәсіпте кеңінен пайдаланылады. АҚШ-та жылына шамамен 1,4 млрд $
құрайтын 1,39 млрд литр бутанол өндіріледі. Бутанолды ХХ ғасырдың
басында Clostridia acetobutylicum бактериясын қосу арқылы өндірілді. 50
жылдары мұнай бағасының төмендеуіне байланысты мұнайөнімдерінен
өндіріле бастады. Бутанолдың коррозиялық қасиеттері жоқ, және
пайдаланылып жүрген инфрақұрылым бойынша жіберуі мүмкін. Ұлттық
жанар-жағармайлармен араласытруға болады. Бутанол энергиясы бензин
энергиясына жақын. Бутанол отын әрі элементтері ретінде, әрі сутегі өніміне
шикізат ретінде де қолдануға болады. Биобутанол өндіруде шикізат ретінде
қант таяқшалары, қызылша, жүгері, бидай, маниок қолданады, ал болашақта
целлюлозаны қолдану мүмкін.
Диметилденген эфир (ДМЭ) - С2Н6О.
Көмірден, табиғи газдан және биомассадан өндірілу мүмкін. Диметилденген
эфирдің көп бөлігін целлюлозды қағаздан өндіреді. Кішкене қысымда
сығылады. Диметилденген эфир - күкірт қосылмаған экологиялық таза отын,
шығару газындағы азот оксидінің құрамы бензинге қарағанда 90%-ға азырақ.Бет
БЖ 050717 2014

Диметилденген эфирді қолдануда арнайы сүзгіштерді қажет етпейді. Бірақ
қозғалтқыштың оталдыру және қоректендіру жүйесіне (газбаллонды
құрылғыларды орнату, қоспатүзегішті түзеу) өзгертулер енгізу керек.
Өзгертулерсіз отын құрамында 30% болатын LGP-қозғалтқышымен жұмыс
істейтін автомобильдерде қолданады.

Биодизель
Биодизель - өсімдік, жануар, микроптытан шыққан майлар және солардың
этерификацияланған өнімдері негіз ретіндегі отын. Биодизельді отынды алу
үшін оған өсімдік немесе жануар майын қолданады. Шикізат ретінде рапс,
соя, пальма, кокос майы немесе кез-келген басқа да шикі-майлар, сондай-ақ
тамақ өндірісіндегі қалдықтар қолданылады. Биодизелді су өсімдіктерінен
өндіру технологиясы жобаланып жатыр.
Екінші кезеңдегі биоотын
Екінші кезеңдегі биоотындар - биомассаны пиролиздеу әдісі арқылы
алынатын немесе метанол, этанол, биодизелден басқа шикізат көздерінен
алынған әртүрлі отындар. Екінші кезеңдегі биоотындарға шикізат көзі болып
тамақ өндірісінде биологиялық шикізат бөліктерінің кесіп алынған лигна-
целлюлозды қосылыстары пайдаланылады. Екінші кезеңдегі биоотын
өндірісіне биомассаның қолданылуы, сол өндіріске керекті ауыл-
шаруашылығына пайдалы жерлерді қолдануын қысқарту болып саналады.
ЕКБиоотындардың шикізат көзі болып өсімдіктерде саналады. Олар: -
Балдырлар - тұзды және лас суларға бейімделген қарапайым организмдер
болып саналады (бірінші кезеңдегі өнім соя бұршақтарына қарағанда майдың
құрамы 200 есе көп). - Арыш (өсімдік) - бидай мен басқа да дәнді
дақылдармен бірге өсетін өсімдік. - Jatropha curcas немесе Ятрофа - түріне
байланысты май құрамы 27%-дан 40%-ға дейін баратын, құрғақ
топырақтарда өсетін өсімдік. Биомассаны жалдам түрінде пиролиздеу, оны
жеңіл және арзан тасымалдауға, сақтауға, қолдануға болатын сұйықтыққа
айналдырады. Сол сұйықтықтан автомобильдік немесе электростанциялық
отындар алуға болады. Сұйық өнімдерден қылқын жапырақты ағаштарды
пиролиздеу өте тиімді болып табылады. Мысалы, 70% жәндік скипидары
қоспасы, 25% метанол және 5% ацетон, яғни шайырлы қарағайды құрғақ
айдау фракциясын алайық. А-80 маркалы бензинді жүйелі түрде ауыстыра
алады. Тіпті айдауға бұтақтар, түбір, қабықтар сияқты ағашөңдеу
қалдықтарын қолданады. Отын фракциясының шығуы - 1 тонна қалдықтан
100 кг.

БЖ 050717 2014

Бет

Газтәрізді отындар
Биогаз - көмірқышқыл газы мен метан қоспасынан тұратын органикалық
қалдықтарды (биомассалар) ашыту арқылы алынған өнім. Биомассаларды
ашыту метаногенді классты бактериялардың әсерімен жүзеге асырылады.
Биосутегі
Биосутегі - термохимиялық, биохимиялық және басқа да әдістермен, мысалы
балдырлар биомассасынан алынған сутегі.
Метан
Метан көмір немесе ағаш сияқты құрамында көміртек кездесетін қатты
отындардан құралған синтетикалық табиғи газ деп аталатын әр түрлі мүмкін
болатын қоспалардан тазартылған кейін синтезделеді. Бүл экзотермиялық
процесс температурасы 3000С-ден 4500С аралығында және катализатор
қатысында қысымы 1-5 бар аралығында пайда болады. Әлемде қазірдің
өзінде бірнеше ағаш қалдықтарынан алынған метанды алатын
эксплуатациялық құрылғылар енгізілген немесе орнатылған.
Үшінші кезеңдегі биоотын

Үшінші кезеңдегі биоотын -
балдырлардан алынған отын. Бұл

технологияның проблемасының әлі көп шешіле қоймағандықтан жобасы әлі
қарастырылуда. Мысалы, балдырлар өте жоғары температурада өскенді
жақсы көреді және оны өндіру үшін шөлдала климат қажет етеді. Бірақ кейде
түнгі түскін температура кезінде оның температурасын реттеу керек. 1990
жылдың аяғында бұл технология өндіріске мұнай бағасының төмендеуіне
байланысты көп мөлшерде шыға алмай қалды. Балдырлар ашық далада
өсіруден басқа балдырларды электростанциялардың қасында орналасқан
кішкентай биореакторларда өсіреді. Балдырларды өсіру үшін ЖЭО-ның
(ТЭЦ) жылу шығарып қаптауы 75%-ға дейін жетуі керек. Бірақ бұл
технология өте қатты шөлдалалы климатты қажет етпейді.

БЖ 050717 2014

Бет

Құрғақ биоотындарды жағу.
Құрғақ биоотын - ол сабан, ағаш түйіршектері, ағаш қалдықтары, ағаш
жаңқалары, сондай-ақ дәнді-дақылдар мен өзге өсімдіктерінің қалдықтары.
Бұл отындар түрлерін тиімді жағып одан жылу алу үшін қазандықты оттық
торлармен қамдауға болады. Биоотын қазандығын өңдеу кезінде биоотын
жағу температурасын ескеріледі. Жоғарғы температурада температуралық
кернеу өседі, төменгі температурада - көптеген шлак қалып қояды. Сол
уақытта қазандық жағуға арналған ауа мен угарлы газ СО және осидті азот
NO ұстап тұратын газ тәріздес отындар азықтармен қамтамасыздандыру тиіс.
Түтіндік жол мен қазандық арасында орналасқан циклонды ұстағыш пен
сүзгілер арқылы бұл қазандықтағы құрғақ камералы газдар зиянды
бөліктерден тазарады. Базарларда түрлі сүзгілерді, ал Данияда қапты
сүзгілерді қолданады. Егер қазан өлшемдері нормаға сәйкес келсе, тіпті
өлкен көлемді камералы газдарды тазарту кезінде ешқандай мәселелер
туындамайды. Сабан мен ағаш түйіршіктерін сақтау әдістері ерекше.
Сабанды қолдану оларды сақтау мен өрт қауіпсіздігіне қойылатын талап
айтарлықтай жоғары. Сондықтанда ағаш түйіршіктерін қолдану көп
ұсынылады. Бірақта сабан биоотыннан қарағанда ағаш түйіршіктері
қымбаттырақ. Сондықтан да қазандыққа биоотын таңдағанда барлық
параметрлерін қарастыру қажет.

1.1Биоотын нарығы

Қазақстан Республикасында биоотын нарығын дамыту жөніндегі
шаралар кешені

Қазақстанның биоотын өнеркәсібі үшін шикізат ресурстарының
отандық базасын кеңейту.

Іс шаралар:

Облыстарды ұсынылған мамандандыруға сәйкес, соның ішінде тыңайған
жерлерді және ауыл шаруашылығы айналымынан шығарылған жерлерді
пайдалану есебінен биоотын өндірісі үшін шикізат болып табылатын ауыл
шаруашылығы дақылдарының егістік алаңдарын, топырақтың құнарлылығын
және жердің басқа да пайдалы құрамын бұзбастан
ұлғайту.

"ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ арқылы биоотын өндірісі үшін
шикізат өндірушілерді: рапстың майлы дәндерін сатып алу; биоотын
өндірісінде пайдаланы-
латын шикізат өндірушілері үшін ауыл шаруашылығы техникасы мен
жабдықтарының
лизингісі; тұқым шаруашылығын мамандандырылған техника және

жабдықпен лизинг негізінде жабдықтау арқылы ынталандыру
БЖ 050717 2014
Бет

Биоотын өндірісі үшін шикізат болып табылатын ауыл шаруашылығы
дақылдарының егістігін кеңейтуді ынталандыру жөнінде ұсыныстар енгізу

Рапстың майлы дәндерін өндіру, өңдеу және сақтау бойынша жұмыстардың
толық циклын
орындау үшін, қолдағы барын қайта жаңарту және жаңа қуаттарды салу үшін
тиісті техника мен жабдықты лизингтік негізде сатып алуды қаржыландыру

Төтенше жағдайлар, тұқымдық материалға қажеттілікті тұрақты қамтамасыз
ету, сортты жаңарту мен сорт алмастыру жағдайларын- да ауыл
шаруашылығы тауар өндірушіле- ріне көмек көрсету үшін рапстың майлы
тұқымдарының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар
енгізу

Биоотын өндіру үшін шикізат болып табылатын, оның ішінде рапстың майлы
дәндері, өсімдік шаруашылығы өнімінің сапасын талдау жөніндегі зертхана-
ларды халықаралық стандарттар бойынша салу, жарақтау және тіркеу
жөнінде шаралар қабылдау

Түпнұсқалық- тар, элиталық- тұқымдық және тұқым шаруашылық- тарының
тораптарын кеңейту, рапстың майлы тұқымдарын өндіру бойынша базалық
шаруашылықты анықтау

Ғылыми зерттеулерді: биоотын өндіру үшін астық және майлы дақылдардың
Қазақстан жағдайларына бейімделген, отандық жоғары өнімді сорттары мен
будандарын шығару; биоотын өндіру үшін ауыл шаруашылығы
дақылдарының әр түрлі түрлерін, сонымен қатар қалдықтарын (сабан,
жапырақтар және т.б.)
шикізат ретінде пайдалану мәселелері; биоотын өнеркәсібі үшін, оның ішінде
тыңайған жерлерде шикізат өндірудің ылғал ресурсын сақтайтын
агротехнологияларын әзірлеу бойынша жүргізу

Ғылыми зерттеулерді биобутанол және биодизель өндіру үшін биотехно-
логиялық әдістер негізінде химиялық құрамы бойынша теңдес- тірілген
астық желісін және майлы дақылдар будандарын шығару бойынша жүргізу

Отандық тауар өндірушілер мен рапсты қайта өңдеу өнімінің экспорт-
шыларын кеден- тарифтік қорғау жөнінде ұсыныстар әзірлеу

Биоотын өндіру жөніндегі зауыттардың айналасында шикізат белдеулерін
құру және зауыттардың тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында
биоотын
өндіруге пайдаланылатын ауыл шаруашылығы дақылдарын егу
технологиялары туралы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері арасында
түсіндіру жұмысын жүргізу

БЖ 050717 2014

Бет

Биоотын өндіру жөніндегі зауыттардың айналасында шикізат белдеулерін
құру және
зауыттардың тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында биоотын
өндіруге
пайдаланылатын ауыл шаруашылығы дақылдарын егу технологиялары
туралы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері арасында түсіндіру жұмысын
жүргізу

Республика аумағында ауыл шаруашылығы дақылдарының генетикалық
түрлендірілген егістік тұқымдарын пайдалануды болдырмаудың кешенді
шараларын әзірлеу

Рапсты өндірумен, сақтаумен және қайта өңдеумен айналысатын
кәсіпорындарды мамандармен (технологтармен) және бұқаралық кәсіптер
мамандарымен қамтамасыз етілгеніне талдау жүргізу және дайындау мен
шаруашылық субъектілерін олармен жасақтау жөнінде шаралар қабылдау

Биоотын өнеркәсібі кәсіпорындарының өндірістік қызметін
дамыту және реттеу

Іс шаралар

"Биоотын өндірісі және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Заң жобасын
Қазақстан Республикасы Үкіметіне енгізу

Бензин және дизель отындарының отандық өндірістің биоотын
қосындыларымен бірге қоспасына олардың қоспадағы үлесінің ұлғаюына
үйлесімді акциздердің ставкасын төмендетуді ескеретін Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы
N 137 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Биоотын өндіру жөніндегі қызметті, олар бойынша инвестициялық артықшы-
лықтар берілетін қызметтің басым түрлерінің тізбесіне кіргізуін ескеретін
Инвестициялар
туралы Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 мамырдағы N 436
қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Инновациялық технологияларға негізделген биоөнім және қоса жүретін өнім
өндірістерін
дамытуды ынталандыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу

Өндірілген биоотынды сататын арналарды және арзан көліктік дәліздерді
құру, сонымен қатар арнайы вагондармен қамтамасыз ету жөнінде
ұсыныстар әзірлеу

БЖ 050717 2014

Бет

Республика аумағында биоотын бойынша өндірістік қуаттарды орналастыру-
дың ғылыми негізделген схемасын әзірлеу

Дүниежүзілік ғылымның даму үрдістеріне сәйкес биоотын өнеркәсібін
дамытудың басым
бағыттары бойынша ғылыми зерттеулердің бағдарла- маларын әзірлеу
жөнінде ұсыныстар енгізу

Биоотын өндіру мен сатудың жалпы әлемдік жүйеге ықпалдастығы

Іс шаралар

Халықаралық стандарттармен үйлестірілген биоотынға арналған
стандарттарды әзірлеу
және оны пайдалану мәселесін пысықтау

Қазақстан Республикасының биоотынды сату нарықтарын кеңейту жөнінде
шетелдердегі
дипломатиялық және сауда өкілдіктерінің жұмыстарын жандандыру

Экспорттық нарықтарда Қазақстандық биоотын үшін аса қолайлы режимді
қамтамасыз ететін биоотындық өнім саудасы саласында халықаралық
шарттар жасау

Биологиялық отынның түрлеріне: мәдени плантациялық әр түрлі түрдегі
биологиялық қоспалар, ауылшаруашылық өндірісінің қалдықтары,
өсімдіктерден ( мискантус, рапс) жатады.

1.2.Биоотын заңдары туралы

"Биоотын өндiрiсi және айналымын мемлекеттiк реттеу туралы"

Осы Заң биоотын өндiрiсi және айналымы саласында пайда болатын
қоғамдық қатынастарды реттейдi.

. Жалпы ережелер

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) биоотын - биологиялық шикiзаттан өндiрiлген отын, оның iшiнде
биоэтанол мен биодизель;
2) биодизель - дизель отынының қасиетi бар, өсiмдiк немесе
жануарлар майларынан алынатын метилдi немесе этилдi күрделi эфир;
3) биоотын өндiрiсi саласындағы уәкiлеттi орган - биоотын
өндiрiсiн мемлекеттiк реттеу саласындағы басшылықты жүзеге асыратын
мемлекеттiк орган;
4) биоотын айналымы саласындағы уәкiлеттi орган - биоотын

БЖ 050717 2014
Бет

айналымын мемлекеттiк реттеу саласындағы басшылықты жүзеге асыратын
мемлекеттiк орган;
5) биологиялық шикiзат (шикiзат) - биологиялық, оның iшiнде
биохимиялық құрамдас бөлiктерге ыдырайтын және биоотын өндiру үшiн
пайдаланылатын өнiмдер;
6) биоэтанол - мiндеттi түрде мұнай өнiмдерiмен араластыруға
немесе биоотынның басқа түрiн өндiру мақсатында пайдалануға арналған
биологиялық туынды шикiзаттан өндiрiлген сусыздандырылған этил спиртi;
7) биоотын нарығына қатысушылар - биоотын өндiрушiлер және
құрамында биоотын бар мұнай өнiмдерiн өндiрушiлер;
8) биоотын өндiрушi - Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес биоотын өндiрудi және айналымын жүзеге асыратын заңды тұлға;
9) биоотын өндiру - биоотын алуды қамтамасыз ететiн шикiзатты қайта
өңдеу жөнiндегi жұмыстар кешенi;
10) биоотын өндiретiн зауыт - шикiзатты биоотын етiп қайта өңдеуге
арналған мамандандырылған құрылыс кешенi;
11) биоотын айналымы - биоотынды сатып алу, тасымалдау, сақтау, сату,
экспорттау және импорттау;
12) сусыздандырылған этил спиртi - сусыздандыру процесiнен
өткiзiлген, құрамындағы су үлесi 1 пайыздан аспайтын этил спиртi;
13) денатуратталған биоэтанол - тамақ өнiмi немесе тамақ өнiмiне
қоспа ретiнде пайдалануға мүмкiндiк бермейтiн қасиеттер беру мақсатында
химиялық заттармен араластыру процесiне ұшыраған сусыздандырылған
этил
спиртi;
14) кәдеге жарату - мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз
биоотынды және биоотын өндiрiсiнiң қосалқы өнiмдерiн қажеттi сападағы
биотынға немесе басқа өнiмге айналдырып технологиялық қайта өңдеу;
15) өндiрiс паспорты - биоотын өндiретiн зауыттың өндiрiстiк
қуаттылығының көрсеткiштерi, оның негiзгi сипаттамалары жазылған,
биоотын өндiрiсiнiң технологиялық процесiн сақтау үшiн қолда бар
жабдықтарды пайдалануды регламенттейтiн белгiленген нысандағы құжат;
16) сәйкестiк сертификаты - өнiмнiң техникалық регламенттерде,
стандарттардың немесе өзге де құжаттардың ережелерiнде белгiленген
талаптарға сәйкестiгiн куәландырылатын құжат;
17) тамақ шикiзаты - тамақ өнiмiн өндiруге жарамды және биоотын
өндiру үшiн пайдаланылатын шикiзат;
18) iлеспе жүкқұжат - жолдаушыдан алушыға дейiн бара жатқан бүкiл
жолда биоотынның қозғалысын бақылауды жүзеге асыруға арналған,
биоотын
беру және қабылдау жөнiндегi операцияларды ресiмдеу үшiн қажеттi
бiрыңғайландырылған құжат.

2-бап. Қазақстан Республикасының биоотын өндiрiсi және

айналымын мемлекеттiк реттеу туралы заңнамасы
БЖ 050717 2014

Бет

Қазақстан Республикасының биоотын өндiрiсi және айналымын
мемлекеттiк реттеу туралы заңнамасы Қазақстан
Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заңнан және
Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен
тұрады.
Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта,
осы Заңда көзделгеннен өзге де ережелер белгiлеген болса, онда
халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

Биоотын өндiрiсi және айналымын
мемлекеттiк реттеу

3-бап. Биоотын өндiрiсi және айналымын мемлекеттiк реттеудiң
мақсаттары мен мiндеттерi
1. Биоотын өндiрiсi және айналымын мемлекеттiк реттеудiң мақсаттары:
қоршаған ортаны қорғауды;
биоотын өндiрiсi мен айналымын дамытуды;
биоотын өндiргенде мемлекеттiң азық-түлiктiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз
етудi қамтиды.
2. Биоотын өндiрiсi және айналымын мемлекеттiк реттеудiң негiзгi
мiндеттерi:
ластағыш заттардың атмосфераға шығарылу деңгейiн азайту;
қосылған құны жоғары тауарлар өндiру мен экспорты көлемiн ұлғайту;
ғылыми зерттеулер жүргiзудi қолдау және биоотын өндiрiсi мен
айналымындағы ғылымды қажетсiнетiн озық технологияларды енгiзу;
Қазақстан Республикасының Үкiметiне биоотын өндiрiсi бойынша
өндiрiстiк қуаттардың шектi көлемдерiн айқындауға және кейiннен биоотын
етiп қайта өңдеу үшiн пайдаланатын тамақ шикiзатына квота белгiлеуге
мүмкiндiк беретiн нормаларды енгiзу болып табылады.

4-бап. Биоотын өндiрiсi және айналымын мемлекеттiк реттеу
Биоотын өндiрiсi және айналымын мемлекеттiк реттеу мыналар арқылы
жүзеге асырылады:
1) кейiннен биотын етiп қайта өңдеу үшiн пайдаланатын тамақ
шикiзатына квота белгiлеу;
2) биоотын өндiрiсi бойынша өндiрiстiк қуаттардың шектi көлемiн
айқындау;
3) биоотын айналымы саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру.

5-бап. Биоотын өндiрiсi және айналымын мемлекеттiк қолдау
Биоотын нарығын дамытуды қамтамасыз ету мақсатында мемлекет
биоотын өндiрiсi және айналымын қолдаудың мынадай нысандарын жүзеге
асырады:

1) биоотын нарығын дамытудың басым бағыттарын зерделеу жөнiндегi
БЖ 050717 2014

Бет

зерттеулердi қаржыландыру;
2) биоотын нарығына қатысушыларға техника мен жабдықтарды лизингке
берудi ұйымдастыру.

6-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң биоотын өндiрiсi және
айналымын мемлекеттiк реттеу саласындағы құзыретi
Қазақстан Республикасының Үкiметi:
1) биоотын өндiрiсi мен айналымын мемлекеттiк реттеу саласындағы
мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi;
2) биоотын өндiрiсi бойынша өндiрiстiк қуаттардың шектi көлемiн
айқындайды;
3) биоотын өндiрушiлердiң биоотын өндiрiсi саласындағы уәкiлеттi
органға биоотын өндiру мониторингiн жүзеге асыру және тамақ шикiзатына
квотаның орындалуы үшiн қажеттi есептерiнiң нысандары мен беру тәртiбiн
айқындайды;
4) кейiннен биоотын етiп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биоотын
Жаңартылатын энергия көздері
Биомассаны пайдалану жолдары. Энергия үнемдеуші технологиялар
Екінші кезеңдегі биоотын
Биоотын көздерін жіктеу
Биомасса - жаңғыртылатын энергия көзі
Қазақстан ауыл шаруашылығы үлкен мақсаттарға құлаш ұруда
Дәстүрлі емес қуат көздерін пайдалану – бүгінгі күн талабы
Отын брикеттерін өндіру бойынша бизнес жоспар
Қазақстандағы энергия көздері және олардың таралу ерекшеліктері
Пәндер