Игданит аммиак селитрасы мен дизель отынынан дайындалатын қарапайым жарылғыш зат


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   

Тұжырым

Дипломдық жұмыстың тақырыбы: «Игданиттің физикалық тұрақтылығын жоғарлатуды зерттеу». Бұл дипломдық жұмыста игданиттің құрамындағы дизель отынының мөлшерін түйіршік бойында қалыпты сақталу жолдары қарастырылған. Осы мақсатта 94, 5% аммиак селитрасынан және 5, 5% дизель отынынан тұратын игданит құрамындағы аммиак селитрсының 4% мөлшерін ұнтақ түрдегі аммиак селитрасымен алмастырылды.

Дипломдық жұмыста тақырып бойынша ашылған жаңалықтар аналитикалық шолу ретінде көрсетілген, сондай-ақ шикізатпен өнімге сипаттама беріліген. Қоршаған ортаға зиянды әсері есеп түрінде көрсетілген, алдын-ала зиянсыздандыру іс-шаралары жазылған. Тіршілік қауіпсіздігі жөнінде және экономикалық есептеулер көрсетілген.

Бұл дипломдық жұмыс ___ беттен, ___кестеден және ___ суреттен тұрады.

Мазмұны

Кіріспе . . .

1 Ғылыми зерттеу бөлімі

1. 1 Аналитикалық шолу. Патентті ізденістер . . .

1. 2 Жұмыстың мақсаты мен міндеті . . .

2 Тәжірибелік бөлім

2. 1 Өнімге және шикізатқа сипаттама . . .

2. 2 Тәжірибе жүргізу әдісі, қондырғы сипаттамасы . . .

2. 3 Талдау әдістері . . .

2. 4 Тәжірибе нәтижелері және оларды талқылау . . .

2. 5 Технологиялық сызбаны ұсыну . . .

2. 6 Технологиялық есептер . . .

3 Тіршілік қауіпсіздігі . . .

4 Қоршаған ортаны қорғау . . .

5 Зерттеу нәтижелерін технико-экономикалық (эколого-экономикалық) бағалау . . .

Қорытындылар мен тұжырымдар . . .

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .


Нормативтік белгілер

ӘН ОҚМУ 7. 15. 2008 Дипломдық жобаны ұйымдастыру (Дипломдық жұмыс) .

МЕСТ 2 - 85 (аммиакты) селитра

МЕСТ 2874 - 82 бойынша ауыз су немесе көрінбейтін механикалық

қосындылар рН - 6, 5 - 7, 0 мен өрт сөндіру

үшін шаруашылықта қолданылатын су.

МЕСТ 1805 - 76 бойынша дизель отыны.

МЕСТ 2 - 75 - түйіршікті селитра

МЕСТ 4461 - 48 - төмен шоғырлы азот қышқылы (47-56% )

МЕСТ 6221 - 62 - аммиак

МЕСТ 305 - 73 - Л маркалы дизель отыны

Анықтамалар

Жарылғыш заттар - дегеніміз сыртқы импульс әсерінен (қыздыру, соғу, үйкеліс) жарылып, қирату құбылысын тудырып, өте көп жылу, ыстық қызған газ бөле жүретін химиялық қосылыстар немесе қоспалар.

Жарылыс - жарылғыш заттағы потенциалдық энергияның тез бөлінуі. Жарылыс кезінде энергияның жоғары жылдамдықпен бөлінуі нәтижесінде өте жоғары қуаттылық дамиды.

Оттекті баланс - дегеніміз жарылғыш заттың жанғыш элементтерін толығымен тотықтыруға кететін оттегінің артық немесе жеткіліксіз мөлшері.

Белгілер мен қысқартулар

ОБ - оттегі балансы

АС - аммиак селитрасы

ТАС - түйіршіктелген аммиак селитрасы

ДО - дизель отыны

т. с. с. - тағыда сол сияқты

т. б. - тағыда басқа

ЖЗ- жарылғыш зат

БЖЗ- бризантты жарылғыш заттар

ИЖЗ- иницирлеуші жарылғыш заттар

КД- капсюль детанатор

АҚШ-Америка құрама штаттары

ТМД- Тәуелсіз мемлекеттер достастығы

Кіріспе

Жарылғыш заттар (ЖЗ) халық шаруашылығының әр түрлі салаларында жоғары концентратты және үнемді қуат көзі ретінде кең пайдаланылады. Түрлі түсті және қара темір (металдар) кендерінің 90% пайызыға жуығын жару әдісімен табады. Жаппай жару әдістері кен орындарын көмір қазбаларын және басқа да пайдалы қазбалар кендерін ашуда, мұнай және газ құбырларын жүргізуде, шахталы жолдар мен әр түрлі жол салуда пайдаланылады.

Сонымен қатар жарылғаш заттардың жару тәсілдерін пайдалана отырып машина жасаумен металлургиядағы металдарды өңдеудегі жарылғыш тәсілдерді пайдалануда, мұнай скважиналарын перфорациялауда, жергілікті орынды тазалау мен тегістеу үшін, жер қатпарын нығыздауда және басқа техникалық қажеттіліктер үшін қолданылады.

Жарылғыш заттар жарылғанда пайда болатын энергияны пайдалану және оны басқару жолдары әрі қарай зерттеліп іздестірілуде. Бұл қолданылатын жарылғыш зат ассортименті мен олардың технологиясын жетілдіруді талап етеді.

Қазақстанда пайдалы қазбалар қоры жағынан алдыңғы қатарлы елдердің бірі, сондықтан да тау - кен өнер кәсібі жоғары дамығын.

Құрылыс және химиялық шикізаттарды, құрамында түрлі - түсті, қара, алтын қоспасы бар кендерді жару үшін жарылғыш заттарды пайдалану едәуір шығынды талап етеді.

Қазақстандағы жару жұмыстарында қарапайым жарылғыш заттардан мына гранулиттер жиі қолданылады: игданит, М, С-2, АС-4, АС-8, АС-4В, АС-8В сияқты гранулиттер.

Қарапайым жарылғыш заттардың компоненттері арзан әрі анау айтқан тапшы емес, оның үстіне олар басқа жарылғыш заттарға қарағанда анағұрлым қауіпсіз болып келеді, себебі механикалық әсерлерге сезімталдығы төменірек.

Мұндай қарапайым жарылғыш заттардың қоспасын жасау технологиясы мейлінше қарапайым. Технологияның негізі - қатты және сұйық фазаларды құрылымы жағынан қарапайым қалақшалы механизмдер көмегімен араластырудан тұрады.

Бұл қосындылар құрамына енетін компоненттер арзан, жұмсалатын өндірістік шығындар азырақ болатындығына байланысты және қаттылығы орташа тау жыныстарын жаруға қолданатындықтан, жарылғыш заттардың ең тиімді түрлері болып есептеледі және көп қолданысқа ие.

Жарылғыш заттардың қазіргі кезде кең тараған түрлері - ол қарапайым түйіршікті жарылғыш қоспалар. Қарапайым түйіршікті жарылғыш заттарды қолдану жалпы өндірісте қолданатын жырылғыш заттардың 60 % құрайды.

Қарапайым жарылғыш заттардың ішінен көп қолданылатын түрі игданит болып табылады. Игданит аммиак селитрасы мен дизель отынынан дайындалатын қарапайым жарылғыш зат. Игданит физикалық тұрақсыз, құрамындағы дизель отынының ағымды болуына байланысты жару жұмыстарын жүргізу кезінде жару жұмысының басында дайындалады.


1 Ғылыми зерттеу бөлімі

1. 1 Аналитикалық шолу (Патентті ізденістер)

Қарапайым жарылғыш заттарға аммиак селитрасы (АС) негізінде жасалған құрамында сұйық немесе жылдам балқығыш мұнай өнімдері бар түйірленген селитра қоспаларын жатқызады. Олардың қарапайым деп аталу себебі - олардың құрамында нитроқосылыстар жоқ болғандықтан.

Аталған типтегі жарылғыш затымызды ағылшын транскрипциясында АN- ҒО индексімен (аммоний нитраты - жанғыш май) белгіленеді, орысшасында АС - ДТ (амиак селитрасы - дизельдік отын) . Алайда бұл жарылғыш заттардың өзіндік атаулары да бар: ТМД елдерінде игданит, гранулиттер және құрамында суы бар жарылғыш заттар, Канадада амекс, Гермиянада амонекс, АҚШ-та нилит және аустерлит тағы басқа сол сияқты. Олар бір бірінен селитра сорты мен сұйық жанғыш майына қарай айырмасы болуы мүмкін. Кейбір қарапайым жарылғыш заттардың құрамында жанғыш сұйықтармен қатар металл ұнтақтары мен қатты отындар да болуы мүмкін.

Игданит - қарапайым жырылғыш заттың бірі болып табылады, өйткені аммиакселитрасы мен дизельдік отынның қоспасы болып табылады.

Игданиттің кеңінен тараған түрлері оттегі балансы нөлге теңестірілген жарылғыш қоспалар. Жер асты жүмыстары үшін аммиак селитрасы мен дизельдік отынның ара қатынасы 94, 5 % / 5, 5 % ; ашық жұмыстар үшін 94 % / 6 %. Ара қатынастары кей жағдайларда өзгеруі мүмкін (дизельдік отын 2 - 7 %) .

Игданит қолданылатын жерде арнайы дайындалған механикалық араластырғыштарда механикалық түрде араластырылып жасалады да, сол мезетте дайын болған игданитті механикаландырылған түрде скважиналарға салады да жару жұмыстарын жүргізеді.

Аммиак селитрасының дизельдік отын немесе соляр майына батырған шақта қаншалықты мөлшерін селитра түйірлері барынша көп сіңіре алатындығына қарай бағаланады. Аммиак селитрасының өз бойында ұстап тұра алатын қасиеті оның сіңіру қасиетінен шамамен екі есе аз.

А және Б маркадағы түйірлі аимиак селитрасында жасалған игданит тұрақсыз келеді, сол себепті дайындалған шақта жылдам қолданылуы, яғни жарылуы қажет.

Зауыттық әдіспен кеуекті П маркадағы аммиак селитрасында жасалынған игданит өз қасиеттерін ұзақ уақыт сақталған жағдайда да жоя қоймайтыны анық.

Игданит суға төзімді емес жарылғыш зат, өйткені құрамындағы аммиак селитрасының гигроскопиялығы жоғары, сондықтан тек құрғақ кендерде ғана қолдануға жарайды.

Игданиттің сезімталдық және детонациялық қасиеті ылғанданған жағдайда төмендейді, (8 % - 10 %) дейін ылғанданған жағдайда ол өзінің детонациялық қасиетін толығымен дерлік жояды.

Игданит физикалық тұрақсыз болу себепті құрамындағы дизель отынының орнына басқа да жанғыш компанент ретінде органобетонит қолдануын Вахотин А. А. мен Демоченко Н. Г. атты зерттеушілер ұсынған [2] .

Жер асты жағдайында шпурлік жарылыстар жасағанда игданитті мейлінше құрғақ (ылғалдығы 0, 5 % аспайтын), ылғалдығы 0, 5 - 1, 5 % игданит үшін шағын аралық детонатор қажет; шпурлік зарядтар үшін аммонит патроны жетіп жатса, скважиналық зарядтар үшін салмағы 150-200 г. тротил шашкасы қажет.

Игданит өндірісінде өндірістік жолмен шығарылған гранулды немесе қабыршақты кез - келген маркалы аммиак селитрасын қолдануға болады, алайда жоғарғы сапалы игданитті тек ЖВ маркалы суға төзімді селитрамен ғана алуға болады, өйткені бұл маркадағы аммиак селитрасының гигроскопиялығы төмен.

Игданиттің физикалық тұрақтылығын арттырудың бірнеше әдістері жайлы қарастырылған. Игданит - ол қарапайым жарылғыш зат, құрамында басқша нитроқосылыстар жоқ. Түйіршіктелген аммиак селитрасы мен мұнайдың сұйық өнімі қоспасынан жасалады, мұнайдың сұйық өнімі ретінде дизель отынын қолданды.

Сонымен келе бұл екі компоненттің қоспасынан жасалған жарылғыш затымыз арзан болуы тиіс, себебі бұл жарылғыш затымызды көптеген ауыл шарушылығы және де басқа да өндірістерде жару жұмыстарын жүргізу үшін қарқынды түрде қолданысқа ие болған. Бұл жарылғыш затымызды жасаған кезде тек жару жұмыстарының басында жасау мүмкіншілігі бар, өйткені физикалық тұрақсыз. Игданитті жасау кезінде айтарлықтай қауіп қатердің болмауында, себебі қолданып жатқан компанентіміздің соққыға деген сезімталдығы төмен болуында. Сондықтан шпурлар мен скважиналарды зарядтау кезінде механикалық түрде жүргізеді. Осындай қоспа жарылғыш затты қолданған қандай тиімді, әрі арзан және айтарлықтай тапшы емес.

Бірақ игданиттің де өзіне тән бір кемшіліктері бар:

1) Қатты пародалы жер қыртысы кездескен жағдайларда жару күші әлсіз болғандықтан, оны тек қана жұмсақ және орташа жер қыртыстарын жаруға ғана қолданады.

2) Аммиак селитрасының гигроскопиялығы жоғары, ылғалданған селитра өзінің жарылғыштық қасиетін айтарлықтай жоғалтады және өзінің бойында дизель отынын ұзақ уақыт бойы ұстап тұра алмайды. Сол себептен игданитті сулы аймақтарда жару жұмыстарын өткізу үшін қолдануға болмайды, өйткені суда еруі жақсы.

3) Дизель отыны сұйық болғандықтан ол аммиак селитрасымен араласқаннан соң уақыттың өтуіне қарай дизель отыны төменгі жағына қарай ағып кетеді. Аммиак селитрасы өзінің бойында 2, 5 % - 3 % ғана дизель отынын ұстап қала алады.

Игданиттің физикалық тұрақтылығы төмен сол себептен дайындаған жағдайда жару жұмыстарына қолдану керек. Тұрақтылығын жоғарлату үшін мұнай өнімінің тұтқырлығын көтеру керек немесе біраз бөлігін қатты жанғыш копаненттермен ауыстыру керек. Сол себептен бұл дипломдық жұмыста аммиак селитрасы мен дизель отыны өнімдеріне қосымша селитраның біраз мөлшерін ұнтақ түрінде қолданылуы ұсынылды. Ұнтақ ретінде басқа да жанғыш компаенттерді металдың (алюминий), ағаштың ұнын және көмірдің ұнтағын қолдануға болады. Осы кезде аммиак селитрасы (АС) - дизель отыны (ДО) типтегі қарапайым жарылғыш зат гранулиттер деп аталатын қоспа жарылғыш заттар алынады. Бұл гранулиттер зауыт жағдайында жасалады.

Қазақстанда жару жұмыстарына мына гранулиттер жиі қолданылады: М, С-2, АС-4, АС-8, АС-4В, АС-8В сияқты гранулиттер.

Қарапайым жарылғыш заттардың компоненттері арзан әрі анау айтқан тапшы емес, оның үстіне олар басқа жарылғыш заттарға қарағанда анағұрлым қауіпсіз болып келеді, себебі механикалық әсерлерге сезімталдығы төменірек.

Мұндай қарапайым жарылғыш заттардың қоспасын жасау технологиясы мейлінше қарапайым. Технологияның негізі - қатты және сұйық фазаларды құрылымы жағынан қарапайым қалақшалы механизмдер көмегімен араластырудан тұрады.

Бұл қосындылар құрамына енетін компоненттер арзан, жұмсалатын өндірістік шығындар азырақ болатындығына байланысты және қаттылығы орташа тау жыныстарын жаруға қолданатындықтан, жарылғыш заттардыңдың ең тиімді түрлері болып есептеледі және көп қолданысқа ие.

Жарылғыш заттардың қазіргі кезде кең тараған түрлері - ол қарапайым түйіршікті жарылғыш қоспалар. Қарапайым түйіршікті жарылғыш заттарды қолдану жалпы өндірісте қолданатын жырылғыш заттардың 60 % құрайды. (Америка Құрама Штаттарында 1980 жылы 85 % болған) .

АС - ДО қоспаларының кемшілігі:

1. Қоспалар ылғалға төзімділігі нашар. Судың әсерінен құрамында ылғалдылық мөлшері 5% - асып кетсе детонациялық қасиетінен айрылады, сол себепті олардың кей түрлерін сулы кендерде пайдалануға болмайды.

2. Қоспалар физикалық тұрғыдан қарағанда онша төзімді емес. Зарядтау биіктігі жоғары болған жағдайларда сұйық фазалар зарядтың төменгі қабатына ауысып, ағып кетуі мүмкін.

3. Қатты немесе өте қатты тау жыныстары үшін бұл жарылғыш заттардың детонациялық параметрі (детонациялық қысымы) жеткіліксіз болып келеді ( игданит, М, Д-5 және С -2 гранулиттері) .

Қарапайым жарылғыш заттардың суға төзімділігін арттыру мақсатында оларға сұйық отын орнына балқу температурасы төмендеу, қатты мұнай өнімдерін қосады, (АС - 4В, АС - 8В) типті гранулиттер. Олар гидрофобты қасиеті бар заттар болып табылады (парафин, воск), сол себепті сулы аймқтарда қолданады.

Бұл заттар селитра түйірлері еріп кетуден сақтағанымен (қабықша), түйірлер арасындағы кеңістікке толып қалатын су жарылғыш заттарды қатты флегматтайды, сондықтан жарылыш заттардың толық жарылмай немесе тіптен жарылмай қалуы мүмкін.

АС - ДО қоспаларының тұрақтылығын арттыру мақсатында кеуектілігі жоғары селитра пайдаланылады. Оның дизельді отынға қарағанда тұтқырлығы жоғары минералды соляр, индустриялық т. б. майларды қосу арқылы, сондай - ақ беткі бөліктерін аздап опалап, ұнтақ сеуіп, сұйық отынмен майлап, жұқа дисперсті қатты отын материалдарымен, алюминий пудрасымен, ағаш ұнымен, тағы да басқа сол сияқты жолдармен де тұрақтылықты арттыруға болатынын Кантор В. Х., Потапов А. Г. ұсынды (АС - 4 гранулиті және АС - 8, С - 2) [1] .

Аммиак селитрасы түйірлерінің сіңіргіштік (тұтқырлық) қасиеті олардың кеуектілігіне байланысты болады.

Аммиак селитрасының ылғалдылығы төмен болған сайын, солғұрлым жанғыш сұйықтықты сіңіруі көбірек болады.

Егер аммиак селитрасы сіңірген сұйық отынның мөлшері аз болса, онда нөлдік балансты қамтамасыз ету үшін жарылғыш заттардың құрамына қосымша қатты отын қосылады: мысалыға ағаш ұны, көмір ұнтағы, сажа тағы басқа сол сияқты.

Қатты жанғыш отын кеуекті және аз гигроскопияланатын болуы тиіс, себебі аммиак селитрасы туйірлері ұстап қала алмаған мұнайдың сүйық отынының мөлшерін өзіне сіңіріп түйіршік бойына біркелкі қабыршақтанып ылғалдылықты ұстап тұруы тиіс [3] .

Қарапайым жарылғыш заттардың энергетикалық қуатын арттыру мақсатында олардың құрамына алюминий (АІ) ұнтағын немесе пудрасын 4 - 8 % мөлшерде (АС - 4 және АС - 8 маркалы гранулиті), сүйық отын мөлшері нөлдік оттектік балансқа жеткенінше қосады, соның салдарынан жарылыс жылуы 20 - 40 % артады.

Игданит жарылыс жүргізілетін жерде жасалынады, гранулиттер (М, С - 2, АС - 4, АС - 8, АС - 4В және АС - 8В сияқты гранулиттері) - арнайы зауыттарда жасалынады.

Гранулиттер - зауыт жағдайында жасалатын аммиак селитрасы мен дизель отыны типіндегі түйірленген жарылғыш заттар болып табылады.

Өндірістік жолмен шығарылатын селитраның сіңіргіштік қасиеті төмен болатындықтан, гранулиттер құрамына 3 - 3, 5 % артық сұйық мұнай өнімін қосуға болмайды. Сондықтан дизельді отынның орнына орташа тұтқыр, арзан индустриялық майлар қолданылады. Гранулиттер құрамына сондай-ақ жұқа дисперсті опалағыш материалдар қосылады. Негзінен гранулиттер суға төзімсіз болып келеді.

М - гранулиті кеуекті селитрада жасалып, жанғыш отын ретінде құрамында соляр майы болады. Түйірлер сарғыш түсті, қолға барынша құрғақ болып білінеді. Физикалық тұрғыдан тұрақты, ұзақ мерзім бойына сақтауға болады, сусып тұрады әрі тасымалдауға ыңғайлы. Пневматикалық зарядталу жағдайында электрленбейді, шаңданбайды, механикалык әсерлерге сезімталдығы төмен болғандықтан, қолданыста қаупсіз болып табылады.

М - гранулитін кеуекті селитрада жасайтын болғандықтан, біркелкі сіңіргіш мұнай майын жақсы ұстай алатындықтан оның детонациялык қасиеті жоғары. Детонациялық жылдамдығы (шпурларда 2800 - 3000 м/с ал, скважиаларда 3200 - 3400 м/с), зарядтау тығыздығы 1 г/см 3 кезінде тұрақты детонацияланады.

М - гранулиті ашық жерасты жұмыстарына арналған қарапайым жарылғыш зат. М - гранулиті аралық детонаторлардан детонаттайды: тротилды шашкалар ашық жұмыстарда және жер асты жұмыстарында № 6 ЖВ аммонит патроны қолданылады. Рұқсат етілетін гранулит ылғалдылығы 5 % аспауы тиіс, шпурлы зарядтар үшін және скважиналық зарядтар үшін 8 % - аспауы тиіс.

С - 2, АС - 4, АС - 8 гранулиттері, М - гранулиттеріне қарағанда кеуектілігі төмен аммиак селитрасында жасалады. Отын ретінде бұл гранулиттерде индустриалық майлар қолданылады.

С - 2 қоспасы құрамының тұрақтылығына сақтау кезінде селитра ұсақ түйірлер ағаш ұнымен опалау арқылы қол жеткізіледі. Ол сондай-ақ селитраның сіңіргіштік қасиетін арттырады.

АС - 4 және АС - 8 гранулиттерінде қоспаға алюминий опасы қосылады (металлдандырылған жарылғыш зат) .

АС - 4 гранулитін мықтылығы орташа тау жыныстарын жаруға пайдаланады.

АС - 8 гранулиті өзінің энергетикалық сипаты бойынша мықты патронды жарылғыш затқа тең келеді және жартастарды жару жұмыстарында нәтижелі болып келеді. Гранулиттердің құрамы 1 кестеде көрсетілген.

1 - кесте.

АС негізіндегі карапайым түйірлі ЖЗ түрлері.

Компоненттер атауы: Компоненттер атауы
Норма%: Норма%
Компоненттер атауы: АС-8
Норма%: АС-4
С-2
М
Компоненттер атауы: А маркалы АС селитрасы
Норма%: 89±1, 5
91, 8±1, 5
92, 8±1, 5
_
Компоненттер атауы: Кеуікті АС
Норма%: _
_
_
94, 5±1, 0
Компоненттер атауы: АL пудрасы
Норма%: 8±0, 8
4±0, 3
-
-
Компоненттер атауы: Ағаш ұны
Норма%: -
-
3±0, 5
-
Компоненттер атауы:

Приборлар майы немесе соляр майы

Норма%: -
-
-
5, 5±0, 5
Компоненттер атауы: Индустриялық май
Норма%: 3, 5±0, 5
4, 2±0, 5
4, 2±0, 5
-

АС - 4в және АС - 8в гранулиттері - органикалық отыны ретінде құрамында тез балқығыш мұнай өнімдері болады (парафин, воск) . Гидрофобты мұнай өнімінің әсерінен түйілердің қабықшамен қапталуына байланысты шпурдегі зарядпен скважинадағы зарядтар ақпайтын суда 2 - 4 сағатқа дейін өзінің жарылғыштық қасиетін жоғалтпай төзе алады.

Қарапайым түйіршіктелген жарылғыш заттарды дайындау.

М және АС - 4, АС - 8 гранулиттері автоматтандырылған зауыттық технологиялық ағымда жасалады. Компоненттері барабанды қалақшалы араластырғыштарда араластырылады.

АС - 4В жѕне АС - 8В маркалы суға төзімді гранулиттерді жасауға “ыстықтай араластыру” деп аталатын технология қолданылады, онда селитра түйірлері балқыған гидрофобты воск тәрізді қоспамен қапталады да, жұқа дисперсті алюминиймен опаланады.

1. 2 Жұмыстың мақсаты мен міндеті

Бұл дипломдық жұмыстағы басты тапсырма «Игданиттің физикалық тұрақтылығын жоғарлатуды зеттеу» болып табылады. Ізденуге қойылған басты тапсырманы шешу үшін, келесі тапсырмаларды орындау қажет.

  • тақырып бойынша аналитикалық шолу және патенттік ізденістер жасау.
  • мақсаты және бастапқы заттардың (шикізаттардың) сипаттамаларын беру.
  • экспериментті жүргізудің әдістемелігін таңдау, қондырғының сызбасын жасау.
  • таңдалған әдіс бойынша алынған жарылғыш затқа атлдаулар жүргізу.
  • эксперимент нәтижесі және оны талқылау: алынған мәліметтер бойынша өндірістік жарылғыш затты алу технологиясын жасау және алынған мәліметтерді қарастыру және эксперименттік бөлімде шешім қабылдау.
  • үрдістің технологиялық үлгісін жасау.
  • технологиялық есептеулер келтіру.
  • ұсынылған жарылғыш қоспа бойынша қауіпсіздік іс-шараларын қарастыру.
  • ұсынылған жарылғыш зат өндірісінің қошаған ортаға зиянды әсері және онымен іс-шаралар жүргізу.
  • ұсынылған жарылғыш заттың технико-экономикалық бағалануын қарастыру.
  • нәтиже немесе қорытынды шығару.

2 Тәжірибелік бөлім

2. 1 Өнімге және шикізатқа сипаттама

Аммиак селитрасы

Аммоний нитраты NН 4 3 - түссіз кристалды зат. Тығыздығы 1690-1725 кг/м 3 , балқу температурасы 169, 6°С балқу жылуы 73, 21 кДж/кг, түзілу жылуы 365, 6 кДж/кг. Температурасына байланысты аммоний нитраты 5 түрлі кристалдар құрайды. Аммоний нитраты суда өте жақсы ериді, температураны ұлғайтқанда ерігіштік қасиеті артады. Ол гигроскопиялық қасиеті өте жоғары затқа жатады. Аммоний селитрасын әдетте құрамында 0, 2% су бар түйіршік түрінде өндіреді. Оның тұтыну қасиетін жоғарылату үшін әртүрлі қоспалар қосады. Мысалы: магний, кальций нитраттарын, аммоний сульфатын, күкірт қышқылы мен фосфор қышқылының қоспасын, азот қышқылымен ыдыратылған фосфорит немесе апатит ұнын, ерімейтін заттардың қоспалары- топырақты, талькті, доломитті, вермикулитті.

Селитраны тасымалдағанда және сақтағанда ылғалданбас үшін оларды тығыз су өткізбейтін ыдыстарға салады. Аммоний нитраты 110°С-тан ары қыздырғанда төмендегідей реакция бойынша ыдырайды:

4 3 → NН 3(г) + НNО 3(г) -174. 4 кДж

Температурасы 200°С-тан жоғары кезде.

4 3 → N 2 О + 2Н 2 О +36. 8 кДж

400°С-тан жоғары тездеп қыздырғанда

4 3 → N 2 + 2Н 2 О +0. 5О 2 + 118 кДж

Айырылу қопарылыспен жүреді.

Аммоний селитрасының бұл қасиеті (қопарғыштық), қопарғыш заттар дайындау үшін (аммониттер, аммоналдар) қолданылады. Аммоний селитрасының үлкен бөлігі азот тыңайтқыш ретінде немесе күрделі тыңайтқыштардың құрамында қолданылады.

Тыңайтқыштар ретінде қолданылатын аммоний селитрасы, МЕСТ- 2-85 98%-тен NН 4 3 кем емес жоғарғы сортты және 34% -тен кем емес бірінші сорты қолданылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аммиак - селитралы жарылғыш заттар
Ароматты қатары бар нитроқосылысты жарылғыш заттың (ЖЗ) көмір кенішіндегі метанға қауіпті аудандарының өртке қауіптілігін төмендету
Таза күйінде, аммиакты селитра әлсіз жарылғыш зат
Сақтандырғыш жарылғыш заттар
Мұнайды қайта өңдеу процестері арасында гидрогенизациялық каталитикалық процестердің үлесі
Азот қышқылын өндіру
Жарылыс және жарылғыш заттар түсінігі
Жылу көзі ретінде қолданылатын пиротехникалық құрамдар жасау
Бұрғылау және жару жұмыстары
Ауыспалы егісте тыңайтқыш қолдану жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz