Экономиканы банктер тарапынан қаржыландыру



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І ТАРАУ. ЭКОНОМИКАНЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
1. Экономиканы қаржыландырудың ұғымы және оның шығыстары ... ... ... ..5
2. Экономиканы қаржыландыру
түрлері: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
А) Экономиканы инвестициялық
қаржыландыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
В) Экономиканы банктер тарапынан
қаржыландыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
С) Экономиканы мемлекет тарапынан
қаржыландыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12

ІІ ТАРАУ. ЭКОНОМИКАНЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРІН ТАЛДАУ (АҚМОЛА ОБЛЫСЫ
МЫСАЛЫНДА)
2.1. Облыс аумағындағы шағын және орта бизнес экономикасын қаржыландыруды
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 15
2.2. Облыс аумағындағы екінші деңгейлі банктердің экономикалық салаларды
қаржыландыруын
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
2.3. Инвестициялық қаржыландыруды мемлекеттік қолдау шаралары ... ... ...24

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .30

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32

Кіріспе.

Экономиканы қаржыландыру атты курстық жұмыс қазіргі нарық талабына
сай актуалды болып келеді. Нарықтық қатынастардың құрлымында да, мемлекет
тарапынан реттеу механизімінде экономиканы қаржыландыру зор рөл атқарады.
Экономиканы қаржыландыру – нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және
мемлекеттің экономикасын дамыту саясаттын жүзеге асырудың құралы. Бұл
орайда экономиканы қаржыландырудың әлеуметтік – экономикалық мәнін түсіне
білудің, оның іс - әрекет етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың Қазақстан
экономикасын ойдағдай дамыту мақсатымен экономиканы қаржыландырудың
ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын
көре білмеудің маңызы зор.
Экономиканы қаржыландыру ұғымы орта ғасырда қоғамда нақты өмір
сүретін, объективті сипатымен айрықша қоғамдық арналымы бар өндірістік
қатынастарды білдіретін, экономиканы ақшалай қаржы ресурстарымен
қамтамасыздандыру процесіндегі экономикалық қатынастарды қамтып көрсететін
тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категорялардың бірі болып
табылады. Ол экономикалық шаруашылықты жүргізу процесінде пайда болып,
дамыды және оның экономикалық ресурстарға қажеттіліктерінің дамуы мен тығыз
байланысты болды.
Бүгінде экономиканы қаржыландырудың күнделікті қолданысқа енген.
Экономиканы қаржыландыру ұғымы ақша нысанындағы қоғамдық өнімді
бөлумен байланысты болатын экономикалық қатынастадың кең ауқымын қамтиды.
Тауар ақша қатынастарының жалпы қамтуындағы сипатқа ие болып отырған нарық
экономика жағдайында экономиканы қаржыландырудың нақтылы және үздіксіз
болып жататын ақша айналымын – ақша ағынын бейнелеп көрсетеді.
Экономиканы қаржыландырудың нақтылы іске асырылуының екі нысанының
болуы қоғамдық өндірістің әрбір қатысушыларының қажеттіліктеріне сәйкес
қаржыландыруды түпкілікті тұтынуға жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл үшін
экономиканы қаржыландырудың категориялары – несие , инвеситция, мемлекеттік
көмек, гранттар, мемлекеттік қаржы және басқалары пайдаланылады.
Осы курстық жұмыста экономиканы қаржыландыру туралы қарастырып, соның
ішінде мемлекет экономиканы қаржыландыруда қандай міндет атқаратынын,
және оны қалай арттырудың жолдарын қарастырып, экономиканы қаржыландыру
нарықтық экономакада үлкен рол атқаратыны, және т.б. көптеген мағлұматтар
бередi.
Мақсаты: экономиканы қаржыландырудың ұғымын анықтап, атқаратын
функциясын зерттеп, сонымен бірге Қазақстан мемлекетінің экономикасын
қаржыландыруды дамыту деңгейін қарастырып, экономикадағы қаржының рөлін
анықтау.
Міндеті: Экономика саласында қаржыландырудың экономикалық мәні
жағынан мемлекеттің, екінші деңгейлі банктердің, отандық және шетелдік
инвестицияның алатын орны, және экономиканы қаржыландырудың ресурстарын
қалыптастырып, ақша қатынастарының қызметін зерттеу.
Өзектілігі: Қазақстан Республика аумағында экономиканы қаржыландырудың
орындау үшін республикалық (орталық) бюджеттен, екінші деңгейлі банктерден,
отандық және шетелдік инвестиция тартылды. Оның қаржылық ресурстары
мемлекеттік мақсаты кешенді бағдарламаларды қаржыландыруға, экономиканы
қаржыландырудың функцияларын орындауға байланысты мемлекеттің экономикасын
бірқалыпты ұстап тұруға тиістілігі.

І ТАРАУ. ЭКОНОМИКАНЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.

1.1. Экономиканы қаржыландырудың ұғымы және оның шығыстары.

Қазақстан Республикасының қазіргі таңдағы даму барысындағы өзекті
мәселелердің бірі экономиканы қаржыландыру арқылы халықтың тұрмыс
деңгейінің сапасының артуын қамтамасыз ету болып табылады. Қазақстан –
2030 стратегиясы, 2015 жылға дейінгі индустриялдық-инновациялық даму
стратегиясы мен Елбасының Қазақстан халына арналған Жолдауында экономиканы
қаржыландыруды одан әрі нығайту мәселесіне, оның ішінде ұлттық экономиканы
инновациялық технологиялар негізінде диверсификациялауды жүзеге асыруда
экономиканы қаржыландырудың мемлекет және банктер тарапынан жетекші орын
беріліп отыр. Осыған байланысты еліміздегі өзекті мәселелердің бірі – осы
аталмыш саланы, яғни экономиканы қаржыландыруды одан әрі жетілдіріп,
өркендету [3.2-бет].
Кейінгі онжылдықтарда экономикасы дамыған Батыс елдерінде бәсекенің
дамуы әсерінен экономиканы қаржыландыруда мемлекет және екінші деңгейлі
банктер тарапынан несиелендірудің рөлі арта түсті. Мұның басты себебі-
экономиканы қаржыландыру секторына тән артықшылықтар.
Дамыған елдерде экономиканы қаржыландырудың мынадай салалар бойынша
несиелендіреді: сауда, автосервис, құрылыс, қызмет көрсету салалары т.б.
Қазір экономиканы қаржыландыру жоғары технологиялық сфераларға: машина
құрылысы, энергетика, электротехника, химиялық өнеркәсіп, транспорттық
қызмет, информатика, микроэлектроника, телекоммуникация салаларына
әртараптандырылып жатыр.
Нарықтық экономикаға бет бұрған елдер үшін АҚШ-тағы экономиканы
қаржыландыруда несиелендіруді дамыту тәжірибесі үлкен маңызы бар.
Экономиканы қаржыландыру өсу және құлдырау кезінде, жаңа жұмыс
орындарын ашу мен жұмыссыздық проблемасын бәсеңдетеді.
АҚШ-та экономиканы қаржыландыруда несиелерді қолдаудың мемлекеттік жүйесі
мынадай:
← бюджеттен тікелей дотацияла р беру;
← мемлекеттен төмен пайзбен несие беру кезінде мемлекеттік кепілді
қолдану;
← екінші деңгейлі банктер арқылы төмен пайдамен несиелендіру;
← мемлекет тарапынан және екінші денгейлі банктер тарапынан лизингтік
қаржыландыру;
← Инвестициялық көмек көрсету.
Қазақстанда экономиканы қаржыландыру үшін аз жұмыс жасалған жоқ.
Қазақстан Республикасында экономиканы қаржыландырудың бірнеше түрлерін
қарастыруға болады. Әсіресе Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің
экономиканы қаржыландыруға беретін несиелерін айтуымызға болады.
Экономиканы дамытуға жұмсалатын шығыстар –бұл өндіріс көлемінің
тұрақты өсуі және оның тиімділігін арттыру үшін жағдайлар жасауға
бағытталған ақша қаражаттары. Оған мыналар жатады: күрделі жұмсалымдар,
негізгі капиталдарды жөндеу, айналым қаражаттарының өсімі; материалдық
резервтер жасау; арнаулы қорлар мен мақсатты қаржыландыру қорларын жасау.
Экономиканы қаржыландыруға жұмсалатын шығыстарда басты орынды ұлттық
шаруашылықтың барлық салаларының негізгі капиталдарын ұдайы жаңғыртуға
бағытталатын күрделі жұмсалымдар – материал, еңбек және ақша ресурстарының
жиынтығы алады. Экономиканы қаржыландыруда күрделі жұмсалымдардың
құрылымына:
1. құрылыс-монтаж жұмыстарының шығындары;
2. жабдық, сайман, аспап сатып алу шығындары;
3. өзге де күрделі шығыстар мен жұмыстар ( жобалау,-іздестіру,
геологиялық барлау, және бұрғылау жұмыстары, жер учаскілерін кесіп
беру және қоныс аудару бойынша және т.б.).
4. жаңа салынып жатқан кәсіпорындар үшін кадрларды даярлауға жұмсалатын
шығындар кіреді.
Күрделі жұмсалымдар мыналардың есебінен қаржыландырылады:
1. шаруашылық жүргізуші субъектілердің меншік қаражаттары;
2. банктердің ұзақ мерзімді кредиттері;
3. халықтың жинақ ақшасы;
4. бюджеттен қаржы бөлу.

2. Экономиканы қаржыландыру түрлері:

А) Экономиканы инвестициялық қаржыландыру

Инвестициялық қаржыландыру деп өнеркәсіптің, құрылыстың, ауыл
шаруашылығының және экономиканың баска да салаларының кәсіпорындарына
капитал түрінде салынып, жұмсалатын шығындардың жиынтығын айтамыз.
Инвестициялық қыржыландырудың мақсаты — түпкі нәтижесінде кәсіпкерліктен
табыс немесе пайыз алу болып табылады.
Инвестициялық қаржыландырудың көзі болып жаңадан қалыптасқан
(құрылған) құн немесе таза табыстың жинақталған бөлігі саналады.
Кәсіпкерлер (кәсіпорындар) инвестициялық қаржыландыруды өзінің табысының
(таратылған) қаражаттарының есебінен жұмылдырады. Негізгі капиталды
жаңартуға арналған инвесгициялық қаржыландыру көзі болып кәсіпорынның
меншігінде қалған табысы саналады. Бағалы қағаздардың көп түрлілігі
инвесгициялық қаржыландыруды жіктеудің көптеген критерийлерін алдын ала
айқындайды.
Инвесгициялық қаржыландыру өзінің айналымы немесе көзделген мақсатына
қарай қаржылық және нақты болып бөлінеді.
Нақты инвесгициялық қаржыландыру — бұл кәсіпорынның негізгі капиталын
және материалдық-өндірістік қорын өсіруге салынатын салымдар.
Қаржылық инвестициялар — бұл субъектінің табыс алу мақсатында
пайдаланатын активі (мысалға, пайыздар, роялтилер, дивидеңдтер және жалға
берілген ақы), инвестицияланған капиталдың өсімі немесе алынатын басқа да
олжалар (мысалға, коммерциялық мәміленің нәтижесі). Сондай-ақ, қаржылық
инвестицияға пайдаланбай тұрған жылжымайтын мүліктер де жатады. Қаржылық
инвестицияның бір түрі болып бағалы (құнды) қағаздар да саналады. Барлық
бағалы (құнды) қағаздар екі топқа бөлінеді - ақшалай және күрделі
(капиталды). Ақшалай бағалы қағаздарды алған кезде ақшалай қарыздарды
алғандағыдай етіп рәсімделеді. Бұл борыштық бағалы қағаздар. Оларға:
вексельдер, депозиттер және жинақ сертификаттар және т.б. жатады. Осы
бағалы қағаздар бойынша табыс бір мәртелік сипатқа ие болады және олар
өзінің номиналдық (атаулы) құнынан төмен бағаға сатып алудың есебінен
қалыптасады. Ақшалай бағалы
қағаздар, әдетте, қысқа мерзімге (бір жылдан аспайтын уакытқа) беріледі.
Инвесгициялық қаржыландыру — экономиканы дамудың тұрақты және жоғарғы
қарқынын қалыптастыруды, ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктерін
енгізуді, инфрақұрылымды дамытуды көздейтін басты фактор.
Инвесгициялық қаржыландыруды дамытуда кәсіпорындарды қаржыландыратын
және ұзақ мерзімге несие беретін мамандандырылған инвестициялық банктер мен
акционерлік қоғамдардың акцияларынан құрылған инвестициялық қорлар және
шетел инвестициялары ерекше роль атқарады. Сөйтіп, қорлар экономиканың
неғұрлым пайдалы салалары мен кәсіпорындарына капиталдың құйылуына жағдай
жасайды.
Қазақстан Республикасының зандары экономиканың барлық саласын
инвесгициялық қаржыландыру тұрғысынан қолдауға бағытталған. Республикада
инвесгициялық қаржыландыру жобаларды жүзеге асырудың тиімділігіне
бағытталған жеңілдіктер мен преференциялар өзірленіп жасалған.
Инвесгициялық қаржыландыру түрлеріне мыналар жатады:
• Қысқа мерзімді - баланста не белгілі бір күні ғана әрекет ететін
ағымдағы нарық бағасымен, не ағымдағы сатудың төмен бағасымен қысқа
инвесгициялық қаржыландыру негізінде анықталады.
• Ұзақ мерзімді - инвесгициялық қаржыландыруды қайта бағалау барысында
бағалау сомасы өзіндік капиталдың өсуіне қатысты болады. Арзандатулар
сомасы (сумма уценки) бір ғана сол инвесгициялық қаржыландыруды бағалау
сомасы есебінен жүзеге асырылады, ал бағалау сомасы болмаған (жеткіліксіз)
кезде оның кеміген сомасы залалға жатады.
Инвесгициялық қаржыландыру саясаты — инвесгициялық қаржыландыру кызметін
жандандыру максатында, барлық шаруашылық обьектiлерi үшін қолайлы жағдайлар
туғызу жөніндегі мемлекет жүзеге асыратын максатты iс-шаралар кешенi.
Инвесгициялық қаржыландыру саясатының максаты инвесгициялық қаржыландыру
кызметін жандандыруға бағытталған, Қазақстан Республикасының экономикалық
және әлеуметтiк дамуының стратегиялық жоспарын жүзеге асыру, сонымен қатар
отандық экономиканы және қоғамдық өндірісті көтеру болып табылады.

В) Экономиканы банктер тарапынан қаржыландыру

Банктік несиелу немесе қаржыландыру — бұл банктік мекемелерден заңды
және жеке тұлғаларға, яғни қарыз алушыларға ақшалай түрде берілетін несиені
білдіреді.
Банктер тарапынан несиелеуде бос ақшалай капиталдар кез келген
өндіріс саласына беріледі және банктік несие арқылы кез келген бағытта
қозғала алады. Тоқыма фабрикасының иесі өзінің бос ақшалай капиталын банкке
орналастыра алады, ал банк бұл капиталды машина құрылыс кәсіпорынына
қарызға береді.
Банктер тарапынан несиелеуде несие сферасы қоғамның барлық топтарының
ақшалай табыстарынан және жинақтарын капиталға айналдыра отырып, капиталдың
қорлануына қызмет етеді. Банктер тарапынан несиелеуде несиенің динамикасы
әр түрлі. Банктер тарапынан несиелеуде несиенің көлемі өндіріс пен тауар
айналымынның ұлғаюымен жоғарылайды және олардың азаюымен қысқарады.
Өнеркәсіптің дамуы кезеңінде оған ұсыныс және сұраныс жоғарылайды, ал
дағдарыстар кезінде азаяды. Өндіріс дағдарыстары әсерінен тауарлардың
өндірілуі мен өткізілуі де қысқарады, ал қарыздарды төлеу үшін банктік
несиеге деген сұраныс өседі. Өндірістің жанданып, жоғарылаған кезінде нағыз
капиталдың көлемі өседі, өндірістік мақсаттар үшін банктік қарыздарға деген
сұраныс жоғарылайды. Қоғамдық капиталдың ұдайы өндірілуі тұрғысынан банктік
несие қарыз капиталына (қарыз алушылар қаражаттарды жұмыс істеп тұрған
капиталдың көлемін ұлғайту үшін пайдаланғанда) және ақшалай қарызға (қарыз
алушылар қаражаттарды өздерінінң қарыздық міндеттемелерін өтеу үшін
алғанда) бөлінеді. Жеке капиталды ұдайы өндіріс тұрғысынан алғанда, бұл
бөлініу қарыздың қамтамасыз етілуіне байланысты және қарыз алушы
капиталының шамасына несиенің әр түрлі әсерін көрсетеді. Несие алу кезінде
тауарларды, бағалы қағаздарды кепілдікке қоя отырып, борышқор банктен
қосымша капитал алмайды. Оның көзқарасы тұрғысынан, бұл – ақша қарызы.
Банктер тарапынан несиелеуде несие әмбебап болып келеді, өйткені банк
арқылы қайта бөлінген қарыз капиталы экономиканың барлық салаларында
қолданыс табады. Бұл ерекшелік оның жедел даму себебі қызметін атқарады.
Қарыз мәмілесінің дербес сипаты бар, онда ақшалай капитал өнеркәсіптік
капиталдан бөлектенген. Кредитордың мақсаты – пайыз түрінде табыс алу.
Қарыз алушыға қайтарымдылық, мерзімділік және пайыз төлеу жағдайларында
қарыз капиталын ұсынушы банктік мекеме ретінде көрінеді.
Банктер тарапынан несиелеуде несие өзінің маңызды ерекшеліктерін
сақтай отырып, едәуір сандық және сапалық өзгерістерге ұшырайды. Олардың
біреуі қарыз мәмілесінің қатысушыларымен байланысты. Қазіргі уақытта ол
мәмліенің екі қатысушыларымен банкирлер және жұмыс істеп жүрген
капиталистермен шектеліп қалмайды. Бір жағынан, қарыз капиталын беруді
банктерден басқа әр түрлі мекемелер (қаржылық компаниялар, өзара несие
банктері) жүзеге асырады. Қарыз капиталымен мәміле жасаушы жаңа типтегі
мекемелер кейде (банктік емес( деген атқа ие, ал бұл жағдай олардың мәнін
өзгертпейді (мысалы, Ұлыбританиядағы құрылыс қоғамы олардың қызметі тұрғын
үй несиесін берумен байланысты). Екінші жағынан, қарыз алушылардың құрамы
өзгереді. Жұмыс істеп тұрған капиталистерден басқа (акционерлік компаниялар
және жеке кәсіпорындар) қарыз алушылар – несиелік-қаржылық мекемелер,
тұрғындар, үкімет және жергілікті үкімет органдары болып табылады. Банктік
мекемелерде қарыз алушыларға ақшалай қаражаттарды берудің әр түрлі
мүмкіндіктері бар.
Несиелік мүмкіндіктер ғана емес, сонымен қатар берілген қарыздардың
көлемдері де өзгереді. Несиелік операциялардың көлеміне ішкі және сыртқы
факторлар әсер етеді. Біріншіге банктің қолында бар ресурстардың көлемі
жатады. Ресурстардың өсуіне сәйкес оның несиелік мүмкіндіктеріне әсер етеді
және активтік оперциялардың ұлғаюына жағадай жасайды.
Банктер тарапынан несиелеуде несиелік мекемелер ақшалай қаржаттарды
банк аралық нырықтан қарызға алады, сонымен қатар көрсетілген мақсатқа
облигациялық қарыздарды да белсенді пайдаланады.
Банктер тарапынан несиелеуде несиенің шамасына ақшалай-чектік
эмиссиямен толтырылған нақтылы ресурстардың көлемі ғана емес, оған
өнеркәсіптік компаниялар, жеке тұлғалар және мемлекеттік мекемелер
тарапынан қарыз қаражаттарына деген сұранысч та әсер етеді. Осылайша
экономикалық төмендеу кезінде қарыз капиталы нарығының конъюнктурасын
айқындаушы негізгі фактор болып, банктердің ресурстары емес, несиеге деген
әлсіз сұраныс болып табылады.Несиелік жүйе мемлекет тарапынан болатын
ықпалға ұшырайды. Мемлекеттік органдар және орталық банктер ұдайы
қолданылатын несиелік шектеулер, активтік операциялардың жасанды түрде
қысқартылуын тудырады. Осылайша, несиенің экономикалық ғана емес, оның
әкімшіліктік те шектері бар.
Банктер тарапынан несиелеуде банктер өз саясатын қайта қарастыра
отырып және несиенің берілуі мен қызметтің басқа түрлері арасындағы қолайлы
арақатынасты табуға тырысады. Мысалы, қаржылық инженеринг жүйесі – әр түрлі
экономикалық кеңес беруді қоса алғандағы, қаржылай қызмет көрсетулердің
толық комплектісін ұсыну дамытылады.
Кредитор ретінде банктердің ролі біршама төмендегеніне қарамастан, ол
едәуір шамада қысқаруы мүмкін деп есептеуге негіз жоқ. Өйткені көптеген
кәсіпорынның қосымша қаражаттарға деген қажеттіліктер, бірінші кезекте,
банктік несие есебінен қанағаттандырылуы мүмкін, ол өнеркәсіптік
компониялар үшін, жеке тұлғалар үшін де қарыз қаражаттарын алудың анағұрлым
ыңғайлы формасы болып келеді. Осылайша, несиелік жүйенің негізін ірі
банктер құрайды, ал банктік несие өзінің басымдық жағдайында қалады.

С) Мемлекет тарапынан берілетін бюджеттік несие.

Өндірістің дамуын ынталандыру мен халықты еңбекпен қамтамасыз ету және
экономика салаларында бәсекелестікті қалыптастыру мен дамытуда бюджеттік
несиелеу өте маңызды рөл атқарады. Бюджеттік несиелеу- ол бюджеттік несие
беру, пайдалану, қызмет көрсету және өтеу процесі. Бюджеттен ақылы, жедел
және қайтарма негізінде бөлінетін ақша құралдары бюджеттік несие болады.
Олар бюджеттік несиелеу субъектілерінің несие беру, пайдалану, қызмет
көрсету және өтеу жөніндегі құқықтық қатынастарын белгілейтін несиелік
келісімшарт арқылы хаттанады.
Бюджеттік несиелер орташа мерзімдік фискалдық саясатқа сәйкес және
тиісті қаржы жылға республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалармен
қарастырылған сомалар көлемі мен бағыттар бойынша берілуі мүмкін. Олардың
беру бағыттары болып әлеуметті-экономикалық дамудың орташа мерзімді
жоспарларда белгіленген бюджеттік инвестициялық жобалар, сыртқы
экономикалық іс-әрекет, төменгі тұрған бюджеттердің кассалық айырылысын
өтеу табылады.
Бюджеттік несиелеу принциптері мен критерийларына сәйкес және
белгіленген шартарды сақтау негізінде іске асырылады. Егер бюджеттік несие
республикалық бюджет құралдары арқылы берілетін болса, онда шартарды Үкімет
белгілейді, ал егерде жергілікті бюджеттер құралдары арқылы болғанда, онда-
жергілікті атқарушы органдар анықтайды. Заңнамалы белгіленген бюджеттік
несие беру шарттары бойынша несие алушы бюджетке төлейтін салықтар мен
төлемдерінен және бұрын алынған несиелерден берешектері болмауға және
алатын несие бойынша барлық міндеттемелерді атқаруын қамтамасыз етуге тиіс.
Бюджеттік несиелерді беру барысында келесі принциптердің талаптарын
сақтау қажет:
а) қайтармалық принцип, яғни неселік келісімшартта белгіленген шарттарға
сейкес бюджеттік несиені өтеу міндеттілігі;
б) қамсыздандырулық принцип, яғни міндеттемелерді атқаруды қамтамасыз ету
көздерінің болуы;
в) ақылы принцип, яғни бюджеттік несие беру үшін сыйақы төлеуді
қамтамасыз ету;
г) жеделдік принцип, яғни бюджеттік несие берудің мерзімін белгілеу.
Бюджеттік несие арқылы бюджеттік бағдарламаны орындау келесі критерийларды
сақтау бойынша іске асырылады.
- бюджеттік несие арқылы орындалатын бюджеттік бағдарламаның шаралары
елдің әлеуметті-экономикалық даиуының орташа мерзімдік жоспарына
сәйкес болуы тиіс;
- бюджеттік несие арқылы орындалатын бюджеттік бағдарламаларның
шаралары әлеуметтік-экономикалық тиімділігі мен өтімділігіне сәйкес
болуы тиіс;
- Бюджеттік несие алушының несие қабілеттілігі белгіленген талаптарға
сәйкес болуы тиіс.
Бюджеттік несиелеуге заңнамалармен қойылатын негізгі шарттар несиелік
келісімшартта мазмұндануы тиіс. Несиелік келісімшарт субъектілері
келесілер болады:
- несие беруші-ол бюджеттік несие беру жақ. Егерде несиелеу
республикалық бюджеттен болса, онда несие беруші ретінде бюджетті
атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган болады, ал егерде жергілікті
бюджеттен болса, онда-тиісті жергілікті уәкілетті орган болады;
- бюджеттік бағдарлама әкімшілігі – ол қарыз алушы банк, агент тандайтын
және бюджеттік несиелерді мақсатты және тиімді паидалану, өтеу және
қызмет көрсетуді бақылау мен мониторингтті іске асырушы жақ;
- қарыз алушы – ол бюджеттік несие алатын және несиелік келісімшартқа
сәйкес барлық міндеттемелерді орындайтын жақ;
- соңғы қарыз алушы – ол несие беруші белгілеген шарттар негізінде қарыз
алушы банк беретін бюджеттік несиені соңғы алушы жақ ;
- агент – ол келісімшарт негізінде несие берушінің атынан және оның
нұсқауларына сәйкес бюджеттік несиелеумен байланысты балгілі
тапсырмалар орындаитын жақ .
Бюджеттік несиелеу орташа мерзімдік фикскалдық саяасатқа сәйкес және
бюджеттік несие беру жөніндегі шешім қабылдау процедурасын , он беру ,
пайдалану, қызмет көрсету және өтеу процедураларын , сондай – ақ шетел
мемлекеттерін несиелеу ерекшеліктерін сақтаумен іске асырылады. Қосымша
келісілу жасау арқылы және жан –жақтан келісімімен несиелік келісімшарт
бойынша міндеттемелер атқараттын шарттарды өзгерту мүмкін

ІІ ТАРАУ. ЭКОНОМИКАНЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРІН ТАЛДАУ (АҚМОЛА ОБЛЫСЫ
МЫСАЛЫНДА)

2.1. Облыс аумағындағы шағын және орта бизнес экономикасын қаржыландыруды
талдау.

Нарық жағдайында шағын кәсіпкерліктің экономикадағы алатын үлес
салмағы өсе түспек. Шағын және орта бизнес – бұл бюджет қоржынын
толықтырушы ғана емес, қосымша жұмыс орындарын ашып, ел экономикасы мен
саяси тұрақтылығын қамтамасыз ететін орта. Сондықтан, мемлекет шағын және
орта бизнесті Іс жүзінде қолдап отыруға ынталы. Кәсіпкерлікті дамытудағы
мемлекеттің рөлі оның қызметін белгілі шеңберде бақылауды белгілеу және
өсіп-өркендеуі үшін қолайлы жағдай жасау болмақ.
Осы тұрғыдан алып қарағанда Ақмола облысында да шағын және орта
бизнесті дамыту бағытында айтарлықтай жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұған
дәлел, соңғы жылдардағы шағын кәсіпкерліктің облысымызда қарыштап дамуы,
оның өндірістегі алатын үлес салмағының уақыт өткен сайын артуы. Мәселен,
облысымызда 2007 жылдың 1 қаңтарында шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны
32,3 мың болды, ол 2006 жылға қарағанда 14% артты, соның ішінде 64,7%
немесе 20,9 мың жеке кәсіпкерлер, 6,3 мың-шағын кәсіпорындар (19,6%) және
5,1 мың-шаруа қожалықтары (15,7%) тіркелген.
Аймақтық көрсеткіш бойынша ең белсенді кәсіпорындар саны Көкшетау
(33,7%), Степногорск (9,5%) қалаларында, Щучье (10,5%) аудандарында
орналасқан.
Көпшілік белсенді заңды тұлғалар-шағын кәсіпкерлік нысандары саудада-
54,8%, ауыл шаруашылығына-17,3%, өнеркәсіпке-2,7%, құрылысқа-1,5% және т.б
салаға-23,7% маманданған. 2006 жылы облыстық бюджеттің қаржысы есебінен
зайымшы-банктің қаржыландыруы тәртібінде 31 кәсіпкерге 128,9 млн. теңгенің
несиесі берілді. (64,45 млн.теңге-облыстық бюджет қаржысынан)
Несиелендірілген жобалар жүзеге асқанда 261 жаңа жұмыс орындары ашылады.
Салалық талдау көрсеткендей, өнеркәсіп саласына бөлінген несиенің
жалпы сомасынан 102,1 млн.теңге және 79,2% бағытталған. Мал шаруашылығын
дамытуға 20,6 млн.теңге (16%), қызмет саласына-6,2 млн.теңге (4,8%)
бөлінген.
Экономикалық 2004 жыл 2005 жыл 2006 жыл 2007 жыл
салалары бойынша
Барлығы 196 212 288 367 470 168 566 361
Өнеркәсіп 28 708 41 108 46 727 57 689
Үлесі, % 14,6 14,3 9,9 10,2
Ауыл шаруашылығы 29 636 29 862 50 096 55 212
Үлесі, % 15,1 10,3 10,7 9,8
Құрылыс 20 171 39 806 83 450 97 004
Үлесі, % 10,3 13,8 17,7 17,1
Көлік 2 141 5 125 13 754 18 172
Үлесі, % 1,1 1,8 2,9 3,2
Байланыс 530 1 469 758 1 634
Үлесі, % 0,3 0,5 0,2 0,3
Сауда 93 037 119 965 189 824 224 344
Үлесі, % 47,4 41,6 40,4 39,6
Басқалары 21 990 51 032 85 559 112 308
Үлесі, % 11,2 17,7 18,2 19,8

Төмендегі 8 кесте бойынша банктердің шағын кәсіпкерлерге берген
кредиттері жайлы қарастыруға болады.
8.кесте
Банктердiң шағын кəсіпкерліктің субъектілеріне берген кредиттерi,
экономика салалары бойынша

млн.теңге
кезеңнiң соңына
Статистикалық бюллетень N 2 (147) АҚПАН 2007ж
Кестеден көріп отырғанымыздай банктердің берген несиелерінің сомасы 2004
жылдан 2007 жылдар аралығында бірнеше есе өскендігін байқаймыз. Банктер
қандай саланы болмасын қаржыландыруда. Өнеркәсіп саласында банктерден
бөлінген қаржы 2 есеге дейін өскендігін байқадық. Ауылшаруашылық саласында
да осынша қаржыландыру болған. Ал құрылыс саласы бойынша банктер бірнеше
есеге дейін қаржыландыру көлемін жоғарлатқанын кесте бойынша көріп отырмыз.

Сонымен қатар 2006 жылдың аудандық және қалалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасуы мен дамуы
ҚР банк жүйеcін дамыту рефoрмаларды жүзеге аcыру барыcы
Әлемдік қаржы дағдарысы
Самұрық-Қазына экономиканың қуатты тірегі
Ақша-несие саясаты
Ақша-несиелік реттеу саясаты
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің даму кезеңдері
Қазақстанның банк жүйесі
Банк жүйесі туралы ақпарат
Шағын және орта бизнесті несиелеу
Пәндер