Тартылу трансформаторларын таңдау


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   

5

6

7

8

Аннотация

Целью данного дипломного проекта является модернизация

электрооборудования подстанций 110/10 кВ Шалкарской дистанции. В

данном дипломном проекте предлагается рассмотреть расширение тяговой

промежуточной подстанции с питающим напряжением 110 кВ. Тяговая

подстанция Шалкар была дана в эксплуатацию в 1952г., в настоящее время

требуется замена оборудования и в связи с учетом перспективы развития

железнодорожного транспорта, увеличение мощности необходимой на тягу и

на электроснабжение железнодорожных нетяговых потребителей и сторонних

организаций.

Annotation

The purpose of this graduation project is the modernization of electric

substations 110/10 kV Shalkar distance. In this graduation project is invited to

consider an extension of the intermediate traction substations with supply voltages

of 110 kV. Shalkar traction substation was put into operation in 1952, now it

reguires replacement of eguipment in connection with the prospects of development

of railway transport, increase in power reguired for traction power supply and train

not traction consumers and third parties.

Аңдатпа

Бұл дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты Шалқар дистанциясының 110/10

кВ қосалқы станциясының электр жабдықтарын модернизациялау болып

табылады. Дипломдық жұмыс барысында Шалқар дистанциясының тартылу

қосалқы станцияларының 110 кВ кернеуде қоректенуінің кеңею жолдары

қарастырады. Шалқар тартылу қосалқы станциясы 1952 жылы пайдалануға

жіберілген, қазіргі уақытта қондырғыны алмастыру, тартылуға қажетті қуатты

арттыру және тартылмайтын тұтынушылардың темір жолдарын электрмен

жабдықтау қажет етіледі.

9

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

1 Теориялық бөлім

1. 1 Тартылу қосалқы станцияларының жабдықтары мен құрамының

тағайындалуы.

1. 2 Тартылу қосалқы станцияларының құрылымдық сұлбасы

1. 3 110 кВ тартылу қосалқы станциялары туралы жалпы мәліметтер

2 Күштік трансформатор таңдау және электр жүктемелерінің есептеулері

2. 1 Трансформатор таңдау

3 Қысқа тұйықталу тоғын есептеу және қондырғы таңдау

3. 1 Орынбасу сұлба элементтерінің есептеу параметрлері

3. 2 Электр аппараттарын таңдау және тексеру

4 Релелік қорғаныс

4. 1 Екі орамалы трансформатордың релелік қорғанысы

4. 2 Трансформатордың релелік қорғанысының параметрлерін есептеу

5 Өмір тіршілік қауіпсіздігі

5. 1 Қауіпсіздік техникасы

5. 2 Жерге тұйықтаушы құрылғының есебі

5. 3 ОПУ ғимаратында табиғи жарықтандыру есебі

5. 4 110кВ ҚС аккумуляторлы ғимараттағы ауа ауысудың есебі

5. 5 Өрт қауіпсіздігі

6 Экономикалық бөлім

6. 1 110/10 кВ ҚС - да кеңейтуде инвестицияның эффективтілігін бағалау

6. 2 Желіні дамыту үшін капиталдық салымды анықтау

6. 3 Электр энергиясын бөлу және жіберуге кеткен эксплуатациялық

шығИнфл рци ебі ебімен инвестицияның экономикалық эффективтілік

Қокөрсеткіші есебі

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

10

7

9

9

12

13

16

16

22

23

28

36

36

38

48

48

50

53

54

55

57

57

61

63

64

68

69

КІРІСПЕ

Электрлендірілген өнеркәсіптік транспорттардағы электр энергиясының

негізгі тұтынушылары тоқарбалар болып табылады, оларда тұрақты тоқтың

тартылу электр қозғалтқыштары орнатылады.

Электрлендірілген өнеркәсіптік

транспорттарды

қоректендіруге

арналған тартылу қосалқы станциялары тұрақты электр тоғын түрлендіргіш

болып келеді, оларда тартылу торабын қоректендіруге арналған, бір фазалы

айнымалы тоқта орнатылған күнделікті төмендеткіш трансформаторлары

және тартылу торабын айнымалы бір фазалы тоқпен қоректендіруге арналған

түрлендіргіш агрегаттар орнатылады. Бұл жағдайда тұрақты тоқтағы тартылу

қозғалтқыштарын қоректендіруге арналған түрлендіргіш агрегаттар

тоқарбаларда орнатылады.

Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы тартылу қосалқы станциялары күштік

тұтынушыларды қоректендіруге арналған қосалқы станцияларымен немесе

цех кәсіпорындарымен қызмет істейді. Тартылу қосалқы станцияларында

күштік тұтынушыларды қоректендіру 35, 10 немесе 6 кВ кернеу шиналарында

өндіріледі.

Тұрақты тоқ тартылу қосалқы станцияларының тағайындалуы үш

фазалы айнымалы тоқты бір фазалы және тұрақты тоқ электр энергиясын

байланыс желілері аумағында тарату болып табылады.

Тұрақты тоқ тартылу қосалқы станцияларындағы негізгі жабдықтаулар

түрлендіргіш агрегаттар, тез әсер ететін автоматты ажыратқыштар және

түзеткіш кернеулерді тегістеуге арналған арнайы құрылғылар болып

табылады. Түрлендіргіш сапасы ретінде әуелік мәжбүрлеу немесе табиғи

салқындатқышы бар кремнийлі агрегаттар қолданылады.

Түрлендіргіш агрегаттар кремнийлі вентильдерде орналасқан

шкафтардан тұрады: трансформаторларды қорентендіретін; тез әсер ететін

автоматты ажыратқыштар; басқару және қорғаныс шкафтар; асқын

кернеулерден қорғайтын арнайы құрылғылар.

Түрлендіргіш қондырғыларын асқын кернеулерден қорғау үшін

түзетілген тоқ тізбегі және анодтық тізбекке қосылған қорғаныс контурлары

(кедергіден және сыйымдылықтан тұратын) қолданылады.

Тартылу торабындағы 1, 65-3, 3 кВ кернеудегі қысқа тұйықталу тоғы

қуатты тартылу қосалқы станцияларында (екі немесе оданда көп түзетілген

агрегаттар) тез әсер ететін ажыратқыштарға жіберілетін максималды тоқты

арттырады. Өшуге қабілетті тез әсер ететін ажыратқыштарды арттыруда 1, 65-

3, 3 кВ кернеулі тартылу қосалқы станция қатарында әрбір тартылу желілеріне

екі дәйекті түрде байланыстырылған тез әсер ететін ажыратқыштар

орнатылады. Бірақ бұл тәсіл өшуге қабілетті ажыратқыш желілерін

11

арттырғанымен мәселені толығымен шеше алмайды, сондай-ақ тартылу

қосалқы станцияларының қысқа тұйықталу тоғындағы түзетілген агрегаттары

саны екіден көп болса, онда 50-70 кА индуктивтіліктегі тартылу торабы 5-6

мГн жетеді.

Тез әсер ететін ажыратқыштарды электрлендірілген өнеркәсіптік

кәсіпорындардағы қуатты тартылу қосалқы станцияларында қолдану кезінде

тартылу торабының қысқа тұйықталу тоғы тартылу торабына тез әсер ететін

ажыратқыштардың көмегінсіз өшеді, ал катодтық тізбектегі түзетілген

агрегаттарда

поляризацияланбаған тез әсер ететін ажыратқыштарда

орнатылған сұлба қолданылады. Зақымданған тартылу желілеріндегі

ажыратқыштардың өшуі осы сұлба арқылы жүзеге асады, түзетілетін

агрегаттар өшкеннен кейін катод тізбегінде орнатылған түзеткіш агрегаттарда

автоматты түрде ажыратқыштардың қайта қосылуы болады.

Өнеркәсіптік

кәсіпорындардағы тұрақты тоқ тартылу қосалқы

станциялары ТҚ біріншілік кернеуден, түзеткіш агрегаттардан, ТҚ тұрақты

тоғынан, тегістеуші және өзіндік мұқтаждық құрылғысынан тұрады.

Ереже бойынша, өнеркәсіптік кәсіпорындардағы тартылу қосалқы

станцияларының түзеткіш агрегаттары біріншілік кернеуге 35 немесе 6-10 кВ

ие. 110 кВ кернеуді қоректендіруде қосалқы станцияларда төмендеткіш

трансформаторлары 110/10 кВ, тек тартылу қосалқы станциялары үшін

110/35/6 кВ немесе қатар орнатылған станциялары үшін 110/6 кВ кернеуде

орнатылады. Түзеткіш агрегаттар біріншілік кернеу шинасына

ажыратқыштардың көмегімен жалғанады. Тұрақты тоқ жағында түзеткіш

агрегаттардың параллельді жұмысы қабылданған. Нөлдік сұлба кезінде

барлық түзеткіш агрегаттардың түзеткіш катодтары тез әсер ететін

ажыратқыштардың көмегімен жинақ шинасына «плюс» жалғанады, ал

тартылу нөлдік нүктелер айырғыштардың

көмегімен жинақ шинасына «минус» жалғанады. «Плюс» шинасына тез әсер

ететін ажыратқыштардың көмегімен байланыс желілері арқылы қоректенетін

желілер жалғанады, ал «минус» шинасына бір немесе бірнеше сорылатын

желілер жалғанады.

12

1 Теориялық бөлім

1. 1


Тартылу қосалқы


станцияларының


жабдықтары


мен

құрамының тағайындалуы

Қазақстанның

темір жолдарында электрлік тартылу жүйесі

қолданылады: тұрақты тоқтың тартылу торабы 3 кВ кернеуінде, бір фазалы

айнымалы тоқ 50 Гц 25 кВ және 2*25 кВ кернеуінде. Электрлік

тартылулардың артықшылығы жалпыға мәлім. Ол өткізетін қабілеттілікті

жоғарылатады, тасымалдайтын жұмыс эффективтілігін арттырады, еңбек

өнімділігін және темір жол транспортының жалпы жұмыс мәдениетін

арттырады.

Электрмен жабдықтау жүйесінде электрлік темір жолдар қозғаушы

пойыздардан ғана емес, сонымен қатар тартылмайтын тұтынушы жолдарынан,

өнеркәсіптік және ауылшаруашылық тұтынушы аумағынан қорек көздерін

алады.

Электрлендірілген темір жолдардағы электрмен жабдықтау жүйесі 2

бөліктен тұрады: сыртқы және тартылу.

Электрмен жабдықтау жүйесінің сыртқы бөлігі электр станцияларынан

тарату желілеріне дейінгі

барлық құрылғыларды,

тартылу қосалқы

станциясына жіберілетін энергияны өзіне қосады (1. 1 сурет) .

1. 1. 1 сурет - 110 кВ тартылу қосалқы станцияларының сыртқы

электрмен жабдықтау сұлбасы

13

Электрмен жабдықтау жүйесінің тартылу бөлігі электр станцияларынан

тарату желілеріне дейінгі барлық құрылғыларды, тартылу қосалқы

станциясына жіберілетін энергияны өзіне қосады. Электрмен жабдықтау

жүйесінің тартылу бөлігі тартылу қосалқы станциясы мен тартылу торабына

ие. Тартылу торабы байланыс желілерінен, рельс жолдарынан, қоректенетін

және сорғыш желілерден тұрады (1. 2 сурет) .

1-электр станциясы; 2, 4-110 кВ электр беріліс желісі; 3-аудандық электрлік

қосалқы станция; 5-тартылу қосалқы станциясы; 6-қоректендіру желісі; 7-кері

тоқтың тізбегі; 8-контактілі желі; 9-тартылу рельсі; 10-ЭПС; 11-секционарлы

құрылғы (нейтралды қойылым) .

1. 1. 2 сурет - 110 кВ тартылу қосалқы станциясының құрылымдық

сұлбасы

Тартылу қосалқы станциясы - бұл электр энергиясын кернеу бойынша

түрлендіруге

арналған, тоқ түрін немесе жиілігін, транспорттық

құрылғыларды байланыс тораптары арқылы қоректендіруге арналған

электрлік қондырғы.

Қосалқы станциялар жабық, ашық және құрамдастырылған болып

келеді. Құрамдастырылған ашық және жабық бөліктен тұрады. Жабық

бөлмелерде қондырғылар мен аппараттарды орнатады, олар температураның

едәуір өзгеруі кезінде қалыпты жұмыс жағдайын қамтамасыз ете алмайды.

Ашық бөлігінде қалған қондырғылар орналасады.

Тартылу қосалқы станциялары келесі белгілер бойынша ерекшеленеді:

14

Элетрлік күш жүйесіне қызмет көрсету бойынша (айнымалы тоқ 25 кВ

немесе 2х25 кВ, тұрақты тоқ 3, 3 кВ) ;

Қоректенетін кернеу мағынасы бойынша: 6, 10, 35, 110 немесе 220 кВ;

Сыртқы электрмен жабдықтау торабынының байланысу сұлбасы

бойынша (тіректік, аралық, түйіндік) ;

Басқару жүйесі бойынша: телебасқару немесе телебасқарусыз;

Қызмет көрсету тәсілі бойынша: кезекші қызметкерсіз, кезекші

қызметкермен, үй қызметкерімен;

Түрі бойынша: стационарлы және жазылмалы.

Электрлік темір жолдар электр энергиясын тұтынушылардың І

категориясына жатады, яғни электрмен жабдықтауды бұзу халықтық

шаруашылыққа айтарлықтай зақым алып келеді. Сондықтан энерго жүйенің

тартылу қосалқы станциясындағы қоректену сұлбалары жоғары сенімділікті

қамтамасыз етуі керек. Ол үшін қорек желілері қосалқы станцияларда

орнатылған ажыратқыштарды секционирлейді. Қандай да бір желі аумағы

зақымдалса немесе ажыратқыш өшетін болса, қоректік қосалқы станция

зақымдалмаған желі бойынша жұмысын жалғастырады.

Тартылу қосалқы станцияларының электрмен жабдықтау сұлбасы

жіберілетін кернеу деңгейін тартылу қосалқы станция шинасында тораптан

қоректенетін қалыпты және апатты режим жұмыстарында орындайды. Ол

үшін 150-200 км тартылу қосалқы станция кернеуімен 110 кВ қоректенетін

тіректік қосалқы станциялар орнатылады. Тіректік қосалқы станция-бұл

шиналарға 3-тен кем емес қорек желілері қосылатын қосалқы станция.

Тіректік қосалқы станция өзіне желі аралық қосалқы станцияларын қосады.

Тіректік тартылу қосалқы станция бөлігіне және аралық қосалқы

станцияларда төмендеткіш трансформаторлар 110 кВ біріншілік кернеу

жағына тез әсер ететін бөлгіштердің көмегімен қысқа тұйықталумен

толтырылған аралық қосалқы станцияларын қосады. Практика бөлгіштер мен

төменгі қыстық температура аумағындағы және күшті мұздықтардағы қысқа

тұйықталу жұмыстарының сенімсіздігін көрсетті. Мұндай аудандарда қысқа

тұйықталған бөлгіштердің орнына майлы ажыратқыштарды орнатады.

Тартылу қосалқы станцияларындағы қондырғылар үздіксіз

жетілдендірілуде. Түрлендіргіштердің айнымалы тоқты тұрақты тоққа

түзететін үш буыны өзгертілді: көліктік шағын қуатты түрлендіргіштен

сынапқа, содан кейін жартылай өткізгіштік түзеткіштерге көшті. Қуатты тез

әсер ететін доғалық электромагниттік тұрақты тоқ қосылғыштары мен

разрядты құрылғылар пайда болды.

15

1. 2 Тартылу қосалқы станцияларының құрылымдық сұлбасы

Бұл дипломдық жұмыста тартылу қосалқы станцияларының 110 кВ

кернеуде қоректенуінің кеңею жолдары қарастырылады.

Шалқар дистанциясында электрмен жабдықтауда 3 тұрақты тоқтағы

тартылу қосалқы станциялары, 2 ЛЭП-110 кв арқылы қоректенулерге ие,

сонымен қатар «Шалқар» тартылу қосалқы станциясының сұлбасы (1. 3 сурет)

көрсетілген.

1. 2. 1 сурет - «Шалқар» тартылу қосалқы станциясының сыртқы

электрмен жабдықтау сұлбасы.

Сонымен тартылу қосалқы станциялары ПУЭ бойынша қоректі екі

тізбектік ЛЭП-110 кВ алады, барлық транзиттік қосалқы станциялар әрбір

тізбекке кезек бойынша қосылады.

Осы тартылу қосалқы станцияларында қос сатылы трансформация жүзеге

асады, яғни РҚ қоректенетін электр энергия кернеуі (ОРУ-110 кВ) бастапқыда

кернеулерді 35 кв-тан 10 кВ-ға дейін төмендететін

төмендеткіш

трансформаторға түседі. Немесе ТҚ қоректенетін электр энергия кернеуі

(АТҚ-110

кВ) бастапқыда тартылмайтын тұтынушылар қоректенетін

төмендеткіш траснформаторға 10 кВ түседі, яғни электрлендірілген желі

аумағында орналасқан аудандық тұтынушылар.

Қазіргі уақытта

Шалқар тартылу қосалқы станциясында бір

трансформатор ТДТН 25000-110/10 түрі орнатылған, ал тұрғындық алқап

аймағындағы Шалқар тартылу қосалқы станциясы кеңейе түсті, энергия

сыйымдылықты өнеркәсіптік кәсіпорындар саны артты. Сәйкесінше осы

нысанға қажетті қуатты арттыру қажет етіледі.

16

Сондай-ақ Шалқар тартылу қосалқы станциясы 1952 жылы пайдалануға

жіберілген, қазіргі уақытта қондырғыны алмастыру, тартылуға қажетті қуатты

арттыру және тартылмайтын тұтынушылардың темір жолдарын электрмен

жабдықтау қажет етіледі.

Осы байланыста тартылу қосалқы станциясындағы және екінші

трансформатордағы ТДТН 25000-110/10, 5 ескірген қондырғыларға ішінара

жаңартулар жасау керек.

Берілген шарттарды ескере отырып, осы дипломдық жұмыста 110 кВ

ашық қосалқы станцияларының кең ауқымда таралуын қарастырамыз,

ТҚ-10 кВ ескірген қондырғыларын алмастырып, жаңа режимдегі

қондырғының релелік қорғанысын есептейміз.

1. 3 110 кВ тартылу қосалқы станциялары туралы жалпы

мәліметтер

Тартылу қосалқы станциясының біріншілік кернеуінде 110 кВ жинақ

шиналардың 110 кВ көмегінсіз екі қосқыш арқылы орындаймыз: бірінші-

жұмыстық, екінші-жөндеу. Қосалқы станция қоректенетін әуе желілері екі

жағынанда айырғыштармен қоршалған майлы ажыратқыштар

секционирленетін қосалқы станция аумағы арқылы өтеді. Майлы

ажыратқыштар мен айырғыштар қалыпты қосылған, ол жұмыстық қосқышты

бейнелейді, яғни әуе желілерінің бір ауданындағы транзиттік қуат екіншісіне

ауысуы үшін, яғни «Ырғыз» транзиттік тартылу қосалқы станциясынан

«Қотыртас» қосалқы станциясында қамтамасыздануы тағайындалған. Жөндеу

қосқыштары ажыратқышы жоқ екі айырғыштарға ие. Ол жұмыстық

қосқыштық майлы ажыратқыштарында транзиттік қуаттарды тексеру және

жөндеу жұмыстарын тоқтатпау үшін тағайындалған, сондықтан ол жұмыстық

қосқышты бейнелейді. Жөндеу қосқыштарындағы айырғыштар қалыпты

түрде өшірілген және жұмыстық қосқыштағы майлы ажыратқыштарды

жөндеу кезінде қосылады. Тоқ трансформаторлары және кернеу

трансформаторлары релелік қорғаныс желілеріне қосылу үшін орнатылады.

110 кВ желілері қосалқы станция кірісіне айырғыштардың көмегімен

жалғанады.

Әрбір тартылу қосалқы станцияларының кірісіне төмендеткіш

трансформаторларды орнатамыз. Сондай-ақ жүйе сенімділігін арттыру тәсілі

сақтық қорды сақтау болып табылады, сақтық қорды сақтау мүмкіндігінен

бөлек әрбір кіріске екі төмендеткіш трансформатордан орнатамыз. Егер бір

трансформатор қатардан шығып кетсе, онда ол өшеді, ал оның орнына

қосымша қосылады. Бұл тәсіл қосымшамен ауыстыру деп аталады және

тартылу қосалқы станцияларында кеңінен қолданылады.

Төмендеткіш трансформаторлар - үш орамалы, тартылу және аудандық

жүктемені қоректендіру үшін тағайындалған. Олар бір біріншілік және екі

екіншілік орамаларға ие. Бір екіншілік орама жұлдызшаға жалғанған-орташа

кернеулі ораманы (ОРУ) -АТҚ-35 кВ қоректендіреді, ол аудандық жүктемені

17

қоректендіру үшін тағайындалған. Келесі екіншілік орама, үшбұрышша

жалғанған-төменгі кернеулі ораманы (РУ) -ТҚ-10 кВ қоректендіреді, ол

тартылу және тартылмайтын тұтынушыларды қоректендіру

үшін

тағайындалған.

Әрбір төмендеткіш трансформатор тізбегіне айырғыштар мен майлы

ажыратқыштар орнатылған. Типтік сұлбалардың төмендеткіш трансформатор

тізбегінде бөлгіштер мен қысқа тұйықталулар орнатылған, бірақ олар келесі

кемшіліктерге ие:

Жағармайлардың жетіспеушілігі, сонымен қатар қыстық жұмыс

уақытында бөлгіштердің жұмысының сенімсіздігі.

Қысқа тұйықталуларда

оқшауланған тартылу кезінде қабатты

салғыларының сынуы, сондай-ақ тірек

қысқыштарының соққысынан

пышақтың істен шығуы жиі кездеседі. Зауыт өндіруші қысқа тұйықталуларды

жөндеу кезінде қабатты салғыларды алмастырады.

Сондықтан бөлгіштер мен қысқа тұйықталуларды төмендеткіш

трансформатор тізбегінде ВМТ-110 майлы ажыратқыш, қосалқы станциялы,

доға сөндіргіш камерасы бар майлы ажыратқыштармен алмастырамыз. Майлы

ажыратқыштар-ППрК-1400-электромагнитті желі болып келеді. Майлы

ажыратқыштарда ТВТ-110 тоқ трансформаторлары орнатылады.

Кернеуді бақылауға арналған

релелік қорғанысты қосу үшін

трансформатор кернеуі

трансформаторын орнатамыз.

НКФ-110

каскадты, фарфорлы кернеу

РВС-110 вентильді, станциялы

-

қосалқы станция қондырғысы

оқшауламаларын коммутациялы және атмосфералық асқын кернеулерден

қорғау үшін тағайындалған.

Тарату құрылғыларының қандай да бір бөлігі өшкен кезде көрінетін

жарылыстарды тудыру үшін РДЗ-110 екі бағаналы жерге тұйықталу

пышақтары бар айырғыштарын және РДЗ-2-110- екі бағаналы екі жерге

тұйықталу пышақтары бар айырғыштарын орнатамыз. ПР-90-айырғыштары

қолмен жасауға ыңғайлы болып келеді.

Айырғыштарға қызмет көрсетуде электромагнитті және механикалық

шектеулер қауіпсіз.

«Шалқар» тартылу қосалқы станциясында 110 кВ кернеудегі 10 кВ

тарату құрылғылары тартылмайтын тұтынушыларды қоректендіруге арналған.

ТҚ-10 кВ сыртқы қондырғылардың жинақталған тарату құрылғысы КРУН-10

кВ түрінде орындалады, ол қоректі ТМ-35/1000 төмендеткіш

трансформатордың екіншілік орамасынан алады. 10 кВ кернеу 10 кВ жинақ

шиналарына ВМП-10 екі жағынан да саусақтық байланыстармен қоршалған,

айырғыштардың рөлін ойнайтын майлы ажыратқыштары арқылы түседі.

Жинақ шиналары ажыратқыштармен бөлінген. Ұяшық сұлбалары типтік

болып келеді.

10 жинақ шиналарынан 4 тартылмайтын тұтынушылар қоректенеді:

фидер-1, фидер-2, фидер-3, фидер-4 және тартылу тұтынушылары-фидер 5.

18

Жинақ шиналарындағы кернеу майлы ажыратқыштар арқылы тоқ

трансформаторларынан кабель тұтынушыларына жіберіледі.

10 кВ шина кернеуін бақылауда кернеу трансформаторының ұяшықтары

болады. Тарату құрылғылары бір жақтылық қызмет көрсететін майлы

ажыратқышы бар жинақтық камера арқылы арбаларда орнатылған ВМП-10

құрастырылған. Қауіпсіз қызмет көрсету үшін және апаттарды шектеуде

корпус металды шымылдықтар мен автоматты түрде металдық перделермен

жабылатын бөліктерге бөлінген. Майлы ажыратқыштар арбаларда

орналастырылған. Арбалардың бір жағдайдан екінші жағдайға ауысуы

алмалы-салмалы тұтқа арқылы басқарылатын тотыққан механизм көмегімен

іске асады. Мұндай тарату құрылғылары келесі ерекшеліктермен

айрықшаланады: жоғары сенімділік, қауіпсіз қызмет көрсету,

өзара

алмасушылық, тұтастық. Сондықтан тарату құрылғыларының осы

ерекшеліктерін сақтау үшін құрылыс-монтаждау жұмыстарының көлемін

кішірейту керек және тарату құрылғылары орналасқан орынды өзгертпеу

керек. Бұл дипломдық жұмыста ТҚ-10 кВ жетілдіру кезінде алдын ала

орнатылған КРУН-10 кВ ұяшықтарын қолданамыз және ВМГ-10 майлы

ажыратқыштарын ВВ/ТЕL-10 вакумды ажыратқыштарымен алмастырып оған

ТСН қоректенуі үшін 4 ұяшықты және түзеткіш агрегаттарды қосамыз.

Майлы ажыратқыштарды вакумды ажыратқыштармен алмастырамыз, себебі

ВМГ-10 майлы ажыратқыштары сапасы жағынан физикалық тозды,

сондықтан экономикалық тұрғыдан қарағанда берілген ұйымдасқан қосалқы

станцияда алмастыру қажет деп саналады.

Алынған тарату құрылғылары келесі элементтерден тұрады:

10 кВ кернеу үшбұрышша жалғанған төмендеткіш трансформатордың

110/35/10 төменгі кернеуінің екінші орамасына ВВ/ТЕL-10 типті вакумды

ажыратқыш арқылы, саусақтық байланыстармен қоршалған ТПЛ-10 тоқ

трансформаторлары арқылы 10 кВ жинақ шинасына, екі бөлімнен тұратын

ВВ/ТЕL-10 типті вакумды ажыратқыштарға түседі.

10 кВ жинақ шинасынан ВВ/ТЕL-10 типті вакуумды ажыратқыштар,

саусақтық байланыстармен қоршалған ТПЛ-10 типті тоқ трансформаторлары

арқылы кернеу тартылмайтын тұтынушыларға түседі: фидер-1, фидер-2,

фидер-3 және фидер-4 ТП-10. Барлық ұяшық қорытындылары -кабельді

болып келеді.

Ішкі мұқтаждық трансформаторының қорегі тартылмайтын тұтынушы

фидері арқылы жүргізіледі: кернеу 10 кВ жинақ шинасы 10 кВ ВВ/ТЕL-10

типті вакумды ажыратқыштар арқылы, саусақтық байланыстармен қоршалған,

ТПЛ-10 типті тоқ трансформатор кабельдері ТСН біріншілік орамасына

түседі.

ПВЭ-5 түрлендіргіш агрегаттарының қорегі келесі бейнелермен жүзеге

асады: 10 кВ жинақ шиналарындағы кернеу ВВ/ТЕL-10 типті вакумды

ажыратқыштар арқылы, саусақтық байланыстармен қоршалған, тоқ

трансформаторлары арқылы шина көпіріне тартылу трансформаторының

біріншілік орамасы арқылы түседі, 3, 02 кВ дейін төмендетіледі және тартылу

19

трансформаторының екіншілік орамасы арқылы байланысу сұлбасы «екі

теңестіруші реакторлары бар қайтармалы жұлдызша» ПВЭ-5 түрлендіргішіне

түседі.

КРУН-10 кВ орнатылған ВВ/ТЕL-10 типті вакумды ажыратқыш-аспалы,

вакумды ажыратқыштар жүктеме кезінде өшіруге, қосуға арналған.

ТПЛ-10 типті тоқ трансформаторлары өтпелі құйма оқшаулағышымен-

релелік қорғанысты қосу үшін арналған.

Үш фазалы кернеу трансформаторы бар, майлы салқындатқыштары бар,

оқшаулама желілерін бақылауға арналған орамалары бар НТМИ-10 типті

кернеу трансформаторлары -10 кв жинақ шиналарының кернеуін бақылауға

арналған.

Қызмет көрсетудегі қауіпсіздік үшін

КРУН-10

кВ ұяшықтарын

жерлендірілген пышақтар мен механикалық шектеулермен жасаймыз.

2 Күштік трансформатор таңдау және электр жүктемелерінің

есептеулері

2. 1 Трансформатор таңдау

Төмендеткіш трансформаторлар электр энергиясын

белгілі

арақашықтықтарда таратуға және тұтынушылар арасында таратуға қызмет

етеді. Олар коп қуатымен және жоғары кернеулігімен ерекшеленеді.

Төмендеткіш трансформаторларының саны мен қуатын технико-

экономикалық есептеулер нәтижесінде алынатын және сақтық қорда сақтаулы

нормативті талаптарға сай таңдалынады. Тартылу қосалқы станцияларында

екі төмендеткіш трансформаторларды қарастыру керек. Олардың қуаты

сәйкесінше олардың ішінде бір электрмен жабдықтау өшкен жағдайда

трансформатордың қалған жұмысында қамтамасыз етілуі керек.

Бұл дипломдық жұмыста екі орамалы төмендеткіш трансформаторын

110/10 міндетті түрде таңдау керек.

Транзитті тартылу қосалқы

станциясындағы төмендеткіш трансформатордың

жағдай шартынан анықтаймыз:

қуатын келесі апатты

Sном. тр≥

,

(2. 1)

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Электрлік станция мен қосалқы станция жайлы жалпы сипаттама
Электр энергияны жіберу қызметттері
Арматура зауытының электрмен жабдықтау жүйесін жобалау
«Новый» 110/10 кВ қосалқы станциясын жобалау
Кернеуі 220/35/10 кв-ты қосалқы станциясын жобалау
Тоқ және кернеудiң өлшеуіш трансформаторларды есептеу
Трансформатор зауытының электрмен жабдықтау және электр желісінде кернеуді реттеу жүйесін жобалау
Өндірістік базаны электрмен жабдықтау жүйесін жобалау
Авто-жөндеу зауытының электрмен жабдықтау
Қант зауытын электрмен жабдықтау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz