Кәдімгі тарақ балық


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   

«Қапшағай су қоймасындағы тұқытұқымдас (cyprinidae) балықтардың биологиялық ерекшеліктері»

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСЫ

5В080400 - «Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау» мамандығы бойынша

АЛМАТЫ 2018

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

«ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ

Технология және биоресурстар факультетi

Ара, құс және балық шаруашылығы кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

«Қапшағай су қоймасындағы тұқытұқымдас (cyprinidae) балықтардың биологиялық ерекшеліктері»

Беттер саны

Сызбалар мен көрнектi материалдар саны

Орындаған : Серікбай Гүлмайра Балғынбайқызы

2018 ж. «» қорғауға жiберiлдi

Кафедра меңгерушiсi, Лукбанов В. М.

Жетекшiсi: Лукбанов В. М.

Сарапшы

АЛМАТЫ 2018

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

«ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ

Технология және биоресурстар факультетi

Мамандығы 5В080400 - «Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау»

Ара, құс және балық шаруашылығы кафедрасы

Дипломдық жұмысты орындау

ТАПСЫРМАСЫ

Студент: Серікбай Гүлмайра Балғынбайқызы

Жұмыс тақырыбы: ««Қапшағай су қоймасындағы тұқытұқымдас (cyprinidae) балықтардың биологиялық ерекшеліктері»

Университет бойынша 2018 ж "" № бұйрығымен бекiтiлген

Дайын жұмысты тапсыру мерзiмi 2018 ж ""

Дипломдық жұмыста қарастырылатын сұрақтардың тізімі:

1. Тұқылар тұқымдасына жататын кәсіптік балықтардың биологиялық жағдайы

2. Шығыс тыраны, арал сазаны, ақмарқа балықтарын биологиялық ерекшеліктерін зерттеу нәтижелері

3. Ақ амур, ақ дөңмаңдай, күміс мөңке балықтарын биологиялық ерекшеліктерін зерттеу нәтижелері

4. Тұқылар тұқымдасына жататын кәсіптік сандық және салмақтық көрсеткіштері

5. Тұқылар тұқымдасына жататын кәсіптік балықтардың қорын тиімді пайдалану

Ұсынылатын негізгі әдебиет

1. Ерещенко В. И., Тютеньков С. К., Мусина Н. А., Селезнев В. В. О направленном формированным ихтиофауны Капчагайского водохранилища // Биол. основы рыбн. Хоз-ва респ. Ср. азии и Казахстана. - Алма- Ата: Наука, 1970. - С. 62-65.

2. Ерещенко В. И., Серов Н. П., Селезнев В. В., Мусина Н. А. Формирование ихтиофауны Капчагайского водохранилища в первые годы его наполнения // Биол. основы рыбн. Хоз-ва респ. Ср. азии и Казахстана. - Ташкент, Фергана, 1972. - С. 191-193.

3. Серов Н. П. Акклиматизация рыб в бассейне озера Балхаш // Изв. ГосНИОРХ. - 1975. - Т. 103. - С. 172-174

4. Ерещенко В. И., Малиновская А. С ., Мусина Н. А., Серов Н. П., Селезнев В. В., Тэн В. А. Формированным промысловой ихтиофауны Капчагайского водохранилища // Экология гидробионтов водоёмов Казахстана. - Алма- Ата: Наука, 1973. - С. 58-84.

5. Дукравец Г. М., Баимбетов А. А. Систематика и биология плотвы Капчагайского водохранилища // Биол. науки - Алма-Ата: КазГУ, 1975. -Вып. 9. -С. 54-58.

6. Дукравец Г. М., Митрофанов В. П., Баимбетов А. А. Особенности формирования ихтиофауны Капчагайского водохранилища на р. Или // Всесоюзная конф. по теории формирования численности и рац. использования стад пром. рыб. - М. : ВНИРО, 1982. -с. 123-125.

Жұмыстың тараулары бойынша кеңесшілері

Тарау
Кеңесші
Мерзімі
Қолы
Тарау: Әдебиетке шолу
Кеңесші: Лукбанов В. М.
Мерзімі: Қазан, 2017 ж
Қолы:
Тарау: Материалды зерттеу әдістері
Кеңесші: Лукбанов В. М.
Мерзімі: Қараша, 2017 ж
Қолы:
Тарау: Негізгі бөлім
Кеңесші: Лукбанов В. М.
Мерзімі: Желтоқсан, 2017 ж
Қолы:

Кафедра меңгерушісі Лукбанов В. М.

Дипломдық жұмыс жетекшісі Лукбанов В. М.

Тапсырманы орындауға қабылдадым, студент Серікбай Г. Б.

Дипломдық жобаны орындау

ГРАФИГІ

Рет саны
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі
Жетекшіге ұсыну мерзімі
Ескертулер
Рет саны: 1
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі: Кіріспе
Жетекшіге ұсыну мерзімі: Қазан, 2017 ж
Ескертулер: Орындалды
Рет саны: 2
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі: Әдебиетке шолу
Жетекшіге ұсыну мерзімі: Қазан, 2017 ж
Ескертулер: Орындалды
Рет саны: 3
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі: Зерттеу әдістері мен материалдары
Жетекшіге ұсыну мерзімі: Қараша, 2017 ж
Ескертулер: Орындалды
Рет саны: 4
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі: Тұқылар тұқымдасына жататын кәсіптік балықтардың биологиялық жағдайы
Жетекшіге ұсыну мерзімі: Қараша, 2017 ж
Ескертулер: Орындалды
Рет саны: 5
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі: Шығыс тыраны, арал сазаны, ақмарқа балықтарын биологиялық ерекшеліктерін зерттеу нәтижелері
Жетекшіге ұсыну мерзімі: Қараша, 2017 ж
Ескертулер: Орындалды
Рет саны: 6
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі: Ақ амур, ақ дөңмаңдай, күміс мөңке балықтарын биологиялық ерекшеліктерін зерттеу нәтижелері
Жетекшіге ұсыну мерзімі: Қараша, 2017 ж
Ескертулер: Орындалды
Рет саны: 7
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі: Тұқылар тұқымдасына жататын кәсіптік сандық және салмақтық көрсеткіштері
Жетекшіге ұсыну мерзімі: Желтоқсан, 2017 ж
Ескертулер: Орындалды
Рет саны: 8
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі: Тұқылар тұқымдасына жататын кәсіптік балықтардың қорын тиімді пайдалану
Жетекшіге ұсыну мерзімі: Қаңтар, 2018 ж
Ескертулер: Орындалды
Рет саны: 9
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі: Қорытынды
Жетекшіге ұсыну мерзімі: Ақпан, 2018 ж
Ескертулер: Орындалды
Рет саны: 10
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі: Пайдаланған әдебиеттер
Жетекшіге ұсыну мерзімі: Наурыз, 2018ж
Ескертулер: Орындалды

Кафедра меңгерушісі Лукбанов В. М.

Дипломдық жұмыс жетекшісі Лукбанов В. М.

Тапсырманы орындауға қабылдадым, студент Серікбай Г. Б.

МАЗМҰНЫ
:
МАЗМҰНЫ: Нормативті сілтемелер
: 7
:
МАЗМҰНЫ: Анықтамалар
: 8
:
МАЗМҰНЫ: Қысқартулар мен шартты белгілер
: 9
:
МАЗМҰНЫ: КІРІСПЕ
: 10
: 1.
МАЗМҰНЫ: ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
: 12
: 1. 1.
МАЗМҰНЫ: Қапшағай суқоймасындағы ихтиофаунаның зерттелу тарихы
: 12
: 1. 2.
МАЗМҰНЫ: Қапшағай суқоймасының физико - географиялық сипаттамасы
: 20
: 2.
МАЗМҰНЫ: ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ МЕН МАТЕРИАЛДАР
: 25
: 2. 1
МАЗМҰНЫ: Балықтың кәсіптік қорын анықтау әдісі
: 26
: 2. 2
МАЗМҰНЫ: Балықтарға биологиялық талдау жүргізу әдісі
: 27
: 2. 3
МАЗМҰНЫ: Балықтардың қоңдылығын анықтау
: 28
: 3.
МАЗМҰНЫ: ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ МЕН ТАЛҚЫЛАУЛАР
: 29
: 3. 1
МАЗМҰНЫ: Тұқылар тұқымдасына жататын кәсіптік балықтардың биологиялық жағдайы
: 29
: 3. 1. 1
МАЗМҰНЫ: Шығыс тыраны (Abramis brama orientalis Berg) балығының биологиялық көрсеткіштері
: 30
: 3. 1. 2
МАЗМҰНЫ: Арал сазаны ( Cyprinus carpio) балығының биологиялық көрсеткіштері
: 34
: 3. 1. 3
МАЗМҰНЫ: Ақмарқа (Aspius aspius) балығының биологиялық көрсеткіштері
: 38
: 3. 1. 4
МАЗМҰНЫ: Ақ амур (Ctenopharingodon idella) балығының биологиялық көрсеткіштері
: 41
: 3. 1. 5.
МАЗМҰНЫ: Ақ дөңмаңдай (Hypophtalmychthys molitrix) балығының биологиялық көрсеткіштері
: 44
: 3. 1. 6
МАЗМҰНЫ: Солтүстік каспий қаракөзі (Rutilus rutilus caspicus) балығының биологиялық көрсеткіштері
: 47
: 3. 1. 7
МАЗМҰНЫ: Күміс мөңке (Carassius auratus auratus) балығының биологиялық көрсеткіштері
: 49
: 3. 2
МАЗМҰНЫ: Тұқылар тұқымдасына жататын кәсіптік сандық және салмақтық көрсеткіштері
: 51
: 3. 3
МАЗМҰНЫ: Тұқылар тұқымдасына жататын кәсіптік балықтардың қорын тиімді пайдалану
: 55
:
МАЗМҰНЫ: ҚОРЫТЫНДЫ
: 58
:
МАЗМҰНЫ: ҰСЫНЫСТАР
: 59
:
МАЗМҰНЫ: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
: 60

Нормативті сілтемелер

ГОСТ 7. 1 - 2003. «Библиографическая запись. Библиографическое описание документа. Общие требования и правила составления».

ГОСТ 7. 32 - 2001. «Отчет о научно - исследовательской работе. Структура и правила оформления»

ГОСТ 1368-91 Рыбы всех видов обработки. Длина и масса.

ГОСТ Р 51497-89 Рыба, ракообразные и каракатица. Размерные категории

ГОСТ 24896-81 Тірі балықтар. Техникалық жағдай.

ГОСТ 50 380-92 Балықтар және балық өнімдері. Терминдері мен анықтауыштар

ГОСТ 7636-85 Балықтар, теңіз сүтқоректілері, теңіз омыртқасыздары және оларды өңдеу өнімдері. Талдау әдістері.

ГОСТ 25706-83 Лупалар немесе үлкейткіш шынылар. Негізгі Типтері мен параметрлері.

ГОСТ 25336-82 Зертханалық шыны жабдықтар мен ыдыстар. Негізгі параметрлер, өлшемдері мен типтері

ГОСТ 24104-2001 Зертханалық жалпы жағдайында және үлгі таразылары. Жалпы техникалық жағдайлар.

ГОСТ 19908-90 Тигельдер, табақшалар, стакандар, колбалар, воронкалар, приборкалар және кварц шыныдан жасалған ұштық. Жалпы техникалық жағдайлар.

ГОСТ 427-75 Өлшегіш металл сызғыштар. Техникалық жағдайлар.

ГОСТ 1625-89 Техникалық формалин. Техникалық жағдайлар.

ГОСТ 6709-72 Дистилденген су.

ГОСТ 17. 1. 1. 01. -77. Суды пайдалану мен қорғау. Негізгі терминдер мен анықтауыштар.


Анықтамалар

Ареал - таралу аймағы;

Жергілікті түрлер - экожүйенің табиғи жағдайына тән түрлер;

Биоценоз - суқойманың бір жерінде орналасқан тірі организмдер жиынтығының өзара байланысы;

Кәсіптік қор - балық шаруашылығы ережесімен бекітілген немесе өлшемдері кәсіптік болып саналатын балықтар қорының (популяция) бөлігі;

Зоопланктон - су қабатындағы омыртқасыз жануарлар;

Макрозообентос - су түбіндегі омыртқасыз жануарлар;

Толысу - балықтар популяциясының өсуі, яғни кіші жастағы топтардың өсу нәтижесінде популяцияның кәсіптік бөлігін құрауы;

Гидробионттар - суда тіршілік ететіндер;

Нектобентос - су түбі топырағының беткі қабатында кездесетін омыртқасыз жануарлар;

Литофильдер - уылдырығын тасқа шашатын балықтар;

Фитофильдер - уылдырығын су өсімдіктеріне шашатын балықтар;

Жерсіндірілген түрлер - экожүйеге арнайы мақсатпен жіберілген түрлер;

Пелагофильдер - уылдырығын су қабатына шашатын балықтар;

Уылдырық шашушы үйір - көбею үшін өрістеген балық қорының (популяция) Биотоп -абиотикалық факторларының параметрі біртекті суқойма бөлімі;

бір бөлігі;

Кәсіптік аулау - белгіленген бір уақыт кезеңінде қолданылатын аулау құралдарының жалпы саны;

Ювенильді - жыныстық жағынан жетілмеген даралар;

Толысу - балықтар популяциясының өсуі, яғни кіші жастағы топтардың өсу нәтижесінде популяцияның кәсіптік бөлігін құрауы.

Қысқартулар мен шартты белгілер

АЖТ- абсолютты жеке тұқымдылық

БЖм -Балтық жүйесі бойынша метр;

РЕЖБАМ -рұқсат етілетін жалпы балықтың ауланатын мөлшері

МШЖ - мөлшері шектеулі жинақталу

МШЖ - мөлшері шектелген жинақталу деңгейі

ҚР - Қазақстан Республикасы

рН - судың активті реакциясы

СЭС - Су Электр Станциясы

ҚХР - Қытай халық республикасы

сағ - сағат

мин - минут

см - сантиметр

мм - миллиметр

м 2 - шаршы метр

м - метр

га - гектар

кг/га - киллограмм гектар

кг - киллограмм

г/м 2 - грамм шаршы метр

мг/м 2 - миллиграмм шаршы метр

мг/дм 3 - миллиграмм дециметр куб

мгО/дм 3 - миллиграмм оттегі дециметр куб

экз. /м 3 - экземпляр метр куб

экз. /м 2 - экземпляр шаршы метр

КІРІСПЕ

Қазіргі таңда елімізде балық өнімдерін тұтыну кеңес өкіметі кезеңдерімен салыстырғанда әлдеқайда төмендеген. Ал балық өнімдерінің адам организміне пайдасы өте жоғары. Қазақстан балық шаруашылығы су қорына бай және мұнда балық өсiру мен балық аулауды қарқынды дамытуға қолайлы жағдайлар бар.

Республика халқының болжанып отырған өсуiн ескере отырып және ғылым ұсынған норманы (бiр адамға 14, 6 кг) басшылыққа ала отырып, халықтың балық және балық өнiмдерiне қажеттiлiгiн қанағаттандыру үшiн балық аулауды, тауарлық балық өсiру мен балық импортын жылына 272, 0 мың тоннаға дейiн жеткiзу қажет. Тұтастай алғанда, консервiленген өнiмдердi қоспағанда, шығарылған балық және балық өнiмдерiнiң экспорты жекелеген ұстанымдар бойынша импорттан асып түседi.

Республикаға балық және балық өнiмдерi 43 шетелдiк мемлекеттерден келiп түседi. Негiзгi балық жеткiзушiлерге Ресей, Норвегия және Қытай жатады. Соңғы бес жылдағы балық және балық өнiмдерiнiң импорты 2005 жылы көлемi бойынша да, құны бойынша да ең жоғары болды және 2001 жылмен салыстырғанда 34, 7 мың тонна және 16, 0 миллион АҚШ долларының орнына сәйкесiнше 41, 9 мың тонна және 23, 3 миллион АҚШ долларына жеттi.

2005 жылы әкелiнген өнiм көлемi негiзiнен мұздатылған, дайын және консервiленген балық болды, яғни әкелiнген өнiмнiң 95 %-ын құрады. Балық саласын құрайтын өндiрушi және өңдеушi әлеуеттi қалпына келтiру және жаңарту, сондай-ақ кәсiпорындардың молықтыру кешенiн жобалық қуаттылыққа шығару мақсатында Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 29 желтоқсандағы N 1344 қаулысымен Қазақстан Республикасының балық шаруашылығын дамытудың 2004 - 2006 жылдарға арналған бағдарламасы бекiтiлдi.

Сол себептен қазіргі таңда республикамыздағы маңызы бар су алабы бассейндеріндегі кәсіптік балықтардың қорын сақтап қалу, тиімді пайдалану жұмыстары жүргізілуде. Солардың бірі еліміздің оңтүстік - шығысында орналасқан Қапшағай суқоймасы. Осы суқоймада соңғы зерттеулер бойынша 33 түр балықтар тіршілік етеді. Олардың 10 түрі кәсіптік маңызы бар балықтар болып есептеледі. Осы кәсіптік балықтардың қазіргі таңда ең көбін яғни 7 түрін тұқылар тұқымдасына жататын балықтар құрайды

Зерттеулердің мақсаты және негізгі міндеттері:

Мақсаты: Қапшағай суқоймасындағы кездесетін тұқы балықтарының өсуін, көбеюін, таралуын, өнімділігін зерттеу және олардың қорын тиімді пайдалану жолдарын қарастыру.

Негізгі міндеттері:

  • Суқойманың гидрологиялық және термикалық режимдерін анықтау;
  • Тұқы балықтарына биологиялық талдау жүргізу;
  • Аулау құралдарына (сүзгі, құрма ау) талдау жасау;
  • Балықтардың жеке түрлерінің қазіргі жағдайын бағалау;
  • Балықтардың үздіксіз өсу жағдайына сипаттама беру;
  • Суқоймадағы тұқы балықтарының қорына талдау жасау;

Зерттеудің өзектілігі: Тұқылар тұқымдасы тұқытәрізділер отрядының ішіндегі кең тараған тұқымдас болып саналады. Қапшағай суқоймасында көптеген түрлері кездеседі. Тұқы балықтары өкілдерінің көпшілігі (сазан, ақмарқа, ақ амур, ақ дөңмаңдай) кәсіптік маңызға ие. 1970 жылы Қапшағай суқоймасы құрылған кездері әрбір балық үшін белгілі бір мөлшерде көлем жобаланған. Осы жоба бойынша суқоймадағы сазан балығын жылына 800 тоннаға дейін аулау керек болатын. Тек 1977-78 жылдары 260 тоннаға жуық ауланса, қазіргі кезде бұл көрсеткіш күрт төмендеп 40-60 тоннадан аспай отыр. Сонымен қатар, ақмарқа балығы 1987 жылы жоғары көрсеткіш 140 тоннаға жетсе, соңғы жылдары 30-35 тоннадан аспай отыр. Осы және тағы басқа да тұқы тектес балықтардың азаю себебі, алдымен антропогенді факторлардың әсерінен болып отыр. Сол сияқты абиотикалық және биотикалық факторлардың да біршама кері әсерін тигізіп отыр. Кейінгі жылдарда Қапшағай су қоймасындағы су көлемінің шығысы мен кірісі 1998-2005 жыл аралығындағыға қарағанда азайған. Осындай жағдайда Қапшағай балықтарының қоректік заттары азаяды, сонымен қатар судың ластануы жоғарылайды. 1980 жылдармен салыстарғанда осы тұқы тектес балықтардың ішіндегі бағалы түрлерінің (сазан, ақ амур, ақ және шұбар дөңмаңдай, ақмарқа т. б) саны біршама азайған. Азаю себебі, бұл балық түрлерінің шабақтары жыртқыш балықтардың жемтігіне айналып бара жатыр.

Бүгінгі таңда еліміздегі осы бір кенжелеп қалған балық шаруашылығы саласын дамыту қолға алынып отыр. Тұқы ( Cyprinidae ) балықтарының суқоймадағы ресурстарын сақтау, олардың қорын үздіксіз өсіру және тиімді пайдалану.

Дипломдық жұмыстың құрылымы және көлемі. Дипломдық жұмыс көлемі компьютермен терілген 64 бет. Онда кіріспе, 4 тарау, қорытынды, ұсыныстар, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшалар бар. Жұмыста 24 кесте, 9 сурет, 1-диаграмма, 7-график және 60 әдебиеттер атауы берілген.

  1. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

1. 1 Қапшағай суқоймасындағы ихтиофаунаның зерттелу тарихы

Қапшағай суқоймасы іргетасы қаланған 1970 жылдан бастап Қазақстанның көптеген ихтиологтарының қызығушылығын арттырды. Зерттеу жұмыстары суқойма ихтиоценозының қалыптасуы үшін барлық бағыттар бойынша жүргізіле бастады. Алғашқы жылдардан бастап-ақ суқойманың қоректік қорын жақсарту және сапалы кәсіптік балықтар (сазан, тыран, көксерке, ақмарқа) құрамын құру мақсатында ұсыныстар жасала бастады [1] .

Біршама тәжірбиелерге сүйеніп көптеген балық түрлерінің популяцияларының болашақтағы жағдайларына сенімді болжамдар жасала бастады [2, 3] . Тыран балығының кәсіптік қорының қалыптасуын тездету үшін ұсыныстар жасалды [4] .

Кәсіптік балықтар қорының бірінші кезеңі зерттеліп жасалды [6] . Осы жылдары жүргізіліп жатырған ихтиологтар зерттеулерінің барлығы бірдей экожүйенің қалыптасуына оң нәтижесін беріп жатпады. Кейбір іле қара балығы секілді балық түрлерінің болашағына сенімді болжамдар жасалмады [2, 5] .

Суқойма суға толтырылғаннан кейін жерсіндірілген бағалы балық түрлерінің қорытындысын және ихтиофаунаның көпжылдық даму динамикасын талдау кезеңі басталды. Талдау қорытындысында су пайдалану жүйесі шарттарына сәйкес суқоймадағы биоқорларды қарқынды пайдалану жөнінде тәжірбиелік ұсыныстар жасалды [7] . Ихтиофаунаның қалыптасуының сенімді үш жолы көрсетілді. Суқойма жағдайларына сәйкес кәсіптік балық түрлерінің нақты саны ұсынылды [8] . Суқоймадағы ихтиофаунаның қалыптасу жүйесінің негізгі кезеңі яғни, онда көрсетілген негізгі кәсіптік балықтардың биологиялық ерекшеліктерінің көпжылдық динамикасына талдау жүргізілді [9, 10] . Осыған қарап ихтиоценоздың қалыптасу жүйесі жалғасып жатқандығын байқаймыз.

Алғаш рет Қазақстанда тыран, ақмарқа және көксерке балықтарына морфофизиологиялық индикатор бойынша кең ауқымды зерттеу жұмыстары жүргізілді [11] . Сонымен қатар өсімдік қоректі балықтардың (ақ амур және ақ дөңмаңдай) қорының қалыптасу жүйесіне деген ихтиологтардың ерекше назары ауды [12, 13] .

Осы мақсатқа орай өсімдік қоректі балықтарды Қапшағай уылдырық шашу-өсіру шаруашылығында қолдан өсіріп, одан кейін бір жылдық шабақтар кезеңінде суқоймаға жібере бастады. Бірақта бұл жұмыстың тәжірбие жүзінде тиімділігі бақыланбады. 1981 жылы жас шабақтарды жіберу жағдайы туралы зерттеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде бір жылдық шабақтардың жеке салмағы аз болғандықтан, шамамен барлық шабақтар жыртқыш яғни көксерке және ақмарқа балықтарының жемтігі болғандығын көрсетті. Сондықтанда суқойманы балықтандыру жүйесінде екі жылдық шабақтарды жіберу ұсыныстары жасалды [14] .

Сонымен қатар ихтиологтар Қапшағай суқоймасының Балқаш бассейнінің барық қорына тигізетін әсерін зерттеді. Бұл зерттеу жұмыстары негізінен ГЭС бөгеті арқылы өтетін жас шабақтар шығынына байланысты жасалды [15, 16] . нәтижесінде нақты шығын көлемі анықталды. Суқоймадан Іле өзенінің төменгі бөлігіне су жіберілген кезде шығын келтіріп, балық қорына теріс әсерін тигізетіні анықталды [8] . Сазан популяциясының тұрақтылық жағдайына және түрлі сапалық көрсеткіштері анықталды [17, 18] .

Қапшағай суқоймасының гидробиоценозының жағдайын бақылаған мәліметтерге сүйене отырып, математикалық модельдер құрыла бастады. Осындай алғашқы жұмыс саны жағынан көбірек балық түрлеріне - тыран, ақмарқа, көксеркеге жасалды. Осы үш балықтың биомассасына планктон биомассасы және тыранның биомассасына бентостың әсерінің өзгерісі анықталды. Ақмарқа популяциясының аздаған тұрақтылығы жайлы қорытынды жасалды. Балық шабақтарының және уылдырықтардың табиғи өлімінің бірінші дәрежелік маңыздылығын зерттеу анықталды [19, 20. 21] .

Суқоймада шабақтардың орналасуын зерттеу жұмыстары көптеген жылдар бойы жүргізілді. Зерттеулер суқойманың экожүйе моделінің негізгі көрсеткіштерін анықтау бағытын жоспарлауға мүмкіндік берді [22, 23] .

Балықтар популяциясында тағы бір үлкен назар аудартқан фенотиптің қалыптасуын анықтайтын зерттеу жұмыстары болды. Алғашқы жылдарда-ақ Қапшағайдың ақмарқа балығы мен Балқаш көлінің ақмарқа балығының арасындағы айырмашылық байқалған яғни суқоймада тек жартылай өткінші формалары кезіккен [24] .

Көксеркенің суқоймаға жерсіндірілуі акклиматизациялық кезеңнің санының көбеюі және осыған байланысты белгілерінің өзгергіштігінің кеңдік диапазоны бойынша классикалық схемада жүрді. Осыған байланысты Қапшағайдағы көксерке көксерке популяциясының фенотипі бойынша формасы Орал өзенінің формасына сәйкес келеді [25] . Қаракөз балығын жерсіндіргеннен кейін де өзгерістер байқалған яғни, ол өзінің солтүстік каспий қаракөзіне емес, белгілері бойынша арал тортасына жақындығы байқалған [5] .

Суқоймадағы тыран популяциясының жастық құрылымының қалыптасуын зерттеу барысында өсу темпі бойынша түр ішілік дифференциациясын болжауға жағдай жасалды [26] .

Тыран ең көп түр, суқойманың барлық жерінде таралған. Кәсіптік статистика бойынша 1973 жылдан, және 1976 жылдан бастап кәсіптік аулауларда кездеседі. Ол 16 0 С жоғары температурада өрістейд, яғни мамыр айының екінші онкүндігінен үшінші онкүндікке сәйкес келеді.

Суқоймадағы мұздың еруімен тыран қыстау орындарынан жағалық аймақтарға шоғырланады. Уылдырық шашу кезеңдерінің басталуы әдетте сәуірдің үшінші онкүндігінде байқалады (сол жақ бөлігінің таяз жерінде) және су температурасы 11-12 о С болғанда мамырдың бірінші онкүндігінде (оң жақ терең жерінде), тыранның негізгі бөлігі жоғары айтылғандай су температурасы 14-16 о С болғанда өрістейді. Тыранның өрістеуі сазан балығына ұқсас ұзақ созылады. Оның уылдырық шашуы бір айдан екі айға ауа райы жағдайларына байланысты және түрлі уақыттық жетілулерге байланысты созылуы мүмкін. Мамырдың соңында тыранның өнім өндірушілерінің екінші өрістеуі болады. Осылайша, тыран өнімін өндірушілерінің негізгі бөлігі мамыр айының екінші онкүндігінен мамырдың үшінші онкүндігіне дейін өрістейді, осы уақытқа дейін өнім өндірушілердің щамамент 60 - 70 % өрістейді, яғни бұл популяцияны қалыпты деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік береді.

Қазақстанда негізінен тыран балығы Каспий және Арал теңізі бассейндерінде абориген түр болып саналады. Жерсіндіру қорытындысы бойынша тыран балығы Балқаш-Іле бассейнінде 1949 ж., Зайсан көлі, Бұқтырма және Өскемен суқоймаларында, Ертіс өзені бассейнінде 1959-1964жж., Талас су алабы бассейнінде 1958ж., Көкшетау облысы көлдерінде 1959-1965жж., Солтүстік Қазақстан 1962-1966 жж., және Ақмола облыстары көлдерінде 1965-1966 жж. қазіргі уақытқа дейін негізгі кәсіптік балық болып келеді. Тыран балығы жаңа ортаға оңай бейімделеді. Тыран балығының уылдырық шашатын жерлері кез келген тұрпаттағы су қоймаларында (өзендер, көлдер, су қоймасы, теңіз шығанағы және т. б. ), біркелкі дамыған су өсімдіктері бар учаскелерде, 3 м дейін тереңдікте орналасқан. Уылдырығын өсіп тұрған және өспей қалған су өсімдіктеріне, торларға, суға түсіп қалған кез келген затқа салады, уылдырық оларға жабысып қалады [26, 28, 29, 30] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұқытәрізділердің сипаттамасы
Балықтардың паразитарлық ауруларын диагностикалық әдістері
Қапшағай суқоймасының ихтиофаунасы
Энеолит
Қапшағай қаласының экологиялық жағдайы
Қазақ халқының қолданбалы өнерінің семантикасы
Ерте тас ғасыры
Қазақстанның Қызыл Кітабына енген балықтар
Энеолит дәуірі, шаруашылығы мен тұрмысы
Жаңа тас дәуірі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz