Сарысу өзені алабының гидрографиялық сипаттамасы



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі

ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

География факультеті

Құрлық гидрологиясы кафедрасы

Диплом жұмысы

Сарысу өзені алабының негізгі гидрологиялық сипаттамаларын анықтау

Алматы, 2009
РЕФЕРАТ

Сарысу алабының негізгі өзендерінің жылдық ағындысы сипаттамаларын
анықтау тақырыбында орындалған дипломдық жұмыс кіріспеден, 3 бөлімнен және
қорытындыдан тұрады. Жұмыстың көлемі 35 беттен, 7 графиктен, 8
кестеден, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Негізгі қолданылған сөздер: су өтімі, су ағындысы, ағынды модулі,
қалыпты ағынды, вариация коэффициенті, асимметрия коэффициенті, орташа
квадраттық ауытқу, ағындының жыл ішінде таралуы, максимал су өтімі, орташа
су өтімі, минимал су өтімі, гидрограф, қамтамасыздық қисығы, айырымдық және
жиынтық интеграл қисығы.
Зерттеу объектісі Сарысу өзені – рзд. №189 км, Жаман-Сарысу өз.
–Жанарка а., Жаксы Сарысу – Сарысу а.бекеті болып табылады.

Мазмұны
б.
Кіріспе 4
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ...
1 Сарысу Өзені алабының физико-географиялық 5
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1 Жер бедері 5
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ..
1.2 Геологиялық құрылымы 6
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .
...
1.3 Климаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.3.1Радиациялық теңдестік 6
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .
... ..
1.3.2Ауа температурасы 7
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .
... ... ...
1.3.3Жауын – шашын 7
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... .
1.3.4Қар жамылғысы 8
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ..
1.3.5Ауа ылғалдылығы 9
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ..
1.3.6Жел режимі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.4 Топырақ жамылғысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.5 Өсімдік жамылғысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 10
2 Сарысу өзені алабының гидрографиялық сипаттамасы
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .12
... ... ... ..
2.1 Гидрографиясы 12
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ...
2.2 Сарысу өзені – рзд. №189 км бекетінің сипаттамасы 12
2.3 Су режимі 13
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ...
2.4 Қоректену көздері 15
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ..
3 Сарысу алабы өзендерінің жылдық ағындысын есептеу
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... . 16
3.1 Гидрологиялық деректер жеткілікті болған жағдайда ағындыны
есептеу 16
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ..
3.2 Бақылау қатары жетікілікті болған жағдайда орташа жылдық су
өтімінің қамтамасыздық қисығын тұрғызу 20
... ... ... ... ... ... ...
3.3 Бақылау қатары аз (10-20 жыл) болған жағдайда қалыпты
ағындыны есептеу 22
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 36
... ... ... ... ... ... ... ... .. .
Қолданылған әдебиеттер тізімі 37
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 38
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...

КІРІСПЕ

Сарысу өзені Орталық Қазақстанның ірі өзендерінің біріне жатады, әрі
Бетпақдаланы кесіп өтетін жалғыз өзен болып табылады. Өзен суы ауыл
шаруашылығында, өнеркәсіпте және тұрмыста кеңінен қолданылады. Аймақта
халық санының, егістік алқаптың өсуіне және соңғы кездегі климаттың
біржақты өзгерісі орын алып отырған жағдайда Сарысу өзені алабы өзендерінің
гидрологиялық сипаттамаларын қайта анықтау мәселесі туындап отыр. Дипломдық
жұмыста Сарысу өзені алабының жалпы физико-географиялық сипаты, климаттық
факторлар, алаптың гидрологиялық зерттелуі, су режимі және негізгі
гидрологиялық сипаттамалары зерттелінді.
Жұмыстың негізгі мақсаты – ағындының қолда бар мәліметтері бойынша
Сарысу, Жаман Сарысу және Жақсы Сарысу өзендерінің есептік тұстамаларындағы
жылдық ағындысының негізгі сипаттамаларын анықтау болып табылады.
Жұмыста бастапқы мәліметтер бағаланды және алаптың климаттық, физико-
географиялық сипаттамалары есепке алынып, өзенннің қалыпты ағындысы және
әртүрлі қамтамасыздықтағы ағынды мәндері анықталды. Қарастырып отырған
өзендердің су режимінің өзгеру заңдылықтары зерттелінді. Әртүрлі
қамтамасыздықтағы су өтімдері анықталды. Алынған гидрологиялық мәліметтер
алаптың су ресурстарын пайдалауда аймақта экологиялық жағдайды өршітпей
мәселелерін шешуде қолданыс табуы мүмкін.

1 Сарысу Өзені алабының физико-географиялық сипаттамасы

САРЫСУ ӨЗЕНІ АЛАБЫ ОРТАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ШЕГІНДЕ ОРНАЛАСҚАН.
АЛАПТЫҢ ТЕРРИТОРИЯСЫ ЛАНДШАФТЫ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМНЫҢ БІРҚАЛЫПСЫЗДЫҒЫМЕН
СИПАТТАЛАДЫ.
Орталық Қазақстан солтүстіктен оңтүстікке қарай 600 км, шығыстан
батысқа қарай 1100 км-ге созылып жатыр. Территорияның ауданы 40,2 мың шаршы
км. Солтүстікте Қостанай, Ақмола және Павлодар облыстарымен, оңтүстікте
Алматы, Жамбыл, Шымкент және Қызылорда облыстарымен, шығыста Семей
облысымен, ал батыста Ақтөбе облысымен шектеседі.
Солтүстіктен оңтүстікке қарай біртіндеп үш зона алмасады: қуаң (дала),
жартылай құрғақ (жартылай шөл) және құрғақ (солтүстік шөл).

1. Жер бедері

Қарастырып отырған территорияның жер беті көбнесе төбелі: оның көп
бөлігін Орталық Қазақстан ұсақ шоқысы алып жатыр.
Орталық Қазақстан ұсақ шоқысы геруиндік және альпілік орогенезінің
каледондық қатпарының нәтижесінде пайда болған. Ұсақ шоқының қазіргі жер
бедері генун тауларының ұсақ денудациясының арқасында пенеплена-жазық
жағдайына (қалдық таулар және шоқылардан) жетуіне дейінгі әсерінен
қалыптасқан. Күмбез және конустәріздес шыңды шоқылар жапсарлас жазықтан 30
бен 40 м, ал кейде 80 мен 100 м-ге көтеріледі.
Аймақтың батыс бөлігінде аласа таулы массив биіктігі 1135м абс. Ұлытау
тауы болып табылады.
Аймақтың басқы бөлігінде биіктігі 1000 м-ден 1000 м-ге дейін жететін
Ақтау тауы орналасқан. Олар Қарқаралы-Ақтауының аласа таулы массиві болып
табылады. Ең жоғарғы тау тізбек массиві аймақтың шығысында орналасқан жіне
негізгі Балқаш-Есіл-Нұра суайрығы болып табылады. Бұл тау тізбек ірі және
көптеген тау қыраттарынан тұрады. Олардың ішіндегі ең биігі Қарқаралы және
Қызыл-Рай таулары. Олар 1400 м абс. биіктіктен асып, аймақтың және Орталық
Қазақстан ұсақ шоқысының ең биік нүктесі болып табылады.
Бетпақдала платасы территория шегіне тек солтүстік бөлігімен кіреді.
Бұл жердің басым көпшілігін тегіс жазық жер алып жатыр. Оның бетінен аласа
сазды доңғалдар мен кішкене құмды массивтер көтеріліп жатыр.
Тұран ойпатының басым бөлігі Бетпақдала сияқты тегіс және доңғалды саз
немесе құм жазықтарымен баянды етілген. Ойпаттың абсолюттік биіктігі
шығыстан батысқа қарай Орталық Қазақстан ұсақ шоқысының батыс бөлігі
жанында 200 ден 250 м-ге дейін, ла Аралмаңы Қарақұмда 80 нен 100 м-ге дейін
төмендейді.

2. Геологиялық құрылымы

Қарастырып отырған территория күрделі геологиялық құрылыммен
ерекшеленеді. Мұнда барлық геологиялық жасындағы полезойға дейінгі төрттік
шөгінділерге дейін жыныстар таралған. Барлық көптеген шөгінділерден басым
рөл шөгінді және эффизивті кешенге тән. Интрузивті және метаморфизикалық
құрылымдар мардымсыз дамыған.
Сарысу өзені алабының жоғарғы және орта бөлігінде қатты жарықталған
және оқпаланған әктастар кездеседі.Бұл өзен алабының басым бөлігін силур
және девон шөгінділер алып жатыр. Интрузивті жыныстар Нұра, Тоқырау және
басқа өзендердің жоғарғы жағында кездеседі.
Сарысу өзенінің алабында карбон жынысының шөгіндісі негізінде
Қарағанды облысында таралған. Мұнда олардың ішінде аз тілімденген құм тас,
саздақ және алевролиттер басым.
Зерттеліп отырған территорияның өзен аңғарынан көл қазаншұңқырлары
күшті қалың аллювиалді және аллювиалді-аллювиалдіден кейін төрттік
шөгінділерінен құралған. Сарысу, Нұра, Торғай және басқа өзендердің қазіргі
аңғарларындағы құмтас, малта тас, қой тас шөгінділерінің қалыңдығы 15 тен
20 м-ге жетеді және одан да үлкен.

3. Климаты

Қарастырып отырған территория шұғыл континентальді және құрғақшылық
климатымен сипатталады. Бұл террриторияның үлкен су кеңістігінен
алыстығымен, сонымен қатар территория шегінде Орта Азия шөлінен жылы,
құрғақ субтропикалық ауаның және меридиан бағытымен ауысатын суық, ылғалға
кедей арктикалық ауаның еркін келуімен байланысты. Жылы жартыжылдық үшін
ауаның жоғарғы температурасы, мардымсыз жауын-шашын және едәуір үлкен
салыстырмалы ауаның құрғақтығы, ал суық жартыжылдық үшін тұарқты қар
жамылғысымен сипатты созылмалы қатаң қыс, едәуір жылдамдықты жел және жиі
борандар тән.

1. Радиациялық теңдестік

Территория облысында радиациялық теңдестіктің кіріс бөлігін
құраушылардың өзгерісі жергілікті жердің ендігіне байланысты өзгереді. Күн
шуағының ұзақтығы территорияның оңтүстігінде солтүстігіне қарағанда едәуір
үлкен, бұл түрлі бұлттылықтың дамуымен байланысты.
Радиациялық теңдестіктің жиынтық жылдық шамасы территорияның
солтүстігінде 40 пен 42 Втсм шаршыдан, оңтүстігінде 45 пен 48 Втсм
шаршыға дейін өзгереді.

2. Ауа температурасы

Қарастырып отырған территорияның орташа жылдық температурасы
солтүстікте 20C тан 50C қа дейін, оңтүстікте 50C тан 70C қа дейін өзгереді.
Қарағанды облысында жергілікті жердің жер бедерінің бірқалыпсыздығына
байланысы ауа температурасының солтүстіктен оңтүстікке қарай өсу заңдылығы
жиі бұзылады. Ұсақ шоқының биік жерлерінде орташ жылдық температура 00C тан
20C аралығында тербеледі.
Жыл ішіндегі ауа температурасының жүрісі қыс кезінде тұрақты қатты
аязбен, көктемде жылудың қарқынды өсуімен және жаз кезіндегі ыстықтың
ұзақтығымен сипатталады.
Ең суық айдың – қаңтардың - орташа температурасы территорияның
солтүстігінде минус 160C мен 170C , ал оңтүстік бөлігінде минус 130C пен
150C. Жеке жылдары абсолюттік минимум территорияның оңтүстігінде минус 400C
қа, ал солтүстікте минус 500C қа жетеді (кесте 1).

Кесте 1 - Көпжылдық орташа айлық және орташа жылдық ауа
температурасы (0C)

I II
орташа максимал минимал
Жанаарқа 26 60 11
Қызылжар 30 49 8
Жезқазған 25 71 5

3. Ауа ылғалдылығы

Орташа жылдық ауаның абсолюттік ылғалдылығы оңтүстікте 5,0 мен 5,5 мб-
дан солтүстікте 5,8 мен 6,0 мб-ға дейін өзгереді. Ауаның абсолюттік
ылғалдылығының жылдық амплитудасы 9,0 бен 10 мб.
Орташа жылдық ауа ылғалдылығының тапшылығы солтүстік аймақтарында 5,0
дан 5,5 мб-ға дейін, ал оңтүстікте 7,5 тен 9,5 мб-ға дейін өзгереді.
Территорияның солтүстігінде оның орташа айлық шамасы наурызда 0,8 бен 0,9
мб дан шілдеде 13,0 пен 13,5 мб-ға дейін өзгереді, ал оңтүстік аймақта
сәйкес 1,0 мен 1,7 мб дан 20 пен 25 мб-ға дейін. Қыркүйекте ауаның
ылғалдылығының қанығу тапшылығы территорияның солтүстік аймақтарында 7,0
мен 9,0 мб, ал оңтүстікте 12 ден 10 мб-ды құрайды, қазанда ол 3,0 тен 5,0
мб-ға дейін өзгереді.

4. Жел режимі

Жер бедерінің салыстырмалы жазықтылығы, территорияның оның шетіне
енетін түрліше қалыптасқан ауа массаларынан қорғалмағандығы желдің
қарқындылығының өсуіне жағдай жасайды.
Кезең бойынша желдің жыдамдығы аз өзгереді, бірақ оның максимумы,
әдетте қыс айларына келеді. Осыған байланысты қыс кезеңінде бұрқасын мен
борандар жиі болады. Дауылдың жылдамдығына жететін қатты желдер кейде
көктемде байқалады. Жаз айларында желдер жиі құрғақ-жел сипатына ие.
Орташа жылдық желдің жылдамдығы солтүстік аймақтарында 4,5 тен 5,0 мс-
қа дейін, оңтүстікте 3,5 тен 4,5 мс-қа дейін жетеді. Жел жоқ күндер сирек
болады, әсіресе солтүстік аудандарда.
Қыс кезеңінде желдің жылдамдығына ұсақ шоқының үстірттері мен таулары
әсер етеді. Батыс және оңтүстік аймақтардағы жазық территорияларда қыс
кезіндегі орташа желдің жылдамдығы 4,5 тен 5,0 мс, ал солтүстік аймақтарда
5,0 пен 5,5 мс.
Жылдың жылы кезеңдерінде территорияның солтүстік және орталық
ймақтарында солтүстік-шығыс желдері, зерттеп отырған территорияның
оңтүстігінде оңтүстік-батыс желдері басым. Балқаш көлінің жағалаулық
белдеуінің жел режимінің ерекшклігі жазда бриздердің бар болуы болып
табылады. Бұл көлдің су бетімен және оны қоршап жатқан шөлдердің
әрекеттесуімен байланысты.

4. Топырақ жамылғысы

Берілген территорияға қара-талшынды және ашық-талшынды топырақ тән, ал
олар барлық территорияның 40%-н алып жатыр. Солтүстік және солтүстік-шығыс
аймақтарда негізінен қара-талшынды, ал ұсақ шоқы орналасқан орталық
бөлігінде ашық-талшынды топырақ таралған.
Көктемде өзеннің су тасуының құрылуына күз кезінде топырақтың ылғалдану
дәрежесі үлкен рөл ойнайды. Бір метрлік топырақ қабатындағы ылғалдың қоры
кеш күз кезеңінде территорияның солтүстік аймақтарында орташа алғанда 120
дан 200 мм-ді, ал оңтүстігінде 50 ден 150 мм-ді құрайды. Жаңбырлы жылдары
бір метрлік саз және ауыр құмтасты қабатындағы күздік ылғалдың қоры
топырақта солтүстік облыстарда 200 ден 250 мм-ге жетеді, ал дәл осы
қабаттағы жеңіл құмтасты топырақты оңтүстікте –100 ден 150 мм аралығында.
Топырақтың ең көп ылғалдануы көктем айларында байқалады, әдетте қар
ерудің соңындағы бірінші онкүндікте.
Территория ылғалданғанда ең үлкен ала-құлалылық көктемдм ерекшкленеді,
әсіресе ұсақ шоқы аймақтарында. Құз, қыраттың сулану тереңдігі шамамен 20
см-ді құрайды, ал олардың етегінде, сай және жыра түбінде, ойпат және
суайрық телімдеріндегі ылғалдың толық ылғал сиымдылығы 1 м-ден артық
тереңдікке дейін жиі жетеді.
Орталық Қазақстанның топырағының ерекшклігі ұсақ топырақтың
қалыңдығының аз күші, олардың онша терең емес тығыз жынысты немесе
борпылдақ төсеніші болып табылады.
Қарастырып отырған территорияның топырағы механикалық құрамы бойынша үш
топқа бөлуге болады:
1) тығыз жыныстағы ұсақ тасты топырақ, аз күшті құмдар және жоғары
инфильтрацияны сипаттайтын жеңіл саздақты құмтастар. Олардың барлығы ұсақ
шоқы және территорияның оңтүстік пен орталық аймақтағы құм массивтерінде
таралған;
2) территорияның оңтүстік және орталық айиақтарында саздақты топырақ;
3) ең үлкен су ұстап тұру қабілеттілігімен ерекшклкнетін сазды және
ауыр саздақты топырақ солтүстік аймақтарда. Кейде олар территорияның
ңтүстігінде өзен аңғарларында, көл қазаншұңқырлрында және басқа ойпаттың
жамылғыларында кездеседі.

5. Өсімдік жамылғысы

Орталық Қазақстан территориясында сирек селеулі, бетегелі-жусанды және
бұталы өсімдіктер басым таралған. Көктемде оларға эфемерлілер қосылады.
Облыстың барлық солтүстік –шығыс бөлігін алып жатқан құрғақ шөл
зоналарында (таулы аймақтан басқа) қара-талшынды топырақта бетегелер,
сонымен қатар жусан кең таралған. Эфемерлі өсімдіктер сирек кездеседі. Өзен
аңғарлары бойымен дала өсімдіктері таралған.
Жерасты сулары шығатын жерлерде, жыл сайын су басатын өзен
жайылмаларының учаскелерінде, сирек батпақтанған жерлерде оларға тән
батпақты өсімдіктер кездеседі.
Жартылй шөлдердің өсімдік жамылғысында көпжылдық шөлге төзімді өсімдік
түрлері басым (бетегелер, эфемерлер, сонымен қатар жусан көкпек және майда
бұталар).
Құздың басында, жыныс шығатын жерлерде және сортаң жерлерде өсімдік
жамылғысы аз. өзен жайылмалалары, уақытша өзен аңғарлары және таудың
етекткрі өсімдктерге бай, ал кей жерлерде далалық шөптер кездеседі.
Микротөмен жер бедерінде мия, көкпек бұталары таралған.
Шөл белдеулерінде сор жамылғысын қалыптастырмай жусанды-сор және
жартылай бұталы өсімдіктер басым келеді.
Облыстың батыс бөлігіндегі грунт сулары жер бетіне жақын орналасқан
құмды шөлде өсімдіктер өзгешелеу. Мұнда жусаннан басқа дақылды өсімдіктер
кең таралған. Тақырда кейде біржылдық сортаңдар өседі 1.

2 Сарысу Өзені алабының гидрографиялық сипаттамасы

2.1 Гидрографиясы

Гидрографияның сипатты ерекшелігі сирек өзен торы және тек көктемдегі
қар еру кезінде ағындысы бар уақытша ағын суларының көп болуы болып
табылады. Көптеген кішкене көл шұңқырлары тек көктемдегі су тасудан кейін
аз уақытқа суға толады.
Сарысу өзені 800-900 м биіктіктен Жақсы-Сарысу және Жаман-Сарысу
өзендерінің қосылуынан пайда болады. Телекөл ойпатына құяды. Өздерінің
аттарына байланысты Жаман-Сарысу өзенінің суы тұздылау болып келген, ал
Жақсы-сарысу өзенінің суы тұщылау болып келеді. Жалпы алғанда Сарысу
өзенінің тұздылығы ағыспен төмен қарай өсіп отырады. Ортаңғы ағысында
тұздылау болып келсе, төменгі ағысында тұзды болып саналады. Жоғарыда
айтылған екі саласы қосылғаннан жерден бастап саналған Сарысу өзенінің
ұзындығы 761 км. Бірақ бұл өзендердің ұзындығы суы аз және суы мол жылдары
әртүрлі болып келуі мүмкін. Алаптың ауданы 81600 км2. Орташа теңгермелі
еңістігі - 0,62 ‰. Су жинау алабының орташа биіктігі – 490 м. Егер өзеннің
бастауы ретінде оның оң салассы Жақсы-сарысудан алатын болсақ, онда өзеннің
ұзындығы 950 км-ден асып түседі. Өзен жоғары бөлігінде Сыртсу саласын
қабылдағанға дейін ендік бағытпен, ал Қаракеңгір өзені құйғанға дейін оңт-
батыс бағытпен және төменгі саласыз бөлігінде меридиан бағытымен ағады.
Екі өзеннің қосылуынан басталғаннан кейін Сарысу өзені сол жағалық
Талдыманақ (сағасынан бастап санағанда 708 км, бұл өзеннің ұзындығы 158
км) және Атасу (705-км, ұзындығы 177 км) салаларын қабылдайды.
Ең маңызды саласы – Кеңгір өзені. Бұл өзен құйғаннан кейінгі төменгі
ағысы саласыз. Тек Сарысу өзенінен Боқтықарын өзені тармақталып бөлінеді.
Сарысу төменгі бөлігінде өсімдігі өте сирек төбелі құмдарға шығады. Төменгі
сағасы аллювиалды жыныстардан құралған. Осы жерде суы қамыс өскен
тоғайларда жоғалады.

2.2 Сарысу өзені – рзд. №189 км бекетінің сипаттамасы

Бекет разъезден солтүстікке қарай 2,0 км қашықтықта орналасқан.
Өзеннің аңғары анық байқалмаған, жайпақ, далалық өсімдіктер өскен сазды-
құмды беткейлері біртіндер қоршаған ортаның жазық рельефімен біртіндеп
қабысып кетеді. Жайылмасы екіжақты, оң жағалық жайылмасының ені 250 м, ал
сол жағалық жайылмасының ені 320 м-ге жетеді. Далалық өсімдіктер өскен,
сазды-құмды, құмды-сазды грунттардан түзілген, суы мол жылдары ған мұнда су
шығады, график нөлінен 490 см биіктікте су басады.
Өзен арнасы аздап иректелген, бекет тұсында түзусзықты болып келген.
Грунты құмды-сазды, аздап деформацияға ұшырайды. Жағаларының биіктігі 2,0 –
2,5 м, тікжарлы, сазды-құмды болып келген.
Қыс кезеңінде арнада тұрақты мұз жамылғысы орнайды және мұзкептелі,
мұбуу құбылыстары орнап тұрады, өте суық қыстары қайраңдары түбіне дейін
қатып қалады.
Қадалы (сваялы) типті су бекеті өзеннің сол жағасында орналасқан.
1959 жылы бекетке Балтық жүйесіндегі биіктік белгісі тағайындалды, 1966
жылы IV класты нивелирлеу арқылы бекет басында орнатылған реперге биіктік
белгісі қайта берілді.
Бұрынғы 356,81 м БС белгідегі нөл графигі орнына 355,97 м БС белгісі
тағайындалды.
№2 гидротұстама су бекетінен 12 м төменде орналасқан және қайықты
өткелмен жабдықталған. Суы аса мол жылдары су өтімі теміржол көпірінен
өлшенеді.
Су бекетінен 50 м төмен және жоғары қадалы еңістік өлшеу бекеті
орналасқан.
Су температурасы су бекеті тұстмасында жағалауда өлшенеді.

2.3 Су режимі

Алаптың су режимінің негізгі ерекшелігі күрт анықталған көктемгі су
тасу болып табылады. Сарысу өзені алабының өзендері Б.Д. Зайков
классификациясы бойынша қазақстандық типке жатады. Барлық су ағындысы
көктемгі су тасу кезінде өтеді. М.И. Львович классификациясы бойынша бұл
өзендердің қоректену көзі тек қана (исключительно) қар суынан алады. Өзен
ағындысы көктемгі жауған қар-жаңбыр суларынан да құралады, олардың алатын
үлесі әдетте 15-20 %. Жер асты суымен қоректені өте төмен болғандықтан алап
өзендері жазда құрғап қалады. Көктемгі су тасудан кейін жазғы су сабасына
түсу, осы кезде көптеген ағын сулар кеуіп қалады. Қыста бұл көпшілік кеуіп
қалатын өзендер иірімдерінде қатып қалады.
Сарысу өзенінде судың көтерілуі 2-2,5 м-ден аспайды, бірақ мұздық
жағдайдың рөлі жоғары. Минимал ағынды модульі ағыспен төмен қарай кемиді
және төменгі бөлігінде өзен құрғап қалады.
Алаптың оңтүстік-шығысынан Сарысу жүйесіне кішігірім өзендер
жақындайды, олардың ішіндегі ең ірісі – Көктас өзені. Мұнда судың деңгейі 3-
4 ге дейін көтеріледі.
1967 жылығы Сарысу өзенінің №189 рзд. тұстамасындағы су деңгейінің
өзгеру графигі 1 суретте көрсетілген.

1 сурет. Сарысу өзенінің №189 рзд. тұстамасындағы су деңгейінің өзгеру
графигі (1967 ж.)
2.4 Қоректену көздері

Облыс өзендерінің негізгі қоректену көзі қар жамылғысы болып табылады.
Қар жамылғысы су қоры қарқынды қар ерудің басында көктемгі және жылдық
ағындының қалыптасуына басты рөл атқарады. Сұйық жауын – шашын жер беті
ағындысының қалыптасуына тек су тасу кезінде ғана елеулі әсер етеді. Жазғы
жауын – шашынның рөлі өзен ағындысының қалыптасуына, олардың су алабының
биіктігіне байланысты өседі. Көктемгі және жылдық ағындының қалыптасуына
топырақтың күзгі кезеңде ылғалдануының үлкен маңызы бар.
Қарағанды облысының көптеген өзендері негізгі қоректі аласа таулы
дөңдерден және ұсақ шоқының көтеріңкі аудандарынан алады. Ұсақ шоқының
көтеріңкі жақтарында қар жамылғысының қуаттылығы және қардағы су қоры
көбірек жергілікті жердің биіктеуімен өседі. Ұсақ шоқының көтеріңкі
жерлерінде жиі нөсерлер қаталанады. Жергілікті жердің еңістігінің мәні
ағындыға әсер етеді, соның арқасында су алабының төмен жерлерінде ақпайтын
сулардың аккумуляциясы төмендейді. Сондықтан Ұсақ шоқының көтеріңкі бөлігі
ағындының қалыртасуына ыңғайлы жағдай туғызады. Зерттеп отырған територияда
ағынды қалыптастырушы факторлардың ең қолайсыз жағдайлары жазық жерлер –
оңтүстік және батыс аймақтарда. Тұрақсыз қыс, жылымықтардың жиі болуы кейде
қардың толық еруіне әкеліп соқтырады, құм – топрақтың инфильтрациялық
мүмкіндігінің жоғарылығы, жергілікті жердің кішкене еңістігі және тұйық
ойпттардың көптігі жергілікті ағындының қалыптасуына мүмкіндік туғызбайды,
ал гидрографиялық тор мұнд транзиттк өзендер телімімен көрсетілген. Бұл
телімдер үшін жоғарғы инфильтрация, арнада аллювиальді шөгіндінің қалыптасу
мүмкіндігі, трлық және жартылай толмаған арналық ыдыстардың көптігі,
қайырдың кебуінен кейінгі, олардың жерасты суларымен қоректенуінің
әлсіздігі тән. Осыған қарап облыс өзендерінде қалыптсу, транзит және
жоғалту ағындылары зоналарын бөліп алуға болады. Қалыптасу зонасы – бұл
Ұсақ шоқының көтеріңкі бөліктерінде орнласқан өзеннің жоғарғы телімі, ал
жоғалту зонасы өзеннің жазыққа шығу жерінде басталады.
Облыс шегінде солтүстікке қарай ағатын өзендерде тек қалыптасу және
транзит ағындысы орналасады (Нұра, Құланөтпес, Кон, Терісаққан, Торғай және
Ұлыжыланшық ).

3 Сарысу алабы Өзендерінің жылдық ағындысын есептеу

3.1 Гидрологиялық деректер жеткілікті болған жағдайда ағындыны есептеу

Қалыпты ағынды деп – көпжылдық кезең үшін есептелген ағындының орташа
мәнін айтады. Қалыпты ағындының мәні кезең ұзарған жағдайда өзгермей қалуы
тиіс, яғни мүмкін болатын қателіктің шегінде жатады. Ол ағындының орташа
жылдық мәндерін орташалау арқылы есептелінетіні немесе көктемгі су тасу,
судың сабасына түсу кезеңі, қысқы уақыттағы судың сабасына түсу кезіндегі
орташа су өтімі ретінде және ең жоғарғы немесе ең төменгі су өтімі арқылы
да есептелінеді.
Қалыпты ағынды төмендегідей белгіленуі мүмкін: орташа жылдық су өтімі
Q0, м3с; орташа жылдық ағынды көлемі W0, км3; орташа жылдық ағынды модулі
М0, л(скм2; орташа жылдық ағынды қабаты һ0, мм. Гидрологиялық
есептелеулерде көбінесе орташа жылдық су өтімі қолданылады. Ол
гидрологиялық бақылау кезінде алынатын басты сипаттамалардың бірі болып
табылады. өлшенген су өтімдері және есептік тұстаманың арасындағы тәуелдік
қисығынан алынады. Су өтімінің көмегімен басқа да сипаттамалар анықталады.
Құрылыстық жобалау жұмыстары кезінде гидрологиялық есептеу үшін,
әдетте, орташа айлық орташа тәулікті су өтімдері пайдалынады.
Ағынды модулі, ағынды қабаты гидрологиялық карта тұрғызу кезінде
пайдалынады, ал ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарастырып отырған территорияда атмосфералық жауын - шашынның таралуы тым бірқалыпсыз
Нұра алабы өзендерінің ағындысының қалыптасуындағы табиғи және антропогендік фаторларының рөлі
Сарысу өзені алабының зерттелмеген өзендерінің ағындысын есептеу
Торғай өзені алабының гидрографиялық ерекшеліктері
Сарысу өзенінің гидрологиялық зерттелуі
Есіл алабы өзендерінің ең жоғары ағындысын бағалау
Торғай өзені алабы
Нұра өзені сужинау алабының желісі
Тобыл алабы өзендерінің соңғы онжылдықтардағы су ресурсын бағалау
Іле атырауында арналық процестердің гидроморфологиялық дамуы
Пәндер