Банктік тұтыну несилері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе

I бөлім Тұтыну несиесі және оның әлеуметтік-экономикалық маңызы
1.1. Тұтыну несиесі,оның түрлері және шетел тәжірибесімен
салыстыру ... ... ... 4
1.2. Қазақстан Республикасының экономикасындағы тұтыну несиесін беру
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14

II бөлім Тұтыну несиесін Казкоммерцбанк АҚ тәжірибесінде
талдау
2.1. Тұтыну несиесін АҚ Казкоммерцбанктің тәжірибесінде
талдау ... ... ... ... ..18
2.2. Қазақстанда жеке тұлғаларды несиелеуді жетілдіру
жолдары ... ... ... ... ... ..30

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 38

Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...41

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: несие – ақша сияқты тарихи экономикалық
дәреже болып табылады. Кредит деген сөз, қарыз, несие деген kredo-
сенемін деген мағына беретін латынша kreditum деген сөзден шығады. Ол
экономикалық дәреже ретінде әр түрлі экономикалық қоғамдарда қызмет етеді.
Ол тауар өндірісінің пайда болған кезінен бастап қарапайым формаларында:
бай және кедей қоғамдарда көрінеді. Несие қатынастары ақша қатынастары
сияқты үнемі даму үстінде болады. Алғашқы несие табиғи түрде қоғамның
даулетті топтарынан мүліксіз шаруалар мен кәсіпкерлерге тұтыну мұқтаждығы
мен қарыздарды өтеу үшін ұсынылған. Тауар-ақша қатынастарының дамуымен
несие ақша түріне көшті.
Несиенің объективті қажеттілігі табиғи және ақшалай түрде жүзеге
асатын ерекшеліктерден кеңейтілген өндірісті шығарып тастайды. Ол капитал
түрлері үнемі ауысып тұратынын ұйғарады, меншіктің ақшалы түрі тауарға,
тауарлы меншік өндірістікке, өндірістік тауарлыға және тауарлық қайта
түріне аусып тұрады.
Несиенің мүмкіндігін шындыққа айналдыру үшін белгілі бір талаптар
бар. Біріншіден, несие келісімінің қатысушылары-несие беруші мен қарыз
алушы-экономикалық байланыстардан туындайтын міндеттемелердің орындалуын өз
мойнына алуға материалдық жағынан кепілдік беретін дербес заңды субъектілер
болуы керек. Екіншіден, егер несие беруші мен несие алушының мүдделері бір
жерден шықса, онда бұл жағдайда несие өте қажет болады. Несие келісімін
жүзеге асыру үшін оның қатысушылары міндетті түрде несиеге өзара
қызығушылық танытулар керек. Ф.Энгельс: Әрбір қоғамның экономика мүддесі,
ең алдымен мүдде ретінде алға шығуы керек деп жазды.
Несие беруші мен қарыз алушының арасында мүдделілік бірдей болған
кезде, бір жағынан, несиеге ақшалай қаражатты ұсынуда, екінші жағынан-оны
алуда несиелік қарым-қатынастар туындайды.
Осылайша, экономикалық негіз бен (капиталдың бірдей болмауы) пайда
болу талаптарының жиынтығы несиенің объективті қажеттілігін анықтап және
оның эволюциясын түсіндіріп береді.
Қаражатқа деген қажеттілік пен оның босатылуы арасында туындаған
қарама- қайшылық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қалыпты қызметі үшін
қажет материалдық және қаржылық ресурстарды нақты байланыстыратын несиенің
жәрдемімен ғана рұқсат етіледі.
Жеткіліксіз шамада несиенің объективті қажеттілігі несие қатынастарын
жүзеге асыратын капитал айналымы мен ауыспалы айналымның бір қалыпты
еместігімен түсіндіріледі.
Несие беруші мен қарызға алушының арсында мүдделілік бірдей болған
кезде, бір жағынан, несиеге қарым-қатынастар туындайды.
Осылайша экономикалық негіз бен пайда болу талаптарының
жиынтығы несиенің объективті қажеттілігін анықтап және оның эволюциясын
түсіндіріп береді.
Нарықтық экономика дамыған сайын несие түрлері де көбеюде. Соның
ішінде тұтыну несиесіне келетін болсақ,оның негізгі мақсаты-халыққа тұтыну
тауарларын сатуды ынталандыру, халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту. Тұтыну
несиесі бөлшек саудамен тығыз байланысты: біріншіден, тауар айналымы өскен
сайын, несие көлемі де көбейеді, себебі тауарға деген сұраныс несиеге деген
сұранысты тудырады. Екіншіден, төлем қабілеттілігі бар халықтың сұранысын
тудырады. Бұл байланыс әсіресе қазір, нарық тұтыну тауарлармен қанаққан
сайын нығая түспек. Жиынтығы несиенің объективті қажеттілігін анықтап және
оның эволюциясын түсіндіріп береді
Несиенің бұл түрі қымбат және ұзақ мерзімге тұтынатын
тауарларды мысалы: автокөліктерді, жиhаздарды сатып алуға қолданылады.
Тауар бағасы жоғары болған сайын, несиенің бұл түріне де сұраныс көбейеді.
Дамыған елдерде несиенің жартысынан көбі автокөлік сатып алуға беріледі.
Қалған тауарларды тауарларды көбінесе қолма қол-ақша арқылы сатып алады.
Тұтыну несиесі тауар формасында және ақшалай берілуі мүмкін.
Соңғы кезде, Қазақстанда ақщалай берілетін тұтыну несиесі өріс алуда. Олар
көбінесе машина және ұзақ мерзімге қолданылатын тауарлар алуға, үйлер
салуға, сатып алуға және тағы басқа да мақсаттарға беріледі.
Жалпы тұтыну несиесінің көлемі халықтың тұрмыс жағдайын және
кәсіпкерлердің тауарларын өткізуге үлкен ықпал жасайды.
Дамыған елдерде тұтыну несиесі үлкен роль атқарады. Ол
тауарларға деген сұранысты, оларды өндіруді көбейтуге және сатуға
ынталандырады. Тұтыну несиесін көбінесе табысы орташа жұмысшылар
қызметкерлер пайдаланады. Жеке тұлғаларға ұзақ мерзімге қолданатын
тауарларды несие арқылы сатып алған қымбатырақ болғанымен, төленетін
соманы біртіндеп өтеуге мүмкіндік алады.
Қазіргі уақытта Қазақстандағы тұтыну несиесі де, оның бір түрі
болып табылатын ипотекалық несие де дамудың жаңа сатысында.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі – Казкоммерцбанк АҚ-ң
жеке тұлғаларға ұзақ мерзімге тұтынатын тауарларды сатып алу мақсатында
берілетін тұтыну несиесімен байланысты экономикалық несиелік қатынастарды
ұйымдастыру тәжірибесіне талдау жүргізу.
Тұтыну несиесінің экономикалық мәнін, жеке тұлғалардың тұтыну
несиелерін қандай мақсаттарға алатынын және тұтыну несиесінің берілу
тәртібімен танысу-жұмыстың мақсаты болып табылады. Осы мақсатты орындау
үшін мынандай міндеттемелер алға тартылады:
- Тұтыну несиелерінің түрлеріне зерттеулер жүргізу;
- Жеке тұлғалардың несиелік қабілетін бағалау әдістеріне сипаттама беру;
- Несиені уақытында қайтаруды қамтамасыз ету формаларын талдау;
- Шет елдік тәжірибелерді қарастыру.
Курстық жұмысты жазудың әдістемелік ретінде батыс елдерінің,
Ресей Федерациясының, Қазақстан Республикасының ғалымдарының ғылыми
еңбектері қарастырылды. Сонымен бірге тұтыну несиесінін пайдаланудың
құқықтық негізі болып табылатын Қазақстан Республикасының заңдары
мен заң актілеріне сүйендім.
I Тұтыну несиесі және оның әлеуметтік-экономикалық маңызы
1.1 Тұтыну несиесі, оның түрлері және шетел тәжірибесімен салыстыру

Несие қатынастарының нақты көрінісін несиенің формалары мен түрлері
сипаттайды. Несиенің мазмұны мен түрі диалектикалық бірлікте болады.
Өндірістік қатынастардың өзгеруі несиенің мазмұны мен оны қолданылатын
түрін өзгертеді.
Несиелеу принциптері негізінде несиелік процесс, яғни банктік
несиелердің берілуі, пайлдаланылуы және қайтарылуы жүзеге асырылады.
Несиелеу принциптеріне байланысты банктік несиелеодің берілуінің басты
шарттары: несиенің мақсаты және мерзімі, олардың қаражаттар айналымы
шеңберінде қатынасу нәтижелігі және т.б. анықталады.[18,б 151]
Несиенің негізгі екі формасы бар: коммерциялық несие және банктік
несие.
Коммерциялық несие - тауар өндірушінің басқа тауар өндірушіге
сатқан тауары үшін ақша төлеуді кейінге қалдырып, оны қарызға беруі. Әдетте
коммерциялық несие алғашқы капитал жинақтау кезінде капиталистік несие
жүйесінің негізін қалады. Коммерциялық несие тауардың өндірістен тікелей
тұтынушыға түсуін қамтамасыз етеді, сөйтіп тауарлардың сатылуын және барлық
капиталдың қайталама айналысын жеделдетеді. Ол сонымен қатар кәсіпшілер мен
сатушылардың да ақша қажетін өтейді.
Дегенмен коммерциялық несиені қолдануда біраз шектеулер бар.
Олар:
-бұл несиенің көлемі сатылуға тиіс тауарлар қорының көлемімен
шектеледі
-бұл несиенің көлемі ел экономикасының жағдайына байланысты яғни
дағдарыс кезінде капиталдың кері қозғалысы бұзылып коммерциялық несиенің
көлемі қысқарады;
-бұл несие тек бір бағытта қозғалыста жүреді: оны тек –өндіріс құрал
жабдықтакрын шыңаратын салалар және оларды пайдаланатын салаларңа береді,
керісінше болуы мүмкін емес.
Қорыта айтқанда коммерциялық несиенің банктік несиеден басты
ерекшелігі - ол тауар түрінде берілетін несие.
Банктік несие – ол банкте шоғырланған қаражат қорынан клиенттерге
қайтарым мерзімін белгілеп,ақша түрінде берілетін несие. Коммерциялық несие
банктік несиенің бір-бірінен бір сыпыра айырмашылықтары бар.
Біріншіден, коммерциялық несие тауар түрінде берілсе, ал банктік
несие ақша түрінде беріледі. Коммерциялық несиені тауар өндірушілер мен
сатушылар бір біріне тауардың сатылуын қамтамасыз ету үшін береді. Банктік
несие өндірушіден де, сатушыдан да оқшауланып қарыз капиталы ретінде
беріледі.
Екіншіден, коммерциялық несие банктік несие бір-бірінен,
субъектілер, яғни келісіміне қатысушылар бойынша да ажыратылады.
Коммерциялық несиеде несие беруші ретінде де, кәсіпкер жүреді. Банктік
несиеде несие беруші-банк, қарыз алушы- кәсіпкер.
Үшіншіден, коммерциялық несиенің щектеулері банктік несие
берумен жойылады, себебі банктік несиені қолдану өрісі кең. Коммерциялық
несие тек тауар айналысына қызмет корсетсе, банктік несие халықтың барлық
топтарының уақытша бос ақщасын шоғырландырып ,оны капиталға айналдырады.
Төртіншіден, бұл екі несиенің динамикасы (өсуі) да біркелкі
емес. Коммерциялық несиенің көлемі өндіріс тауар айналымының дамуына және
төмендеуіне байланысты өрбіп және қысқарып отырады. Өнеркәсіптің дамуы
кезінде оған ұсыныс пен сұраныс өсіп, дағдарыс кезінде төмендейді.
Дағдарыстың әсерінен тауарды өндірумен сату қысқарып, ал қарызды төлеу үшін
банктік несиеге сұраныс кобейді..
Банктік несиені экономиканың кез келген салалары пайдаланады:
өндірістің бір саласынан босаған ақша капиталы оның кез келген келесі
саласына берілуі мүмкін.
Несиенің негізгі екі формасының- коммерциялық және банктік
несиелер-әрқайсысы ұйымдастыру жағдайларына байланысты бірнеше түрге
бөлінеді: тұтыну, лизинг, ауыл шаруашылық, ипотекалық, мемлекеттік,
халықаралық және т.б.
Тұтыну несиесі- бұл, жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып
алу, тұрмыстық қажеттіліктерін өтеу мақсаттарына және қамтамасыз етілу,
мерзімділік, төлемділік, қайтарымдылық талаптарына сәйкес берілетін
коммерциялық немесе банктік формадағы несиелер. Несие алушы-халық, ал несие
беруші-әртүрлі өндіріс орындары, фирмалар, банктер, мекемелер болуы мүмкін.
Тұтыну несиесі коммерциялық несие формасында (яғни бөлшек сауда орындары
арқылы төлемін кейінге қалдырып тауар сату) және банктік несие формасында
(яғни тұтыну тауарларын сатып алуға ақша беру- ұзақ қолданылатын тауарлар-
жиhаз,жеңіл машиналар,тоңазытқыштар, теледидарлар және т.б.) беріледі.
Несиенің бұл түрінде банк пен халық арасында делдал да болуы мүмкін.[16,б
142]
Коммерциялық банктер төмендегідей қажеттіліктерді
қанағаттандыру мақсаттарына тұтыну несиесін береді:
- Ұзақ мерзім қолданатын тауарларды сатып алу мақсатына. Мысалы: пәтер,
автомобиль,жиhаз, телевизор, тоңазытқыш, және басқа да техникалар
сатып алу үшін берілетін тұтыну несиелері. Несиелеу процесінде банктер
тауарларды сатушыларға тауардың құнының 70-75%-ын төлейді. Ал несиеге
берілген тауар кепіл ролін атқарады. Берілген несие сомасы қарыз
алушымен несие келісім шартында көрсетілген график бойынша өтелуі
тиіс;
- Кейін сатылатын немесе лизингке берілетін құралдарды,тауарларды жалға
алу мақсаттарына берілетін тұтыну несиесі;
- Тұрғын үйлерді салуға және сатып алуға берілетін несиелер;
- Несиелік карточка бойынша сатып алынған тауарлардың төлем мерзімін
ұзартуға берілген несиелер,егер бұл жағдай несиелік карточканы
пайдалану келісім шартында қарастырылса;
- Қозғалмайтын мүлік, автокөлік және ұзақ мерзім қолданылатын тауарларды
сатып алу және кәсіпкерлік қызметке байланыссыз және оқу үшін,
емделгелі үшін төлем жүргізу мақсатына берілген несиелер.
Тұтыну несиесінің негізгі мақсаты- халыққа тұтыну тауарларын сатуды
ынталандыру.
Несиенің бұл түрі қымбат және ұзақ мерзімге пайдаланылатын тауар
өнімдерін сатып алу мақсатында беріледі. Тұтыну тауары қымбаттырақ болған
сайын, несиенің бұл түрі жиірек қолданылады. Дегенмен несиенің мұндай
түріне сұраныс ең алдымен номиналдық жалақының деңгейімен анықталары
сөзсіз. Дамыған елдердегі несиенің жартысынан көбі автакөлік сатып алу
мақсатына беріледі, қалған тауарларды көбінесе қолма- қол ақша арқылы сатып
алынады.
Экономикалық құлдырауы,сұраныстың азаюы кезіндегі мемлекеттің саясаты-
елдегі іскерлік белсенділікті ынталандыру. Ол үшін тұтыну несиесіне деген
жеңілдіктер, мысалы: қолма қол ақшамен сатып алынған тауарлардың бағасын
төмендету, несиенің құнын азайтып, мерзімін ұзарту шаралары қолданылады.
Ресейде тұтыну несиесіне халыққа берілетін кез келген несиелерді
соның ішінде ұзақ мерзім қолданылатын тауарларды алуға берілетін несиелер,
ипотекалық несиелер, кейінге қалдырылмайтын мақсаттарға берілген несиелерді
жатқызады.
Ал батыстағы банктік тәжірбиеде тұтыну несиелерінің мағынасы
Ресейде ерекшеленеді, яғни жеке қарыз алушыларға тұтыну тауарларын алу үшін
және сәйкес қызметтерге ақы төлеу үшін берілген несиелер.
Тұтыну несиесінің негізгі ерекшеліктеріне келетін болсақ, мүлік
құнының 70-75% мөлшерінде беріледі; алынған несие белгілі бір уақыт
өткеннен кейін және бірдей бөліктермен өтеледі; ал егер несие уақытында
өтелмесе банк өз талабын несиеге алынған мүлік арқылы қанағаттандыруға
құқығы бар.
Тұтыну қажеттіліктеріне арналған несиені алу үшін несие алушы
банкке несиелік қарыз ұсынуы қажет және онда несиенің түрін, несиенің
соммасын, неиенің қамтамасыз етілуін, несиенің мерзімін көрсетеді. Ал, банк
өз тарапынан несие алушының несие қабілеттілігін зерттейді, яғни табыс
деңгейі мен олардың табыс деңгейін қарастырады. Ол үшін банк қарыз алушының
жалақысы туралы анықтаманы және басқа да табыс көздері туралы мәліметтерді
талап етеді. Егер осы мәліметтерді зерттей отырып, несие алушының несиені
өтей алатынына күмәнданса, онда қарыз алушыдан кепіл немесе кепілдемені
талап етеді.[16,б 121]
Тұтыну несиелерінің бірнеше түрлері бар және дамыған елдерде олардың
саны артуда. Тұтыну несиесінің жіктелуінің мынандай нышандары бар: қарыз
алушының типі, өтеу мерзімі, өтеу әдісі, несиені пайдаланудың мақсатты
пайдалануы, несиелеу объектілері, көлеміне байланысты және тағы басқа.
Тұтыну несиелерінің төмендегідей түрлері бар:
Несиелік мәміленің субъектілеріне байланысты (кредитор мен қарыз алушы
сипаты бойынша ):
• Банктік тұтыну несилері;
• Сауда ұйымдары мен халыққа берілетін несиелер;
• Банктік емес типтегі несие мекемелерімен берілетін тұтыну
несиелері
• ( ломбардтар, жалға беру пунктері, несиелік кооперативтер, құрылыс
қоғамдары, зейнетақы қорлары және т.б.);
• Жеке тұлғалармен берілетін, жеке тұтыну несиелері;
• Қарыз алушы жұмыс істейтін кәсіпорындардан, ұйымдардан тікелей
алынған тұтыну несиелері;
Несиелеудің мерзіміне қарай тұтыну несиелері былай жіктеледі: қысқа

мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді, талап еткенге дейінгі несиелер.
Отандық банктер тәжірбиесінде банктік несиелердің пайдалану
мерзіміне қарай бөлінуі:
• Қысқа мерзімді ( 1 жылға дейін )
• Орта мерзімді ( 1 жылдан 3 жылға дейін )
• Ұзақ мерзімді ( 3 жылдан жоғары )
Талап еткенге дейінгі несиелерді онкольдық деп те атайды. Мұндай
несиелерді қарыз алушы банк талап еткенде бірден өтеуі тиіс, ал банк талап
етпеген жағдайда өзіне қолайлы уақытта өтей алады.
Тұтыну несиесін беру тәсіліне байланысты мақсатты және мақсатсыз
(овердравт, кейінге қалдырылмайтын қажеттіліктерге ) деп бөлінеді.
Қарыздардың қамтамасыз етілуіне байланысты қамтамасыз етілген
(сақтандырылған немесе кепілмен қамтамасыз етілген ) және қамтамасыз
етілмеген болып бөлінеді. Банк берген несиенің қамтамасыз етілуін талап
етеді, соның негізгі себебі, егер несие алушы несиені уақытылы, толығымен
қайтармаған, қайтара алмаған жағдайдағы шығындалу тәуекелімен байланысты.
[16,б 146]
Несиелік тәуекел- қарызгердің несиелік келісімдегі мерзім мен
жағдайларға сәйкес кредиторға өз міндеттемелерін орындамаудың ықтималдығы,
яғни қарыз алушының бьанктен алған несиесі бойынша қарызын немесе оған
есептелінген сыйақысын өз уақытында қайтара алмауына байланысты банктің
зиян шегуіе сипаттайды.
Несиелік тәуекелді басқару-оны миниимзациялау процесі болғандықтан
осы прoцестің міндеттері:
1. Несиелік тәуекелді бағалау және талдау. Тәуекелді талдау ақпаратының
бірі сәйкестендіру. Банк әр түрлі ақпараттар алуға қажетті шығындарға
да көңіл бөле отырып, өзінің барып отырған тәуекелін анықтауы тиіс.
2. Тәуекел мөлшерін анықтау. Тәуекелді сәйкестендіру мен тәуекел көлемін
өлшеу әдісі тығыз байланысты. Тәуекел көлемін сандық сипатта анықтау
нақт тәуекел мөлшерін қалыптастыруға және потенциялды шығындар көлемін
бағалауға көмектеседі.
3. Несиелік тәуекелді басқару. Тәуекел мөлшерін және түрін анықтағаннан
кейін оны басқару стратегиясы мен әдістемесін дайындау керек. Бұл
процесс несиелік тәуекелдің пайда болуын ескертуге және банктің
өтімділігі мен табыстылығына әсер ететін несиелік тәуекел салдарының
алдын алуға бағытталуы тиіс. Бақылау болжамданған көрсеткіштерден
тәуекелдің ауытқу себебін табуға және талдауға көмектеседі.
Несиелік тәуекелді басқару екі бағытта жүргізіледі:
1. несиелік операция технологиясын басқару;
2. несиелік тәуекелді басқару.
Несиелік тәуекелді басқару да нақты несиемен байланысты: несиелік
қабілетті талдау, мүмкін шығындарға резерв құру, несиелік портфелді
диверсификациялау,т.б.
Несиелік тәуекелді басқару мына көрсеткіштерді басқаруға негізделеді:-
ссудалық портфель сапасы;
- несиелік тәуекелді төмендету;
- тәуекелді алдын ала байқау,мөлшері мен салдарын анықтау;
- тәуекелмен байланысты шығындар мөлшерін минимизациялау бойынша
шараларды дайындау және өткізу.
Несиелік тәуекелді кезең бойынша басқару жүйесі:
- тәуекел мазмұнын және оның пайда болуын анықтау;
- тәуекел деңгейін бағалауға қажетті ақпараттар көлемін және көзін
анықтау;
- тәуекелді өткізу ықтималдығын бағалау әдісін таңдау;
- тәуекелді сақтандыру әдісін дайандау және таңдау;
- тәуекелді басқару нәтижесін талдау.
Әр жүйе белгілі бір элементтер жиынтығынан тұратындықтан несиелік
тәуекелді басқару жүйесі де белгілі бір элементтен тұрады.
Тәуекелді басқару кезінде әрбір несиелік бөлім мына шараларды жүргізуі
тиіс:
1. тәуекелді мөлшерлеу;
2. тәуекел мөлшерін анықтау;
3. тәуекелді бақылау;
4. мониторинг.
Тәуекелді мөлшерлеу-лимиттер белгілеу, яғни банк жетекшілігінің өз
стратегиясына сәйкес қабылдайтын тәуекелдің шекті деңгейін анықтау. Бұл
лимиттер көбіне банктің несиелік саясатында көрсетіледі. Сондықтан несиелік
саясатта несиелік портфель несиелік несиелік саралаудан, несиеге баға
белгілеуден тәуекелді ескере отырып проценттік ставкалардан қалыптасады.
Тәуекел мөлшерін анықтау-нақты операцияның тәуекел мөлшерін есептеуге
негізделеді (бір қарыз алушының несиелік қабілеті).[25, б 23]
Тәуекелді бақылау менеджерлер мен акционерлердің міндеті болып
табылады, яғни олар оперативті басқаруды жүзеге асырады..
Басқару бақылауының (упрвленческий кантроль) элементі:
- несиелік аудит мамандандырылуы, несиелік шешім қабылдау тәуелсіз
жүргізілуі, жалпы несиелік портфелдің сапалы болуы;
- несиелік ақпараттық басқару жүйесі (НАБЖ) нақты несие бойынша монитортнг
жүргізуде және несие портфелінің сапасын басқару үшін несиелік бөлім
қызметкерлеріне нақты және оперативті ақпаратты беруі тиіс;[26,б 31]
Тәуекелге мониторинг кері байланыс арқылы тәуекелді тәуелсіз және
ардайым бақылау мен бағалау. Мониторинг несиелік талдау, ішкі және сыртқы
аудит, берілген ақпараттың есептілігі, қарыз алушының несиелік
қабілеттілігін бағалау және таңдау, күмәнді несиелерлі қалпына
келтіру,қарыз алушының несиелік қабілеті бұзылған жағдайларды жүргізіледі.

Сурет 1- Несиелік тәуекелді басқару жүйесінің элементтері
* Дерек көзі : ҚазҰУ Хабаршысы №3 (49) 2008

Банктік несиені:
1. меншікті кепілге алу арқылы;
2. кепілдеме, кепілдік арқылы
3. үшінші тұлғаға клиенттің дебиторлық шоттары мен талаптарын, келісім
шарттарын банк пайдасына қарай беру арқылы;
4. бағалы қағаздармен, тауарлы және жолдық құжаттармен қамтамасыз етуге;
5. вексельдермен қамтамасыз етуге;
6. өмірді сақтандыру полюстерімен қамтамасыз етуге болады.
Өтеу әдісіне байланысты:
1. бөліп қайтарылатын;
2. мерзім соңында толық қайтарылатын болып бөлінеді. [1,б 22]
Бөліп қайтарылатын несиелерге: қарызды тұрақты кезеңдер бойынша
өтеу (әр ай сайын, әр тоқсан сайын және тағы басқа); қарызды тұрақсыз
периодтар бойынша өтеу (қарызды өтеу барысындағы бөліктер белгілі бір
факторларға байланысты өзгеріп отырады (азаяды немесе көбейеді)). Бөліп
қайтарылатын несиелер мәміленің жүзеге асу мерзімінде бөліктеп қарыздың
соммасын есептеп шығару принципі бойынша беріледі. Несиені бұл жолмен
қайтару клиент үшін мерзім соңында біден қайтаруға қарағанда жеңіл болады.
Банк үшін де бұл жол тиімдірек, себебі несиенің айналымын тездету арқылы
банк несиелік ресурстарды босату арқылы банктің өтімділігін жоғарылатады.
Пайыздарды төлеу әдістеріне байланысты несиелер:
1. Несиені беру уақытында берілетін пайыздық несиелер;
2. Несиені өтеу уақытында берілетін пайыздық несиелер;
3. Несиені пайдалану мерзімі бойынща пайыздары бірдей бөліктер арқылы
(әр тоқсан сайын, жарты жылда бір рет немесе арнайы келісілген
гоафик бойынша) төленетін несиелер;
Қаражаттардың айналымы сипатына байланысты несиелер:
1. Бір жолғы несиелер;
2. Жаңартылған (револьверлі, роллеверлі) болып бөлінеді. Ровольверлі
несиелер тобына негізінен несиелік карталар, немесе овердрафт
формасындағы активтік – пассивтік шоттар бойынша берілетін несиелер
жатады. Әлемдік тәжірбиеде жеке тұлғалардың талап еткенге дейінгі
шоттары бойынша несиелік желілер аз тараған, бірақ олар несиелік
карталар бойынша берілген несиелерсияқты қолданылады. Клиенттер
шотындағы қалдықтан көп қаражаттарға чек жазып бере алады (чектік
несие), бірақ банкке овердрафт қолданғаны үшін пайыздар төлеуі тиіс.
Оған мысал ретінде АҚШ – тың тәжірбиесін келтіруге болады. АҚШ
банк жүйесінде тұтыну несиесін үш топқа:
1. Бөліп қайтарылатын несиелер;
2. Револьверлі несиелер;
3. Бөліп қайтарылмайтын несиелер деп бөлеміз.
Бөліп қайтарылатын несиелер шартты пайыздарды және қарызды
белгілі мерзім сайын төлеу. Әдетте, бұл несие қарыз алушы тауарларды сатып
алу үшін немесе басқа шығындарын жабу үшін және әр ай сайын бірдей бөліктер
арқылы өтеу шартымен беріледі. Несие карточкалары және овердрафт бойынша
берілген несиелерді де шартты түрде осы топқа жатқызуға болады, себебі
бұлар бойынша да белгілі бір мерзім сайын өтеледі. Бірақ олардың өз
ерекшеліктері бар. [2,б 39]
АҚШ–та бөліп қайтарылатын несиелерді өтеу мерзімі 2-5 жыл
аралығында болады. Ал несиеге берілетін сомалар мөлшері үлкен диапазонда
ауытқиды. Мұндай несиелер аз соммаларға берілсе де, несиелеу объектілеріне
автокөліктер, яхталар, ұшақтар және басқа да 100 мың доллардан көп тұратын
заттарды сатып алуға берілуі мүмкін.
Револьверлі несиелерге қарағанда, бөліп қайтарылатын несиелердің
қамтамасыз етілу деңгейі жоғары болады.Бөліп қайтарылатын несиелер банктік
несиенің тікелей және жанама формасында берілуі мүмкін. Тікелей несиелеу
кезінде банк пен қарыз алушы арасында несиелік шарт жасалады. Ал, жанама
несиелеу делдал арқылы жүргізіледі, көбінесе делдал ролін бөлшек саудамен
айналысатын кәсіпорындар атқарады. Бұл жағдайда несиелік шарт қарыз алушы
және заңды тұлға арасында жасалады да, осы заңды тұлға банктен несие алады.
Жанама несиелеудің кең тарағанына мысал келтірсек, АҚШ-та автокөлік сатып
алуға берілетін несиелердің 60%-ы жанама формада беріледі.13,б 152
Біздің елімізде сауда ұйымдары арқылы халықты несиелеу дамуда.
Сатып алушылар қымбат тауарларды (автокөліктерді, таңазытқыштарды, кір
жуғыш машиналарды, компьютерлерді және тағы басқа ұзақ мерзімге қолданатын
тауарларды), көбінесе, бөліп қайтарылатын несие арқылы алуда.
Егер біз қазіргі уақытта экономикамыздың дамуына әсер ететін
күшті факторлардың бірі ретінде банк секторын атап өтетін болсақ
қателеспеген болар едік. Жалпы олардың мемлекетіміздің өмірінде ойнайтын
ролі және соған қатысты маңыздылығы айтпаса да түсінікті.
Ал банк үшін, оның ішінде коммерциялық банк үшін пайда табу
барысында активті операциялар, оның пайдалылығына байланысты, аса маңызды
болып табылады.[21,б 55]
Банк пайдасының үлкен бөлігі несиелеумен байланысты. Бірақ
несиені қайтармау, әсіресе үлкен мөлшердегі несиені банкті банкротқа
ұшыратуы мүмкін. Кез келген банктің қызметінің табыстылығы банктің берген
несиелерінің сапасына, яғни оның қайтарымдылық дәрежесіне тікелей
байланысты. Несиенің уақытылы қайтарылмауы банктің зиян шегуіне
итермелейді. Бірақ та бұл операция түрінен пайда табу барысында банк өз
тарапынан қиындықтарға кездеседі. Ол қиындық – банкінің несие бойынша
баратын тәуекелі болып табылады. Сондықтан да банктер несиелік тәуекелді
басқару, реттеу шараларымен уақытылы айналып отыруы тиісті. Осы ретте
проблемалық несие ұғымын анықтап алсақ. Проблемалық несие дегеніміз несие
келісім - шартында көрсетілген уақытта қайтарылмаған, уақыты кешіктірілген
қосымша келісім берілген несиелер, сақтандыру, кепілхат немесе кепілдемемен
қамтамасыз етілген несиелер бойынша сақтандыру компонияларының, кепілхаты
және кепілдеме берушінің банк алдындағы міндеттемелері орындалмаған және
несиелерге есептелетін пайыздық несиелік келісім – шартта көрсетілген
күннен 30 күн өткенге дейін қайтарылмаған несиелер жатады.
Банкінің өзінің несие саясатын жүргізу барысында проблемалық
несиелерді болдырмауға бағытталған әрекеттері өте маңызды. Банк несиелік
келісім бойынша клинтпен міндеттеменің орындалуын қатаң бақылап отырады.
Оның басты мақсаты – ссуда бойынша төленетін пайыз және кезекті төлемдерін
уақытылы және тұрақты төлеуіне қамтамасыз ету.[25,б 53]
Қазіргі кезде, несиелеу секторындағы коммерциялық банктер
арасындағы бәсекелестік өзінің ең жоғарғы деңгейіне жеткен уақытта, банктер
несие алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру, банктік қызметтер
спектрін, банктік қызмет көрсетуді жетілдіру арқылы клиенттерді тартуда.
Проблемалық несиелерге мыналар жатады:
• Несиелік келісім шартта көрсетілген уақытта қайтарылмаған, уақыты
кешіктірілген және қосымша келісім берілген несиелер;
• Сақтандыру, кепіл- хат немесе кепілдемемен қамтамасыз етілген
несиелер бойынша сақтандыру компонияларының, кепіл хатты және
кепілдеме берушілердің банк алдындағы міндеттемелері
орындалмағандар;
• Несиелерге есептелетін пайыздың несиелік келісім-шартта көрсетілген
күннен 30 күн өткенге дейін қайтарылмаған несиелер.
Сондай-ақ проблемалық несиелерге қарсы шараларға мыналар жатады:
• Қарыз алушының қызметін қайта құру;
• Несиені қайтару кестесін өзгерту;
• Пайыз (сыйақы) төлеу тәртібін төзгерту.
Отандық тәжірибеде проблемалық несиелерге несиелердің жіктелу
ережесіне сәйкес стандартты несиеден өзгелері, соның ішінде күмәнді және
үмітсіз несиелер жатады.
Біздің елде дамымаған, бірақ шет ел банктерінде кеңінен
қолданылатын несиелер түрлеріне тоқталып кетсек:
1. ағымдағы шот бойынша берілетін несиелер ( овердрафт );
2. ағымдағы шоттың несиелік зонасы;
3. есептік несие;
4. тұтыну несиесі және жеке тұлғаларға берілетін персоналды
несиелер;
5. ипотекалық несие;
6. балалар оқуына және студенттеоге берілетін несие;
Бұл несие түрлерінің Батыс елдердегі ерекшеліктеріне келетін
болсақ:
1) ағымдағы шот бойынша берілетін несиелер Ұлыбритания, Канада,
Германия сияқты бірқатар дамыған елдерде овердрафт несиесін қолдану
құқығына тек сенімді клиенттер ғана ие. Ал, АҚШ- та соңғы кезге дейін
ағымдағы шот бойынша берілетін несиелерге тыйым салынған болатын. Бірақ,
қазіргі заманға байланысты кейбір американдық банктер өз тәжірибесінде бұл
несие түрін қолдануда.
2) Ағымдағы шоттың несиелік зонасы. Ұлыбританияның ірі
коммерциялық банктері – клирингтік банктері - өз клиенттеріне ағымдағы шот
бойынша жаңа қызмет көрсетуде – қарыз алу қажеттілігін жабу үшін несиелі
зона қолданылады. Ағымдағы шотта дебиторлық сальдо қалып, біоақ клиент
белгілі бір шектерге дейін онымен қолдана берген жағдайда ғана несиелік
зона іске асады.
3) Есептік несие. Бұл коммерциялық банктермен вексель ұсынушыға
вексель бойынша төлеу мерзімі келгенге дейін және пайыз сомасының айырмасы
негізінде берілген қысқа мерзімді несие. Есепті несие клиентке белгілі бір
артықшылықты береді. Ондай артықшылықтарына вексельді негізге ала отырып,
төлемді кейінге қалдыру бойынша сатып алушыларға берілетін несиелерді өте
жеңіл және төмен пайыз мөлшерімен қайта қаржыландыру мүмкіндігі бар.
Сонымен қатар, вексель берудің қатаңдықтарына байланысты банктер қосымша
қамтамасыз етуді талап етпейді. Бірақ, бұл несие түрінің артықшылықтарымен
қоса кемшіліктері де бар. Біріншіден, көптеген дамыған елдерде вексель үшін
салық төлеу қажет. Екіншіден, есепті тиімді ставкадан жоғары, себебі
дисконт алдын ала төленуі тиіс.
4) Тұтыну несиесі және жеке тұлғаларға берілетін персоналды
несиелер. Өткен уақытта барлық дерлік коммерциялық банктер жеке тұлғаларға
қарыз шоттарын ашпауға тырысқан. Олардың ойынша тұтыну несиелерінің негізгі
мөлшері төмен және несие алушылар несие келісім шарттарын орындамау
тәуекелі жоғары болғандықтан, бұл қызмет түрі рентабельді емес болады.
Бірақ депозиттер және кәсіпорындарды несиелеу үшін бәсекенің өсуіне
байланысты өз саясатын, стратегиясын өзгертуге тура келеді. ХХ – ғасырдың
басында АҚШ – тың ірі банктерінен тұратын бір топ банктер (олардың ішінде
өте белгілі Нью – Йорк банктері: Сити – корп, Bank of America) кірген
тұтыну несие бөлімдерін құрған. Екінші дүниежүзілік сағыстан кейін тұтыну
несие секторы банктік нарықтағы ең тез дамыған сегменттердің бірі болды.
Германияда тұтыну несиесін қолма – қол ақша түрінде беру кең етек
жаюда. Себебі, бұл несие алушыға тиімді. Егер, тауарлар үшін төлемдер қолма-
қол ақша түрінде жасалатын болса, сауда ұйымдары сатып алынатын тауарға 5%
жеңілдік береді. Бұл несие түрін қолданғаны үшін банк несиелік келісім
шартта көрсетілген несиенің мерзіміне тұрақты пайыз мөлшерін белгілейді.
Ұлыбританияда тұтыну несиесі кез – келген тұтыну тауарын сатып
алуға немесе қызметтер үшін төлемдерге беріле береді.
Несие беруді рәсімдеу үшін несие алушы аппликациялық форманы
(application – заявление, заявка) толтырады. Клиенттің берген мәліметтеріне
сараптама жасалғаннан кейін, банк несие беру немесе бермеу жағдайларын
түсіндіре отырып , шешім қабылдайды.
АҚШ – та коммерциялық банктермен берілетін барлық несиелердің 20
пайызы тұтыну несиелері. Сонымен бірге, жалпы АҚШ экономикасында берілетін
тұтыну несиелерінің ішінде коммерциялық банктермен берілетін мөлшері тек 44
пайызды құрайды. Тұтыну несиелерін беретін американдық қаржылық
институттардың үлесі: қаржылық компаниялар – 25%, несиелік бірлестіктер
–14%, жинақтаушы мекемелер –10%, бөлшек сауда ұйымдары–7%-ды құрайды.
Бәсекелестікке қарамастан, жоғарыда көрсетілген несиелердің
барлығы Кроутер комитетімен дайындалған және АҚШ–қа 1974 жылы енгізілген
Тұтыну несиесі туралы Заңға сәйкес іске асуда.[31]
Тұтыну несиесі көптеген елдер экономикасында үлкен роль
атқаратындықтан, мемлекеттік органдар жағынан реттеліп отырады.
Дамыған елдерде тұтыну несиесі үлкен роль атқарады. Ол тауарларға
деген сұранасты, олардың өндірісін көбейтуге және сатуға ынталандырады.
Тұтыну несиесін көбінесе табысы орташа жұмысшылар мен қызметкерлер алады.
Жеке тұлғаларға ұзақ мерзім қолданатын тауарларды несие арқылы сатып алған
тиімсіз, қымбатырақ болады. Бірақ тұтыну несиесінің ерекшелігі төленетін
сомалар тауарды сатып алғанда бірден төленбейді.[32]

1.2 Қазақстан Республикасының экономикасындағы тұтыну несиесін беру
мәселелері

Төлемді кешіктіріп беретін несиелер тікелей немесе жанама
банкілік несие нысанын қабылдауы мүмкін. Тікелей банктік несие берілгенде
банк пен несие алушы арасында несие келісімі жасалады. Жанама банкілік
несие берілгенде банк пен несие алушы арасында несиелік қатынастарды делдал
болуын айтады. Мұндай делдал болып көбіне бөлшек сауда кәсіпорындары
болады. Осы жағдайда несиелік келісім дүкен мен клиент арасында жасалып,
ары қарай келісілген тәртіпте банктен ссуда алады.
Біздің елімізде тұтыну несиесінің кең таралуына негізгі
кедергі–бұл, не кепілдің болмауы, не клиенттің төлеу мүмкіндігінің
төмендігі. Көбіне клиент өзінің жалақысы есебінен несиені өтей алатынын
дәлелдей алмауы. Банк кепілді алатынын біле тұра несиені бере алмайды.
Несиені алу кезінде негізгі мәселе - банкке кепіл. Айтарлықтай
ірі несиені алуға құжат дайындауда, несие алушы кепіл мәселесімен сөзсіз
кездеседі. Кепіл болып үй, автомобиль, асыл бұйымдар, қымбат тұрмыс
техникасы болуы керек. Мұнда мәселе алынатын соммаға эквивалентті
құндылықта емес, оның соманың бір бөлігін қайтара алмай қалатын болса, ол
барлығын жоғалтады. Егер ол сауда фирмасымен несие құжаттаса ол жалпы
сомманың 15 - 20% -н мерзіміне сай төлей алмай, кепілге алған құндылығын
жоғалтуға тәуекел етеді.Сондықтан, банктердің тәуекелі несиені қайтармау,
несие көлеміне кепіл мүлкі құнының сай келмеуі, республика тұрғындарының
төмен болуы.
Сонымен қатар, несиелік тәуекелді реттеудегі мемлекеттің де ролі
маңызды болып табылады. Мұнда мемлекет өз қызметінің ҚР Ұлттық Банкі және
ҚР Қаржы нарығы мен Қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау Агенттігі арқылы
жүзеге асырырады. Ескере кететін жағдай, 2003 жылғы 31 желтоқсандағы ҚР–сы
Президентінің номері 1720 ҚР-ң мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі
жетілдіру туралы жарлығына сәйкес бірқатар өзгерістер болды. Атап айтқанда
ҚР Ұлттық Банкінің реттеу және қадағалау қызметтері жаңа құрылған Агентікке
жүктелінген болатын.[3,б 67]
ҚР Ұлттық Банк мен Қаржы нарығы мен қаржы ұймдарын реттеу және
қадағалау Агенттігі Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің қызметіндегі
тәуекелді азайту арқылы салымшылардың мүдделерін қорғау мақсатында реттеу
және қадағалауды жүзеге асырады. Соның ішінде банктердің несиелік
операцияларын реттеу мен қадағалаудың бірнеше себебі бар.
• Банктік жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ету;
• Банктер қызметінің сенімділігін қамтамасыз ету. Мысалы, бір қарыз
алушыға берілетін несие сомасын шектеу. Мұндай шектеудің басты
мақсаты–несиенің бір қарыз алушының қолында шоғырланбауын
қамтамасыз ету және несиелік тәуекелді төмендету болып табылады;
• Жалпы экономикаға әсер етуіне байланыста несиенің кейбір түрлерін
шектеу немесе қолдау көрсету.
Экономикасы дамыған елдерде ІЖӨ - мен салыстырғанда
тұтынушылық несиелендіру көлемі мен тұтыну қаншалықты маңызды екенін атап
өту қажет. Мысалы Нидерландыда бұл көлем ІЖӨ-нің өзінен де жоғары. Италия
сияқты бұдан да консервативті елдер де бар, әрі онда тұтынушылық
несиелендіру көлемі ІЖӨ- нің 40% - ын құрайды және бұл тұтынушылық
несиелендіру нарығында ІЖӨ - ге қомақты пайыз.
Тұрғындардың қажеттіліктеріне банкілік несиелендіру банкке
тәуекелді қысқартуға мүмкіндік береді.(несиелік, пайыздық, валюталық,
рыноктық және басқармалар), мысалы заңды тұлғаларға берілетін ссудалар
(сауда ұйымдарына, кәсіпорындарға, фирмаларға т.б) несие алушының несие
төлеу мүмкіндігін жоғары деңгейімен анықтауға мүмкіндік береді және ссуданы
мерзімінде және толық қайтарып алуға бақылау орната алады. Клиент
тұрғысынан маңыздысы ол ссуданы керек еткен жағдайда (сауда ұйымында, ұзақ
уақыт пайдаланатын тауар сатып алғанда, несие карточкасы бойынша) ала
алады. Клиент үшін банкке ссуданы беру туралы өтініш беруін керек етпейді.
Тұтыну несиесі көптеген елдердің экономикасында үлкен роль
атқарады,сондықтан ол мемлекеттік органдардың тарапынан қатаң реттеуге
ұшырауда. Біздің елімізде ол Ұлттық Банктің жұмысы. Шет елдің мемлекеттік
реттеуін екі түрге бөліп қарауға болады: беру және пайдалану деңгейінде.
Беру деңгейінде мемлекет не тұтынушыларды несиелеуді қолдайды, не тежейді.
Банктердің және қаржы компаниялардың бұл жұмысына несиелік шектеулердің
ережесі қолданылады.
Бірнеше жыл бұрын жағдайы Қазақстандағыдай болған азия
жолбарыстары деп аталатын үш елден мысал келтірейік: Тайланд, Малайзия
және Индонезия. 80-ші, 90-шы, 2000-шы жылдары осы елдердің ІЖӨ өте мықты
өсім болды, шамамен жылына 7-8% және оны өсім процесі тұтынушылық
несиелерді кең көлемді пайдаланумен ілесіп жүреді.
Тұрмыстық несиенің дамуы ипотекалық несиемен байланыстырылады.
Тиімді жоба болып акционерлері Schwabisch bank және Reiffeisen bank
болатын қазақстандқ тұрғын үй құрылыс жинақ банкін құру болып табылады.
Бірінші банк – Германиянікі, екіншісі – Австриялық.[30]
Банк тұтыну несиесіне белсенді кірісуде. АҚШ және Ұлыбритания
банктері жеке тұлғаларға персоналды несие аталатын несие беруді
тәжірибеге айналдыруда. Бұл несиелер тауар сатуды қаржыландырудан бірқатар
ерекшеліктеоін тұтыну несиесінің түрі ретінде қарау керек.
Біріншіден, персоналды несие - бұл жеке тұлғаларға ақшалай
формада берілетін банктік ссуда;
Екіншіден, бұл несиелер нақты коммерциялық мәмілеге байланысты,
сондықтан олар кәдімгі сатып алынған тауарға кешіктіру, икемді жүйесін
қалыптастыру ;
Үшіншіден, делдалдардың жоқтығы мұндай несие жүйесі қарапайым
және икемді болады, өйткені онда тек банк пен несие алушы ғана болады.
Персоналды несие тұтыну тауарын сатып алу үшін қолданылады. Бұл
несиелерді жиі жас жанұялар, студенттер, кейінгі 5 жыл ішінде өтеуге
алынады. Бұл сома әдетте үш айлық несие алымының айлығымен шектеледі, өтеу
мерзімі 36 ай. Қазіргі уақытта персоналды несиені пайдалану ережелер
біртекті болды. Бұған кредиттік карточкаларды жаппай пайдалану септігін
тигізді.
Мұндай сызбаның ерекшелігі, қатардағы азаматтың 3 және одан да
көп жылда үйді сатып алатын, салатын немесе жаңартатын соманың жарғысын
жинай алуын атап өтейік. Егер ол міндеттеменің бәрін орындаса және жинақтау
мерзімі аяқталған жағдайда ол екінші бөлігін банк займы ретінде ала алады.
Міндетті шарт болып есеп айырысу тек теңгемен жүргізілетіні. Ал екінші
міндет–займ бойынша пайыз салым бойынша сыйақының 3% айырмашылықтан көп
болмау керек. Айталық, егер жинақтаулар бойынша Жилстройбанк ЖАҚ
10% болса, онда ендігі займды 13% табыстылықпен беру қажет.
Парламент депутаттары мен азаматтардың үндеуін ескере отырып,
үкімет арнайы қаулы қабылдады, онда Банк Центр Кредит ЖАҚ – на
азаматтармен индексацияланбаған несие принципі бойынша келісімдерді қайта
жасап (1999 жылдың 1 сәуіріне) және бағамды 1$-ға 88,3 тг. мөлшерінде қоюды
міндеттеді. Үкіметтің осы қаулысында, ол республикалық бюджеттен
азаматтардың міндеттемелердің бөлігінің орындалуын қаржыландыруын
міндеттеу. Жыл сайын, несие келісімінің бүкіл мерзіміне бюджетте
жинақталған сома, 60 млн шамасында. Жыл сайынғы компенсацияға жататын
бағамдық айырма деңгейі Ұлтық Банктің жыл соңына бағамы мен 88,3
арасындағы айырма алынды.
Сонымен қатар, несиелік тәуекелді реттеудегі мемлекеттің де ролі
маңызды болып табылады. Мұнда мемлекет өз қызметін ҚР Ұлттық банкі және ҚР
Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау Агенттігі арқылы
жүзеге асырады. Ескере кететін жағдай, 2005 жылғы 31 желтоқсанда ҚР Ұлттық
Банкінің реттеу және қадағалау қызметтері жаңа құрылған Агентікке
жүктелінген болатын.[31]
Тағы айта кететін жағдай бұл несиелік мониторинг. Яғни несиелік
мониторинг дегеніміз несиені берген күннен бастап, оны толық қайтарғанға
дейін қарыз алушының несиелік қабілетінің өзгерісін үнемі талдап отыруды,
несие сапасының төмендеуі немесе несиелік келісім шарттың бұзылуы
анықталған жағдайларда тиісті шаралар қолданылуды қамтитын банктің
күнделікті жұмысы.
Несиелік мониторингті жүргізуге арналған ақпарат көзіне мыналар
жатады:
• Банкте жинақталған қарыз алушы туралы ақпарат;
• Қарыз алушыдан алатын ақпараттар;
• өзге көздерден алынатын ақпараттар (жабдықтаушылардан, сатып
алушылардан, өзге банктерден, қаржы ұйымдарын, үшінші
тұлғалардан және тағы басқа).
Ақпараттың толығына қарай несиелік мониторинг ағымдық және
тереңдетілген болып бөлінеді.
Ағымдық мониторинг – ай сайын ағымдық мониторинг есебі түрінде
рәсімделетін, несиені қайтару кестесінің орындалысы шегінде барлық несиелер
бойынша жоспарлы түрде қарыз алушының шаруашылық және қаржылық жағдайы
туралы жалпы ақпараттарды алу негізінде жүргізілетін тексеру.Ағымдық
несиелік мониторингтің мақсаты – банктің барлық берген несиелер бойынша
төлемсіздіктің алдын алу. Мониторинг жүргізуде несиені қайтару кестесі
пайдаланылады және оның көшірмесі шот менеджеріне беріледі.[26,б 31]
Ағымдағы мониторингтің негізгі қадамдарына мыналар жатады:
• қарыз алушының шотындағы ақша қаражаттарының қозғалысына бақылау
жасау;
• клиентке ескертулер жасау (несиені төлеу мерзіміне екі үш күн
бұрын телефон арқылы ескерту, телефон болмаған жағдайда жазбаша
түрде).
• Клиенттің орналасқан жеріне бару (қарыз алушы кәсіпорынның
қаржылық есебініңиматериалдары негізінде оның қаржылық және
шаруашылық жағдайымен танысу және т.б.
Тереңдетілген мониторинг–ай сайын тереңдетілген мониторинг есебі
түрінде рәсімделетін, несиені қайтару кестесінің орындалысының бұзылуына
қарай, жоспардан тыс немесе (кенеттен) немесе қандай да бір алаңдатарлық
белгілердіңтуындауына байланысты қарыз алушының шаруашылық және қаржылық
жағдайы туралы барынша толық ақпаратарды алу мақсатында жүргізілетін
тексеру.Тереңдетілген мониторингтің ұзақтылығы мыналарға тәуелді:
• Қарыз алушының несиелік рейтингіне;
• Қарыз алушының саласының жағдайына.
Несиелік рейтинг – несиені қайтару ықтималдығы, міндеттемені
орындау тұрғысынан қарыз алушының несиені өтеу қабілеттілігін бағалауды
білдіреді. Мұндай рейтингті әдетте банктер немесе мамандандырылған
консалтинг агенттіктері анықтайды.
Несиелік мониторинг келесі бір түріне несиелік ресурстардың
мақсатты пайдалануын тексеру жатады. Несиелік ресурсты бергеннен кейін
несие менеджері міндетті түрде жобаның іске асырылатын жеріне барып қарыз
алушының несиелік ресурсты көздеген мақсатқа пайдалану барысына тексеру
жасайды.
Қарыз алушының несиелік ресурстарды көздеген мақсатқа
пайдаланбағаны анықталған жағдайда несие менеджері қарыз алушының
міндеттемені орындамағаны туралы хабарлама даярлап және оны заң қызметкері
тексеріп куәландырады. Сөйтіп ол мәселені несиелік комитеттің алдына
қарауына қояды. Несиелік комитет ондай несиелер бойынша қарызы туралы нақты
шешім қабылдайды.
Екінші деңгейлі Қазақстан банктері тұрғындарды бөлшек несиелеуге
түрлерінің үлкейту керектігін түсінуде. Мысалы, белгілі тауарлар тобын
сатып алуға тұтыну несиелері кең қолданылуда. Дегенмен, ҚР-ң статистика
жөніндегі Агенттігінің мәлімдеуінше тұрғындардың көп бөлігін алдында
тұрмыстық жағдайларын жақсарту қажеттіліетердің ең керектісі болып
отыр.[10,б 45]

II Тұтыну несиесін Казкоммерцбанк АҚ тәжірибесінде
талдау

2.1 Тұтыну несиесін АҚ Казкоммерцбанктің тәжірибесінде талдау

1990 жылы құрылған Қазкоммерцбанк АҚ, қазіргі уақытта активі, несие
қоржыны, таза кірісі және жалпы депозиттері бойынша ірі жекеменшік қаржы
институты болып табылады.
2007 жылдың 31 желтоқсанындағы қаржылық есеп-қисаптың халықаралық
стандарттары бойынша есептелген банк активтері 2,997 триллион теңгені (24,9
млрд. $) құрады. Ал осы көлемнің 79%-ы, яғни 2,366 трлн. теңге  (19,7
млрд.$) клиенттердің қарызына тиесілі.
2007 жылы банк басты компаниялардың акционерлеріне тиесілі  55,963
млрд. теңге мөлшерінде таза кіріс алды. 2007 жылдың 31 желтоқсанындағы
жағдай бойынша капиталдың жеткілікті болуын қамтамасыз ету мақсатында
банктің жеке капиталы 415,3 млрд. теңгені құрады, ал оның рентабельді
коэффициенті 19,5% құрады. 
Қаражатты тартудың негізгі көзі – банк депозиттері болып табылады,
олар қордың жалпы көлемінің үштен бір бөлігін құрайды. 2007 жылдың ішінде
клиент депозиттері 30,1% өсіп, 895,1 млрд. теңгені құрады. Осылай
Қазкоммерцбанк тартылған депозиттердің көлемі бойынша Қазақстандағы №1
банк,оған нарықтың 20% астамы тиесілі.   
  Депозит тартумен қатар банк теңге және шетел валютасында қарыз және
несие беру, клиенттердің төлем қабылдау, дебетті және несиелік карталары,
инкассация, сондай-ақ жеке банкингі сияқты  ағымдағы шоттары бойынша қызмет
көрсетудің кең спектрін ұсынады.   
2008 ж. 1 қаңтардағы жағдай бойынша, Банк бас офистен басқа,
Қазақстандағы 25 әмбебап филиалға және 165 операциялық бөлімшеге иелік
етеді.Сондай-ақ, Банктің Қырғызстанда (Қазкоммерцбанк Қырғызстан ЖАҚ),
Ресейде ( Москоммерцбанк КБ) және Тәжікстанда (Қазкоммерцбанк Тәжікстан
ЖАҚ) еншілес банктері бар.
Қазкоммерцбанк ең ірі үш халықаралық төлем жүйесінің - VISA және
MasterCard (CirrusMaestro) және American Express - дебеттік және несиелік
карталарын шығаратын Қазақстандағы жалғыз банк. 2008 жылдың 1 маусымындағы
жағдай бойынша банктің айналыста 966 мың картасы бар. Сондай-ақ Банк
American Express карталарын тарату жөніндегі уәкілетті агент болып
табылады. 2001 жылы қазақстандық банктердің ішінде Қазкоммерцбанк бірінші
болып магниттік лента мен чип құрамдастырылған смарт-карталар, ал 2005 жылы
тағы да бірініші болып GoCard несиелік бонус картасын шығарды.
Сонымен қатар банктің банкоматтар желісі бар. 2008 ж. 1 маусымдағы жағдай
бойынша банкоматтар саны 871 құраса, оның ішінде ақшаны қабылдау функциясы
бар (кэшин) банкоматтар саны – 160. Сондай-ақ банктің процессингтік
орталығы 250 интернет-дүңгіршекке және сауда орындарында орналасқан 7522
POS-терминалға қызмет көрсетті.   
Банктік қызметтен басқа Банк өзге де қаржылық қызметтер ұсынады.
Қазақстанның құнды қағаздар мен валюта нарығының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Несиелік процесс
Тұтыну несиесі жайлы
Қарыз алушының несие қабілеттілігін бағалау туралы
Коммерциялық түрдегі банктердің несиелік портфелін басқару
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАЛҒА БЕРІЛЕТІН ТҰРҒЫН ҮЙ НАРЫҒЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
Тұтыну несиесінің негізгі мақсаты - халыққа тұтыну тауарларын сатуды ынталандыру
Тұтыну несиесінің экономикалық мәні
Шығыс нан комбинаты ЖШС нан өнімдерін, макарон өнімдерін өндіру бойынша маманданған кәсіпорын
Тұтыну несиесі және оның Қазақстанда дамуы
Тұтыну несиесі жайлы мәлімет
Пәндер