Банк салымдарын міндетті сақтандыру жүйесінің негізгі міндеті - халықтың банктерде салымдар мен шоттарда орналасқан жинақ ақшасын қорғау


Мазмұны
Кіріспе
Жеке және заңды тұлғалардың уақытша еркін ақшалай қаражаттарын жұмылдыру және олардың капиталға айналу қызметін атқара отыра, банктер ақшалай кірістерді және салым түріндегі жинақ ақшаны шоғырландырады. Банктің ақшалай қаражатты пайда түсіру мақсатында салымға тарту жұмысы депозиттік операциялар деп аталады. Осы депозиттік операциялар негізінде коммерциялық банктің несие қорларының негізгі бөлігі және банктің депозиттік қоржыны қалыптасады.
Коммерциялық банк кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің, халық пен басқа банктердің қаражатын салымдар (депозиттер) түрінде тарту және оларға тиісті шоттарды ашу мүмкіндігіне ие. Банкпен тартылған қаражаттар құрамы бойынша әртүрлі. Оларды басты түрлері клиентурамен жұмыс кезінде банкпен тартылған қаражаттар (депозиттар), меншікті борышқорлық меншіктерді шығару жолымен шоғырландырылатын қаржаттар (депозиттік және жинақтау сертификаттары) болып табылады.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында барлық қызмет салаларында экономикалық қайта құру үрдісі болып жатыр. Әрине, негізгі бөлігін тартылған қаражаттар құрайтын коммерциялық банктердің қор негізін қалыптастыру үшін коммерциялық банктер осы қорларды басқару үшін әртүрлі құралдарды қолданады. Тартылған қаражаттарды басқару құралдары коммерциялық банктердің депозиттік саясатында көрсетіледі.
Әлемдік банк тәжірибесі көрсеткендей, коммерциялық банктердің қор негізінің құрылымы меншікті қаражаттардың аз ған үлесімен сипатталады, бұл делдалдық функцияларды орындауда тұжырымдалатын банк қызметінің өзіндік ерекшелігіне сәйкес келеді.
Коммерциялық банктер қолда бар меншікті және тартылған ақшалай қаражат көздерінің шегінде актив несие және басқа операцияларды жүзеге асыра алады. Демек, осы пассивтік операциялар активтің алдында жүреді және кіріс операцияларының көлемі мен аумағын анықтайды. Осыған байланысты қор әлуетін өсіру мен пассивтерді тиімді басқару арқылы оның тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері ерекше мәнге ие және көкейтесті.
Пайдалылықты арттыру, өтемпаздықты қолдау - көкейтесті міндеттер, оларға шетелмен қатар, қазақстандық коммерциялық банктер ерекше көңіл бөледі. Осы мәселені шешуге отанды және шетел авторларының көптеген еңбектері арналған: Г. С. Сейткасимов, С. Б. Макыш, Ж. Бекболатұлы, С. Каримжонов, О. И. Лаврушин, Ю. А. Бабичева, К. О. Гузов және басқалары.
Бұл операциялардың пассивтер жиынтығында қарастырылатынына қарамастан, коммерциялық банктің қор негізінің маңызды құрамдас бөлігі - депозиттік қоржынға жеткілікті көңіл бөлінбейді. Оның қалыптасу тәсілдері, қолданылатын әдістер мен құралдар депозиттер тұрақтылығының айтарлықтай артуын қамтамасыз етпейді, депозиттік қорларды басқару кезінде коммерциялық банктердің алдына қойылған бірқатар көкейтесті сұрақтарына жауап бермейді, сондықтан да бұдан ары пысықтауды және жетілдіруді талап етеді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты депозиттік операциялар аясындағы теориялық білімді жүйелеу, бекіту мен кеңейту және оларды коммерциялық банктердің депозиттік қоржынын қалыптастыру үрдісін жетлдіру үшін қолдану болып табылады.
Негізгі міндеттер төмендегіше анықталды, оларды тізбектік шешу алға қойған мақсатқа қол жеткізу үшін талап етіледі:
- депозиттік операциялардың мазмұны мен түрлерін, олардың құрылымын ашу және банк экономикасындағы рөлін анықтау;
- коммерциялық банктердің депозиттік саясатының негізгі ережелерін қарастыру;
- депозиттік қоржынды басқару әдістерінің бірі - салымдарды міндетті сақтандыру;
- «Цеснабанк» АҚ қызметтін сипаттау;
- «Цеснабанк» АҚ депозиттік қоржынының дамуын талдау;
- екінші деңгейлі банктердегі депозиттік қоржынды басқаруды жетілдіру жолдарын ұсыну.
Дипломдық зерттеу объектісі ретінде «Цеснабанк» АҚ қызметі алынды.
Дипломдық зерттеу мәні - екінші деңгейлі банктерде депозиттік қоржынды басқару.
Зерттеудің теориялық негізіне дипломдық жұмыста зерттейтін мәселелерді талдау мен шешуде елеулі үлес қосқан отандық және шетел ғалымдары мен мамандарының еңбектері арқау болды.
Зерттеудің әдіснамалық негізіне жалпы тану теориясы мен диалектикалық әдіс алынды, олардың көмегімен тартылған қаражаттардың мәні, түрлері және депозиттік қоржынды басқару анықталды. Жұмыста іргелі, қисындық және салыстырмалы талдау, жинақтау мен жүйелік әдіс, статистикалық талдау тәсілдері қолданылды.
Зерттеудің ақпараттық негізіне заңнамалық актілер, Ұлттық Банк Басқармасының, ҚР Қаржы нарықтары мен қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің нұсқаулықтары мен қаулылары, «Цеснабанк» АҚ есептемесі және басқа дерек көздері арқау болды.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы коммерциялық банктің депозиттік қоржынын қалыптастыру әдістері мен құралдарын жетілдіру ұсыныстарын өңдеуде тұжырымдалады.
Дипломдық жұмыстың практикалық маңыздылығы дипломдық жұмыста әзірленген ұсыныстар «Цеснабанк» АҚ-да банкті анағұрлым тұрақты қорлармен қамтамасыз ету мақсатында қолданылуы мүмкін.
1 Екінші деңгейлі банктердің депозиттік қоржынын басқарудың теориялық аспектілері
1. 1 Тартылған қаражаттар - банктің қаржы қорларының көзі: олардың құрылымы мен түрлері, банк экономикасындағы рөлі
Коммерциялық банктің қорларын әдетте, банк иелігіндегі және олардың активтік операцияларды жүзеге асыру үшін қолданылатын меншікті және тартылған қаражаттар жиынтығы ретінде анықтайды. Коммерциялық банктің меншікті қорларына ең алдымен, жарғылық және сақтық қорлар, банк пайдасынан пайда болған басқа қорлар, сақтандыру қорлары, сонымен қатар жыл ішінде бөлінбеген пайда жатады. Тартылған қорлар арасынан банк шоттарына тартылған кәсіпорындар мен ұйымдардың дәстүрлі әдістерін бөліп көрсетуге болады, салымдардағы халық арасынан бюджеттік қаражатты, несие, Ұлттық банктен және басқа несие мекемелерінен төлем алулар, борышқорлық құнды қағаздар шығарудан алынған қаражаттарды бөлір көрсетуге болады. Меншікті капитал - бұл банктің уақытша тартқан қарыздарынан айырмашылығы банкке тікелей қатысты қаражаттар.
Банк мекемесінің коммерциялық кәсіпорын түрлерінің бірі ретінде өзіндік айырмашылғы оның қысымға түсетін бөлігі меншікті емес, қарыз қаражаттан қалыптасадындығынан тұрады. Алайда, бөтен капиталдарды тарту үшін тиісті меншікті капитал болуы керек, өйткені несиегерлер мен салымшылар дағдарыс уақытында тек оған сенеді.
Банктің ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан оның жарғылық қоры толықтай салымдарға қатысушылар - заңды және жеке тұлғалар арқылы қалыптасады және оларды міндеттермен қамтамасыз ету қызметін атқарады. Ол тек банк қатысушыларының меншікті қаражаты есебінен ғана пайда болуы мүмкін. Тартылған ақшалай қаражаттар пайдаланылмайды. Банктің меншікті қаражаының маңызды қызметі - банк салымшалары алдында оның міндеттерімен қамтамасыз ету. Оларды өлшем ретінде қарастыруға болады, оның аясында банк өзінің міндеттері бойынша жауапкершілікке кепіл береді. Банк тәжірибесінде меншікті қаражаттар қорларды жоғалту арқылы шығындардың пайда болатынына қарамастан, банкке төлемқабілеттілігін сақтауға мүмкіндік беретін қорлар резерві болып саналады, өйткені меншікті қаражаттар акционерлерге қайтарылмайды. Банктегі меншікті қаражат мөлшері оның қызметінің ауқымын анықтайды.
Меншікті капитал шығындар туындаған және банктер банкротқа ұшыраған жағдайда салымшылар мен несиегерлерге өтемақы төлеуге, банк міндеттеріне сәйкес операция көлемі мен түрлерін қолдауға мүмкіндік береді. Банк қорлары құрамындағы меншікті капитал аз мөлшерді құрайды, шамамен 10 %. Дамыған нарықтық қатынастары бар елдердің банктерінде қорлар құрамындағы меншікті қаражат үлесі жоғары және 15-20 % анықталды, банктерді жұмыс істеу тұрақтылығымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Банк қорларының негізгі бөлігін тартылған қаражаттар қалыптастырады, олар автивтік банк операцияларын жүзеге асыру үшін ақшалай қаражатқа қажеттіліктің 90 % жабады.
Соңғы уақытқа дейін отандық банктерде ақшалай қаражатты тартуға қызығушылықтың болмағандығын атап өткен жөн, өйткені олардың активтік операциялар мөлшері шотқа тартылған қаражаттармен емес, несие салымдарының лимитімен анықталған еді. Қаражаттарды тартуға ынтаның болмауы мемлекеттің белгілі бір қаржы саясатымен байланысты. Екідеңгейлі банктік жүйеге көшу пассивтерді қалыптастыру мәселесін банктер жұмысындағы анағұрлым көкейтесті мәселелердің бірі ретінде көрсетті.
Коммерциялық банктердің тартылған қаражаттарын әртүрлі белгілер бойынша жіктеуге болады. Тиістілігіне байланысты олар заңды және жеке тұлғалар қаражаты деп бөлінеді. Мерзіміне байланысты олар талап етілгенге дейін және жедел болып бөлінеді. Шоттардағы қаражат, салымдар механизмдер көмегімен, құнды қағаздарды (вексельдер, облигациялар т. б. ) шығару жолымен тартылады. Олар валюта бойынша ұлттық және шетелдік валютада тартылады.
Банк қорларында жеке және заңды тұлғалардың салымдары мен депозиттері, заңды тұлғалардың есептік (ағындағы) және бюджеттік шоттарындағы қалдықтар, құнды қағаздар мен банаралық несиелер ерекше орын алады.
Коммерциялық банктің ақшалай қаражатының тарихи және дәстүрлі маңызды көзі депозит деп аталатын, банкке сақтауға қойылған және белгілі бір мерзімі аяқталған соң қайтаруға жататын ақшалай қаражаттар немесе құнды қағаздар болып табылады. Депозиттік қызметтер нарығындағы өспелі бәсекелестік жаңа чек депозиттері қызметінің туындауына жағдай жасады. Осылай, 80-жылдары банктерде NOW-шоттарды ашу тәжірибесі жаппай таралуға ие болды. Олар жинақтау және ағындағы шоттар құндылығына ие және осындай функцияларды атқарады. NOW-шот жинақтауға ұқсас пайыздық төлемдердің жоғары мөлшеріне ие, ал ағындағыға ұқсас шоттан қаражатты алу мүмкіндігін қарастыратын қолдану тәртібіне ие. NOW-шот бойынша пайыздық төлеу мөлшері шоттағы төмендетілмейтін несие қалдықтары сомасынан анықтайды. Пайыздар ай сайын есептеледі және соңғы айда клиент шотына жіберіледі. NOW шоты - бұл практикалық тұрғысынан талап етілгенге дейінгі депозит, ол бойынша пайыздар төленеді. Мұндай шоттар барлық елде 1981 жылдан бастап қол жетімді болды. Содан бері депозиттердің айтарлықтай қаражатын талап етілгенге дейін созып келеді. NOW шоттарына иелік ету құқығы тек жеке тұлғалар мен ұйымдарға берілген, олар өз алдарына пайда табу мақсаттарын қоймайды. Көптеген банктер чек санын шектейді, олар ақы төлеусіз жазылуы мүмкін. Сонымен қатар минимальді қалдықтар да белгіленеді, олардан төмен пайыздар төленбейді. Көптеген банктер пайыздық мөлшерлемелерді депозит мөлшеріне шақырады «байлайды», олар депозит мөлшері жоғары болған сайын жоғары бола түседі. Банктер мақсаты - жеке тұлғаларды ынталандыру және өзінің барлық депозиттерін бір іріге жинақтау. Отандық банктер тәжірибесінде бұл қызмет түрі - NOW-шоты мүлдем ұсынылмайды.
Дамыған елдердің банктері шоттардың анағұрлым кең түрін ұсынады. Солардың бірі - банктік емес мекемелермен клиенттер үшін мықты бәсекелестік. Көптеген американ банктері шоттардың әртүрлі төрт түрін ұсынады, олардың көмегімен келісімді жүзеге асыруға болады: талап етілгенге дейінгі депозиттер (DDA), келісілген алу тәртібі бар шоттар (NOW), СуперNOW, сонымен қатар ақша нарығының депозиттік шоттары (MMDA) .
Банктер депозиттерді жазуға рұқсат етілген чек сандары, шот ашуға талап етілетін ең кіші номинал және төленетін пайыз бойынша айырады. Барлық бұл шоттар Банктерде депозиттерді сақтандыру жөніндегі федералдық корпорацияларда әр шотқа 1 млн. 200 мың долларға дейін сақтандырылады.
СуперNOW шоты. Алғашқыда СуперNOW шоттары чектер жазып беретін мүмкіндігі бар, иелік етушіге шот бойынша орташа қалдық кем дегенде 2500 доллар болған жағдайда нарықтық мөлшерлеме бойынша пайыздарды алу құқығын беретін шоттар болды. Қазір NOW және СуперNOW шоттары қызмет атқару тұрғысынан баламалы.
Ақша нарығының депозиттік шоттары (ММDА) чектерді жазудың шектеулі мүмкіндігі бар жедел депозиттер болып саналады. Бұл шоттар NOW шоттарынан депозитшілер айына тек алты келісім, соның ішінде үшеуі чектерді қолдану арқылы жасай алатындығымен ерекшеленеді. ММDА шотының әр чегінің орташа мөлшері басқа есепттік шоттарға қарағанда едәуір жоғары. Банктер ММDА шоттарын әсіресе, тартымды деп есептейді, өйткені олар бойынша талап етілетін резервтер талап етілгенге дейінгі шоттар және NOW шоттары бойынша резервтік талаптардан айтарлықтай төмен. Өңделетін чектердің шектелген саны және резервтердің төмен деңгейі олардың іс жүзіндегі құнын қысқартады. Осылайша, ММDА қаражатын тарту үшін банктер анағұрлым жоғары пайыздарды төлейді.
Депозит чектерінің басқа түрі банктік вексель болып табылады, классикалық коммерциялық вексельдердің несие негізіне қарағанда депозиттік негіздегі банктік құнды қағаздар. Банктік вексельдерді ақша шығарушы-банк тек клиент белгілі бір ақшалай қаражат сомасын депозиттеу негізінде береді және оларды қайта кеміту - индоссамент мүмкіндігін қарастырады.
Халықтың жинақтау салымдары - азаматтардың (жеке тұлғалардың) банк шоттарында уақытша сақталатын ақшалай қаражаттары. Банкте ақшалай қаражаттарды сақтау мерзімдері мен шарттары осы салым түрі бойынша шоттар ашу кезінде клиент пен банк арасындағы шарттық келісіммен белгіленеді. Отандық тәжірибеде халықтың жинақтау салымдары салым операцияларының мерзімдері мен шарттарына байланысты төмендегідей болуы мүмкін:
- жедел;
- қосымша жарналары бар жедел;
- салымдар бойынша ай сайынғы пайыздарды төлейтін жедел;
- ұтыстық;
- ақшалай-заттай ұтыстық;
- талап етушіге;
- нөмірлік;
- талап етілгенге дейін және басқалары.
Ұзақ уақыт бойы жедел салымдар халық арасында анағұрлым белгілі болды, өйткені тұрақты кірісті қамтамасыз етті. Бірақ 1992 жылдан бастап инфляцияға байланысты жедел салымды сақтау мерзімін бөлу қажеттілігі пайда болды, өйткені бір жылдан аса сақтау мерзімдері (бұрын қолданылған) клиенттер үшін пайдалы болмады, өйткені бұл уақыт ішінде ақша тез құнсызданып отырды.
Банк мекемесінің коммерциялық кәсіпорын түрлерінің бірі ретінде өзіндік айырмашылғы оның қысымға түсетін бөлігі меншікті емес, қарыз қаражаттан қалыптасадындығынан тұрады. Алайда, бөтен капиталдарды тарту үшін тиісті меншікті капитал болуы керек, өйткені несиегерлер мен салымшылар дағдарыс уақытында тек оған сенеді.
Жедел салымдар бойынша кіріс салым сомасы мен сақтау мерзіміне байланысты, пайыздық мөлшерлеме де дифференциялды. Осы салым бойынша қосымша салымдар қабылданбайды, жеке берулер жүргізілмейді. Салымды сақтау мерзімі аяқталысымен оны сол мерзімге ұзартуға болады. Ұзартуды салымшының келмеуінсіз-ақ автоматты түрде банк жүргізеді.
АҚШ-та да жедел салымдар бар. Олар қатал келісілген өтеу мерзімдеріне ие, 7 күннен бастап басқа қолайлы мерзімге дейін; мерзімінен бұрын алғаны үшін пайыздарды төмендету түрінде айыппұл салынады. Пайыздарды өтеуге орташа шығын мұндай салым бойынша жоғары, ал операциялық шығындар төмен (талап етілгенге дейінгі салымдармен салыстырғанда) .
Талап етілгенге дейінгі салым қолма-қол және қолма-қолсыз жолмен де ашылуы мүмкін. Қосымша жарналар қабылданады және салымнан жеке төлемдер жасалады. Бұл салымдардың көлемі тартылған қаражаттардың жалпы жиынына қарағанда онша үлкен емес. Бұл салымдар тұрақты емес және де банкке олар қаншалықты ұзақ жататындығын болжау қиын. Демек, банк тәуекелге бара отыра, салымшы жедел салымдар бойынша алатын пайыздан айтарлықтай төмен пайыздарды осы салым бойынша төлейді. Клиентке өзінің жинақтаған ақшасын талап етілгенге дейінгі салымдарға салу онша пайдалы емес, олар үшін анағұрлым тартымдысы жедел салымдар болып табылады.
Клиенттерге көрсетілетін депозиттік қызметтер аясын кеңейтуге ұмтыла отыра, банктер оларға талап етлігенге дейінгі салымға еңбекақыларын, зейнетақылар мен басқа да кірістерді аудару, банкке шоттан төлемдерді жүргізу (мысалы, коммуналдық қызмет көрсетулерді төлеу) үшін бірреттік және ұзақмерзімді тапсырысты жүзеге асыру және дүкендерде сатып алулар немесе әртүрлі қызметтерге қолма-қол ақша төлемеу үшін пластикалық карточкалар алу т. б. мүмкіндігін ұсынады.
Кірісті ай сайын төлейтін жедел салымдар. Ол қолма-қол ақшамен де, қолма-қолсыз жолмен де ашылуы мүмкін. Клиент өзінің қаражатын кез келген мерзімге орналастыра алады, соманы кем дегенде бір ай сақтау шартында оған қолайлы кез келген уақытта бастапқы және қосымша жарналар бойынша кірісті алуына болады.
Нөмірлік. Оның ерекшелігі, банк қызметкерлеріне шот иесінің есімі белгісіз, тек арнайы бекітілген, осы салым бойынша операциялар жасайтын жұмыскерге ғана белгілі болады.
АҚШ-тағы жинақтау салымдары салыстырмалы тұрғысынан арзан, өйткені клиенттерге чек жаздыртып алуына болады және оларға шот белсенділігі туралы ай сайын есеп жіберілмейді. Көптеген банктер есептен шығару санына шектеу енгізе отыра және ең кіші мөлшерлемелерге қатаң талаптар қоя отыра белсенділікті одан сайын тарылта түседі.
Жедел депозиттер - бұл қатаң келісілген өтеу мерзімі бар, мөлшері шектеулі ақшалай қаражат салымдары. АҚШ-та жедел депозиттердің сомасы 100 мың доллар шегінде белгіленген. Салым туралы куәлік салым мөлшері, сақтау мерзімі, пайыздық мөлшерлемесі және т. б. сияқты депозиттік шарт (келісім) ережелері көрсетілген депозиттік сертификат болып табылады. Бұл - олардың жинақтау салымдарынан басты айырмашылығы. Депозиттік сертификат клиент үшін жедел салым және құнды қағаздар сипаттарын бір құжатқа біріктіреді. Осыған орай, салымшы салым бойынша кіріс алып қана қоймай, сонымен қатар ақшалай қаражат қажет болған жағдайда осы құнды қағазды оны өтеу мерзімі жеткенге дейін, алайда белгілі бір айыппұлды төлеумен ақша шығарушы-банкке сата алады. Депозиттік сертификат тек заңды тұлғаларға ғана беріледі. Жедел депозит бойынша мөлшерлеме мөлшер мен мерзімге байланысты. Банктер жедел депозиттерді тартуға қызығушылық танытады, өйткені олар тұрақты және банктерге салымшылар қаражаттарын ұзақ уақыт бойы пайдалануға мүмкіндік береді.
Әлемдік банк ісі тәжірибесінде депозиттік сертификаттар кең таралды. Ұлыбританияда, Германияда, АҚШ-та, Жапонияда айналымдылық сертификаттарын шығару тәжірибеге алынды, олар тек ақша шығарушы-банкке ғана сатылмайды, сонымен қатар олардағы жазулар көмегімен депозиттік операциялардың басқа субъектілеріне қайта сатылуы мүмкін, сонымен бірге осылайша депозиттік сертификаттар нарығын жасай отыра сатылады.
Банк ісінің шетелдік тәжірибесінде әмбебап банктердің тартылған ресурстар базасы қысқамерзімді құнды қағаздар түрлерінің бірі болып табылатын депозиттік сертификаттар арқылы қалыптасады. Бұл жағдайда депозиттік сертификаттар едәуір жоғары номиналға ие, олардың айналым мерзімі бір айдан алты айға дейін құрайды. Олар әдетте, номиналдық құннан (дисконтты) шегеріммен сатылады. Сонымен қатар талап етушіге берілетін, екінші нарықта еркін айналысқа енетін, жоғары өтемпаздыққа ие, ақша қызметін олардың айналым жылдамдығы мен ауқымы үшін залалсыз төлем қаражаты ретінде толықтыратын депозиттік сертификаттар да кең таралды.
«Джамбо» - 100 мың доллар және одан жоғары құнды ірі депозиттік сертификаттар. Олар ірі банктермен шығарылады және компаниялар мен үкімет бөлімшелері сатып алады. Бұл - банктердің ең көп таралған ірі «ыстық ақшалары». Депозиттік сертификаттардың түрлері көп, олардың барлығы белгілі бір сипаттамаға ие.
Біріншіден, олар ең төмен өтеу мерзіміне ие - 7 күн. Анағұрлым ең жиі кездесетін өтеу мерзімі - 30 күннен 90 күнге дейін, бірақ нөлдік купонды депозиттік сертификаттардың соңғы шығарылғандары 10 жылға дейін өтеу мерзіміне ие.
Екіншіден, депозиттік сертификаттар бойынша пайыздық мөлшерлемелер жылға 360 күн негізінде белгіленеді. Ақша шығарушы-банк қаржылық қиыншылықтарға ұшыраған кезде оған қолданыстағы мөлшерлемелерге тұрақты мөлшерлемені төлеуге тура келеді және оның мөлшері 2-3% құрайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz