Мектепте Абай шығармашылығын оқыту


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   

Маңғыстау гуманитарлық колледжі.

Курстық жұмыс.

Тақырыбы: «Жаңашыл мұғалімдер идеясы және олардың тәжірибесі. »

Қорғаған: ДЖанбаева Маржан Нұрымқызы.

Тобы: ЗТП-31 3курс

Тексерген: Ақкенже Жанұзаққызы.

Ақтау 2012ж

Жоспар.

І. Кіріспе бөлім.

Жалпы білім беретін орта мектепті қайта құру жағдайындағы ынтымақтастық педагогика.

ІІ. Негізгі бөлім.

А. ) Жаңашыл мұғалімдер идеясы және олардың тәжірибесі.

Ә. ) Озат педагогикалық тәжірибені пайдалану.

Б. ) Оқыту технологиялардың түрлері және қолданудың тиімділігі.

В. ) В. Т. Кабум технологиясы. Тәрбиелеуді ізгілендіру жүйесі.

ІІІ. Практикалық бөлім.

Сабақ жоспары: «Тік белдемше, шығу тарихы»

Тәрбие сағатының жоспары: «ХХІ -ғасыр көшбасшысы. »

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер.

І. Кіріспе бөлім.

“Еліміздің ертеңі- бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры- ұстаздардың қолында. ”

Н. Ә. Назарбаев.

Көп жылдар бойы жалпы білім беретін орта мектептің оқыту және тәрбие жұмысын зерттеу арқылы жетілдіру, жаңғырту мақсатында бірнеше мұғалімдер мен ғалымдар эксперимент жүргізіп, тұтас педагогикалық процесті жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде ұйымдастыруды қажет деп тапты. Өйткені, олар ескі дәстүр бойынша оқытудың әдеттегі әдістерін, принциптерін қолданып, жастарға білім және тәрбие беру ісі қазіргі заманның талаптарын қанағаттандырмайды деп қорытынды жасады. Жаңашыл-экспериментшіл мұғалімдердің әрқайсысы өз сыныптары мен мектептерінде жеке-жеке, керек десе бірін-бірі білмей 25 жылдай эксперимент жұмысын жүргізген. Бұған қарамастан олардың жұмыстарының қорытындысы бірдей нәтиже берген.

Экспериментшіл мұғалімдер зерттеу жұмыстарын аяқтағаннан кейін бір-бірімен кездесуді, пікірлесуді, тәжірибе нәтижесін ортаға салып, талқылауды ойластырып жаңа педагогикалық шешімдер қабылдауды қажет деп тапты. Бұл пікірлердің мазмұны «Учительская газета» беттерінде жарияланды. Осы газеттің шақыруы бойынша экспериментшіл мұғалімдер үш жылдың ішінде төрт рет кездесті. Бірінші кездесуінде (18-қазан, 1986 ж. ) «Ынтымақтастық педагогика», екінші кездесуінде (17-қазан, 1987 ж. ) «Тұлғаны демократияландыру», үшінші кездесуінде (19-наурыз, 1988 ж. ) «Жаңарту әдістемесі» және төртінші кездесуінде (18-қазан, 1988 ж. ) «Жаңа мектепке кіреміз» тақырыптары бойынша эксперимент жұмыстарының нәтижесіне сүйеніп, білім және тәрбие саласында көптеген жаңа үздемелі педагогикалық пікірлер ұсынды. Бұл пікірлердің біразын атап өткен жөн. Мысалы: балалар, мұғалімдер және ата-аналар арасындағы ынтымақтастық, ұжымдық шығармашылық тәрбие, орындаушылық және шығармашылық қабілеттер, балаларды дербес және ұжымдық өзін-өзі талдау.

Осындай мақсатқа бағытталған педагогикалық идеялардың іске асырылуының нәтижесінде мектеп өмірінде тек қана мұғалімдер емес, әсіресе оқушы жайлы көп өзгерістер байқалады.

1

Оқудың нәтижесі ынталылық пен қабілеттердің көбейтіндісіне тең. Егер ынталық нөлге тең болса, онда барлық көбейтінді де нөлге айналады. Ал экспериментшіл мұғалімдердің бұл анықтамасы оқыту процесін жаңғыртуды қажет етеді. Олай болса бұрынғы педагогикадан айырмашылығы бар жаңа педагогика керек, оны ынтымақтастық педагогика деп атауға болады деген біркелкі көзқарастарға келген екен олар. Мұңдай педагогика балаларды ынтымақтастыққа, оқу еңбегіне жетектейді, табысқа жету үшін оларға сенімділік туғызады, артта қалмаудың жолы іздестіреді.

Адамгершілік және ынтымақтастық бала өмірінде үлкен орын алады. Сондықтан мұғалім ең алдымен баланың дамуы, келешегі жайлы қамқорлық жасайды. Өйткені олардың өмірге бейімделуі, өмір тәрбиесіне үйренуі мектептен басталады. Міне, осы тұрғыдан қарасақ, ынтымақтастық педагогикасы -құлық педагогикасы - даму педагогикасы. Іс жүзінде бұлардың үшеуінде бір текті құбылыс: мұғалім мен тәрбиешілердің әрекет ету тәсілдері, олардың балалармен қарым-қатынасы, істегі ынтымақтастығы .

Әрбір педагогикалық әсер, әрібір шешім, әрбір әрекет балалардың даму барысында тексеріліп отыруы қажет. Ал дамудың бірқалыпты немесе оның қалысуы әрбір мұғалімге мәлім.

2

ІІ. Негізгі бөлім.

3

І. Қ. М. Нұрғалиевтың(1925-1988ж. ж) өмірбаяны және ұстаздық

көз-қарасы.

Шығыс. Қазақстан облысының Марқакөл ауданында дүниеге келген. «Шыңғысхан» мектебінің 6-сыныбын бітіріп, еңбекке араласты, 19 жасында Ұлы Отан соғысына аттанады. 1944ж жараланып екі аяғы, бір қолынан айырылды, Мәскеу госпиталында екі жыл емделіп, көптеген операциядан өткен. Сол гопитальда емделген жылдарында 8-ші, 9-шы, 10-шы сыныптар аралығында емтихан тапсырып, орта білім туралы аттестат алып, сонымен қатар бухгалтерлік курсты сырттай бітіріп алады.

Ауылға оралған бойда бірінші топтағы мүгедектігіне қарамастан ұстаздық еңбек жолын орыс- тілі нәнінен сабақ беруден бастайды.

Абай атындағы Қазақ мемлекеттік институтының тарих факультетін сырттай оқып бітіріп, Боран орта мектебінде 30 жылдан астам уақыт үздіксіз директор қызметін атқарды. Ол Ленин, Қызыл Ту ордендерімен, 5 мақтау қағазымен марапатталды.

КСРО Халық мұғалімі және Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген мұғалімі. 2005жылдың қазан айында Құрмаш Нұрғалиұлының 80 жылдық мерей тойы атап өтілді. Бұл есім республикада педагогикаға бар ғұмырын арнап, педагогикалық қызметін жалғастырушылардың кітабына ең алғашқыларының бірі болып енді. Осынау тамаша адам туралы Дінмұхаммед Қонаев былай деген: «Бұл ғажап адамның өз өмірі - ерлік, шәкірттерді биік рухқа, адамгершілікке тәрбиелеуде, олардың азаматтық санасын қалыптастыруда ғибратты өнеге болып танылады. » Боран ауылындағы оның авторлық мектебін қазір баласы, педагогика ғылымдарының кандидаты Талант Құмашұлы басқарады. Түлектерінің 30 пайыздан астамы жоғары оқу орындарына грант арқылы түсіп, көптеген мектеп бітірушілер «Алтын белгіге» ие болды. Мектеп ақпараттық - коммуникациялық технология негізінде білімді ақпараттандырудың педагогикалық идеясын жүзеге асырып, теледидар- техникалық студиясы арқылы ауыл эфиріне шыға алады. «Қашықтан оқыту» жобасы бойынша бұл мектеп Юнеско зерттеу институтының арнайы мәртебесіне ие болған Құрмаш Нұрғалиұлы туралы толығырақ «Халық мұғалімі Құрмаш Нұрғалиев Педагогикалық әулет» атты кітаптан оқуға болады.

ІІ. Қ. М. Нұрғалиевтің негізгі идеялары мен педагогикалық тәжірибесі. Идеясы: Боран мектебін білімдар әрі бала жүрегіне сезімтал ұстаздар ордасына айналдыру, жаңалыққа ұмтылуды мақсат ету,

4

жаңалық үшін ғана емес, жалпының игілігі үшін жұмыс істеу.

Жаңашыл ұстаздың басына тән басты қасиеттері ерен ерлігі, жауапкершілігі, еңбекқорлығы, турашылдығы, біліктілігі, талап қойғыштығы, ұйымдастырушылық қабілеті, адамгершілігі, педагогтың ізденімпаздығы, шығармашылығы.

Еліміздің таңдаулы мектептерінің бірі Боран мектебі мыңға жуық оқушы оқыған ауылдық жердегі аралас мектеп болған. Мектеп жанындағы оқу өндірістік кешенінде 9-10 сыныптағылар екі жыл ішінде жүргізуші, тракторшы, электрик мамандықтарын алып шыққан. Мектептің бүкіл оқу тәрбие жұмысы техникалық құралдарды қолдануға негізделіп, барлық 40 кабинеттің техникалық орталығы республикамызда тұңғыш рет осы мектепте жасалып, мыңдаған дыбыстық фонограммалардың, диофильмдер, диопозитивтердің, кинофильмдер мен кино-фрагменттердің, магнитафон жазбаларының үлкен қоры жинақталған орталық телестудиясы болған. Студиядағы операторлар да, режиссерлар да 7-сыныптан жоғары оқитындар болды.

Мектеп жанында зәулім спорт залы, екі дене шынықтыру залы, ән-күй, саз кабинеті мен бөлмелері 200 орындық жиын залы, 200 орындық кинотеатр, мединицалық кабинет, 240 орындық асхана жас буынның игілігіне айналған. Сол кездегі совхоз малшыларының балаларына арналған 6 орындық интернат үйі, толық жабдықталған өнер бөлмесі (көрмесі), екі оқу залы жұмыс істеген. Қазақтың ұлы ағартушыларына, көрнекті педагогтарға арналған стеділер, мәңгі от алаулары тұрған жауынгерлік даңқ залы тәрбие орталығына айналған. Ұжым барлық пәндер бойынша толық үлгерімге жетіп, құқық тәртібін бұзу оқиғасы кездеспеген. Жыл сайын мектеп бітірушілердің көбі совхоз өндірісінде қалып, жөндеу, көгалдандыру, т. б. мектеп жұмыстарын оқушылар атқарған. Мектеп директоры - Қ. Н. Нұрғалиев: «Мектепті алға бастыруды анық ойласақ, істі кадрдан бастауымыз қажет. Келешектің адамын қалыптастыру, еңбекке баулу, адамгершілікті дамыту, мұның бәрі сегіз қырлы бір сырлы дейтін мұғалімдердің қолдарынан келетінін үнемі ескеріп отырғанда ғана жақсы ұстазбен жас шәкірт арасында мәңгі үзілмес алтын желі тартылады. Ол мұғалімнің оқушыға сенуі, оқушының мұғалімді сүюі » - деп оқу-тәрбиесін, ізгілендіру идеясын қолдады.

І. Архимед Мыңбайұлы Ысқақовтың өмірбаяны және ұстаздық қызметі.

А. Ысқақов 1953 жылы туған, жаңашыл ұстаз, 1975 жылы Киров атындағы Қазақтың мемлекеттік университетінің физика- математика

5

факультетін бітіріп, Алматы, Ресей мектептерінде математика пәнінен сабақ беріп мол тәжірибе жинақтаған дарынды ұстаз. 1988-89 оқу жылынан бастап ерекше тәрбиені қажет ететін жоғары сынып оқушыларына арналған эксприменттік мектептің директоры қызметін атқарады. Білім саласы бойынша «Тарлан-2000» сыйлығының иегері.

ІІ. Негізгі идеялары мен тәжірибелері: Көпшілік Архимед мектебін «Болашақ» мектебі дейді. Оқу - тәрбие жұмысында бетбұрыс жасау идеясын ұсынып, әр оқушының еркін дамуына, азамат ретінде белсенді әрекет етуін, мүмкіндік туғызатын мектептің жаңа моделін құру идеясын ұсынды. Педагогикалық процесті еркін демократиялық негізде жүргізуде Мыңбаевтың идеясы. Архимед мектебінің басым көпшілігі ерекше тәрбиені қажет ететін әдеттегі қиын балалар деп аталып жүрген 9-10 сынып оқушылары. Алайда, педагогикалық ұжым өз еріктерімен келген жасөспірімдердің ешқайсысын қиын оқушы деп есептемейді. 200 жасөспірімнің барлығын да, өздерінің бейімділігі мен ынта- ықыласына қарай іске тартып, сенім артып, адал еңбектің пайдасына көздерін жеткізеді.

Архимед мектебінің міндеті - балаларға сапалы білім, саналы тәрбие беріп, олардың өмірдегі өз жолын табуына көмектесу. Бұл мектеп сол кезде жартылай шаруашылық негізде жұмыс істеп, оқушылар түске дейін қаланың жүзден астам өндіріс орындарында міндетті түрде 4 сағат еңбек еткен. Тапқан табыстарының 50 сомын мектеп қорына өткізіп, оны бос уақыттарымен каникулдарын мазмұнды ұйымдастыру үшін жұмсаған. Оқуға деген ынтасына қарай оқушыларға 10 сомнан 50 сомға дейін шәкірт ақысы төленген. Бағдарламаның ерекшелігі- жалпы білім беретін пәндерден басқа әр оқушының қалауына сай бір-екі пәнді тереңдетіп оқытуында, бейнелеу өнері, кино, театр, саз, дін тарихы пәндерін енгізілуде, биология курсының «Экология негіздері» деген қосымша сабақтармен толықтырылуында. Оқушылардың денсаулығын нығайту мақсатымен дене шынықтыру сабағы аптасына 5 рет өткізіліп, бір сабағы міндетті түрде бассейнде өткізілген. Сондай-ақ ағылшын тіліне аптасына 4 сағат бөлініп, компьютер сыныбымен қатар, «Журналистика негіздері», «Социология және психология негіздері», т. б. курстар оқылып, балалардың толықтай орта білім алуына, өздігінен білім алуына деген құштарлығы мен дағдыларын қалыптастыруға ықпал жасалды.

Оқушылар отандық және дүниежүзілік мәдениет байлығымен танысып, адамгершілік және ерік- жігерлерін қоғамдық дәрежеде шынықтыра алады.

Мектепте барлығы 25 мұғалім және жоғары оқу орындарымен мекемелерден шақырылған мамандар тобы еңбек етіп, 8 оқушы, 8 мұғалімнен тұратын мектеп кеңесі болды.

6

Мектеп бітіруші түлек мемлекеттік аттестат, паспорт, 2 жыл еңбек стажы бар еңбек кітапшасын, жұмысшы мамандығын алып шығады. Сол кездегі бір оқушының «Сіздің мектебіңізде оқығым келеді. Мені мектебіңізге алыңыз, өтінемін. Мен ешкімге де керек емеспін », - деген хатын тебіренбей оқу мүмкін емес.

Архимед мектебінің педагогикалық процесі демократиялық және ізгілік негізінде құрылған. Мектеп оқушыға кең еркіндік береді. Тек бір ғана мақсатты- заманына сай саналы да өрелі, әрі дені сау, парасатты азамат болып өсуді талап етеді. Мектеп оқушылары өз мектебін мақтан етіп, пікірлерін білдіреді. Оқушы Дина Бектасова:

--Мектеп бітіргенде «аңғал сарыауыз балапан емес, өмірдің сынына, күресіне дайн азамат болып шығатыныма күмәнім жоқ».

Мектеп кеңесінің мүшесі, 9-сынып оқушысы Асфендияр Құрбанов:

--Біз өз мектебімізге өзіміз қожамыз. Сондықтан өзімізді ересек жігіт пен бойжеткен сезінбесек болмайды.

--9- сынып оқушысы Данияр Орынбеков:

---Мектепті жақсы бітірген соң кез келген жоғары оқу орнына қиналмай түсерімізге сөз жоқ. Себебі мұндағы оқудың сапасы өте жоғары.

Міне, А. Ысқақов өз пәнімен қатар педагогтік мамандығына шынайы сүйіспеншілігі әке тәрбиесінен дарыған, шәкірт жүрегіне жол таба білген, үнемі даму, ілгері басу, ізденуді өмір өзегі еткен, әрі іскер, әрі білікті, жігерлі ұстаз. Атаулы мектеп директоры оқушылар мен педагогтардың ұйымдастырушысы әрі білікті тәлімгер.

І. Нұртазина Рафиха Бекенқызы. (1921 жылы туған)

Р. Нұртазина педагог-әдіскер, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген мұғалімі (1966), Социалистік Еңбек Ері (1968), педагогика ғылымдарының кандидаты(1974) . Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының орыс тілі мен әдебиеті факультетін бітірген(1951) . Алматыдағы № 12 қазақ орта мектебінде 14 жыл бойы басшылық етіп, орыс тілі мен әдебиетінен дәріс берді. 200-ден астам ғылыми зерттеулер мен оқу-педагогикалық еңбектердің авторы, қазақ мектептеріндегі орыс тілі әдебиеті бағдарламасын құрастырушылардың бірі. 1972 жылы қазақ педагогика қоғамының төрайымы болып сайланды.

7

Бүкілодақтық халық ағарту қызметкерлері съезінің делегаты (1968, 1988) . Көптеген орден медальдармен марапатталған, «Платиналы Тарлан» сыйлығының иегері.

Р. Б. Нұртазина орыс тілінің білікті маманы ретінде педагогика ғылымының және Қазақстан мектебінің бай тәжірибесін насихаттап Африкада, Вьетнам, ГДР, Монғолия, Жапония, тағы басқа елдерде дәріс оқыды.

1979-1986 жылдарда орыс тілі мен әдебиетін оқытатын мұғалімдердің халықаралық қауымдастығына (ассоциациясына) қатысты. Будапештте өткен конгресте 78 елден келген мұғалімдер алдында дәріс оқыды. Берлиенде өткен орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің IV Дүниежүзілік конгресіне қатысты. 1989 жылдан радиохабары арқылы қазақша тілұстарту сабақтарын орыс және қазақ тілдерінде жүргізген.

Идеялары: педагогика ғылымының жетістіктерін, заңдылықтарын, әдебиеттерін оқып үйреніп, диалектикалық жолмен қорытынды шығара білу; адамға ізгілікті ықпал жасай білуді меңгеру; әр балаға бақыт сыйлау ; педагогикалық процесте пәнаралық байланыс негізінде шығармашылықпен оқыту ; сабаққа енжарлыққа жол бермеу ; әрбәр сабақты оқушы мен мұғалімнің рухани қатынасының қуанышы көзіне айналдыру ; ана тілінде білім алу. Сабақ қаншама қайталанса да, жаңалығымен мұғалімнің өзін де, оқушыны да таңдандыратындай болуы тиіс.

Егер мұғалім әр баланы қайталанбайтын жеке тұлға деп, оған сеніммен, мейіріммен қараса, мектеп директоры әр шәкіртіне әріптес ұстаздарына парасатты қатынаста болса, онда оқу-тәрбие процесі жақсы жүреді.

Ол орыс тілін ұлт мектептерінде оқытудың тәжірибелеріне талдау жасады. Ұстаздың өзіндік шеберлігі - оқыту процесінде оқушылардың таным белсенділігін арттыру, оларды өздігінен іс-әрекет жасауға ынталандыру, орыс тілін еркін сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету мақсатында оқу материалына байланысты дидактикалық құралдар дайындау. Әр сыныпқа әр тақырып бойынша әдеби ойындар, әңгімелер, мақал- мәтелдер, ертегілер, жұмбақтар, суреттер, кестелер, техникалық оқу құралдары ұзақ ұстаздық еңбек жылдарында жинақталды. Нұртазинаның бұл тәжірибесі республикалық конференцияларда талқыланды. Әр жылдарда арнайы жеке оқулық әдістемелік кітап болып жарияланды.

Оқушылардың ғылыми дүние танымын қалыптастыруда пәнаралық байланыс принципін қолдана отырып, біздің еліміздің ұсынысына қатынасына, оның жақсаруына үлес қосу жаңашыл ұстаз Р. Бекенқызының әр сабағының өзекті міндеті болып саналады.

8

Р. Б. Нұртазина өзінің ұзақ жылғы мектепті басқару тәжірибесінде балаға деген шынайы махаббат сезімін, оқушылар мен мұғалімдер және ата-аналар ұжымына сенім білдіруді, ізгілік және демократизм принциптерін, педагогикалық ынтымақтастық идеясын басшылыққа алды. Осының нәтижесінде мектепте өз мамандықтарын сүйетін, еңбекке жауапты қарайтын, білікті, іскер педагогикалық ұжым құрылды. Мектепте оқушылардың жан-жақты жарасымды дамуына бағытталған, өзін-өзі басқару негізінде құрылған сыныптан тыс, мектептен тыс жұмыстардың мол тәжірибесі жинақталды. №12 мектептің 60 жылдан астам уақыт ішіндегі шығармашылық еңбегін көрсететін тарихи мұражай бар.

І. Григорий Максимович Кубраков ұстаздық қызметі мен еңбектері.

Г. М. Кубраков - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют санаториялық мектеп - интернатының директоры, КСРО халық мұғалімі, республикалық және Бүкілодақтық халық ағарту қызметкерлері съезінің делегаты.

Г. М. Кубраков ұзақ жылғы қызметінде ұлы педагог А. С. Макаренконың бай мұрасын бүгінгі мектеп жағдайында жүзеге асырып, жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуді сапалы биікке көтеруде тұлғаланып, бүкіл республикамызға танымал болған талапты да, талантты ұстаз.

Г. М. Кубраков республикалық теледидар арқылы ұйымдастырылған арнайы хабарға қатысып, озат тәжірибесі туралы телекөрермендермен пікір алмасып отырды. Ол жас ұрпақ бойына еңбексүйгіштік дағдыларын қалыптастыруда өте құнды тәжірибені жинақтады. Кубраковтың қаламынан ғылыми педагогикалық негізде баяндалған көп жылғы ұстаздық еңбегінің бай тәжірибесі бірнеше кітаптар болып жарық көрді. Мәселен: Г. М. Кубраков «По пути Макаренко» ( Алматы: Мектеп, 1982), По заветом Макаренко ( М, Просвещение, 1987) .

І. Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева

Қанипа Бітібаева-Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ мектептерінде әдебиетті оқытудың жаңа жүйесін қалыптастырған ұстаздардың бірі.

1991 жылы 19 мамырда Қанипа Бітібаеваның ғылыми әдістемелік атаулы мектебі ашылып,

оның жетекшілігімен ұстаздар «Әдебиетті тереңдетіп оқыту әдістемесін » жетілдіруге ат салысуда. Қ. Омарғалиқызы 70 -тен аса мақала мен 23 кітаптың және оқулықтың авторы.

9

Оның «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі мен технологиясы » атты оқулығында лириканы, эпикалық шығармаларды жаңа технологиялармен оқыту жолдары баяндалған. Абай, Мұқағали лирикаларын меңгерудің

жолдары тақырыпқа қатысты сабақ өткізудің технологиялық картасы, поэтикалық талдаулардың үлгілері, шығармашылық жұмыстар берілген. Мысалы, жыраулар поэзиясына 40 түрлі тапсырма түрінің берілуі оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытады. Эпикалық жанрды меңгертуге қатысты әңгіме, хикаят, роман, жанрларын оқытудың ғылыми- теориялық негізі және сабақ үлгілері бірге ұсынылған. Сонымен қатар, «Абай жолы » эпопеясын оқыту технологиясы мен әдістемесі де жан-жақты сөз болады. Батырлар жырын публицистикалық шығармаларды, эпистолярлық жанрды оқыту әдістері берілген. Әсіресе, дамыта оқыту технологиясына сүйене отырып, оқушыларды ғылыми еңбекке баулу мәселелері, дарынды балалардың қабілетін жетілдіру, әдіс-тәсілдері де осы оқулықта жазылған. Ұстаздың Абай туындыларын оқытуға негізделген екі кітабы, Мұхтар Әуезов шығармаларын оқытуға бағытталған үш кітабы іргелі еңбектер қатарын молайтты.

Қ. Бітібаева әдебиетті «өмір сабағы, өнер сабағы, ой сабағы, ойлану сабағы »-- деп біледі. Ол өзінің әр сабағын кішігірім өнер туындысы дәрежесіне көтеруді мұрат еткен ұстаз. Қанипа өткір ойы, батыл пікірі, оқу тәрбиесін жетілдіруде тың серпіні бар, шығармашылық зертханасы қалыптасқан өте іскер жаңашыл мұғалім.

Қанипа Бітібаева - оқыту процесінде баланің рухани жан дүниесін, ой еңбегінің күрделі процесінің заңдылықтарын, жеке адамның қалыптасу ерекшеліктерін зерттеуші ұстаз. Қанипа өзінің мол жұмыс тәжірибесін шәкірттерге қазақ тілі мен әдебиетінен білім, тәрбие беруден түйген пікірлерін, қазіргі мектеп бағдарламалары жөніндегі ой- жалғастарын ортаға салып, республикалық және халықаралық басылымдарда да жариялап отырады.

Қ. Бітібаеваның кітаптары:

1. Әдебиетті оқытудың тиімді жолдары.

2. Әуезов шығармашылығын оқыту.

3. Сабақ түрлері мен үлгілері.

4. Мектепте Абай шығармашылығын оқыту.

5. Әдебиетті оқыту әдістемесі. (оқулық)

6. Әдебиеттану.

10

7. Абайды таныту.

8. М. Әуезов - мектепте.

9. Әдебиетті тереңдетіп оқыту.

10. Әдебиет оқулығы.

11. 7-сынып әдебиетін оқыту әдістемесі.

12. 5-9 сынып әдебиетін тереңдетіп оқыту.

13. 10-11 сынып әдебиетін оқыту.

Осы заман педагогикасы -бұл тұлғаның және ұжымның тәрбие және өзін-өзі тәрбиелеу процестерінің диалектикасы туралы ғылым.

Ынтымақтастық педагогика - бұл тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің, мұғалім мен балалардың шығармашылық еңбегінің диалектикалық бірлігі емес пе?

Мектепке, жоғары оқу орнына жаңа кадрларды дайындауда қоғамның әлеуметтік тапсырмасын орындау үшін ынтымақтастық педагогика керек. Бұл педагогика жас мұғалімнің ғылыми педагогикалық теория мен озат педагогикалық тәжірибенің нәтежесімен қарулануына мүмкіндік береді. Сонымен бірге ізгілендіру, гуманитарландыру жағдайында тұтас педагогикалық процесте жаңа идеяларды пайдаланудың жолдарын қарастырады.

Ынтымақтастық педагогиканың негізгі идеяларын оқу-тәрбие процесінде қолдану барысында тәрбие мақсаттарын жүзеге асыру жолында орта және жоғары мектеп зор роль атқарады. Өйткені оларда барлық жастар оқып, еңбек етуге үйреніп дағдыланады, өмірге жолдама алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұхтар Әуезовтың педагогикалық көзқарасы
Абай шығармаларын мектепте оқыту
Мағжан Жұмабаев шығармашылығын мектепте оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері
Мұхтар Әуезов шығармаларын интерактивті әдістер арқылы оқыту әдістемесі
Көркем шығарманы талдау мәселесінің зерттелуі
Дәстүрлі технологиялар мен инновациялық технологиялардың аражігі
Мұхтар Әуезов шығармаларының ерекшелігі мен орта мектепте оқытылу мәселелері
Әдеби сын-зерттеу еңбектерінің жалпы теориялық сипаты
Көркем шығарма бойынша оқушылармен пікір алмасу
М. Әуезовтің ой-пікірлері қалыптасуының даму жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz