Гастрономиялық туризмнің арнайы белгілері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 ДҮНИЕ ЖҮЗІНДЕГІ ГАСТРОНОМИЯЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ҚАЗІРГІ ДАМУ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ Гастрономический туризм меж

1. 1 Гастрономиялық туризм түсінігінің мәні мен оның негізгі түрлері

1. 2 Гастрономиялық туризмнің қазіргі кезеңдегі даму жағдайы

1. 3 Гастрономиялық туризмнің Еуропадағы өңірлік дамуы ерекшеліктері

2 ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ

ТУРИЗМНІҢ ДАМЫТУШЫ ФАКТОРЫ

2. 1 Қазақ ұлттық тағамдарын қалыптастырушы факторла

2. 2 Қазақтың гастрономиалық мәдениеті

2. 3 Көп ұлтты Қазақстанның гастроноиялық турлардағы маңызы

3 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ГАСТРОНОМИАЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ

3. 1 Қазіргі мейрамхана кәсіпкерлігін жүргізудің алғы шарттары

3. 2 Қазақстан мейрамханаларының ұлттық тағам мәзірлері

3. 3 Гастрономиялық турлардың мейрамхана мезірі және әдістері

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыс тақырыбының көкейкестілігі: Бүгінгі таңда туризм индустриясының маңызды құрамдас бөлігі қонақтарды тамақтандыру болып табылады. Қаланың көрікті орындарымен танысып болғансоң экскурсанттар ұлттық тағамдардың ерекшеліктерін білгісі келеді. Гастрономия аумақтың маңызды ресурстарының, оның бірегейлігінің көзі болып табылады.

Тамақтандыруды ұйымдастырудың жаңа жолдарын іздеу туристік өнімнің гастраномиялық құрамдас бөлігін зерттеуге, жергілікті жердің туристік беделін қалыптастыратын аумақ брендінің негізгі қағидаларына, аумақ тауары туралы жақсы ой мен тұтынушылар қалыптастыру үрдістеріне негізделеді.

Жергілікті тағамды жаңа туристік өнім қалыптастыратын туристік дестинацияның жаңа қырын ашатын аумақтың туристік ресурсы ретінде қарастыруға болады. Ол дестинацияның өмір сүру мақамының әлеуметтік және экономикалық мәнін түсіну үшін қолданылуы мүмкін. Туризм мен гастрономияның байланысы туристер ағынының артуына, олардың болу ұзақтығының артуына ықпал етіп, туризмнен түсетін кірісті арттырады [1] .

Туризмдегі тамақтандыру елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсер ететін маңызды сала болып табылады. Әртүрлі тағамдарды жасауды қолдаудың және оларды тамақтандырудың әр түрлі нұсқаларына ұсыну аумақтың өңірлік бірегейлігін анықтап, оның туристік тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді. Туризм мейманхана бизнесімен тығыз байланысты болғандықтан, жергілікті өнім өндірушілерді қолдап, тамақтандырудың жоғары сапалы және экологиялық қауіпсіз болу жағдайын ұсынады. Жергілікті тағам туристерде жергілікті жерді, үйді, колайлылық пен қауіпсіздікті сезінуге мүмкіндік береді.

Қазіргі кезеңде гастрономиялық туризім дүние жүзінде жоғары танымалдылыққа ие болуда. Сондықтан адамдар қандайда бір елдің тағамдарымен танысу үшін арнайы гастрономиялық турларды сатып алады.

Аталған тақырыптың мазмұнын ашу отандық және шет елдік ғылыми әдебиеттердегі дерек көздерінен жиналған мағлұматтарға, сонымен қатар, туризмнің осы саласы бойынша жұмыс істейтін туристік фирмалар қызметіне мұқият талдау жасау, тамақты талғап ішетіндерге арналған турларды оқып-үйрену арқылы жүзеге асырылды.

Сондықтан тақырып гастрономиялық туризмнің турларын ұйымдастыру ерекшеліктері мен маңызды орталықтарын ашып көрсетуімен өзекті.

Зерттеудің нысаны: ретінде гастрономиялық туризмді ұйымдастыру ерекшеліктері алынды.

Зерттеудің пәні: ретінде гастраномиялық туризмнің Қазақстанда даму үрдісі алынды.

Диплом жұмысының мақсаты: гастрономиялық туризмнің негізгі ерекшеліктерін, оны ұйымдастыруға қойылатын негізгі талаптарды анықтап, Қазақстандағы әр ұлттың тағамдарының нарықтағы сұранысын анықтау.

Зерттеу міндеттері :

- гастрономиялық туризмнің негізгі түсініктерінің мәнін ашып, турларды құру ерекшеліктерін анықтау;

- дүниежүзі мен Қазақстандағы гастрономиялық туризмнің қазіргі даму

жағдайына талдау жасау;

- Еуропа елдеріндегі гастрономиялық туризмнің даму ерекшеліктерін, негізгі бағыттарын ашып көрсету;

- гастрономиялық туризмнің Қазақстандағы даму болашағын айқындау.

Зерттеу әдісі : Қазақстандағы гастрономиялық туризмді дамытудағы әр ұлттың тағамдарының ерекшеліктерін талқылау.

Зерттеу әдістемесі: Дипломдық жұмысты қорғауға дайындау барысында төмендегідей әдіс-тәсілдер жиынтығы қолданылды, атап айтар болсақ: мәліметтер жинап(әдебиет көздері, ғылыми мақалалар, күнделікті баспасөз беттерінде жарық көріп отыратын материалдар, энциклопедиялық баспалар), қолға түскен ақпараттарды сараптау және талдау жүргізілді.

Жұмыстың теориялық маңыздылығы: гастрономиялық туризмнің теориялық астарын зерттеген С. Р. Ердәулетовтың, Ю. В. Воскресенскийдің, М. А. Жукованың, А. Д. Здоровтың, А. Д. Каурова мен басқа ғалымдардың еңбектері басшылыққа алынды. Туризмді экономиканың бір саласы ретіндегі қарастыратын дәстүрлі түсінікпен қатар, гастрономиялық феномен ретінде Н. К. Бакланованың, Г. П. Долженконың, А. С. Каргиннің, Т. Г. Киселёваның, Ю. Д. Красильниковтың Н. В. Кротованың, Е. Г. Моисееваның, В. А. Разумныйдың, В. И. Черниченко және т. б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған.

Жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы: Диплом жұмысын жазу барысында жинақталған мәліметтерді қосымша білім көзі ретінде оқу үрдісінде туризм мамандығының студенттері, туристік фирма өкілдері қолдануы мүмкін.

Диплом жұмысының ақпараттық базасы ретінде Қазақстан Республикасының инновация және жаңа технологиялар министрлігінің туризм индустриясы комитетінің, Ұлттық статистика агенттігі мен Алматы қалалық статистика және, туризмді басқармаларының мәліметтерін сонымен қатар, www. gastrotur. ru, www. luxemag. ru/travel/7515, kazan. tour52. ru/ Vidy -otdyha/ events / gastronomicheskiy_ turizm сайдтарының мәліметтері қолданылды.

Жұмыстың ғылыми құрылымы мен көлемі: дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қортындыдан, әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.

Бірінші тарауда, Дүние жүзіндегі гастрономиялық туризмнің қазіргі дамуы жағдайын талдауын түсінігі және негізгі түрлерін, туризмнің қазіргі кезеңдегі даму жағдайын және де гастрономиялық туризмнің Еуропадағы өңірлік даму ерекшеліктерін қарастырдық.

Екінші тарауда, Қазақтың ұлттық тағамдары халықаралық туризмнің дамытушы фокторларына, қазақ ұлттық тағамдарын қалыптастырушы факторларын, қазақтың гастрономиялық мәдениетін және де көп ұлтты Қазақстанның гастрономиялық турлардағы маңызына тоқталдық.

Үшінші тарауда, Қазақстанда гастрономиялық туризмнің дамуы тенденцияларын талдап, қазіргі мейрамхана кәсіпкерлігін жүргізудің алғы шарттарын, Қазақстан мейрамханаларының ұлттық тағам мәзірлерін және де Мейрамхана мезірі және оның әдістерін қамтыдық.

1 ДҮНИЕ ЖҮЗІНДЕГІ ГАСТРОНОМИЯЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ҚАЗІРГІ ДАМУ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ Гастрономический туризм международный

1. 1 Гастрономиялық туризм түсінігінің мәні мен оның негізгі түрлері

Гастрономиялық турлардың негізгі мақсаты туристерді қандайда бір ел тағамдарының ерекшеліктерімен таныстыруды, сол елдің қандайда бір сирек кездесетін экзотикалық немесе алуан түрлі тағамдарынан дәм тату. Жергілікті тұрғындардың ғасырлар бойы қалыптасқан дайындау тәжірибесі мен мәдениетін көріп, оларды дайындау жолдарын көрудің маңызы зор.

Гастрономиялық саяхат-туристің қандайда бір ел туралы қалыптасқан түсінігін ойша салатын бояу. Тағам халықтың күш қуатыныың құпыясын түсініп, ментолитетін ашуға мүмкіндік береді.

Гастрономиялық саяхат-бұл жергілікті тағамдардың ерекшелігімен, оларды дайындау дәстүрлерімен танысуды, сырттан келген адамдар үшін бірегей саналатын тағамдарды немесе азық-түліктің дәмін татуды көздейтін елдер мен құрылықтарға саяхат.

Бірақ гастрономиялық турқызмет көрсету ретінде дүние жүзінің басқа жақтарында мүлдем дайындалмайтын, балгілі бір жердегі дәстүрлі тағамдар мен оның жекелеген құрамдас бөліктерінің дәмін татуды көздейтін жақсы ойластырылған шаралар кешені болып табылады.

Гастрономиялық туризмнің арнайы белгілері:

1. тағамдық туризмді дамытуға барлық елдерде жағдайдың болуы туризмнің бұл саласының бірегей белгілерінің бірі болып табылады.

2. гастрономиялыққ туризмнің маусымдық демалу сипаты болмайтындықтан жылдың кез-келген маусымында сәйкес келетін турды іріктеп алуға болады.

3. тағамдық туризм қандайда бір дәрежеде барлық турлардың құрамдас бөлігі болып табылады. Бірақ туризмнің басқа түрлерінен ажырататын белгілері ұлттық тағам гастрономиялық саяхаттың басты уәжі мен мақсаты саналуы.

4. жергілікті шаруашылық пен азық-түлік өнімдерін өндіретін өндірушілер кез-келген гастрономиялық турдың құрамдас бөлігі болып саналады.

Гастрономиялық туризмнің төменде көрсетілген бірнеше бағыты бар:

1) Ауылдық жерлерге ұйымдастырылатын тур.

2) Майманханалық тур.

3) Білім беру туры.

4) Экологиялық тур.

5) Оқиғалық тур.

6) Құрамдасқан тур [2] .

1. Ауылдық жерлерге ұйымдастырылатын тур -бұл белгілі бір өңірде өндірілген азық-түлік пен тағамның дәмін тату мақсатында туристің уақытша ауылдық жерге баруын көздейтін турлардың топтамалары. Атап айтсақ, «жасыл» гастрономиялық турларда орманда өсетін жабайы жидектерді, щаруа қожалықтарындағы көкөністер мен жемістерді, трюфель теруді немесе шарап жасайтын соқпақтармен серуендеу ұсынылады. Міндетті жағдайларға туристерді ауылдық елді мекендегі немесе көп қабатты үйлері жоқ шағын қалалардағы жеке үйлерге немесе арнайы нысандарда орналастыру жатады.

Мұндай турлар тағамдарымен қатар, тамақтар мен азық-түлік арқылы ауыл тұрғындарының өмірімен, тыныс-тіршілігімен, салт-дәстүрлерімен, тәртіптерімен танысуға, сөздері түсініксіз басқа тілде сөйлейтін адамдармен араласуға, мәдениетін танып-білуге мүмкіндік беруімен қызықты.

2. Майманханалық тур -саяхат белгілі бір елдің қызмет көрсету сапасының жоғарылығымен, эксклюзивті тағамдарымен, сонымен қатар, ұлттық бағыттағы біршама танымал мейрамханаларына баруды қамтиды. «Мейрамханалы» қалалардың ішінде бірінші орында сән мен тағамдардың астанасы Париж тұр.

3. Білім беру туры -бұл тағам дайындаған маманданған арнайы білім беру мекемелеріне, сонымен қатар, шеберлік сыныптары мен курстардан өту мақсатында ұйымдастырылатын тур. Мысалы, өзінің «Four Seasons Hotel George V» қонақ үйі бар француздың танымал «Le Cordon Bleu» тағам мектебі Парижде «Француз тағамының ашылуы» деп аталатын 5 күндік тағамдық курсын өткізуді ұсынады.

4. Экологиялық тур -экологиялық шаруашылықтарға баруды және экологиялық таза органикалық өнімдерді өндіру тәсілдерімен танысуды көздейді. Экологиялық бағыттағы гастрономиялық турлар Францияда, Германияда, Англияда, Швейцария мен АҚШ жақсы дамығандықтан туристердің басым бөлігі осы елдерге барады.

5. Оқиғалық тур - бұл гастрономиялық тақырыптағы көрмелерге, жәрмеңкелерге, шоуларға, мерекелерге қатысуға бағытталған тур. Мысалы, Францияның Кавайон қаласында шілдеде өткізілетін «Cavaillon» күндері, Испанияның Буньоле қаласында тамызда өткізілетін «Tomatina» мерекесі.

6. Құрамдасқан тур - бұл мазмұны бірнеше бағытты қамтитын сапарлар. Құрамдасқан турлар қандайда бір елдің тағамдарымен таныс, гастрономиялық турлардың жеке түрлері бойынша өтіліп, хабары мол ақпараттыры бар туристерге жарамды. Мысалы, Францияға ұйымдастырылатын біріккен турдің екі күнінде туристер Париждегі мейрамханаларына барып, тағы екі күн тағам дайындау мектебінде тәжірибелі аспаздардан дәрістер алады, ал содан соң Францияның ішкі аймақтарындағы Прованседе шөптерді өсірумен немесе Нормандияда сидра өндіру технологоиясымен танысады [3] .

Бұдан басқа әр түрлі жерлерде бір ғана тағамды дайындаумен танысуды ұсынатын гастрономиялық турлар бар. Олардың ішінде жүзімдікті аралауды, жүзім жинауды, өндірілген шараптан дәм татуды ұсынатын франция мен болгарияның шарап гастрономиялық турларын атап өтуге болады.

Соңғы жылдары шарап-гастрономиялық турлар танымал болып сәнге айналуда. Мұндай көңіл көтеру турлары немістер, ағылшындар, америкалықтар мен жапондар арасында кең тараған.

Гастрономиялық туризм экологияның мәдениет пен өндірістің синтезі болып табылады. Дәмді тағам өндіру технологиясымен таныстыру арқылы туристерді тарту мақсатында гастрономиялық туризм алғаш рет Италияда дами бастады. Қазіргі кезеңде гастрономиялық турлар өзінің бірегей тағамдарымен аттары шыққан Францияда, Таиландта, Қытайда, Жапония мен Испанияда қарқынды дамуда.

Шараптық-гастрономиялық турлардың жекелеген бағыттары ретінде балқытылған ірімшікті жасау технологияларының өлшемдерін алуға, француз және армян коньяктарының айырмашырын анықтауға, шараптардың ең жақсы сұрыптарына дәм татуды және тұздық ретінде әр түрлі тағамдарды жеуді ұсынатын франция ең тартымды ел саналады. Шарап туризмі дұрыс ішуді ғана емес, сәйкес келетін тұздықтарды ұтымды пайдалануды да үйретеді және оның халықаралық деңгейдегі ережелерін ұсынады.

Жергілікті жердің экономикасын көтеруге ықпал ететін жеке өңірлерінде, қандайда бір ауылдарда немесе тауларда орналасқан көптеген гастрономиялық мекемелер елдің туристік бағыттарын кеңейтуге мүмкіндік береді. Көптеген туристер табиғаттың көркін тамашалау үшін ғана емес, жақсы мейрамханаларға бару үшін келеді. Сондықтан туристерді тарту үшін көптеген өңірлерде заман талабына жауап беретін қонақ үйлер мен мейрамханалар салынған [4] .

Гастрономдық турлар ауылдық немесе «жасыл» және қалалық болып екіге бөлінеді. Олардың бір-бірінен басты айырмашылығы ауылға баруға ұмтылған турист ешқандай қосылыссыз экологиялық таза азық-түлік өнімдерін тұтынуға тырысады. Мысалы, «жасыл» турлар орманда өсетін жабайы жидектерді теруді, щаруа қожалықтарындағы көкөністер мен жемістерді, трюфель теруді немесе шарап жасайтын соқпақтармен серуендеу ұсынылады.

Қалалық гастрономиялық турлар дайын бірегей тағам әзірлеуге қажетті дайын өнімдер өндіретін кондитер фабрикаларына немесе шағын шұжық цехтерына, мейрамханаға баруды ұсынуы мүмкін.

Бұдан басқа әр түрлі жерлерде бір ғана тағамды дайындаумен танысуды ұсынатын гастрономиялық турлар бар. Олардың ішінде жүзімдікті аралауды, жүзім жинауды, өндірілген шараптан дәм татуды ұсынатын франция мен болгарияның шарап гастрономиялық турларын атап өтуге болады.

Ірімшік жәрмеңкелеріне қатысуға, оның жақсы сұрыптарынан дәм татуға мүмкіндік беретін Голландияға, Швейцарияға, Италияға ұйымдастырылатын ірімшік турлары да бар.

Сыра ішімдігін ішуді ұнататындар үшін сыра қайнату технологияларымен танысуға, атақты барлар мен мерекелерге қатысуды көздейтін Германияға, Аустрияға, Чехияға, Бельгияға ұйымдастырылатын сыра турларына қазіргі кезде сұраныс өте үлкен.

Әр елдің өзіне тән қайталанбас ұлттық тағамдары мен қонақжайлылықтары болғандықтан кез-келген елде гастрономиялық турларды ұйымдастыруға мүмкіндік беретін әлеует бар екенін атап өтуге болады.

1. 2 Гастрономиялық туризмнің қазіргі кезеңдегі даму жағдайы

Соңғы жылдары танымалдығының артуына байланысты гастрономиялық турлар сәнге айналуда. Көңіл көтерудің бұл түрімен немістер, ағылшындар, америкалықтар мен жапондықтар айналысуда. Гастрономиялық туризм экологияның мәдениет пен өндірістің синтезі болып табылады. Қазіргі кезеңде шарап-гастрономиялық турлардың алуан түрлі торлары қалыптасқан Францияда, Испания мен Жапонияда қарқынды дамуда.

Қазақстанда мұндай турлар енді ғана қалыптасып келе жатқандықтан ондай турлар әлі жоқ. Бірақ шұбат пен қымыздың, құрттың дайындалу технологиясымен таныстырып, ем ретінде ішуді, «Қымыз мұрындық» мейрамын өткізуді көздейтін арнайы қымыз бен шұбат турларын Қызылорда, Алматы, Көкшетау, Шығыс Қазақстан және басқа облыстарда ұйымдастыруға болады.

Мұқият ойластарылған арнайы туристік бағыттары болмағандықтан Қазақстанда тағамдық туризм сирек құбылыс, ондай шетелдік турларды сатып алушылар өте аз. Бірақ біздің елімізде туристік бизнестік бұл бағытының болашағының мол екенін түсінетіндер саны күннен күнге артуда. Болашақта Қазақстанда «жасыл» гастрономдық турлар дамиды [5] .

Гастрономдық турларды сатып алушылар алдын-ала сапар тұжырымдамасымен танысуы тиіс. Сан ғасырлар бойы тағам әзірлеу дәстүрімен аттары шыққан елдерге барып олардың жеуге болатын тағамдарымен, басқа да азық-түлік өнімдерімен, көрікті орындарымен танысу үшін баруға болады. Сонымен қатар, дүние жүзінің әр түрлі елдерінде өткізілетін тартымды гастрономдық мерекелер мен көрмелерге қатысуға болады. Мысалы, қыркүйекте-Ирландияда өтетін устрица, қазанда Мюнхенде Октоберфеста фестивальдеріне, шілдеде Сан-Ферминде Испанияның ұлттық тағамы мен Италиядағы Бонтон қаласында ұйымдастырылатын тунец балығының дәстүрлі мерекелеріне, қарашада Франциядағы Божоле Нуводағы жас шарап немесе Сан-Миниатода өткізілетін ақ трюфельдер фестивальдарына қатысуға болады. Дүние жүзіндегі гастрономиялық туризмнің негізгі даму бағыттары 1-суретте ұсынылған [1-сурет] .

1 сурет - Дүние жүзіндегі гастрономиялық туризмнің даму бағыттары

1-суреттегі мәліметтерге жасалған талдауларға сәйкес гастрономиялық туризмнен бірінші орында Оңтүстік-Шығыс Азия тұр. Аталған аймақтағы гастрономиялық туризмді төменде көрсетілген бес бағытқа бөлуге болады:

Таиланд - туристік қызығушылықтың артуына орай танымалдығы артып келе жатқан азия тағамының айқын өкілі. Тай тағамдарының негізін күріш, кеспе, теңіз өнімдері мен тропиктік жемістер құрайды. Кез-келген тайландтықтардың ашты тағамдарға құмар екенін, оның басқа елден келген саяхатшылар үшін жеуге жарамсыз болуы мүмкін екенін ұмытпау керек.

Географиясы, климаты, мәдениеті мен өнері сияқты Үнді тағамдарыда алуан түрлі. Өмір сүру салтының, тамақты реттейтін өз ережесінің болуына, қарамастан бірнеше мың жыл өмір сүруіне қарамастан мұсылман мен индуизм діні елдің тағамдарына әсер етті.

Күріштен дайындалатын майлы палау, бирияни, бадам үгінділері қосылған нан, құрғақ жемістер мен тәтті өрік мыңдаған жылдар бойы сақталып бүгінгі таңға дейін жетті. Үндістердің солтүстік аудандарынан Орта Азия мен Қазақстанға нан, ет пісіретін тандыр тарады. Діни заңдары мен ежелгі салт-дәстүрлері Үнді тағамдарында сиырдың етін пайдалануға тиім салынады. Оны мұсылмандарда ақтайды.

Гоа ауданында тұратын гоалықтар жыл бойы тамақтарына шошқа еті мен күрішті пайдаланады. Елдің оңтүстігінде тұратын көптеген үндістандықтар ет жемейтін вегетериандықтар. Олардың тамақтарының негізін тәтті бұрыш, құрма, жасымық және суға пісірілген күріш құрайды. Ең танымал үндістан тағамдары карри. Үнді тағамында карри негізінен көкөністерден дайындалады және олар аса ащы болуымен ерекшеленеді. Карри үндістер үшін дәмдеуіш ғана емес, қою жаңадан ұсатылған құрамдасқан дәмдеуіштерден тұратын, бір-біріне ұқсамайтын тұтас тағам тобы болып саналады.

Қытай тағамдары. Қытай тағамдар дайындалатын ас мәзірлерінің есебінен қамтамасыз етілетін салауатты тамақтану қағидасын ұстанады. Олар шебер дайындалатын ұсақтап туралған бірнеше негізгі құрамдас бөліктерден тұрады. 30-40 құрамдас бөліктерден тұратын нұсқалары мыңға тарта тағамдарды дайындауға ас мүмкіндік береді. Аумағының ірілігі мен ұлттық құрамына орналасқан табиғат зоналарына байланысты Қытай тағамдарын бірнеше топқа бөледі.

Жапон тағамдары . Жапон тағамдары дүние жүзінің кез-келген елдерінің тағамдарынан айырмашылығы бар. Азия елдерінің тұрғындары үшін ол Еуропалықтар үшін Француз тағамдары сияқты. Оның құпиясы мұқият ойластырып таңдалған азық-түлік түрлерінде, көрікті безендіріп ұсынуында. Жер мен судың ең жақсы сыйларының маңызды бөлігі ғана дастарханға тартылады. Аспаздың басты міндеті олардың бастапқы қасиеттерін сақтау.

Жапон тағамдарында бір бірегей ерекшелік бар. Ол тағамдарды көркінің пішіне мен түсінің міндетті түрде жыл мезгілдерінің сипаттарымен үйлесуі. Олардың пікірі бойынша әр жыл мезгілі сыйлайтын өзінің ерекше асы болады. Жапонияда жыл мезгілдеріне сәйкес дайындалуына қарағанда азық түліктің жаңадан жиналғаны жақсы бағаланады. Жапон тағамдарын дайындағада негізгі азық-түлік ретінде көкөністер, күріш өсімдік текті азықтар, балық көптеген теңіз өнімдері, сонымен қатар, сиыр, қой және шошқа еттері қолданылады. Жапонның шет ел қонақтарына тартылған «сукияки», «суси» сынды тағамдары бүкіл дүние жүзіне танымал болып өз бағасын алды [5] .

Еуропа елдерінің ішінде тағамдар бойынша Италия бір бірінші орын алады. Дүние жүзіне кең тараған италиян тағамдарының көптеген халықтардың сүйікті тағамына айналып танымал болды. Италия - пицца, паста және ризотто сияқты кең тараған тағамдарының отаны. Еуропаның басқа елдердің ішінен тағамдары танымалдарға Францияны, Швейцарияны, Испанияны және т. б. жатқызуға болады.

Қазақстанда қазірге гастрономиялық немесе шарап турлары дамымаған. Шарап-гастрономиялық туримнің элементтері Астана, Алматы, Шымкент қалаларындағы экскурсиялық бағыттарға белсенді түрде енгізілуде.

Жоғарыда аталған қалаларда «қымызханалардан», қазақтың ұлттық тағамдарынан түскі ас ішуді ұсынуда. Түрген, Есік, Шымкент қалаларындағы шарап зауттарында туристерді шарап өндіру технологиясымен таныстырып, оның дәмін татуды ұсынады. «Туризм және гастрономия» инновациялық трендінің аясында «Қымыз мұрындық», «Шұбат дайындау», «Қазақстандағы омарта және бал өнімдері» жобалары Өскемен, Алматы, Қызылорда, Көкшетау және басқа қалаларда мереке ретінде туристерге ұсынылуда. Сарапшылар Қазақстан Республикасы гастрономиялық туризмге қажетті орасан зор ресурстық әлеуетке ие болып отырғанын, сонымен қатар, тағам дайындау дәстүрі бай екенін айтады [6] .

Қорыта айтқанда гастрономиялық туризм-бұл жергілікті тағамдармен, оны дайындау ерекшеліктерімен танысу, аспаздық өнермен, басқа елден келген адамдар үшін бірегей болып табылатын тағамдармен танысу мақсатын көздейтін елдер мен құрлықтарға жасалатын саяхат. Диплом жұмысын жазу барысында жинақталған мәліметтерге жасалған талдаулар гастрономиялық туризмді дамытуға қажетті ресурстық әлеует пен қайталанбайтын ас мәзірлері мен қонақжайлылық кез-келген елде бар екенін көрсетті.

Туристік кәсіпорындар әр қашан және қазірде жаңа технологияларды енгізудің белсене қатысушысы болып табылады. Телекоммуникация мен электронды маркетингтің жаңа жетістіктері туристік бизнеске жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізуді қамтамасыз етеді және оның үлгісіне белгілі дәрежете әсер етеді.

1. 3 Гастрономиялық туризмнің Еуропадағы өңірлік дамуы ерекшеліктері

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Гастрономиялық туризм түсінігі
Гастрономиялық туризмнің ерекшелігі
Экологиялық туризм географиясы.Ауылдық туризм географиясы
Инновация және туризм
Мейрамхана бизнесі нарығында қазақ тағамдарын ілгерлету ерекщеліктері
Баламалы туризмнің бір түріне туристік маршрут құрастыру
Алматы қаласындағы экскурсиялық - танымдық туризм
Қазақстанда фантуризмдi дамыту жолдары
Қазақстанның ауыл туризмін дамытуға мүмкіндіктері
Қазақстанда баламалы туризмді дамыту әлеуеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz