Қарағайлы орман зиянкестері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

КІРІСПЕ

1.1 Орманды қорғау
1.2 Қарағайлы орман зиянкестері
1.3 Орманды ұдайы өндіру, өсіру

II.ҚАРАҒАЙ АҒАШЫ
2.1 Қарағай ағашынын ерекшелігі
2.2 Қазақстандағы қарагайлардын түрлері
2.3 Қазақстандағы қарағайлы ормандар кездесетін аймақтар
2.4 Қазақстандағы қарағайлы ормандардың маңызы мен пайдасы
2.5 Қазақстандағы карағайлы орман тізбегінін радиоэкологиялық ахуалы
2.6 Қазатың шағын адырының қарағайлы ормандарына байланысты ережелері

ІІI. ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР МЕН ЕКПЕ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУ ШАРАЛАРЫ
3.1 Зерттеу нәтижелерінде орман орналастыру және жобалау-іздестіру
жұмыстары
3.2.Қарағайлы орманның табиғи жаңаруына ықпал ету шараларын ұсыну
3.3 Семей орман екпелерін құру, табиғи жаңарту шаруашылықтардың қорытындысы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

Қарағайлы орман шаруашылығы мекемелерін басқару жүйесінде мемлекет,
орман қорының меншік иесі және бизнес арасында орман пайдалану саласындағы
тиімді экономикалық қатынастарды құрудың жаңа мәселелері туындап отыр.
Орман шаруашылығының шығындылығы, орман ресурстарын пайдалану мен
ормандардың әлеуетті өнімділігі арасындағы алшақтығы мемлекеттің орманды
басқару әдістемесіндегі кемшілігін көрсетеді.
Сонымен, зерттеу тақырыбының өзектілігі өзіндік түсім көздерін арттыру
есебінен қаржыландыруды тұрақтандыратын орман шаруашылығы мекемелерін
басқарудың жаңа ұйымдастырушылық-экономикалық механизмдерін құру болып
табылады. Қазіргі экономикалық жағдайларда орман шаруашылығын жүргізудің
мақсаттары мен міндеттері өзгеріссіз қалып отыр, бірақ осы мақсаттарға жету
механизмі түбегейлі өзгерді. Аймақтық орман пайдалануды ұйымдастыру және
орман шаруашылығын басқарудың жаңа механизміне көшу арқылы орман
шаруашылығының табыстылығын арттыру аса маңызды. Бұл олардың қаржылық
тұрақтылығын айтарлықтай жоғарылатуға мүмкіндік береді.
Орман кодексімен анықталатын Қазақстан Республикасы орман
шаруашылығының негізгі саясаты орман шаруашылықтарының экологиялық және
ресурстық әлеуметін, орман ресурстарын ұтымды және таусылмайтындай етіп
пайдалануын, оларды қорғау, сақтау және ұдайы өндірісіи жоғарылату
мақсатында ормандарды иелену, басқару бойынша реттеу қатынастары болып
табылады. Орман қатынастарын зерттеу орман биосферасыныд ғаламдық
экологиялық, әлеуметгік және экономикалық мәні бар аса мацызды
комионенттерінің бірі болыи табылатыны негізге алына отырыи жүзеге
асырылады. Орман Қазақстанның маңызды стратегиялық ресурсы болып табылады.
Еліміздің Қазақстан-2030 Стратегиясы ормандарды бөлуде келесі
басымдықтарды анықтайды: орман және аң фаунасы жағдайын, пайдалануын, ұдайы
өндірісін, қоргалуы мен сақталуын мемлекеттік бақылау; орман ресурстарын
басқару; ормандарды қорғау және сақтау;
Орман кодексімен анықталатын Қазақстан Республикасы орман
шаруашылығының негізгі саясаты орман шаруашылықтарының экологиялық және
ресурстық әлеуетін, орман ресурстарын ұтымды және таусылмайтындай етіп
пайдалануын, оларды қорғау, сақтау жэне ұдайы өндірісіи жоғарылату
мақсатында ормандарды иелену, басқару бойынша реттеу қатынастары болып
табылады. Орман қатынастарын зерттеу орман биосферасыныд ғаламдық
экологиялық, әлеуметтік және экономикалық мэні бар аса маңызды
комионенттерінің бірі болыи табылатыны негізге алына отырып жүзеге
асырылады.
Сонымен, зерттеу тақырыбының өзектілігі өзіндік түсім көздерін арттыру
есебінен қаржыландыруды тұрақтандыратын орман шаруашылығы мекемелерін
басқарудың жаңа ұйымдастырушылық-экономикалық механизмдерін құру болып
табылады. Қазіргі экономикалық жағдайларда орман шаруашылығын жүргізудің
мақсаттары мен міндеттері өзгеріссіз қалып отыр, бірақ осы мақсаттарға жету
механизмі түбегейлі өзгерді. Аймақтық орман пайдалануды ұйымдастыру және
орман шаруашылығын басқарудың жаңа механизміне көшу арқылы орман
шаруашылығының табыстылығын арттыру аса маңызды. Бұл олардың қаржылық
тұрақтылығын айтарлықтай жоғарлатуға мүмкіндік береді.

1. Негізгі бөлім

1.1 Орманды қорғау 

Бүгінгі адамзат алдында тұрған негізгі мәселелердің бірі адамның
денсаулығы, экологиялық мәселелер, табиғатты қорғау және табиғи байлықтарды
үнемді пайдалану.
Қазіргі уақытта адамзат - экологиялық қарама- қайшылыққа қарсы тұру
үшін өз тұрмыс жағдайын, ой- өрісін, психологиясын өзгертіп табиғатқа
бейімделуі керек. Қазіргі ғылыми технология экологияны ластайтын,
зақымдайтын қоршаған ортадағы биологиялық әр алуан- түрлілікке залалын
тигізетін емес оның орнына жаңа Табиғат қорғау фитотехнология болу
керек. 
 Қоршаған ортаның экологиялық күйзелісі адамзатқа болашақты жеке бастың
емес ол жалпы қоғамның жер шарының проблемасы деп қарау керек. Бұл үшін аса
қажетті болып мамандандырылған экологиялық программалар, ақпарат көздерін
қажет етеді. Қала халқының тұрғындары ауыр экологиялық проблемалар
нәтижесінде урбанизация ортасында тіршілік етіп қатты ластанған техногенді
ортада өмір сүрмекте. Техногендік проблемаларды шешу үшін қаладағы ауа
бассейні мен адамның денсаулығын жақсартуда жасыл өсімдіктер, ағаштар
отырғызуымыз керек. Жасыл ормандар- қорғаныштық және санитарлық гигиеналық
функциялар орындайтын, халықтың демалыс орны болып табылатын, адамдардың
денсаулығы үшін емдік қасиеттерге ие. Өнеркәсібі дамыған мегаполистерде
ағашты көшеттерді егу қоршаған ортаның ауасын реттеп, тек ауаның қорғанышы
ғана емес сонымен қатар жылу реттегішін ылғал режимін қалыптастырып отырады
және күн сәулесінің радиациясын төмендетіп адам ағзасына шипалы емін
тигізеді.
Жасыл ағаштар бір тәулікте 220-280 кг көміртегі қышқылын жұтып 180-200
кг оттегін бөліп шығарады. Қалада 1 га жасыл алқап 1 сағатта 8 кг
көмірқышқыл газын жұтады дәл осы көмірқышқылын 200 адам демалғанда
шығарады. Жапырақты ормандар бір күнде 2 кг фитонцидті бөледі.
Ресей мемлекетінің ботаник ғалымдары қала ауасының табиғи баланысын
сақтау үшін жаңа агрофитотерапиялық ғылыми комплеке жасап шыққан. Осы
бағдарлдама бойынша өнеркәсібі дамыған ауасы ластанған қалаларға 21 түрлі
фитотехнология комплексі жасалынып құрамында пайдалы фитонцитті өсімдіктер
енгізілген. Мұндай өсімдіктер көптеген фитонцидті бөліп шығарып зиянды
газдарды, токсиндерді жұтып пайдалы иондарды көбейтеді. Ең алғаш
фитонцидтерді 1992 жылы Ресей ғалымы профессор Б.П.Токин ашқан болатын.
Фитонцидті өсімдіктер арқылы адам ағзасын зиянды микроорганизмдер және
вирустардан қорғау үшін қолданылған. Фитонцитті ағаштар патоген
микроағзаларға қарсы белсенді әсер етеді және оларды қырып жойып жібереді.
Мысалы эвкалипт ағашы вирусты ауруларды таратушыларға өте күшті әсер етеді.
Ежелгі Мысырда табыттың қабырғаларын алоэ, анис, түймедақ және басқада
ағаштар жапырақтары мен безендіріліп, оларды фитонциттер мен саркофактарды
ораған.
Ұшатын фитонцидтер- агрофолиндер (эфир майы, спирттер, альдегидті
қышқылдар) олар тез арада қоршаған ауаны жақсартып патоген
микроорганизмдерді, саңырауқұлақтарды және қауіпті вирус ауруларының
мөлшерін азайтып, адамдарға емдік қасиет береді. Әртүрлі ұшатын
фитонцидтердің химиялық құрамы көптеген органдарға және адамға өте пайдалы
әсер етеді. Мысалы біздің қалаларымызда өсіп тұрған жасыл желектер , гүл,
ағаштарды адам ағзасына суық тигенде, бронхитке сонымен қатар
бактериоцидтерге антисептикалық әсер етеді. Кейбір жағдайларда фитонцидтер
қолдану арқылы адам қан-басымын қалпына келтіруге жүректің жұмыс істеуін
реттеуге болады.
Ғылыми деректерге қарағанда адам ағзалары тәулігіне 3-4 кг фитонгенді
органикалық заттарды жұтады. Акадамик Н.Г.Холодний оны Автовитаминдер деп
атады. Яғни биохимиялық процесте катализатор болып Өмір элексері деуге
болады. Фитонцит құрамындағы биологиялық белсенді заттар альвеол арқылы
бауырдан қанға таралады. Фитонцит құрамындағы терпендер- эфир майларының
негізгі компоненттері бастың миына және есте сақату жүйесіне әсер етеді.
Сонымен қатар қан айналымға , асқрытуға және жыныстық белсенділікке пайдасы
бар. Фитонциттер антибиотикалық вирустарға қарсы әсері болып көптеген
вирустарды соның ішінде А топты вирусқа, Коксаки вирусына Мозайка вирусына
күшті әсер етеді. Фитонциттер көптеген ауруларға емдік қасиеті бар. Жүрек
соғысын ретке келтіріп қан қысымын түсіреді, ревмотизм мен аллергиялық
ауруларға бронхитке бүйрек пен бауыр ауруларын төмендетеді.
Фитонцидотерапия- қазіргі кезде фитотерапияның ең маңызды бөлігі болып
саналады. Соңғы жылдары оның қажеттілігі ең маңызды факторларға айналуды.
Қала тұрғындарының және адамдардың денсаулығын жақсартуда өте маңызды.
Фитонцидотерапия адам ағзасына емдік қасиет беріп, күйзеліс жағдайды
азайтып жұмыс істеу қабілетін арттырады. Бронханы, тұмауға қарсы тұрады
және балалар арасында дифтерияны болдырмайды.
Ароматерапия- эфир майының базасында құрылған қоршаған ортаны
жақсартады, адамның денсаулығына пайдалы. Ол көптген өсімдіктерде
кездеседі. Соның ішінде ағашты өсімдіктерде. Ароматерапияны- дәрігерлердің
ұсынысы бойынша белгілі мөлшерде қолдану керек. Кейбір жағдайларда
ароматерапия аллергиялық реакция беруі мүмкін.
Гултерапиясы (цветотерапия) әртүрлі аурулы адамдарды әртүрлі гүлдер
арқылы емдеу. Мысалы сары түсті гүл адамға жақсы көңіл күй мен қуаныш
келтіреді. Сары түс көруді реттеп, мидың жұмыс істеуін жақсартады., жүйке
жүйесін тыныштандырады. Жасыл- түс тамырларды кеңейтіп тыныштандырғыш әсер
беріп, көздің шаршауын төмендетеді. Қызыл түс- жұмысқа деген қабілетті
көтереді, көк түс- дене бұлшықетін және жүйкенің шаршауын төмендетеді,
тамыр соғуын және тыныс алу режимін қалпына келтіреді.
Ағашты өсімдіктің жапырақтары (зиянды) шаңдарды жұтуда және қоршаған
ортаны тазалауды өте маңызды рөл атқарады. Мысалы ғалымдардың есептеу
бойынша 157 м2 жапырақ колемі бір жылда 38 кг шаң жұтады. Бұл көрсеткіш
әртүрлі өсімдіктерде әр қалай. Үйеңкі ағашының жапырағы 2242м2-32 кг шаң.
Шетен 124м2-27 кг. Әсіресе шаңды жақсы жұтатын қарағаш, емен, шұбар,
дақ,бояришник. Қарағаш терекке қарағанда шаңды 6 есе көп жұтады. Ағаштар
жазда ауаның шаңдануын 86%-ке төмендетеді, қыста 374%.
Ағаш өсімдіктерін ауадағы токсинді (улы) газдардың мөлшерін азайтып,
ауаны тазалауда маңызы зор. Фитонцитті өсімдіктер өзінен бөліп шығаратын
биологиялық белсенді заттар мен ауадағы әртүрлі улы заттардың молекуласын
зиянсыз заттарға айналдырады.. Мұндай өсімдіктерге мәнгі жасыл ағаштар-
шырша, пихта, қарағай, балқарағай жатады. Көптеген жапырақтылар емен,
қайын, үйенкі, терек т.б.
Токсинді газдарды жұтатын өсімдіктерге емен, мойыл, қызыл үйенкі. Ауыр
металдарды жинайтындарға жататын- черемуха (жемісі-7,52 мкгг. метал
топтайды).
Ауаның иондануы-адам ағзасына жақсы әсер етеді. Теріс иондар адамның
тыныс алуын реттеп, қан айналам мен жүрек қан амырларының системасын мидың
биотогин көбейтіп қан құрамындағы қант пен фосфордың деңгейін төмендетеді,
көңіл күйін жақсартады, бас ауруын және шаршағанды басады. Мұндай
өсімдіктерге қылқанды шырша кәдімгі әртүрлі қайындар, емен т.б. жатады.
Жасыл ағаштар қаладағы шулармен күресугеде пайдасы зор. Ағашты өсімдіктер
дыбыстың 20% жұтып, 74% дейін оларды төмендетеді.
Көптеген фитонцитті көп жылдық ағаштар адам ағзаларына пайдалы әсер
етеді. Мысалы қайын ағашы бронхыны кеңейтіп, қан қысымын төмендетеді. Емен
ағашында қан қысымын төмендетеді. Лина, пихта ағаштары А,В грипп ауруларын
болдырмайды. Спирт экстракты мен дайындалған пихта ерітіндісі 1м2 ауадағы
80% дифтерия таяқшасын 63% стрептококк, стафилококк микробын өлтіреді. Туя
ағашы ауадағы 67-70% патоген микроорганизмдерді қырып жіберіп қоршаған
ортаны тазартады. Басқа түрлерден жәнгіш (калина жидектің жапрағы әртүрлі
микрофлораны қырып жібереді. Соның ішінде Sarcina 30%, Esherichia 50%. Сары
түсті стафилакокк-56%.
Қалаларда жасыл желекке айналдыруда, төмендегі ағаштарды еккен тиімді
болар еді. Ауадағы зиянды газдарды токсинді заттарды көп жұтатын ағаштарға-
қарағаш, майда жапырақты клен, сары акация, бояришник, кәдімгі
можжевельник, стафилококка бактериясын 8 есе төмендетеді. Оның сабағының
бөлініп шыққан заттар (С11Р18) тифти қоздырушыларды дизентерия таяқшаларын
жойып жібереді.
Қазіргі уақытта Алматы, Астана мегаполистеріне басқада қалаларға
осындай емдік қасиеті бар қоршаған ортаны, ауаны әртүрлі зиянды газдардан,
токсиндерден, микрофлоралардан тазалайтын көп жылдық ағаштарды парктерге
бульварларға көптеп егу тиімді болар еді.
Бүгінде Мексикада Куаутла деген қалада парктер жоғары декоративті
фитонцитті өсімдіктер ассортименте құрылған, бұл қала бүгінде Мексиканың
ұлттық парктеріне айналдырылған. 

1.2 Қарағайлы орман зиянкестері
Барлық жағдайда, 100 өрттік оқиғаның 90-ы адам үлесіне келеді. Өртті
үш түрлеп жіктейді: жер астындағы, төменді және жоғарғы. Жер астындағы
өртте, топырақтың жоғарғы қабатында шоғырланған органикалық заттар жанады.
Өрттің бұл түрі ұзақ жүреді.
Кесте 1
Қазақстан бойынша өрттердің 2003- 2007 жылғы көрсеткіштері.
Жылдар 2003 2004 2005 2006 2007
Өрттер, оқиғалар саны 990 786 668 1057 1312
Өрт жүрген орман алқабы,га27995 30863 31426 91927 59570
Орман өртінен болған 107,8 353,6 183,8 358,8 137,1
нүқсан, ағымдағы
бағада,млн теңге

Кестеде Қазақстан бойынша өрттердің 2003- 2007 жылғы көрсеткіштері
берілген. Өрттер, оқиғалар саны 2007 -1312, Өрт жүрген орман алқабы,га
59570, Орман өртінен болған нүқсан, ағымдағы бағада 137,1, млн теңгені
көрсетеді.
Қазақстан бойынша 2003-2007 жылдары тіркелген орман өрттері.
Төменді өртте көбінесе құрамы мүк жэне шөптен тұратын барлық өсімдіктер,
бүтақтылар жанады. Ағаштар және ірі бұтақтылар жанып үлгрмейді де, дерлік
зақымданбай қалады. Дегенмен, тамыры жоғарлап жайғасқан ағаштар
(шырша,қарағай ) бұл өрт түрінде, тамырлы күйген себептен өліп қалады.
Томеді өрт түрі, эдетте шөптес өсімдіктерге бай, ағапітың жер бетіндегі
органдарының тым ылғалды жэне күшті жел болатын ормандар ішінде болады.
Өрттің үшінші типі-жоғарғы өрт, ағаштарды жерде басына дейін, немесе
тек қана басын ғана шалады, ал шөптес және мүктес жамылған ағаштар аздаған
мөлшерде жанудан сақталынады.
Орман өртімен күресу шараларынегізінен үш топқа бөлінеді: ескерту
шаралары, дозорлық-күзеттілік қызмет, отпен күресетін тура шаралар. Бірінші
топқа кіреді: өртке қарсы техникалық үгіт, ағаш кескен жерді тазалау және
орман ішін ластаумен күресу; өртке қарсы қазылған орлар жасау, ағашты
қорғайтын белдеу (полосы) және канал жасау жұмыстары.
Екінші топқа-өрт метео қызметі, өртке қарсы мұнара (вышка) қызметі,
жерді патрульдеп күзету; үшақпен патрульдеу кіреді.
Өртпен үшінші күресу ету түрі екі формадан тұрады. Ол-отпен белсенді
күресу және пайда болған ошақты оқшалау.
Тәменді өрт оты бұтақпен ұрып, топырақ шашып тастап, су құйып өшірілуі
мүмкін. Қосымша, химиялық күрес шарасы болады, яғни химиялық бомбалармен
жабдықталған ұшақтарды пайдалану. Жоғарыда болған өртпен күресу мақсатпен
табиғи жэне алдын ала өртке қарсы жасалынған бөгеу-тосқауылды пайдаланады,
өрт жылжып келе жатқан жолға бөгеуші жол қазып жасайды.
Орманды кесу жүмысында өрт болғанда да ағаш тұқымдарының құрамы
алмастырылуы жүреді, кейде тіптен топырақ сазданып та кетеді. Күйіп-жанған
ағаштардың өлі діңі жанған учаскелерде қалып, зиянкесті жәндіктергс азық
және оларды тарату көзі болады.
2002 жылы 990 өрт ошақтары тірклген, 27995 га жер жаңған, 107,8 млн.
теңге шығын шыққан. 2003 жылы 786 өрт ошақтары тіркелген, 30863 га жер
бүлінген, 353,6 млн. теңге шығын шыққан. 2004 жылы 668 өрт болған, 31426 га
жер жаңған, 183,8 млн. теңге шығындалған. 2005 жылы 1057 өрт ошақтары
тіркелен, 91927 га жер бүлінген, 358,8 млн. теңге шығындалған. Ал 2006 жылы
1312 өрт көздері тіркелген, 59570 га жер жаңған, 137,1 млн. теңге шыгын
шыққан. Осы өрттердің 94% адам фактор әсерінен болғаны мәлім.
1997 жылы республикамыздың орман қорының территориясыда 2257 орман
өрттері орьш алған. Бұл өрттердің 70 %-ы отты дұрыс пайдаланбау себепті
орып алған.
Өрт 4 млн. м³-ге жуық ағашты жойған. Ірі орман өрттері Шығыс Қазақстан,
Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Алматы облыстарында болған.
50 мың га орман алқабында зиянкестер мен аурулар аңықталған. Ең ірі
орманды территориялар Шығыс Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан, Павлодар,
Ақмола облыстарында аңықталған. 1997 жылы орман заңын бұзушыларға қарсы 500
іс тіркелен.

1.3 Орманды ұдайы өндіру, өсіру ерекшелігі.
Қазақстанның орман қорына ормандар, сондай-ақ орман өсімдігімен
қамтылмаған, бірақ орман шаруашылығы қажеттіліктеріне арналған жерлер
жатады. 2007 жылдың 1-қаңтарындағы мәліметтер бойынша орман қорының жалпы
ауданы, уақытша пайдалануға берілген ормандарды қоса есептегенде, 26770.5
мың га құрады (Қазақстан аумағының 9.8%), оның ішінде орманмен қамтылған
аудан 12303.4 мың га (1-кесте). Бұл республиканың жер көлемінің 4.5%-ы
ғана. 1993-2007 жылдар аралығында орманмен қамтылған аудан біртіндеп өсу
үстінде: 1993 жылы – 42.7%, 2007 жылы – 46.0%. Орман қоры 18782.2 мың га
(жалпы орман қорының 70.2%) орманды алқаптан, 7988.3 мың га (29.8%)
ормансыз алқаптан тұрады.
Кесте 2
Қазақстанның орман қоры ауданының серпіні (қала және аудан
әкімшілігінің ормандарын қоспағанда)

Орман Соның ішінде орман шаруашылығы
жыл қорының Орманды аудан комитетінің иелігінде
жалпы
ауданы, мың
га
соның ішінде орманмен жалпы соның ішінде
қамтылған аудан аудан, орманмен қамтылған
мың га аудан
мың га % мың га %
1993 24568.2 10503.6 42.7 23974.0 10273.7 42.8
1998 26444.7 11427.1 43.2 25565.0 11067.8 43.3
2003 26129.3 12340.7 47.3 26069.2 12280.8 47.1
2007 26770.5 12303.4 46.0 3801.1 1179.2 31.0

2007 жылдың 1-қаңтарының мәліметтері бойынша республиканың орман
қорының 3801.1 мың гектары Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің,
22808.8 мың гектары облыстық акиматтардың, 83.5 мың гектары ҚР
Президентінің қызметтер басқармасының, 1.3 мың гектары ҚР Ауыл шаруашылығы
министрлігінің, 0.69 мың гектары Алматы қаласы акиматының, 62.2 мың гектары
ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің, 12.8 мың гектары Көлік
инфрақұрылымын дамыту комитетінің иелігінде. Олардың пайыздық үлестері 4-
суретте көрсетілген.

Сурет 1. Қазақстан Республикасының ведомстволары бойынша

Мемлекеттік орман қорлары жерлерін бөлу (2007 жылдың 1-қаңтарына)
Енді республика облыстары бойынша ормандылық көрсеткішіне тоқталайық.
Жалпы, ҚР Орман кодексіне (2003 ж.) сәйкес, ормандылық – бұл қайсыбір
аумақта орман өсуге жарамды жердің жалпы ауданына орманмен қамтылған жердің
қатысы арқылы анықталып, пайызбен белгіленеді. Республика облыстары бойынша
ормандылық аумағы келесідей мәнге ие: 2007 жылдың 1-қаңтарына орман қорын
есепке алу жағдайы бойынша ең жоғары ормандылық көрсеткіші Жамбыл (15.7%),
Қызылорда (13.6%), Оңтүстік Қазақстан (13.6%) облыстарында байқалған.
Орташа республикалық көрсеткіштен жоғары болған ормандылық аумағы Алматы
(8.0%), Шығыс Қазақстан (6.3%), Солтүстік Қазақстан (5.4%), ал ең төмен
ормандылық көрсеткіші Батыс Қазақстан (0.7%), Маңғыстау (0.7%), Ақтөбе
(0.2%), Қарағанды (0.2%), Атырау (0.1%) облыстарына тән.

Кесте 3
Қазақстанның басым тұқымдары бойынша қамтылған орман
аумағының серпіні
Жылдар 2003 жылды 1993 жылға
Ағаш түрлері пайызбен шаққанда, %
1993 2003
Қарағай 963.2 831.8 86.3
Шырша 168.2 185.0 109.9
Майқарағай 384.4 400.1 104.0
Балқарағай 175.0 176.3 100.7
Самырсын 43.3 44.7 103.2
Арша 8.4 12.9 153.5
Қылқанды жапырақтылар 1742.5 1650.8
21.4 17.8 94.7
Қайың 899.6 921.6 102.4
Көктерек 298.8 322.3 107.8
Қаңдыағаш 1.8 2.2 122.2
Терек 78.8 79.2 100.5
Тал 45.0 47.4 105.3
1324.0 1372.7
Жұмсақ жапырақтылар 16.2 14.8 103.6
95.2 100.3
Қатты жапырақтылар 1.2 1.1 105.3
4994.7 6136.9
Сексеуілдер 61.2 66.3 122.8
8156.4 9260.7
Барлығы 100 100 113.5

Кестенің мәліметтерінен байқайтынымыз, 2003 жылғы 1-қаңтардағы тексеру
кезеңінде республиканың ағаш түрлері бойынша жалпы орман қорының (басқа да
ағаш түрлері мен бұталарды қоспағанда) 17.8%-ын қылқанды ормандар, 14.8%-ын
жұмсақ жапырақтылар, 1.1%-ын қатты жапырақтылар, 66.3%-ын сексеуілдер
құрады. Соңғы он жыл ішінде қылқанды ормандар ауданы 1742.5 мың гектардан
1650.8 мың гектарға қысқарған, яғни 5.3%. Жұмсақ жапырақтылардың ауданы,
керісінше, 1324.0 мың гектардан 1372.7 мың гектарға (3.6%), қатты
жапырақтылар ауданы 95.2 мың гектардан 100.3 мың гектарға (5.3%),
сексеуілдер ауданы 4994.7 мың гектардан 6136.9 мың гектарға (22.8%)
көбейген.
Қылқанды ормандардың арасында қарағай (50.4%) мен майқарағайдың
(24.2%), жұмсақ жапырақты тұқымдары арасында қайың (67.1%) мен көктеректің
(23.5%), қатты жапырақтыларда қарағаш пен шегіршіннің (81.7%) үлестері
басым. Орманды аумақтар бойынша орманмен қамтылған жерлердің құрамында
сексеуілдер басым келеді. Қара және ақ сексеуіл көшеттері жалпы орманды
алқаптың жартысынан көп жерін алып жатыр. Соның ішінде қара сексеуілдер
67.3%-ды құрайды.
Республика деңгейінде орманды құрайтын негізгі екпелердің жас топтары
бойынша бөлінуіне жасалған талдау орташа жастағы екпелердің – 3029.3 мың га
(32.7%) бәрінен де көп кездесетінін, олардан кейін толысқан және қураған
екпелердің – 2886.2 мың га (31.2%), сонымен қатар толыса бастағандардың
2014.1 мың га (21.7%) тұрғанын көрсетті. 1 және 2-сыныптағы жас екпелер ең
төмен көрсеткішке ие (небары 14.3%)орташа жастағы екпелер ауданы 115.8 мың
га (4.0%), толыса бастаған екпелер ауданы 60.7 мың га (3.1%), толысқан және
қураған екпелер ауданы 728.2 мың га (33.7%), екінші сыныптағы жас екпелер
ауданы 249.9 мың га (34.0%) ұлғайған, ал бірінші сыныптағы жас екпелердің
ауданы, керісінше, 50.3 мың га (12.7%) қысқарған.
Қылқанды және жұмсақ жапырақтылар аудандарында орташа жастағы
(сәйкесінше 16.6% және 14.8%), толысқан және қураған (сәйкесінше 17.4% және
13.6%), қатты жапырақтыларда орташа жастағы (1.7%) және екінші сыныптағы
жас екпелер (2.6%), сексеуілдерде орташа жастағы (66.7%), толыса бастаған
(71.6%), толысқан және қураған (68.7%) екпелердің үлестері басым келеді
және 1993 жылмен салыстырғанда айтарлықтай өзгерістер байқалмаған.
Осылай бөліну орман өсірудің тым қатал жағдайлары мен едәуір
мөлшердегі антропогендік әсері себеп болған ормандардағы табиғи молығу
барысының жеткілікті дәрежеде ойдағыдай емес екенін, сондай-ақ ағаш
отырғызу көлемінің жеткілікті емес екенін көрсетеді. Жас сыныптағы екпелер
үлесінің аз мәнге ие болуы жалпы республика ормандарының қартаюын
білдіреді, сонымен қатар жас екпелер үлесінің азаюы, өрттердің басым болуы,
екпе орман жұмыстарының жеткілікті көлемде жүргізілмеуі, ормандарда табиғи
жолмен жаңғыртулардың жеткілікті деңгейде болмауы есебінен байқалуда.
ҚР Үкіметінің 2003 жылы 23 қаңтарындағы №75 Қаулысы мен ҚР Ауыл
шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің 2003
жылдың 28 ақпанындағы №30 бұйрығының негізінде ормандар және жануарлар
дүниесін қорғау бойынша ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және
аңшылық шаруашылығы комитетінің Шалдай және Бесқарағай мекемелерінің
бірігуі жолымен Ертіс орманы мемлекеттік орман табиғи резерваты құрылды.
Ертіс орманы резерваты – ландшафтық және биологиялық әралуандықты
сақтау мен қалпына келтіруге, осы аумақтағы табиғи ресурстардың теңгермелі
пайдаланылуын және тұрақты дамуын қамтамасыз етуге арналған қорғау режимі
әртүрлі ерекше қорғалатын табиғи аумақ.
Ертіс орманы МОТР-ң жерлері облыс аумағының 4%-ын алады. Ормандардың
көбісі Лебяжі және Шербақты аудандарында жатыр және олар онда негізгі
қарағайлы орман түрінде келеді.
Орман қорының есебі бойынша 2005 жылдың 1-қаңтарында табиғи резерват
бойынша жалпы аудан 277961 га құрады, соның ішінде орманмен қамтылған аудан
148298 га (53.3%). Ал орманмен қамтылмаған аудан 75483 га (27.5%) құрайды.
Резерваттың орман алаңы 2 орман шаруашылығы мекемесінен, 16 орманшылықтан,
38 орман шебері учаскесінен, 193 орман қарау аймағынан тұрады.
Ертіс орманы табиғи резерваты бойынша орманшылықтардың аудандары,
орман шебері учаскесінің, орман қарау аймағының орташа аудандары
Кестеден көріп отырғанымыздай, Ертіс орманы табиғи резерваты Шалдай
және Бесқарағай орман шаруашылығы мекемелерінен құрылған, Шалдай мекемесі
143247 га (МОТР бойынша жалпы ауданның 51.5%), ал Бесқарағай мекемесі
134714 га (48.5%) ауданды алып жатыр. Шалдай мекемесі 9 орманшылыққа, ал
Бесқарағай мекемесі 7 орманшылыққа бөлінген.
Орман қорын есепке алу аудан, қор және басқа да таксациялық
көрсеткіштері бойынша жүргізіледі. Бұл, өз алдына, орман қорының құрылымы
бойынша бірнеше жылдарға салыстырмалы талдау жасауға мүмкіндік береді.
Ертіс орманы табиғи резерваты орман қорының есебі бойынша 2005 жылдың 1-
қаңтарында резерваттың орман алқабының жалпы ауданы 225985 га құрады немесе
жалпы ауданның 81.3%-ын алып жатыр (9-кесте).
Кестеден көріп отырғанымыздай, табиғи резерват бойынша ормансыз алқап
жалпы резерват ауданының 18.7%-ын құрайды. Ормансыз алқаптың 8.1%-ын
шабындықтар, 6.1%-ын жайылымдар, 1.6%-ын жолдар, квартал жолақтары және
2.02%-ын басқа да алқаптар алады. Өртеңді жерлердің басым бөлігі Шалдай
орман шаруашылығы мекемесіне келеді және жалпы мекеме ауданының 19.3%
құрайды. Бесқарағай мекемесінде жалпы мекеме ауданының 17.8%-ын өртеңдер,
10.8%-ын алаңқай жерлер, 0.9%-ын ағашы кесілген жерлер, 0.3%-ын сирек
ормандар алып жатыр.
II-БӨЛІМ
2.1 Қарағай ағашынын ерекшелігі
Қарағай – еліміздің таулы аймақтарында бірнеше түрі кездесетін
қылқанжапырақты мәңгіжасыл өсімдік. 500-600 жылға дейін өмір сүреді.
Ең биік түрлері 50-60 метрге жетеді. Шыршаныкіндей емес қарағайдың қылқаны
ұзын, жуандау. Қылқанының түсі түріне қарай сары, көкшілдеу, жасыл және қою
жасыл болады. Қарағай сондай-ақ тез өсетін қылқанжапырақтылардың
бірі. Жер шарында жүзден аса түрі болса, оның жиырма шақты түрі
көгалдандыруда қолданылады. Олардың ішінде бұтағы тік өсетін және жайыла
өсетін түрлері де бар. Өсе келе жан-жағына 6-7 метрге дейін
жайылатындықтан, бір-бірінен немесе өзге ағаштардан арақашықтығы кем
дегенде 5-6 м болуы керек. Оның барлық түрі бонсай жасап өсіргенге ыңғайлы.
Жай және тез өсетін түрлері бар. Биіктігі екі метрден аспайтын “тау
қарағайы” деген түрі бар. Көгалдандыруда оларды түрлі композицияларға
қолдануға болады. Қарағайдың қылқанымен қоса, өте жиі орналасатын
бүршіктері де өте әдемі. Осы бүршіктерін сәндік үшін теріп алып, қолөнер
бұйымдарына қолданып жатады.
Қарағайдың ағашы мықтылығымен және қаттылығымен ерекшеленеді. Оны кеме
құрылысында, авиацияда, теміржолда және құрылыста кеңінен қолданады.
Қарағайдың діңінде шайыр көп мөлшерде болады.Одан скипидар мен канифоль
алынады. Канифольді сүргіт және лак дайындауда қолданады.
Қарағайдың бүршіктері, эфир майы және шайыры бронхит, өкпе
ауруларына қарсы пайдаланылады. Қылқанын С дәрумені жетіспегенде және алдын-
алу үшін қолданады. Қарағайдың қара майын тері ауруларына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қара қарағайлы қаяс зиянкесінің Cемей орманында таралуы және оның морфологиялық ерекшелігі
Долон филиалындағы орман зиянкестері және ауруларымен белсенді күрес шаралары
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Жапырақты орман ағаштарының зиянкес жәндіктерінің түрлері және келтіретін зияны
Орман шаруашылығы
Орман шаруашылығындағы еңбек өнімділігін арттыру
Қыналардың құрылысы
Қазақстанның орман қорларын тиімді пайдалану мәселелері
Ормандардың құқықтық режимі туралы
Ормандарға рекреациялық қысымның әсері
Пәндер