Инвестициялық нарықта коммерциялық банктің әрекеттерінің түрлері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 97 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

«Қаржы» кафедрасы

Қорғауға жіберілді

2014 ж. ___ Д. З. Айгужинова

(қолы)

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Коммерциялық банк инвестициялық нарықтағы қаржылық делдал ретінде

5В050900 - «Қаржы» мамандығы бойынша

Орындаған Д. К. Айткенова

(қолы)

Тобы ҚҚарж-301(қ)

Ғылыми жетекшісі

Аға оқытушы Р. С. Ещанова

(қолы)

Нормабақылаушы М. М. Мухамедова

(қолы)

Павлодар

2014

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Айткенова Д. К.

Коммерциялық банк инвестициялық нарықтағы қаржылық делдал ретінде

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В050900 - «Қаржы» мамандығы

Павлодар

2014

Мазмұны

Кіріспе
3
: 1
Кіріспе: Қаржылық делдалдар ретінде коммерциялық банктердің инвестициялық нарықтағы әрекеттерінің теориялық аспектісі
3: 6
: 1. 1
Кіріспе: Коммерциялық банк қаржылық делдалдық субъектісі ретінде
3: 6
: 1. 2
Кіріспе: Инвестициялық нарықта коммерциялық банктің әрекеттерінің түрлері
3: 15
: 1. 3
Кіріспе: Инвестициялық нарықта коммерциялық банктердің қаржылық делдалдығының шетелдік тәжірибесі
3: 24
: 2
Кіріспе: Инвестиция нарығындағы коммерциялық банктердің әрекеттерін талдау
3: 36
: 2. 1
Кіріспе: АҚ «Kaspibank» әрекеттерінің сипаттамасы
3: 36
: 2. 2
Кіріспе: «Kaspibank» АҚ қаржылық әрекеттерін талдау
3: 41
: 2. 3
Кіріспе: Инвестиция нарығында Қазақстанның коммерциялық банктердің әрекеттерін талдау
3: 48
: 3
Кіріспе: Инвестициялық нарықта коммерциялық банктердің әрекеттерін белсенді етудің болашағы зор бағыттары
3: 54
: 3. 1
Кіріспе: Коммерциялық банктердің делдалдық әрекеттерін дамыту тенденциялары мен мәселелері
3: 54
: 3. 2
Кіріспе: Қор нарығындағы АҚ «Kaspibankтің» инвестициялық стратегиясы
3: 66
:
Кіріспе: Қорытынды
3: 76
:
Кіріспе: Қолданылған әдебиеттер тізімі
3: 81
:
Кіріспе: А қосымшасы Консолидированная финансовая отчетность АО «Kaspibank» за 2011-2012 жж.
3: 84
:
Кіріспе: Ә қосымшасы Графикалық бөлім
3: 87

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі инвестициялық нарықта банктердің делдалдық әрекеттерінің мынадай категорияларының мазмұнын нақтылау қажеттілігімен анықталады: инвестициялық нарықта банктердің делдалдық әрекеттері, инвестициялық-банктік әрекеттер, инвестициялық банк шетелдік тәжірибені еске алумен және қаржылық нарықтағы және банктік саладағы жаңа құбылыстарды жарыққа шығару, жаһандану үдерістерімен байланысты және банктік технологиялардың эволюциясымен қатысты; инвестициялық банктік қызмет саласының нарығында отандық банктердің рөлі мен орнын анықтау, олардың даму тенденциясы; мемлекеттік органдардың реттеу және заңды әрекеттерінің бағыттарын іздестірумен, инвестициялық әрекеттердің саласында қазақстандық банктердің ұстанымдарын күшейтуді іске асырып, бірінші кезекте оның бағыттарын инвестициялық ресурстарға деген отандық өнеркәсіптік компаниялардың қажеттіліктерін қанағаттандыру, банктік әрекеттердің кезеңдерін анықтау, банктің инвестициялық әрекеттерін жүзеге асыруда мүдделердің қақтығыстарына жол бермеу және қаржылық тұрақтылықты банктердің ұстануы жолға қойылады.

Қазіргі уақытта коммерциялық банктер қаржылық құралдардың барлық түрлерінде инвестициялық қызметтің барлық кешенін ұсыну мүмкіндіктерін қажет етеді. Бұл көбінесе олардың капиталының лайықты деңгейіне қатысты. Сол үшін олар инвестициялық банкингтің қызметінің барлық түрлерін ұсына алмайды. Бұлардан басқа, банктер құнды қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары ретінде тәуекелді инвестициялық операциялардың жүзеге асуы үшін капиталдандырылмаған.

Банктік капиталдың мүмкіндіктерін тиімді пайдалану Қазақстанның экономикасының шынайы секторының инвестициялау бағытында қаржылық құралдарды дамыту мен қаржылық ресурстардың жаңа түрлерін шоғырландыруды талап етеді. Басқаша айтқанда, өндіріске банктік инвестицияның ағыны құнды қағаздардың даму деңгейіне қатысты, яғни еркін ішкі және сыртқы қаржылық реурстарды аккумулирлеу жалғасып, оларды ұлттық экономиканың оңтайлы бағыттарына ыңғайлау жолға қойылған. Осылармен байланысты жоғарыда келтіріп отырған тақырып өзекті, сол сияқты инвестициялық нарықта коммерциялық банктердің әрекеттерінің мәселелерін теориялық және тәжірибелік негізде жүзеге асырудың әлі де орын алып отырған кемшін тұстары аталмыз зерттеу тақырыбын таңдауға себепкер болды.

Ғылыми тұрғыда шешімін табатын мәселенің қазіргі жағдайда бағалануы. Делдалдықтың жалпы теориясы көрініс алған авторлардың жұмыстары бар: Н. Спулбер мен Б. Финглетон. Қаржылық делдалдықтың теориясын ең алғашқы негізін қалаушылар Г. Гёрли мен Э. Шоу болы саналады, кейінірек қаржылық интермедиация сұрақтарымен айналысқан - Дж. Тобин. Неоклассикалық теорияға сай, банк кәсіпорын болып саналады, яғни оның алдында ресурстарды оңтайлы пайдалану арқылы кірісті молайту мәселесі тұр. Көптеген зерттеулер банктік фирманың моделі мен шығындардың негізінде анықтауға негізделген.

Шешілетін ғылыми мәселенің қазіргі жағдайын бағалау. Қаржылық делдалдықты дамыту мәселелері, қаржылық ресурстарды тиімді пайдалану мынадай шетелдік ғалымдардың еңбектерінде кеңінен қолданылды, қарастырылды: Д. У. Блэкуэлл, Д. Д. Ван-Хуз, Э. Дж. Долан, Р. Дорнбуш, Д. С. Кидуэлл, Р. Л. Миллер, Р. Л. Петерсон, П. Роуз, Дж. Ф. Синки Мл., С. Фишер, Р. Шмалензи және басқа да авторлар.

Отандық және ресейлік экономистердің арасында ерекше атап өтерлік жұмыстардың авторлары: Сейткасимова Г. С., Макыш С. Б., Абишев А. А., Хамитов Н. Ы., А. И. Ачкасов, Ю. А. Бабичева, А. П. Белых, М. 3. Бора, Э. Н. Василишена, Е. А. Воробьёвой, М. Б. Диченко, В. В. Иванов, Д. А. Кисилёв, Г. Г. Коробова, Ю. И. Коробов, И. Д. Мамонова, Ю. С. Масленченкова, Е. В. Неволиной, Г. С. Панова, Н. Э. Соколинская, А. Н. Трифонова, Н. В. Фадейкина, И. Ф. Цисарь, яғни зерттеліп отырған мәселенің теориялық, методологиялық және тәжірибелік бағыттары қарастырылғңан.

Отандық жағдайларда коммерциялық банктердің инвестициялық әрекеттерінің маңызды қырларының бірқатарының жан-жақты қарастырылмауы мен жоғары деңгейдегі өзектілігі, сол сияқты оларды жүзеге асырудағы жаңа қарым-қатынастардың қажеттіліктері дипломдық жұмыстың тақырыбын айқындауға жол ашты және оның мақсаттары мен міндеттерін айқындады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты мынада, инвестиция нарығында коммерциялық банктердің қызметінің ерекшеліктерін теориялық қарастыру негізінде инвестициялық нарықта делдалдық әрекеттерді жандандыру бойынша тәжірибелік нұсқауларды дайындау.

Алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу мақсатында келесі міндеттерді шешу жүктеледі:

  • инвестициялық нарықта коммерциялық банктің қаржылық делдалдар ретіндегі әрекеттерінің теориялық негіздерін қарастыру;
  • коммерциялық банктің әрекеттерінің барысын қаржылық делдалдық субъектісі ретіндегі жағдайларда қарастыру;
  • инвестициялық нарықта коммерциялық банктің қаржылық делдалдық бағытындағы шетелдік тәжірибесін қарастыру;
  • инвестициялық нарықта АҚ «Kaspibank» әрекетіне талдау жүргізу;
  • АҚ «Kaspibank» әрекетіне сипаттама беру;
  • АҚ «Kaspibank» қаржылық әрекетіне талдау;
  • инвестициялық нарықта Қазақстанның коммерциялық банкінің әрекеттерін зерттеу;
  • инвестициялық нарықта коммерциялық банктің әрекеттерін белсенді етудің болашағы зор бағыттарын дайындау.

Дипломдық жұмыстың зерттеу нысаны - АҚ «Kaspibank».

Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні - экономикалық қатынастардың жиынтығы, коммерциялық банктің инвестициялық әрекетінің үдерісінде туындайды.

Зерттеудің теориялық негізін шетелдік, ресейлік, отандық ғалымдардың еңбектері құрайды, коммерциялық банктің инвестициялық әрекеті мен инвестиция нарығы саласында жазылған жұмыстар құрайды.

Зерттеудің методологиялық негізі ҚР заңдары мен нормативтік актілері. Жұмыста статистикалық және экономикалық талдау әдістері қолданылды, жүйелі әдіс, эмпирикалық зерттеу әдісі (салыстыру) .

Зерттеудің ақпараттық базасы ретінде жылдық есептік құжаттар, статистикалық деректер, салалық журналдар, ғылыми әдебиеттер, әдістемелік әдебиеттер.

Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңашылдығы мынада, теориялық ережелерді жинақтау мен қарастыру негізінде басты мәселені қарастыру, зерттеу жұмысында тәжірибелік талдау материалының кең көлемі ұсынылды, Қазақстанның индустриалды-инновациялық даму жағдайында инвестициялық әрекеттерін жетілдіруге бағытталған.

Дипломдық жұмыстың практикалық маңыздылығы мынада, коммерциялық банктердің әрекеттерін инвестициялық нарықта белсенді болашағы зор белсенді бағытқа бағыттау, жұмыста ұсынылған деректерді АҚ «Kaspibank» жұмыстарында пайдалануға болады.


1 Қаржылық делдалдар ретінде коммерциялық банктердің инвестициялық нарықтағы әрекеттерінің теориялық аспектісі

1. 1 Коммерциялық банк қаржылық делдалдық субъектісі ретінде

Қазіргі экономикада инновациялық белсенділікті күшейту инвестициялық әрекеттерді белсенді етуді талап етеді, барлық қаржылық механизмдерді пайдалану мен көлемді қаржылық ресурстарды тарту мәселесі қойылған. Мемлекет, несиелік-банктік институттар, шаруашылық субъектілері экономиканың шынайы секторында инвестициялық қажеттіліктерді қанағаттандыруда көздерді белсенді іздестіру жұмыстарын іске асыруда, яғни ішкі резервтерді қолдану арқылы, сол сияқты шетелдік капиталды тарту есебінен.

Еркін ресурстарды инвестициялық капиталға трансформациялау үдерісінде маңызды рөлге ие болатын жұмыстар жетерлік, мақсаты - нарықтық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін көтеру мен экономиканың шынайы секторының нәтижелігін арттыру, сол сияқты қаржылық-делдалдық сектордың маңыздылығы. Қаржылық делдалдық - бұл базалық үдерісі, қаржылық жүйе үшін қажет, оның лайықты жүзеге асуы үшін, мемлекет пен қоғамның қаржылық ресурстарын пайдалану тиімділігінің деңгейіне қатысты. Тиімділік деп түсінетініміз, қаржылық-делдалдық сектордың қаржылық қаражатты бәсекелестік ортада аккумулирлеу қабілеттілігі, сол сияқты ұзақ мерзімді экономикалық өсудің көзқарасы тұрғысынан орналастырылған ресурстарды максимальды реттеуді қамтамасыз ету.

Тұрғындардың жинақтарын аккумулирлеу үшін өзіндік міндеттемелерді эмиттендіре отырып, қаржылық делдалдар әр түрлі құралдарды құрады, салым үй шаруашылығына экономикалық тұрғыда толықтай жүзеге асуына түрткі болады, сол сияқты жинақтардың әлеуметтік мақсаты көзделеді.

Еркін уақытша қаражатты қайта реттеу әдістеріне байланысты қаржылық делдалдардың келесі түрлері орын алады, бұл жағдай 1. 1-суретте көрсетілген:

  • депозиттік типтегі қаржылық делдалдар: коммерциялық банктер өзіндік міндеттемелерді жоғары ликвидті және тіркелген салымдар сомасы бойынша қалыптастырады (депозиттермен), заңды және физикалық тұлғалардың алдында қарыздық тіркелген сомасымен сөзсіз міндеттемелерді қабылдайды;
  • қаржылық делдалдар келісімшарттық-жинақтық түрде: сақтандыру компаниялары мен зейнетақы қорлары, өздерінің өнімдерін және қызметін ұсынып, клиенттер үшін қолайлы жағдайлар туғызады, олардың ресурстарын инвестицияға трансформациялау құралдарымен жұмыс атқарады, яғни өздеріне экономикалық мәселелерді шешу мүмкіндіктерін ғана алып қоймайды, сол сияқты клиенттерді әлеуметтік қорғаудың жағдайларын шешеді. Сақтандыру компаниялары мен зейнетақы қорлары ірі институциональды инвесторлар болып саналады, нарыққа ұзақ мерзімді елеулі ресурстарды шоғырландырып, бір уақытта мемлекет пен компанияның қаржылық міндеттемелеріне тұрақты сұранысты құрады;

1. 1-сурет - Қаржы делдалының классификациясы

  • инвестициялық типтегі қаржылық делдалдар (инвестициялық компаниялар мен қорлар) екі өзара тығыз байланысты міндеттерді шешеді.

Қаржылық делдалдардың бірінші тобы компанияның құнды қағаздар нарығына шығуына ықпал етіп, екінші тобы инвесторлардың ақшалай қаражаттарын құнды қағаздар сатып алу үшін және басқа да қаржылық нарық құралдарын иелік ету үшін шоғырландырумен айналысады, пай жарнасы құнының өсуінің есебінен қосымша кіріс алу мүмкіндіктерін ұсынады. Инвестициялық қорлардың алуан түрлілігі әр түрлі инвестициялық стратегияларды жүзеге асыруға жол салады және инвестициялық үдеріске консервативті инвесторлардың шағын салымдарын да тартады.

Жоғарыда атап өтілген институттардың әрқайсысының өз ерекшеліктері бар, көбінесе олардың әрекеттері арнаулы заңдық актілермен реттеледі. Көбінесе бір заңды тұлға өзіне қаржылық делдалдардың бірнеше түрлерін біріктіреді, мысалы, қазіргі банк өзінің негізгі әрекетінен басқа (депозиттерді тарту мен ссудаларды ұсыну) инвестициялық компаниялардың әрекеттерімен және зейнетақы ақшаларын тартумен де айналысады. Бүгінгі күні қаржылық делдалдар өз әрекеттерін анағұрлым диверсификациялап, жиі түрде өз компанияларының басым бағыттарын көрсете қоймайды, тек қана бұрынғы дәстүрмен ғана баян етеді.

Банктің дәстүрлі депозиттерді тарту бойынша және ссуда беру жағдайындағы әрекеттерін қарастыра келе, кейде оларды басқа әрекеттерден бөле қарау да өте күрделі, осылайша, дәстүрлі банктік қызметтерді қарастыру көзделеді.

Егер Батыс Еуропада банктерді әмбебаптандыру үдерістері белсенді жүзеге асатын болса, ал АҚШ -та бұл үдеріс баяу жүруде, ұзақ уақыттар бойы бұл елде қаржылық делдалдарға әр түрлі әрекеттердің басын қосуға тыйым салынған болатын. АҚШ -та банктер тек қана төлемдерді қамтамасыз етумен айналысқан, есептік қызмет көрсеткен, әрине, депозиттер ашып, ссудаларды ұсынған. АҚШ-та және Батыс Еуропада банктік саланы реттеу басқа қаржылық делдалдардың реттеуінен алшақ. Сөзсіз, бұл жағдай екі саладағы кейбір айырмашылықтардан туындауы ықтимал, түсінуге қиын емес - бұл айырмашылық банктің дәстүрлі әрекетіне қатысты, әрекеттердің басқа түрлері бір-біріне өте ұқсас.

Ұлттық экономиканың дамуының қазіргі кезеңінде қарама-қарсы тенденциялар молаюда, банктік операцияларды арнаулы несиелік-қаржылық институттар (пай инвестициялық қорлары, зейнетақы қорлары, сақтандыру компаниялары және т. б. жүзеге асырады), сол арқылы ұтымды банк бәсекелестері құрылады.

Сол үшін дипломдық жұмыстың аталмыш тарауында банктің дәстүрлі әрекетін қарастырамыз: дәстүрлі банктік қызметтер мен басқа да қаржылық делдардармен жұмыстар.

Банктің дәстүрлі әрекеттерінің бірден-бір принциптік ерекшелігі басқа қаржылық делдалдарға қарағанда - банктер негізгі институттар болып саналады, экономиканы «нарықтық емес» түрде қаржыландыруды жүзеге асырады. Банктер өздігінен өздерінің потенциалды зайымшылары туралы ақпараттарды жинайды және инвестициялық мүмкіндіктер туралы жұмыс жасайды: ерекше адами капитал мен банктік технологияларды қолдана отырып, олар қаржыландыру үшін лайықты инвестициялық жобаларды анықтайды, аталмыш жобалардың тәуекелдіктерін анықтап, ссудалық жүктеменің пайызын есептейді. Аталмыш банктік әрекеттер, егер ол тиімді болса, сөзсіз, экономиканың тиімділігін арттыруға әкеледі. Бірақ активтер (банк несиегерлері міндеттемелері), яғни банк өзінің жұмысының кезеңінде ыңғайға ала отрып, кейле ликвидті болмайды. Төмен өтімділік бұл активтерде елеулі шығынсыз сыртқы бағалауды жүзеге асырмайды.

Зайым ашудан кейін банк көбінесе оны қамтамасыз ете алады, жобаның орындалуының мониторингін жүзеге асырады, сол сияқты бұл оны қаржыландырудың қосымша қаражаты бөлінеді. Бұл бақылау жобаның жүзеге асуында оның табысының ықтималдығын арттырады, тұрақты мониторинг зайымшыны қаражатты мақсатты пайдалануға ынталандырады. Банктің өзі үшін, сол сияқты қоғам үшін аталмыш посткелісімшартты қатынастар, бірінші көзқарас бойынша, тиімді болып саналады және ресурстардың аллокациясы тиімділігінің артуына жағдай жасайды. Бірақ өзінің зайымшысы туралы банк алатын мәліметтер зайым жүзеге асуға дейін және одан кейін оның ішкі ақпараты болып саналады.

Салымшыға өзінің депозитінің тәуекелдігін бағалау өте қиын, нақты қандай инвестициялық жобаға оның ақшасы бағытталатынын түсіну қиын. Сол үшін бір депозиттің тәуекелдігін бағалауда барлық инвестициялық жобалардың орташа тәуекелдігін есептеу керек, яғни банк несие ұсынған, бұның өзі маман еместер үшін күрделі міндеттер болып саналады. Басқа қаржылық делдалдардың активтердің тәуекелдігін бағалауы анағұрлым жеңіл, өйткені олар көбінесе ликвидті құнды қағаздарға салады. Нарықтың өзі бұл қағаздардың тәуекелдігін бағалайды, бұл арада ақпараттық үлкен асимметрия жоқ, яғни банк пен несиегерге қатысты. Сөзсіз, нарықтық бағалау әрдайым объективті емес, бірақ қысқа мерзімді кезеңде көптеген конъюнктуралық факторларға байланысты, бірақ экономистердің ортасында мынадай мәселе бар, ұзақ мерзімді кезеңде нарық активтердің кірісі мен бағасын нақты анықтайды, соған сай олардың тәуекелдігін де. Сол үшін де банктік активтердің тәуекелдіктерін бағалау бөгде бақылаушылар үшін анағұрлым күрделі, банк үшін де, басқа қаржылық делдалдардың активтерді бағалауына қарағанда.

Әрі қарай қазіргі талдаудағы банктік әрекеттің ұғымын қарастырамыз.

О. И. Лаврушин былай деп жазады: «Банктік әрекеттерге банк қызметінен шығатын операциялары ғана қатысты емес, сол сияқты оларға негізделген әрекеттер, бұл, негізінен, несиелік мекемелер, ұйым құруға бағытталған әрекеттер немесе банк топтарын лайықты міндеттерді шешу мақсатында құру, банктік холдингтер құру, банктерді реқұрылымдау бойынша операциялар және банкроттықпен байланысты оларды тарату жұмыстары». Біздің көзқарасымыз бойынша, О. И. Лаврушиннің аталмыш анықтамасы қазіргі жағдайлардағы банктік әрекеттердің мәнінің өзгерістерін дәлелдейді.

Ресей ғалымдарының соңғы жұмыстарының бірі, ерекше назар аударуда, біздің көзқарасымыз бойынша бұл еңбек э. ғ. д., профессор Н. И. Парусимованың монографиясы «Банктік іс: даму моделі», бұнда басты назар банктік істің трансформациясына арналған, нарықтық экономиканың дамуының тарихи кезеңдерімен қатысты. Оның үстіне, келесі анықтама ұсынылады, «банктік істі трансформациялау - бұл жаңа қатынастардың пішініне айналдыру, сол сияқты банктік бизнестің жаңа сапасына көшу, оның өзара байланысты өнімдері мен институттарына назар аудару. Ол ішкі және сыртқы факторлардың ықпалымен тұрақты және трансформациялық жағдайларда орын алады, яғни қалыпты банктік бизнестің үдерісін жалғастырады және оны белгісіз етеді. Трансформациялық жағдай тұрақты қаржылық жағдайға көшумен аяқталады немесе эволюциялық өзгерістердің жаңа түйінінің басталуымен қалыптасқан жүйеде дағдарыс орын алуы ықтимал. Ізінше банктік жүйені экономиканың шынайы секторына сай қалыпқа ендіреді.

Парусимов Н. И. трансформация теориясына сәйкес, атап өтуінше, банктік жағдайдың ауысымды жағдайы бірнеше кезеңдерден тұрады, олардың қатарына енеді: деформация кезеңі, кристаллизация кезеңі, оңтайландыру кезеңі.

Деформация кезеңі бұрынғы байланыстардың бүлінуін сипаттайды және ресурстардың елеулі қысқартуын назарға алады. Кристаллизация кезеңі жаңа элементтер мен байланыстардың туындауын сипаттайды, яғни өзінің бұрынғы заңдарына бағыну әрекеті басталады. Оңтайландыру кезеңі- бұл жаңа қатынастар мен институттардың белең алуы. Оның үстіне, аталмыш өзгерістердің барлығы көптеген елдердің банктік ісінде XX ғасырдың 50-60-шы жылдарында жүзеге асып, көптеген ғалымдар қаржылық революция деп атайды. ХХ ғасырдың 80-ші жылдарында банктік істі трансформациялаудың жаңа кезеңі басталады, нақты айтқанда, банктік бизнес пен банктік өнімдердің жаңа институттары құрылады. Банктік өнімдер, яғни ғасырлар бойы қалыптасқан, жаңа пішіндер трансформациялана бастайды, сол сияқты стандартты, синдицирленген мәнге ие болады.

Аталмыш автордың тұжырымымен біз келісе отырып, мына мәселені аңғарамыз «банкирлік әрекеттерден қазіргі «несие фабрикасына» дейін банктік істер өтті, ақтық шамада, эволюциялық дамудың он бір сатысы көп салалы банктік бизнестің түріне айналды, банктік салада өзінің міндеттерін шешіп, жүзеге асырып, капитал саласында өндірістік үдеріс қажеттіліктеріне лайықты жұмыстар жалғасын табады.

Осылайша, келесі үлгідегі тұжырымдарды жасауға болады:

  • экономикалық жүйедегі өзгерістер банктік істің трансформациясын негіздеді;
  • банктік істің эволюциясы үдерісінде депозиттік-алмастыру бизнесі істері, қарапайым алмастыру банктерімен жүзеге асып, пайыздық-инвестициялық бизнесті жандандырады, өкілдері ретінде капиталистік банктер орын алды;
  • банктік істің әрі қарай жалғасатын эволюциясы өзінің көптеген клиенттерімен, қаржылық серіктестерімен жүзеге асатын қаржылық бизнестің өткен жүзжылдығының ортасында туындауына әкелді;
  • қазіргі уақытта көптеген факторлардың ықпалымен, нақты айтқанда, банктік бизнесті , қаржылық инновацияны дамыту, бәсекелестік, шоғырланым мен капиталды орталықтандыру, банктік әрекеттерді компьютерлендіру және басқа да факторлар әмбебеп банктер тарапынан ақпараттық-кепілдендірілген, виртуалды банктік бизнеске көшуге жол салды.

Сол үшін қазіргі уақытта басты назар халықаралық банктік реттеу мәселелеріне арналады, яғни ақылға сыйымды, банктік тәуекелдіктерді болдырмауға жеткілікті және банктік дағдарыстарды болдырмауға ықпал етіп, банктік істі трансформациялауды талап етеді, дәстүрлі банктік операцияларларға кезекке жаңа банктік өнімдер келіп, жаңа технологиялар пайда болды, сол сияқты бүгінгі күні біз ақпараттық-кепілдендірілген, виртуалды банктік бизнеске ден қоюдамыз.

Қаржылық жаһандану және технологиялық өзгерістер жағдайында, яғни қаржылық нарықта жүзеге асатын, еркін уақытша қаражаттардың корпоративті ақшалай ресурстарға қарқынды айналу қажеттіліктері және тұрғындардың инвестициялық ресурстарға жинағы қаржылық делдалдық мәселесін, механизмдерін жандандырудың қуатты алғышарты болып саналады.

Қаржылық нарықта делдалдылықты дамытудың қазіргі тенденциясы қаржылық делдалдықтың мынадай субъектілерінің ықпалының салаларын кеңейтумен ұштасады, атап айтқанда, банктер, сөзсіз ұлттық экономиканың дамуының маңызды алғышарты.

Банктер қаржылық-несиелік үдерістерді басқарудың орталықтары ретінде барлық өзінің сан алуан көріністерімен нарықтық экономикада ерекше рөлге ие болады, өз алдына қаржылық-инвестициялық кілтті тобын иелік етіп, ақша айналымының басты реттеуіші қызметін атқарады, оның тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Атап өтерлігі, банктер құрылымдық саясаттың қуатты құралын иелік етіп, экономиканы реттеудің әрекеттерін жалғастырады, қаржыны қайта бөлу жолымен жүзеге асырып, инвестицияны коммерциялық әрекеттер үшін банктік несиелеу пішінінде капиталмен үйлестіреді, өндірістік және әлеуметтік нысандардың құру мен дамыту үдерістерімен шұғылданады.

Банктік жүйе несиелік жүйенің негізгі тобы болып саналады, қаржылық және несиелік операциялардың негізгі жағдайларын бақылайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР-дағы коммерциялық банктердің баланстарының өтімділігін бағалау
«Қазақстан Даму Банкі»АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛІН ҚАЛЫТАСТЫРУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ПРОЦЕСІН ТАЛДАУ
Банк маркетингі
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің дамуындағы стратегиялық басқару
Қазақстан Республикасындағы Орталық банктің ақша-несие саясаты, құралдары және оны реттеу
Маркетингтегі баға құрудың теориялық негіздері
Банктік маркетинг стратегиясы түсінігін зертеу
Банктер
КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРІН ТАЛДАУ ( АҚ Тұран Әлем Банк ). ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР НАРЫҒЫН ДАМЫТУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ
КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ КӨРСЕТЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРІН ТАЛДАУ (мысал ретінде Тұран - Әлем Банк АҚ)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz