Коммерциялық банктің негізгі функциялары


Қазақстан банк жүйесінің қазіргі жағдайы, оның негізгі мәселелері мен даму болашағы .
КІРІСПЕ
Тақырыпты өзектілігі . Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына арналған дәстүрлі жолдауында «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: “Қазақстан экономикасын тұрлаулы экономикалық өрлеудің іргетасы ретінде одан әрі жаңарту мен әртараптандыру үшін мемлекет қазынагерлік, банктердің несие жүйесінің қалыптасу саясатының, өндірістің негізгі факторларын тиімді қайта бөлуді мемлекеттік реттеу тетіктерін пайдаланып, жоғары сапалы өнім мен қызметіне деген сұранысты көтермелеп отыруға міндетті” деп баяндады [1] .
Қазiргi кезеңде Қазақстан Республикасында несие аясы серпiндi түрде дамып келе жатқан экономикалық секторлардың бiрi. Бұрын қатал түрде реттелетiн Қазақстан Республикасында несие жүйесінің қалыптасуы бүгiн дербес және үлкен банкаралық бәсеке жағдайында халықаралық деңгейде жұмыс iстеп жатыр.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2015 жылдың 30 қарашада өткен Парламент палаталарының бірлескен отырысындағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауында: "Тәуелсіздікке қолымыз жеткен алғашқы күннен бастап сіздер мен біздер барлық қажыр-қайратымызды жұмсап, еңсесін асқақтатқан Жаңа Қазақстан барған сайын нық сеніммен алға басып келеді. Дамудың өзі таңдаған даңғылына түскен еліміздің атағы шартарапқа таралып, әлемдік қоғамдастықтың алдындағы абыройы да жылдан жылға артып отыр. Біз экономикамыз мен мемлекетіміздің берік іргетасын қаладық. Қазақстанның алдағы дамуы, кемел келешегі экономикалық, әлеуметтік, саяси және әкімшілік тұрғыда жан-жақты сараланып, түбегейлі жаңа кезеңге батыл қадам бастық" [2], - деп Елбасымыз Қазақстан халқына жарқын болашағымыз біздің қолымызда екендігіне тағы да көзімізді жеткізді.
Қазіргі банк жүйесі - бұл кез келген дамыған мемлекеттің ұлттық шаруашылығының аса маңызды саласы. Оның тәжірибелік рөлі, оның мемлекеттегі төлемдер мен есептерді басқаруымен, өзінің коммерциялық келісімдерінің көп бөлігін салымдар, инвестициялар және несиелік операциялар арқылы жүзеге асырумен, басқа да қаржылық делдалдармен қатар, банктер халықтың сақталымдарын фирмалар мен өндірістік құрылымдарға бағытталуымен анықталады.
Екінші деңгейлі банктер - кәсiпорындар мен мекемелерге, халыққа әр түрлi банктiк қызмет көрсететiн мемлекеттiк емес iрi несие беру мекемесi. Олар үкiметтiң, iскерлер мен миллиондаған жеке тұлғалардың салымдарын шоғырландыра отырып, қаржы жүйесiнiң орталығы болып қала бередi. Коммерциялық банктер қарыздық және инвестициялық операциялар арқылы өздерiнiң әр түрлi қорларына қарыз алушылардың қол жеткiзуге мүмкiндiк бередi.
Екінші деңгейлі банктер мемлекеттің қаржылық-несиелік саясаты бойынша әрекет ете отырып, айналымдағы эмиссияның, қолдағы бар ақша көлемін қосып жалпы массаның айналым жылдамдығына әсер етіп, ақша ағынының қозғалысын реттейді. Ақша массасы өсуінің тұрақтануы - бұл инфляция қарқынының төмендеуінің кепілі, баға деңгейі тұрақтылығының қамтамасыз етілуі және оған қол жеткізілген жағдайда нарықтық қатынастар халық шаруашылығының экономикасына ең тиімді түрде әсер етеді.
Отандық банктерге қолдау жасай отырып, мемлекет олардың ішкі экономика мен нақты секторды кредиттеу көлемін сақтайтындықтарына, атап айтқанда, шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыруларына және ипотекалық несиелеу бойынша қолайлы жағдайды белгілейтіндіктеріне сенім артуда.
Мемлекеттің мақсаты - жалпы жүйе тұрақтылығын қолдау және сақтау. Бұл мақсаттар үшін Қазақстанда тиісті реттеу мен қадағалау, сондай-ақ депозиттерге кепілдік беру жүйесі бар. Жүйе тұрақтылығына қауіп төнген жағдайларда мемлекет банк секторына жағдайды тұрақтандыруға қажетті тәртіпте және көлемде қаржылық қолдау көрсетеді.
Қазіргі кезде негізгі дәстүрлі қызметтерге бұрынғыша салымдар тарту мен қарыздар беру жатады. Банктер өз пайдаларының көп бөлігін осы операциялар бойынша пайыздық айырмадан алады. Бірақ осы екі қызмет төңірегінде банктік өнімдердің көптеген нысандары жасалынып шығуы мүмкін.
Қазіргі кезде әмбебап банктер банк қызметтерінің және қаржылық қызметтердің барлық аспектілерін түгелдей қамтитын өнімдердің кең қатарын ұсынады. Осы кезде басқа банктер бәсекелестік артықшылықты жаулап алу және оны мықты түрде сақтандырып қалу мақсатымен қатаң түрде белгілі бір қызметтер түрлерін көрсетуге мамандануға тырысады.
Қазақстанның алдыңғы қатарлы екінші деңгейлі банктері өзінің табыс базасын кеңейту үшін, табыстылықты және бәсекелік қабілеттілігін жоғарлату үшін өзінің клиенттеріне кең ауқымды операциялар мен қызметтер көрсетуге ұмтылатыны белгілі. Бұл жерде есте ұстайтын жағдай, банк қызметінің дамуы клиенттер және банктің өзі үшін минималды шығындармен банк қызметтерін көрсетуді, клиенттерге қажетті қызметтерге қолайлы бағаларды пайдалануды білдіреді.
Қазақстандық екінші деңгейлі банктер меншікті операцияларының негізінде жеткілікті тәжірибе жинақтап, оның ішінде клиенттеді несиелей отырып, экономиканың нақты қажеттеліктерін қанағатандырушылар болып отыр. Және де жоғары өтімділікті сақтай отырып, экономикалық өсуге септігін тигізуде.
Қазіргі дамып жатқан ақпараттық технологиялар заманында өз шаруашылығын жалғастыру үшін, қызмет ауқымын кеңейтіп, жоғары пайдаға қол жеткізу үшін көптеген кәсіпорындар тауардың жаңа түрін шығаруға, жаңа қызметтерді ұсынуға ұмтылуда. Осыған орай банктер де жаңа қызметтерді ендіруге және бұрынғы қызметтерді жетілдіруге үлкен назарын аударып отыр. Жаңа қызметтерге пластикалық карточкалар, банкаралық электрондық есеп-айырысулар, әлемдік Интернет байланыс жүйесіндегі қаржы нарығының құрылуы жатады.
Біздің еліміздегі қазіргі банктік институттар аталған жаңа қызметтерді атқара бастады. Клиенттің заказы бойынша маркеингтік зерттеуді, валюталық операцияларды, басқа да қызметтерді, соның ішінде, трасталық, ақпараттық-анықтамалық консультациялық, қор және т. б. жүргізеді.
Екінші деңгейлі банктер өз клиенттерінің ақшаларын сақтауға қолайлы әртүрлі депозиттерді ұсынады, бұл бір жағынан өтімділікке деген клиенттерінің қажеттілігін қанағаттандырады. Көптеген клиенттер үшін облигациялар немесе акциялар жұмсағанға қарағанда, мұндай ақшаны сақтау формасы тиімді болып табылады.
Банк операцияларының тиімді, икемді жүйесі кең ауқымды клиенттерімен ішкі жинақтарды шоғырландыруға жағдай жасау керек. Осыған байланысты өзгермелі экономиканың қалыптасып келе жатқан қажеттілігіне жауап бере алатын икемді банктік қызмет көрсету мәселесі ерекше мәнге ие болып отыр.
Мәселенің зерттелу жағдайы. Банк ісі теориясын зерттеу үшін кең перспективалары бар. Айта кеткен жөн, шетелдік ғалымдар П. С. Роуз, П. Фалетти, Д. МакНотон, К. Дж. Барлтроп, Т. Бэррел, М. Хиггинс, Г. Вэйнс өз еңбектерінде банк қызметін бағалау жүйесін, басқарушылық есепті зерттеу барысында жанама түрде банк кірістері мен шығыстарын талдауға, жоспарлауға көңіл бөлген.
Сонымен бірге, банк жүйесіндегі мәселелерді зерттеу ресейлік ғалымдар Г. Н. Белоглазова, Л. Г. Батракова, Н. И. Валенцева, О. В. Гончарук, О. В. Грядова, С. А. Котляров, Л. П. Кроливецко, О. И. Лаврушин, И. В. Ларионова, И. Д. Мамонова, Ю. С. Масленченков, М. А. Поморина, Г. С. Панова, Т. С. Новашина, отандық ғалымдар С. Б. Мақыш, А. Ә. Ілиясов, Д. Бохаев еңбектерінде жақсы зерттелген әртүрлі мәселелері, банк қаржыларын басқару тұрғысындағы зерттеулерге әдістемелік тұрғыда негізделеді.
Зерттеу объектісіне - ҚР-ғы коммерциялық банктер қызметі, олардың клиенттерге қызмет көрсету түрлері мен операциялары және өнімдері жатады.
Диплом жұмыстың басты мақсаты - нарық жағдайына сай коммерциялық банктердің қызмет ету ерекшеліктерін теориялық және практикалық тұрғыдан оқып, біле отырып, қазіргі жағдайларға сай олардың қызметін ұйымдастыруды жетілдіру жолдарын іздестіру.
Дипломдық жұмыстың міндеттері :
- коммерциялық банк қызметінің тиімділігін бағалау әдістері мен көрсеткіштерінің маңызын түрлі қоғамдық позициялардан, коммерциялық банк қызметінің тиімділігін бағалау әдістерін арттыру жолдары,
- бүгінгі күнде коммерциялық банктердің алдында тұрған мәселелері мен олардың шешілу жолдарын,
- Қазақстандағы банк жүйесінің даму үрдісін көрсету болып табылады. Сонымен қатар, халыққа жоғары сапалы қызмет көрсету, экономикамыздың дамытуына көп ықпалын тигізу үшін коммерциялық банктер алдымыздағы жылдарда елеулі еңбек атқарады деген ойдамын.
Диплом жұмысының пәні - несие қызметін қалыптастыру мен даму барысындағы тәуекелділік, қарыз алушылардың түрлері мен несие қатынастардағы қабілеттілігі, несие қызметін қалыптастыру мерзімділігі, төлемділігі және экономиканың негізгі құралдар болып табылады.
Дипломдық жұмысты орындау кезiнде құқықтық-нормативтiк актiлер, әдiстемелiк сiлтемелер мен нұсқаулықтар, жоғарыда аталған отандық және шетел экономистерiнiң ғылыми еңбектерi қолданылды.
Диплом жұмысының құрылымы . Дипломдық жұмыс кіріспе, үш бөлім, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. БАНКТІК ЖҮЙЕНІҢ НЕГІЗГІ ТЕОРИЯЛЫҚ ТҮСІНІКТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ РӨЛІ
1. 1 Экономикалық процесті ұйымдастырудағы банк қызметінің мәні және рөлі
Банк - банк қызметін жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылады заңды тұлға. Жалпы банктің ерекше мәні, ең алдымен, келесі тұжырымдармен анықталады:
- Төлем құралдарын құра алады;
- Айналымға төлем құралдарын шығара алады;
- Айналымнан құралдарын алуды жүзеге асырады.
Банктердің, тауар өндірісінің және айналымның дамуы параллельді түрде жүрген. Ал банктік қызметтердің өндірілу мен өткізудің тарихи процесін 3 сатыға бөлуге болады. Оның әрбір сатысында ерекше базалық идеясы сәйкес келеді [3, 28-30 б. ] .
1. Еркін бәсекесі бар классикалық капитализм қоғамының құрылу кезінде, капиталисттік қатынастар қызмет етіп, серпінді дамығанда коммерциялық банктер өзінің депозиттік - ссудалық қызметтерін жетілдіруге бағытталды, ал бос ақшалай қаражаттарының иелерілері мен қарыз алушы арасында ақшалай капиталдың қозғалысында коммерциялық банктер делдал қызметін атқарады. Коммерциялық банктердің стратегиялық саясатындағы басқарушылық идеясы субъектілердің операциялары мен жағдайлары, клиентураның экономикалық жағдайы мен қаржылық сенімділігі және ссудалық капиталдық өсу келешегі туралы ақпараттардың объективті кешенін құруға бағытталған.
2. Монополисттік капитализм кезеңі пайда болғаннан бастап даму сатысында банктік монополияны құрумен ерекшеленеді, яғни шартталған концентрациялар мен банктік капиталдар және өнеркәсіппен ақшаларға глобалды бақылау мүмкіндігі жасалған банктердің жаңа ролін құрумен ерекшеленеді, яғни мұндай жағдайда коммерциялық банктер несиелік нарықтың мүмкіндіктерін жеке уәжі (мотив) бойынша реттеді. Иеленген позицияларды басқару құрылымда - ақшалай капиталға тұрақты және максималды жоғары мөлшерін қамтамасыз ету үшін қажеттіліктер мен ұсыныстарды қанағаттандыру мақсатын анықтау идеясы болып табылады және коммерциялық банктердің инвестициялық белсенділігінің негізі құрылады.
3. Технологиялық және ғылыми - техникалық қайта құрулардың негізгі кезеңі ақпараттық айырбастаудың халықаралық желісін құрумен сипатталады, ал банктік қызметтерді тарату саласы ұлттық түрге ие болды. Жаңа экономикалық жағдайда пайданың бірқалыпты мөлшерін қамтамасыз ету үшін клиенттердің қажеттіліктері мен ұсыныстарын детализацияға және анықтауға бағдарлануы талап етіледі. Менеджменттің бастапқы міндеті:банктік капиталының қызмет көрсету тиімділігі мен есеп айырысу рентабельділігін қамтамасыз ету кезінде қызметтерді тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады. Осы барлық этаптардағы менеджмент процесі оның ақпараттық құрамдасына тәуелді, сондықтан да коммерциялық банктердегі басқару жүесін әлемдік тенденциясын - маркетингтік менеджмент ретінде қарастыруға болады.
Американ ғылым - экономисті Дж. Ф. Синки, АҚШ-тың және басқа да дамыған мемлекеттердің банктік жүйесінің дамуын зерттеп, 90 - шы жылдардағы қаржылық қызметер саласындағы динамикалық өзгерістері 5 негізгі факторлардың қызметімен сипатталады:
1. Ғылыми - техникалық пргресс. Электроника, атоматизация және телекамуникацияның дамуы банктік операциялардың технологиясын өзгертіп қаржы - несие институттардың аймақтық және ұлттық саладағы қызметін кеңейтеді(банктік бәсекелестіктің глобализациясы) . Банк ісін компьютерлендіру “қаржылық революциясының” қажетті алғы шарты болып табылады. Сонымен бірге, автордың пікірі бойынша банктік технологиясының дамуы қаржылық қызмет көрсету саласына кіруді қатаңдатады.
2. Бәсекелестік. Дамыған экономикасы бар мемлекеттердің заңи реформалары қаржылық қызметіндегі шектеулер мен тиым салынулардың жеңілдетуіне немесе толық алынып тастауына бағытталғандықтан, бәсекелестік үшін барьерлердің әлсіздігіне әкеледі. Қазіргі кезде, бүкіл мемлекеттерде банктік нарықтар қорғаусыз қалды, коммерциялық банктер және басқа да банктік емес мекемелер жағынан қатаң бәсекелестікпен кездеседі.
3. Пайыздың мөлмешерлемесінің және валюталық бағамының тұрақсыздығы. Экономикалық қиыншылықтармен байланысқан(өзгерістің құлдырауы, төлем жүйесіндегі дағдарыс, инфляция, төленбеген сыртқы қарыздар, жылжымайтын мүлікпен жасалатын опециялардың төмендеуі) капитал нарықтарындағы тұрақсыздықтың өсуі, басқа факторлармен бірге нарықтарындағы пайыздық ставкаларының кенеттен тез өсуіне әкелді, ал бұл экономикалық және қаржылық жағдайға тәуелді сенімсіз факторлардың өсуіне, банктің пайыздық тәуекелінің көбеюіне апарады.
4. Клиент үшін күрес. Дж. Синки пікірі бойынша бұл күрес қазіргі кезде тіпті “жабайы”болып кетті. Бұрын банктер монопольдық күшке ие болғандықтан клиенттер үшін таласулар болған жоқ. Банктік заңнамасының либерализациялануы бәсекелестіктің өсуіне және банктің шектен тыс табысының қысқаруына әкелді. Бәсекелестік жағдайында клиенттерге жаңа қызметтерді ұсынуы банк қызметінің оң нәтижеге жетуінің негізгі факторы болып табылады.
5. Капитал жеткіліктілігі немесе адекваттылығы. Яғни - меншікті және тартылған капитал арасындағы қаржылық арақатынасы. Капиталдың жоғарғы деңгейі салымшылардың сенімділігінің дәрежесін өсіреді және коммерциялық банктің өтімділік тәуекелін төмендетеді, ал капиталдың жеткіліктілігі банктің тәуекелге ұшырауының көрсеткіші болып табылады. Банктік реттеу және қадағалау саясаты бойынша Базельдік комитет капиталдың жеткіліктілік коэффицентін, яғни капиталдың тәуекелі бойынша бөлінген активтерге қатынасы, 8 % деңгейінде бекіткен (минималды 8 % - дық стандарт) . Бұл халықаралық операциялрмен белсенді жұмыс жасайтын банктер үшін қажетті капиталдың минималды деңгейі болып есептеледі. Осы және басқа да факторлар (кәсіпорындарды жекешелендіру, сауданы және қаржыларды , банк ісінің концентрациясы, банктердің операциондық шығындардың өсуі, банктердің банкроттық тәуекелінің өсуі, қоғамдағы демографиялық өзгерістер) нәтижесінде банктік қызмет - тәуекелді және тынымсыз бизнес болып табылады [4, 19-24 б. ] .
Жалпы коммерциялық банктер қаржылық қызмет көрсетулердің кең саласында жұмыс істеуде. Сөйтіп, барлық банктік мекемелер, уақыт өткенімен, күрделі ұйымдарға айналады: қызмет көрсету тізімі кеңейеді, несиелеудің жаңа схемалары, жаңа бөлімдер мен департаменттер пайда болады.
Банктік өнімдер мен қызметтер нарығын қарастырмастан бұрын, “банктік қызмет” пен “банктік өнім” деген ұғымдардың ғылыми анықтамаларын бөліп алуымыз керек, себебі олар жиі синоним ретінде қабылданады.
Ғылыми - тәжірибелік мүдде “банктік қызмет” ұғымының анықтамасын көрсетеді. Экономикалық әдебиеттерде, оның ішінде құрылуына қатысқан танымалы ғылым - экономисттер, Абалкин Л. И., Герщенко В. В., Жуков А. И.,
Зотов М. С. және басқа да Ресей ғалымдары мен банктік мамандар “Банковская система России. Настольная книга банкиров” кітабында банктік қызметке “массалық операция” сияқты анықтама береді. Бұл жұмыста кейбір зерттеушілер банктік қызметті “клиенттің тапсырмасы бойынша және белгілі бір ақы үшін бнктік операцияны жүргізу” деп анықтайды.
Спицын И. О. және Спицын Я. О. “Банковский маркетинг” оқу құралының авторлары банктік қызметті “клиент мүддесі үшін банктің белгілі қызметін атқаруы” деп атайды.
Профессор Хруцкий В. Е. “банктік өнімнің” өзіне келесідей анықтама береді: “… банктік өнім туралы айтқан кезде, банкпен жасалынған кез келген банктік қызметті немесе операцияны есептейміз” [5, 2 б. ] .
Француз экономисті Жан Матук банктік қызметті “банктің қаржылық мүмкіндігіне байланысты клиенттің қаржылық қажеттіліктерін қанағаттадыру”деп санайды [6, 255б. ] .
Қазіргі жағдай біріңғай терминалогияны, қарастырылып жатқан анықтамалар мен терминдердің нақты сипаттамаларын беруін қажет етеді.
Сөйтіп, “банктік қызмет ”, “банктік опеация ” және “банктік өнім” сияқты синонимдеріне келесідей анықтамалар беруге болады.
Банктік операция дегеніміз - нақты бір нәтижеге (ссуда беру, депозит қабылдау, валюта айырбастау және т. б. ) қол жеткізуге бағытталған банктің клиентпен немесе басқа банкпен жасалынған кәсіпкерлік келісім - шарт немесе біріңғай экономикалық мәселені шешу бойынша банктің бір - бірімен байланысқан қызметтердің жиынтығы.
Банктік қызмет дегеніміз - банктік операцияға қатар белгілі - бір функцияларын атқарады, яғни клиент үшін тиімділігін арттырады, аз шығындар мен көп пайда алып, көздеген жетудің алғы шарттарын жасайды.
Банктік өнім - бұл клиенттерге қызмет көрсету үшін және операцияларын жүргізу үшін банкпен шығарылатын нақты банктік құжат (немесе күәлік) . Бұл чек, вексель, банктік пайыз, депозит, белгілі бір сертификат (жинақ, депозиттік), банктік пластикалық карточкалар және т. б. болу мүмкін.
Банктік өнім мен банктік қызметтің ұқсастығы - клиенттердің қажеттіліктерін қанағаттадыруға және пайданың алуына мүмкіндігін туғызуына бағытталатындығында байқалады. Мәселен, депозит бойынша банктік пайыз - бұл банктік өнім, ал оның тұрақты төленуі -банктік қызмет. Яғни, екеуі де клиенттердің қажеттілігін қанағаттандырады және пайда әкеледі.
Банктік шот ашу - бұл өнім, ал шот бойынша қызмет көрсету- бұл қызмет, бірақ бұл жерде өнім де, қызмет те банктің табысын, комисионды түрде алуы қарастырады.
Сөйтіп, жоғарыда көрсетілгенді қорыта келе, біз банктік қызметке толық және ашық анықтамасын бере аламыз:
Банктік қызмет дегеніміз - пайда алуға бағытталған банктік операцияны жүргізу кезінде бос ақшалай қаражаттарды тарту үшін және клиенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін оптималды жағдайларды құрудағы банктің кешенді қызметі.
Жалпы банктік қызметтердің тізімі өте кең және үлкен, әрбір нақты жағдайда ол коммерциялық банктің функцияларымен, ресурстық мүмкіндіктермен және клиенттік қажеттіліктерімен анықталады. Бірақ әр түрлі банктік қызметтерді көрсету әрбір банктің қолынан келмейді, өйткені көп жағдайда бұл тиімсіз болып шығады. Банктік қызметтердің бүкіл спектрін көрсету үшін “Банковский менеджмент” еңбегінің авторы Питер С. Роуздың ұсынған схемасын қолдануға болады [7, 125б. ] .
Банк операцияларын жүзеге асыру, сондай-ақ банктердің “Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы” заңының 30 - бабында белгіленген өзге де операцияларды жүргізу - банктік қызметі болып табылады [8] .
Банк операцияларына мыналар жатады:
а) заңды тұлғалардың депозиттерін, банк шоттарын ашуды және жүргізуді қабылдау;
б) жеке тұлғалардың депозиттерін, банк шоттарын ашуды және жүргізуді қабылдау;
в) банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік есеп шоттрын ашу және жүргізу;
в-1) осы адамның иелігіндегі тазартылған бағалы металлдардың нақты саны көрініс табатын жеке және заңды тұлғалардың металл шоттарын ашу және жүргізу;
г) кассалық операциялар:банкноттар мен мәнеттерді қабылдау, беру, қайта есептеу, ұсату, айырбастау, сұрыптау, қаптап буу және сақтау;
д) аудару операциялары: жеке және заңды тұлғалардың ақшасын аудару жөніндегі тапсырмаларын туралы;
е) есептеу операциялары: жеке және заңды тұлғалардың вексельдері мен өзге де қарыз міндеттемелерін есепке алу (дисконт) ;
ж) заем операциялары: төлем, мерзім, қайтарым талаптарына сәйкес ақшалай түрде несие беру;
з) жеке және заңды тұлғалардың, оның ішінде корреспондент банктердің тапсырмасымен олардың банктік шоттары бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру;
и) сенім (трасталық) операциялары: сенім білдірілген адамның мүддесі үшін және соның тапсыруымен ақшаны, тазартылған бағалы металлдарды және құнды қағаздарды басқару;
к) клиринг операциялары: төлемдерді жинау, салыстыру, сорттау және растау, сондай - ақ олардың өзара төлемдер өтуін жүзеге асыру және клирингке қатысушылардың таза көзқарасын айқындау;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz