Қазақстанның тұзды топырақтарының генезисі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі
Солтүстік Қазақстан облысы

Бағыты: биология

Секция

Тақырыбы: Солтүстік Қазақстанның тұзды әрі сортаң жерлерін мелиорациялау
үшін, өсімдік тұқымдарының галофиттігін анықтау.

Авторы: Эргеш Нигара Рахымбайқызы
10 в сынып
оқушысы
М. Ғабдуллин атындағы №3 мектеп
Көкшетау қаласы.

Жетекшісі: Апиева Қазына Елемесқызы

Биохимия пән мұғалімі

М.Ғабдуллин атындағы №3 мектеп
Көкшетау қаласы.

Кеңесшісі: 1. Хусаинов Әбілжан
Тоқанұлы
Биология ғылымының докторы.

2. Шайхина Гүлжанар Жақсылыққызы
Химия ғылымының кандидаты

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

I АНАЛИТИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР.
1.1 Қазақстанның тұзды топырағының
генезисі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Ауыл шаруашылығы дақылдарының галофитті түрлерін іріктеп алу
ұстанымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
II ЗЕРТТЕУЛЕРДІ ЖҮРГІЗУДІҢ ШАРТТАРЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ.
2.1 Солтүстік Қазақстанның табиғи-климаттық
жағдайлары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 8
2.2 Тәжірибе схемасы мен қалау
техникасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9

III ӨСІМДІК ТҰҚЫМДАРЫНЫҢ ӨСКІНДЕРІ БОЙЫНША ГАЛОФИТТІГІН АГРО- ЭКОЛОГИЯЛЫҚ
БАҒАЛАУ.
3.1 Тұқым түрлерінің хлоридті түде тұздалған
галофиттігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
3.2 Тұқым түрлерінің сульфатты түрде тұздалған
галофиттігі ... ... ... ... ... ... ... ... .21
3.3 Тұқым түрлерінің хлоридті- сульфатты түрде тұздалған
галофиттігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
3.4 Тұқым түрлерінің содалы түрде тұздалған
галофиттігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
ПАЙДАЛАНҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ...26

ҚОСЫМША

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі.

XIX ғ. соңынан бастап қазірге дейін ауыл шаруашылық
дақылдарының егістік жер көлемі кеміп, игеруге жарамсыз, тұзды әрі сортаң
топырақ көлемі артуда. Бұл жерлер- бұрын айдалған, құнарлығы кеміген,
топырағы тозған, сортаңданған жерлер болғандықтан, оларды пайдалану
экономикалық жағынан тиімсіз.
Тақырлардың пайда болу себептері тың жерлерді бей- берекет игерудің
салдарынан егістіктің экологиялық жүйесі, морфологиялық құрылымы бұзылып,
топырағы эрозияға шалдығып, тұзданып, ластанды, соның әсерінен топырақ
құнарлығы кеміді.
Осындай тастанды жерлерде арамшөптер қаулап өсіп, шегіртке секілді
зиянкестер, өсімдік ауруларының қоздырғыштары көбейіп, экологиялық жағдайын
едәуір нашарлатады. Жаздың соңында және күз уақытында тыңайған жерлерді ірі
сояулы қурайлар қаптап өседі де, аумақта өрт қауіпін тудырады. Бұл жерлерді
игеру, қалпына келтіру өте күрделі әрі өзекті мәселелердің бірі болып
табылады.
Сортаңды жерлердің ауқымды алқаптарында қысқа мерзімде түбегейлі
мелиорацияны өткізуді жүзеге асыру мүмкін емес. Міне, содан барып қосалқы
шаралардың мәні арта түседі.
Әлемдік тәжірибенің көрсеткеніндей, айналымнан шығарылған егістік
жерлерді қалпына келтірудің ең қолайлы әдісі- еліміздің Солтүстік аумағының
қатаң әрі тұрақсыз климатына, тұзды топырағына бейімделе алатын,
шығымдылығы мол, мал азығы бола алатын, біржылдық және көпжылдық шөптесін
фитомелиорант өсімдіктердің іріктемелерін іріктеп, оларды жүйелі түрде
қолдану. Міне бұл келесі өзекті мәселелердің бірі.

Жұмыс мақсаты – сортаңды әрі тұзды жерлерде өсіру үшін ауыл
шаруашылығы дақылдарының галофиттілігі жоғары, суыққа, құрғақшылыққа
төзіді, құнарлылығы мол іріктемелерін іріктеп алу.

Зерттеулердің міндеттері:
1. Солтүстік Қазақстандағы өскіндері бойынша бір және көпжылдық шөптесін
өсімдік түрлерінің тұздалуының түрлі үлгісіндегі галофиттігін анықтау;
2. Топырақ кеңістігінің (ортасының) тұздалу дәрежесі мен химиялылығына
байланысты фитомелиорантарды егу нормаларына түзету, енгізу шкаласын жасау;
Ғылыми жаңалық. Ғалымдар ауыл шаруашылығы дақылдарының тұзды және
тұзға төзімділігіне байланысты топтарын зерттеп дайындады. Тұтастай
ғылымда және практикада галофитті дақылдардың шектеулі жиынтығы бар.
Еліміздің түрлі аймақтарында сортаңды және тұздалған топырақтарында өсіру
үшін дақылдар іріктеліп алынды. Бірақ сорттық дәрежесіне қарай мұндай
зерттеулер аз өткізілді. Оның үстіне, бұл бағытта селекциялық жұмыстарда
шамалы түрде жүргізілуде.
Міне, осыған байланысты біз Солтүстік Қазақстанның тұзды топырағында
аудандастырылған және перспективалы ауыл шаруашылық дақылдарының түрлерін
галофиттігін зерттеп үйрену жөніндегі зерттеулерімізді
бастадық.Зерттелетін іріктеме жерінде жүргізілген зерттеулер тұзға аса
төзімді фитомелиорант шөптер түрлерін іріктеп алуға мүмкіндік береді.
Әрине, бұл үшін ғылыми және өндірістік қажеттілігі бар.
Практикалық мәні. Солтүстік Қазақстандағы фитомелиорант шөптер
аудандастырылған. Алайда олардың перспективті іріктемелері құрғақшылыққа,
аязға аса төзімді болғанымен, тұзға аса төзімсіз. Тұздалған жерлерде өсіру
үшін тұзға төзімді түрлерді анықтау және енгізу келесі мүмкіншілдіктерді
туғызады:
1) құнарлығы төмен жерлерді жақсартып, шалғындандыру
2) төрт түлік малды сапалы, өнім құндылығы жоғары азықпен қамтамасыз ету
3) мал басын көбейту
4) халықты табиғи, Отандық өндірушілердің азық- түлігімен қамтамасыз ету
5) экономикамызды арттыру
6) бал индустриясын дамыту
Зерттеу түрі. Солтүстік Қазақстанда біржылдық және көпжылдық шөптер
аудандастырылған әрі перспективті болып табылады. Түрлі дәрежеде тұздалған
хлоридті, судьфатты, хлоридті-сульфатты, содалы және түрлі үлгідегі
тұздалған орта объекті болып саналады.
Өзекті сөз: галофиттігі, сортаңға төзімділігі, өсу қуаты,
лабораториялық шығымдылығы, тұздалу үлгісі.

I АНАЛИТИАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР
1.1 Қазақстанның тұзды топырақтарының генезисі
Солтүстік Қазақстанның топырағының негізгі шет аймаққа тән ерекшелігі
оның жоғары сортаңдылығы және карбонататтылығы.
Аймақтық топырақтар өте жиі сортаң топырақтармен бірігіп, 5-10% дан
50-70% дейін алаңға жетеді.
Сортаң жерлер Солтүстік Қазақстан далалық жерлерінде бейтарап ақ
сортаң және тұзды топырақтардың араласуымен топырақтың жоғарғы көкжиегінің
тұздануына әкеліп соғады.
Сортаңның пайда болуы топырақтың жер асты суларының төмендеуі
гидроморфиялық кезеңімен сай келеді. Бірақ олардың көп бөлігі топырақтың
жер асты суларымен байланыссыз жағдайда пайда болған. Негізінен бұл жағдай
антропогендік факторлардың әсерінен пайда болған. Бұл сортаң жерлерге көп
қаражат жұмсамай агротехникалық шараларды өткізуге болады. Үлкен сортаңды
жерде қысқа мерзімде мелиорация (суландыру) жүргізу мүмкін емес, сондықтан
жергілікті іс-шараларды қолданудың маңызы артады.
Осыған байланысты жеке тұрғыдан мелиорация және сортаңдарды
пайдаланудың әр деңгейде оларды игерудің ұсыныстарын дайындау қажет. Ол
үшін зерттелетін аймақта сортаңдарды мелиорациалаудың теориялық негіздерін
білу қажет.
Бәрін есептей келіп, өндіріске сортаң топырақты пайдалануды тек
зерттеулер арқылы мелиорациялау жобаларын жасап, арнайы зерттеулер
жүргізіп, жобалау-іздеу жұмыстарының әдістерін белгілеу қажет.
Топырақтың тұздылығын бағалауда тұздардың құрамының ерекше маңызы
бар. Тексерілген топырақтың тұзды аккумуляциясының құрамында бейтарап
тұздардың барлығы да белгілі. Содан тұздалған сортаңдардың үлесіне және
соданың қатысуымен небары 11 пайызға жуық сортаңды сорлардың тіліктері
келеді. Әсіресе, алдыңғы қатарда тұздалудың хлоридті-сульфатты үлгісі, оның
үлесіне сортаңды жерлердің үштен астам қабаттары, одан кейін сульфатты-
хлоридті (20%) түрлері тұрады. Ал жекелей хлоридті (17,6%) және сульфатты
(16,3%) сортаңдар аз дәрежеде таралған. Содалы тұздалған сортаңдардың үлесі
кәдімгі қара топырақты аймақшада көбейе түседі. Оған себеп, сода құрылымдық
биогендік факторлардың күшеюіне және топырақтың интенсивті ылғалдануына
және артықтау ылғалдануы жағдайында себеп болады. Міне, осыдан барып
автоморфтық сортаңдармен салыстырғанда гидроморфтық сортаңдарда сода
ролінің күшейе түсуі барлық қадағаланатын аймақшаларда байқалады.Сортаңды
кешендерді тиімді пайдалану және жоғары өнім алу үшін оптимальді
технологияны іріктеп алу – сортаңдарды игерудегі ең маңызды қадамдардың
бірі.

.

1.2 Ауыл шаруашылығы дақылдарының галофитті түрлерін іріктеп алу
ұстанымы.

ҚР Жер агенттігінің деректері бойынша Қазақстанда сортаңды және
сортаң топырақты алқап 100 млн. га құрайды. Қара топырақты аймақта
тұздалған топырақ¼ аумақты алады. Олар жоғары потенциалды құнарлылыққа
ие, гумус құрамы жағынан аймақтық топырақтардан қалыспайды. Бірақ, қолайсыз
су-физикалық, физика-химиялық, биологиялық өзгешеліктері және құнарлану
тәртібіне орай олардың құнарлылығы өте төмен. Далалық аймақта ол 0,2- 0,3
және құрғақ далалық аймақта 0,1- 0,2 тга шөптен аспайды.

ҚР, ТМД, шетелдің көптеген ғылыми мекемелерінің және біздің
зерттеулеріміз, ғылыми-негізделген әдістерді және мелиорация тәсілдерін
қолданудың өзі олардың өнімділігін 5-6 есе және одан астам арттыруға
мүмкіндік беретіндігін (Ә.Т.Хұсайынов, Подбор травосмесей для освоения
комплексных солонцовых почв Приишимской лесостепи.) дәлелдеп отыр.
Сортаңдарды суландырудың тәсілдері мен әдістерін үйлестіру, оларда өсіріп-
өндіру үшін ауыл шаруашылығы дақылдарын іріктеп алу сортаңдардың аса көп
өзгешеліктерімен тығыз байланысты. Мәселен, бір аймақ деңгейінің өзінде,
аймақшада және тіпті шаруашылықта сортаңнан тыс көкжиектегі қуаттылығы,
сортаңдық дәрежесі, тұздалуы және химиялылығы, суда еритін тұздардың жату
тереңдігі, карбонаттар, гипс, т.б. жөнінен әртүрлі болып келеді.

Осы тұрғыда ауыл шаруашылығы дақылдарынан жоғары өнім алудың көптеген
экспериментальді деректері мен өндірістік мысалдары бар. Мұнда, ең бастысы
дақылдар мен сорттарды алу аймақтың табиғи климаттық жағдайларына және
топырақтың агромелиоративтік өзгешеліктеріне, негізінен алғанда, сортаңдық,
тұздалу дәрежесіне, т.т. байланысты. (В.И.Кирюшин Сортаңдар және олардың
мелиорациясы Алматы, Қайнар, 1975.) Далалық аймақта көпжылдық шөптерден
бидайық тұқымдас мал азығын,түйежоңышқа мен жоңышқаны өсіру ұсынылады.

Ғалымдар ауыл шаруашылығы дақылдарын олардың тұз және сортаңға
төзімділігіне орай топтап жасады. Ал В.И.Кирюшин мұндай классификацияны
Солтүстік Қазақстан жағдайларына орайластырып берді. Оның шкаласы бойынша
дақылдар мына төмендегідей орналасқан:

тұздалуға төзімді дәреже бойынша өте күштіге перей, қыша; күштіге –
арпа, ақ және сары түйе бұршақ, арпа; ортаға – перей, регнерия, жоңышқа,
бидайық тұқымдас мал азығы, азықтық тары, могар, астықты тары, сұлы;
әлсізіне – экспарцет, сорго, судан шөбі жатады;сортаңдылау жерге
төзімділерге ең күштісіне ақ және сары түйежоңышқа, қыша, арпа; күштіге –
перей, әлсізіне – экспарцет, бидай, сорго, т.т. жатады.

Атап айту керек, топырақтың сортаңдығына Түйежоңышқа өте төзімді болып
келетұғын болса, ал тұзға төзімділігі жөнінде олай дей алмаймыз. Мұндай
пікірді әрине, басқа бір жылдық және көпжылдық шөптер туралы да айтуға
әбден болады.

Сортаңдарды мәдени меңгерудің фитомелиоративтік рөлі.

Профессор К.П.Пак (1975) сортаңды топырақтарды мәдениеттендіру
жөніндегі шаралар кешенінде өсімдіктер организмдерінің қатысуының үлкен
мәні бар екендігін атап көрсетеді.

Сортаңдарда өсірілетін ауыл шаруашылығы өсімдіктерін алғашқы игеру
жылдарында фитомелиорант немесе мәдени-меңгеруші ретінде, ең алдымен
мынадай биологиялық өзгешеліктерді құрғақшылыққа, тұздылыққа және сортаңға
төзімділігін ескеру қажет.

Сортаңдарды мәдени-меңгеруші ең алдымен, топырақтың қолайсыз су
тәртібіне қарсы тұрарлықтай қабілетке ие болуы керек. Мұндай жағдайда
сортаңға төзімді ұғымы өсімдіктердің топырақтың қолайсыз су-физикалық
өзгешеліктеріне ыңғайластыруға бағытталғандай болып келеді.

Яғни, топырақта жинақталатын органикалық салмақтың үлкендігі өнімнің
көлеміне тікелей байланысты болып табылады. Мәселен, К.П.Пак былай деп
көрсетеді: Жер астындағы салмақтың жоғары өнімі және қуатты тамыр жүйесі –
өзара байланысты құбылыс.

Яғни, табиғи мал азығындық жайылымдардың құнарлылығын арттыру және
топырақты органикалық затпен молықтыру, сортаңды топырақты түбегейлі
жақсарту жөніндегі шаралардың жалпы жүйесінің ажырамас құрамды бөлігі
болып табылады.

Сортаңдарды мәдени-игерушілерді іріктеп алу. Сортаңды шабындықтарды
түбегейлі жақсартуды В.С.Егоров (1973) арзан азықтық жемді өндірудің
маңызды резерві деп есептейді. Сортаңды топырақты өңдеудің технологиясын
сақтау және дақылдарды дұрыстап іріктеп алу мал шаруашылығы үшін азық
өндірісін едәуір көтеруге мүмкіндік берді.

Мәдени-игерушілер ретінде сортаңды жерлерде табиғи азықтық
жайылымдарды түбегейлі жақсарту үшін неғұрлым құрғақшылыққа төзімді, сортаң
және сортаңды жерлерге шыдамды өсімдік түрлерін, бидайық тұқымдас мал
азығын, ақ және сары түйе бұршағын, көген, тамырсыз бидайықты, қияқты, сары
жоңышқаны, изенді, т.б. пайдалану керек. (К.П.Пак, 1975).

Сортаңдардың мәдени-игерушілерін іріктегенде физиологиялық
төзімділігін ғана есепке алып қоймай, сонымен бірге аталмыш дақылдың
шаруашылық құндылығын, яғни оның шығымдылығын да есептеп отыру керек.

Сөйтіп, сортаңдарды игеру үшін топырақтың агромелиоративті
өзгешеліктеріне тиісті және нақты аймақтың биоклиматтық жағдайларына
бейімделген ауыл шаруашылық түрлері мен сорттарын, тұзға, сортаңды жерлерге
төзімді тұқымын іріктеп алудың маңызы ерекше.

Топырақтың тұздылығының дәрежесіне байланысты әрбір учаскеге тиісті
дақыл жиынтығын ұсыну қажет. Мұнда Н.В.Орловский (1937),
А.Н.Молоканов(1976), З.Т.Проскурякова (1973), тағы басқалары жасаған тұзды,
сортаңды жерлерге төзімді ауыл шаруашылығы дақылдарының ауыл шаруашылығы
ғылыми-зерттеу мекемелерінің нұсқауларын басшылыққа алу керек.

II ЗЕРТТЕУЛЕРДІ ЖҮРГІЗУДІҢ ШАРТТАРЫ МЕН
ӘДІСТЕМЕСІ.

2.1. Солтүстік Қазақстанның табиғи-климаттық жағдайлары.

Климат.

Солтүстік Қазақстанның территориясы климаттық жағдайларының біртекті
еместігімен сипатталады. (П.И.Колосов, 1947 Л.А.Чубуков, 1950,
Я.И.Фельдман, 1960). Евразия материгінің орталығында орналасқан ол
белсенді циклонды қызмет аудандарынан шалғайда болғандықтан әрі Орталық
Қазақстан мен Орта Азияның бос аймағының ықпалы тиетіндіктен жауын-шашынды
күндер мен ылғал саны кемиді. Көпжылдық жылдық орта ылғал саны далалық
аймақта жекелеген жылдарғы едәуір ауытқушылықты есептемегенде 200-350мм
құрайды. Шілдеде радиация басым болады. Айлық орташа ылғал да елеулі
өзгерісімен сипатталады. Жоғары температураның салдарынан және аса төмен
ылғалдың және күшті желдің әсерінен жазғы ылғал тез кеуіп кетіп, өсімдіктер
құрғақшылықтан жиі зардап шегеді.

Ауаның жылдық орташа температурасы солтүстікте 0,4(С. Ең ыстық ай
шілде болып табылады, орта температура 19-24(С-қа тең болса, ең ыстығы 40-
42(С-қа жетеді. Қаңтар ең суық ай есептеледі, орта температура – 16(С-тан
– 19(С-қа дейін. Жазда температураның тәуліктік ауытқушылығының амплитудасы
– 14-15(С. Бұл дақылдардың өсуіне және өнуіне кері әсер етеді. Әсіресе
өсімдіктер көктемгі кеш және көктемгі ерте суықтарды сезінгіш келеді. Олар
әдетте мамыр мен қыркүйекте, ал кейде сирек жағдайларда маусымның басы мен
тамыздың аяғында байқалады. Солтүстік Қазақстанның орталық бөлігінде +10(С-
тан жоғары оң температураның сомасы 2000-2400(С-ты құрайды. Аязсыз кезеңнің
оң әсері 110-130 күн деңгейінде өзгеріп отырады.

Территорияның орталық бөлігінде ауаның ылғалдығы мамыр- қыркүйек
айлары аралығында күндіз әдеттегідей 40% болса, ал бүкіл күндердің 13-
інде 30% төмен болады. Тұтастай алғанда, егіншілік үшін қолайсыз жылу мен
ылғалдың арақатынасы территорияның солтүстігінде 20%, оңтүстігінде 50%
құрайды.

Қыс пен көктемге қарағанда жазда едәуір аздау болатын жел қызметінің
белсенділігі де айтарлықтай деуге болады. Желдің орташа жылдамдығы 3-5 мс.
Желдің басым бағыттары: солтүстік-шығысында – жазда, оңтүстік-батысында –
қыста.

Қыс суық, ұзақ әрі қары аз боп келеді. Жиі-жиі суық тұрып, азиаттық
антициклондардың бөгетстіз енуіне мүмкіндік береді. Қардың түсуі
әдеттегідей қазан айының басында. Қар қалың түсетін жерлер мұнда сиректеу.
Көбіне 20-дан 35-45см дейін ғана түседі. Мұның өзінде (1,5м және одан
астам) қар аз түскен алқапта топырақтың аязға семіп, қатуы басталады.
Сөйтіп қар қабаты сәуір айына дейін сақталады. Қыстан көктемге ауысу қысқа
әрі тез. Қардың еруі жылдам болатындығы сондай, тіпті жібірси бастаған
топырақ өзіне суды сіңіріп үлгермейді, содан барып ол тез құрғап кетеді.

Вегетациялық кезеңнің қатаң гидротермикалық тәртібі топырақтың үстіңгі
қабатында жоғары булануға әкеліп соғады. Сондықтан да жер асты суларының
1,8-2,5м деңгейде ғана жатуы топырақтардың тұздалуына мүмкіндік жасайды.
Ауа температурасының маусымдық күрт ауысуы және жазғы уақытта олардың
жоғары мәнге ие болуы топырақтың су-тұз тәртібінің үлкен динамикасын талап
етеді. Қыс пен жаздағы, күн мен түндегі температураның жоғары ауытқушылығы
топырақтың терең әрі ұзақ қатып жатуы мен еруі жыныстар мен минералдардың
бүлінуіне, одан әрі қайта құрылуына ықпал етеді.

Топырақ.

Қара топырақты Солтүстік Қазақстан провинциясының өзі тектес
еліміздің европалық территориясынан айырмашылығы кең тараған
гидроморфизмнің әсеріне байланысты олардың өзгешеліктерінің ауқымды
кешенділігімен сипатталатындығын топырақ танушылардың зерттеулері көрсетті.
(К.П.Горшенин, 1956; Н.И.Богданов, 1976; В.Ф. Гофф, 1995). Сондықтан да
Омбы облысының оңтүстік топырағының ерекшелігі шабындық – қара топырақты
жерлердің көбірек таралуы болып табылады. (Л.Н.Мищенко, 1991).

Топырақтың сипаттамасын Ақмола жерге орналастыру жөніндегі
институтының топырақ бөлімі тәжірибе учаскесінің топырақ зерттеу
материалдары бойынша 1990-1991 ж.ж. беремін. Тәжірибе алаңының топырағы –
қаратопырақты, сортаңды, азқуатты, аз гумусті, аз балшықты. Гумустің құрамы
– 4,5-5,0%.

Жер асты суларының тұздану дәрежесі тұщыдан ащыға, одан сортаңға (0,8
– 10 гл). Жыртынды қыртысында тұзданудың аздап белгісі білінсе, 50-90см
тереңіректе тұзданудың орта дәрежесі білінеді.

Жыртынды қатпарда сіңірушілік сиымдылығы жоғары (100 г топыраққа 50
мг. экв жуық.) Айырбас-жұтымды катиондардың құрамы анағұрлым тартымды
(кальций 82-85% магний 13-18% натрий 1 %-ға жуық.) Мұндағы топырақтың
тұздылығы сондай, ортаның реакциясы сілтілік, ал ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Топырақ диагностикасының мәні
Сырдарияның төменгі ағысындағы және Аралдың жалаңаштанған тағандарындағы топырақтардың өзгеру процестері
Аридтену үрдісінің Сырдария өзенінің төменгі ағысындағы топырақтардың шөлденуіне әсері
Cu, Pb, Ni, Cr ауыр металдарының күріш алқаптарындағы топырақтардағы сандық және сапалық құбылымдары (Қызылорда облысы, Шиелі ауданының мысалында)
Топырақтану. Тәжірибелік жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
Сортаңды жерлердің генезисі
Арал теңізінің жағалық сызығының өзгеруін картографиялау
Биік таулы аймақ
Ақтау қаласы аумағының топырағын экологиялық-мелиоративтік бағалау және көгалдандыру мәселелері
Сырдария өзені төменгі ағысы ландшафттарының құрылымдық өзгерістері
Пәндер