Кәсіпорының іскерлік белсенділігі көрсеткіштерінің талдауы


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Қаржы кафедрасы
Қорғауға жіберілді
2011 ж. «___»
Кафедра меңгерушісі Н. С. Кафтункина ___
(қолы) (аты-жөні, тегі)
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы __ Кәсіпорынның табыстылығы мен іскерлік белсенділігін талдау («Aequitas-NS» ЖШС үлгісінде)
Павлодар
2011
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Еркебаева Р. К.
Кәсіпорынның табыстылығы мен іскерлік белсенділігін талдау
(«Aequitas-NS» ЖШС үлгісінде)
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
мамандық 050509 - Қаржы
Павлодар
2011
Мазмұны
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының көкейтестілігі кәсіпорынның нарықтық жағдайларындағы өміршеңдігі мен негізгі тұрақты жадайының кепілі ретінде оның табыстылығы мен іскерлік белсенділігі болып табылатындығымен анықталады. Егер кәсіпорын қаржы тұрғысынан тұрақты, кірісті болса, онда жақсы қаражат айналымдылығы байқалады және ол несиелер алу, инвестицияларды тарту үшін, жеткізушілер мен білікті мамандарды таңдауда сол бейіндегі басқа кәсіпорындар алдында артықшылықтарға ие болады. Кәсіпорынның тұрақтылығы жоғары болған сайын, оның нарық жағдаятының күтпеген жерден өзгеруіне тәуелді болады, демек, банкротқа ұшырау қауіп-қатері төмен болады деген сөз.
Нарықтық тұрпатты шаруашылық жүргізу жүйесінің орталық немесе тірек санаттарының бірі қаражат айналымдылығы кезеңіндегі кәсіпкерлік фирманың кірісі болып табылады. Әрине, жұмысберуші мен жұмысалушының меншікті экономикалық мүдделері бар, олар ерекше нысандарда іске асырылады: пайда, пайыз бен капитал дивиденді, еңбекақы және т. б. Бірақ алғашқы иемденуді, ең алдымен, кіріс немесе кәсіпкерлік фирмасының шаруашылық әрекетінен түскен ақша көрсетеді.
Ғылыми-зерттеу деңгейі кәсіпорының табыстылығы мен қаражат айналымдылығы кезеңін сол немесе басқа деңгейде арттыру мәселесі көптеген ғылыми еңбектерде көрініс тапқындығын байқатады. Олардың негізін кіріс теориясы аясындағы іргелі жұмыс құрайды, жеке аспектілер ғылыми зерттеулерде кәсіпорын экономикасы, қаржы менеджменті, экономика-математикалқ пәндер аясында көрініс тапқан.
Кіріс теориясына нақты үлес қосқан зерттеуші-теорияшылардың арасынан Дж. М. Кейнс, О. Моргенштейн, Ф. Найт, Дж. Нейман, Б. А. Райзберг, В. В. Черкасов сияқты ғалымдарды атауға болады. Қолданбалы кірістілік концепциясын дамытуда өз үлесін қосқандар: Дж. Бароне-Адези, Т. Боллерслев, М. В. Грачева, Г. Гуптон, П. Зангари, В. Е. Кузнецов, А. Ли, М. А. Рогов, В. А. Чернов, Г. В. Чернова, Р. Энгль.
Дипломдық жұмыстың мақсаты кірістілік пен іскерлік белсенділік талдауының негізгі көрсеткіштерін анықтау және кәсіпорындағы, мысалда «Aequitas-NS» ЖШС қызметінің табыстылығы мен іскерлік белсенділік көрсеткіштерін оңтайландыру бойынша ұсыныстар болып табылады.
Бұл диплом жобасының зерттеу міндеттері:
- кәсіпорын қызметі мәні мен оның негізгі көрсеткіштерін ашу;
- кәсіпорынның бухгалтерлік балансы және кірістер мен шығындар туралы есеп негізінде оның қаржы жағдайын бағалау;
- кірістілік пен іскерлік белсенділікті талдау көрсеткіштерін оңтайландыру жолдарын зерттеу.
Зерттеу объектісі - «Aequitas-NS» ЖШС экономикалық қатынастары.
Зерттеу мәні - кірістілік пен іскерлік белсенділік талдауы, мысалда «Aequitas-NS» ЖШС.
Нарықтық қатынастарға көшісімен кәсіпкерлер мен кәсіпорын басшылары алдында көптеген сұрақтар тұрады:
- кәсіпорынның ары қарай гүлденуі үшін оның қаржы қызметін қалай тиімді ұйымдастыру керек;
- қаржы қорларын басқару тиімділігін қалай арттыру керек;
- белгілі бір кезең ішінде кәсіпорын қаржы қорларын қаншалықты дұрыс басқарды.
Осы және басқа көптеген маңызды сұрақтарға кірістілік пен іскерлік белсенділіктің объективтік талдауы жауап береді, өйткені олардың нәтижелері кәсіпорынның қаржы жағдайын сипаттайды.
Кәсіпорынның кірстілік және іскерлік белсенділігін талдау нәтижелері кәсіпорынның қаржы қорларын дұрыс бөлуге көмектеседі, өйткені оның ары қарайғы қызметі осыған байланысты. Бұл кәсіпорынның қаржы тұрақтылығы шығындарға кірістің түсуін тұрақты арттыруды қамтамасыз ететін ақша ағындарының қозғалысын топшылауымен байланысты. Нарық жағдайларында ол, ең алдымен, өнімдерді іске асырудан, атқарылған жұмыстан, көрсетілген қызметтен тұрақты кірістің түсун талап етеді, әрине мемлекетпен, жеткізушілер, несиегерлер, жұмыскерлер және басқалармен ақша айырысу үшін өз мөлшері бойынша жеткілікті болуы керек.
Осылайша, кірістілік пен скерлік белсенділік кәсіпорынның бәсекелестікке қабілеттілігі мен іскерлік белсенділігін, оның іскерлік ынтымақтастықтағы әлуетін анықтайды, кәсіпорынның өзінің және оның қаржы және басқа қатынастары бойынша серіктестерінің экономикалық мүдделері қандай деңгейде кепілденгенін анықтайды.
Кәсіпорынның кірістіліг мен іскерлік белсенділігін объективті жеткілікті бағалаудың ең үздік әдісі оны талдау болып табылады, ол кәсіпорынның даму үрдісін бақылауға, қаржы қорларының түсуі және оларды әртүрлі өндірістік, коммерциялық пен қаржы қызметі арасындағы өзара себеп-салдар байланысын зерделеу негізінде кәсіпорынның қаржы жағдайын жақсарту тұрғысынан пайдалану бойынша жоспардың орындалуын кешенді бағалауға мүмкіндік береді.
Кәсіпорынның меншік иелері кірісті барынша арттыруға мүдделі, өйткені кәсіпорынның кірісі арқылы өндіріс ауқымы дамиды, көбейеді, демек, өз иелеріне үлкен кіріс әкеледі.
Зерттеудің әдіснамалық негізі. Жұмыста салыстыру әдісі, жинақтау мен салыстыру тәсілі, логикалық және салыстыру талдауы, топтау әдісі, баланстық, бағдарламалық-мақсаттық әдістер, экономика-сатистикалық талдау тәсілдері қолданылған.
Зерттеудің ақпараттық негізі: Қазақстан Республикасы Қаржы минимтрлігінің заңнамалық актілері, нұсқаулықтары мен қаулылары, «Aequitas-NS» ЖШС қаржы есептемесі, кәсіпорынның ішкі нұсқаулық материалдары.
Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы кірістілік пен іскерлік белсенділік көрсеткіштерін жүйелендіруде және кәсіпорынның табыстылығы және іскерлік белсенділігін талдау көрсеткіштерін жетілдірудің практикалық бағытарын негіздеуде тұжырымдалады.
Жұмыстың практикалық мәнділігі мұндағы тұжырымдар, ұсыныстар мен экономикалық негізделген ұсынымдардың «Aequitas-NS» ЖШС қаржы жағдайын жақсартуға, кірістілік пен іскерлік белсенділікті талдау жүйесін жетілдіруге мүмкіндік беретіндігімен тұжырымдалады.
1 Кәсіпорынның табыстылығы мен іскерлік белсенділігін талдаудың теориялық аспектілері
- Кәсіпорынның табыстылығы мен іскерлік белсенділігін талдау мәні, маңызы мен рөлі
Нарықтық қатынастар дамыған сайын оларды тиімді жұмыспен қамтамасыз ету бойынша басқару шешімдерін шығару мен қабылдауда кәсіпорынның жауапкершілігі және дербестігі артады. Өндірістік, коммерциялық, қаржы және басқа шаруашылық қызмет түрлерінің барлық нәтижелері өзара және қорытынды көрсеткіштер арасындағы байланыстың әртүрлі деңгейіндегі түрлі факторларға байланысты болады. Кәсіпорынды басқарудың тиімділігін оның нарықтық экономиканы дамытудың қазіргі талаптарына жауап беретін шаруашылық қызметін кешенді талдаусыз қамтамасыз ету мүмкін емес.
Нарықтық экономикадағы кәсіпорын жұмысы тиімділігінің ең басты өлшеуші нәтижелілік болып табылады. Нәтижелілік түсінігі кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің бірнеше маңызды құрамдас бөліктерінен тұрады. Қаржы-шаруашылық қазметінің нәтижелілігінің анағұрлым жалпы сипаттамасы айналым, яғни белгілі бір уақыт ішінде шығарылған өнімнің жалпы көлемі деп санау қабылданған. Нарықтық қатынастар жағдайларында жұмыс істейтін кәсіпорындар үшін пайда да маңызды көрсеткішке айналып келеді. Нәтижелілік мәнін қарастыру оның негізгі талдау міндеттерін анықтауға мүмкіндік береді. Олар былайша тұжырымдалады: біріншіден, кәсіпорынның нарықтық қаржы тұрақтылығы үшін қол жеткізген нәтижелердің жеткіліктілігін анықтау, бәсекелестікке қабілеттілікті сақтау, еңбек ұжымы өмірінің сапасын қамтасыз ету; екіншіден, пайда болу көздері және нәтижелілікке әртүрлі факторлардың әсер ету ерекшеліктері; үшіншіден, талдайтын объектініары қарай дамытудың негізгі бағыттарын қарастыру. Сыртқы есептеме деректері бойынша 1. 1-суретте көрсетілген төмендегі көрсеткіштерді талдауға болады.
1. 1-сурет - Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелілігін сипаттайтын көрсеткіштер
Кәсіпорын қызметінің нәтижелілігін сипаттайтын экономикалық көрсеткіштер жиынтығы зерттеу тереңдігіне байланысты.
Нәтижелілікті талдау бағыттарының бірі талдайтын объектінің іскерлік белсенділігін бағалау болып табылады.
«Іскерлік белсенділік» термині талдамалы коэффициенттер жүйесі негізінде дамыған елдерде кең таралған қаржы есептемесін талдау әдістемесін енгізумен байланысты отандық есептік-талдамалы әдебиетте салыстырмалы түрде жуырда ғана қолданыла бастады.
Әрине, бұл терминнің мағынасы әртүрлі болуы мүмкін. Іскерлік белсенділік кең мағынада фирманың өнім, еңбек, капитал нарығындағы жылжуына бағытталған барлық күшін білдіреді.
Қаржы-шаруашылық қызметті талдау мәтінінде бұл термин кәсіпорынның ағындағы өндірістік және коммерциялық қызметі ретінде анағұрлым тар мағынаны білдіреді.
Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі қаржы аспектісінде ең алдымен, оны қаражатының айналым жылдамдығында көрінеді. Кәсіпорынның пайдалылығы оның қызметінің пайдалылық деңгейін көрсетеді.
Іскерлік белсенділік пен пайдалылықты талдау айналымдылық пен пайдалылықтың әртүрлі қаржы коэффициенттерінің деңгейлері мен серпінін зерттеуде тұжырымдалады, олар кәсіпорын қызметінің қаржы нәтижелерінің салыстырмалы көрсеткіштері болып табылады.
Шаруашылықты жүргізетін субъектінің қаржы жағдайы активтерге салынған қаражаттың қаншалықты тез нақты ақшаға айналатындығымен тікелей байланысты.
Активтердің жеке түрлері әртүрлі айналым жылдамдығына, яғни олардың ақшаға айналу жылдамдығына ие. Қаражаттың айналымда болу ұзақтығы сыртқы және ішкі сипаттағы әртүрлі бағытты факторлардың жиынтық әсерімен анықталады.
Біріншісіне субъектінің қызмет саласын (өндірістік, жабдықтау-тұрмыстық, делдалдық т. б. ), салалық, субъектінің ауқымдарын және тағы басқаларды жатқызуға болады.
Субъект активтерінің айналымдылығына экономикалық жағдай және онымен байланысты субъектілердің шаруашылық жүргізу талаптары да аз әсер етіп қоймайды. Елде болып жатқан инфляциялық үрдістер, шаруашылықты жүргізетін субъектілердің көбісінде жеткізушілер және сатып алушылармен тиісті байланыстың болмауы қаражат айналым үрдісін айтарлықтай баяулататын қорлардың шарасыз жиналуына әкеледі.
Капитал ауыспалы айналымды жылдам жасаған сайын, өнімді бір және сол капитал сомасында сатып алу мен іске асыру да артады.
Қаражат қозғалысының кез келген сатыда бөгелуі айналымдылықтың ақырындауына әкеледі, қосымша қаражат салуды талап етеді және кәсіпорынның қаржы жағдайының анағұрлым нашарлауын туғызуы мүмкін.
Қаражаттың айналымда болу ұзақтығына 1. 2-суретте көрсетілген әртүрлі сыртқы және ішкі факторлар әсер етеді.
1. 2-сурет - Айналым ұзақтығына әсер ету факторлары
Іскерлік белсенділік коэффициенттері компания өзінің активтерін қаншалықты тиімді басқаратындығын анықтауға мүмкіндік береді. Қаржы талдауында төмендегі коэффициенттер анағұрлым жиі қолданылады:
- ТМҚ айналымдылық коэффициенттері мен орташа айналым ұзақтығы;
- дебиторлық берешектің айналымдылық коэффициенті және күндердегі орташа айналым ұзақтығы;
- операциялық цикл ұзақтығы;
- қаржы циклінің ұзақтығы;
- ағындағы активтердің айналымдылық коэффициенті және орташа айналым ұзақтығы;
- тіркелген активтердің айналымдылық коэффициенті;
- барлық активтердің айналымдылық коэффициенті [4, c. 56]
Кәсіпорынның қаржы жағдайы активтерге салынған қаражаттың ақшаға қаншалықты жылдам айналатындығымен тікелей байланысты. Қаражаттың айналымда болу ұзақтығына сыртқы және ішкі факторлар әсер етеді. Біріншісіне кәсіпорынның қызмет саласы, салалық керек-жарақтар, кәсіпорынның ауқымы, елдегі экономикалық жағдай және онымен байланысты шаруашылықты жүргізу талаптары жатады. Ішкі факторларға кәсіпорынның баға саясаты, активтер құрылымы, қорларды бағалау әдстемесі жатады. [5, c. 36]
Айналымдылық жылдамдығы нәтижесінде қол жеткізген әсер, ең алдымен, қаржы қорларын қосымша тартусыз іске асырудан түскен ақша көбейгенде көрінеді. Сонымен қатар капитал айналымдылығы жылдамдығы арқылы пайда сомасының өсуі болады, өйткені, әдетте, бастапқы ақша түріне ол үстеліммен қайтады. Егер өнімді іске асыру шығынды болып табылса, онда қаражат айналымдылығы жеделдігі қаржы нәтижелерінің нашарлауына әкеледі. Айтылғандардан шығатыны, барлық ауыспалы айналым сатыларында тек капитал қозғалысының жеделдеуіне ғана емес, оның барынша көп берілуіне де ұмтылу керек, ол пайда сомасының бір теңге капиталына өсуінде байқалады. Бұған барлық қорларды тиімді және үнемді пайдаланумен, олардың қайта шығындалуын, барлық ауыспалы айналым кезеңдерінде жоғалуын болдырмаумен қол жеткізіледі. Капитал нәтижесінде көп сомада, яғни пайдамен өзінің бастапқы жағдайына келеді.
Іскерлік белсенділік кәсіпкерлік қызмет пен қорларды пайдалану тиімділігінің кешенді және серпінді сипаттамасы болып табылады. Нақты ұйымның іскерлік белсенділік деңгейі оның өмірлік іс-әрекеті сатыларын (туу, даму, көтерілу, құлдырау, дағдарыс, күйзеліс) және тез өзгеретін нарықтық жағдайларға бейімделу деңгейін, басқару сапасын көрсетеді.
Іскерлік белсенділікті ұйымның оң серпінін қамтамасыз етуге, еңбек жұмысбастылығын көбейтуге және нарықтық бәсекелестік қабілеттілікке қол жеткізу мақсатында қорларды тиімді пайдалануға бағытталған, тұрақты шаруашылық қызметін басқарудың макро және микродеңгейінің уәжделген үрдісі ретінде сипаттауға болады. Іскерлік белсенділік қызметтің барлық бизнес-желілері бойынша материалдық, қаржы және басқа қорларды пайдалану тиімділігін білдіреді және басқару сапасын, экономикалық өсу мүмкіндіктері мен ұйымның капитал жеткіліктілігін сипаттайды.
Шаруашылықты басқару субъектілерінің іскерлік белсенділігіне макроэкономикалық факторлар әсер етеді, олардың әсер етуімен не шаруашылықты жүргізуші субъектінің белсенді тәртібі жағдайын ынталандыратын қолайлы «кәсіпкерлік климатты» немесе керісінше, іскерлік белсенділікті тұқырту мен өшуіне әкелетін алғышарттарды қалыптастыруы мүмкін. Ішкі сипаттағы, ұйым басшылығының бақылауындағы факторлар да жеткілікті жоғары мәнге ие: келісілген жұмысты жетілдіру, менеджмент, бизнес және жоспарлау аясында білім беруді жақсарту, маркетинг аясында ақпараттар алу мүмкіндіктерін кеңейту және тағы басқалары.
Іскерлік белсенділікті талдау мәні ұйым қорларын пайдалану тиімділігі мен қарқындылығын экономикалық тұрғысынан негізделген бағасын қалыптастыруда және оларды арттыру қорларын анықтауда тұжырымдалады.
Талдау барысында төмендегі міндеттер шешіледі:
- іскерлік белсенділік көрсеткіштерінің өзгеру үрдісін зерделеу мен бағалау;
- іскерлік белсенділік көрсеткіштерінің өзгеруін және олардың нақты әсер ету мөлшерін есептеуді шарттайтын негізгі факторлар әсерін зерттеу;
- талдау нәтижелерін жинақтау, анықталған резервтерді айналымға тарту бойынша нақты іс-шаралар әзірлеу.
Іскерлік белсенділік сапалы және сандық көрсеткіштермен сипатталады. Спалаы критерийлер: өткізу нарығының кеңдігі (ішкі де, сыртқы да), ұйымның және оның клиенттерінің іскерлік беделі, тауардың бәсекелстік қабілеттілігі және т. б. .
Сандық бағалау екі бағыт бойынша беріледі:
- абсолюттік көрсеткіштердің: ұйым қызметінің негізгі бағалау көрсеткіштерінің (ақшалай түсім мен пайда) өсу қарқынының серпіні мен арасалмағын зерттеу және активтердің орташа мөлшерін зерттеу;
- ұйымның авансқа берілген және тұтыну қорларын пайдалану тиімділігі деңгейін сипаттайын салыстырмалы көрсеткіштер мәндерін және серпінін зерделеу.
«Іскерлік белсенділік» түсінігі кәсіпорынның барлық қолда бар қорларды (негізгі, айналым, еңбек) пайдалану тиімділігі көрсеткіштерінің жүйесін сипаттайды. Іскерлік белсенділік көрсеткіштері жүйесіне әртүрлі айналымдылық көрсеткіштері жатады. Бұл көрсеткіштер өте маңызды болып табылады, яғни қаражат айналымы жылдамдығын (ақша түріне айналу) көрсетеді және төлем қабілеттілігіне тікелей әсер етеді.
Іскерлік белсенділік көрсеткіштері «бәсекелестікке қабілеттілік» түсінігімен тығыз байланысты. Кәсіпорынның бәсекелестікке қабілеттілігін бағалау кезінде олардың іскерлік белсенділік көрсеткіштері салыстырылады (кәсіпорынның артықшылығын ескерген жөн және біртекті өнім шығаратын кәсіпорындарды салыстыру керек) .
Баланс құрылымын талдау. Шаруашылық ұйымдардың несиені өтеу қабілетін бағалау үшін бірінші ақпарат көзі ретінде олардың түсінікхаты бар балансы қызмет етеді. Балансты талдау кәсіпорында қандай қаражаттың бар екендігін және бұл қаражаттар несиенің қандай мөлшерімен қамтамасыз ететіндігін анықтауға мүмкіндік береді. Алайда, банк клиенттерінің несиені өтеу қабілеті туралы негізделген және жан-жақты тұжырымдама жасау үшін баланс мәліметтері жеткіліксіз. Бұл көрсеткіштер құрамынан шығады. Баланс талдауы несие өтеу қабілеті туралы тек жалпы талқылауды ғана береді, сонымен қатар несиені өтеу қабілетінің деңгейі туралы тұжырымдама ретінде кәсіпорынның даму келешегін, оның өмір сүру қабілетін бағалайтын сапалы да көрсеткіштерді есептеу қажет.
Баланс пассивінің құрылымы мен серпінін талдау. Баланстың пассивтік бөлігін қарастыру кезінде несие және басқа қарыз қаражаттары көрсетілетін бөлімдерді зерделеуге аса көңіл аударылуы керек: берешегі баланста көрсетілген және несие туралы сұраныс күнінде өтелмеген несиелер бойынша несие шарттарын талап ету және ол мерзімі өткен болып табылмайтындығына көз жеткізу қажет.
Басқа банктердің несиелері бойынша мерзімі өткен берешектің болуы теріс фактор болып табылады және қарызшылар қызметіндегі нақты жаңсақтық пен үзіктер екендігін көрсетеді, оларды несие арқылы уақытша өтеу жоспарлануы мүмкін. Егер берешек мерзімі өткен болып табылмаса, онда мүмкіндігі бойынша несиені өтеу мерзімі басқа несиелерді өтеуден бұрын түскендей етіп жасау қажет. Несиелік берешекті бағалау кезінде қарызшы тауарлар немесе қызметтер, аванстар т. б. түрінде қолданатын қаражатты уақытнда өтей алатындай жағдайда болуына көз жеткізіп алу керек
Баланс активімен жұмыс кезінде төмендегілерге көңіл бөлген жөн: негізгі қаражат кепілін (ғимарат, жабдық т. б. ), өндірістік өнімдер, дайын өнім, басқа қорлар мен көрсетілген құндылыққа кепілберушінің меншіктілік құқығының шығындарын ресімдеу жағдайында олардың құнының тиісті баланстық баптар құрамына енгізілуі расталуы керек.
Есептік шоттағы қаражат қалдығы есеп беру күнінде банк жазбасының деректеріне сәйкес келуі керек. Дебиторлық берешектік талдау кезінде оны өтеу мерзіміне көңіл аудару қажет, өйткені қарыздың түсуі қарызшы үшін сұраған несиені қайтару көздерінің бірі болуы мүмкін.
Кәсіпорын қызметінің қаржы нәтижесі есеп беру кезеңі ішінде оның меншікті капиталы мөлшерінің өзгеруінде байқалады. Кәсіпорынның меншкті капиталының ауытқымай өсуін қамтамасыз ету қабілеті қаржы нәтижелері көрсеткіштері жүйесімен бағалануы мүмкін. Қаржы нәтижелерінің көрсеткіштері (пайда) оның қызметінің барлық өндірістік, өткізу, жабдықтау, қаржы және инвестициялық бағыттары бойынша кәсіпорынның шаруашылықты жүргізудің абсолюттік тиімділігін сипаттайды. Олар кәсіпорынның экономикалық даму және оның коммерциялық істің барлық қатысушыларымен қаржы қатынастарын күшейту негізін құрайды.
Нәтиже - бұл әртүрлі қызмет түрлерін жүзеге асыру немесе жеке шаралар мен операциялар өткізу арқылы қол жеткізілген нәтиже. Ол алатын жалпы және таза кірістің қосымша сомасында; шығындарды төмендету мөлшерінде; кәсіпорынның нарықтық құнының өсу сомасында; таза ақша ағыны мөлшерінде т. б. көрінуі мүмкін.
Тиімділік - нәтиже және оған қол жеткізу үшін қолданылған шығындар (немесе қор сомасы) көрсеткіштерінің арасалмағы. Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің тиімділігін анағұрлым жинақтап бағалауды пайдалылық коффициенттерінің жүйесі береді.
Олардың бірі тура әсер етеді және олардың әсер етуін факторлық талдау әдістері көмегімен дәл анықтауға болады. Ал қалғандары қандай-да бір көрсеткіштер арқылы жанама әсер етеді (1. 3-сурет) .
Пайданың өсуі кеңейтілген ұдайы өндірісті өздігінен қаржыландыру, қызметкерді әлеуметтік және материалдық ынталандыруды шешу үшін қаржы негізі жасалады.
Пайда бюджет (республикалық және жергілікті) кірісін қалыптастыру мен кәсіпорынның банктер, басқа несиегерлер мен инвесторлар алдындағы борышқорлық міндеттерін өтеудың мақызды көзі болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz