Жеңіл атлетиканың түрлері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

ЖББ сыныптарында дене тәрбиесі сыныптарында жеңіл атлетика сабақтарын оқыту ерекшеліктері

Орындаған: «Дене тәрбиесі
Орындаған: «Дене тәрбиесі: және спорт пәнінің мұғалімі»
Орындаған: «Дене тәрбиесі: мамандығының 43 топтың
Орындаған: «Дене тәрбиесі: Нұржақыпов Бақтияр
Орындаған: «Дене тәрбиесі: Жетекшісі: Дюсембаев Ж. А.

2018 жыл

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3-5

І. Жеңіл атлетика спортының жалпы сипаттамасы . . . 6-7

1. 1. Жеңіл атлетика . . . 6-7

1. 2. Жеңіл атлетиканың түрлері . . . 8-12

ІІ. Жалпы білім беретін мектептердің ЖББ сыныптарының дене тәрбиесі сыныптарында жеңіл атлетика сабақтарын оқыту ерекшеліктері . . . 13-14

2. 1. Жеңіл атлетика сабағының мазмұны және оны ұйымдастыру . . . 13-14

2. 2. Жеңіл атлетиканы ұйымдастырудың жолдары мен әдістері . . . 15-25

2. 3. Оқушыларды дене тәрбиесіне баулуда жеңіл атлетиканың маңызы. . 26-26

ІІІ. Эксперимент жұмысы . . . 27-29

Қорытынды . . . 30-31

Пайдалынылған әдебиеттер . . . 32

Кіріспе

Қазіргі таңда жаңа қоғамның алдында тұрған міндеттердің бірі - бәсекеге қабілетті білім беру кеңістігін құруға бағытталған қазақстандық білім беру реформасы бағыттары. Оның біріне жалпы орта білім берудің жоғары деңгейіндегі бағдарлы оқыту. Бұл үдерістің нормативтік жақтары жалпы орта білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандартында (2002 ж. ) көрсетілген. Тұрғындарды салауатты өмір салтына, дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға баулу халықтың түрлі әлеуметтік-демографиялық топтарына арнап бейімделген ақпараттық бағдарламаларды әзірлеу арқылы жүзеге асуға тиіс.

Сайыстық негізде спорттың негізгі түрлерінен, соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына берілетін арнайы бағдарламалар бойынша, теледидар бағдарламаларын жасау, насихаттық және ақпараттық технологиялар әзірлеу керек. Дене шынықтыру және спортты насихаттау атаулы, нақты әлеуметтік топтар мен жіктерге, әрбір адамға бағытталған, дене шынықтыру мен спорттың басымдығын дәлелдей көрсетуге, сондай-ақ жастар арасында нашақорлық, темекі шегушілік, ішімдікті пайдалану және басқа да жат құбылыстардың таралуына қарсы күреске бағытталуға тиіс.

Жастардың дене тәрбиесі жөнінде жұмыс жүргізу, олардың ортасында қазақстандық спортшылардың спорттағы жетістіктерін, бұқаралық спортты танымал ету, олардың санасында «тәні саудың - жаны сау» деген қағидатты орнықтыру қажет. Бұл орайда бұқаралық ақпарат құралдарының міндеттері: жас ұрпақтың спортқа және табиғи дене бітімін жетілдіруге деген қызығушылығын арттыру, спортпен өз бетінше шұғылдануды белсенді түрде таныту, дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану қажеттігін көпшіліктің санасына сіңіру болып табылады[5; 19] .

Дене шынықтыру мен спортты дамытудағы басты бағыттардың бірі - олардың ізгілікті жағын күшейту. Адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін, қабылданған жалпы этикалық нормалар мен талаптарға сай келмейтін, зорлық пен зомбылықты үйрететін спорт түрлері мен дене жаттығуларын дамытуға қолдау көрсетілмеуге тиіс.

«Дене шынықтырудың» білім беру саласындағы негізгі мақсаты денсаулықты нығайту, білім, өмірлік маңызды қозғалыс біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыру, адамгершілік, еңбек және эстетикалық тәрбиенің міндеттеріне сәйкес жеке тұлғаны үйлесімді дамыту. Үйлеміді дамытудағы спорттың бір түрі - жеңіл атлетика.

Әр сыныптағы оқу жүктемесінің көлемі аптасына 3 сағатты, оқу жылы ішінде 102 сағатты құрайды және топтардағы оқушылар саны 10-12 ден кем болмаған жағдайда 5-11 сыныптарда ер балалар мен қыз балалар бөлек оқытылады (ҚР БҒМ-нің 2001ж. 27. 06. №505, 2002ж. 30. 04. №352, 2003 ж. 29. 05. №351 бұйрықтары) . Сабақтарда бәрінен бұрын іс жүзінде педагогикалық міндеттердің барлық көлемін қамтитын оқу мақсаттары жүзеге асырылады. Дайындайтын және жетектейтін сипаттағы, сондай-ақ денені арнайы шынықтыратындай жаттығуларға үйрету технологиясын бөлек-бөлек және жүйелі түрде құрастыру қажет. Оқушыға білікті түрде жәрдем көрсетілу тиіс[10; 48] .

Білім беру міндеттерін жүзеге асырудың практикалық құрылымы ретінде қателерді көрсету мен түсіндіру, қателерді жою жолдары ұстаздың оқушымен жүргізетін жеке жұмысының тиімділігін қамтамасыз етеді, өзінің білімін көтеруге ынталандыру секілді көп нәрсеге себепкер болады. Дене тәрбиесінің базалық мазмұнын сапа тұрғысынан жаңарту сабақ берудің дидактикалық, себептілік және адамгершілік-эстетикалық негіздерін одан әрі нығайтуды, дене тәрбиесін жетілдіру мақсатында оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастырып, дамытуды көздейді. Бағдарламаның өзгермелі мазмұны оқушылардың тұратын жерлерінің ерекшеліктерін, мектептің материалдық базасын, мұғалім мүмкіндіктерін және оқушылардың қызығушылықтарын ескере отырып құрылған.

Курс жұмысының мақсаты - мектеп оқушыларын дене тәрбиесіне баулуда жеңіл атлетиканың алатын орны мен маңызын айқындау.

Курс жұмысының міндеттері:

1. Жеңіл атлетика және оның түрлері туралы баяндай отырып, оның әр түрінің ерекшеліктерін айқындау.

2. Қазақстанда жеңіл атлетиканың дамуы мен болашағына тарихи шолу

3. Мектепте жеңіл ЖББ сыныптарында атлетика сабағының мазмұны мен ұйымдастырудың маңызын сипаттау.

4. Жеңіл атлетика сабағының мазмұндық құрылымын сипаттау.

5. ЖББ сыныптарындағы жеңіл атлетиканы ұйымдастыру сабақтарында қолданылатын әдістерді айқындау.

Курс жұмысының болжамы: егер жалпы білім беретін мектептердің ішінде ЖББ сыныптарында жеңіл атлетика сабақтарын талапқа сай, жаңа мазмұнда ұйымдастыратын болсақ, онда:

- оқушылардың қозғалыс дағдысы, танымдық-қозғалыс белсенділігі артады;

-арттыруды қалыптастыруға себепкер болатын дене жаттығулардың негізгі түрлерімен оқушылар таныс болады;

-қимыл-қозғалыс мәдениетін қалыптастыру мен денсаулықты нығайтуға бағытталған қозғалыс іс-әрекеті және дене жаттығуларының негізгі түрлерін оқушылар меңгереді;

-дене тәрбиесі мен салауатты өмір саласындағы білім қалыптасады;

- жаттығулар техникасын жетілдіру есебінен дене қасиеттерін қалыптастыруға тәрбиеленеді.

Курс жұмысының пәні: ЖББ сыныптарында жеңіл атлетика сабағын өткізу үрдісі.

Курс жұмысының нысаны: ЖББ сыныптарында жеңіл атлетика сабақтарын ұйымдастыру жолдары.

Курс жұмысының теориялық маңыздылығы: мектеп оқушыларының қозғалысты орындай білу іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру, жаңа қимылдарға үйрету әдісі. Мектептегі ЖББ сыныптарындағы дене шынықтыру бағдарламасының мазмұны, оқушылардың жүйелі түрде дене шынықтыру сабағында, отбасындағы дене шынықтыру, үйірмелер мен спорттық секцияларда өмірге қажетті қимыл дағдыларын: жүру, жүгіру, лақтыру, секіру, тепе-теңдік сақтау, шаңғымен жүру дағдыларын, іскерліктерін қалыптастыру болып табылады. Сондай-ақ, балаларды қолданбалы сипаттағы әр түрлі жаттығуларға үйретуде маңызды рөл атқарады. Балалармен әр түрлі ойын түрлерін ұйымдастыру-қимыл-қозғалыс түрлерін дамытады. Жоғарыда аталғандардың барлығы балаладың дене шынықтыруы жөнінен жан-жақты дамуын, еңбекке дайындығын қалыптастырады.

Курс жұмысының практикалық маңыздылығы: мектептің негізгі міндеттерінің бірі оқушыларды дұрыс, көркем, ұқыпты жүруге үйрету. Жүруге үйрету сапқа тұру және қайтадан сапқа тұру кезінде арнайы ұйымдастырылады. Оқушылар жүруге дұрыс дағдылануы үшін, оларды 1-сыныптан бастап, қимылды ырғақ арқылы сол аяқтан бастап жүруге үйретеді. 1-сыныпта оқушылармен еліктеу сипаттағы жаттығулар қолданылады «қаздар қайтіп жүреді», «аюға ұқсап жүріңдер!» т. с. с. Жаңартылған білім беру сыныптарында жеңіл атлетика сабақтарындағы жатығуларды орындауда санитарлық - гигиеналық талаптардың орындалуында мұғалімнің, мектептің барлық қызметкерлерінің жеке басының үлгісі шешуші орын алады. Алға қойған міндеттерді шешуде мұғалімнің оқушылармен қысқаша түрде әңгімелесуі үлкен рөл атқарады. Мұндай түрдегі әңгімелесуді дене шынықтыру сабағында, сыныптан тыс орындалатын іс-шараларда және тағы басқа сабақтарда өткізуге болады. ЖББ сыныптарының дене шынықтыру сабағындағы жеңіл атлетика жөніндегі білімді дене шынықтыру сабағында және сыныптан тыс іс-шараларда алады. Бұл олардың жеңіл атлетика сабақтарына деген қызығушылығын, саналы көзқарасын туғызады.

Зерттеудің көздері болып Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми құжаттары (Заңдары, қаулылары т. б. ), Білім және ғылым министрлігінің ұлттық мәдени мұраны оқу-тәрбие процесіне ендіруге байланысты тұжырымдамалары мен бағдарламалары, оқу құжаттары, ғалымдардың (тарихшылар, этнографтар, философтар, әдебиетшілер, психологтар, педагогтар) еңбектері, мектептің оқу-тәрбие процесінің құжаттары, педагогика ғылымының озық тәжірибелері мен жетістіктері қаралады.

Курс жұмысының әдістері:

1. Ғылыми педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерге шолу.

2. Баспасөз беттері, мерзімдік басылымдардан мақалаларды қарастыру.

3. Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістерін қолдану.

Курс жұмысының құрылымы : кіріспе, негізгі және теориялық бөлімдер, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімі.

І. Жеңіл атлетика спортының жалпы сипаттамасы

1. 1. Жеңіл атлетика туралы түсінік

Жеңіл атлетика ның тарихы ежелгі дүние дәуіріндегі халықтардың іс әрекетінен басталады. Табиғи қозғалыстар, яғни, жүру, тұру, секіру адам бұлшық еттерінің қозғалысы адамзат пайда болған дәуірден бастау алады.

Мәліметтерге сүйенсек, жеңіл атлетикадан жарыс біздің эрамызға дейінгі 776 жылы өткізілген. Бұл туралы Ежелгі Грек олимпиада ойындары туралы жазбаларда анық жазылған. Сол замандарда жарыс тек ұзын-сонар алаңда жүгіру жарысымен шектелген. Ерлер мен әйелдар арасындағы бәсеке жеке-жеке өткізіліпті.

Гректер жұдырық түйістіретін спорт түрі мен күресті ауыр атлетикаға жатқызған. Бұрынғы атлеттердің жетістігі жүгіру шапшаңдығымен өлшенген. Бізге алғашқы олимпиадалық чемпиондардың Ежелгі Грекиядан шыққаны белгілі. Бұл шара біздің эрамызға дейінгі 776 жылы өткізілген. Онда атлеттер тек жүгіру спорт түрінен бақ сынаған. Додаға 192 метрді бағындырған жалғыз атлет жеңімпаз аталған екен. Жеңіс тұғырынан көрінген азамат Элида қаласында жай ғана даяшы болған. Ал, жеңіл атлетика алғаш рет Англияда ұйымдастырылған.

1837 жылдары жарысқа түскендер 2 метр қашықтықта жүгірген. Оған қатысушылар Регби қаласындағы колледжде білім алып жатқан жастар болған. Итон, Оксфорд, Кембридж, Лондондағы оқу орындарында да спорттық жарыстан жиі өтіп тұрған. Кейіннен бағдарламаға қысқа қашықтықта жүгіру, ұзындықта және биіктіктен секіру сынды шарттар енгізіді.

1865 жылы Лондон атлетика клубы құрылды. Бұның негізінде тұңғыш рет жеңіл атлетикадан ел чемпионаты өтті

1880 жылы Англияда Британ империясының шеңберінде әуесқойлар атлет қауымдастығы негізін қалады.

Ал, АҚШ-та 1868 жылы Нью-Йорк қаласында алғашқы атлет клубы ашылды. Сол жылдары Америкада атлетиканың дамуына үлес қосқандардың басым дені университет ошақтары болды.

1880-90 жылы жеңіл атлетика жеке дара спорт түрі ретінде күллі Еуропаға кең таралды. 1896 жылы өткен олимпиада ойындары жеңіл атлетиканың дамуына орсан жол ашты. Сол жылы Афинада өткен І олимпиада ойындарына жеңіл атлетиканың 12 түрі енгізілді. Додада америкалық жеңіл атлеттер барлық жүлдені қанжығаларына байлады. Алайда, олардың қуанышы ұзаққа бармады.

Өйткені, 1952 жылдан бастап олимпиада ойындарына қатыса бастаған КСРО атлеттері олардың бірден-бір қарсылары болды.

1996 жылы Атлантада өткен олимпиада ойындарында өнер көрсеткен атлеттердің саны 2000-ға жетті. Әйелдер арасындағы жарыс 1928 жылдан бастау алады[3; 58] .

Нәзік жандар 1999 жылы жаздық әлем чемпионатында және 2000 жылы Сидней олимпиадасында жақсы нәтиежеге қол жеткізе білді.

1968 жылы Мехикода өткен жарыста американлық спортшы Боб Бимон- 8 м 90 см ұзындықтан секіруден әлем рекортын жаңартқан. Бұны күллі әлем «21 ғасырдың ең биік көрсеткіші» деп бағалады. Араға 20 жыл салып Сеулде өткен олимпиадада 100 және 200 м қашықтықтан жүгіруден америкалық желаяқ Флоренс Гриф фит- Джойнер рекорттық көрсеткішті бағындырды. Оның бұл жетістігі 14 жыл қатарынан сақталып тұрды.

Жеңіл атлетика - бүгінгі таңда тек біздің елде ғана емес, дүние жүзінде кең таралған спорт түрі.

Жеңіл атлетиканың негізгі жаттығулары:

- тегіс жерде жүгіру,

- бедерлі жерде жүгіру,

- жүру,

- кедергілермен жүгіру,

- ұзындыққа және биіктікке секіру,

- лақтыру,

- жеңіл атлетикалық көпсайыс.

Жүгіру - қысқа, орташа және ұзақ қашықтық болып үшке бөлінеді. Қысқа қашықтыққа - 100, 200, 400 м және 110 м кедергілі қашықтық жатады. Орташа қашықтыққа800, 1000, 1500, 2000, 3000 м жүгіру және 3000 м кедергілі қашықтыққа жүгіру жатады.

Ұзақ қашықтыққа - 5000, 1, 2, 42 шақырым 192 м марафондық қашықтық және 50 шақырым кросс (дала жарысы) жатады[12; 21] .

Жүру - 20 шақырым спорттық жүріс.

Лақтыру - диск, найза, граната, балға, доп және ядро.

Секіру - орында тұрып және жүгіріп келіп ұзындыққа секіру, биіктікке және сырықпен секіру, үш аттап секіру.

«Дене шынықтыру» оқу пәні мемлекеттік міндетті білім беру стандартының маңызды компоненті есебінде «Дене шынықтыру» білім беру саласына кіреді. Оқу пәнінің нысаны - пән арқылы дамитын және әлеуметтік ортамен өзара әрекет ететін дамып келе жатқан бала организмі.

«Дене шынықтыру» оқу пәні - бұл дене және психикалық саулықты нығайту үшін арнайы ұйымдастырылған қозғалыс белсенділігі туралы білімдер жүйесі. Осы пәннің іс жүзіндегі мақсаты - бұл қазіргі қоғамның жалпы мәдениетінің бөлігі есебінде дене шынықтырудың құндылығы жөнінде білім алу. Ол қозғалыс қабілеттерін дамытып, жетілдіруге, сондай-ақ салауатты өмір салтының ережелеріне үйрету болып табылады.

1. 2. Жеңіл атлетиканың түрлері

Жеңіл атлетикалық көпсайыс - көпсайыс құрамына жеңіл атлетиканың жаттығуынан 10 жаттығуға дейін кіреді. Олар - жүгіру, секіру, лақтыру және кедергілерден өту.

Сөре және мәре. Жарыс барысында сөреден шығу үшін жүгіруші төменгі және биік сөре жағдайында тұрады. Қысқа қашықтыққа жүгіргенде төменгі сөре жағдайында тұрады. Орта және ұзын қашықтыққа жүгіргенде биік сөре жағдайында тұрады. Төменгі және биік сөреде жүгіріп шығу әдіс-тәсілін студенттер мектеп бағдарламасынан оқып кеткен.

Жеңіл атлетиканың негізгі жаттығуы - жүгіру. Ол жеңіл атлетиканың барлық жаттығуларында қолданады. Сондықтан, кім болсын, жеңіл атлетикамен шұғылданғанда, ең алдымен жүгірудің айла-тәсілін меңгеруі керек[1; 15] .

Жүру. Адам баласының табиғи жүруі бар. Екінші - жүрудің спорттық түрі бар. Әрине, екеуінің айырмашылығы жер мен көктей. Спорттық жүрістің негізгі ережесі, әрбір аттаған сайын, яғни, алдыға аттаған аяқтың өкшесі жерге тимейінше итерілетін аяқты жерден көтеруге болмайды. Демек, адамның екі аяғы да жерге тимейтіндей көтеріліп кететін фазасы болмауы керек. Бұл жағдайға кез келген спортшы қалыптасып үйрене бермейді. Табиғи жүрісте көтеріліп кететін фазасы болады. Яғни, жүгірудің алғы шарты орындалады. Спорттың жүріспен жарысқа қатысқан спортшы жүгіріп кетпес үшін көтеріліп кететін фазасын төрешілер мұқият қадағалайды.

Әдетте, жүгірудің әдісін білетін спортшылар төменгі сөреден шығудың әдісін жақсы меңгерген болса, жылдамдықтан көп ұтады. Бұл деген жүгіріс әдісін меңгерді деген сөз. Ал жоғарғы сөре жүгіріс әдіс-тәсілін меңгеруге айтарлықтай әсер ете қоймайды.

Бірақ орта және ұзақ қашықтыққа жүгіргенде аяқты көтеріп алып, алға соза басудың өзіндік ерекшелігі бар. Мәселен, біреу қысқа адымдайды, енді біреу жүгіргенде адымын ашады. Жүгірушінің жылдамдығы, міне, негізінен осы жағдайдың орындалуына байланысты. Осыған орай мынандай жаттығуларды орындауға болады:

- белгілі бір қашықтықты (400, 800, 1000 м) бір темппен жүгіріп өту (бірнеше рет қайталау) ; 20-30 м қашықтықты өте жоғары жылдамдықпен жүгіріп өту. 6-8 рет қайталанады; соқпақ жолды бір темппен жүгіріп өту (1000, 2000. 3000 м) ; белгілі бір қашықтықты тізені көтеріп жүгіріп өту; аяқтың өкшесімен ғана жүгіру; аяқтың ұшымен жүгіру; жүреден отырып жүгіру; сыңар аяқтап секіріп, жүгіру; қысқа қашықтыққа төменгі сөреден шығып, жоғары жылдамдықпенжүгіру (20, 30, 40 м) ; қолды жерге тіремей төменгі сөреден жүгіріп шығу; белгілі бір қашықтықты аяқты артқа сілтеп жүгіру; белгілі бір қашықтықты арқамен алдыға қарап жүгіріп өту; 30-40 м қашықтықты екі аяқтап секіріп жүгіру; 30-40 м қашықтықты орында тұрып секіріп өту; 30-40 м қашықтықты жүреден отырып жүріп өту.

Биіктікке секіру. Биіктіктен секіру үшін спортшы ең әуелі сілтейтін және итерілетін аяқты анықтап алады. Шамамен 7-9 м жүгіретін жерін белгілейді. Әдетте, биіктікке секіретін спортшы кермеден секіруге жүгірген кезде аса жоғары жылдамдықпен бастағанымен, кермеге жақындаған кезде жылдамдық төмендейді. Себебі, спортшы секіруге дайындалады.

Бүгінде биіктікке секірудің бүкіл әлемге тараған үш түрлі жаттығуы бар. Біріншісі - «аттап» секіру, екіншісі -алдыға қарай «аунап» секіру, үшіншісі - «шалқадан жатып өту». Қазір әлем бойынша ең жоғарғы көрсеткішті -«шалқадан жатып өту» әдісімен орындап отыр. Оқу процесінде қолданылатын секірудің ең қарапайым түрі «аттап» секіру.

Сабақта биіктікке секіруді осы «аттап» секіруден бастайды. Секірудің негізгі айла-тәсілін үйрену үшін ең әуелі дұрыс жүгіріп келгенде сілтейтін аяқ дәл шығу керек. Сілтейтін аяқты кермеге қарай созғанда тізе бүгілмеуі керек. Екіншіден, итерілетін аяқ нақтылы өз орнына түсуі керек. Яғни, негізгі мақсат - итерілетін аяқтың қозғалысы дұрыс орындалуы керек. Сонда ғана жаттығудың орындалуы нәтижелі болады. Жаттығуды орындаушы жерге сілтеген аяғымен түседі. Кермеден сілтеген аяқ, өткеннен кейін итерілетін аяң мүмкіндік болғанша жоғары көтеріледі.

Дала жарысы. Қазақстан ауа райының жағдайына байланысты екі өңірден тұрады. Қысы жоқ жылы өңірі де, жылға жуық қары жататын солтүстік өңірі. Қысы жоқ, жылы өңірде шаңғы тебудің орнына дала жарысы өткізіледі. Дала жарысы барлық оқу орындарының дене тәрбиесі пәнінің бағдарламасына кіреді.

Дала жарысы - кедергілері көп, яғни, ойлы-қырлы жерлерде өткізіледі. Жаттығушылар, болмаса жарысқа қатысушылар, ағып жатқан бұлақ суынан өтеді, секіре алмаса, айналып өтудің жолын іздейді. Өрге шығады, еңіске құлдилайды. Аспалы көпірден өтеді, терең ордан секіреді, т. б. осындай жер бедерінің кедергілері жалғаса береді. Дала жарысының негізгі мақсаты - табиғи жағдайда кездесетін кедергілерден өту.

Мәселен, өзен арнасынан қалай өтуге болады? Егер де секіріп өтуге болмаса, аттап өтуге келмесе, онда аяқ киімді шешіп өтуге болады. Екінші бір жағдайда, бір-ақ адам аяқ киімін шешіп басқаларды көтеріп өткізіп алуына болады. Жарқабақ-өрден шыққанда, ең алдымен бір бала шығады. Оның шығуына төмендегі тұрғандар көмектеседі. Енді жоғары шыққан оқушы басқаларға қолын беріп көмектеседі. Жарқабақтан төмен түсіп өту үшін секіріп түспей, жардан сырғанай түскен абзал.

Жалғыз бөренелі көпірден өту. Әрине, көпірдің дұрыс екендігін білгеннен кейін ғана кезектесіп өте беруге болады. Сазды, томарлы жерден өткенде тек бір ізбен ғана жүру керек. Алдыдағы жол бастаушы, мұндай жердің бедерін жақсы білуі қажет. Себебі, сазды-томарлы жер болғаннан кейін міндетті түрде бұл жер батпақты болып келеді. Сондықтан, негізгі мақсат жүгіріп келе жатып томарға шалынбай, батпаққа түсіп кетпей, бастаушының талабын мұқият орындау керек. Қалың қопалы жерден өткенде де осы көрсетілген ереже орындалады. Тік беттен де саппен жүріп түсуге болады. Өйткені біреуі тайғанап кетсе екіншісі ұстап қалады. Сазды, шалшықты жерлерді айналып өту керек. Көлденең құлап жатқан үлкен бөренеден секіріп өтетін мүмкіншілік болмаса, онда бір аяқты үстіне қойып барып секіріп өтуге болады.

Жалпы дала жарысына жолға шықпас бұрын, мүмкіндік болғанша, дала жарысының жолымен жай жүріп, танысып алу керек. Содан кейін ғана трассаның қай кезеңінде жүгіріп өтуге, қай жерінде жай жүріп өтуге болатыны анық. Жаттығу кезінде, мүмкіндік болғанша жүгіру мен жүруді алмастырып отыру абзал.

Дала жарысы сабағын өткізгенде 3 шақырымнан 5, 8 шақырымға дейін жүгіріп және жүріп өтуге болады. Дала жарысына киімді ауа райының ыңғайына қарай кию керек. Саппен жүргенде бірінен-бірінің ұзап, қалуына болмайды. Дала жарысының қауіпсіздік ережесі

Дала жарысы сабағына қойылатын талаптар мұқият орындалады. Артындағы топ жол бастаушының айтқанымен жүреді. Қандай кедергілер болсын, топтағы оқушылар кезек күтіп орындайды, болмаса, біріне-бірі көмек көрсетеді. Кедергілерден өткенде жаттығулардың орындалуына аса мұқият болу керек. Себебі, жаттығулардың дұрыс орындалмағанының салдарынан жарақаттанып қалмау керек.

Дала жарысы трассасының дұрыс-бұрыстығына жол бастаушы жауап береді. Жол бойында жарақат алған әріптесіне көмек көрсету. Жүзу жанды, жансыз денелердің тіршілік ететін негізгі факторлары - су, ауа күн сәулесі. Міне, сусыз тіршілік жоқ. Сондықтан суға түсу адам денсаулығын сақтаудың негізгі құралы болғандықтан, міндетті түрде дене тәрбиесі пәнінің бағдарламасына кіреді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеңіл Атлетиканыі Қазақстанда дамуы
Жеңіл атлетиканың Қазақстанда дамуы
Жеңіл атлетиканың Қазақстанда дамуы туралы
Жеңіл атлетиканың шығу тарихы
Жеңіл атлетиканың даму жолы
Жеңіл атлетиканы дамыту
Жеңіл атлетика спортының даму тарихы
Қысқа қашықтыққа жүгіру әдіс - тәсілін жетілдіру
Айналмамен жүгіру әдісін уйрету, сөрені қиып өту, секіру жаттығулары
Айналмамен жүгіру әдісін уйрету, сөрені қиып өту, секіру жаттығулары жайында
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz