Бюджеттік мекеменің қаржыландыру жоспарын орындау бойынша қаржылық бақылаудың мақсаты мен міндеттері


Қазақстан Республикасының білім және ғылым имнистрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Қаржы-экономика факультеті
Есеп және аудит кафедрасы
Дипломдық жұмыс
ДЖ. 050508. 26-04. 14. 09. ТЖ
Тақырыбы Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп пен бақылауды ұйымдастыру мен жүргізудің ерекшеліктері (Ақсу қаласының «Ішкі істер департаментінің бөлімі» ММ үлгісінде)
Нормабақылаушы
Оқытушы
(лауазымы, ғылыми дәрежесі)
О. А. Хасанова
(аты-жөні)
(қолы) (күні)
Ғылыми жетекшісі
Аға оқытушы
(лауазымы, ғылыми дәрежесі)
Темирова Г. Г.
(аты-жөні)
Студент
А. К. Тастемханова
(аты-жөні)
(қолы) (күні)
СЕжА-301 қ
(топ)
Кафедра меңгерушісі Шамрай И. Н.
2009
Кіріспе
Қолданыстағы заңдар бойынша шетел инвесторлардың (бірлескен кәсіпорындардың) қатысуымен және шетел инвесторларға толық жататын кәсіпорындардың енгізілуімен барлық ауыл шаруашылық кәсіпорындар, бірлестіктер мен ұйымдар мемлекетте қабылданған жалпы тұжырымдамалық көзқарасқа сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізеді, және есеп жүргізу мен есеп-қисап тәртібін сақтауға жауапкершілік тартады.
Бухгалтерлік есеп шаруашылық құбылыстардың сандық жағын жаппай, үздіксіз, деректі дәлелденген және шаруышылық фактілерді өзара байланысты тіркеу арқылы ақшалай тұлғалану, сондай-ақ натуралды көрсеткіштер түрінде зерделейді. Демек, бухгалтерлік есепте кәсіпорынның үздіксіз, қаржы және шаруашылық әрекетінің үнемі шағылысуы, оның мүлігі мен оның қалыптасу көздері, өндірістік қордың, негізгі қаражаттың, өнімді шығарып, өткізуге шығындардың, ақшалай қаражаттың, кәсіпорынның өзіне, сондай-ақ басқа да ұйымдарға берешектің барлық түрлері орын алады.
Сонымен қатар, болып жатқан шаруашылық үдерістердің шағылысу уақытында үздіксіздігі жүзеге асырылады, негізгі қаражат, өндірістік қор, ақшалай қаражат, бағалы қағаздар, есеп айырысу, кредиттер, қарыздық қаражаттар және т. б. қозғалыспен байланысты үнемі байқауы мен шаруашылық операция шағылысуы болады. Бухгалтерлік есепте істеліп жатқан фактілердің өзара тәуелділікпен сертті қаржы және шаруашылық әрекеттің өзара байланысты шағылысуы бар болып табылады.
Бухгалтерлік есеп, үнемі жетілдіріліп, нарық экономика дамуының маңызды буыны болады, ол әртүрлі деңгейлі есеп ақпаратын қамтамасыз ету арқылы басқару, болжам жасау, талдауды жақсы ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады. Кәсіпорынды басқару мақсатында сол ақпаратты барынша тиіммен пайдалану үшін озық есеп әдістерін, Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарын, компьютерлік техниканы кең пайдалануға бағытталған бухгалтерлік есеп ұйымдастыру жүйесі қажет.
Нарық қатынастарды дамыту, алуан меншік нысандар, өңірлердің бюджеттік дербестік жағдайындағы бюджеттік жүйеге мемлекеттік бірыңғай қаржы саясатын іске асыруына маңызды рөл беріледі. Мемлекеттік қаржы реттеудің бюджеттік жүйе арқылы маңызын асыра бағалау қиын, дегенмен бүгінгі таңда қаржы ресурстарды қайта бөлу тәжірибесінде болып жатқан өзгерістерді есепке алу керек. Сонымен бірге ерекше маңызды міндет барлық бюджеттік құқықтық қатынастар субъектілерімен бюджет алдында олардың міндеттерін дұрыс орындауды қамтамасыз ету болады.
Бюджеттік ұйымдарға бюджеттік бағдарламалардың қаржыландыру жоспарлар негізінде олардың қызметі бюджет қаражат есебінен толық қаржыландырылатын ұйымдар жатады.
Бюджеттік бағдарламалар бойынша шығыстарды қаржыландыру және бюджеттік мекемелер үшін қарастырылған тәртіпте бухгалтерлік есеп пен есеп-қисапты жүргізу міндетті шарт болып табылады.
Бюджеттік мекемелердегі бухгалтерлік есептің ерекшеліктері:
- 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген 2004 жылғы 24 сәуірдегі бюджеттік құрылым және бюджеттік үдеріс туралы №548-11 Бюджеттік кодексі;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 ақпандағы № 110 қаулысымен бекітілген республикалық және жергілікті бюджеттерді орындау Ережесі;
-Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі қазыналық департаментінің 1998 жылғы 27 қаңтардағы № 30 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп жөніндегі Нұсқама;
-бюджетте тұрған мекемелердің операция балансындағы есеп және шағылысу бойынша нұсқауы бар басқа да нормативтік құжаттар.
Бюджетті орындаудың бухгалтерлік есебі, немесе бюджеттік есебі - бірыңғай шаруашылық есеп жүйесінің маңызды бөлігі. Ол бюджетті орындау барысы мен нәтижесі туралы тиісті мәліметтер береді, бюджетті орындауға - кірістер түсуге, бюджеттің шығын бөлігін орындауға және мақсатты арналу бойынша мемлекеттік қаражатты пайдалануға бақылау тәсілі болып саналады.
Бюджет бойынша шығындар қаржыландыру жоспарды орындауына байланысты барлық операциялардың жаппай және үздіксіз шағылысуын жүзеге асырып, бухгалтерлік есеп ерекшеліктері бойынша бекітілген нормативтер мен шығын қаражатын бөлумен оларды үнемі салыстыруға, сондай-ақ бекітілген нормативтерден нақты шығындардың ауытқу себептерін белгілеп, барынша орынды шығындар нормасын анықтауға және жалпы алғанда бюджеттік жоспарлау деңгейін жоғарылатуға мүмкіндік береді.
Бухгалтерлік есептің ақпаратын пайдаланып, мекеме басшылары шаруашылық және қаржы әрекет барысында бекітілген нормативтерден қателер мен ауытқуларды жою жөнінде шараларды жедел қабылдай алады. Бухгалтерлік есеп арқылы әр мекемеде қаражат сақталуға үнемі байқау, оларды тімді пайдалануға бақылау қойылады.
Бухгалтерлік есептің деректері бойынша бюджеттік қаражатты пайдалануда қырсыздық, ысырапқорлық, артықшылық фактілерін ашып, жанды және заттану еңбекті сақтау үшін шаралар қабылдану қажет.
Барлық жоғарыда аталғандар осы жұмыс тақырыбының өзектілігін растайды, оның мақсаттары мен міндеттерін алдын ала анықтайды.
Дипломдық жұмыстың мақсаты білім беру мекемелерінде бухгалтерлік есеп пен бақылаудың ерекшеліктерін зерделеу болып табылады. Осы дипломдық жұмыстың тәжірибелік бөлімі Ақсу қаласының «Ішкі істер департаментінің бөлімі»мемлекеттік мекемесінің базасында орындалды.
Қойылған мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер анықталды:
- бюджеттік мекемелерде бухгалтерлік есептің теориялық аспектілерін баяндау;
- мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есептің нормативтік-құқықтық базасын сипаттау;
- Ақсу қаласының «Ішкі істер департаментінің бөлімі» ММ-нің бухгалтерлік есеп жүргізудің тәжірибелік аспектілерін зерделеу;
- бюджет шығынының қаржылық бақылау әдістемесін қарау;
- мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу.
Жұмыста бухгалтерлік есеп-қисаптың 2008 жылға арналған деректері пайдаланылды.
1 Мемлекеттік мекемелерде есеп және есеп-қисаптың принциптері мен негізгі сапалы сипаттамалары
1. 1 Бюджеттік мекемелердегі бухгалтерлік есептің нормативтік -құқықтық базасы
Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржы есеп-қисап туралы» Заңы Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есеп және қаржы есеп-қисап жүйесін анықтайды, бухгалтерлік есептің принциптерін, негізгі, сапалы сипаттамасы мен жалпы жүргізу және қаржы есеп-қисапты құрастыру ережелерін белгілейді.
Бухгалтерлік есеп - ол Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржы есеп-қисап туралы заңдарымен, бухгалтерлік есеп стандарттарымен, сондай-ақ ұйымның есеп саясатымен реттелген кәсіпкерлер және ұйымдардың операциялары мен оқиғалары туралы ақпаратты жинау, тіркеу және жинақтау жүйесі.
Бухгалтерлік есеп стандарттары бухгалтерлік есеп жүргізудің жалпы ережелері мен әдістерін және қаржы есеп-қисап құрастыруды белгілейді.
Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп және қаржы есеп-қисап жүйесін реттеу Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазыналық департаментімен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржы есеп-қисап туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясымен негізделеді және «Бухгалтерлік есеп және қаржы есеп-қисап туралы» Заңынан және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілерінен тұрады.
«Ақсу қаласының «Ішкі істер департаментінің бөлімі» ММ-і қалалық бюджет есебінен ұсталынып, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазыналық департаментімен 1998 жылғы 28 қаңтарда бекітілген мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жөніндегі № 30 Нұсқауға сәйкес қаржыландыру жоспарын орындау есебін жүзеге асырады.
Республикалық және жергілікті бюджетті орындау тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 ақпандағы № 110 қаулысымен реттеледі.
Бюджеттік мекемелер Қазақстан Республикасы бюджеттік жүйесінің бөлігі болып табылады. Бюджеттік жүйе - Қазақстан Республикасының экономикалық қатынастары мен мемлекеттік құрылымында негізделген және құқық нормаларымен реттелген барлық деңгейдегі бюджеттердің жиынтығы.
Бюджет - мемлекеттің және жергілікті басқарудың міндеттері мен қызметін қаржылық қамтамасыз ету үшін тағайындалған ақшалай қаражат қорының пайда болу және жұмсау нысаны.
Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесі үш деңгейден тұрады:
- республикалық бюджет;
- облыстық бюджет, республикалық деңгейдегі қала бюджеті, астана бюджеті;
- аудан, облыстық деңгейдегі қала бюджеті.
Мемлекеттік бюджет - республикалық және жергілікті бюджетті біріктіретін аналитикалық ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын жиынтық бюджеті.
Трансферттер - бюджетке, сондай-ақ бюджеттен, соның ішінде жеке және заңды тұлғаларға ақысыз және қайтарылмайтын төлемдер.
Қаржыландыру - бюджеттік қаражатты оларды алатындарға бөлу.
Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесі барлық бюджеттердің бірлік, толығу, деректілік, басымдық, жариялылық, жауапкершілік пен дербестік принциптерінде негізделеді.
Бюджеттер бірлігі - Қазақстан Республикасының бірыңғай бюджеттік заңнамасын пайдалануды қамтамасыз ету, соның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында бірыңғай бюджеттік сыныптаманы, бюджеттік үдерісті жүзеге асырудың бірыңғай рәсімдерін пайдалану.
Бюджеттердің толығуы - Қазақстан Республикасының бюджеттерінде және Ұлттық қорда Қазақстан Республикасының заңнамаларымен қарастырылған барлық түсімдер мен шығындардың шағылысуы.
Бюджеттердің деректілігі бюджеттің бекітілген көрсеткіштері Қазақстан Республикасының және өңірлердің орта мерзімді қазыналық саясаты мен әлеуметтік - экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарының бекітілген параметрлері мен бағыттарына сәйкес келуімен жетеді.
Бюджеттердің жариялылығы бекітілген бюджеттер және оларды орындау туралы есептердің жариялымымен қамтамасыз етіледі.
Дәйектілік принципі - мемлекеттік басқару органдарымен бюджеттік қатынастар саласында бұрын қабылданған шешімдерді сақтау.
Тиімділік және нәтижелік принципі - бюджеттік бағдарламалардың паспорттарымен қарастырылған нақты нәтижелерге жету қажеттілігінен шығатын бюджеттерді әзірлеп, орындау. Бюджеттерді құрастырған кезде мемлекеттік органдар және бюджеттік қаражат алушылар еңаз қаражат мөлшерін пайдалануымен берілген нәтижелерге немесе бюджетпен анықталатын қаражат мөлшерін пайдалануымен ең жақсы нәтижеге жету қажеттілігінен шығады.
Басымдық принципі - республика немесе өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму басымдық бағыттарына сәйкес бюджеттік үдерісті жүзеге асыру.
Жауапкершілік принципі - бюджеттік үдеріс қатысушыларын Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамаларын бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту.
Бюджеттердің дербестігі әртүрлі деңгейдегі бюджеттер арасында түсімдер бөлудің тұрақты нормативтерін белгілеу және оларды жұмсау бағыттарын анықтау, барлық деңгейдегі мемлекеттік басқарудың бюджеттік үдерісін жүзеге асыру құқығы арқылы дербес қамтамасыз етіледі.
Бюджет түсімдері - ол кірістер, бюджеттік кредиттерді өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатып алудан түсімдер, мемлекеттік займдар.
Бюджет шығыстары - шығындар, бюджеттік кредиттер, қаржы активтерін сатып алу, займ бойынша негізгі қарызды өтеу.
Барлық деңгейдегі бюджет кірістері мен шығыстары Қазақстан Республикасының барлық деңгейдегі бюджеттік жүйенің бюджеттер көрсеткіштерінің салыстыруын қамтамасыз ететін бірыңғай бюджеттік сыныптамаға сәйкес түрлерге бөлінді.
Бірыңғай бюджеттік сыныптама - функционалдық, ведомстволық және экономикалық сипаттамалар бойынша сыныптама объектілеріне топтық код беруімен бюджеттің түсімдері мен шығыстар топтасуы:
- бюджет түсімдерінің сыныптамасы;
- бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы;
- бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы.
Бюджет түсімдерінің сыныптамасы Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамаларымен негізделген нақты сипаттамалар бойынша барлық деңгейдегі бюджет түсімдерінің топтасуы болып табылады.
Бюджет түсімдерінің сыныптамасын топтастыру санат, сынып, кіші сынып және ерекшеліктен құрайды.
Санат экономикалық белгілер бойынша түсімдер топтасуын ұсынады. Мысалы: салық түсімдері - бірінші санат, салық емес түсімдер - екінші санат және т. б.
Сыныптар және кіші сынып түсімдерін олардың көздері мен түрлері бойынша топтастырады, сонымен 01 сынып - кірістерге табыс салығы, 1 кіші сынып - корпоративті табыс салығы.
Ерекшелік бюджетке құйылатын төлем немесе түсім түрін анықтайды.
Мысалы, 101101 - осы кодтың кейінгі екі цифрасы заңды резидент-тұлғалардан корпоративті табыс салықтың бюджетіне түсімдерді көрсетеді.
Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы - функционалдық және ведомстволық белгілер бойынша мемлекет қызметін орындауды, республикада мемлекеттік саясатты іске асыруды көрсететін бюджеттік қаражат шығыстарын анықтайтын барлық деңгейдегі бюджет шығыстар топтасуы.
Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптама топтасуы мынадай деңгейлерден тұрады:
- функционалдық топтар;
- функционалдық кіші топтар;
- бюджеттік бағдарламалар әкімшілері;
- бюджеттік бағдарламалар мен кіші бағдарламалар.
Функционалдық топ - ол салалық белгілер мен функционалдық бағыттар бойынша бюджет шығыстарын біріктіру.
Функционалдық кіші топ функционалдық топ ішіндегі бюджеттік қаражатты жұмсау бағытын нақтылайды.
Бюджет шығыстардың функционалдық сыныптамасы негізінде бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) әкімшілерін топтастыру арқылы бюджет шығыстарының ведомстволық сыныптамасы қалыптасады.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі - бюджеттік бағдарламаны жоспарлау, негіздеу және іске асыру үшін жауапты мемлекеттік орган (мемлекеттік мекеме) .
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бюджеттік бағдарламалардың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес бекітілген бюджет шектерінде бюджеттік қаражатты пайдаланады.
Бюджеттік бағдарламалар - мемлекеттік басқару мен мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша бюджеттің шығыстары. Бюджеттік бағдарлама кіші бағдарламаларға бөліне алады, олар бюджеттік бағдарлама шеңберінде бюджет шығыстарының бағытын нақтылайды. Экономикалық нәтижелерге байланысты бюджеттік бағдарламалар мынадай түрлерге бөлінеді:
- мемлекеттік билік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару, бюджеттік мекеме органдардың ағымдағы қызметін қамтамасыз етуге бағытталған ағымдағы бюджеттік бағдарламалар, сондай-ақ басқа бюджеттер мен экономиканың жеке салаларына мемлекеттік қолдау көрсету;
- бюджеттік инвестицияларды іске асыруға бағытталған бюджеттік даму бағдарламалары.
Бюджеттік бағдарламаның паспорты - ол мақсаттар, күтілетін нәтижелер, жауапты орындаушылар, орындау мерзімін, ұлттық валютадағы құнын, қаржыландыру көздерін және бюджеттік бағдарламаның басқа да сипаттамасын анықтайтын Қазақстан Республикасы Үкіметімен немесе жергілікті атқарушы органымен бекітілген құжат.
Бюджеттен бөлінген қаражаттың мөлшері, бағыты мен бөлуін анықтайтын негізгі құжат шығыстарды қаржыландыру жоспары болып табылады.
Жылдық қаржыландыру жоспарын әзірлеу тәртібі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңын іске асыру туралы қаулыға сәйкес жүзеге асырылады және бес күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы қаулысын қабылдаған соң бекітіледі.
Жылдық қаржыландыру жоспары бюджеттік бағдарлама әкімшілерімен бюджеттік тапсырыс құрамында ұсынылатын, бюджеттік комиссиямен мақұлданатын және бюджетті бекіту (нақтылау, түзету) кезінде қабылданған шешімдерді есепке алуымен жөнделген бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша шығыс есеп айырысу негізінде құрастырылады.
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік бағдарлама паспорттарының іс-шараларында көрсетілген мемлекеттік мекемелермен өткізілетін операция түрлерін жылдық қаржыландыру жоспар ерекшеліктеріне сәйкес келуін қамтамасыз етеді.
Бюджетті орындау үшін мынадай жоспар түрлері құрастырылады:
- мемлекеттік мекемелерді жеке қаржыландыру жоспарлары;
- міндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) қаржыландыру жоспарлары;
- түсімдер мен қаржыландыру жиынтық жоспары, міндеттемелер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспары.
Жеке қаржыландыру жоспарлары, бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің қаржыландыру жоспарлары, түсімдер мен қаржыландыру жиынтық жоспары, міндеттемелер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспары тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына, бюджеттік бағдарламалардың бекітілген паспорттарына, бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің бюджеттік тапсырысына, Қазақстан Республикасының бірыңғай бюджеттік сипаттамасына сәйкес әзірленеді.
Жеке қаржыландыру жоспары мемлекеттік мекеменің бюджетті орындау жөніндегі негізгі құжаты болып табылады. Ол мынадай нысанда қалыптасады: мемлекеттік мекеменің жеке қаржыландыру жоспарының міндеттемелері және мемлекеттік мекеменің төлемдер жөніндегі жеке қаржыландыру жоспары бойынша.
Міндеттемелер жөніндегі жеке жоспар қаражат мөлшерлерін анықтайды, оның шектерінде мемлекеттік мекеме бюджеттік бағдарлама паспорттарымен қарастырылған іс-шараларды іске асыру үшін міндеттемелер қабылдайды.
Міндеттемелер бойынша жеке жоспардың жылдық сомасын айларға бөлу тиісті қаржы жылы бойы әр бюджеттік бағдарлама және кіші бағдарлама бойынша оның паспорты қарастырған іс-шараларды іске асыру мерзіміне сәйкес болу керек.
Төлемдер бойынша жеке жоспар қаражат мөлшерін анықтайды, оның шектерінде мемлекеттік мекеме қабылданған міндеттемелер бойынша төлемдерді өткізеді.
Төлемдер бойынша жеке жоспардың жылдық сомасын айларға бөлу тиісті қаржы жылы бойы паспортпен қарастырылған әр бюджеттік бағдарлама және кіші бағдарлама іс-шараларын іске асыру мерзіміне сәйкес алатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) төлемдерін жүзеге асыру мерзіміне лайық болу керек.
Міндеттемелер және төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарлардың жобаларын мемлекеттік мекемелер:
- бюджеттік бағдарлама әкімшілерімен бюджеттік тапсырыс құрамында ұсынылатын, бюджеттік комиссиямен мақұлданатын және бюджетті бекіту немесе нақтылау кезінде қабылданған шешімдерді есепке алуымен бюджеттік бағдарламалар бойынша шығыс есеп айырысу;
- бюджеттік бағдарламалардың кіші бағдарламалар жөніндегі іс-шаралар сияқты паспорттар көрсеткіштері және оларды іске асыру мерзімі;
- Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына және тауарлар (жұмыстар, қызметтер) жеткізушілерімен немесе бюджеттік қаражат алушыларымен шарт жасасу, бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру жұмыстарын өткізу маусымдығын есепке алу және алдынғы қаржы жылында бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) қаржыландыру жоспарларын орындау мерзіміне сәйкес тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алу жөнінде конкурстар өткізу мерзімі негізінде құрастырады.
Міндеттемелер және төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарлардың жобалары мемлекеттік мекеме:
- Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына және тауарлар (жұмыстар, қызметтер) жеткізушілерімен немесе бюджеттік қаражат алушыларымен шарт жасасу, бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру жұмыстарын өткізу маусымдығын есепке алу және алдынғы қаржы жылында бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) қаржыландыру жоспарларын орындау мерзіміне сәйкес тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алу жөнінде конкурстар өткізу мерзімі;
- бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) жөніндегі нормативтік құқықтық актілер;
- басқа да нормативтік құқықтық актілер;
- Қазақстан Республикасының бірыңғай бюджеттік сипаттама;
- тиісті қаржы жылында бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің анықтамасы;
- экономикалық шығыс сипаттама ерекшелігінің құрылым негізінде құрастырады.
Жеке қаржыландыру жоспар жобаларына, оларға қатысты есеп айырысулар және жоспарлардың ай сайынғы бөлуін дәлелдеуге құрастыруға жауапты мемлекеттік мекеме басшысы немесе оның өкілетті тұлғасы, және құрылымдық бөлімше басшысы қол қояды.
Мемлекеттік мекеме жеке қаржыландыру жоспар жобаларын дұрыс құрастыру және бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшісіне оларды ұсынуды қамтамасыз етеді.
Бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің қаржыландыру жоспарлары жеке қаржыландыру жоспарларды жинақтау арқылы қалыптасады.
Бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшінің қаржыландыру жоспарлар жылдық сомасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңын іске асыру туралы қаулысымен бекітілген сомаларға, ал бюджет шығыстарының экономикалық сипаттама ерекшеліктер кесіндісінде жылдық қаржыландыру жоспарына және бюджеттік тапсырысқа сәйкес болу керек.
Бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің қаржыландыру жоспарлары мынадай талаптарды есепке алып, құрастырылады:
- бекітілген паспорттың бюджеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес келу;
- міндеттемелерді уақытында қабылдап, орындауды қамтамасыз ету;
- кредиторлық және дебиторлық берешек пайда болуына жол бермеу.
Бюджеттік мекемені қаржыландыру мынадай кезеңдерден тұрады:
- бюджеттік қол қоюды құрастыру және бекіту;
- иеленушілер мен алушыларға дейін бюджеттік қаражаттандыру туралы хабарламаны жеткізу;
- бюджеттік мекемелерге кірістер пен шығыстар сметасын құрастыру, оны бюджеттік бағдарлама әкімшісімен бекіту;
- бюджеттік міндеттемелерді бекіту және олар туралы хабарламаны бюджеттік қаражат әкімшілері мен алушыларға дейін жеткізу;
- бюджеттік қаражат алушымен ақшалай міндеттемелерді қабылдау;
- ақшалай міндеттемелер орындауды растау және салыстырып тексеру;
- бюджеттік қаражатты жұмсау.
Бюджеттік құқықтық қатынастар субъектілерінің құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексімен анықталады.
1. 2 Мемлекеттік мекемелердегі мүліктік және қаржы жағдайы туралы деректерді жинақтау жүйесі
Бюджеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп бюджеттер бойынша жеке қаржыландыру жоспарымен, арнайы қаражат бойынша жеке қаржыландыру жоспарымен байланысты барлық операциялардың шағылысу және есепке алу мен есеп-қисап деректерін жинақтауды қамтамасыз етеді.
Мекеме балансында барлық операциялардың уақтылы, толық және нақты шағылысуы оның басшысына негізделген басқару шешімдерді қабылдауға, мекеме жұмысын талдауға, бекітілген қаржыландыру жоспар негізінде қаражаттың мақсатты жұмсалуын жүзеге асырып, бақылауға, заңсыз шығындарды анықтауға мүмкіндік береді.
Осы міндеттерді орындау үшін бухгалтерлік есеп жүргізіледі:
- арнайы және бюджеттен тыс қаражаттың түсуі мен жұмсалуы;
- кредиттер (қаржы бөлу) және бюджеттік қаражат шығыстары;
- дебиторлар және кредиторлармен есеп айырысу;
- ақшалай қаражат, материалдар, жабдықтар, азық-түліктер және басқа да құндылықтарды пайдалану сақталуы және тиімділігі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz