Есепке алу әдістемесі



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Айдаргазина Ж. Т.

Қорлар қозғалысының есебі және аудиті

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

мамандығы 5В050800 – Есеп және аудит

Павлодар

2013

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Есеп және аудит кафедрасы

2013 ж. __________
Қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі ____________ А. Ж. Мусина
(қолы) (аты-жөні, тегі)

Қорлар қозғалысының есебі және аудиті тақырыбына арналған

5В050800 Есеп және аудит
мамандығы бойынша
(шифрі)
(атауы)

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Ж. Т. Айдаргазина

Орындаған
(қолы) (аты-жөні, тегі)
Тобы ҚЕжА-301(қ)

Ғылыми жетекшісі
Г. Г. Темирова
Аға оқытушысы
(лауазымы, ғылыми (қолы) (аты-жөні, тегі)
дәрежесі)
Х. Г. Бахралинова
Нормабақылаушы
(қолы) (аты-жөні, тегі)

Павлодар

2013

Мазмұны

Кіріспе 3
1 Қорлар қозғалысының есебі мен аудитінің теориялық негіздері 6
1.1 Қорлардың мәні, олардың классификациясы және кәсіпорын 6
құралдарының айналымындағы орны
1.2 Кәсіпорынды басқаруға арналған қорлар есебінің және аудитінің 12
мақсаты, мағынасы
1.3 Қорлар есебі мен аудитінің шетелдік тәжірибесі 19
2 ЖШС ИнтерСтройсервис и К филиалының қорлар есебінің 25
ұйымдастырылуы
2.1 ЖШС ИнтерСтройсервис и К филиалының қызметінің сипаттамасы және25
қорлар жөніндегі есеп саясаты
2.2 Қойма есебі 32
2.3 Синтетикалық және аналитикалық қорлар есебі 39
3 ЖШС ИнтерстройСервис және К - дағы қорлар аудиті 43
3.1 Қорлардың ішкі бақылау жүйесін бағалау 43
3.2 Аудиттік бағдарлама мен маңыздылық бойынша процедуралар 47
3.3 Аудиторлық қорытынды және қорлар есебін жетілдіру жолдары 57
Қорытынды 58
Қолданылған әдебиеттердің тізімі 60

Кіріспе

Қазақстанның әлемдік экономикаға дендеп енуі отандық кәсіпорындар
мен ұйымдардың қаржылық есептіліктерінің сапалылығы мен шынайылығы
мәселелерін көтеруде. Сондықтан бухгалтерлік есеп пен есептілікті дамытуға
арналған тұжырымдамада қаржылық есептіліктің сапасын көтеру келешек
мақсаттардың негізгі бағыты ретінде танылуда. Қазіргі экономикалық жағдайда
ұйымдар стратегиялық шешімдер қабылдауда бухгалтерлік есепке маңызды рөл
беруде. Өндіріс процесі барысында түрлі шикізат пен материалдар көп
мөлшерде пайдаланылады. Олардың сақталуындағы негізгі рөлді материалдық
қорлар қозғалысының барлық кезеңдеріндегі есебі мен бақылауы атқарады
(сатып алу, келіп түсу, сақтау, өндіріске жіберу, өндірісте пайдалану,
т.б). Материалдық қорлар есебі жабдықтаудың уақыттылығын, қоймадағы қорлар
мөлшерін бақылауды қамтамасыз етуі тиіс, есепке алынбай қалған
материалдарды анықтау, материалдық ресурстарды пайдаланудың дұрыстығын
қадағалау, басқару мақсаттары үшін қажетті ақпараттарды дер кезінде ұсынуы
тиіс.
Есептің ерекше ролі қорларды үнемдеудің бар өндірістік
резервтерін дұрыс және жедел анықтаудан тұрады. Бұл резервтерді пайдалану
өнімнің өзіндік құнын төмендету мен пайданы өсіруді қамтамасыз етеді. Есеп
материалдық қорлардың пайдалануын жоспарлауды жақсартуға ықпал етуі тиіс,
пайдаланылған қорлардың құнын өндірістік шығындарға дұрыс жатқызу мен дұрыс
есептен шығаруды қамтамасыз етуі тиіс.
Осыған байланысты қорлардың есебін жетілдіру және оның
жеделдігін жоғарылату өзекті қажеттілік болып табылады.
Жалпы, шаруашылық қызметтің барлық процестері қорлар қозғалысының арқасында
жүзеге асырылады. Айналымның кез келген кезеңіндегі, олардың
жетіспеушілігі өндірістің үздіксіздігі мен ырғақтығының бұзылуына апарады.
Сонымен қатар қорлардың артықшылығы да өндірістің тиімділігін төмендетіп,
жабдықтауда шиеленіс тудырады. Өзіндік құны бойынша есепке алынатын қорлар
кәсіпорынның өмірлік күші, келешек табыс пен ықтималды пайданың көзі болып
табылады.
Олардың мақсаты – ақша қаражаттары мен есеп айырысудағы қаражаттарға
айналу, пайда алып келу, сонымен ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз ету.
Қорларды басқарудың тиімділігімен (көлемін, құрылымын, айналым
жылдамдығын, т.б) кәсіпорындардың тағдыры, олардың қаржылық жағдайы тікелей
байланысты. Осыған байланысты бухгалтерлік есеп пен бақылау материалдық
қорлардың барлық түрлерінің сақталуын және тиімді пайдалануын қамтамасыз
етудегі жетекші рөлді атқарады. Сонымен қатар, қорлардың саны, жағдайы,
бағамдық көрсеткіштері жайлы шынайы ақпараттың болмауы ұйымның қаржылық
жағдайына кері әсерін тигізеді. Себебі, біріншіден, экономикалық субъект
әкімшілігінің оның қызметін жоспарлауға нақты мүмкіншілігі болмайды;
екіншіден, ұйымның қаржылық жағдайы көрсеткіштері өзгеріп, есептілікті
сыртқы пайдаланушылар шаруашылықтың рентабелділігі мен төлем қабілеттілігі
жайлы шынайы ақпарат ала алмайды; үшіншіден, салықтар сомасы өзгереді, ол
айыппұл салынуына, ұйымның қаржылық жағдайының нашарлауына алып келуі
мүмкін.
Қорлар – бұл әдеттегі қызмет барысында сатуға арналған, осындай сату
үшін өндіріс үрдісіндегілер немесе қызмет көрсетудегі қолданылатын шикізат
пен материалдар түріндегі активтер болып саналады.
Қор – бұл:
- шикізат қорлары, материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар мен
кешендік бұйымдар, отын, ыдыс, ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер және
өндірісте немесе жұмыстарды, қызметтерді орындау кезінде пайдалануға
арналған өзге материалдар;
- аяқталмаған өндіріс;
- субъектінің қызмет барысында сатуға арналған дайын өнім, тауар
түріндегі активтер.
Дипломдық жұмыстың тақырыбының өзектілігі – кәсіпорынның қорларын
пайдалануды талдау, қорлар қозғалысының есебі мен аудитінің теориялық
негіздерін ашып көрсету және оларды пайдалану жолдарын жақсарту мәселелерін
зерттеуді талап етеді. Сол сияқты қорлардың мәні,олардың жіктелімі және
кәсіпорын құралдарының айналымындағы орнын қарастыру көзделеді.
Кәсіпорынның қор қозғалысының есебіне талдау жасау да дипломдық жұмыстың
өзектілігін айқындайды.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – кәсіпорынның қорларын талдау және
пайдалану жолдарын зерделеу, теориялық танымды негізге ала отырып, негізгі
қорларды тиімді пайдалану туралы білімдерді жүйелеу, ашып қарастыру және
жетілдіру. Қорлардың мәнін, олардың жіктелімін және кәсіпорын құралдарының
айналымындағы орнын айқындау. Кәсіпорынды басқаруға арналған қорлар
есебінің және аудитінің мақсаты мен мағынасын нақтылау. Қорлар есебі мен
аудитінің шетелдік тәжірибесіне тоқталу. Синтетикалық және аналитикалық
қорлар есебін назарға алып, қорлардың ішкі бақылау жүйесін қарастыру. Сол
сияқты кәсіпорынның қор есебін қарастыру да негізгі мәселе қатарына енеді.

Дипломдық жұмыстың міндеттері:
- кәсіпорынның қорларының құрылымдық бөлімдерімен қамтамасыз етілуі
мен жалпы және жеке көрсеткіштері бойынша пайдалану деңгейін анықтау,
негізгі қорларды пайдаланудың қызмет көрсету көлеміне әсер етуін есептеу,
кәсіпорынның негізгі қорларын пайдалану деңгейін зерделеу және негізгі
қорларды тиімді пайдалану резервтерін ашып қарастыру; [3]
- кәсіпорынның негізгі қорларын пайдалану жолдарын жақсарту
ерекшеліктерін анықтау;
- қорларды тиімді пайдалану жолдарын іздеу және оларды рационалды
түрде ұтымды пайдалану.
Дипломдық жұмыстың әдіс-тәсілдері: жүйелі талдау, экономикалық талдау
теориясы, экономика математикалық әдістер және т.б. зерттеудің теориялық
және әдістемелік негізі болды. Қор ресурстарын жоспарлау, болжау мен
басқаруды талдау кезінде көлденең тәсіл, тік тәсіл, коэффициенттер талдауы
(салыстырмалы шамалардың), салыстырмалы талдау әдістері қолданылды. Сол
сияқты салыстыру, жинақтау, жүйелеу, сұрыптау амалдары да арқау болды.
Сонымен бірге осы тақырыптың зерттеу деңгейінің төмендігін ескерту жөн
болар. Осы жағдайдың негізгі себебі – осы саладағы сындарлы теоретикалық
және әдістемелік тәжірибенің болмауы.
Зерттеу объектісі – Павлодар қаласындағы ИнтерстройСервис және К
ЖШС-нің қорлар есебі.
Зерттеу пәні: кәсіпорындағы бухгалтерлік есепті назарға алу.
Зерттеудің жаңалығы – осы тақырып бойынша қорлар қозғалысының есебін
дамыту бойынша шаралар кешенін әзірлеуге және теоретикалық негіздеуді қажет
етеді.
Бухгалтерлік есепті жетілдіру бойынша ғылыми және тәжірибелік
ұсыныстарды енгізумен байланысты топ мәселелрді шешу зерттеудің тәжірибелік
мәнін құрайды.
Тәжірибелік мәні – табылған ғылыми қорытындылар мен тәжірибелік
ұсыныстарды енгізу болып табылады, ол, басқарушылық шешімдерді қабылдаудың
негізі болатын ағымдағы бухгалтерлік есептерде және есеп беруде толық және
ақиқат ақпарат беруге болысады.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған
әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде таңдалған тақырыптың өзектілігі негізделеді, зерттеудің
мақсаты мен міндеттері, пәні мен объектісі, әдіснама және әдістер, сонымен
бірге қорытындылар мен ұсыныстардың тәжірибелік мәні анықталды.
Қорытындыда зерттелген жұмыстың нәтижелері мен ұсыныстары берілген.

1 Қорлар қозғалысының есебі мен аудитінің теориялық негіздері

1.1 Қорлардың мәні, олардың классификациясы және кәсіпорын
құралдарының айналымындағы орны

Тауарларды өндіру мен жеткізуде бір қалыптылық жоқ жағдайында
үзіліссіз сауданы қамтамасыз ету үшін сауда мекемелері мен кәсіпорында
қажетті тауар қорлары болуы қажет.
Қорлар – бұл:
- шикізат қатары, материалдар, сатып алатын жартылай фабрикаттар
және құрамдық заттар, конструкциялар мен тетіктер, отын, ыдыс, ыдыстық
заттар, қосалқы бөлшектер, өндірісте пайдалануға немесе тұрмыстар мен
қызметтер үшін пайдалануға арналған өзге материалдар;
- аяқталмаған өндіріс, жұмыстар, қызметтер орындау;
- ұйымдардың қызметі барысында сатуға арналған дайын өнімдер мен
тауарлар түріндегі активтер.
Соған сәйкес қорлардың келесідей топтарды бөліп көрсететін, олардың
экономикалық жіктеуі материалдардың есебін дұрыс ұйымдастырудың маңызды
жағдайларының бірі болып табылады:
- шикізаттар мен материалдар – өнімнің материалдық негізін
құрайды. Осыған орай, негізінен, ауылшаруашылығы мен өндіруші өнеркәсіп
өнімін – шикізат деп, ал өндеуші өнеркәсіп өнімін – материалдар деп атайды.
Өнеркәсіптің кейбір салаларында шикізат және материалдар негізгі және
көмекші болып бөлінеді, дегенмен, бұлай бөлу, шартты болып саналмайды,
өйткені ол өнімдердің әр түріне материалдардың сол бір түрін қолдану
санына, технологиялық процесстің сипатына қатысты болады. Мысалға,
наубайхана өндірісінде негізгі шикізат және материалдарға ұн, тұз, ашытқы
және су жатқызылады. Көмекші шикізат және материалдар өнімдердің сапасын
жақсартуға әсерін тигізеді, олар белгілі бір тұтыну қасиеттерін береді
(қант, сүт, хош иіс);
- сатып алынатын жартылай фабрикаттар – өндеудің белгілі бір
сатысынан өткен, бірақ әлі де дайын өнім болып саналмайтын шикізат және
материалдар. Яғни, материалдық негізін құрайды;
- отын – өндірістегі өзінің тағайындалу және пайдалану жағдайлары
бойынша энергетикалық, технологиялық, двигательдік (жанар, тағар май) және
шаруашылық мұқтаждықтары үшін (ғимараттар мен үй жылытулары үшін) отын
болып бөлінеді;
- ыдыс және ыдыстық заттар – бұл әртүрлі материалдар мен дайын
өнімдерді орау, буып-түю, тасымалдау және сақтау үшін пайдаланатын заттар.
- қосалқы бөлшектер машиналар мен құрал жабдықтардың тозған
бөлшектерін жөндеу және ауыстыру үшін қызмет етеді;
- өзге де материалдар өзіне аталмыш ұйымда материалдар, отын
немесе қосалқы бөлшектер ретінде, пайдалана алатын, негізгі құралдардың
шығарылып тасталуынан алынған материалдарды, өндіріс қалдықтарын, түзетуге
келмейтін ақшаларды енгізеді;
- басқа жаққа қайта өңдеуге берілген материалдар – бұл сырт
ұйымдардың өңдеуіне тартылған және одан кейін одан алынған өнімдердің
өзіндік құнына қосылатын материалдар;
- құрылыс материалдары – құрылыс салушы ұйымдар есепке алынатын,
құрылыс бөлшектерін жасау, ғимараттар мен құрылыстардың бөліктерін және
конструкцияларын бөлу және көтеру үшін тікелей құрылыс және монтаж
жэұмыстары процесінде пайдаланатын материалдарды, сондай-ақ құрылыс
мұқтаждықтары үшін қажетті өзге де қорларды білдіреді.Өндірістік қорлар
есебін дұрыс ұйымдастыру үшін оларды негізді бағалай білудің үлкен маңызы
бар.
Шаруашылықтағы қорлар мөлшері бірнеше факторларға байланысты:
мамандануына, шоғырлануына, орналасуына, көлікпен қамтамасыз етілуіне және
т.б. қажеттілігіне байланысты олардың тиімді мөлшері мен өндіріске дер
кезінде келіп түсуін қамтамасыз ету маңызды.
Қорлар біржолғы тұтыну қорларының сипатында (негізгі және көмекші
материалдар, отын, ыдыс - өнімнің құрамдас бөлігі болғанда) және бірте -
бірте тұтыну сипатында болуы мүмкін. Олардың құрамына негізінен еңбек
заттары кіреді, бір бөлігін ғана еңбек құралдары құрайды деп тұжырымдауға
болады.
Өндіріс процесіндегі функционалдық рөлі мен тағайындалуы бойынша
барлық қорлар негізгі және көмекші болып бөлінеді.
Негізгі материалдар өндірілетін өнімнің материалдық негізін құрай
отырып, оның құрамына енеді (кірпіш, цемент, металл және т.б.). Көмекші
материалдар негізгі материалдарға қарағанда өндірілетін өнімнің заттық
негізін құрамайды. Олар негізгі материалдардың өзгеруіне белгілі бір жағдай
жасайды (мысалы, бояулар, клей, лак және т.б.) не болмаса өндірістік
үдеріске қатысады. Көмекші материалдарға сонымен қатар әртүрлі химикаттар,
жағатын, сүртетін, жөндеу және т.б. да материалдар жатады. Материалдарды
негізгі және көмекшіге бөлу біршама шартты болып саналады және ол өндірісте
пайдалыналатын әртүрлі материалдардың көлеміне байланысты болады. Мысалы,
өнеркәсіп ұйымдары үшін материалдар көмекші болып жіктелсе, ал мердігерлік
құрылыс ұйымдары үшін негізгі болып жіктеледі.
Көмекші материалдардың ішінде отын, ыдыс, ыдыстық материалдар,
қосалқы бөлшектерге бөлу қажет.
Өндіріс қалдықтары (қайтарылған) – дайын өнімдерді дайындау кезінде
толықтай немесе жартылай тұтыну қасиеттерін жойған шикізаттар мен
материалдардың қалдығы (темір қалдықтары (стружка), ағаш үгінділері,
отруби). Өндірістің белгіленген технологиясына байланысты басқа цехтарға
немесе бөлімшелерге қандай да бір өнімді (жұмыстар мен қызметтерді) өндіру
үшін өндеуге берілген материалдық ресурстардың қалдығы қайтарылған
қалдықтарға жатқызылмайды. Қайтарылған қалдықтар төмендегідей тәртіптер
бойынша бағаланады:
- егер қалдықтар жоғарыланған шығындармен негізгі өндірісте (дайын
өнімнің шығымы төмендетіліп) немесе көмекші өндірісте тұтыну заттарын
дайындау үшін (мәдени – тұрмыстық және шаруашылық заттар) әрі қарай
пайданылса немесе басқа жаққа сатылса бастапқы материалдық ресурстардың
бағаларынан төмен, яғни мүмкін пайдалану бағасы бойынша;
- егер қалдықтар толыққанды ресурс ретінде пайдалану үшін басқа
жаққа сатылатын болса, онда олар материалдардың бастапқы бағасы бойынша
бағаланады.[6]
Қайтарылмайтын қалдықтар, мысалы, угар, усушки және т.б., яғни нақты
бағасы жоқтары қоймаға және қайта бағалауға жатқызылмайды.
Қорлардың пайдалану бағыттары жөнінде төменде көрсетілген 1-суретте
байқауға болады:

1-сурет – Қорларды пайдалану бағыттары

Қорлардың мақсаты – кәсіпорынның негізгі, сол сияқты кез келген
ілеспе қызметтерімен қамтамасыз етуінде қолданылу. Қайта сату, өндірістік
процесте қолдану немесе қызмет барысында кәсіпорынның өзі тұтынуы үшін
көмектесу. Қорлардың қолдану мерзімі, пайдалы қолданудың жоспарланатын
мерзім бір жылдан аспайды. Қорлар үшін құн шектеулері қойылмайды.
Қорлардың негізгі міндеті болып өндірістің үздіксіздігімен және
реализацияның үзіліссіз болуын қамтамасыз ету. Тауарлы қорлардың өндірістік
қорларға қарағанда тез шығындалуымен сипатталады.
Шикізат және материалдар түріндегі қорлардың өзіндік құнына кіреді:
- жабдықтаушыларға төленген баға. Егер компания қаржыландыру
элементтері бар төлеу мерзмін кейінге қалдыру шартымен шикізаттар мен
материалдарды сатып алса, онда сатып алу құны әділ көлемі мөлшері ретінде
пайдаланады. әділ баға (кәдімгі сауда несиесі шартындағы сатып алу бағасы)
және жабдықтаушылармен келісім- шарт бойынша стаып алу сомаларының арасында
айырма қаржыландыру кезеніндегі пайыздар бойынша шығындар ретінде танылады;
- баж салығы және өзге де салықтар (салық заңнамасына сәйкес
орнына келтірілетіндерден басқалары);
- қорлар сатып алумен тікелей байланысты кезендегі жеткізу, өндеу
және басқа да шығындар.
Саудалық женілдіктер, төлемдерді қайтару және осыған ұқсас өзге баптар
сатып алу кезінде шығындарды есептегенде шегеріледі.
Жартылай фабрикаттар мен дайын өнімнің өзіндік құнына шикізаттар мен
материалдар шығындарынна басқа өндіріс үрдісіне тікелей байланысты
шығындарды да жатқызылады, мысалы, мынандай:
- тікелей еңбекақы шығындары;
- тұрақты өнірістік үстеме шығындар, оларды шығарылған өнім
бірлігіне бөлу компанияның қалыпты жағдайда жұмыс істейтін өндірістік
қуаттылық негізінде жүргіледі;
Қорлардың өзіндік құнына қосылмай, ағымдағы шығындар құрамына
қосылатындар:
- шикізаттың, жұмсалған еңбек немесе өзге өндірістік шығындардың
мөлшерден тыс болуы;
- сақтау шығындары, егер тек олар өндіріс үрдісіне қажетті болмаса
(мысалы, ағаштарды кептіру уақыты);
- әкімшілік үстеме шығындар;
- өткізу шығындары.
Кей жағдайларда компаниялар қорларды өзіндік құнынан төмен бағамен
сатумен мәжбүрлі. Бұл мына жағдайлардың нәтижесінде болуы мүмкін:
- қорлардың механикалық ақауы;
- қорлардың моральді скеруі;
- нарықта бағаның төмендеуі;
- сату шығындарының көбеюі. Мысалы, осы тауарды сату үшін арнайы
қымбат сертификаттарды енгізу сату көлемінің зияндылығына әкеледі, сақтау
орындарынан тауарларды тасымалдау үшін көлік шығындары құнының күрт өсуі.
Материалды болып табылмайтын, бірақ әлі дайын өнім болып рәсімделмеген
қорлар есепте ерекше орын алады. Бұл өндірістің барлық фазасынан өтпеген өз
өндірісіндегі жартылай фабрикаттар мен аяқталмаған өндіріс. Бұдан басқа
материалдардың басқа да жіктелулері қолданыла алады. Атап айтқанда
келесідей тұрғылардан:
- қорларды қаржыландыру тұрғысынан – мөлшерлі, мөлшерден тыс,
толықтырылмаған;
- пайдалану мүмкіндігі тұрғысынан – қажетті, артықшылықты, қажетсіз;
- қорлар сапасын бақылау тұрғысынан – сапалы, бүлінген, бұзылған.
Қорлар кәсіпорын активінің элементі болып өзінің экономикалық мазмұны
бойынша шаруашылық қызметте көп рет қолданылатын, өздерінің бастапқы
натуралды-заттық нысанын жоғалтпайтын, ұзақ мерзім бойы қызмет ететін және
өздерінің құнын дайын өнімге амотизациялық аударымдар түрінде бөліктеп
ауыстыратын еңбек қаражаттары ретінде көрініс табады.
Қорлардың өзіндік құны әртүрлі факторларға байланысты болады. Олардың
негізгілері болып бағаның транспорттық тарифтердің өзгерісі, материалдардың
қоймада немесе өндірістік цехтарда ұзақ уакыт болуы саналады.
Қорлардың өзіндік құнына қорларды сатып алу шығындары, оларды
орналасатын, жеріне дейін көліктік – тасымалдау шығындары, өнімдері
(жұмыстар мен қызметтерді) өңдеу шығындары қосылады.
Қорларды сатып алу шығындарына сатып алу бағасы және материалдарды сатып
алуға тікелей байланысты баж төлемдері, жабдықтау ұйымдарына төленген
комисиондық сыйақы, көліктік дайындау шығындары жатады. Сауда шегерімдері,
қайтарып беру не болмаса артық төленеген сомалар және басқа да түзетулер
сатып алу шығындарын анықтау кезінде шегеріліп тасталынады.[4]
№ 2 ҚЕХС сәйкес қорлар міндетті түрде ең төменгі өзіндік құнмен немесе
сатудың таза құнымен бағалануы тиіс.
Қорлардың өзіндік құны қорларды бағалаудың ең үйлесімді базасы болып
саналады, бірақ кей жағдайда қорлар қаржылық есептілікке олардың өзіндік
құндарынан төмен көрсетілуі мүмкін. Мұның себептері физикалық тозу,
тауарлардың ескеруі, бағаның төмендеуі болып саналады. Мұндай жағдайда
қорларды сату кезінде шығындардың белгілі бір бөлігі жабылмай қалады,
сондықтан да мұндай материалдарды сату кезінде сату бойынша барлық
шығындарды шегере отырып, сатудан алынатын соманы анықтау қажет болады. Бұл
үшін қорлардың құны сатудың таз құнымен салыстырылады, егер соңғысы
қорлардың өзіндік құнынан төмен болса, онда қорлардың бағасы сатудың таз
құнына төмендетіледі. Мұндай қадамнан негізі болып сақтық ұстамы саналады.
Қорлардың сатудың таза құны материалдарды жинақтау және сатуды
ұйымдастыру шығындарын шегеріп тастағандағы қарапайым шаруашылық қызмет
барысында сату бағасы тең болады.
Қорлардың бағаланған бағасы мен оларды сатуға дайын жағдайына дейін
жеткізу шығындарының арасындағы айырмашылық сатудың таза құны болып
анықталады.
Қорларды сатудың таза құнын есептеу кезінде қолда бар қорлардың
пайдалану бағытын да есепке алу қажет.
Қорларды сатудың таза құнын бағалау кезінде келесі ережелер
қолданылады:
- егер қорлар сатуға арналған болса, онда есептеулер ағымдағы сату
бағалары негізінде жасалады;
- егер қорлар алдын ала бекітілген келісім шарт негізіндегі сатуға
арналған болса, онда есептеулер келісім шартта берілген көлем бойынша онда
көрсетілген бағалар негізінде жасалады. Келісім шартта көрсетілген көлеммен
артық қорлар ағымдағы бағамен бағаланады.
Егер дайын өнім материалдар мен шикізаттардың негізіндегі дайындалып,
соларға тең немесе өзіндікқұнның артық бағаға сатылатын болса, онда осы
материалдар мен шикізаттар сатудың таз құны бойынша бағаланбайды. Егер
мұндай сенімділік жоқ болса, онда материалдар мен шикізаттар сатудың таз
құнымен бағаланады. әрбір кезекті мерзімде қорларды сатудың таза құндарына
жаңадан бағалау жүргізіледі.
Сатудың таза құнын анықтау әдістері. Сатудың таза құны әрбір бірліктің
түріне немесе тауар топтарына қарастырылуы қажет. Материалдық қорлардың
құнын олардың барлық топтарына немесе негізгі топтарына қарай қарастырылып,
содан соң сатудың таза құнын анықтаған дұрыс емес, себебі сатудың жалпы
құнынан төмен болады.
Қорлардың ең төменгі өзіндік құнын және сатудың таза құнын анықтау
үшін сатылық, негізгі тауарлық топтар, қорлардың жалпы деңгейінің әдістері
қолданылады.
Сатылық әдісте – материалдық қорлардың әрбір атаулары бойынша
баланстық құн мен сатудың таза құндарының ішінен ең төменгі мән алынады.
Осы төменгі сандар қосылып, жалпы бағаны береді.
Негізгі тауарлық топтар әдісінде – материалдық қорлардың әрбір топтары
бойынша баланстық құн мен сатудың тез құндарының ішінен ең төменгі мән
алынады. Осы алынған төменгі сандар қосылып, жалпы бағаны береді.
Қорлардың жалпы деңгейінің әдісінде – барлық қорлар бойынша баланстық
құн мен сатудың таза құндарының шінен ең төменгі мәнні алынады.
Өндіріске жіберілетін қорлардың нақты өзіндік құндары келесі бағалау
әдістері арқылы саналады:
- орташа құн әдісі;
- ФИФО;
- арнайы есептеу әдісі.
Қорлардың орташа құнын анықтау үшін есепті мерзімнің басындағы
материалдардың қалдық көлеміне есепті мерзімнің ішінде алынған
материалдардың көлемін, ал есепті мерзімнің басындағы құнына түскен
материалдардың құнын қосады.Материалдар бірлігінің орташа құны олардың
жалпы құнын жалпы санына бөлу арқылы анықталады. Қорлардың шығысы осы
алынған орташа құнмен көрсетіліп, есепті мерзімнің соңында сатылған өнімнің
жалпы өзіндік құнына қосылады.
Орташа құн әдісінінің артықшылығы болып сатып алу бағаларының тез
ауытқуы кезінде сатылған өнімнің өзіндік құнын тұрақтандырып отырады,
сонымен қатар сатылған қорлардың партиялық есебін жүргізудің қажеттілігі
болмайды.
ФИФО әдісі қорларды бағалау кезінде олардың алғашқы кезекті кіріске
алынғандарының өзіндік құны бойынша бағалау әдісі болып табылады. ФИФО
әдісі қорлардың ағымдағы құнына жақын келетін құнды береді және жүйеленген,
обьективті болып саналады. Бұл әдіс қағидасы бойынша қорлар бірінші кезекте
кіріске алынғаны, алғашқы болып шығыс етіледі деп есептелінеді.
Арнайы есептеу әдісі бірін – бірі алмастыра алмайтын қорлардың немесе
тауарлар мен қызметтердің өзіндік құнын бағалауға арналған. Бұл әдіс әрбір
қорлардың сипатын ерекшелейді және кез келген уақытта қорлардың құнын,
сатылған күнін, сатылған сатериалдардың өзіндік құнын, сондай-ақ ұйымда
қалған қорлардың құндарын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл әдісті қолдану
кезінде қорлардың құндарының қозғаласы олардың физикалық қозғаласымен
сәйкес келіп отырады. Яғни, бұл әдіс қорлардың физикалылық және құндық
айналымын толықтай сәйкестендіретін жалғыз әдіс болып табылады. [2]

1.2 Кәсіпорынды басқаруға арналған қорлар есебінің және аудитінің
мақсаты, мағынасы

Кәсіпорындардағы шаруашылық субъектілерінің негізгі құрылымында
бухгалтерлік есептің жүйесін бағалау барысында қорларға қатысты келесі
сұрақтар назарға алынады:
- қорлардың түрлері;
- қорлардың іске асуының амалдары;
- қор нысандарын құру, иелік етуді жүзеге асыратын бөлімшелер ісін
негізге алу;
- қордың қозғалыс ерекшеліктерін аңғару;
- қордың жұмсалу ыңғайының амал-тәсілдерін нысанға алу;
- қор айналымының қолданыстағы жүйесі қозғалыс есебі бойынша және
негізгі қаражат жағдайы бойынша;
- қорларды бағалаудың қолданыстық тәсілдерін есептеу;
- қорлардың қайта бағалануы әдістерінің қолданылуы;
- ағымдағы бақылау шаралары мен қорларды қолдану ыңғайын назарға
алу;
- қорлардың бухгалтерлiк есепке келесi негiзгi талаптарды
көрсетедi;
- барлық, үздіксіз, толықтай қорлардың козғалысы мен оның барын
көрсету;
- қорлардың саны және бағасының есебі;
- қорлардың есебінің жеделдігі;
- анықтық;
- әр айдың басындағы талдамалы есептiң жинақтамалы есеппен
мәлiметтерiнің сәйкестiгi (қалдықтардың айналымы бойынша);
- бухгалтерлiк есептiң мәлiметтерi ұйым бөлiнулерiнің арасында
қорлар қозғалысы бойынша қойма есебі және оперативтiк есептiң
мәлiметтерiнің сәйкестiгі.
Қорлардың барлығы біртекті емес болып келеді. Олардың бір-бірінен
өндірісте атқаратын міндеттеріне, сондай-ақ физикалық және химиялық
қасиеттеріне қарай өзара айырмашылықтары бар. Сондықтан да материалдар
есебін дұрыс ұйымдастырудың ең басты мәселесі оларға экономикалық жағынан
дәлелденген жіктеу жасау болып табылады. Өздерінің ерекшеліктерімен өнім
дайындауда атқаратын міндеттеріне қарай материалдар шикізаттар, материалдар
мен көмекші материалдар, жартылай фабрикат және тағы басқалар болып
бөлінеді. [5]
Кез келген кәсіпорын материалдық (немесе басқа) пайда табу мақсатында
қызметін жүргізеді. Аталған қызмет түрінің тиімділігін анықтау үшін ең
алдымен өнім немесе қызметтер өндірісіне жұмсалған қаражаттар көлемін білу
қажет. Сонымен қатар кәсіпорынның жұмыс істеуі үшін қажетті тауарлар мен
материалдардың бар болуы туралы ақпарат маңызды болып табылады.
Басым көп жағдайларда қорлар аталған қызмет түрінің тиімділігін,
сонымен қатар басқару күш-жігерінің нәтижелілігін өнім өзіндік құнының
негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Сауда және өндірістік кәсіпорындар
үшін қорлардың егжей-тегжейлі есебі анағұрлым маңызды болып табылады.
Консультациялық қызметтер көрсететін кәсіпорындар үшін кеңсе мен
консультанттардың жұмысын жүргізу үшін қолданылатын қорлар есебі анағұрлым
маңызды болып табылады. Аталан қорлар фирманың жанама шығындарына жатады.
Қорлар 1300 бөлімде есептеледі. Бұл шоттың дебеті бойынша сатып
алынған қорлардың құны көрсетіледі, ал кредитінен сатып алушыларға тиелген
немесе жіберілген қорлар құны есептен шығарылады. 1300 бөлімге келесі
шоттар кіреді:
- 1310 Шикізаттар мен материалдар шотында шығарылған өнімнің
негізін салатын немесе өнімді жасап шығаруда оның компоненті болып
табылатын қажет шикізаттар мен материалдарын есепке алады. Бұл жерде сондай-
ақ өнімді шығаруға қатысатын немесе шаруашылық, технологиялық және өндіріс
процесіне септігін тигізетін көмекші материалдар да есепке алынады;
- 1320 Дайын өнім, осында дайын өнім есептеледі, сонымен бірге
ауылшаруашылығының дайын өнімі де;
- 1330 Тауарлар, тауарлар қозғалысы және ауылшаруашылық өңдеу
үшін сатып алынған және сақталған бойынша операциялар ;
- 1340 Аяқталмаған өндіріс, аяқталмаған өндірістің залалдары
есептеледі;
- 1350 Өзге де қорлар,көрсетілген бөлімдерге кірмейтін қорлар
есептеледі;
- 1360 Қорлардың қатардан шығуындағы резерв, моральдік тозумен
бұзылғандықтан сатудың таза құнына дейін қорлар бағасының төмендеуі
жөніндегі резервтің туылғаны мен қозғалысына байланысты операциялар
есептеледі.[1]
Сонымен, шаруашылық жүргізуші шаруашылықтың қаржы шаруашылық
қызметінің бухгалтерлік есеп жоспарының 1300 Қорлар бөлімшесінің
синтетикалық шоттарында шикізаттардың, сатып алынған жартылай
фабрикаттардың, құрастыру бұйымдарының, конструкцияларының, отындардың,
ыдыстардың және ыдыстық материалдардың, қосалқы бөлшектердің, құрылыс
материалдарының, қайта өңдеуге берілген және басқа да материалдардың
сақталуын, пайдалануын және есебінің ұйымдастырылуын аудиторлық тексеруді
қойма шаруашылығын тексеруден бастаудың маңызы зор.

1-кесте – Қорлар есебінің шаруашылық операцияларын төменде көрсетілген
корреспонденцияда қарастыруға болады
Операциялар мазмұны Дебет Кредит
1 2 3
Сатылып алынған материалдардың құны
кассадан (қолма-қол ақшамен) төленді
1310 1010
Есеп беруге тиісті тұлғалар арқылы
сатылып алынған материалдық
құндылықтардың құны 1310 1250
Заңды тұлғалар мен жеке адамдардан
өтеусіз (тегін) келіп түскен материал 1310 6220
Негізгі құралды бұзғаннан, істен
шығарғаннан алынған материалдық
құндылықтар 1310 6210
Кәсіпорындар мен ұйымдардың өз
өндірісінде өндіріліп, дайындалып өз
қажетіне пайдалануға арналған
материалдарды кіріске алу 1310 8110,8310
Түгендеу кезінде артық шыққан
материалдарды кіріске алу 1310 6220
Еншілес және тәуелді серіктестіктермен
бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардан
келіп түскен кіріске алынған 1310 3320-3340
материалдар.
Материалдық құндылықтарды дайындайтын
жұмыскерлерге есептелінген еңбекақы
1310 3350
Өндіріс пен шаруашылыққа
пайдалану үшін жіберілген материалдар:
-негізі өндіріске;
- қосалқы өндіріске 8110
- ұйымның әкімшілік шығындарына 8310
7210 1300 бөлім шоттары
Салынып жатқан (аяқталмаған) құрылысқа
жіберу мақсатымен есептен шығарылған
материалдар 2930 1310

1-кестенің соңы
1 2 3
Түгендеу барысында бүлінген және жетпей
қалған материалдарды есептен шығару
7210 1310
Жөңдеуен алынған материалдар үшін
есептелінген (төленілетін) сома 1310 3310,3320,3330,3390
Сатылған, есептен шығарылған
материалдық құндылықтардың нақты
өзіндік құны 7450 1310
Түгендеу барысында жоқ болған табиғи
кему мөлшерінен артық кем шыққан
материалдарға жаапты адам табылмаған
жағдайда 7210 1310
Түгендеу барысында жоқ болған
материалдарға жауапты адам табылып, ол
адамның төлеуге тиісті есептелінгшен
сомасы 1250 1310
Жабдықтаушылардан шикізат пен
материалдар түсті. 1310,1350 3310
Қосылған құнға салық сомасы 1420 3310
Қорлар жеке тұлғалардан түсті 1310,1350 3390
Қорлар есеп беруге тиісті адамдардан
кірістелді 1310,1350 1250
Өндіріске материалдар жіберілді 8110,
8210, 1310,
8310 1350
Қорлар жалпы шаруашылық мақсаттарға
жұмсалды. 7210 1310,1350
Өндірістен дайын өнімдер шығарылды 1320 8110, 8210, 8310
Сатылған өнімдердің іс жүзіндегі
өзіндік құны қажетсіздендірілді 7010 1320
Сатып алушылардан ағымдағы банктік
шотқа алынды 1030 1210, 2110
Өнімдерді сату бойынша коммерциялық
шығындар бейнеленді 7110 1310, 3350
Есепті кезең соңында шоттар жабылды;
- табыстар; 6010 5610
- шығындар 5610 7110,7010

Қорлар есебінің ең негізгі міндеттері болып мыналар кіреді:
- қорлардың нақты өзiндiк құнының қалыптастыруы;
- қорларды жинау, түсүру және өткізу бойынша операциялардың дұрыс
және дер кезiнде деректi ресiмдеу мен сенімді мәлiметтердi қамту;
- қорлардың қозғалысы мен сақталу орнындағы сақталуын бақылау;
- үздiксiз өнiм өндiру, жұмыс жасау және қызмет көрсету қамтамасыз
ететiн;
- қорлардың ұйыммен қойылған нормаларының орындалуын бақылауы;
- көліктік-тасымалдау шығындарын есепке ала отырып, материалдардың
нақты өзіндік құндарын дер кезінде, дұрыс анықтау және шығындарды тиісті
құрылыс обьектілеріне дұрыс апару;
- керексiз және артық қорларды сату мүмкіндігі мен басқа да
айналым туралы барлық мүмкіндіктерді табу максатымен қорларды дер кезінде
анықтау;
- қорлардың қолдануының тиiмдiлiгiне талдау өткiзу;
- дайындалған, келіп түскен, босатылған материалдарды уақытында
есептеп, кіріске алу немесе есептен шығару;
- материалдық қорлар қалдығының белгіленген мөлшерде артып немесе
төмендеп кетпеуін бақылау;
- материалдарды өндірісте пайдаланған кезде олардың техникалық
жолмен анықталған нормасын және тұтыну мөлшерінің қорын анықтау;
- материалдардың өндірісте ұтымды пайдаланылуын бақылау;
- дайындалған материалдардың өзіндік құнын анықтап және олардың
жоспарлы есептеу бағасынан айырмашылығын тауып пайдаланылған материалдар
құнын әр объектінің шығынына қосу.[9]
Материалдардың есебін дұрыс ұйымастыру үшін матеиалдардың
номенклатуралық тізімі мен баға көрсеткішін дайындаған дұрыс.
Материалдардың номенклатурасы – деп өндірісте пайдаланатын материалдардың
белгілі бір түрлеріне олардың аты, сапасы, мөлшерлері және тағы да басқа
көрсеткіштері бойынша жасалынған жіктеу тізімін айтады. Номенклатуралық
тізіме әр материалдың дұрыс аты, оған берілген номенклатуралық номірімен
өлшем бірлігі көрсетіледі. Сонымен қатар номенклатуралық тізімде әрбір
материалдың бухгалтерлік есепте есептелінген бағасы болуы тиіс. Сондықтан
номенклатуралық тізімді – номенклатуралық баға көрсеткіші деп те атайды.
Қорларды есепке алу ерекшеліктері.
Бастапқы құнды бағалау. Түсу нұсқау орнымен анықталады (сатып алу, жарғылық
капиталға енгізу, айырбастау, дайындау, сыйлау және т.б.) және іс жүзіндегі
өзіндік құнға, өзіндік құнға, нарықтық құнға сәйкес келеді.
Қайта бағалау. Егер қордың ағымдағы құны оның шынайы бағасына (мысалы,
нарықтық) сәйкес келмесе, ұйым есепте анағұрлым шынайы көрсету үшін
қорларды қайта бағалауды жүзеге асыруы мүмкін.
Өткізу. Кәсіпорынның тауарлары мен өнімдерін сату кезінде олардың
қалдық құны сатудың өзіндік құнынан шығынға жазылады.
Өндірістік процесте қолдану. Қалдық құн өзіндік құнды есептеу үшін
кәсіпорында қабылданған ережелерге сай өнімнің өзіндік құнынан шығынға
жазылады.
Негізгі өндірістік процестен тыс кәсіпорын қажеттіліктері үшін
пайдалану. Егер қандай да бір қорларды тікелей өткізу (қайта сату) нысаны
болып табылмайтын және оны қолдану өнімнің нақты түрлері өндірісінің
өзіндік құнына жатқыза алмайтын жағдайда олардың қалдық құны пайдалану
барысында кәсіпорынның есептік скясатында қабылданған шығындар есебінің
сыныптамасына сәйкес кезеңнің шығыстарына шығынға жазылады.
Шығынға жазу. Қорлар зақымдалған, жоғалған немесе кәсіпорын үшін
қандай да бір құндылықтарын жоғалтқан жағдайда және пайдалы түрде қолданыла
немесе өткізіле алмаса, оларды есепке алу тоқтатылады, ал қалдық құны
шығындарына жазылады. [7]
Қорларды есепке алу мақсаттары - басым көпшілік салаларда қорлар
өнімнің немесе сауданың өзіндік құны ретінде жеке есепке алынатын тікелей
материалдық шығындардың негізгі құрамдас бөлігі болып табылады.
Қорларды дұрыс есептеу жалпы компанияның қаржы есептілігі мен қаржылық
нәтижесіне тауарлық қорларды есептеудің дұрыстығының маңызды ықпалы
нәтижесінде аса маңызды болып табылады. Қорларды есепке алудың негізгі
мақсаты болып қорлардың іс жүзіндегі құны емес, пайданы толық анықтау болып
табылады (осының нәтижесінде тиесілі капиталды бағалау) деген пікір бар.
Инвесторлар мен кредиторлардың басым көпшілігі қаржы есептілігінде
көрсетілген пайда мөлшерінің және қорларын бағалаудың, сондай-ақ есепті
қадағалау дәлдігінің негізінде қабылданады.
Есепке алу әдістемесі.
Қорларды есепке алу (тіпті ҚЕХС шеңберінде) есепке алуды өндіретін
ұйымдар үшін есепке алу ережелері мен әдістемесінің айтарлықтай кең
таңдауын береді. Нақты әдістерді таңдау елде орын алған экономикалық
үрдістер мен олардың қаржы есептілігін қалыптастыру барысында қоятын
мақсаттарына байланысты болады.
Кәсіпорынның есепке алу саясатында көрсетілген ережелердің ауыстыруға тіпті
келесі есептік кезеңге өту барысында үзілді-кесілді екендігін ескерген жөн.
Мұндай ауысу сәйкес кезеңдердің көрсеткіштерін салыстыру кезінде қаржы
есептілігін түсінуді бұрмалауы мүмкін.[8]
Есепке алу ережелерін таңдау барысында екі сұраққа жауап беру керек:
- қорлардың қандай бөлігі кезең ішінде шығындалды және сәйкесінше осы
кезеңнің шығынына жазылуы тиіс;
- қорлардың қандай бөлігі кәсіпорынның меншігінде қалған, сәйкесінше
активті есептерде көрсетілуі тиіс.
Қорларды есепке алу үшін Қорлар ҚЕХС 2-де сипатталған арнайы
тәсілдер мен ережелер, ал ұлттық стандарттарды қолданатындар үшін – ҚЕҰС №
2, 12-тарауы, ал арнайы салық режимдерін қолданатын шағын кәсіпкерлік
субъектілері үшін ҚЕҰС № 1. Қорларды есепке алу 10-тарауы қолданылады.
Қорлардың қозғалысы бойынша негізгі операцияларға жатады:
Кіріс: жеткізушілерден алу, дайын өнімді өндірістік цехтан қоймаға
тасымалдау, бартерлік операциялар бойынша алу, тауар немесе тауарды
қайтару, комплексті бұзылған негізгі құралдардан комплектілейтін және
қосалқы бөлшектердің түсуі және т.б.
Шығын: өткізу, өндірістік қажеттіліктер үшін шикізат пен материалды
шығынға жазу, кәсіпорынның басқа қажеттіліктеріне шығынға жазу (ұйымдық
шығындарға, негізгі құралдарды жөндеу, көлік ұстау және оның жұмысын
қамтамасыз ету, өткізу шығындары), табиғи зиян (нормалар бойынша) және
басқалар.
Қорлардың ішкі орын ауыстыруы: қоймадан дүкенге, бір сауда нүктесінен
немесе компания бөлімшесінен басқаларына, пайдаланылмаған материалдарды,
өтпеген тауарды қоймаға қайтару.
Күтпеген шығындар стихиялық апат, бүліну, ұрлық нәтижесінде пайда
болады.
Ресурстарды тиімді түрде басқару үшін кәсіпкер қандай қорлар қандай
мөлшерде бар екендігін, не сатып алғандығын және не өткізілгендігін (немесе
шығындалғандығын), ненің аяқталмаған өндіріс ретінде өңдеу процесінде
екендігін білу маңызды. Қорлар қалдығын есептеу әрбір кезең аяғында жүзеге
асырылады. Ұрлау, қайта істеу, тауардың бүлінуіне жол бермеу үшін
қоймаларда, сауда нүктелерінде жауапты сақтауда жатқан тауарларды мерзім
түгендеу ұсынылады. Бұл кезде бухгалтерлік есептің деректері дүкендер мен
қоймадағы іс жүзіндегі тауарлардың қалдығымен салыстырылады.
Қорларды сатудан кейін олардың баланстық құны компания арқылы сәйкес
кіріс танылған мерзімде шығын ретінде танылуы тиіс. Кейбір қорлар басқа
активтердің, мысалы, өздігінен туындаған құралдар нысандарының құрамдастары
ретінде қолданылған қорлардың есебіне жатқызыла алмайды. Мұндай жолмен
басқа активтерге таратылған қорлар осы активті пайдалы қолдану мерзімі
ішіндегі шығын ретінде танылады.[9]
Аудит нарықтық экономика жағдайында барлық шаруашылық процесіне
қатысушылардың қызметінде маңызды рөл ойнайды. Ол анық ақпаратпен
қамтамасыз етеді, серіктестер арасындағы сенімділікті қалыптастыруға
септігін тигізеді, оңтайлы басқарушылық шешімдерді іріктеу мен
кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстарды әзірлейді, сондай-ақ қаржылық
жағдайды тұрақтандыруға, шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің
тиімділігін арттыруға және тұтастай қоғамның әлеуметтік-экономикалық
жағдайын жақсартуға ықпал етеді.
Аудитті қаржылық, экономикалық, техникалық, заңдық және басқа да
қызмет салаларында жүргізуге болады. Аудиттің негізгі мақсаттарының бірі -
шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық есеп берулерінің нақты
екендігін анықтау болып табылады.
Аудит ішкі аудит және сыртқы аудит болып екі түрге бөлінеді. Қоғамның
қаржылық - шаруашылық қызметін бақылау, Қоғамның, ішкі бақылау жасау
саласын бағалау, қатерлерді басқару, корпоративтік басқару саласында
құжаттарды орындау және Қоғамның қызметін жетілдіру мақсатында консультация
беруді жүзеге асыру үшін Ішкі аудит қызметі құрылады.
Аудит – бірнеше бөлімдерден тұратын күрделі құрастырылған процесс
болып келеді. 2-суретте аудиттің бөлімдері көрсетілген.

2-сурет – Аудиттің жүргізілу тізбектілігі

Қорлар есеп аудитінің негізгі мақсаты – олардың есебінің дұрыс
ұйымдастырылып жүргізілгендігін анықтау болып табылады:
- олардың сақталу және пайдалану орындарындағы қозғалыстары мен нақты
қолда барлығы туралы дәлелді мәліметтер алу;
- олардың сақталу ережелерін қамтамасыз ету;
- өндіріске жұмсалу номаларының сақталуын қамтамасыз ету;
- өндіріске қажеті жоқ материалдық ресурстарды табу, анықтау және
оларды сату.[10]

1.3 Қорлар есебі мен аудитінің шетелдік тәжірибесі

Басқа елдерде де, және Украинада да есептеудiң ең маңызды
объектiлерiнiң бiрi болып, сондай – ақ кәсіпорынға салық салынатын пайда
мөлшерінде, өз қозғалысымен маңызды әсер ететін қорлар болып табылады.
Сондықтанда, қорлар есебі бойынша жүргізілетін операциялар бухгалтерия
жағынан аса көп көніл талап етеді.
Қорлар бұл – мынадай активтер:
- одан әрi сату үшiн кәдiмгi шаруашылық қызметiнiң шартында
пайдалану;
- өндiрiстiң өнiмiн одан әрi сатылу мақсатымен өндiрiстiк
процессте қатысу;
- өнімді өндіруде, қызмет көрсетуде, жұмыс жасауда, және де
кәсіпорынды басқаруда қатысу.
Сапалы, нақты және оперативтік қорлар есебімен қамтамасыз ету үшін,
ең алдымен кәсіпорынның есеп саясатында бұйрықпен көрсетілген қорлардың
өзіндік құнын анықтау әдісін таңдау керек.
Екінші қаржылық есебінің халықаралық стандартта Қорлардың өзiндiк
құнның бағалауын анықтауға сипатталған екi әдiс:
- үйреншiктi шығындарды әдiс;
- бөлшек бағалар әдiс.
Бiрiншi әдістің мәні мынада, үйреншiктi шығындар нормативтiк
деңгейлерi ескере отырып, негiзгi және көмекшi материалдар, еңбек, сонымен
бiрге экономикалық және өндiрiс қуаттылығын қолданылғанын есептейді. Оларға
үнемi талдау жүргiзедi және, қажеттiлiк жағдайда, шаруашылықтың ағымдағы
шарттарымен сәйкес қайта қарайды.
Бөлшек бағалар әдiсі- көбінесе бөлшек сауда да қорлар бірлігінің үлкен
мөлшерін, қай тез өзгеретін және бірдей пайда беретін және де басқа өзіндік
құнды калькуляциялау әдістері мүмкін емес бағалауда қолданылады.
Бұл екi әдiстердi отандық қорлар есебінде қолданылады, мен шетелдік
пайдаланады және бiрдей шетелдiк түсiндiрудiң мәні және ол 9 Қорлар
бухгалтерлiк есептiң (стандарт) ұлттық жағдайында көрсетілген. Алайда,
П(с)БЕ 9 жоғарыда айтылған әдiстерiнен басқа да мынандай әдістер
көрсетілген:
- қорлар бірлігінің тиiстi белгiленген өзiндiк құн;
- орташа өлшемдi өзiндiк құн;
- (ФИФО) қорлардың бірінші түсуіндегі өзіндік құны
Кейбір елдерде ЛИФО әдісі де қолданылады. ЛИФО әдісі – қорларды
соңғы сатып алынғандардың бағасы бойынша бағалау әдісі.Соңғы алынған
қорлардың өзіндік құны бірінші кезекте жұмсалғандардың құнын анықтау үшін
қолданылады, ол ай соңындағы қорлардың өзіндік құны бірінші сатып алынған
қорлардың өзіндік құны бірінші сатып алынған қорлардың өзіндік құнымен
есептеледі деген тұжырымға негізделген әдіс.
Шетелдік және отандық есептердің әдістердің мәні бірдей. Қорлар 2
Бухгалтерлiк есептің халықаралық стандарт сәйкес бұл үш әдiстер өзiндiк
құнның анықтау әдiстерiне жатпайды, олар қорлардың өзiндiк құнның анықтауға
арналған формулалар деп аталады. Бұл шетелдік және отандық қорлар есебінің
арасындағы бір ерекшелік болып келеді.
Басқа айырмашылықтың бір белгiсі болып, ол халықаралық тәжiрибеде
қорлар есебінiң екi түрлі жүйесі болып табылады: үздiксiз жүйе және
периодты қорлардың есебі. Украинада есеп үздiксiз жүргiзедi.
Үздiксiз есептеудiң әдiсі (Perpetual inventory method, Continuous
inventory method) – қолда бар кезде және әрбір қорлар бірлігінің осы
уақытта қолданылғанын бухгалтерияның үнемі зерттеп отыратын жүйелік есебі.
Бұл есептеудiң әдiсi қымбат құнмен өнiм сататын кәсіпорындар үшiн қолайлы.
Қорларды үздiксiз есептеу жүйесінің артықшылығы:
- қорлардың нақты көрсетілген түсуі мен шығуындағы тиісті
шоттардың есебі.
- белгілі ағымдағы есепті кезеннің қорлар түрінің барын белгілі
бір мерзімде анықтау және қорлардың өзiндiк құны жүзеге асыру;
- есептi жылының соңында түгендеудiң жүргiзуi;
- қоймалардағы алынған тапсырыстар, тауарларды қалдық сатуды,
орындау тауарларды алуды бақылауға қатал рұқсат берген электрондық
таңбалауларды пайдалану, және сауда залдары, қолма-қол ақшалай
қаражаттардың қозғалысын бақылау.
Осы жүйенiң кемшiлiгi есептеудi жүргiзудің үлкен еңбек сыйымдылығы
болып көрiнедi. Демек, қорлардың есебі бойынша еңбек шығындарын қысқарту
үшiн үздiксiз қорлар есебінiң компьютерлер орнатылған жүйелерiн
қолданады.[5]
Осы жүйенiң кемшiлiгi тағы бiр болып көрiнедi онда, есептi
автоматтандыруы елеулi қаржы шығындарымен бiрге жүрген және қорлардың
тiкелей есептеуге қатысты қызметшiсiнiң үйретуi бағамдайды.
Периодты есептеу әдiсі (Periodic inventory method) – жүзеге асырылған
қорлардың өзiндiк құнның анықтамасы осы есепке алу кезеңiнiң соңында
қалдықтарды түгендеудiң жүргiзуiн жолымен жүзеге асырылатын есептесу
жүйесі. Бұл мәліметтер бастапқы қорлар және таза сатып алулар туралы
ақпаратпен салыстырады. Нәтижесінде сатылған (пайдаланылған материалдар)
тауарлардың өзiндiк құнды анықталады. Осы жүйе қымбат емес өнiмдi үлкен
ассортименттермен сататын кәсіпорындар үшiн ыңғайлы.
Сатып алынған қорларды есептеуi үшiн сатып алудың есебi, қайтару
жүргiзу және арзанға сатылып алынған тауарлар, бұрыңғы төлеммен сатып алуға
және транспорттық шығындар (жеткізу бойынша) женілдіктер шоттар
жүргізіледі.
Қорлардың қозғалысының аналитикалық есебі ағымында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дене мәдениеті және спорттың теориясы мен әдістемесі
Қаржылық қызметтерді анық нысанда ұсынуға төлем
Ауылшаруашылық кооперативіндегі есепті ұйымдастыруды жетілдіру
Тарихты оқыту әдістемесінің негізгі әдіс - тәсілдері
Мектепке дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру
Мал шаруашылығының бухгалтерлік есебі
Дене шынықтыру және спорт оқу-әдістемелік кешені
ҚАРЖЫ КОЭФФИЦИЕНТТЕРІ ӘДІСТЕРІ
«Экономикалық талдау» пәні бойынша теориялық материал
Технология сабақтарында оқушылардың білімі мен ептіліектерін есепке алу мен тексерудің теориялық негіздері
Пәндер