Алматы қорығы


Пәні: География

Тақырыбы: Алматы қорығы

Орындаған :

Қабылдаған:

2012 жыл

Жоспары

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1. Жалпы сипаттама

2. Қорықты мекендейтін жануарлар мен өсетін өсімдіктері

3. Алматы қорығындағы бойындағы өзен-көлдерге сипаттама

ІІІ. Қорытынды

І. Кіріспе

Орналасқан жері C:\Users\Айназ\Desktop\22px-Flag_of_Kazakhstan.svg.png Қазақстан, Алматы облысы

Координаттары 43°06′00″ с. е. 77°19′00″ ш. б. (G) (O)

Көлемі 71 700 га

Құрылған 1931 жылдың мамырдың 15

Уәкілетті орган Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті

C:\Users\Айназ\Desktop\288px-Kazakhstan_locator_blank.svg.png

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Жалпы сипаттама

Алматы қорығы - Іле Алатауының орталық бөлігіндегі табиғат байлығын қорғау және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында 1931 жылы құрылған мемлекеттік корық. Ауданы 73, 34 мың га (1997) . Алматы қорығының құрамына теңіз деңгейінен 1400-5017 м биіктікте орналаскан Талғар тау жоталары енеді. Бұл жерде 92 мұздық бар, соның ең қуаттысы Дмитриева мұздығы оның ұзындығы 5, 14 км. және ені 18, 8 шаршы км. Талғар массиві Алматы қорығына қарайды. Ол 4 биіктік белдеуден тұрады. Оның орманды-дала белдеуінде (1300-2600 м) алма, өрік, долана, қарақат, итмұрын, ұшқат өседі. Жабайы жеміс ағашты орман Тянь Шань шыршасынан тұратын қылқан жапырақты орманға (1400-2800 м) ауысады. Ал субальпі белдеуі (2600-3000 м) жартастар мен құлама шөгінділерден, шөбі аласа альпі шалғынынан тұрады. Одан жоғары (3800 м-ден биік) белдеуді ұдайы мұз басқан құздар алып жатыр. Қорықтың көлдері - Ақкөл, Бозкөл. Олардың барлығы Іле Алатауынан бастау алады.

  1. Қорықты мекендейтін жануарлар мен өсетін өсімдіктері

Қорықта, 1967 жылы құрылған табиғат мұражайы бар, оның ішінде 300 астам көрме қойылымдары жинақталған. Қорықта 194 түрлі аң, оның ішінде 38 сүтқоректілер, 148-ге жуық құстардың түрлері, 7 бауырмен жорғалаушылардың түрлері және бірнеше мың түрлі жәндіктер мен буынсыз жәндіктер кездеседі. Қорықта өсімдіктердің 1300-ден аса түрі кездеседі, оның 112 түрі ағаштар мен бұталар. Алматы қорығы- жануарлар дүниесіне де бай. Онда сүткоректілердің 40 (барыс, коңыр аю, тас сусар, марал, таутеке, арқар, елік, суыр, тиін, т. б. ), құстардың 200-дей түрі (самырсын құсы, шырша торғай, тоқылдақ, бұлбұл, үкі, кептер, қара және сары шымшық, құр, ұлар, қозықұмай, сушыл торғай, арша емен- тұмсығы, т. б. ) бар. Бауырымен жорғалаушылардан: алай кесірткесі, қалқан тұмсықты жылан; космекенділерден: көлбакд мен жасыл құрбақа кездеседі. Қорықта ғылыми жұмыстар жолға қо- йылған. Ғалымдар орманның қалыптасу заңдылықтарын, өсімдіктер мен жануарлар экологиясын және олардың биологиялық ерекшеліктерін зерттейді. Қорықта көп жылдан бері "Табиғат шежіресі" атты күнделік жүргізіліп, онда жинақталған ғылыми мәліметтер Алматы қорығы туралы 9 томдық кітапта баяндалған

Аңдар : қасқыр, түлкі, борсық, марал, сібір тау текесі, елік, қабан, суыр және т. б. Қазақстанның Қызық Кітабына енген сирек кездесетін жануарлар: тянь-шань қоңыр аюы, тянь-шан тау архары, тас тас сусары, ортаазиялық су қамасы, түркістандық сілеусін, ақ барыс.

Құстар : алпілік ұзақ, сақалтай, құр, қаршыға үкі, орманды байғыз, кеклік, балқарағай торғайы, үш ашалы тоқылдақ, қайшыауыз торғай, барылдақ торғай, сазан және т. б. Сирек және жойылып бара жатқан түрге гималайлық ұлар жатады. Қазақстанның Қызық Кітабына енген түрлер бүркіт, сақалтай, көкқұс.

Өсімдіктері: қорықтың оңтүстік жоталарына далалық және ішнәрә шалғындық өсімдіктер қаумалай өскен. Аралас аралас жапырақты орман белдеуі теңіз деңгейінен 1200 метрден 1600 метрге дейінгі биіктікті алып жатыр. Қылқан жапырақты ормандар белдеуінде бірыңғай бір ғана өсімдік тұқымы - Шренк шыршалары өсіп тұр. Шренк шыршалары немесе Тянь-Шань шыршалары тек Тянь-шаньда ғана тараған сирек өсімдік түрі саналады. Тянь-Шань шыршасы өте баяу өседі, әсіресе, алғашқы кезеңде. Сұлу шыршалардың мөлшерлі жасы - 400 жылға жуық.

Шренк шыршасы тап-таза, қоспасыз, қылқан жапырақты ормандардың үлкен бөлігін құрайды, олардың жоғарғы шекарасы 3200 метрлік мұздақтар мен мәңгі қарларға дейін жетеді. Субальпілік белдеу теңіз деңгейінен 2600-2900 метр биік Оңтүстік Талғар және 2700-3100 метр биік Солтүстік Талғар өзендерінің аңғарлары аралығында. Таудың жоғарғы бөлігіндегі өсімдігі жайқалған алқап қарлы құз жартастар мен мұздақтар патшалығына ұласады. Күрделі тау бедері, ауа-райының ала-құлалығы мен түрлі өсімдіктер жамылғысы сүтқоректілердің таралуына да әсерін тигізеді. Ірі тастақты шөгінділер арасында, өзендер мен бұлақтар бойында тас күзендер жасырынады. Таудың төменгі және орта бөлігінде еліктер, бәрінен гөрі, жиі кездеседі. Ал шыршалы және аршалы ормандардың жоғарғы шекарасында - субальпілік белдеуде маралдар жиі жайылады. .

  1. Алматы қорығындағы бойындағы өзен-көлдерге сипаттама

Қорықтың көлдері - Ақкөл, Бозкөл және Талғар өзені Олардың барлығы Іле Алатауынан бастау алады.

Талғар өзенінінің өзін құрайтын Оңтүстік Талғар, Солтүстік Талғар, және Орталық Талғар өзендері мұздақтардан бастау алады. Қыста тау өзендерінің суы азаяды, алайда олар қатпайды, ал жағалаулар мен тастарда табиғаттың ертегідегідей өрнегі бар мұз-қыраулары пайда болады. Мемлекеттік табиғат қорығының шекаралары Солтүстік және Оңтүстік Талғар өзендерімен, одан әрі Түрген мен Есік өзендерін бөліп жатқан жотаны бойлап, одан әрі оңтүстікке - Оңтүстік Шығыс Талғарға және Шелек өзенінің жоғары ағысымен шектеседі. Алматы қорығының ұзындығы: солтүстіктен оңтүстікке қарай - 31 километр, батыстан шығысқа қарай - 34 километр.

Ақкөл - өлыжыланшық өзенінің сағалық алабындағы көл. Қостанай обл-ның Жангелдин ауд. жерінде, Торғай қолатының оңт. -шығысында, теңіз деңгейінен 115 м биіктікте орналасқан. Аум. 41, 2 км2, ұз. 12 - 13 км, ені 6 км. Жауын-шашын және өлыжыланшықтың жайылма суымен толығады, жазда тартылып сортаңды батпаққа айналады. Жағасы жайпақ, батпақты, тастақты-құмды, солт. -батысы көтеріңкі, аласа кемерлі келеді. Суы тұзды, қар суы қосылғаннан кейінгі минералд. 2, 0 - 3, 5 г/л-ге төмендейді, қыс айларында 7 г/л-ге жетеді. Ақбасты өз-нің қосылатын тұсында мал ішуге жарамды. Алабы - көктемгі шабындық, жайылым. Ақкөл шипалы балшығы - Жамбыл облысы Талас ауданы Ақкөл көлі жағасындағы емдік қасиеті бар лай шөгінділері. Тараз қаласының оңтүстік-батысында 30 км жерде орналасқан. Ақкөл шипалы балшығы Үлкен Бурыл тауының етегінде, теңіз деңгейінен 700 м биіктікте. Көлдің аумағы 2, 5 км2, оған бірнеше суы тұщы бұлақ құяды. Оның шипалы балшығы 1932 - 34 жылы зерттеліп, қалыңдығы 0, 2 м, жалпы қоры 65000 м3, пайдалы қоры 15000 м3 екені анықталды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркістан облысы және Жамбыл облысы
Қазақстандағы қорықтар
Қазақстан қорықтары жайында
Ақсу-жабағылы қорығы
Қорық ұйымдастыру ісінің болашағы
Қазақстанның қорықтары мен бақтары туралы
ҚОРЫҚТАР. ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ САЯБАҚТАР. ТАБИҒИ РЕЗЕРВАТТАР
Қорықтар
Қорықтар - табиғат эталоны
Қазақстан қорығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz