Кәсіпорынның қаржылық ресурстарын қалыптастыру көздері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 84 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе
3
: 1
Кіріспе: Кәсіпорынның қаржылық ресурстарының қалыптасуы мен оларды нәтижелі пайдаланудың теориялық негіздері
3: 5
: 1. 1
Кіріспе: Кәсіпорынның қаржылық ресурстарының мәні, құрамы, құрылымы
3: 5
: 1. 2
Кіріспе: Кәсіпорында қаржылық ресурстарды қалыптастыру және пайдалану
3: 17
: 1. 3
Кіріспе: Нарық жағдайларында кәсіпорынның қаржылық ресурстарын басқару әдістері
3: 26
: 2
Кіріспе: Кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастыру мен нәтижелі пайдаланудың сараптамасы («Тамыр» Несие серіктестігі» ЖШС үлгісінде)
3: 34
: 2. 1
Кіріспе: «Тамыр» Несие серіктестігі» ЖШС қызметінің сипаттамасы және оның экономикалық көрсеткіштерін талдау
3: 34
: 2. 2
Кіріспе: «Тамыр» Несие серіктестігі» ЖШС қаржы ресурстарының қайнар көздерінің сараптамасы
3: 39
: 2. 3
Кіріспе: «Тамыр» Несие серіктестігі» ЖШС-нің қаржы ресурстарын пайдалану тиімділігінің сараптамасы
3: 47
: 3
Кіріспе: Кәсіпорындағы қаржы ресурстарын басқару, қалыптастыру мен пайдаланудың тиімділігін арттыру бойынша даму бағыттары
3: 59
:
Кіріспе: Қорытынды
3: 67
:
Кіріспе: Пайдаланған әдебиеттер тізімі
3: 69
:
Кіріспе: А қосымшасы 2010 жылдың «31» желтоқсанына «Тамыр» Несие серіктестігі» ЖШС Қаржылық есебі
3: 72
:
Кіріспе: Ә қосымшасы Графикалық бөлім
3: 77

Кіріспе

Шаруашылық жүргізудің нарықтық жағдайларында негізгі звено болып шаруашылық жүргізуші субъект ретінде болып келетін кәсіпорындар табылады. өз қызметінің бастамасы үшін және ары қарай сәтті қызмет ету үшін кез келген кәсіпорынға ресурстардың алуан түрлері қажет. «Ресурс» термині аударғанда «қосалқы құрал» дегенді білдіреді.

Кәсіпорын ресурстары - бұл кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруды қамтамасыз ететін бар қаражаттар. Олар субъектімен қолданылады және қойылған мақсатқа жету үшін тұтынылады.

Кәсіпкерлер шаруашылық қызметті жүзеге аысур үшін, өнімді, кірістер мен жинақталған ақшаларды алу үшін ресурстардың белгілі бір түрлерін: материалдық, еңбектік, қаржылық, сондай-ақ ақша қаражаттарын пайдаланады.

Қаржы ресурстары өндірістің дамуына және өндірістік емес саланың объектьілерін ұстау мен оларды дамытуға, тұтынуға бағытталады, сондай-ақ резервте қала бере алады. өндірістік-сауда үрдісін дамытуға пайдаланылатын қаржы ресурстары ақшалай насынындағы капитал болып келеді.

Керекті көлемдегі қаржы ресурстарының болуы, олардың тиімді пайдаланылуы, кәсіпорынның жақсы қаржылық жағдайын, төлемқабілеттігін, тұрақтылығын, өтемділігін алдын ала анықтайды. Бұл тұрғыда кәсіпорынның маңызды міндеті болып өзіндік қаржы ресурстарын ұлғайту резервін іздеп табу және кәсіпорынның бүтіндей жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында оларды тиімді пайдалану табылады. Осының бәрі аталған жұмыстың бүгінгі жағдайларда ғана емес, өндірістік қызметтің барлық кезеңдеріндегі өзектілігі жайлы айтуға мүмүкіндік береді.

Қаржы ресурстарын қалыптастыру мен тиімді пайдаланудың мәселелері И. А. Бланктің, В. В. Ковалевтің, О. В. Ефимованың, Л. В. Донцованың, А. Н. Савицкаяның, Э. О. Нурсеитовтің, Б. С. Сапарованың еңбектерінде және т. б. қарастырылған.

Қаржы ресурстарын басқарудың теориялық мәселелерін ашуда түрлі оқу құралдары, периодикалық басылымдардың ақпараттары қолданылған.

Тақырыптың өзектілігі және оның теориялық және практикалық маңызы зерттеу бағытын таңдауды шарттаған, оның мақсаттары мен міндеттерін анықтаған.

Аталған жұмыстың басты мақсаты - заманалы жағдайларда шаруашылық жүргізуші субъектілерді қалыптастыру және пайдалану теорияларын зерттеу негізінде олардың сараптамасын жасау және оларды қалыптастыру мен пайдалануды жетілдіру бойынша рекомендациялар жасау.

Қойылған мақсатқа жету үшін келесі мәселелерді шешу керек:

  • Қазіргі жағдайда қаржы ресурстарының мәні мен олардың қалыптасу көздерін ашу; Кәсіпорынның өндірістік үрдісін қамтамасыз етуде қаржы ресурстарының ролін анықтау; Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы көрсеткіштерін сипаттау; «Тамыр» Несие серіктестігі» ЖШС қаржы ресурстарын қалыптасру мен пайдалануға баға беру; «Тамыр» Несие серіктестігі» ЖШС; тұрақтылығын сарапқа салуКәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастыру мен пайдалануды жетілдіру бойынша негізгі бағыттарды ұсыну; Кәсіпорын қызметін қаржыландырудың альтернативті көздерін пайдалануды жасап шығару.

Зерттеу объектісі болып «Тамыр» Несие серіктестігі» ЖШС табылады.

Зерттеу пәні болып кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастыру мен пайдаланудың тиімділігі табылады.

Зерттеудің телориялық негізі болып дипломдық жұмыста зерттелетін мәселелердің сараптамасы мен оларды шешуге айтарлықтай көмек көрсеткен отандық және шетелдік ғалымдар мен мамандардың еңбектері табылады.

«Тамыр» Несие серіктестігі» ЖШС кәсіпорнының қаржы ресурстарын басқарудың сараптамасын жасауда көлденең сараптама, тік сараптама, коэффициенттердің сараптамасы, салыстырмалы сараптама сияқты әдіс-тәсілдер қолданылды.

Қаржы сараптамасының ақпараттық базасы болып 2008-2009 жылдардағы кәсіпорынның бухгалтерлік есептілігі, атап айтқанда бухгалтерлік баланс, кірістер мен шгығыстар жайлы есеп және т. б. табылды.

Жұмыстың ғылыми жаңашылдығы зерттелетін кәсіпорындағы ресурстарды қалыптастыру мен үлестіру үрдісінің ұсынылған нәтижелілік механизмінде жатыр.

Дипломдық жұмыста алынған нәтижелер «Тамыр» Несие серіктестігі» ЖШС кәсіпорнында пайдаланылуы мүмкін, бұл кәсіпорынның қаржы ресурстарын тиімді пайдалануда экономикалық нәтижеге қол жеткізуге жәрдемжеседі.

1 Кәсіпорынның қаржылық ресурстарының қалыптасуы мен оларды нәтижелі пайдаланудың теориялық негіздері

1. 1Кәсіпорынның қаржылық ресурстарының мәні, құрамы, құрылымы

Кәсіпорынның қаржылық жүйесін басқару үрдісінде қаржылық ресурстарды алу, қаржылық ресурстарды басқару және оларды қолдану мәселелері шешіледі. Өндірістік кәсіпорынның қызметінің негізі болып өндіріс табылады, және соған сәйкес ақша қаражаттардың қозғалысы материалдық ресурстардың қозғалысымен шартталған. Басқа сөзбен айтқанда, кәсіпорынның салалық ерекшеліктері, оның көлемі, өнімді дайындаудың өндірістік циклының ұзақтығы кәсіпкерлік қызметтің құрылымы мен оның белгілі бір түрін қаржыландыру тәсілдерін анықтайды.

Кәсіпорынның қаржылық ресурстары - кеңейтілген өндірісті қамтамасыз ету бойынша қаржылық міндеттемелерді орындауға және шығындарды өтеуге арналған кіріс пен сыртқы түсімдер түріндегі ақшалай қаражаттың бір бөлігі.

Кәсіпорынның қаржылық ресурстары шаруашылық жүргізуші субъектілердің өндірістік-шаруашылық қызметінің нәтижесінде өздері өндірген тауарды сатып ол үшін ақша алу жолымен, сондай-ақ қаржы нарығындағы қаражатты мобилизациялау жолымен (өз акцияларын сату, дивидендтер алу, несие алу және т. б. ) пайда болады.

Мұның бәрі ақша қаражаттары ағымдарының үлкен мөлшерінің болуынан, қаржы қатынастарын құрайтын қаржылық тәуелділіктің болуынан көрініс табады. Оның қатысушылары болып:

- төлемдер мен салықтардан пайда болатын және мемлекеттік және жергілікті бюджеттерді қалыптастыратын мемлекеттік ақшалай ресурстарға иелік ететін, билік жүргізетін және үлестіретін мемлекеттік органдар;

- өз өнімдерін тұтынушылардан ақша-қаражаттарын алатын және соңғысын өндіріс факторларын сатып алу, салықтар төлеу мен жинақтауларға жұмсайтын экономика мен кәсіпкерліктің барлық салалары мен сфераларының кәсіпорындары, мекемелері және ұйымдары;

- еңбекақы, зейнетақы, стипендия, жәрдемақылар, сыйлар түрінде мемлекеттен, кәсіпорыннан, кәсіпкерлерден ақша алатын және оны тұтынушылық тауарлар мен қызмет көрсетулерге және жинақтауларға жұмсайтын тұрғын халық (отбасылар мен мүгедектер) .

Қаржылық ресурстар мен капитал фирманың қаржыларын зерттеудің негізгі объектілері болып табылады. Реттелмелі нарық жағдайында қаржыгер үшін нақты объект болып табылатын және шаруашылық етуші субъектіден жаңа пайда алу мақсатында оған үнемі әсер етуге болатын «капитал» ұғымы пайдаланылады. Бұл тұрғыда капитал тәжірибелі қаржыгер үшін - өндірістің объективті факторы. Осылайша, капитал - қаржылық ресурстардың кәсіпорын айналымға енгізген және сол айналымнан пайда әкелетін бөлігі.

Бұл мағынада капитал қаржы ресурстарының айналмалы нысаны болып табылады.

Осындай анықтамада фирманың қаржылық ресурстары мен капиталының арасындағы айтарлықтай айырмашылық уақыттың кез келген кезеңінде қаржылық ресурстар кәсіпорынның капиталынан артық немесе тең болып келуінде. Бұл жерде тең деген сөз шаруашылық жүргізуші субъектінің ешқандай қаржылық міндеттемелерінің жоқтығын және барлық қаржылық ресурстардың айналымға жіберілгендігін білдіреді. Алайда бұл капиталдың көлемі қаржылық ресурстардың көлеміне неғұрлым жақындай түссе, кәсіпорын соғұрлым нәтижелі қызмет ете бастады дегенді білдірмейді.

Шынайы өмірде жұмыс істеп тұрған кәсіпорынның қаржылық ресурстары мен капиталының теңесуі болмайды. Қаржы есептілігі қаржылық ресурстар мен капиталдың арасындағы айырмашылықты байқау мүмкін болмайтындай құрылады. Себебі қалыпты есептілікте қаржылық ресурстардың нақ өздері емес, ал олардың айналған түрлері - міндеттемелер мен капитал берілген.

Айтылғандарды назарға ала отырып, келесідей маңызды қорытындылар жасауға болады:

- ертеректе жасалған барлық салықтар мен төлемдер фирманың қаржылық міндеттемелерінің бөлігі болып табыла отырып, тек қана оның кірістерінен алынады деген қорытындыға қатаң жүгінсек, онда кірістер ретінде аталған контексте фирманың белгілі бір уақыт аралығындағы жаңадан құрылған бағасын ғана пайдалануға болады. Халықаралық қаржы тәжірибесінде жалпыға ортақ қабылданған стандарттарға сәйкес, кез келген фирманың кірістерін оның қызметінің түріне байланысты операциялық (негізгі), инвестициялық және қаржылық қызметтен алынған кірістерге бөлу қабылданған;

- тәжірибелі қызметінде адамдар олардың мәндік санаттарымен емес өзгерген нысандарымен соқтығысады, сондықтан да стандартты қаржылық есепте тәжірибеге жүгіне отырып дәл осылар көрсетіледі.

Түрлі авторлар сараптау негізінде қандай фактор жатқандығына байланысты кәсіпорынның қаржылық ресурстарын түрліше топтастыруды ұсынады, сонымен И. А. Бланк келесідей топтастыруды ұсынады:

а) меншік нысанына қарай кәсіпорынмен қалыптастырылатын қаржылық ресурстар екі негізгі түрге бөлінеді - өз меншігіндегі және қарызға алынған. Кәсіпорынның қаржылық қауіпсіздігін басқару жүйесінде қаржылық ресурстарды бұлайша бөлу анықтаушы сипатқа ие болады:

1) өз меншігіндегі қаржылық ресурстар кәсіпорынға жекеменшік құқығына сәйкес тиесілі болып келетін, яғни оның өз капиталының бір бөлігін құрайтын ақшалай қаражаттар және олардың эквиваленттерінің жалпы құнын сипаттайды;

2) қарызға алынған қаржылық ресурстар кәсіпорын түрлі нысанда қайтарымдылық негізінде тартқан капиталды сипаттайды. Кәсіпорынмен күтіп тұрған шаруашылық қызметті жүзеге асыру үшін қалыптастырылған қарызға алынған қаржылық ресурстардың барлық түрлері оның көзделген мерзімде өтелуге тиіс қаржылық міндеттемлері болып табылады;

б) Кәсіпорынға қатысты тарту көздерінің топтары бойынша ішкі және сыртқы көздерден тартылатын қаржылық ресурстарды бөліп көрсетеді:

1) ішкі көздерден тартылатын қаржылық ресурстар тікелей кәсіпорында оның дамуы үшін қалыптастырылған өз бөлігін сипаттайды. Ішкі іөздерден қалыптастырылатын өзіндің қаржылық ресурстарының негізін кәсіпорынның таза кірісі құрайды;

2) сыртқы көздерден тартылатын қаржылық ресурстар оның кәсіпорыннан тыс қалыптасатын бөлігін сипаттайды. Ол сырттан тартылатын өзіндік капиталды да қарызға алынған капиталды да қамтиды. Кәсіпорынның қаржылық ресурстарын қалыптастыру көзінің бұл тобының құрамы айтарлықтай алуан түрлі;

в) тартудың уақыттық кезеңі бойынша қаржылық ресурстардың келесідей түрлері бөліп қарастырылады:

1) ұзақмерзімді негізде тартылатын қаржылық ресурстар. Олар кәсіпорынның өзіндік қаржылық ресурстарынан құралады, сондай-ақ бір жылдан аса мерзімге тартылатын олардың қарызға алынған түрлерінен. Кәсіпорынмен қалыптастырылған өзіндік және ұзақмерзімді қарызға алынған капиталдың жиынтығы «перманентті капитал» терминімен сипатталады. Ұзақмерзімді негізде тартылатын қаржылық ресурстар кәсіпорынның қаржылық қауіпсіздігі жүйесінде олардың қалыптасу процесін басқарудың негізгі объектісі болып табылады;

2) қысқамерзімді негізде тартылатын қаржылық ресурстар. Оларды кәсіпорын бір жылға дейінгі мерзімге қалыптастырады. Қаржылық қауіпсіздікті басқаруда олар әдетте кәсіпорынның уақытша шаруашылық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қолданылады;

г) кәсіпорынның қаржылық қажеттіліктерін қанағаттандыру деңгейі бойынша қалыптастырылған қаржылық ресурстардың жиынтық көлемі келесідей болып бөлінеді:

1) кәсіпорынның қаржылық қажеттіліктерін толығымен қанағаттандыруға жеткіліксіз болып келетін қаржылық ресурстар. Қаржылық ресурстарды қадыптастырудың мұндай деңгейі қаржылық қауіпсіздікті басқарудың негізгі мақсатын - алдындағы кезеңде кәсіпорынның тұрақты өсуінің жеткілікті потенциалын құруды жүзеге асыруды толық көлемде қамтамасыз етуге рұқсат етпейді;

2) кәсіпорынның қаржылық қажеттіліктерін толығымен қанағаттандыратын қаржылық ресурстар. Қаржылық ресурстарды қадыптастырудың мұндай жағдайы олардың кәсіпорынның қаржылық қажеттіліктерінің көлемімен толықтай тепе-теңдікте болуын сипатталайды;

3) кәсіпорынның қаржылық қажеттіліктерінен асып түсетін қаржылық ресурстар. Қаржылық ресурстарды қалыптастырудың мұндай жағдайы жаңа кәсіпорын құру, соның ішінде акционерлік қоғам құру (капитал алыстағы келешектің қаржылық қажеттіліктерін ескере отырып қалыптастырылғанда) жағдайларының бірқатарында немесе оның өмірінің соңғы сатыларында (кәсіпорынның инвестициялық беделдігі төмендегенде) көрініс табады. Қаржылық ресурстардың оларға деген қажеттіліктен айтарлықтай асып түсуі бұдан былай кәсіпорынның қаржылық мүдделерінің қорғалғандығының жоғарғы деңгейі жайлы куәландырмайды, себебі бұл жағдайда капитал құнын инфляциядан, уақыт аралығында және т. с. с. жоғалту қауіптері жүзеге асырылады.

Ұсынылған топтастыру кәсіпорынның қаржылық ресурстарының келіп түсу көздері негізінде құрылады.

Осылайша, кәсіпорынның қаржылық ресурстары шаруашылық жүргізуші субъектілердің өндірістік-шаруашылық қызметі нәтижесінде өздері өндірген тауарды сатудан ақша алу, сондай-ақ қаржылық нарықта қаражаттарды мобилизациялау жолымен қалыптасады деуге болады.

Профессор Поляк Г. Б. қаржылық ресурстарды оларды толтыру көздерін көрсете отырып келесідей топтастыруды ұсынады (1. 1-кесте) .

1. 1-кесте - Кәсіпорынның қаржылық ресурстарын топтастыру

Қаржылық ресурстар

Қаржылық ресурстар

көзі

Ескерту
Қаржылық ресурстар: 1
Қаржылық ресурстаркөзі: 2
Ескерту: 3
Қаржылық ресурстар: 1 Өзіндік қаржылық ресурстар:
Қаржылық ресурстар: 1. 1 Амортизация
Қаржылық ресурстаркөзі: Сатудан түскен түсім (өз құны)
Ескерту: Амортизациялық қор құрылмаған жағдайда амортизация пайдамен «бірігіп» кетеді
Қаржылық ресурстар:

1. 2 Пайда

1. 2. 1 Тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сатудан түскен пайда

1. 2. 2 Басқа да жүзеге асырулардан түскен пайда

1. 2. 3 Жүзеге асырудан тыс нәтижелердің (кірістердің) сальдосы

1. 2. 4 Резервті қор

Қаржылық ресурстаркөзі:

Сатудан түскен түсім

Басқа да жүзеге асырулардан түскен кірістер

Жүзеге асырылудан тыс кірістер

Салық салуға дейінгі пайда

Ескерту:

Соның ішінде құнды қағаздарды сатудан түскен (маржа)

Соның ішінде құнды қағаздар мен банктік депозиттерден түскен пайда

Коммерциялық құрылымдардың әр түріне арналған жарғылық капиталдың бекітілген пайызы

Қаржылық ресурстар: 1. 3 Жөндеу қоры
Қаржылық ресурстаркөзі: Өз құны
Ескерту: Егер ол бөлінсе
Қаржылық ресурстар: 1. 4 Сақтандыру резервтері
Қаржылық ресурстаркөзі: Өз құны немесе таза пайда
Ескерту:
Қаржылық ресурстар: 1. 5 Басқасы
Қаржылық ресурстаркөзі:
Ескерту: Соның ішінде жекеге теңестірілгендері, ссудалардың қайтарылуы, дебиторлық берешекті өтеу
Қаржылық ресурстар: 2 Қарызға алынған қаржылық ресурстар:
Қаржылық ресурстар: 2. 1 Банк несиесі
Қаржылық ресурстаркөзі: Тиісті кредиторлардың ресурстары
Ескерту:
Қаржылық ресурстар: 2. 2 Басқа қаржылық институттың кредиті
Қаржылық ресурстаркөзі: Тиісті кредиторлардың ресурстары
Ескерту:
Қаржылық ресурстар: 1. 1-кестенің соңы
Қаржылық ресурстар: 1
Қаржылық ресурстаркөзі: 2
Ескерту: 3
Қаржылық ресурстар: 2. 3 Бюджеттік кредит
Қаржылық ресурстаркөзі: Тиісті кредиторлардың ресурстары
Ескерту: Соның ішінде салықты кейінге қалдыру
Қаржылық ресурстар: 2. 4 Коммерциялық кредит
Қаржылық ресурстаркөзі: Тиісті кредиторлардың ресурстары
Ескерту: Төлемді кейінге шегеру, соның ішінде вексельді кредит
Қаржылық ресурстар: 2. 5 Кредиторлық берешек
Қаржылық ресурстаркөзі: Тиісті кредиторлардың ресурстары
Ескерту: Қалыпты
Қаржылық ресурстар: 2. 6. Басқалар
Қаржылық ресурстаркөзі: Тиісті кредиторлардың ресурстары
Ескерту: Соның ішінде салалық орталықтандырылған қорлардан
Қаржылық ресурстар: 3. Тартылған қаржылық ресурстар:
Қаржылық ресурстар: 3. 1 Ағымдағы және инвестициялық қызметке үлестік қатысу қаражаттары
Қаржылық ресурстаркөзі: Тиісті кредиторлардың ресурстары
Ескерту: Басқа кәсіпорындардың немесе жергілікті бюджеттердің немесе қорлардың қаражаттары болуы мүмкін
Қаржылық ресурстар: 3. 2 Құнды қағаздардың эмиссиясынан түскен қаражаттар
Қаржылық ресурстаркөзі: Тиісті кредиторлардың ресурстары
Ескерту: Шығындарды алып тастағанда
Қаржылық ресурстар: 3. 3 Еңбек ұжымының, заңды және жеке тұлғалардың мүшелерінің пай және басқа да салымдары
Қаржылық ресурстаркөзі: Тиісті кредиторлардың ресурстары
Ескерту:
Қаржылық ресурстар: 3. 4 Сақтандыру өтемдері
Қаржылық ресурстаркөзі: Тиісті кредиторлардың ресурстары
Ескерту: Сақтандыру жағдайы немесе сақтандыру мерзімі келіп қалған кезде
Қаржылық ресурстар: 3. 5 Франчайзинг, селенг, аренда және т. б. бойынша ақшалай түсімдер
Қаржылық ресурстаркөзі:
Ескерту:
Қаржылық ресурстар: 3. 6 Басқалар
Қаржылық ресурстаркөзі:
Ескерту: Соның ішінде қайырымдылық және спонсорлық көмек
Қаржылық ресурстар: 4 Мамандандырылған қаржылық ресурстар:
Қаржылық ресурстар: 4. 1 Бюджеттерден ассигнациялау және бюджеттен тыс қорлардан түскен түсімдер
Қаржылық ресурстаркөзі: Бюджеттік және бюджеттен тыс қорлардың қаражаттары
Ескерту: Соның ішінде дотация, субвенциялар, артық төлемдерді қалпына келтіру және т. с. с.
Қаржылық ресурстар: Қайнар көз: Поляк Г. Б. Қаржылық менеджмент, 121 б.

Фирманың қаржылық ресурстары - кеңейтілген өндірісті қамтамасыз ету бойынша қаржылық міндеттемелерді орындауға және шығындарды өтеуге арналған кіріс пен сыртқы түсімдер түріндегі ақшалай қаражаттың бір бөлігі. Кәсіпорынның қаржы жүйесін басқару үрдісінде қаржы ресурстарын алу, қаржы ресурстарын басқару және оларды пайдалану мәселелері шешіледі.

Тәжірибелі қызметінде адамдар олардың мәндік санаттарымен емес өзгерген нысандарымен соқтығысады, сондықтан да стандартты қаржылық есепте тәжірибеге жүгіне отырып дәл осылар көрсетіледі.

Қаржы ресурстарының анықтамасынан олардың шығу тектері бойынша ішкі (жеке) және сыртқы (тартылған) болып бөлінетіндігі шығады. Негізгі қаржы ресурстары мен олардың қалыптасу көздері 1. 1-суретінде берілген.

1. 1-сурет - Кәсіпорынның қаржылық ресурстарының құрылымы мен қайнар көздері

Өз кезегінде ішкісі шынайы түрде стандартты есепте таза пайда және амортизация түрінде, ал өзгерген нысанда - фирма қызметкерлері алдындағы міндеттемелер түрінде ұсынылған. Таза пайда кірістің жалпы сомасынан міндетті төлемдерді - салықтарды, жиындарды, айыппұлдарды, үстемеақыларды, пайыздар бөлігі мен басқа да міндетті төлемдерді алып тастағанда қалатын кіріс бөлігін білдіреді. Таза пайда шаруашылық жүргізуші субъектінің иелігінде болады және оның жетекшілігінің шешімдері бойынша үлестіріледі. Сыртқы немесе тартылған қаржы ресурстары сондай-ақ екі топқа бөлінеді: жеке өзіндік және қарызға алынған.

Бұлайша бөлу аталған кәсіпорынның дамуына сыртқы қатысушылармен салынатын капитал нысанымен шартталған: кәсіпкерлік немесе ссудалық капитал түрінде. Кәсіпкерлік капитал салымдарының нәтижесі болып тиісінше тартылған өзіндік қаржылық ресурстардың құрылуы табылады, ссудалық капитал салымдарының нәтижесі болып қарызға алынған қаржылық ресурстардың құрылуы табылады. Кәсіпкерлік капитал түрлі фирмаларға пайда табу және фирманы басқару құқықтарына ие болу мақсатымен салынған (инвестицияланған) капитал болып келеді.

Ссудалық капитал - қайтарымдылық және өтемділік шарттарына сәйкес қарызға берілген ақшалай капитал.

Кәсіпкерлік капиталға қарағанда ссудалық капитал кәсіпорынға салынбайды, ал оған уақытша пайдалануға пайыздарын алу мақсатында беріледі. Бизнестің бұл түрімен мамандандырылған несие-қаржы институттары (банктер, несиелік одақтар, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары, инвестициялық қорлар және т. б. ) айналысады. Қаржыландыру түрлерінің сипаттамасы 1. 2-кестесінде берілген.

1. 2-кестесі - Кәсіпорынды қаржыландыру көздерінің құрылымы

Қаржыландыру түрлері
Сыртқы қаржыландыру
Ішкі қаржыландыру
Қаржыландыру түрлері: Өз жеке капиталы негізінде қаржыландыру
Сыртқы қаржыландыру: Салымдар және үлестік қатысушылық негізінде қаржыландыру (мысалы, акциялар шығарылымы, жаңа пайшыларды тарту)
Ішкі қаржыландыру:

Салық салудан кейінгі пайда есебінен қаржыландыру

(тар мағынадағы өзін-өзі қаржыландыру)

Қаржыландыру түрлері: Қарызға алынған капитал негізінде қаржыландыру
Сыртқы қаржыландыру: Кредиттік қаржыландыру (мысалы, қарыздар, ссудалар, банк несиелері, жеткізіп тұрушылар несиелерінің негізінде)
Ішкі қаржыландыру: Сатудан түскен пайда негізінде қалыптасатын қарыздық капитал - резервтік қорларға салымдар (зейнетақыларға, табиғатқа келтірілген шығындарды өтеуге, салықтарды төлеуге)
Қаржыландыру түрлері: Жеке өзіндік және қарыздық капитал негізіндегі аралас қаржыландыру
Сыртқы қаржыландыру: Акцияларға ауысып алуға болатын облигацияларды, опциялық қарыздарды, ссудаларды пайдаға қатысу құқығын қамтамасыз ету негізінде шығару, артықшылықтарға ие акцияларды шығару
Ішкі қаржыландыру: Резервтердің бөлігін қамтитын негізгі позициялар (яғни әзірше салық салынбайтын салымдар)

Шынайы өмірде кәсіпкерлік және ссудалық капиталдар тығыз байланысты. Қазіргі кездегі нарықтық шаруашылық айтарлықтай диверсацияланған, яғни қызмет түрі бойынша да, кеңістікте де әр түрлі бағытталған. Диверсификация бүгінгі күні нарықтық шаруашылық пен оның қаржылық жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ететін маңызды факторлардың бірі болып табылады.

Алайда диверсификацияның тереңдеуі қаржылық ағымдар мен капиталдың күрделенуіне, қаржылық тәжірибеде арнайы құралдарды қолданудың кеңеюіне әкеп соқтырады, және бұл фирма жұмысын айтарлықтай қиындатады.

Кәсіпорынның жеке өзіндік капиталының құрылымы 1. 2-суретінде берілген.

1. 2-сурет - Кәсіпорынның жеке өзіндік капиталының құрылымы

Қаржыландырудың екі түрін әдетте ажырату қабылданған: сыртқы және ішкі. Бұлайша бөлу фирманың қаржылық ресурстарының нысандары мен капиталының қаржыландыру процесімен қатаң байланысымен шартталған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы ресурстарының көзі
Кәсіпорынның қаржы ресурстары
Кәсіпорынды қаржы көздерімен жетілдірудің негізгі көздері
Қаржылық менеджменттің механизмі мен ақпараттық база
Инвестициялық қызметтің стратегиялық мақсаттарын қалыптастыру
Кәсіпорынның қаржы ресурстарының құрамы
Кәсіпорын қызметін бағалау көрсеткіштері
Ұйымдағы қаржылық ресурстардың теориялық негіздері
Кәсіпорын капиталы
Кәсіпорындардың қаржылық ресурстарын басқаруды қалыптастырудың экономикалық механизмін жетілдіру жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz