Ұлттық Банктің ақша несие саясаты талдау
Жоспар:
Кіріспе
3
1. Ұлттық банк Қазақстан Республикасының Орталық банкі ретінде 5
1.1.Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің құрылымы және басқару
органдары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. . 5 1.2.Қазақстан
Республикасы Ұлттық банкінің қызметтері мен
операциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.3. Шет елдердегі Ұлттық банк тәжірибесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
2. ҚР Ұлттық банкінің сыртқы саясаты және даму жолдары ... ... ... ..17
2.1 Ұлттық банктің қаржылық жағдайын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
2.2.Қ. Р-сының Ұлттық банкінің сыртқы экономикалық қызметің
талдау ... 23
2.3. Ұлттық Банктің ақша несие саясаты талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Қорытынды
32
Пайдаланылған әдебиеттер
34
Кіріспе
Орталық банктер бүкіл елдің несие жүйесін бақылаушы әрі реттеуші бас
органның рөлін атқара отырып, ерекше орынға ие және экономикалық
басқарудың мемлекеттік органы болып табылады.Олардың басшылық рөлі мемлекет
берген үлкен өкілеттіліктермен анықталады.
Өзектілігі Орталық банк елдің эмиссиялық кассалық орталығы, сондай-ақ
норма шығару, басқару құқықтарына ие "банктердің банкі", "соңғы сатыдағы
несие беруші" рөлін атқарады, ақша-несиелік және валюталық саясатты
анықтайды, оның негізгі мақсаты пайда табу емес, ақша-несие саясатын жүзге
асыру және елдің несилік жүйесін басқару болып табылады.
МақсатыӘлемдік тәжірибеде көрсеткендей, мемлекеттің Орталық банкіге
кең өкілеттілік беруі екінші деңгейлі банк жүйсінің тиімді жұмыс істеуін
қамтамасыз етеді.Орталық банк мемлекет берген эммисиялық құқығы негізінде
эканомиканы жалпы мемлекеттік тұрақтандыру саясатын, тауар-ақша қолма-
қолсыз ақша массасы тепе-теңдік саясатын жүргізеді.
Орталық банк тарапынан ақша-несиелік реттеудің негізгі объектісіне
эканомикадағы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасы жатады, оның
динамикасына төлеуге қабілетті сұраныстың әр түрлі компоненттерінің
өзгерісі тәуелді болады. Қазіргі даму сатысында ақша-несиелік сипат алады,
яғни ақша массасы негізінен банктердің несие-депозиттік қызметіне
байланысты пайда болады, сондықтан Орталық банк ақша айналымының құрылымын
және көлемін екінші деңгейлі банктердің опрацияларын басқару арқылы
реттейді.
Қазақстан Республикасының орталық банкі еліміз тәуелсіздік алғаннан
кейін КСРО Мемкеттік банкінің Республикалық кеңесінің негізінде 1990 жылдың
желтоқсанында алғашқы Қазақстан Мемлекетінің банкі ретінде құрылып, ал 1995
жылдың наурызынан Қазақстан Ұлттық банкі деп аталды.
Ол республикадағы банк жүйесінің жоғарғы деңгейіндегі банк, өз
қызметін Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 30 наурыздағы
“Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы” Заң күші бар Жарлығы
бойынша жүргізеді және осы жарлыққа сай Президентке есеп береді. Сонымен
қатар Ұлттық банк өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын
және басқа заңдарды, халықаралық шарттар мен келісімдерді басшылыққа
алады.
Тәжірибе жүзінде кассалық резервтердің барлығы Ұлттық банкке
шоғырланады және олардың шаруашылық айналымға түсуі Ұлттық банкінің
мекемелері арқылы коммерциялық банктердің кассаларын толтыру негізінде
жүреді. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп айырысулары Ұлттық банктердің
мекемелері арқылы жүргізіледі, ал қажет жағдайда Ұлттық банкіден несие
алады. Осының нәтижесінде қолма-қол және қолма-қолсыз есеп айырысу айналысы
Ұлттық банкіде және оның мекемелерінде шоғырланады .Ұлттық банк – заңды
тұлға, дербес балансы бар, өзіне тікелей бағынатын төменгі бөлімшелермен
бірге тіке бағыныстағы біртұтас орталықтандырылған құрылым, іс-әрекетін
толық шаруашылық есеп негізінде жүргізеді. Ол республиканың кез-келген
жерінде және одан тыс жерлерде өзінің басқармасын және басқада бөлімшелерін
ашуға құқы бар. Өз жұмысын Үкіметпен келісіп, үнемі кеңесіп жүргізеді.
Үкімет Ұлттық банкінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Үкіметтің
өкілдік және атқарушы органдарының Ұлттық банк пен құрылымдық
бөлімшелерінің заңды қызметтерін атқаруға араласуға құқығы жоқ.
Қазақстан Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының заңдарының
негізінде өзінің қызметіне қарай Ұлттық банк берген лицензия негізінде
кейбір банктік операция түрлерін жүргізетін барлық банктердің, бантік емес
қаржы мекемелерінің міндетті түрде орындауы үшін нормативтік актілер
шығарады. Ол нормативтік актілер “Қазақстан Ұлттық Банкінің хабаршысы”,
”Вестник Нацианального Банка Казахстана” атты қазақ және орыс тілінде
шығатын ресми басылымдарда жарияланады.
Ұлттық банк – ақша резервтерінен, алтын валюта резервтерінен, басқа
да материялдық құндылықтардан тұратын жекеше мүлкі бар заңды тұлға.
Мүліктік құралу көздеріне – банк ісінен түскен табыстар және сєйкес
бюджеттерден түскен дотациялар жатады.
Заңның 9-бабына сәйкес, Ұлттық банк жарғылық қоры 10 млрд.
теңге көлемінде мына қаражаттардың есебінен құрайды республикалық
бюджеттен бөлінген қаражаттар, мемлекеттен алынған негізгі қорлар және
Ұлттық банк тапқан пайдадан аударымдар.
Әлемдік тәжірибеде, нарықтық экономика жағдайында
Орталық банкінің жұмысын ұйымдастырудың әр түрлі құқықтық формалары бар:
-оның капиталының қалыптасуы 100 пайыз мемлекеттің қаражаты есебінен
болатын унитарлық банк;
-акцияларының бөлігі мемлекетке тиесілі акционерлік қоғам;
-бірлестік типтес ұйым;
-Орталық банкінің
қызметін бірігіп атқаратын тәуелсіз банктер жүйесі: АҚШ-та
орталық банктердің капиталына мемлекет қатыспайды, олардың капиталы
Федералды резервтік жүйенің мүше банктерінің жарна, пұл төлемдерінен
тұрады. Негізгі Ұлттық банк унитарлық орган болып табылады.
Мемлекет – жарғылық қордың жалғыз иесі. Негізгі қор – ғимараттардан,
құрылғылардан, көлік және басқа да құндылықтардан тұрады, ал айналым
қаражаты – банкіге тиесілі ақша қаражаттарынан тұрады. Ұлттық банк
резервтік және басқа да қорлар құрады. Резервтік қор жарғылық көлемінде
құрылып, ол өзіндік табыс есебінен толтырылады және осы қорға байланысты
нормаларға сәйкес жүргізілетін операциялар бойынша шығындарды жабуға
арналады. Ұлттық банкінің қаржылық жылдағы пайдасы сол жылға
жатқызылатын табыстар мен шығындардың айырмасы ретінде анықталады. Ондай
шығындарға активтер амортизациясы, оның ішіндегі банкноттар мен
монеталардың құндарының бір бөлігі жатады.
1. Ұлттық банк Қазақстан Республикасының Орталық банкі ретінде.
1.1.Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің құрылымы және басқару органы
Ұлттық банкінің басқару құрылымы мен қызметін ұйымдастырудың
мәселелері Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі туралы Заңы және
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы Ережесі негізінде
анықталады. Ұлттық банкі өзінің қызметтерін орындау үшін басқарма
директорат, бас аумақтық және облыстық басқармалармен қатар, басқа да
жергілікті құрылымдық бөлімшелері бар. Ұлттық банкінің 1996 жылғы құрылымы
төменгі сызбада көрсетілген. Ұлттық банкінің ең жоғарғы басқару
органы Ұлттық банк төрағасымен басқарылатын басқарма болып табылады.
Басқарма 9 адамнан тұрады. Оның құрамына – Ұлттық банк төрағасы, оның 4
орынбасары, Парламент пен Президенттің бір-бір өкілі және Қазақстан
Министрлер Кабинетінің екі өкілі кіреді. Басқарма мөшелері ҚР Президентімен
бекітіледі. Басқарма мынандай сұрақтарды шешеді:
- мемлдекеттік ақша несиелік саясатын жасайды;
-Ұлттық банк шығарған, банктер ісіне қатысты нормативтік актілерді
бекітеді;
-Парламент бекіткен тұжытым негізінде банкноттар мен монеталардың
номиналдық құнын және әшекейлік пішінін бекітеді;
-Ұлттық банкінің банктермен және Қазақстан Республикасының бюджеті мен
операциялары бойынша пайыздық мөлшермен бекітеді;
-Қазақстан Республикасының валюталық айырбас бағамын анықтау тәртібін
белгілейді;
-сыртқы резервтерде сақтауға алатын сыртқы активтер типтерін бекітеді;
-Ұлттық банкінің жұмысы туралы есеп береді, жылдық жиынтық балансты
қарастырады;
-Ұлттық банк туралы Ережені, Ұлттық банк құрылымын бекітеді және Ұлттық
банк департаментінің директорларын тағайындайды;
-банктер және олардың филиалдары үшін эканомикалық
нормативтерін бекітеді.
-Басқарма шешімдерін басқарма қаулылары формасында жүзеге
асырады.
-Басқарма мәжілісі қажет кездерде немесе айына бір рет
өткізіледі.
Кезектен тыс мєжілістер Ұлттық банк төрағасының немесе басқарманың
мүшесінің талабымен өткізіледі.
Ұлттық банк төрағасы ҚР Президентінің ұсынуымен алты жылға
сайланады.
Ұлттық банк төрағасы Ұлттық банк атынан және сенімхатсыз мемлекеттік
органдармен, банктермен, несиелік, халықаралық және басқа да ұйымдармен
қатынастарда жұмыс істейді.
Ұлттық банк төрағасы Ұлттық банк қызметі бойынша шұғыл және атқарушы-
бұйырушы шешімдер қабылдауға, Ұлттық банк атынан келісім-шарттар жасасуға
өкілетті. Бірақ, бұған басқармаға берілген өкілеттіктер кірмейді.
Ұлттық банк төрағасы басқарманы, директорлар кеңесінің қызметін
басқарады және Ұлттық банкіге жүктелген жұмыстар үшін жауап береді. Ол
басқарма мүшелеріне және директорлар кеңесі мүшелеріне жеке өкілеттіліктер
бере алады. Ұлттық банк төрағасы уақытша жоқ кезде, оның қызметін
орынбасарларының бірі атқарады.
Ұлттық банк төрағасы Президентке екі ай бұрын жазбаша өтініш жұмыстан
босатуын сұрай алады. Ол Президенттің ұсынысымен орнынан босатылады.
Төраға орынбасарлары және басқарма мүшелері Ұлттық банк төрағасы арқылы
Президентке екі ай бұрын жазбаша өтініш жазып жұмыстан босатуын сұрай
алады.
Ұлттық банкінің жедел басқару органы – Директорлар кеңесі, ол Ұлттық
банк төрағасымен басқарылады.
Директорат, “Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы” Заңға
сәйкес Ұлттық банкінің қарауындағы, төрағаның және басқарма
қарауындағылардан басқа барлық мєселелер бойынша шешім қабылдайды.
Директорат құрамына – төраға, оның орынбасарлары және департамент
директорлары кіреді. Ұлттық банкінің орталық аппараттарына келесідей: ақша-
несие операциялары, банктік қадағалау, халықаралық қатынастар, эмиссиялық-
кассалық операциялар, ақпараттық технологиялар, бухгалтерлік есеп және
бюджет, ішкі қызмет, зерттеулер және статистика, ішкі аудит, есептеу
жұмыстары, төлем жүйелері, шетелдік операциялар, заң департаменттері және
дербес басқармалар бар.
Ұлттық банк өзінің негізгі қызметтерін жергілікті жерлерде өзінің
облыстық басқармалары, Алматы бас филиалы арқылы жүзеге асырылады.Олар
филиалдың құқықтарын пайдаланады және Ұлттық банк атынан қызмет етеді.
Енді шетелдік тәжірибедегі орталық банктердің ұйымдастыру және басқару
ерекшеліктеріне келейік. Неміс федералдық банкі 1957 жылы 26 шілдеде шыққан
заң негізінде құрылған. Оның алдында Рейсбанк (1875) пен Неміс жер
банкі(1948) болған. Банк капиталы – 290 млн. Неміс маркасы толығымен
мемлекетке тиесілі. Бас кеңсесі Франфурт-на-Майне қаласында орналасқан.
Банк жүйесіне жергілікті 11орталық банкі және 195 бөлімшелер мен
агенттіктер кіреді. Басқару органдары: кеңес, директорат, басқарма.
Кеңес – ақша-несие саясатының қалыптасуына жауапты негізгі орган
болып табылады. Кеңесті президент басқарады, кеңеске вице-президент
мүшелері және жергілікті орталық банктердің барлық президенттері кіреді.
Директорат – жоғары атқарушы орган.Ол кеңестің шешімдерін жүзеге
асырады және басқа мемлекеттік ведомствалармен байланыс орнатады, ашық
нарықтағы операцияларды, валюталқ операцияларды, валиюталық операциялрды
жүзеге асырады.
Жер оталық банктері – Неміс федералдық банкінің жергілікті
басқармасы. Ол өзінің барлық қызметтерін осы банктер арқылы жүзге асырды.
Бұл дүние жүзіндегі ең тәулсіз банк болып табылады, ол тек заңдарға
бағынады. Бірақ банкі капиталының 100%-ы Қаржы министірлігіне қараганмен,
Қаржы министірлігі банктің қызметіне араласуына құқығы жоқ.
Ағылшын банкі – дүние жүзіндегі көне, және беделді орталық
банктерінің бірі. Негізінен 1694 жылы құрылған. 1946 жылы жеке
иемденушілерден акцияларды міндетті түрде сатып алу арқылы лейбуристермен
ұлтшылдандырылған. 1971 жылға дейін бұл банк елдегі несиелеу процесін,
коммерциялық банктердің қарыздары бойынша есептік мөлшерлемесін өзгерту
арқылы бақыланған.
Одан бөлек, банктер кассалық активтер коэффицентін касса және
Ағылшын банкі шоттардағы қалдықтарды актив сомасын 8% мөлшерінен төмен емес
деңгейде және өтімділік коэффициентін ұстану арқылы орындау керек болатын.
өтімділік коэффициенті, яғни өтімді активтер портфелі активтердің жалпы
сомасын 28% -нан төмен болмауы керек.
1971 жылдан кейін коэффиценттер алынып тасталынды. Қарыздар бойынша
банкілік мөлшерлемелермен енді Ағылшын бакісінің есептік мөлшерлемесіне
байланысты қойылмай, әр банк жеке жария ететін базалық мөлшерлемесі
негізінде анықталынды.
Коммериялық банктер үшін резервтік активтер коэффициенті қысқа
мерзімді депозиттердің 12,5% мөлшеріне белгіленді. Бұдан басқа, банктер
Ағылшын банкіндегі пайызсыз шотта өзінің қысқа мерзімді депозиттерінің
0,5% мөлшеріндегі сомасын сақтау керек.
Ағылшын банкі екі департаментке бөлінген – эмиссиялық және банктік,
Эмиссиялық департамент банктің портфеліндегі мемлекеттік бағалы қағаздарды
қоя отырып, банк – ноталарды шығарумен айналысады. Ал банктік депортамент
өзінің шоттарындағы банктік депозиттер есебінен коммерциялық банктерді
есептік мөлшерлеме бойынша несиелейді
Жапон банкі 1882 жылы құрылған. Қазіргі Жапон банкі туралы Заң
1942 жылы ақпанда қабылданған. Ол үкімет мекемесі болып есептеледі, бірақ
жарғы капиталының 55% - ы мемлекетке тиесілі.
1.2.Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қызметтері мен операциялары
Ұлттық банк “Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы”
Заңға сәйкес мынадай қызметтер мен операцияларды орындайды:
- аналыстағы ақша массасының көлемінің реттеу жолмен Қазақстан
Республикасында мемлекеттік ақша несие саясатын жүргізеді, Қазақстан
Республикасы аумағында банкноталар мен монеталарды айналысқа шығарушы
жалғыз эмитент болып табылады;
- кепіл берушісі үкімет болып табылатын Қазақстан Республикасының ішкі және
сыртқы қарызына қызмет көрсетуге қатысады;
- Қазақстан Республикасы аумағында еншілес банк ашуға рұқсат береді;
- Қазақстан Республикасы аумағында, одан тыс жерлерде банк филиалдарын
өкілдерін ашуға келісімін және банк операцияларын жүргізуге лицензия
береді;
- Банктердің бағалы қағаздар эмиссиясы жобасын оның тіркелуіне дейін өзі
белгілеген тәртіппен міндетті сараптауын жүргізеді;
- ол банктерге несие беруге, банктердің пайда капиталы нарығындағы ашық
позициясына бақылау жасауға құқылы. Банктерге соңғы сатыдағы несие беруші
болады, қайта қаржыландыру саясатын жүргізеді;
- банктердің жұмысына және шетелдік валютаны сатып алу, сату және
айырбастау ұйымдарына бақылау мен қадағалау жүргізеді әрі пруденциалдық
нормативтер белгілейді;
- Қазақстан Республикасы ресми мөлшемелерді өзгерту арқылы банктік пайыз
мөлшемелерінің деңгейін реттеуді жүргізеді;
- Қазақстан Республикасында информациялық процестерді ақша-несие реттеуді
әдістерімен бәсеңдете алмаған жағдайда Ұлттық банк банктердің
операциялары бойынша несиелік салымдарды шектеу және пайыз мөлшемелерін
өзгертуге құқықтар береді;
- Қазақстан Республикасы есеп айырысу тәртібін, жүйесін және нысандарын
анықтайды, қазақстандық теңгемен банкаралық есеп айырысулардың мезгілінде
және үзіліссіз жүргізілуін қамтамасыз ететін жүйенің жұмыс істеуін
ұйымдастыруы тиіс;
- Қазақстан Республикасында валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге
асырады және валюталық операциялардың барлыќ түрін жүргізуге құқылы;
- Банк ісі, есеп, есеп айырысу, валюталық операциялар жүргізу бойынша
банктерге, валютаны сатып алу, сату жєне айырбастау операцияларын жүзеге
асыратын мекемелерге жєне олардың клиенттеріне орындауға міндетті
нормативтік актілер шығарады, сонымен қатар, олардың орындалуын
бақылайды;
- Бақылау және қадағалау функцияларын қамтамасыз ету үшін банктерге,
шетелдік валютаны сатып алу, сату, айырбастаумен айналысатын ұйымдарға
бухгалтерлік, статистикалық, тағы басқа есеп берудің тізімін, формасын
және мерзімін бекітеді;
- Егер заңды актілермен басқалары қарастырылмаса, Қазақстан Республикасының
Үкіметімен келісіп, банктердің және басқа шаруашылық субъектілерімен
жүзеге асырылатын есеп айырысу, ағымдағы бюджеттік және басқа да
шоттардан төлем жүргізу кезегін, есеп айырсуларды реттеу мақсатында
бекіте алады;
- Ұлттық банкіге жүктелген функцияларды жүзеге асыруға көмектесетін
ұйымдарды құруға жєне оларды басқаруға қатысуға құқылы;
- Қолма-қол банкноттар мен монеталарды есепке алу, сақтандыру, тасу және
инкассакциялау ережелерін бекітеді, банкноттар мен монеталарды тасуды,
сақтандыруды және инкассациялауды қамтамасыз етуге қатысады, банкноттар
мен монеталардың мемлекеттік резервін қорларын құрады;
- Қазақстан Республикасы банктерінің жиынтық балансын құрады жєне тұрақты
түрде жариялайды;
- Ішкі жєне сыртқы активтер бойынша болжамды есептер шығарады;
- Ақшалай қаражаттарды есепке алуда қате кеткенде немесе қолдан жасалған
құжаттар бойынша есепке алынған қаражаттар анықталған жағдайда
клиенттердің және банктердің шоттарынан ақша қаражаттарын сөзсіз шегеру
құқығына ие;
- Қазақстан Республикасындағы банктер жүйесіне кадрларды дайындауға
қатысады; Сирек жағдайларда мемлекеттік бюджеттің қаражаттары
арқылы қаржыландырылатын несиелік-есеп айырысу және ұйымдардың кассалық
қызмет көрсетуімен байланысты операциялар жүргізеді.Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес болатын басқа да қызметтер атқарады.
Ұлттық банк – заңды төлем құралын, яғни банкноталарды шығаруға
эмиссиондық құқығы бар жалғыз мемлекеттік орган. Олар Ұлттық банктің
эмиссиялануында шығарылады және банктерге сатьп, қолма- қолсыз эквивалент
алу формасында болады. Қазақстан Республикасының ресми ақша бірлігі – теңге
болып табылады. Ұлттық банк банкоталар мен монеталардың қажетті мөлшерін
анықтайды, олардың жасалуын қамтамасыз етеді, сақталу, жою және қолма-қол
ақшаны инкассациялау тәртібін орнатады. Қазақстан Республикасында
шығарылған банкноталар мен монеталардың номиналдық құрылымы, айшықталған
пішіні болуы керек. Банкноталар мен монеталардың көрсетілген сипаттамалары
баспасөзде жариялануы тиіс.Валютаны өзгертуге тек қана Қазақстан
Республикасының Парламентінің құқығы бар. Ұлттық валютаның қызмет ету
шарттарын, мерзімін, тәртібін анықтау құқығы Қазақстан Республикасының
Президентіне жүктеледі.
Ұлттық банк Қазақстан Республикасының валютасын шет ел
мемлекеттерінің ақша бірліктеріне айырбастау бағамын анықтау тәртібін
белгілейді. Қолма-қол ақшаның айналымы, олардың банкінің кассасына үздіксіз
оралып отыру жолымен жүзеге асады.
Қазақстан Республикасында ақша банкноталарын өндіру және
коммєрциялық банктерге инкассациялауға лицензия беру бойынша өз күштерін
енгізумен байланысты, қолма-қол ақшаның жағдайы 1996 жылға дейінгі кезеңмен
салыстырғанда өзгерді. Екінші деңгейдегі банктер корреспонденттік шоттағы
қаражаттарының қалдығы шегінде қолма-қол ақша түрінде қолдау алады, сонымен
қатар, операциялық кассадағы қолма-қол ақша қалдығын шек қойылмайды.
Эмиссия – бұл мемлекетпен банкноталардың, монеталардың, бағалы
қағаздардың шығарылуы. Ол қолма-қол түрінде де немесе қолма-
қолсыз ақша түрінде де болуы мүмкін.
Қолма-қол ақша түріндегі эмиссия – айналысқа банкноталармен
монеталардың қосымша шығарылуын сипаттайды.
Қазақстандағы теңгенің көп мөлшерде эмиссиялануының негізгі себептерінің
бірі – кәсіпорындар арасындағы дәстүрлі қолма-қолсыз есеп айырысулардың
біртіндеп қолма-қол есеп айырусуларға ауысуы, бұрын әрине, жағымсыз құбылыс
деп есептеуге болады.
Бірақ 1995 жылы жағдай жақсара бастады, бұл кассалық түсімдердің
кассалық шығындардан көбеюі нәтижесінде қолма-қол ақшаларды эмиссиялдаудың
үлес салмағы банк касасында берілуі қысқарды.
Депозиттік банктердің эмисиясы депозиттік қарыздық операциялардың
процесінде іске асады. Банктегі депозиттер сомасы несие ақшаны құру үшін
қажетті потенциялын жасайды. Банк салымдарын чек эмиссиясы немесе қарыз
беру арқылы жұмылдырған кезде несие ақшалар құрылады. Бұл операциялардың
сызбасы келесідей: 100 ақша бірлігіндегі депозит үшін міндетті резерв 15
ақша бірлігін құрайды, қалған 85 ақша бірлігі банкі арқылы қарызға берілуі
мүмкін.Сонда айналымдағы ақша массасы: 100+85=185 ақша бірлігі болады. Бұл
– сомасы 85 ақша бірлігі болатын жаңа ақшаның құрылуын білдіреді. Осы
жолмен құрылған ақшалар өз кезегінде өздері ақша эмиссиясының себебі бола
алатын басқа депозиттердің пайда болуына әкеледі. Яғни ақша мультипликативі
көбеюі орын алады. Депозиттік банктердің эмиссиясын реттеу Ұлттық банкінің
ақша базасы сияқты, ақша агрегатын және ақша мультипликациясын бақылау
арқылы жүреді.
Ақша базасы – бұл Ұлттық банк шығаратын ақшалары. Оған айналымдағы
қолма-қол ақшалар, міндетті және артық резервтер жатады. Міндетті резервтер
– бекітілген нормативтерге сєйкес Ұлттық банкідегі арнайы шотта несие
корреспондеттік шотында сақталынуына міндетті банк депозиттерінің бөлігі.
Артық резервтер бұл банктердің Ұлттық банкідегі корреспондеттік
шоттардағы қалған қалдықтары. Айналымдағы қолма-қол ақшаның мөлшері
банктердің корреспондеттік шоттардағы қаражаттарының болуына байланысты
болғандықтан, Ұлттық банк ақша базасының мөлшерін екінші деңгейдегі
банктердің Ұлттық банкідегі корреспонденттік шоттардағы қаражаттарының
көлемін, яғни банктердің өнімділігін реттеу арқылы реттейді.
Ол ақша-несие саясатының құралдарын пайдаланумен іске асады. Бұл
құралдары ақша базасының қеңеюінің шегін көрсететін және ақша массасының,
ақша базасына қатынасы арқылы есептелетін ақша мультипликаторының мөлшеріне
әсер етеді.
Ақша мультипликаторының мөлшері міндетті резервтеу нормасына
байланысты, өйткені міндетті резервтер банктер мен несие ресурстарынң көзі
болып пайдаланбайды, сонымен қатар, айналымдағы қома-қол ақшаның үлес
салмағына байланысты болады.
Бұл – айналымдағы қома-қол ақшалардың банктерден тыс орналасқан
мультипликацияланбауына байланысты. Ақша мультипликациясының интенсивтілігі
олардың экономикаға айналу жылдамдығына әсер етеді, мултипликацияның
коэффициенттік жылдамдығы азаяды. Экономикадағы ақша айналысының жылдамдығы
Ұлттық банк арқылы тікелей реттелмейді, бірақ оның мөлшері инфляция
деңгейіне әсер етеді және ақша-несие саясаты үшін үлкен мәні бар.
Ақша айналысының жылдамдығы экономикалық монетаризация деңгейіне
байланысты болады, ол ақша массасының жалпы ішкі өнімге қатынасымен
анықталады. Айналыс жылдамдығы төмен болған сайын, монетаризация деңгейі
жоғарылайды.
Монетаризация деңгейі 1989 жылы Францияда - 68,5%, Германияда – 64,5%,
Ұлыбританияда – 89,1%, АҚШ – 77,5%, Жапонияда – 116,7% болды. Қазақстанда
1995 жылы монетаризация деңгейі 12%-ға жуық болды.
Ақша несие саясатының құралдары: пайыздық саясат, резервтік талаптар,
несие операциялары, ашық нарықтағы операциялар, валюта нарығындағы
операциялар арқылы өтімділікті қамтамасыз ету саясаты.
Көрсеткіштер 2007(БАҒАЛАУ) 2008 2009 2010
Базалық инфляция
жылына орташа, % 4 – 6 3 – 5 3 – 5
Инфляция (ТБИ)
жылына орташа, % 6,5 5 – 7 4 – 6 4 – 6
Қайта қаржыландыру
жылдың соңына, % 7,0 6 – 6,5 6,0 5,5
ҚҰБ жалпы алтын
валюта резервтері
Миллион АҚШ доллары 4852 51,56 5679 6438
54,5 6,3 10,1 13,4
Өзгерістер, %
Ақша базасы
Млрд. тенге 312 411 495 574
Өзгерістер, % 50,1 31,6 20,3 16,1
Ақша массасы
Млрд. Тенге 1026 1325 1607 1898
Өзгерістер, % 34,2 29,1 21,3 18,1
Банк жүйесіндегі
резиденттердің
депозиттері
Млрд.тенге 780 972 1183 1407
Өзгерістер, % 29,4 24,6 21,7 18,1
Экономикаға беретін
банктің несиелері
Млрд.тенге 940 1225 1520 1844
Өзгерістер, % 39,8 30,3 24,1 21,3
Жеке тұлғалардың 10,0 – 11,0 9,0 – 10,5 8,0 – 9,5 7,0 – 9,0
теңгедегі мерзімді
депозиттері бойынша
орташа өлшемді
мөлшерлеме, %
Заңды тұлғаларға 14,5 12,0 – 13,511,0 – 13,010,0 – 12,0
берілген теңгедегі
несиелер бойынша
орташа өлшенген
мөлшерлемесі, %
1-кесте
2008-2009 жылдарға арналған ақша несие саясатының негізгі
көрсеткіштерінің болжамы
1.3 Шет елдердегі Ұлттық банк тәжірибесі
Барак Обама АҚШтың ұлттық қауіпсіздік командасындағы өзгерістерді
жариялады. АҚШ президентінің шешіміне сәйкес Сенат оң дауыс бергеннен кейін
Қорғаныс министрі , ОББ-ның төрағасы, Кабулдағы АҚШ елшісі және
Ауғанстандағы коалициялық күштердің келесі қолбасшысы өзгермекші. Қорғаныс
министрлігінен Роберт Гейтстің кетуімен АҚШ Орталық Барлау басқармасының
қазіргі төрағасы Леон Панта Пентагонды басқаруды қолға алатын болады.
Сондай-ақ Ауғанстандағы коалициялық күштердің қазіргі қолбасшысы, генерал
Дэвид Петраус ОББ-ны басқаратын болады және Ауғанстандағы АҚШ армиясының
орталық қолбасшылығының төрағасы генерал Джон Ален Петраустың қазіргі
лауазымына ие болуы тиіс.Сонымен қатар Бағдадтағы АҚШ елшісі Райан Крукер
Кабулдағы Карл Икенберидің Ауғанстандағы АҚШ елшісі қызметіне кірісетін
болады. Соңғы күндері америкалық БАҚ құралдары АҚШ үкіметінің қауіпсіздік
стратегиясымен осы ауыс- түйістердің байланысын талқыға салып, қарады.
Кейбіреулері Панта, Петраус, Крукер және Аленнің барлығы Обама үкіметінде
маңызды лауазымдар иесі болған және олардың орындарының ауысуын Ақ Үй
саясатында өзгеріс деп есептемеу керек деп жазған. Десе де Пентагонды
республикандық бір министрден алу АҚШ Қорғаныс министрлігін бақылау үшін
демократтардың қолын ашығырақ ете алады. Пентагонның бюджетін қысқарту
жөнінде демократтар мен республикандықтар арасында түбегейлі көзқарас
айырмашылығы болғандықтан үкіметте бір демократ Қорғаныс министрінің болуы
Обама үкіметі үшін өмірлік мән бар мәселе болып саналады. Әрине осындай
келіспеушіліктер бола тұра әлі де тараптар арасында Ауғанстан, Ирак және
Ливиядағы соғысты жалғастыру мәселесінде түбегейлі қайшылық байқалмайды.
Америкадағы бір сауалнама қорытындысы бойынша осы елдің көптеген халқы
Обама үкіметінің Ауғанстандағы соғыс стратегиясына келіспейтінін көрсетті.
АБС телеарнасы жүргізген осы сауалнамаға сәйкес, сұрақтарға жауап
бергендердің 49 пайыздан астамы АҚШ үкіметінің Ауғанстандағы соғыс
стратегиясына қарсылығын білдірді. Қазіргі таңда Ауғанстандағы соғысқа
наразы америкалықтардың саны ең жоғары көрсеткішіне жетіп отыр. Қаңтар
айындағы осыған ұқсас сауалнамаға қатысқандардың 41 пайызы Ауғанстандағы
соғысты жалғастыруға қарсы болған еді. Қазір бұл көрсеткіш 8 пайызға өсіп,
49 пайызға жетіп отыр. Ауғанстандағы соғыс шығындарының күрт өсуі және АҚШ
армиясындағы адам шығынының артуы Америка халқының осы соғысқа наразы
болуының негізгі себебі деп жарияланып отыр. Ауғанстан жаулап алынғаннан
бері үш мыңнан астам шетелдік күштер қаза болған және оның үштен бірі
американдық болған. Бір топ америкалық заң шығарушылар мен Барак Обаманың
бұрынғы одақтастары Ауғанстан соғысын жеңіссіз соғыс және қан мен байлық
батпағы деп есептеп, оны Ветнам соғысымен салыстарған. БАҚ құралдары да
Ауғанстан соғысын "Обама соғысы" деп отыр. Ақ Үй Ауғанстанда тұрақты
базалар құруды жоспарлап отыр. Егер бұл жоспар орындалса, Ауғанстандағы АҚШ
армиясының әскери шығындарын және сондай- ақ адам шығыны көбейетін болады.
Америка халқы осы елдің тарихындағы аса қауіпті дауылдардың біріне куә
болды. Мәліметтерге қарағанда, өткен аптада Америка жерінің жартысын шарпып
өткен дауыл 300-ден астам адамның өмірін қиды.Бұл дауылдан Америка
тарихындағы 1925- жылдан кейінгі аса қауіпті дауыл болып табылады. Өткен
аптадағы дауыл Миссиссипи, Оклахама, Миссури, Иллиноис, Кентукки, Джорджия,
Теннесси және Алабама штаттарына ауыр шығын әкелді. Кейбір аймақтарды,
қалаларды жермен жексен етті. Электр желісі сияқты қалалық
инфрақұрылымдардың жойылып кетуімен ондаған мың америкалық отбасы сағаттар
бойы жарықсыз қалды. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, қамсыздандыру
компанияларына екіден бес миллиард долларға дейін шығын келтірілгені
байқалады. Өткен аптада Барак Обама Алабама штатында болып, зардап шеккен
аймақтарды аралады. Ол федералдық үкімет елдің оңтүстігіндегі ойран болған
қалаларға көмектеседі деп уәде берді. Катрина апатынан кейін қоғамдық
пікірдің наразылығына ұшырамас үшін федералдық және штаттық қызметкерлер
топан мен дауыл секілді табиғи апаттар кезінде жылдам қимылдауға тырысуда.
Әрине федералдық және штаттық үкіметтердің көбісінің қазынасы бюджет
тапшылығына байланысты бос болғандықтан, зардап шеккендерге көмектесу
үрдісі ұзақ болмақшы.
АҚШтың орталық банкінің федералдық қор жүйесі осы елдің экономикасының өсуі
2011- жылы болжауға қарағанда тым аз болмақшы деп жариялады. Федералдық қор
жүйесінің мәліметі бойынша Америка экономикасының өсуі осы мерзімде 33
пайызға жетпекші. Бұдан бұрын осы көрсеткіш 39 пайыз болады деп
жарияланған еді. Федералдық қор жүйесінің басшысы Бен Бернанке осы
болжамның азаюының себебін үстіміздегі жылдың алғашқы тоқсанындағы
экономикалық жағдай деп жариялады. Таратылған мәліметтер үстіміздегі жылдың
алғашқы тоқсанында АҚШ экономикасы болжағандай дәуірлемегенін көрсетеді.
Экспорттың азаюы, әскери шығындардың қысқаруы, құрылыс бөлімінің нашар
әрекеті және ауарайының қолайсыздығы үстіміздегі жылдың алғашқы тоқсанында
экономика өсуінің кему себептері деп жарияланды. АҚШ экономикасы
болжамдарға қарамастан кеміп бара жатыр. Бұл елде жұмыссыздықтың өрістеуі
қатерін күшейтеді. Өткен айда ресми статистикалар бойынша, Америкадағы
жұмыссыздық 88 пайызға жетті. Ал, егер бұл елдің экономикасының өсуі 2011-
жылдың соңына дейін 31 немесе 33 арасында тұрақтанса Америкада жұмыспен
шұғылдану мұрсаттарын қалыптастыру үрдісіне кесірін тигізеді. Жұмыссыздық
2012- жылы сайлау бәсекелерінде шынайы мәселелердің бірі болмақшы және
экономикалық болжамдардағы кез- келген өзгеріс Америкадағы келесі сайлау
тағдырына шынайы әсерін тигізбекші.
АҚШ өкілдер палатасының республикашыл төрағасы Джон Бунер АҚШтың мұнай
компанияларына салық жеңілдіктерін азайтуды қолдады. Ол осыған қатысты
федералдық үкіметтің табыстары азаюымен мұнай мен газға субсидияларды алып
тастауды ойластыруымыз керек,- деді. Ол сонымен бірге үкіметті салықпен
қамтамасыз етуде мұнай компанияларының үлесі аз екендігін сынап, конгресс
мұнай компанияларына миллиардтаған доллар субсидияны алып тастауды қайтадан
қараудың кезі жетті, өйткені мұнай мен газ бағасы шарықтап кеткен,-деді. Ол
субсидияларды алып тастауды ойластыруымыз керек. Федералдық үкімет табыстың
азаюына тап болып отыр және мұнай компаниялары өз үлесін қосуы керек,-деді.
Бұдан бұрын Обама АҚШ конгресінен мұнай, газ және көмір саласына үкіметтік
субсидиялардан 3 миллиард 600 миллион долларды қысқартуды өтінген болатын.
АҚШ үкіметі осы субсидияларды қысқартумен он жылдың ішінде үкіметтік
қарыздардан шамамен 46 миллиард доллар қысқарады деп болжап отыр. Соңғы
апталарда мұнайдың әлемдік бағасының толассыз өсуімен АҚШтың мұнай
компанияларының табысы күрт ұлғайған. Десе де осы елдегі заңдарға сәйкес
мұнай компаниялары одан сайын салық жеңілдіктеріне ие болып отыр. Америка
әлемдегі мұнай мен газ өнеркәсібіне ең басты субсидия төлеуші болып
табылады және осы субсидиялардың басым бөлігі салықты күрт қысқарту арқылы
ұсынылады. Осы мұнай компаниялары өз табысының 9 пайызын салық ретінде
үкіметке төлейді. Америкадағы өзге өнеркәсіптер көбінесе өз табысының 30
пайызына дейін салық төлейді. Осы ұстанымдағы өзгеріс АҚШтың ірі бюджет
тапшылығы мен ұлттық қарыздарының бір бөлігін қысқарта алады.Барак Обама
көші- қон заңын жан жақты өзгертуді бекітуі туралы талап етті. Ол
көпшіліктің, әсіресе Америкада тұратын эмигранттардың қолдауына ие болу
үшін 2012 жылғы президенттік сайлауға дейін осы заңды түзетуге ұмтылуда.
Соңғы айларда АҚШтың түрлі штаттарында эмиграцияға қарсы заңдарды бекіту
үшін қадамдар жасалды. Америкадағы кейбір саяси ағымдар оның ішінде
консерваторлар осы елге заңды және заңсыз көшіп келу тасқынының жалғасуымен
таяу болашақта Американың халықтық құрамы өзгеруіне алаңдап отыр. АҚШтың
статистикалық зерттеулер орталығы америкалық ақ түстілер 2050- жылға дейін
осы ел халқының жалпы санындағы көпшілік орнынан айрылып қалады деп
жариялады. Қазіргі уақытта 308 миллион халқы бар Американың үштен екісін
испандық емес ақтар құрайды. Американың статистика басқармасының айтуына
қарағанда, егер 2050- жылға дейін осы елге көшіп келушілер нөлге жетсе,
ақтардың қазіргі көпшілігі сақталып қалады. Қазіргі таңда заңсыз эмиграция
мәселесі Америкада саяси тақырыпқа айналып отыр. Республикандықтар
Протестан ағымының англо -саксондық мәдениетін қуаттап отыр. Ал,
демократтар болса, Америка көп мәдениетті ел болып қалуы керек деген
пікірде. Эмиграция құбылысы сонымен бірге экономикалық қиыншылықтың бірі
болып табылады. Консерваторлар бақылауға алынбаған эмиграцияны жұмыспен
қамтамасыз етуге қарсы шара деп бағалайды, дегенмен нәсілдік топтар
Американы жасаудағы азшылықтардың үлесін қуаттап отыр. Қалай болғанда да
Америкада сайлау уақыты таяп келе жатуына байланысты эмиграция мәселесі
тағы да саяси пікірталастар ортасына түседі.
2. ҚР Ұлттық банкінің сыртқы саясаты және даму жолдары.
2.1. Ұлттық қор мен Ұлттық банкінің жұмыс істеу перспективалары
Ұлттық қор Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығына сәйкес
2000 жылғы тамызда құрылды. Қорға алғашқы түсімдер 2001 жылғы мамырда
“Теңізшевройл”БК-на акциялардың мемлекеттік пакетінің бір бөлігін тастаудан
есептелді. Қазіргі уақытта Ұлттық қордың активтері 3,7 млрд. Доллардан асып
түсті, бұл ЖІӨ-нің 10,5%-на тең. Ұлттық қорды құрудың негізгі
себептерінің бірі “голландық күйзеліс” деп аталатын көріністердің алдын алу
қажеттігі, сондай-ақ шикізатты өндіру және сатудан түскен кірістерді
уақытқа неғұрлым әділ бөлу болды. ”Голландық күйзеліс” табиғи ресурстарды
сатудан елге шетел валютасының едәуір келуі салдарынан Ұлттық валютаның
айырбас бағамының нығаюынан көрінеді. Нәтижесінде шикізат өндірмейтін
салалар импортпен бәсекеге түсе алмайды және күйзеліске ұшырайды. Алғаш рет
осындай нәтиже Нидерландыда 80-жылдардың басында болған. Қазақстан
экспортының басым бөлігін шикізат, ал шетел валютасының негізгі келуі оның
экспортымен не шикізат өндіретін салаларға инвестициялармен байланысты
екенін ескерсек, біздің еліміз таяу перспективада осы проблемаға кездесуі
әбден мүмкін еді. Оның дұрыс шешімі, әлемдегі тәжірбие көрсеткендей
тұрақтандыру қорларын құру болып табылды.Қазақстан Ұлттық қорды құру
кезінде осындай қорлары бар елдердің тәжірибесі кеңінен зерделенді. Қазіргі
уақытта шикізат ресурстарының бай қоры бар және оларды белсенді түрде
экспортқа шығаратын көптеген елдердің немесе олардың жекелеген аймақтарының
тұрақтандыру қорлары бар, мәселен Аляска штаты, Норвегия, Чили, Кирибати,
Венесуэла, Кувейт, Канаданың Альберта шет аймағы және басқалары. Мақсаттары
және басқару саласы бойынша неғұрлым қолайлысы - әлемдегі ірі қорлардың
бірі – Норвегия мұнай қорының тәжірибесі болды.Қазақстан Ұлттық қорының
алдында екі мақсат бар, ол – тұрақтандыру және жинақтау. Бііріншісі
мұнайға әлемдік бағаның тұрақсыздығынан тұтастай алғанда Қазақстан
эканомиикасының және атап айтқанда мемлекеттік бюджеттің тәуелді болуының
төмендеуін білдіреді. Бұл мұнай бағасы жоғарылаған кезеңде жоспарланған
көрсеткіштерден асып түсетін бюджеттік кірістердің бір бөлігінің қорға
түсетінін болжайды. Және керісінше, әлемдік баға бір барелль үшін 19
доллардан төмен түскен кезде Ұлттық қордан шығыстардың белгілі бір деңгейін
қолдау үшін бюджетке ақша аударылатын болады. Екінші мақсат мемлекеттің
жинақталған қаражатын қалыптастыру және қазақстандықтардың қазіргі және
болашақ ұрпақтарының арасында мұнай кірістерін неғұрлым біркелкі бөлу
болып табылады. Шикізат секторы кәсіпорындар салықтарының алты түрі бойынша
жоғары түсім қорға есептелді. Шикізат секторы ұйымдарының тізбесін
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. Бұдан басқа, Үкімет шикізат
секторының әрбір ұйымы үшін қандай нақты салықтар бойынша Ұлттық қорға
жоспардан тыс түсімдер есептелетнін анықтайды. Алғашқы уақытта тізбеде
12 ұйым болды, оған Қазақстанның 9 мұнай және 3 металлургия кәсіпорындары
кірді. Кейін 2002 жылы оған 2 мұнай компаниясы қосылды.Ауыл шаруашылығы
мақсатындағы жерлерді жеке меншікке сату мүмкіндігін беретін Жер кодексін
қабылдағаннан кейін оларды сатудан түскен ақша да Ұлттық қорға есептелетін
болды. 2005 жылдан бастап күшіне енген Бюджет кодексіне сәйкес Ұлттық
қорға тау-кен өндіру және өңдеу салаларына жататын мемлекеттік мүлікті
жекешелендіруден түскен түсімдер есептелетін болды.Құрылған сәтінен бастап
қазіргі уақыт аралығында Ұлттық қор қаражатын жұмсау мақсаты қатаң
шектелді. Олар тұрақтандыру фунцияларын орындауға, оның ішінде мұнай бағасы
төмендеген кезде бюджеттің шығынын өтеуге, қорды басқару және жыл сайын
аудит жүргізуге байланысты ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz