Негізгі құралдардың амортизациясы, есеп объектілері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 55 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Ергожина Г. Ж

Негізгі құралдардың амортизациясы және құнсыздануы: есептеулердің әдістері және есеп

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

мамандығы 5В050800 - «Есеп және аудит»

Павлодар

2013

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

«Есеп және аудит» кафедрасы

2013 ж. «___»

«Қорғауға жіберілді»

Кафедра меңгерушісі А. Ж. Мусина

(қолы) (аты-жөні, тегі)

Негізгі құралдардың амортизациясы және құнсыздануы: есептеулердің әдістері және есеп тақырыбына арналған

5В050800 Есеп және аудит мамандығы бойынша

(шифрі) (атауы)

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Орындаған
Ергожина Г. Ж.
Орындаған:
:
: (қолы)
:
Ергожина Г. Ж.: (аты-жөні, тегі)
Орындаған: Тобы
: ҚЕжА-301(қ)
:
:
Ергожина Г. Ж.:
Орындаған: Ғылыми жетекшісі
Орындаған: Аға оқытушысы
:
:
:
Ергожина Г. Ж.: Амеркулова А. С.
Орындаған: (лауазымы, ғылыми дәрежесі)
:
: (қолы)
:
Ергожина Г. Ж.: (аты-жөні, тегі)
Орындаған: Нормабақылаушы
:
:
:
Ергожина Г. Ж.: Бахралинова Х. Г.
Орындаған:
:
: (қолы)
:
Ергожина Г. Ж.: (аты-жөні, тегі)

Павлодар

2013

Мазмұны
:
Мазмұны: Кіріспе
:
: 1
Мазмұны: Негізгі құралдардың амортизациясы есебінің ұйымдастыру теориялық негізі
:
: 1. 1
Мазмұны: Негізгі құралдардың амортизациясы, есеп объектілері
:
: 1. 2
Мазмұны: Негізгі құралдардың жіктелуі және бағалануы
:
: 1. 3
Мазмұны: Амортизацияны есептеу мақсаттары үшін пайдалану мерзімін анықтау
:
: 2
Мазмұны: Негізгі құралдардың амортизациясы мен құнсыздануы: есептеулердің әдіснамасы мен есебі. («Центр Крепежа. kz» ЖШС үлгісінде
:
: 2. 1
Мазмұны: «Центр Крепежа. kz» ЖШС қызметінің сипаттамасымен негізгі құралдарды есепке алу облысындағы есептік саясаты
:
: 2. 2
Мазмұны: Негізгі құралдардың амортизациясы: есептеулердің әдісі мен есебі.
:
: 2. 3
Мазмұны: Негізгі құралдардың құнсыздануы.
:
: 3
Мазмұны: Негізгі құралдардың аудиті
:
: 3. 1
Мазмұны: Ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін бағалау және аудиторлық бағдарламаны әзірлеу.
:
: 3. 2
Мазмұны: Аудиторлық процедуралар
:
: 3. 3
Мазмұны: Аудит нәтижелерін рәсімдеу
:
:
Мазмұны: Қорытынды
:
:
Мазмұны: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
:
:
Мазмұны: А қосымшасы
:
:
Мазмұны: Ә қосымшасы
:
:
Мазмұны: Б қосымшасы
:

Кіріспе

Негізгі құралдар материалдық өндіріс салаларында, сонымен қатар өндірістік емес салаларда бір жылдан астам уақыт бойы қызмет ететін және де жұмыс істейтін материалдық - заттық құндылықтар. Оларға жататындар: ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар жабдықтар, көлік құралдарын, өндірістік және шаруашылық мүлкі, құрал - саймандар жатады. Шаруашылық қызметте пайдалануға арналған негізгі құралдарды сатуға немесе ақшаға айналдыруға болмайды. Олар бухгалтерлік есепте осы бағамен көрінеді және субъект балансында көрініс табады.
Егерде осы негізгі қорлардың бағасы экономикада сатып алу құнымен көрсетілсе, олардың бағалануы инфляция коэфиценттеріне байланысты болады. Қазақстан Республикасында қазіргі жағдайда халықаралық тәжірибедегі негізгі құралдардың есепке алынуының жетік әдістері енгізілуі қолға алынған. Соған сәйкес негізгі құралдардың есебін дұрыс ұйымдастыру үшін бухгалтерлік есептің 16 «Негізгі құралдар» стандартына сәйкес жүргізіледі. Осы стандартта негізгі құралдардың амортизациялық тозу сомасын есептеу әдістері көрсетілген.
Негізгі құралдар есебі Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жөніндегі қаулысымен бекітілген 16 ХҚЕС-ның «Негізгі құралдар» бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес іске асырылады.

Бухгалтерлік есептің негізгі түрлері, бағыттары экономикалық және әлеуметтік мәселелердің табиғатымен және маңыздылығымен анықталады. Бухгалтерлік есеп - ол өз экономикалық өміріне мемлекеттің араласу түрінің бірі болып табылады. Яғни, ол шектеулі ресурстарды тиімді бөліп, активтерді ұтымды пайдалануына байланысты болып келеді. Есептің маңызы - бухгалтерлік ақпараттық мәліметтердің, қаржылық есеп берудің сыртқы пайдаланушыларға олардың шешім қабылдауы үшін қажет болуымен анықталады.

Диплом жұмысының мақсаты: ұйымда негізгі құралдардың құрылымын, өзгерісін және жағдайын, олардың есебін білуге ерекше көңіл бөлінеді. Себебі, бұлар қоғамның ұзақ мерзімді активінің үлес салмағының көп бөлігін алады.

Негізгі құралдар кез-келген өндірістің маңызды факторларының бірі болып табылады. Олардың жағдайы мен тиімді пайдалануы қоғамның шаруашылық қызметінің нәтижелеріне тікелей әсер етеді.

Осы мақсатқа байланысты мынадай міндеттер қойылады:

- негізгі құралдарды жіктеп бағалау;

- негізгі құралдар қозғалысының есебін жүргізу;

- негізгі құралдардың амортизациясын есептеу;

- негізгі құралдар бойынша құжаттарды рәсімдеу;

- негізгі құралдардың құнсыздануын қарастыру.

Дипломдық жұмыста «Центр Крепежа. kz» ЖШС - де негізгі құралдардың есебі мен аудит есептерін ұйымдастыру қарастырылды.

Дипломдық жұмыстың тақырыбының өзектілігі - кәсіпорынның негізгі құралдарының пайдалануын көрсету, негізгі құралдар қозғалысының есебі мен аудитінің теориялық негіздерін ашып көрсету және оларды пайдалану жолдарын жақсарту мәселелерін зерттеуді талап етеді. Сол сияқты негізгі құралдардың мәні, олардың жіктелуі және кәсіпорын құралдарының айналымындағы орнын қарастыру көзделеді. Кәсіпорынның негізгі құралдардың амортизацияны және құнсыздануыны есебін айқындайды.

Дипломдық жұмыстың пәні: негізгі құралдар есебі аудиттің ұйымдастыруы, сонымен бірге негізгі құралдардың амортизациясы мен құнсыздануы кәсіпорындағы ЖШС («Центр Крепежа. kz» бухгалтерлі к есебі. Амортизацияны есептеумен оның мақсаттыары үшін пайдалу мерзімін анықтау. Әдіснамалар мен есептер «ЦентрКрепежа. kz» ЖШС-інде.
Дипломдық жұмыстың мәні -негізгі құралдардың амортизациясы мен құнсыздануы: есептеулердің әдіснамасы мен есебі бойынша ғылыми және тәжірибелік ұсыныстарды енгізумен байланысты мәселелерді шешуді зерттеу. кәсіпорынның негізгі құралдарын қарастыру және пайдалану жолдарын зерделеу, теориялық танымды негізге ала отырып, негізгі құралдарды тиімді пайдалану туралы білімдерді жүйелеу, ашып қарастыру. Негізгі құралдардың құнсыздануын, олардың жіктелімін және кәсіпорын құралдарының айналымындағы орнын айқындау. Кәсіпорынды басқаруға арналған негізгі құралдар есебінің және аудитінің мақсаты мен мағынасын нақтылау.

Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі Павлодар қаласындағы «Центр Крепежа. kz» ЖШС-нің есебі.

Дипломдық жұмыстың құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.

Дипломдық жұмыс бөлімінде . Негізгі құралдардың амортизациясының ұйым есебінің теориялық негізі 2-бөлімде Негізгі құралдардың амортизациясы: есептеулердің әдісі мен есебі. («Центр Крепежа. kz» ЖШС үлгісінде) 3-бөлімде Негізгі құралдардың аудиті. Тақырыпты толық ашуда заң, стандарттар, оқулықтар пайдаланды. Және де жұмыс «Центр Крепежа. kz» ЖШС-нің жылдық есеп беру нысандарының мәліметтерінің негізінде орындалынады.

1 Негізгі құралдар амортизация есебінің ұйымдастыру теориялық негізі

1. 1 Негізгі құралдардың амортизациясы, есеп объектілері

Шаруашылықты жүргізуші субъект қолданылып жүрген заңдарға сәйкес, өзіне тиісті үйлерді, ғимараттарды, құрал жабдықтарды, көлік құралдары мен құрал саймандарды басқа субъектілерге беруге, айырбастауға, жалға беруге, уақытша тегін пайдалануға беруге, сондай - ақ баланстан шығарып тастауына болады. Негізгі құралдарды есептен шығару: табиғи және моральдық тозуына байланысты жою қажет болғанда; құрылыс жүргізгенде; кәсіпорындарда, цехтарда немесе басқа объектілерді техникалық жағынан қайта жабдықтағанда: кеңейткенде; негізгі табынан малдарды жарамсыз деп тапқанда; табиғи өзгергенде; баланстан тегін бергенде; сыйлағанда; шаруашылықаралық және басқа кәсіпорындарға, қоғамдық ұйымдарға бергенде ( сатқанда ), өткізгенде және айырбастағанда жүзеге асады. Негізгі құрал - жабдықтардың жарамсыздығын анықтау үшін, сондай - ақ қажетті құжаттарды дайындау үшін басшының бұйрығымен комиссия құрамы тағайындалады, оның құрамында бас инженер немесе субъект жетекшісінің орынбасары, бас бухгалтер немесе оның орынбасары, материалдық жауапкершілігі бар тұлғалар, меншік иесінің өкілі мемлекеттік көлік инспекцияысының өкілі бар тұрақты жұмыс істейтін комиссиялар құрылады.

Негізгі құрал- жабдықтардың кейбірі түрлерін баланстан шығарғанда комиссияға арнайы салалық мамандар да қатыстырылады. Тұрақты жұмыс істейтін комиссиялар есептен шығарылатын қажетті обьектілермен тікелей танысып, оларды қайта қалыпқа келтіру немесе одан әрі пайдалануға жарамсыздығын ; есептен шығару себептерін, қажетті жағдайда обьектілердің уақытынан бұрын есептен шығаруға кінәлі тұлғаларын; кейбір тораптардың, тетіктер мен материалдардың пайдаланылу мүмкіндіктерін және олардың бағасын анықтайды; негізгі құрал-жабдықтардың есептен шығару актілерін жасайды. Комиссия актілерді дайындағанда төл-құжаттарын, этаптық жоспарларын, ақау белгілерінің тізімін, машиналардың апатқа ұшырауы жөніндегі актілерін және тағы да басқа қолда бар құжаттарды пайдаланылады. Үйлер мен ғимараттар негізгі құрастырушы бөлшектері тозғанда, қайта қалпына келтіріп, жөндеу мүмкін болмаған жағдайда немесе тиімсіз болғанда, тракторлар, автомобильдер, өздігінен жүретін машиналар - тек негізгі тетіктер, тораптары мен агрегаттарының көпшілігі істен шыққанда есептен шығарылады. Негізгі құрал - жабдықтарды толық және ішінара есептен шығару пайдаланылатын.

Негізгі құрал - жабдықтарды жою туралы. Акт арқылы жүзеге асады. Актіні субъектінің басшысы тағайындаған коммисия немесе соған уәкілетті адам екі дана етіп жасайды. Актінің 1-ші данасы бухгалтерияға беріледі де, екіншісі негізгі құрал - жабдықтардың сақталуына жауапты тұлғада болады және ол есептен шығарғаннан кейін қалған қосалқы бөлшектерді, материалдарды, металл сынақтарын және тағы басқаларын қоймаға өткізуге негіз болып табылады. Есептен шығаруға жұмсалған, сондай-ақ жоюдан және үйлерді, ғимараттарды бұзғаннан, құрал - жабдықтарды бөлшектегеннен түскен материалдық құндылықтардың бағасы актінің «Обьектіні есептен шығару нәтижелерінің есебі» деген бөлімінде қарастырылады. Баланыстан автокөлік құралдарының барлық түрін есептен шығару «Автокөлік құралдарын есептен шығару актісінде» көрсетіледі. Актіні комиссия екі дана етіп дайындап, субъектінің басшысы немесе өкілетті уәкілі бекітеді. Бір данасы бухгалтерияға берілсе, екіншісі құрал - жабдықтардың сақталуына жауапты тұлғаға беріледі де, ол автокөлік техникасын есептен шығарудан кейін қалған материалдық құндылықтар мен металл сынықтарын қомаға тапсыруға негіз болып табылады.

Автокөлік құралдарын жоюдан және бөлшектеуден түскен материалдық құндылықтар бағасы «Автомобильді есептен шығару нәтижесінің есебі » деген бөлімшесінде көрсетіледі. Объектіні есептен шығарған кезде, оған қысқаша сипаттама беріледі, және оның есептен шығу себептері, негізгі запас бөлшектерінің жағдайы көрсетіледі және олардың жөндеуге жарамдылығы да айтылады. Егер де объект табиғат апаттарының, аварияның және тағы басқа күтпенген жағдайдың салдарынан есептен шығарылатын болса, онда актіге қоса тиісті құжаттары да бірге тіркеледі. Актіні кәсіпорын басшысы бекітеді. Тек бекігеннен кейін объектіні жоюға кіріседі. Жоюдан алынған запас бөлшектері пайдалануы мүмкін болатын бағасы бойынша құндылықтар тиісті шоттар бойынша кірістеледі. Негізгі құралдарды есептен шығарудың қабылданған тәртібін бұзған жағдайда жою нәтижесінде алынған материалдық құндылықтарға жауапсыздықпен қарау анықталса, онда оған кінәлі лауазымды адамдар белгіленген тәртіпте жауапқа тартылады.

Басы артық, пайданылатын құрал - жабдықтарды, көлік құралдарын, приборларды, құрал - саймандарды, мүлікті, жұмысқа пайдаланылатын және өнім алатын малдарды заңды немесе жеке тұлғаларға сатуға болады.

Негізгі құрал - жабдықтарды бір кәсіпорыннан екінші бір кәсіпорынға беру кезінде екі дана етіп акт жасайды. Акт негізінде мүліктік түгендеу карточкалары мен негізгі құрал - жабдықтардың кәсіпорын балансынан шығарылғаны туралы белгі соғады. Негізгі құралдар субъектінің өз ішінде орын ауыстыруы кезінде, орын ауыстыру актісімен рәсімделеді. Оның негізінде негізгі құрал - жабдықтардың бір орыннан екінші орынға көшуі туралы объектілердің тұрған жеріндегі мүліктік түгендеу карточкаларына белгі соғылады.

Негізгі құралдар шаруашылық ішінде орын ауыстырғанда 2400 « Негізгі құралдар» бөлімшесі шоттарының дебеті мен кредиті бойынша бухгалтерлік жазулар жазылады. Негізгі құралдар өндіріс процесіне ұзақ уақыт бойы қатыса отырып, біртіндеп тозады, яғни физикалық күштердің, техникалық және экономикалық факторлардың әсерінен өз қасиеттерін жоғалтады және жарамсыз күй кешеді.

Тозу - бұл физикалық және моральдық сипаттамаларын жоғалту процесі.

Негізгі құралдардың физикалық тозуы олар пайдаланылған кезде жабдықтың бөлшектері мен тетіктерінің, үйлер мен ғимараттардың құрылымдық элементтерінің механикалық тозуына байланысты (физикалық тозудың пайдаланудағы нысаны), сондай-ақ темірдің тот басуына, ескіруіне, шіруіне әкеп соқтыртады. Табиғи-климаттық жағдайлардың әсерінен басталады. Нәтижесінде негізгі құралдар құнының бөлігі жоғалады.

Негізгі құралдардың моральдық тозуы техникалық прогреспен, өндіріс әдістерінің жетілуі және жаңаруымен байланысты. Техника мен технологияны жетілдіру қолданыстағы негізгі құралдарға қатысты өндірісті арзандатуға мүмкіндік тудырады. Соған байланысты пайдаланудағы негізгі құралдар өз құнының бөлігін жоғалта отырып, құнсыздана бастайды. Өндіріске неғұрлым жетілген және үнемді машина, жабдық, үй мен ғимарат түрлерін, жануарлардың тұқымдарының, көп-жылдық өсімдіктердың түрлері мен сараптарының жаңа және жақсартылған, неғұрдым өнімдіпек түрлерінің жасалуы мен ендірілуі қолданыстағы негізгі құралдарды одан әрі қолданудың экономикалық тиімділігін көрсетіп берді.

Негізгі құралдарды моральдық жағынан тоздыратын факторлар:

- өндірістегі жабдықтар мен жабдықтардың жаңаруы (ескі машиналарды жаңа, неғұрлым өнімделуіне ауыстыру) ;

- технологиялық процестің жетілуі (жаңа технология кезінде қолданыстағы машиналар мен жабдықтарды пайдалану мүмкін емес) .

- шығарылатын өнім номенклатурасының жаңаруы мен өзгеруі (бұл орайда ескі мшиналар мен жабдықтар жаңа өнім шығаруға жарамсыз) .

- тауар өндіруге арналған машиналар мен жабдықтардың санын азайтуды субъектіден талап ететін, кейбір тауарларға сұраныстың азаюы.

- жұмыс күшінің, білікті қызметкерлердің еңбекпен қамтылуындағы, өндірістің географиялық орналасуындағы өзгерістер. Олар өндіріс көлемін, пайдаланылатын машиналар мен жабдықтардың санын азайтуды талап етуі мүмкін.

- өнеркәсіптің өңдеуші салаларындағы шикізат құрамының жиынтығындағы өзгеріс, өнімнің жекелеген түрлерін өндіру қажеттілігі. Бұлар өнеркәсіптің өндіріуші салаларындағы өндіріс көлемінің қысқаруына әкеп соқтыруы мүмкін. Моральдық жағынан тозудың нәтижесінде физикалық тозу басталғанға дейін негізгі құрал объектілерін жаңасына, неғұрлым үнемдісіне ауыстырады. Моральдық жағынан тозуды болдырмас үшін негізгі құрал объектілерін қайта құрады және жаңғыртады. Мұражай және қылқалам құндылықтарынан, кітаптардан, фундаментальді кітапханалардан, фильмдер қорынан, сәулет пен өнердің ескерткіші болып табылатын үйлер мен ғимараттардан басқа негізгі құралдардың барлығы-моральды тозуға бейім.

Амортизация - бұл тозудың құндық белгісі. Бұл негізгі құралдардың амортизациялық құнын тозу шамасына қарай оның көмегімен өндірілетін еңбек өнімі мен қызметке ауыстырудың, өндіріс шығындарына қосылатын амортизациялық аударымдар арнайы ақша қаражаттарын пайдалану немесе негізгі қорлардың негізгі құралдардың жай және кеңейтілген өндірісіне айналдырудың объективтік процесі.

Амортизациялық құн дегеніміз - бастапқы құн мен жою құнының арасындағы айырмашылық. Ол негізгі құралдар келіп түскенде қосалқы бөлшектердің, сынықтардың қызмет мерзімінің соңында қалыптасқан қалдықтардың болжамды құны ретінде анықталады.

Амортизациялық аударымдар амортизация нормалары бойынша жасалады. Амортизация нормасы - бұл амортизациялық аударымдардың жылдық сомасының негізгі құралдарының жылдық орташа құнына қатынасы.

Нормалар еңбек құралдарының экономикалық мақсатты қызмет мерзіміне орай белгіленеді. Олар негізгі құралдар өтелуінің нормативтік мерзімін көрсетеді. Олардың деңгейі негізгі құралдардың ұзаққа шыдамдылығы мен физикалық тозуына байланысты. Мұның өзі - еңбек құралдарының техникалық-құрылымдық және материалдық-заттық ерекшеліктеріне, пайдаланудағы негізгі құралдардың (әсіресе машиналардың, жабдықтардың) нақты жасына, қолданыстағы еңбек құралдарының моральдық тозуына байланысты анықталады. Автомобиль көлігінің жылжымалы құрамының амортизациялық аударымының нормасы 1000 км жүрістің баланстық құнына пайызбен белгіленуі мүмкін. Жыл бойы әрбір айдағы амортизациялық аударымдардың мөлшерін анықтау негізгі құралдар құрамының өткен айда өзгеруіне байланысты, сондай-ақ негізгі құралдардың толық амортизациясына нормативтік қызмет мерзімінің аяқталуына байланысты белгіленген нормаларға түзетілген амортизация нормасына қарай жүргізіледі.

Қайтадан пайдалануға берілген негізгі құралдар бойынша амортизация есептеу енгізілген айдан кейінгі айдың бірінші күнінен басталады. Шығарылған негізгі құралдар бойынша амортизация есептеу шығарылған айдан кейінгі айдың бірінші күнінен тоқтатылады. Қайтадан құру мен техникалық қайта жарақтандыру бойынша, егер олар толықтай тоқтатылса және НҚ консервацияға жіберілмесе, амортизацияға есептеу жүргізілмейді.

Жалға алынған НҚ бойынша амортизация есептеуді жалдау шартының нысанына және шарттың талаптарына сәйкес жалгер немесе жалға беруші жүргізеді. ХҚЕС 16 бойынша амортизация есептеу үшін мынадай әдістер қолданылуы мүмкін.

1. Құнды біркелкі тікелей есептен шығару әдісі

Объектінің амортизациялық құны ай сайын бірдей сомамен есептен шығарылады. Амортизация сомасы мыналарға орай анықталады: Ұтымды пайдалану мерзімі. Бұл ретте объектінің жай-күйі, жөндеу және техникалық қызмет көрсету мәселелері, климат жағдайлары, қазіргі таңдағы техника мен өндіріс саласындағы үрдістер, осындай активтермен жұмыс тәжірибесі ескеріледі.

Мысалы: Станоктың құны=2 теңге. Болжамды жою құны = 2000 теңге, пайдалану мерзімі 10 жыл. Станоктың амортизациялық құны =2-2000=18000 теңге. Амортизацияның жыл сайынғы сомасы 18000/10=1800 теңгеге тең. Амортизацияның ай сайынғы сомасы-1800/12=150 теңге

НҚ ұтымды пайдалану мерзімі жою құны секілді НҚ күйін жақсартуға жұмсалған соңғы шығындарды ескере отырып, қайтадан қаралуы мүмкін. Мұның өзі қызмет мерзімінің ұзаруына әкеліп соқтырады. Техникалық өзгерістерді, өткізу нарқындағы өзгерістерді ескерсек, шаруашылық қызметінің өзгеруі нәтижесінде қызмет мерзімі қысқарады,

Егер 4 жылдан кейін шаруашылық қызметі түрінің өзгеруіне байланысты станоктың ұтымды қызмет мерзімі 7жыл болып белгіленіп, жою құны 3000 теңге мөлшерінде белгіленсе, онда жыл сайынғы амортизацияның сомасы қалған 3 жылға (2-(1800∙4) -3000) / 3=3267 теңге немесе ай сайын 272 теңге болады. Бұл әдіс НҚ пайдаланудан түсетін табыс оны пайдалану мерзімінде бірден болады, яғни жобаның қалған ұтымдылығының кемуі біркелкі жүзеге асады деп болжамдалатын кезде пайдаланылады.

Өндірістік әдіс (амортизацияны орындалған жұмыстардың көлеміне үйлесімді есептеу)

Амортизация объектіні пайдалану мен уақыт бөлігінің нәтижесі ғана болып табылады деген негіздеме оны есептеген кезде ешқандай рөл атқармайды. Кәсіпорында өндірілетін әрбір өнім, жұмыс қызмет бірлігінің құны оның көмегімен осы өнімдер, жұмыстар мен қызметтер өндірілген НҚ объектілерінің құнын өзіне бірдей мөлшерде сіңіреді. Ай, жыл ішіндегі амортизация сомасы объектінің құнын оның қатысуымен өндірілетін бұйым, жұмыс және қызмет санына бөлу жолымен анықталады. Бұл әдісті пайдалану мерзімінің көбіне техникалық көрсеткіштеріне немесе субъектінің шаруашылық қызметінің өзгеруіне байланысты шектелуі кезінде пайдаланады.

Мысалы: Құны 24 теңге болатын станок 6000 бұйымды өңдеуге қабілетті, жою құны 18000 теңге, 1 бұйымға амортизация нормасы -(24-18000) /6000=37 теңге.

Егер мамыр айында 45 бұйым өндірілсе, онда амортизация сомасы 45∙37=1665 теңгеге тең

2012 ж шілдедегі 48 бұйымға амортизация сомасы 48∙37=1776 теңге

Техникалық паспорт бойынша жұмыспен өтелген сағат саны көзделуі мүмкін, мысалы: 10 мың сағат: Л/ат. 1 сағ=(24-18000) /1=22. 2

Егер станоктын мамыр айындағы жұмыс уақыты 224 сағат болса, онда амортизация сомасы 224∙22, 2=4973 теңгеге тең.

НҚ жекелеген түрлері пайдалану басталған сәтте неғұрлым тиімді әрекет етеді, бұған қоса, технология жетілген сайын жабдық тез моральды тоза бастайды, сондықтан қаржы жағдайын жасау мақсатында ғылыми-техникалық жетістіктерді өндіріске ендіруді жылдамдату және НҚ жаңарту мүдделегін арттыру үшін субъектілер амортизация есептеудің үдемелі әдістерін қолданылуы мүмкін.

Кемімелі қалдық (регрессия, қосарланған регрессия) әдісі амортизацияны есептеу бастапқы құнынан емес, баланстық құннан жүргізілуге тиістігін білдіреді. Тікелей әдіс кезінде қолданылатын амортизация нормасы екі еселенуі мүмкін, сол кезде қосарланған регрессия әдісі жайлы сөз болады.

Амортизацияны есептен шығарған кезде, соңғы жылды қоспағанда, жою құны ескерілмейді. Мұндайда амортизация сомасы қалдық құнның жою құнына дейінгі кемітілуі үшін ішкі қажеттікпен шектелген болады.

Мысалы: станоктың бастапқы құны 26, жою құны-8000 пайдалану мерзімі-5 жыл, амортизация нормасы-40%. Амортизацияның есептелуі келесі 1 кестеде көрсетілген.

1-кесте - Амортизацияны есептеу

Жыл
НҚ объектісінің құны 1-ші жыл, бастапқысы, соңғы
Амортизация нормасы
Жыл ішіндегі амортизация сомасы
Айға шаққанда
Жыл: 1.
НҚ объектісінің құны 1-ші жыл, бастапқысы, соңғы: 26
Амортизация нормасы: 40%
Жыл ішіндегі амортизация сомасы: 104000
Айға шаққанда: 8666
Жыл: 2.
НҚ объектісінің құны 1-ші жыл, бастапқысы, соңғы: 26-104000=156000
Амортизация нормасы: 40%
Жыл ішіндегі амортизация сомасы: 62400
Айға шаққанда: 5200
Жыл: 3.
НҚ объектісінің құны 1-ші жыл, бастапқысы, соңғы: 156000-62400=93600
Амортизация нормасы: 40%
Жыл ішіндегі амортизация сомасы: 37440
Айға шаққанда: 3120
Жыл: 4.
НҚ объектісінің құны 1-ші жыл, бастапқысы, соңғы: 56160
Амортизация нормасы: 40%
Жыл ішіндегі амортизация сомасы: 22464
Айға шаққанда: 1872
Жыл: 5.
НҚ объектісінің құны 1-ші жыл, бастапқысы, соңғы: 22464
Амортизация нормасы: (-8000)
Жыл ішіндегі амортизация сомасы: 14464
Айға шаққанда: 1205
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Негізгі құралдарды кайта бағалау
Материалдық емес активтердің аудиті
Кәсіпорында негізгі құралдардың есебі
Негізгі құралдардың жөндеу шығындары есебінің аудиті
Негізгі құралдарды есептен шығару және түгендеу
Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыру
Негізгі құралдардың амортизациясын есептеу әдістері мен есепте бейнеленуі
Ұзақ мерзімді активтер жайлы
Негізгі құралдарды жөндеудің есебі
Амортизациялық саясаттың және негізгі қордың теориялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz