Жеңіл атлетика мамандануы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Қазақтың спорт және туризм академиясы

Олимпиадалық спорт факультеті

Жеңіл атлетика кафедрасы

Қонусбай Дидар Қайдарұлы

СПОРТ МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ ҚЫСҚА ҚАШЫҚТЫҚҚА ЖҮГІРУШІ ЖЕҢІЛ АТЛЕТТІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ДАЙЫНДЫҒЫН ЖЕТІЛДІРУ ӘДІСТЕМЕСІ

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В010800 - «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы

Алматы, 2016

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Қазақтың спорт және туризм академиясы

Олимпиадалық спорт факультеті

Жеңіл атлетика кафедрасы

«Қорғауға жіберілген»

Кафедра меңгерушісі

п. ғ. к., ҚазСТА доценті

Х. Қ. Унтаев

«___»20 ж.

«Спорт мектептеріндегі қысқа қашықтыққа жүгіруші жеңіл атлеттің техникалық дайындығын жетілдіру әдістемесі» тақырыбына жазылған дипломдық жұмыс

5В010800 - «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша

Жеңіл атлетика мамандануы

Орындады:ОСФ 4 -2

тобының студенті Д. Қ. Қонусбай

Ғылыми жетекшісі:

аға оқытушы Қ. Р. Ражанова

Алматы

2016

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

Дене мәдениеті және спорттың

теориясы мен әдістемесі кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

тақырыбы:

СПОРТ МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ ҚЫСҚА ҚАШЫҚТЫҚҚА ЖҮГІРУШІ ЖЕҢІЛ АТЛЕТТІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ДАЙЫНДЫҒЫН ЖЕТІЛДІРУ ӘДІСТЕМЕСІ

.

МАЗМҰНЫ

БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР . . . 3

АНЫҚТАМАЛАР . . . 4

КІРІСПЕ . . . 5

1 ҚЫСҚА ҚАШЫҚТЫҚҚА ЖҮГІРУШІ ЖЕҢІЛ АТЛЕТТІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ДАЙЫНДЫҒЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 8

1. 1 Қазақстандағы жеңіл атлетика спортының тарихи жайлары мен топталуы . . . 8

  1. Жеңіл атлетика спортының топталуы . . . 8

1. 1. 2 Қазақстандағы жеңіл атлетиканың қысқаша даму тарихы . . . 12

1. 2 Қысқа қашықтыққа жүгіру техникасының мазмұны мен сипаттамасы . . . 16

1. 2. 1 Техникалық шеберлікті игеру . . . 18

1. 2. 2 Қысқа қашықтыққа жүгіру техникасына талдау . . . 19

1. 3 Бастапқы дайындық кезеңінің сипаты мен ерекшеліктері . . . 24

2 ҒЫЛЫМИ - ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ, ОЛАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ . . . 27

2. 1 Ғылыми зерттеу әдістерін ұйымдастыру . . . 27

2. 2 Зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру . . . 30

3 БАСТАПҚЫ ДАЙЫНДЫҚ КЕЗЕҢІНДЕГІ ЖЕҢІЛ АТЛЕТТЕРДІҢ ЖАТТЫҚТЫРУ ҮРДІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ . . . 31

3. 1 Спортшының техникалық дайындығын ұйымдастыруға қажетті нормалық мәліметтер мен дене қуаты қасиеттерін тәрбиелеу әдістемесі . . . 31

3. 2 Жас спринтерге қысқа қашықтыққа жүгіру техникасын үйрету әдістемесі, оны дамытудың негізгі амалдары . . . 37

3. 3 Қысқа қашықтыққа жүгіруші жас спортшының бастапқы дайындық кезеңінде жаттықтыру үрдісін ұйымдастыру үлгісі, оның тәжірибелік негізденуі, нәтижесі . . . 45

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .

ҚОСЫМША А . . .

ҚОСЫМША Ә . . .

БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

БЖСМ - Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі

ОМОІСМ - Облыстық мамандандырылған Олимпиадалық ізбасарлар спорт мектебі

ЖАФХҚ - Жеңіл атлетика федерацияларының халықаралық қауымдастығы

КСРО - Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы

ШҚМУ - Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті

ХДСШ - халықаралық дәрежедегі спорт шебері

СШ - спорт шебері

СШҮ - спорт шеберіне үміткер

ОЖ - оқу-жаттықтыру

М - метр

СМ - сантиметр

Кг - килограмм

Мин - минут

С - секунд

К/Ж - кедергілермен жүгіру

ЛАТЫН ӘРІПТЕРІ

Х - орта арифметикалық шама

n - топтағы адамдар саны

S - стандарттық қате

t - маңыздылығының критериі

P - екі орташаның айырмашылығы

АНЫҚТАМАЛАР

Бұл дипломдық жұмыста қолданылған терминдер мен ұғымдарды дұрыс түсінуге анықтамалар берілген:

1 Спринтер - қысқа қашықтыққа жүгіруші спортшы.

2 Стайер - ұзақ қашықтыққа, өте ұзақ және марафондық қашықтықтарға жүгіруші спортшы.

3 Дене қуаты дайындығы дегеніміз - әртүрлі әрекеттердің (әскери, спорт, өнеркәсіп) талабына сай дамытылған дене қуаты қасиеттерінің, қимыл дағдысының нәтижесі. Ол жалпы және арнайы дене қуаты дайындығы деп бөлінеді. Жалпы дене қуаты дайындығы - жалпы әртүрлі әрекет түрлеріне бағытталған дене тәрбиесі үрдісі. Арнайы дене қуаты дайындығы дегеніміз - арнайы бір спорт немесе кәсіп түріне қарай бағытталған дене тәрбиесі үрдісі.

4 Дене қуаты қасиеті - адамның денесінде, санасында белгілі бір деңгейде сақталып тұрып, ол қозғалғанда, әркет жасағанда пайда болатын қасиеттер.

5 Мәрелік жылдамдық - мәреге жақындаған кездегі жеңіл атлеттің жылдамдығын ұлғайта отырып, мәреге бұрын жету үшін жасайтын қимыл-әрекеті. Әр түрлі арақашықтыққа, спортшының жеке ерекшеліктері мен дайындық деңгейіне байланысты мәрелік жылдамдықтың ұзақтығы әрқалай болады.

5 Спорттық бағдарлау - баланың қабілеттілігін, қызығушылығын, ұмтылысын, спорт түрімен шұғылданғысы келуін ескеріп, сол спорт түріне бағыттау шаралары.

6 Спорттық іріктеу - оқушының дарындылығын, спорттық көрсеткіштерін ескеріп, нақтылы спорт түріне іріктеу.

КІРІСПЕ

Зерттеу көкейкестілігі. Жеңіл атлетика ең көп адам қатынасатын кең ауқымды спорт түрлерінің бірі болып табылады. Олимпиада ойындарында бұл спорт түрінен ерлер үшін 24, әйелдер үшін 23 жаттығу түрі көрініс тапқан. Яғни, жүру, жүгіру, секіру, лақтыру түрлері және осы жаттығулардан құрастырылған кешенді түрі - жеңіл атлетикалық көпсайыс [1] . Жеңіл атлетикалық жаттығулардың мұндай әртүрлілігі іріктеу, спорттық бағдарлау барысында, тіпті қозғалыс техникасы жағынан жақын әр түрлі қашықтыққа жүгіруден бастапқы оқу-жаттықтыруды ұйымдастыруда қиындықтар тудырады. Бастапқы дайындық кезеңінде оқу-жаттықтыру үрдісінің ерекшеліктерінің бірі - жас жеңіл атлеттердің қимыл белсенділіктерін дамытып, жаттығуды орындаудың дұрыс техникасын қалыптастырумен қатар, дарынды балаларды іріктеу мен олардың таңдаған жеңіл атлетика түрінен болашақтағы спорттық мамандануларына болжам жасау. Осы мәселеге байланысты орыс тілінде әдебиет көздері көп болғанымен, жас жеңіл атлеттердің бастапқы дайындық кезеңін ұйымдастыру, оларды іріктеу, спорттық бағдарлау мен болжам жасау мәселелері көкейтесті, өзекті болып қала берді [2] .

Спорттық іріктеуді жүзеге асыруда бапкердің жаттықтыру үрдісі барысындағы педагогикалық бақылаулары жетекші рөл атқарады. Бұл ретте жас спортшылардың бастапқы дайындығын сапалы етіп ұйымдастыру, өткізу қажетті қимыл сапаларын дамытып қана қоймай, кейін жеңіл атлетиканың нақты бір түрінен арнайы мамандану үшін спорттық жетілдіру тобына іріктеп алуға мүмкіндік береді. Болашақ спортшыларды даярлау тиімділігі көбінесе бастапқы дайындық кезеңінде жаттығуларды шебер таңдау, іріктеуге байланысты екені белгілі. Жас спортшылардың дене тәрбиесінің амалдары мен әдістеріне келетін болсақ, мұнда әр түрлі көзқарастар қалыптасқан: бір мамандар кіші жастағы балалармен жұмыс кезінде әр түрлі қозғалмалы және спорттық ойындарға көп көңіл бөлу керек десе [3], енді біреулері жалпы дене қуаты дайындығының амалдары ретінде әр түрлі спорт түрлерін қолданып, жас спортшылардың кешенді дайындықтарына мән берген жөн дейді [4] . Үшіншілері, жас жеңіл атлеттердің жаттықтыруларына ойындармен бірге көп мөлшерде жалпы дамыту жаттығуларын, төртіншілері көп мөлшерде таңдалған спорт түрінің техникасының жаттығулары мен элементтерін қолдануды ұсынады [5] .

Жас спортшылардың бастапқы дайындықтарын ұйымдастыру мәселелеріне байланысты пікірлердің осыншама әр түрлілігі балалар мен жасөспірімдердің жауапты спорттық дайындық кезеңінде оқу-жаттықтыру жұмыстарының ең ұтымды нұсқасын жасап шығарылмағандығын көрсетеді. Басқа қырынан қарасақ, білімді мамандар әзірлеп, жоғары білікті бапкерлердің қолданысындағы спорттық жаттықтырудың теориясы жас спортшыға жеңіл атлетиканың таңдалған түрінен арнайы мамандануға көшуден бұрын жан-жақты дене қуаты дайындығынан өтуді ұсынады [6] .

Жоғарыда айтылғандарды ескере келе, зерттеу жұмысының мақсаты мен негізгі міндеттері тұжырымдалды.

Зерттеу мақсаты: Қысқа қашықтыққа жүгірумен айналысатын жас спортшылардың бастапқы дайындық кезеңіндегі техникалық дайындығын жетілдіру әдістемесін зерттеу, тиімді жолдарын табу, эксперименталдық тәжірибе арқылы тексеріп, дәлелдеу. Дәлелденген ғылыми жұмысты іс-тәжірибеде қолдануға ұсыну.

Зерттеу нысаны: Бастапқы дайындық кезеңіндегі қысқа қашықтыққа жүгіруші жас спринтерлердің жаттықтыру үрдісі.

Зерттеу пәні: Қысқа қашықтыққа жүгірумен айналысатын жас спортшылардың техникалық дайындығы мен ол дайындыққа қажетті дене қуаты қасиеттері.

Зерттеу болжамы: Егер бастапқы дайындық кезеңінде спринтерлерді бапкер БЖСМ-нің стандартты бағдарламасымен емес, Жеңіл Атлетика Федерацияларының Халықаралық Қауымдастығының оқу-жаттықтыру бағдарламасы негізінде құрастырылған жоспар бойынша жаттықтырса, егер қысқа қашықтыққа жүгіруші жаттықтыру үрдісінде кең көлемде дене қуаты қасиеттерін дамыту жаттығуларымен бірге арнайы оқыту бағдарламасының жаттығуларын қолданса, онда олардың дене қуаты қасиеттері даму деңгейі жоғарылап, ол өз кезегінде спортшының техникалық дайындығына елеулі әсер етіп, сәйкесінше жеңіл атлетиканың аталмыш түрінен спорттық көрсеткіштері де жоғары болады.

Зерттеу міндеттері:

- жеңіл атлетиканың жіктелуі, Қазақстандағы даму тарихы жайлы материал-мәліметтерді толық қарастырып, Алматы қаласындағы жеңіл атлетиканың қазіргі жағдайын зерттеу.

- жаттығу техникасы, оған әсер етуші факторлар, техникалық шеберлікті игеру мен оны анықтау жолдарын айқындап, қысқа қашықтыққа жүгіру техникасына талдау жасау.

- бастапқы дайындық кезеңінің маңызын, міндеттерін, ерекшеліктерін анықтау.

- ОМОІСМ-індегі бастапқы дайындық тобындағы жаттығып жатқан екі топтағы жас спортшыларды біреуін тәжірибе, екіншісін бақылау тобы деп атап, тәжірибе тобы, бастапқы дайындық екінші жылына арналған жоспар бойынша жаттықтыру әдістемесін кіргізіп, жаттықтыру үрдісін ұйымдастыру.

- Жаттықтыру барысында 3 ай сайын және жыл аяғында 2 топ балаларының дене қуаты қасиеттерінің даму деңгейі мен техникалық дайындықтарын бақылауға арналған сынақтар алып, олардың көрсеткіштері бойынша салыстырмалы талдау жасау.

Зерттеу әдістері:

  • ретроспективті ақпарат алу әдістері: әдебиеттерді оқу-талдау, құжаттарды оқу-талдау, сауалнама, әңгіме-интервью алу;
  • ағымдық ақпараттарды жинау әдістері: педагогикалық талдау, бағалау, сұрақ, сауалнама, әңгіме, интервью жүргізу, ағымдық құжаттарды талдау әдістері, педагогикалық эксперимент, бақылау сынақтарын алу;
  • математика-статистикалық өңдеу әдістері.

Ғылыми жаңалығы:

  • Қысқа қашықтыққа жүгіруші спортшылардың техникалық дайындық деңгейін жоғарылатудың дұрыс жолдары мен дамыту әдіснамалары жаңа қырынан қарастырылды.
  • Бастапқы дайындық кезеңінің бірінші жылына арналып ЖАФХҚ-ның оқыту-жаттықтыру бағдарламасы кіргізілді. Ол әдістемелік жаңалық ғылыми эксперименталдық әдістермен тәжірибеден өтіп, дәлелденді.

Іс-тәжірибелік маңызы:

- Бұл дипломдық жұмыстағы дәлелденген қысқа қашықтыққа жүгіруші спортшылардың техникалық дайындық әдістемесі өзінің тиімділігін көрсетті. Ендігі кезде облыстың спортшыларын дайындау жұмыстарына қолдануға болады.

Жұмыс құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлім, қорытындыдан, 61 авторлардың еңбектері пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, 7 сурет, 18 кестеден тұрады.

1 ҚЫСҚА ҚАШЫҚТЫҚҚА ЖҮГІРУШІ ЖЕҢІЛ АТЛЕТТІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ДАЙЫНДЫҒЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1. Қазақстандағы жеңіл атлетика спортының тарихи жайлары мен топталуы

  1. Жеңіл атлетика спортының топталуы

«Атлетика» - көне грек сөзінен шыққан. «Атлетиз» - «жаттығу» және «күрес» деген мағынаны білдіреді. Жарысқа қатысушыларды күші мен жылдамдығына байланысты гректер оларды «атлеттер» деп атаған.

Жеңіл атлетика - өзіне бірнеше спорттық жаттығуды, яғни, жылдам жүріс, жүгіру, секіру, лақтыру сияқты спорт түрлерін қамтитын спорттың маңызды түрлерінің бірі [6] .

Жеңіл атлетикалық жаттығулар негізінен 5 бөлімге бөлінеді. Ол бөлімдер: спорттық жүріс, жүгіру, көпсайыс, секіру және лақтыру.

Спорттық жүріс өз кезегінде 1м, 2м, 5м жүгіру түрлеріне бөлінеді. Ал, жүгірудің түрлерін төмендегі сызбанұсқадан көруге болады.

Көпсайыс екі түрге бөлінеді: жетісайыс және онсайыс. Жетісайыс құрамына: 100 метр кедергімен жүгіру, биіктікке секіру, ядро итеру, 200 метр жүгіру, ұзындыққа секіру, найза лақтыру және 800 метрге жүгіру кіреді. Ал онсайыс құрамына: 100 метр жүгіру, ұзындыққа секіру, ядро итеру, биіктікке секіру, 400 метр жүгіру, 110 метр кедергімен жүгіру, диск лақтыру, сырықпен секіру, найза лақтыру және 1500 метрге жүгіру

Секіру түрлеріне сырықпен секіру, ұзындыққа секіру, үш аттап және биіктікке секіру жатады.

Лақтыру түрлеріне найза, ядро, балға және диск лақтыру кіреді.

«Спорт ханшайымы» аталған жеңіл атлетика - кең ауқымды және негізгі спорт түрлерінің бірі. Оның кең ауқымдылығын құрамына кіретін жаттығулар санымен және бұл спорт түрінің қол жетерлік болуымен түсіндіруге болады. Олимпиада ойындарында бұл спорт түрінен ерлер үшін 24, әйелдер үшін 23 жаттығу түрі көрініс тапқан. Қазіргі кезде спорттық классификацияда жеңіл атлетиканың 60-тан астам түрі тіркелген екен [7] .

Спорттық тәжірибеде жеңіл атлетиканың барлық түрлеріне келесідей іріктеп алу шарттары қалыптасқан [8] . Олар мынандай 6 түрлі шарттардан тұрады:

  1. морфофункционалдық көрсеткіштер (антропометриялық белгілер, биологиялық жас)
  2. дене қуаты қасиеттерінің деңгейі (күш, жылдамдық, төзімділік, ептілік, икемділік)
  3. қозғалыс үйлесімділігі қабілеттері және күрделі жаттығуларды меңгеру қабілеттері
  4. ерік-жігер (психологиялық) қасиеттерінің деңгейі
  5. басты функционалдық жүйелердің жағдайы
  6. әлеуметтік-генетикалық себепкер шарттар

Соңғы зерттеулер нәтижелері бойынша спорттық нәтижеге әсер етуші маңызды шарттар ретінде іріктеуде мыналарды ескерген жөн:

  • спортшының энергетикалық мүмкіншіліктері (олардың аэробты және анаэробты өнімділігі)
  • жылдамдық-күш және қозғалыс үйлесімділігі қасиеттері
  • тұқымқуалаушылық қабілеттері
  • морфофункционалдық ерекшеліктері

Аталған шарттар ішінен тек адамның тұқымқуалаушылық қабілеттеріне жаттықтыру үрдісі әсер етпейді. Ал қалған спорттық нәтижеге әсер етуші және іріктеу негізіне кіретін шарттар толығымен дерлік жаттықтырушының белсенді бақылауында болады.

Спринтердің қабілеттерінің кешенді сипаттамасы негізінде антропометриялық негіздері (бойы, салмағы, денесінің негізгі пропорциялары), спринтер үшін маңызды болып саналатын дене қуаты қасиеттерінің даму деңгейі (жылдамдық, жылдамдық-күш қасиеттері) және олардың спринтерлік жүгірістің негізгі биодинамикалық ерекшеліктеріне сай болуы жатыр [9] . Мысал ретінде қысқа қашықтыққа жүгіруші спортшыларды спорттық жетілдіру тобына іріктеуді қарастырайық. Шетелдерде 70-80-жылдары қысқа қашықтыққа жүгіруде антропометриялық көрсеткіштер маңызды рөл атқармайды деген ой қалыптасқан болатын. Себебі, жеңіл атлетиканың бұл түрінде үздік нәтижелерді бойшаң Д. Сайм, Л. Кристимен (189см) қатар бойлары аласа А. Мэрчисон, А. Кейсон, А. Корнелюк (бойлары 162-164см) сынды спортшылар да көрсеткен (1-кесте) .

1 - кесте - Атақты спринтерлердің салмақ-бой көрсеткіштері

Спортшының аты
Мемлекет
Көрсеткіші, жылы
Бойы, см
Салмағы, кг
№: Ерлер
№: 1
Спортшының аты: Б. Джонсон
Мемлекет: Канада
Көрсеткіші, жылы: 9. 83(1987)
Бойы, см: 180
Салмағы, кг: 75
№: 2
Спортшының аты: К. Льюис
Мемлекет: АҚШ
Көрсеткіші, жылы: 9. 93(1987)
Бойы, см: 188
Салмағы, кг: 80
№: 3
Спортшының аты: Дж. Хайнс
Мемлекет: АҚШ
Көрсеткіші, жылы: 9. 95(1968)
Бойы, см: 183
Салмағы, кг: 81
№: 4
Спортшының аты: И. Чиди
Мемлекет: Нигерия
Көрсеткіші, жылы: 10. 00(1986)
Бойы, см: 188
Салмағы, кг: 77
№: 5
Спортшының аты: В. Брызгин
Мемлекет: КСРО
Көрсеткіші, жылы: 10. 03(1986)
Бойы, см: 180
Салмағы, кг: 72
№: 6
Спортшының аты: В. Борзов
Мемлекет: КСРО
Көрсеткіші, жылы: 10. 07(1972)
Бойы, см: 182
Салмағы, кг: 82
№: Әйелдер
№: 1
Спортшының аты: Э. Эшфорд
Мемлекет: АҚШ
Көрсеткіші, жылы: 10. 76(1983)
Бойы, см: 165
Салмағы, кг: 54
№: 2
Спортшының аты: М. Гер
Мемлекет: Германия
Көрсеткіші, жылы: 10. 81(1983)
Бойы, см: 165
Салмағы, кг: 54
№: 3
Спортшының аты: М. Кох
Мемлекет: Германия
Көрсеткіші, жылы: 10. 83(1983)
Бойы, см: 171
Салмағы, кг: 60
№: 4
Спортшының аты: Х. Дрехслер
Мемлекет: Германия
Көрсеткіші, жылы: 10. 91(1986)
Бойы, см: 181
Салмағы, кг: 70
№: 5
Спортшының аты: М. Жирова
Мемлекет: КСРО
Көрсеткіші, жылы: 10. 98(1985)
Бойы, см: 170
Салмағы, кг: 58
№: 6
Спортшының аты: Л. Кондратьева
Мемлекет: КСРО
Көрсеткіші, жылы: 11. 02(1984)
Бойы, см: 168
Салмағы, кг: 56

Дегенмен, 90-жылдардағы әлемдегі үздік спортшылардың бой көрсеткіштерін зерттеу қорытындысынан бой көрсеткіштерінің орташадан жоғарыларының нәтижелері басым болатынын айқын көруге болады [10] .

Қазіргі таңда осы жәйт ескеріліп, жеңіл атлетикада спорттық жетілдіру тобына іріктеуде бой көрсеткіштерінің орташадан жоғары болуына аса үлкен көңіл аударылады (2-кесте) .

2 - кесте - Спорттық жетілдіру тобына іріктеуге арналған салмақ-бой көрсеткіштері

Жеңіл атлетика түрі
Жынысы
Көрсеткіштер

Бойы

(см)

Салмағы

(кг)

Салмақ-бой индексі
Жеңіл атлетика түрі: 100, 200м
Жынысы:

Ер бала

Қыз бала

Көрсеткіштер:

175-180

165-170

65-70

54-59

370-400

327-350

Жеңіл атлетика түрі: 400м
Жынысы:

Ер бала

Қыз бала

Көрсеткіштер:

178-183

165-170

66-71

54-59

370-390

327-350

Жеңіл атлетика түрі: 100, 110м кедергімен
Жынысы:

Ер бала

Қыз бала

Көрсеткіштер:

180-185

167-175

76-81

58-63

422-440

343-370

Жеңіл атлетика түрі: 400м кедергімен
Жынысы:

Ер бала

Қыз бала

Көрсеткіштер:

180-185

167-175

70-75

56-61

330-410

335-370

Менің бұл дипломдық жұмысымда қарастырылатын жеңіл атлетиканың «қысқа қашықтық» деп аталатын жаттығулар түріне 400 метрге дейінгі арақашықтықтарға жүгіру, эстафета түрлері кіреді. Соның ішінде 100, 200, 400 метрге жүгіру, 4x100м, 4x400м эстафеталық жүгіру Олимпиада ойындарының бағдарламасына енген.

Жеңіл атлетика тарихында қысқа қашықтыққа жүгіруде дене келбеті, бойы әр түрлі спортшылар жетістікке қол жеткізген екен.

Жалпы, бұл спорт түрі жеңіл аталғанымен, өте қиын спорт түрлерінің бірі, себебі, үздіксіз еңбектенуді, жігерлілікті, қажырлықты, шыдамдылықты талап етеді. Тәжірибелі жаттықтырушылардың айтулары бойынша, жеңіл атлетикада жақсы нәтижеге жету үшін үздіксіз 10 жыл машықтану керек екен [11] .

Еуропа кубогінің иегері, Кеңес Одағының бірнеше дүркін чемпионы, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері Әмин Тұяқов ағамыз берген бір сұхбатында жеңіл атлетика спорты жайлы: «Жұрт жеңіл атлетика дегенге бұл спортты оп-оңай көреді ғой деймін. Жеңіл атлетикада нәтиже ауыр еңбекпен келеді. Шүмектетіп тер төкпесе, жеңіл атлетиканы жеңіл игеру мүмкін емес. Осыдан 10 шақты жыл бұрын бір сенатор менен «қаржы табайын, 6 жылда Олимпиада чемпионын дайындап шығаруға бола ма?» дейді. «Айналайын, болмайды! Олимпиада чемпионын даярлауға кемі 10-15 жыл керек. Ең әуелі ынталы баланы 8-10 жасар кезінен баптап, жаттықтыру керек. Қатты салмақ түсіруге болмайды. Үміт еткен баладан бірдеңе шығады ма, шықпай ма, соны байқау керек. Ертеңгі күнді болжау мүмкін емес. Үміт еткен бала әлдеқандай жағдайға тап болса немесе басқа қалаға ауысып кетсе, не істейсің! Сондықтан бір емес, кемі 5-7 баланы қатар алу керек. Кейбіреуі жас күнінде жақсы нәтиже көрсеткенімен, есейгенде тоқырап қалуы, бойы өспей қалуы мүмкін. Әрбір жас сәбиді сылаумен өсіргендей, жетілдіруің керек!» - деген болатын [12, 143] .

Мықты спортшыларды даярлау арқылы үлкен жетістіктерге жету бүгінгі таңдағы басты мақсат. Ал, жоғары жетістікті спортшыларды даярлау үшін жаттықтыру үрдісі дұрыс ұйымдастырылуы қажет деп ойлаймын.

1. 1. 2. Қазақстандағы жеңіл атлетиканың қысқаша даму тарихы

Жеңіл атлетиканың тарихы ежелгі дүние дәуіріндегі халықтардың іс-әрекетінен басталады. Табиғи қозғалыстар, яғни, жүру, тұру, секіру, адам бұлшық еттерінің қозғалысы адамзат пайда болған дәуірден бастау алады. Б. з. б. 776 жылғы I Олимпиадалық ойындар бағдарламасында жүгіруден жарыс өткізілген [13] . Ол кездегі жарыс жолының ұзындығы 192. 27м қашықтыққа тең болып, ол «стадиром» деп аталған. Яғни, ол кездегі стадионның жүгіру жолының ұзындығына сәйкестіріліп алынған. Бұл туралы Ежелгі Гректің Олимпиада ойындары туралы жазбаларда анық жазылған.

XIX ғасырдағы батыс елдерінің саяхатшыларының жазба жұмыстарында Орта Азия халықтарының өмірінде, оның ішінде қазақ халқы туралы: « . . . олар топ болып, жиналып күресетінін, қуаласпақ ойнағанын, арақашықтыққа жүгіріп жарысқан» - деп жазылған. Атам қазақтың бәйге көрсе делебесі қозып, желмен жарысқан сәйгүліктерді жырға қосатыны жәйден-жәй емес. Бұл сайын дала төсінде сағым қуып өскен әрбір қара домалақтың асау қанында бар қасиет қой. Ауыз әдебиетінің аңыздарында да айшылық жерлерді әп-сәтте алатын хас тұлпарлармен бірге желаяқ бала туралы да аз айтылмайды. Өйткені, ұшқыр болу, қияға қыранша самғау, алыс қашықтықтарға қас қағым сәтте жету - халықтың көксеген арманымен үндес.

Ал, ереже бойынша жүгіру өнері қазақ топырағына XIX ғасырдың соңына таман жетті, ресми жарыстар XX ғасырда өтті.

Қазақстанда жеңіл атлетиканың жетілуіне мүмкіндік туған уақыт ол еліміздің Ресей елімен біріккен кезі. Елімізде спорт ойындарын өткізетін орталық қалалардың бірі - Семей қаласы болған.

1912 жылы Семей қаласында «Нептун» спорт клубы құрылып, басқа да спорт түрлерімен бірге жеңіл атлетика да қарқынды дами бастады. Аталған спорт клуб жеңіл атлетика бағдарламасы бойынша 100 метрден 1 метр қашықтықтарға жүгіру, ұзындыққа секіру, лақтыру, эстафета жарыстарын жыл сайын өткізіп жатты.

Республикамыздың Қызылжар, Орал, Өскемен, Көкшетау, Талдықорған, Атбасар қалаларында жеңіл атлетика бөлімдері ашылып, жұмыс істей бастады. Спорт клубтардың саны артып, спорттық жарыстар жиі өткізіле бастады.

1921 жылы тек Семей қаласында 12 жарыс жеңіл атлетика түрінен өтіпті. Соның ішінде елімізде алғаш өткізілген Семей губерниясының I-Спартакиадасының жеңіл атлетика бағдарламасына Семей, Павлодар, Өскемен, Шемонаиха қалаларының споршылары жеңіл атлетиканың 23 түрінен жарысқа түскен. Жарыс кезінде губернияның 8 рекорды қойылды.

1924-1929 жылдары Семей, Алматы, Шымкент қалаларында жеңіл атлетика бағдарламасына сай келетін стадиондар соғылды.

1934 жылдары елімізде 20-дан астам стадион орнатылып, дене тәрбиесі оқу орындарынан даярланған бірнеше нұсқаушылар жұмыс істей бастады. Жоғарғы оқу орындарында жеңіл атлетика жеке сабақ ретінде өткізіле бастады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп оқушыларының дене қасиеттері мен дене даярлығын жетілдіру
Күш сапасын бақылау
Жеңіл атлетика түрлерінен сабақ өткізу әдістемесінің негіздері
Жеңіл атлетиканы дамыту
Жеңіл атлетика жаттығуларының әдістері
Жеңіл Атлетиканыі Қазақстанда дамуы
Жеңіл атлетикаға кіріспе
Жеңіл атлетиканың даму тарихы
Жеңіл атлетиканың шығу тарихы
«Жеңіл атлетика оқыту әдістемесі» оқу құралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz