Міндеттемелер есебін бақылау


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Есмакаева Т. Р.
Мемлекеттік мекемелерде міндеттемелердің есебі және бақылауы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
мамандығы 5В050800 - «Есеп және аудит»
Павлодар
2013
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
«Есеп және аудит» кафедрасы
2013 ж. «___»
«Қорғауға жіберілді»
Кафедра меңгерушісі А. Ж. Мусина
(қолы) (аты-жөні, тегі)
Мемлекеттік мекемелерде міндеттемелердің есебі және бақылауы тақырыбына арналған
5В050800 Есеп және аудит мамандығы бойынша
(шифрі) (атауы)
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Павлодар
2013
Мазмұны
Кіріспе
Мемлекеттік мекемелерде (әріқарай ММ) есепті ұйымдастыру ісінде міндеттемелердің есебі мен бақылауының алатын орны ерекше. Кредиторлармен есеп айырысудың жағдайын бақылауды оңтайлы ұйымдастыру келісім-шарт және есеп айырысу тәртібін нығайтуға, өнімді белгіленген ассортиментте және сапада жеткізу бойынша міндеттемелерді орындауға, төлем тәртібінің сақталуына қатысты жауапкершіліктің артуына, кредиторлық берешектердің қысқаруына, нәтижесінде мемлекеттік мекеменің қаржылық жағдайының жақсаруына ықпал етеді.
Міндеттемелер бухгалтерлік есептегі тіркелетін операциялардың барлық ақпараттық қабатын қамтиды, сөйтіп, олардың міндеттемелік құраушы бөлігін қайта қарау міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жоспарының орындалуын анықтайды. Мемлекеттік мекеменің міндеттемелері туралы ақпарат басқару шешімдерін қабылдау үшін маңызды ақпарат болып табылады.
Жоғарыда айтылғанмен байланысты, жеткізушілермен есеп айырысулардың құрылуы мен есебі мәселесі мемлекеттік мекеменің қызметін ұйымдастыру үшін де, мемлекеттік мекеменің шығындарына бюджеттен бөлінетін ақшалай ассигнацияларды пайдаланудың оңтайлылығы мен заңдылығын анықтауда да маңызды рөл атқарады. Осы мәселе зерттеудің көкейкестілігін танытады.
Осы диплом жұмысының мақсаты міндеттемелердің есебі мен бақылауының ұйымдастырылуын зерттеу болып табылады.
Дипломдық жұмыстың алдына қойылған мақсатқа сәйкес қарастыруға жататын мынандай міндеттер анықталды:
- бухгалтерлік мазмұндағы міндеттемелердің есебінің теориялық негіздерін және оған қатысты тұжырымдамалық көзқарастарды зерттеу;
- міндеттеме ұғымын түсіндіру және оларды жіктеу;
- міндеттемелердің түрлерін қарастыру;
- міндеттемелер бойынша есеп айрысуларды ұйымдастыру мен жүргізудің нормативтік реттелуін зерттеу;
- міндеттемелердің синтетикалық және аналитикалық есебін жүргізуді және құруды көрсету;
- мемлекеттік мекемеде міндеттемелердің есебін жүргізу тәжірибесімен танысу;
- «Жаңажол ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі міндеттемелер бойынша есеп айырысулар есебіне қаржылық тексеру жүргізу;
- зерттеудің қортындысына бағалау;
- есептің жағдайына жасалған қаржылық бақылаудың материалдары мен оның нәтижесінде анықталған кемшіліктер негізінде бухгалтерлік есепте мекеменің міндеттемелерінің көрсетілуі бойынша негізді ұсыныстар мен кеңестер енгізу.
Зерттеудің тәжірибелік мәні бухгалтерлік есеп пен міндеттемелерді бақылаудың әдістемелік және ұйымдастыру аспектілері, сондай-ақ оларды мемлекеттік мекемеде тиімді пайдалану мәселесі болып табылады.
Ғылыми жаңашылдығы - міндеттемелердің мәнін бухгалтерлік есеппен байланыста қарауды теориялық тұрғыда негіздеу және мемлекеттік мекемелерде ағымдық міндеттемелердің есебі мен бақылауын ұйымдастырудың әдісін жетілдіру.
Зерттеу жүргізу үшін ақпараттық база ретінде заңнамалық актілер, мерзімдік ғылыми басылымдардағы еңбектер, ресми материалдар алынды.
Мәселенің зерттелу деңгейі. Қазіргі экономикалық әдебиеттерде міндеттемелерді зерттеуге қатысты көптеген ғылыми еңбектер бар. Бірақ оларда көбінде міндеттемелердің мазмұны экономикалық мәселелер және оларды шешудің теориясы тұрғысынан қарастырылған. Міндеттемелердің ақпараттық мазмұнының жекелеген аспектілерін сипаттай отырып, авторлар есеп пен бақылаудың жалпыға белгілі жүйесіндегі міндеттемелер есебінің шаруашылық операцияларын үнемі көрсете бермейді.
Отандық ғылымда бухгалтерлік есептің жалпы мәселелері
К. К. Кеулимжаев, К. Ш. Дюсембаев, М. С. Ержанов, К. Т. Тайгашинова,
С. Т. Міржақыпова, Ф. С. Сейдахметова, Г. К. Төлешова, В. Л. Назарова,
З. Н. Әжібаева, С. Д. Тажибаев, К. Н. Нарибаев, С. С. Сатубалдин,
С. Ж. Жакипбеков және тағы да басқа ғалымдардың еңбектерінде жан-жақты қарастырылған.
Ал мемлекеттік мекемелердегі міндеттемелердің есебіне арналған жұмыстар жоқ. Осы салада теориялық және тәжірибелік тұрғыдан қарастыруды қажет ететін көптеген мәселелер бар. Осы мәселе зерттеу тақырыбының көкейкестілігін танытады.
Зерттеудің нысаны ретінде «Жаңажол ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі алынды.
1 Міндеттемелер есебінің теориялық аспектілері
1. 1 Міндеттеменің мәні және олардың жіктелуі
Қаржылық-шаруашылық әрекет үрдісінде, әрбір ұйымның алдында міндеттеме туындайды. Міндеттеме дегеніміз ол, міндет немесе жауапкершілік немесе белгілі бір түрде әрекет ету. Міндеттемелер келісім шарттық немесе заңнамалық талаптар салдарынан заңды күшке ие бола алады. Жұмыстар және қызметтер үшін несиелі борыш турал сөз болғанда осылайша болады. Бірақ сонымен бірге міндеттеме күнделікті іскерлік тәжірибеде, іскерлік жақсы қарым-қатынасты сақтау ниетінен және әділ әрекет етуден туындайды.
Мысалға, егер кәсіпорын кепілдік мерзім аяқталған соң саясатын өзгерту туралы шешім қабылдаса, онда осыған дейін өткізілген тауарлар бойынша жұмсалады деген шығынның сомасы міндеттеме болып есептелінеді. Бар және болашақта болатын міндеттерді ажырата білу қажет. Басшылықтың болашақта актив сатып алу туралы шешімі өздігінен міндеттеменің туындауына әкелмейді.
Осылайша міндеттеме дегеніміз, өткен оқиғалар салдарынан туындайтын кәсіпорынның борышы және оны жабу кәсіпорынның қорының азайтуна әкеледі және болашақта болады деген экономикалық пайданы жояды. Міндеттемелер өткен операциялар немесе басқадай оқиғалар нәтижесінде туындайды.
Мысалға, тауарларды сатып алу және қызмет көрсету түрін алу несиелі борыштың (егер ол жеткізілгенге дейін немесе жеткізілгеннен кейін дереу төленбесе) туындауына әкеледі, ал банктен несие алу оны қайтару міндеттемесінің туындауына әкеледі.
Кредиторлық борыш құқықтық санат ретінде, кредиторлық борыш ұйым және оның кредиторлары арасындағы міндетті құқықтық қатынас заты болып енетін, кәсіпорын мүлігінің ерекше бөлігі.
Кредиторлық борыш түсінігімен дебитор-ұйымның түрлі деңгейдегі борыштың міндеттемелері сонымен бірге заңды және құқықтық түрлі деңгейі қамтылады, ол өз кезегіңде заң деңгейінде келісілген түсініктік аппаратты тәжірибеде қолдануды қажет етеді. Кредиторлық борыш кәсіпорынға жататын қаражаттың (құралдың) бір көзі болып енетіндіктен оны баланстың пассивінде көрсетеді.
Кредиторлық борышты есепке алу әрбір кредитор бойынша жеке жүргізіледі, ал жалпыландырушы көрсеткіштерде кредиторлық борыштың жалпы сомасын көрсетеді және топтарға бөле отыра береді.
Кредиторлық борыш шын мәнісінде тегін несие болып енеді және кәсіпорынның шаруашылық айналымына тартқан қаражаты қатарына жатады. Тұрақты пассивтерге қарағанда кредиторлық борыш айналым қаражатын қалыптастырудың жоспарланбаған көзі болып енеді. Кредиторлық борыш кәсіпорынның қысқа мерзімді міндеттемелері қатарына жатады.
Кредиторлық борыштың бөлігі заңды, себебі ол есептеулердің ерекшеліктеріне байланысты туындайды.
Алайда кейбір жағдайларда кредиторлық борыш есептік -төлем тәртіптерінің бұзылуы нәтижесінде туындайды және кәсіпорынның өнімге төлем жүргізу және есеп жүргізу құжаттарының мерзімін сақтамау салдары болып енеді. Кредиторлық борыш кәсіпорынның ішкі көздері есебінен қалыптасатын, қолданатын несие қаражатының неғұрлым қысқа түрі ретінде сипатталады.
Кредиторлық борыштың құрамына енетін қаражат аударылған сәттен бастап, кәсіпорынның меншігі болып енбейді, ол тек оны міндеттемелерді төлеу мерзімі болғанға дейін ғана қолдана алатын болады, олар өздерінің экономикалық мазмұны жағынан несие капиталының бір түрі болып енеді.
Кәсіпорынның өзінің шаруашылық қызметі үрдісінде несие капиталының түрі ретінде қолданылуына байланысты, кредиторлық борыш келесідей негізгі ерекшеліктермен сипатталады:
- кәсіпорын үшін қолданылатын тегін кредиторлық қаражат көзі болып енеді. Капиталды қалыптастырудың тегін көзі ретінде оның кредиторлық бөлігінің төмендеуін ғана қамтамасыз етіп қана қоймайды сонымен бірге кәсіпорын капиталының толық құнының да төмендеуін қамтамасыз етеді;
- оның көлемі кәсіпорынның қаржылық кезеңінің ұзақтылығына әсер етеді. Ол белгілі бір деңгейде айналым активтерін қаржыландыруға арналған қажетті қаражат көлемінде әсер етеді. Кредиторлық борыштың қатысты көлемі неғұрлым жоғары болса, кәсіпорынға да өзінің шаруашылық қызметін ағымда қаржыландыруға соншалықты аз көлемде қаражат тарту қажет болады;
- кредиторлық борыштың сомасы кәсіпорынның шаруашылық қызметінің көлеміне тікелей байланысты болады, бірінші кезекте өндіріс және өнімді өткізу көлеміне. Өндіріс көлемінің және өнімді өткізу көлемінің өсуімен кәсіпорынның кредиторлық борыш құрамына аударатын шығыны да өседі, осыған сәйкес оның жалпы сомасы даы өседі және керісінше болады.
Болжанатын көлем көптеген түрлер бойынша тек қана бағалау сипатында ғана болады. Ол кредиторлық борыш құрамына енетін көптеген аударымдардың көлемінің шаруашылық қызметінің көптеген өлшемдерінің белгісіз болуына байланысты сандық нақты есеп жүргізуге келмейтіндігімен байланысты. Жекелеген түрлер бойынша және кәсіпорын бойынша тұтас алғанда осы көлем аударылған төлем қаражаттарының кезеңдігіне байланысты.
Осы төлемдердің кезеңділігі мемлекеттік нормативтік-құқықтық актілермен, шаруашылық серіктестерінің шарт талаптарымен реттеледі және тек біраз бөлігі ғана кәсіпорынның ішкі нормативтерімен реттеледі. Кредиторлық борыштың құрамына енетін жекелеген есеп шоттар бойынша төлемдердің кезеңділігіне жоғары деңгейде тәуелді болуы, несие қаражатының осы көзінің қаржылық менеджмент үрдісінде реттелуінің төменгі деңгейін анықтайды.
Сатып алушылардың дебиторлық борыштарының көптігі салдарынан авансталған айналым қаражатының елеулі бөлігі кәсіпорынға көп кешіктіріліп қайтарылады немесе мүлдем қайтпай қалады. Өтеу мерзімі өтіп кеткен дебиторлық борышты жабудың қаржылық көзі кредиторлық борыш болады.
Осылайша меншікті айналым қаражатының жеткіліксіздігі кредиторлық борыштың өсуіне әкеледі, төлем жүргізбеу айналым қаражатының қалыптасу көздерінің құрылымының түрін өзгертеді және айналып келгенде осының бәрі жаңдану үрдісіне кері әсер етеді.
Кәсіпорынның кредиторлық борышының көлеміне сатуп алулардың жалпы көлемі және кейіннен төлем төлем жүргізу шартымен сатып алу үлесі, контрагенттермен жасалынған шарт талаптары; жеткізушілермен және мердігерлермен есеп айырыск шарты, нарықтың аталған өніммен қанықтырылу деңгейі; кредиторлық борышты төлеу саясаты, кредиторлық борышты талдау сапасы және оның нәтижелерін қолдану дәйектілігі, кәсіпорында қабылданған есеп айырысу жүйесі әсер етеді.
Аударыммен есеп айырысу көлемі ұлғайғанда кредиторлық борыштың айналымдылығы және сапасы ұлғаяды, ал көлемі азаяды осыдан кәсіпорынның төлем жүргізуге қабылеттілігі және тұрақтылығы жоғарлайды.
Міндеттемелерді 1. 1 суретте берілген келесідей негізгі белгілер бойынша жіктеуге болады:
- нақты және шартты міндеттемелер;
- төлеу мерзіміне байланысты; қысқа мерзімді (ағымдағы) және ұзақ мерзімді міндеттемелер; төлемнің басталу фактісі бойынша: мерзімі өтіп кеткен және мерзімі өтпеген міндеттемелер.
1. 1-сурет - Міндеттемелердің жіктелуі.
Нақты міндеттемелер шарт, келісім шарт, алынған есеп шот негізінде туындайды. Олар бойынша борыш сомасы белгілі. Шартты міндеттемелер бойынша керісінше нақты күні болғанга нақты сомасы белгілі болмайды. Ол салық, еңбек демалыстарын және т. с. с. төлеу бойынша борыш.
Қаржылық есеп беруде міндеттемелерді дұрыс көрсету үшін, қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарының № 1 «Қаржылық есеп беру» ережелерін ұстана отыра борышты қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді деп бөлу қажет.
Кредиторлық борыш егер ол төменде көрсетілген белгілердің кез-келгенін қанағаттандыратын болса қысқа мерзімді деп жіктелетін болады, олар:
- оны кәсіпорынның күнделіктік операциялық кезеңі аясында жабу;
- ол негізінен сауда жасау мақсатында болса;
- есеп еру күнінен он екі ай ішінде төленетін болса;
- есеп беру күнінен ең аз дегенде он екі ай ішінде міндеттемелерді төлеуді кейінгіге қалдыруға кәсіпорынның құқығы жоқ.
Дивиденттер - акционерлер арасында бөліп таратуға жататын табыс бөлігі. Дивиденттердің көлемі жалпы жиналыстың шешімімен анықталады және директорлар Кеңесімен ресми түрде жарияланады.
Ресми түрде жарияланбаған дивиденттер бойынша, міндеттемелер танылмайды. Ағымдағы жыл бойында (немесе операциондық кезеңде) егер төлем жасауға жататын болса, жарияланғаннан кейін ағымдағы міндеттеме түрінде көрсетілуі керек. Ерекше акциядар бойынша борыш кезіңде дивиденттер қаржылық есеп берудің түсініктеме жазбаларында қосымша ашылып жазылуы қажет.
Аударылған міндеттемелер. Аударылған төлемдерге еңбек демалыстар, кредиторларға тиесілі бірақ әлі төленбеген сыйақылар және пайыздар жатады. Аударылған төлемдер есеп беру кезеңінің соңында түзету жазбалары түрінде енгізілуі жолымен көрсетілуі мүмкін.
Мысалға, көрсетілмеген және әлі төленбеген сыйақылар есеп беру кезеңінің соңында сыйақыны төлеуге жұмсалатын шығындарды дебеттеп және аударылған сыйақылардың шоттарын кредиттеп көрсету керек.
Аударылған төлемдерді тану міндеттемелерді анықтаумен және сәйкестік приницпімен келісіледі. Компания клиенттерден және жұмыскерлерден депозит алғанда ерекше міндеттеме туындайды.
Клиенттерден депозитті болашақта туындайтын немесе шарт немесе қызмет көрсету талаптарын орындау кепілдігін орындауда туындайтын міндеттемелерді төлеу кепілдігі ретінде алуға болады.
Мысалға, тапсырыс алынғанда компания тапсырыстан бас тартқан жағдайда туындауы мүмкін шығындарды жабу үшін авансты төлеуді талап ете алады. Ақша қаражатын алатын компанияларда осындай аванстардың салдарынан операция аяқталғанға дейін міндеттемелер туындайды.
Аванстар ақша қаражатын дебеттеп және есеп шотты кредиттей отыра, клиенттің міндеттемелерін немесе депозиттерін көрсетеді.
Көбінесе клиенттерден депозиттерді клиенттерге берілген мүлікке келтірілген зиян келтіру немесе төлем жүргізбей қою мүмкіндік жағдайына кепілдік ретінде алынады. Мысалға, клиенттерден көгілдір от, су, электр және басқада коммуналдық қызмет түрлері үшін төлем ретінде алынатын депозиттер, осындай компаниялардың өзінің клиенттері алдындағы міндеттемесі болып енеді.
Сонымен қатар команияның кілттерін немесе басқа мүлікін қайтару кепілдігі ретінде жұмыскерлер депозитті сала алады.
Депозиттер оны алған күннен бастап өзара қарым-қатынас мерзімінің күтілетін аяқталу мерзімі арасындағы уақыт аралығына байланысты ағымдаеғы немесе ұзақ мерзімді міндеттеме түрінде көрсетілуі керек.
Егер аванстар немесе депозитер пайыздық болса, онда пайыздар бойынша шығынды аудару үшін және олармен байланысты міндеттемелерді ұлғайту үшін түзетуші жазба қажет. Қызмет көрсетуге (жүкті жеткізу, билеттер сату, жалгерлік төлем, журналдарға жазылу) алдын-ала төлем жүргізу түрінде ақша қаражатын алу кезіңде осы ақша қаражаты бірден табыс ретінде танылмайды, жеке есеп шот түрінде көрсетіледі. Жүк жеткізілгенге немесе қызмет түрі көрсетілгенге дейін аванс түрінле алынған ақша қаражаты бойынша міндеттеме туындайды.
Табысты идентификациялау принципіне сәйкес осы ақша қаражаты табыс ретінде танылмайды.
Аванспен алынған табысқа мысал ретінде алуға болатындар: колледждағы оқуға төлем, жалгерлік төлем, билеттерді сату және журналға жазылу үшін төлем жүргізу. Мұндай операциялар ақша қаражатының дебеті бойынша және кредит бойынша міндеттемелердің ағымдағы тиісті есеп шоттарында көрсетіледі. «Болашақтағы табыс» деп аталатын бұл есеп шотты анықтайтын сөз болады, мысалға басылым үшін төлем алу кезіңде ол басылымнан алынатын болашақ табыс болады.
Бұл есеп шоттың басқада аталуы болуы мүмкін, мысалға: «алдын-ала төлем жүргізілген басылымнан алынатын табыс» немесе «басылымға жазылудан аванспен алынған табыс». Алайда осындай есеп шоттардың аталуларында мерзімі кешіктірілген табыстар деген сөздер кездесіп қалады, алайда ол осы есеп шоттың нақты анықтамасы болып енбейді. Содан кейін өнім жеткізілгеннен кейін немесе қызмет түрі көрсетілгеннен кейін және табыс шыныменде алынғаннан кейін болашақ кезеңдердің табыс есебі азаяды, ал табыстың тиісті есеп шоты кредиттеледі.
Осы соңғы жазба көбінесе жыл соңында түзетуші жазбалардың бірі болып енеді. Мемлекеттік заңдар субъектілерден белгілі бір салықты төлеуді талап етеді. Салық аударылғаннан кейін олар міндеттеме ретінде есепке алынады, ал төленгеннен кейін есептен шығарылады.
Шартты міндеттемелер бойынша төлемдер кейбір міндеттемелер субъектінің табысы негізінде анықталады (сыйақылар, қызметкерлер арасында табысты бөліп-тарату, табысқа салынатын салық), яғни ол болашақ нәтижелерге байланысты болады.
Нақты сомалары жыл соңында ғана анықталуы мүмкін, бірақ көбінесе оларға тоқсан сайын баға беруді талап етеді.
Төлем жүргізілген сәтке дейін олар субъектінің ағымдағы міндеттемелерін білдіреді. Ұзақ мерзімдіге есеп беру жылынан бір жылдан кейін алынады немесе төленеді деп болжам жасалынатын борыш жатады. Ұзақ мерзімді міндеттемелерге ереже бойынша оған ұзақ мерзімді кредиттер енеді.
Мерзімі өтіп кеткен борышты төлеу мүмкінсіздігі қарызды күштеп талап ету мерзімінің өтіп кетуіне байланысты болуы мүмкін. Борышты төлеу мүмкіндігі және мүмкінсіздігін нақты жағдайды есепке ала отыра, дебитор-ұйым өзі бағалайды. Балансты құру кезіңде төлеу мерзімі басталмаған кредиторлық борыш, кәсіпорынның міндеттер бойынша қарызы.
Міндеттемелерді ашып көрсеткен кезде, кредиторлардың талабы бойынша төленуге тиісті міндеттемелер мен есепті күннен кейінгі бір жылдың ішінде өтелуге тиісті қысқа мерзімді міндеттемелердің бөлігін қоса алғанда мынадай баптар ашылуы тиіс: қысқа мерзімді несиелер; салықтар бойынша берешек; төлеуге арналған дивиденттер; жұмысшылар мен қызыметкерлерге еңбекақы төлеу; жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу.
Кәсіпорын өз өндірісінің тиімді және ырғақты жұмысын қамтамасыз ету үшін өзінің материалдық-техникалық базасын жасайды, яғни өндіріске қажет қорларын құрайды. Кәсіпорынды жабдықтау экономикалық және әлеуметтік даму жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Кәсіпорын өзінің ұдайы өндірісін қамтамасыз ету үшін өнім шығарушы кәсіпорындармен немесе делдалдық ұйымдармен келісімшартқа отырады.
Жабдықтаушылармен есеп айырысулар міндеттемелермен есебі жөніндегі журналда ай аяғында талданған қалдықтар көрсетіледі. Талдама есептің құрылымы негізінен жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу жөніндегі қалдықтар туралы мағлұмат алуды қамтамасыз ету үшін және есеп айырысуын жедел бақылау үшін мына төмендегі топтардан қалыптасады, атап айтсақ: төлеу мерзімі келмеген есеп айырысулар жөніндегі жабдықтаушылардың құжаттарынан; фактураланбай қалған жабдықтардан; мерзімінде төленбеген есеп айырысу құжаттары бойынша жабдықтаушылардан.
Қызметкерлермен еңбекақы бойынша міндеттемелермен есеп айырысудың есебі. Жалақының түрлері, еңбекақы төлеудің нысандары мен жүйелері. [10]
Жалақы екі түрге бөлінеді:
- негізгі;
- қосымша.
Негізгі - бұл қызметкерлерге нақты жұмыспен өтеген уақыты үшін, орындаған жұмыстары мен өнеркәсіптік өнімдерінің саны мен сапасы үшін белгіленген бағалаулар мен қызметақы бойынша есептелетін жалақы.
Бюджетпен және банк ұйымдарымен есеп айырысу міндеттері.
Салық міндеттемесі мемлекет алдындағы әрбір салық төлеушінің міндеттемесі болып табылады және ол салық заңына сәйкес жүргізіледі.
Салық кодексі республикалық және жергілікті бюджетке түсетін салықтарды, алымдар мен салымдарды және басқа да міндетті төлемдерді белгілейтін, Қазақстан Республикасы заңдарымен реттелетін кеден баж салығы, алымы мен төлемдері мәселелерін қоспағанда, Қазақстан Республикасындағы барлық салықтық қатынастарды реттейтін бірден-бір заңды құжаты болып табылады. [1]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz