Әдебиет сабақтарында көрнекілікті пайдалану жолдары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   

ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ХАЛЫҚҚА БІЛІМ БЕРУ УӘЗІРЛІГІ

НАУАИ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКА ИНСТИТУТЫ

Шет тілдер факультеті

«Қазақ тілі және әдебиеті» кафедрасы

ТАҚЫРЫП: Әдебиет сабақтарында көрнекілікті пайдалану жолдары

ОРЫНДАУШЫ: Абдикадирова Аякөз

ҒЫЛЫМИ ЖЕТЕКШІ: оқытушы Сарманова Ғ. Н.

Науаи - 2012

Қазақ тiлi кафедрасының № 1 сан кафедра жиналыс қаулысынан

К Ө Ш I Р М Е

Науаи қаласы 28. 08. 2011 жыл.

Қатысқандар:

Тўхтаева Қ. Д.

Қумақбаева Г. К.

Айменова Е. Р.

Ұзақбаева Ж. Х.

Сарманова Ғ. Н.

Темирбаева С. Қ.

КΥН ТӘРТIБIНДЕ

  1. 4 «а»-курс талапкері Абдикадирова Аякөздің «Әдебиет сабақтарында көрнекілікті пайдалану жолдары» атты кәсiптiк бiтiру жұмысын жазуға рұхсат етiлсiн.
  2. Абдикадирова Аякөзге «Әдебиет сабақтарында көрнекілікті пайдалану жолдары» тақырыбы кәсіптік бітіру жұмысы етіп берілсін.
  3. Оқытушы Сарманова Ғ. Н. ғылыми жетекшi етiп бекiтiлсiн.

Кафедра меңгерушiсi: аға оқытушы Кумакбаева Г. К.

Қазақ тiлi кафедрасының № 10 сан кафедра жиналыс қаулысынан

К Ө Ш I Р М Е

24. 05. 2012 жыл.

Қатысқандар:

Тўхтаева Қ. Д.

Қумақбаева Г. К.

Айменова Е. Р.

Ұзақбаева Ж. Х.

Сарманова Ғ. Н.

Темирбаева С. Қ.

КΥН ТӘРТIБIНДЕ

4 «а»- курс талапкері Абдикадирова Аякөздің « Әдебиет сабақтарында көрнекілікті пайдалану жолдары » тақырыбына жазған кәсiптiк бiтiру жұмысы талапқа жауап бередi. Жұмыс кафедра талқысынан өттi деп есептелсiн.

Кафедра менгерушiсi: аға оқытушы Кумакбаева Г. К.

Давлат аттестатция коммиссиясининг

РАИСИГА

Навоий давлат педагогика институти «Хорижий тиллар» факультети 4 «а»- курс талабаси Абдикадирова Аякөзнинг « Әдебиет сабақтарында көрнекілікті пайдалану жолдары » мавзуидаги малакавий битирув иши ҳимоя қилиш учун юборилади.

Рейтинг қайдномасидан кучирма, малакавий битирув иши рахбарининг мулоҳазаси, кафедранинг ишни химояга тавсия этиш хақидаги хулосаси, такризлар илова қилинади.

Факультет декани: доц. Тўхтаева Қ. Д.

Навоий давлат педагогика институти

«Қозоқ тили ва адабиёти» кафедрасининг

малакавий битирув иши хақидаги

Х У Л О С А С И.

«Хорижий тиллар» факультети 4 «а»- курс талабаси Абдикадирова Аякөзга « Әдебиет сабақтарында көрнекілікті пайдалану жолдары » мавзуидаги малакавий битирув иши кафедра йиғилишида мухокама қилинган ва Давлат аттестаңия комиссиясига химояга тавсия этилади.

Кафедра мудири: катта уқит. Кумакбаева Г. К.

М А З М Ұ Н Ы

КІРІСПЕ . . . 3-7

1. ТАРАУ. Көрнекілік әдісі туралы түсінік . . . 8-10

1. 1. Әдебиет сабағындағы көрнекі құралдар түрлері және

маңызы . . . 11-13

1. 2. Әдебиет пәнінде көрнекілікті қолдану принципі . . . 14-30

2. ТАРАУ. Әдебиет пәнін оқытуда техникалық құралдарды пайдаланудың дидактикалық принциптері . . . 31-43

2. 1. Заманға сай техникалық құралдарды қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында қолдану - мұғалім жетістігіне апаратын тиімді жол . . . 44-52

2. 2. Көрнекілікті пайдаланудың тиімді жолдары мен әдіс-тәсілдері . . . 53-58

2. 3. Әдебиет сабақтарында деңгейлік тапсырмалар мен тірек сызбаларды қолдану жолдары . . . 59-64

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 65-66

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

К І Р І С П Е

Жаңа ғасыр қоғамды қайта құру жағдайында Өзбекстан Республикасының білім беру саласындағы басты міндеттердің бірі - ұлттық ерекшеліктерді еске алып, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру ісін дамыту және жетілдіруді басты мақсат етіп отыр. Білім мен тәрбие берудің негізі жалпы білім беретін мектептердің педагогикалық процесін жақсарту кезек күттірмейтін мәселе. Педагогика ғылым ретінде өте күрделі. Оның күрделілігі - жүз мыңдаған компонненттерден бас қатырарлықтай шиеленісе байланысып жатуында. Ал, оның жауапкершілік өлшемі - адам. Мұны біз ұстаздық өмірімізде күн сайын, әрбір минут сайын ұмытпайық.

Ұстаз еңбегі - оқушы білімімен өлшенеді. Ұстаз еңбегінің күрделілігі - әрбір оқушының жүрегіне жол табуында, баланың бойындағы қабілетті дамыту арқылы өзін, өмірді, әлемді тануға, қоғам алдындағы жауапкершілікті, адамгершілік қадір - қасиетті сезіндіру. Бүгінгі ұстаз, ескінің көзіндей, жаңаның өзіндей болып дүниежүзілік мәдениетті танитын, төл мәдениетін қастерлейтін, сыйлайтын, оны өзгеге таныта, рухани дүниесі бай, интеллектуалдық деңгейі жоғары, білімді, білікті болуы керек. Ұстаздың оқу - тәрбие ісі жастардың жүрегін тебірентіп, ой - сезіміне әсер ету үшін: біріншіден, саяси сауатты, жан - жақты білімді болуы; екіншіден, өз бойындағы білімді оқушы жүрегіне еркін, шеберлікпен жеткізе білетіндей әдіскерлік икемділігі; үшіншіден, оқушының психологиялық ой - өрісін бақылай алатын сезімтал психолог, өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілігі қажет. Сонда ғана ол - нағыз ұстаз.

Менің кәсіптік бітіру жұмысымның тақырыбы: « Әдебиет сабақтарында көрнекілікті пайдалану жолдары » деп аталады. Көрнекілік-әрбір сабақтың тірегі. Мұғалім кейбір түсінуге қиын, көп күш кететін мәселелерді жеңіл, тез оңай меңгерту үшін көрнекілікті қолданады.

Бұл тақырыпты жазудағы мақсатым: Қазір білім беру саласында түрлі технологиялар енгізілуде, бірақ олардың ішінде қажеттілігін таңдап, сабақтың әр кезеңінде тиімді қолдану - басты талап. Мәселе технологияларды кеңінен пайдалану емес, мәселе - тұлғаны нәтижеге бағыттай білім беруде. Сондықтан әдебиет сабақтарында көрнекілік әдісі мен техникалық құралдарды қолдана білу мұғалім алдында тұрған бірде бір міндет.

Кәсіптік бітіру жұмысының өзектілігі: Мұғалімнің оқыту процесін жетілдіре түсудегі жұмысының бір түрі - сабақтың формалары мен оның құрылымын дамыту, оқытудың жаңа әдістерін талмай іздестіру. Олай болса, мұғалім сабақта қандай мақсат көздейтінін, оған жету үшін қандай әдіс тәсілдер мен көрнекі, техникалық құралдар қолданатынын нақты, алдын - ала жоспарлап алуы керек. Техникалық құралдарды оқу процесінде жүйелі пайдалану мұғалімнің түсіндіру әдісін жетілдіріп, оқушылардың өз бетінше орындайтын жұмысына да жақсы әсерін тигізеді.

Көрнекі түрде оқыту - оқушылардың тиісті бақылауларына сүйеніп оқыту, бірақ көрнекі оқыту дегенді тек көрнекі құралдарды пайдаланып оқыту деп түсінбеу керек.

Үйренілу дәрежесі: Сабақта жаңа технологияларды, техникалық құралдарды жан жақты қолдану, сабаққа керекті материалды ақпараттық кеңістіктен іздеу, мұғалімнің жұмысын жеңілдетіп, оның уақытын үнемдейді, жаңа ақпарат түрі көбейіп, оқушылардың қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді. Компьютердің білім беру құралы ретінде кең таралуының шарттары;

а) Компьютер интернет желісі арқылы ақпарат әлеміне енуге және оны сараптауға, талдауға мүмкіндік береді.

б) Компьютер оқушының зерттеу - танымдық әрекетінің құралы ретінде ерекшеленеді.

в) Компьютер-қатысымдық құрал. Оны тек сурет салу, презентация жасау ғана емес, сол сияқты субхат жасау, жазу, тыңдау әрекетінде қолдана алуға болады.

г) Компьютер оқушыға өз әрекетінің нәтижесін айқын, тез көрсетеді.

е) Компьютер көмегімен берілген жаттығуды, істі орындауда уақыт үнемделеді.

ж) Оқушылардың интеллектуалдық, шығармашылық және коммуникативтік істерін дамытады, оқушының оқу белсенділігі артады, оқушының өз бетімен ақпарат алу қабілеттерін жетілдіруге ықпал етеді.

Тақырыптың негізгі жаңалығы: Әдебиет сабақтарында білім берудің барлық негізгі принциптері бір - бірімен байланысты жүзеге асырылады: саналық, көрнекілік, жүйелік, беріктік, жас ерекшеліктерінің ескерілуі, жекеше қарым - қатынас т. б. Әдебиетті оқытуда көрнекілік принципінің ролі ерекше. Көрнекілік принципін алғаш зерттеп, оған мәнді үлес қосқан чехтың ұлы ғалымы Ян Амос Коменский, К. Д. Ушинский т. б. Осы принцип негізінде Я. А. Коменский алғашқы оқытудың әдістемесін («Ұлы дидактика») жазды. К. Д. Ушинский көрнекілік жайындағы ілімді дамыта келіп, «көрнекілік - баланың психологиялық ерекшеліктеріне жауап береді, балалар заттардың пішіні, дыбысы, бояуы арқылы ойлайды1» - деді. Алайда психологтардың тұжырымы бойынша бастауыш мектеп жасындағы баланың ойлау түрі бірте - бірте көрнекі қимылдан көрнекі - бейнеліге ауысады, тіпті мұнда қандай да деңгейде абстракты ойлар да жүзеге аса бастайтыны белгілі. Сондақтан, сурет 1-ші сыныпта көп болғанымен, оның бірте - бірте сынып ауысқан сайын азаюы осы қағидаға лайықталған. Оқыту процесінде сөзбен іс, теория мен практика өзара байланысты болады. Әр түрлі көрнекілікті қолданудың нәтижесінде сабақ әрі түсінікті, әрі қызықты болып өтеді.

Менің кәсіптік жұмысымның маңыздылығы: Оқу-тәрбие процесін жүзеге асыруда көрнекіліктердің өзіндік маңызы зор. Жалпы таным процесі есту, көру, сезу арқылы жүзеге асатынын филиолог ғалымдар өте ертеден-ақ айтқан. «Көрнекілік» дегеннің өзі көру етістігінен шықса да, қазір оның мағынасы кеңейді.

Көрнекілік-әрбір сабақтың тірегі. Мұғалім кейбір түсінуге қиын, көп күш кететін мәселелерді жеңіл, тез оңай меңгерту үшін көрнекілікті қолданады.

Әдебиет сабағында көрнекіліктің бірнеше түрге жіктеуге болады:

1. Көру көрнекіліктері. Оған сызба, үлестірмелі кеспе қағаздар, оқулық, кітаптар, буклеттер, экранды және техникалық құралдар жатады.

2. Есту көрнекіліктері. Оған техникалық құрал түрлері, қосымша материалдардан алынған әңгімелеу жатады.

3. Көру, есту көрнекіліктерінің екеуіне жататын - кино, телехабарлар оқу фильмдері де көрнекіліктердің маңызды бір саласы болып есептелінеді.

Көрнекі құралдардың қолдану тиімділігі жоғары болғаны жөн. Ол тек сабақты сырт түрлендіру рөлін атқармай, мұғалімнің беретін ақпаратын еселеп, көрнекті түрде жеткізе алатын тірек болуға тиіс. Алдымен, көрнекілік оқушыға эстетикалық әсерлілігі, мазмұндылығы тұрғысынан ықпал етуі керек. Әр сабақта көрнекілікті пайдаланудың реті, көлемі сақталуға тиіс. (20мин)

Менің кәсіптік бітіру жұмысымның теориялық жағы: Оқыту, білім беру арқылы адамның танымын ұлғайта, дамыта отырып, кейбір құбылыстардың сырын тез меңгеру, танып-білу әрекетінің ұзақтығын қысқартуға мүмкіндік жасаймыз. Адамзат баласының ұзақ жылдар бойына танып, білген заңдылықтарын, ұғым мәндерін ғылыми жинақталған жүйелі білім салалары арқылы жас ұрпақтың өткен тәжірибені тез меңгеруіне, ұғынып, түсінуіне жол ашамыз. Дүниетанымын кеңейте отырып, жаңа іс-әрекеттерді тез игеріп кетуіне қолқабыс етеміз. Мұнда ғылымның көрінісі, берілісі болып табылатын мектепте оқытылатын жеке пәндердің алар орны ерекше. Жеке пәндерді оқыту арқылы оқушы танымының толығуына, қалыптасуына, дамуына, өздігінен өмірлік құбылыстарды дұрыс танып, игеруіне, оған ықпал етуіне мүмкіндік береміз.

Менің кәсіптік бітіру жұмысымның практикалық жағы: Ғылыми ұғымдарды, заңдылықтарды меңгерту жеңіл процесс емес. Ол көп еңбектенуді, білім жүйелерін дұрыс меңгертіп игертуді қажет етеді. Білімді меңгертуде, оқытуды ұғымдастыруда әрбір оқушының өзіндік ерекшелігін ескеріп отырғанымыз жөн. Біреу есіткенді, біреу көргенді, біреу сезім арқылы сезгенді тез қабылдап, түсініп ұғынатын, танып білетін болады. Кейде ұғымдарды талдап, түсіндіруге оқушының ой-әрекетініс-қимылға көшіретін, соған негіз қалайтын қозғаушы нәрсе жағдай қажет болатыны болады. Адам бір нәрсені, затты, құбылысты кездестіргеннен кейін ғана оны танып білуге, оның ерекшелігін, сырын ұғынып, түсінуге кірісетіні ақиқат. Көрмеген, кездестірмеген, білмеген нәрселерді оқу арқылы өзінің бұрынғы білім, танымына сүйену арқылы, білген, таныған заттарына, құбылысына оны салыстыру нәтижесінде оны толық білуге, тануға ұмтылыс жасайды. Бала бір пәнді оқи отырып, қзіне таныс емес бірақ ғылымда танылған заңдылықтарды, айқындалған нәрселерді, ұғымдарды, құбылыстарды танып білуге кіріседі. Мұғалім осы жағдайды ескере отырып, әр сабақ барысында материалды тез, жеңіл меңгеруі үшін әр түрлі тәсілді, амалды, әрекетті пайдаланады. Соның ішінде көрнекілік ерекше орын алады.

Кәсiптiк бiтiру жұмысым төмендегiдей жазылған

  1. Кiрiспе бөлiмi.
  2. Негізгі бөлім.
  3. Қорытынды, қолданылатын әдебиеттерден тұрады.

Қорыта келіп айтқанда, әдебиет сабақтарында техникалық көрнекіліктер компьютер және ақпараттық технологиялар оқушының жаңаша оқу қабілетін қалыптастырып, оқушының өзіндік қызмет жасауына, шығармашылығының дамуына бағытталған. Қазіргі заманның даму қарқынында компьютерлік технологияны білім беруде кеңінен қолдануға мүмкіндік туады. Енді сол технологияны меңгеріп, жас ұрпаққа заман талабына сай білім беру, мұғалім алдында тұрған үлкен міндет.

1. ТАРАУ. Көрнекілік әдісі туралы түсінік

Мектепте өзге пәндердің оқыту әдістері сияқты әдебиет сабағын оқытудың да өзіне тән міндеті мен бағдарламасы, оқыту әдісі бар. Соның бірі көрнекілік әдісі2.

Оқыту барысының нәтижелі, жемісті болуы мұғалім әдістемесіне, шеберлігіне де байланысты болады. Оқыту процесінде мынандай екі түрлі қызмет жүзеге асады. Бірінші мәселе - мұғалім оқытуы, екінші мәселе - оқушының оқуы. Мұғалім мен оқушының осы арақатынасы әр түрлі оқу қызметтері, оқыту әдістеріне жатады. Мысалы, мұғалімнің әңгімелесуі - әңгіме әдісі немесе кітаппен жүргізетін жұмыс түрлері - кітаппен жұмыс әдісі, оқушының жауап беруі оқушы білімін тексеру әдісі деп аталады. Сонымен, әдіс-тәсіл оқытушы мен оқушы арасындағы жұмыс түрлеріне байланысты әр түрлі болып келеді. Мектептегі оқыту процесі оқыту әдістері арқылы жүзеге асады. Мысалы, әдеби айтыс тудыратын сұрақтар оқушы белсенділігін танытып, арттыратын тәсілдердің бір түріне жатса, көркем мәтінді талдау оқушының тәжірибелік жұмысын бақылаудың бір тәсілі, жолы болып келеді. Әдебиетті оқытуда сөздік әдіс, көрнекілік әдіс, түсіндірмелі-иллюстративтік әдіс немесе репродуктивтік әдіс, эвристикалық әдіс, зерттеу әдісі, өзіндік жұмыс әдісі, проблемалық баяндау әдісі, мәтінді көркемдеу, мәнерлеп оқудың орны ерекше.

Академик Ю. Н. Бабанский өзінің «Оқу-тәрбие процесін оптималдандыру» деген еңбегінде әдістерді мынадай үлкен үш топқа жинақтайды.

  1. Оқушылардың оқу-таным қызметін ұйымдастыру әдістері.
  2. Оқушылардың оқу-таным қызметін көтермелеу әдістері.
  3. Оқу-таным қызметінің тиімділігін бақылау әдістері.

Әр топ бірнеше оқыту әдістерінен тұрады. Мысалы, бір топтағы оқыту әдістеріне: сөздік (әңгіме, лекция, пікірлесу), көрнекілік (иллюстрация, портрет, суреттеу, мүсіндер), практикалық (поэтикалық талдау, көркем мәтінмен жұмыстар, әдістер жатады. Сондай-ақ, репродуктивтік, эвристикалық әдістерді де осы топқа жатқызуға болады. Жоғарыда айтып кеткеніміздей, әр топтағы әдістемелердің өз мүмкіндігі, ерекшелігі болады. Төмендегі кесте арқылы кей әдістерді қай мәнде пайдалану тиімді болады, соған тоқталайық.

Сөздік әдіс
Көрнекілік әдіс
Практикалық әдістер
Зерттеу әдісі
Сөздік әдіс: Берілетін білім ақпараттық сипаттау болғанда, білімді қалыптастыру, соның ішінде теориялық білім беру, жаңа ұғымдарды оқушыға жеткізуде бұл әдіс өте тиімді. Сөздік әдіс, әсіресе, әдебиет пәнінің күре тамыры деуге де болатындай.
Көрнекілік әдіс: Берілетін білім мазмұны көрнекілікті тілеп тұрғанда, уақыт үнемдеуде, әсіресе, оқушы психологиясына әсер ету мақсаттарында өте тиімді болады. Сондай-ақ оқушыны сабаққа қызықтыру, ынталандыру мәселелерінде де маңызы бар.
Практикалық әдістер: Оқушылардың теориялық білімін практикада пайдалана білу дәрежелерін жетілдіреді. Бұл әдіс кітаппен жұмыс түрлері кезінде жазушы тілі, стилін анықтауда өте тиімді.
Зерттеу әдісі: Берілетін білімнің ғылымилығын арттыру, қосымша материалдармен байыту оқушыларды іздендіру, өз беттерімен проблема шештіру мәселелерінде тиімді. Оқушылардың өздігінен ойлануы мен іскерлігін, өз беттерінше қорытынды шығару дағдыларын жетілдіруде өте пайдалы.

Әдебиет сабағындағы ең басты жұмыстардың біріне оқушылардың көркем туындыны қабылдауы, одан әсер алуы, көркем туындыны бүкіл бітім-болмысымен түсіне білулері жатады. Яғни мұғалім осы мақсатпен ізденуі керек, осы мақсатта оны жүзеге асырудың ең тиімді деген әдіс-тәсілдерін сұрыптай отырып, пайдалануы керек. Көркемдеп оқу әдісі әдебиетті оқытуда үлкен рөл атқарады. Ол оқушының көркем шығарманы қабылдау белсенділігін, әсерлі сезімін дамытуда өте тиімді болып келеді. Бұл әдістің негізгі тәсілдері мұғалімнің мәнерлеп оқуы, көркем сөз шеберлерінің оқуы, күйтабақты, үнтаспаны тыңдауы т. с. с. болып табылады. Мұғалімнің мәтінді әрі мәнерлей, әрі түсінік бере оқуы, оқушыларды осы жұмысқа баулуы, мәтінге жуық әңгімелету, жоспар жасау, негізгі оқиғаларға ат қойғызу, жинақтау т. б. шығармашылық жұмыстар да осы әдістің негізгі тәсілдері. Сондай-ақ көркем мәтінді оқу барысында иллюстрация, суреттер пайдалану (қабілетіне қарай өнерін шығару), сценарий жасату, оқыған шығармаларға, көркем суреттер бойынша пікір айтқыза білу (көркем киноны, пьесаларды, т. б. ) тиімді тәсіл ретінде оқушылардың оқу еңбегін ұйымдастыру түрлеріне де жатады. Мұғалім осы жұмыстың басы-қасында, оны ойластырушы да, орындаушы, орындатушы да болып қызмет атқарады.

1. 1. Әдебиет сабағындағы көрнекі құралдар түрлері және маңызы

Мұғалімнің оқыту процесін жетілдіре түсудегі жұмысының бір түрі - сабақтың формалары мен оның құрылымын дамыту, оқытудың жаңа әдістерін талмай іздестіру. Олай болса, мұғалім сабақта қандай мақсат көздейтінін, оған жету үшін қандай әдіс тәсілдер мен көрнекі, техникалық құралдар қолданатынын нақты, алдын - ала жоспарлап алуы керек. Техникалық құралдарды оқу процесінде жүйелі пайдалану мұғалімнің түсіндіру әдісін жетілдіріп, оқушылардың өз бетінше орындайтын жұмысына да жақсы әсерін тигізеді.

Көрнекі түрде оқыту - оқушылардың тиісті бақылауларына сүйеніп оқыту, бірақ көрнекі оқыту дегенді тек көрнекі құралдарды пайдаланып оқыту деп түсінбеу керек.

Әдебиет сабақтарында білім берудің барлық негізгі принциптері бір - бірімен байланысты жүзеге асырылады: саналық, көрнекілік, жүйелік, беріктік, жас ерекшеліктерінің ескерілуі, жекеше қарым - қатынас т. б. Әдебиетті оқытуда көрнекілік принципінің ролі ерекше. Көрнекілік принципін алғаш зерттеп, оған мәнді үлес қосқан Ян Амос Каменский, К. Д. Ушинский т. б. Осы принцип негізінде Я. А. Коменский алғашқы оқытудың әдістемесін («Ұлы дидактика») жазды. К. Д. Ушинский көрнекілік жайындағы ілімді дамыта келіп, «көрнекілік - баланың психологиялық ерекшеліктеріне жауап береді, балалар заттардың пішіні, дыбысы, бояуы арқылы ойлайды» - деді. Алайда психологтардың тұжырымы бойынша бастауыш мектеп жасындағы баланың ойлау түрі бірте - бірте көрнекі қимылдан көрнекі - бейнеліге ауысады, тіпті мұнда қандай да деңгейде абстракты ойлар да жүзеге аса бастайтыны белгілі. Сондақтан, сурет 1-ші сыныпта көп болғанымен, оның бірте - бірте сынып ауысқан сайын азаюы осы қағидаға лайықталған. Оқыту процесінде сөзбен іс, теория мен практика өзара байланысты болады. Әр түрлі көрнекілікті қолданудың нәтижесінде сабақ әрі түсінікті, әрі қызықты болып өтеді. Мысалы, сабақты демонстрациялап өткізу өте тиімді және нәтижелі болады. Көрнекілік абстракты ұғымды игеруге әсер етеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әдебиет сабағында көрнекіліктерді қолдануың тиімді жолдары
Оқытуда көрнекіліктің маңыздылығы
Бастауыш сыныпта сауат ашу кезеңінде көрнекілікті тиімді қолданудың жолдары
Бастауыш сыныптың қазақ тілі сабақтарында көрнекі құралдарды қолдану арқылы ынталандыра оқыту үрдісі
Оқытудың жолдары мен ұйымдастырудың түрлері жөніндегі мәселелерді зерттеу
Қазақ тілі сабағында қолданылатын көрнекіліктер мен техникалық құралдар
Мектептің басқа пәндерінің арасында әдебиеттің орны қандай екенін анықтасақ
Көрнекіліктің түрлерін әдебиет сабағында қолдану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын дамыту
ӘДЕБИЕТ САБАҚТАРЫН ЗАМАНАУИ КӨРНЕКІЛІКТЕР МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАР АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ
КӨРНЕКІЛІК АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІН ДАМЫТУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz