Еңбекақы төлеу формалары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   

1 Еңбекақы есебі және аудитінің теориялық негіздері

  1. Бухгалтерлік есеп жүйесіндегі еңбеақының орыны мен маңызы

Еңбек адамның өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін табиғат заттарының түрін өзгертуге және оны өз керегіне бейімдеуге бағытталған мақсатқа сай істелетін қызметі; қоғам өмір сүруінің негізі, адамзат тіршілігінің мәнгілік, табиғи шарты. Еңбек адамның өзін қалыптастыруда шешуші рөл атқарады.

Еңбек процестерінің жай мезеттері ‒ мақсатқа сай қызмет, яғни еңбектің өзі, еңбек заттары мен еңбек құрал жабдықтары. Еңбек құрал жабдықтарының көмегімен адам өзінің еңбек заттарына ықпал етеді. Еңбек заттары мен еңбек құрал жабдықтарының жиынтығы өндіріс құрал жабдықтарын құрайды. Еңбек процесінің басталуы үшін өндіріс құрал жабдығын жұмыс күшімен қосу керек.

Еңбек туралы ұғым көптеген авторлардың ғылыми еңбектерінде, оқулықтарында келтірілген. Қай кезде болмасын еңбекке жарамды адам міндетті түрде еңбек етуге тиіс болған, егер еңбек етпейтін болса олар арамтамақтар болып есептелген. Өз еңбегімен тапқан табыс зейнетті де, еңбек етпей тапқан табыс жағымсыз болып есептелген.

Еңбекақы экономикалық катигория ретінде жалдамалы қызметкердің табыс көзі болып табылады. Сонымен қатар жұмыс берушілер үшін еңбек ресурстарын жалдау өндіріс факторларының бірін жалдау болып табылады, сондай-ақ жалдамалы қызметкерлердің еңбегін төлеу өндіріс шығындарының бірі болып табылады [2; 7-8 б. ] .

Нақты еңбекақы бұл нақты еңбекақысына белгілі сандағы тауарды және қызметтерді сатып алуына, ие болуына мүмкіндігі немесе еңбекақы - бұл көрсетілген еңбекақыға нақты заттарды сатып алу мүмкіндігі. Нақты еңбекақы көрсетілген еңбекақы мен сатып алынатын тауардың мөлшеріне байланысты.

Еңбекақының көлемі еңбек сапасына, квалификациясына, кәсіби дайындығына байланысты болады: мысалы, салыстырмалы жоғары жалақы дәрігерлерде, юристтерде, кәсіпкерлерде болуы тиіс, өйткені оларды оқуға көптеген шығын жұмсалады, ал алған еңбекақысы сол шығынның орынын толтыру болып табылады.

Еңбекке ақы төлеу ол жұмысшыға еңбек ету барысында жоғалтқан күш қуатын қалпына келтіру мақсатында, сонымен қатар өзінің жұмыс күшін арттыруды ынталандыру мақсатында жүзеге асырылатын төлем түрі.

Теорияда еңбек ақы ‒ бұл жұмыскердің ақша табыстарының негізін құрайтын ақша түсімдерінің негізгі формасы, басты қайнар көзі.

Еңбек ақы ‒ қызметкердiң бiлiктiлiгiне, орындалатын жұмыстың күрделiлiгiне, санына, сапасына және жағдайына байланысты еңбек үшiн төленетiн сыйақы, сондай-ақ өтемақы және ынталандыру сипатындағы төлемдер. Еңбек ақының мәнін былайша түсіндіру өнімді өткізуге немесе қызмет көрсетуге байланысты жұмыс күшіне ақы төлеуді сипаттайды және еңбек ақы көлемі соған байланысты болатындығын көрсетеді.

Кәсіпорын тұрғысынан алғанда еңбегі үшін берілетін ақының көлемі кәсіпорынға түскен пайдамен, жұмысшының жұмсаған күш қуатымен, сонымен қатар атқарған жұмысының сапасының артықшылықтарымен анықталуы тиіс, сондай-ақ бұл мемлекет көрсеткен ең төменгі көрсеткіштен кем болмауы тиіс. Еңбек ақының нақты көлемі жұмыс берушінің бұл мақсатқа жұмсаған қаржы қаражаты арқылы анықталады [2; 7 б. ] .

Еңбекақы төлеудің ақшалай және заттай түрлері бар. Қызметкерлерге ақшаның қажеттілктерін қанағаттандыру үшін барынша тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін ақшалай түрдегі еңбекақы төлеудегі ең басты нышындардың бірі болып саналады. Қазіргі кезде еңбекақы төлеудің заттай нышаны сирек кездеседі. Еңбекақы төлеудің төлеудің мұндай нышаны ақша айналымының бұзылуы кезінде, экономиканың тұрақсыз, гиперинфляция және құлдырау жағдайында кең қолданылады.

Еңбекақыны ұйымдастыру арқылы нарықтық экономиканың қозғаушы екі қозғаушы күштері арасында әлеуметтік әріптестердің қатынастарын дамуына мүмкіндік беретін, жұмыс беруші жұмыс істеушілердің арасында келісім-шарт жасалынады.

Еңбекақының көлеміне жұмысшылардың иемденетін ақшасының мөлшері ғана емес, сонымен қатар оның ақшаға сатып алу қабілеті кіреді. Сатып алу кабілеттілігі нақтылы еңбекақы мен көрсетілген еңбекақының арақатынасы арқылы анықталады. Сондықтан, кәсіпорын жұмысшыларының еңбекақысы мемлекет бекіткен ең төменгі деңгейдегі еңбекақы көлемінен кем болуы тиіс.

Сонымен, еңбекақы нақтылы еңбекақы және көрсетілген еңбекақы болып ажыратылады.

Көрсетілген еңбекақы дегеніміз бұл есептелінген және жұмысшылардың белгілі уақыттағы еңбегіне ақшалай төленетін еңбекақысы.

Нақтылы еңбекақы - бұл нақты еңбекақысына белгілі сандағы тауарларды және қызметтерді сатып алуына, ие болуына мүмкіндігі немесе нақты еңбекақы - бұл көрсетілген еңбекақыға нақты заттарды «сатып алу мүмкіндігі». Нақтылы мен көрсетілген еңбекақы сатып алынатын тауардың мөлшеріне байланысты. Мысалы, көрсетілген еңбекақы 15 % көбейіп, инфляция осы мерзімде 10 % деңгейде болса, нақты еңбекақы тек қана 5 %-ға көбейеді. Сонымен инфляцияның артуы көрсетілген еңбекақы мен салыстырғанда нақты еңбекақының төмендеуіне, немесе керісінше болуы мүмкін. Инфляцияның әсері болмаған кезде көрсетілген еңбекақының өсуі нақтылы еңбекақының өсуін білдіреді.

Сонымен бірге, егер баға өнім сапасына тікелей тәуелді болады. Сондықтан, еңбекақы жүйесін реттеуде инфляця үрдісінің ықпалы ескерілуі тиіс.

Еңбекақы төлеуді жақсарту саясатында және оны ұйымдастыруда, кәсіпорын төмендегідей принцптерге сүйену керек:

- әділдік, яғни еңбектің күрделілігіне сәйкес төлеу;

- еңбек ақыны мамандық деңгейіне, орындалатын жұмыс күрделігіне қарай есептеу;

- еңбек жағдайындағы зиянды және еңбектің ауырлығын есепке алу;

- еңбектің сапасын көтеруге және жұмыскердің еңбекке тыңғылықты қатынасын ынталандыру;

- еңбекте сапасын өнім өндіретін және өзінің жұмысына жауапкерсіз қараған жұмысшыларды материалдық жағынан әкімшілік жазаны қолдану;

- еңбек өнімділігін өсу қарқыны, орта еңбек ақы төлеудің өсу қарқынан артыру;

- инфляцияға сәйкес еңбекақыны төлеу деңгейін тиісінше индексация жасау;

- кәсіпорында қазіргі жағдайда сәйкес еңбекақы төлеу жүйесін жақсарту, прогрессивті түрлерін қолдану.

Негізгі еңбекақы төлеу тәсілінің төлемдері келесі 1. 1-суретте көрсетілген.

1. 1-сурет - Негізгі еңбекақы төлеу тәсілінің төлемдері

Қосымша еңбекақы төлеу, еңбек туралы заңда, кәсіпорынның келісім-шартында қарастырылған [7; 21 б. ] . Сонымен бірге жұмыс уақытын пайдаланбаған келесі кездердегі төлемдер жатады:

- демалыс уақыттарында ақы төлеу;

- мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындаған уақыттары үшін ақы төлеу;

- декреттке шығып, нәресте көрген аналарға, жұмыстағы үзілістері үшін ақы төлеу;

- кәмілеттік жасқа толмаған жасөспірімдерге белгіленген жеңілдік сағаттарға ақы төлеу.

Еңбек ақы атқарған жұмысы үшін берілетін сыйақы болып табылады және қызметкерлерді ынталандырудың бірден бір жолы ретінде қарастырылады.

Комерциялық кәсіпорындарда еңбекке ақы төлеудің жалпы денгейі келесідей негізгі факторларға байланысты болады:

- кәсіпорынның шаруашылық қызметінің нәтижесінен және оның табыстылық денгейінен;

- кәсіпорынның кадрлық саясатынан;

- сәйкес келетін мамандықтар арасындағы аймақтағы, аудандағы және облыс көлеміндегі жұмыссыздық денгейне байланысты;

- профсоюздердің, бәсекелестердің, мемлекеттің әсер етуі;

- кәсіпорынның қоғаммен байланыстылық денгейінің саясаты және басқа да көптеген факторлар.

Комерциялық кәсіпорындарда еңбекақы төлеуді ұйымдастыру келесідей негізгі элементтерден тұрады, 1. 2-суретте көрсетәлген.

1. 2-сурет ‒ Кәсіпорындарда еңбекке ақы төлеуді ұйымдастырудың негізгі элементтері

Нарық жағдайына тауар ретінде еңбек өнімнің нарығы мойындаған еңбекақы төлемі жұмсалған шығындарға ғана емес, еңбектің нәтижесіне төленеді. Тауарларды өткізудің түскен қаражаттар тауар өндірушілердің еңбегінің саны мен сапасын бағалаудағы және олардың жеке табыстарының негізгі көзін бағалаудағы жоғарғы болып табылады.

Қазіргі уақытта, Қазақстанда еңбекақыны реформалау (өзгерту), мемлекеттің кепілденген ең қысқа күнелту деңгейін қамтамасыз етумен және ақы төлеудің жоғарғы деңгейімен шектеулерді жүйелі түрде алып тастаумен байланысты.

Еңбек қатынастарын реттеудің нормасы болып тарифтік келісімнің және ұжымдық келісім-шарттың негізінде жасалған жұмыс берушімен кәсіподақтардың арасындағы, жұмысшылармен қызметшілердің арасындағы еңбекақы төлеу бойынша келісім шарттың қағидасы табылуы керек.

Реформада міндетті төлемге жататын мемлекеттік әлеуметтік норматив тәрізді еңбекақының ең аз мөлшері бекітілген. Ең төменгі еңбекақы ең төменгі тұтыну бюджетінің негізінде тағайындалады және әлеуметтік факторларға байланысты сараланады [8; 127 б. ] .

Ең төменгі еңбекақының экономикалық мағынасы өнімді еңбектегі және жұмыс күшінің ұдайы өндірудегі жұмысшының қабілеттілігін қолданғанын білдіреді.

Еңбекшілер табысын кепілденген деңгейін қорғауды бірыңғай жүзеге асыратын тарифтік тор еңбекақы төлеу реформасының негізі болып табылады.

Осының нәтижесінде, оның базалық бөлігі болып, халық шаруашылығының саласындағы әрбір жұмысшыға кепілденген минималдық еңбекақы табылады. Еңбекақының екінші бөлігі (бонустар, өтемдік және т. б. төлемдер) ұйымдарда, кәсіпорындарда және салаларда баллдық жүйемен бағаланатын, разрядқа, біліктілік топқа, атаққа және дәрежеге байланысты, жұмысшылардың еңбек стаждарына, біліктіліктеріне, қабілеттіліктеріне және қолда бар ақшалардың мөлшеріне байланысты төленеді.

Кәсіпорындарда еңбекақы төлеудің оңтайлы ұйымдастыру қызметкердің қызметін және еңбектің нәтижелері. Өнімнің рентабелділігін және пайдалануды дайын өнім және еңбек нарығының бәсекеге қабілеттілігін қамтуға мүмкіндік береді. Еңбекақы төлеудің оңтайлы ұйымдастыруының мақсаты ‒ кәсіпорынның шаруашылық қызметінің нәтижесінде қызметкерлердің еңбектік салымы мен еңбекақы төлеу шамасының арасындағы сәйкестілікті қамтамасыз ету, яғни тұтыну шамасымен еңбек шамасы арасындағы сәйкестікті бекіту.

Көптеген қазақстандық кәсіпорындарда еңбекақы төлеуді ұйымдастыруының негізінде мынадай басты қағидаларды ұстануы тиісті:

- еңбекті санымен сапасына байланысты жүзеге асыру;

- кәсіпорының салалық және аймақтың қажеттіліктеріне, еңбек жағдайына, қызметкердің біліктілігіне байланысты еңбекақы саралау;

- нақты еңбекақының ретті жоғарлауы, яғни көрсетілген еңбекақының өсуі қарқыны кезінде инфлияциядан жоғарлап кетуі;

- еңбек өнімділігі өсу қарқының орташа еңбекақының өсу қарқымын артып кетуі.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» заңы ең алғаш 1995 жылы 10 желтоқсанда шығарылған.

Ал 2007 жылдың 15 мамырдан бастап іске жаңа заң жобасы енгізілгендіктен бұл заң күшін жойды. Жаңа заңға сәйкес, жұмыс беруші мен жұмыскердің еңбектік заңдылықтары бойынша келісілген жеке еңбек шартымен, ұжымдық шартпен реттеледі.

Жалақы төлеу мерзімдері:

- жалақы бір айда кем дегенде бір рет төленеді. Жалақыны төлеу күндері жеке еңбек, ұжымдық шарттарда қарастырылады;

- жалақы төлейтін күн демалыс немесе мереке күндеріне тура келген жағдайда, оны төлеу олардың қарсаңында жүргізіледі;

- жұмыс берушінің кінәсінен жалақы, ал қызметкерлермен жеке еңбек шарты бұзылған кезде - оған тиесілі басқа да төлемдер белгіленген мерзімдермен салыстырғанда кешіктірілген кезде жұмыс беруші қызметкерлерге берешек пен өсімақы төлейді. Өсімақының мөлшері жалақы төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындау күніне Қазақстан республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесі бойынша белгіленеді және жүргізілуі тиіс болған күннен кейінгі уақыттан бастап әрбір кешіктірілген күнтізбелік күн үшін есептеліп төленген күнмен аяқталады;

- жеке еңбек шарты бұзылған жағдайда қызметкерлерге барлық сомаларды төлеу жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

Еңбек ақының негізгі қызметтері 1. 3-суретте көрсетілген.

1. 3-сурет - Еңбек ақының негізгі қызметті

Еңбек ақы келесі қызметтерді орындау керек:

- ұдайы өндірістік ‒ еңбек ақыны төлеу түріндегі ақшалай төлеулер жұмыс күшінің ұдайы толықтыру, еңбек потенциалын жаңғырту мүмкіндігін қамтамасыз ету керектігіне негізделеді;

- өтемдік ‒ еңбек үшін ақшалай сыйақы еңбек қызметін орындау процесі кезіндегі еңбек күшінің, энергиясының шығындарын, жұмыскердің денсаулығына тигізетін мүмкін зиянын өтеуге негізделеді;

- ынталандырушылық ‒ жұмыстың тиімділігін және сапасын жоғарлатуға, еңбек өндіргіштігін өсіруге жұмыскердің материалдық қызығушылығын тудыруға негізделеді;

- жіктеуіш - бағалау қызметіне сәйкес ұйыммен, кәсіпорынмен, мекемемен алынатын ақша табыстарының бөлігі жұмыскерлердің арасында еңбек салымына сәйкес еңбек ақысы түрінде жіктеледі, нәтижесінде жалақы еңбек қызметін бағалау тәсілдерінің бірі болып табылады.

1. 2 Еңбекақы жүйесінің түрлері мен нысаны

Еңбек ақы - жұмыскердің ақша табыстарының негізін құрайтын ақша түсімдерінің негізгі формасы, басты қайнар көзі. Жұмыскерді жалдаушы жұмыскердің еңбек шығындарын, жұмыс күшінің жұмсалуын еңбек ақы түрінде ақшалай төлем арқылы өтеу керек [12; 37 б. ] .

Еңбек ақы келесі қызметтерді орындау керек:

- ұдайы өндірістік ‒ еңбек ақыны төлеу түріндегі ақшалай төлеулер жұмыс күшінің ұдайы толықтыру, еңбек потенциалын жаңғырту мүмкіндігін қамтамасыз ету керектігіне негізделеді;

- өтемдік ‒ еңбек үшін ақшалай сыйақы еңбек қызметін орындау процесі кезіндегі еңбек күшінің, энергиясының шығындарын, жұмыскердің денсаулығына тигізетін мүмкін зиянын өтеуге негізделеді;

- ынталандырушылық ‒ жұмыстың тиімділігін және сапасын жоғарлатуға, еңбек өндіргіштігін өсіруге жұмыскердің материалдық қызығушылығын тудыруға негізделеді;

- жіктеуіш - бағалау қызметіне сәйкес ұйыммен, кәсіпорынмен, мекемемен алынатын ақша табыстарының бөлігі жұмыскерлердің арасында еңбек салымына сәйкес еңбек ақысы түрінде жіктеледі, нәтижесінде жалақы еңбек қызметін бағалау тәсілдерінің бірі болып табылады.

Жеке жұмыскердің жалақының шамасын анықтау негізіне салынатын бастапқы принципке байланысты еңбек ақыны төлеудің үш негізгі формасын атап көрсетуге болады: кесімді, мерзімді және аралас. Осы формалардың шегінде еңбекақы төлеу жүйесі де қалыптасады, 1. 4-суретте.

1. 4-сурет- Еңбекақы төлеу формалары

Еңбек ақы төлеу формаларының мерзімдік түрі:

- қарапайым мерзімдік;

- мерзімдік-сыйлықақылы болып бөлінеді, сонымен қатар бұл формадан еңбекақы төлеудің сағаттық, тәуліктік және апталық жүйесін де ажыратуға болады.

Кесімді еңбекақы төлеу формасы мынандай түрлерге бөлінеді:

- тура кесімді;

- кесімді-сыйлықақылы;

- кесімді-үдемелі;

- жанама-кесімді;

- аккордты.

Төлеудің мерзімдік түрінде істелген жұмыстың мөлшеріне тәуелсіз белгілі орындалған уақыт мөлшері үшін төленеді. Еңбек ақы төлеудің мерзімдік түрі денсаулық сақтауда кең таралған және ол республикалық, облыстық, жергілікті және аймақтық міндетті медициналық сақтандыру қорларынан қаржыландырылатын бюджет саласында елеулі орын алады.

Еңбек ақыны төлеудің кесімді түрі орындалған жұмыстың көлеміне, белгілі уақыт кезеңінде көрсетілген қызметке байланысты еңбек ақыны қалыптастыруға негізделеді (көбінесе ‒ бір айда) .

Еңбек ақыны төлеудің кесімді түрінің ерекшелігі жалақының мөлшері орындалған жұмыстың көлемі түрінде өлшенген шығындалған еңбектің мөлшерімен тікелей байланысты.

Бірақ комерциялық кәсіпорындарда орындалған жұмыстың, қызмет көрсетулердің көлемін нақты өлшемінде өлшеу қиын. Сонымен қатар, егер орындалған жұмыс ұжымдық, топтық сипатта болса, онда әрбір жұмыскердің орындаған жұмыс немесе қызмет көлемінің үлесін бөлу керек немесе кесімді жалақыны барлық ұжымға сәйкес есептеп, одан кейін оны, еңбекке қатысу коэффициенті бойынша анықталынатын, еңбекте қатысу мөлшеріне сәйкес ұжымның барлық мүшелері арасында бөлу керек. « . . . бағалау есебін орнықтыру қиын, яғни еңбек сыйымдылыққа, күрделілікке байланысты бірлік жұмыстың төлем дәрежесін анықтау қиын.

Еңбек ақының мөлшерін тікелей есептеген кезде жұмыстың сапасын ескеру қиын, сондықтан сапаға байланысты түрлі бағаланулар енгізу қажет» деп А. И. Вялков айтады [342; 82 б. ] .

Енді еңбек ақыны төлеудің мерзімдік, кесімді және аралас формаларын және олардың түрлерін нақтырақ қарастырайық.

Кесімді еңбекақы төлеу ‒ мұнда еңбекақы өндірілген өнімнің саны мен сапасына сәйкес, оның күрделілігі мен еңбек жағдайы ескеріліп, арнаулы бағалау арқылы төленеді.

Кесімді еңбекақының төмендегідей түрлерге бөлуге болады:

- тікелей немесе жай кесімді;

- жанама-кесінді;

- кесімді-сыйлықты;

- кесемді-үдемелі;

- аккортты-кесімді.

Жұмысшылардың еңбекақысы жеке және ұжымды болып жүйеленеді. Тікелей немесе жай кесімді жүйеде еңбекақы өнім өндіру бірлігіндегі бағалау бойынша төленеді.

Жұмысшының жалпы еңбегін кесімді бағалауда есепті мезгілдегі өнімді өндіру санына көбейту арқылы анықталады.

Жанама кесімді еңбекақы төлеу түрі-тікелей еңбек қортындысына байланысты, кесімді жұмысшылардың істеген еңбегіне қарай еңбекақы көлемі белгіленеді. Бұл жүйе бойынша көмекші жұмысшыларға еңбекақы төленеді.

Жанама кесімді бағалану (Е ж ) жұмысшының жай қызмет атқаратын өндіру мөлшерін есепке ала отырып және олардың саны формула бойынша есептеледі

Е ж с с *Ж (өнім немесе жұмыс бірлігіне теңге), (1. 1)

мұндағы Е с ‒ қызмет атқаратын жұмысшыға төленетін жанама еңбекақы жүйе бойынша еңбекақы мөлшерінің тарифі, теңге;

Ө с ‒ қызмет атқаратын бір жұмысшының (обьектілер агрегаттар ) ‒ өнім бірлігіне сағаттың өндіру мөлшері(еңбек өнімділігі) ;

Ж ‒ қызмет атқаратын жұмысшылар саны (обьектілер агрегаттар) қызмет атқару мөлшері.

Жұмысшылардың жалпы еңбекақысын, бір жерде қызмет атқарып кесімді ақыдағы көмекші жұмысшылардың еңбекақы мөлшерін орта пайыз орындалған мөлшеріне көбейту арқылы, таза бір жерде жанама кесімді еңбекақы бағалауын қызмет атқаратын жұмысшылардың нақты өнім шығару көлеміне көбейту тәсілінде анықтауға болады:

Аккордты кесімді еңбекақы төлеу жұмыстың барлық көлеміне төлейтін ақыларды қамтиды. Жұмыстың жеке элементтеріне арналған мөлшерлер бағалымдарды қосып, барлық жұмыстың құнын анықтайды [25; 121 б. ] .

Бұл жүйеде еңбекақы жұмыс мезгілін қысқартқаны үшін жұмысшыларға сыйлықақы төленеді. Мұндай кесімді еңбекақы төлеу жүйесі еңбек өнімділігін арттыруға ынталандырады.

Үдемелі-кесімді еңбекақы төлеу жүйесі - мөлшерді орындағаны үшін тікелей кесімді бағалау бойынша төленетін ақы, ал егер мөлшерден тыс артық орындағаны үшін жоғарғы бағалы төлемге ие болады. Бұл көбінесе жұмысшылардың жаңа техниканы меңгергеніне қолданылатын еңбекақы төлеу тәсілі.

Мерзімді еңбекақы төлеу ‒ мұнда істелген уақыт санына байланысты сый беру және жұмысшыға басқадай ақшадай түрде, нақты атқарылған жұмыс бекіттілген тариф немесе еңбекақы бойынша төленетін жалақының бір түрі.

Мұнда еңбек жай және күрделі, төменгі және жоғарғы мамандықта болуы мүмкін. Бұл жағдайда еңбекақы төлену жұмысы тариф арқылы жіктелініп іске асады.

Нақты істелінген уақыт (сағат) мерзімін тарифті еңбекақы мөлшеріне көбейту жолымен еңбекақыны анықтайды [25; 117 б. ] .

Тарифті еңбекақы мөлшері ‒ жұмысшының бір сағат, бір күн немесе бір ай ішінде алатын жалақасының көлемін белгілеу. Сағаттық, күндік және айлық тарифтік еңбекақы мөлшері еңбек мөлшерленуіне және түрлі жағдайда әртүрлі есептелетіндігіне байланысты болады.

Тарифтік тор бұл разряд бойынша бөлінген еңбек ақының тарифтік мөлшерлемесінің (айлық қызметақы) және берліген разрядтың тарифтік мөлшерлемесінің бірінші разрядтың мөлшерлемесіне қатынасымен анықталынатын тарифтік коэффициенттердің жиынтығы.

Тарифтік тордың тарифтік коэффициенттерінің өлшемі салыстырмалы түрде тұрақты деп айтуға болады, бірақ тарифтік мөлшерлеме әрқашан өзгеріп отырады. Әдетте осындай өзгерістер табыстарды индекстеу мақсатында мөлшерлемелердің жоғарлау бағытында өтеді, яғни тұтынушылық тауар және қызмет көрсетулерге бағалардың өсуімен байланысты нақты табыстардың төмендеуін тудыратын табыстарда инфляция факторын ескеру. Тарифтік мөлшерлемелердің өсуі бағалардың өсуін және бюджет саласындағы қызметкерлердің шығындарын өтеу үшін арналған. Сонымен қатар мемлекетте бюджет саласындағы қызметкерлердің жалақысының өсіру мүмкіндіктері пайда болған кезде тарифтік мөлшерлемелердің өсуі өтеді. Қазақстанда тарифтік мөлшерлемелерді өсіру мүмкіндіктері экономикалық дамыған мемлекеттерге қарағанда төмен.

Тарифтік тордағы минимал тарифтік қызметақы барлық мемлекеттерде заңды түрде бекітілген еңбек ақыны төлеудің минимал мөлшеріне жуықтап сәйкес келеді. Оның шамасының жоғарылатуын периодты түрде қарастырып отырады. Бірақ Қазақстан Республикасында минимал тарифтік қызметақы еңбек ақы төлеудің минимал мөлшері түрінде болмайды, ол жәрдемақы, төлем, айыппұл, ақша ықпалшарасының шамасын анықтау үшін қолданылатын, еңбек ақы төлеудің минимал мөлшерінде берілетін есептеуіш бірлік шама [25; 119 б. ] .

Тарифтік тор тарифтік разрядпен сипатталынатын жұмыскерлердің орындалған жұмыстың біліктілік деңгейіне және біліктілігіне байланысты олардың еңбек ақының мөлшерінің сараптауының құралы болып есептелінеді.

Кәсіпорындардың жұмыскерлерінің еңбек ақысын төлеудің разрядын анықтау кезінде комерциялық кәсіпорындардың берілген разрядқа талаптанатын әрбір қызметкерінде міндетті түрде болатын біліктілік сипаттамалардың жинағы қолданылады. Бірақ разрядты бекіту кезінде маңызды рөлді жоғары эксперттер қатысатын кәсіпорын қызметкерлерінің аттестациясы және комерциялық кәсіпорынның басшылығымен жиналған персоналдың жұмысының сапасы және нақты тәжірибесі туралы мәліметтер алады. Елеулі орынды жұмыскердің білімділік деңгейі де алады.

Еңбек ақыны төлеудің тарифтік-мерзімдік жүйесі немесе қарапайым мерзімдік жүйе деп атайды, өйткені ол жалақының тек қана тарифтік мөлшерлемесінен және жұмыс істелген уақыт шамасынан тәуелді болатын тарифтік бөлігін ғана қамтиды. Қарапайым мерзімдік жүйе мамандардың және қызметшілердің еңбек ақысын төлеуге қолдану ең ыңғайлы, бірақ осы жағдайда да ол еңбек ақы төлеудің барлық каналдарын ескермейді және жалақының қосымша тарифтік бөлігінің бірқатар қосымша төлем мүмкіндіктерін есепке алмайды

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КӘСІПОРЫННЫҢ ЕҢБЕК АҚЫ ТӨЛЕУ ЖҮЙЕСІ
Жалақы есептеулерiнiң - топтамалық есебi
Қызметкерді денсаулығына байланысты басқа жұмысқа уақытша ауыстыру
Еңбекақы теориясы
Нарық шартындағы еңбек ақы
Қызметкерлердің жұмыс уақыттары
Кәсіпорын шығындары аудитінің міндеттері, мақсаттары және ақпараттық қамтамасыз етілуі
Жалақының мөлшеріне әсер ететін факторлар
ЕҢБЕКАҚЫ ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
ЖҰМЫСКЕРЛЕРМЕН ЕҢБЕКАҚЫ БОЙЫНША ЕСЕП АЙЫРЫСУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz