Балалардың ойлау әрекетін дамытуға ықпал ету


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ш. Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Математика сабақтарында мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігін арттыру жолдары.
5В010100- мамандығы бойынша - « Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу»
Орындаған Калауова Г. С.
Ғылыми жетекшісі
Аға оқытушы Алиаскарова С. М.
«Қорғауға жіберілді»
Кафедра меңгерушісі Мельникова Т. Н.
Көкшетау 2014
Мазмұны
Нормативтік сілтемелер . . . 3
Анықтамалар мен қысқартулар . . . 4
Кіріспе . . . 5
1. Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігін дамытудың ғылыми теориялық негіздері
- Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділік мәселесінің зерттелуі . . . 8
- Танымдық әрекет, танымдық белсенділік ұғымдарына сипаттама . . . 16
- Мектеп жасына дейінгі балаларға математика элементтерін оқыту ерекшеліктері . . . 23
2. Мектеп жасына дейінгі балалардың математика сабағында танымдық белсенділігін дамыту жолдары
- Мектеп жасына дейінгі балалардың математика пәні бойынша білімдерін меңгеру деңгейін диагностикалау . . . 34
- Мектеп жасына дейінгі балаларды санауға үйрету көмекші құралдар жасау және оларды пайдалану жолдары . . . 39
- Эксперименттік тәжірибе жұмысының нәтижелері . . . 51
Қорытынды . . . 73
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 76
Қосымша
Нормативтік сілтемелер
Бұл дипломдық жұмыста келесі стандарттарға, тұжырымдамаларға, бағдарламаларға сілтеме жасалған:
1. Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары. Негізгі ережелері. Алматы: РОНД, 2002.
2. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы ∕∕Егемен Қазақстан. - 2009 ж. ақпан.
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту. Негізгі ережелер. Астана: 2009.
Анықтамалар
Танымдық белсенділік деп балалардың жеке және жас ерекшеліктерін есепке ала отырып ұйымдастырылған таным үрдісінде пайда болатын, бекітілетін, дамитын жеке тұлғалық қасиет ретінде анықтауға болады.
Іс-әрекетке психологиялық сөздікте мынадай анықтама береді: «жеке адамдардың өзара әрекеттестігі белсенділік жүйесін ұйымдастырады, өндірістегі материалдық және рухани мәдениет нысандарын мақсатқа сәйкес бағыттайды » .
Қабылдау - сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстарын мида тұтастай, зат формасында бейнелеу.
Түйсік - айналадағы заттар мен құбылыстардың жеке қасиеттерін мида бейнелендіретін психикалық процесс.
Зейін - жан қуаттарының объектілердің біріне бағытталып, шоғырлануы.
Ес - адамның жиған-терген білімін, тәжірибесін сақтауды қамтамасыз ететін жан қуаты.
Ойлау - сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының бір-бірімен өзара байланыс, қатынастарын мида жалпылай және жанама сөз арқылы бейнелей алу.
Кіріспе
Зерттеу көкейтестілігі : Біздер жаңа XXІ ғасырда өмір сүре бастадық. Қазақта “Елу жылда ел жаңа”, - деген тұжырым бар десек, XXІ ғасыр да өзімен талай өзгерістерді, жаңалықтарды әкелуде. Осы тұрғыдан XXІ ғасыр жаһандану талаптарымен ерекшеленеді. Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауында - жаһандану кезеңі - адамзаттың біртұтас ақпарат және коммуникациялар кеңістігінде жан-жақты бірігуімен, бүкіл планетаның біртұтас экономикалық рынокқа айналуымен, жаһандық тіпті, “шекарасыз әлем” деген ұғыммен де байланыстырады. Әрине, жаһандану бір жылда бола қалған дүние емес. Қазақстан дамуының басты шарты - қоғам мүшелерінің білім деңгейінің артуына тікелей байланысты екенін атап, адамның өмір бойы білім алуына жағдай туғызуымыз керек және білімнің біртұтастығын сақтай отырып, жас ұрпақтың бойында өзіндік бағдарын айқындауға мүмкіндік беретін, табысты өмір сүруге жол ашатын құзырлылыққа жеткізетін кәсіби құзіреттіліктерді қалыптастыру қажет деп айтқан болатын (1) .
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына жолдауында еліміз дамуының жаңа кезеңінің келесі он жылға арналған бағыт-бағдарын айқындап берген болатын. Осыған орай бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, бойында ұлттық сана мен психология қалыптасқан парасатты азамат тәрбиелеп өсіру - отбасының, балабақшаның, барша халықтың міндеті. Замана алға қойған бұл міндеттерді өз мәнінде шешу үшін мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мазмұнын түбегейлі жаңарту көзделуде. Қазіргі өмірдің өзінен туындап отырған талаптарды орындау, жаңашылдыққа жаршы болу үзіліссіз тәрбие негізінің бастау бұлағы - мектепке дейінгі ұйымдардан басталғаны орынды. Бала тәрбиесі отбасынан бастау алады десек те, ғылымға негізделген әдіс-тәсілмен берілетін тәлім-тәрбие ісі көбінесе балабақшадан басталып, мектепте жан-жақты педагогикалық өрісін табады. Әсіресе балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады (2) .
Мектепке дейінгі білім беру тұлғаның негізі қаланатын үздіксіз білім беру жүйесіндегі алғашқы сатысы және ажырамас құрылымдық бөлігі. Осы ретте мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту қазіргі өзгеріп тұрған әлемде табысты бейімделуге қабілетті бала тұлғасының қалыптасуы мен дамуы үшін жағдайлар жасайды. Уақытында алынған мектепке дейінгі білімнің әр бала үшін де, еліміздің әл-ауқаты үшін де өмірлік маңызды мәні бар. (3) .
Мектепке дейінгі білім беру уақыты бала дамуының анағұрлым белсенді кезеңі болып табылады. Бұл кезеңде мектепке дейінгі жастағы балалардың ұлттық рухани-мәдени құндылықтар негізінде дене, жүйке психикалық, ой-өрісі сияқты өмірлік дағдылары қалыптасады. Бала дамуының сензитивтік кезеңі, психика өзінің екі даму кезеңінен өтетін аралықта баланы жан-жақты педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу маңызды. (4. 7-9б) .
Балабақша - бұл балдырғандардың ойын дамытуға, оқуға құлшынысын арттыруға, мінез-құлқын көпшілік ортада ұстай білуге, әдептілікке, имандылыққа, жоғары адамгершілікке баулитын, сөйтіп отбасымен қатар жасөспірімдердің қабілет-дарындарының дамып, жан-жақты жетілулеріне тікелей ықпал ететін әлеуметтік институт.
Балабақшада тәрбиеленуші тұлға бұл - балдырған, бүлдіршін. Балдырған - сәби жасынан асқан ойын дамытуға, білуге ұмтылған, мінез-құлқынан әдептілік, имандылық көріністері сүйсіндіретін бала, өсер ұрпақ. Балдырған шақта баланың қызығушылығы, әсерленгіштігі айрықша болады да, тәрбиені, білімді тез қабылдайды. Оқуға, ойнауға, ізденуге құмар болады, әдептілігі қалыптасады. Осыған қарай балдырған тәрбиесі балабақшадан терең әлеуметтік, рухани-моральдық тәрбие мен білім беруді талап етеді. (5. 5-6)
Мектепке дейінгі тәрбие мәселесіне пікір білдіріп, қоғамдық ойдың тамызығы болған алғашқы басылымдарға имене тұрып тұңғыш өлең-жырларын, көкейде жүрген арманды ойлары мен тілектерін ұсынған, оқыған алғашқы қарлығаштар - сауатты қазақ қыздары еді. Бұл қатарда: Н. Құлжанова, С. Есова, А. Оразбаева, Н. Арықова, М. Хакімжанов, М. Бегалиева, Ә. Кемелова, М. Шонанова, т. б атап айтуға болады. Мектепке дейінгі тәрбиенің негізін қалауда Н. Құлжанованың еңбегі ерекше, оның педагогикалық ойлы пікірлерінің медицина ілімімен сабақтасуы оның нағыз ғалымдылығын дәлелдейді. Оның «Мектептен бұрынғы тәрбие», «Баланың аурулары», «Баланың күтімі», т. б еңбектері бүгінгі күнде бала тәрбиесінде маңызын жойған жоқ.
Әлемдік білім кеңістігінде мектепке дейінгі педагогиканың мәселелерін шешуде тәрбиелеу мен білім берудің жаңаша жетілдірілген әдіс-тәсілдерін іздестіру, үнемі жаңалыққа жол ашу бағыттары қарастырылуда. Осы орайда Қазақстандағы мектепке дейінгі тәрбиені ғылыми-теориялық, педагогикалық, әдістемелік тұрғыдан негіздеуде Ыбырай Алтынсарин атындағы білім академиясы тарапынан ұзақ жылдар бойы ғылыми зерттеулер жүргізіліп келді. Оқытудың жаңа бағыттары мен технологиясын іздеу, тәжірибеге енгізу нәтижесінде әдістемелік жұмыстар жүйелене түсуде. Ең негізгі мәселе - педагогикалық ұжымның кәсіптік шеберлігін арттыру, әр тәрбиешінің шығармашылық дамуына жағдай туғызу, озат тәжірибені пайдалана білу, тәрбиелеу ісін демократияландыру. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік стандарттары мен оқу-әдістемелік кешендердің дайындалуы осының айғағы. (6. 10-15)
Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі ұлттық даму стратегиясымен тығыз байланысты мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылады. Бала - біздің болашағымыз. Олай болса, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту баланың ғана емес, еліміздің де жарқын болашағының кепілі.
Сондықтан, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың негізгі мақсаты - баланың жеке басының қалыптасуы мен жан-жақты дамуы болып отыр. Осыны негізге ала отырып, біз өзіміздің тақырыбымызды «Математика сабақтарында мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігін арттыру жолдары» деп алдық.
Зерттеудің мақсаты: Математика сабақтарында мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық процестерін дамыту жолдарын анықтау.
Зерттеудің міндеті:
- Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігін математика сабақтары арқылы арттырудың тиімді жолдарын анықтау;
- Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігін арттырудың тиімді әдіс-тәсілдерін балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, дұрыс пайдалану жолын табу;
- Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігін математика сабақтарында арттырудың тиімді әдіс-тәсілдерін дұрыс пайдалана білуді болашақ мамандарға ұсыну.
Зерттеудің объектісі: Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық процестерін математика сабақтарында оқыту үрдісі
Зерттеудің пәні: Мектеп жасына дейінгі жастағы балалардың танымдық процестерін дамыту жолдары.
Ғылыми болжам: Егер тәрбиеші математика сабақтарында мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық процестерін дамытудың әртүрлі жолдарын тиімді пайдалана білсе, онда бұл жастағы балалардың танымдық деңгейі арта түседі.
Ғылыми жаңалығы: математика - танымдық қызығушылықтың негізі болып табылатын ойлау процестерінің дамуында үлкен мүмкіншіліктерге ие.
Практикалық маңыздылығы: мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігін математика сабақтарында арттырудың тиімді әдіс-тәсілдері, әдістемелік құралдар, негізінен ойындар мен сабақ үлгілері ұсынылады.
Теориялық және әдіснамалық негіздері:
Зерттеуде пайдаланылған әдіс пен әдістемелер: Л. И. Орлова, А. Қ. Әбілдаева, Э. Қ. Қабылова ұсынған әдістемелік құрал.
Тәжірибелік база: «Көкшетау қаласы білім бөлімінің №5 «Қуаныш» мектеп-бақшасы» мемлекеттік мекемесі.
1. Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық
белсенділігін дамытудың ғылыми теориялық негіздері
- Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділік мәселесінің зерттелуі
Педагогика және психология ғылымдарына сүйенетін болсақ, оқыту үрдісінде негізгі орынды танымдық әрекет алады. Оқу әрекетінің нәтижелі болуы белгілі дағды мен іскерлікті меңгеруді ғана қажет етпейді, мақсатқа сәйкес туындайтын міндеттерді жүзеге асыратын түрткілер мен қажеттіліктердің пайда болуымен сипатталады. Мұндағы басты нәрсе баланың оқи білуі ғана емес, оқығысы келуіне байланысты, яғни таным әрекетінің басымдық алуына байланысты. Таным мен танымдық белсенділікті қалыптастыру мәселесіне психологтер, педагогтер, әдіскерлердің көптеген еңбектері арналған.
Таным адамның табиғатқа белсенді түрде әсер етуінен, табиғат заттарын өңдеуден, зат қасиеттерін өңдірісте пайдаланудан бастау алады. Объектіні түйсіне отырып, адам оны өзінің ұзақ мерзім бойы өңдеуі мен пайдалануының үйреншікті тәсілдерімен толықтырады, осылайша бұл объект адам әрекетінің мақсаты ретінде танылады.
Адам өзін қоршаған ортаны, әлеуметтік дүниені, табиғи әлемді танып білу барысында олардың ішкі қасиетін анықтап, даму заңдылықтарын біледі, ондағы өзінің орнын біліп, басқа адамдармен қарым-қатынасын анықтайды. Осылардың негізінде өзі белсенді іс-әрекетке араласады, өзінің сұранымын, қажеттілігін қанағаттандырады. Олардың өзара маңызды байланыстары танып-білуші субъектіден тәуелсіз өмір сүреді. Заттар мен оның қасиеттерін түйсік, қабылдау және ақыл-ой арқылы таныпбілуге болады.
Әл-Фарабидің пікірінше, таным үрдісі екі сатыдан: сезімдік және ойлау сатыларынан тұрады. Олар шындықтың түрлі жақтарын бейнелейді. Сезімдік таным шындықтың сыртқы өзгеріп отыратын жағын сипаттайтын болса, ойлау заттың ішкі сырын, мәнін ашады. Таным теориясы саласында Әл-Фараби ғарыштық «әрекет» және «белсенді» ақыл дегенді қолданды. Ол сыртқы дүниемен сезім мүшелері арқылы жүзеге асатын байланыс таным логикасының іргетасы болып табылатынын дәлелдеді.
Ал қазақ философиясының таным теориясы саласынадғы дүниетанымдық көзқарасқа келсек, А. Құнанбаев адамның танымдық қасиетінің табиғаты туралы 31-ші сөзінде: «естіген нәрсені ұмытпасқа төрт түрлі себеп бар: әуелі - көкірегі ояу байлаулы берік болмақ керек, екінші - сол нәрсені естігенде я көргенде ғибраттану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғыну керек, үшіншіден - сол нәрсені бірнеше уақыт қайталап, ойланып, көңілге бекіту керек» деген тұжырым жасаған.
Бұдан шығатын қорытынды, таным барысында адам өзін қоршаған ортаны игереді, ол туралы білімі кеңейіп, тереңдей түседі, адамның заттар мен құбылыстар туралы жалпы мәліметі ішкі мәнге қарай ұмтылып, жүйелі шынайы білімге айналады. (7, 15, 19 б. )
Белсенділікке байланысты педагогикалық көзқарас ежелгі дәуірден бастау алады. Оның көрнекті өкілдеріне ежелгі грек ойшылдары Сократ, Платон, Аристотель жатады. Олар белсенді және өз бетімен білім алуының маңыздылығын жетістіктері мен өзін-өзі тәрбиелеудің маңызды екендігін негіздеген. Олардың пікірінше, өзіндік іс-әрекет нәтижесінде балада қанағаттану, қуаныш сезімі оянып, білімді игеруге белсенділігі артады. Бұл пікірлер көптеген ғасырлар бойы педагогтардың талдау нысаны болып келді.
Осындай психологиялық-педагогикалық көзқарасты Ы. Алтынсаринның еңбектерінен көре аламыз.
Ы. Алтынсарин оқыту арқылы өз бетінше білім көтеруге жол бастауда, ой-әрекетін жаттықтыруда мұғалімнің оқу-тәрбие жүйесіндегі рөліне айрықша орын береді. Алтынсариннің пікірінше, педагогтардың жұмысындағы ең жақсысы - тиімді оқыту әдістерін таба білуінде.
Қазіргі кезеңде баланың оқу-танымдық әрекетін, танымдық белсенділігін арттырудың тиімді құралдарының бірі баланың өзіндік жұмысы болып табылады. Т. Сабыров, М. Құдайқұлов, А. Әбілқасымованың жастардың өздігінен білім алу әрекеті жайлы, С. Ұзақбаева, Б. Мұқанова, А. Илясова, О. Сыздықов т. б. ғалымдардың оқыту мәселесін жетілдіру жөнінде жазған еңбектері бар. (8)
Баланың жас кезінен-ақ танымдық әлемін кеңейту, сол бағытта әрекет ету маңыздылығын Абай Құнанбаевтың еңбектерінен де көруге болады. Мысалы, Абайдың «Жетінші қара сөзінде»: «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі - ішсем, жесем, ұйықтасам деп туады. Бұлар - тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды, һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі - білсем екен деп, не көрсе соған талыпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, даусына ұмтылып, онан ержеткіңінкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да, тұра жүгіріп, «Ол немене?», «Бұл немене?» деп, «Ол неге үйтеді?», «Бұл неге бүйтеді?» деп, көз көрген құмары, білсем екен, үйренсем екен деген» . (9. 40 б. )
Таным үрдісін тануда ғалым А. Әбілқасова мынадай пікір айтқан: «Таным - әрекет түрлерінің бірі болғандықтан, таным барысындағы қиындықтарды жеңу жөніндегі ерік-күші таным әрекетінің мақсатын кімнің алға қоятынына елеулі дәрежеде деп жормалдауға болады» . (10)
А. Едігенова бойынша баланың бүкіл өмір бойында оның даму үрдісі жүреді. Даму үрдісінде баланың таным белсенділігі арта түседі. Алты жастағы балалар заттарды түсіне, түріне, көлеміне қарап ажырата бастап, олардың құрылысын, пайдалану тәсілдерін білгісі келеді. Күнделікті өмір барысында бала шындық дүниенің құбылыстары мен заттарын анықтай білуге, адам баласының жинақтаған бай тәжірибесін үйренуге талаптанады. Балалардың бір нәрсені құмартып білуге талаптануын таным ынтасы дейді. Балалар өте байқағыш, еліктегіш, әр нәрсеге үңіле қарайды, көп нәрселер оларды ойлантады.
Балалар әдетте өзіне түсініксіз оқиғалардың, құбылыстардың сырын білуге құмартады. Күн сайын олардың алдына жаңа сұрақтар туады. Сол сұрақтардың жауабын олар ересектерден күтеді, өйткені, олардың түсінігінше, ересектердің білмейтіні болмайды. Мұндай ерекше сұрақтар балалардың ақыл-ой еңбегімен шұғылданудағы ниетін, ықыласын сипаттайды. Сондықтан ересек адамдар бала сұрағын жауапсыз қалдырмауға тырысқан жөн. Себебі сұрағына жауап ала алмаған бала келешекте сұрақ қоюдан жасқаншақтайды және бұл баланың дүниені тануына кері әсер етуі әбден мүмкін.
В. С. Мухина бойынша мектеп жасына дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балаларда мінез-құлық мотивациясы: мінез-құлықтың саналы регуляциясы күшейеді, мотивтер мен қажеттіліктер көлемі ұлғаяды, рухани және материалды қажеттіліктер сферасы кеңейеді, қарым-қатынасқа деген қажеттілік, жетістікке жету, басқарушылыққа қажеттілік сияқты әлеуметтік қажеттіліктер нығая түседі. Көп білу, басқалардан жоғары болу, өзі жасай алу сияқты қарапайым қажеттіліктер пайда болады. (11. 79б. )
Т. Рибоның айтуы бойынша, баланың шығармашылық қабілеті тәжірибелілігіне байланысты дамиды деп тұжырымдайды. Мектеп жасына дейінгі кезең - қиялдың тез дамитын уақыты. (12)
Сондықтан қиялдың дамудың төрт ерекше кезеңдерге бөлуге болады (2 жастан 6-7 жасқа дейінгі аралықта) :
- Бірінші кезең баланың қабылдауының ерекшелігіне байланысты (бір заттан басқа затты көре бастауы) ;
- Екінші кезең - қиялдың ойыншықтарды жандандыру құдіретінің байқалуы;
- Үшінші кезең - ойындағы рөлдерге байланысты өзгеруі,
- Төртінші кезең - бала қиялында өзіндік көркемдік шығармашылықтың басталуы (бейнелерді қайта құруы, жасауы) .
О. М. Дьяченко мен А. И. Кирилованың тәжірибелік зерттеулерінде бала дамуында қиялдың екі түрі (сезімдік және танымдық) жүзеге асады. Танымдық қиялдың басты міндеті - ақиқат өмірдің белгілі бір түрде бейнеленуі. Сезімдік қиял, белгілі бір жағдайға байланысты қайшылық болғанда, баланың өзіндік «Мені» қалыптасқанда және оның құрастырудағы бір механизм болады. Е. Е. Кравцованың зерттеуінде қиялдың даму қызметінде үш компонентті бөліп көрсетті:
- Көрнекілікке сүйену;
- Өткен тәжірибесін қолдану;
- Ерекше ішкі позицияны қолдану. (13. 14)
Мектеп жасына дейінгі кезеңде қиял - қоғамдық тәжірибені меңгерудегі алғышарттары болып келеді, өйткені балалар қоршаған ортаны, адамгершілікті, эстетикалық идеяларды өзіндік көзқараспен қабылдайды. Баланың қиялы ересектерге қарағанда әлсіз. Л. С. Выготскийдің тұжырымына сүйенсек, «Бала қиялының дамуы біртіңдеп, шамасына қарай қабылдауынан басталады. Қиялда болатын барлық образдар, қаншама таңғажайып болып көрінгенмен де, баланың өмірден көрген-білгенінен негізделеді. Кейде бала өмірде кездескен кейбір жағдайларды өзіндік қабылдаумен түсіндіргенде, бізге үлкендерге күтпеген таңқаларлықтай болып естіледі».
С. Л. Рубинштейннің айтуы бойынша «Қиял - бұл образдық форманы іске асыру, өзгеріске енгізу» деп түсіндіреді. Л. С. Выготский мен А. Н. Леонтьев қиялдың ерекшелігіне қарай оған арнайы психикалық процесс деп қарауға мән береді. (15)
Атақты психолог Л. С. Выготский баланың қиялы біртіңдеп өмір тәжірибесінің молаюына байланысты қалыптасады деген қорытындыға келеді.
Қазіргі кездегі психолгтар мен педагогтар баланың жеке басының дамуындағы қиялдың маңыздылығының ең тиімді жолы шығармашылық жұмыста көрсету, үйрету, көркемдік әдебиетте нақтылау, өз бетінше жұмыс жасауда жағдай жасау, яғни, еркіндік беру керектігін айтады. Сонымен қиялдың дамуы төмендегідей үш компоненттен тұрады:
- Бірінші дәрежеде қиял қоршаған болмыспен байланысты, дайын нәтижені ойластыруға мүмкіндік береді.
- Екінші дәрежеде баланың өткен тәжірибесімен байланысты, бірақ сонда да заттық байланыстың рөлі бар.
- Үшінші дәрежеде қиялдың дамуы балаға ақиқаттан қиялдың қозғалысының жоғарғы формасы - ой-пікірден оның іске асуына байланысты. (15. 41б. )
В. С. Мухина теориясы бойынша өзінің бастамалары жағынан баланың қиялы сәбилік шақтың соңында пайда бола бастайтын сананың белгілер функциясымен байланысты. Белгілер функциясын дамытудың бір желісі заттарды басқа баламалармен және олардың бейнелеулерімен алмастырудан тілдік, математикалық және басқа белгілерді пайдалануға, ойлаудың логикалық формаларын меңгеруге әкеледі. Екінші желі нақтылы бұйымдарды, оқиғаларды қиял арқылы толықтыру мен алмастыру мүмкіндігінің пайда болуы мен кеңеюіне, жинақталған түсініктердің материалынан жаңа бейнелер құруға жетелейді.
Баланың қиялдауы ойын үстінде қалыптасады. Алғашқы кезде қиял заттарды қабылдаудан және ойын іс-әрекеттерін орындауынан ажыратылмайтындай. Ойын үстінде қалыптасқан қиял мектепке дейінгі бала іс-әрекеттерінің түрлеріне де ауысады. Бала сурет салғанда, ертегілер мен тақпақтарды ойлап шығарғанда қиял неғұрлым айқын байқалады. (11. 96б. )
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz