Жарыс кезіндегі боксшының психологиялық дайындығын шыңдау


КІРІСПЕ
1 БОКСШЫЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ЖІГЕРЛІК ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Боксшының психологиясын және жігерлік күштерін дамыту
1. 2 Әртүрлі қабілеттерге дайындық кезіндегі тапсырмаларды орындаудағы боксшының ерекшеліктері
1. 3 Боксшылардың психологиялық, жігерлік дайындықтарын жетілдіру және дамыту әдістері
2 БОКСШЫЛАРДЫҢ ЖІГЕРЛІК ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЛЫҚ ДАЙЫНДЫҒЫН ДАМЫТУ НЕГІЗДЕРІН ЗЕРТТЕУ ЖОЛДАРЫ
2. 1 Зерттеу жұмыстарының ұйымдастырылуы мен таңдаманың сипаттамасы
2. 2 Зерттеу әдістемелерінің сипаттамасы
2. 3 Зерттеу нәтижелерін талдау
3 БОКСШЫЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ЖІГЕРЛІК ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА АРНАЛҒАН ҰСЫНЫСТАР
3. 1 Боксшының жігерлік қабілетінің тұрақтылығын қалыптастырудағы түрлі жаттығулар
3. 2 Жарыс кезіндегі боксшының психологиялық дайындығын шыңдау
3. 3 Жігерлік және психологялық қабілеттер деңгейінің кезеңдерін талдау
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР1. Аталмыш дипломдық жұмыс жазылуы барысында бірқатар мемлекеттік құжаттар негізге алынды.
2. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 27 шілде 2007 жылғы №319-ІІІ 3ҚР заңы.
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі. Жоғарғы оқу орындарындағы дипломдық жұмыстың орындалу ережелері. Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігімен бекітілген 23 қаңтар 2008 жылғы №26 негізгі ережелері.
4. Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің 18 наурыз 2008 жылғы №125 бұйрығымен бекітілген білім алушылардың оқу үлгерімін, аралық және қорытынды аттестациялауын жүргізу ережелері. Жоғары оқу орындарында диплом жұмыстарын орындау ережесі. Негізгі ережелер. 2009. 09. 01.
5. 2011 - 2015 жылдардағы Қазақстанның республикасының Мәдениеттi денешынықтыру және спортты дамытудың салалық бағдарламасы. - Астана, 2011
БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАРЖДД - жалпы дене дайындығы
АДД- арнайы дене дайындығы
БДТ-Бастапқы дайындықтың тобы
ОЖТ- оқу - жаттығу тобы
СЖТ- спорттық жетiлдiру топ
ЖСЖТ -Жоғарғы спорттық жетiлдiрудi тобы
ҚР - Қазақстан республикасы
ОЖЖ- оқу-жаттығу жиын
БЖСМ-бала-жасөспірім спорт мектебі
ОРСБЖМ- Олимпиадалық резервтегі спорттық бала-жасөспірім
мектебi
СШҮ- Спортт шеберiне үміткер
ҚРСШ- Қазақстан Республикасының спорт шебері
ЖСЖ-Жүрек соғысының жиiлiгі
с - секунд
м - метр
см - сантиметр
АНЫҚТАМАЛАРДене жаттығулары - дене шынықтыру заңдылықтарына сай қолданылатын қимыл-әрекет.
Тыныс алу жиілігі - бір минут ішіндегі дем алып, шығару саны.
Өкпенің тіршілік сыйымдылығы - терең дем алып, дем шығарған кезде өкпе арқылы өтетін ауаның көлемі.
Күш - адамның сыртқы кедергілерді жеңе алу қабілеті немесе оған бұлшық ет ширығуы есебінен қарсы тура алу қабілеті.
Шапшаңдылық - адамның берілген жағдайдың қысқа уақыт аралығында қимыл әрекеттерін орындай алуына мүмкіндік беретін қабілеттерінің жиынтығы.
Ептілік - адамның қимыл-әрекеттерін тиімді меңгеруге және оны уақытылы өзгермелі жағдай талаптарына сай қайта құра алуына мүмкіндік беретін бағдарлы қабілеттері мен морфофункционалды қасиеттерінің жиынтығы.
Төзімділік - адамның ұзақ уақыт бойы біркелкі қарқынды жұмысты тірек-қимыл аппараттарының басым бөлігінің қатысуымен орындай алу қабілеті.
Иілгіштік - қимыл-қозғалысты үлкен теңселумен орындауға мүмкіндік беретін адамның морфофункционалды қасиеттерінің жиынтығы.
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Бокспен шұғылданатын адамдардың да денсаулығы, мінез - қылықтары және қасиеттері де жоғары дәрежеде болады. Спортшының психологиялық дайындығы және өзінің жігерлік күшінің кез келген іс - әрекетінің ұзақ мерізімде жүзеге асыра алу қабілеті. Спортшының психологиялық дайындығы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым оның шеберлігі өте жоғары болып, жақсы нәтижелерге де қол жеткізе алады. Боксшының психологисы оған қажетті қасиеттердің негізгілерінің бірі деуге болады. Ол боксшыға әртүрлi сайыс жағдайында қажеттi мақсаттарды жарыс ережесiнiң көлемiнде шешуге мүмкiндiк бередi. Яғни, боксшының психологиясы жоғары болуы, басқа тұстарынан зерттей отырып барынша келешектегі жас боксшыларға қажетті жас боксшылардың психологиялық дайындық қасиеттерін одан әрі шыңдап, қажетті жағдайда қолдана білуді көрсету. Бокс - спорттың күрделi үйлестiрiлген түрлерiнiң бiрi. Ол спортшыдан әр түрлi қимыл iскерлiгiн, дағдысын және дене қасиетiн талап етедi. Жалпы дене дайындығы, боксшы бойында моральдық және еркіндік, сонымен еркіндік қасиеттерін дамытуға көп әсерін тигізеді, себебі көптеген жаттығулар әр түрлі қиындықтарға төтеп беруді қажет етеді, әрі психологиялық тұрақтылық пен спорттық бейнені ұзақ сақтап қалу мүмкіндігін қалыптастырады.
Зерттеу жұмысының мақсаты . Уақыт өткен сайын болашақта бокс саласына қызығушылардың сұраныстары күннен күнге арта түсуде. Оны қанағаттандыруда ғылыми теориялық ізденістердің тигізер септігі үлкен. Қазақстан өркендеп келе жатқан мемлекеттер арасында алар орны көрнекті десекте болады. Әсіресе бокс саласының алар орны ерекше. Оның себебі елімізде үлкен әлемдік жарыстардан жеңімпаз болған боксшыларымыздың төзімді еңбектерінің жемісі. Зерттеу жұмысында елімізде бокс саласының әрі қарай дамып-жетілуіне қажетті жағдайларды орындап, оның ішінде боксшының негізгі қасиеттерінің бірі болып келетін жас боксшылардың психологиялық дайындықтарның іс жүзінде қолданылуын, зерттелуін көздеп отыр.
Зерттеу жұмысының нысаны. Боксшының психологиясын одан әрі шыңдау; жігерлік күшін дамыту, қажетті уақытында қолдана алуды дамыту; психологиялық қаситтерімен қосымша қолданылатын тәсілдерін үйрену; өз бойында қажет емес қасиеттермен, өзін моральды түрде, психологиялық және физиологиялық жағынан шыңдап дайындау ;
Зерттеудің міндеттері. Жалпы боксшылардың психологиясының дайындық жолдарын қарастыру, жігерлік дайындық іс-әрекеттің психологиялық мазмұнын ашып көрсету; жас боксшылардың психологиялық дайындығын ашу және талдау жасау;
Зерттеу пәні - бокс саласындағы оқу-жаттығу жұмыстарының мазмұнын көрсетіп, талдау жасау.
Зерттеудің болжамы. Боксшының психологиялық даярлығын, жігерлік соған байланысты зерттеу жолдарын, қажетті барлық әдістерді арттыратын болсақ, олардың бокс саласындағы жетістіктері жоғарлап, өзіне деген сенімділігі күшейіп, үлкен жетістіктерге қол жеткізуі әбден мүмкін
Зерттеу жұмысының әдістері. Зерттеуге қойылған мақсаттарды мен міндеттерін шешіп, болжамдарға көз жеткізіп, толықтырушы және бірін-бірі тексеруші әдістерін қолдана отырып, психологилық қасиеттерін, бақылау әдістері жіне тәжірибелік - эксперимент жұмысының мәліметтері арқылы сараптап, қорытындылау қолданылды.
Зерттеудің практикалық құндылығы. Зерттеуден алынған барлық нәтижелерін боксшы даярлауда қолдануға болады. Жалпы бокс саласында психологиялық даярлықты нығайту, жігерлік дайындығының жағдайлардың жан-жақты жүзеге асырылуы мен кедергілердің алдын алу керек. Жас боксшыларды даяарлауда психологиялық тұрғыдан жүзеге асырылатын жұмыстар, тәжірибесінде қолданылуда психологияны зерттеу жолданының мәні мен мазмұнын ашады.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы . Дипломдық жұмысымыздың мақсатына сәйкес зерттеу нәтижесінде әртүрлі ғылыми әдебиет көздерінен алынған мағлұматтар бойынша жалпы, әлемдік психологияда, жеке алғанда кеңестік және отандық психологияда жазылған психологтар мен педагогтардың, сарапшылардың, әдіскерлердің ғылыми еңбектеріне, философиялық қағидаларға, еңбектері мен теорияларына шолу жасалынып талданды.
Зерттеу базасы. Спорт мектеп интернаты және орта білім беретін мектеп.
Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі: Дипломдық жұмыс кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан, тәжірибелік ұсыныстардан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Дипломдық жұмысымыздағы зерттеу нәтижелері туралы мәліметтер көрнекті түрде бейнеленген.
1 БОКСШЫЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ЖІГЕРЛІК ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Боксшының психологиясын және жігерлік күштерін дамыту
Спорт психологиясы спорт жұмысының ерекшеліктерін зерттейді. Спорт жұмысының барлық психологиялық күрделілігін түсінбей тұрып, оның сан түрлі шартты байланыстарын білмей, ғылыми және педагогикалық талапқа сай, жаттығудың тиімді әдістемесін құру мүмкін емес. Жаттығу мен жарыс кезіндегі үлкен қобалжулар шешуші фактор болып, ол спортшыға моральдық қасиетті тәрбиелеуге, тактикалық және техникалық жағынан дене мүмкіндіктері көрсеткішін көрсетуге әсер етеді.
Боксшыны психологиялық дайындау жаттығу мен жарыс кезінде өзіндік маңызы бар, үнемі шабуыл кезіндегі күшті соққылаудың болуы, турнир күрделілігі, шабуыл кезеңіндегі аз ғана үзілісте ағзаны қайтадан қалпына келтірудің мүмкіндігінің болмауы, турнир көп мөлшерде болатындығы, бір жылдағы жекпе-жектің көп болуы, дене салмағын қалпында ұстап тұру сияқты мәселелерді қамтиды [1] .
Спортшының психологиялық дайындығын тиімді және жалпы бағытта өткізу үшін, оның жеке ерекшелік қабілетін білген жөн; оларға биохимиялық, психологиялық, психодинамикалық, физиологиялық, дене, жеке, әлеуметтік ерекшеліктер жатады. Спортшының психологиялық дайындығында оның дүниеге көзқарасы, сонымен қатар тұрақтылық, жігерлілік, батылдық, шешім қабылдаушылық, күш жігері, өзін-өзі игеруі, белсенділігі және т. б. оң қасиеттері ескеріледі. Психологиялық дайындық психодиагностикалық жақтан байқалады - мінез-құлықтың көрінуі, жарыс және жаттығу шарттарындағы спортшының дене қасиеті, нақты психологиялық дайындықта спортшыға бапкердің психологиялық сезіміне әсер етуі және оның өз жағдайын өзі басқара алуы мен жарыс, жаттығулар шартындағы спортшы тәртібі жатады. Мұндағы маңыздысы психологиялық реттеу болып табылады. Бұл боксшының спорт жұмысындағы жұмылдыру мен алаңдатуда өз эмоциясын басқара алуы. Бұдан шығатыны бапкердің алдына қоятын мынадай міндеттер:
- боксшыны ұзақ жүктемедегі дайындық үдерісіне дайындау;
- спорт сайысындағы тосын жағдайларда өнімді жұмысқа дайындау;
- спортшыны нақты шабуылға дайындау;
- нақты шабуылда, турнир кезеңінде оның тәртібі мен жағдайын басқара алуына;
- турнир уақытында және жаттығу үдерісіне дайындау;
- әрбір боксшылардың нәтижеге жету әрекетіне қабілеттендіретін, ұжым арасында жалпы психологиялық күш туғызу;
- бокс спорт түрі ретінде спортшының психикасына жоғары талап қояды дене және техника-тактика дайындығымен белгілі бір жетістікке жету оңай [2] .
Барлық боксшыны техника-тактика және дене дайындығының күштілігі жеткілікті болса да, «жігерлі» деп айтуға болмайды.
Психологияны оқыту ұғымдары: а) психологиялық үрдістер; ә) тұлғаның психологиялық ерекшелігі; б) адамның іс-әрекетіндегі психологиялақ ерекшелігі. Психологиялық іс-әрекетке сезім, қабылдау, елестету, ойлау, ес, зейін салу, көңіл күй, тілек және т. б. жатады.
Тұлғаның психологиялық ерекшелігі - тұлғаның бағыттылығы, қарқыны, мінез, қабілеті мен көзқарасы. Тұлғаның іс-әрекетінің психологиялық ерекшелігі - қабылдау ерекшелігі - ойлауы, психологиялық үдірістер мен қиялы, белгілі жұмыс түрімен байланысы.
Психологиялық үдірістер мен тұлғаның психологиялық ерекшеліктері мен адамның іс-әрекетін жинақтағанда, оны ақыл, ес дейді, көлемді түрде психика деп атайды.
Психологиялық ерекшелік психологиялық үдерістер мен ерекшеліктер күшті ақыл және дене қобалжуларында білінеді, ол қоршаған ортаның үнемі өзгеруінде, спортта, оның ішінде жекпе-жекте байқалады.
Боксшыны психологиялық дайындау жаттығу мен жарыс кезінде өзіндік маңызы бар, үнемі шабуыл кезіндегі күшті соққылаудың болуы, турнир күрделілігі, шабуыл кезеңіндегі аз ғана үзілісте ағзаны қайтадан қалпына келтірудің мүмкіндігінің болмауы, турнир көп мөлшерде болатындығы, бір жылдағы жекпе-жектің көп болуы, дене салмағын қалпында ұстап тұру сияқты мәселелерді қамтиды.
Спортшының психологиялық дайындығын тиімді және жалпы бағытта өткізу үшін, оның жеке ерекшелік қабілетін білген жөн; оларға биохимиялық, психологиялық, психодинамикалық, физиологиялық, дене, жеке, әлеуметтік ерекшеліктер жатады.
Спортшының психологиялық дайындығында оның дүниеге көзқарасы, сонымен қатар тұрақтылық, жігерлілік, батылдық, шешім қабылдаушылық, күш жігері, өзін-өзі игеруі, белсенділігі және т. б. оң қасиеттері ескеріледі.
Психологиялық дайындық психодиагностикалық жақтан байқалады - мінез-құлықтың көрінуі, жарыс және жаттығу шарттарындағы спортшының дене қасиеті, нақты психологиялық дайындықта спортшыға бапкердің психологиялық сезіміне әсер етуі және оның өз жағдайын өзі басқара алуы мен жарыс, жаттығулар шартындағы спортшы тәртібі жатады.
Мұндағы маңыздысы психологиялық реттеу болып табылады. Бұл боксшының спорт жұмысындағы жұмылдыру мен алаңдатуда өз эмоциясын басқара алуы. Бұдан шығатыны бапкердің алдына қоятын мынадай міндеттер:
- боксшыны ұзақ жүктемедегі дайындық үдерісіне дайындау;
- спорт сайысындағы тосын жағдайларда өнімді жұмысқа дайындау;
- спортшыны нақты шабуылға дайындау;
- нақты шабуылда, турнир кезеңінде оның тәртібі мен жағдайын басқара алуына;
- турнир уақытында және жаттығу үдерісіне дайындау;
- әрбір боксшылардың нәтижеге жету әрекетіне қабілеттендіретін, ұжым арасында жалпы психологиялық күш туғызу;
- бокс спорт түрі ретінде спортшының психикасына жоғары талап қояды дене және техника-тактика дайындығымен белгілі бір жетістікке жету оңай.
Барлық боксшыны техника-тактика және дене дайындығының күштілігі жеткілікті болса да, «жігерлі» деп айтуға болмайды.
Психологияны оқыту ұғымдары: а) психологиялық үрдістер; ә) тұлғаның психологиялық ерекшелігі; б) адамның іс-әрекетіндегі психологиялақ ерекшелігі. Психологиялық іс-әрекетке сезім, қабылдау, елестету, ойлау, ес, зейін салу, көңіл күй, тілек және жатады.
Тұлғаның психологиялық ерекшелігі - тұлғаның бағыттылығы, қарқыны, мінез, қабілеті мен көзқарасы. Тұлғаның іс-әрекетінің психологиялық ерекшелігі - қабылдау ерекшелігі - ойлауы, психологиялық үдірістер мен қиялы, белгілі жұмыс түрімен байланысы.
Психологиялық үдірістер мен тұлғаның психологиялық ерекшеліктері мен адамның іс-әрекетін жинақтағанда, оны ақыл, ес дейді, көлемді түрде психика деп атайды.
Психологиялық ерекшелік психологиялық үдерістер мен ерекшеліктер күшті ақыл және дене қобалжуларында білінеді, ол қоршаған ортаның үнемі өзгеруінде, спортта, оның ішінде жекпе-жекте байқалады [3] .
Боксшының психологиялық дайындық жағдайы қарсыласымен шешуші жекпе-жекте маңызды рөл атқарады. Ринг алаңына шығар алдындағы қозу үдірісін игере алмайтын, өз күшіне сенбейтін боксшы, жекпе-жек кезіндегі санасы іс-әрекет жасай алмайды және тез жұмылдырылса, керісінше, боксшы психологиялық жағынан дайындалған, сабырлы, өзіне сенімді, өз көңіл күйімен жеңіл басқара алса, ол өте күшті әсер ететін факторларда ( күшті соққы алғанда, шабуыл кезіндегі сәтсіздік т. б. ) жұмылдыра алып, жағдайды дұрыс бағалайды, өзінің және қарсыласының мүмкіндігін есепке ала отырып, тактикалық және техникалық міндеттерді озық шеше алады. Боксшы турнирге қатысқан 12 күн ішінде 4-5 жекпе-жекке қатысады, сондықтан оның әрқайсысына психологиялық дайындық қажет.
Боксшының психологиялық дайындығы 2 кезеңнен тұрады - жалпы психологиялық және жарысқа психологиялық дайындық. Бұл екі кезең бір-бірімен тығыз байланысты, бірақ әрқайсысының өзіндік ерекшелігі бар, сондықтан әдістемелік сопрт жаттығуында оны ескеру қажет.
Жалпы психологиялық дайындық спортшының дүниетанымына, жеке қасиетінің мүмкіндігіне, ерік-жігеріне, психологиялық үдерістердің дамуына, оның алдында тұрған міндеттерді жетістікпен орындау қабілетіне бағытталады.
Боксшының психологиялық дайындығы алдында болатын жарыстардың міндеттеріне қарай, яғни нақты жарыста шешілетін мәселеге негізделеді.
Оларға бірқатар жайттар жатады: турнир уақытында және жаттығу үдерісіне дайындау;
- алдағы жарыстағы спортшының қатысуындағы негізгі мақсаты айқындау;
- қарсыласының әлсіз және күшті жақтарын есепке ала отырып, осы ерекшеліктерге іс-әрекет жасауға дайындалу;
- жеңіске жетуге өзінің мүмкіндігі мен күшіне сенуді қалыптастыру;
- жарысқа байланысты туған теріс эмоцияларды жойып, алдағы шабуылға психологиялық жағынан дайындық жасау;
- ерік және дене күшіне ең жоғарғы түрде дайындық және жарыс кезіндегі жағдайларда осыны көрсете білу;
- жекпе-жек соңында өзін ең жоғарғы түрде босаңсыта алу қабілеті мен келесі шабуылға қайтадан жұмылдыруды білу;
Боксшының психологиялық дайындығының нәтижесі оның психологиялық дайындық жағдайынан көрінуге тиіс, яғни спортшының жарыс нәтижелілігіне барлық күш-жігерін беруіне байланысты болады.
Психологиялық және жігерлік дайындықтың нәтижесі жоғары болуы қажет. Адамнан ерекше жинақтылықты, күштерін жұмылдырып, барын салуда, жоғары шеберлікті қажет ететін іс-әрекеттің кейбір түрлерінде психологиялық дайындық іс-әрекет барысына дейін және сол іс-әрекет кезінде ұйымдастырылады және жоспарлы түрде іске асырылады [4] .
1. 2 Әртүрлі қабілеттерге дайындық кезіндегі тапсырмаларды орындаудағы боксшының ерекшеліктері
Боксшының жалпы дене дайындығы оның дене қабілетінің жан-жақты дамуына бағытталады. Ол ағзаның функционалды мүмкіндігі көрсеткішін жоғарлатуға, төзімділікке, күштілікке және шапшаңдықты - күшті қасиеттерге, бағдарлану қабілеттілігіне баулыйды.
Жалпы дене дайындығы кезеңді қозғалыс тәжірибесі және іс-әрекеттері кіріктірілген кешенді дене қабілетін қарастырады. Бұл шапшандылық күшті сипатты жаттығулар қатарына кең көлемді дене жүктемесіндегі төзімділікке негізделген айтарлықтай күштілік қысымдағы жаттығулар және қозғалыс реакцияларындағы шапшандық пен ептілікті жан-жақты жетілдіру жаттығуларынан тұрады.
Боксшының дене шынықтыру деңгейі оның үлкен ауыртпалыққа қарсы төзімділік қасиетін арттырады және дайындық кезінде кейбір жаттығулардан кейін немесе жалпы дайындау жаттығуларынан кейін тез арада өз спорттық қалпына келеді. Спортшының шымырлығына дене шынықтырудың басқа спорт түрлерімен жаттығу өте үлкен әсері бар екенін біз атақты спортшылардан білеміз. Жалпы дене дайындығы боксшы бойында моральдық және еркіндік қасиеттерін дамытуға көп әсерін тигізеді, себебі көптеген жаттығулар әр түрлі қиындықтарға төтеп беруді қажет етеді, әрі психологиялық тұрақтылық пен спорттық бейнені ұзақ сақтап қалу мүмкіндігін қалыптастырады [5] .
Жалпы дене дайындығы үшін боксшының жеке мінезіне сай және оның дене қасиеттерін дамытатын жаттығуларды таңдау қажет. Кейбір дене жаттығулары боксшыға оңды әсер бергенімен, оның қажетті тәжірибе жинақтауы мен керекті қасиеттерге тәрбиелеуге кері әсерін тигізуі мүмкін.
Боксшының психологиялық саулығы оптималды болғаʜда, ол ɵз-ɵзіʜе сеʜімді болады, соңыʜа дейіʜ жетуге жəʜе жеңуге талпыʜады, жарыста қойғаʜ мақсатыʜа жету үшіʜ бар күшіʜ жияды, айтарлықтай психикалық тұрақтылығы байқалады. Боксшының төзімділігінің элемеʜттеріʜің кɵрсетікштеріʜе талдау жасау барысыʜда.
Жүйелі жаттығулар іс-әрекетті тез орындауға көмектеседі, олардың арасындағы максималды үзілісті, яғни жұдырықтасу қарқыны мен шапшандығын айқындайды.
Егер де спорттың циклді түрінде ең бастысы қандай да бір дене қасиеті болса, ал боксшы үшін барлық дене қасиеті жеткілікті дамыған болуы қажет.
Арнайы дайындық жаттығуларының әрқайсысы бокста басты бағыт болып табылады, ал бәрі бірге басқа қасиеттердің дамуына ұйытқы болады. Мысалы қапшықты соғу жаттығуы соққы беру жылдамдығын дамытады, ұзақ және жиі соққы беру арнайы төзімділіктің дамуына көмектеседі; ұрмалы допты лақтыру белгілі қарқында тек қана бағдарлану мен дәлдікті дайындап қоймай, сонымен қатар, лақтыруда бұлшық ет сезімдері белгілі қашықтықтағы төзімділікті туғызады.
Спортшының дене шынықтыру деңгейі оның үлкен ауыртпалыққа қарсы төзімділік қасиетін арттырады және дайындық кезінде кейбір жаттығулардан кейін немесе жалпы дайындау жаттығуларынан кейін тез арада өз спорттық қалпына келеді. Спортшының шымырлығына дене шынықтырудың басқа спорт түрлерімен жаттығу өте үлкен әсері бар екенін біз атақты спортшылардан білеміз. Сондықтан боксшының әр кездегі дене шынықтыруға, дайындығына, көп көңіл бөлген дұрыс. Боксшының денешынықтыру дайындығы қажетті деңгейде болмауы оның техника-тактикалық әдістерінің біржақты болуы, спортшының үлкен жетістіктерге жету мүмкіндігі азаяды жаттығу дайындығына қызушылығы кемиді [6] .
Дайындық дәрежесi және бiлiктiлiгi, жас ерекшелiгi есебiмен үйрету мен жаттығудың жалпы заңдылығын сақтап, жаттықтырушы спортшы дайындығын барынша жекелеп, оқу үрдiсiн құрастыруы қажет. Жекеленген дайындықтың маңызы - боксшының жоғары спорттық шеберлiкке талпыну сатысында өседi. Боксшылардың бiр-бiрiнен қимылдық, қызметтiк, психикалық және өз ағзасының басқаша мүмкiндiктерiмен айырықша белгiлi. Жастары қатарлас, бiлiктiлiгi, дайындығы бiрдей топта бiрдей көрсеткiшi бар екi спортшы болмайды. Сондықтан да, жаттықтырушының ең басты мiндетi - әрбiр боксшының жаттығу үрдiсiн қатаң жекелеуi керек.
Спорттық шеберлiгiн жетiлдiру қағидасы. Боксшының мықты, тұрақты қимыл дағдысын игеру дәрежесi - оның спорттық шеберлiгi деңгейiнiң негiзгi көсеткiштерiнiң бiрi болып табылады. Жоғары дәрежелi спортшы бiлiктiлiгi нашар боксшыдан ең басты айырмашылығы, оның әрекетi, қарсыластың жеке ерекшелiктерiне және ұрыстың шиеленiсуiне, жарыстың деңгейiне қарамастан мықты, дұрыс және нақты орындалуымен сипатталады. Сондықтан да, жаттықтырушы шұғылданушылардың оқу материалын нақты қалау игергенiне қарап отыруы тиiс. Дағдының нақтылығын, оның тиiмдiлiгiн төмендетпей жарыс жағдайында тәсiлдердi бiрнеше қайталап орындау деп қарау керек. Бокста тәсiлдердi нақты игеру, оқу - жаттығу тапсырмаларын жүйелi және ұзақ орындау.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz