Банктің барлық активтері 2005 жылы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1-ТАРАУ. ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА ДАМУЫНДАҒЫ «ТЕМІРБАНК»
АҚ НЕСИЕЛІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ТАЛДАУ . . . 4
1. 1 «Темірбанк» АҚ банктік қызмет көрсету нарығын талдау . . . 4
1. 2 «Темірбанк» АҚ несие өнімдерінің құрылымы және
несиелендіру операцияларын талдау . . . 12
2-ТАРАУ. ЛИЗИНГТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ҰЛТТЫҚ
ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫНА ҚОСҚАН
ҮЛЕСІН ТАЛДАУ …… . . . 26
3-ТАРАУ. НЕСИЕНІҢ ПЕРСПЕКТИВАЛЫҚ
БАҒЫТТАРЫН ЖАҢАШАЛАНДЫРУ
ЖОЛДАРЫ . . . 33
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 48
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 51
ҚОСЫМШАЛАР
КІРІСПЕ
Ұлттық экономиканың дамуындағы банктік несиенің ролі және банктердің жүргізетін операцияларын талдаудың қазіргі кезеңдегі маңыздылығы, Қазақстан Республикасының экономикалық даму стратегиясының мақсаттарымен анықталады.
Кез-келген мемлекеттің қаржы-несие желісі оның экономикалық жүйесінің кұрамдас бөлігі болумен қатар осы мемлекеттегі экономикалық қарым-қатынастарға байланысты өзгеріп отыратыны және өндірістік катынастардың дамып, жетілуіне орай қалыптасатыны жөніндегі түжырым өзек болады. Қаржы-несие жүйесі, атап айтқаңда банк жүйесі мемлекет зандарымен реттелетін, қолма-қол және құжат түрдегі ақша айналымын, сондай-ақ ұлттық валютаның төлем қабілетін қамтамасыз ететін ақша айналымын ұйымдастыру формасы ретінде сипатталады.
Практикалық отчет Темірбанкте несие менеджері боп өттім,
Қазіргі уақытта банктік несиенің мақсаты - кәсіпорындардың шаруашылық қызметін несиемен қамтамысыз етіп, нәтижесінде өндірістің ауқымы кеңейіп, оның жұмысы, қызметі, өнім де ұлғайды.
Коммерциялық банктердің төлем жүргізуге мүмкіндіктері артқаны мен кәсіпорындарға ұзақ мерзімді несие беру жүйесіндегі мүмкіндіктері бірқатар келеңсіздіктер туындататын жағдайлар кездеседі.
Банк несиенің маңызы да коммерциялық қызметті қосымша қаржыландыру мен жаңа мүлік құру бағытында ұзақ мерзімді инвестицияны жүзеге асыруда кәсіпорындардың құрылымы несие ресурстарын пайдалануында артады. Қарыздар несие функциясын атқара отырып, түрлі формаларға ие және алынған қаржыны дұрыс мақсатқа жұмсауға көмектеседі.
Несиелер банк пен клиенттің қарым-қатынасы негізінде қорытылады, яғни несие сомасы мен проценттік ставка өлшемі, оның ұсыну әдісі мен қайтару мерзімі несие келісім шарттарында айқын көрсетіледі. Несие тек несиені төлеуге мүмкіндігі бар тұғаларға ғана беріледі. Қазіргі уақытта несие механизмінде несиелендіру банктік бақылау жасауда қатаң талаптар жоқ деуге болады.
1-ТАРАУ. ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА ДАМУЫНДАҒЫ «ТЕМІРБАНК» АҚ НЕСИЕЛІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ТАЛДАУ
1. 1 «Темір Банк» АҚ банктік қызмет көрсету нарығын талдау
«Темір Банк» АҚ» 1992 жылы 26 наурызда тіркелген. Бүгінгі таңда ол заңды және жеке тұлғаларға кең спектрлі қызмет көрсететін жан-жақты қаржылық институт. Банк активтері 2006 жылыдың 30 қыркүйегінде 1, 099 млрд. АҚШ долларын құрады, ал меншікті капиталы 171, 8 млн. АҚШ долларына жетті. 2006 жылдың 3-тоқсанының қорытындысы бойынша банктің таза табысы 15, 2 млн. АҚШ доллары болды.
Банк қызметкерлерінің саны 1400 адамға жуық. 1998 жылы Темірбанктің акциялары Қазақстандық қор биржасының «А» категориялы ресми листингіне қосылды. 2003 жылы Европалық қайта құру және даму банкімен бірлесе отырып стратегиялық әріптестік шартына отырды. Темірбанк «Инэксимбанк» ЖАҚ (Қырғызстан) 46% акция пакетін басқарады. Сонымен қатар 2002 жылдың ақпанынан бері Қазақстаннан тысқары жерлерде Мәскеу қаласында банктің өкілдігі жұмыс істейді.
Темірбанк лизингтік операциялардың нарығына Темірлизинг АҚ арқылы өтті. (Банктің қатысу үлесі 59%) . Қазіргі уақытта халық саны 100 000 жоғары адам болатын Қазақстанның барлық облыс орталықтары мен қалаларында өкілдік ететін филиалдық желідегі 50 жуық сату орталықтары бар. Ағымдағы 2006 жылы 50 000 тұрғыны бар қалаларды қамту мақсатында банктің бекітілген даму стратегиясына сәйкес желіні кеңейте түсті. Ағымдағы жылда банк өнімдерін сатуда жеке тұлғалар үшін несие құралдарының көптеп дамуына негізгі көңіл бөлінді: ипотека, тұтынушылық немесе бизнестік мақсаттағы жекелеген несиелер және автонесиелендіру.
Банк қызметінің қаржылық нәтижелері жеке бизнестің даму стратегиясының дұрыс таңдалғанын көрсетті. 2005 жылы Темірбанк валюта балансы 1, 8 есе, клиент шоттарындағы қалдықтар - 2 есеге, жеке тұлғалардың ссудалық қоржыны - 2, 4 есеге өсті. 2005 жылы банк жалпы сомасы 30 млрд. теңге облигациялық бағдарлама тіркеді, оның шеңберінде жалпы сомасы 12 млрд. теңге олардың жартысы қамтамасыз етілген банк 3 облигацияны шығаруға тіркеді. 2005 жылы «Темірбанк» АҚ жарғылық капиталының мөлшері бернеше есеге - 3, 7 млрд. теңгеден 10, 363 млрд. теңгеге, ал банктің меншікті капиталы жыл ішінде 5390 млн. теңгеден 14242 млн. теңгене дейін өсті.
Бұл көрсеткіштер - бұл банктің қаржылық тұрақтылығын жоғарлатуға бағытталған менеджменттің тиімді жұмысының нәтижесі.
2006 жылғы қыркүйекте Fitch Ratings рейтингтік агенттігі банктің дамуына болжам жасап және келесідей несие рейтингін берді: қысқа мерзімді -«В», ұзақ мерзімді -«В-», жекелеген - «D/E», қолдау - «5».
Осы уақытта Moode's банктің рейтингін жоғарлату мүмкіншілігін қарастыруды қолдады. Банктің қаржылық тұрақтылығының рейтингі «Е+» және депозиттердің қысқа мерзімдік рейтингі «NP» тұрақты болжаммен ағымдағы деңгейі агенттікпен расталды.
Банктің миссиясы - Банктік қызметтегі жоғары сапалы және сенімді Қазақстанның барлық аумағындағы әрбір клиенттің қажеттілігін қамтамасыз ету, Қазақстанның экономикасының тұрақты дамуына ықпал ететін банк жүйесінің қызметін арттыру.
Банктің даму болашағы. 2005 жылдың ормасында банк акционерлерімен әр түрлі бағытта даму туралы стратегиялық шешім қабылданды. Осыған байланысты, банктің топ-менеджментіне үздік жұмыс тәжірибесі бар кәсіби мамандардан тұратын жаңа команда жасақтады. Темірбанк өзінің қатыстылығын кеңейту мен жекелеген сегменттерде өз тұғырын күшейтуге ұсынылған банк өнімдеріне жоғары қол жетімділікті қамтамасыз етуге сенімді. Банк менеджменті банк ритэйлінің барлық сегменттерінде және шағын және орта бизнес сегментінің таңдаушыларымен әр түрлі клиенттер үшін бәсекеге қабілетті өнімдердің толық жиынтығымен қаржы институтын құруды қолға алды.
Банктің басым міндеттерінің бірі клиенттерге қызмет көресут кезіндегі сервис деңгейін көтеру және жеке тұлғаларды жаппай несиелендіруді дамыту болып табылады.
Банк сонымен қатар шағын және орта бизнес үшін өнімдердің кең көлемдегі спекторымен белсенді меркетингтік бағдарламаны жүргізуді көздеуде.
Бекітілген 2008 жылға дейін даму стратегиясының шеңберінде Темірбанк қызметінің жекелеген позициялары бойынша үш есе өсуді көздеп отыр.
Қойылған мақсаттарға жетудің басты құралдары мыналар болып табылады:
• банктің жеке тұлғалар мен шағын және орта бизнес үшін өнімдер көлемін тұрақты өзгерту мен кеңейтіп отыру;
• үлкен сұраныстағы әр түрлі банк өнімдерін сатудың тиімді технологиясын құру;
• банкті ақпараттық технологияларды модернизациялауды үйлестіру мен бағдарламалық қамтамасыз ету;
қазіргі оқу технологиясының базасында банк персоналдарының кәсіби даярлық деңгейін жоғарлату;
банктің бөлімшелерінің жауаптылығы мен құзыреттілігін нақты бөлу мен тәртіпке келтіру мақсатында ұйымдастырушылық құрылымның тиімділігін ары қарай арттыру.
«ТемірБанкінің» қазіргі кездегі қаржылық жағдайын келесі кесте түрінде берілген бухалтерлік баланстан көруге болады. Бұл баланста 2006 жылдың 1 қаңтарына жасалынған бухалтерлік көрсеткіштерді 2005 жылдың 1 қаңтарына берілген көрсеткіштермен салыстыра отырып, банктің қаржылық жағдайын бақылауға болады. Мысалы; басқа банктерге берілген несиелер мен қаржылар 2004 жылмен салыстырғанда 2005 жылы 8 314 164 мың теңгеге өскендігін, еншілес ұйымдарға 2004 жылы ешқандай салым салынбаса, 2005 жылы 1 288 086 мың теңгені құраған. Банктің барлық активтері 2005 жылы 217 067 781 мың теңгеге өскендігін бақылауға болады. Ал төлеуге арналған девиденттер 2005 жылы 2004 жылмен салыстырғанда 10 740 мың теңгеге азайғандығын бақылауға болады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы бюджеті алдындағы берешегі 2005 жылы 2004 жылмен салыстырғанда 154 701 мың теңгеге азайған. Бірақ қайсыбір қаржылық органның қызметтері шығынсыз болмайды. Сол сияқты «Темір Банкінің» де қарыздары бар. Оның ішінде; Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіне 2005 жылығы қарызы 2000 000 мың теңгені құрайды. Бірақ та соңындағы пайдасы шығынынан асып тұрғанын көруге болады. Оған дәлел ретінде кестеде көрсетілгендей банктің жарғылық капиталының өсуінен байқауға болады. Бұл көрсеткіш бойынша байқағанымыз 2006 жылы 2005 жылға қарағанда 9 910 590 мың теңгеге өскендігін байқауға болады.
Кесте 1. 1 2006 жылғы І-қаңтардағы жағдай бойынша (аудиттелмеген) топтастырылмаған бухалтерлік баланс (мың теңгемен)
Активтер
2006ж 1-ші қаңтарына
2005ж 1-ші қаңтарына
ауытқулар
Касса және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіндегі қалдық
42 327 133
19 631484
+22 695 649
3 441
1 866
Банктерге берілген несиелер мен қаржылар
891 974
Сауда саттыққа арналған бағалы қағаздар
31324 220
Қызмет көрсетушілерге берілген несиелер мен қаржы, несие бойынша шығындарға резервті шегеріп тастағанда
53 308 589
Еншілес ұйымдарға инвестиция
1 288 086
0
1 288 086
Бағалы қағаздарға салымдар: - өтеуге дейін ұсталатын бағалы қағаздар - сатуға арналған қолда бар бағалы қағаздар
462 939
11 108 972
1 259 762 5 466 947
- 796 823
+ 5 642 025
1 036 278
Активтердің барлығы
119 859 763
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі алдындағы
Берешек
129 041
Қаржы институттары алдындағы берешек
РЕПО келісімі бойынша сатылған бағалы қағаздар
16 591988
Қызмет көрсетушілердің
Шоттары
Шығарылған берешек бағалы қағаздар
1998 572
147 657
Субординацияланған берешек
10 871681
14 989 160
111283
15 988 082
Міндеттемелер мен меншік
Капиталдың барлығы
119 859 76
Ақпарат көзі: Егемен Қазақстан 2006 жыл 3 ақпан
Банк алғашқылардың бірі болып жеке салымшылардың салымдарын міндетті сақтандыру жүйесін енгізді, Бұл жөнінде № 0011 сертификат та бар. Банк депозиттерін Қазақстан Республикасының құнды қағаздары жөніндегі ұлттық комиссия зейнетақы қорларының активтеріне салуды ұсынды. Сондай-ақ Банк салымдар депозиттерінің жаңа түрлерін енгізудің жүмыстарын түрақты жүргізіп, салымшылардың сұранымын, талап-тілегін толық қанағаттандыруға ұмтылып келеді. Банкке депозиттерін салатындар негізінен корперативті клиенттер, шағын және орта кәсіпорындар мен жеке тұлғалар.
Қазір банк толысып, нығайып, дәрежелі қызмет атқаруда.
Темір Банкі банкаралық нарықта белсенді жұмыс істейтін және ірі деген корпоративті клиенттерге жоғары технологиялық қызметтер кешенін ұсына алатын әмбебап коммерциялық банк ретінде даму мақсаты қойылып келеді. Бұған қол жеткізу үшін активтердің сапасын жақсарту және тартылған қаржы базасын ұлғайту қажет. Осы міндетті шешу жолында әр филиалда және әр директорлықта бизнесті дамытып, нығайта алатын, Қазақстан Республикасының барлық аймақтарында клиенттерге жоғары сапалы қызмет көрсете білетін командалар қалыптасты. Сондай-ақ, жұмыс істеп тұрған активтердің неғұрлым тиімді болуына қол жеткізілуі қажет. Банк корпоративті бизнес саласында мұнай-газ, көлік, құрылыс, машина жасау сияқты стратегиялық мән-маңызы бар экономикадағы клиенттер базасын нығайтуға ұмтылып келеді.
Темір Банкі өз жағдайын нығайтуда қазір қаржылық операциялардың сан алуан түрлерін қолдануда.
Коммерциялық банктердің қаржылық операцияларына оның активтік операцияларын жатқызуға болады. «Темір Банкінің» негізгі актив операцияларын несие беру операциялары болып табылады.
Банктің ссуда алушылармен несие қатынастарын жетілдіруіне қатысты несие шарты қүкықтық жэне нормативтік ережелермен толықтырылуы мүмкін. Осыған орай несие шартының өзгермейтін формалары болмайды деп бекітуге болады. Көпшілік елдердегі банктер аталмыш заң құжатына өз қатынастарын барынша дәл айқындайды.
Қарыз алушы ссуда алу үшін негізді жазбаша түрдегі өтінішпен банке жүгінеді, онда ссуданың мақсатты бағыты, оның сомасы, қайтару мерзімдері, сондай-ақ несие берілетін шараның қысқаша сипаттамасы атап көрсетеледі. птініш үш дана етіп толтырылады бірінші және екінші дана (проводка) үшін негіз болып қызмет етеді: үшінші данасы несие қызметкерінің ішінде қалады. Ссудалық есеп шоты банкте, негізінен, банктің есеп шоты ашылған жерде ашылады. Клиентке басқа банк қызмет көрсететін болған жағдайда, соңғы банк -несие берушінің сұратқан бүкіл қажетті құжаттарын тапсыруға міндетті.
Банкпен тұрақты несие қатынасын орнатқан, жақсы беделге ие қарыз алушыларға несие алу үшін тапсыруға тиіс құжаттардың тізімін банк қысқартуы мүмкін.
Тәжірибелік кезең барысында байқалған жағдай.
Банктің несие бөлімі несие беру мәселелері бойынша құжаттарды дайындау және өткізумен байланысты бүкіл жұмысты басқарады, несие берумен байланысты өзге де қызметтердің жұмысын үйлестіреді және қарыз алушылар тапсыратын мәліметердің жеделдігі мен сенімділігіне жауап береді.
Несие беру кезінде несие бөлімі мамандарының құзырына несие ресурстарының болуын, несие алу үшін қажетті тапсырылған құжаттардың толықтығын қарау, тапсырылған техникалық-экономикалық негіздеу есептерінің шынайлылығын анықтау мен қарыз алушының несие төлеу қабілетін талдау, сондай-ақ ссуданы қайтармауға әкелуі мүмкін факторларды зерттеу кіреді.
Несие бөлімінің қызметкерлері заң бөлімінің заңгер мамандарымен бірлесе отырып, оладың құқытық мәртебесі мен өкілеттіктерін айқындау үшін клиенттердің заңдық істерін зерттейді.
Несие бөлімінің және банктің басқа қызметтерінің қорытындысы несие беру туралы мәселені несие комиссиясына немесе банк басқармасына ұсыну үшін негіз болып саналады. Несие комиссиясы немесе банк басқармасы, жекелеген жағдайларда банктің жетекшісі оң шешім шығырған кезде, заң қызметкерлері кепілдік туралы шартты, ал несие бөлімі - содан кейін банк жетекшісі қол қоятын несие келісімін (шартты) дайындайды.
Клиенттерге ссудалар беру ссуданың (несие шарты) мақсатты бағытталушылығына қатысты ашылатын жеке ссудалық есеп шоттар арқылы арқылы жүзеге асырылады. Осыған орай өнімдерді өткізуден түскен түсімдер мен ақша қаражаттарының бүкіл басқа түсімдерін банк қарыз алушының ағымдағы есеп шотына жазады.
Ссуда, негізінен тауар - материалдық құндылықтар мен көрсетілген қызметтерге төлеуге қарыз алушының есеп шотында қаржысы жоқ болған кезде, акнесиеивтер ашуға және несие шартында айқындалған қарыз алушының өзге де қажеттіліктеріне беріледі. Қажет болған жағдайларда ссуда банк жетекшісінің өнімі бойынша тауар - материалдық кұндылықтар және көрсетілген қызметтер үшін ақы төлеуге берілуі мүмкін. Ссудаларды беру несие шартында айқындалған біржолғы, күнделікті жэне өзге демерзімдерде жүргізіледі. Бір жолғы ссуда сондай-ақ бір реттік контрактылар мен шарттар бойынша есептерді (шоттарды) төлеуге беріледі.
Несие шартында қаралған несиені беру және оны қайтарудың тәртібі мен жағдайларына сәйкес банктің несие бөлімі оны беруге үкім дайындайды.
Ссудалық операциялар банктің ресурстық базасын орналастыруда банктің активтік қызметінің негізгі бөлігін құрайды. Мысалға; Темір Банкі өз клиенттеріне несиенің бірнеше түрлерін және депозиттер қабылдайды.
Макроэкономикалық деңгейдегі бұл операцияның мәнін, оның көмегімен банктер уақытша жұмыс жасамайтын ақшалай қорларды өндірісті, айналысты және тұтыну процесінде жұмыс жасаумен сипатталады. Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әртүрлі ссудаларды береді. Мысалы, Темір Банкі тұтыну несиесінің бірнеше түрлерін береді. Оларға: автокөлік алуға арналған несие, табыс көзі бар тұлғаларға арналған қажетті жағдайға арналған несиелер, кіріс сараптамасы жоқ тұлғаларға арналған несие, жылжымайтын мүлікке берілетін несие және т. б жатызуға болады.
Сонымен қатар жоғарыдағы «Темір Банкінен» тұтыну несиесін алуға қажетті құжаттар тізімі мынадай;
- Қарыз алушының анкетасы.
- Жеке куәлігі ( көшірмесі)
- Соңғы 12 айға бөлініп көрсетілген жалақы жэне басқа табыстары туралы
жұмыстан берілетін анықтама.
- СТТН ( көшірмесі)
- Жұмыс стажы туралы жұмыс орнынан анықтама.
- Отбасы құрамы туралы анықтама (№ 3 форма)
- Некеге тұрғандығын растайтын құжаттар (неке туралы куәлік, жұбайыңыздың жеке куәлігі)
- Кепілдікке қоятын мүліктің құжаттары.
Келесі бір дамып отырған несиеге ипотекалық несиені жатқызуға болады. Темір Банкі ипотекалық несие беру шарттары мынадай:
- Несие мөлшері: жылжымайтын мүліктің бағалау құнының 85 % -на дейін
- Бастапқы жарна : жылжымайтын мүліктің бағалау құнынан 15 % -ға дейін
- Несие үшін төлем айына: 1, 3%(АҚШ долл ), 1, 7 % (теңгемен)
- Несие валютасы АҚШ долл немесе теңгемен (егер 1 жылдан аспаса)
- несие мерзімі :10 жылға дейін
- Қамтамасыз ету түрі: пайдаланатын немесе сатып алатын тұрғын үй.
Сонымен қатар тартылған қаражаттар ішінде ең көп бөлігін депозиттер құрайды. Депозиттер банк үшін бірден-бір арзан ресурс көзі болып табылады. Депозиттік операциялар активті және пассивті болып бөлінеді. Активті депозиттік операциялар - банктің уақытша бос ақша қаражаттарын басқа корреспондент- банктердегі шоттарда орналастырумен байланысты операциялар. Олар банктің өтімді активтері ретінде, яғни жалпы активтердің өте аз бөлігін алады.
Пассивті депозиттік операциялар - бұл клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттарын белгілі уақытқа және пайыз төлеу шартымен тартумен байланысты операциялар. Бұл операциялар көмегімен тартылған депозиттер пассив жағының көп бөлігін алады жэне банктік ресурстар қалыптастырудың негізгі көзі.
Қазіргі кезде банктік тәжірибеде салымдардың, депозиттердің әр түрлері кездеседі. Бұл банктердің жоғарғы бәсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер топтарының сұранысын қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.
Салым иелерінің категорияларын қарай депозиттерді мынандай топтарға бөледі;
- жеке тұлғалардың шоттарына;
- кәсіпорындар және акционерлік қоғамдардың шоттарына;
- жергілікті билік ұйымдарының шоттарына;
- шетелдік азаматтырдың шоттарына
Темір Банкі де депозиттің көптеген түрлерін қабылдайды.
«Темір Банкінің» АҚ - бұл таза бизенсті жүргізу принципі негізінде банкті көшбасшылыққа жеткізген кәсіби мамандардың ұжымы. Банкі банк аралық нарықта белсенді жұмыс жасайтын және ірі корпоративтік клиенттерге, орта және шағын бизнес кәсіпорындары мен халыққа жоғары технологиялық қызметтердің толық кешенін ұсынатын әмбебап коммерциялық банк болып табылады.
Банк өз қызметінің басты мақсаты ретінде қазіргі нарықтың ұсынымына сәйкес клиенттер мен әріптестерге мүмкіндіктердің толық кешенін ұсынуды жүргізеді.
Корпоративтік этика нормаларының жолын ұстап және кәсіби қызметтің тиімділігін есепке ала отырып, мемлекеттің әл-ауқатына өз үлесін қоса отыры, «Темір Банкінің» АҚ нарықтағы өз позициясын бекітуге және ары қарай жоспарылы түрде даму үшін база құруға сенімді.
«Темір Банкінің» АҚ дамуының негізгі бағыттары.
• Келесі ресурстар есебінен клиенттер базасын өсіру:
- Ресеймен жұмыс істеуге мүдделі ірі корпорациялар;
- несиеге және жедел кассалық-есеп айырысу қызметтеріне мүдделі орта және шағын кәсіпорындар;
- несие қоржынын диверсификациялау мен депозиттік базаны кеңейту үшін үлкен әлеуетті мүмкіншілік ұсынатын халық.
• Диверсификация мен балансталу салдары ретінде және тәуекелдердің барлық түрлерін басқарудың қазіргі әдістерін пайдалану, жоғары өтімділікті қолдау кезінде меншікті капитал мен активтердің пайдалылығын өсіру. Технологияларды модернизациялау, қызмет саласын кеңейту, және қызмет сапасын көтеру есебінен түсімдердің өсуіне жету.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz